Төлеген Айбергенов туындыларындағы лиризм



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1 Төлеген Айбергенов және қазақ лирикасы
1.1 Ақынның шығармашылық өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Т.Айбергенов лирикасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2 Ақын поэзиясының тақырыптық.идеялық ерекшеліктері
2.1 Сыршылдықтан шыншылдыққа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
2.2 Ақын поэзиясының образдық.бейнелілік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62
Лирика – адам рухы, адам сымбаты. Демек ол тұтас алғанда бір ұлттық рух, халықтық сипат. Біз лирикадан адам жанының тынымсыз қозғалысын, физикалық және психологиялық әрекеттерін көреміз, тірлік, тыныстарын түгел танимыз. Адам бүкіл әлемдік құбылыстардың саналы көзі, лирика – сол адамның сезіну, түйсіну, тану, талғау, таңырқау, тамашалау, сөйтіп барып шешім қабылдау өлшеуіші.
Лирика адамның бойын да, ойын да қабаттай бағушы, жөргектен қабірге дейінгі адам осы бағушыдан бір мезетте тыс қала алмайды, жан иесінің алғашқы шырылы, алғашқы күлкісі, алғашқы махаббаты, алғашқы қайғысынан бастап, барлық өмірі: ерлігі, ездігі, ақтығы, қаралығы, шындығы, жалғандығы, қуаныш, мақтанышы, күдік, түп-түгел лирикада, жан рухының өлеңші тарихшысы бәрін қалдырмай сипаттап, қалдырмай баяндайды. Демек, лирика – адамның, адамзаттың рухани тарихы.
Әлеуметтік өмірдің прогресін, оның өсу кезеңдерін, даму процестерін қоғамдық, экономикалық ғалым қалай танытса, әлеуметтік өмірдің рухани өмірін әдебиет пен көркемөнер сондай танытады. Мінеки, сол әдебиетіміздің ішінде лириканың нәзік сезімпаздығы, жедел аңғарғыштығы, терең түйсіктенгіштігі ерекше орын – қымбат орын алады. Лирика бұл жағынан жеке адамның ғана емес, тұтас бір халықтың жаңғыра жасаруын, интеллектуалдық жағынан ірілену, бүтіндік табуын, гуманизмнің биіктеріне өрлегенін көрсететін документ.
Лирика барлық әдебиет жанрларымен, барлық көркемөнердің лүпілдеген жүрегі, тынымсыз жүгірген ыстық қаны болумен бірге, өзі де барлық өнердің ысуы мен жарығынан, дыбысы мен бояуынан жаралған шексіз қуат. Өйткені, ол өз өнерінің әбден жетілуі, құдіретті қуатқа айналуы үшін художниктің бояуын, музыкашысының үндестік күйін де өз қоруындай еркін жұмсай алады. Оған прозаның баяндағыштығы, дәлдігі мен дәлелдігі, драманың диалогы мен монологы да туыс. Сондықтан ол бірде алтын ішек лирамен, домбырамен қосылып әндетіп кетсе, бірде жел сілкінтердей трагедиялық монологтарды жырлап кетсе, енді бірде алыс пен жақынға, өткен мен болашаққа шешендік сөздерін де арнай алады. Лириканы нәзік дейтініміз осы әмбебаптығында, барлық үн, сырларды, барлық бай құбылыстарды қабылдағыштығында, әйтпесе ол жаратылыс сұрапылдары мен әлеуметтік сұрапылдардың қандай зор шындықтары болса да түгел жеткізе алады. Қысқарта айтқанда лирика – бүкіл әлемдік шындықтың обьективтік сәулесі. Лирика мен лирикашыл ақындарды аса құрмет тұтатынымыз да сондықтан. Осы жалпы сипаттама мен анықтамалардан шыға отырып қарасақ, қазақ лирика поэзиясының да заңды дамып, толығып келе жатқанын көреміз.
Фольклорлық поэзиядан бастап бүгінгі поэзиямыздың арасындағы өсу кезеңдері бірде-бір үзілген жоқ. Кілең жалғаса өркендеп отырды. Поэзиямыздың ұлттық қасиетін халықтық рухын әлемдік поэзияның биік
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. –Алматы: Жазушы, 1976, -472 б.
2. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. –Астана: Елорда, 2001, -312 б.
3. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. –Аламаты: Жазушы, 1960. -542 б.
4. Советтік Ќазаќстан жазушылары. Библиографиялыќ аныќтамалыќ. - Алматы: Жазушы, 1987. -733 б.
Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Мақалалар жинағы /Құраст. Ә.Нарымбетов. -Алматы: Жазушы, 1970. -544 б.
5. Айбергенов Т. Таңдамалы өлеңдер мен естеліктер жинағы. –Алматы: Жазушы, 1997. - 432 б.
6. Айбергенов Т. Аманат. –Алматы: Жазушы, 1975. - 197 б.
7. Айбергенов Т. Аруана – бауыр дүние. –Алматы: Жалын, 2003. -218 б.
8. Сәдуақасов Т. Жұмбақтас. –Алматы: Жазушы, 1981. -158 б.
9. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. –Алматы: Жазушы, 1973, -207 б.
10. Сахариев Б. Уақыт тынысы. –Алматы: Жазушы, 1965. – 218 б.
11. Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз. –Алматы: Жазушы, 1997.- 342 б.
12. Айбергенов Т. Мен саған ғашық едім. – Алматы: Рауан, 2005. -263 б.
13. Айбергенов Т. Бір тойым болатыны сөзсіз менің. –Алматы: Жазушы, 1988. - 341 б.
14. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. –Алматы: Жазушы, 1968. - 302 б.
15. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. –Алматы: Жазушы, 1973. - 348 б.
16. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. –Алматы: Жазушы, 1981. 227 б.
17. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. –Алматы: Жазушы, 1985. -531 б.
18. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. –Павлодар, 1999. -216 б.
19. Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Жазушы, 2002. -421 б.
20. Қабдолов З. Жебе. –Алматы: Жазушы, 1977, -380 б.
21. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. –Алматы: Жазушы, 1988. -171 б.
22. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. –Алматы: Жазушы, 1983. – 196 б.
23. Егеубаев А. Сөз жүйесі. –Алматы: Жазушы, 1985, -272 б.
24. Сейітов С. Өлең өлкесінде. –Алматы: Жазушы, 1984. -186 б.
25. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. –Алматы: Жалын, 1997. – 382 б.
26. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 376 б.
27. Әдебиеттану терминдер сөздігі /Құрас: З.Ахметов., Т.Шаңбай. –Алматы: Ана тілі, 1998. -371 б.
28. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. -Алматы, 1988. -136 б.
29. Майтанов Б. Сөз сыны. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. -218 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1 Төлеген Айбергенов және қазақ лирикасы
1.1 Ақынның шығармашылық 9
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
1.2 Т.Айбергенов лирикасының 14
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2 Ақын поэзиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері
2.1 Сыршылдықтан 27
шыншылдыққа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.2 Ақын поэзиясының образдық-бейнелілік 36
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер 62
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...


Кіріспе

Лирика – адам рухы, адам сымбаты. Демек ол тұтас алғанда бір ұлттық рух,
халықтық сипат. Біз лирикадан адам жанының тынымсыз қозғалысын, физикалық
және психологиялық әрекеттерін көреміз, тірлік, тыныстарын түгел танимыз.
Адам бүкіл әлемдік құбылыстардың саналы көзі, лирика – сол адамның сезіну,
түйсіну, тану, талғау, таңырқау, тамашалау, сөйтіп барып шешім қабылдау
өлшеуіші.
Лирика адамның бойын да, ойын да қабаттай бағушы, жөргектен қабірге
дейінгі адам осы бағушыдан бір мезетте тыс қала алмайды, жан иесінің
алғашқы шырылы, алғашқы күлкісі, алғашқы махаббаты, алғашқы қайғысынан
бастап, барлық өмірі: ерлігі, ездігі, ақтығы, қаралығы, шындығы,
жалғандығы, қуаныш, мақтанышы, күдік, түп-түгел лирикада, жан рухының
өлеңші тарихшысы бәрін қалдырмай сипаттап, қалдырмай баяндайды. Демек,
лирика – адамның, адамзаттың рухани тарихы.
