С.Орайханұлының шығармашылығы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Шетелдегі қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу жолдары ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.1 Қытай қазақтарының әдебиетінің өркендеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Монғолиядағы қазақ әдебиетінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2 С.Орайханұлы . лирик ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.1 Өмірін өлеңмен өрнектеген ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2 Баллада бағында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 42
2.3 Шыншыл поэма жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.4 Көркем аударма шебері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда, қазақ әдебиетінің тарихы шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақ ақын, жазушыларының шығармаларымен толығып, жаңа бір белеске, соны серпінге ие болып келеді.
Шетелдегі қазақ әдбиетін сөз етпес бұрын, олардың өткен тарихына аз-кем назар аударғанымыз жөн сияқты.
ХІХ ғасырдың соңын ала Ресей мен Қытай шекарасының бөлінуі тұтас ұлтты тілімге салудың алғашқы бастамасы болатын. Осыдан бастап шекараның Қытай мен Монғолия жағындағы қазақтардың тарихы сол елдер тарихымен тағдырлас күйге түсті.
Алайда, Қытай мен Монғолияны мекендеген қазақтар арасында көзі ашық, сауатты адамдар аз болған жоқ. Әсіресе, ХХ ғасырға дейін-ақ Қазан қаласында сегіз кітабын шығарып үлгерген Ақыт қажы, Қытай түрмесінде ұзақ жылдар отырған Таңжарық Жолдыұлы шығармашылығы соған куә.
Соңғы жылдары ұзақ уақыт бойы ата жұрттан тыс қалған шетелдегі қазақ әдебиеті жан-жақты зерттелу үстінде. Тәуелсіздік жылдарында елге орала бастаған ұлы көш жөнінде: «бір кездерде туып-өскен өлкесінен еріксіз босқан халықтың ата жұртқа қайта көшуі басталды. Елдің бірлігін, ынтымақтығын, күшейту мақсатын көздеген осы ұлы көштің сәтті болуы үшін алаш азаматы барлық көмегін көрсетуі парыз» [1, 232], - деп толғанады белгілі ғалым Р.Бердібаев. Олай болса, шетелдегі қазақ әдебиеті де ұлттық әдебиеттің құрамдас бөлігіне айналғаны жөн.
Шетелдегі орыс әдебиеті деген ұғым орыс әдебиеттану ғылымында берік орныққан. Ресейде шетелде жүрген орыс жазушыларының шығармаларын кітап етіп басатын А.П.Чехов атындағы бір орталықты баспа бар. Ал, біздегі жағдай ше?
1992 жылы Қазақстанда Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болып өтті. Оған жер-дүниенің жеті бұрышынан, төрткүл дүниенің төрт құбыласынан қазақ ағайындар түгел қатысты.
Осы орайда, қазақ диаспорасын құрайтын қазақтар жөнінде, біраз мағлұмат келтіре кетейік. Қазақтың үштен бірі – шет елдерде шашырап жүр. Алыс шетелдердегі қазақ 1 млн. 578 мың, жақын шетелдерде (ТМД) 1 млн. 707 мың («Қазақ тарихы» №3, 1993) – делінеді. Осылардың арасында қазақ тілінде кітап шығаратын баспа – Қытай мен Монғолияда бар. Бұл – қазақтың мол шоғырланған жерлері. Қытайдағы Қазақ саны 1 млн. 270 мың. Баян-Өлгейдегі қазақ саны 130 мың. Халық талап-тілегіне орай кітап бастыру, газет, журнал шығару бұл өңірлерде тәп-тәуір жолға қойылған. Соңғы кездері Түркия да аздап қазақ тілінде кітап шығара бастады. «Шетелдегі қазақ әдебиеті» - дегенде ойға алатын жайлар міне, осылар.
Ендігі мәселе – Монғолиядағы қазақ әдебиетінің зерттелу жай-күйі болмақ.
Қазақ қайда жүрсе де ежелгі қазақ салтынан, қазақ тамырымен жалғасқан
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. –Алматы: Қазақстан, 1996. –256 б.
2. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2 кітап: Оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған Т.Кәкішұлы -Алматы: Қазақ университеті, 2002. –Б. 380-432.
3. Сейітжанұлы 3. Шыңжаң қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. - 185 б.
4. Мәсімхан Д. Сарап. –Алматы: Дайк-пресс, 2000. -193 б.
5. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2001. – 489 б.
6. Ақыт қажы. Қажыбаян. Өлгий, 1991. -218 б.
7. Жолды±лы Т. Шыѓармалары: ¤лењдері, толѓау-дастандары, айтыстары. –Алматы: Жазушы, 1992. –256 б.
8. Жаналтай Д. Қилы заман – қиын күндер. -Алматы, 2000. 23-б.
9. Татанайұлы А Тарихи дерек, келелі кеңес. -Үрімжі, 1988 44-б.
10. Хасан Оралтай. Елім-айлап өткен өмір. –Алматы: Дайк-пресс, 2005. -516
11. Халифа Алтай. Естеліктерім. -Астана, Елорда, 2000. -180 б.
12. Қабидашұлы Қ. Өскен өлкенің өршіл әдебиеті. – Өлгий: Жаңа-өмір, 1972. -312 б.
13. Қабидашұлы Қ. Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті - Өлгий, Жаңа-өмір. 1987. -217 б.
14. Қинаятұлы З. Монғолиядағы қазақтар. –Алматы: Атажұрт, 2001. –320 б.
15. Ақтан Бабиұлы. Шығармалары жинағы. – Өлгий: Жаңа-өмір, 1987. – 456 б.
16. Қожамбетұлы Д. Шағармаларының жинағы. Улаанбаатар, 2001. –104 б.
17. Қожамбетұлы Дөңтай. Ұрпаққа ұлағат. Қарағанды, 1999. –78 б.
18. Тәжібаев Ә. Бес томдық шығармалар жинағы. Ғылыми еңбектер. ІV том. –Алматы: Жазушы, 1981, -760 б.
19. Орайханұлы С. Атам қазақ болған соң... –Астана: Елорда, 2012. -481 б.
20. Орайханұлы С. Бір арманым бар еді. -Өлгий, 1983. –181 б.
21. Орайханұлы С. Серуен. -Өлгий, 1970. –194 б.
22. Орайханұлы С. Сен екеуміз. (Өлеңдер мен поэмалар). –Баян-Өлгий, 1977. –191 б.
23. Орайханұлы С.Аяулы дүние. -Өлгий, 1987. –116 б.
24. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –Алматы: Жазушы, 1988. –152 б.
25. Жүсіпов Қ.М. Өлең сөздің патшасы. –Алматы: Жазушы, 1991, -216 б.
26. Дәуітов С. Көңіл сазы. –Алматы: Жазушы, 1989, -176 б.
27. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. –Алматы: Ғылым, 2001, -448 б.
28. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. (Құраст.: З.Ахметов, Т.Шаңбаев), -Алматы: Ана тілі, 1996, -240 б.
29. Лекеров Қ.К. Қазақ балладасы. –Қарағанды, 1975. –78 б.
30. Алпысбаев Қ. Поэма және сюжет. –Алматы: Қазақ университеті, 1992, -124 б.
31. Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы: Зерттеу. –Алматы: Жазушы, 1982, -248 б.
32. Хоёр загалын тууж. / Үнэн сонин. 1989, VІ.30. №27.
33. С.Орайханұлы. Шыңғыс қағанның қос тұлпары туралы жыр / Қалам құдыреті. Әдеби-көркем альманах. 2002, Б. 67-83.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1 Шетелдегі қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу 10
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1Қытай қазақтарының әдебиетінің 10
өркендеуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.2Монғолиядағы қазақ әдебиетінің 27
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
2 С.Орайханұлы – лирик 37
ақын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2.1Өмірін өлеңмен 37
өрнектеген ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
2.2Баллада 42
бағында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3Шыншыл поэма 50
жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
2.4Көркем аударма 55
шебері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 1
... ...

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда, қазақ әдебиетінің тарихы
шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақ ақын, жазушыларының шығармаларымен
толығып, жаңа бір белеске, соны серпінге ие болып келеді.
Шетелдегі қазақ әдбиетін сөз етпес бұрын, олардың өткен тарихына аз-кем
назар аударғанымыз жөн сияқты.
ХІХ ғасырдың соңын ала Ресей мен Қытай шекарасының бөлінуі тұтас ұлтты
тілімге салудың алғашқы бастамасы болатын. Осыдан бастап шекараның Қытай
мен Монғолия жағындағы қазақтардың тарихы сол елдер тарихымен тағдырлас
күйге түсті.
