Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ...11
1.1 Алтын Орда дәуірі әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Алтын Орда дәуірі классикалық поэзиясының үлгілері ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Алтын Орда дәуірі әдебиеттерінің сюжеттік,
композициялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.1 Алтын Орда дәуірі әдебиетіндегі көркемдік дәстүрлер ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2 Алтын Орда дәуірі поэзиясы мен қазақ ақындары
шығармашылығындағы рухани дәстүр сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 75
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік тұғырындағы соңғы жылдар бедерінде еліміздің рухани өмірінде елеулі өзгерістер болды. Ең бастысы, қоғам өміріне де, өнерге де жетпіс жыл бойы жасанды жол сілтеуші болып келген саяси идеология келмеске кетті. Рухани өміріміздің өткені мен бүгінін бағалауда, артығы мен кемін саралауда бұрын соңды болмаған шығармашылық еркіндікке қол жеткіздік. Әдебиетіміз бен әдебиеттану ғылымы да саясаттың құрсауынан құтылып, тек өмір ақиқаты мен тарихи шындыққа негізделген нақты тұжырымдар жасайтын бағытын айқындап алды. Қоғам құрылымына ғана емес, тұтастай ойлау жүйесіне де өзгеріс әкелген тәуелсіздік мәдени тарихымыздың тереңіне батыл бойлау мүмкіндігін берді. Бұл орайда ұлтымыздың рухани қазынасының қайнар көзі, түпкі негізі саналатын көне мұраларымызды зерттеу ісінің бұдан 20-30 жыл бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда соңғы он жылдың ішінде ерекше қарқын алуы сөз жоқ, тәуелсіздік сыйлаған рухани еркіндіктің шынайы көрінісі.
Ұлттық әдебиетімізде қашан да жетекші орынға ие болған өлең сөздің тасқа басылған тұңғыш үлгілері Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде екендігі мәлім. Өлең сөздің осынау тұңғыш үлгіден тарихи-көркемдік дамудың талай сатысынан өтіп, жетіліп, қазіргі таңда көптеген түркі ұлыстарының ұлттық поэзияларына ұласу жолын зерттеу ісі сөз жоқ, әдебиеттану ғылымы үшін де, тіпті түркітану ілімі үшін де аса қызғылықты да күрделі мәселелердің бірі. Бұл орайда ғалым Р.Нұрғалидың мына бір пікірі дипломға арқау болған тақырып өзектілігін айқын танытады: «Қазақ әдебиетінің көне түркі және ортағасырлық әдебиеттермен тамырлас күйлерін анықтау үшін ол тарихи-мәдени ескерткіштердің өзін жан-жақты қарастыру қажет. Демек, түрколог әдебиетшілерімізге сонау Орхон-Енисей өлкесін аралап, сол таңбалы тастар сырын көзбен көріп, дәлді зерттеу керек-ақ, әйгілі кітап қорлары мен архивтерге барып, біздің әдебиетімізде дәстүр сілемдерін қалдырған орта ғасыр әдебиеті мирастарын қолмен ұстап, нақты көшірмелерін түсіруге зәрулік мол. Осындай игілікті шаралардан кейін ғана көркем шығармаларды этнос пен регионның мәдени-әлеуметтік тарихи тұрғысынан зерттеу ұтымды. Айтылмыш орайда жоғарыдан дәуірлерді кезең-кезеңімен, поэтикалық стиль және бағыттары бойынша қарастыруға мүмкіндік бар» [1, 246]. Түркі әдебиеті тарих бойынша әлемдегі өзге дәстүрлермен тығыз байланыста дамыды. Басқасын айтпағанда, түркі ұлыстарының Ислам дінін қабылдауымен бірге әдеби үрдіске, көркемдік-эстетикалық таным әлеміне енген өзгерістер қаншама? Бұл дәуірде бір тараптан көнеден келе жатқан Оғыз дастаны, Қорқыт кітабы, Диуаны лұғат-ит түрктегі жырлар секілді әдеби-тарихи мұралар жаңаша үлгідегі жазба мәдениетте хат бетіне түсіріліп қайта жаңғырса, екінші бір тараптан Ахмет Яссауидің «Диуаны Хикметі», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет Йүгнәкидің «Ақиқаттар сыйы» сынды шығармалар түркі әдебиетіне тың тыныс, жаңаша леп әкелді. Әсіресе, Ислам дінінің моральдық, этикалық нормаларына,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нұрғали Р. Сырлы сөз. Әдеби сын, зерттеу. 1 т. –Алматы: Жазушы, 2000. -400 б.
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1973. -163 б.
3. Бердібаев Р. Ежелгі әдебиет куәлары. –Алматы: Ғылым, 1966. -225 б.
4. Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы. Құрастырған Кенжебаев Б., Сүйіншәлиев Х., Жолдасбеков М. –Алматы: Мектеп, 1967. -200 б.
5. Қыраубаева А. «Қысас Рабғузи», «Мұхаббат-нама» - идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға жазылған дисс. –Алматы: ҚазМУ, 1974. -221 б.
6. Наджип Э.Н. Исследование по истории тюркских языков ХІ-ХV в.в. –Москва: Наука, 1989. -283 с.
7. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы: Гос.пед.инс. им.Абая, 1959. -452 с.
8. «Мұхаббат-нама». Аударған Қыраубаева А. –Алматы: Жалын, 1985. 112 б.
9. «Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме». Аударған Дербісалин Ә., Жармұхамедов М., Күмісбаев Ө. –Алматы: Ғылым, 1986. -208 б.
10. Сағындықұлы Б. ХІV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы (Хорезмидің «Мұхаббат-намасының», Құтбтың «Хұсрау уа Шырынының» және Сейф Сарайидің «Гүлстан бит-түркиінің материалдары бойынша»). Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. -Алматы, 1977. -131 б.
11. Убайдуллаева Г.Ж. «Мұхаббат-наме ескерткішінің текстологиясы» (Жәдігерліктің қазақ тіліне қатысы). Автореферат. -Алматы, 2001. -26 б.
12. Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі.(ХІІ ғ.). –Алматы: Ғылым, 1974. -278 б.
13. Сабыров М.Б. Құтыптың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының тіліндегі реликт тұлғалар. Автореферат. -Алматы, 1997. -26 б.
14. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Ана тілі, 1991. -264 б.
15. Жолдасбеков М. Асыл арналар. –Алматы: Жазушы, 1968. -328 б.
16. Ali Karamanoglu. Turk dili. –Istanbul: Dergah, 1986. -160 s.
17. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –Алматы: Қазақ университеті, 1991. -400 б.
18. Марғұлан Әлкей. Ежелгі жыр, аңыздар //Ғылыми зерттеу мақалалар. Құрастырған Бердібаев Р. –Алматы: Жазушы, 1985. -368 б.
19. Ахметбекова А.К. Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы. Автореферат. -Алматы, 1995. -23 б.
20. Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы. –Москва: ГР ВЛ, 1976. -212 с.
21. Егеубаева А. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі. -Алматы: Айкос, 1999. -204 б.
22. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. -Алматы, Мектеп: 1988. -163 б.
23. Cem Dilcin orneklerle Turk Siir Bilgisi. –Ankara: TDK, 1997. -529 s.
24. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1996. -240 б.
25. Хализев В.Е. Теория литературы. –Москва: Высшая школа, 2000. -398 с.
26. Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. –Москва: Художественная литература, 1974. -500 с.
27. Necmeddin Hacieminoglu. Kutbun Husrev u Sirini ve Dil Hususiyetleri –Ankara: TDK, 2000. - 477 s.
28. Iskender Pala Ansiklopedik Divan Siiri Sozlugu. –Ankara: Akcag, 1989. -554 s.
29. Kavakl, Ahmet, Turk Edebiuati 2 cilt. –Istanbul: TEVY, 1994. -904 s.
30. Жеменей И. Хафиз және қазақ әдебиеті. -Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қаз. Білім Акад. Республикалық баспа кабинеті, 2000. -122 б.
31. Иванов С.Н. Свиток столетия. Тюркская классическая поэзия. ХІІІ-ХХ веков. –Ленинград: Издательство Ленинградского университета, 1991. -712 с.
32. Бертельс Е.Э. Избранные труды «Навои и Джами». –Москва: Наука, 1965. -498 с.
33. Стеблева И.В. Синкопирование слов в поэтических текстов Диван лугат – ат турк //Тюркологичекий сборник, 1971. –Москва: Наука, ГРВЛ, 1972. -C.206-212.
34. Rauf Mutluay 100 soruda Edebiyat Bilgileri. -Istanbul: Gercek Yayin evi, 1979. -359 s.
35. Tunca Kortantamer Turk siirinde ses konusunda ve ses gelismesinin devamliligi uzerine genel bazi dusuncelerll Eski Turk Edebiyati. –Ankara: Akcag, 1982. -S.273-336.
36. Егеубаев А. Кісілік кітабы. –Алматы: Ана тілі, 1998. -320 б.
37. Аллахвердиев Г. Труд Хатиба Тебризи «Китаб-ал кафи фи-л-аруз ва-л кавафи» как источник по восточной поэтике. –Баку: Эли, 1992. -136 с.
38. Стеблева И.В. Развитие тюрских поэтитческих форм в ХІ веке. –Москва: Наука, 1971. -299 с.
