Жаздық бидай егісінің фитосанитарлық жағдайын тексеру



Мазмұны:

Кіріспе
І ТАРАУ Әдебиеттерге шолу
1.1 Бидайдың биологиялық ерекшеліктері және Солтүстік Қазақстанда қолданылатын өсіру технологиясы
1.2 Солтүстік Қазақстан өңірлерінің климаттық.топырақ жағдайлары
ІІ ТАРАУ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖӘНЕ АЛҚАПТАРДЫҢ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Аса қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуы
2.2 Өсімдік аурулары
2.3 Арамшөптер
ІІІ ТАРАУ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан астық өнімдерін өндіретін ірі елдің бірі. Соңғы жылдары біздің еліміз егіс құрылымының оңтайлауына қарамай жылда 17-21 млн.т астық өңдейді. Қазақстан Республикасының ауа – райы жағдайы дәнді дақылдардан жоғары сапалы өнім алуға қолайлы. ТМД және Орталық Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтанда Қазақстанның дәнді тек өз қажеттілігін қамтамасыз ету мақасатында өндіріп қана қоймай, шет елдерге де экспорттық әлеуеті зор. Осы мақсатқа қол жеткізу дақылдың сау тұқымдарын сеуіп, оларды әр түрлі зиянды ағзалардан тиімді химиялық қорғаудан бастау алады. Өсімдік шаруашылығы саласында өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау маңызды орын алады. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, зиянды ағзалардың (аурулар, зиянкестер, арамшөптер) әрекеті салдарынан жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің 1/3 көлемі жоғалады екен, ал бұл жүздеген миллиардттаған доллар шығынға әкеледі.
Ауыл шаруашылығының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті отандық ауылшаруашылық өнімдерді өндіру. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенінің дамуы еліміздің басты мәселесі болып отыр.
Бәсекеге қабілетті өсімдік өнімдерін өндіру үшін өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау басты орын алады. Өсімдік қорғаудың негізін фитосанитарлық мониторинг құрайды. Фитосанитарлық мониторингсыз жоспарлау және зиянды организмдермен тиімді күресу шараларын ұйымдастыру мүмкін емес.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемелерінің филиалдарын облыстарда және аудандарда құрды.
Аудан филиалының негізгі мақсаты аса қауіпті және зиянды организмдердің, аурулардың, арамшөптердің дамуы мен таралуына мониторинг жүргізу.
Тексерулер мен бақылаулардың негізінде аса қауіпті және зиянды организмдерге, ауруларға, арамшөптерге болжам және олармен күресу шаралары ұйымдастырылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 «Ауылшаруашылық энтомология» пәнінің оқу әдістемелік кешені, құрастырған а.ш.ғ.к., доцент А.К. Тулеева, Б. Жексенбай
1 «Фитосанитарная диагностика» А.Ф.Ченкин . – Москва: Колос, 1994. – 184 с.
2 Горленко М. В. «Болезни пшеницы». Сельхозгиз, 1961.
3 Справочник агронома по защите растений. Под ред. Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы. «РОНД», 2004, 320 с.
4 Пересыпкин В. Ф. «Болезни зерновых культур». – Москва: Колос, 1979.— 279 с.
5 Методические указания по учету и выявлению вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных угодий. Коллектив авторов. Ответственный за выпуск Сулейменова З.Ш. Астана, 2009.
6 Сагитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. «Ауыл шаруашылық фитопатологиясы». – Алматы, 2000.
7 Доспехов Б.А. «Планирование полевого опыта и статическая обработка его данных». – Москва, 1982. 206 с.
8 Фитосанитарный контроль за вредителями и сорняками сельскохозяйственных култур. Н.Н.Горбунов, коллектив авторов.Учебное пособие.Новосибирск 2001.
9 Қ.К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серикпаев. «Өсімдік шаруашылығы» Алматы: «Қайнар», 2009.
10 Ә.Қ. Төлеева, Ш.Б. Сейтжанова «Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау» Астана: «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасы», 2013.
11 Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне
12 ЕМСТ 30333-95 «Заттың (материалдың) қауіпсіздік паспорты».
13 ЕМСТ 14189-81 «Пестицидтер. Қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеп алу әдістері, буып-түю, таңбалау және сақтау».
14 ЕМСТ Р 51247-99 «Пестицидтер. Жалпы техникалық шарттар».
15 www. kipp. kz
16 www. google. kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Мазмұны:

Кіріспе
І ТАРАУ Әдебиеттерге шолу
0.1 Бидайдың биологиялық ерекшеліктері және Солтүстік Қазақстанда қолданылатын өсіру технологиясы
0.2 Солтүстік Қазақстан өңірлерінің климаттық-топырақ жағдайлары
ІІ ТАРАУ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖӘНЕ АЛҚАПТАРДЫҢ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Аса қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуы
2.2 Өсімдік аурулары
2.3 Арамшөптер
ІІІ ТАРАУ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кіріспе

