Мұрағат мекемесінде кұжаттарды іздестіру



КІРІСПЕ
1 МҰРАҒАТ МЕКЕМЕСІ ЖӘНЕ ІС ЖҮРГІЗУДЕ
ҚҰЖАТТАРДЫ ІЗДЕУ.
2 МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТТА ҚҰЖАТТАРДЫ ІЗДЕСТІРУ
3 МҰРАҒАТ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖОЛДАРЫ
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«...Бәрін де қойшы, бәрі де өтер жоқ-барсыз» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, өткінші өмірде өшпейтін, ұмытылмайтын нәрсе жоқ. Сондай сәтте өткеніңді көз алдыңа келтіріп, өшкеніңді қайта жандырып, ұмытқаныңды жадыңда жаңғыртып, тарихтағы әр нәрсені, әр тұлғаны өз орнына қоятын тарих айнасы – мұрағат. Мұрағат дегеніміз – тарихи құжаттардың сақталуы арқылы өткен өмір өзегін өрнектейтін құндылықтар қазынасы. Мұрағатта халқымыздың қилы замандарда бастан кешкен тарихы, өткен кезеңдердегі өмір құбылыстары, саяси-қоғамдық қатынастар, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сан алуан тарихы зерттеліп, зерделеніп, сақталады. Адамзат баласының өсіп-өркендеуі мен қоғам дамуындағы сан алуан тарихтың басын біріктірген және оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін бірден-бір орын – мұрағат. Ол ең әуелі өлкенің, сол өлкедегі ұлттың өткен өмірін сипаттайтын құжаттар мен мағ-лұматтарды болашаққа жеткізуімен құнды. Сондықтан да ол аманат, ұлағат, өсиет, өнеге қайнары, ел жадының қоймасы, өткенді болашаққа жалғайтын алтын көпір іспетті. Сарғайған парақтары ғажайып сыр шертетін, құнды қазынаға толы қоймалардың бірі – облыстық мемлекеттік мұрағат.
Мұрағат жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс тіршілігімен бірге тыныстап, өмір сүріп, халқына, мемлекетке, қоғамға қызмет етеді.
Еліміз тәуелсіздігін алып, «архив» деген терминді «мұрағат» деген төл сөзге алмастырғанына да біраз болған. Мұрағатқа берілген баға өлшеусіз. Кезінде академик Е.В.Тарле «Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ» деген. Ал мұрағат сол тарих үшін жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан да ол жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен бірге тыныстап өмір сүріп халқына, мемлекетке, қоғамға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылы 22 желтоқсанда «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» қазақ тарихында мұрағат жөнінде тұңғыш заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан мұрағатының жаңа дәуіріне, оның өркендеуі мен дамуына жол ашты. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №33 бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелері қағаз негізіндегі ақпараттық технолгия арқылы алынған электрондық деректердің, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжаттар түріндегі құпиясы жоқ ресми құжаттарды жасаудың және олармен жұмысты ұйымдастырудың мемлекеттік ұйымдар үшін міндетті талаптарын белгілейді.
Іс жүргізу қызметінің қызметкерлері қандай да бір құжатты немесе жедел, шұғыл шешім шығаруды талап ететін құжаттарды іздестіру жұмыстары жиі кездесіп тұрады. Электронды құжаттар айналымының және
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. А.Д. Тельчаров Архивоведение Москва
2. Е.В.Алексеева, Л.П.Афанасьева, Е.М.Бурова Архивоведение Москва – 2005
3. З.В.Крайская, Э.В.Челлини Архивоведение Москва – 1996
4. Основные правила, работы государственных архивов РК
5. Қазақстан Республикасында Іс қағаздарын жүргізу журналы 2007 8 (8)
6. Қазақстан Республикасында Іс қағаздарын жүргізу журналы 2008 8 (20)
7. Қазақстан Республикасында Іс қағаздарын жүргізу журналы 2009 2 (26)
8. Қазақстан Республикасында Іс қағаздарын жүргізу журналы 2009 4 (28)
9. 2009 жылдың 25 қыркүйегінде қабылданған Тұрпатты ереже
10.1037 – 2001 «Іс жүргізу және мұрағат ісі терминдер мен анықтамалар»
11.1042 – 2001 «Ұйымдастырушылық - өкімдік құжаттама. Құжаттарды
ресімдеуге қойылатын талаптар»

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

...Бәрін де қойшы, бәрі де өтер жоқ-барсыз деп ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев жырлағандай, өткінші өмірде өшпейтін, ұмытылмайтын нәрсе жоқ.