39. Усманов Мухакатат-ал Лугатейн Алишера Науои. -Ташкент, АНУССР, 1948. -125 с.
40. Стеблева И.В. К проблеме современной интерпретации теории, тюрского аруза //Тюркологический сборник, 1977.- Москва: Наука, ГРВЛ, 1985. -Б.256-264 с.
41. Хамраев М.К. Основы тюрского стихосложения (на материале уйгурской классической и современной поэзии). –Алматы: Изд. Акад. Наук КазССР, 1963. -214 с.
42. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –Алматы: Мектеп, 1973. -212 б.
43. Talat Tekin ХІ yuzyj Turk Siiri. -Ankara: TDKY, 1984. -272 s.
44. Стеблева И.В. Арабо-персидская теория рифмы и тюркоязычная поэзия //Тюркологический сборник. –Москва: Наука, ГРВЛ,1966. -С.246-254.
45. Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. –Алматы: Ғылым, 1998. -116 б.
46. Брагинский И.С. Иранское литературное наследие. –Москва: Наука, 1984. -294 с.
47. Сейтжанов Қ. Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. Монография. – Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2013. –140 б.
48. Пригарина Н.И. Образное содержание бейта в поэзии на персидском языке //Восточная поэтика. Специфика художественного образа. –Москва: Наука, 1983. -Б.89-109 с.
49. Қыраубаева А. Алтын Орда әдебиеті. әдебиеті. //Қазақ әдебиеті, Энциклопедия. –Б. 51-54. –Алматы: Қазақстан даму институты, 1999. -750 б.
50. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. –Астана: Елорда, 2000. -288 б.
51. Абай шығармалар. –Алматы: «Мөр» мемл. шағын кәсіпорны, 1994. -415 б.
52. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ...11
1.1 Алтын Орда дәуірі әдебиетінің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Алтын Орда дәуірі классикалық поэзиясының
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... .21
2 Алтын Орда дәуірі әдебиеттерінің сюжеттік,
композициялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 31
2.1 Алтын Орда дәуірі әдебиетіндегі көркемдік
дәстүрлер ... ... ... ... ... ... .. ..31
2.2 Алтын Орда дәуірі поэзиясы мен қазақ ақындары
шығармашылығындағы рухани дәстүр
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...72
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 75
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік тұғырындағы соңғы жылдар
бедерінде еліміздің рухани өмірінде елеулі өзгерістер болды. Ең бастысы,
қоғам өміріне де, өнерге де жетпіс жыл бойы жасанды жол сілтеуші болып
келген саяси идеология келмеске кетті. Рухани өміріміздің өткені мен
бүгінін бағалауда, артығы мен кемін саралауда бұрын соңды болмаған
шығармашылық еркіндікке қол жеткіздік. Әдебиетіміз бен әдебиеттану ғылымы
да саясаттың құрсауынан құтылып, тек өмір ақиқаты мен тарихи шындыққа
негізделген нақты тұжырымдар жасайтын бағытын айқындап алды. Қоғам
құрылымына ғана емес, тұтастай ойлау жүйесіне де өзгеріс әкелген
тәуелсіздік мәдени тарихымыздың тереңіне батыл бойлау мүмкіндігін берді.
Бұл орайда ұлтымыздың рухани қазынасының қайнар көзі, түпкі негізі
саналатын көне мұраларымызды зерттеу ісінің бұдан 20-30 жыл бұрынғы
кезеңдермен салыстырғанда соңғы он жылдың ішінде ерекше қарқын алуы сөз
жоқ, тәуелсіздік сыйлаған рухани еркіндіктің шынайы көрінісі.
Ұлттық әдебиетімізде қашан да жетекші орынға ие болған өлең сөздің тасқа
басылған тұңғыш үлгілері Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде екендігі
мәлім. Өлең сөздің осынау тұңғыш үлгіден тарихи-көркемдік дамудың талай
сатысынан өтіп, жетіліп, қазіргі таңда көптеген түркі ұлыстарының ұлттық
поэзияларына ұласу жолын зерттеу ісі сөз жоқ, әдебиеттану ғылымы үшін де,
тіпті түркітану ілімі үшін де аса қызғылықты да күрделі мәселелердің бірі.
Бұл орайда ғалым Р.Нұрғалидың мына бір пікірі дипломға арқау болған тақырып
өзектілігін айқын танытады: Қазақ әдебиетінің көне түркі және ортағасырлық
әдебиеттермен тамырлас күйлерін анықтау үшін ол тарихи-мәдени
ескерткіштердің өзін жан-жақты қарастыру қажет. Демек, түрколог
әдебиетшілерімізге сонау Орхон-Енисей өлкесін аралап, сол таңбалы тастар
сырын көзбен көріп, дәлді зерттеу керек-ақ, әйгілі кітап қорлары мен
архивтерге барып, біздің әдебиетімізде дәстүр сілемдерін қалдырған орта
ғасыр әдебиеті мирастарын қолмен ұстап, нақты көшірмелерін түсіруге зәрулік
мол. Осындай игілікті шаралардан кейін ғана көркем шығармаларды этнос пен
регионның мәдени-әлеуметтік тарихи тұрғысынан зерттеу ұтымды. Айтылмыш
орайда жоғарыдан дәуірлерді кезең-кезеңімен, поэтикалық стиль және
бағыттары бойынша қарастыруға мүмкіндік бар [1, 246]. Түркі әдебиеті тарих
бойынша әлемдегі өзге дәстүрлермен тығыз байланыста дамыды. Басқасын
айтпағанда, түркі ұлыстарының Ислам дінін қабылдауымен бірге әдеби үрдіске,
көркемдік-эстетикалық таным әлеміне енген өзгерістер қаншама? Бұл дәуірде
бір тараптан көнеден келе жатқан Оғыз дастаны, Қорқыт кітабы, Диуаны лұғат-
ит түрктегі жырлар секілді әдеби-тарихи мұралар жаңаша үлгідегі жазба
мәдениетте хат бетіне түсіріліп қайта жаңғырса, екінші бір тараптан Ахмет
Яссауидің Диуаны Хикметі, Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі, Ахмет
Йүгнәкидің Ақиқаттар сыйы сынды шығармалар түркі әдебиетіне тың тыныс,
жаңаша леп әкелді. Әсіресе, Ислам дінінің моральдық, этикалық нормаларына,
құран қағидаларына, шариғат шарттарына негізделген дидактикалық сарынды
әдебиет өркен жайып, өлең сөздің қоғам өміріндегі әлеуметтік-моральдық ролі
арта түсті.
Ғылыми жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Түркі әдебиеті тарихындағы
шоқтығы биік белестердің бірі – Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Алтын Орда
дәуірі – көне әдебиетіміздің тарихындағы жазба мұраға аса бай жемісті
кезеңдердің бірі. Бұл дәуірде Қарахандар кезеңінде негізі қалаған
әдебиеттегі ақлиқаттық-ағартушылық бағыт жалғасын табумен қатар, лирикалық
сарынды шығармалар да көптеп жазылып, заңгерлік пен әскери іске қатысты
еңбектер дүниеге келді. Мысыр мен Алтын Орда территориясында мекен еткен
түркі ақындарының қаламынан парсы шайырларының әлемге әйгілі туындыларына
түркі тілінде нәзиралар жазылды. Түркі ұлыстары өмір сүрген түрлі
аймақтарда Мұхаббат-нама, Хұсрау-Шырын, Нахж-үл Фарадис, Гүлстан-бит
түрк, Қисса Жүсіп, Жұмжұма кітабы, Қисса-с-үл Әнбия, Кодекс
Куманикус сынды тамаша туындылар дүниеге келіп, түркі тілінің сөздіктері
мен түрлі грамматикалық еңбектер әзірленді. Алтын Орда дәуірі түркі
әдебиеті қазақ әдебиетінің көне дәуірлердегі бастау бұлақтарының бірі десек
те қазақ әдебиеттану ғылымында бұл дәуірде дүниеге келген әдеби мұраларды
зерттеу ісі әлі де болса жүйелі түрде қолға алынған емес. ХХ ғасырдың 50-60
жылдарында қазақ әдебиетінің тарихына қатысты мақалаларында белгілі ғалым
Б.Кенжебаев бұл дәуірде дүниеге келген Кодекс Куманикус, Гүлстан,
Жұмжұма және Мұхаббат-нама секілді жазба мұралардың әдеби сипатын
сараптап, аталмыш мұралардың қазақ әдебиетіне қатыстылығын саралаған-ды
[2]. Р.Бердібаев та Ертедегі мәдениет куәлары атты жинақтағы ғылыми
мақаласында бұл дәуірдегі жекелеген жазба мұралардың әдеби сипатынан азды-
көпті мағлұматтар береді [3]. Ал Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев,
М.Жолдасбековтың тарапынан құрастырылған Ертедегі қазақ әдебиеті
хрестоматиясына (1967) да Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралардан үзінді
мысалдар енгізілді [4]. Аға буын ғалымдардың бұл игі бастамасы 1973 жылы
А.Қыраубаеваның Алтын Орда әдебиетіне қатысты арнайы ғылыми зерттеу
еңбегіне Қысас Рабғұзи, Мұхаббат-нама – идеялық-көркемдік
ерекшеліктері деген тақырыптағы диссертациялық жұмысына ұласты [5]. Ғалым
бұл зерттеу еңбегінде Алтын Орда дәуірі түркі әдебиеті тарихына қатысты
көптеген мағлұматтар беріп, зерттеу нысаны етіп алынған қос шығармалардың
көркемдік ерекшеліктеріне байланысты аса құнды тұжырымдар жасайды.
