Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Жыраулық пен ақындық поэзиядағы дәстүр жалғастығы ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1 Жыраулар мен ақындар поэзиясын тоғыстыратын тұстар ... ... ... ... ... ... .. 10
1.2 Жыраулық поэзиядағы дәстүр жалғастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2 Жыраулар поэзиясының көреккемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
2.1 Жыраулар поэзиясының басты ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
2.2 Жыраулар поэзиясындағы троптық қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы қазақ тілінде дамыған әдебиеттің алғашқы кезеңі болды. Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ХV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ атымен аталатын мәдениет өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Қодан Тайшы, Сыпыра жырау Сұрғылтайұлының өз атымен бірде бір шығармасы бүгінгі күндерге дейін келіп жетпесе де, олардың есімі қазақ шежірелерінде, жыр-аңыздарында берік сақталған. Елге ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Асан туралы аңыздар ноғай, қырғыз, қарақалпақ халықтарында да сақталған. Мұндағы деректер арасында алшақтық жоқ деуге болады. Асан көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Ол ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы М.Әуезов “Қазақ халқы өзінің тарихы жолында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай сезді. Ел мұңын жоқтаған ақындардың Асан есімін ауызға ең алдымен алатыны да осыдан” - деп атап көрсетті. Сахара эпосы тудырушылардың бірі – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуғанның (ХV ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді.
Жұмыс тақырыбының әдіснамалық негіздері. Көркемдік өнер шығармаларының өзіндік ерекшелігі, эстетикалық сұлулығы – дүниені, болмысты сипаттап сөйлетудегі суретшілік, бейнелілік, өрнектілік. Көркемдік келісім жоқ жерде, өнер шығармасы өмір сүрмейді. Көркемдік - өнер туындысының сапалық көрсеткіші. Көркемдіктің бастау бұлағы, қайнар көзі – суреткердің өміріндегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой-сезімін, жан толғанысын әсерлі әрі шебер жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың көркем сөз табиғаты тұрғысындағы пікірі соншалықты бағалы. Ол: “Сөз өнері – адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға, 2. Қиялға, 3. Көңілге. Ақыл ісі – оңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеп суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау”.
Ақындар мен жыраулар шығармаларының кейде тоғысып, бір арнаға түсетіні, кейде тіпті, осындай ақын айтты деген туындының мынандай жырау айтқан деп те кездесетіні мәлім. Бұған бірнеше себепті келтіруге болады. Біріншіден, жыраулар шығармалары халық даналығы, сан ғасыр атадан балаға ауызша беріліп, жинақталған, сығымдалған, сұрыпталғандықтан болса, екінші себебі, жыраулар да ақындар да халық мүддесіне қызмет еткендіктен, өмір сүрген орталарындағы әлеуметтік мәселелері ұқсас болғандықтан, жырлайтын тақырыптары үндес болатындығы.
Профессор Н.Келімбетовтың пікірі бойынша: «Дәстүр дегеніміз – бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер».Ғалым дәстүр ұғымын осылай ашып алып, оны дәстүр жалғастығы ұғымымен ұштастырады:
«Дәстүр – халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани енгізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады»., - деп түсіндіреді ғалым.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

1. Оспанов Б. «Дад» дастаны. – Алматы: Сорос-Қазақстан қоры, 2002. –272 б.
2. Негимов С. Акын-жыраулар поэзиясы. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001.-208 б.
3. Бес ғасыр жырлайды. 1-том (Құрастырушылар: М.Мағауин, М.Байділдаев) –Алматы: 1989. –384 б.
4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі (Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев) –Алматы: Ана тілі, 1996. –240 б.
5. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері және Абай
6. поэзиясының тілі. Алматы: Ғылым, 1960. –321 б.Адамбаев Б. Шешендік сөздер. –Алматы: Отау, 1992. –189 б.
7. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ том, -Алматы: Ғылым, 2000. –568 б.
8. Адамбаев Б. Шешендік өнер. –Алматы: Ғылым, 1999.-204 б.
9. Өміралиев Қ. ХV – ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. -Алматы: Қазақ ССр-нің «Ғылым» баспасы, 1976. -б.Адамбаев Б. Халық даналығы. –Алматы: Мектеп, 1976. –186 б.
10. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. –240 б.
11. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. –Алматы: Ана тілі, 1992. –176 б.
12. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. –Алматы: Жалын, 1995. –400 б.
13. Молдабеков Ж. Қазақтану: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.-459 б.
14. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. –Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 416 б.
15. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. 186 б.
16. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. –Алматы: Ана тілі, 1992. -241 б.
17. Маргулан А. О носителях древней поэтической культуры казахского народа // Сборник статей к 60-летию М.О.Ауэзова. А., 1959. –С.78-91.
18. Әуезов М. Таңдамалы. Зерттеулер, сын мақалалар. –Алматы: Абай қоры, 1997. -324 б.
19. Өмірәлиев Қ. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. –Алматы: Ғылым, 1976. -218 б.
20. Ысмайылов Е. Ақындар. –Алматы: Ғылым, 1978. -341 б.
21. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –Алматы: Ғылым, 1960. -243 б.
22. Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. –Алматы: Жазушы, 1970. -312 б.
23. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –Алматы: Жазушы, 1986. -371 б.
24. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы: Ғылым, 1967. -215 б.
25. Ахметов З. Қазақ өлеңдерінің құрылысы. –Алматы: Ғылым, 1964. – 218 б.
26. Сыдиықов Қ. Ақын, жыраулар. –Алматы: Жазушы, 1974. -189 б.
27. Сәтбаева Ш. Алғы сөз // ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы. -Алматы, 2000.
28. Мағауин М. Қобыз сарыны. –Алматы: Жазушы, 1968. -371 б.
29. Әдеби мұра және оны зерттеу / Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. А., 1959.15-19 маусым. Ред.колл.: М.Әуезов, М.Базарбаев (жауапты редактор), Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Е.Ысмайылов, С.Кеңесбаев, М.С.Сильченко. А., 1961.
30. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: Санат, 2006. –904 б.