Қазақстан астық өнімдерін өндіретін ірі елдің бірі. Соңғы жылдары біздің еліміз егіс құрылымының оңтайлауына қарамай жылда 17-21 млн.т астық өңдейді. Қазақстан Республикасының ауа - райы жағдайы дәнді дақылдардан жоғары сапалы өнім алуға қолайлы. ТМД және Орталық Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтанда Қазақстанның дәнді тек өз қажеттілігін қамтамасыз ету мақасатында өндіріп қана қоймай, шет елдерге де экспорттық әлеуеті зор. Осы мақсатқа қол жеткізу дақылдың сау тұқымдарын сеуіп, оларды әр түрлі зиянды ағзалардан тиімді химиялық қорғаудан бастау алады. Өсімдік шаруашылығы саласында өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау маңызды орын алады. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, зиянды ағзалардың (аурулар, зиянкестер, арамшөптер) әрекеті салдарынан жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің 13 көлемі жоғалады екен, ал бұл жүздеген миллиардттаған доллар шығынға әкеледі.
Ауыл шаруашылығының басты мақсаты - бәсекеге қабілетті отандық ауылшаруашылық өнімдерді өндіру. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенінің дамуы еліміздің басты мәселесі болып отыр.
Бәсекеге қабілетті өсімдік өнімдерін өндіру үшін өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау басты орын алады. Өсімдік қорғаудың негізін фитосанитарлық мониторинг құрайды. Фитосанитарлық мониторингсыз жоспарлау және зиянды организмдермен тиімді күресу шараларын ұйымдастыру мүмкін емес.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемелерінің филиалдарын облыстарда және аудандарда құрды.
Аудан филиалының негізгі мақсаты аса қауіпті және зиянды организмдердің, аурулардың, арамшөптердің дамуы мен таралуына мониторинг жүргізу.
Тексерулер мен бақылаулардың негізінде аса қауіпті және зиянды организмдерге, ауруларға, арамшөптерге болжам және олармен күресу шаралары ұйымдастырылады.


