Қазақ драматургиясы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
Қазақ драматургиясының қалыптасу, даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қазақ ұлттық драматургиясының қалыптасуы туралы зерттеулер ... ... ... ... 9
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығармалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Жаңа дәуір драматургиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ драматургиясының жетістіктері... 37
1960.1990 жылдардағы қазақ драматургиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға оқиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет 1, 130.
Драматизм сондай-ақ, әрі негізгі ұғым. Қаһармандары өмір сүріп отырған қоғамның тынысы, заманның ағысы, кейіпкерлері атқарған әрекет – барлығы жағдайға байланысты дамиды.
Тартыс пен характер – драма жанрының ең негізгі көркемдік категориясы болып саналады. Егер драмалық шығармаларда тартыс пен характер қызметі солғын болса, онда шығарма көркемдігінің төмен болатыны туралы зерттеушілердің еңбектерінде айтылады.
Әйгілі драматург, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов: “Драматургиядағы кофликт мәселесі – пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтердің бірі… драматургияның негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт” 2, 361, - деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, драмалық шығармалардағы тартыс пен характер жайында С.Ордалиевтің, Ә.Тәжібаевтің, Р.Нұрғалидың еңбектерінде де кеңінен қозғалады.
Диплом жұмысының ғылыми-практикалық мәні. ХХ ғасырдың басында жанр есебінде дүниеге келіп, басқа халықтардың драма жанры тарихымен салыстыра қарағанда, аз ғана уақыттың ішінде әлемдік деңгейде дамып үлгерген қазақ драматургиясының қалыптасу жолы күрделі.
Қазақ ұлттық драматургиясы – бүгінгі күні жан-жақты даму үстіндегі жанр. Арнайы зерттеу нысанасына алынып және жекелеген белгілі қаламгерлеріміздің шығармашылықтарын қарастыруда да бірнеше құнды еңбектер жазылған. Қазақ драматургиясы өзінің даму жолын, сатысын – әлем, батыс драматургиясының озық шығармаларынан үлгі алып, сабақтастырады.
Қазақтың алғашқы пьесаларын заманның талабына сәйкес сомдағандар XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында алаштың ардақты ұлдары Иманғали Меңдіханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Сәкен Сейфуллиндер болды.
1920 жылдары драмалық шығарма, театрдың қазіргі өміріміздегі орны мен болашағы жайында алғаш рет сындарлы ой айтқан – Мұхтар Әуезов.
Ал драматургия жанры, драматург, жекелеген пьесалар, спектакльдер, театр тарихы, режиссерлер,актерлер туралы түбегейлі мәселелер көтеріп, нақтылы ойлар қозғаған мақалалар мен монографиялық зерттеулер бертін келе жарық көре бастады.
М.Әуезов 20-30 жылдары сахнаға арнап пьеса жазумен ғана тынған жоқ, драматургия туралы теориялық мақалалар да жазды, жалпы қазақ театрының тууына аянбай еңбек етті. М.Әуезов өзінің “Жалпы театр өнері мен қазақ театры” атты зерттеуінде ертедегі грек елінің театр тарихынан бастап орта ғасыр, Еуропа театрларына шолу жасайды. Қаламгер драматургия теориясын дамытудағы сол бір игілікті бастамасын әрі қарай дамытып, 1934 жылы “Жақсы пьеса – сапалы әдебиет белгісі” атты көлемді мақаласын жазады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1991. -340 б.
2. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. –Алматы: Жазушы, 1962. -330 б.
3. Шапауов Ә. Драматургия мәселелері. Оқу құралы. -Павлодар, 2002. -250 б.
4. Ордалиев С. Қазақ драматургиясының очеркі. –Алматы: Жалын, 1964. -380 б.
5. Сейфуллин С. “Манап” драмасы туралы // Айқап, 1915, 23 мамыр.
6. Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. 4 том, -Алматы: Жазушы, 1988. -340 б.
7. Дулатов М. “Надандық құрбаны” // Қазақ газеті, 1916, 31 наурыз.
8. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. –Алматы: Жазушы, 1971. -420 б.
9. Айтыс. 2 том. –Алматы: Жазушы, 1964. -450 б.
10. Нұрғали Р. Драма өнері. –Алматы: Ана тілі, 2001. -350 б.
11. Байтұрсынов А. Ақ жол. (құрастырған Р.Нұрғали). –Алматы: Ана тілі, 1991. -410 б.
12. Рүстембекова Р. Қазақ совет комедиясы. –Алматы: Жазушы, 1978. -320 б.
13. Рүстембекова Р. Бейімбет Майлиннің драматургиясы. –Алматы: Жазушы, 1969. -350 б.
14. Қабдол З. Әуезов. –Алматы: Ана тілі, 1997. -236 б.
15. Нұрғалиев Р. Айдын. Алматы: Жалын, 1985. -380 б.
16. Мұхтар Әуезов тағлымы. –Алматы: Жазушы, 1987. -250 б.
17. Дүйсенбаев Ы. Мұхтар Әуезов. –Алматы: Жазушы, 1974. -290 б.
18. Мұхтар Әуезов тағлымы. –Алматы: Ана тілі, 1987. -226 б.
19. М. Әуезовтің қолжазба нұсқалары. –Алматы: 1977. -390 б.
20. Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов. –Алматы: Жазушы, 1957. -420 б.
21. Махамбет Өтемісұлы. Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 1974. -370 б.
22. Жансүгіров І. Шығармалар жинағы. 5 том. –Алматы: Жалын, 1988. -460 б.
23. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 9 том, -Алматы: Жазушы, 1981. -440 б.
24. 40-50-60 жылдардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Жалын, 1998. -430 б.
25. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. –Алматы: Жалын, 1998. -428 б.
26. Дүйсенов М. Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселелері. –Алматы: Жазушы, 1977. -325 б.
27. Құндақбаев Б. Уақыт және театр. –Алматы: Жазушы, 1976. -320 б.
28. Исабеков Д. Бес томдық шығармалар жинағы. 4 том, -Алматы: Ана тілі, 2003. -465 б.
29. Исабеков Д. Бес томдық шығармалар жинағы. 5 том, -Алматы: Ана тілі, 2003. -450 б.
30. Әуезов М. Шығармалар жинағы, 20 томдық, -Алматы: Жазушы, 1979-1985. -480 б.
31. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 10 том, -Алматы: Жазушы, 1981. -396 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 Қазақ драматургиясының қалыптасу, даму 9
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1Қазақ ұлттық драматургиясының қалыптасуы туралы 9
зерттеулер ... ... ... ...
1.2Қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық 37
шығармалар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Жаңа дәуір 45
драматургиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
2.1Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ драматургиясының жетістіктері... 37
2.21960-1990 жылдардағы қазақ 48
драматургиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 0
... ... .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға
арналған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін
көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға оқиғаны қызу тартысқа
құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану –
айрықша тән қасиет (1, 130(.

Драматизм сондай-ақ, әрі негізгі ұғым. Қаһармандары өмір сүріп отырған
қоғамның тынысы, заманның ағысы, кейіпкерлері атқарған әрекет – барлығы
жағдайға байланысты дамиды.

Тартыс пен характер – драма жанрының ең негізгі көркемдік категориясы
болып саналады. Егер драмалық шығармаларда тартыс пен характер қызметі
солғын болса, онда шығарма көркемдігінің төмен болатыны туралы
зерттеушілердің еңбектерінде айтылады.

Әйгілі драматург, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов: “Драматургиядағы кофликт
мәселесі – пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтердің бірі...
драматургияның негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза,
поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт” (2, 361(, -
деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, драмалық шығармалардағы тартыс пен характер
жайында С.Ордалиевтің, Ә.Тәжібаевтің, Р.Нұрғалидың еңбектерінде де кеңінен
қозғалады.

Диплом жұмысының ғылыми-практикалық мәні. ХХ ғасырдың басында жанр
есебінде дүниеге келіп, басқа халықтардың драма жанры тарихымен салыстыра
қарағанда, аз ғана уақыттың ішінде әлемдік деңгейде дамып үлгерген қазақ
драматургиясының қалыптасу жолы күрделі.