31. Көпеев М.-Ж. Екі томдық. 1 т. –Алматы: Жазушы, 1993. – 218 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы қазақ тілінде дамыған әдебиеттің алғашқы кезеңі болды. Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ХV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ атымен аталатын мәдениет өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Қодан Тайшы, Сыпыра жырау Сұрғылтайұлының өз атымен бірде бір шығармасы бүгінгі күндерге дейін келіп жетпесе де, олардың есімі қазақ шежірелерінде, жыр-аңыздарында берік сақталған. Елге ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Асан туралы аңыздар ноғай, қырғыз, қарақалпақ халықтарында да сақталған. Мұндағы деректер арасында алшақтық жоқ деуге болады. Асан көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Ол ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы М.Әуезов "Қазақ халқы өзінің тарихы жолында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай сезді. Ел мұңын жоқтаған ақындардың Асан есімін ауызға ең алдымен алатыны да осыдан" - деп атап көрсетті. Сахара эпосы тудырушылардың бірі - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуғанның (ХV ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді.
Жұмыс тақырыбының әдіснамалық негіздері. Көркемдік өнер шығармаларының өзіндік ерекшелігі, эстетикалық сұлулығы - дүниені, болмысты сипаттап сөйлетудегі суретшілік, бейнелілік, өрнектілік. Көркемдік келісім жоқ жерде, өнер шығармасы өмір сүрмейді. Көркемдік - өнер туындысының сапалық көрсеткіші. Көркемдіктің бастау бұлағы, қайнар көзі - суреткердің өміріндегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой-сезімін, жан толғанысын әсерлі әрі шебер жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың көркем сөз табиғаты тұрғысындағы пікірі соншалықты бағалы. Ол: "Сөз өнері - адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға, 2. Қиялға, 3. Көңілге. Ақыл ісі - оңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеп суреттеп ойлау, көңіл ісі - түю, талғау. Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау".
Ақындар мен жыраулар шығармаларының кейде тоғысып, бір арнаға түсетіні, кейде тіпті, осындай ақын айтты деген туындының мынандай жырау айтқан деп те кездесетіні мәлім. Бұған бірнеше себепті келтіруге болады. Біріншіден, жыраулар шығармалары халық даналығы, сан ғасыр атадан балаға ауызша беріліп, жинақталған, сығымдалған, сұрыпталғандықтан болса, екінші себебі, жыраулар да ақындар да халық мүддесіне қызмет еткендіктен, өмір сүрген орталарындағы әлеуметтік мәселелері ұқсас болғандықтан, жырлайтын тақырыптары үндес болатындығы.
Профессор Н.Келімбетовтың пікірі бойынша: Дәстүр дегеніміз - бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер.Ғалым дәстүр ұғымын осылай ашып алып, оны дәстүр жалғастығы ұғымымен ұштастырады:
Дәстүр - халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани енгізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады., - деп түсіндіреді ғалым.
Б.Оспанов Дәстүр - ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана, өнер мен поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірбиесіне сүйенеді [1, 3], - десе, С.Негимов Дәстүр - көркемдік тәжірибені сақтап, жаңартудың құралы, жарасымды келісім тудырудың бірегей өлшемі [2, 124], - деп өзінше бір баға беруге тырысады.
Дәстүр ұғымына Әнуар Дербісалин өзінің Дәстүр мен жалғастық еңбегінде кеңінен тоқталып, оған мынандай анықтама береді: ...ол дайын күйде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол - заманалар жемісі, тәжірбиелер нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік - тұрмысына жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған, әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құбылыс, - деп, одан әрі халық поэзиясындағы дәстүр ұғымын нақтылауға тырысады: ...бұл ұғымға халық поэзиясының әу деп басталатын беташарынан бастап, соңғы тынысына дейінгі барша көркемдік құралдар, әдіс-тәсілдер, қалыптасқан түрлер, пішіндер, көркем ұғымдар мен түсініктер т.б. кіреді. Бұлардың бәрі де халықтың тіршілігіне, тұрмысына, дүние танымына, көркемдік ойының өзіндік қалыптасуы мен даму дәрежесіне, өзге халықтар әдебиетімен, мәдениетімен байланысына және өзгешелігіне т.б. сәйкес, сабақтас өріс алады.
Тіл бейнелілігі, сөз суреттігі - көркемдіктің айрықша көзге түсетін белгілері. Шынайы көркемдік әдебиетке тән көркемдік ойлаудың өзгешелігіне байланысты болады, өмір шындығына терең бойлайтын ойшылдықтан, айрықша сезімталдықтан, суреткерше, ақынша сезіне білу қабілетінен туады. Көркем ойдың өткірлігі, тартымды бейнелілігі, эстетикалық сезімнің нәзіктігі, суреткерлік шеберлік ұштасып келіп, шығармада терең мазмұн мен келісті түр, жарасымды бірлестік тапқанда ғана нағыз көркемдік келіп шығады. Ойдың сонылығы, сезімнің әсерлілігі әр сөзге өң беріп, ажарландырып, бейнелік сипатын арттыра түседі. Сондықтан көркемдік айшықты сөздердің көп болуын, суреттемелердің бояуының қоюырақ, қалыңырақ болуын ғана талап етпейді, көріктеу, әсерлеу, үстемелеп айтумен қатар, қарапайымдылық, нақтылық, орайлы ықшамдылық та жарасымды болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жыраулар поэзиясы ХХ ғасырда әр қырынан зерттелініп келді. Оны зерттеуге М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, З.Ахметов, Қ.Сыдиықов атсалысты. Ал хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеу өткен ғасырдың екінші жартысында қолға алына бастады. Осы тұрғыдан келгенде, жыраулар поэзиясын зерттеуге атсалысқан М.Мағауиннің еңбегін атап өтуіміз керек. Оның "Қобыз сарыны" атты зерттеуінде жыраулар мұрасы тұңғыш рет жан-жақты қарастырылды. Жыраулар поэзиясы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдан бері қарай тереңірек зерттеліп келеді. Айталық, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты профессор Ш.Қ.Сәтбаеваның басқаруымен 2000 жылы "ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы" атты көлемді ұжымдық зерттеу кітабын шығарды. Бұл кітапты жазуға көптеген белгілі ғалымдар атсалысты. Мәселен, Ш.Сәтбаева - "Алғы сөз", "Армиян жазулы қыпшақ ескерткіші "Дана Хикар сөзінің" тарихы мен бейнелілігі"; филология ғылымдарының кандидаты М.Жармұхамедов - "Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдары", "Асан қайғы", "Бұқар жырау"; филология ғылымдарының докторы Ө.Күмісбаев - "Ақтамберді жырау", "Үмбетей жырау", "Шал ақын"; филология ғылымдарының докторы Б.Әбілқасымов - "Әбілғазы Баһадүрханның "Түрік шежіресі", "Қадырғали би Жалайридың "Жамиғат-ат тауарих" атты еңбегі"; филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сыдиықов - "Шәлгез (Шалкиіз) жырау", "Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктері"; филология ғылымдарының докторы С.Негимов - "Билер мен шешен-ділмарлар хақында", "Асан қайғы", "Жиренше шешен", "Қазыбек би", "Әйтеке би"; филология ғылымдарының докторы Ж.Тілепов - "Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы"; филология ғылымдарының кандидаты С.Дәуітов - "Марғасқа жырау", "Жиембет жырау", "Тәтіқара ақын"; филология ғылымдарының кандидаты С.Қорабаев - "Төле би", "Ақтайлақ би", "Қазтуған жырау", "Доспамбет жырау"; филология ғылымдарының кандидаты Б.Адамбаев - "Сырым би" атты тарауларды жазды.
Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеттері - ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы троптардың түрлеріне әдеби-көркемдік талдау жүргізу. Сөйтіп поэзияның ұлттық ерекшелігіне де, халықтық сипатын да танытатын, құрайтын осы белгілерді анықтау міндеті қойылады.
Жұмыс құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер көрсеткішінен тұрады.
1 Жыраулық пен ақындық поэзиядағы дәстүр жалғастығы

Жыраулар мен ақындар поэзиясын тоғыстыратын тұстар

Кез келген шешендік сөздерге берілген анықтамаларға көз жіберер болсақ, шешендік сөздердің басты белгілерінің бірі-бейнелілігі екендігі аталып көрсетілген.
Шешендік сөздер тек ұйқасқа құралып қоймайды, сонымен қатар әдеби көркемдеу тәсілдерін де барынша пайдаланады. Бұл-жыраулар поэзиясындағы шешендік үлгілерінде де көрініс тапқан.Осы тұрғыдан келгенде шешендік сөздерде ең мол қолданылатын ажарлау тәсілі-аллитерация мен ассонанс. Мәселен, Бұқар жыраудың төмендегі нақылдарына назар аударайық:
Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп [3,101].
Асан қайғыда:
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің [3,181]...
Алғашқы шумақта а, ал екіншісінде о дыбысы қайталанып келіп, ерекше, үйлесімін тауып, үндестік құрған. Өлеңнің өрнек кестесіне әдемі ажар беріп, оның экспрессивті-эмоционалды бояуын күшейте түскен. Демек, дауысты дыбыстардың үндесуі ақын, жырауларға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап, үндеп келетін көтеріңкі пафосты дәл танытады.
Сондай-ақ, Шалкиіздің 45 жолдан тұратын Мен көремін толғауының 41 жолы а-дан, 4 жолы о-дан басталады.
Сол сияқты дауыссыз дыбыстар да жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздерді айрықша ажарлылық сипатқа ие ете алады. Мысалы, Шалкиіз жыраудың бір туындысынан мысал келтірейік:
Жағаға жақын қонғанда,
Жайылып сулар алмас па?
Жаманға дос болғанда,
Жазымда басың қалмас па?
Жат туғанды өзі еткен
Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па? [3,44].
Әсіресе, қатаң дауыссыз дыбыстардың үндесуі шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді. Мәселен, Асан қайғыда:
Тақырлауға қонған қаз - тырна,
Таң маңынан ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдап атар ол [3,182].
Немесе Жиембетте:
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан [3,182].
Енді Шалкиіздің Тор балақ құсты қолға алып тирадасын оқып көрейікші:
Тор балақ құсты қолға алып,
Тор төбел ат мініп ем.
Сенің көп жортқамын соңыңнан,
Көпіртіп не беркініс қолыңнан.
Жалауды тойда жарқа жоқ,
Күдінілген балдан сарқыт жоқ,
Күлімсіреп айтқан сөзде қажау жоқ,
Жазып берші кетейін,
Несібемді жазы түзден іздейін [3,182].
Осында қиюласып тұрған ұйқас көрінбейді. Тек мұнда жыраудың берен білігі мен пафосы ғана ұйқасты байқатпай, жыр жолдарындағы т,ж дыбыстарының үндесіп келуі ерекше әсерге бөлейді.
Сонымен қатар, шешендік сөздерде ең көп қолданылатын көркемдеу тәсілі, ажарлаудың бір түрі - теңеу. Теңеуде суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді [5,12]. Мысалға, Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан арнауынан үзінді келтірейік:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай [3,53],-
деп, теңеудің әдемі де сұлу үлгілерін алға тартқан. Өзінің ерлігі мен өрлігін, зорлығы мен беріктігін табиғаттың тамаша туындыларына теңеп, сол арқылы күштілігін, мықтылығын суреттейді. Бір жағынан бұл жырда көркем тәсілдің тағы бір түрі-әсірелеу (гипербола)де бар. Осы жерде ескертетінбір нәрсе-жыраулар да, шешендер де өз туындыларнда көркемдеу тәсілдердің тек бір түрін ғана емес, бірнешеуін түйдектете, қатарынан қолданады. Ол -шығармалардың құндылығын, тартымдылығын, әдемілігі мен әсерлілігін арттырады, тыңдаушыға ләззат сыйлап, құлағының құрышын қандырады. Сонымен, Жиембет жырау өз шығармасында теңеу үшін дүниетанымға жақын заттар мен құбылыстарды мысалға алғандықтан, тыңдарман қауымның қабылдауын жеңілдетіп тұр.
Теңеу сапасы, оның көркемдік қуаты жыраудың табиғи талантына, дүниетанымына, өмір тәжірбиесіне, тіршілік еткен ортасына , айтпақ ойына - авторлық идеясына байланысты. Мәселен, бірнеше жыраулардың шығармаларынан үзінді келтірейік. Шалкиіз жырау:
Тағыдай түн түре қараған,
Таң бегісіп жусаған,
Тарпаңдай тізесі бүгіп су ішкен,
Арқада мезгілсіз жылқы жусаса,
О дағы аш қасқырға жолығар [3,188].
