Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы Әмірші бейнесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Жазушы және оның көркемдік әлемі
1.1Авторлық концепция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2Аңыз және шындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1.3Қаламгердің стильдік даралығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2 Романдағы Әмірші тұлғасының жасалу ерекшеліктері
2.1Әмірші һәм Махаббат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
2.2Жазушының Әмірші бейнесін сомдаудағы шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Көркем әдебиетке қойылар талап барынша күшейіп отырған қазіргі дәуірде жұртшылықтың, әдеби туынды көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге, алуан-алуан маңызды философиялық-психологиялық сыр-толғаныстарға айрықша назары ауып отыр. Сонымен образдағы «таныс-бейтаныстарға» - типтік бейнелерге бұрынғыдан әлдеқайда зор ынтамен зер салуда. Мейлі қоғамдық-тарихи және философиялық-әлеуметтік мәселелер болсын, мейлі моральдық-этикалық қарым-қатынастар болсын, қай-қайсысы да образдар арқылы шынайы көркемдікпен дәлелді дәйекті шешімін тапқан жағдайда ғана оқушы санасында құбылыс туғызарлықтай қуатты әсерге ие болмақ.
Образдар танымының диалектикасын ашуға жазушының көркемдік-эстетикалық принциптері, суреткерлік концепциясы ғана емес, ic жүзінде қолданып отырған көркемдік тәсілі де әсерін тигізбек. Образ - болмыс, тіршілік келбетінің қоршаған орта мен жағдай, уақыт және адам арасында туындайтын құбылыс-құпиялардың жинақтаушылық мәнге ие бейнелі көрінісі. Өмip танушылық ролі тұрғысынан келгенде қазақ прозасының қол жеткен табыстары аз емес. Алысқа ұзамай-ақ қазақ жазушыларының шығармаларын шолып шықсақ, әр кезеңдегі тарихи жағдайға сәйкес образдардың да өзіндік ерекшеліктері бар.
Образ табиғатынан туындаған әрекетті шығарманың көркемдік байланысына апарып телу дұрыс емес. Өйткені, туынды бітімінен қорытылатын заңды, көркемдік логика жазушының концепциясынан тамыр алады. Соның нәтижесінде қоғамдық-әлеуметтік, философиялық-психологиялық, моральдық-этикалық, эстетикалық қарым-қатынастардың жинақталған сыр-сипаты аңғарылып, образ логикасы соның көркем дәлелі, талдауы болады, сол сыр-сипаттардың ішкі-құбылыс өзгерістерін бейнелейді.
Суреткерлердің шығармаларында айқынырақ көрінетін өзіндік қолтаңбалары болады. Ол ерекшеліктер: композициялық шымырлық, терең психологизм, кейіпкерлердің әрекет-қимылдарын жан-жақты талдап көрсету, әдемі баяндау тәсілі деп білеміз.
Өзге замандас жазушылары секілді, Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі әдет-ғұрып, дәстүр-тағлымдарын егжей-тегжейлі кейде суреттеуге құмбыл, ол көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына ерекше мән береді, сол детальдардың әлеуметтік, философиялық мән-мағынасына үңіліп, халық өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысады.
Адам болмысына қатысты терең философиялық толғаныстар 70-80 жылдар прозаның дарынды өкілдерінің бірі - Ә.Кекілбаев шығармашылығының негізгі бағыттарын айқындады. «Шыңырау», «Күй», «Ханша–Дария хикаясы», «Бәсеке», «Құс қанаты», «Шеткері үй» повестері, «Аңыздың ақыры» романы жазушының
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Ғұбайдуллин С. Әбіш Кекілбаев прозасының тілі. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. -Алматы, 1995-256 б.
2 Қирабаев С. Екі томдық шығармалары. Т.: 1. –Алматы: Жазушы, 1992-378б.
3 Ысқақбай М. Шығарма шырайы – шындық. –Алматы: Рауан, 1994-76 б.
4 Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Балладалар мен роман. –Алматы: Атамұра, 2003.
5 Жарылғапов Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.
6 Бельгер Г. Дала балладалары // Ә.Кекілбаев. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.1: Роман және повестер. –Алматы: Жазушы, 1989.
7 Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. –Алматы: Жазушы, 1997.
8 Тоқбергенов Т. Көңілдің отын қоздатып// Жұлдыз журналы. 1990, №11.
9 Хафиз. Ғазалдар. Алматы: Жазушы, 1986.
10 Қабдолов 3. Арна. Әдеби-сын толғаныстар. Алматы: Жазушы, 1988.
11 Хасанов С. Аңыздар әлемі// Жұлдыз журналы. 1991, №12.
12 Қабдолов 3. Жебе. Әдеби толғаныстар мен талдаулар. –Алматы: Жазушы, 1977.
13 Кәрібаева Б. Талап деңгейі. Әдеби-сын мақалалар. –Алматы: Жазушы, 1984.
14 Егеубаев А. Сөз жүйесі. –Алматы: Жазушы, 1985.
15 Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. –Алматы: Мектеп, 1983.
16 Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.
17 Әдебиет және өнер мәселелері (Ғылыми жинақ). –Алматы, 2002.
18 Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. –Алматы: Жазушы, 1993.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. –Алматы: Жазушы, 1996.
2. Тоқбергенов Т. Ай мүйіз. –Алматы: Жалын, 1990.
3. Майтанов Б. Психологизм – прозадағы жаңашыл арна // Уақыт және қаламгер: әдеби сын. 7-кітап. –Алматы: Жазушы, 1980.
4. Хамзин М. Мәтін және қаламгердің көркемдік әлемі// Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Гуманитарлық ғылым сериясы. №2 [30], 2003.
5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. –Алматы: Атамұра, 2005.
6. Юбасарова Г. Әбіш Кекілбаев шығармаларында автор бейнесінің көрініс табуы// Академик Е.А. Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл: Е.А. Бөкетовтің 80 жылдығына арналған халықаралық-тәжірибелік конф. материалдары. -2-т.: Гуманитарлық ғылымдар. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Көркем әдебиетке қойылар талап барынша күшейіп отырған қазіргі дәуірде
жұртшылықтың, әдеби туынды көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге, алуан-
алуан маңызды философиялық-психологиялық сыр-толғаныстарға айрықша назары
ауып отыр. Сонымен образдағы таныс-бейтаныстарға - типтік бейнелерге
бұрынғыдан әлдеқайда зор ынтамен зер салуда. Мейлі қоғамдық-тарихи және
философиялық-әлеуметтік мәселелер болсын, мейлі моральдық-этикалық қарым-
қатынастар болсын, қай-қайсысы да образдар арқылы шынайы көркемдікпен
дәлелді дәйекті шешімін тапқан жағдайда ғана оқушы санасында құбылыс
туғызарлықтай қуатты әсерге ие болмақ.
Образдар танымының диалектикасын ашуға жазушының көркемдік-эстетикалық
принциптері, суреткерлік концепциясы ғана емес, ic жүзінде қолданып отырған
көркемдік тәсілі де әсерін тигізбек. Образ - болмыс, тіршілік келбетінің
қоршаған орта мен жағдай, уақыт және адам арасында туындайтын құбылыс-
құпиялардың жинақтаушылық мәнге ие бейнелі көрінісі. Өмip танушылық ролі
тұрғысынан келгенде қазақ прозасының қол жеткен табыстары аз емес. Алысқа
ұзамай-ақ қазақ жазушыларының шығармаларын шолып шықсақ, әр кезеңдегі
тарихи жағдайға сәйкес образдардың да өзіндік ерекшеліктері бар.
Образ табиғатынан туындаған әрекетті шығарманың көркемдік байланысына
апарып телу дұрыс емес. Өйткені, туынды бітімінен қорытылатын заңды,
көркемдік логика жазушының концепциясынан тамыр алады. Соның нәтижесінде
қоғамдық-әлеуметтік, философиялық-психологиялық, моральдық-этикалық,
эстетикалық қарым-қатынастардың жинақталған сыр-сипаты аңғарылып, образ
логикасы соның көркем дәлелі, талдауы болады, сол сыр-сипаттардың ішкі-
құбылыс өзгерістерін бейнелейді.
