Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.1 Халық жұмбақтарының жиналуы мен зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Жұмбақтардың тақырыптық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2 Жұмбақтардың басқа жанрлармен ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Жұмбақ және мақал.мәтелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Жұмбақ және өлең ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Шешендік сөз және жұмбақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3 Жұмбақтардың көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.1 Жұмбақтардың жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.2 Жұмбақтардың сөз көркемдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі. «Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі – жұмбақтар. Ол – барлық елдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл ұжымның еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесінен туған. Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы,олардыңсыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жағын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оныңқұбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылытануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-бірінеұқсас белгілеріне қарап, олардың қадай зат екендігін, неден шыққандығын анықтаған.
Бертін келе адамзат баласының ой-өрісі, дүниетанымы, білім көлемі ұлғайған кезде, жаратылыс дүниесінің және заттардың шығу сырын анықтап аңғарған кезде жұмбақтар алғашқы қалпынан өзгере бастайды. Бұл кезде шығарылғанжұмбақтарда адамға таныс заттардың немесежаратылыс құбылыстарының сыртқы белгілері ғанаалынады, соған қарап жұмбақ шығарылады. Жұмбақзаттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқыбелгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсасжақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырынұстайды. Сондықтан да ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерінқысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз.
Міне, айтуға оңай болса да, халық жұмбақтарының құрылымдық ерекшеліктерін, көркемдік табиғатын ғылыми тұрғыдан түсіндіру оңай іс емес. Бұл тақырыптың өзектілігін танытатыны баршаға мәлім.
Зерттеудің мақсат-міндеттері. Жұмбақтың алғашқы үлгілерінде ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне, еңбек-кәсіп ету жайларына байланысты туып кейіннен халық өмірімен біте қайнасқан, талай ғасырмен бірге жасасқан, өзінің қалыптасу және даму процесінде жаңа мазмұн, жаңа тақырып алып отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, жұмбақ – өсу, ұлғаю үстінде болған, әрі тарихи дәуірлер туғызған жаңалықтарды бойына жинай келген. Қай кезде болса да, жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде қолданған. Мұнымен қатар, жұмбақтың білім берерлік, білмегенді білуге ұмтылдырарлық қасиеті барлығын халық жақсы түсінген. Сондықтан да жұмбақ халықтың күнделікті өмірінен ерекше орын алған.
Жұмбақ айту – әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М.Әуезов өзінің жұмбаққа қатысты еңбегінде, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп, былай деген: «Кейде бүкіл
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Әуезов М. Жұмбақтар туралы /Кітапта: Қазақ жұмбақтары. –Алматы, 1993. –112 б.
2 Ежелгі дәуір әдебиеті /Құраст: А.Қыраубаева. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 280 б.
3 Қазақтың халық жұмбақтары /Құраст: С.Аманжолов пен Т.Жанұзақов –Алматы: ҚМКӘБ, 1959. –244 б.
4 Қазақ әдебиетінің тарихы. Бірінші кітап, І том. –Алматы: ҚМКӘБ, 1960. –738 б.
5 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1974. –320 б.
6 Қазақ фольклористикасының тарихы. –Алматы: Ана тілі, –1988. –368 б.
7 Тілеужанов М. Ел әдебиеті. –Алматы: Ана тілі, 1992. –176 б.
8 Керім Ш. Қазақ жұмбағы. –Алматы: Санат, 1999. –248 б.
9 Тайлор Э.Б. Первобытная культура. – Москва: Наука, 1989. – 573 с.
10 Адамбаев Б. Халық даналығы, –Алматы: Жазушы, 1996. –158 б.
11 Абдульдина Б. Малые жанры казахского фольклора. – Алматы, Автореф. канд. дисс. 1993. - 25 с.
12 Табышмактар. – Фрунзе, 1985. – 381 б.
13 Паремиологический сборник. – Москва: Наука,1978. –320 с.
14 Митрофанова В.В. Русские народные загадки. –Ленинград, 1978. – 180 с.
15 Пермяков Г.Л. Основы структурной паремиологии. М., 1988. – 236 с.
16 Халидов Б.З. Учебник арабского языка. -Ташкент, 1981. – 212 с.
17 Қырық қазына. –Алматы: Мектеп, 1987. – 128 б.
18 Каталог фонда Института рукописей. II- том. –Ташкент, 1988. -С. 228-230.
19 Досмұхамедұлы X. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991. –174 б.
20 Досмухамедов Х. Родословная батыра /Ялантуш баһадура/ строителя медресе Тилля Қари и Широр в гор. Самарканде/ // Год работы казахского высшего педагогического института. –Ташкент, 1928.
21 Шах Идрис. Суфизм. –Москва, 1994. – 446 с.
22 Әбжанов М. Қазақ халқының жұмбақтары. –Алматы: Ғылым, 1966. – 65 б.
23 Сейдімбеков А. Күмбір-күмбір күмбездер. –Алматы: Жазушы, 1987. – 237 б.
24 Мал айырбастау //»Мәдениет және тұрмысы» журналы. 1985. №8. –Б. 34-38.
25 Бартольд В.В. Сочинения [В -9-ти т.]. Т.4. –Москва: Наука,1966. – 495 с.
26 Потанин Г.Н. У вотяков Елабужского уезда // Известия общества археологии и этнография. 13, 1888. –С. 191 - 192.
27 Сто сказок удмуртского народа. –Ижевск, 1960. – 218 с.
28 Мифологический словарь. –Москва, 1990. – 672 с.
29 Яшин Л А. Об удмурдском сказочном персонаже Алангасаре // Проблемы изучения финно-угорского фольклора. –Саранск, 1972. –С. 98 - 99.
30 Русские народные загадки, пословицы, поговорки. –Москва, 1990. – 224 с.
31 Хусаинова З. Узбек топишмоқлари. –Ташкент, 1966. –Б. 14-39.
32 Қарақалпақ фольклоры. Көп томдық. III том. –Нөкис,1978. 191 б.
33 Тиrк bilmeceleri. II, -Анкара, 1993. -131 б.
34 Қазақтың халық творчествосы /Ә.Диваев жинаған материалдар/ -Алматы: Жазушы, 1989. – 415 б.
35 Қазақ фольклористикасының тарихы. –Алматы, 1988. – 432 б.
36 Шешендік шиырлар. –Алматы: Ана тілі, 1993. -240 б.
37 Мың бір маржан. –Алматы: Мектеп, 1986. – 255 б.
38 Зейнолла Сәнік, Бейсенғали Садықан. Қаракерей Қабанбай. –Алматы, 1989. -172 б.