Зерттеуші Рабғұзи Кітабын бүкіл бір дәуір әдебиетін көрсететін қысса,
әңгіме, ертегі, өлеңдердің үлкен жинағы - деп бағаласа [5, 178], Мұхаббат-
наманың идеялық-көркемдік сипатын да біршама ашып көрсетті. Әрине аяулы
ғалымымыздың бұл еңбегінің маңызы өте зор, құны ешқашан жоғалмақ емес.
Жұмыстың теориялық, әдістемелік негіздері. Алтын Орда дәуірі түркі
әдебиетін зерттеу ісі Ғалым А.Қыраубаевадан соң біршама тоқырап, одан
кейінгі кезеңде жоғары оқу орындары үшін әзірленген оқулықтардағы
мағлұматтармен, Ә.Дербісәлин, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев сынды ғалымдардың
жекелеген ғылыми мақалаларымен ғана шектелді. Дегенмен сол дәуір әдебиетін
аудару, алғы сөз, түсініктемелер жазу, жариялау істерімен: Э.Н.Наджип [6],
С.Аманжолов [7], А.Қыраубаева [8], Ә.Дербісалин, М.Жармұхамедов,
Ө.Күмісбаев [9], Б.Сағындықұлы [10], Г.Ж.Убайдуллаева [11], А.Ибатов [12],
М.Б.Сабыров [13] т.б. ғалымдардың тұрақты айналысқандығын атап өткеніміз
жөн.
Сондықтан әдебиет тарихымыздағы Алтын Орда дәуірі секілді аса күрделі
кезеңнің әдебиетіне бүгінгі күннің биігінен көз жіберіп, әр әдеби туындының
көркемдік және дәстүрлік негіздерін айқындау қазақ әдебиеттану ғылымындағы
аса зәру мәселелердің бірі. Осы ретпен алғанда зерттеу еңбегінің өзектілігі
де айқын танылады.
Дипломдық жұмыста Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген Хорезми ақынның
Мұхаббат-нама поэмасы мен Құтып ақынның Хұсрау-Шырын поэмасы көркемдік
дамудағы дәстүр ұласуы тұрғысынан кеңінен қарастырылады. Оның өзіндік
себептері де бар. Біріншіден, жоғарыда аталған бұл дәуірдегі Нахж-үл
Фарадис, Гүлстан-бит түрк, Жұмжұма, Қиссас-үл Әнбия секілді
туындылар поэзия, проза жанрында аралас жазылған шығармалар болса,
Мұхаббат-нама, Хұсрау-Шырын поэмалары таза өлең сөзбен түзілген көлемді
поэтикалық туындылар болып табылады. Екіншіден, Мұхаббат-нама да, Хұсрау-
Шырын да композициялық құрылымымен, өлең өрнегімен, образ жасаудағы
ерекшеліктерімен Алтын Орда дәуіріндегі түркі классикалық поэзия дәстүрінің
көркемдік тінін танытар көлемді поэмалар. Бұл көркем шығармалардың
авторлары Хорезми мен Құтып ақындар сол дәуірде түркі поэзиясы үшін аса ірі
үлгі мектебі болған парсы өлеңінің озық поэтикалық тәжірибесін түркі
өлеңінде толықтай игере білген. Сол себепті де аталмыш поэмалардың
көркемдік табиғатына үңілгенде шығыс поэтикасының, дәлірек айтсақ, араб-
парсы өлең дәстүрінің қағида-заңдылықтарын назарда ұстаған дұрыс.
А.Қыраубаеваның зерттеу еңбегінде Мұхаббат-наманың идеялық-көркемдік
ерекшеліктері біршама сараланған. Десек те, ғасырлар қойнауынан жеткен
осынау маңызды мұраның көркемдік табиғаты толықтай талданды, жан-жақты
зерттеліп бітті деп айту қиын. Әсіресе поэманың композициялық құрылымындағы
дәстүрлі жанрлық шарттылықтар, өлең өрнегі, образдар жүйесі турасында әлі
де болса тереңірек талдап, кеңірек зерттей түсуді керек етер мәселелер
жеткілікті. Қазіргідей емес, кеңес дәуірінде көне әдеби мұраларға қатысты
ақпараттық, ғылыми-теориялық дереккөздердің тым шектеулі болғаны анық.
Ақпарат алмасуы жеделдеген қазіргі дәуір талабы кезінде зерттеушілердің
азды көпті назарында болған Мұхаббат-нама сынды әдеби мұраларды әлі де
болса тереңірек зерттей түсу қажеттігін айтпағанда осы ғылыми мәселелерді
тікелей өзек етіп алған зерттеу еңбектеріне деген зәруліктің бар екенін де
назардан тыс қалдыра алмаймыз. Ал Құтып ақынның Хұсрау-Шырын поэмасы
жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарға енгізілгенімен, қазақ
әдебиеттану ғылымында әлі күнге арнайы зерттеу нысаны болмағанын да баса
көрсетеміз. Міне, Алтын Орда дәуірінде дүниеге келіп, сол дәуірдегі түркі
классикалық өлең дәстүрінің бар көркемдік-эстетикалық болмысын бойынша
сіңірген осы екі туындының дәстүр аясындағы құндылығын анықтау, сөз жоқ,
көне дәуір әдебиетінің тарихи-көркемдік мәнін айқындап бермек.
Диплом жұмысының мақсат, міндеттері. Алтын Орда дәуіріндегі түркі
классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін айқындап, қазақ
поэзиясымен дәстүр сабақтастығын саралау мақсатында жазылған дипломдық
жұмыста Көктүрк және Қарахандар дәуірі түркі поэзиясымен тарихи-дәстүр
сабақтастығында дамыған Алтын Орда дәуірі классикалық түркі өлең дәстүрінің
шығыстық көркемдік-эстетикалық әлеміне ену және жаңаша арнада жетілу
жолдарына; Мұхаббат-нама мен Хұсрау-Шырын поэмаларының композициялық
құрылымындағы дәстүрлі заңдылықтарға назар аударып, өлең түрлері мен
өлшеміне, образдардың жасалу жолдарына талдау жасалады. Сонымен қатар Араб-
парсы поэзиясына тән өлең түрлерінің, көркем тәсілдердің Алтын Орда дәуірі
түркі өлеңінде қолданылу сипатына баға беріліп, Шығыстық поэтикалық үрдіс
пен түркілік өлең дәстүрінің тоғысуының әдеби дамуға тигізген әсері
байыпталады. Қазақтың ұлттық өлең дәстүрінің Алтын Орда дәуірі түркі
классикалық поэзиясымен тарихи-көркемдік сабақтастығы сараланып, қазақ
ұлттық поэзиясының жалпы түркі өлеңі тарихында алар орны айқындалады.
Хорезми, Құтып ақындардан қалған осы көлемді де, көрнекті мұраларды
қазақ ақындары шығармаларымен әдеби ықпалдастық, тарихи-көркемдік жалғастық
аясында байланыстыра, сабақтастыра қарастырған еңбек өзектілігі бүгінгі
әдебиеттану талабымен де үндесіп жатыр. Ең бастысы, Алтын Орда дәуірі
классикалық түркі өлең дәстүрінің өткен дәуірлердегі түркі поэзиясымен
тарихи сабақтастығына және өзіндік жаңаша бағытта даму жолдарына баға
беріліп, Мұхаббат-нама, Хұсрау-Шырын сынды осы дәуір поэзиясының озық
үлгілерінің композициялық құрылымына тұңғыш рет шығыс поэтикасы
заңдылықтары негізінде мәтіндік, теориялық талдаулар жасалды. Араб-парсы
поэтикасынан енген өлең түрлерінің, аруз өлшемінің, күрделі көркемдік
тәсілдердің Алтын Орда дәуірі түркі өлеңінде қолданылу сипаты ғылыми
пайыммен бағаланды.
Шығыс поэтикасы мен түркі өлеңінің тоғысуынан туған түркі классикалық
поэзиясының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері пайымдалып, қазақ
поэзиясының Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясынан желі
жалғастырған көркемдік және дәстүрлік негіздері сараланды.
Алтын Орда дәуірі түркі өлеңіндегі қостармақ бәйіт бітімінің және
лирикалық ғазал өлеңдердің қазақ өлеңіне түрлік және мазмұндық тұрғыда
тигізген әсер-ықпалы айқындалып, түркі классикалық поэзиясында қолданылған
аруз өлшемінің түркілік үлгісіне баға беріліп, оның қазақ поэзиясындағы
азды-көпті көріністері қарастырылды. Қазақ ұлттық поэзиясының жалпы түркі
өлеңі тарихында алар орны сарапталды. Мұның бәрі еңбектің өзектілігімен
қатар қазіргі әдебиеттану ғылымында кешенді де жүйелі зерттеле беретін
маңызды тақырыптар арнасын да айқын танытады.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының
негізгі нәтижелерін гимназия, лицейлерде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
тереңдетіп оқытатын мектептерде қазақ әдебиетінің тарихын және авторлық
ауыз әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын оқыту барысында, аталмыш пәннен
үйірме, факультатив сабақтарда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Диплом жұмысында жүйелі-кешенді,
салыстырмалы, сипаттамалы талдау әдістері қолданылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, өзара тармақталған екі
бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.

