Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы



М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П Е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І Т А Р А У
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ
1.1. Қазақ фольклорының жиналып, зерттелуі ... ... ... ... ... ...9
1.2. Ә.Қоңыратбаевтың қазақ халық ауыз
әдебиетіне сіңірген еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІ Т А Р А У
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭПОСЫ
2.1. Эпос және оның айтушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.2. Қазақ эпосын тақырыптық және жанрлық
жағынан бөлудегі Ә.Қоңыратбаевтың
қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3. Ә.Қоңыратбаев ауыз әдебиеті оқулығын
жасаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы қазақ әдебиетінің қарыштап дамуының бастау көзі қазақ халқының ауыз әдебиеті екені баршаға аян. Әдебиетіміздің арғы атасы, негізгі іргетасы осы халық ауыз әдебиетінің мұрасы. Міне, осы халық мұрасын игеріп, ел игілігіне жаратуда фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Революцияға дейін қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттеу еңбектері аздап болса да шығып жатты. Революцияға дейін қазақ ауыз әдебиеті жайында жазылған монографиялық зерттеулер бірен-сараң айтылған пікірлер болды. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Потанин, П.Мелиоранский сынды тағы басқа ғалымдардың жалпы қазақ фольклоры туралы оның кейбір жанрлар жайында айтқандары бар еді. Мұндай пікірлер, әрине, үлкен ғылыми зерттеу еңбектерінің міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклорының тарихи даму жолдарын, әдебиеттік және қоғамдық мәнін түсіну, оның сырын ұғыну үшін айтарлықтай мәні болды. Алғашқы қадамы қазақ ауыз әдебиеті туралы жазылған кішігірім мақалалардан басталған қазақ фольклористикасы идеология майдандарында шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихи және қоғамдық ролі жайында көтерілген мәселелерге белсене араласу негізінде дүниеге келді. Осы кезеңде 20-жылдардың бас кезінде-ақ ауыз әдебиеті жөнінде бірнеше мәселелер көтерілді. Солардың ішінде айрықша көңіл бөлінгені: ескі мәдени мұраны игеру және ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу болды [1, 7]. Қазақ халқы зобалаң өмірді басынан кешірген тұста өмірге келген Ә.Қоңыратбаев 1905 жылы қазанның тоғызыншы жұлдызында осы күнгі Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Коммунизм колхозында темірші-ұстаның үйінде дүниеге келген. Сегіз жасында әкеден жетім қалған жас Әуелбек өзінің тетелес інісі болашақ жазушы Әлібек екеуі ағалары Қалжан Қоңыратбаевтың қолында өседі. Жергілікті төте оқу және халық мұғалімі Давыдовтың орыс мектебінен білім алған. Әуелбектің өмір жолына мол әсерін тигізген Қалжан Қоңыратбаевтың үлесі мол. Жаңа заман, жаңа өмір идеясынан нәр алған жас Әуелбек пен Әлібекті ағасы Қалжан 1918 жылы Ташкенттегі №5 балалар үйіне тапсырып, көп ұзамай жаңа ашылған қазақ-қырғыз халық ағарту училищесіне түсіреді. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан Ә.Қоңыратбаевтың фольклористика ғылымындағы алғашқы қадамын 1920 жылдары атақты фольклортанушы ғалым Әубәкір Диваевтің экспедициясынан бастаған жас Әуелбек 1918-1925 жылдары арасында Ташкенттегі қазақтың тұңғыш халық ағарту институтында оқи жүріп, шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаевпен пікірлес, тағдырлас жүріп, алғашқы еңбек жолын бастайды. Саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің өсу-өркендеп дамуына, жетілуіне биік деңгейге көтерілуіне, зерттелуіне, жиналуына арнады. Өзінің алғашқы шығармашылық жолын Арал аудандық «Екпінді балықшы» газетінің редакторы, одан кейін «Еңбекші қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі сияқты журналистік қызметтен бастайды. 1938-1946 жылы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанындағы аспирантураны шығыс мамандығы бойынша аяқтап, В.Жирмунский мен М.Әуезовтің жетекшілігімен «Қазақтың лиро-эпостық жырлары» деген тақырыпта еңбек жазып, ғылым кандидаты деген атаққа ие болады. Бұл Ә.Қоңыратбаевтың туған халқының әдеби мұрасын зерттеу ісіне тікелей бет бұрған кезеңі болды [2, ].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ фольклористикасы. –Алматы: Ғылым, 1972.
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. –Алматы: Ғылым, 1987.
3. Қоңыратбаев Т. Ә.Қоңыратбаев түркітанушы. –Алматы: Білім, 1996.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991.
5. Әуезов М. Қолжазбалар мұрасы. –Алматы: Ғылым, 1977.
6. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. –Алматы: Жазушы, 1979.
7. Қоңыратбаев Ә. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. 1959.
8. Фольклор шындығы. -Алматы: Ғылым, 1990.
9. Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары. –Алматы: Қазақстан баспасы, 1975.
10. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. –Алматы: Жазушы, 1985.
11. Сыдықов С. Ақын, жыраулар. –Алматы: Ғылым, 1974.
12. Ысмайлов Е. Ақындар. –Алматы, 1956.
13. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. –Алматы: Ғылым, 1962.
14. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1974.
15. Әуезов М. Шығармалары. ХХ томдық шығармалар жинағы. ХVІІ – том. –Алматы: Жазушы, 1982.
16. Әуезов М., Ысмайлов Е. Қазақ ертегілері. І том. –Алматы, 1957.
17. Әуезов Әуезов М. Әр жылдар ойлар. –Алматы: Ғылым, 1959, 213-бет.
18. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. –Алматы: Ғылым, 1982.
19. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1973.
20. Рахым Б. Тарихи эпос табиғаты. –Қарағанды, 1999.
21. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991.
22. Қоңыратбайұлы Әлібек. Көрме болып өтті // Еңбекші қазақ. 1928, №275. 29 қараша.
23. Кәкішев Т. Дәуір сипаты. – Алматы: жазушы, 1985. -189 б.
24. Қоңыратбайұлы Әлібек. Әдебиетіміздегі реализм туралы // Әдебиет майданы. 1934, №5. – Б.66-75.
25. Қоңыратбайұлы Әлібек. М.Горький қазақ әдебиетінде. // Әдебиет майданы. 1932, №10. – Б.9-19.
26. Қоңыратбайұлы Әлібек. Екі Жүсіптің айтысы турал // Әдебиет майданы. 1934, №6. – Б.51-53.
27. Қоңыратбайұлы Әлібек. «Қаскелең» поэмасы туралы // Әдебиет майданы. 1934, №1-2. – Б.93-99.
28. Қоңыратбайұлы Әлібек. Екі Жүсіптің айтысы турал // Әдебиет майданы. 1934, №6. – Б.51-53.
29. Қоңыратбайұлы Әлібек. Иран ақыны – Фердауси // Қазақ әдебиеті. 1934, №27. 13 қазан.
30. Бәкіров Ә. Ағайынды Қоңыратбаевтар (Әлібек) // Сыр бой. 1993. 4 қыркүйек.
31. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. –Алматы: Өнер, 1996.
32. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. –Алматы: Мектеп, 1987.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П
Е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4

І Т А Р А У
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ
1. Қазақ фольклорының жиналып, зерттелуі ... ... ... ... ... ...9
1.2. Ә.Қоңыратбаевтың қазақ халық ауыз
әдебиетіне сіңірген
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..19

ІІ Т А Р А У
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭПОСЫ
2.1. Эпос және оның
айтушылары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27
2.2. Қазақ эпосын тақырыптық және жанрлық
жағынан бөлудегі Ә.Қоңыратбаевтың
қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 36
2.3. Ә.Қоңыратбаев ауыз әдебиеті оқулығын
жасаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...48

Қ О Р Ы Т Ы Н Д
Ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...54

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы қазақ әдебиетінің қарыштап
дамуының бастау көзі қазақ халқының ауыз әдебиеті екені баршаға аян.