Әлеуметтік өмірдің прогресін, оның өсу кезеңдерін, даму процестерін
қоғамдық, экономикалық ғалым қалай танытса, әлеуметтік өмірдің рухани
өмірін әдебиет пен көркемөнер сондай танытады. Мінеки, сол әдебиетіміздің
ішінде лириканың нәзік сезімпаздығы, жедел аңғарғыштығы, терең
түйсіктенгіштігі ерекше орын – қымбат орын алады. Лирика бұл жағынан жеке
адамның ғана емес, тұтас бір халықтың жаңғыра жасаруын, интеллектуалдық
жағынан ірілену, бүтіндік табуын, гуманизмнің биіктеріне өрлегенін
көрсететін документ.
Лирика барлық әдебиет жанрларымен, барлық көркемөнердің лүпілдеген
жүрегі, тынымсыз жүгірген ыстық қаны болумен бірге, өзі де барлық өнердің
ысуы мен жарығынан, дыбысы мен бояуынан жаралған шексіз қуат. Өйткені, ол
өз өнерінің әбден жетілуі, құдіретті қуатқа айналуы үшін художниктің
бояуын, музыкашысының үндестік күйін де өз қоруындай еркін жұмсай алады.
Оған прозаның баяндағыштығы, дәлдігі мен дәлелдігі, драманың диалогы мен
монологы да туыс. Сондықтан ол бірде алтын ішек лирамен, домбырамен қосылып
әндетіп кетсе, бірде жел сілкінтердей трагедиялық монологтарды жырлап
кетсе, енді бірде алыс пен жақынға, өткен мен болашаққа шешендік сөздерін
де арнай алады. Лириканы нәзік дейтініміз осы әмбебаптығында, барлық үн,
сырларды, барлық бай құбылыстарды қабылдағыштығында, әйтпесе ол жаратылыс
сұрапылдары мен әлеуметтік сұрапылдардың қандай зор шындықтары болса да
түгел жеткізе алады. Қысқарта айтқанда лирика – бүкіл әлемдік шындықтың
обьективтік сәулесі. Лирика мен лирикашыл ақындарды аса құрмет тұтатынымыз
да сондықтан. Осы жалпы сипаттама мен анықтамалардан шыға отырып қарасақ,
қазақ лирика поэзиясының да заңды дамып, толығып келе жатқанын көреміз.
Фольклорлық поэзиядан бастап бүгінгі поэзиямыздың арасындағы өсу
кезеңдері бірде-бір үзілген жоқ. Кілең жалғаса өркендеп отырды.
Поэзиямыздың ұлттық қасиетін халықтық рухын әлемдік поэзияның биік
мәдениетімен біте қайнастыра дамытқан. Абай салған жаңа дәстүр күні бүгін
біздің ең соңғы буын балауса жастарымызға өтті, бұл үлкен қуаныш. Осы кезге
дейін, жасыратыны жоқ, кейбіреулер Абай эстафетасы Ілияс Жансүгіровке
ауысты десе, кейбіреулер – жоқ, Сәкенге тікелей өткен, - деген қайшы
пікірлер де айтып келді. Бұл дұрыс болмайтын. Мұндай пікірлер зерттеуден,
талдаудан туған ғылыми болжал емес, әдебиет тарихында жалаң социологизм
тұрғысынан қараушылардың, біреуді ала, біреуді құла деп бөлушілердің,
әйтпесе әдебиет тарихын жікшілдікке бағындырғысы келгендердің таластары
болатын. Ал шындығында Абай дәстүрін дамытуға қатысы бар ақындардың
эстефетасын заманмен бірге ілгері бастыруға бәрі ортақ. Сонау Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың созған қолы Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбиттерге жалғасып
олардың қолынан Қалижан, Әбу, Асқар, Тайыр, Өтебай, Ғали, Қасым, Дихан,
Жұмағали тағы басқалар өтті. Бұл буынға қосылған Сырбай, Хамиттер, Жұбан,
Мұзафар, Тәкен, Қуандықтар өздеріне жедел ілестіре әдебиет майданына –
Ғафу, Ізтай, Тоқаш, Еркеш, Сағи, Тұманбай, Аманжол, Әділбек, Шәміл,
Жұмекен, Зейнолла, Өтежан тағы басқаларды ерте келді [1, 356-358].
Осы қазақ лирикасы сөз болғанда, біз Төлеген Айбергеновті айналып өте
алмаймыз. Ұлттық сипаттағы сыршыл өлеңдер қатарын толықтырған ақын
шығармашылығын дипломдық жұмысымызға арқау ерте отырып, аяулы қаламгердің
қысқа ғұмырындағы мол рухани мұрасын зерттеп-зерделеуді негізгі мақсат
еттік.
Қазақ поэзиясы аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып өткен Төлеген
Айбергенов шығармашылығы ұлттық әдебиетіміздегі біртұтас дәуірдің жыр-
шежіресіндей оқылады. Поэзия патшалығының алтын қақпасына қайталанбас
қолтаңбасын қашап қалдырған оның асқақ ақындық рухы, азаматтық пафосы
бірнеше буын ұрпақтың рухани қалыптасуына қалтқысыз қызмет етті.
Төлеген Айбергенов жырларын жастанып, жаттап өскен оқырманның алды
бүгінде егде тартты. Уақытпен бірге ұрпақтың ауысуы – заңдылық. Ал, ХХІ
ғасырдағы жас буын үшін ХХ ғасырда ең көп оқылған, ең көп арнау-өлеңдер
жазылған Айбергенов әлемі, сөз жоқ, ашылмаған тылсымдарға толы.
Т.Айбергенов өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылы жарияланды.
Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ
өлеңдері 1961 жылы шыққан “Жас дәурен” атты топтама жинақта басылды.
Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарына деген рухани сезім
байлығын, ақ ниетін жарқырата ашқан жыр кітаптары “Арман сапары” (1963),
“Өмірге саяхат” (1965), “Құмдағы мұнаралар” (1968), “Мен саған ғашық едім”
(1970), “Аманат” (1970), “Бір тойым бар” (1981), балаларға арналған
“Бақшаға саяхат” сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Ақынның “Ақ серке”,
“Ақ жайық”, “Жаңғырған Маңғыстау”, “Қазақстан”, “Сені ойладым”, “Мені
ойла”, “Ақ қайыңдар”, “Бір тойым бар” т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел
арасына кеңінен танымал. 1997 жылы Т.Айбергеновтің “Таңдамалы өлеңдер”
жинағы мен ол туралы жазылған “Біргемін мен сендермен” атты естелік кітабы
жарық көрді.
Ақынның өзі “Көкірегі поэзиясыз адам аз. Өмірдің бүкіл құбылысы мен
қимылына зер салып махаббатпен қарай алғандықтан да, ол – нағыз ақын. Нағыз
өлең – адам денесі сияқты құрамды құбылыс. Оған ой да, сезім де, шеберлік
те, бәрі де керек” деген болатын [2,14]. Демек, Т.Айбергеновтің ақындық
әлемі – жұрт қызығып, назар аударатын әлем, оның артында қалдырған мұрасы
- жан-жақты зерттеуді қажет ететін рухани байлық. “...Біз поэзиямыздың
тағы бір алтын сандығының алтын тұтқасын аштық. Аштық та Төлегеннің
мұраларын көріп, інжу-маржандай олжаға кенелдік” - деген пікір айтқан екен
[3, 13] кезінде ақын Әбділда Тәжібаев.
Т.Айбергеновтің інжу-маржандай мұрасы турасында әр жылдары әр алуан
пікірлер айтылды.