39 Дулатов М. Шығармалар. –Алматы, 1991. –382 б.
40 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы: Ғылым, 1993. – 296 б.
41 Ярмухаметов X. Поэтическое творчество татарского народа. Автореф. дисс. на соискание учен. степени д-ра. фил. наук. -А., 1969. –73 с.
42 Қазақ халық әдебиеті. Хрестоматия. –Алматы: Мектеп, 1990. –240 б.
43 Пропп В.Я. Исторические корни волшебной сказки. –Ленинград, 1986. -365 с.
44 Колесницкая И.М. Загадка в сказке.// Учен. зап. Ленинград. ун-та, 1941, №81. –С. 98 - 142.
45 Ел казынасы – ескі сөз. /В.В. Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері / –Алматы, 1994. –616 б.
46 Саттаров Қ. Жұмбақтың айтылу тарихынан // Қазақ тілі мен әдебиеті. –Алматы, 1972. –Б. 87- 91.
47 Веселовский А.Н. Психологический параллелизм и его формы в отражениях поэтического стиля // Соб. соч., т. I. Спб., 1913.
48 Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. –Алма-Ата, 1972. –259 с.
49 Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. –Алматы: Жазушы, 1997. –464 б.
50 Аймауытов Ж. Жаман тымақ. –Алматы: Ана тілі, 1992. –48 б.
51 Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер. –Алматы: Ана тілі, 1989. – 256 б.
52 Изеүкәй менән Моразым. -Өфө, 1994. - 352 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .11
0.1 Халық жұмбақтарының жиналуы мен зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11
0.2 Жұмбақтардың тақырыптық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1 Жұмбақтардың басқа жанрлармен ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
0.1 Жұмбақ және мақал-мәтелдер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
0.2 Жұмбақ және өлең ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Шешендік сөз және жұмбақ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
1 Жұмбақтардың көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...50
0.1 Жұмбақтардың жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
0.2 Жұмбақтардың сөз көркемдігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Ол - барлық елдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл ұжымның еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесінен туған. Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жағын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылытануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қадай зат екендігін, неден шыққандығын анықтаған.
Бертін келе адамзат баласының ой-өрісі, дүниетанымы, білім көлемі ұлғайған кезде, жаратылыс дүниесінің және заттардың шығу сырын анықтап аңғарған кезде жұмбақтар алғашқы қалпынан өзгере бастайды. Бұл кезде шығарылған жұмбақтарда адамға таныс заттардың немесе жаратылыс құбылыстарының сыртқы белгілері ғана алынады, соған қарап жұмбақ шығарылады. Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырын ұстайды. Сондықтан да ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз.
Міне, айтуға оңай болса да, халық жұмбақтарының құрылымдық ерекшеліктерін, көркемдік табиғатын ғылыми тұрғыдан түсіндіру оңай іс емес. Бұл тақырыптың өзектілігін танытатыны баршаға мәлім.
Зерттеудің мақсат-міндеттері. Жұмбақтың алғашқы үлгілерінде ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне, еңбек-кәсіп ету жайларына байланысты туып кейіннен халық өмірімен біте қайнасқан, талай ғасырмен бірге жасасқан, өзінің қалыптасу және даму процесінде жаңа мазмұн, жаңа тақырып алып отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, жұмбақ - өсу, ұлғаю үстінде болған, әрі тарихи дәуірлер туғызған жаңалықтарды бойына жинай келген. Қай кезде болса да, жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде қолданған. Мұнымен қатар, жұмбақтың білім берерлік, білмегенді білуге ұмтылдырарлық қасиеті барлығын халық жақсы түсінген. Сондықтан да жұмбақ халықтың күнделікті өмірінен ерекше орын алған.
Жұмбақ айту - әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М.Әуезов өзінің жұмбаққа қатысты еңбегінде, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп, былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған [1, 5]. Бұл - тарихи шындыққа негізделген пікір.
Біздің негізгі мақсатымыз жұмбақтардың поэтикасын ашу болса, онда оның нақты табиғи болмысы жұмбақтың жасалу ерекшелігіне байланысты болмақ. Қазақтың көптеген ертегілеріне мазмұн болған да немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған Қарттың ұлына айтқан өсиеті, Қарт пен тапқыр жігіт, Аяз бидің ертегілері дәлел. Сондай-ақ, ерте заманда күйеу таңдаған қыздар: Жұмбағымды шешкен жігітке ғана тием - деп, жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл-ойын сынау ретінде қолданған. Бертін келе жұмбақ ақындар айтысынан орын алған. Айтысқа түскен ақындар бір-бірінің ақындық өнерін байқаумен қатар. білім көлемдерін де сынасқан, ол үшін бір-біріне жұмбақ берісіп, өнер салыстырған. Ал енді кейбір елдерде жұмбақ әңгімелі жырлар тууына себепкер болған. Мәселен, ескі грек жұртының Эдип патша жайындағы трагедиялы әңгімесі жұмбақтан (сфинкстің Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кешке үш аяқты болатын не?) деген жұмбағынан басталып, көп жағдайларды суреттеген.
Міне мұның бәрі ауыз әдебиетінде жұмбақтардың мәні зор болғандығын көрсетеді. Осы тұрғыдан жұмбақтардың зерттелу тарихына үңіле отырып, оның тақырыптық бөлінуі, ауыз әдебиетінің басқа да жанрларымен арақатынасы және көркемдік сыр-сипаттарын ашу жұмыстың басты міндеті болмақ.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмбақ - оқушы балалар мен жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі; өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар, мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
Аталған тақырыптағы жұмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын көрсету, толық хронологиясын беру қиын нәрсе. Дегенмен кейбір тақырыптағы жұмбақтардың қашан туғандығын белгілеуге болады. Мәселен, өнер-білім, техннка жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, ХІХ ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді (хат), Өзі жаңа, өзі тесік (елеуіш) дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін емес. Өйткені адамдарға хат, елеуіш, сағат дегендердің өзі түсініксіз болатын. Сондықтан бұл текте - жұмбақтарды бергі кездің шығармасыі деп қарау керек. Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін тану әрекетіне байланысты туған деуге болады. Бұл тақырыптағы жұмбақтардан адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен күнді, жер мен көкті, от пен суды, қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды т.б. жұмбақ еткенде, өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселерге салыстырады. Аспан әлемі жұмбақ көлеміне енгенде көз жетпейтін дария, үлкен көк шатыр, кең сарай бейнесіне айналады. Кейде сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін жұмбаққа қосады.