Алайда, Қытай мен Монғолияны мекендеген қазақтар арасында көзі ашық,
сауатты адамдар аз болған жоқ. Әсіресе, ХХ ғасырға дейін-ақ Қазан қаласында
сегіз кітабын шығарып үлгерген Ақыт қажы, Қытай түрмесінде ұзақ жылдар
отырған Таңжарық Жолдыұлы шығармашылығы соған куә.
Соңғы жылдары ұзақ уақыт бойы ата жұрттан тыс қалған шетелдегі қазақ
әдебиеті жан-жақты зерттелу үстінде. Тәуелсіздік жылдарында елге орала
бастаған ұлы көш жөнінде: бір кездерде туып-өскен өлкесінен еріксіз босқан
халықтың ата жұртқа қайта көшуі басталды. Елдің бірлігін, ынтымақтығын,
күшейту мақсатын көздеген осы ұлы көштің сәтті болуы үшін алаш азаматы
барлық көмегін көрсетуі парыз [1, 232], - деп толғанады белгілі ғалым
Р.Бердібаев. Олай болса, шетелдегі қазақ әдебиеті де ұлттық әдебиеттің
құрамдас бөлігіне айналғаны жөн.
Шетелдегі орыс әдебиеті деген ұғым орыс әдебиеттану ғылымында берік
орныққан. Ресейде шетелде жүрген орыс жазушыларының шығармаларын кітап етіп
басатын А.П.Чехов атындағы бір орталықты баспа бар. Ал, біздегі жағдай ше?
1992 жылы Қазақстанда Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болып өтті. Оған
жер-дүниенің жеті бұрышынан, төрткүл дүниенің төрт құбыласынан қазақ
ағайындар түгел қатысты.
Осы орайда, қазақ диаспорасын құрайтын қазақтар жөнінде, біраз мағлұмат
келтіре кетейік. Қазақтың үштен бірі – шет елдерде шашырап жүр. Алыс
шетелдердегі қазақ 1 млн. 578 мың, жақын шетелдерде (ТМД) 1 млн. 707 мың
(Қазақ тарихы №3, 1993) – делінеді. Осылардың арасында қазақ тілінде
кітап шығаратын баспа – Қытай мен Монғолияда бар. Бұл – қазақтың мол
шоғырланған жерлері. Қытайдағы Қазақ саны 1 млн. 270 мың. Баян-Өлгейдегі
қазақ саны 130 мың. Халық талап-тілегіне орай кітап бастыру, газет, журнал
шығару бұл өңірлерде тәп-тәуір жолға қойылған. Соңғы кездері Түркия да
аздап қазақ тілінде кітап шығара бастады. Шетелдегі қазақ әдебиеті -
дегенде ойға алатын жайлар міне, осылар.
Ендігі мәселе – Монғолиядағы қазақ әдебиетінің зерттелу жай-күйі болмақ.
Қазақ қайда жүрсе де ежелгі қазақ салтынан, қазақ тамырымен жалғасқан
рухани өмірінен еш қол үзген емес. Қобда қазақтарының арасында жалпы
қазаққа тән көптеген ән, күй, жыр, ертегілер айтылып келді.
Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр, Арқалық, Шәкім-Шәкірт,
Үйсіпхан жыры, Мың бір түн, Ер Төстік, Тазша бала хикаяларын жатқа
айтатын көкірек шежірелер көп болды және жоғарыдағы халық туындылары ел
арасында жазба түрінде де кездесетін. Олар бүгінде жазылып алынып, жарыққа
шығарылды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Қобда бетіндегі қазақтардың
халық қазынасын жинақтап, бүгінгі күнге жеткізуде орыстың саяхатшы
ғалымдары Г.Н.Потанин, Г.Е.Грумм-Гржимайло, В.В.Сапожников белгілі рөл
атқарды. Олардың қай-қайсысы Батыс Моңғолияны, Қытайды зерттеу жолында
Қобда қазақтарының тарихы, өмір-салты, тұрмысымен ғана қоймай халықтың ауыз
әдебиеті мен мәдениетін зерттей жүрді. Көптеген ән-күй, ертегі, аңыздарды
халық аузынан жазып алды. Г.Н.Потаниннің Солтүстік Батыс Моңғолия жайлы
мақалалары, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның Батыс Моңғолия және Урианхай шебі
атты еңбегі, аталмыш екі ғалымның және В.В.Сапожниковтың, А.В.Бурдуковтың
белгілеу мақалаларына сүйене отырып, академик Б.Я.Владимирцовтың 1921 жылы
Петроградта бастырған Мұңғыл әңгімелерінің жинағында (Монгольский сборник
рассказов) қазақ ауыз әдебиеті төңірегінде сөз қозғайды [2, 381].
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинақтап, оларды жалпы қазақ әдеби қорына
қосу ісіне филология ғылымдарының докторы Қабидаш Қалиасқарұлы және Нұрлан
Қабидашұлы, жазушы Қ.Соян елеулі еңбек етіп келеді.
Бұл салада белгілі жазушы Қ.Мақфуз, ертегіші Қ.Молдафияның сіңірген
еңбегін де атап өткен жөн.
Филология ғылымының докторы Қабидаш Қалиасқарұлының басшылық етуімен
жоғарыдағы аты аталған және әдебиет сүйгіш басқадай азаматтардың
араласуымен соңғы жылдары Баян-Өлгийде жарық көрген Халық жырлары (1995),
Замана жыршылары (1989), Жекпе-жек (1994) атты халық жырларының үш
томдығы, тек Моңғолиядағы қазақтар үшін ғана емес, жалпы қазақтың ауыз
әдебиетін жинақтап, тұжырымдау саласындағы елеулі еңбек.
Моңғолия қазақтарының арасында айтылатын халық әндері көп-ақ. Сазгер
күйші Қабыкей Ақмерұлы, ақын Имашхан Байбатырұлы, сазгер Мұсайф
Құсайынұлының жинақтап басқаруымен 1965, 1972, 1983 жылдары Баян-Өлгийде
жарық көрген Моңғолия қазақтарының халық әндері атты жинаққа 400-ге жуық
ән кірген. Осынау әндердің саз сарыны мен өлеңінің сөзіне қарағанда
көпшілігі әйгілі Елім-айдың жалғасы, сағыныш сазы басым жатады.
Жалпы, Монғолия қазақтары әдебиетінің ғылыми зерттелуі мен (әсіресе ауыз
әдебиеті) сынының белгілі бір дәрежеде өзіндік белеске көтерілгені анық.
Бұл салада Қ.Қабидаш, Қ.Соян, Қ.Шабдарбай, I.Яки, Ж.Кәкей, Ж.Қуанғандар
еңбектеніп келді.
Бүгінгі таңда аталмыш ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижесінде халық
ауыз әдебиетінің әр жанрдағы үлгілері, халық ақындарының шығармалары және
Ақыт қажы Үлімжіұлының, Ақтан Бабиұлының ел арасында сақталған өлең жырлары
жеке-жеке жинақ түрінде баспа жүзін көруде. Сонымен қатар, соңғы жылдары
диаспора өкілдерінің атажұртқа көптеп оралуы - өскен өлкесіндегі, туған
топырағындағы әдебиет үлгілерін зерттеуге деген зор құлшыныс туғызды.
Мәселен, Есенгүл Кәпқызының Монғолиядағы қазақ прозасы, Еркегүл
Арыққарақызының Монғолиядағы қазақ поэзиясы, Сырайыл Ысқақтың Таңжарық
Жолдыұлының әдеби мұрасы және Ақыт, Ақтан, Кәкей ақындар шығармашылығы
бойынша жүргізіліп жатқан жекелеген ғылыми зерттеулер осының айғағы.
Академик Р.Нұрғали құрастырған Қазақтың жүз романы оқу құралында да
Монғолияда жарық көрген Ақын Алақанұлының Асулар, Елеусіз Мұқамәдиұлының
Жоғалған қыз, Сейтхан Әбілқасымұлының Оспан батыр, Ислам Қабышұлының
Ұрпағың үзілмесін, Мағауия Сұлтанияұлының Ұрпақ тағдыры, Махфуз
Құлыбекұлының Тұрғылас түлектер романдарына жоғары баға беріліп,
көркемдік-идеялық ерекшеліктеріне талдау жасалған.
