Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық.шаруашылық жағдайына сипаттама ... ... ... ... ..8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру ... ... ... ... 11

2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс
уақытын пайдалану есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеу нысандары мен
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 Еңбек ақыны есептеу және одан ұсталынатын
ұсталымдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.4 Еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны есептеу ... ... ... ... ... ... ... 32
2.5 Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі ... ... ... ... ... ... ... . 34

3 ЕҢБЕК АҚЫ ШЫҒЫНДАРЫН ЖЕДЕЛ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

3.1 Еңбек ақы шығындарын жедел бақылаудың мақсаты мен міндеттері ... ..38
3.2. Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп
айырысуды аудиторлық тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.3 Еңбекті пайдалану тиімділігін жоғарылату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан – жақты қамтылған ақпарат алудың бірден – бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.
Еңбек ақы – жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс – монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім – шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым – қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы – бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық – келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар меншік түрі мен ұйымдық – құқықтық нысанына қарамастан міндетті түрде еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
1. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” 2007- жылдың 28-ші ақпанындағы № 234-III Қазақстан Республикасының Заңы,
“Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” Заңы 2003- жылғы 20-қараша (2006 ж. 5-мамырдағы өзгертулер мен толықтырулармен № 139- I),
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бекіткен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен).
3. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Салық Кодексі 12.06.2001 жыл №209-11 (өзгерістер мен толықтырулармен),
4. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 18.09.2002 ж. №438 (№372 21.10.2003 ж. өзгертулермен),
5. “Аудит”, под редакцией доктора экономических наук , профессора М. Юнити,В.И.Подольского 2000г-260с,
6. Андреев В.Д. Практически аудит, М. Экономика 1994г-100с.
7. Ажибаева З.Н., Аудит.Учебник, Алматы, Экономика, 2005.С 102.
8. Әбдіқалықов Т.Ә, Сәтмурзаев А.А Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, А.,ҚазМБА. 2000.С
9. Әжібаева З.Н., Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит, Оқулық, А. 2008. 117 бет.
10. Байдәулетов М, Байдәулетов С.М. Аудит, А., Қазақ экономикалық университеті.2004-226 бет.
11. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, А. 2005, 93 бет.
12. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами,А., Экономика. 2000ж-320 бет.
13. Дюсембаев К.Ш ,Егембердиев С.К, Дюсембаев З.К, Аудит и анализ финансовой Отчетности, А, Каржы – каражат. 2003ж.
14. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 2001ж-378 бет.
15. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Жантаева. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400 бет.
16. Ержанов М.С., Аудит-1. (Базовый учебник). Алматы, Бастау. 2005г.
17. Коволев В.В, Волкова О.Н, Анализ хозяиственной деятельности предпрятия, М., Сервис. 2000г-450с.
18. Козлова Г.Н, Бухгалтерский учет в организациях, М., Дело. 2002г-С 520.
19. Кондраков Н. П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета,ФБК-Пресс.2001г-450 с.
20. Кутер М.П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета , М., Финансы и статистика. 2000г-543 с.
21. Назарова В.Л, Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж. 36 бет.
22. Родостовец В.К, Ғабдулин Т.Ғ, Родостовец В.В, Шмидт О.И, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан-орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы А., 2003ж-410 б.
23. Родостовец В.К, Шмидт О.Н, Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета А., Центр аудит Казахстан. 2000г-310 с.
24. Сатмурзаев А.А, Укашев Б.Е, Аудиттің теориясы, А., Ұлағат университеті. 2003ж. С 231.
25. Төлегенов Э.Т, Бухгалтерлік ақпарат жүйелері, А., Экономика. 2001. 200 бет.
26. Тасмағамбетов Т.А, Омаров А.Ш, Әлібеков Б.А, Рабатов О. Ж, Байболтаев Н.Ә, Родостовец В. К, Қаржы есебі, А., Дәуір 2003ж-390 б.
27. Укашев Б.Е, Әжібаев З.Н, Бухгалтерлік есеп теориясы А., Ұлағат университеті 2002ж-220 б.
28. Сайт в интернете электронная версия журнала «Корпоративное управление».
Экономика труда и социально-трудовые отношения/Под ред.
29. Г.Г.Меликьяна, Р.П. Колосовой. – М.: Изд-во МГУ, Изд-во ЧеРо, 2003. – 623 с.
30. Грачев М. Суперкадры. Управление персоналом в международной корпорации. – М.: «Дело ЛТД», 2004. С 71.
31. Смагулова Ш. А., Саякова Ж. Совместные предприятия как эффективная форма международного сотрудничества//Вестник КазГУ. Сер. Экономика.- Алматы.- 2004.- №10.
32. Джумамбаев С. К. Управление человеческими ресурсами. – Алматы: Гылым, 2000, 92 с.
33. Каренов Р. С. Кадровый менеджмент. – Алматы: Гылым, 2006, 184 с.
34. Ақылтаев Инвестицияны қайда жұмсау керек ? “Заң” газеті 2003 жыл 24 қазан.
35. Казахстанская правда 07,03,2000 г.
36. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылғы статистикалық мәліметтер жинағы;
37. Қазақстан республикасы бойынша 2005 жылғы инвестиция қызметтер (сатистикалық жинақ);
38. Индустриялды - инновациялық бағдарлама аясында 2006-2009 жылдар аралығында қабылданған инвестициялық жобалар тізімі;
39. Алшанов Р., Әшімбаев Ә. Жаһандық экономика және Қазақстан “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті, 2008 жыл 3 наурыз.
40. В. Маслов. О стратегическом управлении персоналом // Проблемы теории и практики управления, №5 – 2006. С. 99-105.
41. Сайт в интернете электронная версия журнала «Корпоративное управление».
42. Экономика труда и социально-трудовые отношения/Под ред. Г.Г.Меликьяна, Р.П. Колосовой. – М.: Изд-во МГУ, Изд-во ЧеРо, 2000. – 623 с.
43. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктін халықаралық стандарттары, 2001ж. 57 бет.
44. Бухгалтерлік есеп стандарттары, 2003 ж. 11-56 бет.
45. Бухгалтерлік есеп шоттарына типтік жоспары, 18.09.2002ж.-438, өзгерістер мен толықтырулар 21.10.2003ж.-372 бет.
46. Баймуханова С.Б Бухгалтерлік есеп, Алматы. 2001ж.151 бет.
47. Балапанова А.Ж Аудит теориясы, Алматы, 2001ж. 97 бет.
48. Родостовец В.К, Родостовец В.В Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы, 2003ж.197 бет.
49. Кеулімжаев Қ. К. Шоттар корреспонденциясы. Алматы 2000ж.119 бет