Мәселен:
Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбас балалары, -
деп аспанды - дарияға, жұлдызды - қызға, ай меп күнді - аққуға. Жетіқарақшыны - балаға теңейді.
Ай мен күн, жұлдыз, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан үнемі парланып жұмбақталмайды, әрқайсысы өз алдына бір жұмбақ болып та отырады. Сонда күнді алма деп немесе күміс табақ, ақ сандық деп бейнелейді.
Жұлдыздар, көбінесе, ақ моншақ, меруерт, шашылған тары, ұсақ тас немссе қыз бейнесінде жұмбаққа қосылады. (Үй үстінде ұсақ тас, Там басына тары шаштым, Тақиям толған сөк, ертеңгісін дым да жоқ).
Айды жұмбақ еткенде, көбінесе оның үш мезгілі (жаңа туған ай, айдың жартысы, айдың толған кездері) бөлшектене алынады. Әр мезгіліне бөлек- бөлек бейне табады. Мұнымен қатар, айды су бетіне түскен көлеңкесімен де суреттеп отырады.
Мысалы:
Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар затты келбетіне
Мекені су жүзінде көрінеді,
Тамаша қарап тұрсам суретіне.
Халық аспан әлемінен Шолпан, Үркер, Жетіқарақшы, кемпірқосақ, найзағайды да жұмбағына енгізеді. Әрқайсысына ұқсас келетін сыртқы бейне, сурет, сипат, белгі табады. Шолпан, Үркер, Жетіқарақшыны, көбінесе құс бейнесінде суреттейді.
Жаратылыс тақырыбына шығарылған бір сыпырасы жерге байланысты айтылады. Бұл ретте жұмбақ көлеміне енетіндер: жер, су, от, боран, қар, тау, тас, өсімдік т.б. Жерді жұмбақ еткенде өлшеусіз пішілген бір дүние, көлеміне көз жетпейтін кілем түрінде сипаттайды. Суды жыланға теңейді немесе ағысымен аңғартады. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен, Отқа жанбас, суға батпас деп мұзды, Жер түбінен боз жорға ат келеді деп боранды жұмбақ етеді.
Жер әлемін жұмбаққа енгізгенде оған жер бетіне шығатын өсімдіктерді де қосады. Бұл ретте халықтың жұмбақтарынан егін, шөп түрлері орын алады, әрқайсысының шаруашылыққа пайдасы көп екендігін көрсетеді. Аласа терек, алпыс бұтақ, бұтақ сайын ұя, ұя сайын жұмыртқа деп егіннің басын жұмбақтайды. Қауын-қарбызды көгенде жатып семірген көк лаққа теңейді. Қырға кілем жайдым деп, жазғы жасыл жер көрінісін образды түрде бейнелейді.
Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы - төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен, оның сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тәп мінезімен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар Төсек астында төрт бауырсақ (сиырдың емшегі). Кейде әр түліктің неше айда төлдейтінін де жұмбақ арқылы білдіреді.
Хайуанаттар дүниесінен жұмбаққа қосылатыны: қасқыр, қоян, аю, жолбарыс, арыстан, түлкі т.б. Бұларды жұмбақтағанда, олар сыртқы бейнесімен, мінез-қылығымен алынады. Кейде жыртқыш аңдар жұмбақ көлеміне өздерінін, адам баласына, төрт түлікке жасайтын қастығымен енеді.
Мысалы:
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар, -
деп жолбарысты жұмбақтайды.
Хайуанаттармен қатар қазақ жұмбақтарынан шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бақа-шаян т.б. барлық жәндіктер дүниесі орын алады. Бұлар өздерінің түс-түгі, сыртқы белгілерімен, әр түрлі тіршілігімен жұмбаққа енеді.
Жұмбақтардың аса бір мол тақырыбы еңбек-кәсіп құралдары және тұрмысқа керекті жабдықтар жайында айтылады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі құрал-саймандардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпке дейін қамтиды.
Қазақ жұмбақтарының тақырыбы және мазмұны жағынан әрі күрделісі, әрі көбі: оқу-білім, өнер, техника жайын суреттеуге арналады.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жұмбақтың өзі де оның шешілуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиісті. Сонда ғана ол жұмбақ болады. Атадан балаға ауызша жеткен жұмбақтардың жиналуы бізге жеткен үлгілерін жұмысты орындауда басты тиянақ еттік.
Диплом жұмысының жаңалығы. Қазақ жұмбақтарының поэтикасына қатысты ізденісіміздің негізгі мақсаты жұмбақтың табиғаты мен болмысын нақтылап, оның көркемдік ерекшеліктерін ашу болатын. Осы мақсатқа ең алдымен жұмбақтардың зерттелуі, басқа жанрлармен байланысы, екіншіден, көркемдік табиғатына назар аудару арқылы жұмыс өз нысанасына жетпек. Ең алдымен жұмыстың құрылымдық жүйесін анықтау басты мәселе болмақ.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі мен қолданылған әдістер.
Қазақ халық жұмбақтары осы уақыт шеңберінде молынан жинақталып, ғылыми тұрғыда арнайы А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.О.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдулин, Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, еңбектерінде сөз болса, еліміз егемендік алған тұста Шәмшәдин Керім арнайы зерттеу жүргізіп, қазақ халық жұмбақтары туралы докторлық диссертация қорғады. Осы аталған еңбектер біздің жұмысымыздың басты таянышы болса, ондағы озық әдіс-тәсілдер еңбекте молынан кәдеге асты. Салыстырмалы әдістер ең басты тірек болғанын ерекшелей айтуды жөн санадым.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыс нәтижелері жоғарғы оқу орын студенттеріне оқылатын арнайы курстық дәрістерге, семинар сабақтарға және ізденуші мектеп оқушылары мен жалпы рухани қазынаға қызығушыларға беретін малұматтары мен пайдасы бар.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс: кіріспе, негізгі үш бөлім мен тараушалардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы

1.1 Халық жұмбақтарының жиналуы мен зерттелуі

Халық ауыз әдебиетінде кеңінен дамыған ұсақ жанрдың бірі - жұмбақтар. Жұмбақ қазақ ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан жанр. Оның кейбір нұсқалары көне заманда шыққан ескерткіштерден орын алған. Мәселен, Венгр ғалымы Иосиф Бузенң Хива диалектісі атты еңбегінде Исхах молдадан жазып алып бірнеше жұмбақты берген. Мұның кейбіреуі қзіргі қазақ жұмбағына ұқсайды. Ал XIV ғасырдың кейбір ескерткіштерінде кездесетін куман жұмбақтарының көпшілігі қазір бізде бар. Мысалы, Codeх Сumanicus - те: Отырғаны оба жер, басқаны бақыр шанақ (үзеңгі) [2, 178] - немесе, Көк лағым көгенде жатып семіреді (қарбыз), Жол үстінде илі қайыс (жылан), Аузын ашсаң өкпесі көрінеді (есік пен от) [2, 179] сияқты куман жұмбақтары қазақ жұмбағына ұқсас келеді.