Суреткерлердің шығармаларында айқынырақ көрінетін өзіндік қолтаңбалары
болады. Ол ерекшеліктер: композициялық шымырлық, терең психологизм,
кейіпкерлердің әрекет-қимылдарын жан-жақты талдап көрсету, әдемі баяндау
тәсілі деп білеміз.
Өзге замандас жазушылары секілді, Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі
әдет-ғұрып, дәстүр-тағлымдарын егжей-тегжейлі кейде суреттеуге құмбыл, ол
көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына
ерекше мән береді, сол детальдардың әлеуметтік, философиялық мән-мағынасына
үңіліп, халық өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысады.
Адам болмысына қатысты терең философиялық толғаныстар 70-80 жылдар
прозаның дарынды өкілдерінің бірі - Ә.Кекілбаев шығармашылығының негізгі
бағыттарын айқындады. Шыңырау, Күй, Ханша–Дария хикаясы, Бәсеке,
Құс қанаты, Шеткері үй повестері, Аңыздың ақыры романы жазушының адам
жөніндегі көркем-философиялық концепциясын барынша ашып көрсетуге болатын
көркем шығармалар. Қаламгер әдебиеттік өрістеудің кейінгі кезеңдеріне тән
ерекшеліктер – тарих қойнауларына үңіліп аңыздық желілерді көркемдік
мақсатына сай қолдана отырып, өнердің ұлы нысанасы – адамды тануға тың
талпыныстар жасады. Өткен күннің көмескі суретін қиялымен байытып, қайта
тірілте отырып бүгінгінің мәселелерін бажайлайды.
Әбіш Кекілбаевтың прозасы, жалпы алғанда өмір құбылыстарына байсалды
ой-парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас,
диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі [1].
Ал Аңыздың ақыры романы Әбіш Кекілбаевтың бұрын жазғандарынан сыры
да, сипаты да мүлде бөлек, жазушының творчестволық тың табысы, өсу, іздену
эволюциясының жаңа қыры дерлік, өзіндік концепциясы бар дүние. Мұнда
қаламгер өзінің ойшылдығы мен парасатты суреткерлігін көрсеткен еді.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері: Жазушы шығармашылығымен, оның
ішінде, біз талдағалы отырған Аңыздың ақыры романымен таныса отырып,
ондағы басты қаһарман бейнесіне тоқталу, сол арқылы кейіпкер әлеміне барлау
жасау. Бұл еңбегіміз қаламгердің көркемдік әлемін тануға және жазушының
Әмірші бейнесін сомдаудағы шеберлігін айқындауға бағытталады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Әбіш Кекілбаев бұл романда өзінің
суреткерлік екі қасиетін – құлашы кең философтығы мен терең психолог
екендігін, бір сөзбен айтқанда, жазушылық биік интеллектісін дәлелдейді.
Жеке адам психикасы арқылы-ақ әр қоғамның әлеуметтік сипатын анық байқауға
болатындығын осы романнан аңғаруға болады. Адам бойындағы небір қасиеттерді
ашып, табиғи динамикасын автор суреткерлікпен өрістетеді. Романда жасалған
күрделі характердің даралығына, оның психологиялық мотивировкасының
нанымдылығына, логикалық жүйелілігіне мән беруге тырыстық.
Өткен ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ әдебиетінің соны табыстары
туралы сөз болғанда, көбінесе осы туынды ауызға алынатын еді. Аса көрнекті
көркем сөз шеберінің қаламынан туған бұл шығарма сол кездегі ұлттық әдеби
қазынамызға да, жазушының өз шығармашылығына да елеулі үлес болып қосылған
кесек дүние болды деген пікірге қаламгерлер мен қалың оқушы қауым да, әдеби
сын да бірауыздан бүгін де қосылар деген ойдамыз.
Ендеше сол тілеулес қауымға өзінің мол-мол көркемдік сырларымен,
ғажайып сұлу сымбатымен, адам жанының шын суреткер құдіретіне ғана ашылатын
не бір терең құбылыс-құлпырыстарымен ағыл-тегіл ақтарылып, кең арналы
дариядан жайылып салған осынау керемет көркемдік дүниесінің өзіндік ажары
қандай еді? Идеялық-көркемдік ерекшеліктері қандай еді? Жазушы өмірдің қай
белесін ойып алып, тарихтың қай бетін аударыстырып, біздің алдымызға қандай
тағдырлар талқысын елестетіп еді?
Бұлар – Әбіш Кекілбаевтай ірі талант иесінің шығармаларын көктей шолып
өткенде, әсіресе Аңыздың ақыры сияқты үздік туындының эстетикалық,
көркемдік ізденістер сипатын бағамдағанда туған сұрақтар. Сол сұрақтарға
жауап беру – біздің міндетіміз болып табылады.
Диплом жұмысының дерек көздері: Әбіш Кекілбаевтың шығармаларына кезінде
Т.Тоқбергенов, С.Әшімбаев, Б.Кәрібаева, Б.Майтанов, т.б өз пікірлерін
білдіріп, жақсы баға берді. Жұмысты жазу барысында С.Ғұбайдуллин,
Ж.Жарылғапов, С.Асылбеков т.б ғалымдар еңбектерін үнемі басшылыққа алдық.
Автордың әр кезеңде жазылған туындыларына толымды ойлар айтқан
замандастарының да еңбектері де қарастырылды. Әсіресе, Г.Бельгер мен
Ә.Нұрпейісовтің өзекжарды құнды пікірлері біз іздеген үміттің үстінен
шыққандай.
Диплом жұмысын жазу барысында қолданған әдіс-тәсілдер: әдеби талдау мен
жинақтау, жүйелеу.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Тақырыпқа қатысты жарық көрген
зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен мақалалары, ой-тұжырымдары және Әбіш
Кекілбаевтың Аңыздың ақыры романы талдау нысанына алынды.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім және
қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім өз ішінен екі үлкен тарауға, әр тарау
тараушаларға бөлінген. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

1 Жазушы және оның көркемдік әлемі

1.1 Авторлық концепция

Көркем әдебиеттің негізгі зерттеу обьектісі – Адам екені белгілі. Егер
әр көркем туындыда ...әбден дараланып, тұлғаланып адам тұрсын; жан- жақты
танылар жанды бейне жүрсін. Кесек бітімді күрделі характер жоқ жерде
тақырып пен идея да, композиция мен сюжет те, тіл мен стиль де - бірі де
іске аспайды деген өмірлік қағидаға сүйенсек, қазақ әдебиетіне роман
көптеп келіп, ол романдар ...өмірдің өзекті мәселелерін зерттеп, адамды
тануда, оның қоғаммен арақатынасын суреттеуде дұрыс бағыт ұстанды. Санада
туған серпіліс барша адамзат баласына ортақ проблемаларды алға тартты,
барлық қаламгерлердің алдында Адам! Ол кім? Өмір сүрудің мәні неде? Маңызы
неде? Адам мен тарих. Адам мен қоғам. Адам мен табиғат. Жақсылық пен
жамандық дегеніміз не? Адам барша әлемді танып үлгере ме, таным зердесінен
өткізе ала ма? Өмір дегеніміз не? Өлім дегеніміз не? Адам Жамандықты жеңе
ала ма? деген мәңгілік сұрақтар тұрды. Бұндай ауқымды проблемалар бұрын да
бар-тын, алайда оларға жауап іздеуге деген жаңаша талпыныс ерекше байқалды.
Замана, дәуір талабы осынау жалпы адамзаттық проблемаларды алға тартса,
тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл әлем әдебиеті осынау мәселелерге жауап
табуға талпынды, өйткені Суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол
өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да
енжар, бейтарап қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады.