Сондай сәтте өткеніңді көз алдыңа келтіріп, өшкеніңді қайта жандырып,
ұмытқаныңды жадыңда жаңғыртып, тарихтағы әр нәрсені, әр тұлғаны өз орнына
қоятын тарих айнасы – мұрағат. Мұрағат дегеніміз – тарихи құжаттардың
сақталуы арқылы өткен өмір өзегін өрнектейтін құндылықтар қазынасы.
Мұрағатта халқымыздың қилы замандарда бастан кешкен тарихы, өткен
кезеңдердегі өмір құбылыстары, саяси-қоғамдық қатынастар, әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың сан алуан тарихы зерттеліп, зерделеніп, сақталады.
Адамзат баласының өсіп-өркендеуі мен қоғам дамуындағы сан алуан тарихтың
басын біріктірген және оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа
жеткізетін бірден-бір орын – мұрағат. Ол ең әуелі өлкенің, сол өлкедегі
ұлттың өткен өмірін сипаттайтын құжаттар мен мағ-лұматтарды болашаққа
жеткізуімен құнды. Сондықтан да ол аманат, ұлағат, өсиет, өнеге қайнары, ел
жадының қоймасы, өткенді болашаққа жалғайтын алтын көпір іспетті. Сарғайған
парақтары ғажайып сыр шертетін, құнды қазынаға толы қоймалардың бірі –
облыстық мемлекеттік мұрағат.
Мұрағат жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс тіршілігімен бірге
тыныстап, өмір сүріп, халқына, мемлекетке, қоғамға қызмет етеді.
Еліміз тәуелсіздігін алып, архив деген терминді мұрағат деген төл
сөзге алмастырғанына да біраз болған. Мұрағатқа берілген баға өлшеусіз.
Кезінде академик Е.В.Тарле Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ
деген. Ал мұрағат сол тарих үшін жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан да
ол жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен бірге тыныстап
өмір сүріп халқына, мемлекетке, қоғамға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылы 22
желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы қазақ тарихында
мұрағат жөнінде тұңғыш заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан мұрағатының жаңа
дәуіріне, оның өркендеуі мен дамуына жол ашты. Қазақстан Республикасы
мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен
құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі
№33 бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен
құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелері қағаз негізіндегі ақпараттық
технолгия арқылы алынған электрондық деректердің, оның ішінде электрондық
цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжаттар түріндегі құпиясы жоқ ресми
құжаттарды жасаудың және олармен жұмысты ұйымдастырудың мемлекеттік ұйымдар
үшін міндетті талаптарын белгілейді.
Іс жүргізу қызметінің қызметкерлері қандай да бір құжатты немесе
жедел, шұғыл шешім шығаруды талап ететін құжаттарды іздестіру жұмыстары жиі
кездесіп тұрады. Электронды құжаттар айналымының және электрондық
құжаттардың мұрағаттық сақталуының және әдістемелік базасын одан әрі
дамытуда қор жинақтап, компьютерлік тәсілмен құяды. Мұрағат құжаттарының
сақталуын қамтамасыз етуде қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып,
мұрағат құжаттарының өше бастаған мәтіндерін қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілуде. Карточкілер енгізіліп, компьютерге құйылған. Мұрағаттың қор
құжаттары арқылы басылып шыққан кітаптарды саралау, оларды жаңа технология
арқылы компьютерге құю жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаты: Мұрағаттағы құжаттарды тиімді, әрі қолайлы жолмен іздестіру.