І ТАРАУ Әдебиеттерге шолу
0.1 Бидайдың биологиялық ерекшеліктері және Солтүстік Қазақстанда қолданылатын өсіру технологиясы
Бидай өнімін арттырудың негізгі жолдары - ол өсірудің қарқыңды технологиясын қолдану болып табылады. Ол негізінен материалдық -техникалық ресурстар және ғылыми жетістіктер мен озат тәжірибені кеңінен пайдалануға сүйенеді.
Жаздық жұмсақ бидай өнімін арттыруда алғы дақылға үлкен маңыз беріледі. Ең жақсы алғы дақылдар - таза сүрі жер, одан кейінгі екінші бидай жақсы алғы дақыл - дәнді бұршақ дақылдары, одан кейінгісі сүрлемдік жүгері, пішенге немесе жасыл балаусаға өсірілген сұлы мен асбұршақ қоспасы, арпа да айтарлыктай алғы дақыл болады.
Солтүстік Қазақстанның далалық және орманды далалы аймақтары үшін ҚР АШМ-нің А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығы және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды төрт, бес, алты танапты, дәнді - сүрі жерлі және дәнді - отамалы дақылдардың ауыспалы егістерін әзірледі.
Жаздық бидай өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі- топырақты негізгі өңдеу. Топырақты ғылыми талаптарға сай өңдеу ылғал жинақтауға, сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты жазықтілгішпен өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сақтауга, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту арқылы қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Паясы сақталған танаптарда топырақ аз тереңдікке тоңазиды да ерте көктемде тез жібіп қар суы жақсы сіңеді [1].
Топырақты негізгі өңдеу. Солтүстік Қазақстанның ғылыми мекемелері мен егіншілері топырақты жазықтілгішпен өңдеуді ұзақ уақыт пайдалануда, бай тәжірибе жинады. Топырақты күзде жазықтілгішпен өңдеу оның бетінде аңыз паясын сақтайды, жел эрозиясынан қорғайды, өсімдіктердің тамыры тарайтын қабаттардың ылғалдылығын жақсартады және жерді жыртқанмен салыстырғандағыдан жоғары да, тұрақты өнім алуды қамтамасыз етеді.
Жазықтілгішті өңдеудің өнімге тигізетін жағымсыз әсері, әсіресе өте қуаңшылық жылдары айқын байқалады. Оның БОАШҒЗИ-ның соңғы жылдардағы зерттеулері толық көрсетті.
А.Н.Чмиль көп жылғы зерттеулердің нәтижесінде, сүрі танапта немесе дәнді дақылдардан кейінгі жерді күзде жазықтілгішпен 25-27 см тереңдікте қопсыту ылғал жинау жұмыстары мен ұштастыра жүргізілсе, күзде сол тереңдікке жырту мен немесе 12-14 см тереңдікке жазықтілгішпен өңдеумен салыстырғанда 40% жағдайда ылғалдың артық жиналатынын және жаздық бидайдан 2-6 цга қосымша өнім алынатынын атап көрсетті.
Сонымен қатар, соқамен 25-27 см немесе 40-42 см дейін жырту осы тереңдіктерге ПГ-3-5 терең қопсытумен салыстырғанда 3-5 есе артық энергетикалық шығынды қажет етеді және еңбек өнімділігі 2,0-2,есе төмен болады, тек ылғалды жылдары ғана жаздық бидайдың өнімділігін 2-5 цга жоғарылатады.
Жырту. Топырақты терең өңдеудің тәсілі ретінде, мәдени жыртудың теориялық негіздерін қалаған академик В.Р.Вильямс болды. Оның негізгі мәні мынада: жырту қабатының жоғарғы шаңды бөлігі төменге түсіріледі де, үстін соқаның бас корпусының көмегімен бөлінген, жырту қабатының төменгі горизонтының ұсақ түйіршіктермен жабады.
Мәдени жырту ең көп дегенде 20 см тереңдікке дейін жүргізілсе, 20 см-ден артық тереңдікте жыртуды, терең жырту деп атайды. Жерді жырту үшін көп корпусты әр түрлі маркалы соқалар қолданылады. Бәрінен де бұрын жерді аударып - сұлатып жыртатын түрі жиі қолданылады.
Аударып жырту айдамның ортасынан басталса. оның ортасында атжал пайда болады. Құлата жырту жұмысы айдамның шетінен басталса, онда жыртылған жон ортасында айырма қарық пайда болады.
Солтүстік Қазақстанның жағдайында жерді аудара жырту көкөніс дақылдарына, картопқа, сүрлемге арналған жүгері танаптарын өңдегенде, сондай-ақ көңді топыраққа араластырғанда, ауыр топырақта көп жылдық шөптің қыртысын өңдегенде, өнімділігі нашар табиғи мал жайылымдық жерді түбегейлі жақсартқанда қолданылады.
Біздің елде дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егістерде аудара жырту қолданылмайды. Канаданың дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егісті қолданатын провинциясында да жерді аудара жырту қолданылмайды.
Терең қопсыту. Топырақты терең қопсытуды жазықтілгішпен жүргізеді. Мұндайда өнделетін қабат тілініп қопсытылады, бірақ аударылмайды. Топырақ бетінде 80 пайыз аңыз сабақтары сақталады. Терең қопсыту үшін пайдаланылатын негізгі құралдар КПГ -250 және КПГ-2 - 150, ПГ-3-5, сондай-ақ ГУН -4. Ең жоғары сапалы өңдеу, топырақ ылғалдылығы ең аз су сыйымдылықта (55-65 пайыз) болғанда байқалады. Қозғалу шапшаңдығы сағатына 10 км дейін, өңдеудің тереңдігі 30 см дейін болады.
Терең қопсыту топырақтың өңделу қабатына жоғары су өткізгіштік қасиетін береді және қысқы ылғалдың жақсы сіңуін қамтамасыз етеді.
Топырақтың беткі қыртысын өңдеудің тереңдігі 10 см дейін, ал тайыз өңдеудің тереңдігі 20 см дейін жүзеге асырылады. Топырақтың тек беткі қыртысын өңдейтін (тырмалау, тығыздау, сыдыра жырту), сонымен катар беткі қыртысы үшін қалай болса, тайыз өңдеу үшін де сондай өңдеудің тәсілі мен құралдары қолданылады (культивациялау, ұялау) [2].
Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды топырақты өңдеудің тәсілі ретінде алғашқы рет Розенберг-Липинский, шымды арнайы жасалған сыдыра жыртқышпен өңдеуді ұсынған еді. Одан кейін сыдыра жырту үшін дискілі және түренді сыдыра жыртқыштар қолданыла басталды. Қазіргі уақытта ең көп тараған түрлері қуыс немесе жазық дискілі сыдыра жыртқыштар. Қуыс дискілі сыдыра жырткыш егіс алдында өңдеу үшін, ол жазық дискілі-көктемде ылғалды жабу үшін қолданылады.
Қуыс дискілер арамшөптерді жойып, топырақты ұсатады және аударып отырады, ал жалпақ дискілер - топырақты қопсытады және жылжытады.
Сыдыра жырту тыңды, тыңайтылған жерді, көп жылдық шөптердің қыртысын жыртудың алдында және жыртқаннан кейін шымын өңдеу үшін қажет болады.