Ендеше, оның қаламынан туған шығармалар да бір емес, бірнеше тақырыпқа
жазылады; бір емес, бірнеше проблемаға құрылады.
Міне, осылайша жаңа серпінге ие болған соңғы жылдар әдебиеті төл
әдебиетіміздің тарихына көптеген жаңалықтармен, соны ізденістерімен енетіні
анық. Санадағы сілкініс қазақ қаламгерлерінен осыны талап етті. Себебі,
әдебиет әдебиет болғалы жазып келе жатқан адам және адамгершілік
проблемаларының жаңа жағдайда өзгеше жырлануы қажеттігі де осыдан туады
...әрбір әдебиетші сол дәуір сырын түсінер, көркем бейнелер философ жазушы,
саясатшыл азамат болуы қажет.
Қаламгерлер Адамды зерттей отырып, сол Адамның бойындағы алуан түрлі
сипаттарға үңіле білді. Оның нәтижесінде қоғамның бет-бейнесіне, қыр-сырына
үңілуге күш салады. Адам мен қоғам деген мәңгілік ұғымдарға зерделілікпен
үңіліп, солардағы жағымсыз деген сипаттардың түп-төркініне, әлеуметтік
себептеріне барлау жасайды. Содан келіп қаламгер алдына қоғам және проблема
деген мәселелер күн тәртібіне қойылады. Қарап отырсақ, қандай дәуірде
болсын, заманның, уақыттың қаламгер алдына қоятын міндеттері болады, олай
болса, әрбір кезеңнің де қазақ қаламгерлеріне жүктеген міндеті осы жоғарыда
айтылғандардан туындады деуімізге толық негіз бар [2].
Адам болмысына қатысты терең философиялық толғаныстар 70-80 жылдар
прозаның дарынды өкілдерінің бірі - Ә.Кекілбаев шығармашылығының да негізгі
бағыттарын айқындады. Шыңырау, Күй, Ханша–Дария хикаясы, Бәсеке,
Құс қанаты, Шеткері үй повестері, Аңыздың ақыры романы жазушының адам
жөніндегі көркем-философиялық концепциясын барынша ашып көрсетуге болатын
көркем шығармалар. Қаламгер әдебиеттік өрістеудің кейінгі кезеңдеріне тән
ерекшеліктер – тарих қойнауларына үңіліп аңыздық желілерді көркемдік
мақсатына сай қолдана отырып, өнердің ұлы нысанасы – адамды тануға тың
талпыныстар жасады. Өткен күннің көмескі суретін қиялымен байытып, қайта
тірілте отырып бүгінгінің мәселелерін бажайлайды.
Әбіш шығармашылығында біздің қазақ жазушыларынан жиі ұшыраса
бермейтін бір ерекшелік сипат бар. Ол әр шығармадағы әр түрлі тақырыптар
мен идеялардың тұтасып барып бір жүйеге құруы, жазушы концепциясына
айналуы. Сол концепция Күй, Ханша-Дария хикаясы, Аңыздың ақыры
үшеуіне циклдық сипат дарытса, Шыңырау, Бәйгеторы повестері автордың
жаңағы шығармаларындағы ойын, дүниетанымын, өмір құбылыстарына деген
көзқарастарын айқындап, толықтыра түседі. Айналып келгенде, Әбіштің біз
атаған бес туындысының қай-қайсысында болмасын, бір мәселе – адамның
қоғамдағы рөлі мен орны деген жалғыз проблема қозғалады [3] – деп баға
береді сыншы М.Ысқақбаев. Біз осы айтылған орынды пікірге қосыла отырып,
Әбіш кейіпкерлерінің қоғамдағы орын-салмағын іздеумен шектелмейтінін
айтқымыз келеді. Рас, адам және қоғам қарым-қатынасы суреткердің көркемдік
қазынасына ерекше орын алатыны талас тудырмайды. Дей тұрса да, жазушы адам
мен оның тіршілік маңызын жан-жақтылық тұрғысынан зерттейді. Соның бірі –
адамның онтологиялық жалғыздығы мәселесі. Әрине бұл проблеманы
Ә.Кекілбаевтың аталып отырған шығармаларының барлығынан табамыз деу ағаттық
болар еді. Адам табиғатына қатысты бұл мәселе жекелеген туындыларында және
әр деңгейде көрінеді.
Жазушының Шыңырау повесіндегі бас кейіпкер – Еңсеп ата кәсібі – құдық
қазумен қоңырқай тірлік етіп жүрген, өз ортасы үшін елеусіз ғана адам. Оның
өмір сүріп келе жатқан осы шағына дейін қыран топан қызыққа батқан
берекелі өмірі жоқ. Түксиген сыз қабырғалар мен қиыршық топырақтан басқа,
екі иінінен аждаһадай айқара басқан көр-қараңғыдан басқа, көргені де
шамалы. Бірақ оның осы қара көр қуыс пен бір шөкім сұрқай өмірінен бөгде
ойлайтын да ештеңесі жоқ еді [4].
Суреткер өзінің стильдік бедері – аналитикалық, философиялық баяндауға
сүйене отырып шығарманы трагедиялық коллизияларға құрады. Еңсепті ғұмыр
бойы иектеп келе жатқан сезім – үрей мен күдік. Осы үрей сезімі Шекспир
айтқандай адамды ерлікке бастаған, адамның пасық сезімдерінен
жиіркендіретін ұғымнан басқаша екендігі повестің алғашқы рецензияларында
айтылып қалды да, әркем қарай тереңірек сөз болған жоқ [5].
Ол жер шұқып құдық қазу барысында, шыңыраудың түбінен судың шығу-
шықпауы екіталай. Өзі ойлаған мәжеге жеткенде өлім аузында жүрген кісінің
күйін кешеді. Баяғыдағы сәл болмашы қуанышы, бұдан әлде қайда бұрынғы,
тіпті кешегі талай құдық қазып бетегелі белге берекелі су келтіргендігі
қызығының барлығы ұмытылды. Еңсептің бойындағы үрей сезімі талай жылғы
құдықшылық еткен кәсібінің нәтижесінде пайда болды делік. Ал тас қараңғы
шыңырау түбінен жарық әлем – жердің бетіне шыққанда бұл сезімнің көлеңкедей
еріп жүретіні қалай? Үнемі солай. Күні кеше жігерін құм қылған қыран
шұңқырға қайтадан жетелеп алып келген әзәзіл күштің аты не екенін ол кезде
Еңсептің өзі де білмейтін. Келе-келе түсінді. Бірін-бірі жақсы мен жаманға
бөліп, жағаластырып қойған мына дүниеде бөтеннің аузынан шыққан жылы сөз,
қошемет-қолпаш әлі арыны қайта қоймаған арғымақ атқа қатты тебінген
үзенгімен бірдей екен. Ал ол кезде адам пақырды тауға ұрып, тасқа
соқтыратын аяр алдыныштың әлі арыны мұқалмаған арғымақ кезі еді [4].
Жазушы Еңсептің еңсесін езгілеген осы бір сергелдең сезімдердің түпкі
сырын оның тек құдықшылығынан ғана емес, тіршілік еткен ортасынан да
табады. Демек, Еңсеп еңбегінен ғана жатсынбайды. Оны жатсындырған мынау
қатыбас өмірі мен кекілінен сипамаған тағдыры. Яғни, үрей мен күдік
Еңсептің тіршілік ету формасына айналып кеткен. Ақырында ол өз өмірінің
ішіндегі ең терең шыңырауды қазып жүріп қазаға ұшырады. Қу тағдырдан талай
рет су шығарған ағасы Дәржанның да тағдыры осылай аяқталған.
