Әл-Фараби шығармаларындағы әдеби-теориялық мәселелер



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Фарабтан шыққан ғұламалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2 Әбу Насыр Әл.Фарабидің әдеби.теориялық мұрасы
2.1 Әбу Насыр әл.Фарабидің шығармашылық өмірбаяны ... ... ... ... ... .. 33
2.2 Фараби және өлең, өлең өнерінің қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 58
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғалымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғалымның бүгіні мен ертеңі танып, бағдарлап отыруда ғалым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл – парасытының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан перзент Әбунасыр Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытуға орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді. Алайда күн өткен сайын ұлы бабамыздың күні бүгінге дейін назардан тыс қалған мұралары табылып, ғылыми айналымға түсіп жатыр. Ендеше, ұлттық әдебиеттану ғылымының өркен жайған кезеңінде Фарабидің ідеби-теориялық мұрасын жаңаша саралаудың маңызы зор.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсатымыз ұлы бабамыздың артында қалған мол мұрасымен жан-жақты танысу және Әл-Фарабидіңәлемдік әдебиеттанудағы әдеби-теориялық ұғымдарды негіздеушілердің бірі екендігін дәлелдеу болмақ. Осыған орай мынадай міндеттер туындайды:
 Әл-Фарабидің өлең өнері жайлы талғам-талабын әдеби-теориялық тұрғыдан саралау;
 Ақындық қуатына, өлең жазу шеберлігіне назар аудару;
 Жалпы Фарабтан шыққан ғұламалардың еңбектеріне шолу жасау, олардың да ідеби-теориялық көзқарастарына талдау жасау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Фараби мұрасын зерттеуде қазақ ғалымдары да көптеген жұмыстар істеді. Орыс және қазақ тілдерінде Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалық, тарихи-философиялық, логикалық, жаратылыстану – ғылыми еңбектері, «Птолемейдің «Алмагестіне» түсініктемелері» жарық көрді. Ғұламаның философиялық, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми – зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шықты. А.Көбесовтің «Әл-Фараби», «Фарабидің математикалық мұрасы» (орыс тілінде), «Сөнбес жұлдыздар», «Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері» (орыс тілінде), «Фарабидің педагогикалық мұрасы» (орыс тілінде) монография, кітаптары, «Фараби Бағдат шаһарында» [1] атты повесі, көптеген мақалалары бар.
Біз осы уақытқа дейін Отырар алқабы тарихқа Әбу Насыр әл-Фарабиді ғана берді деп келсек, ғалым Ә.Дербісалиев [2], керісінше, Отырардан шыққан Фарабилердің 10-ының атын атайды. Тек атап кана қоймай, олардың өмірі мен шығармашылығына талдау жасайтьн нақтылы деректер келтіре отырып, салиқалы пікір айтқан, өзіндік ой түйіп, тұшымды тұжырымдар жасаған. Отырарлық ғалымдардың өмірі мен қызметіне қатысты мағлұматтарды ол, Сирия, Марокко, Тунис секілді елдердегі бүкіл шығыс мәдениетінің мақтанышы болған кітапханалар мен қолжазба қорларынан, Батыс пен Шығыстың дуалы ауызды даналары мен шығыстанушы ғалымдарының еңбектерірінен тапқан.
Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениет орталықтары ретінде тек Отырар мен Сайрам немесе Түркістан ғана емес, сондай-ақ Сыр бойындағы Жент, Баршынкент, Жанкент, Сығынак, Қыпшақ, ал Талас-Шу алқабындағы Тараз, Құлан, Аспара, Баласағұн қалалары да тарихқа белгілі болған. Алайда осы қалаларда дүниеге келгендіктен немесе мәңгі бақи өмір сүргендіктен олардың аттарын өздеріне ныспы еткен ғұламалардың, ақындардың, әдебиетшілердің шығармашылығы жөнінде біздің білетініміз жоқтың қасы десек те болатын. Ал туған қалаларын емес, өздері шыққан Дулат, Найман, Қоңырат, Жалайыр сияқты тайпалардың аттарын ныспы етіп қабылдаған зиялылар қалдырған күллі қазаққа, алаш атаулыға тән аса бай мұраны паш еткен еңбектер де шамалы.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Зерттеу жұмысын жазу барысында белгілі орыс және шетел ғалымдарының еңбектерімен қоса негізінен А.Машанидің, А.Көбесовтің, А.Қасымжановтың, Н.Келімбетовтің, Х.Сүйіншәлиевтің, Ә.Дербісәлиевтің ғылыми-зерттеу еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Дипломдық жұмыс нәтижелерін мектеп оқушыларына Фарабитану арнайы пәнін оқытуда, факультатив сабақтар жүргізуде көмекші құрал ретінде және әдебиет пәнінен теориялық терминдерді түсіндіруде пайдалануға болады.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

1. Көбесов А. Әбу Насыр әл-Фараби. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 176 б; Көбесов А. Әл-Фараби. - Алматы. 1971. – 280 б; Кубесов. А. Педагогические наследия аль-Фараби. Алма-Ата, 1989. – 275 с.
2. Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995. – 238 б.
3. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар: Топография, стратиграфия, перспектива. – Алма-Ататы, 1972. – 234 с.
4. Шәлекенов У. Құм басқан қала. –Алматы: Ғылым, 1992. – 114 б.
5. Лунина С.Б. О культурных связях средневекового Мерва. – Средняя Азия в древности и средневековье. –Москва: Наука, 1977. – 126 с.
6. Жәнібеков Ө.Отырар өркениеті және біз. -Алматы, Ғылым, 1992. – 250 б.
7. Григорян С.Н. Великий мыслители Средней Азий. –Москва: Наука, 1958. - 214 с.
8. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. –Алматы: Жазушы, 1992. – 179 б.
9. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. -Алматы: Ана тілі, 1991. - 205 б.
10. Егеубаев А. Кісілік кітабы. –Алматы: Ана тілі, 1998. – 320 б.
11. Хайрулаев М. Мировозрение Фараби и его значение в истории философии. -Ташкент: Фон, 1967. – 238 с.
12. Аль-Фараби. Философские трактаты. –Алма-Ата: Наука, 1973. – 250 с.
13. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. –Алматы: Қазақстан, 1971. – 180 б.
14. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани хикмет./Аударған: М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәіуітұлы, Е.Дүйсенбай. – Алматы: Йассауи қоры, 1998. - 216 б.
15. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. Избранные труды: В 4-х т. – Москва: Наука, 1960. Т.3. -524 с.
16. Егеубай А. Құлабыз. –Алматы: Жазушы, 2001. -216 б.
17. Сүйіншәлиев Х. VIII – XVIII ғасырлардағы қазақәдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1989. – 260 б.
18. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. –Алматы: Ана тілі, 1998. -256 б.
19. Машанов А. Әл-Фараби. Зерттеу. –Алматы: Жазушы, 1971. – 273 б.
20. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -АлмаАта, 1974. – 264 б.
21. Аль-Фараби Логические трактаты. Алма-Ата, 1975. – 172 -с.
22. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975. – 352 б.