Қазақ жұмбақтарының үлгілері ел арасынан өткен ғасырда-ақ жинала бастаған. Бұл жөнінде орыстың тамаша ғалымдары В.В.Радлов, А.Лютин, П.М.Мелиоранский, Ә.А.Диваев т.б. көп еңбек сіңірді. Олар жұмбақтарды жинап, газет-журнал беттерінде жариялады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында (1842) М.Иванов Татар хрестоматиясы атты еңбек шығарады. Бұл кітаптың бірінші бөлімінде жұмбақтар беріледі. XIX ғасырдың екінші жартысында 1870-1871 жылдары Туркестанские ведомости атты газет бетінде қазақ жұмбақтары жарияланып отырады. Бұл жұмбақтарды әрі этнограф, әрі фольклорист М.Ибрагимов Орта Азия этнографиясының материалы деген тақырыппеп жариялайды. Бұл жарияланған жұмбақтардың жалпы саны 40-50-ден артпайды. Беріректе қазақ жұмбақтары газет беттерінен гөрі журналдарда көбірек жариялана бастайды.
Қазақ жұмбақтарын ғылыми түрде зерттеп, көп жинаған ғалымның бірі Л.Лютин еді. Ол өзінің Қырғыз хрестоматиясы атты 1883 жылы Ташкентте шыққан кітабынд 130 жұмбақ жариялаған. Мұны ол Ақмешіт қазақтарының жұмбағы деп атаған. Автордың көрсеткеніндей бұл жұмбақтардың Ақмешіт (қазіргі Қзылорда) тұрғындарына тәндігі жұмбақтың тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен байқалады.
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген орыс ориенталистері П.М.Мелиоранский, Алекторов те халық творчествосының бір саласы жұмбақтарды үнемі жинап, сол кездегі газет-журнал беттерінде жариялап отырды.
Олар қолдарына түскен жұмбақтарды іріктемей сол қалпында басқан. Сондықтан да олардың ішінде ислам дінінің өкілдері, дін, шариғат туралы жұмбақтар кездесіп отырады.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін сүйіп зерттеген, көрнекті галым Ә.Диваев өзінің Сырдария облысының этнографиялық материалдары атты жинағында қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен қатар жұмбақтарды да көп жинап бастырды. Ол жинаған жұмбақтардың біразы жарық көрді. Ал 1898-1900 жылдары орыс тілінде шыққан Тургайская газетада едәуір жұмбақтар жарияланды. Бұлардың ішінде көлемділері М.Иванов пен А.В.Васильев жинап бастырған жұмбақтар. Бұл дәуірдегі жарық көрген жұмбақтардың ішіндегі көрнектілері Қожахмет пен Әубәкір айтысы, қыз бен жігіт айтыс жұмбақтары еді. Қожахмст пен Әубәкір айтысын, екінші рет, 1900 жылы А.В.Васильев бастырды. Васильев бастырған нұсқа бұрынғысынан өңделіп, орыс алфавитімен қазақ тілінде басылған. Мұқамет Садықұлы Садыржан мен келіншектің жұмбақ айтысы, Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтыстары 1902-1903 жылдары Қазан қаласында араб әрпімен қазақ тілінде басылды.
Сапарғали мен Нұржанның айтысы толық түрінде екінші рет 1908 жылы Жұмбақ мақалдар деген жинақта жарияланды.
Октябрь революциясынан соң халық ауыз әдебиетін зерттеу, оны жинау мәселесінс қатты назар аударылды. Осыған байланысты жұмбақтарды жинау, бастыру, зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бұл ретте бірсыпыра жұмыстар жүргізілді.
Бұл тұрғыда алдымен Әбубәкір Диваевты ерекше атаған жөн. Сол сияқты С.Аманжолов та жұмбақтарды тақырыбына қарай жіктеп, оны ғылыми жүйелеп, 1940 жылы дербес кітап етіп бастырып шығарды [3]. Осы жинақ кейін толықтырылып, 1959 жылы қайта басылып шықты. Жинақтың алғы сөзінде академик жазушы М.О.Әуезов жұмбақтар жайлы ғылыми пікір айтып, дәйекті талдаулар жасады. Бұдан кейін жұмбақ жанры да өз алдына жеке ғылыми зерттеу обьектісіне айналды. Қазақ жұмбақтары туралы Ә.Марғұлан, Ш.Ахметовтер еңбектері Қазақ әдебиеті тарихының фольклорға арналған томдарына енген [4]. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған М.Ғабдуллиннің Қазақ ауыз әдебиеті (1974) [5], Ә.Қоңыратбаевтың Қазақ фольклорының тарихы (1991) [6], М.Тілеужановтың Ел әдебиеті (1991) [7] оқулықтарынан жұмбақтың жанрлық сипаты туралы ой-тұжырымдар табамыз. Қазақ жұмбағы туралы докторлық диссертация қорғаған Шәмшәдин Керімнің монографиялық еңбегі жарық көрді [8]. Бұның бәрі жұмбақтардың жиналуы, зерттелуі туралы ертелі-кеш істелініп жатқан елеулі еңбектер екендігі анық.

1.2 Жұмбақтардың тақырыптық түрлері

Қазақтың қазіргі заман жұмбақтары әр алуан тақырыптарға құрылуы мүмкін.
Қазақ жұмбақтарын мазмұн жағынап қарағанда, өзге де көп халықтардағы сияқты бірнеше үлкен тақырыптарға бөлуге болады: бірінші - жаратылыс, екінші - адам, үшінші - жасанды зат, төртінші - еңбек, бесінші - білім жайында.
Сөйтіп. еңбекші халық маңайдағы жанды-жансыз затты еңбек арқылы танып, өмірінде кездесетін барлық пайдалы затты, еңбек ісін, жұмбақ сөзбен сипаттап, оны көпшіліктің игілігі етіп отырған.
Жұмбақтың күрделі саласының бірі - жаратылыс дүниесін жұмбақтау. Жаратылыс қазақ жұмбағында ерекше орын алады. Жаратылысты жұмбақтап айтуда көбірек орын алатын, әсіресе, аспан әлемі мен жер. Әлемді, аспан көлемін жұмбақтап айтқанда оны - кең сарай, байтақ дүние, көк шатыр бейнесінде, не шірімейтін, үсімейтін қасиетпен суреттейді.