Әбіш Кекілбаев Еңсептің жалғыздық өмірін, сайқымазақ тіршілігін
сыртқы моральдық қатынастар мен ішкі сезімдік әсерлерді тұтастықта суреттеу
арқылы нанымды етіп көрсете біледі. Жатбауыр әлемдегі адам өмірінің
өткіншілігі мен өкініштілігін баса суреттеген жазушы концепциясы таза
скептикалық арнада түйінделеді деуге де негіз аз. Повестегі мына бір
үзіндіде қаламгердің басты философиялық тұжырымы жатыр:
Асылы, адам көңілі өмірдің көп өткіншісі шұбырып жататын айдау қара
жолының үстіндегі қайыршының кетік тостағаны сияқты: өткіншілердің біреуі у
тамызады; өңшең у болса, әлдеқашан жер қабар едің, аз болса да, анда-санда
бір тамса да, жер үсті тіршіліктің тәттілігін сездіріп, таңдайыңды татытып
кететін балы бар ғой тағы да. Адамның есінен қанша таңғанмен, есірік
дәмеден қол үзбей, ылғи әлденеге тырмысып, арам тер болып жүретіні де
сондықтан шығар [4].
Әбіштің Бәйгеторысы бір қарағанда қамыттан қалып, тақымға жарамаған,
тұяқтан тозған, енді ешкімге керегі жоқ бір кездегі сұлу сәйгүліктің
бүгінгі пұшайман қалі туралы сияқты. Ал, үңіле қарасақ, автор не айтқысы
келген деген сауалды сауырлай түссек мысқылдап басталып, тереңдей берген
мыс-мыс ойға тап боламыз. Тұғырдан сәл тайып кеткен адамзаттың шетқақпай
болған тағдырын, яғни өз кезіндегі сұңқылдаған сұңқардың қарқылдаған
қарғалардың имансыздығының құрбандығы болып кеткендігін әңгімені оқып
отырып ойға аламыз. Бәйгеторы - осынау мазағы да азабы мол, күрделі де
күрмеуі мол, итжығысы мен текетіресі тең түсіп жататын өмірдегі
әділетсіздікті, немкеттілікті, тасжүректілікті айыптайтын, күні түскенде
күйбең қағатын, күйің кетсе, сәл сүрініп қалсаң демеудің орнына деміңді
алғанша тұншықтырып жіберетін екіжүзділер мен ішінде ит өлігі жатқандардың
жалған моралін әшкерлейтін хикая. Адамды шені мен шекпеніне қарап
бағалайтын, қызметі мен атағына бола ағалаған желбуаз жандардың азаматтың
қадір-қасиетін біле бермейтіндігін жазушы жақсы жеткізген.
Әбіштің тарихи тақырыпқа жазылған баяндарының ең мойны озықтарының бірі
- Ханша-Дария хикаясы. Мұнда алып-жұлып бара жаткан қым-қиғаш сюжет те,
сол себепті мені көр, мені көр деп тұрған аса қызғылықты оқиғалар да жоқ.
Повесть фабуласының ұзын-ырғасын бес-алты ауыз сөзбен тәмәмдауға болады.
Жарты әлемді аузына қаратқан ұлы әмірші Шыңғыс хан қартайған шағында
таңғұттардың астанасының ойран-ботқасын шығарып, бүткіл еркек
кіндіктілерінің бәрін қырып салады. Ең соңғы болып олардың ханы Шидүргінің
басы алынады. Таңғұрттар Отаны қан сасып, қаңырап қалады осылайша. Енді
бүткіл таңғұт төменетектілері монғол әміршісінің қарауында: ашса -
алақанында, жұмса жұдырығында. Оның ішінде ай десе - аузы, күн десе - көзі
бар Шидүргінің әйелі Гүрбелжін ханша да бар. Кәрі Шыңғыстың есіл-дерті осы
ханшада. Сұлуды қалай да өзіне қаратып, кұмарынан шықпақ. Алайда жүрегін
туған елі мен өзінің адал жарына деген махаббат кернеген сұлу ханшаны
Шыңғыс қаһары бағындыра алмайды. Гүрбелжін қойнында жатқан әміршіні жарып
өлтіреді, сонан соң өзі де мерт болады. Енді каһарымен дүниенің жарымын
тітіркенткен, қатыгез қаған да, сұлулығымен жұртты аузына қаратқан ханша да
жоқ бұл тіршілікте. Арттарында тек аңыз ғана қалады сөйтіп. Жай ғана көп
аңыздың бірі емес, тағлымы ғасырдан ғасырға ұласатын әфсана.
Кекілбаев зұлымдықтың, қара күштің әділет пен сұлулықтың алдында түптің
түбінде бәрібір жеңілетінін жеріне жеткізе дәлелдеп береді бұл баянда.
Жазушы қара күштің жеңісінің уақытша ғана екенін, оның ешқашан түбегейлі
бола алмайтынын аңғартады. Түпкі жеңіс Гүрбелжін ханша жағында. Сөйтіп,
бүткіл жарты әлемнің еркектерінің шамалары келмеген әміршінің сазайын тал
шыбықтай бұралған бір ару береді. Өктем күшті ауыздықтауға соның ғана
шамасы жетеді.
Гүрбелжін ханшаға осыншама күш дарытқан оның бойындағы өз жұрты мен
жарына деген шексіз сүйіспеншілшік, махаббат еді. Мұндай асқан тектілік,
мол қайрат пен қайсарлық тек осындай жанның ғана қолынан келетін.
Ханшадария хикаясының өлмес сабағы, міне, осындай. Егер Достоевский
Әлемді сұлулық кұтқарады десе, жоғарыдағы хикаяны оқып болғаннан кейін
осы бір даусыз пікірді Әлемді сұлулык және әйел жүрегінің адал махаббаты
құтқарады, деп толықтырғыңыз келіп кетеді.
Жазушыға осы бір көне аңызды қайта тірілту немене үшін қажет болды
деген сауал тумай қоймайды повестің ең соңғы бетін жауып, сәл-пәл ойланып
қалған оқырманның көкейінде. Бәсе, неге? Сүйегі қурап қалған Шыңғысты
мәнсұқтап, таңғұт ханшасын асқақтату үшін бе? Болары болып, бояу сіңген
кәрі тарихта біздің неміз бар? Бұ дүниеде не болмады, адамзаттың жұмыр
басынан не өтпеді. Бәрі де өтті, кетті емес пе?
Алайда бұлдыр-бұлдыр бұлыңғыр сағымға сіңіп кеткен сол көне замандардың
шындығы, сол мезгілдердің шешілмеген түйінді мәселелері әлі де жалғасып
келеді екен. Өзіміз өркениетке жетті деп есептейтін мына біз өмір сүріп
отырған әлем әлі де сол Шыңғыс пен Гүрбелжін сұлу заманының көкейтесті
сауалдарына кесімді жауаптарын бере алмай отырғанға ұқсайды. Өктемдік,
зорлық әлі де тыйылар емес, момындардың көз жасы әлі де төгілуде. Байлық
пен барлыкқа мастанған қара күштер жер шарының бүгін мына жерінен, ертең
ана жерінен бас көтеріп, азу тісін ақситып қояды. Мен баймын, мен бармын,
сондықтан өктеммін, ал қыларынды қыльш көр деп сес көрсетеді. Осыған қарап
мынандай қорытынды шығаруға болады - адамзаттың ақылы әлі әдемілік пен
әділеттің, сүйіспеншіліктің күшіне толық иланып болмапты, тарих
сабақтарының тағылымдары әлі көптің жетесіне жетіп үлгермепті. Ендеше,
Әбіштің көне аңызды қайта тірілтуінің жөңі бар. Ендеше уақыт шаңына
көміліп, ұмытылып бара жатқан Ханшадария аңызының біздің рухани
тәжірибемізге, адамдық санамызға қайта оралғаны жөн болған. Тарих
тағылымдарының өлмегені жақсы.
Ал Аңыздың ақыры романы Әбіш Кекілбаевтың бұрын жазғандарынан сыры
да, сипаты да мүлде бөлек, жазушының творчестволық тың табысы, өсу, іздену
эволюциясының жаңа қыры дерлік, өзіндік концепциясы бар дүние. Мұнда
қаламгер өзінің ойшылдығы мен парасатты суреткерлігін көрсеткен еді.