Осы курстық жұмыста мұрағатта құжаттарды қалай тиімді әрі қолайлы
іздестіру туралы толық тоқталып кетілінеді. Мұрағат мекемесінде құжаттарды
іздестіру барысында картотекалар; мұрағат анықтамасы; топографиялық
карточка; қор карточкасы; стелаж бойынша топографиялық көрсеткіш
карточкасы; қор бойынша топографиялық көрсеткіш карточкасы; катологтарды
қолдануға болады.

1 Мұрағат мекемесі және іс жүргізуде
құжаттарды іздеу.

Іс жүргізу қызметінің қызметкерлері қандай да бір құжатты немесе
жедел, шұғыл шешім шығаруды талап ететін құжаттарды іздестіру жұмыстары жиі
кездесіп тұрады. Егер іс жүргізу бірыңғай мемлекеттік құжаттандыру мен
қамтамасыздандыру басқармасының жүйесіне сай жүргізілген болса, құжаттарды
іздеуде қиындықтар туындамайды.
Іс жүргізу бойынша аяқталмаған құжаттарды іздеуде, тіркеме-бақылау
картотекасына көңіл бөлу керек. Іс жүргізу және мұрағат мекемесінде
құжаттар ақпаратын іздеу кестеде көрсетілген.

Іздеу кезеңі Анықтама түрі Анықтама ақпараты
Іс-қағаздарын жүргізуде құжаттарды іздеу.
Бөлім құрамында Тіркеу-бақылау Басшының ұйғарым шешімі құжатты
жойылуы картотекалары Азаматтардыңорындаушының аты-жөні.
аяқталмаған арыз-шағым картотекалары Мекеменің атауы, талап-сұраныс
құжаттарды іздеу немесе оны ауыстыратын қайда бағытталғаны. Құжат
мәліметтер базасы. Іс орындалған болса мерзімі және
қағаздарын жүргізудің жауаптың негізгі маңызы, арызшыға
автоматикалық жүйесі. жіберілген жауап күні. Сол жерден
құжаттың электрондық көшірмесі
және оған берілген жауабын қарауға
болады.
Бөлім құрылымындаТіркеу-бақылау Құжаттың тіркеу номері.
жойылуы аяқталғанкартотекалары немесе оны Электрондық мұрағаттың іс
құжаттарды іздеу ауыстыратын мәліметтер қағаздарын жүргізу
базасы және іс қағаздарын автоматтандырылған жүйесі болған
жүргізуді жағдай. Егер де іс қағаздарын
автоматтандырылған жүйесі.жүргізу дәстүрлі түрі
Істердің номенклатурасы қолданылса-номенклатура бойынша
(10 сақтау мерзімі бар істің индексі.
істер). 10 жылдан артық
сақтау мерзімі бар бөлім
құрылымының істерінің және
жеке құрылым бойынша
тұрақты сақталуға берілген
және т.б. істер түрлерінің
тізімі
Мекеме мұрағатында істерді іздеу
Мекеме істерінің жылдық Ведомствалық мұрағатта мұрағаттық
ақпараттық тізімі сақтау шифрі. Істің мұрағаттық шифрі. Іс
мерзімі 10 жылдан артық, номері. Ведомствалық мұрағаттағы
тұрақты және жеке құрам құжаттардың мұрағаттық шифрі;
бойынша сақталатын істер құжаттың басқа атауы, Кейде
үшін тұрақты және жеке орындаушы, тіркеулік номері және
құрам бойынша істердің т.б. мағлұматтар. Ведомствалық
аяқталған тізімі. мұрағаттағы құжаттардың мазмұны
Тізбелерге қордың мен ұрағаттық шифрі.
сілтемелері ведомствалық
мұрағатының каталогы
ведомствалық мұрағаттың
картотекалары немесе оны
ауыстыратын мәліметтік
базалар. құжаттарды шолу,
қорлық және мәтіндік.