Әдебиетіміздің арғы атасы, негізгі іргетасы осы халық ауыз әдебиетінің
мұрасы. Міне, осы халық мұрасын игеріп, ел игілігіне жаратуда
фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Революцияға
дейін қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттеу еңбектері аздап болса да
шығып жатты. Революцияға дейін қазақ ауыз әдебиеті жайында жазылған
монографиялық зерттеулер бірен-сараң айтылған пікірлер болды. Бұл жөнінде
Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Потанин, П.Мелиоранский сынды тағы басқа
ғалымдардың жалпы қазақ фольклоры туралы оның кейбір жанрлар жайында
айтқандары бар еді. Мұндай пікірлер, әрине, үлкен ғылыми зерттеу
еңбектерінің міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклорының тарихи даму
жолдарын, әдебиеттік және қоғамдық мәнін түсіну, оның сырын ұғыну үшін
айтарлықтай мәні болды. Алғашқы қадамы қазақ ауыз әдебиеті туралы жазылған
кішігірім мақалалардан басталған қазақ фольклористикасы идеология
майдандарында шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихи және
қоғамдық ролі жайында көтерілген мәселелерге белсене араласу негізінде
дүниеге келді. Осы кезеңде 20-жылдардың бас кезінде-ақ ауыз әдебиеті
жөнінде бірнеше мәселелер көтерілді. Солардың ішінде айрықша көңіл
бөлінгені: ескі мәдени мұраны игеру және ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу
болды [1, 7]. Қазақ халқы зобалаң өмірді басынан кешірген тұста өмірге
келген Ә.Қоңыратбаев 1905 жылы қазанның тоғызыншы жұлдызында осы күнгі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Коммунизм колхозында темірші-
ұстаның үйінде дүниеге келген. Сегіз жасында әкеден жетім қалған жас
Әуелбек өзінің тетелес інісі болашақ жазушы Әлібек екеуі ағалары Қалжан
Қоңыратбаевтың қолында өседі. Жергілікті төте оқу және халық мұғалімі
Давыдовтың орыс мектебінен білім алған. Әуелбектің өмір жолына мол әсерін
тигізген Қалжан Қоңыратбаевтың үлесі мол. Жаңа заман, жаңа өмір идеясынан
нәр алған жас Әуелбек пен Әлібекті ағасы Қалжан 1918 жылы Ташкенттегі №5
балалар үйіне тапсырып, көп ұзамай жаңа ашылған қазақ-қырғыз халық ағарту
училищесіне түсіреді. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан Ә.Қоңыратбаевтың
фольклористика ғылымындағы алғашқы қадамын 1920 жылдары атақты
фольклортанушы ғалым Әубәкір Диваевтің экспедициясынан бастаған жас Әуелбек
1918-1925 жылдары арасында Ташкенттегі қазақтың тұңғыш халық ағарту
институтында оқи жүріп, шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаевпен
пікірлес, тағдырлас жүріп, алғашқы еңбек жолын бастайды. Саналы ғұмырын
қазақ әдебиетінің өсу-өркендеп дамуына, жетілуіне биік деңгейге
көтерілуіне, зерттелуіне, жиналуына арнады. Өзінің алғашқы шығармашылық
жолын Арал аудандық Екпінді балықшы газетінің редакторы, одан кейін
Еңбекші қазақ газетінің бөлім меңгерушісі сияқты журналистік қызметтен
бастайды. 1938-1946 жылы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық
институтын, Қазақ ССР Ғылым Академиясы жанындағы аспирантураны шығыс
мамандығы бойынша аяқтап, В.Жирмунский мен М.Әуезовтің жетекшілігімен
Қазақтың лиро-эпостық жырлары деген тақырыпта еңбек жазып, ғылым
кандидаты деген атаққа ие болады. Бұл Ә.Қоңыратбаевтың туған халқының әдеби
мұрасын зерттеу ісіне тікелей бет бұрған кезеңі болды [2, ].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сол кезеңнен бастап тынбай еңбек еткен
фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаевтың бүгінгі ұрпаққа кейінгі, ел-жұртына,
қазақ халқына қалдырған мұрасы бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ
және жоймақ емес. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұралары мен жәдігерлерін
тарих қойнауында қалдырмай, сол бай мұраларымызды халық игілігіне жараты
білген фольклортанушы ғалым ретінде белгілі. Қазақ әдебиеттану ғылымының
туу, қалыптасу кезеңдері 20-30 жылдардан басталған болса, оның есеюі
Республикамызда КСРО Ғылым Академиясы қазақ филиалының ашылуымен тұтасып
жатты. Себебі, бұл жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатары толығып, М.Әуезов,
С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазиндер
ғылымға түбегейлі бет бұрады. Міне, солардың ішінде Әуелбек Қоңыратбаев та
болды. Сол кездегі туған әдебиетіміздің тарихын зерттеу, зерделеу ісіне
белсене кірісіп, ғылымның қара шаңырағында аға ғылыми қызметкер, бөлім
меңгерушісі бола жүріп, ауыз әдебиеті, көне түркі және шығыс жазбаларына
қатысты зерттеулерін жариялайды. Осы кезең әдебиеттану ғылымында бірқатар
кереғар пікірлердің белең алғаны белгілі. Сол тұстағы кейбір белді де,
белсенді ғалымдарымыз қазақ әдебиетінің түп-тегін ХVІІІ ғасырмен шектеп,
Бұқар жырау поэзиясы – қазақ әдебиетінің алтын қазығы деп білді. Ол кезде
мұндай күрделі даулы тақырыпқа барудың өзі оңай болмады. Осындай даулы
тақырыптардың шешілуіне өзіндік үлесін қосқан ғалым Ә.Қоңыратбаев.
Фольклортанушының қазақ халық ауыз әдебиетіне, қазақ фольклористикасына
сіңірген ғылыми ізденістерін бірнеше бағытқа бөлуге болады. Ең алдымен ол
қазақ халқының ауыз әдебиеті мен фольклорын жинаушы этнограф. Екіншіден,
сол әдеби мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеп, кең де кемел толған зерттеуші
фольклорист. Үшіншіден, көне дәуірлерде хатқа түскен ауыз әдебиеті
жазбаларын өз тілімізде сөйлеткен тәржімашы [3, 6].
Зерттеу нысаны. Ә.Қоңыратбаев шығармашылығының осы арналарын түгел қамту
арқылы ғалымның қазақ фольклористикасына қосқан үлесін анықтаймыз. Сонымен
қатар Әлібек Қоңыратбаев шығармашылығын да қоса қамтимыз. Қазақ эпосының
жиналып зерттелуіне оларды тарихи типологиялық, жанрлық, тақырыптық
тұрғыдан саралауда Ә.Қоңыратбаевтың сіңірген еңбегі атап айтарлықтай.
Фолькортанушының халық мұрасын жинауы, және эпостану мен түркология
саласындағы қажырлы еңбектері, зерттеулері біршама. Бар ғұмырын әдебиеттану
ғылымына бағыштаған Ә.Қоңыратбаев шығармашылығы кейінгі ұрпаққа болашаққа
әлі де берері мол. Ғалымның фольклористика шығыс және түркі әдебиеті ХV-ХХ
ғасырлар арасындағы қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зертетеулері, әдеби
сын еңбектері бүгінгі таңда жете қарастыруды қажет етеді. Фольклортанушы
ғалымның үлкен ізденістерінің нәтижесі ретінде 1950 жылы жарық көрген
Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші атты еңбегінен бастап,
Қазақтың Қозы Көрпеш жыры туралы, Әдебиетті оқыту методикасының
очерктері, Әдебиетті оқыту методикасы, Эпос және оның айтушылары,
Шеберлік сырлары, Қазақ эпосы және түркология, Қазақ фольклорының
тарихы, Көне мәдениет жазбалары, Қазақ әдебиетінің тарихы сияқты
күрделі еңбектері мен зертетулері бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсатымыз – ағайынды
Әуелбек пен Әлібек Қоңыратбаевтардың қазақ әдебиеті мен фольклортану
ғылымына қосқан үлестерін анықтау. Сол арқылы ағайынды ғалымдардың әр түрлі
жанрдағы үздіксіз ізденістерін саралау, ғылыми жетістіктерін бүгінгі күн
көзқарасы тұрғысынан пайымдау міндетіміз болмақ.
Ә.Қоңыратбаевтарды тек қана фольклортанушы ретінде қарайтын болсақ,
үлкен қателікке ұрынамыз. Ғалымдарды әрі фольклорист, әрі түрколог,
шығыстанушы, әдебиет зерттеушісі, әдебиет сыншысы және ғалым-әдіскер,
журналист, жазушы ретінде қарауымыз керек.
Жұмыс құрылымы іштей жіктелген екі тараумен қорытындыдан тұрады. Соңында
әдебиеттер тізімі берілген.
1 Ә.Қоңыратбаев және қазақ фольклоры

1.1. Қазақ фольклорының жиналып, зерттелуі

Қазақ мәдениетінің тарихында Қоңыратбаевтар әулетінің қосқан үлестері
зор. Солардың бірі, әрі бірегейі – Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) –
түрколог, филология ғылыми докторы. профессор Ғалымның негізгі еңбектері
қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін
мектептерде оқыту мәселелеріне арналған.
XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы,
Қазақтың Қозы-Көрпеш-Баянсұлу жыры туралы, Әдебиетті оқыту
методикасының очерктері жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері
абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен
байланысын ашуға арналған. Мәдениет тарихынан алынатын таным (Қазақ
әдебиеті, 1972, 28 қаңтар), Әлішер Науаи – өзбек халқының ұлы ақыны
(ҚазССР ҒА-ның Хабаршысы, 1948, №6), Фараби және Абай еңбектерінде Шығыс
әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология
мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық
көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын,
әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдың өмірі мен ақындық
жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып,
1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына тұсініктер жариялады.
Әдебиеттану м ен фольклортану саласында Қоңыратбаев Әлібектің де
еңбегі ерекше. Қоңыратбаев Әлібек Қоңыратбайұлы (7.10.1907, бұрынғы
Сырдария губерниясы Ақмешіт уезі Шиелі болысы, 7-ауыл – 2.12.1937, Алматы)
– жазушы, аудармашы, сыншы.
Ташкенттегі Халық ағарту институтының екі курсын, ҚазПИ-ді бітірген.
1931 – 33 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының жауапты хатшысы, төралқа
мүшесі, 1934 – 37 жылы “Әдебиет майданы”, “Қазақ әдебиеті” газет-
журналдарында әдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім
меңгерушісі болған. М.Жолдыбаев, М.Әуезовпен бірге “19 ғасыр мен 20
ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің оқу кітабы” (1933) және “19 ғасыр
мен 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясы” (1934);
М.Жолдыбаев, М.Қаратаевпен бірге “Әдебиет хрестоматиясы” (1934),
А.Әлібаевпен бірге “Хрестоматия” (3-сынып) атты оқулықтар мен оқу
құралдарын жазған. Мольердің “Сараң” комедиясын, Тургеневтің “Әкелер мен
балалар” романын, Чеховтың “Ванька”, “Хамелеонын” т.б. шығармаларды қазақ
тіліне аударған. Саяси қуғын-сүргін құрбаны, 1937 жылы 17 наурыз күні
тұтқындалып, сол жылдың 2 желтоқсанында НКВД-ның тергеу камерасында
атылған. 1956 жылы толық ақталған.
Халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған аса ауқымды бай әдеби, мәдени
мұрасын зерттеуде фольклористика ғылымының маңызы ерекше. Қазақ
фольклористикасын сөз еткенде, бұл ғылымның қалыптасу, даму, өсу жолы,
басынан кешірген кездері бар деп қараймыз. Ғалымдар оларды шартты түрде үш
кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең – 20-30 жылдар арасы.
Екінші кезең - соғыс жылдары,
Үшінші кезең – Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар.
20-жылдардың бас кезінде қазақ халқының ауыз әдебиеті жайындағы
мәселелер көтеріліп, фольклор туралы газет-журналдарда үлкенді-кішілі
мақалалар жариялана бастады. Бұл мақалаларда қазақ фольклорын жинау,
зерттеу, бағалау хақында көптеген пікірлер айтылды. Мұның өзі қазақ
фольклористикасын, яғни ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымның тууына негіз
болды. Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқының фольклорын жинап, зерттеу
ісіне белсене атсалысқан: Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин,
А.Веселовский, Н.Катанов, П.Мелиоранский, Н.Фантусов секілді басқа да
ғалымдар қазақ фольклорының зерттелуіне үлкен үлес қосып келсе, одан
кейінгі мол қазынамызды жинап, әрі зерттеп, зерделеу ісіне белгілі
ғалымдарымыз Ә.Диваев, Х.Досмұхамедов, С.Сейфулиин, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан,
Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев т.б. ғалымдардың ықпалы зор болды. Осы халық
зиялыларының ішінде қазақтың белгілі фольклортанушысы Ә.Қоңыратбаев та
болды.
Ә.Қоңыратбаев фольклорды жинап, зерттеу ісін ХХ ғасырдың 20-жылдары
бастады. Осы кезеңде Түркістан Республикасының орталығы – Ташкент қаласында
қазақ-қырғыз ағарту институтында оқи жүріп, Ә.Қоңыратбаев, Х.Досмұхамедов,
Қ.Қоңыратбаевтар ұйымдастырған фольклорлық экспедициясын көшіруші ретінде
сан рет қатысып, Сырдария-Жетісу өңірлерінен қыруар көп әдеби мұраларды
жазып алуға атсалысты. Ә.Қоңыратбаевтың қазақ фольклорының жиналып,
зерттелуіне белсене кіріскен тұсы осы кезең. Сол жылдары жазып алған әдеби
мұралары аз емес. Бірақ бізге жеткені сол жылдары мерзімді баспасөз
беттерінде жарияланған бірнеше ертегі, жұмбақтар мен этнографиялық
сипаттағы мақалалары.
Ә.Қоңыратбаевтың фольклорлық-этнографиялық қызметі бір ғана жинаушылық
тұрғысында қалып қойған жоқ. Ол кісінің өмір жолы фольклористика ғылымымен
тікелей байланысып жатты. Ә.Қоңыратбаев қазақтың ортасынан қайнап шыққан
кәсіби фольклористеріміздің бірі. КСРО Ғылым Академиясы қазақ бөлімшесінің
аспирантурасында ежелгі түрік әдебиеті мен шығыс халықтарының фольклоры
бойынша маманданған ғалым Ә.Қоңыратбаев 1946 жылы Қазақтың лиро-эпосы
атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл диссертациясында Қозы
Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан, Мақпал қыз, Құл мен
қыз, Күлше қыз-Назымбек, Есім сері-Зылиха, Наурызбай-Ханшайым сияқты
ғашықтық жырларын тарихи түп төркінімен, көркемдік ерекшеліктері, сюжеті
мен композициясы, образдары туралы бірқатар мәселелер қозғайды. Соның
ішінде эпос Ә.Қоңыратбаевтың жеріне жеткізе зерттеген тақырыптарының бірі
болды. Әсіресе, ғалымның бұл эпостық жырлардың генезисі, тарихи-шежірелік
арқауы туралы құнды пікірлер айтуы. Себебі бұл қазақ фольклористикасында
дұрыс шешімін таппай, көпке дейін келген мәселе еді.
Ә.Қоңыратбаев ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен ғана шектелген жоқ,
оларды мерзімдік баспасөз беттеріне жариялап отырды. Сондай туындыларының
бірі - жұмбақтар, олардың халық арасында кездесе бермейтін бірнеше
үлгілерін жариялайды. Сонымен қатар, Шын таз деп аталатын халық ертегісін
тұңғыш рет жариялайды. Осы мазмұндас ертегі 60-жылдардың бас кезінде шыққан
Қазақ ертегілерінің екі томдық жинағына енген. Жас қайрат журналының
1924 жылғы бірінші санында Ә.Қоңыратбаевтың Елдің күлкілі әңгімелері
атты бірнеше зерттеу мақалалары жарияланды. Сонымен бірге, бұл басылымда
оның тек қазақ фольклорына қатысты еңбегі ғана емес, елдің тыныс-
тіршілігіне, тұрмысына байланысты этнографиялық сипаттағы мақалалары жарық
көрді. Сол мақалаларының бірі – қазақтың құдалық жөніндегі кәдесі, ырым,
жора-жобалары. Айта кетерлк бір жайт, Ә.Қоңыратбаев Алпамыс батыр жырының
толық нұсқасын жазбаға түсірушілердің бірі. Алпамыс батырдың Ә.Қоңыратбаев
қарақалпақ айтушысы Ж.Бекмұхаметов жырлаған варианттарына өзара
салыстырулар жасап, текстологиялық зерттеулер жасаған. Ә.Қоңыратбаев
жинаған және біршама зерттеулер жүргізген ауыз әдебиет үлгілерін жанрлық
сипаты мен тарихи кезеңіне қарай, былай топтастыруға болады:
1. Сәтбек батырдың әңгімесі, Өтеген туралы аңыз, Көтібар мен Есет;
2. Әйтеке болыстың жоқтауы, Бұдабай ақынның Әлмәмбетке айтқан сөзі;
3. Шораяқұлы Омардың шығармалары, Аймағамбетов Қайыпназардың
өлеңдері т,б,
4. Шөже мен Кемпірбай айтысы, Балта мен Шөже, Қызыл жыраудың
Хакімкереймен айтысы, Бақтыбай мен Арсалаңның айтысы т.б. халық ауыз
әдебиет үлгілерін жинап, зерттеуші ретінде белгілі.