Роман бастан-аяқ ойға, толғанысқа толы, кәдуілгі интеллектуалдық
дәрежедегі философиялық шығарма. Жазушы бағзы заманның махаббат пен
ғазауатқа толы оқиғасын арқау еткенімен сол арқылы бүгінгі өмірге, қазіргі
уақыт шындығына, айналамыздағы адамдар мінезі мен әрекетіне қатысты айта
білген. Романдағы Әміршінің монологы, яғни ішкі толғанысы арқылы жалпы
адамдық характерге тән ішкі драматизмді, сезімдегі қайшылық пен
жұмбақтылықты көркемдік тұрғыдан келісімді көрсеткен. Әміршінің дүние,
өмір, адам, махаббат пен мансап, жақсылық пен жамандық, парасат пен
кесапат, намыс пен абырой, қанағат пен құлқын, тақ пен бақ, тағысын тағы
басқалар туралы ойы осы заманғы тоғышар, рухани, жарымжан адамдар ойын,
түсінік-түйсігін елестететін сияқты.
Әбіш бұл романда өзінің суреткерлік екі қасиетін – құлашы кең
философтығы мен терең психолог екендігін, бір сөзбен айтқанда, жазушылық
биік интеллектісін дәлелдейді.
Роман бас-аяғы төрт бөлімнен тұрады. Мұнда қым-қиғаш қайшыласқан шым-
шытырық оқиға, топырлаған тобыр жоқ, санаулы ғана адам, сан алуан қырлы
бірнеше ғана образ бар. Олар негізінен Әмірші, оның әйелдері және сарай
маңындағы барыпкелдер, мұнара соққан Жаппар мен оның таныстары. Ал үш
адамның психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте
қаларлықтай берілген. Олар - Әмірші мен кіші ханша және оған ғашық болған
шебер. Жазушының қаһарман психологиясын ашудағы стильдік тәсілі – монолог
пен баяндауды шебер астастыруы да атап айтарлық.
Әбіш Кекілбаев – үйірімді тілі, иірімді ойы бар жазушы. Сөздік қоры мен
лексиконының байлығы, тазалығы, табиғилығы жағынан біз оны ерекше
бағалаймыз. Ал, мына романның қай бетін алып оқысаңыз да Әбіш қаламынан
туған бейнелі көркем тілдің сиқырлы сырына тәнті боласыз. Ол бар білген
әдемі, орамды сөзін қалай болса солай шашып, рәсуа етпей, орнына, ығы мен
ыңғайына қарап қамырдан қыл суырғандай шеберлікпен пайдаланды.
Аңыздың ақыры тарихи роман ретінде әжептеуір зерттелді. Бірақ та бұл
шығарма ежелгі аңызды қайта жаңғыртып қана қойған жоқ, мұнда жазушы адам
ғұмыры, оның адамгершілік сапасы, жалпы жамандық пен жақсылық туралы өзінің
философиялық концепциясын ұсынады. Мұндағы басты қаһарман – Алмас хан Уақыт
пен Кеңістік жағынан нақтыланбауда да суреткерлік мақсат бар. Әміршінің
бейнесі адамның уақыт алдындағы, ажал алдындағы, зауал шақ алдындағы
шарасыздығының символы іспетті. Өйткені жалпақ әлемнің жартысын табанының
астына салған, шексіз биіктің иесі – Алмас хан Мәңгілік туралы ойлағанда
үнемі тығырыққа тіреледі.
Жаяу борасыннан сақина-сақина боп шимайланып қалған ұлпа құмақтағы
әлдебір сиқыр жазып кеткен жұмбақ дұғалықтай көп шиыр, қанша
телміргеніңмен, ой сергітердей нышан танытпайды. Қайта көңіліне тірішілік
дегеннің өзі де құм бетіндегі осы бір мән-мағынасыз құр шимайдай мынау ұлан
– асыр сұрқай кеңістіктегі бүгін бар, ертең жоғалып кететін өткінші бедер
ғана емес пе екен деген күдік қашырғандай. Күні кеше ғана асырды салып-
салып, ақырында мысы құрып, өз-өзінен тыным тапқан көктеменің әумесер
дауылындай о да қанща аласұрып баққанымен, уақыт дейтін сусыма құм бәрібір
із-түзін қалдыртпай, түп-түгел өшіріп жіберетіндей [4].
Бұл шығармадағы аңыздық желінің фон деңгейінде ғана алынуы сюжет
динамикасына да әсері бар. Негізгі екпін кейіпкерлердің ішкі халіне және
рухани толғанысына түсірілгендіктен, бір-бірін жылдам айырбастап жататын
оқиғалық желілер жоқ, ол баяу дамиды. Сондықтан да мұндай шығармаларға
реалистік проза үлгілерін талдауға қолданылатын әдіс-тәсілдерді пайдалану
кей жағдайда шығарманың нақ болмысын ашуға кедергілер келтіреді.
Мұндай сипаттағы шығармаларды әдебиетімізде молынан ұшырасуы қазақ
прозасының философиялық толғанысқа айрықша бет бұруын көрсеткен айтарлықтай
жаңалық болды.
Біз назар аударып отырған әдебиеттің осынау тарих кезеңіндегі сөз
өнерінің айнала ақиқатты көркемдік биіктен тану барысында дүниеге келетін
көркем бейнелерді психологиялық талдау тұрғысынан мүсіндеуге ынта ауғандығы
анық байқалады. Образдың нақты тұлға ретіндегі жан әлемі, психологиялық
бедерлері қай әдебиеттің қай уақытта болмасын назар аударып келе жатқан
проблемасы. Бірақ бұл бейнелеу тәсілінің орайлы қолданысы бұған дейін
классикалық дүниелерге тән болмаса, 70-80 жылдар аумағындағы әдебиеттің бір
ерекшелігі – адамның рухани болмысын, ішкі сезімін зерттеуді бір қауым
жазушылардың кейіпкер сомдаудағы басты көркемдік тәсіл ретінде ұстанғанын
көреміз.
Әбіш Кекілбаев көп жылдар бойы тынымсыз, табанды еңбек етіп, талантын
әр қырынан таныта білді, өлеңдер жинағынан басқа повесть, әңгімелердің,
сыни еңбектерінің бірнеше кітабын шығарды, Үркер, Елең-алаң аталатын
романдар жазды. Г.Мопассанның Өмір, Пьер және Жан романдарын,
Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік романының тарауларын, шет ел
авторларының әлденеше пьесаларын, әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Мұның
бәрі, әрине, аз еңбек емес. Ең жақсысы - оның қаламынан шыққан дүниелер
оқушыны да, сыншыларды да немқұрайды қалдырған емес, оның творчестволық
ізденістері әрдайым ден қойдырып, кейде әртүрлі талас пікірлер де тудырып
жүр. Ол шығармалардың орыс, неміс, венгер, болгар, чех, эстон тілдеріне
аударылуы да кездейсоқ құбылыс емес.
Әбіш Кекілбаевтың шәкірттік үйрену дәуірі пәлендей ұзаққа созылған жоқ.
Өзінің алғашқы өлеңдері, мақалалары, әңгімелері арқылы ол творчестволық
мүмкіндігінен хабар берсе, кейінгі жылдары жазған шағын көлемді повестері
автордың жазушылық қарымын, өзіне тән қолтаңбасын, қалыптасқан стилін
айқын танытты. Бір шөкім бұлт, Дала балладалары, Бір уыс топырақ
кітаптарына енген прозалық шығармалар оның творчестволық мұрат-
мақсаттарының ауқымын анықтап, оның стиліндегі эпиктерге тән байсалды
баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты,
бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерін
байқатты.