Сыдыра жыртудың барлық пайдалылығымен қатар зиянды жағы да бар. Сыдыра жыртуда топырақтың беткі қыртысы жанданады, құрғап кетеді, аңыз сабақтарын топыраққа көміп тастайды. Солтүстік Қазақстанның жағдайында, топырақты өңдеу тәсілі ретінде - сыдыра жыртқышты қолдану шектелуге тиісті, ал жекелеген жағдайда тіпті тыйым жасалынады. Көктемі ылғалды жылдары сыдыра жырту неғұрлым пайдалы болып шығуы мүмкін, себебі ол арамшөптерді, әсіресе қара сұлыны тиімді құртады және аңыздық тұқым сепкіштердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды [19].
Өндірісте бұл жұмысты жүргізетін техникалардың ішінде ең көп тарағандары гидравликалы ЛДГ-15, ЛДГ-20 сыдыра жыртқыштары. Сыдыра жыртқыш жұмыс істегенде оның қимыл бұрышын ең аз дегенде 30-350, өңдеу тереңдігін 6-10 см қояды (9).
Культивация. Солтүстік Қазақстанда жазықтілгішті - культиватордың, бір пышағының алымы 115-110 см болатын КПП-2,2, КПШ-9, ОПТ-3-5 маркалы культиваторлар кеңінен қолданылып жүр. Аңызды, сүрі жерлі танаптарды өңдеу үшін, тұқым себу алдында культивациялауға арналған, өңдеу тереңдігі 8-16 см, аңыз сабақтарының сақталу деңгейі - 75-80 пайыз. Топырақты жазықтілгішпен өңдеу - егіншіліктегі топырақты қорғау жүйесінің маңызды буыны.
Жазықтілгішті культиваторлардан басқа, сүрі жерлерді өңдеу үшін, егіс алдында культивациялауға, серіппелі тірекке бекітілген, екі жақты табаны бар ауыр культиватор КПЭ-3,8 қолданылады. Аңыз сабақтарының сақталуы, бастапқы санымен салыстырғанда ең кемі 50 % болады.
Тырмалау тәсілі жұмыс мүшелері әр түрлі пішінде болатын, тісті, шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқарылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытады және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4 тен 5-6 см-ге дейін.
Тісті тырмалармен тек жыртылған, аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан таза топырақта жұмыс істейді және ол топырақты түренді құралдармен өңдейтін кешенге енеді. Салмағына байланысты ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер бір тіске түсетін салмақ 2-3 кг болса - ауыр, 1-2 кг болса - орташа, 0,5-1,0 кг шамасында болса - жеңіл тырмаларға жатады.
Тығыздау. Жоғары қабаттың тығыздалуын, тегістелуін қамтамасыз етеді. Осымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтағанда, топырақтың зиянды қабыршағын бұзғанда, жарым-жартылай қопсыту да жүзеге асырылады. Бұл үрдісті атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6А катогі мен ішіне су құйылған жұмыр ЭКВГ-1,4 катоктары кең өріс алып отыр.
Шаруашылықта тек бұдырлы сақиналы катоктар ғана қолданады, себебі олар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің арқасында, олар өткеннен кейін топырақтың беткі қабаты түйіршікті болады. Тығыздау ерте көктем мезгілінде арамшөптердің, әсіресе қара сұлы көгін құрту үшін бәрінен де жиі қажет.
Егін себілгеннен кейін тығыздау, себілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың танаптық өнгіштігін 10-15% арттырады. Егін себілгеннен кейін тығыздау су режиміне мәнді ықпал етпейді және елеулі косымша өніммен қамтамасыз ете алмайды. Сортаң және сортаңдау топырақты ылғалданған күйінде тығыздау тіпті зиянды, өйткені топырақ қабыршағының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Мұндай топырақта егін себілгеннен кейін, тығыздау да дәнді-дақылдардың өнімін төмендетеді. Осыған орай бұндай жерлерді тығыздауды егін себер алдында қолданған жақсы.
Егін себілгеннен кейін тығыздау өңдеудің дербес тәсілі ретіндегі мәнін жоғалтады, себебі СЗС-2,1 аңыздық тұқымсепкіш себумен бір мезгілде тығыздауды қамтамасыз етеді.
Дақылды қарқынды өсіруде себуге рұқсат етілген сұрыпты, жоғары сапалы тұқым таңдап алу және тұқымды дәрілеу бидай өсіру технологиясындағы маңызды агротехникалық шара. Осының нәтижесінде топырақтағы және тұқымда сақталған ауру қоздырғыштардың зиянды әсері басылады да жаңа өнім сапасы жақсарады. Ғылыми деректерге сүйенсек себуге рұқсат етілген жаңа сұрып, бұрынғы сұрыппен салыстырғанда әр гектардан қосымша 1,5-3,0 центнерге дейін, кейде одан да жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін көрінеді. Тұқымды улағыш заттармен байтан - универсал 19,5 % с.т. 1 тонна тұқымға 2 кг, агроцит 50% с.т. 2,0-3.0 кгт, бенлат 50% с.т.2,0-3,0 кгт, витавакс 200 ФФ, 75 % с.т.- 2,5 - 3,0 кгт, раксил 6% с.т. 1 тонна тұқымга - 0,6л, ТМТД 80% 1,5-2,0 кгт, фенорам 70% с.т. 2.0-3,0 кгт, фундазол 50% с.т. 2,0-3,0 кгт және тағы басқа препараттарды колданылады. Дәрілеу агрегаттары ПС - 10, Мобитокс, Мобитокс супер машиналары дәрілейді. Тұқымды дайындау жүйесінде асфальтталған аландарда себудің алдында күнге қыздыру қарастырылады.Бұл агротехникалық шара жаздык бидай тұкымыныи өну әнергиясы мен танаптың өнгіштігін арттырады. Солтүстік Қазақстан климат жағдайларының өзгешелігі жаздық бидайдың қолайлы себу мерзімін анықтауға мұқият қарауды талап етеді. Бұл аймақта ерте мерзімде сепкенде танаптар қара сүлымен қатты ластанады және жаздық бидай өнімін күрт төмендетуіне әкеп соғады.
ҚР АШМ-нің А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығы, Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияларының, "Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола агротехникалық университеті" АҚ ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, 15-25 мамырда себілген жаздық бидай барынша жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді, сондықтан оның қолайлы себу мерзімі болып табылады.
Жаздық жұмсақ бидайдың қарқынды өсіру технологиясында бидай себілгеннен кейін егінді күтіп-баптауда - арамшөптермен, аурулармен және зиянкестермен күресу шаралары маңызды рөл аткарады, жаздық бидай егістігіне егістік қалуен, шырмауық, жатаған бидайық тағы басқа атпатамырлы, тамырсабақты көп жылдық арамшөптер, ал біржылдық түрлерінен қара сұлы, жасыл және көкшіл сұр итқонақ, құс тарысы тағы басқалары үлкен зиян келтіреді. Егістік арамшөптер мен шамалы ластанғанда астық шығыны 3-7 %, ал күшті ластанғанда 20 - 30 % дейін жетеді [1].