1 Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелу тарихы

1.1 Алтын Орда дәуірі әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы

Ежелгі дәуірден жеткен жазба әдеби мұраларымыздың басым бөлігі поэзия
жанрында жазылған. Проза жанрындағы туындылар негізінен діни-аударма
мәтіндермен және тарихи шежіре сипатындағы шығармалармен шектеледі. Тіпті,
алғашқы кезеңдерде тек қана тілдік және тарихи тұрғыдан зерттеліп,
әдебиетке қатыстылығы пікірталас тудырған түркі руханиятының түпқазығы
саналатын Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің де кейінгі 20-30 жыл ішіндегі
түркітанушы ғалымдардың ізденістерінің нәтижесінде әдеби сыпаты танылып,
оның көне дәуірден жеткен аса құнды поэзиялық туынды екендігі дәлелденген.
Бұл ескерткіштер әрбір әрпі тасқа қашап жазылған көне түркі тіліндегі
тұңғыш жыр-дастандар болатын [14, 29]. Орхон ескерткіштеріндегі Күлтегін,
Білге қаған, Тоныкөк жазбаларының әдеби сипатын саралап, олардың қазақ
эпостарымен сабақтастығын айқындаған белгілі ғалым М.Жолдасбеков Орхон
ескерткіштері – түркі халықтары тарихының көп деректерінің әсерлі желісін
жеткізген, эпикалық шығармалардың шағын фабулалық өрістерін қамтыған тарихи
ерлік жырлардың ең әдепкі үлгілері деп пайымды түйін жасайды [15, 86].
Поэтикалық табиғатының ауыз әдебиетіміздің ауқымды саласы қазақ эпостарына
етене жақын болуы бұл ескерткіштердің түркі ұлыстары ауыз әдебиеті
дәстүрінің ең ежелгі арнасы екендігін айғақтайды. Ең бастысы, бұл жырлар –
қазіргі оқырманға қарапайым көрінсе де, қандай да бір сыртқы ықпалдан, жат
әдеби дәстүрдің қоспасынан ада, қаймағы бұзылмаған таза түркілік өлеңнің
тамаша үлгілері. Бұған жырлардың сөздік қоры, стильдік табиғаты дәлел бола
алады. Кейінгі дәуір мұраларымен салыстырғанда Орхон жазбаларының тілінде
бірді-екілі жер-су, ру-ұлыс атауларынан басқа кірме элемент жоқтың қасы
[16, 35].
Тасқа басылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері дүниеге келген V-VІІІ
ғасырлардан кейінгі дәуірлерде түркі әдебиеті Ислам өркениетімен тоғысып,
өзгеше арнада қалыптасты. Оғыз-нама, Қорқыт ата кітабы сияқты хат
бетіне түсірілген ауыз әдебиетінің көне үлгілерінен болмаса да, Қожа Ахмет
Яссауидың Диуаны Хикметі, Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі, Махмұт
Қашқаридың Диуаны Лұғат-ит түркі, Хорезмидің Мұхаббат-намасы, Құтып
ақынның Хұсрау-Шырыны және тағы сол сияқты шығармалардан түркі
әдебиетіндегі осы бетбұрыстың айқын белгілерін аңғару қиын емес. Әрине,
ислам мәдениеті, ислам өркениеті дегенді бір ыңғай діни танымға негізделген
ұғым деп қарастыру әбестік. Мұсылмандықтың бастау көзі – Құран, басты шарты
– Аллаға табынып, дін қағидаларын қалтқысыз мойындау болғанымен, ислам
мәдениеті деген ұғымның аясы ауқымдырақ. Ислам - бірнеше ұлттар мен ұлыстар
мәдениетінің алтын діңгегіне айналған аса қастерлі ұғым. Ә.Қоңыратбаев
Бізде ислам әдебиеті деген ұғымды біркелкі құран уағызы деп түсінушілер аз
болған жоқ. Орта Азия халықтары ислам мәдениетін 500 жыл бойы басынан
өткерген болса, соның бәрін догмалап жіберуге рет жоқ. Өйткені, ол
мәдениеттің басты белгілері – қала, сауда, егіншілік, жазу-сызу, сәулет
өнері, поэзия болса, мұның бәрі Сыр, Жетісу, Талас жерлерінде болған, соның
бір саласы бізге тәжік-парсы мәдениеті арқылы келген - дейді [17, 151].
Яғни ислам мәдениетінің түркі халықтары мәдениеті мен әдебиетінің даму
процесінде өзгеше орынға ие екендігі артық дәлелді керек етпейтін тарих
ақиқаты. Ислам діні енгенге дейін Ұлы Жібек жолында өзіндік өскелең
мәдениеті болған Тұран елі мұсылман мәдениеті арқылы мәдени дамудың өзгеше
сатысына көтерілді. Азия, Европа, Африка құрлықтарында орасан зор
аймақтарды аясына алған ислам діні ендігі жерде жаулап алып жайылуды мақсат
тұтқан бірыңғай діни идеологиялық бағыт емес, ұлттар мен ұлыстардың мәдени,
ғылыми, әдеби дәстүрлерін интеграцияға түсірген ұлы қозғаушы күшке айналды.
Осының нәтижесінде түркі мәдениетінің өзге мәдениеттермен беріс-түйісі
көбейіп, көкжиегі кеңейіп, өресі биіктеді. Әл-Фараби, әл-Хорезми, Әбу
Райхан-Беруни, Әбу Ғали Ибн Синадай ғұлама ғалымдар ислам түркі мәдени
өрлеуінің тұңғыш қарлығаштары ғана емес, барша адамзат қауымының мәдениет
тарихында өшпес із қалдырған түркі даласының тұлғалы перзенттері еді. Ислам
дінінің енуімен бірге түркі жазба мәдениеті өткен дәуірлермен салыстырғанда
ерекше қарқынмен дамыды. Ғасырлар бойғы ұлттық руханияттың тірегі, ауызша
әдеби үрдістің ең үздік дәстүрлері жаңаша арнадағы жазба мәдениетте
жалғасын тапты. Қорқыт ата кітабы, Оғыз-нама сияқты әдеби-тарихи
мұралар түркі жұртшылығына ауызша тараған дастандардың хатқа түсірілген
үлгілері, яғни көне мұралардың жаңа шарттарда жазбаға алынған нұсқалары
болатын. Қорқыт дастаны мен Оғыз-наменің сюжет құрылысы, эпикалы
бейнелері қазақтың Көроғлы, Алпамыс, Бозұғлан, Бозжігіт, Қозы Көрпеш – Баян
сұлу тәрізді хикая –аңыздарында айтылатын эпикалық сарындармен ұқсас болып
отыратындығы бұл көне туындылардың ауыз әдебиеті үлгісі екендігін дәлелдей
түседі [18, 186].
Сол себепті де аталмыш шығармалардың өн бойында ислам дәуіріндегі
мұсылмандық дүниетанымға негізделген, араб-парсы жазба әдебиетіне иек
артқан жаңаша түркі жазба әдеби дәстүрінің белгілері жоқтың қасы. Ал енді
Қожа Ахмет Яссауидың хикметтері – ислами түркі жазба әдебиетінің тұңғыш
үлгісі деуге тұрарлық туынды. Яссауи хикметтері арқылы барша мұсылман
қауымының қасиетті ілімі - сопылықты тұңғыш рет түркі тілінде сөйлетті.
Шариғат шарттарын сопылық дүниетанымның терең иірімдерін өлең сөзбен,
өрнекті тілмен түсінікті түрде қалың қауымға жеткізген. Бүтіндей бір
дүниетанымның, белгілі бір философиялық бағыттың, түбегейлі діни салттың
бір шығармаға арқау болуы, сөз жоқ, орта ғасыр түркі әдебиеті үшін орасан
зор жаңалық еді. Қожа Ахмет Яссауи өзінің өмір салты, Диуаны Хикметтей өнер
туындысымен діни-мистикалық философияның бір мектебін қалап, сопылық оқудың
түркілік дәстүріне бастама берді [19, 11]. Сондықтан да Яссауи
шығармашылығының барша түркі үшін тарихи-әлеуметтік мәні аса зор. Ислам
діні Диуаны Хикметте суфизмнің бейімделгіштігі, иілгіштігі арқылы
жергілікті халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-сенімімен, ғұрып-
нанымдарымен жанасуда, тоғысуда, бірін-бірі толықтыруда көрінді. Ең бастысы
Яссауи хикметтері мың қатпар қағидасы бар терең діни-мистикалық
дүниетанымды қалың қауымның қабылдауына оңтайлы түрде, қала берді бүкіл
түркі жұртшылығына түсінікті тілмен жеткізді. Хикметтердің түркі ауыз
әдебиеті дәстүрімен ұштасып жататын жанрлық сипаты, көркемдік табиғаты
осыны айғақтайды. Яссауи дәуірінде арабы-парсылық дәстүрдің тұтастай
түркілік әдеби дәстүрді ықпалына ала бастағандығына қарамастан, Хикметтер
табиғаты түркілік тегінен, ұлттық өлең үрдісінен ажырамаған. Ақын
хикметтерін түркі құлағына жатық, буын санына негізделген түркілік өлең
құрылысымен баяндайды. Хикметтердің негізінде белгілі бір әуенге, белгілі
бір музыкалық мақамға лайықталуы да мүмкін екендігі зерттеуші ғалымдардың
пікірлерінде де жиі қайталанады [19, 20]. Бір сөзбен айтқанда, Қожа Ахмет
Яссауи хикметтері тақырып ерекшелігімен, танымдық сипатымен түркі поэзиясы
тарихындағы түбегейлі бетбұрыстың бастауы бола тұрса да, көркемдік
табиғатында ұлттық өрнегі басым халықтық өлең дәстүрінің жазба әдебиетпен
желі жалғастырған жарқын үлгісі.