Диплом жұмысының ғылыми-практикалық мәні. Шетелдегі қазақ әдебиетін
зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан келгенде
шетелдегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын мектеп оқулықтарына
енгізу, олардың өмірі мен шығармашылық мұрасын арнайы курс немесе
факультатив сабақтар негізінде мектеп оқушыларына оқытуда бұл жұмыстың
пайдасы зор.
Зерттеудің дерек көздері. Байқап отырсақ, диаспорлық тағдырдан туған
әдебиет қазақ әдебиеті ауқымын кеңейтіп, кейіпкерлер тағдырын
күрделендіріп, реңіне-рең, бояуына-бояу қосады екен. Сондықтан ауыз
әдебиеті бар, жазба әдебиеті бар, шетелдегі қазақ әдебиетін назардан тыс
қалдырмай, сан-саналы әдеби процестің тарам-тарам тармақтары, зәулім
бәйтеректің сыртта өскен бұтақтары райында зерттеу, аудару, жариялау, қайта
бастыру қажет дейміз. Енді орыс көкеміздің көңіліне емес, өз көңілімізге
өзіміз қарап, Өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандыратын уақыт туды.
Тақырып нысаны. 1991 жылдан бері шетелден келген қаламгерлер Қазақстан
Жазушылар одағына қабылданып, игі қадам жасалды. Енді олардың кітаптары
біртіндеп ата жұртында жарық көре бастады.
Осы тұрғыдан келгенде Монғолиядағы қазақ әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің бірі 1970 жылдан бері поэзия саласында қалам қарымын сынап келе
жатқан ақындардың бірі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, Монғолия және
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Монғолдың мәдениет қоры жариялаған бас
жүлденің иегері – Солдатхан Орайханұлы.
Ақын 1991 жылдан тарихи Отанына оралып, Қарағанды облысында тұрып, 2000
жылдан Қарағанды қаласының Сұрыптау станциясында көшіп келіп, 2006 жылы
сонда дүниеден өткен. Ақын өлеңдері содан бері Республикалық баспасөздерде,
Қазақ әдебиеті газетінде, облыстық Орталық Қазақстан газетінде, Азия
транзит, Қалам құдыреті әдеби-көркем альманахтарында жарияланып келеді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біз ақын шығармашылығын
дипломдық жұмысымызға арқау ету арқылы, С.Орайханұлының шығармашылық
мұрасын жан-жақты танытуды мақсат еттік. Ақынның лирикалық, эпикалық және
аударма саласындағы ізденістерін саралай отырып, ақын поэзиясының көркемдік
ерекшелігіне назар аудару да негізгі міндетіміз. Сол арқылы ақын
шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орнын анықтау, оған қазіргі
көзқарас тұрғысынан баға беру шешілуге тиісі міндеттер қатарына жатады.
Жұмыс құрылымы – кіріспе, және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Шетелдегі қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу жолдары

1. Қытай қазақтарының әдебиетінің өркендеуі

XIX ғасырда, нақтылай айтқанда 1881 жылы Шәуешек келісімі бойынша
Ресей мен Қытай шекарасы ресми түрде белгіленді. Осыдан бастап шекараның
Қытай мен Монғолия жағындағы қазақтар тарихы сол елдер тарихымен тағдырлас
күйге түсті. Баспасөзі беріде ғана (1930 жылдардың ортасынан бастап)
құрылғандықтан көшпелі және жартылай көшпелі өмір кешіп жүрген халықтың
ұзақ жылдар бойы жан сусыны, рухани азығы тек ауыз әдебиеті болды. Мұнымен
бірге, бұл өлкедегі қазақтардың экономикалық, мәдени даму деңгейі де төмен
еді [3, 31]. Мұндай жағдайлардың бәрі әдеби мұраға әсерін тигізбей қойған
жоқ. Сөйтіп, беріге дейін көне эпикалық жырлар халық қажетін өтеді, екінші
жағынан, жазба әдебиеттің де міндетін атқарып келді. Нақтылай айтқанда,
көне эпикалық туындылар қаз-қалпында өмір сүрді. Кейбірі азғана өзгеріске
ұшырап, өңделе жырланған. Айталық, Алтай аймағының тұрғыны Шерияздан
Сұлтанбайұлының айтуынша жазылып алынған Қыз Жібек жырының біздегі
нұсқадан аздаған айырмашылығы бар екенін айта кеткен жөн. Алдымен бұл нұсқа
әрі көлемді, әрі көркем. Көлемі сегіз мың жолға жуық. Эпостың ара-арасында
оқиғаны жалғастырып отыратын қара сөздер кездеспейді. Қара сөз арқылы
хабарлайтын оқиға эпизодтарының бәрі өлең арқылы берілген. Ал Қозы Көрпеш
- Баян сұлу тек қазақтарда ғана емес, Лоб-Нор ұйғырларының арасында
Бозкөрпеш - Баян деген атпен айтылады. Осы жырға байланысты айтылатын
аңыздар да көңіл аударарлық. Алтайдағы Қара Ертіс жағасындағы бір моланы
Қарабайдың моласы екен деген аңыз да кең таралған. Сондай-ақ, Қабанбай
батыр, Қабанбай ат байлаған деп аталатын жерлер бар. Майлы мен Барлық
арасындағы Саз деген жайлаудың төменгі жағында Түйебасты Қабанбайдың
Ақбас атанының басы қойылған жер деседі. Ақиқат пен аңыздың осылай араласа
жүруі қызықты құбылыс.
Сонымен қатар, халықтың табиғи және тарихи-мәдени талабы жыршылдықты
қажет етті. От ауыз, орақ тілді ақын, жыршылар бұрынғы эпикалық дәстүр
бойынша классикалық эпостарды да айтты, өмір ағымына сәйкес жаңа жырлар да
тудырды. Шыңжаң қазақтарының бұл тұстағы фольклорлық мұрасын пайымдаудан
байқалатын жай – көне эпостық дәстүр бәсеңсіп, тарихи жыр тобы туа бастайды
да, эпикалық, жанр басқаша сипатта дамиды. Эпикалық аңыздаулар баспа арқылы
емес, ауызша таралып сақталады. Оны тыңдаушылар ой-сезіміне әсер
етерліктей, құлаққа жағымды мақам сөзбен айтылуын ақын, жыршылар қатты
ескерді, әрі олардың уақыт жағынан да мүмкіндіктері болды. Мәселен, Әріпжан
Бақтиярдың қырық бұтағын түгел білетін. Тұтас ай бойы айтқанда
таусылмайтын қисса-жырларды айту дәстүрі Шыңжаң қазақтарының арасында
ертеден қалыптасқан. Халық, кезінде ақын, жыршы, әнші, күйшілерді бөле-жара
жіктемеген. Сондықтан да бір қадам орайы келгенде ақынның да, жыршының да,
әншінің де, күйшінің де ролін атқара берген. Бұдан шығатын қорытынды сол –
жыр тыңдайтын орта болды, жыршылық дәстүр болды. Поэзиялық шығармаларды
атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған таратушы, әрі дамытушы, өнерлі
адамдар аз емес. Олар: Шылбы, Отарбай, Өмірзақ, Көтбай, Жүсіпбек, Жанұзақ,
Әсет, Солтан, Қыдырмолла, Күнболат, Ауған, Әріпжан, Ержан, Сағдолла,
Кәсімбай, Мағауия (Мақай), Зағыпар, Сүбебек, Жамалған тағы басқалар. Бұл
өнерпаздардың көпшілігі талай рет айтысқа түскен ақын, әрі жыршы, тамаша
әнші, шебер күйші, ән-күй шығаратын музыканттығы да бар бір сырлы, сегіз
қырлы өнер иелері болған. Халық қашан да сөз өнеріне ерекше мән беріп, ойға
терең, сөзге шешен осындай адамдарды құрмет еткен [4, 73].
Шыңжаң қазақтарының фольклорында бұрынғы Шығыс дастандары да, кейінгі
кезде туған жырлар да қатар өмір сүріп, үлкен де, күрделі процесті бастан
кешірді. Сөйтіп, бұрынғы эпикалық дәстүр негізінде көптеген соны жырлар
дүниеге келді. Бұл топтағы туындылар бірде оқиғаның ізімен жырланса, бірде
аңыздық сарындар араласып отырады.