23. Қазақ Совет энциклопедиясы. -Алматы, 1973, ІІ-том. – 752 б.
24. Гафуров Б.Г.., Касымжанов А.Х. Аль-Фараби в истории культуры. – Москва: Наука, 1975. - 189 с.
25. Аль-Фараби Философские трактаты. -Алма-Ата, 1970. – 113 с.
26. Хайрулаев М. Фараби. Эпохи иучение. – Москва: Наука, 1965. -165 с.
27. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. –Алматы: Мектеп, 1986. -215 б.
28. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. –Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б.
29. Машанов А. Фараби және Абай. –Алматы: Ғылым, 1994. -156 б.
30. Әбунәсір Әл-Фараби. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат / Кітапта: Сөзстан. 2-кітап. Құрас. Б.Сарбалаев. – Алматы: Жалын, 1980. – Б. 8-14.
31. Әбунәсір Әл-Фараби. Трактат және өлеңдер. Аудар. А.Нысаналин. –Алматы: Жазушы, 1974. -186 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6

1. Фарабтан шыққан ғұламалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8

2 Әбу Насыр Әл - Фарабидің әдеби-теориялық мұрасы

2.1 Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық өмірбаяны ... ... ... ... ... ..
33

2.2 Фараби және өлең, өлең өнерінің қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
58

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
60

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғалымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғалымның бүгіні мен ертеңі танып, бағдарлап отыруда ғалым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі - баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу - кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл - парасытының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі - қазақ топырағынан шыққан данышпан перзент Әбунасыр Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытуға орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді. Алайда күн өткен сайын ұлы бабамыздың күні бүгінге дейін назардан тыс қалған мұралары табылып, ғылыми айналымға түсіп жатыр. Ендеше, ұлттық әдебиеттану ғылымының өркен жайған кезеңінде Фарабидің ідеби-теориялық мұрасын жаңаша саралаудың маңызы зор.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсатымыз ұлы бабамыздың артында қалған мол мұрасымен жан-жақты танысу және Әл-Фарабидіңәлемдік әдебиеттанудағы әдеби-теориялық ұғымдарды негіздеушілердің бірі екендігін дәлелдеу болмақ. Осыған орай мынадай міндеттер туындайды:
oo Әл-Фарабидің өлең өнері жайлы талғам-талабын әдеби-теориялық тұрғыдан саралау;
oo Ақындық қуатына, өлең жазу шеберлігіне назар аудару;
oo Жалпы Фарабтан шыққан ғұламалардың еңбектеріне шолу жасау, олардың да ідеби-теориялық көзқарастарына талдау жасау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Фараби мұрасын зерттеуде қазақ ғалымдары да көптеген жұмыстар істеді. Орыс және қазақ тілдерінде Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалық, тарихи-философиялық, логикалық, жаратылыстану - ғылыми еңбектері, Птолемейдің Алмагестіне түсініктемелері жарық көрді. Ғұламаның философиялық, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми - зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шықты. А.Көбесовтің Әл-Фараби, Фарабидің математикалық мұрасы (орыс тілінде), Сөнбес жұлдыздар, Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері (орыс тілінде), Фарабидің педагогикалық мұрасы (орыс тілінде) монография, кітаптары, Фараби Бағдат шаһарында [1] атты повесі, көптеген мақалалары бар.
Біз осы уақытқа дейін Отырар алқабы тарихқа Әбу Насыр әл-Фарабиді ғана берді деп келсек, ғалым Ә.Дербісалиев [2], керісінше, Отырардан шыққан Фарабилердің 10-ының атын атайды. Тек атап кана қоймай, олардың өмірі мен шығармашылығына талдау жасайтьн нақтылы деректер келтіре отырып, салиқалы пікір айтқан, өзіндік ой түйіп, тұшымды тұжырымдар жасаған. Отырарлық ғалымдардың өмірі мен қызметіне қатысты мағлұматтарды ол, Сирия, Марокко, Тунис секілді елдердегі бүкіл шығыс мәдениетінің мақтанышы болған кітапханалар мен қолжазба қорларынан, Батыс пен Шығыстың дуалы ауызды даналары мен шығыстанушы ғалымдарының еңбектерірінен тапқан.
Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениет орталықтары ретінде тек Отырар мен Сайрам немесе Түркістан ғана емес, сондай-ақ Сыр бойындағы Жент, Баршынкент, Жанкент, Сығынак, Қыпшақ, ал Талас-Шу алқабындағы Тараз, Құлан, Аспара, Баласағұн қалалары да тарихқа белгілі болған. Алайда осы қалаларда дүниеге келгендіктен немесе мәңгі бақи өмір сүргендіктен олардың аттарын өздеріне ныспы еткен ғұламалардың, ақындардың, әдебиетшілердің шығармашылығы жөнінде біздің білетініміз жоқтың қасы десек те болатын. Ал туған қалаларын емес, өздері шыққан Дулат, Найман, Қоңырат, Жалайыр сияқты тайпалардың аттарын ныспы етіп қабылдаған зиялылар қалдырған күллі қазаққа, алаш атаулыға тән аса бай мұраны паш еткен еңбектер де шамалы.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Зерттеу жұмысын жазу барысында белгілі орыс және шетел ғалымдарының еңбектерімен қоса негізінен А.Машанидің, А.Көбесовтің, А.Қасымжановтың, Н.Келімбетовтің, Х.Сүйіншәлиевтің, Ә.Дербісәлиевтің ғылыми-зерттеу еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Дипломдық жұмыс нәтижелерін мектеп оқушыларына Фарабитану арнайы пәнін оқытуда, факультатив сабақтар жүргізуде көмекші құрал ретінде және әдебиет пәнінен теориялық терминдерді түсіндіруде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспе және екі тараудан, қорытынды ен пайдаланылған ідебиеттер тізімінен тұрады.
1 Фарабтан шыққан ғұламалар

Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар, алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік өскелең мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пен қолөнері қатар дамыған. Түркілердің Мары, Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары Ежелгі Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үнді, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялык қатынастар орнатуға жол ашқан.
Дегенмен, арабтар жаулап алар кездегі толассыз жаугершіліктің салдарынан, жергілікті шонжарлардың озбырлығы мен өзара қақтығыстары шиеленістіре түскен ішкі қайшылықтардан әлсірей бастаған Түркі қағанаты, Батыс және Шыгыс кағанаттары болып екіге бөлінгенінің өзін былай қойғанда, бірте-бірте тайпалық одақтарға, тіптен рулық бірлестіктерге ыдырай берген. Мұның өзі, түптеп келгенде, Тұранды арабтардың жаулап алуын тездете түскен. Қатаң тәртіп пен Африкада, Азия мен Европада жүргізілген соғыс қимылдарының тәжірибесіне негізделген бағыт ұстанған араб әскерлері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар мен қоныстарды (поселение) шетінен басып ала берген.
Белгілі ғалым А.Көбесов атап керсеткендей, жаңа қалыптасып келе жатқан феодалдық қатынастар, орасан зор мемлекеттің саяси-шаруашылық мүддесі Араб халифатынан өзі бағындырған елдердің ғылымына басқаша қарауды талап етті. Атап айтқанда, араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениеті жоғары басқа да елдердің - Мысырдың, Шамның, парсының, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді [1, 76].
Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген Бағдад халифалары аталы-балалы әл-Мансур, Һарун ар-Рашид (кәдімгі Мың бір түн кейіпкерлерінің бірі), әл-Мамундар (VIII-IX ғ.) ғылымды дамыту мәселесіне көп көңіл бөледі. Бағдадта және басқа қалаларда астрономиялық обсерваториялар салдырылады. Һарун ар-Рашид Даналық үйі (Байт әл-хикма) деп аталатын, жанында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады. Кейінгі халифа Әл-Мамун бұл орталыққа мемлекеттік сипат беріп, көптеген қаржы, арнайы штат бөледі, грек, сирия, үнді тілдеріндегі қолжазбаларды мол алдырып, оларды мұқият аудару жұмысын қызу жүргізеді. Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының және Гипиократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, Менелей, Аполлоний, Птоломей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды. Осылай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдад мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады [3, 7].
Біз Бағдад обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жұмыстарының басты ұйтқысы Орта Азия мен Қазакстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мухаммед әл-Хорезми (Хорезмнен шыққан), Ахмед Ферғани (Ферғанадан шыққан), Ғаббас Жауһари (Отырар атырабындағы Гауһар мекенінен шыққан), Ахмад Мәруази (Мәрыдан шыққан) және басқалар бар [4, 27].
Бұлардың ішінен теңдесі жоқ үздік ойшылдардың бірі - шоқтығы биік ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол - ежелгі Отырар мен оның тікелей ықпалында болған іргелес қалалары қалыптастырған археологиялық; Отырар - Қаратау мәдениетінің, сол сияқты осы өңірдің орта ғасырлардағы жетістіктерінің негізінде қазір Отырар өр-кенияты болып таныла бастаған ғылым мен мәдениет үлгісін тудырған елдің азаматы [5, 28].
Шарықтап, кемеліне жеткен шақта екі жүз гектардан астам жерге орналасқан осы бір алып қаланың, орталық бөлігінің 20 гектардай болып қалатын кұландысы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында жатыр.
Көне жазба деректерге қарағанда, Отырар (ол Фараб деген атпен де белгілі) есте жоқ ежелгі заманнан-ақ сан алуан тарихи, сауда, дипломатиялық қатынас жолдарының түйіскен жерінде пайда болған белгілі мәдениет орталығы еді.
Ол жайында алғашкы деректерді біз көне грек оқымыстысы Птоломей еңбектерінен кездестіреміз. Бертін келе ол жайлы араб пен парсының жиһан кезген жағрафияшылары Әбу Исхак Ибрахим әл-Истахри (849 - 952), Әбу-л-Қасым Мухаммад Ибн Хауқал (X ғ.), Шамс ад-Дин Әбу Абд Аллаһ Мухаммад әл-Мақдиси (X ғ.) Әбу Джағфар Мухаммад ат-Табари (? - 923), Әбу-л-Хасан-Әли әл-Масуди (? - 965) шежірелерінен оқимыз. Мысалы, ат-Табари 739 жылы Шаш қаласы әкімінің сондағы араб әміршісі Нәсір бин Саийдтың өтініші бойынша Харис бин Сурейдж дегенді түркілермен бірігіп араб (умаййа) өкіметіне қарсы шыққаны үшін Фарабқа жер аударуды өтінгені жайлы жазған. Ат-Табари тағы да Фарабтан басқа Отырар қаласының да атын атаған. Ал, 809 - 818 жылдары Хорасандағы араб билеушісі әл-Мамун өзінің уәзірі әл-Фадл ибн Саһлға Отырарбанд қаласы әміршісінің салық төлеуден бас тартқанын шаққан. Отырар Кангу-Тарбан, Тұрарбан деген аттармен де тарихқа енген.
Отырар - Фараб хақыңдағы мағлұматты Әбу-л-Уалид Мухаммад ал-Азракидің (IX ғ.) Мекке қаласының хроникасы атты еңбегінен де ұшыратамыз. Сондай-ақ әл-Истахри мен Ибн Хауқал да Фараб уалаятын суреттей келе, ол өзеннің (Сырдарияның) екі жағалауына бірдей орналасқан десе, бәлкім, ол Сырдың сол жағалауындағы Оқсыз (Уасидж) қаласын да Отырарға қосып есептеген болар, Ибн Хордадбеһ (820 - 912) Фараб қаласының Сырдария өзенінің тек оң жақ жағалауында екенін айтқан.
X ғасырда Фараб жеке ықылым ретінде көрінеді. Әл-Истахри мен Ибн Хауқал Фарабтың Исфиджабтан бір-екі күндік жол жүретін Сырдария өзенінің орта ағысының тұсында жатқан қала екендігін көрсете отырып, Кенджид өңірінің астанасы Субаникенттен ол бір күндік жерде дегенді айтады. Сондай-ақ, ортағасырлық авторлардың, онда (Фарабта) берік қамал мен бекініс бар. Жері тұзды және сортаң болып келеді, ал Фараб өзенінен батысқа қарай жатқан жер ғана егіншілікке қолайлы деуінде де белгілі бір шындық жатса керек. Олай дейтініміз Отырар қаласының қираған жұрты жатқан қазіргі Отырар ауданының жері күні бүгінге дейін сортаңдау болып келетінімен байланысты еді. Ал, Ибн Хауқалдың Фараб өзені деп отырғаны Арыс болуы мүмкін. Тарихшының Фараб Кенджид пен Шаш аралығы жайылымды жер, онда ислам дінін қабылдаған мыңға жуық түркі отбасылары тұрады деген деректері де көңілге қонарлық жайттар [6, 79].
IX ғасырда өмір сүрген Ибн Хордадбеһ еңбегінде жеке қала ретінде аталған Фараб шаһары, неге екені белгісіз, Әл-Истахри мен Ибн Хауқал шежірелерінде аталмайды. Әл-Мақдиси Фарабтың Кедерден де көне қала екенін жазады. Ол осы өңірдегі бас қала Фараб деп аталады. Ол өте үлкен шаһар. Жетпіс мыңға жуық әскер жинай алады, шаһристанында күмбезді мешіт бар, базары раббатта (қала іргесінде) орналасқан. Ал Кедер болса, ол жаңа кала. Онда салынған ғибадатхана - өзара қырқысқан соғыс өртін тұтатты - дейді. Бәлкім, бұл Отырар әміршісінің қала сыртындагы тұрағынан аз уақыт өлкенің кіндік қаласы дәрежесіне дейін көтерілген Кедерде мұсылман дінінің орнығуымен байланысты оқиға болар. Өйткені мұнда ағаштан ойып, бояулы суреттермен толықтырылған бұғаттық құры бар, қамалды қоршаған садақшылар, құбыжық бейнелер, тақта отырған төрт аяқты құдайдың кескіні бейнеленген ғибадатхананың болғанын археологиялық қазба зерттеулерінің нәтижесі де көрсетіп отыр. Мүмкін сондықтан да болар, Худуд әл-Әламның авторы: Фараб - бай өлке, оның бас қаласы Кедер деп аталады. Тұрғындары шетінен жауынгер де хас батырлар. Бұл жер - көпестер тоғысатын мекен, - деп жазған [7, 23].