Түркі әдебиеті тарихи үрдісінде шоқтығы биік белестердің бірі –
Қарахандар билік құрған кезең. Қарахандар мемлекетінің билеушісі Сатұқ
Боғра ханның ислам дінін қабылдауы тұңғыш мұсылман түркі мемлекетінің
құрылуына себеп болды. Ислам дінінің ресми дін ретінде қабылдануы түркі
тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Қарахан мемлекеті ислам
мәдениетіне бет бұрғанмен, сан ғасырлық тарихы бар көне мәдениеттен де
бірден қол үзіп кетпеген. Ұйғыр хандығындағы түркі тайпалары бұл дәуірде
әлі де болса буддизм, манихеизм сияқты көне діндерді ұстанатын. Өзге дін
ұстанатын ұйғыр хандығындағы түркі тайпаларының да Қарахан мемлекетіндегі
қандастарына әсер ықпалы аз болмаса керек. Қарахан дәуірінде дүниеге келген
түркі әдебиетінің ең көне де көркем мұраларының бірі Жүсіп Хас Хажиптің
Құтадғу білігінің бүгінгі күнге жеткен үш нұсқасының ең ескісінің
мұсылман мәдениетінің айнасы араб әліпбиімен емес, керісінше көне ұйғыр
әліпбиімен жазылуының өзі біраз жайды аңғартқандай. Тіпті, ислам мәдениеті
түркі жұртшылығына кеңінен қанат жайған кезеңдердің өзінде ұйғыр әліпбиінің
аз қолданылмағаны мәлім. Диуаны лұғат-ит түрк, Хибат-үл Хақайық,
Мұхаббат-нама сияқты көне мұраларымыздың ұйғыр әліпбиімен жазылған
нұсқалары да бар.
Қарахан дәуіріндегі түркі тайпаларының тірлік-тынысы, мәдениеті, түрлі
диалектілері, ислам мәдениеті аясындағы түркі жазба әдебиетінің бастаулары
және сол дәуірлерде әлі де болса қолданыстан түспеген түркі-ұйғыр жазба
мәдениеті жайындағы мағлұматтарды түркілік ілімінің ең көне де көлемді
туындысы Диуаны лұғат-ит түрктен кездестіруге болады.
Қарахандар дәуірі - түркі жұртшылығы тарихындағы рухани, мәдени өрлеудің
асқақ шыңы іспетті өзгеше кезең. Жоғарыда аталған Құтты білік, Диуаны
лұғат-ит түрктен басқа Ахмет Иүгнакидің Хибат-үл Хақайық және Құранның
тәпсірі сияқты көлемді көркем туындылар осы дәуірде дүниеге келген.
Қарахандар дәуіріндегі түркі мәдениетінің өзгеше қарқынмен өркендеуін
зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігі ислам дінімен байланыстырады. Ислам
идеясының орта ғасырларда мемлекеттік дәрежеге құлаш жайып, саяси
әлеуметтік танымға айналуы Қарахан мемлекетінің іргесін нығайтып,
мәдениетін өрістетті.
Жалпы түркі өлең дәстүрінде жаңаша леп, тың тыныс әкелген Жүсіп
Баласағұнның Құтты білігі, онымен сарындас Ахмет Иүгнакидің Ақиқаттар
сыйы, түркі тану ілімі мен түркі тіл білімінің тұңғыш әліппесі іспетті
Махмұт Қашқаридың Диуаны лұғат-ит түркі сөздігі – осы Қарахандар
дәуіріндегі мәдени өрістеудің, мұсылман өркениетінің түркі мәдениетіне
тигізген игі ықпалының жемісі.
Құтты білік дастаны жаңаша сыртқы құрылымымен, жанрлық табиғатымен,
өлшем өрнегімен түркі өлеңі тарихындағы бірегей туынды. Классикалық түркі
поэзиясының тұңғыш үлгісі [20, 5]. Бұл поэмада түркі поэзиясының жаңаша
дәстүрінде қолданылуға тиісті араб-парсы поэтикасы заңдылықтары шектеулі
түрде болса да көрініс табады. Ең бастысы, араб-парсы поэзиясы арқылы енген
аруз өлең өлшемі тұңғыш рет осы поэмада қолданылады. Жүсіп Баласағұнның
шығармасы ішкі мазмұнымен, дидактикалық бітімімен жалпы түркі өлең
дәстүрінде ағартушылық бағыттың іргесін қалап, негізін қалыптастырған. Араб-
парсы поэтикалық дәстүрінің ықпалында дамыған түркі классикалық поэзиясының
тұңғыш үлгісі бола тұрса да Құтты білікті толықтай шығыстық үлгідегі
шығарма деп бағалау әбестік болар еді. Құтты біліктегі араб-парсылық әсер
негізінен өлең формасымен және кейбір жанрлық шарттылықтармен ғана
шектеледі. Ал ондағы образдар жүйесі, ақынның сөз саптау салты шығыстық
әсерден ада. Зерттеуші ғалым А.Егеубаевтың айқындауынша, Араб-парсы
әдебиетінің әсері бар деп жүрген Құтты білік дастанында не бәрі 400-ге
тарта иран-парсы сөздері кездеседі екен [21, 59]. Арузбен жазылған
поэзиялық туынды болғанымен, ақын кейінгі дәуір түркі тілді
өлеңдеріндегідей өлшем, ұйқас мүмкіндігі үшін кірме сөз қолдану тәсіліне
бармайды. Тіпті Алла деген сөздің өзі Тәңрі, Тәңрі-тағалла сөздерінен сирек
қолданылған. Құтты білік дастанындағы образдар жүйесі шығыс
поэтикасындағы дәстүрлі образдардан гөрі таза көшпелі танымнан туған түркі
эстетикасына етене жақын. Мұндағы троптардың басым көпшілігі ежелгі
түркілердің нанымына, дәстүріне, көшпенді жұрттың санасына жақын ұғымдардан
туындайды [21, 96]. Поэмада кейінгі түркі классикалық поэзиясына араб-парсы
өлең дәстүрінен енген дәстүрлі образдар мен тұрақты бейнелі тіркестер
жоқтың қасы. Сондықтан Құтты біліктің шығыстық сипаты оның өлең формасы,
өлшем жүйесі және кейбір жанрлық шарттылықтарында ғана деп айтуға толықтай
негіз бар. Ал поэманың образдар жүйесі ақынның сөз саптау салты, бейнелі
тіркестердің табиғаты таза түркілік дәстүрге халықтық поэтика үрдісіне іш
тартады. Қалай десек те, Құтты біліктің түркі классикалық поэзиясының
үлгісі екендігі мұндағы шығыстық әсердің аз немесе көп болуымен айқындалмақ
емес. Түркітану ғылымында поэманың шығыстық сипаты немесе ұлттық бітімі
төңірегіндегі дау-дамай, пікір-талас толастамағанымен, Құтты білік түркі
өлең тарихында түбегейлі бетбұрыстың, көркемдік жаңашылдықтың бастауы
болған бірегей туынды болып қала береді.
Қарахан дәуіріндегі Жүсіп Баласағұн шығармасымен сарындас тағы бір
поэзиялық туынды Ахмет Иүгнакидің Хибат-үл Хақайық (Ақиқаттар сыйы)
поэмасы. Ақлиқаттық-ағартушылық дәстүр ағымында жазылған бұл поэманың
Құтты білікке негізгі ұқсастығы тақырып үндестігі мен идеялық
үйлесімінде. Бір дәуірде қаламға алынған екі туындының төркіндестігі, ой
идея, эстетикалық таным бірлігінен туған рухани аясы ортақ көркемдік
құбылыс [21, 61]. Бұл көркемдік құбылыстың негізгі берік өзегі - ислам
діні, оның осы дәуірдегі басқа да шығармаларға шуағын түсірген
адамгершілік, имандылық рухы. Ал екі поэманың сыртқы құрылымдық
ұқсастықтары мен ортақ сюжеттік композициялық шарттылықтары түркі өлеңіне
сол кезеңде жаңа-жаңа таңбасын түсіре бастаған шығыстық поэтикалық үрдіс
пен тарихи тамыры терең түркілік өлең дәстүрінің тоғысуынан туған көркемдік
заңдылық. Келер дәуірлерде қарыштап дамып, түркі сөз өнерін өзгеше биікке
жеткізген түркі классикалық поэзиясы деп аталатын өлең тарихындағы ұлы
үрдістің негізінде осы күрделі көркемдік заңдылық жатыр.