Қазақ ұлттық драматургиясы – бүгінгі күні жан-жақты даму үстіндегі жанр.
Арнайы зерттеу нысанасына алынып және жекелеген белгілі қаламгерлеріміздің
шығармашылықтарын қарастыруда да бірнеше құнды еңбектер жазылған. Қазақ
драматургиясы өзінің даму жолын, сатысын – әлем, батыс драматургиясының
озық шығармаларынан үлгі алып, сабақтастырады.

Қазақтың алғашқы пьесаларын заманның талабына сәйкес сомдағандар XIX
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында алаштың ардақты ұлдары Иманғали
Меңдіханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Жұмат
Шанин, Сәкен Сейфуллиндер болды.
1920 жылдары драмалық шығарма, театрдың қазіргі өміріміздегі орны мен
болашағы жайында алғаш рет сындарлы ой айтқан – Мұхтар Әуезов.
Ал драматургия жанры, драматург, жекелеген пьесалар, спектакльдер, театр
тарихы, режиссерлер,актерлер туралы түбегейлі мәселелер көтеріп, нақтылы
ойлар қозғаған мақалалар мен монографиялық зерттеулер бертін келе жарық
көре бастады.
М.Әуезов 20-30 жылдары сахнаға арнап пьеса жазумен ғана тынған жоқ,
драматургия туралы теориялық мақалалар да жазды, жалпы қазақ театрының
тууына аянбай еңбек етті. М.Әуезов өзінің “Жалпы театр өнері мен қазақ
театры” атты зерттеуінде ертедегі грек елінің театр тарихынан бастап орта
ғасыр, Еуропа театрларына шолу жасайды. Қаламгер драматургия теориясын
дамытудағы сол бір игілікті бастамасын әрі қарай дамытып, 1934 жылы “Жақсы
пьеса – сапалы әдебиет белгісі” атты көлемді мақаласын жазады.
Зерттеудің дерек көздері. Драматургия – қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың
басында әлеуметтік-қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи
дамуының заңды жемісі ретінде туған таза жаңа жанрлық түр. Қазақ
драматургиясының тез өсіп, жедел жетілуіне әсер еткен негізгі факторлардың
бірі – халықтың ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталған, екшеленген бай
фольклоры болды. Алғашқы драматургтер эпостық материалдарды арқау ете
отырып, жаңа жанрдың үлгілерін жасады. Мәселен, Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”,
М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы
Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” пьесалары – эпостық дәстүрлер мен әлемдік
драматургия сабақтарын шебер ұштастырудан туған кесек шығармалар, әдеби
дамуға ықпал еткен ұлттық классика.
Қазақ драматургтарының жаңа тақырыптарды меңгеру жолындағы ізденістері
Қазан төңкерісімен, төңкеріс тудырған әлеуметтік өзгерістерді, халық
санасындағы айрықша құбылыстарды бейнелеу мақсатымен терең ұштасып отыр.
Бұл жаңалық С.Сейфуллинің “Қызыл сұңқарлар” драмасынан басталып, қазақ
әдебиетіндегі берекелі, жемісті мақсатқа айналды.
Қазақ ұлтының өміріндегі елеулі кезеңдердің бәріне де драматургтер үн
қосып отырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында да драматургтер қаламынан бірқатар
айтулы пьесалардың туғандығы белгілі. М.Әуезовтің “Сын сағатта” пьесасынан
бастап драматургияда майдан тақырыбы соғыс біткенше жалғасты.
Уақыт озып, әдебиет жанрлары уақыттың, қоғамның талабына сай жаңарып,
жаңғыруына байланысты әдебиеттегі драма жанры да осы жалпы даму процесін
басынан өткізген.
Драматургия кез-келген қалам иесіне жалына сипатар жанр емес екені
баршамызға белгілі. 1970-1990 жылдардағы драмашылар өздерінің драмалық
шығармаларында тақырып, образдар, тартыс, характер, драма монологы мен
диалогын, кейіпкер сөзін, психологиясын, драмалық жағдай тудыруда
шеберліктерін айқын танытуда [3, 64]. Себебі, қазір халыққа бүгінгі күннің
тақырыбын қозғайтын асығыс жазылған шығарма емес, оның ақыл-ойына, ар-
ұжданына ықпал жасай алатын, жүрегінен мәңгі орын алатын асқан шеберлікпен
жазылған құнды пьесалар керек.
Бұл тұрғыда С.Ордалиев: “Соңғы жылдары драматургияға келген жас
жазушыларымыздың дайындықтары мол, драманың теориясына да жетік,
ізденгіштерін байқатып жүр. Бұл, әсіресе, Қ.Мұқаметжанов, Қ.Шаңғытбаев,
С.Жүнісов творчестволарында көзге түседі” [4, 241] – дейді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
1. Қазақ ұлттық драматургиясының қалыптасуы; трагедия, комедия
жанрының тууы; алғашқы драмалық шығармалар туралы зерттеуші-
ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ой түйіндеу.
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында дүниеге келген драмалық шығармалардың
көркемдік жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттау.
3. 1960-1990 жылдары туған драмалық шығармаларымыздың идеясын,
тақырыбын, көркемдік сипатын ашу.
Осы мақсатқа қатысты мынадай міндеттер туындайды:
Жұмыстың міндеті:
1. Қазақ ұлттық драматургиясының зерттелу тарихынан мағлұмат беру.
Зерттеуші ғалымдар еңбектерімен таныстыру.
2. Қазақ драматургиясының қалыптасуы мен даму кезеңдерін, сондай-ақ,
қазіргі қазақ драматургиясының көркемдік дәрежесін таныту.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ драматургиясының қалыптасу, даму жолдары

1.1 Қазақ ұлттық драматургиясының қалыптасуы туралы зерттеулер

Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Халықтың
шындық, әділет, ақиқат ұранын алтын арқау еткен қазақ әдебиеті – қалың
қауым арманынан жаратылған, адам баласы қазынасына толымды қор қосқан жаңа
сапалы құбылыс.
Қазақ әдебиеті аз ғана уақыт ішінде аса шапшаң даму кезеңдерінен өтіп,
кемелденген өнерге тән жанрлық салалардың барлығын тудырып, жетілді, өрлеу
бағытында реализмнің кең, даңғыл айдынына шықты. Қазақ әдебиеті мен өнері
туралы ғылым салаларының туып, қалыптасып, дамуына А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев,
М.Қаратаев сияқты ұлы ғалымдарымыз еңбек сіңіріп, жаңа арналардың негізін
салды.
Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалық проза, роман түбегейлі
зерттеліп келе жатыр. Ал драматургия туралы арнаулы еңбектерден
С.Ордалиевтің “Қазақ драматургиясының очеркі” (1964), Р.Рүстембекованың
“Қазақ совет комедиясы” (1975), М.Дүйсеновтың “Қазақ драматургиясының жанр,
стиль мәселесі” (1977), Е.Жақыповтың “Дастаннан драмаға” (1979),
Н.Ғабдуллиннің “Ғ.Мүсірепов – драматург” (1982), Р.Нұрғалидің “Арқау”,
“Драма өнері” (2001) зерттеулерін бөліп атау қажет.
Театр сыншылары Ғ.Тоғжанов, І.Жансүгіров, Қ.Қуандықов, Б.Құндақбаев,
О.Қайдалова, У.Садықова, А.Тоқпанов, Ә.Сығаев, Қ.Уәлиев еңбектерінде
драматургия туралы құнды тұжырымдар бар.
ХХ ғасырдың басында жанр есебінде дүниеге келіп, басқа халықтардың драма
жанры тарихымен салыстыра қарағанда, аз ғана уақыттың ішінде әлемдік
деңгейде дамып үлгерген қазақ ұлттық драматургиясының қалыптасу жолы
күрделі. Егер әлем драматургиясы сан ғасырмен есептелетін ұлан-ғайыр жолдан
өтсе, қазақ драматургиясының тарихы әлі ғасырға да жеткен жоқ. Соған
қарамастан, қоғамымыздың қауырт өрлеп дамуы, халықтың мыңдаған жылдық
дәстүрі бар фольклоры, кәделі өнері, бай әдебиеті жаһан мәдениетіндегі
дәстүрлермен қауыша келіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін – драматургия мен
театрды өмірге әкелді.