Доспамбет:
Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес [3,188].
Үмбетей жырау:
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйрығы қамшыдай,
Бура сойған не сұмдық? [3,190].
Осы үзінділердегі теңеулердің қай-қайсысы да жыраулардың айтпақ ойына айтулы ажар, әдемі әсер беріп, таным-түсінікті тереңдетіп тұр. Шалкиіз өмірдің өзекті бір мәселесі туралы толғайды. Әр нәрсенің өзіндік өлшемі, арнасы, уақыты бар, одан ауытқып, шалғай кетсе, Өмірде небір бұлқыны күшті асаулардың өзі кесапатқа кезігеді демек. Тағыдай, тарпаңдай деп ерекше күш-қуат дарытып суреттеген жырау негізгі ойын осылайша әсерлі жеткізген. Ал, Доспамбеттегі ерлік, батырлық рух, сол өршіл идеяға қызмет еткен құнарлы теңеулер (қылқандай, жусандай, судай) батыр қимылын, ер арманын көз алдымызға елестетеді. Үмбетей мал шаруашылығымен айналысқан елде, тек сол ортада ғұмыр кешкен жырау ғана айта алар теңеулер қолданады (баладай, даладай, қаладай, жамшыдай, қамшыдай).
Әрбір теңеу белгілі бір ойды, мағынаны білдіреді. Мысалы, емен ауырлық - салмақтың белгісі(Ер өзіңнен соңыратын, Емен салдай батыр ол, Шалкиіз), кейде мықтылық, беріктік, қайсарлық сипаты (Бұрала біткен емендей, қисық туған адамсың, Үмбетей). Жырауларда сары шыпшық - дәрменсіздік белгісі: Сары шыпшықтай шырлатып, Ғазірейіл кімдерге құрық салмаған?! (Шалкиіз); дала кеңдік белгісіндей: Омырауы даладай (Ақтамберді), Жатқан жері даладай (Үмбетей); тау биіктік, ірілік, ұлылық баламасындай: Жақсылар ағын судай, асқар таудай (Шал ақын); сол сияқты күштілік, мықтылықты - арыстанға: Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес (Шалкиіз); өрлік, асаулық, бұға тағылықты - байланбаған құлынға, асау тайға: Өрлігімді сұрасаң, жылқыдағы асау тайыңдай (Жиембет), Құланы құлындай тулаған (Бұқар); ерлік, батырлықты жолбарысқа: Менің ерлігімді сұрасаң, жолбарыс пенен аюдай (Жиембет), Жолбарыстай жон түзген... табаны жалпақ тарлан боз (Ақтамберді); ұнамсыз әдеттер, жағымсыз құбылыстарды бағзы дәуірден халық санасында жағымсыз бейнеде қалыптасқан аждаһаға, бөріге, буыршынға теңейді: Буыршындай тіздесті, Жамандықты іздесті. Бірін-бірі күндесті (Бұқар), Ақырған аждаһадай аю келін, біз түгіл құдайынан ұяла ма?!, Нәрсің бір көкжал бөрідей, Иманың бағлан қозыдай (Шал).
Бір аңғарған сырымыз, мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі елде өмір сүріп, бар өмірі табиғат аясында өткен жыраулар адам өмірінің қат-қабат құбылыстарын өздері өмір сүрген табиғи орта, мал шаруашылығы, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесіне орай сөздермен салыстыра береді.
Жыраулар поэзиясындағы шешендік үлгілерінде эпитет (айқындау) те өзіндік орын алған. Мысалы Асан қайғыда:
Таңдайға біткен қызыл тіл,
Тірлікте не шайнасаң жұтар ол [3,182].
Шалкиіз жырауда:
Қара сия, ақ қағаз,
Дестірге өнер төктірдің [3,182].
Осы мысалдардағы қара сия, ақ қағаз, қызыл тіл сияқты сөз тіркестері ауыз әдебиетінен, әрісі түркі тілі халықтар әдебиетінен етене таныс болуы мүмкін. Бұл екі жағдайды аңғартады. Біріншіден, Ежелгі поэзиямызданкүні бүгінге дейін әрқилы орайда қолданылып келе жатқан бұл тіркестер - дәстүрлі жалғастықтың куәсі. Екіншіден, сан ғасыр ұғымға орнығып қалыптасқан тұрақты айқындаулар.
Батырлар ерлігін, ат сапасын, қару-жарақ қадірін айқын да айбарлы, ажарлы да ашық реңмен жырлауда айқындау тәсілінің де өзіндік рөл атқарғанын аңғарамыз. Мысалы: саф арғымақ, суын түсті жүйрік, ақ табан ару торы ат, тоқал торы ат (Ер Шонан), қыналы боз (Жиембет), тұмар мойын ат (Ақтамберді), торы төбел ат (Доспамбет).
Бір топ айқындаулар батыр, батыр арманы, оның құрал-жабдықтарын айқындай түседі: Жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыт киер ме екенбіз?! Жалаулы найза жанға алып, жау қашырар ма екенбіз?! (Ақтамберді); Толғамалы ақ балта, толғап ұстар күн қайда?! Алты құлаш ақ найза, ұсынып шаншар күн қайда?! (Доспамбет).
Эпитеттің бірсыпырасы өмір, мекен-жай, тұрмыс-тіршілік көрінісі, көшпелі өмірге тән әрқилы этнографиялық жайларды айқындай түседі: Салп-салпыншақ анау үш өзен, салуалы менім ордам қонған жері (Қазтуған); Зерлі орындық үстінде, Ақ шымылдық ішінде, Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім өкінбен, Ақ білегін жастанып..., Еңсесі биік боз орда, салтанатқа орнатқан, Омырауы жұпарлы, исі жұпар аңқыған..., Қыздарға қызыл ала тон кигізіп, Қырмызыға малдырып, көшке жорға мінеді (Бұқар), т.б.
Айқындаудың бір тобы жан-жануарлар дүниесіне орай кездеседі, олар нақтылап айқындау арқылы жыраулардың негізгі ойын аша түсуге қызмет етеді: Жал-жалп ұшқан жапалақ, жазыда кімге жолдас болмаған, Көк қоянның қос құлағын тұндырған, көгілдірдің жез қанатын сындырған, Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр, Жез қарғылы құба арлан, Сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шіркей балалап (Шалкиіз); Қара бұлан терісін етік қылар күн қайда?, Торы төбел ат мініп (Доспамбет).