Қарахан дәуіріндегі түркілік әдебиеттің жаңаруы мен жаңғыруы өзгеше
қарқында өрістеуі Алтын Орда дәуірінде түркі ұлыстары мекен еткен
мемлекеттің ірі мәдениет орталықтарында, тіпті Алтын Орданың шекарасынан
шалғай Мысыр еліндегі түркі ұлыстарының жазбаша мәдениетінде жалғасын
тапты. Бұл дәуірде Қарахандар кезеңіндегідей дидактикалық сипаттағы
ақлиқаттық-ағартушылық мазмұнды шығармалар ғана емес, сонымен қатар
лирикалық сарынды шығармалар көптеп жазылып, заңгерлік пен әскери іске
қатысты еңбектер де дүниеге келді. ХІҮ ғасырда, әсіресе, Мысыр мен Алтын
Орда мемлекетінің территориясында көркемдік деңгейі аса жоғары туындылар
туып, араб-парсының айтулы ақындарының әйгілі шығармаларына нәзиралар
жазылады. Сырдария өзенінің төменгі ағысында Хорезми ақынның Мұхаббат-
нама поэмасы, Хорезм аймағында оғыз-қыпшақ жазба әдеби тілінде Нахж-үл
Фарадис қаламға алынып, Құтып ақын парсының әйгілі Низами ақынның
шығармасына нәзира ретінде жазған Хұсрау-Шырын поэмасын дүниеге әкеледі.
Ал Мысыр елінде Сайфи Сараидың Сағдиға жазған нәзира дастаны Гүлстан
поэмасы, арабшадан аударылған Хуласа түркі әдебиетінің сол дәуірдегі
шыққан биігін танытса, араб ғалымдарының Алтын Орда мен Мысыр елін мекен
еткен түркі ұлыс-тайпаларының тілін үйреніп, түрлі сөздіктер мен
граматикалық еңбектер әзірлеуі-түркі әдеби тілінің өзге елдердің арасындағы
шынайы беделінің белгісі. Қыпшақтармен тығыз қарым-қатынаста болған немесе
көрші қонған елдер сол кезеңнің саяси мұқтаждығынан қыпшақ тілін үйреніп,
мәдениетін тануға ұмтылған. Ұлан-ғайыр өлкеге ықпалы жүрген қыпшақтардың
тілі жайындағы көне жәдігерлердің бірі Кодекс Куманикус Еділ өзенінің
төменгі ағысында Франческо миссионер топтары тарапынан қаламға алынған. Бұл
- латынша-парсыша-қыпшақша сөз бағандарынан, қыпшақша-алманша сөздіктер мен
түрлі қыпшақша мәтіндерден тұратын көне туынды.
Алтын Орда дәуіріндегі шығармалардың тілінде аздаған диалектологиялық
өзгешеліктер болғанымен, бәрінің негізі көне қыпшақ тілі. Сол себепті де,
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетті қыпшақ тілді әдебиет немесе қыпшақ
әдебиеті деп те атауға болады. Және бұл Алтын Орда мемлекеті туғызған сол
территорияда ғана жасалған әдебиет емес, ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Алтын Орда
дәуірінде өмір сүріп, Сыр бойында, Хорезмде, Каспий маңында, Египетте, тағы
басқа аймақтарда тіршілік еткен Түркі тілдес халықтар жазып қалдырған әдеби
ескерткіштері, қыпшақ-оғыз сияқты ру ұлыс тайпаларының жасаған ортақ
әдебиеті [22, 4].
Қарахандар дәуірі әдебиетінде дәстүрлі сипат алған діни сарын,
ақлиқаттық-ағартушылық бағыт Алтын Орда дәуірі ортақ түркі әдебиетінде де
желісін үзбей, жалғастығын тауып жатты. Рабғузидың Кисса`с –үл Әнбия,
Сайфи Сараийдың Гүлстан бит-түрк, Махмұт бин Әлидің Нахж-үл Фарадис,
тағы басқа шығармалар діни тақырыптарда жазылған. Алайда Құтты білік,
Ақиқаттар сыйы поэмаларында мұсылманшылық сарын көркемдік әдеп ретінде
ғана көрініс тапса, Алтын Орда дәуіріндегі Кисса`с –үл Әнбия, Гүлстан
бит түрк, Нахж-үл Фарадис, сияқты туындылар шариғат шарттары, ислам
қағидалары, Құрандағы аңыз-әңгімелер, сопылық ілімі секілді таза діни
тақырыптарды толғайды. Аталмыш әдеби мұралардың тағы бір өзгешелігі жанрлық
сипаттарында. Бұлардың бәрінде поэзия және проза жанры араласып келеді.
Сондай-ақ бұл шығармалар Алтын Орда дәуірінде өзгеше өріс алған аударма-
нәзиралық шығармаларға жатады. Белгілі ғалым Алма Қыраубайқызы Алтын Орда
дәуіріндегі көркем әдебиеттің екі түрін атап көрсетіп, біріншісі аударма -
нәзиралық шығармаларға Хұсрау-Шырын, Гүлстан, Кисса`с-үл Әнбия,
Қисса Жүсіп, Нахж-үл Фарадис, Жұмжұма кітабын жатқызса, екіншісі –
тың тума әдебиет үлгісі деп Мұхаббат-наманы атайды [21, 15].
Шығыстағы нәзира салтының аударма тәсілінен өзгешеленер заңдылықтарын
ескерсек, бірінші топтағы туындыларды да сол кезеңдегі әдебиеттің көркемдік
тінін танытар тың туындылар деп бағалауға болады. Мәселен, әйгілі түрколог
ғалым Әмір Нәжіп түркі тілдерінің тарихына арналған зерттеу еңбегінде
Құтыптың Хұсрау-Шырын поэмасына аудармадан гөрі, нәзираға айналған тың
туынды деп баға береді [6, 130]. Ғалымның Сайфи Сараийдың Гүлстан
поэмасы жайлы пікірі де осы сипатта. Бір сөзбен айтқанда, әдебиеттегі
нәзирашылық - Алтын Орда дәуірі түркі әдебиетінің даму бағытын айқындаған
айрықша көркемдік салт. Бұл көркемдік салттың игі ықпалымен Құтты Білік
дәуірінде іргесі нығайған әдебиеттің қоғамдағы әлеуметтік-моральдық рөлі
арта түсуімен бірге түркі әдеби түрлері шығыстық нақыштармен толығып,
көркемдік-эстетикалық танымның көкжиегі кеңейді. Түркі тілді әдебиет
тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан
мейлінше байыды. Қарахандар дәуірі түркі әдеби мұраларында тұңғыш тәжірибе,
ілкі ізденіс деңгейінде көрінетін түркі ақындарының дамыған, жетілген,
көркемдік кемелдікке жеткен араб-парсы тілді поээиямен бәсекелесуі Алтын
Орда дәуірінде айрықша қарқын алып, түркі әдебиеті шығыстық көркемдік-
эстетикалық әлемінің аясына енді, жаңаша бір арнаға бет түзеді. Аталмыш
дәуірдегі осы жаңаша арнаның жарқын сипаттамасын профессор А.Қыраубайқызы
былайша атап көрсетеді: Араб халифатының қол астына кірген елдердің
мәдениеті мен әдебиетінің бірыңғай әдеби дәстүрмен дамығандығы, ол әдеби
дәстүрдің шығыста, оның ішінде түркі халықтары әдебиетінде орнықты
болғандығы сондай, халифат ыдырап, оларды моңғолдар жаулап алған кезде де,
сол халифаттар құрамындағы ру, ұлыстар жеке-жеке хандықтарға, мемлекеттерге
бөлініп кеткеннен кейін де ұзақ уақыттар сақталды деуге болады. Сондықтан
шығыс алыптары Фирдоуси, Низами, Сағди қалдырған жолдар түркі тілдес
халықтар әдебиетіне етене жақын еді. Олардан қалған үлгі араб, парсы, түркі
тілдерін бірдей білетін түркі ақындарына шеберлік мектебіндей болған [22,
77-78].
Бұл шеберлік мектебінен шыққан, қай қырынан болса да шығыс үлгісіндегі
түркі классикалық өлеңінің шынайы келбетін танытар тың тума шығарма -
Хорезмидың Мұхаббат-нама поэмасы. Бүгінгі күнге жеткен бірі ұйғыр, бірі
араб әліпбиімен жазылған екі көшірме нұсқасы бар дастанның екі нұсқасы да
қазіргі ғылымға кеңінен танымал. Қазіргі түркі тілдеріне оның ішінде, қазақ
тіліне аудармалары жасалған. Поэманың тілдік аспектісі түркітану ғылымында
біршама зерттелген.
А.Н.Самойлович, В.В.Бартольдтардың мақалаларынан басқа, поэманың тілдік-
лингвистикалық ерекшеліктері жөніндегі түбегейлі зерттеу ретінде Әмір
Нәжіптің еңбегін айтуға болады [6].
Қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Р.Бердібаев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев,
Н.Келімбетовтердің игі бастамаларынан кейін поэма әдебиеттанушы ғалымдардың
арнайы зерттеу жұмыстарына арқау болып, 1985 жылы А.Қыраубайқызының қазір
қазақ тіліне көркем аудармасы, артынша Ә.Дербісалин, М.Жармұхамедов,
Ө.Күмісбаевтардың жасаған жолма-жол аудармасы жарыққа шықты. Б.Сағындықұлы
Мұхаббат-наманың сол дәуірдегі басқа жазба мұралармен салыстырмалы
лексикасын зерттесе, 2001 жылы Г.Убайдуллаева Мұхаббат-наме ескерткішінің
текстологиясы деген тақырыпта диссертациялық жұмыс дайындады.
Бұдан басқа да Алтын Орда дәуірі әдебиетінің әдебиетіміз бен тіліміздің
көне үлгісі ретіндегі құндылығын ашып берген аса бағалы зерттеулер
баршылық. Солардың ішінде А.Қыраубайқызының Кеңестік дәуірдегі ғылыми
методологияның көне мұраға деген кертартпа әдістерінің шектеуінен шығып,
шеңберді бұзып, Мұхаббат-наманың көркемдік табиғатын талдап, тың
тұжырымдар жасауы сөз жоқ ерекше ескеруге тұрарлық еңбек.
Ғалым Хорезмидің Мұхаббат-намасын мазмұны жағынан мынадай бөлімдерге
бөліп қарастырады.
1. Кіріспе бөлім. Тәңірді мадақтау. Мұхаммед Хожабектің сыпаты.
2. Жігіттің сүйгеніне сезім, сырын білдіретін ғашықтық арнау өлеңдері.
3. Дастанды аяқтау [5, 151]. Поэманың бұлайша түзілуінің дәстүрлік
негіздері де жоқ емес.
Мұхаббат-нама - сол кезеңдегі шығыс өлең дәстүрінің барша көркемдік
дәрежесін бойына сіңірген үздік поэма. Сол себепті де шығарманың көркемдік
табиғатын тереңірек танып білу үшін теориялық талдау талпыныстарын шығыстық
поэтикалық заңдылықтарға негіздеген абзал. Поэма авторы Хорезми сөзін
алланың атын дәріптеп, аллаға сыйынудан бастайды. Бұл ежелгі әдебиетке тән
дәстүр. Әйгілі Құтты білік, Диуаны лұғат-ит түркі, Хибат-үл Хақайық
т.б. шығармалардың тура осылай алла, тәңірі атымен ашылуы көне дәуір
мұраларындағы берік поэтикалық заңдылықты меңзейді [21, 65].
Жалпы классикалық түркі өлең дәстүрінде бұл мазмұн ерекше орынға ие
болып, жеке өлең жанры деңгейіне де жеткен. Түркі поэзиясында алланың
бірлігін, ұлылығын арқау еткен өлеңдерді тәуһид, Алладан медет тілеп,
жалбарыну мазмұнды өлеңдерді мінәжат деп атайды [23, 25]. Көбіне мәснауи
өлең түрінде келетін тәуһид пен мінажаттың өзге өлең түрлерімен жазылған
үлгілері де жеткілікті. Тәуһид пен мінажат қасиетті тақырып болғандықтан,
көбіне ақын диуандарының (өлең жинақтарының) және көлемді шығармалардың
басында орын алады. Хорезми де сөз басында дәстүр салған сара жолдан
ауытқып кетпейді. Тәңірдің бар ұлылығын сипаттап, құдырет күшіне табынып,
тәуһидін айтады. Алайда мінажатты поэманың басында емес, соңына таман
береді. Алланың ұлылығына арналған тәуһид сөзінен кейін, ақын шығарманың
жазылу себебін түсіндіріп, ғазал айтып, мадақ өлеңге көшеді. Мадақ өлең
Мұхаммет Хожабек атты Алтын Орда бектерінің біріне арналған.
Ө.Күмісбаев, Ә.Дербісалин, Ө.Жармұхамедовтер Мұхаббат-намадағы мадақ
өлеңді бүкіл Шығыс әдебиетінде атам заманнан өмір сүріп келе жатқан
дәстүрлі поэзиялық түр деп өте орынды атап көрсеткен. Ол шын мәнінде
белгілі бір мемлекет билеушісі, хан падишасы, уәзір және дінбасыларды
мадақтап, дәріптеуге арналған мәдхия өлең шығыс поэзиясында көлемді
туындылардың ажырамас бөлігіне айналған [22, 278].
Әйгілі араб-парсы ақындарының көлемді туындыларын өз кезеңіндегі ел
билеушілерге тарту етіп, оларға мадақ өлең арнағанын былай қойғанда, түркі
классикалық поэзиясының Мұхаббат-намаға дейінгі үлгілері Құтты Біліктің,
Сатұқ Бұғраханға, Ақиқаттар сыйының Ыспахсалар деген бекке тарту етілуі
мадақ өлеңнің дәстүрлілігін дәлелдей түседі.
Сондықтан да Хорезмидің Мұхаббат-намасының алланың атымен басталып,
Мұхамед Хожабек билеушіге арналған мадақ өлеңмен жалғасуын түркі
классикалық өлең дәстүріне тән басты композициялық шарттылықтардың бірі деп
ұққан абзал. Мұхаббат-нама жанрлық түрі жағынан мәснәуи поэма. Мәснәуи
(мәсневи араб сөзі, қосарланған деген мағынада) араб-парсы, түркі тілді
әдебиеттердегі қос тармақты шумақ қолданылатын өлең түрі [24, 138]. Әйгілі
Фердоусидің Шахнамасы, Низамидің Хамсасы түркі әдебиетінде Құтты
білік те мәснәуи түрінде жазылған. Құтыптың Хұсрау-Шырыны Әлішер
Науаидің Хамсасы, Физулидің бірнеше поэмасы мәснәуи түрінде жазылған.
Мәснауи өзара ұйқасып келетін қос тармақты өлең деген мағынада да, осы
үлгідегі жазылған өлеңнің жанрлық түрі деген мағынада да қолданылады [24,
138]. Жанрлық түр ретінде мәснәуи поэмалардың өзіне тән композициялық
құрылымы бар. Мәснәуи поэмаларда автор бірден негізгі тақырыпты толғамайды.
Түрік ғалымы Жем Дилчиннің Түркі өлеңінің табиғаты атты еңбегінде
мәснауидің мынандай негізгі бөлімдері көрсетіледі:
1. Тәуһид (Алланың ұлылығын сипаттап, бірілігін дәріптеу).
2. Мінажат (Алладан медет тілеп, жалбарыну).
3. На`т (Мұхаммет пайғамбар мен оның сахабаларына арнау өлең)
4. Мәдһия (шығарма тарту етілген кісіге арналған мадақ сөз).
5. Себеб-и Телиф немесе Себеб-и Китаб (шығарманың жазылу себебін
түсіндіру).
6. Ағаз-ы Дастан (Бұл бөлімде автор поэманың негізгі тақырыбына енеді).
7. Хатиме (Қорытынды сөз. Бұл бөлімде шығарманың жазылып біткен кезеңі
көрсетіліп, автордың аты және қорытынды сөз айтылады) [23, 168-174].
Біз қарастырып отырған Мұхаббат-нама поэмасының композициялық
түзілімінің мәснәуи жанрына тән осы жүйеге сәйкестігін аңғару қиын емес.
Поэма Тәуһид (1-19 бәйіттер), Мінәжат (425 бәйіттен – 432 бәйітке дейін),
Мәдһия (64 бәйіттен – 89 бәйітке дейін). Себеб-и телиф (33 бәйіттен – 40
бәйітке дейін), Ағаз-ы дастан (96 бәйіттен – 102 бәйіт) бөлімдерінің
тақырыптық жүгін көтерер бірнеше бөлімдерге жіктелген. Мұхаббат-намада
Мінажат поэманың басында емес, соңына қарай орын алған. Сондай-ақ, ақын
шығарманың жазылу себебін түсіндіргенде бұл бөлімді Себебі телиф деп
атамай, сөзді Байани вақый`ин айтур деп бастайды. Негізгі тақырыпқа
енетін 7 бәйіттік бөлім (96 бәйіттен – 102 бәйіт) де васфи-л-хал айтур
деген атаумен берілген.
Бұл бөлімдер атаулары басқаша болғанымен негізгі тақырыптық және
мазмұндық сипатынан ажырамайды. Ақын Бәйаны вақый`ын айтур атты бөлімде
өзінің мұншалықты көлемді дастанды жазуына билеуші Мұхаммет Хожабектің
өтініші түрткі болғандығын
Тәбәссум қылды айды: ей фәлани
Кетиргүн бизга лайық армағаны
Аудармасы:
Жымиып күлді де айтты: ей пәленшеке
Келтіргін сыйыңды бізге лайық – деген бәйіт жолдарымен
түсіндірсе, Вәсфул хал айтур бөлімінде
Мұхаммед Хожа-бек мәдһин түгәттим
Мұхаббат-намәни бүнйад еттим
Адармасы:
Мұхамед Хожа-бекті мақтап біттім
Мұхаббат-наманы жазуға кірістім – деп бұдан кейін негізгі
тақырыпқа көшіп, алғашқы намасын айтады. Поэмада Пайғамбарлар мен
сахабаларды мадақтауға арналған арнайы На`т бөлімі болмаса да ақын бірінші
бөлімнің (Тәуһид бөлімінде) соңғы бәйіттерінде (13-14-15-16-17-18 бәйіттер)
алланың ұлылығын сипаттай отырып, Сүлеймен, Мұса, Иүсуф, Әййуб, Ыбрахим,
Иса, Мұхаммед пайғамбарларға алла тағала дарытқан ғажайып қасиеттерді
дәріптейді. Ал енді автор поэманың Хатимату-л китаб немесе Хатимә бөлімінде
мәснәуи жанрының талабына сай мынандай жолдар арқылы шығарманың дүниеге
келген жерін, жазылған жылын көрсетіп, өз атын атап қорытынды сөз айтады.