Қалай айтылса да, көшпелі қыпшақ даласы мен Орта Азияның отырықшы аудандарының шегіне орналасқан осы бір алып қаланың ортағасырлардағы ғылым мен мәдениеттің аса ірі орталығы болғаны даусыз. Басқаны былай қойғанда Отырардағы моңғол шапқыншылығына дейін әлемге әйгілі болған, теңдесі жоқ жазба мәдениет еткерткіштері жинақталған кітапхананың қаламен бірге жойылып кеткені өкінішті-ак.
Осы тұста ғұмыр кешкен араб, парсы шежіреші-тарихшылары Из ад-Дин Әбу-л-Хасан Әли Ибн әл-Асир (1160 - 1234), Фазлалаһ Рашид ад-Дин (1247 -1318), Әла ад-Дин Ата Малик Жуайни (1226 - 1283), Мұхаммед бин Ахмед ән-Насауи (? - 1249) моңғолдың Отырарға жасаған шабуылы жайында да біршама деректер қалдырған. Соның ішінде Ибн әл-Асир шежіресі аса көңіл аударарлық. Оның айтуынша, Шыңғыс хан әуелде өзіне киім-кешек тіктіретін мата әкелуді сылтау етіп, күміс, бұлғын және басқа да қымбат заттарды молынан тиеген керуен жасақтаған. Оғаң көпестер мен түркілерден құралған топ ілестіріп, Мәуераннаһрдың Самарқан, Бұхара секілді қалаларына аттандырған. Бұл - шындық.
Өйткені IX-X ғасырлардан бастап Отырар, Самарқан, Мәры қалаларында тігілген киімдер аса жоғары бағаланған. Әсіресе, Аббас халифатының тұсында Мәрыда пішіліп, тігілген киім-кешек бүкіл Шығыс елдерінде кеңінен тараған. Мұны ғалым С.Б. Лунина да: Мәрыда тігілген киім, яки тоқылған мата жайы үлкен мәселе. Сасан тұқымдары билеген тұста көктемде киілетін киімдер Мәрының немесе Мысырдың жұқа маталарынан ғана тігілетін. Күзде Рей (қазіргі Теһранның), сондай-ақ Мәрының аралас аталған матасынан тігілген киім киілетін, Халифат тұсында Мәры маталары солтүстік-батысқа және оңтустік-батысқа жөнелтіліп тұрған... Әл-Йағкуби (? - 905) де Хорасан өлкесінің әсем киімдегі Мәрыда ғана тігілетін десе, ал Ибн әл-Фақиһ әл-Хамадани (IX - X ғ.) мултехам делінген кездемеден тігілген Мәры киім-кешегі жайында айта келіп, оның әсемдігі сонша, тіпті шығыс әлемінің әдемі маталары мен киімдері де Мәрылық деп аталып кеткен болатын деп жазған [6, 83]. Олай болса Ибн әл-Әсирдың Шыңғысхан киім-кешек тіктіретін мата әкелу үшін арнайы керуен жасақтап, түркілер еліне жөнелтті деген дерегіне құлақ тосуға болады. Дегенмен керуеннің алдына қойған мақсаты тек киім тіктіруде ғана емес еді. Белгілі шежіреші одан әрі керуен Хорезм иелігінің солтүстігінде жатқан түркі елінің хорезмшаһ әміршісі билейтін Отырар қаласына жеткен кезде әлгі әмірші хорезмшаһқа астыртын кісі жіберіп, мол дүниелі керуен келгенін хабарлайды. Шаһ оған керуен тартқандарды өлтіріп, тоналған дүние, барлық мал-мүлікті өзіне жіберуді бұйырған. Отырар әміршісі оның бұйрығын бұлжытпай орындаған - дегенді айтады.
Хорезм шаһының мұндай шешімге келуінің өзіндік себептері бар-тын. Оның ең бастысы кірекештердің арасында моңғол жансыздарының болғаны. Олар үлкен апаттың келе жатқаны жайында қауесет таратып, қала халқын үрейлендірген [8, 15].
Отырардың шарықтап, шалқыған шағы орта ғасырлар мен әсіресе Әбу Насыр әл-Фараби мен оның ізбасарлары ғұмыр кешкен кезеңмен тұстас еді. Сондықтан да біз Отырардан шыққан ғалымдардың өмірі мен қызметіне, шығармашылығына хронологиялық тәртіппен жеке-жеке тоқталып өткенді жөн кердік.

Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби. Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим әл-Фарабидің туындысы Әдеби жинак деп аталады. Бірақ ол қай жерде, қашан шықты деген сауал көпке дейін жауапсыз қалып келгенді.
Атақты неміс шығыстанушысы Карл Брокельманның (1868-1956) Араб әдебиетінің тарихы атты еңбегінде осы ғалым жайлы бес жолдан тұратын мағлұмат бар. 1897 жылы Веймар қаласында шыққан аталған еңбегінде ол Отырар перзенті жайлы былай дейді: Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим әл-Фараби Түркістан өлкесіндегі Фараб қаласында туылган. Біраз уақыт Забидте тұрды. Сонда жүріп ол... біздің заманымызға жеткен өзінің негізгі еңбегін жазды. Кейінірек туған қаласында ұстаздық етті де, соңыра 350961 жылы осында дүниеден өтті. К. Брокельман өз мәліметінің соңында ғалым еңбегі алты кітаптан тұратынын айтады.
К.Брокльман өз зерттеуін толықтырып 1937 жылы Лейденде қайта бастырған. Соңғы басылымының Әбу Ибраһим Исхаққа арналған 195 - 196-беттерінде ол бұрынғы деректерге он беске, жуық библиографиялық, жаңа мағлұмат қосқан. Әбу Ибраһим туындыларының қолжазбалары дүние жүзінің қандай кітапханаларында сақтаулы екенін айта отырып, белгілі шығыстанушы ол жайлы азын-аулақ мағлұмат болса да материал берген. Ондай қалалар ішінен Париж, Лондон, Фес, Каир шаһарлары аталады.
Отырар перзентінің толық аты-жөні Әбу Ибраһим Исмаил бин Ибраһим екенін көрдік. Ғалым ныспысының алдыңғы екі атауы кунийа (прозвище), өз есімі Исхақ, әкесінің аты Ибраһим. Араб елдерінде құрметті кісіні әдетте үлкен ұлының (қызының) атына қарап Әбу Насыр (Нәсірдің әкесі), Әбу Халил (Халилдің әкесі), Умм Зайнаб (Зейнептің шешесі), Умм Халида (Халиданың шешесі) деп атайды. Одан кейін ғана оның өз есімі, сонан соң әкесінің аты, соңынан туған жерінің атауы беріледі. Соған қарағанда тілші ғалымның өз есімі Исхақ, әкесінің аты Ибраһим.