1 Төлеген Айбергенов және қазақ лирикасы

1.1 Ақынның шығармашылық өмірбаяны

Ақиық ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің
Қоңырат ауданы, Хорезм совхозының Чкалов бөлімшесінде дүниеге келген [4,
82]. Төлеген әкесі Айберген Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тумасы. 1927-
1928 жылдардағы зұлмат кезінде қаншама қазақ отбасы Жем-Сағыз бойынан
Өзбекстан, Түркіменстан елдеріне дереу көшуге мәжбүр болғанда Айберген
ақсақал да Қарақалпақстан жеріне табан тірейді. Көз көрген азаматтардың
естеліктеріне қарағанда, Айберген ақсақал ауыл- аймағына сыйлы, есепке
жүйрік, ақылды, парасатты, зерек адам болған деседі. Әсіресе, ол кісінің
ерекше бір қасиеті – ауа-райын алдын ала болжап, егінді жинайтын уақытты
дөп басып айтады екен. Анасы – Жібек болса, қазақ халық ауыз әдебиетін
терең білген, көрікті, жарқын жүзді, асқан мейрімді жан болыпты. Жібек
ананың жақын-жұрағат, туыс-жекжат қайтыс болғанда, жоқтау жырларды табан
астында ұйқастыра төгетін суырып салмалығы бар екен. Айберген ақсақал
шаңырағынан тараған төрт перзенттің жалғыз ұл, әрі кенжесі - Төлеген. Үміт,
Мақпалша, Балқия атты үш апасы болған. Ақын “Апаларыма” атты өлеңінде:
Мен ұлы ем. Сендер ең үш тамаша елік,
Төртеуміз бір әкенің баласы едік.
Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын
Өстік біз бір омыраудан таласа еміп.

Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,
Қалдым мен қоштасарда бір-ақ танып.
Таралып шартарапқа жолдар шықты,
Сендердің бұрымдарың сияқтанып... - деп толқиды.
Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде әкесі Айберген ұзаққа созылған ауыр
науқастан қайтыс болады да, ақын Жібек ананың тәрбиесінде өседі. Мектеп
бітіргеннен кейін арман қуып Ташкент шаһарына келіп, 1954 жылы Низами
атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-филилогия
факультетіне оқуға түседі. Өлеңдегі алғашқы қадам алысы да осы студенттік
кезінде көрінеді. Алдымен өзінің жеке қойын дәптерінен, альбомдарға жыр-
шумақтарын жазып жүрген жас ақын сол уақыттың өзінде ірі әдебиетші
ақындардың көзіне ілігеді.
Жетпісінші жылдардың бас шенінде әдебиет ауылына ат ізін салған немесе
студенттік дәурені сол шаққа тұспа-тұс келген буын үшін қазақ жырында дәл
сол кезеңде Төлеген Айбергенов сияқты аяулы есім болмаған да шығар. Мына
жарық жалғанмен орда бұзар отызында қапияда қоштасқан ақын жырларын жатқа
оқу, оның өлеңдерінің өзіндік өрнегі, көзінің нұрын қандырып, қиялынды
қалықтатар сырлы суреттері, көкейіңнен кетпейтін қарапайым да қастерлі
ойлары, құлағына құйыла қалатан образды орамдары жайында жапатармағай айтып
жату сол тұста жастардың сөзінің салтына, тіпті мәдениеттіліктің,
зиялылықтың бір белгісіне айналып кеткендей еді. Жетпісінші жылдарда талай
адамның тұңғыш оқыған жыр жинағы Төлеген Айбергеновтің “Мен саған ғашық
едімі” болған сияқты көрінеді. Қолға қаламды сол тұста алған ақындардың
арасында алғашқы жырларын Төлегенге еліктеп жазғаны, Төлегенше образды
ойлауға, Төлеген ұйқастыруға ұмтылғандары аз емес. Төлеген Айбергеновке
арналған өлеңдерді топтастырар кісі болса да бір кітап құралып қалар еді.
Оқырманның дәл мұндайлық құрметіне бөлену, өлең өнерінің бағыт бағдарына
нақты ықпал жасау, тіпті тұтастай алғанда әдебиетке әсер ету жиырмасыншы
ғасырдағы қазақ жырында санаулы ғана дарынның үлесіне тиген сирек сыбаға
болды.
Төлеген Айбергеновтің өлең бір деммен оқытып шығармай қоймайтын аса
қуатты дарынының арғы жағында сонау жыраулар поэзиясынан тамыр тартып
жатқан серпінді стихия, сөздің суретіне ғана емес, сазына да қатар көңіл
бөлетін далалық дана дәстүр тұрған-ды. Талай ғасырлар бойы оқуға ғана емес,
тыңдауға да есептелген ұлттық поэзияның үндестік үйлесімі жағынан жинаған
мол олжасының ең жақсы жақтарын, оның өзін де орнымен, жаңа заманға
жарастырып ала білген, әр шумағын сөз саздылығының сынағына салып алып, әр
ойын образға орап барып ұсынатын Төлеген Айбергенов жырлары былайша
қарағанда “Осы да таңсық болып па?” дегізуге тиіс теп-тегіс тұстардың
өзінен тәнті еткізіп, таңдай қаққызатындай сырлы сұлулықты суырып алып
шығады. Осы орайда Төлеген жырларына ән аз жазылатынының сыры да назар
аудартады. Өйткені, оның өлеңдерінің өзі әуезден жаралғандай. Әрине,
Айбергенов талантының басты құдіреті ақынның адамға, жақсылыққа ғашық
жүрегінде, баршаны бірдей құшағына алуға дайын тұрған дархан жанында, тиген
жерін күйдіріп кетердей “ мөлдір дерті” – Сағынышында. Адамдарды осыншама
сағына білген аяулы ақынды халқы да сағына береді, ардақтай береді.
Алғашқы өлеңдері “Бір шоферге”, “Бір қызға” деген атпен Сарыағаш
аудандық “Қызыл Ту” газетінде жарияланады. Сол алғаш тасқа басылған
өлеңдерінің өзінде :
Қарай берші жайтаңым,
Көңілімді қайтармай.
Көп қой менің айтпағым,
Жүрген саған айта алмай.
Көз тілімен көріктім ,
Көңіліне салдым ба ой ?
Лағындай еліктің,
Елең ете қалдың ғой, -
деп риясыз көңілден ақтарылады. Мұнан кейін 1958 жылдың 14-қарашасындағы “
Қазақ әдебиетіне” суретімен топтама өлеңдеріне ақын Диқан Әбілов былай деп
бата беріпті:
“Ташкенттің Низами атындағы Мемлекеттік педагогтік институтының бесінші
курс студенті Айбергенов Төлеген жуырда Алматыға келіп, Қазақстан Жазушылар
одағына өзінің қолжазба өлеңдерін ұсынды.
Төлеген соңғы екі-үш жылда ғана өлең жазуға әуестене бастаса да, оның
табиғат, махаббат лирикалары, Қазақстан туралы циклі, кейбір арнау өлеңдері
ақындарымыздың жылы назарын аудартты. Оның “Сүю”, “Күз”, “Алматыға”,
“Қыс”, “Жазғы кеште”, “Орман” атты шағын лирикаларында жас талаптың өзіне
тән бояуы мен нақышы бар, жаңа өрнек, жаңа леп барлығы қатты қуантты бізді.
Төлегеннің ізденіп , өзінше жазуға, жаңа ой айтып, өлеңге түйін жасай
білуге талпынған талаптары бірсыпыра өлеңдерінде сәттілігімен сүйкімді.
Төлегеннің өлеңдерін поэзия секциясы талқылып, авторға ақыл-кеңес берді.
Өлең циклдарын әдебиет газетіміз бен журналымызға ұсынды.
Қадамың құтты болсын Төлеген!
Көп оқып, көп ізден, көп үйрен.
Шабыт жалының лаулап тұрған шағында
Бар дауысыңмен әсем шырқа, Төлеген!”.
1959 жылы осы институттың тарих-филология факультетін ойдағыдай бітіріп
шығады. Содан кейін өзінің туған ауданында мұғалім болып қызмет істейді.