1.2 Солтүстік Қазақстан өңірлерінің климаттық-топырақ жағдайлары
Целиноград ауданының топырағы қара және күңгірт қоңыр топырақ. Жер бедері төбе қыраты мен тау - төбе болып келетін жай қоңыржай дала солтүстік бөлігін кәдімгі қара топырақ зоналығында жайғасқан болады. Оның аумағы 487,6 мың га тең болып 90 пайызын егіншілікке пайдаланылады. Осы зонаның негізгі топырағы кәдімгі орташа ауыр суглиникт қара топырақтар саналады. Қарашірік қабатының қалыңдығы (А+В ) 50-70см аралығында, қара шіріктің мөлшері 6-8 пайыз болады. Топырақ калий элементіне бай (70-85пайызға дейін). Бұл топырақтың өзіне тиісті ерекшелігі болып құрамында фосфордың аз және калий мен азоттың мөлшерінің орташа және көп болуы саналады. Осы зона аумағында, әсіресе тау - төбе бөлігінде су эрозиясына ұшыраған жерлер көп болады. Зонаның егіншілікке жарамайтын жерлерін негізіне қиыршықталған толық қалыптаспаған, шалғынды сорланған қара топырақтар жайғасқан болады.

1 кесте - Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ типі
Қаба
ты
Жалпы co
Жылжымалы К2О мг100гр
Алмаса сіңген катиондар, м-экв100г
pH
Ылғалдылық, co
Механика лық құра мы
Қарашірінді мөлше рі, co

N
P

Са2+
Mg2+

Күң
гірт қара-қо
ңыр
А
0,26
0,15
89
17,98
4,2
7,56
14,45
Орташа құмбалшықты
3,78

В1
0,18
0,13
56
14,5
4,0
7,35
14,10

В2
0,10
0,11
24
13,1
5,8
7,1
13,11

Целиноград ауданының аумағында ауа-райы шұғыл континенталды, жазы қысқа және ыстық, қысы суық, қатты желді, бұрқасын және аз мөлшерде жауын-шашын түседі. 2014 жылдың 25 маусымына оң температура жиынтығы 1560,3 ºС. +10 ºС-тан жоғары белсенді температура жиынтығы 763,2ºС құрды.
2014 жылдың 3 қазанына температура жиынтығы 3031,0 ºС құрды. +5 ºС-тен жоғары белсенді температура жиынтығы 224,1ºС, ал +10ºС-тан жоғары белсенді температура жиынтығы 1514,2ºС құрды.
Қаңтар. Қаңтар айының ауа-райы жағдайы төмен температуралармен сипатталды. Айдың бірінші онкүндігінде температура-9[0]С-тан -20[0]С аралығында өзгеріп отырды. Айдың екінші және үшінші онкүндігі аязды болды, ауаның орташа тәуліктік температурасы -18[0]С-тан -26,2[0]С аралығында болды, кейде ауа температурасы -32[0]С-қа дейін төмендеуі байқалды.
Жел бағыты негізінен солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, 1-12 мс болды. 6 қаңтар күні 4-5 мс бұрқасын және аз мөлшерлі қар түріндегі жауын-шашын байқалды.
Ақпан. Бүкіл ай бойы температураның төмендеуі және сирек болатын қар түріндегі жауын-шашынның ауысып отыруымен сипатталды. Айдың бірінші онкүндігі суық ауа-райымен белгіленді, ауаның орташа тәуліктік температурасы -18,3-35,3оС аралығында болды. 2 ақпан күні ауаның температурасы -380С-қа дейін төмендеуі белгіленді. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауаның орташа тәуліктік температурасы 17,30С-24,60С аралығында ауытқып отырды. 21 ақпан күні қар түріндегі жауын-шашын түсті. Осы кезеңдегі жалпы жауын-шашын мөлшері 10 мм-ді құрды. Жел соғуы негізінен солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік бағытта жылдамдығы 12-14 мсек.
Наурыз. Айдың бірінші және екінші онкүндігінде -18,70С-тан 1,20С аралығында ауаның төмен температурасымен сипатталды. 1 және 2 наурыз күндері ауаның орташа тәуліктік температурасы -18,70С және -10,70С аралығында болды. Нөлдік температура 5 наурызда күндіз байқалды. 8 наурыздан 26 наурыз аралығында күн сайын ауа-райы бұлыңғыр, аз мөлшерде қар аралас жаңбыр жауды, 27 наурызда қысқа мерзімді жаңбыр жауды. 19 наурызда аудан аумағында жылдамдығы 6,0-12,0 мс бұрқасын қар болды. 22 наурызда ауа температурасы +10С құрды, оңтүстік бағыттағы жел соқты. Үшінші онкүндігінің басында ауаның жылынуы, қар еруі белгіленді. Үшінші онкүндігінің ауа-райы оң және теріс температураның ауысуымен сипатталды.
Сәуір. Бүкіл ай бойы ауа-райы оң температурамен және аз мөлшердегі жауынмен сипатталды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы +10,80С құрды. Осы айда түскен жауын-шашынның жалпы мөлшері 1-4 мм. Жел негізінен оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, солтүстік-батыс, батыс, шығыс, солтүстік бағыттарда 1-5 мс жылдамдықпен, кейде 8-10 мс жетті.
Мамыр. Орташа тәуліктік температураның тұрақты жылуымен сипатталды. Ауаның орташа температурасы таңертен +8,5[0]С, күндіз +20,3[0]С, кешке +18,8[0]С болды. Ауаның ең жоғарғы температурасы +27[0]С. Қысқа мерзімді жауын-шашындар белгіленді, ал 3 мамырда жаңбыр аралас қар жауды. Жел негізінен оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, солтүстік-батыс, батыс, шығыс, солтүстік бағыттарда 2-10 мс жылдамдықпен соқты. Осы айда жауын-шашынның жалпы мөлшері 24,2 мм.
Маусым. Маусым айының ауа-райы оң температурамен және аз мөлшердегі жауынмен сипатталды. Осы айда жауын-шашынның жалпы мөлшері 13,5 мм. Ауаның орташа температурасы таңертен +17,30С, күндіз +27,30С, кешке +24,90С болды. Ауаның максималды температурасы +30[0]С құрды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы + 22,70С. Жел негізінен оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, солтүстік-батыс, батыс, шығыс, солтүстік бағыттарда 1-5 мс жылдамдықпен, кейде 1-8 мс жетті.
Шілде. Шілдеде ауаның орташа температурасы таңертен +21,40С, күндіз +28,40С, кешке +26,30С болды. Бүкіл ай бойы жоғары температура мен нөсер жауынның ауысып отыруымен сипатталды. Осы айда жауын-шашынның жалпы мөлшері 37,5 мм. Ауаның орташа тәуліктік температурасы + 26,00С. Жел негізінен оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс бағыттарда 1-8 мс жылдамдықпен соқты.
Тамыз.Тамызда ауаның орташа температурасы таңертен +12,40С, күндіз +30,00С, кешке +23,20С болды. Айдың ортасына дейін ауа-райы жоғары температурамен және өте көп мөлшерде жауған жаңбырмен ауысып отырды. Айдың екінші жартысынан температура көтеріле бастады, бұл әсіресе күндіз байқалды. Осы айда жауын-шашынның жалпы мөлшері 5-7 мм. Ауаның орташа тәуліктік температурасы + 21,20С. Жел негізінен оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бағыттарда 1-6 мс жылдамдықпен соқты.
2 кесте - Целиноград ауданының ауа райы жағдайы