Мәселен:
Дүниеде бір дарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын,
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін
Іші кең бәрін сақтап толмайтұғын [3, 19].
Кейде көк жүзін жойқын дария бейнесінде жұмбақтайды:
Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде ерді байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбаз балалары.
Мұнда дария - көк аспан болса, қыз дегені - шытырман жұлдыз, екі аққу дегені - ай мен күн, жеті сарбас балалары - жеті жарық жұлдыз.
Күннің көзін жұмбақтаса, оны не алма сипатында, не күміс табақ түрінде, не сандық түрінде суреттейді.
Мәселен:
Алтын алма тербеледі,
Кейде бүркер алма жүзін,
Үлпа мақта перделері,
Шешуін мүпың кім біледі
(күн).
Не болмаса:
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
(күннің көзі), -
деп тамылжыған күннің сәулесін құлпырған ақ жібек бейнесінде айтады.
Ай жүзін жұмбақпен түсіндіру үшін оның су бетіне түскен көлеңкесі мен мезгілі арқылы бейнелейді. Бұл сурет халық қиялының поэзиялық бейнені өте сүйетіндігін көрсетеді.
Мәселен:
Қонақтап күн де келер су бетіне,
Пар келмес гауһар затты келбетіне.
Мекені су жүзінде көрінеді,
Тамаша қарап тұрсам суретіне [3, 58],
(ай жүзі).
Аспан әлемінен жұмбақ болған заттың бірі - жұлдыз. Жұлдыз қазақ жұмбағында көбінесе моншақ, меруерт, не қыз түрінде бейнеленеді.
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасаң, толып жатыр, көзіңді ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.
Жұлдыз кейде ұсақ тас түрінде де айтылады. Аспан, ай, жұлдыз, планеталарды қосып жұмбақтағанда:
Қиырсыз бір теңіз бар ол немене?
Құбылып қалқиды алтын бір тегене.
Сансыз құс жүреді ойнап ортасында.
Алты қаз бен жеті үйрек, үш бөдене.
Бұл жұмбақта аспан әлемі қиыры жоқ жойқын теңіз бейнесінде айтылса, үркер - алты қаз бейнесінде айтылып. жеті қарақшы - жеті үйрек бейнесінде айтылып, үш бөдене дегені - Үш арқар, таразы дейтін жұлдыз деуге болады.
Аспан көлемінен жұмбаққа мазмұн болған нәрсенің бірі - найзағай. Бір кезде халық жаратылыстаң жаны бар деп және найзағайды, желді, дауылды жаратылыстан тысқары күш деп түсінген. Жаратылыста ерекшелік сыр, қасиет бар деп түсіну қазақ жырында да жиі кездеседі. Найзағайды жұмбақтап айтқанда оны былай дейді.
Аспанда бір нәрсе бар жылмыңдайды,
Тау басында жүгіріп қылмыңдайды,
Жанына жан иесі жақын келсе,
Бақырып бас салуға тайынбайды
(найзағай).
Бұлтты жұмбақпен айтқанда оны қанатсыз ұшатын, аяқсыз кезетін бір зат бейнесінде көрсетеді.
Бір кеме аспанда ұшқан аяғы жоқ.
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ,
Күнінде талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ [3, 70],
(бұлт).
Жерді жұмбақпен суреттегенде, оны өлшемсіз пішілген бір дүние түрінде, не ұшы-қиыры жоқ масаты кілем түрінде бейнелейді:
Зер-зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем [3, 52],
(жер).
Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі,
Қимылдар сол кісіден елдің тісі,
Талқандап беті-жүзін тырнасаң да,
Бір ауыз неге үйттің деп болмайды ісі.
Сөйтіп қазақ жұмбағында жердің мегзеуі болған нәрселер: масаты кілем, өлшеусіз пішілген дүние, жайын, алып, кемеңгер кісі, кәрі ана тағы басқалар.
Суды жұмбақпен айту үшін оны не жылан түрінде, не өзінің құбылысымен келтіреді.
Мәселен:
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен [3, 72] (су).
Болмаса:
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ
(су).
Жұмбақтардағы жер көлеміне кіретін заттардың ең байы өсімдік, оның ішінде көбінесе екпе өсімдіктер. Мәселен: бидай, арпа, сұлы, тары, күнбағыс тағы басқалар.
Егін халық тіршілігінде негізгі қоректің бірі. Сондықтан, оның еңбекпен табылатын бағасы да халық жұмбағында жеткілікті айтылады.
Жеп жатарға жасқанбай бірді берсең,
Он аларсың біріне бір күн көнсең,
Еш уақытта еңбегің еш болмайды.
Әрекет қып, беріп ал тіліме ерсең
(егін).
Астықтың ішіндегі ең пайдалысы бидай екенін және оның маржандай сыртқы әдемі түрін:
Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда, қырық жұмыртқа
Қырық жұмыртқада қырық балапан
(бидайдың басы).
Жемісті жұмбақтап айтқанда, оның елжіреген нәзіктігін, еріп, үлбіреп тұратынын және онын ішіндегі пайдалы дәнін көрсетеді.
Үлпершекке қан құйып,
Үріпш талға байладым
(қарақат).
Сөйтіп, еңбекші халықтың тіршілігі еңбекке байланысты болғандықтан олар әрқашан өздерінің өміріне, тіршілігіне керек болған заттарды үнемі жұмбақ етіп отырады.
Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы - төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады.
Мал өсіріп кәсіп еткен, оның сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады.
Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар:
Төсек асында төрт бауырсақ
(сиырдың емшегі),
Екі кісі қарауыл қарады,
Бір кісі шөпшек терді
(түйенің өркеші) -
секілді болып келеді.
Хайуанаттар дүниесінен жұмбаққа қосылатыны: қасқыр, қоян, аю, жолбарыс, арыстан, түлкі т.б.
Бұларды жұмбпқтпғанда, олар сыртқы бейнесімен, мінез-қылығымен алынады. Кейде жыртқыш аңдар жұмбақ көлеміне өздерінің адам баласына төрт түлікке жасайтын қастығымен енеді.
Мысалы .
Белестен шапқан бесті ат,
Бүлкіл келген желісті ат,
Кезетсізді іздейді,
Малдан күдер үзбейді, -
деп қасқырды сипаттайды.