1962 жылдан 1965 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облысының Сарыағаш
ауданында кешкі жұмысшы-жастар мектебінде директор болады.
1965 жылы Алматыға көшіп келіп, Қазақстан Жазушылар Одағының әдебиетті
насихаттау бөлімінде ұйымдастырушы болып жұмысқа тұрады. 1967 жылы 29 тамыз
күні сол әдебиетті насихаттау жұмысымен өзінің туған жеріне келген
сапарында ұзақ науқастан дүние салады.
1974 жылы Т.Айбергеновке Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
атағы берілді. Ал, 1987 жылдан бастап жарияланған ең таңдамалы шығармаларға
Т.Айбергенов атындағы сыйлық тағайындалды. Мұның өзі ақын дарынына кеш те
болса бас иіп, құрмет көрсетудің жөн-жоралғысы еді.
“Ол өз буыны өкілдерінің көбінен кейін келсе де, жедел ілгері шығып, көш
басына оза бастап еді. Бұл, ең алдымен, Төлегеннің жер астынан бәрібір
жарып шықпай тұрмайтын гейзер суындай қуатты да мол талантының арқасы [1,
13 ]. Өзі көзі тірісінде лайықты бағасын ала алмай кеткен талант, өзі
өткеннен кейін елінің ерекше құрметіне бөленді. Сонау бір жылдары
әдебиетіміздің аға буын өкілдері ұлы Ғабит Мүсірепов:
“...Амал бар ма, біз, қазақ әдебиеті, екі –үш дарыннан ерте айрылдық. Олар
– Абдолла, Баубек,Төлеген” [5, 143] деп жазса, абыз ақын Әбділдә Тәжібаев:
“...Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген
дүниесін көрдік” [5, 143] деп тебіренді.
Төлеген ақын қалам ұстап жыр жазуға ерекше дайындықпен келген. Абай мен
Наваи, Қарақалпақ әдебиетінің классиктері Бердақ пен Әжнияз жырларын,
шығыстың кесек шайырларын, батыстың ірі тұлғалы ақындарын, қазақ халқының
ауыз әдебиеті мен жыраулық поэзиясынан терең сусындап барып қанат қаққан.
Ақынмен бірге болған сәттерін тебірене жазған қаламгер Балта Исаұлы былай
еске алады:
“...Төлеген де сол қазақтың бірі ғой, домбыраны көргенде арқасы қозып,
алқалы топқа түскендей жыр күмбезіне көз тігер еді.Арғы Мұрын жырау, бергі
Сыр бойының сүлейлері, Жайық жайсаңдары мен Атырау өнер алыптарының сыр
сандығын аша түседі. Майлы мен Құлыншақ қожалар, Шораяқтың Омары, Балқы
Базар, Әбубәкір Кердері, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп, Тұрмағанбет, Шернияз
бен Махамбет, Мұхиттың аруақтарына сыйынып, бүгінгі Әбділдә жырларын
ауысатын. Сонда тыңдаушысына жаңағы жыр маржандарынан шашу шашып, құлақ
құрышын қандырады...” [5, 144].
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев
өз естелік мақаласында ақын шығармашылығының тереңнен тамыр тартып
жатқандығын, сөйтіп өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра алғандығын ерекше
тебіреніспен жеткізеді:
“...Төлеген Айбергеновтің барынша дара, барынша сара талантынан да қазақ
өлеңіннің арғы-бергідегі бірталай кесек мінездерін көреміз. Оның ырғағының
өзінде сонау көз ұшындағы көнемен алыстан сіңісіп жатқан ежелгілік бар;
сонау тереңнен шыққан тебіреністің теңіз толқынындай әлденеше тербетіліп,
әлденеше бүктетіліп барып айтылытын буын-буын, жота-жота ырғақтары,
Қашағанның қайсар жырын (“Мен – анау ақ айдында аршындап жүзген ақ пароход,
Сен – судағы жаман бүлк-бүлк еткен бударка, жайпармын да кетермін”) еске
салады. Ол жалғыз қазақ поэзиясының ғана емес жастайынан мол сусындаған
шығыс поэзиясының мелодиксын да шебер құбылта білген. Бірақ бұның бәрі
көнені жамап көктеу емес, өз үлгі , өз таңбасын табу харекеті. Төлеген
Айбергенов творчествосы қазақ өлеңінің техникасына, мелодикасына өзіндік
жаңалықтар енгізді. Ал Төлеген Айбергеновтегі теңізді теңселтіп, шалқарды
шайқалтардай қуатты екпін қазақ поэзиясына ежелден тән қасиетті, бірақ,
соңғы жылдары қазақ топырағында әралуан жақсы ақындар қанша көбейгенмен,
осы бір қазақша айтқанда, аруақты серпін, арқалы өлең Қасымнан кейін
көрінбей кетіп еді...” [5, 146].
Төлеген Айбергенов жырларына ерекше сүйсініп, лайықты бағасын береген
ақын Қуандық Шаңғытбаев:“... Меніңше, Төлегеннің нағыз ақындық дарынын
танытқан кезі “Маңғыстау саздары” деп аталатын жырларын тұсы тәрізді .
“Сырласу”, “Шевченко–мұнай ордасы”, “Мұнаралар”, “Төстегі жаңғырықтар”,
“Күйлер”, “Ей, менің ақын бауырым” деген романтикалық пафосқа толы
өлеңдердің әрқайсысы қазіргі қазақ поэзиясының ең таңдаулы нұсқалары десек,
асырып айтқан болмас еді”, - деп жазыпты. Сол Маңғыстау сапарынан туған
“Мұнаралар” өлеңіндегі :
... Кезім менің!
Жатырсың жырақты ашып,
Қызыл гүлді қыр ап қашып.
Жиырмасыншы ғасыр жүр
Маңғыстауда
Мұнаралар басына шырақ тасып, -
деген жолдарын оқығанда ақынның жыр күмбезінен тәуелсіз Қазақстанның
бүгінгі күнін көріп тұрғандай әсерде қаласың.
Танымал ақын Шөмішбай Сариев: “Шын мәнісінде Төлеген Айбергенов біздің
замандастарымыздың, құрбы – құрдастарымыздың жастық шағының, студенттік
шағының ақыны. Жыл сайын келетін көктемдей жастық шақ та мәңгі. Айбергенов
поэзиясы – мәңгі өлмейтін жастық шақтың поэзиясы. Көктемде оралатын аққу
құстардың ақ қауырсанындай ғажайып поэзия. Асқар шыңға ұя салған , талмай
көкке самғаған қыран қанатты поэзия”, - деп толғанады.
“Есімнен шықты, алғашқы жырды қай күні менің жазғаным. Бірақ, оған
шексіз қуанғаным есімде. Сонан соң 10 жылдан астам өлең жаздым да, 4000
жолдайын өртедім. Өйткені, нашар болатын.Талай жолдастарым бұныма ренжіген
болды. Өзгелер өртемей тұрғанда, өзіңнің дүниеңді өзің өртегенге не
жетсін?! Бірақ, ол мол еңбектің далаға кетпей, шеберлік шыңдауға құмар
үлесіне шек жоқ екеніне көз жеткіздім” – дегенінен [1, 147] ақынның өзіне
өлең жазуда үлкен талап қойғандығын байқаймыз.
Ақын Төлеген Айбергенов кейіпкерін ғарышкер ғып ұшырып жібергенде,
адам Жер планетасының қадірін біле түссін деген ойда болды. Ол ой із-түссіз
кетпейді. Көк төсінде жүріп:
Мен адал перзенті едім көк тілектің,
Көп тілек құлпырсын деп көп гүл ектім
Елеуреп сан ояндым шырт ұйқымнан,
Қара Жер күңіренгенде оқтын-оқтын, -
деп әлі де талай келеңсіз істерді көзі көріп, сапардағы ғарышкер өте
қапаланып, қатты қынжылады.