К.Брокльман Әбу Ибраһимді біраз уақыт Забидте тұрған, - дейді. Забид ерте кезден бастап-ақ оқу, білім, ғылым орталығы болуымен аты шыққан Йемендегі қала. Сондай жерге Әбу Ибраһим Исхақтың барып тағлым алуы да бек мүмкін [2, 76].
Шығыстанушы ғалым жерлесіміздің туған жылын көрсетпеген. Кез келген мәлімет, фактіге ыждаһаттап қарайтын неміс шығыстанушысының Әбу Ибраһим Исхақтың туған жылын көрсетпеуінің себебін ондай деректердің араб, парсы жазба ескерткіштерінен ұшыраспауынан болар деп шамалауға болады. Ал қайтыс болған жылы ретінде һиджыраның 350 немесе біздің жыл санауымыз бойынша 961 жыл деп көрсетілген. Соған қарағанда Әбу Ибраһим Исхақ жерлесі Әбу Насыр әл-Фарабидің замандасы секілді. Әбу Насырдың 870 жылы Отырарда туылып, 950 жылы Шамдағы Кіші қақпа маңында қайтыс болғанын білеміз. Әбу Ибраһим де Әбу Насыр сиякты араб елдерінде білім алған. Бірақ ол өз отанына қайтып оралып, ұстаздық етіп, туған шаһарында көз жұмыпты. Мұның өзі де көңіл аударарлық қызық дерек.
Әбу Ибраһим жайлы жазба мәліметтер аз. Сол себепті К.Брокельманның өзі де оның Отырарда туылып, соңыра сонда қайтыс болғанын, ғалым еңбектері сақталған кітапханалар тізімін көрсетуден аса алмаған. Әрине, оған да рақмет. Өйткені, К.Брокельман өз еңбегіне материалдарды XIX ғасыр соңында жинастыра бастаған. Ол кезде араб әдебиетін зерттеу араб елдерінің өзінде де жолға қойылып үлгірмеген-ді. Соған қарамастан неміс шығыстанушысы араб әдебиетіне арналған ғылымда теңдесі жоқ тамаша биобиблиографиялық еңбек қалдырған.
Отырарлық ғалымның аталмыш еңбегін біз 1985-1986 жылы Тунис Араб республикасының аз-Зайтуна университетінде оқып жүргенде астанадағы араб әдебиеті институтының кітапханасынан ұшыраттық. Оны египеттік ғалым Ибраһим Анис кітапханалардың бірінен екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кездейсоқ тауыпты. Бұдан отыз жыл бұрын мен Александрия университетінің карапайым оқытушысы едім, -дейді ол өз алғысөзінде. Бірде ол кітапхананың қолжазба қорынан бұрын кездесе коймаған, өзіне белгісіз еңбекті ұшыратады. Таныса келе, ол дүниенің, тіл біліміне қатысты шығарма екенін пайымдайды. Бұл қолжазбаны әуелде атақты Әбу Насыр әл-Фарабидің туындысы екен деп қалдым - дейді ол. Соңынан еңбекті оқи келе Ибраһим Анис ол дүниенің Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фарабидікі екеніне көзі жетеді. Алғы сөздегі тағы бір төрт беттік мақаланы доктор Ахмад Мухтар Умар жазыпты. Бұл дүниенің беттері цифрмен емес, араб әріптерімен керсетілген. Одан кейінгі шағын зерттеуде Әбу Ибраһимнің, есімі мен шығу тегі, тұған және өлген жері, жасаған саяхаттары туралы да айта келіп, Әбу Ибраһим туралы қысқаша бағдар жасаған. Отырар перзенті шығармасының араб филологиясы үшін теңдесі жоқ дүние екенін қадала айтады ол [2, 86].
Мысыр ғалымының екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң елуінші және алпысыншы жылдары да бұл еңбекті зерттеу мүмкіндігі бола қоймаған. Тек жетпісінші жылдардың басында ғана ол Әбу Ибраһим еңбегіне қайта оралып, түбегейлі зерттеп, жариялауға дайындайды.
Әбу Ибраһим әл-Фарабидің еңбегінің Әдеби жинақ деп аталатынын айттық. Бұған қарап оқушы қауым жинақ әдебиет жайлы болса, неге онда тіл мәселелері сөз болады деуі де мүмкін. Шынында да, күні бүгіндері кез-келген жинаққа әдебиет жайлы деген атау берілсе, онда ол, әрине атына сай болар еді. Бірақ Әбу Ибраһим өмір сүрген орта ғасырларда оның өзіндік ерекшелігі болған.
Қазір әдебиет деген ұғымға ғана тән адаб сөзінің умаййалық халифалар тұсында (VII-VIII ғ.) әдебиеттен гөрі эстетикалық мазмұны тереңірек-ті. Сөйтіп ол кішіпейілділік, нәзіктік, қарапайымдылық, әдептілік, мәдениеттілік, әдамгершілік, қайырымдылық секілді биік моральдық қасиеттерді көбірек сөз ететін.
Отырар саңлағының Әдеби жинағында сөйлем мүшелері мен олардың тектік (родтық) категорияларға бөлінуі, есімдер мен етістіктердің құрылысына қарай ерекшеленуі, жалғау жалғануы, мысал ретінде берілген сөздердің жүйесі, әріптердің орын тәртібі, сын есім және масдар іспетті араб тілінің басқа да түрлі мәселелері сөз болған.
Сөйтіп Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фарабидің бұл дүниесі жоғарыда айтылғандай элі-әзір терең де жан-жақты зерттеле қойған жок. Ғалым шығармаларының, барлық томдарын алдырып, зерттеп шықса, туған жеріміздің тағы бір ғалымының ғасырлар шаңы басқан еңбегі мен аты жарқырап жұртына жетер еді.

Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби. Әл-Жауһари жайлы да жазба деректер көп емес. Ханна әл-Фахури оны араб тілінің лексикография саласының білгірі ретінде атаса, ортағасырлық оқымысты Әбу Мансур ас-Сағалиби (961 - 1038) өз еңбегінде ол ақын еді деп, бірнеше өлеқдерін келтірген.
Ғұламаның толық аты-жөні Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари. Әбу Насыр - күнйа, өз есімі Исмаил, әкесінің ныспысы Хаммад, одан кейін туған жерінің атауы берілген. Сөйтіп, Әбу Насыр Исмаилдың туған жері Жау-һар екен. Шынында да Отырар маңында сол тұста жергілікті халық Қарахоңсы (Қаракөншек), Кедер (Құйрықтөбе), Оксус (Оқсыз), Шауғар (Жауһар) деп атаған үлкенді-кішілі қалалар мен көне қоныстар болған. Бір қызығы Шауғардың касында, о баста ел құрметтеген әйел-ана жерленгендіктен де болар, Гауһарана (Жауһарана) деп аталған ескі мазар бар. Бәлкім, бұдан Шауғардың анасы деген мағына шығар. Мүмкін, ұлы ғалым өзіне ныспы етіп осылардьщ ішінде туған қаласы Шауғарды (Жауһарды) алған болар. Ол жағы бізге белгісіз [2, 93].