Қазақтың алғашқы пьесаларын заманның талабына сәйкес сомдағандар ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында алаштың ардақты ұлдары Ишанғали
Меңдіханов, Жиенғали Тілепбергенов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Смағұл
Сәдуақасұлы, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Қошке Кемеңгерұлы, Жұмат
Шанин, Сәкен Сейфуллиндер болды.
Қазақ драматургиясы шын мәнінде ғылыми айналымға, нысанға алынып зерттеу
ісі 1950 жылдардан басталғанын көруге болады. Осы жылдардан бастап
диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер жарыққа шыға бастады. 1951
жылы А.Маловичко “Қазақ совет драматургиясындағы тарихи өмірбаяндық пьеса”,
1956 жылы С.Ордалиев “Соғыстан кейінгі қазақ совет драматургиясы”, 1963
жылы Н.Ғабдуллин “Ғ.Мүсіреповтің драматургиясы”, 1965 жылы Р.Рүстембекова
“Б.Майлиннің драматургиясы”, 1967 жылы Р.Нұрғали “М.Әуезовтің
трагедиялары”, 1975 жылы Е.Жақыпов “Қазақ драматургиясындағы батырлық
эпостың түрлері”, 1986 жылы Т.Есембеков “Ә.Әбішевтің драматургиясы”, 1990
жылы С.Дәуітова “Проблема изображения исторической личности в драматургии
М.Әуезова”, 1992 жылы М.Ысқақов “Казахская драматургия в литературной
критике”, 1993 жылы С.Құлбарақов “Т.Ахтанов драматургиясы”, 1994 жылы
Ж.Таубайұлы “Қазіргі қарақалпақ-қазақ драматургиясындағы фольклорлық
негіздер”, 1995 жылы Ж.Әбілов “Қ.Мұқаметжанов драматургиясы”, 2001 жылы
Ә.Шапауов “С.Жүнісов драматургиясы”, 2002 жылы Н.Нәсиева “С.Мұқановтың
драмалық шығармаларындағы мінез бен тартыс”, 2004 жылы Л.Серғазы
“М.Әуезовтің “Хан Кене” трагедиясының тарихилығы” атты кандидаттық, 1970
жылы Ә.Тәжібаев “Қазақ драматургиясының тууы мен қалыптасуы”, 1983 жылы
Р.Нұрғали “Қазақ совет драматургиясының жанр жүйесі”, 2001 жылы Ж.Әбілов
“Қазақ комедиясының генезисі мен жанрлық негіздері” атты докторлық
диссертацияларды қорғап, ғылымға үлкен серпіліс әкелді. Сонымен қатар
монографиялық еңбектердің өзі біршама.
Қазақ драматургиясын зерттеген ғалымдарымыздың көптеген ғылыми
еңбектеріне шолу жасай отырып байқайтынымыз, олардың басым көпшілігі
қазақтың драма жанры Қазан төңкерісімен бір туғандығын айтады. Алайда,
көркемдік жағынан елеулі кемшіліктері барлығына қарамастан, Қазан
төңкерісіне дейін біраз пьесалардың баспасөз жүзін көргендігін нақты ашып
айта аламыз. Олар: “Надандық құрбаны” мен “Манап” атты пьесалар.
1915 жылы “Айқап” журналының бірнеше нөмірінде Алматы уезінің бастығы
А.И.Лиханов деген орыстың қазақ өмірінен алып жазған “Манап” драмасы
басылып шыққан. С.Сейфуллиннің “Манап” туралы сыны да осы кезде жарияланған
[5, 325-327].
Бұл пьесада қазақ даласындағы сорақы істің, зұлымдық әрекеттің
салдарынан болған трагедиялық оқиғалар суреттеледі. Ауылдағы қараңғылық пен
надандықты пайдаланған жуандардың зорлық-зомбылығы, өрескел қылықтары,
қазақ әйелдерінің бас бостандығының жоқтығы суреттелген.
Осы “Манап” драмасына алғаш пікір айтқан – М.Дулатов. Ол “Манап” драмасы
деген атпен “Қазақ” газетінде сын мақала жариялады.
“Бір жұрттың жайынан мұндай нәрсе жазу үшін жазушы әуелі сол жұрттың өз
баласы, иә өзіндей болып сіңіскен, ол жұрттың жайын білуде зәредей
кемшілігі жоқ болуы шарт. Екінші көргенін, білгенін әм сезінгенін оқушының
дәл көз алдына елестегендей суреттеп жаза білерлік туа шебер, жүйрік
(талантты) болуы шарт. Осы айтылған екі қасиет бір кісінің бойында түгел
болмаса, ол кісі әдебиет майданында қалам ұстап шығып жазушы бола алмайды”
(5, 7( дейді. Автор шығарманың осы екі үлкен талап өресінен шықпағандығын,
әсіресе, халық өмірінен хабарсыздығын драманың мазмұнын баяндай отырып
ашады.
М.Дулатов осы мақаласында “Манаптай” шығармаларды кітап етіп бастыруға
асықпай, білікті кісілердің сынынан өткізіп, көркемдігіне көңіл толған
жағдайда ғана шығаруды ұсынады. Міржақыптың “Манап” драмасы” атты мақаласы
– қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселесін көтерген. Әсіресе, алғаш көрінген
драманың кем-кетігін тізіп айтып, ондайды аудару-аудармау, жариялау-
жарияламау туралы өз пікірін ашық білдіруі әдебиеттің көрікті де ажарлы,
тартымды да шынайы болу талабына ұласып жатқаны айдан-анық.
“Манап” драмасының сюжетін де, аудармасын да ұнатпағандардың бірі –
Сәкен Сейфуллин. Жас дарынның әдебиет жайындағы алғашқы үні көп ретте
М.Дулатов ойларымен қабысып жатады. Сәкен шығарманың мән-мағынасына
түсініп, эстетикалық талап-талғаммен қарауға және өз ойын дәлелдей
баяндауға, жанрлық сынның ерекшелігін сақтауға талаптанғанын көреміз. Қазақ
тұрмысынан жазылған бұл драмада қазақтың әдет-ғұрыптары бұрмаланғанын,
сюжеттік желісіне өзек болған оқиғалардың шындыққа жанасымы жоқтығын атап
өткен. Ал драмаға қатысушылардың диалогтары қимыл-әрекетті өрбітуге
құрылмай, құр баяндау формасында берілгені және қазақ ұғымынан тумайтын,
көңіліне қонбайтын сөздер көп айтылғаны сыншыны бірден сақтандырған.
Сәкен Сейфуллин осы драманы сынай отырып, үш мәселеге айрықша назар
аударған. “Бірінші, “Манаптың” оқиғасы рас, қаһармандары осы күні тірі деп
жазғанменен, қазақтың тұрмыс қалпына мүлдем келмейді. Қаһармандарының
сөйлеген сөздері, істеген істері қазақ болғалы сөйлемеген сөз, істемеген
іс” деп табады да, Гүлбаһрамды атастырған күйеуі өліп, оң жақта отырған
қызға оның сыйлық әкелуі, өз қызынан “әмеңгерің келе жатыр” деп қыз әкесі
Ұзақтың сүйінші сұрауы сияқты әбестіктер қазақ тұрмысын автордың не
білмегендіктен, не мазақ қылғысы келгендіктен деп тапты.
Екінші, бірден көзге түсер осындай бадырайған оғаштықтарды ғана емес,
көтеріңкі талғамды талап ететін жайларға да Сәкен назар аудара білген.
“Гүлбаһрамның бір қызбен сөйлескен сөздері, Гүлбаһрамның өлеңі едәуір
оқыған қыздардың сөзіндей... Бірақ Ұзақ секілді надан адамдар қыздарын оқуға
бермейді. Оқымаған надан Гүлбаһрам менен жолдас қыздарының миларына ондай
сөздер, ондай өлеңдер кірмейді” дегенінен сыншылық көзқарастың сілемін
байқаймыз. Яғни автор әрбір кейіпкердің аузынан шығатын сөз, іс-әрекет оның
бойына сіңімді де қонымды болуға тиіс екендігін ескертіп, типтілік шартын
сақтау қажеттігіне ой жүгіртеді.