Поэма кейіпкері – күрескер, қайраткер. Ол – Жер планетасында әділдік
үшін күресуші. “ Көк төсінде” тарауындағы монологында: “Адам” деген аттың
өзіне кір келтіретін, кісілік нормаға кереғар келетін Жердегі әртүрлі
жиіркенішті, сұмдық істер ашына жырланады. Алабама, Хиросима, Вьетнам,
Алжир, Семей, Чернобыль, қазіргі Қапияр (бүгінгі айтулы – Капустин Яр),
Азғыр ... тәріздес тек географиялық атауды айтқанның өзіне кісінің көз алдына
жексұрын оқиғалар елестемей ме ?
Ол – Жер планетасының қайраткері. Тіпті, басқа планеталарға жіберген
біздің төтенше және толық өкілетті елшіміз. Мысалға “Көтерілу” тарауын
алайықшы:
“Мен де бір Прометей от ұрлаған,
Зулаймын жұлдыздарға жыпырлаған,
Келемін киелі Жер шұғыласын ап,
Дүние, томағаңды сыпырмаған.
Мен сенің нұрларыңмен таласамын,
Мың жұлдыз артқа тастап әрі асамын.
Кемемде келе жатыр кемеңгер Жер,
Жетектеп қызыл тулы болашағын.
Құямын қуатыммен сарқырап бар,
Кеудемнен күмбірлеген толқын ап қал.
Мен - мәңгі сөнбес Күнмін.
Ең болмаса
Бір рет шағылысып жарқырап қал.
Шөл болсаң, көктемеген бұлтымды ап қал,
Сыр болсаң, ашылмаған кілтімді ап қал” [7,
178].
Бұл космонавт дарасөзі ғарыштық өлшеммен белгілене алатын азаматтықты
ту ғып көтеріп, бар дауысымен Жер планетасы атынан сөйлеп тұрғандай сезілсе
керек. Мұнда ол: “Келемін киелі Жер шұғыласын ап, Дүние томағаңды сыпыр
маған” дейді. Ол жұлдыздарға шындық, әлеми кісілік идеясын таратпақ
ниетте. Ол өз бойындағы барлық ізгі қасиетті бекзат саналы тіршілік
иелеріне дарытуға дайын тұрады.
Ал “Қиырда” тарауында өз планетасымен біте қайнасқан адамның бейнесі
шындала түседі. Осы тараудың “Мен – Жермін ...” деп басталатын бес шумағында
адамзаттың қолы жеткен жақсы табысына деген ода бар, адамзат қолы жасаған
жаманшылыққа деген элегия бар. Ақын жанды лирикалық кейіпкер жақсыны
айтқанда, алқымы кеуіп кетіп, бар дауысымен шырқайды. Жаманды айтқанда,
ұяттан өзі “жер боп” қалады. “Ақын жанды” деп тегін айтып отырған жоқпыз.
Ол сезім монологтың өне бойынан сезіліп отырады. “Мемлекетті ақындарға
басқартса, ешқандай жаманшылық болмас еді” деп бір есті адам айтқан
болатын-ды. Сондай-ақ, Жер планетасының билігін тап осы Төлеген
Айбергеновтің “Космонавт монологы” атты лирикалық-фантастикалық поэмасының
кейіпкері тәріздес адамдарға сөзсіз сеніп тапсыруға болар еді. Сондықтан да
оның : “ Мен сені ертеңіне алып барам, Самсаған жұлдыздардың арасымен”
дегеніне шек келтірмейміз. Жалпы, Төлеген Айбергеновтің “Комонавт
монологындағы” лирикалық қаһарман біздің әдебиетіміздегі ұнамды кейіпкерлер
галереясын өзіндік ерекшелігімен әрлендіріп, байыта түседі деп білеміз.
Оның негізгі құндылығы – прогресшіл адамзат ұғымындағы гуманизді, моральдық-
этикалық нормаларды өзінің шамшырағы, Темірқазығы қылып алғанында.
Төлеген Айбергенов қысқа ғұмырында, шын мәнінде, қазақ поэзиясы
топырағында төңкеріс тудырып, өзінің мәңгілік мектебін қалыптастырып кетті.
Өткен ғасырдың 70, 80, 90 – жылдарында, осы ғасырдың басында өлеңге келген
поэзияның неше буын өкілі Т.Айбергеновтің жасын жырларынан көп
үйренгендігін өмір көрсетіп отыр. Бұл – кез келген ақынның маңдайына біте
бермейтін мәртебе.

1.2 Т.Айбергенов лирикасының ерекшеліктері

Лирика өзінің табиғатында сезім мен ойдың поэтикалық нәтижесі ғой.
Веселовскийдің бұл жанрға поэтикалық формула тұрғысынан қарағаны тегін
емес. Бірақ көркем туындының тарихы адаммен оның сезімімен үнемі тікелей
қарым-қатынаста болуы себепті уақыт өзіне тән эстетикалық норма талап етуі
заңды құбылыс. Біз осы жанрды зерттеу саласында оны үнемі ескеріп отыруға
тиіспіз. Өнердің спецификалық ерекшелігі дейтін негізгі қасиетінің құрамды
бөлігі десе де болғандай.
Осы тұрғыдан үңілгенде қазіргі қазақ лирикасының эстетикалық арсеналдары
қандай? Бұл сауал – поэзия, өнер зерттеушілерін ойландыруға тиіс, қазіргі
әдебиеттану ілімінің ең көкейкесті сауалдарының бірі деп ойлаймыз. Бұл
жеңіл сұрақ емес. Өйткені, өнерде жетістікті санмен өлшейміз бе, сапамен
бе? Әрине, сапамен деп бірден жауап береміз. Ал, сол сапа дегеннің өзін
өнерде қалай салмақтаймыз? Мәселен, өлеңнің құрылыстық жағынан ба,
көркемдеу құралдары тұрғысынан ба, мазмұн тереңдігімен бе, әлде сұлулыққа
ара қатынасы жағынан ба? Мұның бәрі бір ақынның бойынан табылуы да мүмкін,
әр ақынның даралық ерекшелігіне шағылып кетуі де мүмкін. Өнерде сапа
өлшемін шығарудың өнер ерекшелігіне орай осындай қиындықтары бар. Сөз,
әрине, озық үлгілер, даралық сипат танытқан шығармалар төңірегінде болуға
тиіс. Әйтпесе, формализмге ұрынамыз.
Мәселен, Біржанның мына бір өлеңіне үңілейікші:
Мен, Біржан, қызға барман аяғымнан..
Шын қызсам дәуірлеймін баяғымнан,
Қыз сөзін кек көрмейтін сайтаным бар,
Онымды тастамаймын өзім өлмей.
Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,
Қарамай қатты сөйле өлгеніме.
Өлеңнің тілі мейлінше қарапайым. Айқайы жоқ, шуы жоқ, сезім селін
ағызар, шабыт көзіне түрткі болар бәлендей фактор да жоқ. Алау да жоқ, от
та жоқ. Біржанның өліп-тірілетін талай сезімдік дүниелерін біз білеміз.
Ал, бұл өлең олардан гөрі басқашарақ сияқты. Несімен?
Құрылыстық жағынан алғанда бұл жолдар ерікті өлең өлшемі. Ақын ұйқасты
қатты қадағалап отырған жоқ. Яғни, өлеңнің композициялық құрылысындағы
бүтіндік, динамикалық өріс өлеңді өлең ететін ұйқас күшімен өрбімейді.
Керісінше, ой мен сезім ұйқассыз құрылған әр тармақта шашырап жатыр. Сонда
бұл өлеңде поэзия жоқ па? Оның сапасын немен өлшейміз?
Біріншіден, бұл өлең Біржан секілді тегеурінді ақынның қолтаңбасы екені
бірден байқалады. Сезімге психологиялық даярлық, алғы шарт бары байқалады.
Екіншіден, өлеңдегі поэзияға тән серпінділікті ұйқастан емес, сөздің
түпкі төркінінен, мазмұндағы таным мен сезім қуатынан іздеген жөн. Сонымен
өлшегенде ғана бұл өлеңнің бағасына жетеміз. Біржан осы тәсілге неге барды?