Отырар перзентінің туған мекенін білдіретін әл-Жауһари деген атау алдына базбір ғалымдар әл-Фараби деген сөзді де қосып жазады. Мысалы белгілі шығыстанушы А.Б. Халидов жерлесіміздің, толық аты-жөнін Әбу Насыр "Исмаил ибн Хәммад әл-Фараби әл-Жауһари деп көрсетеді де, өз пікірін Осыдан бір ғасыр бұрын ұлы фәлсафашыны берген Сыр бойындағы алқаптын перзенті - деп, шегелей түседі.
Әл-Жауһаридің Отырарда туылғандығы жайлы ас-Сағалиби: Түркі шаһарларының бірі Фарабтан шыққан Әбу Насыр тамаша да ғажайып адамды, араб тілінің нағыз білімпазы еді... деп жазған.
Көңіл аударар бір қызық дерек - Исмаил әл-Жауһариді Йақұт әл-Хамауи ар-Руми (1179 - 1229) Исхақ әл-Фарабидің қарындасының баласы (Ибн ухт Әби Исхақ әл-Фараби) - дейді. Соған қарағанда Исхақ әл-Фараби Исмаилды Бағдадқа өзімен бірге ала кетті ме, яки жас жиенін Бағдадқа атағы шығып, оңы мен солын танып, тұрмысын түзеген соң ғана алдырды ма, кім білсін. Дегенмен, соңғы жорамалдың қисыны бар, соған құлақ қоюға болатын сияқты. Әйтеуір мұның өзі мұқият карап, зерделей түсетін жәйт екені даусыз.
Мүмкін, жас Жауһари алыс Бағдадтағы нағашысын іздеп керуенге өзі ілесіп жолға шыққан болар. Жолай ол Бұхара, Мәры, Нишапур, Рей, Хамадан секілді Орта Азия мен Иран елінің мәдени, білім ордаларына да соғып, соңыра Бағдадқа келген. Жол-жөнекей арып-ашып, өмір тауқыметін тартып, қиыншылықпен сан рет жүздесіп ыстық, суықты басынан өткізген болар. Тегі Ас-Сағалиби: Ғарыптықты ол мүскіннен де жақсы білген... Алла оған күш-қуат, мейірімді жүрек, әдемі мінез бергенді - деп текке айтпаған сияқты.
Әл-Жауһари Ираққа келгеннен кейін нағашысының ақыл-кеңесімен Басралық филологтар Әбу Зайд ас-Сирафи (? - 979) мен Әбу Әли әл-Фарисиден (900 - 987) араб тілі мен әдебиетінен дәріс алады [9, 59].
Ұлы ғалым өнер қуудағы ұлы мақсаты орындалған соң өмірінің шаңқай түсінде еліне қайтып, білімін ұрпақтары мен ізбасарларына беруді ойласа керек. Тигр мен Ефрат бойындағы зиялы қауым, білім ордаларын талақ тастап, ол енді туған мекеніне бет алады. Жол-женекей парсы жұртының өзіне таныс білім һам мәдениет, өнер ордаларың аралап, Хорасан арқылы Дамғанға келеді. Ол Иранның Касгпий тенізіне жақын жатқан ақындар мен өнер адамдары жиі жиналып бас қосатын шаһарларының бірі болатын.
Әл-Жауһариді сол жердің абзал адамдарының бірі қаламгер Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли сыйлы қонақ ретінде қарсы алады. Құрметтеп, сый-сияпат көрсетеді. Сөйтіп жүріп ол әл-Жауһариден көркем жазу тәсілін үйренген. Соңынан жерлссімізді Нишапурға дейін шығарып салған.
Нишапурға келген соң да әл-Жауһари медреселерде араб тілінен дәріс берген. Атына бұрыннан қанық зиялы қауым Отырар перзентіне мұнда да құрмет көрсеткен.
Ас-Сағалиби оның тілге қатысты ас-Сихах атты кітабы бар екенін, оның сол кездегі осындай еңбектер ішіндегі ең озығы болғанына тоқталады. Тіл жайынан мағлұмат беретін кітаптар ішінен ол дүние кемеліне келтірілген, әрі тіл мәселесіне байланысты жетістіктерді қамтуы жағынан да ең қолайлысы болатын, - дейді ол.
Ас-Сағалибидің әл-Жауһариді тек тілші ғалым ғана емес, сонымен қатар ақын дегені жайлы да айтқанбыз. Шынында да, ол өзінің ең алғашқы ғылыми еңбегі Өлең өлшемі жайлы кітап араб поэзиясының өлең өлшемін терең талдап, өзіндік теория жасауға тырысқан. Мысалы, энциклопедист-ғалым, жағрафиялық һәм библиографиялық талай сөздіктердің авторы Йакут Әл-Хамауи (1179 - 1229) Белгілі әдебиетшілер (жайлы) түсіндірме сөздікті пайдалануда әдебиетшіге қажет шебер кұрал атты 1923 - 1930 жылдары Лондон-Каирде шыққан еңбегінің, екінші томының, 266 - 272-беттерінде, сондай-ақ араб тілінен фәлсафалық жағы мен оның өзге де семит тілдер тобымен байланыс мәселелерін зерттеген полигистр-ғалым, тілші, әдебиетші Джалал ад-Дин Абд ар-Рахман ас-Суйутидің (1455 - 1505) 1908 жылы Каирде басылып шыққан Есте сақтаудың мақсаты жайлы кітап һәм Әбу Фаллах Абд әл-Хай бин Имад әл-Ханбалидің Алтын хабарлар ішіндегі алтын қиыршықтары, сонымен қатар Умар Рида Қаххаланың Ғұмырнамалш, араб кітаптары авторының түсіндірме сөздігі атты шығармаларында әл-Жауһаридің бұл дүниесінің өзі тұстас ғалымдардың осы тақырыптағы туындыларынан мазмұны жағынан асып түспесе кем соқпайтынын айтады [10,71].
Араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен жағрафиясынын, жоғарыда аталған білгірлері өз туындыларында Отырар азаматының бәдәуилер арасынан қайтып оралған соң аталған тілдің кейбір мәселелерін сөз ететін Грамматикаға кіріспе кітап деп аталатын сүбелі еңбек жазғаның еске алады. Бірақ әл-Жауһаридін, араб поэзиясы мен тіліне арналған осы екі трактаты біздің заманымызға жетті ме немесе ғасырлар белесінің қалтарысында қалып қойды ма, ол жағы бізге белгісіз.
Әл-Жауһаридің аталған туындысы кейбір шығыстанушылардың араб тіл біліміне арналған зерттеулерінде шолу сипатында жалпылама аталатыны болмаса, арнайы зерттелген жоқ. Мысалы В.Г.Ахвледиани ас-Сихах туралы: X ғасыр сонында араб лексикография ілімінде ұйқас тәсіл атты жаңа бағыт пайда болды. Оны ұстанған лексикографтар сол кездегі поэзия талабына сәйкес сөздік сөздерінің соңғы дауыссызына мән беріп, оларды алфавиттік тәртіпнен орналастыратын. (Араб тіл білімі) дәстүрі ұйқас тәсіл негізін әл-Жауһари қалаған десе де, бірақ ондай сөздіктердің еврей және араб тілінде оғаң дейін де болғаны хақ, - дейді.