Бірқатар эпитеттер табиғи орта, табиғат құбылыстарына орай беріледі: Қарабас күспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде, Көтеріп желкен аштырып, Жүк тиеттің кемеге, Кендір баулы ақ желкен, Көк теңізді жал толқынға жектірдің, Ақ ала таудың алдында, Ақ ала жылқы жусайды, Шағырмақ бұлт жай тастар ... Ақ желкенді жел бастар, Арқаның құба жонында, Арыстан ойнар шарқ ұрып, Жапалақ ұшпас жасыл тау (Шалкиіз); Ағарып атқан таңды деп, Шолпанды шыққан күнді деп, Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?, Қоғалы көлдер, қом сулар, қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет); Қара судың бетінде сығылып аққан сең едің (Бұқар). Немесе Бұқар жыраудың мына толғауынан үзінді келтірейік:
Биік тауға жарасар,
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар,
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы [3,89].
Мұнда айқындаудың тамаша үлгілері пайдалынылған. Жырау бір ғана айқындау қолданып қоймай, оларды тізбектеп қолданған. Олардың барлығының арқалаған жүгі, көтерген мағыналық салмағы бар. Адамға эстетикалық ләззат сыйлайтын сиқырлы қасиеті бар. Бұл туындыда, сонымен қатар, қайталаудың эпифора деген түрі қолданылған. Яғни жарасар деген сөз шығармадағы жолдардың әсерлілігін күшейту үшін үнемі сөздің аяғында қайталанып отырады. Ал Үмбетей жыраудың арнауында:
Кетеген болса түйең жау;
Тебеген болса биең жау;
Ұрысқақ болса ұлың жау;
Керіскек болса келінің жау [3,74].
Қайталаудың эпифорадан басқа симплока (ортаңғы қайталау) қолданылған. Яғни болса және жау сөздерінің қайталануы арқылы бірыңғай ырғақ қалыптасып, сөйлемге дыбыстық, көркемдік, әсемдік сипат дарытқан.
Қайталау сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу [4,239] деген пікірге ден қойсақ, бұл шығармада айқындау арқылы кімнің не себепті жау болатындығына салмақ түсірілген. Осы шағын ғана үзінді төрт аяғы тең жорғадай, әр тармақтағы төрт сөздің әрқайсысы келесі жолдардағы сөздермен үйлесім, қисын тауып, ерекше жұп-жұмыр, шып-шымыр жарастықты тұлғада тұр. Сайып келгенде, жырау жау деген сөзге мейлінше мән беріп, сол жағымсыз қылық қайдан шығады, содан жиіркендіреді.
Жырауларда бір сөз жол аяғында екі-үш дүркін ғана емес, бірнеше рет, тіпті бүкіл шумсақ бойында қайталанып келеді. Мұндай қайталаулардың жырауларда бірнеше түрі кездеседі:
1) Жыраулар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың, яки оның басты қасиетінің өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталанып келуі, мәселен Асан қайғыда:
Тақырлауға қонған қаз-тырна,
Таң маңынан ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол.
Қызыл изен, боз жусан,
Сарыарқаға бітер ол.
Таңдайға батқан қызыл тіл,
Жаққа біткен отыз тіс,
Тірлікте не шайнасаң жұтар ол [3,218].
Өлеңнің алғашқы тармақтарынан, яки тармақтағы сөз тіркестерінен жырау нысанаға алған негізгі обьекті айқын танылады. Бірақ, жырау басты әрекеті мен қимыл, қасиетін ол деген сілтеу есімдігін қайталау арқылы жинақтай көрсетеді.
2) Есімшенің ар, ер, с жұрнақтары арқылы жасалған болжамды келер шақ түріндегі сөздердің қайталанып келуі, мысалы, Шалкиіз жыраудың толғауынан үзінді келтірейік:
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғаділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау жасқар,
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жімле ғаламға күлкі етер [3,220].
Бір Шалкиіздің өзінде Шағырмақ бұлт жай тастар толғауының Ор-ор қоян, ор қоян шумағында жолығар сөзі өлең жолдары аяғында жеті рет, Ау, бөрілер, ббөрілер тирадасында болар үш рет, Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан биік тау болмас деп басталатын тирадасында болмас төрт рет, алмас алты рет қайталанып келеді.
3) Көмекші етістіктерден жасалған эпифоралық қайталаулар, мысалы Шалкиіз жырауда:
Жапырағы жасыл бәйтерек,
Жайылмағы оның желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кешігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Кешу-кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сайдан-дүр,
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңір өзі біледі,
Ажалымыз біздің қайдан-дүр [3,221].
Бұл - көне түркі халықтары әдебиетінен келе жатқан, қазақ даласына Сүлеймен Бақырғани, Қожа Ахмет Иассауи шығармалары арқылы да бой көрсеткен көмекші етістіктердің көне түрі. Бұл түрдің жырауларда кездесуі әдеби көркемдік тәсілдердің қазақ даласында ауызша поэзия мен жазба шығармаларда бір-бірінен әсер алып, қатар дамығанын да танытады.
4) Риторикалық сұраумен келетін қайталаулар. Мысалы Шалкиізде:
Лашын құс иги құс,
Қанаты қысқа болса не болды?!
Қатар бузып ол айуан каз тонкерип алған соң,
Қырқасы қишкей болса не болды?! [3,223]
Ақтамбердінің:
Мінезді болса алғаның,
Одан артық жар бар ма?!
Екі жаман қосылса,
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма?! [3,223]
Бұқарда:
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас не пайда?!
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес не пайда?! [3,223]
т.б. толғауларындағы эпикалық қайталаулар риторикалық сұрақ күйінде келіп, жыраулардың замана халін, өмір сырын білдірер негізгі ойын айқын танытуға қызмет етеді.
5) Сұрай арнау түріндегі эпифоралық қайталаулар, мәселен Доспамбет жырауда:
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еміне кірер күн қайда? [3,223]
Жиырма бес тармақтан тұратын осы тирадада осылайша күн қайда? он рет, Ақтамбердінің қырық екі тармақтан тұратын Күмбір-күмбір кісінетіп толғауында екенбіз сегіз рет қайталанады. Мұндай сұрай арнау түріндегі қайталаулар жыраулардың алғы күндерден үміт еткен арман-аңсарын аңғартып, тыңдаушы, оқушыны да тебіреніске бөлейді.