Біздің қазіргі лириктеріміздің біразы осы тәсілмен жазып жүргенін айтар
едік. Бұл, әсіресе, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов сияқты мықты лириктер
арқылы айқындала түсті. Бұл тәсіл, әрине, форма жаңалау мақсатында туды
демесек те, поэзиядағы табиғи ізденіс көрінісі екені анық. Бұл тәсілмен көп
елігіп кеткендер ұтар еді дегенді біз айта алмаймыз. Бұл пікірді теоретик
ғалымдарымыз да ескертіп келеді. Тіпті талантты деген Жұмекеннің өзінің
соңғы кезде тұйықтала бастауына осы форма ықпал еткен сияқты.
Ал, Біржанның жоғарыдағы өлеңінің жөні басқа. Сөз жоқ, ақынды бұл жолға
формалық ізденіс жетелемегені анық. Сезім еркіндігі рифмаға қамалудан басқа
да бір жол іздегендей.
Дей тұрсақ та, қазіргі поэзиямызда осы тәсіл сирек те болса неге
жаңғырып отыр? Бұл форманың екінші бір жағы – Асан қайғыдан басталатын
философ-жырауларымыздың даналық ойларын жеткізетін оңтайлы тәсіл еді ғой.
Толғаулардың көбі сезімнен гөрі ойға құрылады. Тамаша лирик Т.Айбергенов
осы тәсілді творчествосында өнімді пайдаланғанын білеміз.
Жатады сенің күз кеудең толқып басылып,
Ойнайды сөзім жүзіңде сенің от болып,
Әндерін сенің тауларға заңғар басы бұлт
Барады мені бөктеріп.
Ақ дидарыңнан жаныма бір шоқ түсті ме,
Алдымда менің алаулап жатқан қыр қандай,
Қатпар да қатпар мың жылдық қырлар үстінде
Қызғалдақ қаптап тұрғандай [8, 73].
Жоғарыда Біржан өлеңімен салғастыра қарастырар болсақ, бұл өлеңнен
нендей сапалық айырма көрер едік? Біз бұл салыстырудан сапалық айырма
іздеудің теріс екеніне көз жеткіземіз. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық
мұрасының қай-қайсысы болсын өзіндік эстетикалық салмағымен құнды. Өнер
иелерінің творчествосы негізінен ерекшелікке саяды, ал сапасы талант
қуатымен өлшенеді. Төлеген жолдарын да осы тұрғыдан бағалаймыз. Бұл
жолдардың түр-тұлғасы мен түйдекке лирикалық мазмұны жағынан жоғарыдағы
Біржан өлеңімен тектес. Неге десеңіз, негізгі фактор – сезім, дидактика
салқыны сезілмейді де. Өмір жайлы толғау да емес. Ендеше, бұл – таза
лирикалық өлең. Өлеңнің сыртқы құрылысында жаңалық бар, шарқ ұрған
таланттың ізденісі бар. Алау сезім өзгеше бедерлеуді тіленгені танылады.
Сондықтан ақын ерікті ұйқасқа барады. Сөйтіп ақын сөз тіркесінің аңысын
аңдиды, сол арқылы қызуын ішке түсіреді. Жалынның бәрін жоққа, мазмұнның
бәрін маңызға айналдырады. Ендеше, екі өлеңнің де сезімдік қуаты тең жатыр.
Дәстүр жалғау дегеннің осындай тәуелсіздік жақтары да болады. Тек сыртқы
ұқсастық, тәсіл қайталау – поэзиядағы дәстүр бола бермейді. Дәстүр кей
жағдайда өнер табиғатына тән интуициямен берілуі де мүмкін. Сезім ұштасып,
ой суарылса – талант тұтанады. Гәп – ақынның рухани түрленуінде.
Өміршең дәстүр тез қаулайды, қазақ лирикасында мұндай өлеңдер біршама
табылады. Әрі олар жаман жеміс бермегенге ұқсайды. Мәселен, ең жас ақын
Т.Садуақасовтың мына жолдарына мән берейікші:
Асқақтығын асқар-асқар таулардың
Етегінде жүргенде елемейді екенсің.
Алыстасаң мұзарт шықты мұнартып,
Тұрады екен құмартып.
Кімге айтарсың, кінә артып,
Кеш бағалар қадірін бар алтынның.
Бәрімізде бар осындай бір салқындық [9, 31].
(Жұмбақтас).
Жас ақында еліктеуден гөрі пайымдылық басым. Дәстүрді бойға сіңіру
ғадеті бар. Біз, бүгін қазақ поэзиясында көрініп қалып жүрген, ерікті ұйқас
лирика табиғатына сіңісті ме деген төңіректе сөз қозғап отырмыз. Біздіңше,
ерікті ұйқас, негізінен, жанр табиғатымен тым сіңісті боп кете алмайды. Біз
сәтті оралымдарды келтіріп отырмыз. Ненің де түйінін талант шешеді ғой,
дегенде де қазіргі қазақ лирикасының биігінен көз жіберсек, эстетикалық
өріс ерікті өлең ұйқасынан бастау алып тұр дей алмаймыз. Тамаша лирик
М.Мақатаевтың қара өлең ұйқасын таңдауы тегін емес деп ойлаймыз.
Ғалым З.Ахметов те ақ өлеңнің қиындығын орынды байқаған: Ерікті өлең
сапалы, келісті шығу үшін әр сөз, сөз орамы мағыналы, мәнді болмақ керек,
ырғақ-интонациясы жағынан оқшауланған әр сөйлем, қысқа сөйлемшелер ширақ,
жинақы, оралымды болуға тиіс. Ал, өлеңді жәй ғана қара сөзге айналдырып
алмай, сөз ырғағын ширақ етіп келтіре білу, өлеңге әр сөзін салмақтап
айрықша лебізбен оқуға сай қасиет дарыту – бұл үлкен ақындық шеберлікті
талап етеді [10, 74], - деп орынды байқаған, әрі сақтандырып отыр.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде, қазақ лирикасының эстетикалық аренасы
кеңейгендігі талас тудырмайтын шындық. Бірақ, біз жоғарыда қатты ескерткен
пропорцияны үнемі есте ұстай отыра көз жіберуге, бағалауға тиіспіз. Сәкен,
Ілияс, Қасым, Әбділда аясында түлеген бүгінгі Тұманбай, Қадыр, Мұқағали,
Төлеген, Сағи, Өтежан, Жұмекен, Мұхтарлар лириканың жанрлық мүмкіндігін
кеңейтіп отыр. Бұлар өздерінен алдыңғы топтың ең қажетті деген дәстүрін
бойға жиды. Көзсіз еліктеуден, жалған жалау көтеруден аман болды.
Қашанда әдебиеттің бетін айқындап, дәуір талабына үн қатып, оның
қоғамдық қажетін өтейтін де жеке озған дарын, өнер саңылақтары екенін тегін
айтып отырған жоқпыз. Олай болса біздің де жанр сипаты мен ерекшеліктерін
ғылыми екшегенде солардың творчествосына сүйенуіміз заңды.
Жоғарыда аттары аталған бүгінгі талантты ақындарымыздың өзіндік
эстетикалық мектебі бар екенін айта отырып, бұдан олар жеке-жеке тұйық көл
деген ұғым жасамауымыз керек. Керісінше, олар бір-бірімен тығыз ұштасқан,
бір-бірінен қуат ала, тізе қоса отырып өрледі, поэзиямызды дамытты. Олардың
бір-біріне ықпалы дегенде 60-жылдардан бермен қарайғы қазақ лирикасына
М.Мақатаев пен Т.Айбергенов әсері үстемдеу болған сияқты. Бұл мәселеге де
арнайы ғылми зерттеу жүргізуге болар еді.