Онкүндік
Ауаның орташа температурасы
Жауын - шашын, мм

нақты
орташа көпжыл-дық
мөлшер-ден ауытқуы
нақты
орташа көпжыл-дық
мөлшер-ден ауытқуы
Қаңтар, 2014
-9,6
-10,8
-1,2
63,3
19,8
43,5
Ақпан, 2014
-8,8
-8,5
0,3
15,2
21,9
-6,7
Наурыз, 2014
3,8
0.7
3,1
56,1
48,8
7,3
Сәуір, 2014
12,3
10,4
1,9
164,3
56,5
107,8
Мамыр, 2014
16,9
16,4
0,5
80,7
61,6
19,1
Маусым, 2014
21,3
21,2
0,1
82,0
53,9
28,1
Шілде, 2014
24,9
26,1
0,8
42,4
26,6
15,8

ІІ ТАРАУ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ
2.1 Аса қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуы
3 кесте - Зиянкестерді анықтаудың мерзімдік жоспары
Нысан
Мерзімі
Анықтау нысаны
Әдістеме
Шалғын көбелегі
03.06.2014 ж.
Жалпы ұшуы
Жарықтық аулағыштар және жүріп тексеру
Итальяндық шегіртке
04.06.2014 ж.
2 жастағы дернәсіл
GPS навигатор арқылы анықталады және жүріп тексеру
Зиянды бақашық
20.06.2014 ж.
Жұмыртқасы мен дернәсілі
0,25 кв.м. аумағынан 20 жерден үлгі алу
Сарышұнақтар
16.08.2014 ж.
1 м2 саны
Жүріп тексеру, індерін санау
Астықтың жолақ бүргесі
20.08.2014 ж.
Жаңа ұрпақтағы ересегі
GPS навигатор арқылы анықталады және жүріп тексеру
Бидай трипсі
21.08.2014 ж.
дернәсіл
0,25 кв.м. сабақстарынан үлі алу
Швед шыбыны
22.08.2014 ж.
Дернәсіл көшуі
GPS навигатор арқылы анықталады және жүріп тексеру

Италияндық шегіртке-Итальянский прус- Сalliptamus italicus L.
Шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 30 - 40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауыпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады - қатты көбеюлері мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.