6) Бұйрық рай түрінде келетін эпифоралық қайталаулар, мысалы Шалкиізде:
Алып, алып, ал сақын,
Аңдып жүрген дұспаныңнан мың сақын.
Күле кіре күңіреніп
Шыққан достан мың сақын [3,223].
Бұқарда:
Ей, айташы, алланы айт,
Аты жақсы құдайды айт [3,223] ...
7) Істің, заттың, құбылыстың, оқиғаның себеп-салдарын, мақсаты мен шартын білдіретін эпифоралық қайталаулар, мәселен Асан қайғыда:
Әділдіктің белгісі -
Біле тұра бұрмаса,
Ақылдының белгісі -
Өткен істі қумаса [3,224] ...
Осылайша белгісі сөзін жырау бес рет қайталап, өмірдегі жақсылық, жамандық түрін дақпа-дақтап түсіндіре толғайды.
8) Санамалап, сатылап, беркіте, көз жеткізе баяндау түріндегі эпифоралық қайталаулар, Мысалы, Доспамбетте:
Азау, Азау дегенің
Әл-Ғүсман паша жұрты екен,
Дін исламның кірті екен,
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай нарты екен [3,227].
Шешендік сөздерде ауыстыру (метафора) мол қолданылады. Ауыстыру алынып отырған заттың не құбылыстың мағыналас, мәндес басқа ұғымдардың орнында пайдаланып, ойды ықшамды, суретті, айқын, қысқа жеткізуге негізделеді.
Академик Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының тілі деп аталатын еңбегінде құбылысы жағынан алғанда Абайға дейінгі поэзиясында метафораның бес түрін ажыратқан [5,216]. Бұл негізі ауыз әдебиеті мен ХVІІІ - ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіне жасалған барлау, байыптаулар еді. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасынан да Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін түгел кезіктіреміз. Ақтамберді жыраудан үзінді келтірейік:
Сыртым - құрыш, жүзім - болат,
Тасқа салсаң майырылман [3,198].
Бұл мысалда бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы жасалынған метафораның жалғау,жұрнақсыз жай түрі ұшырасады. Тек жай ғана балау, ұқсас, мәндес құбылысқа қарапайым ғана ұқсату емес, суреттеліп отырған обьектіге ерекше ажар, өзгеше өң беріп, мазмұнын тереңдетіп, мәнін үстей түсу бар.
Жыраулар мұрасында Қ.Жұмалиев айтқандай -мын, -бын, пын, -сын жіктік жалғаулары, не -м, -ң, -ы (-сы) тәуелдік жалғауларының көмегімен жасалған метафоралардың бір алуаны кездеседі. Мәселен Ақтамберді жырауда:
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Ой, мен қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталаса да айрылман [3,193].
Немесе Бұқар жыраудан келтірелік:
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын [3,194).
Жауынгер жырау Ақтамберді шалқар шабытпенен, тебірене толғайтын пафосымен халқына хан-кәкімнен де бұлды биік мерей, бұла күшін аңғартар тұста өзін жалына қол тигізбес ту асау, табиғи сұлулық белгісіндей дархан өскен дала құланына ғана емес, мейлінше еңсесі биік құраққа, дауыл мен дүлейге теңселмес жапанға біткен жасыл терекке, яки балталаса да болмайтын қарағайдың қарсы біткен берік бұтағына құбылта, дамыта балап, көз алдымызға көп суреттер әкеледі. Сөйтіп, танымды тереңдетіп, әрлі әсерге бөлейді.
ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасында әсіресе едім, едің, еді, екен, ем, ең сияқты көмекші етістіктердің көмегімен жасалған метафораның түрі көбірек. Мысалы Бұқар жырау Абылайды бірде су бетіндегі сығылып аққан сеңге, бірде алтынды тонның жеңіне әсірелей балап қазақ ұғымына ежелден таныс нақты, затты суреттер арқылы елестетеді. Бұл ретте Бұқар жырларындағы ауыстырулар едің көмекші етістігі арқылы жасалады:
Отыз бес жасқа келгенде,
Қара судың бетінде,
Сығылып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тонның жеңі едің [3,194].
Едім көмекші етістігі көмегімен жасалатын ауыстырулар жыраулардың өз аттарынан айтылатын толғау, теңеулерде, лирикалық герой атынан берілетін монологтерде, едің көмекші етістігі көмегімен жасалатын ауыстырулар, әсіресе, арнау өлеңдерде көбірек ұшырасады.
Академик Қ.Жұмалиевтің бейне, бейне бір (тең) сөздері арқылы жасалған ауыстырулар тек ауыз әдебиетінде ғана емес, тарихи әдебиетте де жиі кездеседі [6,219] дегеніндей, метафоралардың тең сөзі көмегімен жасалуы ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулардың көркемдік тәсілдерінің бірі ретінде танылады. Мысалы, Үмбетей жыраудың Бұқар жырауға айтқан толғауында:
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Кей сорлының қатыны
Күндіз ауру, түнде ау,
Арқаңа артқан тұзбен тең [3,197].
Салыстыра суреттеп, мінез-құлқын, кісілік қасиетіне орай нақты адамға, не затқа балау арқылы ұғымды молайтып, әсрді күшейтуде метафоралардың тең сөзі көмегімен жасалуы - толғау, термелердің дидактикалық-философиялық мазмұнын еркін, жеңіл жеткізерлік ұтымды тәсіл.
Жыраулар шығармаларындағы ауыстыру түрлері әр алуан.Мысалы, Шалкиіз жыраудың Би Темірге айтқан бірінші толғауында:
Сен алтынсың-мен пұлмын,
Сен жібексің-мен жүнмін,
Сен сұлтансың-мен құлмын,
Сен сұңқарсың-мен қумын... [3,39] -
деп, сен ұғымында биді тұтастай жан-жақты суреттеп, алтынға, жібекке, сұлтанға, сұңқарға балап, оның, бір сөзбен айтқанда, ұлылығын көрсетсе, мен ұғымында өзін пұлға, жүнге, құлға, қуға теңеп, әлсіздігін мойындайды. Жыр бойында ауыстырудан тыс екі тармақ аралық шендестіру де қолданылған. Яғни, сен және мен, алтын-пұл, жібек-жүн, сұлтан-құл, сұңқар-қу дейтін мағыналық антитеза (шендестіру) тәсілі бар.