Хайуанаттармен қатар, қазақ жұмбақтарының шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, т.б. қысқасы барлық жәндіктер дүниесі орын алады. Бұлар өздерінің түс-түрі, сыртқы белгілерімен, әр түрлі тіршілігімен жұмбаққа енеді. Бұл тақырыптағы жұмбақтар:
Ұшқанда өлең айтады,
қонғанда жер қазады
(қоңыз),
Кішкене ғана қара тас,
атан түйе тарта алмас
(қарақұрт),
Ат басты, арқар мүйізді,
бөрі кеуделі, бөкен санды
(шегіртке),
сияқты болып келеді.
Жұмбақтардың аса бір мол тақырыбы - еңбек-кәсіп құралдары және тұрмысқа керекті жабдықтар жайына арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі құрал-саймандардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпіке дейін қамтиды. Арба, шана, қамыт сайман, ер-тұрман, балға, балта, қысқасы барлық шаруа құралдары, үй жабдықтары, киім-кешек, ыдыс-аяқ, т.б. жұмбақ көлеміне енеді.
Мысалы:
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге аяғының.
Қос қолды хайуанға арта салып,
Салады әуезіне баяғының -
деп арбаны суреттейді.
Немесе:
Өзі батыр, жасырынып жатыр (қақпан),
Тұрса түйедей, жатса қояндай (ер-тоқым),
Алдын айпар, жанын жайлар (шалғы),
Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім (шалбар),
Бір тышқанда екі құйрық) (ине, жіп),
Кішкене ғана ақ күшік, жүгіре-жүгіре буаз болды (ұршық) т.б.
Қазақ жұмбақтарының тақырыбы жағынан әрі күрделісі, әрі көбі, оқу-білім, өнер, техника жайын суреттеуге арналады. Бұл тақырыптардың біразы қазақ елінің Ресей мемлекетіне қосылған кезінде туған секілді. Ал басым көпшілігі советтік дәуірде туғандығын байқаймыз.
Аталған тақырыптағы жұмбақтар өнер-білім, оқу, техникасы жалпылама түрде айтылмайды, әрқайсысын ажырата, жекелеп алады және нәтижесін айтады. Мысалы: оқу оқып, білім алуға керекті жабдықтар мен құралдарды сипаттау арқылы оқу-білім жайы жұмбақталады. Бұл ретте жұмбаққа енетіндер: қағаз, қарындаш, қалам, әріп, кітап, дәптер, т.б. жұмбақ қалам мен қарындашты - жүйрік жорғаға, сия сауытты - тастан соғылған, суы таусылмайтын құдыққа, әріптерді - ағайындас адамдарға теңейді. Кітапты - жаны жоқ болса да, ақылы адам ісін істейді - деп, немесе:
Бір нәрсені білмегенді білгізеді,
Өзіңді қарап тұрсаң күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді [3, 79],
деп сипаттайды.
Географиялық картаны жұмбақ еткенде:
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін, -
деп бейнелейді.
Техника туралы шығарылған жұмбақтардын көлеміне енетіндер: автомашина, паровоз, пойыз, телеграф, телефон, радио, трактор, самолет т.б.

2 Жұмбақтың басқа жанрлармен ара қатынасы

2.1 Жұмбақ және мақал-мәтелдер

Жұмбақтар поэтикалық құрылымы жағынан мақал-мәтелдерге ұқсас.
Американдық эгнограф Э.Тайлор жұмбақ ықылым дәуірлерде мақал-мәтелмен бір болған, кейінірек ажырап, екі жанр өз жолымен дамыған деген ой айтады [9, 78].
Мәтелдер өзінің ой байламын тұспалмен астарлап білдіреді, осы жағынан алғанда жұмбаққа өте жақын. Мына төмендегі мәтелдер жұмбақ ретінде де жүреді: Ел жатса да енекем жатпайды, Ашылмаған сандықта пішілмеген құндыз бар, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың, Үй артында бәйтерек, күресуге кісі ке рек, Сырты жылтырауық, іші қалтырауық екен.
Қазақ мақал-мәтелдерін зерттеген Б.Адамбаев пен Б.Абдуллина аралық жанр ретінде жұмсалатын жұмбақтар бар екендігіне тоқталады [10, 17; 11, 20-21].
1993 жылы Ана тілі баспасынан шыққан Қазақ мақал-мәтелдері жинағынан:
Көшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін (160-б.), -
дегенді оқи алсақ, бұл мәтел Қарақалпақ фольклоры (Нөкис, 1978, ІІІ-т, 95-б.) атты кітапта сәл фонетикалық өзгеріспен жұмбақпен берілген. Шешуі - қаңбақ.
Халқымызда:
Күн бір жауса,
Терек екі жауады, - деген мақал бар.
Сонымен бірге теректі астарлай:
Күн бір жауса,
Ол екі жауады, - деп жұмбақтайды.
Жұмбақ пен мақал-мәтелдің қарым-қатынасы екі жақты. Біріншіден, жұмбақтың мәтелге айналуы ықтимал, ол үшін жұмбақтың байламын табу шарты сақталмауы қажет, көбінесе байламы ұмтылған жұмбақ мақал-мәтел қорына қосылуы да мүмкін. Екіншіден, мақал-мәтел жұмбақ ретінде қолданылып, шешімін табуды тілейді. Мәселен, тіліміздегі: ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады - деген мәтелдің алғашқы ауру сөзі түсіріліп, жұмбаққа айналған, яғни шешімі - ауру.
Осы екі жанрдың бір-біріне оңай ауысып, көше алуы сыртқы тұрпатының ұқсас болуымен қатар мазмұны, сөз саптауының ұқсас болуымен іліктес. Мәтел де ойды астарлап, емеурінменбілдіреді, адамға екі ұшты ой тастайды, оның бүкпе ойын іштей ұғынып, сезінеміз.
Тілден тұрақты сөз тіркестері - фразалар мен идиомалардың да жұмбақка айнала алатынын мысалдар айғақтайды. Төменшіктеп, жасқаншактап, именіп жүруді білдіретін жусаннан аласа, бетегеден биік тіркесі қоянның жүріс-тұрысын, қасиетін дәл көрсететін жұмбақка айналған.
Жер астынан жік шықты,
Екі құлағы тік шықты - деген тіркес табан астынан бәле шықты, ойламаған жерден кісімсіп, ақылдысынып, қожасынып шыға келді деген мағынада айтылады. Қырғыз халқында осыған орай:
Жерден жик чыгат,
Эки құлағы тик чыгат, - деген тышқан [12, 82] туралы жұмбақ бар.
Қазақта көңілі жарым, іші құса болып жүрген адамғабайланысты айтылатын сырты бүтін, іші түтін дейтін тіркес саңырау құлақ туралы жұмбақ ретінде де жұмсалады.