Сонымен, Шыңжаң қазақтары эпикалық дәстүрінде мынадай сипаттар бар: бір
топ аңыздаулар бүкіл қазақ халқына белгілі батырлар жырын құрайды
(Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр т.б.),
екінші бір тобы Шығыс сюжетіне құрылған жырлар - Ләйлі-Мәжнүн, Таһир-
Зуһра, Жүсіп-Зылиха, Боз-жігіт пен Қарашаш, Шәкір-Шәкірат,
Жамсап, Сейфүлмәлік - Жамал т.б.), үшінші топқа XVIII - XIX
ғасырлардағы сыртқы жау озбырлығына қарсы күрес идеясы негізінде туған
жырларды жатқызамыз (Арқалық батыр, Қабанбай батыр, Жәнібек батыр,
Мырзаш батыр т.б.) Енді бір шоғыр шығармалар қоғам ішіндегі әлеуметтік
теңсіздікке қарсы күрес негізінде туған Дәмежан, Бүркітбай, Зуһра,
Керей толқыны т.б.). Осы соңғы бір топ сүйіспеншілікке арналған ғашықтық
мазмұндағы жырлар (Түкібай – Шолпан, Ерден-Балқаш, Ахмет – Көшім,
Нұрланған мен Айгүлім, Хасен – Жәмила, Шайқан – Күләш) тағы басқа
жырлар халық қазынасын байытып, көп игілігіне айналды. Мұндай мұраларды
халық жаттап алып, бірден бірге таратып отырған, - дейді ғалым Су Би Хай
[5, 187].
Шыңжаң қазақтары эпикалық дәстүрінің ерекшелігі – XVIII ғасырдың аяғынан
бастап көне эпос дәстүрі емес, жаңаша эпос туғызып, және оның тарихпен
тығыз байланыстыра жырлануы. Сондықтан жоғарыда аталған жырлардың соңғы үш
тобы тарихи шындыққа негізделген жырлар. Олар - нақтылы болған адамдар мен
тарихи оқиғалардың ізі бойынша жырланған. Бұл жырларда қиялдың азайып,
факті-шындықтың мол болуының өзі-ақ бұрынғы эпикалық дәстүрден гөрі
нақтылық басым екендігін көрсетеді. Демек, соңғы үш топтағы жырлар реальді-
тарихи эпос санатына жатады.
Реальды-тарихи эпостың туып-қалыптасуы белгілі кезеңдегі өмірдің
шындығына, тарихи оқиғаларға негізделеді. Эпос арқауы – өз дәуірінің
әлеуметтік, саяси мәні бар оқиғалары. Ақын, жыршылар тарихи фактіні негізге
ала отырып, бірде болған оқиғаның сонар-соқпағын сақтаса, бірде әлеуметтік
тарихи шындықты көркем шындыққа айналдыра жырлаған. Сондықтан эпикалық,
әсірелеу де ұшырасады, бірақ қалай болғанда да бұл саладағы жырлар белгілі
бір кезең ақиқатын дәл бейнелейді.
Шыңжаң қазақтарының өмірінде айтыстың алатын орны ерекше. Азаттыққа
(1949 жылғы) дейін бұл өлкеде рулық айтыс сақталған. Әсіресе ақындар
айтысын ерекше атаған жөн. Мәселен, Кәсімбай мен Тұрысбектің, Дызайқыз бен
Кәсімбайдың, Асылқан мен Нұриланың, Таңжарық пен Қойдымның, Нұрила мен
Таңжарықтың, Мағауия мен Тақырдың, Нұрсапа мен Үміттің, Дүйсен мен
Кермаңдайдың т.б. айтыстары көпке мәлім. Бұл айтыстардың көбінен сол
кездегі заман шындығы - үстем тап өкілдерінің озбырлығы, әйелдердін аянышты
халі сияқты қоғамдық мән-маңызы бар мәселені аңғаруға болады. Мағауия
мен Тақырдың айтысындағы Мағауияның:
Ойлаушы ем қосылсам деп теңдесіме,
Тәңірдің өзім теңдес пендесіне.
Басында құда болып әкем берді,
Қайтейін шарам бар ма көнбесіме? - деген сөзі қалың малға сатылған қазақ
қыздарының басындағы ауыр мұңды білдіреді [4, 78].
Ақындар айтысы біраз үзілістен кейін (Мәдениет төңкерісі) соңғы
жылдары қайта жандана бастаған. Жыл сайын Үш Аймақтың бір ауданында
белгіленген мерзімде ақындар айтысын өткізу дәстүрге айналды. Халық ішінен
шыққан суырып салма небір саңлақ ақындар ел өміріндегі елеулі оқиғаларды
тілге тиек етеді. Жұмаш пен Жамалхан айтысындағы ойранда өткен он жыл
әділ сынға алынған. Жұмаш:
Болады дәл өзіңдей саналы адам,
Өлеңмен үш аймақты аралаған.
Кезінде төрттік төбе қаралаған,
Қасында келді әріптес, жаралы адам, - десе, Жамалхан былайша жауап
қайтарады:
Онда олар қарсы еді саналыға,
Неше түрлі басатын амалына.
Шаңырақты ботаға салды емес пе,
Өңшең нарды қораға қамады да, - дейді. Екі ақын да шынайы шындықты
бүкпесіз жайып салады.
Шыңжаң қазақтары небір тарихи оқиғалардың куәсі болды. Мұндай, жайлар,
сөз жоқ, сол тұстарда көлемді эпикалық жырлармен бірге неше түрлі тұрмыс-
салт жырларын, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен ертегілер, айтыс өлеңдері мен
аңыз-әңгімелер тудырды. Уақыт елегінен өтіп, осы заманға жеткен фольклорлық
мұралардың меруерт-маржандарын жинап, жүйеге келтіру, ғылыми тұрғыдан
зерттеп, әділ бағасын беру, игілікке жарату жолындағы алғашқы ұмтылыс 1940
жылдан бой көрсете бастады.
Сонымен бірге, ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілері мерзімді баспасөз
беттерінде Халық ертегілері, Халық ауыз әдебиеті, Халық ақыл-
парасатының қайнар бұлағы атты рубрикалармен жарияланып, оқулықтарға
кіргізіліп келеді. Атап айтқанда, “Шыңжаң әдебиет искусствосы” журналының
1955 жылғы 9 санында Екі егінші, Жақсылық пен жаманшылық, Әділ
төрешік, Ол марқұмның одан басқа өсиеті жоқ па екен, ал Шұғыла
журналының 1958 жылғы №1 санында Есесін алған Терекбай ертегілері
басылған. Сондай-ақ, Іле газетінің 1957 жылғы 26 наурыз күнгі санында 39
мақал-мәтел, 29 сәуір күнгі санында 46 мақал-мәтел жарияланған. Осы
газеттің 21 наурыз күнгі номерінде Ел аузынан деген рубрикамен Құрғақ
ой дейтін аңыз-әңгіме жарияланса, Алға газетінің 1947 жылғы 1 қыркүйек
күнгі санында 233 жолдан тұратын Жоқтау басылған.
Тек 1950 жылдан кейін ғана ауыз әдебиетінің кейбір жеке үлгілері жеке
кітап болып басылып шықты. Мысалы, Қос қобди (1957), Ертегілер (1958),
Ертегілер мен аңыздар (1958), Қырық өтірік (1959), Қазақ ертегілері
(1963) т.б. жинақтар шақты [4, 102].
Халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасын жан-жақты жинап, зерттеу
жұмыстары 1970 жылдардан кейін ерекше қарқынмен қолға алынды. Фольклор
зерттеу қоғамының Шыңжаң бөлімшесі құрылып, ел ішінен ауыз әдебиетінің үлгі-
нұсқалары жинала бастады. Жинақталып жазылып алынған материалдар негізінен,
Үрімші қаласынан шығатын, Шалғын, Мұра журналдарында басылады. Әр аймақ
орталықтарында альманахтар шығып тұрады. Алтай аймағының орталығы Сарысүмбе
қаласында Алтай аясында, Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешек қаласында
Тарбағатай, Іле аймағының орталығы Құлжа қаласында Іле айдыны атты
альманахтар шығады. Бұл басылымдардың қай-қайсысында да әдеби мұралар үзбей
жарияланып келеді. Күйтіңдегі Іле баспасы әр жыл сайын қазақ тілінде
көптеген көркем әдебиет кітаптарын шығара бастады. Қазақ фольклорын жинап,
зерттеумен айналысатын Шалғын, Мұра журналдары өмірге келді. Осы бір
азғана жылдың ішінде ақын-жазушылардың мыңдаған прозалық, неше жүздеген жыр
кітаптары оқырман қолына тиді. Сонымен бірге, ұлы ақын Абайдың өлеңдері мен
қара сөздері жеке-жеке кітап болып басылып шықты. Осындай игі жұмыстардың
нәтижесінде ауыз әдебиетінің әр жанрынан бірқанша жинақтар жарыққа шықты.