1.2 Аңыз және шындық

Аңыз - белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Аңыздың тарихи адамға қатысын да айтуға болады. Кейде аңыз әңгімеде шындық
оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз
бен ертегінің арасы жақын. Бұлардың негізгі айырмасы - аңыз әңгіме көбінесе
тарихи тұлғалардың ,тарихта болған адамның басынан өткен оқиғалар, тарихта
расымен болған, кейіннен сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузындағы лақапқа
айналған адам туралы әңгіме етіледі.
Аңыз әңгіменің тарихи адам төңірегінде болу себебі сол адамның сол
кездегі қоғамдық рөліне байланысты, яғни сол қоғамдағы атқарған қызметіне
байланысты, не ол адам батыр болуы мүмкін, немесе қоғамдық қарым-
қатынастарды реттеп отыратын адам болуы мүмкін. Сол істерді атқару
барысында осы адамдар белгілі бір қияли әрекеттерге барады, болмаса сөздер
айтады. Артына өшпестей мұра қалдырады. Осындай аңыз әңгімелердің біреуінде
Асан Қайғы былай депті-мыс, Алдар көсе солай депті-мыс деген лақап
әңгімелерге айналады. Оны әңгіме-жыр етіп бір-бірінен жаттап алып, кейінгі
ұрпақ біздерге жеткізген.
Аңыз дүниелердің бәрі бірдей болғанымен әрбір шығарманың сюжет желісі,
идеялық мазмұны әртүрлі. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып әрекеттер
мол. Олар адам баласын қол жеткізгісіз биік армандарға бастайды, оның
бойындағы ұшқыр ойына қанат бітіріп, болашақ өмірге деген сенімін
арттырады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда аңыз бен шындықтың арасында өзіндік әлем
жасап жүрген әйгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы бізді қатты
қызықтырады. Оның өмірбаяны мен шығармашылық іздері аңызды да қасиетті өлке
Маңғыстаумен тығыз байланыста. Сол бір туған жерден тік көтеріліп, көк
аспанда қалықтаған қыранның шығармашылық жайлауына үңіліп көрейік.
Прозашы Әбіш Кекілбаев, біздіңше, тарихқа басқадай жолмен барды. Күй,
Ханша-Дария хикаясы, Шыңырау, Бәсеке атты повестерінде автор ежелгі
аңыз-әңгімелерді шебер пайдалана отырып, өткен күннің жарқын да қаһарлы
бейнесін, моральдық бейнесін жасайды, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін
қозғайды. Москваның Молодая гвардия баспасынан шыққан Әбіш Кекілбаевтың
Дала балладалары [1975] кітабына жазған алғы сөзінде Әбдіжәміл
Нұрпейісов былай дейді:
Ол өзінің шығармаларында атақты тарихи тұлғалар есімін саудаға
салмайды. Ол өз халқының өткен тұрмысын әспеттеу, әйтпесе мансұқ ету
секілді мінезден де аулақ. Адам өмірінің әлеуметтік сыр-сипаттарын
философиялық, психологиялық тұрғыдан терең көрсетуі бұл повестердің
шыншылдық қасиетін ерекше көтере түскен.
Әбіш Кекілбаевтың көркемдік палитрасының қуаты мен қасиеті де осында -
ол ежелгі аңыз-әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-
философиялық тұрғыдан өлшеп отырады, сол аңыз-әңгімелерден күллі адам
баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына
бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіреді. Ә.Кекілбаевтың суреткер
ретіндегі ерекшелігінің бір парасын осы төңіректен іздеуіміз керек. Демек,
сыншыларымыздың оның тарих пен бүгінгі күннің маңызды мәселелерін
[Ш.Айтматов] ұтқырлы қозғап, әлеуметтік ірі идеяларды өзек ететінін
[Ә.Нұрпейісов]; адам баласының болмысы мен оның іс әрекетінің себеп-
салдарын іздеп, үнемі ой толғайтынын [А.Руденко-Десняк] атап көрсетуі
шындыққа әбден сай келеді.
Өткен күндердің ащы шындығын көрсету арқылы келешекке де жарық сәуле
түсіруге болады - Әбіш Кекілбаевтың тарихи тақырыпқа жазған повестерінің
өзекті ойы, біздіңше, осындай. Осыған назар аударған сыншылар, сонымен
қабат, қазақ жазушысы көтеріп отырған адамгершілік мәселелер ұлттық тар
шеңберде қалмай, жалпы адам нәсіліне ортақ мұраттармен үндесіп жататынын
ескертеді. Мысалы, Л.Теракопян былай деп жазады: Өткен өмірдің көне
беттерін аша отырып, тарихи шындықтан ауытқымаса да, Әбіш Кекілбаевтың бұл
шығармасы бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне жауап береді. Бұл шығарма
адам бойындағы творчестволық бастау көзін, өзінше ойлау хұқын әспеттейді.
Көне аңыздар мен мифтер, маңызды, мәнді тарихи тұлғалар, оқиғалар күні
бүгінге дейін жазушының шығармашылық өнерінің ең басты стихиясы болып
келеді. Ол ақ бас тарихтың көне шежіресінен бүгінгі күніміздің рухани
мүддесіне сай келетін мазмұн таба білді. Ол сонымен бірге, сол ескі
күндердің тұрмысын тар ұлттық шеңбермен тұйықтап тастаған жоқ, оны
адамзатқа ортақ этикалық, эстетикалық, философиялық өрістерге шебер
ұштастыра білді. Сондықтан да Кекілбаев суреттеген Шыңғыс пен Ақсақ Темір,
Жөнеуіт хандардан бастап қарапайым құдықшы Еңсепке дейінгі тарихи
кейіпкерлер галереясы тек қазақтарға ғана емес, басқа да талай азиялық
жұрттар мен мүлде өзге саяси-әлеуметтік менталитет иелері европалықтарға да
түсінікті болды. Мысалы, бұл жөнінде ГДР-дің Фольк унд вельт баспасында
екі рет қайта басылған совет жазушыларының таңдаулы туындылары туралы
жазған мақаласында белгілі неміс сыншысы Герберт Кремпиен де осы жайларға
назар аударады: Адайлар мен түрікмендер арасында жүздеген жылдарға
созылған алауыздықтан хабардар ететін осы оқиғалар көшпенді халықтарда
бұрын тарих болмады деген қауесетті жоққа шығарады, мұндай қауесет бұрын
қазақтарға да таңылып келген еді... Сонымен қатар, Орта Азия даласында
өткен кішігірім қақтығысты суреттеу арқылы да үлкен қоғамдық мәні бар
гуманистік хикая жасауға болатынын дәлелдейді. Қазақ жазушысы ертедегі
ұлттық тарихқа үңілсе де, бүгінгі заманда, мысалы, Африка халықтары үшін
айрықша мәні бар өте көкейкесті жайларды қозғайды. Бұл - германиялық неміс
сыншысының пікірі, ал өзіміздің қазақ немісі, белгілі әдебиетші, қазақ
көркемсөзінің білгірі Г.Бельгер бұл ойды былайша өрбітеді: Өзге замандас
жазушылары секілді Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі әдет - ғұрып,
дәстүр - тағылымдарын егжей-тегжейлі кейде қызыға суреттеуге құмбыл. Ол
көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына
ерекше мән береді, бірақ арзанқол экзотика жетегінде кетпейді, сол
детальдардың әлеуметтік, философиялық мән - мағынасына үңіліп, халық
өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысады.
Ә.Кекілбаев, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой парасат
көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас диалектикалық бірлігін
тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл проза қазақ тілінің ауызша, жазбаша
озық өнегелеріне арқа сүйейді, сонда да философиялық, интеллектуалдық
мағыналарға бай болып келеді [6].