(кесте 1)

Бұрын (қазірде кей жерлерде) мекемелерде құжаттардың кіріс шығыс
картотекалары, ішкі құжаттарды тіркеу жуналы сонымен қатар азаматтардың
жеке арыз-шағымдарын бақылау картотекалары, жеке құрамының құжаттары ғылыми-
техникалық және тағы басқа картотекалар енгізілген. Мұндай картотекалардың
ыңғайсыздығы карточкалардың жүйелендіру принціпі кірудің бір ғана деңгейде
болуы. Сөйтіп, кіріс құжаттарының карточкалары құжаттың қабылданған күнінен
тіркеліп, ал шығыс құжаттары иелеріне берілген күні тіркелді. Мұндай
жағдайда, құжаттың түскен күні немесе құжат иесінің мекен-жайы толық
белгілі болмағандықтан, оны іздестіру кезінде қиындықтар тудырады.
Қазіргі уақытта барлық жерде дерлік дәстүрлі картотекалар,
интегрирленген автоматтандырылған іс жүргізу жүйесі мен базалық мәліметтер
тіркемелері орын берді, олар базалық мәліметтер басқару жүйесі негізінде
өңделген.
Тіркеудің электрондық жүйесінің артықшылығы іздеуі кез-келген
сезімтал құжаттың деректемесі немесе реквизиттің жинағы: тіркеу күні және
ішкі номері бойынша, сыртқы номері мен күні, авторы (кімнен екені);
адресатқа (кімге екені); қысқаша мазмұны; жіберу түрі (электрондық почта,
почталық хабар, факс); басшылық ұйғарымы; тексеру күні; орындаушылар
орындалу мерзімімен жауабын жіберу; сақтау (N) және істің атауы;
түсініктемелер (тіркеме) т.б.
Егерде осы деректемелердің бірі белгілі болса, сұрау талабына сәйкес
базалық мәліметтер бөліміне құжаттардың бірнеше секундында тауып береді.
Автоматтандырылған мәліметтер жүйесінің іздеу қабілетінің артықшылығы
табылған құжаттың мәтінің сканердің немесе графикалық бейнелеудің көмегімен
қарап шығуға болатындығы. Дәстүрлі карточкалық іздеуде тек қана
орындаушының есімін ғана білуге болады.
Іс жүргізу бойынша аяқталған құжаттарды іздеудің өзіндік ерекшеліктері
бар. Ол уақытша сақтау (10 жылға дейін), ұзақ уақытқа (10 жылдан артық)
және тұрақты сақтауға қажет құжаттар.
Уақытша сақтауға берілген істер мекеменің сараптау комиссиясының
шешіміне сәйкес ішкі бөлім құрылымында сақталады. Сақтау мерзімінің өтіп
кетуіне байланысты жойылмайды. Құжатты табу үшін алдымен папка-
скорошивателін тауып алу қажет. Ол үшін папка-скорошивателінің мұқабасында
қойылған істің номенклатуралық индексін білу керек. Ереже бойынша істің
номенклатуралық индексі 2 цифрден тұрады да, ортасына дефис қойылады:
бөлім құрылымының номері және істің номенклатуралық реттік номері. Мысалы,
05-12, мұнда 05-бөлім номері, ал 12-іс номері.
Соңғы уақытта ақпараттың жүйелендірілуі кеңінен таралған. Егер
мекемеде іс сұрақтары жүйеленген болса, онда идекс 3 саннан тұрады. Оның
ортасындағы сан-жүйелік коды болып саналады. Жүйелілік ақпаратты іздеуді
жеңілдендіреді. Сондықтан класификатор бойынша керек сұрақтың кодын іздеп
табу қажет. Бұл кодты тіркеу картотекасынан білуге болады. Қажет папка-
скорошивателді тауып алып, барлық құжаттарды қарап шығу керек. Себебі
құжаттар ішкі істерде жүйелі түрде, белгілі бір хронологиялық ретпен
толтырылады. Сондықтан құжаттың тура мерзімін білу керек. Бірақ тағы бір
ерекшелік бар: азаматтардың арызы, арызшының тегі алфавит бойынша
жүйеленеді; шығыс құжаттары адресаттар бойынша жүйеленеді. Бір еске алатын
жағдай; уақытша сақтауға берілген істер тек қана бөлім құрылымында ғана
емес, сол сияқты орталықтандырылған канцелярияда сақталады.