Ә.Қоңыратбаевтың бүгінге дейін белгісіз болып келе жатқан немесе жарық
көрген шығармалары көптеп кездеседі. Олардың біразы қазақ шежіресіне
қатысты болса, енді бірқатары тарихи әңгімелер мен аңыздар. Ол кісінің
архивінде кезінде баспа жүзін көрмеген аңыз-әңгімелер мен ертегілер өте
көп. Тағы бір айта кететін жайт, ғалымның қазақ ауыз әдебиетіне қатысты
күрделі еңбегі Қазақ ертегілері деген атпен тұңғыш рет баспаға даярланды.
Өкінішке орай, 1947 жылғы патша қаулысының ызғарымен жарық көрмеді. Осы
еңбегіндегі Қолжазбаны құрастырушылардан деген шағын кіріспесінде қазақ
фольклорының екі бағытта зерттелетінін атап көрсетеді. Оның бірі –
В.Радлов, Г.Потанин, Алекторов сияқты тағы басқа ғалымрардың мұраларын
зерттеу болса, екіншісі – қазақ халық ертегілері мен аңыздарын жинап,
бастыру деп көрсетеді. Алайда, ғалымның бұл еңбегі баспа бетін көрмеді. Осы
еңбектің бірнеше томнан тұруы, біріншісі, 1946 жылы, екіншісі, 1947 жылы,
үшіншісі, 1948 жылы жарық көруі тиіс болатын. Бірақ жүзеге аспай қалды.
Жарыққа шықпаса да, қазақ ертегілерінің мәні зор болды. Өйткені, бұл қазақ
фольклорын жүйелеп, зерттеудің алғашқы баспалдағы еді.
Ә.Қоңыратбаев қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау ісін алғаш ғылыми
негізде сөз еткен ғалымдардың бірі. Фольклортанушы өзінің Қазақ халық ауыз
әдебиеті мұрасын жинауға ерекше көңіл бөлінсін деген үндеу рухындағы
мақаласында Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі әдеби мұраға баса назар аудару
керектігін айтады. Қазақ халқының әдеби мұрасын жинау ісіне үлкен ғылыми
әлеуметтік мән берген ғалым халық фольклорын жинаудың тұңғыш бағдарламасын
жасады. Қосымша қазақ фольклорын жариялаушы ғана емес сонымен қатар мұраны
жинау үстінде қандай мәселелерге баса назар аудару керектігін, оларды
жүзеге асырудың түрлі әдістемелік жолдарын көрсетеді.
Фольклортанушының фольклорлық-этнографиялық қызметі ұзақ жылдарға
созылды. Сол мерзім ішінде ғалым Қазақстанның түкпір-түкпірінде болып,
қыруар мол мұралар жинайды. Бір ғана Республика көлемі емес, зертетуші
Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан жерлерінде ғылыми-экспедициялық
сапармен болып қайтқан. Фольклористің тікелей жетекшілік жасауымен шыққан
экспедициялар Орта Азия мен Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтыған [3,
7]. Осындай ғылыми сапарлар үстінде ғалымның жазып алып, қолжазбалар қорына
тапсырған мұралары да көптеп саналады. Олардың біразы баспа бетін көрді,
біразы қолжазба қорларында сақтаулы.
Фольклортанушы ғалымның қазақ эпосын зерттеуге арналған алғашқы
зерттеулері 40-жылдары жазылып, жариялана бастады. Алғашқы қазақтың лиро-
эпосынақатысты зерттеуі 1948 жылы жарық көрді. Айтып отырған лиро-эпстық
жырлар қазақ ауыз әдебиетінде кеш зерттеле бастады. 1927 жылы шыққан
М.Әуезовтің Әдебиет тарихын айтпағанда, эпостық мұраның бұл саласы көп
уақыт бойы арнайы қарастырылмаған. М.Әуезовтің осы еңбегі тұңғыш
зерттеулердің бірі болғандықтан, онда жырдың мазмұны мен табиғатына көбірек
назар аударылды. Ал, Ә.Қоңыратбаевтың еңбегінде лиро-эпостық жырларға
кеңінен зерттеу жасалды. Ғалым өзінің Қозы Көрпеш жыры туралы
монографиясында лиро-эпостық жырлардың тегі мен табиғатына жан-жақты
саралау жасайды. Автор жырдың табиғатына, түрлі варианттарына, көркемдік
ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып өтеді. Жырдың жиналып, зерттелуі, басылуы
хақында біраз тың деректер береді, көптеген тың пікірлер мен соны
пайымдаулар, тарихи сюжеттік салыстырулар, жан-жақты концепциялар ұсынады.
Қозы Көрпеш жырының жанры, жырдың тақырыбымен жаратылысы, жыр сюжеттерінің
жазылып алынуы мен зерттелуі, ондағы образдар мен композициясы, тілі туралы
келелі мәселелер көтереді. Фольклортанушының осы еңбегіне қоса айта кету
керек, жырларды қазақ эпосын Батыс және Шығыс сюжеттерімен салыстыра
зерттеді.
Зерттеуші қазақтың романтикалық эпосын үш арнаға жіктейді:
а) Лиро-эпостық жырлар;
ә) Әртүрлі халықтарға ортақ сюжеттер;
б) Қисса әдебиет деп жіктейді [4, 133].
Мұнда тақырыбы жағынан бұл жырлар махаббат идеясын ғана емес, сол
дәуірдің құрылысы мен кертартпалығын сынауды көздейтіндігін зерттеуде ашып
көрсетеді. Сонымен қатар, сол кездегі ғылымның басты назарда ұстаған
мәселелерінің бірі жырдың тарихилығы туралы зерттеу. Осы мәселе туралы
қазақ фольклористикасында әртүрлі пікір қайшылықтары болды. Мысалы: Жанақ
жырау, Қозы Көрпеш жыры ноғайлы кезеңінде туды десе, орыс ғалымы
М.С.Сильченко жыр феодалдық қоғамның алғашқы кезеңінде пайда болды дейді.
Осыған байланысты фоьклорист Ә.Қоңыратбаев Қозы Көрпеш жырының түрлі
халықтардағы атауларына тоқтала келіп, Еркеш сөзі түркі тайпаларында
батыр деген мағына береді. Ендеше, жырдың алғашқы тайпалық одақ
құрылғанда пайда болғанын айтады.
Жырдың келесі бір мәселесі халықтығы. Осы мәселеге келгенде,
Ә.Қоңыратбаев тарих мектебінің эпостық жыр атаулыны үстем тап ортасының
туындысы ретінде қарауын қатаң сынға ала отырып, оның халықтығын жақтап
шығады. Осы тұрғыдан Ә.Қоңыратбаевты лиро-эпостық жырларды зерттеумен ғана
шектелді десек, үлкен қателікке ұрынарымыз анық. Бүгінгі күні эпостық
жырлардың бір саласы ретінде саналып келе жатқан батырлық жырларды
зерттеуге ден қойды.
Фольклортанушы Қобыланды батыр, Ер Тарғын жырлары туралы 1940
жылдары қалам тартады. Ғалымның Қобыланды батыр атты мақаласының
қолжазбасында ол жырдың қыпшақ-қият ортасында туғанын айта отырып, сол
тайпалардың арғы-бергі тарихына барлау жасайды. Әбілғазы шежіресіндегі
тарихи мәліметтерді ғылыми тұрғыдан саралап бағалады. Жырдың негізгі
кейіпкері есімінің Едіге, Ер Сайын дастандарында кездесетінін, ол
реалдық тарихи тұлға екенін атап көрсетеді. Ғалым жырдың тарихилығын
анықтау барысын ұлттық академияның қолжазба қорында сақталған нұсқаларымен
салыстыра зерттеп, жырдың ХV-ХVІ ғасырлардағы ұлы өзгерістерді
сипаттайтынын айтады. Әсіресе, ғалым Жанақ пен Марабай нұсқаларын терең
зерттейді. Тағы бір зерттеуі – 1944 жылы жазылған Ер Тарғын жыры.
Ә.Қоңыратбаев бұл жырдың ноғайлы дәуірінде туғанын кесіп айтады. Өзіне
талап қоя білген зерттеуші қазақ эпосы саласындағы еңбектерін үнемі қайта
қарап, өңдеп, толықтырып, тереңдетіп отырған.
Зерттеушінің ерте зейін қойып зерттеген жырларының бірі – Қорқыт ата
кітабы. Бұл жырға байланысты алғашқы Кітаби Қорқыт деп аталатын
мақаласында жырдың қазақ эпосымен сабақтас бірнеше сюжеттеріне тоқталады.