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ақы есебін
ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері
... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама
... ... ... ... ..8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру
... ... ... ... 11

2 Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру

2.1 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс
уақытын пайдалану есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16
2.2 Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеу нысандары мен
жүйелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 Еңбек ақыны есептеу және одан ұсталынатын
ұсталымдардың есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30
2.4 Еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны есептеу
... ... ... ... ... ... ... 32
2.5 Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі
... ... ... ... ... ... ... . 34

3 Еңбек ақы шығындарын жедел бақылау және талдау

3.1 Еңбек ақы шығындарын жедел бақылаудың мақсаты мен міндеттері ... ..38
3.2. Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп
айырысуды аудиторлық
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3.3 Еңбекті пайдалану тиімділігін
жоғарылату ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .51
.
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 64

Кіріспе

Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне
нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны
белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның
қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан –
жақты қамтылған ақпарат алудың бірден – бір көзі болып табылады. Оның
көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен
табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы
еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.
Еңбек ақы – жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс – монтаж
жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты
құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды.
Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым -
қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу,
ұжымдық келісім – шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі,
яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы
арасындағы қарым – қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс
ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының
материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы
тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы – бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды
бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының
арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық
реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:

- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың
мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық – келісім
шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс
берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы
түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен
мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен
белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар меншік түрі мен ұйымдық – құқықтық
нысанына қарамастан міндетті түрде еңбекке ақы төлеудің ең төменгі
мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын
қамтамасыз етуі тиіс.
Диплом жұмысының мақсаты ұйымдағы еңбекке ақы төлеу бойынша есеп
айырысудың ұйымдастырылуын зерттеу, қолданыстағы еңбек ақы нысаны мен
жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін
анықтайды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер өз шешімін табуы керек:
- еңбек ақы ұғымының мәнін зерттеу және ашу;
- іс жүзіндегі еңбек ақы нысандары мен жүйелерін қарастыру, еңбек ақыны
есептеу, сый ақыны беру тәртібін зерттеу;
- еңбек ақыдан және басқадай төлемдерден ұсталынатын ұсталымдар есебін,
олардың есеп шоттарда көрсетілуін қарастыру;
- еңбек өнімділігі мен еңбек ақы қорын талдау.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін ДЭМС ЖШС-нің 2008-2009 жылдардағы
есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, бухгалтерлік есеп
әдебиеттері пайдаланылды.

1. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ақы есебін
ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері
Еңбек ақы ұғымы көптеген экономистер арасында қызу пікірталас тудырып
отырғын ұғым, олардың бірқатары еңбек ақы ұғымының орнына еңбек табысы
ұғымын қолдануды ұсынады.
Бірқатар экономистердің ұстанатын қағидасы жаңа терминологиялық сөзді
емес, керісінше еңбек ақы экономикалық категориясының мәні мен қасиетін
тану. Еңбек ақыны жұмысшылар арасында атқарған еңбегіне қарай бөлінетін
қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс) бір бөлігі ретінде
түсіну нарық талабына қайшы.
Бұл жерде тек еңбек ақының пайда болу көзі ғана белгіленіп отыр,
сондай – ақ еңбек ақы тек еңбектің саны мен сапасына қарай емес, ұйымның
соңғы қаржылық нәтижесіне, жұмысшының нақты еңбектік үлесіне қарай
бөлінеді.
Экономикалық теорияда еңбек ақының жаратылысын анықтайтын екі негізгі
тұжырым бар:
- еңбек ақы – бұл еңбектің бағасы. Оның шамасы және динамикасы нарықтық
факторларға, ең алдымен, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;
- еңбек ақы – бұл тауар құнының ақшалай көрінісі, жұмыс күші немесе
жұмыс күші тауарының құнының өзгертілген нысаны. Оның шамасы өндіріс
шарттарымен және нарықтық факторлармен – сұраныс және ұсыныс – анықталады.
Осылардың ықпалымен еңбек ақы жұмыс күшінің құнынан ауытқиды.
Еңбек ақының еңбек бағасы ретіндегі тұжырымын А.Смит пен Д. Рикардо
берді. Олар еңбек тауар ретінде көрініс тауып, табиғи бағаға, яғни табиғи
еңбек ақы ие болады деп санады. Ол өндіріс шығындарымен анықталады, оның
құрамына А. Смит жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне жеткілікті
қаражаттардың құнын қосты.
Еңбек ақы – тауардың ақшалай көрінісі тұжырымдамасын К. Маркс жасады.
Оның негізіне ол еңбек пен жұмыс күші түсініктерінің айырмашылықтарын
салды. Және еңбектің тауар бола алмайтындығын және оның құны жоқ екендігін
негіздеді. Тауар болып еңбек етуге қабілетті жұмыс күші танылады, ал
еңбек ақы осы тауардың ақшалай түрдегі құны болып табылады. Жұмысшы бүкіл
еңбегіне емес, тек керекті еңбекке ғана ақы алады. Еңбек ақының
экономикалық жаратылысы мынада, оның есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс
процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттілігі
қанағаттандырылады. К. Маркс еңбек ақының шамасы тіршілік ету қаражатына
емес, қоғамның экономикалық, әлеуметтік мәдени деңгейіне, сондай еңбек
өнімділігінің деңгейіне тәуелді екенін анықтады.
Еңбек ақы – бұл ұжым еңбегінің соңғы нәтижесіне тәуелді болатын және
жұмысшылар арасында жұмсалынған жұмыс саны мен сапасына, әрбір жұмысшының
нақты қосқан үлесіне қарай бөлінетін тұтынуға бағытталған қаражаттардың
негізгі бөлігі.
Еңбек ақы – жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс – монтаж
жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты
құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды.
Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым -
қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу,
ұжымдық келісім – шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі,
яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы
арасындағы қарым – қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс
ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының
материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы
тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы – бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды
бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының
арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық
реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:

- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың
мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық – келісім
шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс
берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы
түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен
мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен
белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық – құқықтық
нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі
мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын
қамтамасыз етуі тиіс.
Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай
төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы
шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.
Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы
төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық
ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымда еңбекті ұйымдастырудың негізгі ережелері 10 желтоқсан 2002 жылғы
№ 493-1 Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы заңымен бекітілген.
Еңбек ақының негізгі көзі - еқбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге
жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері
үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы
беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке
араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге
асырылады
Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі сыйақының маңызды белгілері мыналар болып
табылады: біріншіден, олар негізгі еңбек ақы түріндегі тарифтен (оклад)
бөлек еңбекке ақы төлеудің қосымша нысаны ретінде көрініс табады;
екіншіден, сыйақы еңбекке ақы төлеудің айнымалы бөлігі болып табылады, ал
тариф (оклад) немесе келісімді бағалар салыстырмалы түрде тұрақты сипатқа
ие; үшіншіден, негізгі еңбек ақыға қарағанда, сыйақы әртүрлі көздерден
(өзіндік құн, пайда есебінен құралған көтермелеу қоры, материалдық
ресурстарды үнемдеу есебінен) құралады; Төртіншіден, негізгі еңбек ақымен
салыстырғанда сыйақы жоғарғы органдар тарапынан көп реттеле бермейді.
Бұдан өзге, біздің ойымызша, сыйақыны тек ынталандыру құралы ретінде
ғана емес, технологиялық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке
тарту құралы ретінде де пайдалану керек.
Еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- ұйым жұмысшыларына еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйесін анықтау;
- ұйым жұмысшылары мен мамандарының қол жеткізген нәтижелеріне
төленетін қосымша ақының критерийлері мен мөлшерін белгілеу;
- қызметкерлер мен мамандардың қызметтік жалақы жүйесін белгілеу;
- қызметкерлерге сыйақы беру жүйесі мен көрсеткіштерін негіздеу.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу мыналарды қамтиды қамтиды:
1. Қазақстан Республикасында еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеу
және өзгерту заңдылықтары;
2. Ұйымның еңбек ақы төлеуге бағытталған қаражаттарын, жеке тұлғалардың
табыстарын салықтық реттеу;
3. Аудандық коэффициенттер мен үстемелік пайыздарды бекіту;
4. Еңбек ақы жөніндегі мемлекеттік кепілді бекіту.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама
ДЭМС жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі жол құрылысы
мен жөндеу жұмыстары, өнеркәсіптік, азаматтық құрылыстарды салу, әртүрлі
обьектілерде монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса әртүрлі
өз жарғысында көрсетілген коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру болып
табылады. Ол серіктестік ретінде 2002 жылдың 19 сәуірінде тіркеуден өткен.
Кәсіпорынның кейбір құрылыс материалдарын шығаратын өндірістік цехтары мен
базалары бар.
Зауытта құрылыс лабораториясы, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, арматуралы-
каркастық цех, автотұрақтар, ағаш өңдейтін цех бар. Зауыт 160-тан астам
темір-бетон бұйымдарын шығарады.
Серіктестіктің жеке балансы, фирмалық белгісі, мөрі, банктерде есеп
айырысу шоттары бар.
Зауытта жоғары білікті инженерлік – техникалық қызметкерлер, кәсіпқой
мамандар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай сапалы бұйымдар
шығаруға мүмкіндік береді.
ДЭМС ЖШС - де негізгі бөлім - бетон құю цехы. Онда темір - бетон
бұйымдары дайындалады. Бұл цехта өндірілетін негізгі бұйымдар - әртүрлі
маркадағы колонналар, баспалдақтық, тротуарлық плиталар, тас шеңберлі құдық
плиталары, фундаменттік блоктар мен қабырғалық тас плиталар. Серіктестік
соңғы 2008-2009 жылы құны 540922 мың теңге болатын әртүрлі құрылыс және
жөндеу жұмыстарын орындады.
Зауытта темірбетон бұйымынан бөлек құрылыстық заттар - есік, терезе,
едендік ағаштар, т.б. жасалынады. Бұл өнімдерді серіктестікте ағаш өңдеу
цехында дайындайды.
Бұл серіктестіктің негізгі тапсырыс берушілер болып Алматы қаласының
әртүрлі жергілікті басқару департаменттері мен әкімшілігі саналады.
ДЭМС ЖШС-нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің
қызметімен анықталады. Серіктестіктің жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің
дұрыс ұйымдастыруына, технологиялық құрал - жабдықтардың пайдалану
деңгейіне байланысты. Құрылыс саласында өндіріс шығындарының дұрыс
жұмсалуын жедел әрі тиімді бақылау үшін әрбір бақылаушы субъектісінің
міндеттері мен атқаратын қызметтері бірін бірі қайталамайтындай нақты, әрі
анық болуға тиісті. Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру
барысында әртүрлі мамандар қатысады, солардың ішінде инженерлер жол
жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тиімді әдістер өңдеп, дұрыс нормативтерді
шығару қажет. Осы міндеттемелер дұрыс орындалған жағдайда құрылыс-монтаж
жұмыстарының өзіндік құндары да нормативке сәйкес болады. Ал бригадир,
мастерлер құрылыс технологиясының жоғары сапамен орындалуын бақылап
отыруға тиісті. Соған байланысты зерттеу жүргізген ұйымдағы бақылаушы
субъектілердің өзара байланысын А-қосымшасы негізінде көрсетіп отырмыз (А
қосымшасы(.
Серіктестіктің құрылыс учаскесі құрылыс- монтаж, жөндеу жұмыстарын
тапсырысқа сай орындайды.
Ұстаханада шаруашылыққа қажетті қызметтерді көрсету, атап айытқанда
темірді кесу, дәнекерлеу, құралдарды жөндеу жұмыстары орындалады.
Серіктестіктің жабдықтау - өткізу бөлімі мүліктердің сақталуына, өндіріс
барысында материалдық қорлардың жеткілікті мөлшерде болуына, дайын
бұйымдардың қордаланып қалмай, жылдам өткізілуіне және олардың сапасының
дұрыс анықталып отыруына жауап береді.
Есеп - қисап бөлімі серіктестікке бөлінген мүліктердің және олардың
құралу көздерінің есебін жүргізеді. Өнімнің өзіндік құнын анықтайды.
Кадрлармен жабдықтау бөлімінде жұмыс күшін жинау, кадрларды дайындау
және қайта даярлау бойынша жұмыстар атқарылады.
ДЭМСЖШС қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге
асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес
мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді,
серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.
Бас экономист экономикалық шешімдерді дайындап, өндірісті болжамдап
жоспарлау, несие, қаржыландыру, баға саясаты және мүліктердің экономикалық
тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Бас инженер өндірісте ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған жалпы
техникалық саясатты жүргізеді, күрделі жөндеу, күрделі құрылысқа,
өндірістік бөлімшелердің қызметтеріне басшылық жасап, техникалық
қауіпсіздікті сақтауға, элетрэнергиясымен, жылу және сумен қамтамасыз ету
меселелеріне жауап береді.
Бас механик зауыттың техника, машина, құрал–жабдықтарға жауапты. Ол
механикалық, техникалық қызмет көрсетуді машиналар мен құрал –жабдықтарды
жөндеуге басшылық жасайды.
Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуді
талап етеді. Зауыттың өндірістік, қаржылық қызмет түрлерінің нәтижелері
әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Серіктестік тиімді қызмет жүргізуі
үшін еңбек, материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі
қажет, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, биімді
өндірісті құруды, тұтынушылар тапсырысына икемделуді қамтамасыз етуі қажет.
Серіктестіктің қолда бар ресурстарын тиімді, үнемді, ұқыпты пайдалану оның
табысты қызметіне тікелей әсер етеді.
Сондықтан ұйымның қаржылық жағдайына сипаттама беру үшін, біз оның
негізгі көрсеткіштерін төмендегі 1 кесте арқылы сипаттап көрсетуді жөн
көріп отырмыз.