С.Сейфуллиннің мақаласындағы үшінші мәнді мәселе – аударма тілінің
жатық, әдемі, түсінікті болуы жайындағы талаптан туған, “Манаптың” тағы бір
зор кемшілігі, оны қазақшаға аударғанда сөзбе-сөз аударыпты. Соның үшін
сөздерінің тәртібі нағыз қазақша болып шықпаған” [6, 198] деп, қазақ
тілінің грамматикалық құрылысынан шалғай жататын, қазақ құлағына түрпідей
тиетін оралымдарды көрсетуі ілтипатқа алынар жайлар. Аударма өнері туралы
осындай пікірлер айтылып, басқаларды сақтандыру тек сыншылық тұрғыдан ғана
емес, практикалық тұрғыдан да мәні бар еді.
Бұл саладағы үлкен де толымды ой Көлбай Төгісовтің “Надандық құрбаны”
пьесасы жайында айтылады. Ол мақаланың авторы Міржақып Дулатов екенін атап
айтудың бір мәні бар.
“Жазушы да – суретші. Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала
білсе, жақсы жазушы адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете
біледі, оқығанын көріп тұрғандай болады. “Надандық құрбанында” мұның бір
нұсқасы жоқ, байлаусыз-матаусыз құр сөз, біріне-бірі қарсы оқиғалар” деп ең
негізгі қорытындысын алдын-ала жасап алады. “Бірнеше кісіні сөйлестірумен
біреуді үйден шығарып, біреуді үйге кіргізумен, біреуді ауыртып, біреуді
өлтірумен драма болмайды” (7, 5( деп драманың мазмұнын баяндайды. М.Дулатов
талаптарының бәрі де драмалық шығарма үшін міндетті, қажетті критерийлер
болды.
Ал “Надандық құрбаны” бойындағы жеті түрлі кемшілікке тоқтағанда, осылар
шындыққа жанаса ма деген ойларды айтқанда, Лихановтың “Манап”
драмасындағыдай әдеттерді емес, көбіне қазақ аңқаулығына тән құбылыстарды
атап көрсетеді. Олар пәлендей ауыр қорытынды жасарлық детальдар да емес.
“Алайда тұңғыш көрген кітабымыз өлі туды. Мұны әдебиет кештеріне қоюға
жарайды деп айтуға ауыз бармайды. Ұзын сөздің қысқасы – Көлбай драма
жазудың орнына өзі драманың батыры (геройы) болып кірсе, көркемірек болар
еді” дейді.
Алайда, “Манап” драмасы мен “Надандық құрбаны” пьесасы көркемдік жағынан
да, өмір көріністерін, кейіпкер бейнелерін суреттеу жағынан да шын
мәніндегі драмалық шығарма дәрежесіне жете алмаса да, қазақ әдебиетінің
тарихында драма жазу үлгісін қалыптастырды деп айтуға әбден болады. Сол
себепті, қазақ драматургиясының алғашқы бастауы болған бұл пьесалардың
қазақ әдебиеті тарихында орны болуы тиіс.
1920 жылдары драмалық шығарма, театрдың қазіргі өміріміздегі орны мен
болашағы жайында алғаш рет сындарлы ой айтқан – Мұхтар Әуезов.
Ал драматургия жанры, драматург, жекелеген пьесалар, спектакльдер, театр
тарихы, режиссерлер,актерлер туралы түбегейлі мәселелер көтеріп, нақтылы
ойлар қозғаған мақалалар мен монографиялық зерттеулер бертін келе жарық
көре бастады.
М.Әуезов 20-30 жылдары сахнаға арнап пьеса жазумен ғана тынған жоқ,
драматургия туралы теориялық мақалалар да жазды, жалпы қазақ театрының
тууына аянбай еңбек етті. М.Әуезов өзінің “Жалпы театр өнері мен қазақ
театры” атты зерттеуінде ертедегі грек елінің театр тарихынан бастап орта
ғасыр, Еуропа театрларына шолу жасайды. Қаламгер драматургия теориясын
дамытудағы сол бір игілікті бастамасын әрі қарай дамытып, 1934 жылы “Жақсы
пьеса – сапалы әдебиет белгісі” атты көлемді мақаласын жазады.
М.Әуезов жоғарыда аталған “Жалпы театр өнері мен қазақ театры” деп
аталатын зерттеу еңбегінде Еуропадағы көп елдердегі көркемөнердің халықтың
әуелгі салтынан, әуелгі ұғымынан туатынына және қалай туғанына тоқтала
келе: “Басында елдің өз денесінен болымсыз ойын-сауықтан шыққан кішкене
театрлар аяқ кезде салт театрына айналған уақытқа шейін бір мезгіл елді
тастаған емес. Бұл көптің қызығы, халық елдің театры болудан айныған жоқ.
Ел өмірі, ел қалпымен қол ұстасып қатар отырады. Барлық салт театрының
бетімен жазылған пьесалар бұл сөзге дәлел” [8, 27] – дейді.
Мұхтар Әуезовтің бұл пікірін Әбділдә Тәжібаев жалғастыра келіп: “Қазақ
елінде ертеде “драма”, “театр” деген сөздер болған жоқ. Бірақ ұлт
поэзиясының түрлері, оның көпшілік ойын-сауығы үшін репертуарға айналған
ғажайып үлгілері, көшпелі жұрттың өзінің ұлттық салтына, өмір өзгешелігіне
лайық дәстүрлі театры болғандығын дәлелдейді” [9, 36] – дейді.
Ғалым М.Әуезов “Ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп
өлеңмен, әнмен айтысатын ақындар өз заманында театр жасамай не жасады?
Солар жасаған сауық елдің құр қуанып, құр көңілін көтергеннен басқа кәрі,
жастың сай сүйегін босатып, аруағын шақыртып, барынша қыздырып желіктірген
жоқ па еді? Одан соң ұзататын қыздардың тойында еркек пен әйел қақ жарылып
алып айтысатын “Жар-жар” салт ойыны туғызған театрдың өзі емес пе? “Жар-
жар” мен “Бет ашар” бүгінгі заманның сахнасына қою үшін ешбір қосымшаны
керек қылмайды, солар сияқты толып жатқан айтыс өлеңдерінен қай-қайсысы
болса да, қалай болса да қоюға болады. Бұл ескіліктердің тағы бір қасиеті,
барлығы да арнаулы әнмен айтылатын; сондықтан жалғыз ғана драмалық театр
емес, әнмен ойналатын операға емін-еркін жарайды”, – деген.
“Қазақтың көп күлдіргі әңгімесі белгілі қулардың айналасында жиналады.
Мәселен, Семей аймағындағы атақты күлдіргілер Шаншардың қулары, онан соң
тапқыштық, шешендікпен аты шыққан Жиренше, Алдар көсе бар. Бұлардың барлық
өмірі толып жатқан комедия.
Ел сауығына ақыл, өсиет сияқты ой-санаға желі беретін үлгіні кіргізу
керек болса, ертеде, заман шерін айтып зарнаған Асан қайғы, толғау айтқан
Бұхар сияқты жырауларды тірілту керек. Осылардың барлығының жайында толып
жатқан сұлу әңгімелер бар. Солар болымсыз ғана мәдениет иісін сіңірсе, әрі
ел өнері тіріліп, әрі театрдың іргесі құрылады. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”
сияқты ел поэмалары, “Бекет батыр” сияқты тарихи жырлар, барлығы да
театрдың ішіне оп-оңай сыйып кетеді” [8, 29].
М.Әуезов осы аталған мақаласын қазақ драма театрының ашылар қарсаңында
жазғандықтан, көбінесе “театр” деген сөзге баса назар аударған. Расында
әңгіме театрдың репертуары, яғни драматургия мәселесі туралы болып отыр.
Жазушы халқымыздың барлық рухани қажетін өтеуге жарайтын драмалық,
трагедиялық және комедиялық пьесалар туралы материалдардың мол екендігін
баяндайды және сол материалдар халық поэзиясының өз бойынан табылып
жатқанын дәлелдеген.