Жырға тарихи текстологиялық салыстырулар жүргізеді. Зерттелу генезисі
туралы толғамды пікірлер айтады. Қорқыт жырларына байланысты Қазақ КСР
Ғылым академиясына алпысыншы жылдардың басында көлемді мақаласын жолдайды.
Белгілі себептермен бұл мақаласы жарық көрмей қалады. Бұл мақаланың
қолжазба нұсқасы жеке архивінде сақтаулы. Осы тақырып төңірегінде
жетпісінші жылдардың орта шенінде Ә.Қоңыратбаевтың Қорқыт ата туралы ең
соңғы пікірі жырды тәржімалау үстінде хатқа түскен. Дегенмен Қорқыт ата
кітабын қазақ фольклористикасында ерте қолға алған: М.Әуезов, Ә.Марғұлан,
Ә.Қоңыратбаев бастап, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов,
М.Жолдасбеков сынды ғалымдар осы жазба мұра туралы бірнеше зерттеу
мақалалар жариялады. Аталған жырды алғаш рет қазақ тіліне аударып, жырдың
тегі мен табиғатын, мұнда көрінетін түрлі кезең наным-сенімдерін, көркемдік
ерекшеліктері туралы тұшымды пікір айтқан Ә.Қоңыратбаев сондай-ақ, ол
зерттеушілік, жинаушылық жұмыспен шектеліп қалмай, фольклорлық туындыларды
қазақша сөйлеткен шебер аудармашы. Осы Қорқыт ата кітабының қазақша
басылымын сөз еткенде, ең бастысы оның көптеген тарихи текстологиялық
жұмыстардан тұратын ғылыми аударма екендігін айтпауға болмас. Міне, осы
талапқа сай келу үшін фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаев аянбай еңбек етті,
көп ізденді.
Келесі бір зерттеген батырлық жыры – Көрұғлы. Бұл жыр туралы жырдың
ХVІ-ХVІІ ғасырларда туған дейтін пікірді жоққа шығарып, осы пікірдің
кемшіліктерін көрсете келіп, жырда көп заман оқиғасы қамтылғаны, соның
ішінде, оғыз сюжетіне бейім екендігі жайлы ой айта келе, ертедегі
эпостардың тууына, себеп болған қият, қыпшақ, оғыз тайпалары деген тұжырым
жасайды. Эпостың стадиялығы, типологиясы, сюжеттердің ортақтығы, түрлі
тарихи жағрафиялық атаулардың ұқсастығы туралы байыпты ғылыми болжамдар
жасайды.
Фольклортанушы бір ғана эпостық жырлармен тоқталған жоқ. Ол зерттеген
жырлар ішінде тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, аңыздар да болды. Зерттеуші
қазақ аңыздарын екіге бөліп қарастырады. Бірінші, қала аңызы, екінші, дала
аңызы. Соның ішінде Құмкент, Тараз, Сунақ туралы аңыздарға кеңінен
тоқталады. Олардың түп-тамырына үңіледі. Осы негізде қазақ аңыздарының сақ,
ғұн, түрік қағанаты және ІХ-Х ғасырлардағы оғыз-қыпшақ, ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы
ноғайлы дәуірінде қалыптасып келе-келе аңыздық сипатқа ие болғанын айтады.
Аңыз жанрына келгенде Ә.Қоңыратбаев бұл мәселені бір ғана қазақ халқының
шеңберінде емес, кең тарихи географиялық ауқымда сөз етеді. Осыны
басшылыққа ала отырып, шумер және түркі тайпаларынан көптеген ұқсастықтар
табады. Бұдан кейін Ә.Қоңыратбаевтың назар сала зерттеген тақырыптарының
бірі – ертегілер. Оны зерттеуде жаңаша терминдер қолданғандығы айқын
көрініс тапқан.
Зерттеуші қазақ ертегілерін үш салаға бөліп қарастырады. Таптық сипаты
айқындалған ертегілер туралы пікірі аса құнды. Осы ретте Құламерген,
Талас мерген, Ер Төстік, Аяз би, Қарақұлақ атты бай мұрамызды
ертегілік эпос тобы деп қарайды [2, 31]. Аталған сюжеттерден ежелгі көшпелі
тайпалардың өміріне қатысты дерек-дәйектемелерді көптеп кездестіруге болады
дейді.
Тағы бір атап кетерлік жайт – зерттеуші ертегі сюжеттерін бір ғана
қоғамдық формация емес, халықтың сөйлеу процесі тұрғысынан қарастырады.
Ертегі тіліндегі жұмбақтау соның үлгісі. Алдыңғы өткен зерттеушілер қазақ
фольклорындағы жұмбақ жанрын жеке сөз етіп келген болса, Ә.Қоңыратбаев оны
ертегі тілі мен сюжетінен табады. Жалпы, Ә.Қоңыратбаевтың бұл саладағы
еңбектері фольклор жанрларының барлығын дерлік қамтиды. Ә.Қоңыратбаевтың
қазақ фольклористикасына оның қалыптасу кезеңінен, бүгінгі биігіне дейін
белсене араласқан, өзіндік үлес қосып, ғылымда жаңа арна, соны соқпақ сала
білген білігі зор ғұлама ретінде танимыз.
Қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар көрнекті ғалым, профессор
Әуелбек Қоңыратбаев артында 10 томдық ғылыми-әдеби мұра қалдырған оқымысты.
Қорқыт ата кітабы, Тотынама, Комде мен Модан секілді арғысы шығыс,
бергісі түркі әлеміне танымал жәдігерлерді қазақ тіліне тәржімалаған
қаламгер. Көркем шығармалары өз алдына бір төбе.
Бүгінде Әуелбек Қоңыратбаев есімі қазақ қауымына жақсы мәлім. Оның
еңбектері туралы пікір айтпаған ғалымдар сирек. В.М.Жирмунский, М.Әуезов,
С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Ғ.Мүсірепов, С.Кеңесбаев, Х.Зарифов, И.Сағитов,
Ғ.Мұсабаев, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллиндер кезінде өз пікірлерін хатқа түсіріп
кеткен. Одан бергі жерде Ә.Қоңыратбаев зерттеулерінің қазақ әдебиеттану
ғылымынан алатын орны туралы Р.Бердібаев, М.Дүйсенов, Х.Сүйіншәлиев,
Н.Келімбетов, А.Сейдімбек, Д.Ысқақұлы, Т.Тебегенов, Б.Рахымұлы,
Б.Кәрібозұлы, Ж.Сәдуақасұлы, Д.Қамзабекұлы, басқа да ғылым докторлары
мақалалар жазды. Ғалымның 100 жылдығы тұсында республикалық Тіл комитеті
ғылыми-теориялық конференция өткізіп, арнайы жинақ шығарды. Осындай ғылыми
конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де
өткізді. Онда 100-ге тарта ғылыми баяндамалар жасалып, 16-сы үздік деп
танылған болатын. Бірақ белгісіз себептермен конференция материалдары жарық
көрмей қалды. Оның есесіне сол тұстағы университет ректоры, бүгінде Мәжіліс
депутаты, профессор Қ. Бисеновтің қолдауымен ғалымның 10 томдық шығармалар
жинағы басылып шықты.
Осы кезге дейін біз Ә.Қоңыратбаевтың жеке тағдырын, 1937-1938 жылдары
аты-шулы НКВД, 1947-1953 жылдары коммунистік партия тарапынан қуғын-
сүргінге түскенін басымдау көрсетіп келдік. Бұл – мәселенің бір ғана жағы.
Сол қуғын-сүргіндердің себеп-салдарын ашу арқылы біз ғалымды тереңірек
танитын боламыз. Партия қабылдаған қаулы-қарарларда Ә.Қоңыратбаевқа
тағылған айыптардың байыбына бара отырып, ғалымның қазақ әдебиеттану
ғылымындағы тарихи орнын анықтауға мүмкіндік аламыз. Олай болса, ендігі
жерде ғалым мұрасын жалпылама сөз етпей, қазақтың қоғамдық ғылымдары, соның
ішінде кәсіби сипаттағы әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңінен
Ә.Қоңыратбаевтың алатын орны қайсы? Оның үлгі тұтқан ұстаздары кім, ізіне
ерген шәкірттері қайда? Ғылымда көтерген проблемалары, зерттеген
тақырыптарының ауқымы мен өресі қандай? Жалпы Ә.Қоңыратбаевтың қазақ
руханиятына қосқан үлесі неде? Оның ғылыми өлшемдері қайсы? – деген
мәселелерге жауап іздеу керек. Салыстырмалы негізде айтар болсақ, қазақ
ғылымында әдебиеттанудың сан алуан мәселелерін Ә.Қоңыратбаевтан кең әрі
барынша зерттеген.