Әбіш Кекілбаевтың жазушы ретіндегі ең сүйікті тақырыптарының бірі -
әділет пен сүйіспеншілдікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарама-қарсы
суреттелетін, көпшілікті өлшеусіз қасірет-қайғыға, алапат ойран-сұмдықтарға
бастайтын шегі-шеті жоқ билік пен қарақан басының қамын күйттеген сол билік
иесінің ештен кеш болса да, райынан қайту кезеңі, рухани қайыршылық
көріністері оның көпшілікке белгілі Ханша-Дария хикаясы повесінде жан-
жақты сипатталады. Бұл повесть Шыңғысхан туралы көне аңызға құрылған: өз
кеудесінің желіне өзі семірген ұлы әмірші таңғұт елін түп-түгел қырып
тастаса да, осы елдің ханшасы Гүрбелжін сұлудың аппақ тәнінен сусындай
алмай, ақыр соңында әйел қолынан мертігеді. Автор көне аңызға философиялық
мән-мағына қосып, өркөкірек адам рухының қайсарлығын дәріптейді, халықтарды
қанға бояған, айналасына қаһар шашқан әміршілдердің әлсіздігін жер бетіне
зұлымдықтың ұрығын еккен әрбіреудің әлінің қылышынан бәрібір қашып құтыла
алмайтынын, ондай қанқұйлы жауыздарды аспандағы Алла емес, адам қолының өзі
жазалайтынын айтады.
Ал жазушының Шыңырау, Бәсеке атты повестері ондағы оқиғалар мен
әлеуметтік ой-пікірлер жағынан біздің заманымызға жақын тұр. Мұнда да Әбіш
Кекілбаевтың о бастағы философиялық, аналитикалық суреттеу тәсілінен
айнымағанын көреміз, дегенмен, бұл жолы ежелгі аңыз-әңгімелердің бірін
таңдап алып, соны өзінше байытып жатпайды, қайта керісінше -өткен ғасырда
қазақ ауылында өткен бірер қарапайым оқиғаны тілге тиек етеді де, соны
шебер реалистік мәнерде трагедиялық коллизиялар дәрежесіне көтереді, сөйтіп
бүгінгі күннің қажетіне асарлық адамшылық, этикалық мәселелерді күн
тәртібіне қояды.
Шыңырау повесіндегі құдықшы Еңсептің тағдыры аса қайғылы. Бұл -
өзінің тауқыметке толы қысқа ғұмыры ішінде жапан түзде талай құдық қазған,
талайдың мейірін қандырған, өзіне осыншалық бейнет пен зейнет болған
осыншама қауіп-қатерге толы еңбегіне ерекше қадыр-қасиетпен қараған адамның
тарихы. Бірақ ол заманда Еңсеп секілді адамдардың еңбегі көбіне еш болатын,
ақыры ол да өз өмірінің ішіндегі ең терең шыңырауды қазып жүріп қазаға
ұшырайды.
Ал Бәсеке повесінде дала шонжарының ару қызы феодалдық заманның қанды
құрсауынан құтыла алмай, есірік біреудің қолына түскені баяндалады.
Шыңырау мен Бәсеке повесінде кейін суреткердің біздің заманымызға
арналған шығармаларында айқынырақ көрінген қолтаңбасы бар еді, ол
ерекшеліктер: композициялық шымырлық, тұрмыстық және этнографиялық
детальдардың дәлдігі, терең психологизм, кейіпкерлердің әрекет-қимылдарын
жан-жақты талдап көрсету, кейде сатиралық, кейде жеңіл күлкі шақыратын
сыпайы, сұлу баяндау тәсілі деп білеміз.
Осы аталған повестердегі көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-философиялық
қасиеттер Аңыздың ақыры атты көркем романда әрі қарай жалғасып, дами
түсті.
Әбіш Кекілбаевтың тарихи балладалар циклі, біздіңше, осы романда өзінің
толық көркемдік шешімін тапқан. Бұл шығармалар, сөз жоқ, суреткердің
творчестволық өсу жолындағы маңызды белес болып қалмақ.
Аңыздың ақыры романында автор тағы да өзінің бұрынғы қалыптасқан
байсалды, қазып айтатын баяндау тәсіліне ерік береді, мұнда жалпы сюжет,
оқиғаның жотасы анық көрінгенмен, бірінші кезекте адам жанының алуан
иірімдері, терең психологиясы, пейіл-мұрат, мінез-құлық, ішкі драмалық
коллизия, сырт көзге онша байқала бермейтін, бірақ іште қайнап жатқан ой-
сезім, сөз бен әрекеттің арбасуы тәптіштеледі.
Тарихта болған дерек пен творчестволық қиял, фольклорлық бастау мен
реалистік баяндау осы шығармада ерекше жымдасып кетеді де, халықтың әрқилы
аңыз-әңгімелерін өзінше қызғылықты түсіндіретін автордың көркемдік
философиялық концепциясы барынша толық, барынша айқын танылады. Шыңғыс
Айтматовтың осы арада фольклорды игеру жөніндегі ойлары маңызды көрінеді,
ол әртүрлі мифологиялық желілерді бүгінгі күн талаптарына лайық
пайдаланудың артықшылығын айта отырып:
Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен
структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай
білген. Бұл кітап - ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-
әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің
қорытындысы, осы компоненттердің барлығы [әрине, мұның ішінде прозаиктің
таланты да бар] қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын
ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен, - деген
пікірі аса қисынды көрінеді.
Әбіш Кекілбаевтың повестері жөнінде осы айтылған пікірдің Аңыздың
ақыры романына да түгелдей қатысы бар. ГДР сыншысы З.Кляйнмихель
Ә.Кекілбаевтың тарихи шығармаларының негізін құрайтын аңыз-әңгімелер
мазмұнын бірер сөзбен айтып беруге болатынын орынды ескертеді. Аңыздың
ақыры романының оқиғасы да Самарқан шаһарының жолбасшылары туристерге
күнде айтып беріп жүрген. Темірланның сүйікті тоқалы Бибиханым салдырған
атақты ғимараты жөніндегі хикаяға негізделген секілді.
...Ұлы Әмірші алыс жортуылға аттанып кеткен. Ерін сағынған жас әйел
қосағы қайтып оралғанша ғажайып күмбезді көк мұнара салғызуды ойлайды. Осы
мұнараны салушы жас шебер сұлу ханшаға өлердей ғашық болады да, егер
тілінен бал татқызбаса, мұнараның күмбезі әрі қарай қаланбайтынын шарт етіп
қояды. Бұған ашуланған ханша қиқар шеберге өзінің ең сымбатты күңін
сыйлыққа ұсынады. Бірақ анау қасарысып көнбейді. Бұл кезде Әмірші де жауын
жеңіп, атының басын кері бұрған екен дейді. Әмірші астана жұртына келмес
бұрын жас ханша жас шебердің тілегін орындауға ыңғай танытады. Әйелі
салдырған ғажайып мұнараға әміршісі бек риза болады, бірақ ханшаның бетіне
түскен ыстық таңбаны көріп, қаһар шашады. Ханша қылмысын мойындайды,
шебер дарға асылады...
Бұл аңыздың әртүрлі вариациялары бар, бірақ бәрінің түйісетін жері
осындай. Жазушы ескі аңызды қайта жаңғыртып, қайта баяндап қоймайды, оған
терең философиялық мән-мағына қосып, аңыздың әлеуметтік сыр-сипаттарын
ашады, ешбір заманда өзгеруді білмейтін адамгершілік мәселелерді қозғайды,
адам тағдырын қым-қуыт жолдарын көрсетеді.
Романның бас кейіпкері - ұлы Әмірші Күй повесіндегі Жөнейтпен, Ханша-
Дария хикаясы повесіндегі Шыңғыспен іштей де, сырттай да біраз үндесіп
жатады, бірақ бұл шығармада шексіз билік пен билік құмарлықтың адамшылық
философиясымен әсте сыйыспайтындығы айқынырақ, тереңірек суреттеледі.