М.Әуезов қазақ драматургиясын аудармамен байыту, жақсы классикалық
үлгілерді қазақшалаумен – қазақ тілінің драма жанрындағы ұсталығы мен
шеберлігін арттыруды да қолға алған. Сондықтан да ол Шекспирдің кең тараған
трагедияларының бірі “Отеллоны” және “Асауға тұсауды” тамаша аударып шықты.

Қорыта келгенде, М.Әуезов – қазақ драматургиясының өз топырағында қалай
туатынын,халық әдебиетінен қалай нәр алатынын жетік білген, сонымен бірге
өзге жұрттардың драмалық үлгілерінен үйренуге ғылыми нұсқау көрсеткен ғалым-
жазушы. Ол драмамызға теориялық ойлар айтушы бола тұрып, өзі жазған
пьесалары арқылы қалай оқып, қалай жазудың тәжәрибесін де көрсетті.
Сондықтан біз М.Әуезов қазақ драматургиясының негізін салушы және оның
теориясын бастап айтқан ғалымы десек артық айтпаймыз.
Қазақ драматургиясының зерттелуіне елеулі үлес қосқан ғалым-жазушылардың
бірі – Ә.Тәжібаев. Ғалым “Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы”
деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Осы докторлық диссертация
1971 жылы “Жазушы” баспасынан кітап болып шыққан. Ғалым, драматург
ағамыздың бұл еңбегінен әдебиеттің драма жанры туралы көптеген соны
пікірлер оқимыз.
Ғалым қазақ әдебиетіндегі проза және драматургия жанры Қазан
төңкерісімен бір туғандығын айтады. Дегенмен де, ғалым қазақ драматургиясын
тереңдей қарауға, оның ұлттық халықтық тегін сырттан емес, іштен, яғни
халықтың бай поэзиясының өзінен, халық өмірінің ұлан-асыр бай дәстүрлерінің
жалғасы және дамуы ретінде іздеу керек екендігімізді ескерткен [9, 7-8].
Бұл ретте біз М.Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың пікірлерінің бір жерден
тоғысатынын көреміз.
Ә.Тәжібаев та қазақ драматургиясының бастауын халық поэзиясымен тығыз
байланыста қарастырады. Қазақ драматургиясының қалыптасып дамуында ақын-
жырауар толғауларының, ақындар айтысының, шешендік өнердің, салт-дәстүрлік
жырлардың, эпостық дастандардың маңыздылығын жазады. Осы пікірі тұрғысында
ғалым былай дейді: “Негізінен алғанда – драма сөз өнерінің әбден жетіккен,
оның мағыналық және формалық байлығы молайып, әрі тереңдеп, әрі биіктеген
тұсында туатындығы даусыз. Көне гректердің дүниеге мәлім эпикалық дастандар
мен лирикалық сезімге бай өлең әндері жетікпей тұрып драмасы тумаған,
өспеген болар еді. Сол сияқты Италия, Франция, ағылшын, испан, неміс, орыс
драматургиясы да халықтың бай поэзиясының негізінде туған. Мазмұнды да,
түрді де ең алдымен сол ауыз әдебиетінің ұлт байлығынан алған.
Драматургияның әрі қиын, әрі қымбат саналуы да сондықтан болу керек. Демек,
біздің де қазақ драматургиясының түпкі тегін қазақтың халық поэзиясынан
іздеуіміз ағат емес.
Зерттеуші ғалым Ә.Тәжібаев: “Егер драмадағы тіл, әсіресе, диалог тек
алма кезек сөйлеу емес, ойлардың соғысы, әрбір сөздің бомбаша жарылуы, от
пен оттың жалын шарпысуы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның
қылыштасуы, өліспей, жеңіспей бітіспейтін жекпе-жек деп түсінсек, қазақтың
халық поэзиясындағы айтыс жанры дәл осы драма диалогын еске түсіреді” [9,
19], - деп жазады.
Расында да сондай ауыз әдебиетіндегі ақындар айтыстары мен шешендік
сөздердің бай түрлеріне қарап отырсақ, тамаша классикалық драмалардағы
диалогтармен таласатын сөз жарыстарының алуан түрін көреміз. Сөз жарысына
түскен, озбай қоймауды мұрат еткен ақындар бірінен-бірі асып түсуге бар
өнерін салып тырысатыны белгілі. Әр ақын өзі арқылы адамның қандай болуы,
өзін және өзгені қалай қадірлеуі керек екенін үйретеді. Осындай батыл да
батыр бейнеде көрінетін ақындардың астам сөздері бірін-бірі шарпу ғана
емес, ірі әлеуметтік міндерді сынауға да еркін жұмсалады. Сонда біз айтыс
ақындарының алма кезек сайысқан сөздерінен халықты, жас ұрпақты
білгірлікке, тапқырлыққа, адам, қауым бойындағы міндерін, кемшіліктерін
жасқанбай сынауға және көңілдің тазалығына, адал болуға тәрбиелегенін
көреміз. Мінекей, айтыстағы кезек пьеса диалогтарындай ішкі драматизмге,
қайшылықтарға толылығы осыншалық бай болса, сыртқы жұрт алдында өтетін
көрінісінің өзі де нағыз театрлық түрде өтеді.
Ірі әдебиетшіміз М.Әуезов айтыстың жарысқа, күреске, сайысқа ұқсайтын
өзгешеліктерін талдай келіп: “Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы ақындар
айтысын тыңдаушы көпшілік әр кезде театрлық, драмалық аса қызу әсері бар
өнер түріне айналдырады”, [10, 10] – дейді. Шынында да солай. Айтыс –
өзінің жанрлық табиғатымен түгелдей дерлік дала сахнасында, аса зор жиын
орталарда ойналатын драмалық шайқастың импровизациялық көрінісі. Сондықтан
да таза жанрлық көзбен қарағанда айтыс арқылы біз болашақ драматургияның
іргесін әзірлеп келгенбіз десек қателеспейміз.
Сонымен қатар Ә.Тәжібаев қазақ драматургиясының жарық жұлдызы саналатын
М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қаракөз” пьесаларына жан-жақты талдау
жасаған. Зерттеуші-ғалым М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы туралы: “Қазақ
халқының ауыз әдебиетіндегі барлық асылды, барлық ақындық дәстүрді бір
басына түгел сыйғызған, бүкіл Европа әдебиетін, әсіресе драматургия
мәдениетін еркін меңгерген, оның шеберлік өнеріне жастай жетіккен М.Әуезов
бірінші трагедиясымен жас әдебиетіміздің көгіне жарық жұлдыз боп туды. Бұл
жұлдыз дүние жүзі классиктері жаққан ең ірі жұлдыздардың бірінен саналмақ,
ұзақ ғасырлар бойы сөнбей жанбақ” (9, 36( – дейді.
М.Әуезов драматургиясын түбегейлі зерттеп, соны пікірлерін айтқан ғалым
– академик Р.Нұрғали. Ғалымның зерттеу еңбектерінде М.Әуезов тарегдиялары
терең зерттелген. Ол Мұхтар трагедияларын түгел талдайды да (“Еңлік –
Кебек”, “Бәйбіше – тоқал”, “Қаракөз”, “Түнгі сарын”, “Абай”), “Еңлік –
Кебек”пен “Қаракөздің” өзгерген, сол өзгеріс үстінде жаңарған бірсыпыра
нұсқаларын салыстырған. Соның арқасында біз бірнеше рет қайта қаралған,
қайта жөнделген жаңғырған “Еңлік – Кебектің” идеялық және көркемдік жағынан
қайта түлегендей жаңарғанын, жаңа жапырақтар жапқанын көреміз. Еңбекте
пьесаның композициялық жағынан қаншалықты ширағаны, адам тұлғалары мен тіл,
образдарының қаншалықты сомдалғаны, сұлу сымбат тапқаны жақсы ашылған [11,
46].
Бұл ретте Р.Нұрғалидың “Таланты марқайып, білімі ұлғайып, ой-өрісі,
кеңейіп, шығармадан шығармаға өскен, үлкен жазушылық мәдениетке ие болған
Мұхтар Әуезов драматургиясындағы тырнақалдысы "Еңлік-Кебекке" 1943 жылы
бір, 1956 жылы екінші рет оралып, пьесаға мол өзгерістер енгізді, қайтадан
өңдеп шықты” [11, 39], - дегеніне түгел қосыламыз.