Ұлы Мұқаңның (Әуезов) Абай жолы эпопеясының, Қилы заман романының араб
қарпімен басылып шығуы ондағы жұрттың әдебиет пен өнерге деген талғамын
өсіре түсті. Бұдан тыс Қазақ солдаты, Қарағанды, Ботагөз романдарының
шығарылуының да ондағы әдеби-мәдени өмірге игі ықпалы болғанын атап айтуға
хақылымыз.
Сонымен бірге ондағы халықты қаншама жылдар рухани аштықтан сақтап
келген, тіпті ұлт азаттына жеткізген Ақыт, Көдек, Әсет, Таңжарық, Жүсіпбек
қожа, Шарғын өлеңдері жұрт арасынан жиналып, том-том болып (коммунистік
сүзгіден өтіп болса да) оқырманның қолына тиіп жатуы өсіп келе жатқан жас
өркеннің рухани мәйегіне нәр қосар игі жұмыстар болып қана қалмастан, ең
маңыздысы күллі қазақ халқы үшін қайта оралған бағалы байлық болып қалды.
Сонымен қатар Арқалық батыр (1978), Қазақ мақал-мәтелдері (1979),
Қазақ халық ертегілері (1986), Қабанбай батыр (1987), Қазақтың
ғашықтық жырлары (төрт томдық) (1982-86) т.б. фольклор жинақтары жарыққа
шығарылды.
Шығыс Түркістан қазақтары тағдыр-тауқыметімен "Қытай қазақтары" деп
аталған күннен бастап, ең әуелі өз күнін өзінше көрудің, дұрысын айтқанда
өлмеудің қамына көшті. Бұл "қам" әрине, сан-сала бойынша тырбануға,
еңбектенуге, күресуге жетеледі. Ондағы алаш арыстары, айдарлы-айбарлы
баһадүр перзенттер ауыл іргесінің амандығын, аймақ топырағының бүтіндігін
сақтау жолында атқа қонған болса, қазақ сөз өнерінің қасиеті дарыған,
наркескен намысы бар ақын-жыраулар сол жат- жұрттықтар шеңгелінде қалған
шөкімдей қазақты өсіре алмаса да өшірмеудің, рухани аштыққа ұшыратпаудың
қамына шындап кірісіп еді. Өйтпейінше жырынды жаудан жырымдалған жұртты
аман-есен сақтаудың мүлде мүмкін емес екенін олар жақсы білетін. Әрине,
олар - ұлт азаттығын армандаған ақындар мен жазушылар - тағдыр-талайының
қытайлармен байланысты болуын мың жерден қаламағанымен, тыныс-тірлігі
былайғы жерде бәрібір қытай елінің елдік саясатымен, саяси-әлеуметтік қам-
қарекетімен байланысып, қабысып жатты.
Сондықтан да Қытай қазақтары рухани әлемінің (әдебиет-мәдениет) барысын
сөз еткенде, біз жалпы қытай елінің сол тұстағы әлеуметтік-саяси, мәдени
тірлігіне соқпай өте алмаймыз. Демек, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы
қытай қоғамы, мәдени процестері жөнінде бірер сөз айтылып, оның сипаты
айшықталмайынша, Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік, мәдени, әдеби тірлігін
безбендеу мүмкін емес. Сонымен ендігі сөз Қытайдың XIX ғасырдың соңынан
қазірге дейінгі жалпы жағдайы туралы.
Қытайда феодалдық қоғам Цинь патшалығының (1644 - 1911 ж. ж.) соңын ала
күйреуге бет алды. Әлеуметтік дағдарыс күн санап күшейіп, ішкі қайшылықтар
барған сайын ушығып, хандық барынша іріп-шіріді. 1840 жыл-дардан бастап,
өзге калиталистік елдердің ықпалымен Қытай қоғамында түбірлі өзгерістер
туыла бастады. Ауыл, қыстақтардағы дәстүрлі жаратылыстық шаруашылық тез
ыдырап, теңіз жағалауындағы өңірлерде капиталистік шаруашылық бой көтерді.
Шанхай секілді күрт көркейген, орталық қалалар қалыптасты. Осындай
себептердің мұрындық болуымен Қытай қоғамында пролетариат, буржуазия, ұсақ
буржуазия секілді таптық жіктер пайда болды.
Әлемдегі алпауыт империалист мемлекеттердің Қытайға анталай шабуылдауы -
Қытайдағы феодалдық қоғамның ыдырауын тездетті, капитализмнің өркенін жая
бастады. Осылайша феодалдық қытай қоғамы жартылай феодалдық қоғамға
айналды. Тағы бір жағынан бұл елдер Қытайды өз қалауынша емін-еркін билеп-
төстегендіктен, тәуелсіз мемлекетті жартылай отар елге айналдыры. Міне
содан бастап империализммен Қытай халқы, феодализммен халық бұқарасы
арасындағы қайшылық - таяу заманғы Қытай тарихы дамуындағы негізгі
қайшылыққа айналды. Сонымен қытай халқы ұлт ретінде құрып кетуден сақтану
үшін Тайпиң-тиянгодан (1851) синь-хай төңкерісіне дейін (1911) ұлт-азаттық
күресті толассыз жалғастырып отырды. Сондай-ақ қытайдың көкірек көзі ояу,
алға басар ұл-қыздары саны мол, салмағы батпан қорлық пен зорлықтарға төзе
жүріп, батыс елдерінің ғылым, мәдениетінен ақиқат іздеді. Осылайша
батыстағы өркендеген әдебиет, көркемөнердің сан түрлі ағымы Қытайға ағылып
кіре бастады.
Әдебиет қоғамдық идеологияның және жалпы мәдениеттің құрамдас саласы
ретінде сол дәуірдегі Қытай қоғамының өзгерістерін бейнелеуге, сонымен
бірге өзі де аталған бетбұрыстарға үйлесуге, сәйкесуге міндетті еді. Сөйтіп
аталған тарихи кезеңде феодалдық әдебиетпен қатар, отаршылдыққа қарсы
тұруды, феодалдық бұғаудан құтылуды негізгі мазмұн еткен алға басар әдебиет
те дүниеге келді. Сонымен бір уақытта феодалдық қоғам тұсындағы ескі
әдебиетті жаңалау науқаны да қоса жүріп жатты.
Міне осындай жағдайда таяу заманғы қытайдың алғабасар әдебиеті сол
кездегі саяси күрес үшін ғана қызмет атқарып қалмастан, белгілі деңгейде
империализмге, феодализмге қарсы ұран көтеру, тіпті әдебиеттің бұрынғы
үлгілерін жаңалау, жаңаша әдеби тілді дәріптеу, әңгіме, драматургия
салаларын дамыту, жаңғырту секілді идея, ұстанымдар арқылы да "4-мамыр"
қозғалысынан кейінгі жаңа қытай әдебиетінің туылуына қажетті шарт-жағдай
әзірлеп бергендігін аңғаруға болады.
Ендеше, қытайдың осы бір таяу заманғы алға басар әдебиетін, феодалдық
ескі қытай әдебиетінен қазіргі жаңа (ойы, түрі) әдебиетке дейінгі
аралықтағы өтпелі кезең әдебиеті деп айтуға толық негіз бар.
Өтпелі кезең дегендердің де өзіне тән өзгешеліктері болады. Мәселен,
жалпы көне демократиялық төңкеріс тұсындағы сан реткі саяси күресте
империализмге, феодализмге қарсы тұру, оны аудару міндетінің орындалмағаны
секілді, ол дәуірдегі әдебиет те өзінің діттеген жеріне жете алмады.
Осылайша әдебиет пен өнер саласы империализмге, феодализмге үзілді-кесілді
қарсы төңкерістік туды биік көтеру міндеті - ұлт-азаттығын аңсаушылар
басшылық еткен "4-мамыр" қытай әдебиет төңкерісінің көтерілуі - айтып-
айтпай таяу заманғы қытай қоғамы мен әдебиетінің ұзақ уақыт іштей шарт-
жағдай әзірлеуінің тікелей нәтижесі болатын. Оқырман қауымға түсінікті
болуы үшін, сол қытайдың әйгілі "4-мамыр" әдебиет төңкерісі туралы қысқаша
таныстыру жасай кетелік.