Бір қарағанда бұл сөзімнің тосындау көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде
солай. Егер жоғарыда аталған ұлы тұлғаларымыздың атақ-даңқын ысырып қойып,
таза ғылыми мұраларына жүгінер болсақ, осыны аңғарамыз. Артында 50 томдық
әдеби мұра қалдырған М.Әуезовтің әдебиеттану мәселелеріне арналған томдары
саусақпен санарлықтай. Олардың көбісі көркем туындылар. Ә.Марғұланның да
қазақ тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі орасан зор. Артында қалған ғылыми
мұрасы да аса қомақты деп естимін. Бірақ жарық көрген шығармаларының 4
томдығы ғылыми ізденістерден гөрі хрестоматиялық сипаттағы альбомдарға
жақын болып шықты. Кейін археология саласына ойысқан ғалымның 1985 жылы
Р.Бердібаевтың құрастыруымен шыққан Ежелгі жыр, аңыздар атты басылымынан
өзге еңбектерін әзірге көргеніміз жоқ. Қазақтың әйгілі қаламгері
С.Мұқановтың да әдебиеттану саласындағы еңбектері санаулы. Ал Ә.Қоңыратбаев
болса әдебиет мәселелерін тарихи-стадиялық негізде алып, фольклортану,
шығыстану, түркітану, қазақ әдебиетінің тарихы (15-20 ғғ.), әдеби сын,
әдебиетті оқыту әдістемесі салаларына қатар қалам тартқан. Көркем
аудармалары мен шығармалары өз алдына. Менің айтып отырғаным осы. Байқап
қарасақ, Әуелбек Қоңыратбаевтың қазақ әдебиетіне келуі де жоғарыда аталған
ғұламалармен қатар. Өткен ғасырдың 20-жылдары Ташкент Казинпросында оқи
жүріп, В.Бартольд, Ә.Диваев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедовтерден дәріс алған
жас талапкердің алғашқы өлеңдері С.Қожанов редакторы болған Ақ жол
газетінің 1921 жылғы санында жарық көрген. 30-жылдары поэзия, проза,
аударма салаларында қалам тартқан. 40-жылдары М.Әуезов, С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайыловтармен бірге академиялық
сипаттағы қазақ әдебиеттану ғылымын қалыптастыруға үлес қосқан. Алғаш болып
қазақ әдебиетінің шығыстық қанаты мен көне түркілік негіздерін зерттеген.
Әдебиетшілеріміз қазақ әдебиетінің тарихын жасауға талпыныс жасап жатқанда,
Ә.Қоңыратбаев оның тегін Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани мұралары,
Руми, Рудаки, Науаи, Низами, Бируни, Омар Хайям секілді толып жатқан шығыс
даналарының шығармашылығымен байланыстыра зерттеген. Бүгінде қарап отырсақ,
Ә.Қоңыратбаевқа дейін бұл тақырыптарды осындай кең көлемде және кәсіби
негізде зерттеген ғалымдар болмаған екен. Сол еңбектері үшін партия
тарапынан қуғын-сүргінге түскен.
30-жылдардың бас кезінде Казкрайком аппаратында баспасөз секторын
басқарған Ә.Қоңыратбаев 1936 – 1937 жылдары саяси қудалауға түсіп, Алматы
облысының Қоғалы, Жаркент аймақтарында жан баққан. Ағасы мен інісі халық
жаулары ретінде қамалып, атуға кесілгенде, бас сауғалап Қарақалпақ жағына
өтіп кеткен. Алматыға 1944 жылы барып оралған. Бірақ ғалымның 1948 жылдан
кейінгі тағдыры қиындау болды. Ол Ғылым академиясынан қуылып,
С.Кеңесбаевпен бірге Қызылордаға жер аударылады. 1948-1951 жылдары
жергілікті педагогикалық институтта қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі болып қызмет істеді. 1950 жылы Кенесарыға байланысты дау
туғанда бұл қызметінен де қуылып, Жаңақорғанға жер аударылған.
Республикамыздағы әдебиет саласы бойынша ғылым кандидаттарының саны 10-ға
жетпей тұрған кезеңде, ғалымға 1952-1953 жылдары орта мектептен де жұмыс
бермей қойған.
Ой адамдарын кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған еңбектері емес, көзі
тірісіндегі атақ-даңқына қарап бағалау да орын алып жүргендей. Аристотель,
Платондардың заманында талай ел билеушілер болған шығар. Бірақ бүгінгі
ұрпақ ғұламалардың есімдерін еңбектері арқылы танып, өзгелерін мүлде
ұмытқан. Кез келген нәрсені өз орнына қоятын – уақыт. Келер ұрпақтың
Ә.Қоңыратбаев еңбектері арқылы ғалымның есімін де ардақтай түсеріне
күмәніміз жоқ. Себебі ғылыми таным, абсолюттік ақиқат дегеніміз – өткен
шақта ғана өмір сүретін категориялар.
Ә.Қоңыратбаевтың шәкірттерінің өзі бүгінде мүйізі қарағайдай ғалымдар
болды. Олардың қатарында академик Рахманқұл Бердібаев, филология
ғылымдарының докторлары, профессорлар Темірхан Тебегенов, Бағдат Кәрібозов,
Алмасбек Әбсадықовтарды атасақ та жеткілікті. Ғалым есімін республикалық
шеңбердегі барлық анықтамалық басылымдардан табуға болады. Күнделікті
өмірде есімдері түрлі себептермен қаладағы орталық көшеге немесе түрлі оқу
орындарына берілген тұлғалар туралы дерек таппай жататын кездер де жиі
кездеседі. Мұның өзі ұлттық болмысымызға, еліміздің тұтастығына кері әсерін
тигізетін құбылыс деп білеміз.
Ағайынды Қоңыратбаевтар туралы бүгінде аз жазылып жүрген жоқ. Мысалы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих
ғылымдарының докторы Зиябек Кабулдинов: Қазақ халқының тарихында бүкіл
отбасымен өз халқына қызмет етудің мысалдары баршылық. Айталық, Сырдария
аймағындағы ағайынды Қоңыратбаевтар, Баянауылдағы Сатпаевтар, Торғайдағы
Дулатовтар және тағы басқалар деп жазды. Осыған жуық ойды айтып жүрген
өзге де қаламгерлер жоқ емес. Бүгінде Қалжан, Әуелбек, Әлібек
Қоңыратбаевтардың қазақ руханиятына сіңірген еңбегі толық мойындалған.
Олардың еңбектері жарық көріп, жаңа ұрпақтың назарына қайта ұсынылды. Жеке
бастарына қатысты жарық көрген мақала-мәліметтер де жеткілікті. Олар орыс
және қазақ тілдерінде қатар жарық көрген. Есімдері Ұлттық энциклопедия,
Қазақ ғалымдары, Қазақстан жазушылары, Қазақ әдебиеті атты
энциклопедиялық-анықтамалық кітаптарға енген. Оларға қатысты толық
деректерді әлемдік шеңбердегі ғаламтор порталдарынан (Biografia.kz, т.б.)
да алуға болады.

1.2 Ә.Қоңыратбаевтың қазақ халық ауыз әдебиетіне сіңірген еңбегі

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан-ақ қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуіне, жиналып
басылуына, олардың баспа бетінде жарық көруіне бір кісідей ат салысқан
қазақтың маңдай алды фольклор-танушысы ғалымдарының бірі - Әуелбек
Қоңыратбаев болды. Қазақ ауыз әдебиетінің кемелденуінде өзіндік қолтаңбасы
қалған ғалым фольклорист.
Қазақ халқының ардақты ұлы Мұхтар Әуезов Ә.Қоңыратбаевтың Қазақтың лиро-
эпостық жырлары атты кандидаттық диссертациясына жазған пікірінде:
Бұл еңбек қазақ әдебиеті тарихының әрқилы мәселелерін зерттеу ісіне
қосылған аса қымбат үлес. Біз Әуелбек Қоңыратбаевты қазақтың жас
ғалымдарының бірі деп білуіміз керек [5, 17] - дейді.
Міне, осы пікірден Ә.Қоңыратбаевтың сол кезден бастап-ақ, халқына әлі
берері мол ғалым екендігін Мұхаңның мына пікірінен аңғаруға болады.