Академик Р.Нұрғали трагедия жанрының табиғатын түсінуде “Трагедия-
драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы - қат-қабат өмірдің
объективті кайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен
күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі
тұлғаның қайғы-шері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат әсермен
оқырманға (көрерменге) берілетін, болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл
шындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры... Трагедиялық
тартыстар мен адасулар табиғатын, эстетикалық-эмоциялық әсер ерекшелігін,
сюжеттік материал мен көркемдік-композициялық құралдар жүйесін, тақырыптық
идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге
болады: а) эпикалық трагедия; ә) тарихи трагедия; б) адамгершілік-тұрмыстық
трагедия” [11, 10-11], - дейді.
Осылайша академик Р.Нұрғали М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасын өзінің
“Драма өнері” деп аталатын зерттеу еңбегінде эпикалық трагедияға жатқызады.
Ал адамгершілік-тұрмыстық трагедияға “Бәйбіше – тоқалы” мен “Қаракөз”
трагедиясын алып, жан-жақты талдау жасаған.
Ел алғашқы қазақ тарихи трагедиясы – Мұхтар Әуезовтің “Хан Кенесі” [11,
129]. Сонымен қатар еңбекте І.Жансүгіровтің “Исатай – Махамбет”,
М.Әуезовтің “Абай”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, “Қашқар қызы”
трагедиялары тарихи драма ретінде зерттелген.
Ұлттық материалға сүйене отырып, екінші жағынан әлемдік әдеби дәстүрлер
сабағын ескеріп, қазақ трагедиясының мынадай спецификалық ерекшеліктерін
анықтап айтар едік:
- күні өтіп бара жатқан ескілік пененді туа бастаған жаңаның арасындағы
бітіспейтін идеялар мен құштарлықтар арасынан туатын трагедиялық тартыс;
- асыл армандар, биік мұраттар жолында күресу үстінде қалыпты өмірдің
тас қорғанына соғылып мерт болатын дара тұлғаның трагедиялық қателігі яки
адасуы;
- өлім мен өмірдің шекарасында, адам мүмкіндіктерінің шегінде жететін
тұстарында өтетін аса тартысты сюжетпен әбден ширатылған композицияны
шығарманың барлық структуралық көркемдік эелменттерін шашау шықпас жүйеге
түсіруі;
- ересен психологиялық, адамгершілік-эмоциялық әсер күшінің оқырманды
(көрерменді) ерекше эстетикалық сезіммен баурап, өмірдің тұңғиық сырларын
ұқтырып, жаңғыртып, өзгерткендей ықпал етуі;
- таудан аққан селдей ғажайып шешендік, найзағай жарқылындай отты айтыс,
орасан бай, ерекше өрнекті халықтық орамды, бейнелі көркем тіл құнары.
Сонымен қатар ғалым зерттеу еңбегінде комедияның жанрлық
ерекшеліктеріне, түрлеріне терең зерттеу жасаған:
Комедия – драмалық жанрдың бір түрі, өмірдегі келеңсіз, жағымсыз
құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздікті күлкілі етіп
бейнелейтін сахналық шығарма.
Академик Р.Нұрғали: “Әдебиеттің басқа жанрлары секілді комедия да өмір
құбылыстарын көшіре салмайды, іріктеу, топтау арқылы жинақтап барып, нақты
әрі жалпылық сипаты бар көркем образ жасайды. Шынында, өмірдегі күлкілі
жайт шығарма өзегіне айналғанша сан алуан эстетикалық шыңдаудан өтіп, қайта
қорытылып, балқып шығады.
Драматургияның басқа жанрларына қарағанда, комедия финалы көбіне
тартыстың жағымды шешімімен, жамандық жеңіліп, жақсылық үстем болған баянды
күймен аяқталады. Бұл тартыс әрекет бірлігінің логикасынан, характерлер
қақтығысының табиғатынан шығып жатады. Комедия жанры поэтикасының
шарттылығы бойынша жағымсыз кейіпкерлер түптің түбінде бармақ шайнап,
қателігін мойындайды, жеңіліп тізе бүгеді, сөйтіп адал ниет, ақ тілек, әділ
іс салтанат құрады” [11, 197], - деп жазады.
Комедия жанрын ғалым екіге бөледі:
1. Сатиралық комедия.
2. Лирикалық комедия.
Ғалым жазушы-драматург Б.Майлиннің “Шаншар молда”, “Ауыл мектебі”, “Қос
қақпан”, “Неке қияр”, “Келін мен шешй”, “Көзілдірік” пьесаларын, Ж.Шаниннің
“Торсықбай”, “Айдарбек”, “Қара құлып” пьесаларын сатиралық комедияның
қатарына жатқызады.
Академик еңбектерінде қазақ комедиясының сатиралық үлгісін қалыптастырып
дамытқан Бейімбет Майлиннің дәстүрі деп атап көрсетеді.
Лирикалық комедияны Қалтай Мұхаметжановтың пьесаларымен байланыстырады.
Драматургтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті”, “Қуырдақ дайын”
комедияларының ішкі сырларын ашады.
Комедия жанрын әдебиет теориясы тұрғысынан алғаш рет А.Байтұрсынұлы
сараласа, Ә.Тәжібаев докторлық диссертациясында қазақ комедиясының алғашқы
нұсқаларын, ауыз әдебиетімен байланысын атап өтсе, Р.Нұрғали комедия
жанрына арнайы тоқталып, жоғарыдағыдай жіктейді. Қазақ халқының ғұлама
ғалымы А.Байтұрсынұлы:
“1. Трагедия – мерт, яки жекті тартыс.
2. Драма – сергелдең, яки азапты тартыс.
3. Комедия – арамтер, яки әурешілік. Тартыс күйге ән-күйі қосылса,
тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады;
қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы
деп аталады” [12, 448-450], - деп ұлттық драматургия жанрының түрлеріне
алғашқылардың бірі болып түсініктеме беріп, тұжырым жасайды.
Комедия жанрының шарттарына жауап бере алатын алғашқы қазақ
комедиографтары Б.Майлин, Ж.Шаниндер ертеректе ел арасына тараған әзілге,
қу күлкіге бөленген әңгімелердің желісін алып, өңдеп, жандандырып, тамаша
сахналық туындылар тудыра білді.
Қазақ драматургиясында күлкілі комедияның алғаш туындылары трагедиямен
қатар пайда болды. Бұл туралы зерттеліп келе жатыр. Ал драматургия туралы
арнаулы еңбектерден С.Ордалиев (1964), Ә.Тәжібаев (1976), Р.Рүстембеков
(1975), Р.Нұрғали, Т.Қожакеев (1996) еңбектерінен біле аламыз.
С.Ордалиев “Қазақ драматургиясының очеркі” деп аталатын зерттеу
еңбегінде: “Егер қазақ драматургиясында трагедия жанрының тууы көрнекті
драматургіміз Мұхтар Әуезовтің творчествосымен байланысты болған болса,
күлкілі комедияның қазақ сахнасына шығуы жазушы Бейімбет Май линнің
творчествосымен тікелей қатысты болды” [4, 50], - деп жазған.
Бейімбет Майлин қазақ драматургиясындағы комедия жанрының негізін
қалаушылардың бірі. Әдеби зерттеулерге, жазушы жөніндегі арнаулы ғылыми
экспедицияның деректеріне қарағанда Қазан төңкерісі жеңісінен кейін көп
кешікпей-ақ ел арасындағы сауық кештерде Бейімбет Майлиннің сықақ-әзілге
құрылған күлкілі шығармаларының ойналғандығы туралы білуге болады.
1920 жылы Бейімбет Майлиннің “Қаламқас” атты үш актылы комедиясы
Қостанай қаласындағы қазақ жастарының күшімен қала жұртшылығына
көрсетілген. “Қаламқас” комедиясынан кейін драматург “Алданған” деген
екінші комедиясын жазады. Ол да 1920 жылдың аяғында Қостанайды қойылады.
Бір-екі рет сахнада көрсетілген соң бұл комедиясын автор “Бетім-ау, құдағи
ғой” деп өзгерткен.