Әміршінің атақ-абыройға, шексіз билікке қолы бірден жетпеген. Әмір
әскерінің көп салдарының бірі бола жүріп, бұл да жасында талай қуғын-
сүргінді, қауіп-қатерді басынан өткерген, күштінің қысымын көрген, тұмсығы
тасқа тиген. Бірақ табиғат бұған бала жастан қайсар мінез, зор дарын, асқан
өзімшілдік пен бірбеткейлікті сыйлапты. Ол бала жасынан өзінің атағын
шығарып, елдің есінде қалуды ойлайды. Осы мақсатына жету үшін мына алдамшы
дүниеде бір-ақ жолдың - билік пен мансап жолының бар екеніне ерте көзі
жетеді. Көздеген жеріне төтелеп бару үшін Әмірші өзінің бар күш-жігерін,
амал-айласын аямай жұмсайды. Айналасындағы бағынышты адамдарының іші-
сыртын, пендешілік осалдықтарын түгел зерттеп білген Әмірші халқына да
қырын қарайды, халқын үміт пен үрейдің арасында ұстаса ғана қара тобырды
қаһарлы қалың қолға айналдыруға болады деп ойлайды. Басқарудың әртүрлі айла-
тәсілін, саясаттың сан түрлі шиырларын меңгерген Әмірші қара басының
мүддесін қорғау үшін арам, адалды айырып жатпайды, ақырында ол ақылды да
көреген, бірақ қайырымдылық дегенді білмейтін қара жүрек қаныпезерге
айналады. Жарты әлемге билігін жүргізген Әмірші енді өзінің әрбір жорығы,
әрбір әрекет-қимылы, аузынан шыққан әрбір сөзі аңызға айналып, досын
қуантса екен, қасының зәресін ұшырса екен деп қиялдайды. Қыруар елді
тітіреткен айбынымен, ақылымен, батырлығымен тірлігінде әлемді аузына
қаратса, келешек ұрпақтар оның атын дақпырттап әкетуін қалайды. Ерінің
ерлігі құрметіне жас тоқал салдырған, көкке мойнын созған көгілдір мұнара
мұның атағын келер нәсілдерге айғақтап жеткізеді деп сенген. Рас, ол
кезінде халықтардың басында әңгір таяғын ойнатқан, талай алтын тақтардың
талқанын шығарып талабы асқан өзінің туа біткен турашылдығы, даралығы,
даналығы жөнінде төңірегіне талай ертегілерді таратып жіберткен. Айдарынан
жел ескен айбарлы Әмірші туралы осы ертегілердің мәңгі жасайтындығына да
оның көңілі әбден сенулі еді.
Әйткенмен, махаббат мұнарасы туралы аңыз осы ертегілердің бәрінің
белінен бір-ақ сызып, бір адамның атағын асыру үшін құрбан болған
бейшаралардың тағдыр-тарихын біздің заманымызға дейін жеткізді.
Автор бас кейіпкеріне басы жоқ, аяғы жоқ қара бояуды баттастырып жаға
бермейді, оның іс-әрекеттерін төтелеп даттай да бермейді, автор адамшылық
қасиетті, адамның жеке басын аяққа таптайтын зорлық пен зұлымдықтың,
билікқұмарлықтың шірік философиясын әшкерелеуге назар аударады. Қаншалық
қаһарлы, қайратты болғанмен, Әміршінің өзі де, шынтуайтқа келгенде
көрсоқыр, қатыгез догманың кесік құлақ құлы, ол өз ниетіне өзі кіріптар
болған біреу. Ол өзгелерді қайғы-қасіретке ұшыратумен бірге, өзі де
шектеусіз биліктің құрбаны болады.
Әміршінің күйреуі - романның соңында заңды құбылыстай әсер етеді.
Өйткені ол өзінің бойындағы барша қайрат-жігерін, ақыл-парасатын, әуре-
сарсаңға толы тынымсыз өмірін түгелдей өзімшілдік пен өркөкіректікке,
өзгеден артық туысын дәлелдеуге жұмсайды. Автор осы күйреудің философиялық,
әлеуметтік, адамшылық негіздерін жан-жақты нанымды суреттейді [6].
Бас тұлға барынша қатал, бірбеткей болғанымен, өз ішкі есебінде тұнған
қулық, айлакерлік мінезін де көрсетіп қалады. Аңқау өлді уысында ұстау үшін
небір қитұрқы әдістерге баратынын мына үзіндіден-ақ көруге болады.
...Ол бағыныштылармен оңаша сырласқанда мәжілістесін ұзақ сөйлетіп,
әрі үн-түнсіз тыңдайды да отырады. Әбден айтатынын айтып болғанша сөзін
бөлмейді. Ұстаз алдындағы бала шәкірттей қыбыр етпей, аузына қарап қатады
да қалады. Тіпті, иә, дұрыс, айта бер деп мақұлдап басын да иземейді.
Өйтсе де кейбіреулердің тап осы бағытымнан ауып кетсем, жақпай қалармын
деп ыңғайға аунап, көп сырын ішке бүгіп қалуы мүмкін ғой. Оған өз
бағыныштысының ішіне құлып сақтамағаны, не ойлап, не қойғанын түк қалдырмай
түгел айтып бергені керек. Өйткені бұның әмірінің астындағы елде ішіне сыр
бүгіп, құлып сақтауға тек оның өзінің ғана хақысы бар.
Ал былайғы жұрт бұның жолынан жаны мен қанын аямағанда, сырын аяп
қайтеді... Бұл өзіне бағынышты жердегі әр пенденің не ойлап, не
қоятынын түгел біліп отыруға тиісті. Әсіресе, өз төңірегіндегілердің
көкірегіндегісін әбден ақи-тақи бәрін біліп алмай тұрып, көңілі көншімейді.
Адамның сырын білмейтін атқа мінбейтіні сияқты, не ойлап, не қоятынын,
өресінің қайда жетіп, қай жерден сүрінетінін білмейтін кісілерді де
маңайына жолатпағаны жөн. Оның үстіне әр адамның сыры көкейінде жатқанда
ғана өзінің қаруы да, аузынан шығып кеткен соң естіген кісінің қаруы емес
пе? Бұл өз маңайындағыларға ішіне құлпия сақтатпауға тырысады. Қай-
қайсысының да бар сырын біліп ап, өз сөзімен өзін матап қояды.
Сондықтан да бағыныштыларын ештеңеден секем алдырмай, еркін сөйлетіп
бағады. Біреуі тыңдап отырып, сөзін түзеткенді ит етінен жек көреді. Қайта
білетін нәрсесін білмеген боп, өп-өтірік аңғал сұрақтар қояды.
Сонда жер түбіндегіні біледі дейтін сұңғыла Әміршінің қайдағы бір
қарапайым нәрселерден де бейхабар екенін көрген мәжілістесінің манағыдан
бері көмейіне іркіп, ашып айтпай, маңайлап қайтып жүрген тілдегі тиегі өз-
өзінен ағытылып қоя береді.
Сөйтіп әуелі бағыныштысына ішіндегі қырындысына дейін айтқыздырып алады
да, өзінің анау ойлап отырғандай аңқау еместігін артынан барып аңғартады,
ар жақ-бер жағыңды айтқызбай біліп отырған көріпкел кісінің қалпын
танытады. Сонда әлгі саулап отырған сабазың бірден жым болады. Бұдан
кейін ол да бір, мұрындығы тесілген тайлақ та бір - айтқаныңа жүріп,
айдауыңа көнбеске амалы қайсы...
Әмірші атаулының былайғы жұрттан биік тұратын жері де - өзі кімнің
сырын білгісі келсе де, сұрап біліп ап, өзге ешкімге сыр айтпайтындығында
емес пе? Арғы-бергіде әміршіден сыр сұрауға жүрегі дауалаған адам бар ма,
тәйірі...
Әмірші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Жазушы романында образ жасаудың монологтік қолданыстары
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Қазақ әдебиетінің прозасы
Ш. Айтматов, Ә. Кекілбаев шығарлмалары
Көрнекті, ұлтжанды жазушы Ә. Кекілбаевтың әңгіме, повесть, романдарындағы ұлттық менталитеттің бейнелену шеберлігі
Толғанай - аяулы бейне
Пәндер