Фольклортанушы ғалым қазақ халқының саяси-әлеуметтік өсіп-өркендеуіне
көрнекті әдебиет сыншысы, фольклоршы тюркоог әрі педагог ретінде елеулі
еңбек сіңірді. Сол кезеңдегі қазақ әдебиеті туралы ғылымды қалыптастыруға
еңбек сіңірген С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Еысмайлов, Қ.Жұмалиев,
Б.Кенжебаев, Ә.Марғұландар қатарында Әуелбек Қоңыратбаев та болды. Елеулі
еңбегінің нәтижесі ретінде Қазақ ССР және СССР халық ағарту ісінің озық
қызметкері Құрмет белгісі орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет
грамотасымен марапатталды.
Фольклортанушы ғалым Ә.Қоңыратбаевтың еңбек жолы мен әдебиеттану
ғылымына қосқан үлесін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – 1920-1930 жылдар аралығын қамтиды.
Екінші кезең – 1935-1955 жылдар.
Үшінші кезең – 1955-1965 жылдар.
Төртінші кезең – 1965-1986 жылдар.
Осы жылдар ішінде ғалымның қазақ ауыз әдебиетіне байла-нысты қыруар мол
еңбектер жазуы. 1920-1935 жылдары әртүрлі фольклорлық экспедицияларға
қатысады. Соның бірі – атақты фольклортанушы Әубәкір Диваев бастаған
фольклорлық экспеди-цияға қатысуы. Сонымен қатар, Жас қайрат, Шолпан
беттерінде халық әдебиетінің озық үлгілерін жариялауынан жас ғалымның халық
ауыз әдебиетінің дамуына қосқан алғашқы сүбелі үлесі екендігін көреміз.
Екінші кезең – 1935-1955 жылдар ғалым үшін табысты кезең болды. Осы
жылдар арасында фольклортанушының жүзге тарта үлкенді-кішілі еңбектері
Әуезовпен бірге жазған Қазақ әдебиетінің тарихы кітабы, Қазақ Совет
әдебиетінің библиографиясы атты еңбегі өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер
Науаи және Орта Азия ұлы ақындары атты мақалалары мен еңбктері жарық
көрді.
Ғалым шығармашылығының үшінші кезеңін – 1955-1965 жылдар арасында жазып
жариялаған еңбектері құрайды. Осы он жылдық кезең Әуекең үшін аса жемісті
болды. Осы жылдар ішінде ғалымның Шолпанның ақындығы, Әдебиетті оқыту
методикасы, Әдебиет-ті оқыту методикасының очерктері, Қозы Көрпеш жыры
туралы монографиялары жарыққа шықты. Ғалымның методикалық еңбектері күні
бүгінге дейін өзінің ғылыми-тәжірибелік мәнін жойған емес. Оған куә -
еңбектің 1987 жылы қайта басылып шығуы. Осы кезеңде Әуекең білікті сыншы
ретінде де танылды. Қазақ әдебиетінің сын теориясына арнап үш жүзге тарта
мақала жазды. Атап айтатын болсақ, Даралау мен психологиялық талдау,
Типтендіру мәселесі жайында, Ақындық мәдениеті туралы, Көпсөзділік пен
ықшамдылық, Лирик жанры туралы, Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Әбділдә шығарма-
шылығына байланысты сын теориясы мен тарихын қамтитын реализм, романтизм
ағымдарына қатысты жазған дүниелері қазақ әдебиеті сынының қарыштап дамуына
үлкен үлес болып қосылды [6, 14].
Ғалым шығармашылығының ең соңғы кезеңі – 1965-1986 жылдар арасы деп
жіктеуге болады. Бұл кезең - Әуекеңнің ежелгі түрік тайпасының мәдениетін
зерттеуге құлшына кірісіп, фолькло-ристика саласына бет бұрған шағы. Сол
кезден бастап, 15-20-жылдық мерзім ішінде ғалым түркология саласында
еңбектер жазды. Бұл еңбегінің жемісі қазіргі Қазақ эпосы және түркология,
Көне мәдениет жазбалары атты еңбегі өз ұлы, ізбасары Тынысбек
Қоңыратбаевпен бірігіп жазған еңбектері. Осы жылдар ішіндегі Әуекеңнің
үлкен жетістіктерінің бірі – Ежелгі түрік тайпалары және қазақ фольклоры
деген тақырыпта жазылған докторлық диссерта-циясы болды. Аталмыш еңбегі
өзінің құныдылығымен көптеген ғалымдардың назарына ілікті. Атап айтар
болсақ, С.Мұқанов, І.Кеңесбаев, Ә.Марғұлан сынды ғалымдардан жоғары бағасын
алды. Мұнда фольклортанушы Орта Азия халықтарының бай мұраларын басшылыққа
алып, ежелгі түркі тайпаларының жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетін сақ, ғұн,
үйсін, жужаң және одан бері болған оғыз ұлысы, ноғайлы дәуірімен
байланыстырып, Орта Азия ренесансы жайлы бірізді ғылыми тұжырымдар мен
пікірлер айтқан осы еңбегінде фольклортанушы қазақ фольклорының тегі мен
табиғатын, оған қоса ежелгі түркі тайпаларының мәдениетіне арнайы зерттеу
жасайды. Мұнда фольклорист бірыңғай ел, тайпа шеңберінде қалып қоймай,
қазақ эпосын бүкіл Орта Азия, Алтай, Шығыс халықтарының эпосымен
салыстырады. Ондағы сақ тайпаларының салт-санасының қазақ фольклорына
тигізген әсерін, сақ тайпасына тән белгілерді қазақ фольклорынан іздейді.
Келесі қазақ халқына қалдырған еңбегі түркология саласына байланысты
Қазақ эпосы және түркология атты еңбегі. Бұл еңбегінде ғалым қазақ
фольклорының тегі мен табиғатына, тұрмыс-салт жырларына, қазақ
ертегілеріне, оғыз-қыпшақ ұлысының шаман-дық мәдениеті, Қорқыт жырлары,
оның тегі, ежелгі түркі тайпала-рының мәдениетіне кеңінен тоқталып өтеді.
Аталған еңбегінде ғалым біз сақ, үйсін тайпалары заманынан қалған тотемдік
әдет-ғұрпын анықтамай, Орта Азия, Қазақстан тайпаларының ертегілерін,
аңыздарын түсіне алмаймыз дейді[2, 65].
Тағы бір ауыз әдебиетіне қосқан үлесі Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры
туралы еңбегі. Бұл еңбегінде фольклортанушы қазақ-тың ғашықтық жырын жан-
жақты талдап, басқа елдегі вариант-тарымен салыстыра зерттейді. Ғашықтық
жырдың И.Н.Березин жазған вариантын басқа варианттармен салыстырады. Осы
еңбегі күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған емес. Осы эпостың негізгі
мазмұны екі жастың кіршіксіз таза махаббатына өздерінің бас бостандығы
күресіне арналғандығын, жырдағы феодалдық-патриар-халдық тұрмыс жағдайында
адамның бас бостандығына жол жоқ екендігіне, сондықтан Қозы Көрпеш пен
Баянның махаббаттының трагедиямен аяқталуы заңды нәрсе деп көрсетеді [7,
95]. Аталмыш еңбегінде Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының толық нұсқасын
ұсынады. Сөз басында айтып кеткеніміздей, Ә.Қоңыратбаев сыншылық қырынан
хабар беретін жемісті еңбектерінің бірі – шеберлік сырлары атты әдеби-сын
зерттеу еңбегі. Осы еңбегіндегі Шебердің қолы ортақ, өнердің тілі ортақ
деген тақырыбында бір кезде Қалың мал, Қамар сұлу сияқты азын-аулақ
әлеуметтік романдарынан бастау алған қазақ прозасы өткен алпыс жыл ішінде
мол табысқа жетті. Бүгінгі әдебиетімізде романның мемуарлық,
публицистикалық, өндірістік, тарихи жылнамалық формалары туды. Тұрмыс-салт
романдарының жаңа формалары М.Әуезовтің Абай жолы сияқты эпопеясы бой
көрсетті дейді. Қазақ әдебиетінде роман жанрын игеруде С.Сейфуллин,
Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов сияқты
суреткерлеріміздің еңбегі өзгешелігіне тоқталады [6, 112]. Осы еңбегі сол
кезеңдегі қазақ әдебиетіне сын жайындағы ғалымның қосқан сүбелі үлесі деп
есептейміз.