Уақытша және тұрақты сақталуға берілген істер мекеме мұрағатына
тапсырылғанша бөлім құрылымында уақытша сақталады. Кез-келген іс құрастыру
кезінде номенклатура бойынша өзінің индексі болады, ол жоғарыда айтып
өткендей 2 немесе 3 саннан тұрып, сызықша арқылы бөлінеді.
Іс қағаздарын жүргізу аяқталған істер папкадан алынып, қайта қаралып
түптеліп номірленеді, анықталып мұқабасына мәліметтер жазылады. Оларға
бөлім құрылымының жылдық істерінің тізімі жазылады Жылдық тізімге енген
істерге номенклатура бойынша индексінен басқа мұрағаттық номері
көрсетіледі.
Бөлім құрылымының істерінің тізімі 1,2,3 т.т. ретімен номерленеді.
Бірақ бір бөлім құрылымында жыл сайын бірнеше тізім құрылады. Сондықтан
істің N номерінен өзге тізім номері де айрықша орын алады. Бөлім
құрылымының іс тізімі былайша номерленеді, Мысалы, 5ү-81, мұнда 5саны бөлім
құрылымының номері; әріп құжаттың тұрақты сақталуына берілгенін-ү,у.-
уақытша тағы басқа көрсетеді. ал 81- жылдың ақырғы екі санын білдіреді.:
істің аяқталға уақыты. Істің номері мұқабада қарындашпен жазылады, себебі
іс мекеме мұрағатына тапсырылғанда осы тізім негізінде жылдық тізім
жасалады.
Істерді тізім бойынша мұрағат мекемесіне тапсырған соң тізімнің бір
данасы бөлім құрылымында қалады. Мекеме мұрағатында жыл сайын бірнеше
мәліметтік тізім жасалады, (тұрақты сақтауға, ұзақ уақытқа сақтауға, жеке
құрам бойынша сақтауға тағы басқа), онда бөлімше құрамының барлық істері
жалпы балдық нумерациямен беріледі, сондықтан тізімдегі істер номері бөлім
құрамының істер номері мекемесінің мәліметтік тізім номерінен өзгеше
болады. Іс номері мұқабаның бетіне мұрағаттық мекеменің сараптау тексеру
комиссиясы және сараптау комиссиясы ұйымының келісімі бойынша, мекеменің
мәліметтік тізімін бекіткеннен кейін сиямен жазылады. Мемлекеттік
мұрағатпен шартқа отырған, мемлекеттік және мемлекттік емес мекемелер.
Бірақ бұл өмірде соңғысы болып келмейді, тұрақты сақтауға берілген істер
мен жеке құрамы бойынша аяқталған істер тізімі деген атпен жазылады.
Аяқталған істер тізімінде істер саны мыңнан кем болмауы қажет, сондықтан
аяқталған істер тізіміне мекеменің бірнеше жылдық істері кіреді. Аяқталған
істер тізімінде балдық ретпен номірленеді. Аяқталған істер тізімі
мемлекеттік немесе мекеменің біріккен мұрағатына тапсырылады және сонда
сақталады. Мұрағаттық шрифтарды шатастырмау мақсатымен істер мұқабасындап
міндетті түрде номенклатура бойынша істің индексі қойылады. Сол сияқты іс
индексі құжаттың тіркеу карточкасына да жазылады. Іздеу барысындпа осы
индекс бойынша анықтауға болады.
Мұрағат мекемесінің негізгі анықтамасы болып, жыл сайын құрастырылатын
тұрақты және уақытша мерзімге сақталатын істердің мәліметтік тізімі
саналады.