Тыныстың кеңдігі, сезімнің ауқымдылығы, қиялдың сергектігі, ойдың
тереңдігі жағынан Мұқағали өзгелерден оза шапты, дараланды. Ал, Төлеген
іздері қазір қазақ лирикасында тіпті көп. Өзінің поэзияға тән
құштарлығымен, еріп кететін сезім жомарттығымен ақын біткенді маңайына
магнитше үйіреді. Ол өлеңнің қара дауылын тұрғызып поэзия теңізін шайқайды.
Оның асқақ та өршіл рухы лирика айдынында армансыз жүзді.
Төлеген Айбергенов – табиғатында лирик. Лириканың ең негізгі қасиетіне
Төлеген творчествосын еркін ақтара отырып кез жеткізуге болады. Дәл осы
сипат тұрғысынан үңілсек, әлі де ақынның орны бөлек, биік тұр.
Төлеген дәстүрі бірнеше арнада жетілді, бірақ сезімдік салада тереңдеді
деу қиын. Әр ақынның сезім көлемі өлшенетін, негізгі өлшемі – оның
оқырманға әсері ғой. Әйтпесе, біз Сағидың, Қадырдың, Тұманбайдың, Өтежанның
сезім-лабораториясы Төлегеннен тапшы деуден аулақпыз. Бірақ, бұлар Төлеген
сияқты көп жағдайда сезімді бірінші орынға шығармауы да мүмкін. Қөркемдік
тәсіл ретінде де олар сезімді туындының екінші, үшінші қабаттарына жасыруы
да ықтимал. Соның салдарынан баллада, сюжеттік өлең, толғау т.б. лирика
жанрлары өздеріне жаңаша өріс ашты. Яғни, сезім тең түскенімен, тәсіл
бөлек. Ал, Төлеген болса, қашан да лирикалық меннің заңғарына қол созумен
болды,
Көрсең ғой, шіркін, бәрін де көзбен көрсең ғой
Жатыр-ау менің жазира далам өлшенбей.
Осынша сөзбен ынтызар қылған аймаққа
Бір әсем дария керек-ақ екен дәл сендей.
Қуаты керек мендегі асқақ арынның,
Құдыреті керек Әбділдалардағы дарынның.
Қара орман керек, қап-қара орман, түп орман
Көзіндей менің жарымның [8, 111].
Ой да, ойлылық та оның сезімінде қақталып, дап-дайын боп пісіп алдыңызға
келеді. Сондықтан көбіне ойдан гөрі сезімге елтисіз. Жаныңызды алмастай
суырады. Жоғарыдағы жолдардағы динамика, жанды сезімнің тасқын легі бөтен
ой, бөгде қылыққа жібермейді. Шырын сезімге шыр айналған дүниені алқымға
әкеп бір-ақ тірейді. Міне, осы тұста оның сезім байлығына көз жеткізесіз.
Бұл ақын үнемі осы тәсілмен жазады деген сөз емес.
Керісінше, табиғатқа байланысты толғаныстарында уақыт, кеңістік негізгі
объект болады. Алайда, дүние жұмбағының өзі өзгеше бір тылсым дүниеге
айналып поэзияның мысы басады. Сондықтан, туып-өскен жерге деген іңкәр
махаббатын ол қашанда сөзбен емес, сазбен толғағандай әсерде отырасыз.
Осыдан заңды сұрақ туады. Сезімдік өлеңдерде көркемдеу құралдарының ролі
қандай? Мәселен, Төлеген әлгі өлеңді қандай керкемдеу құралдарымен
тұзақтайды? Мұнда бәлендей айшықты тіл өрнегі жоқ. Жалпы Төлеген образды
тілді пайдаланса, тыңнан ойып жаңа үлгі жасауға ұмтылады. Ол – ақын
творчествосының өзгеше жемісті саласы. Бірақ ақынның жүрек лүпілі қайткенде
оқырман жүрегіне жетуі – негізгі нысана ғой. Айшықты образды көл-көсір
пайдалана берудің өзі сауатты поэзияға жанаса бермейтінін ескерген жөн.
Әңгіме - әрнәрсені дарытуда, нәзік талғаммен пайдалана білуде. Сол арқылы
сезімдік қабат жасау. Содан барып табиғи ұйқас, ырғақ туындату. Мұның бәрін
біз шеберлікке теліп жүрміз, әрине. Кім білсін, басқа да сыры бар шығар.
Қарап отырсақ Қара орман керек, қап-қара орман, түн орман кезіндей
менің жарымның деген екі жолдағы интонация мен орман сөзін қайталау
арқылы туатын екпіннің байланысынан-ақ динамикалық өріс жасалып тұрған жоқ
па? Оған барып Мендегі асқақ арынның, Әбділдадағы дарынның ұйқастарын,
онда да керемет мағыналық ұйқастардың, ара қатынасын пайымдасақ айтылғалы
тұрған ой сезім дүниесіне айналып жүре бермей ме? Поэзияның ққдыреттілігі
сонда.
Экспрессивті сөздерді Төлеген өте шебер пайдаланады. Табиғи
пайдаланады. Тексте ешқашан көзге ұрмайды. Мәселен, Көрсең ғой, шіркін,
бәрін де көзбен көрсең ғой дегенде әрине шіркін сөзінің атқарып тұрған
ролі ерен. Ол сөзді алып тастасақ, сезімдік дүние емес, сұрқай хабарлама
болып шығар еді.
В.Виноградовтың экспрессивтік сөздердің поэзиядағы қызметін ерекшелеуін
кейбір ғалымдар (мысалы, Чичерин) қоштамаса да мән беруге тұрарлық пікір ме
дейміз. Жатыр-ау менің жазира далам өлшенбей дегендегі ау шылауының
қызметіне қараңыз? Бұл – грамматикалық форманың поэзия құрауы. Грамматика
поэзий, поэзия грамматики деп Виноградов тегін баламайды. Төлегеннің
құштарлығы асқындағанда ау, ақ шылауларына маңдай тірейтіні анық. Сезім
сол жерден тоят табады. Поэзия шамы да жанады. Мысалы, экспрессивтік сөзді
пайдаланбайтын Төлегеннің мынандай жолдары да бар:
Сенбісің сияқты орман күй ақтарған,
Ұзатқан қыздың көші сияқтанған,
Жаныңда сөз қалды ма, наз қалды ма,
Сан тұлпар дүбірлеткен тұяқтардан.
Қиналсам талай-талай асырдың бел,
Жауымнан жасырдың жол жасыл гүлдер.
Сөйлесем жаңғырып бір, сән көріп бір
Жырлады тау тілімен, тас үңгірлер [8, 96].
Экспрессивтік сөз жоқ. Бірақ одан поэзия жұтап та тұрған жоқ. Бұл жерде
поэзия жүгін ұйқас атқарып тұрғандай. Қалай дегенде де өлеңнің көркемдік
компоненті жекелеген элементтен тұрмасы хақ. Ұзатқан қыз көшіне теңеуі
немесе жырлады тау тілімен тас үңгірлер сияқты метафоралары я болмаса,
жауымнан жасырдың жол жасыл гүлдер дегендегі дыбыстық қайталаулар өлең
формасына көркемдік нәр беріп тұрғаны анық. Біз өлеңнің түрін мазмұннан
бөле қарастырғалы отырғанымыз жоқ. Сөз жоқ, бұл поэтикалық тілдің мазмұнға
белгілі мөлшерде қатысы бар, алайда, ақындық тұлға бой көрсететін поэзия
мазмұны онымен шектелмесе керек.
Экспрессивтік ұтымды пайдалану арқылы сезімді жеткізе бейнелеу Қадыр
Мырзалиевке өте-мөте тән тәсіл.
Мүмкін емес тыңдауым, елжіремей, балқымай,
Сөзбен жазбай тарихын, күймен жазған халқым-ай.
Мынау шешен шектерден сыр таптым-ау мен бөлек,
Бүкіл далам келді ғой көз алдыма дөңгелеп, -
немесе:
Боз дала құшағыңды аш қозың келді
Боз тарта бастадым-ау өзім де енді.