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетінде, соның ішінде драматургияда
елді алдап келген арамза молдаларды, соларға аладанып жем болған надандарды
сынау негізгі тақырыптардың бірі болған. Б.Майлин шығармашылығынан да бұл
тақырып елеулі орыналды. Ол елдегі дүмше молдалардың теріс қылықтарын
сынауға арнап “Шаншар молда” (1926), “Неке қияр” (1927) атты бір-екі актылы
күлдіргі пьесаларын жазды. Жұмат Шаниннің “Торсықбайы” (1928), Сайфи
Байғожаевтың “Педияшыл молдалары” (1928) т.б. біраз шығармалар молданың
зұлымдығын әшкерелеуге арналды.
Бейімбет Майлиннің драматургиясында қазақ еңбекшілерінің бұрынғы өткен
күйікті күндері мен жаңалық кернеген жарқын өмірі шындық шеңберінде шырайлы
сөз, тартымды оқиғалар арқылы суреттеледі. Ел салтын, шаруа өмірін кәнігі
білген шебер жазушы еңбекші бұқараның санасынан орын тепкен жаңалықты жедел
сезініп, сүйсіне жазды да, өскелең өмірге кесірін тигізген, ескі салттың
бой көрсеткен қалдықтарын қатал сынап, өткір сатираны нысанасы етті.
Б.Майлин пьесаларының негізгі тақырыбы шаруа өмірі, оның өткен күндердегі
ауыр халі мен Қазан төңкерісін арқасында санасының оянуы, тап тартысына
араласуы, теңсіздік орнатудағы белсенді күресі.
“Бейімбет Майлиннің жиырмасыншы жылдары жазған драмалық шығармалары
күлдіргі комедия жанрының талаптарына толы жауап бере алмағанымен, сол
жанрдың жаңа туып келе жатқандығын сездіретін алғашқы туындылары іспетті
көрінді. Олардың барлығын түгелдей дерлік комедияның ұсақ жанры водевиль
деп айтқан жөн. шындығында “водевиль” де комедияның бір түрі. Өмірдің
күлкілі көріністерін көбінесе бір актылы пьесада кішігірім оқиғаны суреттеу
үстінде көрсететін шығармалар әдетте “водевиль” болып саналады. Водевиль
француз сөзі, “шаруа даусы” деген мағынаны береді. Мұнда да үлкен
комедиялардағыдай өмірдің көлеңкелі жақтары өткір сынға алынады, бірақ
суреттеу әдісі өзгешерек болады, өзгешелігі оқиға тартысы үлкен драмалық
конфликтлерге құрылмай, күлдіргі сөздермен-ақ жеңіл күлкілі моменттер
арқылы баяндалады” [4, 56].
Қазақ драматургиясы дамуының алғашқы кезеңінде комедия жазумен
Бейімбеттен басқа да біраз жазушылар шұғылданды. Олар: Жұмат Шанин, Сыдық
Абланов, Ержан Ерданаев, Ишанғали Меңдіханов т.б.
Қазақ драматургиясының дамуына елеулі еңбек еткен драматургтердің бірі –
Жұмат Шанин. Ж.Шанин драматургиясының тақырыбы сан алуан. Ол Бейімбет
ізімен ескі дүниенің өкілдері байлар мен молдаларды, ескі әдет-ғұрыптың
зияндылығын, пасықтығын сынау мақсатымен “Торсықбай”, “Айдарбек қу” атты
күлдіргі пьесаларын арнаса, “Арқалық батыр”, “Баян батыр” атты
трагедияларын халық аузындағы аңыз-ертегілердің негізінде жазды. “Бұл екі
пьесаның екеуі де жеңіл күлкіге құрылған, ащы әзіл, өткір сықақтың
негізінде жазылған көркем шығармалар, екеуінде де комедиялық элементтер бар
болғанымен, оларды “комедия” деу қиын. Өйткені комедия да драманың бір
түрі. Олай болса, қаншалықты жеңіл күлкіге бой ұрғанымен автордың негізгі
идеясы өмір шындығынан алынуы қажет. Бұл екі шығарманың екеуінде де өмір
шындығы жетіспейді, кейіпкердің өрескел қылықтары арқылы күлкі шақырмақ
болады. Мысалы, басқа киім кию арқылы түрді өзгертіп, оқиға тартысын
шиеленістіруі – комедияларда мұндай жайлардың болуы заңды болғанымен,
ұтымды емес” [4, 57].
Ж.Шаниннің “Үш бажа” атты сатиралық пьесасы жеке кітап болып 1932 жылы
баспадан шыққан. Үш перделі сатиралы бұл драмада автор азғындаған, теріс
жолға түскен бұзақы адамдардың жексұрын бейнесін суреттеген. “Пьесадағы
кейіпкерлердің барлығы дерлік ұнамсыз типтерден құрылған. Олардың жұғымсыз,
теріс мінездерін бетіне басып түзеуге бағыттап, олармен күресіп жүрген
бірде-бір жан жоқ. Әдетте қандай бір сатиралық шығарма болса да ұнамсыз
кейіпкерлерге ұнамды геройлардың іс-әрекеті қабысып қойылады. Өмірдің заңы
да осыны талап етеді. Драматург Ж.Шанин Шәкімнің де, оған “ғашық” боламын
деп мерезді ауруға шалдыққан Адам, Ахмет, Сабырбай деген үш жігіттің де
қатесін бетіне басатын бірде бір адам таба алмай, өздеріне мойындатқан
болады. Пьесаның идеялық үлкен қателігі де осында”, - деген С.Ордалиев өз
еңбегінде.
Қазақ драматургиясында комедия жанрының қалыптасуы туралы Ә.Тәжібаев та
“Қазақ драматургиясының қалыптасуы мен дамуы” деп аталатын еңбегінде сөз
болады. Біз ойымызды осы еңбектегі тұжырымдармен сараламақпыз. Автор
комедияның трагедиямен жарыса туғандығын айтады. Біздің драматургиямыздағы
комедия саласы ең алдымен халық әдебиетінің негізінде туды. Бай
фольклорымыздан: дастан, жырларымыздан, аңыз ертегілерімізден трагедиялық
тақырыптар тауып жазған шеберлер қазақтың белгілі қулар маңындағы күлдіргі
әңгімелерін және Алдар Көсе мен комедиялық халық поэмаларын пайдалана
отырып, қазақ драматургиясының комедиялық негізін салды. Ә.Тәжібаев Қулар
әңгімесін алғашқы пайдаланған, жас театрларымызға шағын комедия жазып
берген жазушыларымыздың бірі – Жұмат Шанин дей келіп жоғарыда айтылған
С.Ордалиевтің (пьеса кемшіліктері туралы) пікіріне қарсы өз көзқарасын
былайша саралайды:
Біздіңше бұл баға әділ емес және дәлелді де емес.
Ұлы драматург – өздерін өзгерткен танытпаған адамдары арқылы сыртқы
күлкілі көріністерді ойнатып қана қоймай, тіл жететін асыл ойларды мол
қамтуға, түгел ойнатуға тырысады. Соған прием керемет көмек етеді. Демек,
Ж.Шанин пайдаланған әдісті ұтымсыз дегенге қосылуға болмайды. Аяқ астында
алабұртпаса, күтпеген жерден күлерлік тапқырлық жасамаса, біреуді шалып,
біреуді алдап жығып жатпаса комедия туар ма?” [8, 615-622].
Қазақ драматургиясының трагедиялық-драмалық туындыларын бірінші бастауда
М.Әуезов, С.Сейфуллиндердің рөлдері қандай ірі болса, комедия саласының
бастауындағы Б.Майлиннің рөлі де сондай ірі екендігіне тоқтала отырып,
Ә.Тәжібаев Б.Майлиннің алғашқы жазған пьесаларының бір перделі, асса екі
перделі болып шағын көлемде жазылғандарына тоқталады. Одан бұл пьесалардың
маңызы ұсақ, түрі жеңіл екен деген мағына тумайтындығын айтады. Кейде
кішкене көлемнің ішінде де күрделі мазмұндар, асыл ойлар, отты жырлар
жатады. “Біз Б.Майлин комедияларының ішіндегі кейін жазылған күрделі ірі
пьесаларына (“Талтаңбайдың тәртібі”, “Майдан”, “Көзілдірік”) оның “Шаншар
молдасын”, “Неке қиярын” оқымай түсінбеуіміз де мүмкін. Бейімбет сияқты
іргелі, ірі жазушылардың қай шығармасы болса да кездейсоқ ұшырасар
болмыстардың сәулесі емес, ол – ойлы жазушының өмір бойындағы көп баққан,
терең таныған құбылыстарының сәулесі, ол – жазушының өмірге, адамдарға
деген көзқарастарының дамып, ұласып отырған концепциясы, ол – жазушының
идеясынан мұрат-мақсұтына байланысты эстетикалық тенденциясы. Бейімбетке
ерекше сый көрсетуіміз де сондықтан болу керек” [8, 623].