1 - сурет. Италияндық шегіртке
Мониторинг жұмыстары. Көктемгі кезенде жер беті кеуіп температура жоғарлағанда үйірлі шегірткелердің қыстап шыққан күбіршектерін жұмыртқаларын тексеруге көктемгі маниторинг жүргізілді, сәуірдің 26-нан бастап мамырдың 6-на дейін.
Зертеулер көпжылдық шөптерде, шабындық жерлерде, тастап кетілген танаптарда,егіс қорғалатын жолақтарда жүргізілді.Зерттелген 4,5 мын га аумағы, соның ішінде 2,17 мын га күбіршктермен мекенделген .Күбіршектер саны 1м²-та 0,2-1,4 дана құрады. 1-ден 28%-ға дейін залалданған күбіршек табылды .Күбіршек ішіндегі жұмыртқа саны 10-40 дейін құрады. Ауа-райы жағдайларына байланысты күбіршектерден шығуы созылды.
Дернәсілдердін күбіршектен шығуы 31 мамырда байқалды, жаппай шығуы 7 маусымда. Дернәсілдердін саны 0,01-ден 7,0 данаға дейін жетті 1м².
Италяндық шегіртке дернәсілдері саяқ шегіртке дернәсілдерімен араласып кездеседі.Дернәсілдері ЭЗШ 2,630 мын га аумағында табылды.
Дернәсілдердің коктемгі-жазғы мониторинг 52,4 мың.га көлемінде откезілген, қоныстанған көлемі - 14,41 мың.га . Және ЭЗШ-дан жоғара көлемі - 6,841 мың.га көлеміне қоныстанған. Химиалық өңдеу мындай инсектицидтармен жасалынды: Даклоприд 20% в.к.,шығын мөлшері 0,06 лга, Дифлур 48%,шығын мөлшері 0,0175. Биологиялық әсерлері 85-93%.
Дернәсілдердің қанаттануы 16-17 шілдеде басталды. Шегірткенің (имаго) саны 0,1-7,5 дана аралығында ауыткиды.
Шегірткелердің шағылысуы 26-27 шілдеде байқалды, жаппай шағылысуы 1-2 тамыз аралығында. Шегіртке саны 0,1-7,5 дана м2ауытқып тұрды.
Жұмыртқа салудың басталуы 4-5 тамызда, ал жаппай жұмыртьқа салуы 12 тамыздан басталды. Әр күбіршекте орташа есеппен 14-36-ға дейін жұмыртқа болды.
Ауылшаруашылық алқаптарының күбіршектермен қоныстануының күзгі зерттеуі 4,6 мың гектар жерде жүргізілді. 2,1 мың га жерде күбіршкетер табылды. Күбіршектердің саны әр шаршы метрге орташа есеппен 0,05 данадан 2 данаға дейінгі аралықта. Әр күбіршекте 16-38 жұмыртқа есептелді.
Итальяндық шегіртке бойынша жүйелі бақылау 55 мың.га жерде жүргізілді.

4 кесте - Итальяндық шегірткенің дамуының фенологиялық күнтізбесі
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I-III

::

::

::

::

::


::















::




::



::



::


::


::


::

::

::

Ескерту: :: - күбіршек; ▬ дернәсіл; ■ - имаго; ᴥ - көбеюі.
Жаппай көбеюінің алдын алу және жою шараларын үйлесімді қолдану. Зиянды шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы күресу шараларды олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап жүргізеді. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен Тізім... бойынша саяқ шегірткелердің дернәсілдер саны 8-10 данам[2], ал үйірлі шегірткелердің дернәсілдер саны 5 және одан да көп данам2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таң ертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 м сайын әрқайсысы 1 м[2] алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1 м[2] қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір стацияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің ені 40-100 м шамасында болуы тиіс.
Дәннің сұр көбелегі - Apamea anceps Schift. (Noctuidae - түн көбелектер тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды). Зиянкес кең таралған және республиканың солтүстігінде масақты дәнді дақылдардың аса қауіпті зиянкесі болып табылады.
Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады. Жұмыртқаларын масақшаларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады. Дәннің сұр көбелегінің өсімталдығы көбінесе 100-200-ден 600-800 жұмыртқаға дейінгі аралықта болады, ал қолайлы жағдайлар болғанда өте жоғары - 2000-3000 дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Жұлдызқұрттар бидайды, қара бидайды, кейде арпаны зақымдайды. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастық кезеңінен бастап олар ашық қоректенеді. Жұлдызқұрттарының жасын бас қабығының диаметрі арқылы анықтайды, мм: I - 0,225-0,275; II - 0,300-0,375; III - 0,425-0,550; IV - 0,600-0,777; V - 0,875-1,250; VI - 1,375-1,875; VII - 1,950-2,500; VIII - 2,500-ден жоғары. Соңғы жастағы жұлдызқұрттарының ұзындығы 28-32 мм-ге жетеді. Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды, өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді.