1- кесте. ДЭМС ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау
Көрсеткіштер Жылдар Ауытқу
2009-2008 жж.
2008 2009 +,-
Негізгі құралдардың орташа 443936,55 7354725 +6910788
жылдық құны, теңге
Ағымдағы активтердің орташа 6976020,33 12959763 +5983742
жылдық құны, теңге
Оның ішінде: - 1000000 +1000000
Дебиторлық қарыздар, теңге
Кредиторлық қарыздардың орташа 5832467,01 18240731 +12408263
жылдық құны, теңге
Орташа еңбек ақы мөлшері теңге 87695 112452 +24757
Орташа тізімдік жұмысшылар саны,168 182 +14
адам
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) 242074999 242642639 +567640
өткізуден түскен түсім, теңге
Өткізілген өнімдердің (жұмыс, 232482369 158402986 -74079383
қызмет) өзіндік құны, теңге
Кезең шығындары, теңге 8994384 83409150 +74414766
Қаржылық нәтиже, табыс(+), 620033 830502 +210519
залал (-) теңге
Қор қайтарымдылығы, теңге 545,3 33,0 -512
Қор сыйымдылығы, теңге 0,001 0,03 +0,029
Өткізу рентабельділігі, % 0,25 0,34 +0,09

Жоғарыдағы 1 кестеден көріп оытрғанымыздай серіктестікте негізгі
құралдардың орташа жылдық құны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6910788
теңгеге жоғарылаған. Ал ағымдағы активтердің орташа жылдық құны 5983742
теңгеге жоғарылаған.
Ұйымның жұмыстар мен қызметтерді орындаудын алынған түсімі 2009 жылы
өткен жылмен салыстырғанда 567640 теңгеге жоғарыласа, ал жұмыстар мен
қызметтердің өзіндік құны 74073383 теңге азайған, соның нәтижесінде ұйымның
есепті жылы алған таза табысы 210519 теңгеге жоғарылап отыр.
Жұмысшылар саны серіктестікте 14 адамға жоғарылаған, орташа еңбекке
мөлшері 24757 теңгеге артып отырғанын байқадық.
Серіктестіктің сату рентабельділігі 2009 жылы 0,09 пайызға жоғарылаған.
Демек, зерттеу жүргізген ДЭМС жауапкершлігі шектеулі серіктестіктің
қаржылық жағдайы жақсы деп айтуға толық мүмкіндіктер бар.
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру

Нарықтық экономика жағдайында барлық басқару жүйесі жаңаша
өзгерістерге ұшырады. Кез – келген басқару жүйесі сәйкесінше белгілі
бір мәліметтерге сәйкес орнықтырылады. Ұйымның кез–келген түрінде
мәліметтер жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп құрастырады.
Ұйымдарды иелік етудің түрлі меншік түрлерінің пайда болуы,
нарықтық құрылымның пайда болуы, яғни әр ұйымның есеп саясаты
болуы керек.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп
объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына
және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен
ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар
жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен
бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
- ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;
- ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және
шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін
анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін
факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы
ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу
тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай
принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу – ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне
немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да
жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір
қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
3. Түсініктілік – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар
пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды
және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды
болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде
қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл
ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып
табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім
қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға
негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы
жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп
саясатын қалыптастыруға база болып саналады.
ДЭМС серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада
жүргізіледі.Серіктестікте негізгі құралдар есебі Негізгі құралдар есебі
бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар
типтік формадағы бланкілерде жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген
сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен
орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына
сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі.
Негізгі құралдарды есептен шығару серіктестік төрағасымен бекітілген
Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқауға сәйкес
жүргізіледі .
Негізгі құралдарды түгендеу ДЭМС серіктестігі төрағасының өкімімен
жылына бір рет өткізіледі.
Зауытта негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықт)
әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі
құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.
Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры
құрылмаған.Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайла болған сәтте
шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.
Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау
серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс
немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:
- сатып алу бағасы;
- бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай
есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың
түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе
қарастырылған жағдайлармен анықталады.
Тауарлы-материалдық қорлар есебі № 7 Тауарлы- материалдық қорлар
есебі Қаржылық есептің ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың
есебі қойма карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі.Тауарлы-
материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық
–дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады. Сатып
алынған тез тозатын заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы
киімдер, қорғану заттары эксплуатацияға берілгенге дейін 1350 Басқадай
материалдар шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары
заттар негізгі құралдар ретінде 2420 Инструменттер, өндірістік және
шаруашылақ инвентарлары шотында есепке алынады.
Серіктестікте өндіріс шығындарын есепке алу үшін 8110Негізгі өндіріс
8310 Көмекші өндіріс, 8410 Үстеме шығындар шоттары ашылған. Құрылыс -
монтаж жұмыстарының барлық шығындары тікелей, үстеме және басқадай
шығындарға бөлінеді.
Тікелей – мердігерлік мәмілемен байланысты тікелей шығындар.Оған
материалдық шығындар, негізгі жұмысшылардың еңбек ақысы мен еңбекақыдан
аударымдар, негізгі құралдарды және материалдарды құрылыс участігінде орын
ауыстыру шығындары, участкеде пайдалану үшін жалға алынған негізгі құралдар
бойынша шығындар, жобалау және авторлық бақылау шығындары, үшінші тараптың
талабын қанағаттандыру бойынша шығындар енеді.
Құрылыстық мердігер мәмілесінің өзгеруі - бұл тапсырыс беушінің жұмыс
көлемін,құрылымын немесе мерзімін өзгерту туралы нұсқауы, бұл жағдайда
табыстың артуы немесе кемуі мүмкін.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының ұйымдары
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшіп, соған сәйкесті
қаржылық есептілікті тапсыруға міндетті. Бір жағынан алып қарағанда, бұл
ұйымдардың есепке алу жүйелері мен саясаттарын өзгерту жөніндегі үлкен
міндет болса, екінші жағынан, бұл инвесторлармен қарым – қатынастың жаңа
деңгейін жасаудың мүмкіндігі болып табылады.
Ұйымдарда бұл жүйеге көшудің қиыншылықтары сол, олар уақытпен шектеліп
қана қоймай, салықтық бухгалтерлік және басқарушылық есептен басқа төртінші
есеп жүйесі болып табылады.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшумен қатар қосымша
міндеттер туындайды. 2004 жылы ҚЕХС жөніндегі комитет активтер мен
міндеттемелерді рыноктік бағалауды көбірек пайдалануға, сондай – ақ есеп
стандарттарын US GAAP – пен үйлестіруге бағытталған бірқатар өзгерістерді
іске асырды. Нәтижесінде ұйымдардың бірқатар шаруашылық шарттарын,
материалдық емес активтерді тану жөніндегі ҚЕХС бойынша есеп саясатын қайта
қараулары тиіс.
Ұйым есеп саясатын қайта қараған кезде ҚЕХС №8 Есеп саясаты, есептік
бағалаулардың өзгерістері және қателіктері IAS есеп саясатын басшылыққа
алып, ондағы таңдау және өзгерту критерилерін, сондай – ақ есептік
бағалаулар мен қателіктердің есеп мәліметтеріне ықпалы туралы ақпараттарды
ашып көрсету жөніндегі талаптарды белгілейді.
Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар 1-Қаржы
есептілігін ұсыну IAS – та белгіленген. Оны қолдану аясы мыналарды
қамтиды:
- есеп саясатын таңдау немесе оны өзгерту;
- есептік бағалауларды өзгерту;
- алдыңғы есептік кезеңдерде жіберілген қателіктерді түзету.
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша үш дәстүрлі
бөлімнен тұрады:
1) жалпы бөлім;
2) ұйымдастыру бөлімі;
3) әдістемелік бөлім
Жалпы ережелер бөліміне мыналарды енгізген жөн:
- ұйым туралы жалпы мәліметтер;
- қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және ұйымның қаржылық
жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз
етілуі оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
- таңдап алынған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің халықаралық
қаржы есептілігінің барлық талаптары мен түсіндірмелер жөніндегі тұрақты
комитеттің түсіндермелеріне жекелей, сондай – ақ жиынтық түрінде
сәйкесітігін қамтамасыз етуге тырысуды көрсету.
Әдістемелік бөлім ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҚЕХС
ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Мніңше,
егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын ҚЕХС
бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға негізгі (ұсынылатын) жол
бойынша жүргені дұрыс. ҚЕХС көшумен қатар әртүрлі қиыншылықтыр кездесетіні
сөзсіз, мәселен, материалдық емсе активтердің, зерттеу, әзірлеу, өндірісті
игеру және т.б. шығындарының әлі бола қоймаған амортизациясын есептеу
нормалары мен тәсілдерін анықтау барынша күрделі болып келуі мүмкін, мұндай
қиыншылықтар таяу болашақта да болатыны түсінікті. Сондықтан біріншіден,
есеп саясатында оқиғалардың барлық өрбу жағдайларын және бухгалтерлік
қадағалау объектілерін алдын – ала болжап білуге тырысудың керегі жоқ. ҚЕХС
егжей – тегжейлі рәсімдерге емес принциптерге сүйенеді, ал екіншіден,
жаңадан пайда болған бухгалтерлік қадағалау объектісін есепке алудың нақты
тәсілін есепке қабылдау сәтінде тек 1 қаңтардағы жағдайды емес, жыл
ортасында да анықтай беруге болады. Бұл факті есеп саясатының өзгерісі
емсе, толықтырулары ретінде танылады, сондықтан халықаралық стандарттарға
қайшы келмейді.
Өзгерістерге қатысты келетін болсақ, онда ҚЕХС ұйым операцияларының
немесе ҚЕХС өзі мен оларға түсіндірмелердегі өзгерістердің сипатындағы
елеулі өзгерістер болған жағдайда ғана жол береді.
Сондай – ақ есеп саясаты – бұл алдағы жылға әрекет жасауда ұсталатын
жалпы басшылық екенін және ол түсіндірме жазбаларда ашылуға тиіс
әдістемелік сипаттағы мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру керек.
Ұйымдастыру бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия
құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін
бөлуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың
жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тұлғаларды анықтайтын
елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерияның жұмысын ретке
келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға,
жіктеуге және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде
жұмысты едәуәр оңайландырады.

2. Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру

2.1 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану
есебі

Есеп еңбек өнімділігінің жоғарылауына және өнімнің өзіндік құнының
төмендеуіне ықпал етуі тиіс. Ұйымның қаржы – шаруашылық қызметі барысында
жұмысшылар мен қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару, бір орыннан
екіншісіне ауыстыру болып тұрады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке құрамын кадрлар бөлімі жүргізеді.
Кадрлар бөлімінде мынадай алғашқы есеп құжаттары пайдаланылады:
- жұмысқа алу туралы бұйрық (үлгі Т-1);
- жеке карточка (үлгі Т-2);
- басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (үлгі Т-5);
- демалыс беру туралы бұйрық (үлгі Т-6);
- еңбек келісім шартын бұзу туралы бұйрық (үлгі Т-8);
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (Т-1) шыққаннан кейін жұмысқа алу жайлы
өтініш негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл
құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған Т-2 үлгідегі жеке
карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі,
жұмыс орны, аты- жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және
дүниеге келген жылы, мекен- жайы және тағы басқа керекті мәліметтер
толтырылады.
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның
кадрлар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады. Еңбек кітапшасы - мамандар
бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының
өзгеруі , алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері
және тағы да басқа деректер жазылады.
Ұйымдағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен
қызметкерлерге табельдік номер беріледі.Бұл номер – еңбек ақы бойынша есеп
айырысу құжаттарында көрсетіледі.Белгілі бір кезеңдегі яғни, уақыттағы
ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа санын анықтау үшін
жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол
үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын
жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу
бұйрықтары негізінде анықталып отырады.Жұмысшылар мен қызметкерлердің
күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде
табелдің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы шаруашылық
ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір
календарлық күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын
қосып, яғни 1- нен 30- на дейін немесе 1- нен 31- не дейін (ақпан айында 1-
нен 28- не дейін немесе 1-нен 29- на дейін) мейрам және қызмет істемейтін,
демалыс күндерін қоса алғандағы санды сандық календарьлық күніне бөлу
арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай- ақ басқа да жұмыс
істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің
тізімдегі саны ол күндердің әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің,
сондай- ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі
санына теңеліп алынады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны ұйымдарға қызметке жаңа
адамды алуға немесе кейбір қызметкерлердің жұмыстан босатуға байланысты
өзгеріп отырады.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын ұйымның
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөлінеді.
Атқаратын қызметіне қарай мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері
жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа
да топтарға бөлінеді. Басшылар қатарына – директор, ректор, президент,
меңгеруші және тағы басқалар жатады. Мамандар қатарына – инженерлер,
техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалар жатады. Басқа да
қызметкерлер қатарына - құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын
жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлік, менеджерлер,
агрономдар, механиктер және тағы басқалар жатады.
Жұмыс істелінген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысын жұмыс істеген уақынына қарай есептеуге, оларға өнімнің
өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкрелердің белгіленген
нормасын орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы
статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға
қолданылады. Жұмыс істелінген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің
жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және жұмысқа
келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің категорияларына сай табельде
алфавит бойынша реттік номер санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер
жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын
есептеуге арналған.
Барлық категориядағы жұмысшылардың жұмыс уақытын пайдалану есебі Жұмыс
уақытын есепке алу табелінде (Т-13 үлгі) жүргізіледі. Ол ақпараттарды
автоматты өңдеу жағдайында қолданылады.
Ақпараттар қолмен өңделетін жағдайда Жұмыс уақытын пайдалану және
еңбек ақыны есептеу табелі (Т-12 үлгі) қолданылады.
Бұл табельдер ұйымның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты
белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады.Жұмысшылар мен
қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы
табельге қосымша тіркелінеді.
Зерттеу жүргізіліп отырған ұйымда өткізу қағазы жүйесі қолданылады.
әрбір жұмысшыға тұрақты өту қағазы беріледі. Олар бұл қағазды жұмыс орнына
келген кезде алып, жұмыстан қайтқан кезде өткізулері тиіс. Өткізілген
немесе өткізілмеген қағаздардың негізінде табель есебі жүргізіледі.
Табельдік есеп жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымда қабылданған еңбек
тәртібіне сәйкес жұмысқа дәл уақытында келуі мен кетуін, сондай – ақ
олардың жұмыс уақытында болуын қадағалауды қамтамасыз етуі тиіс.