Шендестіру-бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою [4,175].
Немесе:
Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз [3,44] , -
деп жаман мен жақсыны шендестірген. Бұған қарап, көп жағдайда ауыстыру тәсілі шендестіруге ұласатыны жыраулар поэзиясына да тән екендігін аңғарамыз.
Жырауларда Құбылтудың ауыстырудан (метафорадан) өзге кездесетн түрлерінің бірі - алмастыру (метонимия).
Шалкиіз:
Жаманға беліңді шешіп инанба,
Инантып тұрып өлтірер [3,202].
Доспамбет:
Кейінгі қалған көпекке,
Қалай да белін шешті екен?

Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір - күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда? [3,202]
Бұқар:
Күлдір - күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес.
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырмабес [3,202].
Ақтамберді:
Жасымда көрген қорлығым,
Сарысу болды жүрекке [3,202].
Алғашқы екі мысал - адам хақында. Бірақ, сол адам тура аталмай, оның орнына қадір - қасиеті (жаманға) алмастыру тәсілімен алынып отыр. Немесе екінші мысалдағы Доспамбеттің көпек дегені - батырмен салыстырғанда бағасы төмен тоғышар жандар. Доспамбет, Бұқар жырларынан алынған үзінділердегі кіреуке - киім; күрең - сәйгүлік, тұлпарлар, ереуіл аттары; сұлу - ару, қыз. Ал Ақтамбердінің сарысуы - қайғы, мұң, кек. Адамдар мен құбылыстардың қасиет - сапасын, түр - түсін осылайша алмастырып суреттеуі жыр жолдарына үстеме мағына дарытып, көрікбреді. Сондықтан да жыраулардың жаман, көпек, күрең, сұлу, сарысу деп отырғандарын бірден түсінесіз.
Асан қайғы:
Ақылды белден алдырдың
Көңілді жаман қалдырдың [3,203].
Шалкиіз:
Белуардан саз кешсең,
Тобығыңнан келтірмес,
Қамалаған қалың туған ортасы [3,203].
Үмбетей:
Қарап жатқан жыланның
Құйрығын неге басасың [3,203].
Жыраулар шығармаларындағы алмастырулар кейде осылайша күрделірек дамыған күйде кездеседі. Алғашқы мысалдарда шектес заттар мен себептес құбылыстарды олардың түрі, түсі, қасиеті, сапасы арқылы ғана ұғатын болсақ, дамыған алмастыруларда ұғым да ұлғая, күрделілене түседі (Ақылды белден алдырдың, Белуардан саз кешсең, Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың). Мұндай ұлғайған алмастырулар жыраулардың суреттеу, қиялдау қабілеттерінің ұшқырлығын аңғартады. Себебі, мұнда құбылыстар қат - қабат қимылға, әрекетке ие болады. Сол әрекет нәтижесінде құбылыстың өзі алмаса келе айқын ұғымға әкеледі. Ақылды белден алдыру - жаңылысу, ойлаған жерден орта түсу, белуардан саз кешу - адам өмірінде кездесетін азапты пәлені қозғау екенін сөз түсінетін екі қазақтың бірі түсінуі мүмкін. Бірақ, соларды шығарма табиғатына шынайы кірістіріп, оның идеясы мен мазмұнын ажарлап, көркемдік тәсілмен танымды тереңдету шын шеберлік кепілі екені даусыз.
Жыраулар суреттеген құбылыстарға ерекше рең, анық ажар беріп, айтпақ ойларын аша түсуге мейлінше елеулі ықпал еткен көркемдік тәсілдердің бірі - меңзеу (синекдоха).
Шалкиіз:
Ашалай шалың ақталап,
Шемшірлігін ноқталап,
Шал сақалын жылаттың...
Жығылғанда тұрғызсаң,
Жылағанда уатсаң,
Қисайғанда түзетсең,
Тәңірінің үйі кебіні,
Сұлтан ием қарсы алдыңнан жасапты! [3,204].
Ақтамберді:
Білімдіге бағынсаң,
Халық жүдеп іші азбас [3,204].
Шалкиізден келтірілген алғашқы үзіндідегі жылаған сақал емес, шалдың өзі, ал екінші үзіндідегі жығылған да, жылаған да, қисайған да адамдар. Ақтамберді адамның бір ғана мүшесі - ішті меңзеу арқылы білімдіге бағынған елдің бірлік, берекесі нығайып, ортасы олқы түспес, іші азбас деген ойлы пікір толғайды.
ХV - ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасында құбылысты яки бір нәрсені басқа бір ұқсас нәрсеге, яки құбылысқа астарлай теліп, тұспалмен түсіндіру, астарлау (символ) сирек кездеседі.
Үмбетей:
Қосағың қоса ағармас қосақ екн,
Құдайым осылай да қосады екен.
Тоты құс жарқанатқа пенде бопты,
Бұқарым, айтар мінің осы-ақ екен (3,205].
Бұқар:
Айтып - айтпай немене,
Мезгіліміз өткен соң.
Жайнап тұрған қызыл шоқ,
Су құйылып өшкен соң.
Жайнап тұрған заманым,
Басымнан бүйтіп көшкен соң [3,205].
Сөз жоқ, бұл мысалдарда суреттеліп отырған шындыққа бедерлі, бейнелі, әдемі рең беретін, ашық айтпаса да, ой мен образды ажарлай түсетін тоты құс жарқанатқа пенде бопты, жайнап тұрған қызыл шоқ сияқты айшықты астарлаулар бар. Бірақ бұл астарлаулар тирадада тұтастай тұспалдау, бірыңғай бейнелеу күйінде емес, өзге құбылыстарен қаз-қатар салыстырыла беріледі. Сондықтан тирададағы өзге сөз тіркестеріне қарап тотықұс пен жарқанаттың да, жайнап тұрған қызыл шоқтың да мағынасын оңай ұғамыз. Демек, бұл үзінділердегі біз атаған астарлаулар символдық ұғымға жақындағанмен таза символ емес, психологиялық параллелизмге келіңкірейді. Бұл тұста академик Қ.Жұмалиевтің Қазақтың ауыз әдебиеті, Абайға шейінгі тарихи әдебиетін негізінен алғанда (көпшілігінде), символдық параллелизмнен әлі түгел ажырай алмағандығын көруге болады [6,244] деген сөзінің дұрыстығына көз жеткізе түсеміз. Әрине, Қ.Жұмалиев Абайға дейінгі әдебиетте көркемдеу тәсілінің астарлау (символ) сияқты түрі болмады демейді. Символ - бейнелеп сөйлеу ауыз әдебиетінде, әсіресе билер сөзінде көбірек кездеседі. Олар айтайын дегендерінің ұшығын ғана көрсетіп, жұмбақтап сөйлеуді негізгі әдісі етті [6,245], - дейді. Біз жыраулар мұрасындағы көркемдік тәсілдерге көз жібергенде бұл пікірдің орнықты да орынды пікір екендігіне ден қоямыз.