Сонымен, қазақ драматургиясы дамуының алғашқы кезеңінде күлкілі комедия
жанрын жасауға көптеген жазушылар ат салысса да олардың шығармалары
Б.Майлиннің бір-екі актылы ұсақ жанрлы пьесаларының дәрежесіне жете
алмаған. Бейімбет комедияларының шоқтығы биік тұрды, өйткені онда өмір
шындығы нақтылы, дәл суреттелінді, жазушының идеясы да айқын болды.
Қазақ комедиясының қалыптасу, даму жолдары, жанрлық, стильдік
ерекшеліктері Р.Рүстембекованың 1978 жылы жарияланған “Қазақ совет
комедиясы” атты еңбегінде қарастырылады.
20 жылдардағы әдебиет тарихына назар аударсақ, жаңа қуанышты дабылымен
қатар, ескілікпен күреске шыққан юморлық, сатиралық әуенді де аңғарамыз.
Бұл салада С.Дөнентаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин сияқты қалам
қайраткерлері ат салысты. Әсіресе, фельетон жанры күнделікті өмірге қоян-
қолтық араласты. Ол фельетондар тақырып жағынан сан алуан: тап жауларының
ақырғы тұяқ серпісі, олардың басты қызметтерге өтіп алудағы әрекеттері,
молдалардың арамза пиғылдары, әйел теңдігін аяққа басып, қыз сатушы,
қалыңмал алушылар жайы әшкереленіп отырады. Айталық, І.Жансүгіровтың
“Қуыршақ”, “Құқ” фельетондары, Б.Майлиннің “Жырым жегендер”, “Пртокол істей
салып едім”, “Қыздың зары”, “Түрт, шайтан, түрт” т.б. көптеген
фельетондарын атап айтуға болады.
Р.Рүстембекова зерттеу еңбегінде Б.Майлиннің комедиялық пьесаларына
тереңінен тоқталады. Ғалым: “комедия жанрында басқа драматургтер бір төбе
де, Бейімбет бір төбе. Оған пьесаларының саны ғана емес, көремдік-идеялық
сапасы да дәлел” [12, 10] – дейді.
Автор Бейімбеттің драматургиядағы алғашқы қадамы “Шаншар молдадан”
бастап “Неке қияр”, “Ел мектебі”, “Протокол”, “Жасырын жиылыс”,
“Талтаңбайдың тәртібі” пьесаларындағы кейіпкерлер жүйесін, комедияларының
жанрлық, стильдік ерекшеліктерін тереңінен зерттейді.
Б.Майлиннің пьесалары туралы, олардың ерекшеліктері туралы ғалым өз
көзқарасын былайша пайымдайды: “Ең алдымен адам образы, характерлер оқиға
тартысының нәтижесінде туады. Әр кейіпкер өзіндік мінездерімен дараланады.
Мұның сыры диалог күшінде жатыр. Шағын пьесаларына арқау болған
тақырыптардың бәрі уақыт талабына жауап беретін, маңызды мәселелер болып
келеді. Әсіресе Бейімбет бейнелеген әйелдер образдары әр қырынан көрінеді.
Осы аталған жақсы белгілер драматургтің ауыл өмірінің шындығын егжей-
тегжейіне шейін реалистік тұрғыдан жеткізе білгендігінің айғағы. Ол әйелдер
әр пьесада бірін-бірі қайталамайтын дербес тұлғалар. Прозалық шығармаларын
есептемегенде, кейінірек комедиялық ірі пьесаларда дамытатын әйелдер
образының галереясын осы шағын комедияларынан бастаған болатын” [13, 47].
Автордың пікірлерімен келісе отырып Б.Майлин пьесаларында ұзақ, сылбыр
баяндауларының орнына әрекет, ширақ диалогтер сахналық көркем шешімін тауып
отыратын өзіндік қасиеті, өзіндік белгісі – Бейімбетке ғана тән стильдік
белгі екендігін атап өтпекпіз. Бейімбет диалготерінің осы ерекшеліктері
адам психологиясын жеткізуде де айқын танылады.
Қазан төңкерісінің жеңіспен аяқталуы қазақ өнеріне кең жол ашып, драма
жанрын тез қанаттандыруымен бірге, өзі де сол жас жанрдың басты тақырыбына
айналды. С.Сейфуллин Мұхтар “Еңлік – Кебекті” жазған жылы “Бақыт жолына”
және “Қызыл сұңқарлар” атты пьесаларын жазды. “Қызыл сұңқарлар” Сәкеннің
өзі қатысқан, төңкеріс туралы, сол төңкеріс жолында өзі бастан кешкен
азаптары туралы еді.
Ә.Тәжібаев белгілі монографиясында қазан төңкерісінің тақырыбына арналып
жазылған орыс тіліндегі бірсыпыра белгілі пьесалардың “Қызыл сұңқарлардан”
әлдеқайда кейін туғандығын айтады.
С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, “Бақыт жолына” пьесалары туралы, оның
артықшылықтары мен кемшіліктері туралы С.Ордалиевтің, Ә.Тәжібаевтың,
Р.Нұрғалидың еңбектерінде тереңінен қарастырылады. алдымен С.Ордалиевтің
пікірлеріне тоқталып өтейік.
Сәкеннің “Бақыт жолына” атты пьесасының негізгі тақырыбы – өмірі қорлық
пен күңдікте өткен бұрынғы қазақ әйелдерінің төңкеріс жеңісі нәтижесінде
теңдікке, бостандыққа ие болуы, сүйгеніне қосылуға мүмкіндіктің тууы.
Пьесадағы оқиға шағын да ықшамды, бірақ драмалық тартысқа толы. 1916 жылғы
майданның қара жұмысына жігіт алу кезіндегі атақты дүрбелеңнің күндерінде
Терлікбай деген шал өзінің кіші баласы Телжанды қалайда аман алып қалу
мақсатымен жас қызы Мүслиманы елудегі Нөкербай деген болысқа бермек болады.
Бірақ орысша оқыған үлкен баласы Ермек әке ниетіне қарсы шығып, қаладағы
жолдастарынң көмегімен қарындасына бостандық әпереді, оның сүйген жігіті
Біржанға қосылуына мүмкіндік жасайды.
Міне, пьесада суреттелінетін тақырыптың қысқаша мазмұны осы. Бірақ бір
адамның үй ішінде болған осы бір кішкентай оқиғаны автор драмалық тартыс
дәрежесіне жеткізіп, мәселеге саяси мән беріп суреттейді. С.Ордалиев пьеса
туралы өз пікірін былайша тұжырымдайды: “біздіңше қазақтың ұлттық
драматургиясының ең әуелгі туындысы екендігіне қарамастан оны “драма” деп
толық атауға болады. Өйткені драма үшін ең қажетті нәрсе әрекет пен
характердің тұтастығы, бірлігі. Адамды әрекет үстінде көрсету – драманың
негізгі талабы. Бұл талап драмалық шығармалардың табиғи жаратылысының
жанрлық ерекшелігінен туған заңды талап. Драманың спецификалық ерекшелігі
болып табылатын “әрекет” те, драмалық мазмұнды ашу, бейнелеу тәсілі болып
есептелінетін “характер” де драма жазған жазушыдан адамның ой-арманы мен іс-
әрекетін жай сырттай баяндамай, олардың тікелей әрекеті арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері
Тарихи трагедия табиғаты
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Драмалық монологтың көркем әдебиеттегі рөлі
Қазақ драматургиясы туралы
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Пәндер