Жұмысшыны табельге қосу немесе қоспау жұмыс күшінің қозғалысы туралы
алғашқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Жұмысшылардың жұмысқа келмегені
жайлы белгі, құрылысшылардын өзге, жұмысшылар мен қызметкерлерге өткізу
жүйесінің мәліметтері негізінде қойылады. Құрылысшылардың жұмысқа келген
келмегені жайлы мәліметті тікелей бригадир немесе шебер қадағалап
белгілейді. Бұдан өзге табелге жазулар түсіруге, уақытша еңбекке
жарамсыздығы парағы, қызметтік іс сапар жайлы бұйрықтар іс сапар куәлігімен
қоса, қысқартылған жұмыс уақытын бекіту жайлы (жасөспірімдердің жеңілдік
сағаттары, емізетін аналардыі үзілістері т.б.) бұйрықтар негіз болады.
Демалыс және мейрам күндерінің есебі табелде ұйымның жұмыс кестесі мен
тәртібінің негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыстағы іркілістер де табелде көрсетіледі. Олардың есепте
көрсетілуіне тұрып қалу парағы негіз болады.
Табельдік есепті жүргізуге жұмыс уақыты шығынының шартты белгілері
қолданылады. Жұмыс уақыты шығындарының барлық түрлері 4 типке бөлінеді:
- атқарылған уақыт;
- атқарылмаған уақыт;
- атқарылмаған төленбейтін уақыт;
- демалыс және мейрам күндері.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іс- сапарында болуы,
жұмысқа себепсіз кешігуі және тағы басқа жағдайлар табельде тиісті
белгіленген әріптік белгімен көрсетіледі.
Мысалы:
- іс- сапарындағы жұмысшы қызметкер үшін - і;
- демалыстағы жұмысшы қызметкерлер үшін – д;
- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін – с;
- тағы да басқа белгілер қолданылады.
Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе
жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін,
мерзімнен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын
және тағы да басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.
Бұл ретте шартты белгінің қасына белгіленген жұмыс уақытынан ауытқыған
уақыты табельге бұрыннан арналған алғашқы құжаттарға жазылуы қажет.
Ай соңында табель жабылады, яғни онда әрбір жұмысшының жұмысқа келген
күнінің саны, келмеген күні, оның себептері, атқарылмаған сағаттың саны
(кешігу, жұмыстан ерте кету, іркілістер), атқарылған уақыттың жалпы саны,
оның ішінде түнгі, кесімді, көрсетіледі. Табельге табельді толтыратын
тұлға, цех бастығы қолдарын қойып, бухгалтерияға өткізіледі.
Мерзімді еңбек ақы кезінде табель әрбір жұмысшыға тиісті еңбек ақыны
анықтайтын негізгі құжат болып саналады. Еңбек ақысы мерзімді жалақы
бойынша төленетін жұмысшыларға ол ай ішінде нақты атқарылған уақыт туралы
табель есебінің мәліметтері және белгіленген оклад негізінде анықталады.
Бұл кезде өндірілген өнімнің саны есепке алынбайды.
Кесімді еңбек ақы жағдайында табельдік есеппен қатар өнімділік есебі де
үлкен мәнге ие.
Сондықтан серіктестікте құрылыс учаскесінің жұмысшыларынан өзге
жұмысшыларға еңбек ақы мерзімді – сыйақылы жүйе бойынша төленеді. Бұл кезде
еңбек саны мен сапасы есепке алынып, еңбек нәтижесіне жұмысшылардың
мүдделілігі көтеріледі. Өйткені сый ақы уақытты үнемдегені, құралдардың
тоқтаусыз жұмысы және материалдарды үнемдегені үшін беріледі.
Өнімділік нормалары кесімді жалақы кезінде қажет. Яғни әрбір жұмысшының
орындаған жұмысының көлемін натуральды өлшемде есептеп, уақыт бірлігіне
келетін нормамен салыстыруға мүмкіндік болады. Сондықтан өнімділік есебі
бойынша алғашқы құжаттар есчеп қызметкерлерін келесі мәліметтермен
қамтамасыз етуі тиіс:
- орындалған жұмыстың саны мен сапасы жайлы;
- орындалған жұмыстың көлемінің осы кезде жұмсалған материалдардың
санымен сәйкестігі туралы;
- өнім нормасының орындалуы туралы.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының алғашқы
табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан,
бөлімшелерінен, бригадаларынан ұйым әкімшілігіне, белгілеген мерзімде
бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы
құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың
қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай- ақ бұл құжаттағы еңбек
бағасының дұрыс қойылуы, олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс
қойылуы тексеріледі.Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша ұйымның
жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы сомалары есептелінеді.
Ұйымдағы тоқтап қалған жұмысқа төленетін еңбекақы жұмыстың тоқтап қалуы
туралы жазылған қағаздың негізінде есептелінеді.Табельдегі толтыруға негіз
болатын жоғарыда айтылған құжаттар табельдермен бірге бухгалтерияға
тапсырылуы тиіс. Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар
еңбекақы есептеуге және жұмысшы - қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын
есептеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша
жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс
істелінген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланылады.Бұл
көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтап жұмыс уақытының пайдалану
нәтижесін анықтау үшін де қажет болып табылады.
Ұйымда өнім өндіру есебін жүргізу, ең алдымен, орындалған жұмыстың,
өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақы есептеу
үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке және топтық еңбек
өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек
қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сандық және
сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы
төленеді.Жекеленген жұмысщылар мен қызметкерлердің кесімді еңбек ақысына
қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы
алады.
Өнім өндіру есебі әрбір ұйымда жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруға және