Ә.Қоңыратбаевтың қазақ ауыз әдебиетіне арналған еңбектері мұнымен
шектеліп қалмайды, бұл кісінің ауыз әдебиетінен ойып орын алатын және келер
ұрпақтарының кәдесіне жараған бүгінгі күні қазақ ауыз әдебиетінің негізгі
оқулықтарының бірі болып жүрген еңбегі Қазақ фольклорының тарихы. Осы
еңбегінде фольклорлық шығар-маларға айрықша көңіл бөледі. Ғалым мұнда қазақ
фольклорының жанрларына ғана тоқалдып қоймай, жеке туындыларды жалғағанда
әдеби образдық көлемде шектеліп қалмай, олардың тарихи-әлеуметтік мәні мен
көркемдік-идеялық сипатына терең бойлап, ішкі астарына үңіледі. Бұл
еңбегінде ауыз әдебиеті шығармаларына жаңаша ғылыми көзқарас білдіреді.
Фольклор жанрларын да жаңаша сөз етеді. Мысалы ғалымның қазақ ертегілерінің
тілі мен тарихи тегі, табиғаты мен ондағы образдар туралы тың пікірлер
айтады. Ертегілерді жанрлық сипатына қарай бөлгенде жаңаша терминдер
қолданғандағы басты ерекшелігі. Сонымен қатар, қазақ аңыздарын бөлуде,
жаңаша термин қолданғандығын көреміз. Оған мысал, қазақ ақындарын дала
аңызы және қала аңыздары деп тарихи-жағрафиялық арнаға бөліп жіктейді де,
алуан түрлі тарихи мағлұматтар келтіре отырып, тағылымды тұжырымдар айтады.

Алғаш рет қазақ эпосын тарихи желіге қойып, тұрыс топтастыру-шының бірі
- Ә.Марғұлан болды: соның ішінде Оғыз-қыпшақ эпосын мынадай дәуірлерге
бөледі:
1. Атам замандарда туған эпос (VІ-ХІІ ғғ).
2. Тарихи дәуірде туған эпос (ХІІІ-ХІV ғғ).
3. Ноғайлы эпосы (ХV-ХVІ ғғ).
4. Жоңғар соғысымен байланысты туған эпос (ХVІІІ ғ).
5. Ішкі қанаушы мен хандарға қарсы күресті суреттейтін эпос.
6. Совет заманында туған эпос [2, 98], - деп жіктеуін эпосты кенже-
летіп, феодализм дәуірімен тұмшалау сыңаржақ болса, оның тегін тайпа
этногенезден бөліп қарау да сондай сыңаржақ пікір дей келе, ғалым
Ә.Қоңыратбаев қазақ эпосының өзінің тегі мен жанры жағынан он салаға
бөледі:
І. Ертегілік эпос (Ер Төстік, Құла Мерген, Таласбай мерген,
Дотан, Мұңлық-Зарлық).
ІІ. Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос (Орхон жазулары,
Күлтегін жайындағы жырлар).
ІІІ.Оғыз эпосы (Кітаби Дадам, Қорқыт жырлары, Оғызнама).
ІV.Тайпалық эпос (Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Шора батыр).
V.Лиро-эпосы (Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек).
VІ.Ноғайлы эпосы (Орақ-Мамай, Қарасай Қози, Ер Тарғын).
VІІ.Тарихи эпос (Бекет, Досан батыр, 1916 жыл поэзиясы).
VІІІ.Шығыс дастандары (Рүстем Дастан, түрліше қиссалар).
ІХ.Авторлық эпос (Еспембет, Өтеген батыр, Сұраншы батыр, Нар
қыз).
Х.Совет эпосы. (Аманкелді, Мәлік, Төлеген жайындағы жырлар).
Осылай қазақ эпосын дәуірлеу кезеңін бөліп көрсеткен фольклористтің
қазақ эпосына сіңірген бағалы еңбегі деп білеміз. Фольклорист ғалымның
қазақ халық ауыз әдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесі оларды жанрлық
текстологиялық, типологиялық тұрғыдан бөліп жүйелі зерттеу жүргізе отырып,
халқына, еліне ұсынған еңбектер өзінің құндылығын бүгінгі күнге дейін
жойған жоқ.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің туындылары жайында сөз еткенде, ең алдымен,
ауыздан-ауызға ауысып, жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан тамаша
эпостық жырларымызды ұмытылмас, ертегілеріміз, нәзік лирикалы өлең
әңгімелерімізді еске аламыз. Ал осы таусылмас, ортаймас асыл қазынаны
ұрпақтан-ұрпақа жетізушілер ұзақ жылдар бойы ойында мүлтіксіз сақтап
келушілер кімдер деген мәселеге келіп тірелуіміз мүмкін. Бұл жайында арнайы
жазылған еңбектерден әзірге Е.Ысмайловтың Ақындар, М.Мағауиннің Қобыз
сарыны, Қ.Сыдықовтың Ақын-жыраулар, Р.Бердібаевтың Жыршылық дәстүр
деген еңбектерін атап көрсетуге болады. Дегенмен, халықтың тамаша эпостық
жырларын айтушы жеке жыршы, жыраулар жайында олардың толық репертуары
туралы, жыр айту ерекшеліктері жайында күрделі еңбек онша көп емес. Ал
ғалым фольклорист Ә.Қоңыратбаев өз кезегінде эпос, оның айтушыларын талдап
көрсеткен. Е.Ысмайлов өзінің Ақындар деген еңбегінде қазақ ақындарының
импровизациялау өнерін арнайы зерттейді. Ә.Х.Марғұлан Оғыз ұзандарының
өлеңін әңгімелейді. Алайда, сан ғасыр импровизация өнерінің түп атасы
болып, эпос мұрасын жасап, бізге жеткізген, халыққа ұстаздығы бар айтушы,
жыршы-жыраулар жайлы бізде әлі де болса ойдағыдай зерттелмеген дейді [8,
185].
Халықтың ауыз әдебиетінің құнды нұсқаларын жасаушы да, оны ғасырлар бойы
өңдеп, әрлеп, кейінгі ұрпақтарға мүлтіксіз сақтап жеткізіп отыратын да
халықтың өзі, сол халықтың ішінен өзінің жырға, өлеңге, ертегіге, айтысқа
бейімділігімен үздік шыққан асқан талант иелері – ақын-жыршы, жыраулар
екені белгілі [9, 27]. Ғасырлар бойы халық есінде мүлтіксіз сақталып, күні
бүгінге дейін өлмей, жоғалмай, өзінің биік көркемдік қасиетін сақтап,
тыңдаушысының құлағының құрышын қандыратын, ел ұйып рахаттана тыңдайтын
Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Едіге мен Ер Көкше, Алпамыс т.б.
жырларды да біздің заманымызға жеткізіп, қазақ халқының игілікті рухани
байлығына айналдырып отырған да сол дана жыршы, жыраулар. Осы мәселені
Ә.Қоңыратбаев қоғамдық-тарихи жағынан басқа таза библиографиялық жағының
өзі де аз жинақталған.
Қазақ эпосын айтушы кім, ақын, кім, олардың өмірбаяны, мектебі,
көзқарасы қандай деген сауалдарға жауап беру үшін ел аралап, көптеген
материал жинау керек дейді. Қазақ даласы ежелден поэзияның сарқылмайтын
дариясы, тұңғиық теңізі болғаны баршаға аян. Ән мен айтыс бір егіз болса,
күй мен жыр екінші егіз болды дей отырып, фольклортанушы ғалым әнші, айтыс
ақындары салт жырларының мектебін, айтушы жыршы-жыраулар эпосын мектебін
қалыптастырған деген ой айтады. Сонымен қатар, импровизация өнерінің
адамдарын жай айтушы профессионал айтушы жыраулар айтыс ақындары деп үшке
бөледі. Ертегі, ұсақ салт жырлары көп ортасында, жай айтушылардан басталса,
эпос профессионал айтушылар үлесінде екендігін баса айтқан кейбір
ғалымдарымыз осы үш категориядағы өнерпаздарды бір деп қарайды. Олар барлық
поэзия ақындардан басталған, айтушы, жырау дегендер солардың айтқанын,
жазғанын, қайталаған, сол жыраулар тек үйреншікті орындаушылар ғана деп
ойлайды. Осы эпосты жырлаушы жырау ақындар жайлы фольклортанушы Ш.Уәлиханов
былай дейді: Қазақтар арасында әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан Қайғы туралы алғашқы жазбалар және дәуір шындығы
Мұхтар Әуезов - фольклортанушы ғалым
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
Тарихи-шежірелік жазбалардағы Асан ғұмырнамасы және тарихи шындық
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Асан Қайғы туралы аңыздар
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Айман - шолпан жырының типологиясы
Оғыз қаған тарихи жұрт
Пәндер