Әл-Жауһари сөздігінің құнды жақтары туралы айта келіп В.М.Белкин: Сөздік - сөз мағынасына қысқаша түсіндірме жасауы һәм классикалық ақындар поэзиясынан мысал ретінде алынған дәйектемелерінің шағындығымен көзге түседі. Сөздікті құрастырушы морфология мен синтаксис ерекшеліктеріне де көңіл бөлген. Кірме, сондай-ақ мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздерді бөліп көрсеткен. Араб әлеміндегі ең белгілі сөздіктердің біріне айналған Сихах араб лексикография тарихындағы жаңа бетбұрыс кезең болды - дейді.
Әл-Жауһари не жазса да, жерлесі Әбу Насыр әл-Фараби сияқты өз ойын ұғынықты, дәл де айқын, анық жеткізе білуімен ерекшеленеді. Сол себепті Әл-Жауһаридің осы еңбегіне В.А.Звегинцев: Мақсатқа жетуге деген талпынысы мол жазуының айқын да ұғынықтылығы, жиналған материалдарының толықтығы жағына келсек, кейінірек жасалған сөздіктердің бәрі де Сихахпен салыстырғанда оның небәрі кеңейтіліп, түсіндірме жасалған басылымы ғака сияқты - деп, әділ баға берген.
Жерлес ғалымымыздың бұл кітабы жайлы кезінде пікір-талас та болкан. Бір топ оны асыра мақтап, сапасы жағынан озықтығын айтса, екінші топ кемшілігін іздеп, кемсітуге тырысқан. Сол кезде де бақастық пен іштарлық, бақай есеп талай зиялылардың жігерін құм қылған сияқты. Бірақ, қалай дегенмен де, әл-Жауһаридің сөздігі араб тілін байытып, сан ғасырлар алға асырған еңбек екенін айту ләзім.
Әл-Жауһаридің тамаша дарын иесі, ал аталған шығармасының теңдесі жоқ туынды екендігі жайлы озық ойлы замандастары немесе одан бір-екі ғасыр кейін өмір сүрген дәуір данышпандары да айтып кеткен.
Отырар перзентінің түсіндірме сөздігі соңғы рет 1956-58 жылдары алты том болып Каирде басылып шықты. Қазір ол оқушылар мен студенттер, аспиранттар мен ой қуушылар, ғалымдар мен сөз өнері өкілдерінің қолынан түспейтін ғылыми, мәдени, рухани мұраның біріне айналды.
Әл-Жауһари өлеңдері де оның ғылыми еңбектері сияқты өз алдына сөз етуді, терең үңіліп, зер сала қарауды, жоғарыда айтқандай, фәлсафалық һәм мифологиялық мәкіне ой жіберуді талап етеді.
Әл-Жауһаридің қазасы жайлы екі түрлі дерек бар. Бірі оны Отырар топырағына алып келсе, екіншісі жерлесімізге ақырет топырағын Иран жерінде бұйыртқан. Мысалы, Швейцария шығыстанушысы, арабист-әдебиетші Адам Мец (1869-1917) белгілі араб жылнамашысы Йакут әл-Хамауи ар-Румидің Отырар ойшылының қазасы жайлы баяндайтын төмендегідей мағлұматына көңіл аудартады: Өз еңбегінің данқы лексикограф әл-Жауһаридің басын айналдырды. Ол өз туындысын жаздыра жүріп дад деген әріпке жеткен кезде Нишапурдағы ескі мешітке барады. Тебесіне шыққан соң: Уа, жамағат! Бұл жалғанда мен ешкімнің қолынан келмеген іс істедім, ал енді бақилық өмір үшін де ешкім жасай алмаған іс істегім келеді депті. Содан соң ол айқара ашылатын есік жармасын жіппен қолына байлайды да, мешіттің ұшар басына шығады. Содан төмен қарай самғамақшы екен, жерге құлап мерт болыпты, - дейді [11, 26].
Бірақ мұның шындық пен ақиқаттан гөрі аңыз, әңгімеге көбірек ұқсайтыны айтпаса да түсінікті шығар.
Біздіңше, ол Отырарға қайтып оралып, туған мекенінде көз жұмған. Оның қайтыс болған жылы деп Йакут 3981008, немесе 4001010 жылды атаса, Әл-Ханбали 3961005, немесе 3931003 жылды көрсеткен. Сөйтіп ойшыл бабамыз дүниеден шамамен 1008 жылдары өткен.
Талантты ғалым шығармасының жұқаналары қазір Тебриз, Каир, Бұлақ, Калькутта, Лейден, Эскуриал, Париж, Берлин, Ташкент, Санкт-Петербург, Махашқала кітапханаларында сақтаулы. Оларды тауып, зерттеп кәдеге жарату - қазақ ғалымдарының абыройлы борышы.

Әлам ад-Дин әл-Жауһари. Бұл ғалымның да ныспысын қазақ тілінде сөйлетсек, Әбу-л-Хасан Әли Исмаил ұлы әл-Жауһари болып шығар еді. Алдыңғысы, яғни Әбу-л-Хасан - лақап аты, одан кейінгі, яғни Әли өз аты, ал әкесінің есімі Исмаил. Ал, әл-Жауһари деген сөз оның жауһарлық (бәлкім шауғарлық) екендігіне, яғни біз жоғарыда сөз еткен әл-Жауһаридің баласы екендігіне меңзейді. Оны ғалымның Исмаил ұлы, яғни Әли иби Исмаил әл-Жауһари деген ныспысы да айғақтап тұр. Біз әзірше қазақ жерінен шыққан Әбу Насыр әл-Фараби сияқты ұлы ғұламалардың ұрпақтары жайлы біле бермейміз. Қолымызда ондай жазба деректер де жоқ. Ал Әбу-л-Хасан Әли - соның ең алғашқысы.
Ұлы жерлесіміздің баласының Әлам ад-Дин әл-Бағдади (бағдадтық) деген тағы бір ныспысына қарап оның Бағдадта туылғанын, сондықтан да бағдадтық деген қосымша ат алғанын анғару қиын емес. Әбу-л-Хасан Әлидің Бағдадта туылуы да ғажап емес. Өйткені ол дүниеге келер тұста ұлы жерлесіміз Исмаил әл-Жауһари Бағдадта тұрып жатқанды. Бірақ әлі-әзір Әлам ад-Дин Исмаил әл-Жауһаридің жалғыз ұлы ма, әлде бірнеше перзенттерінің бірі ме, жазба деректердің жоқтығынан ол жағын айта алмаймыз.
Әлам ад-Диннің есімі кейбір қазіргі ғалымдардың еңбектерінде де кездеседі. Мысалы, Әлам ад-Дин Әбу-л-Хасан Әли ибн Исмаил әл-Жауһари (X - XI ғ.) - Бағдадта ар-раккаб салар (атты әскер қолбасшысы) деген атпен де белгілі, бәлкім ол әйгілі математик Әбу Насыр Исмаил ибн Хаммад әл-Жауһаридің (1008 ж. өлген) ұлы болар. Ол казіргі Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Фараб маңындағы Жауһардан шыққан, математик, астроломиялық аспаптардың шебері деген пікірді орыс, шығыс зерттеушілері де айтады.