Мухаббәт-намә сөзин мунда биттим.
Қамуғын Сыр йәкасында битидим
(Мұхаббат-нама, 437-бәйіт)
Аудармасы:
Мұхаббат-нама сөзін мұнда біттім,
Баршасын Сыр жағасында жаздым
Ақын поэма бөлімдерін қалай атаса да, бұл бөлімдердің ішкі мазмұны мен
шығармада орналасу тәртібі жоғарыда көрсетілген мәснауи жанрына тән
композициялық түзіліміне сәйкеседі.
Мәснауидың жанр ретіндегі сипаты ең алдымен оның сыртқы құрылымдық
ерекшеліктері арқылы айқындалады. Әр бәйіттің қос тармағының өзара ұйқасып
келуі (аа - әә - бб түрінде), аруз өлшемінің қысқа қалыптарымен жазылуы
және өзіне тән басқа жанрларда қайталанбас композициялық құрылымы -
мәснәуидің жанрлық табиғатын танытатын басты белгілері. Шығыста дәстүрді
сақтаудың маңыздылығы өз алдына жалпы ерте дәуір әдебиетінде өлеңнің
өлшемі, тармақ түзілімі, қандай да бір сөз саптау конструкциясы мен
құрылымдық принциптерге арқа сүйеу – жанрды жасайтын негізгі белгілер
болған [25, 333]. Сондықтан дәстүрлі жанрлардың өзіндік қатаң құрылымы
бар. Араларында құрылымдық айырмашылықтары айқын әр жанрдың дәстүрден
туындаған белгілі бір нормалары мен қағидалары шығарма авторының еркін
өзіне тәуелді етіп алады. Белгілі ғалым М.М.Бахтиннің сөзімен айтсақ, бұл
жанрлық канон, яғни қалыпты тұрақты жанрлық белгілердің өзіндік жүйесі
[26, 452].
Ендеше, орта ғасырлық мұсылман шығыс әдебиеттерінде кеңінен тараған
мәснауи жанрының өзгермес композициялық түзілімі әдебиеттегі дәстүр
жалғастығының көрінісі ғана емес, сонымен қатар тұрақты тәртіп, қалыпты
қағидаға негізделген жанрлық канон. Сөзіміздің айғағы ретінде Алтын Орда
дәуірінде Құтып ақынның қаламынан туған тағы бір тамаша туынды Хұсрау-
Шырын мәснәуи поэмасының композициялық түзілімін Мұхаббат-намамен
салыстырып көрейік.
Хұсрау-Шырын поэмасының басында Құтып ақын 13 бәйіттік алғы сөзден
кейін аллахум тағалланың тәуһидін айур деген атаумен поэманың тәуһид
бөліміне, яғни алланың ұлылығы мен бірлігін дәріптеуге кіріседі.
Иди аты бирле башла сөзүңни
Ким ол бар қылды йоқтын бу өзүңни (180 бәйіт)
Улуғ тәңри ким ажунны йаратты
Тутуп бик иірни көклеріни төретти (181 бәйіт).
Жолма-жол аудармасы:
Ие атымен баста сөзіңді
Сол ғой бар қылған жоқтан өзіңді.
Ұлы тәңрі дүниені жаратты
Алып күшімен жерді, көкті жаратты
(Ие деген сөз жаратушы ие, алла деген мағынада).

1.2 Алтын Орда дәуірі классикалық поэзиясының үлгілері

Алтын Орда дәуірінің классикалық туындылары ретінде Хорезмидің Мұхаббат-
нама, Құтыптың Хұсрау-Шырын дастандары мойындалған.
Құтыптың Хұсрау-Шырыны Мұхаббат-намаға қарағанда әлдеқайда көлемді
мәснәуи. Мұхаббат-наманың жалпы көлемі парсыша бөлімдерін қосып
есептегенде не бәрі 473 бәйіт болса, Хұсрау-Шырын 4370 бәйіттен тұратын
аса көлемді туынды. Сол себепті де Хұсрау-Шырынның тәуһид бөлімі
Мұхаббат-наманыкінен әлдеқайда ұзақ.
Құтып шығармасының келесі бөлімдері мынадай:
Ефлак һарекатының сөзі (Дүние қозғалысы жайлы сөз);
Тәңрі тағалланың мінәжаты (Алладан медет тілеп, мінәжат етіп жалбарыну);
Расул алеиһис-селам на`ты (Мұхамед пайғамбарды дәріптеуге арналған
бөлім);
Расул алеиһис-селам төрт йари өгдиси (Мұхамед пайғамбардың төрт сахабасы
Әбубәкір, Осман, Омар, Әлілерді мадақтауға арналған өлең);
Шаһ-заде Тыныбек хан медһи (Ақын шығармасын ұсынып отырған Ақ Орда бегі
Тыныбек ханға арналған мадақ сөз);
Мәлике-и мерхуме хан мәлик медхи (Тыныбек хан жұбайы Мәликанің мадағы);
Китаб назм қылмаққа себеб бәйан айур (Кітапты жазуға себеп болған
оқиғаны айту. Яғни шығарманың жазу себебін түсіндіріп, негізгі тақырыпқа
ену);
Хұсрау-Ширин хикаятының әууели (Хұсрау-Шырын хикаясының басы).
Міне, поэманың негізгі тақырыбына дейінгі тараулардың түзілімі осындай.
Бұдан кейін ақын Хұсрау Шырын хикаясын, яғни поэманың негізгі сюжетін
Низами нұсқасы бойынша бөлімдерге айырып, баяндайды.Бас аяғы жетпіс тоғыз
бөлімнен тұратын негізгі хиқаяның қысқаша мазмұны мынадай:
Иран патшасы Хүрміздің баласы болмай құдайға жалбарынып жүргенде әйелі
ұл туып,атын Хұсрау Парвиз қояды. Хұсрау он бес жасқа толғанда үлкен атасы
Наушаруан патша түсінде аян беріп,оған Шебдиз деген сәйгүлікті, Барбед
деген сазгерді.және патша тағы мен шырындай тәтті сұлу қызды тарту еткенін
айтады. Хұсрау қызметшісі Шапурдан Армян ханшайымы Мехин Банудың жиені
Шырын сұлудың кім екенін және Шебдиз тұлпар жайын сұрап біледі. Шапурдың
әңгімесінен әсерленіп, Шырынға ғашық болып,оны сұлуды алып келуге
аттандырады. Шапурмен кездескенде Хұсраудың суретін көріп, сезім
сергелдеңіне ұрынған Шырын аң аулауды сылтау қылып, Гүлгін тұлпарына мініп
Хұсрауды іздеп шығады. Бұл сәтте Хұсрау да Шырынды іздеп жолға аттанады.
Екеуі бір бұлақтың басында ұшырасып бірін бірі тани алмай қалады. Шырын
Хұсраудың сарайына келгенде оны таба алмай қатты қайғырады. Ақырында сол
төңіректе өзіне де сарай салғызып,сүйіктісін күтеді. Бұл кезде Хусрау болса
Армян елінің ханшайымы Мехин Банудың сарайының шарап мәжілістерінде
қайғысын басуға тырысуда. Көмекшісі Шапурды Шырынды алып келу үшін
Медайынға қайтарады. Бірақ Медайында әкесі тақтан тайдырылады. Жаулары
Хүрміздің көзіне қорғасын құйып өлтіреді де, мұны естіген Хұсрау отанына
оралуға мәжбүр болады. Тақ таласында Бахрам Шөбиннен жеңіліс тауып Армян
еліне қайтып келе жатқанда Шырынмен қауышады. Алайда екеуінің бақыты ұзаққа
созылмайды. Хұсрау Шебдиз атына мініп, Римге аттанады. Рим патшасы Иран
шахының еліне келгеніне қуанып, оған қызы Мәриямды береді.Римнен елу мың
әскер жиып беріп, әкесінің тағын қайтарып алуға Медайынға аттандырады.
Хұсрау Парвиз Бахрамның әскерін талқандап,таққа отырады. Бұл кезде Мехин
Бану дүние салып, Шырын Армян елінің ханшайымы болған. Ол ғашығы Хұсрауды
іздеп тағы да Медайынға келеді. Шырынның жастайынан сүт ішетін әдеті бар
болатын. Сүтсіз өмір сүре алмайтынын айтып Шапурға тапсырма береді. Шапур
Фархат есімді сәулетшіге Шырынның сарайына сүт жеткізіп тұратын арық
салғызады. Шырынның көркіне арбалған Фархат та оған ғашық болады. Хұсрау
патша мұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Көне Түркі жaзулaрының зерттелуі. Орхон жaзуындaғы жәдігерліктер
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Пәндер