5 кесте - Дәннің сұр көбелегі дамуының фенологиялық күнтізбесі

Сәуір
Мамый
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I-III





о


о

о







::
::


::
::



::
::
















Ескерту: :: жұмыртқа; 0 - қуыршақ; ▬ - жұлдызқұрт; ■ - имаго

2 - сурет. Дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттарын бақылау

Күресу шаралары. Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда (әр үлгі 0,25м[2] ) топырақ тереңдігі 15 см дейін қазып, тығыздығын анықтайды. Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттарм[2] табылса, топырақты өңдеу қажет. Культиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8см тереңдікке өңдейді.
Жаздық бидайды оңтайлы - кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының сәйкестілігін (синхрондығын) бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 жастық кезеңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып (барлығы 200-250 масақ), қапшыққа салады. Қапшықты буып, оны 1-2 тәулік кептіреді. Жұлдызқұрттарды есептеу қапшықтағы масақтарды талдап қарау арқылы жүргізеді. Ауа райына байланысты тұқымдық егістікте ЭЗШ саны 100 масаққа 7-10-15 жұлдызқұрт, тауарлық егістікте салқын ауа райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрт, қалыпты ауа райында 20-дан жоғары және құрғақ ауа райы жағдайында 30-дан жоғарыны құрайды жұлдызқұрттан көп болса Тізімде... көрсетілген регламент бойынша инсектицидтер қолданылады. Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.

6 кесте - Родина ЖШС таралған зиянкестер, аурулар тізімі
Көпқоректі зиянкестер
Кәдімгі сұр тышқан
Microtus arvalis Pall
Танап тышқаны
Apodemus agrarius Pall
Үй тышқаны
Mus musculus L
Шалғын көбелегі
Pyrausta sticticalis L
Шегірткелер
Сібірлік саяқ шегіртке
Aeuopus Sibiricus
Ақ жолақты саяқ шегіртке
Chorthippus albomarqinatus
Итальяндық прус
Calliptamus italicus
Астық дақылдарының зиянкестері
Бидай трипсі
Haplothrips tritici Kurd
Астықтың жолақ бүргесі
Phyllotreta vittula Redt
Аурулар
Септориоз
Septoria nodorum
Тозаңды қара күйе
UstilagotriticiJena
Тамыр шірігі
OphidolusherpotrichoidesSacc
Гельминтоспориоз дағы
Helmithosporiorium sativum

Итальянский прус- Италияндық шегіртке-Сalliptamus italicus L
Көктемгі кезенде жер беті кеуіп температура жоғарлағанда үйірлі шегірткелердің қыстап шыққан күбіршектерін жұмыртқаларын тексеруге көктемгі маниторинг жүргізілді, сәуірдің 26-нан бастап мамырдың 6-на дейін.
Зертеулер көпжылдық шөптерде, шабындық жерлерде, тастап кетілген танаптарда,егіс қорғалатын жолақтарда жүргізілді. Зерттелген 4,5 мын га аумағы, соның ішінде 2,17 мын га күбіршктермен мекенделген .Күбіршектер саны 1м²-та 0,2-1,4 дана құрады. 1-ден 28%-ға дейін залалданған күбіршек табылды .Күбіршек ішіндегі жұмыртқа саны 10-40 дейін құрады. Ауа-райы жағдайларына байланысты күбіршектерден шығуы созылды.
Дернәсілдердін күбіршектен шығуы 31 мамырда байқалды, жаппай шығуы 7 маусымда. Дернәсілдердін саны 0,01-ден 7,0 данаға дейін жетті 1м².
Италяндық шегіртке дернәсілдері саяқ шегіртке дернәсілдерімен араласып кездеседі. Дернәсілдері ЭЗШ 2,630 мын га аумағында табылды.
Дернәсілдердің коктемгі-жазғы мониторинг 52,4 мың.га көлемінде откезілген, қоныстанған көлемі - 14,41 мың.га . Және ЭЗШ-дан жоғара көлемі - 6,841 мың.га көлеміне қоныстанған. Химиалық өңдеу мындай инсектицидтармен жасалынды: Даклоприд 20% в.к.,шығын мөлшері 0,06 лга, Дифлур 48%,шығын мөлшері 0,0175. Биологиялық әсерлері 85-93%.
Дернәсілдердің қанаттануы 16-17 шілдеде басталды. Шегірткенің (имаго) саны 0,1-7,5 дана аралығында ауыткиды.
Шегірткелердің шағылысуы 26-27 шілдеде байқалды, жаппай шағылысуы 1-2 тамыз аралығында. Шегіртке саны 0,1-7,5 дана м2 ауытқып тұрды.
Жұмыртқа салудың басталуы 4-5 тамызда, ал жаппай жұмыртьқа салуы 12 тамыздан басталды. Әр күбіршекте орташа есеппен 14-36-ға дейін жұмыртқа болды.
Ауылшаруашылық алқаптарының күбіршектермен қоныстануының күзгі зерттеуі 4,6 мың гектар жерде жүргізілді. 2,1 мың га жерде күбіршкетер табылды. Күбіршектердің саны әр шаршы метрге орташа есеппен 0,05 данадан 2 данаға дейінгі аралықта. Әр күбіршекте 16-38 жұмыртқа есептелді.
Итальяндық шегіртке бойынша жүйелі бақылау 55 мың.га жерде жүргізілді.

7 кесте - Итальяндық прустың дернәсілін көктемгі жазғы тексеру жұмыстарының нәтижелері
1. Акмола облысы 3. Целиноград ауданы
2. Родина ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтау
ШАРУАШЫЛЫҚТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Күздік бидайдан мол өнім алу үшін оның өсіру технологиясын сақтап, олардың қауіпті зиянды организмдеріне қарсы күресу
Ауыспалы егіс
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Батыс Қазақстан облысы жағдайында кеміргіштерге жасалған фитосанитарлық мониторингтар, саны, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жаздық жұмсақ бидай
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Пәндер