Әлам ад-Дин жайындағы - осындай деректерді неміс ғалымы Генрих Зутердің (1848 - 1922) еңбегінен де кездестіреміз. Араб математиктері мен астрономдары деген кітабында ол Отырарлық ғалым жөнінде бірнеше жолдық деректер келтірген.
Г.Зутер де Әбу-л-Хасан Әлиді Математика саласындағы аса күрделі еңбектерімен және астрономиялық аспаптар жасауда және пайдалануда асқан шеберлігімен танымал ғалым, оның тамаша шығармалары кең таралған - деп жоғары бағалаған. Ал оның Исмаил әл-Жауһариге қатысы жайлы әл-Жауһари деген ат ғалымның грамматик және лексиколог Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһаридің (3931008 ж. өлген) ұлы екендігін растай түседі - деп, өз ойын бөле-жара айтқан.
Отырарлық Исмаил әл-Жауһаридің саяси көзқарасы жағынан төртінші халифа Әли ибн Талибтің (600-661) ұрпақтарын, яғни шийалықтарды жақтап, үкімет билігін қолына алған умаййалықтарға қарсы шыққанын білеміз. Шийалықтар Әли ибн Әби Талиб өлтірілгеннен кейін таққа оның ұрпақтары, яғни шийалық имамдар отыруы ұшін күрескен. Исмаил әл-ЖауҺари де шийалықтарды жақтап өз жырларында олардың жауы умай-йалыктарға сың садағын жаудырған [2, 121].
Ол тіпті баласының есімі мен оның лақабына да Әли мен оның екі ұлының бірі Хасанның атын беріп, шийалықтарды нақтылы ісімен тағы да колдаған екен.
Сонымен Әбу-л-Хасан Әлидің отырарлық машһүр ғалым Исмаил әл-Жауһаридің баласы екені белгілі болды. Оқушылар осы ретте бұрынғы кеңес және шетел ғалымдарының пікірімен таныстық, ал ол жайлы араб тарихшылары мен шежірешілері не дейді? - деуі де мүмкін.
Араб тарихшыларынан Әлам ад-Дин жайлы деректі біз әлі-әзір жоғарыда аталған XIII ғасырдың орта кезінде өмір сүрген Ибн Саид ол-Кифти еңбегікен ғана ұшыраттық. Ибн Исмаил Әбу-л-Хасан әл-Жауһари әл-манғұт Әлам ад-Дин әл-Бағдади деген ныспысымен белгілі дейді ол. Бір кызығы Ибн Саид әл-Қифти Әлам ад-Диннің аты-жөніне манғұт деген де ат косқан. Біз оны бұрын Исмаил әл-Жауһариге қатысты деректерден кездестірген емеспіз. Сондықтан да Әлам ад-Динді енді маңгұт тайпасынан шыққан демеске амал жоқ. Бірақ маңғұттар тарих бетіне үңілсек, Исмаил әл-Жауһари мен Әлам ад-Дин өмір сүрген кезден көп кейін шыққан.
Әлам ад-Динді кейде энциклопедист ғалымдар санатына да жатқызуға болатын сияқты. Оның да себебі бар. Өйткені орта ғасырларда кез-келген ойшыл, дана ғылымның барлық саласымен айналысуына тура келген. Мысалы, Әлам ад-Диннен бар-жоғы жүз-ақ жыл бұрын өмір сүрген Әбу Насыр әл-Фарабидің фәлсафа, логика, астрономия, филология, психология, педагогика, аударма салаларымен ғана емес, сондай-ақ медицина, тіпті әуезбен де әустенгенін, оның теориясына арналған - күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған шығарма жазғанын білеміз.
Олай болса, Әлам ад-Диннің де ондай еңбектері болуы мүмкін. Өйткені Ибн Саид әл-Қифти Әлам ад-Диннің жоғарыда аталған ғылым салаларынан басқа шешендігімен де аты шыққандығына назар аударған. Шешендік өнері қазақ даласында ғана емес, сонымен катар араб жамағатында да ежелден жоғары бағаланған. Әсіресе көне бәдәуилер кезінде тілінен бал тамған, тындаушысын салихалы да мәнді ойларымен ұйыта алған хас шеберлер сый-сияпатқа беленген. Шешендерге деген ізет пен құрмет, ілтифат Әлам ад-Дин заманында да жоғары болған.
X-XI ғасырларда Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі Мысыр, Шам, Халаб, Бағдад, Басра, Куфа секілді қалалар әдебиет пен өнердің үлкен орталықтары болғандығын айттық. Ондай мәдениет ошақтарында ойлы да терең киялына қанат бітірер отты жырлар, жүрегіне сенім отын ұялатып, рух берер шешендік сөздер болмаса, арзанқол дүниелермен ешкімді таңдандыра алмайтының айдан анық болатын. Сол себепті де араб тарих- шылары мен шежірешілері жүзден шыққан жүйріктерді ғана хатқа түсірген [2, 75].
Ибн Саид әл-Қифти де ез еңбегінде Әлам ад-Диннің көркемсөз өнерінде де озық көрінгендігі жайлы бардадтықтар оның шешендік сөздері мен еңбегін әдемі сый (тухфа зарифа) ретінде пайдаланған, - дейді. Бірақ өкінішке орай оның нақтылы сөздері немесе жинағы барлығын айтпайды. Оның есесіне ол Әлам ад-Диннің тамаша жыр жолдары да (шиир фаик) болғандығын, ақынның ондай өлеңдері әдемі әдептілікпен (адаб раиқ) астасып жатқанына көңіл бөлумен қатар, оның бірнешеуін келтіре кеткен:
Пайдалы, салиқалы ісіңді оңғарт.
Әйелдер, шынайы ару боп таңдандыра алмадындар.
Әйел көркі - жүзінде,
Еркек көркі - ісінде.
Біздіңше Әлам ад-Дин әл-Жауһари табиғи ақындықтан гөрі ғалым ақындар санатына жататын сияқты. Өйткені оның бәйіттері классикалық араб әдебиетінің кернекті өкілдері, өзінің замандастары аш-Шариф ар-Ради (970-1016), әл-Мағарри (973-1057) шығармашылығындағы ғазал (махаббат лирикасы), мадх (мадақ), уасф (суреттеу) тағы басқа белгілі жанрларға емес, афоризм, нақылға тән. Мұндай жайтты біз әдетте ғалым, оқымысты ақындар жырларынан жиірек ұшырастырамыз.
Әрине Әлам ад-Диннің ғылыми еңбектері секілді поэзиясы да арнайы зерттеуді, шұқшия да зер сала қарауды қажет етеді. Бірнеше жолдан тұратын жыр жолдарын оқи сала дәріптеуге, айрықша ақын деп асыра мақтауға, немесе өлеңдерінен сезім отының ұшқыны лауламайды деп жасытуға да негіз жоқ. Дәл де әділ баға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Балалар әдебиетінің үлгілері
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Пәндер