1917 жылғы Ресейдегі қазан төңкерісінің жеңіске жетуі қытай халқының
төңкерістік күресіне, әсіресе, "4-мамыр" жаңа мәдениет қозғалысының
туылуына ерекше ықпал етті. 1918 жылдан бастап қытайдың алға басар, озық
ойлы зиялылары дүниежүзілік ояну өрлеуге бет алған жаңа жағдайды безбендей
отырып, коммунизм идеясын құлшына қабылдап және үгіттеп, Ресейдегі қазан
төңкерісінің жеңісін қызу ынтамен жырлады. Сонымен бірге осы тұстағы
көптеген газет-журналдар марксизмді үгіттеуге, Ресейдегі қазан төңкерісінің
жеңісін таныстыруға жан сала кірісті. Мәселен, 1918-1919 жылдары марксизм
мен Кеңес одағы жағдайына, қытайдағы жүмысшы қозғалысына қатысты бір ғана
"Жаңа жастар" журналының өзінде 130 түрлі көлемді мақала жарық көрді. Ал
өзге де басылымдар бетінде марксизмнің бірсыпыра маңызды шығармалары,
коммунистік интернационал мен Кеңес одағы компартиясының маңызды
құжаттарының недәуір толық аудармалары жасала бастады. Бұл процесс қытайдың
идеология саласы мен мәдениет саласына ерекше ықпал етіп қана қалмастан,
күн өткен сайын дамып, жаңа мәдениет қозғалысы жетекші идеясының теориялық
негізіне айналды. Өйткені сол дәуірдегі қытай оқымыстыларынының назарында,
жаңаша ел болудың, отаршылдықтан құтылудың нағыз жолы - тек Кеңес одағы
үлгісін ұстау, сол жолмен жүру деп білді. Сондықтан марксистік-коммунистік
идеологияға шын ділдерімен илана бас қойды. Осыдан барып жаңа мәдениет
қозғалысының сипатында тың бұрылыс туды, яғни пролетарлық идея бірте-бірте
буржуазиялық идеяның орнын басып, жетекші орынға шықты. "4-мамыр" жастар
қозғалысын қытайлардың (әсіресе, коммунистік қытайдың) күні бүгінге дейін
қастерлеуінің сыры міне, осында. Яғни аталған қозғалыс пролетариат табын,
коммунистік идеяны қытай қоғамының сахнасына шығарып, ырықты орынды алып
берді. Сөйтіп жалпы қытай тарихы жаңа демократиялық төңкеріс дәуіріне қадам
тастады. Сондықтан қоғамның ішкі бөлігінде түрлі таптар мен олар арасындағы
қайшылықтар бұрынғыға қарағанда тіпті де көрнектілене, күрделілене түсті.
Тағы бір жағынан аталған қайшылықтарды шешудің нақты шарт-жағдайы да пісіп
жетіле бастады. Олай болатыны "4-мамыр" жаңа мәдениет қозғалысы бастапқы
кезінде буржуазиялық демократия тұрғысындағы мәдени-ағарту қозғалысы еді.
Уақыт өте келе, қазан төңкерісінің ықпалын қабылдап, әрі марксизмнің
идеологиялык салада жетекші орынға шығуына орай, дами келе, ықпалды
деңгейдегі маркстік идеялық қозғалысқа айналды. Мұның өзі қытай тарихындағы
феодалдық мәдениетке қарсы дәйекті қозғалыс болды. Бұл төңкеріс ықпалының
барған сайын ұлғая беруі - қытайда коммунистік партияның құрылуына негіз
қалап берді.
Міне осы тұстағы саяси төңкерістермен қатар жүріліп жаткан әдебиет
төңкерісі болса - әрине, сол кезде қытай қоғамында қызу жүріп жатқан
"демократия" мен "ғылымды" ту еткен идеялық төңкерістер дамуының табиғи
туындысы, "4-мамыр" жаңа мәдениет қозғалысының маңызды құрамдас бөлігі еді.
Ал таза әдебиет жағындағы төңкеріс - әдебиеттің мазмұны мен формасы
төңірегіндегі реформаны қамтып жатты. Іс жүзінде бұл реформа феодализмге
қарсы идеялық төңкерістің әдебиет саласындағы бейнесі еді. Сондықтан ескі
дүниетанымға қарсы тұрып, жаңа дүниетанымды орнату, халықтың сөйлеу тілінен
мүлде алшақ жатқан "әдеби тілді" (уын-янь) мансұқтап, "түсінікті тілді"
(байхуа) дәріптеу - әдебиет төңкерісінің өзекті мазмұнына айналды. Бұл
кездегі әдебиет төңкерісінің күрт өрлеуі қытай әдебиеті дамуының өзіндік
ауқымын сәулелендірді, сонымен бірге шетел әдебиетінің өзгеріп дамуының
тарихи тәжірибелерінен де сабақ алғызды. Әсіресе, дәл осы кезендегі жаңа
буын қытай каламгерлері батыстың озық үлгідегі классикалық шығармаларын,
Ресей-Кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерін жаппай аударып, өздерінің
әдебиетте алдыға қойып отырған мақсаттарына желкен бітіргісі келді. Әрине,
оның да игі ықпалы болмай қалған жоқ. Атап айтар болсақ, Лу-Синь, Го-Можо,
Мау-Дун қатарлы ұлы классиктердің туылуы, қытай әдебиетінің коммунистік
партия құжаттарынан гөрі, әлемдік әдебиеттен мықтап нәр алғандығының айғағы
деуге болады.
1930 жылдың соңынан бастап, Гоминдаңшылдар күшті дайындықпен келіп,
қытай коммунистерінің базаларына дүркін-дүркін "қоршап жою" шабуылдарына
кірісіп кетті. Сондай-ақ дәл осы тұста жапон империалистері Қытайды жаулап
алу қадамын жеделдете түсті. А дегенде жапондықтар қытайдың шығыс
солтүстіғіндегі үш өлкесін бірден басып алды. Одан кейін олар жайлап ішкі
өлкелерге шапқыншылық шебін жая бастады. Осы кезде қытайдағы саяси
партиялар (компартия мен Гоминдаң) ел тағдыры үшін өзара ымыраға келе
бастады. Яғни жапон баскыншыларына қарсы тұру, бүкіл ел халқының аса
маңызды да шұғыл міндетіне, сондай-ақ күллі қытай халқының жаппай талабына
айналды. Жұмысшылардың, шаруалардың, оқушылардың жапон басқыншыларына қарсы
қозғалысы бүкіл елдің жер-жерінде жедел өрлеуге көтерілді. Жапон
басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрес жағдайының осылай шұғыл өрлеуі
қытайдың сол кездегі әдебиет, көркемөнерпаздар қосындарына жаңа бір
жауынгерлік міндет жүктеді. Атап айтқанда, бүкіл елдегі әдебиет, көркемөнер
саласы жапон басқыншыларына қарсы ұлттық майдан құрып, барлық отаншыл
қаламгерлерді ынтымақтастыра отырып, империалистік жапонияның
шапқыншылығына ортақ қарсы тұру еді.
Сол кездегі қытайдың әдебиет, көркемәнер ұжымдары жағдайдың осы бір
талабына сәйкесе отырып, сол бір тарихи міндетті арқалау үшін екі партияның
(коммунистік және Гоминдаң) жапон басқыншыларына қарсы тұру майданының
бағыт-бағдарламасын жүзеге асыруды бейнелейтін жаңа ұран, жаңа мақсаттарды
ортаға қойып, осы арқылы әдебиет, көркемөнер саласының жапонға қарсы ұлттық
майданының қалыптасуына мұрындық болды. Сонымен "елді қорғау әдебиеті" және
"ұлттық төңкерістік соғыстағы бұқаралық әдебиет" деген екі үлкен ұран
тасталды.
"Елді қорғау әдебиеті" деген ресми ұран ретінде 1936 жылдың басында
өмірге келді. Алайда оның алдындағы ұлттык дағдарыстың ушығуы және жапон
басқыншыларына қарсы күрестің өрлеуіне орай, талайлаған тарландар қандай
жағдайда да әдебиет төңкерісін жаңа жағдайға бейімдеу мәселесі жөнінде
алуан түрлі ойлар мен ұсыныстарын ортаға қойған болатын. Осының аяғы
қорытындылана келіп "елді қорғау әдебиеті" дегенге тиянақтады. Бұның
артынша Лу-Синьнің белсене ат салысуымен "ұлттық төңкерістік соғыстағы
бұқаралық әдебиет" деген ағым қалыптасты. Осы аталған екі ұранның (ағым)
екеуі де қытайдағы саяси партияларды ымыраға шақырып, бүкіл тірі қытайды
тек жапон басқыншыларына қарсы аттануға үндеді.