Қажет құжаттың іздеу жұмысының жүйелілігіне тоқтайық. Алдымен сақтау
бірлігінің басқа атауын қарап шығып, қажет сандарды теріп жазу керек, содан
соң топогрофиялық сілтеме бойынша істі іздеп табу керек. Егер де тізімде
100 немесе мың сақтау бірлігі болса, онда тізім сілтемесінің-заттық,
атаулық, географиялық және басқа да сілтемелерін қолдану қажет. Бірақ,
мекеме мұрағатына белгілі бір құжатты тауып беру немесе нақты бір мәліметті
талап ету сұраныстары түседі (Мысалы, жұмысқа қабылдау немесе одан босату
бұйрығының номерімен мерзімін көрсететін) сақтау бірлігінің деңгейіндегі
құжаттың мазмұнын ашатын тізім іздеу жұмысында жеткіліксіз, сондықтан
мекеме мұрағатының картотекасы мен коталогін қолданған тиімді. Онда ақпарат
құжат бойынша баяндалады. Католог негізі тіркеу-бақылау картотекасынан
тұрады. Ол мекеме мұрағатына тұрақты және уақытша мерзімге сақтауға
берілген істермен бірге тапсырылады (10жылдан артық).
Мұрағатта картотека сараптауға түседі: оның ішінен сақталуға қажет
емес құжат карточкалары алынып тасталады; қалған карточкалар мекеменің
мәліметтік тізі бойынша мұрағаттық шифр сілтемесімен белгіленеді.
Картотекалар қайта жүйеленіп, заттық сілтемелер құрылады. Мекеме
мұрағатының қызметінде жеке құрам бойынша құжат карточкаларының маңызы зор.
Сонымен қатар, мұнда мекеме тарихы бойынша, ғылыми-техникалық құжаттар
картотекасы ұсынылады. Іс қағаздарын жүргізу автоматтандырылған жүйе
бойынша жүрсе өткен жұмыс жылының тіркеу-бақылау мәлімет базасы толығымен
сақталады. Сондықтан тіркеу карточкасында номенклатурасы бойынша істің
индексінен өзге сақтау мерзімі, құжаттың сақталатын жері көрсетіледі,
мұрағаттық шрифті белгілеуде қарастырылады.
Егер қажет құжаттар 10 жылдан артық сақталған болса, оны құрып
кетпегеніне көз жеткізу үшін, мекеменің сараптау комиссиясының отырысының
хаттамасымен, және оған тіркелген істі жою туралы актілік тіркемемен мұқият
танысу қажет. Егер де істер мемлекеттік мұрағатқа берілген болса, іздеу
жұмыстары сол мекеменің өзінде жүргізіледі. Мемлекеттік мұрағатта
сақталатын құжаттарды табу жолдары табысты болу үшін Қазақстан Республикасы
Мұрағат қорындағы құжаттарға ғылыми-анықтау аппаратының жүйесін ұсынады.

2 Мемлекеттік мұрағатта құжаттарды іздестіру

Іздеу кезеңінің ақпарат құжаттары өткен кезеңдерін жүйелі іздестіруді
қарастырайық. Ақпаратты іздеудің бірінші кезеңінде зерттеу тақырыбы бойынша
құжаттардың, қандай мекеменің қорында, ұйымында немесе қандай сақтау
орындарында екенін айқындап алу керек.
Ол үшін Қазақстан Республикасының Мұрағаттық қорының деңгейінде
құжаттардың разряд бойынша бөліну принциптерін еске түсіру қажет, осыған
сәйкес барлық мұрағаттар, тарихи (федолизм мен капитализм дәуірінің
құжаттары), жинақталған (социализм мен посоциолистік дәуір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облыстық мемлекеттік соттар мұрағаты
Соттағы іс жүргізу
Істер номенклатурасы
Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді, мұрағат қызметін заңдық және нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу
Іс қағаздарды жүргізу
Электронды құжаттар және мұрағаттар
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
Мемлекеттік мұрағат қорындағы құжаттардың ғылыми анықтамалық ақпарат жүйесі
Электронды құжаттардың пайда болуы
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Пәндер