Міне, мұнда да жоғарыдағы Төлегеннің сезімді дәл жеткізудегі тәсілі ап-
айқын байқалады. Қазақ поэзиясында сезім тілінің грамматикалық осындай
иірімдері осы екі ақында анығырақ сезіледі. Қазақ лирикасында алғаш
тегеурін таныта сезім дүниесінің есігін айқара ашқан да осылар сияқты.
Төлеген осы тәсілдің биігінде қалды. Ал, Қадыр әрі қарай творчестволық
ізденіс жолдарына түсіп кетті. Қадыр өлеңдері әрі қарай драмалық
ситуацияларға, тартыс, оқушымен диалог, монолог т.б. элементтермен қазақ
лирикасын жетілдіре, желпіндіре түсті. Лириканың философиялық,
психологиялық трактатқа айналып кететін кездері де болады. Мұны жатырқай
алмаймыз, жатсынбаймыз, неге десеңіз соның бәрін ақынның шынайы сезімі
арқылы беріледі. Егер олар шынайылығын жойған болса Қадыр дәл бүгінгідей
оқырманын таппаған болар еді. Халық қашан да - өнердің барометрі.
Қазіргі қазақ лирикасының дамуы тенденция мен содан туындайтын түрлік
өзгешеліктерін айқын көрсетіп отырған лириктеріміз: Т.Айбергенов,
М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, М.Шаханов, Ж.Нәжімеденовтердің
стильдік ерекшеліктері ойлау арсеналдары дара-дара болғанымен олардың басын
біріктіретін уақыт өлшемі бар. Сондықтан да олар поэтикалық жағынан бір-
бірінен алшақ кете алмайды. Ал өнерлік дәстүр, тілдің жанрлық ішкі
ерекшелігіндегі ізденістері жағынан тіпті де бір-бірімен жақындай түседі.
Мәселен, Мұқағали, Төлеген, Мұхтардың он бір буынды қара өлең ұйқасына
жазған сезімдік өлеңдері ішкі иірім, ырғақ, интонация жағынан бір-бірімен
тым үндес жатады. Төлегеннің:
Есен-сау бармысыңдар, армысыңдар,
Армысыңдар, қария қарлы шыңдар.

Төсінен керуен-керуен көш өткен тау

Сен менің керуен-керуен алғысымды ал, -
шумағын Мұқағалидың:

Кең дүние, төсіңді аш мен келемін

Кең дүние керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
немесе көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, таң-тамаша дүние, дабырлап
жұрт сияқты жолдар бір-бірімен тым ертеден туыс, бір-бірінен көп айырмасы
жоқ жолдар сияқты. Қара өлеңнің бұл ырғақтық өлшемі Қаратаудың басынан көш
келедіден басталады. Мұқағалидың: Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен
жауып өзіне қайтарамын деуі содан. Қара өлеңнің бұл үлгісі лирикаға да,
поэмаға да, сюжетті өлең балладаға да қолданыла береді. Мәселен,
М.Шахановтың Танакөз поэмасының жолдарын қараңыз:
Ізгілік пен ізеттің баулауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауында,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.
Байқап қарасақ, қара өлеңнің буын өлшемі ғана роль ойнап тұрған жоқ.
Негізгі тетік сол болғанымен, әр ақынның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты
кейбір факторлардың да нәзік үндесуінде жатыр. Бұл алдымен табиғи бітім-
болмыстың ұқсастығы. Дүниені қабылдау, образ орталығы. Содан барып ойлау
мәнеріне, сөз қолданыстың, интонацияның ұқсауына апарады.
Сөз жоқ, қара өлеңнің жалпы ырғақтық үндестігі осы буын өлшеміне
лайықталған әрбір өлецнен белгі береді. Өтежан, Сағидың он бір буынға
лайықталған өлеңдерінен де құлаққа таныс ырғақ, таныс үн жетіп жатады.
Бұлардың арасын белгілейтін негізгі өлшем – интонациялық айырмашылық. Осы
жерден келіп әр ақын стильдік даралық таныта бастайды. Стильдік ыңғайластық
көрсете бастайды. Сөйтіп өнерде типтік жоталар қалыптасады. Біз жоғарыдағы
үш ақынды іріктеуіміздің де осындай сыры бар. Дегенде де қазақтың қара
өлеңі бүгінгі лириканың ана қаздай алдында тұрарын баса айтамыз.
Лириктеріміздің тілдік, образдық, жанрлық ізденістері осы қара өлеңнен
тарап жатыр. Жоғарыда аты аталған ақындардың барлығы да қара өлеңнен
бастаған. Сол арқылы жетіліп жаңа сөз айтты. Мәселен, Қадыр, Жұмекен,
Мұхтарлар қара шаңырақ қара өлеңнен отау тігіп, енші алды. Ал, Мұқағали
қара өлеңді өле-өлгенше құдырет көрді.
Қазақтың қара өлеңі – құдыретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген
дейді. Қара өлең арқылы ол көркемдік көгіне көтерілді, өнердің тылсымына
бойлады.
Әр творчество тағдыры тарам-тарам. Таланттың жетелеген жағына үй тігеді.
Әр талант өзін толық ашқанда барып өзіне тән стиль қалыптастырады. Ол
бір өлеңде бола ма, бес, он өлеңде ме - бәрі бір. Ал өзін іздеу жолындағы
өлеңдерден ұлттық поэзиямыздың әр қасиетін көруіміз – заңды құбылыс.
Мәселен, М.Шаханов өз творчествосын сазды лирикадан бастап лириканың
баллада жанрына сюжетті өлеңге ойысып кетуі оның өзін табуы.
Мұхтар Шаханов пен Төлеген Айбергеновтың, Қадырдан гөрі жөні бөлектеу.
Қадыр сөз ойнату, сөзге жан бітіру шеберлігімен дараланады. Қадыр тереңін
сол стилімен жеткізеді. Кейде ақынның тереңдіктен гөрі сол қиын да қызық
тәсілін қызықтап кететін кездерін де назардан тыс қалдырмау керек.
Мұхтардың қуатты балладалары халыққа бірден жетті. Себебі онда халық
мұрасының поэзиясының дәстүрлі жолы жақсы сақталған. Төлегенде де осы
қасиет бар. Мәселен, шешендік, көсемдік дарыған сері халық сүйексіз тілдің
күшіне сеніп орақ орған жоқ, әріден қозғап, тереңнен тербеп барып сол қызыл
тілден бал ағызды емес пе? Бұл екі ақынның екеуінде де халық даналығынан
қалған сондай арналылық бар. Сезім серпінімен үзеңгілесе отыра ақыл
қорытып, ой толғайды. Төлеген нәзік жанды лирик, философ тұлғаға айналды.
Сезім серпінінің үзеңгісін қаға отырып, ой толғап, ақыл қорытады.
Емес ем қайғы ойлайтын шаққа құмар,
Шыным да аз емес шат боп ақтарылар,
Тек қана баурайы жаз заңғарлардың
Басында мәңгі жатқан ақ қары бар.
Ал мына философиялық әрі әдемі лирикалық жолдарда ақындық кредо, теңізге
құяр бұлақтың түп-тұнық көзі тұр. Төлеген бастау алар көзді жазбай таниды.
Ой-сана мен көңіл күй, мұңды да асқақ сезім күйіне қалай айналғанын
сезбейсіз де. Бұл жерде оның тілінің шеберлігі, жетіктігі айқын көрінеді.
Ерікті ұйқас, 7-8 буынды жыр үлгісі, он бір буынды қара өлең ұйқасы, 14
буынды жаңа өлең ұйқасы-бәрін де ақын сәтті пайдаланады. Бәрінде де ақынның
тың ойы мен сезімі ақын тұлғаның тереңіне тартады. Кейбір шумақ жолдарының
ауырлау ұйқасы да ақын ойының күрделілігімен сабақтас. Күрделі ой оның тіл
айшығына да әсерін тигізбей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген сөз жоқ талант
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Ақын Мұхтар Шаханов
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Төлеген Айбергенов
Сөз құны – сөз қадірі
Пәндер