Тұрақты сөз тіркесі, мақал-мәтел сөйлеу кезінде әр түрлі мақсатта пайдаланылады, олардың ауыс, бейнелі мағынасын іштей ғана ұғынып, қабылдаймыз, шешімін табу шарттылыққа жатпайды.
Жұмбақтың кейде мақал ретінде қолданылуына тек қазақ емес, дүние жүзі халықтары фольклорынан көптеп табуға болады. Жұмбақ пен мақал-мәтелдердің жақындығын фин фольклоршысы М.Кусси, түрік ғалымы М.И.Башгез, орыс паремиологтары
В.В.Митрофанова мен Г.Пермяков атап көрсетеді [13, 315; 14, 116; 15, 93]. Паремиологиялық әдебиетте Riddle Proverds, яғни жұмбақ-мақал деген термин орныққан .

2.2 Жұмбақ және өлең

Жұмбақтардың ырғақты болатыны, таза өлең түрінде келетіндігін алдыңғы тарауда айтқанбыз. Осы қасиеті арқылы тез жатталады, көркемдік қуатқа ие болады. Жұмбақтардың тек өзі ғана емес, шешімі де өлең түрінде келуі мүмкін. Төмендегі мысалдарға назар аударайық:
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңге мінген бар ма екен?
Екі тісін ақситып,
Сұлу сүйген бар ма екен?
Ұзын-ұзын қара жол,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Тұңғиықты қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Шешуі:
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңге мінген - пайғамбар.
Екі тісін ақситып,
Сұлу сүйген - шәһрияр
Ұзын-ұзын қара жол,
Түбіне жеткен - жолаушы
Тұңғиықты қара су,
Түбіне жеткен - балықшы.
Бұл жұмбақ жыр өрнегінде. Өлең түрінде жұмбақтар негізінен, қара өлең түрінде ұшырайды. Қара өлең әнмен, белгілі сазбен айтылады. Демек синкреттілік сипатқа ие.
Меккеде бір ағаш бұтақтары,
Үстінде отыз, отыз жапырақтары,
Жапырақтың асты ақтан, үсті шұбар,
Қыздардың мұны білмес ақымақтары.

oo Меккеде бір ағаш бұтақтары,
Үстіне отыз, отыз жапырақтары,
Асты ақтан, ақ қағазда шұбар жазу,
Молданың болар оқыған кітаптары.
Осы тектес бүгінгі өмір шындығын нысанаға алған өлең жұмбақтары да бар.
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанымен ізі жалғыз,
Сағатына талай жер қарыштайды.

Шешеді оңай бұныңды бала-шаға,
Жолға түскен іздерге қараса да.
Қос дөңгелек жалғыз қалдыратын,
Велосипед десем ел таласа ма?
1989 жылы Оразақын Асқардың құрастыруымен жарыққа шыққан Қара өлең жинағында жұмбақ өлеңдер арнаулы бөлімде топтастырылған. Жұмбақ өлеңдер қыз бен жігіттің қағысуы ретінде де келеді.
Осы орайда әбжад негізінде пайда болған жұмбақтарға тоқталып өту ләзім.
Қыздың:
Цифр бар жиырмасыншы сөз басында,
Отыз бенен сегіз жүз тұр қасында.
Және тағы жетпіс пенен сексенде бар,
Осы сөз білесің бе қай фасылда?- деген жұмбағына жігіт әбжад хисабы бойынша былайша есептейді:
Цифрдан жиырмасыншыкаф шығады,
Отыздан - ләм, сегіз жүзден - дад шығады.
Жетпістен шығатұғын айн харпы,
Сексеннен - фа таңбалы хат шығады.1
Әбжад дегеніміз - арабтың 28 әріптерін жатауға қолайлы етіп, арнайы алдын ала топтастырып, құрастырылған жасанды сегіз сөздін тізбегі. Әбжад сөздеріндегі әрбір әріп 1000-ға дейінгі бүтін санның цифрлық белгілемесі ретінде қолданылады.
Алиф - 1, ба - 2, жим - 3, дал - 4, һа - 5, уау - 6, за - 7, ха - 8, та - 9, иа - 10, каф - 20, ләм - 30, мим - 40, нұн - 50, син - 60, айн - 70, фа - 80,сад - 90. каф - 100, ра - 200, шин - 300, та - 400, са - 500, ха - 600, за - 700, дад - 800, за - 900, ғайн - 1000 [16, 62].
Ескі оқуда медресе шәкірттері әбжад xисабын жатқа білуі шарт депесептеген. Әбжад хисабы қазақ даласында ежелден-ақ арнаулы пән деңгейінде оқытылған. Қадым оқу тәлім-тәрбиесінде адам әліпбиді меңгерумен қатар әбжад хисабын үйренген.
Әбжад хисабы халықтық жұмбақ ішінде әдемі өрнектер түзеді. Сөзімізге айғақ етіп, халықтың жұмбақ есебін ұсынамыз: Ертеректе жеті ауылдың ел-жұрты бас қосқан жерде үлкен айтыс болады. Жиналған халық аңшы жігіт пен салауатты қыздың өлеңдеріне барынша ден қояды. Қыз жігіттен қай айда туғанын өлеңмен сұрайды.
Жігіт:
Сарыкөлдің бар екен алпыс қазы,
Сол қаздардың екі жүз балапаны.
Тоғыз үйрек, дәл елу қасқалдағы,
Артық-кемсіз айтқаным - әбжад саны, - дейді.
Ақын қыз әбжад саны бойынша қай сан қандай әріпті білдіретінін бірден түсіне қояды. Жігіт жұмбақ өлеңді тез шешкен қыздан қанша жасқа келгенін сұрайды. Қыз:
Бір қызға жеті жігіт зар болады,
Екі жаман қосылса сор болады.
Жасиды артық-кемсіз мен айтайын,
Иағазанықоссаңыз сол болады, - деп жауап қатады Жігіт қай айда туған? Қыз неше жасқа келген [17, 17].
Шешуі: әбжад бойынша алпыс саны - с, екі жүз - р, тоғыз саны - т, елу - н әріптерін білдіреді. Әріптердің оқылуы бойынша бұдан саратан айының аты шығады (а әрпі қосылып оқылады). Ал ескі араб әліппесі бойынша та әрпінің әб жадтық саны - тоғыз, дальдікі - сегіз.
Жігіт саратан айында туған, қыз он жеті жаста. Әбжад хисабын жұмбақ айтысқа түскен ақындар да пайдаланған. Керейт Даңмұрынның жұмбағын Қаңлы Жүсіп:
Сұрайтын сұраушыдан білем десе,
Әбжадтан есеп қылсын Жүсіп атын, - деп жауап қатуында осындай сыр жатыр.