оларға есептелініп төленетін еңбекақы түріне байланысты. Ұйымдағы еңбекті
ұйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейі мен оларды тиімді
пайдалануға және тағы да басқаларға байланысты болып келеді.
Ұйымда өнім өндіру және жұмысты орындау барысында толтырылатын алғашқы
құжаттарда орындалған жұмыстың аталымы, оның қабылданған уақыты (күні, айы,
жылы) өндірілген өнімнің саны мен көлемі, өнімді өндіру мен жасап шығаруға
кеткен уақыт, орындаған жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік номері
немесе бригада номерлері, цех бөлімшесінің шифрлары және оларға есептелген
еңбекақы түрі жайлы мәліметтер болуы керек. Олардың негізінде жұмысшылармен
есеп айырысу және өндіріліп шығарылатын өнімдер мен істелінетін жұмыстарға
есептелінген төлем сомаларының мөлшері анықталады.
Жұмысшылардың кінәсінсіз болған бос тұрып қалған, бірақ төленуге
тиісті уақыт (ауа – райының қолайсыздығы, материалдардың, электр қуатының
болмауы, т.б.) бос тұрып қалу парағымен рәсімделеді.
Аккордтық еңбек ақы жүйесі кезінде бригадаға тапсырыс берілген уақыт
ішінде аяқталуға тиіс жұмыстар кешеніне аккордтық нарядтар беріледі. Онда
жекелеген жұмыс түрлерінің толық құрамы мен жұмыс бірлігіне қойылатын баға
көрсетіледі (мысалы, 1 шаршы метрге қаланған кірпіш). Жұмыс бірлігіне
қойылатын бағаның құрамында тек кірпішті қалау ғана емес, осы қалаумен
қатар жүретін жұмыстар да - кірпішті, ерітіндіні, тетіктерді алып беріп
тұру, сатыларды құрастыру – есептелінеді.
Жұмысшылардың өндірген өнімдерін ұйымның техникалық бақылау бөлімі
қабылдап санап алғаннан кейін, ол туралы мәліметтер алғашқы құжаттарға
жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы
құжаттардың түрі кесімді жұмыс наряды болып табылады.Бұл құжат жұмыс
орындалмай яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшы қызметкерлерге
беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер
мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып жұмысшы қызметкерлердің
еңбекақысын есептеу үшін ұйымның бухгалтериясына тапсырылады.
Ұйым бойынша өндірілген өнімге, істелінген жұмысқа күнделікті наряд
жазу жұмысшыларға еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне
нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі
өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлеміне сай келуін бақылауға,
салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа
прогрессивті еңбекті жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде
жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы
нарядтарды қолдану арқылы құжаттың санын азайтуға болады.Ұйымдарда өнім
өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана
қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын яғни олардыңбір
операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау және олар үшін толтырылатын
құжаттың санын азайту мақсатында маршруттық карталар тәжірибеде кеңінен
қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау
зауытының цехтары мен бөлімшелерінде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық
карталарда біртектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің
барлық технологиялық процестерден өтіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі
қозғалысы жазылып отырады.
Ұйымның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген , жасалынып шығарылған
өнімнің сапасымен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап
отырады және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы
құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелеріндегі өндірілген
өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады.Бұл маршруттық
картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау
бөліміне жіберіледі.Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты яғни өнімдерді
тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және
оны жіберген жұмысшының табелінің номерін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден екінші бөлімшіге, цехқа
берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады.Егер топтағы
өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура
келеді.Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін
ақаулардың қай жұмысшы –қызметкерлердің кінәсінан болғанын анықтап жазып
отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс жазылуындағы бақылау жұмыстарын
жеңілдетуге арналған. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы есептеуде өз алдына карта ретінде пайдаланылады.
Ғылыми-техниканың жетілуі мен алға дамуына байланысты өндіріс саласында
жеке және қолмен жасалатын жұмыстар қысқартылып отырады. Ұйымда өндіріс
тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейтін конвейрлі линияларды
енгізу өндіріс процесін ортақтасып орындайтын жұмысшы-лардың бүтін топтарын
ұйымдастыруды қажет етеді. Осыған байланысты еңбекті ұйымдастырудың
бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ
құру, ұжымдық еңбекақы есептеу мен оны жұмысшылардың өндірген өнімін
есептеу жұмысына қажет болатын көп күш пен еңбекті үнемдеуге мүмкіндік
береді. Осыған байланысты толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Әрбір
жұмысшы мен қызметкердің істеген еңбегі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі
Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Еңбекақының есебін ұйымдастыру
Еңбекақының нысандары мен жүйелері
Өндірістегі еңбекақының төленуіне кеткен шығындардың есебі
ТЕХНОПОРТ ЖШС- де ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЫЙМДАСТЫРУ
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері
Еңбек және еңбек ақы сипаты. Еңбек ақыны есептеу
Пәндер