1937 жылы 7 маусым күні жапон империясы Пекиннің батыс-оңтүстік қала
маңы ауданындағы Ло-Гучияу көпірінде қытайды мүлде жаулап алу соғысын
қозғады. Келесі күні ҚКП мәлімдеме жариялап, бүкіл ел халқын басқыншы жапон
армиясына батыл тойтарыс беруге үндеді, сондай-ақ жалпы халықты жапон
империясынан бейбіт келісімді күтпеуге шақырды. Сол жылдың 17 маусымында
Гоминдаң партиясының лидері Жияң-Жиеши де өзінің Жапонияға қарсы соғыс
жариялайтындығын мәлімдеді. 13 тамызда жапондар Шанхай қаласына шабуыл
жасады. Осындай қиын-кыстау кезеңдегі жағдайларды есркерген ҚКП мен
Гоминдаң өзара ымыраға келіп, жапон басқыншыларына қарсы тұрудың ұлттық
майданын құрды.
Жапон басқыншыларына қарсы тұрып, елді құтқаруың дабыралы науқаны қалың
қытай қаламгерлерінің ішкі өлкелерге, ауыл-қыстақтарға, майданның алдыңғы
шебіне барып, жапон басқыншыларына қарсы тұрып, елді құтқару жұмысымен
шұғылдануына мүмкіндік алып берді. Атап айтқанда, кейбір қаламгерлердің жан
сала қимылдауы, көптеген отаншыл жас қаламгерлердің жанын пида қылуы
аталған отан соғысы науқанын бір белге шығарып тастады. "Бүкілқытайлық
жапонға қарсы әдебиет қоғамы" деген секілді қоғамдық топтардың құрылуының
өзі-ақ көп сырды аңғартқандай.
"Әдебиет қоғамы" құрылғаннан кейін толып жатқан қызметтер атқарылып
жапон басқыншыларына қарсы тұрудың әдебиет тарихына шұғылалы беті жазылды.
"Қоғамның" органы "жапон басқыншыларына қарсы әдебиет" журналының алғашқы
нөмірі 1938 жылы 4 мамырда жарық көрді. Содан жалпы 71 саны шығып 1946 жылы
тоқтады. Бұл жапон басқыншыларына қарсы тұру соғысына бастан-аяқ айғақ
болған, соған арналған бірден бір басылым ретінде өз бетінен сан мыңдаған
өрелі әдеби туындыларға орын берді. Бұдан сырт өлең үрдісі де бүкіл қытайда
жаппай бел алып, өлең жасампаздығының өркендей түсуіне де мұрындық болған
жайы бар. Мәселен тек бір ғана У-хань қаласынан "Замана үні", "Поэзия
дәурені", "Мамыр" деген бақандай үш бірдей поэзия журналы шығып тұрды.
Сондай-ақ, "әдебиет қоғамы" алдыңғы шепке ақын-жазушылардан, әнші-
бишілерден хал сұрау делегациясын жіберіп отырды. Бұдан басқа да қытай
елінің түкпір-түкпірінде "әдебиет қоғамының" бөлімшелері құрылып, неше
ондаған журналдар шығарды.
"Әдебиет қоғамы" құрылудан ілгері, театр саласының жауға қарсы қоғамы
құрылып, әрі жұмысқа кірісіп те кеткентұғын. Оның артынша музыка, кино,
сурет салалары бойынша іркес-тіркес өздерінің жауға қарсы қоғамдарын құрды.
Қытайдағы қазақ әдебиетінің зерттелу мәселесін айтқан кезде, қытай
ғалымы Су Бихайдың Қазақ мәдениетінің тарихы [5] еңбегіне ерекше
тоқталамыз. Аталмыш еңбекте Шынжаңдағы қазақ әдебиетінің тарихын
атажұрттағы үлкен әдебиетпен байланыстыра отырып, ауыз әдебиеті үлгілерінен
бастап, талдау жасайды. Мәселен, Салиқа – Сәмен ғашықтық жыры Қытай
қазақтарына бұрыннан кең тараған махаббат трагедиясы. Жырдың оқиғасы сонау
XII ғасырдың бас кезінде болған. Сол кезде кәдімгі Алтай бетін мекендейтін
найман ханының қызы Салиқа әкесінің малын бағатын ілкімді жас жігіт Сәменді
құлай сүйеді. Бірақ, оның тегі ақ сүйек, Сәменнің тегі қара сүйек
болғандықтан, әкесі қызын Сәменге бермей қояды. Бірақ, өлсек те бір-
бірімізден айырылмаймыз деп серттескен екі жас, тауға барып бекінген
жерінен қолға түсіп, мейірімсіз дойыр күштер тарапынан өлтіріледі. Екі
жастың көз жасына, қайғы-шеріне толы дастанның әр жолы өте әсерлі - дейді.
Сондай-ақ Қытайдағы қазақтар арасында кеңінен таралған – Бақтиярдың қырық
бұтағы, 40 дастанды қамтыған Тотынама (Тотының қырық тарауы) – Азат
Бақыт (Бақтияр), Құдайдат, Ақбезер хан, Қонағасы, Шәкір-Шәкірат,
Сабырлы патша, Сабырсыз патша, Қабдусамат, Алтын балық, Нұғман-
Нағым, Тәжік бала, Темірзада, Қасым-Жомарт, Көркемше, Жәмсап,
Зияда-Шаймұрат, Шеризат, Алтын қанат, Самұрық құс, Мәлике қыз
(Мәлике - Хасен), Ағаш ат, Жылан патшасы Шахмаранның он екі әңгімесі,
Қайғы мен қасірет, Ерен ғайып, Нұрқа залың, Опалы жұбайлар, Ораз
молла, Шәмсия, Жиханша тарауларына жеке-жеке сипаттама беріп, талдау
жасайды. Осы еңбегінде қазақтың батырлық эпосын сөз ете келіп, ғалым:
Қазақ жыр-дастандарының біраз бөлігі Мұхаммед пайғамбардың ислам дінін
жарыққа шығару жолындағы жанқиярлықтарына, Қали Арыстанның ғазат
жорықтарына арналған. Мысалы: Қали мен албастының айқасы, Қали мен
Дариғаның күресі, Зарқұм, Сал-сал, Миғражнама, Ақыр заман қиссасы
(Келешек келбеті) т.б.
Телегей теңіз қазақ жыр-дастандарында қазақ өмірінін әр саласын молынан
қамтыған қымбатты қазыналар жатыр. Торқалы той, топырақты өлім, ішіп-жем,
тұрар жай, әдет-ғұрыптық заң ережелер, жер-су аттарына қатысты мол деректер
бар онда.
Аталмыш жыр-дастандарда табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірдегі түрлі
жағдаяттар тамаша суреттелген. Олар ұлттардың дамуы мен өзара кірігуін,
діни сананың қалыптасуын зерттеудегі баға жетпес қымбатты материалдар.
Сондай-ақ, тарих, антропология, қоғамтану, этнос пен этнографияны зерттеуде
де зор маңызға ие” – деген жоғары баға береді. Осыдан соң Қытайдағы қазақ
жазба әдебиетінің туу, қалыптасу жолына баға беріп, олардың көрнекті
өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтеді. Атап
айтқанда, Ақыт Үлімжіұлы, Әсет Найманбайұлы, Жүсіпбекқожа Шайқыислам,
Төлебай Бөжекұлы, Нұртаза Шалғынбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар
Татанайұлы, Нығымет Мыңжани шығармашылықтарын аса жоғары бағалайды. Ең
соңында айрықша атап өтуге тиісті тұлға қазіргі заманғы Қытай қазақ
әдебиетінде өзіндік орны бар ақын, жазушы, филолог һәм тарихшы ғалым Нығмет
Мыңжаниды ерекшелей атайды.