Шөкей салдың жұмбағын жарыса шешкен ақындар қатарында Кете Жүсіп былай дейді:
Басы - он, ортасы - алпыс. соңы - сексен,
Бұл нұсқау хабар берер біздің аттан.
Е мен шын, нұн мен иә, әліп пен зе
Аңдатар әкем есімін ақиқаттан.
Әбжад хисабы боиынша он - жи, алпыс - син, сексен - фа яғни атының Жүсіп екенін тұспалдатса, үшінші жолда әкесінін аты Еснияз деп аңғартады.
Бұрын медреселерде әбжад сөздерінің әріптерін жатқа оқытумен қатар оның реттік тәртібін, сандық мәнін мүлтіксіз жадында ұстау міндеткерлік деп саналған. Әбжадтың жоғарыдағыдай сан дық құпиясын, әріптік мәнін айқын ұқпаған жан жұмбақты шеше алмайды.
Ташкенттегі қолжазба институтының қорында әбжад есебіне негізделген жұмбақтар сақталған. Олар тақырыптарға жіктелген. Мәселен, алғашқы үш жұмбақ - құран, шариғат, намаз хақында. Жұмбақтар әбжадты үйрену үшін ойлап табылған жұмбақтардан тұрады [18, 288].
Әбжад есебінің Орта Азия мен қазақ даласына ертеден орныққанын мына бір айғақтар нақтылай түседі. Самарқан шаһарындағы әйгілі Шердор медресесін қазақтың алшын руынан шыққан Жалаңтөс баһадүр (1576 - 1656) салдырған. Медресенің ішкі қабырғасында даңқты қолбасшыға бағышталып жазылған мадақ мынадай жолдармен аяқталады: Осы құрылыстың іргесін Жалаңтөс баһадүр қалағандықтан, ғимараттың тұрғызылған жылы - Жалаңтөс баһадүр жылы деп аталады.Осы бір жұмбақ сырлы жазулар құпиясын Халел Досмұхамедұлы (1883 - 1939) былайша сөйлетеді:
Егер Жалаңтөс баһадүр сөзін құрайтын араб харіптерінің сандық мәнін тізсек, онда ғимаратты салу жылы хижра бойынша 1028, ал қазіргі жыл санауымен 1619 жыл болып шығады.
Бұл тұста түпнұсқа парсы тілінде жазылған жоғары жолдардағы Жалаңтөс баһадүр есімі араб әліпбиі бойынша Илнктуш бһадр деп берілетінін, Х.Досмұхамедұлының осы есімді әліпби есебімен есептеп шыққанз [19, 41; 20].
Әбжад есімін пайдалана отырып, алуан тұспал, меңзеулерді білдіру, әсіресе, софы, ақындар арасында кең таралған үрдіс [21, 205-210].
Қазақ жұмбағының зерттеушісі М.Әбжановтың Есеп жұмбақтардың түрлері өте аз дамыған [14] деген пікірімен келісу қиын. Есеп жұмбақтары аз емес, ел ішінде өте көп. Тек асыл қазынамыздың осы түріне көңіл аударылмай келген. 1986 жылы Мектеп баспасынан халық есептерінің бір тобы жеке кітапша болып шықты. Кітапшаны құрастырушылар былайша түйін түйеді:
Бұл есептер қазақ ауыз әдебиетінің өзінше бір ерекше жанры іспетті. Қысқа да тұжырымды әңгімелер ең алдымен жастардың дүниетанымын байытуға, есепке деген құштарлығын арттыруға, сол арқылы ойын ұшқырлауына себін тигізеді. Әр түрлі тақырыптағы есептер арқылы оқырман өткен кезеңдердің әлеуметтік-тұрмыстық болмысын бағдарлап, нақты түсінік алады. Мал бағып, егін салудың, аң аулап, кәсіпішілік етудің қарапайым ұлттық көріністерімен танысады [17, 3].
Аталған кітаптан есеп жұмбақтың бір үлгісін келтірелік: Қаратаудың теріскей етегін жайлаған, жалбыр тонды кедей жалғыз атынан айрылып қалады. Ойда-жоқта көзден ғайып болған атын іздеп ол әуре-сарсаңға түседі. Ойдан қырға, жоннан жотаға шығады. Бірақ жоғалған ат табылмайды.
Бірер апта өтеді. Таудың теріскей бетінде қоныс теуіп отырған біреу жоғалған атты ұстап алып, кездейсоқ жолыққан адамына тоғыз сомға сатып жібереді.
Малдың жаңа иесі атты семіртеді де, алған құнынан екі есе қымбатқа сатады.
Аттың бұл иесі кәнігі бапкер екен. Ол атты баптап бағып, бәйгеге қосады.
Аламан бәйгеде ат бірінші болып келеді. Бәйгесіне өз бағасынан екі есе көп ақша беріледі.
Ат жаратып бәйге алған адамның қуанышы көпке бармайды, жайлауда жүрген ат жоғалып кетеді. Мал иесі базарға барып, үш адамға жар салады. Әрқайсысына үш сомнан ақша береді. Бірақ бұдан ештеңе шықпайды.
Қолдан-қолға өтіп жүрген ат ақырында өзінің әуелгі иесі жалбыр тонды кедей үйіне қайта оралады. Жоғалып, табылған мал - олжа деп ол қуанғанынан, сүйінші сұрап келген адамға үш сом береді.
Сонда қашаған аттан кім қанша пайда тапты немесе зиян шекті? [17, 33].
Ел арасындағы жұмбақ есептер ата жұрттың байырғы кәсібі мал шаруашылығымен тікелей байланысып жатады, оның шешімін тек сол ортада ғұмыр кешіп, өмір-тіршілігін сонымен сабақтастыра алған адамдар ғана түсініп, таба алмақ. Мысалы:
Бір тоқтым бар. Егіз де таппайды, еркек те таппайды, таппай да қалмайды. Сол тоқтыдан тараған тұқымдардың да қасиеті сондай. Әлгі бір тоқты он жылда нешеу болады?.
Шешуі: Егіз таппайды дегені - өлім-жітімін шығарып тастағаны. Еркек таппайды дегені - сойыс-жемін айтқаны. Соның өзінде бір ғана тоқты он жылда 1024 бас болмақ, яки екі отар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
Жұмбақ жанры
Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары
Балалар жұмбақтары мен балалар айтыстары
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары
Қазақ жұмбақтарының зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
Пәндер