Түйіндеп айтқанда, жыраулар шығармашылығында бейнелеу тәсілдерінің барлығы қолданылатындығына көз жеткіздік. Жоғарыда келтірілген мысалдардың өздерінен-ақ бейнелеу тәсілдерінің жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздердің қуаттылығын арттыруда, әсемдік, әуезділік дарытуда қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады деп ойлаймыз.

1.1 Жыраулық поэзиядағы дәстүр жалғастығы

Көркемдік дәстүр жалғастығы жыраулар мен ақындар шығармашылығында да әр түрлі формада сақталған. Мәселен, ақындар мен жыраулар поэзиясына ортақ мотив пен варианттылық, яғни Қ.Өміралиев айтпақшы телқоңыр туындылар тән. Кейде жырау да, ақын да, шешен де бір тақырып, бір мәселе жөнінде бірдей ой толғайды, тек оны жеткізуде әр алуан көркемдік тәсілдер қолданады, қазақтың сарқылмас мол сөздік қорын әрқайсысы өз стиліне тән пайдаланады. Мысалға Досбол би мен Бұқар жыраудың шешендік өнердің қиындығы жөнінде айтқан мынандай толғаулары бар:
Бұқар жырау:
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін адам таппас дау бар [3,83].
Ал Досбол би былай дейді:
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса;
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген ерің болса;
Бәрінен сөз бастау қиын-
Тауып айтсаң- береке қылады,
Таппай айтсаң- келеке қылады [7,87].
Жырау да, би де қиын емес сөз тіркесін қайталай отырып, оның себебін ашады да, ең соңында сөз бастаудың қиындығына баса назар аудартады. Бұл екі дарын иесінің де сөз қадірін жете түсінгендігін аңғартады. Бұдан біз шешен мен жыраудың ойларының біртұтастығын, ұқсастығын көреміз.
Шешендік сөздер мен жыраулар поэзиясын салыстырып отырған кезде кейде мынандай мәселелер көзге түседі. Мысалы, екі ақынның шығармалары бірдей жолдармен, бірдей шумақтармен басталып, ал әрі қарай әр ақын мазмұнын өзінше өрбітеді.
Мәселен Бұқар жырауда:
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болмаңыз,
Көрінгенге күлкі етер [3,88]...
деген жолдар бар. Ал енді Бекжан шешеннің бір насихатына көңіл бөлейік:
Жар басына қонбаңыз,
Жар құласа үй кетер.
Жатқа сырды айтпаңыз,
Жамандық қылса бас кетер.
Жауға басты қоспаңыз,
Тіл мүдірсе бас кетер [7,90]...
Қазақта Жар басына қонбаңыз, Дауыл тұрса үй кетер [8,124] деген формада мақал бар. Яғни екі ақын да осы мақалды негізге ала отырып жырлағанға ұқсайды. Тек бұл емес, бір ақынның өлеңі келесі бір жерде өзге формада кездесуі мүмкін. Мәселен жоғарыда келтірілген Бұқар жыраудың өлеңі есімшенің - ар формасымен келген. Осы өлең Құлмат Өміралиевтің еңбегінде есімшенің болымсыз түрі - с формасымен кездеседі:
Жағаға жақын қонбаңыз,
Жағаға жақын қонсаңыз
Жайылып сулар алмас па?
Жаманмен дос болсаң,
Жазымда басың қалмас па?
Жат туғанды өз етсең,
Жақсыларды дос етсең
Ғұмырың ұзақ болмас па? [8,124]
Не себепті бір жырдың біренеше нұсқасы болатындығы әлі де себепсіз. ...ақын-жыраулардың айтқан толғаулары, жырлары кейінгі айтушылары арқылы өзгертіліп редакциялануы мүмкін бе деген күдікті ойға келсек, ондай жағдайдың болатынына пәлендей таңдануға болмайды [8,139], - дейді Ж.Тілепов өзінің Тарих және әдебиет деген еңбегінде. Ал ғалым Қ.Өміралиев: ...жеке ақын-жыраудың авторлығымен шығып, жұрт айтты дәрежеге түскен өлеңдерді, яғни ортақ мотив, ортақ тақырып өзін ортақ дүниелікке айналдырып, жеке автор еншісінен шығарып, көп автордың ортақ еншісіне көшірген өлеңдерді бір топтауды, сөйтіп халық поэзиясы деген ортақ мұраны жіктеп шығаруды керек етеді [8,110], - деп ұсыныс жасайды. Сөйтіп жырау-шешендердің бұл дидактикалық толғауы Жар басына қонбаңыз деп басталады да, халық ділмарлары жастарға еңбегің далаға кетпесін десең-қауіпті жерге үй салма, жатқа сенбе, түбіңе жетеді деп ескертеді, сақтыққа баулиды. Мұнда шығармалар толық болмаса да, кейбір үзінділер дәлме-дәл қайталанып, ал мазмұнында үгіт-насихат, нақылдары ұқсас әрі үндес келеді.
Жырау- шешендердің шығармалары тұнып тұрған өсиет-нақыл. Олар ел қадірін, жер қадірін, су қадірін жете түсініп, оны өз туындылары арқылы жеткізуге тырысқан.
ХVІІІ-ХІХ ғасыр аралығында өмір сүрген Досбол би қарауыл Ордабайды ертіп Шекті еліне дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті. Сонда Досболдың айтқаны:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін!
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін!
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен,
Ордабай күлмей, кім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген - жыраулық поэзия
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Жыраулар поэзиясы туралы
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Пәндер