Ол қалам қуаты күшті, жан-жақтылы дарынды жазушы. Нығмет 1922 жылы
Тарбағатай аймағының Толы ауданында туған. Ол өз ана тілінен басқа қытай,
орыс, түрік тілдерін жетік білді. Ел іші-сыртындағы көптеген атақты
жазушылардың – Лу Шүннің, Мау Дүннің және Белинский, Гоголь, Толстой,
Чернышевский, Пушкин, Горький, Маяковский, Фадеев тектес орыс ақын-
жазушыларының шығармаларын оқып ер жетті. Өзінің әдеби шығармашылық өмірін
1933 жылдан бастаған ол, 1942 жылы Қытайдағы жапон империализміне қарсы
партизандық соғыс тақырыбын бейнелейтін төрт бөлімді Күрескер отбасы
деген пьеса жазып, басқа біреумен бірлесіп сахналады. 1943 жылы ол Қыз
Жібек туралы деген тақырыппен ұзақ шолу мақала жазды. Онда Қыз Жібек
дастанын тудырған тарихи себептерге тоқтала келіп, Қыз Жібек операсындағы
кейіпкерлердің көркемдік бейнесіне талдау жасады. 1945 жылы ол Озбырлар
деп аталатын сатиралық өлеңін жазды. 1946 жылы елді өнер-білімге,
мағырипатқа, береке-бірлікке шақыратын Білім – өнер шырағы, Күш –
бірлікте деп аталатын мақалалар жариялады. 1948 жылы Нығмет Мыңжанидің
Тұрмыс тілшісі атты повесі және Қазақтың қысқаша тарихы атты кітаптары
жарық көрді.
Тұрмыс тілшісінде кедей отбасында туып, ер жеткен жалынды жас Әсембек
пен жеке бастың еркіндігі жолында күрескен Айшамның махаббаты суреттеледі.
Қыздың әкесі қарсы болса да ол екеуі өзінің алған бетінен қайтпайды, оқып,
білім алуды мұрат тұтады. Соған бола Әсембек Үрімжіге келіп, бір жағынан
жұмыс істеп, бір жағынан оқу оқиды. Оқуын оқи жүріп, Шың Шысай үкіметінің
сұрқиялылығын әбден танып біледі. Көп өтпей Әсембек Қауіпті элемент
делініп түрмеге жабылады. Ол түрмеде жан түршігерлік қинау көрсе де,
жауларына бас имейді, әрі алған бетінен қайтпай, қарсылық күрестерін
жалғастыра береді. Айшам өзінің болашақ жарының жазықсыздан жазықсыз Шың
Шысайдың жендет тырнағына іліккеніне кектеніп, төңкеріс жолына түседі. Ақыр
аяғында халық жаппай қозғалғандықтан үкімет халықпен бейбіт бітімге келеді.
Айшамдар ереуіл жасап түрмеге басып кіріп, Әсембекті құтқарады. Бір-бірімен
қауышқан іңкәр жастар Біздің келешегіміз әлі алда - дейді. Бұл сол
кездегі әлеуметтік шындықты нақтылы бейнелеген, ерекше қоғамдық мәні бар
шығарма.
Нығмет Мыңжанидің тағы бір артықшылығы – оның төселген аудармашы
екендігінде. Ел азаттығынан (1949) бұрын ол Қытай зиялысы Су Бихаймен бірге
қазақтың ғашықтық дастаны Сәлиқа – Сәменді, Қазақстан жазушыларының
қаламынан туған Әлия, Мәншүк поэмаларын және Шәкәрім Құдайбердіұлының
Қазақ шежіресін қытай тіліне аударды. Бұл ұлттардың өзара түсіністікпен
мәдени қарым-қатынасты тереңдетуіне зор септігін тигізді.
Соңғы жылдары зерттеудің жаңа бағыттары ашылды. Атажұрттағы зиялы қауым
өкілдері де шетелдегі қазақ әдебиеті үлгілерін зерттеуге кірісті. Мәселен,
академик Р.Нұрғалиевтің құрастыруымен жарық көрген Қазақтың жүз романы
оқу құралында Мағаз Разданұлының Алтай ақиықтары, Омарғазы Айтанұлының
“Аң шадырын оқ табар”, Тұрсынхан Зәкенұлының Көк бөрілердің көз жасы,
Қажығұмар Шабданұлының Қылмыс көп томдық романдарына, Күнгей
Мұқажанұлының Өр Алтай, З.Сәнікұлының Сергелдең романдарына арнайы
талдау жасалып, қазақ әдебиеті тарихынан алар орынына лайықты баға берілді.

Жалпы, Ат тұяғын тай басады демей ме дана халқымыз, ең бастысы, соңғы
жылдары ондағы әдебиетке Ақыт аталарының, Омарғазы ағаларының ізін басып
жүздеген көптеген талантты жас ақындар келіп қосылды. Олардағы рухани өсу
бұрынғыларға қарағанда тіпті тез, тұғырлары биік болып келеді. Себебі олар
қытай әдебиетін, қытай тілі арқылы әлем әдебиетін оқып өскен ұрпақ. Оның
үстіне туған халқының рухани нәрінен қанып сусындаумен бірге, Мағжан,
Мұқағали, Жұмекен, Олжас жырларынан нәр алған, үлгі алған ұрпақ. Сондықтан
да олардың бүгінгі талант-талғамы – ертең қазақ жырының алтын ғасыры Шығыс
Түркістанда болатындығын күмәнсіз елестетеді. Демек, қазақ әдебиетінің
зерттеу аясы да кеңейе түсетініне нық сенімдіміз.
Бұл аймақтағы қазақтардың жазба әдебиеті XIX ғасырдың екінші жартысынан
бастап қалыптаса бастады. Ол кезде Қазақстан патша өкіметінің, Шығыс
Түркістан – Маньжур-Қытай империясының билеуінде болатын. Осыған байланысты
олардың өміріне үлкен өзгерістер ене бастады. Маньжур-Қытай империясы
қазақтардың жеріне бекініс-қамалдар салдырып, өздерінің әскери-әкімшілік
мекемелерін құрады. Ел билеу жүйесі өзгереді. Ел өміріндегі мұндай
өзгерістер осы кезеңдегі ақындар шығармаларына айрықша әсер-ықпал етеді.
Ақындар қоғам өмірінде болып жатқан жағдайларға өздерінің көзқарастарын
біддірмей отыра алмады. Өз заманынын шындығын шығармаларына арқау етті.
Олар халықтың ойын мәнді мәселелерге аудара білді.
Қалың қауым – халықтың қамын жырлап, олардың қасірет-қайғысына
ортақтасты. Басқаның басқаруына кіріптар болған елінің ертеңін ойлады.
Тұтастай алғанда, аймақ әдебиетінің көшбасшысы болған ақындар
шығармаларының басты сарындары сол тұстағы елдің тыныс-тіршілігі, ұлт-халық
тағдыры, заман-дәуір келбеті болды.
Шыңжаң қазақтарының жазба әдебиеті XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап
қалыптаса бастады. Арғы тарихы атажұртқа қазақ халқының әдебиетімен,
өнерімен өзектес, желілес. Осы тұста ауыз әдебиетінің қайнарынан бастау
алған жазба әдебиетте поэзия жетекші жанр болып, бірнеше ақындардың
есімдері белгілі бола бастады. Олар: Ақыт Үлімжіұлы, Әсет Найманбайұлы,
Төлеубай Бөжекұлы, Жүсіпбек Шайхысыламұлы, Көтбай, Асылхан, Әріпжан тағы
басқалар.
Бұл кездегі ақындардың көпшілігі демократиялық бағытты ұстана отырып,
өздерінің шығармаларында халықты өнер-білімге, береке-бірлікке, мәдениетке
үндеді. Әділетсіз қоғам тудырған әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты
мінейді. Ақыт Үлімжіұлы:
Ғылым - сәуле нұр жарық,
Оқымай болмас құр қалып.
Талаптанып оқысаң
Жүрегіңе тоқысаң
Көрерсің сонда бір жарық [6, 81]-
деп халықты білімге шақырса, ақын Төлебай Бөжекұлы еңбекші халықтың ауыр
тұрмысына ашына отырып, үстем тап өкілдерінің озбырлық іс-әрекеттерін
әшкерелейді. Ол:
Екі амбы, төрт үкірдай, гуңмен жеті.
Бұлардың сүйер асы қойдың еті.
Жарлыдан жалғыз атты, бір қойды алып,

Ашылды ары қалмай елдің беті [6, 103], -

деп қара қауымға тізесі батқан Мәми секілді билердің ашкөздігін сынаса,
Дорба атты дастанында:
Қойыпты жүзбасы қып сорлы елге,

Жасыңнан-ақ сойқан ең жүрген жерге, -

дейді. Ақын халықты билеп отырған мансап иелерінің парақорлығын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
Шығармашылық құқық
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Пәндер