Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері



Кіріспе 3
1 Қола ғасыры . археологиялық дәуір ретінде 5
1.1 Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері 5
1.2 Қоланы алудың тәсілдері 10
1.3 Дәуірдің ерекшеліктері 11
2 Андронов мәдениеті 13
2.1 Андроновшылардың негізгі тіршілік және шаруашылық көзі 13
2.2 Андроновшылардың үй кәсіптері және әдет ғұрпы 15
3 Орталық Қазақстандағы Беғазы.Дәндібай мәдениеті 17
3.1 Тұрақтары және ескерткіштері 17
3.2 Шаруашылығы 22
3.3 Наным сенімі 23
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар, қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба жұмыстарын 1913 ж. Б. А. Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М. П. Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов мәдениеттерінің ескерткіштері - шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.
Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.
Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғғ.; орта - б.з.б. XV-XII ғғ; соңғы - б.з.б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты, ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні кешеге дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері - ерте және соңғы болып бөлінетіңдігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б.з.б. ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б.з.б. ХІІІ-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе, кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі ұшырасқан. Федоров тайпаларының қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды Орталық Қазақстанға Батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырған.
Сонымен, алакөл және федоров тайпалары бір уақытта өмір сүрді, және де, олар қалдырған ескерткіштері де бұған сәйкес келеді. Тайпалардың араласуы нәтижесінде аралас түрдегі ескерткіштер қалыптасады: Жетісуда - жетісулық тип, батыста - қожамберді.
Андронов мәдениеті біртұтас емес еді деуге болады: онда бұрын өмір сүрген тайпалар мәдениетін сипаттайтын көптеген нұсқалар бар. Сондықтан қазір бір-біріне жақын үнді-иран тайпаларын біріктірген андронов мәдени қауымдастығы жайлы сөз өрбіткен жөн.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті өткен кезеңмен генетикалық байланысты сақтай отырып, андронның кеш қола (б.ғ.д. ХІІІ-ХІ ғғ.) кезеңіндегі өтпелі кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңнің ескеркіштері өтпелі адронов кезеңінің кейбір ерекшелітеріне ие, соның өзінде ол жерден жаңа формалардың пайда болғаны анық байқалады, олар өтпелі кезеңінің алдындағылар. Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің ерекшеліктерін тас архитектурасы құрайды.
1 Кадырбаев М. К. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. - Алма-Ата, 1992. – 265 с.
2 Теплоухов С. А. Опыт классификации древних металлургических қультур Минусинского края // Материалы по этнографии. - Ленинград, 1929. Т.4. Вып. 2.
3 Грязнов М. П. Казахстанский очаг бронзовой культуры // Казаки: Материалы комиссии экспедиционных исследований. Сер. казахстанская. - Ленинград, 1930. Вып.15.
4 Кривцова-Гракова О. А. Алексеевское поселение и могильник// Тр.ГИМ.1948. Вып.15.
5 Грязнов М. П. Погребения бронзовой эпохи в Западном Казахстане //Казаки: Антропологические очерки. - Ленинград, 1927. Вып.2.
6 Сорокин В. С. Жилища поселения Тасты-Бутак // КСИА. 1962. Вып. 61.
7 Комарова М. Н. Относительная хронология памятников андроновской культуры // АСГЭ. Ленинфад, 1962. Вып.5.
8 Агеева Е. И. Максимова А.Г.Отчет Павлодарской археологической экспедиции 1955 г. // ТИИ АЭ АН КазССР, 1959 Т.7. Археология.
9 Черников С. С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // МИА. Ленинград, 1960. - № 88.
10 Стоколос В. С. Культура населения бронзового века Южного Зауралья. - Москва, 1972.
11 Оразбаев А. М. Памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана // ТИИАЭ.- Алма-Ата, 1959. - Т.7. Археология.
12 Маргулан А. Х. Сочинения. - Алматы, 1998.
13 Бақаева Г. Қазақстандағы қола дәуірі мәселелерінің зерттелуі (Кеңестік кезең) // Вестник КазНУ. Серия историческая. – 2006. - № 4. –150-153 б.
14 Байпақов К. М. Қазақстан археологиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 294 б.
15 Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерктер. – Алматы: Дәуір, 1994. – 981 б.
16 Малғаждаров Қ. А. Археология и этнология. – Павлодар: Кереку, 2008. – 98 б.
17 Маргулан А. Х. Древние культуры Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1966.
18 Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. – Л., 1966. – 315 с.
19 Кузьмина Е. Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. – Фрунзе, 1989.
20 Итина М. А. Древнехорезмские земледельцы. История, археология и этнография Средней Азии. – М., 1988. – 284 с.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қола ғасыры – археологиялық дәуір ретінде 5
1.1 Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері 5
1.2 Қоланы алудың тәсілдері 10
1.3 Дәуірдің ерекшеліктері 11
2 Андронов мәдениеті 13
2.1 Андроновшылардың негізгі тіршілік және шаруашылық көзі 13
2.2 Андроновшылардың үй кәсіптері және әдет ғұрпы 15
3 Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті 17
3.1 Тұрақтары және ескерткіштері 17
3.2 Шаруашылығы 22
3.3 Наным сенімі 23
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген
тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар,
қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы
бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба
жұмыстарын 1913 ж. Б. А. Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М. П.
Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов
мәдениеттерінің ескерткіштері - шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі
орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.
Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі
хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ
қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.
Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш
кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғғ.; орта - б.з.б. XV-XII ғғ;
соңғы - б.з.б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты,
ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні кешеге
дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс
тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта
қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің
үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері - ерте
және соңғы болып бөлінетіңдігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б.з.б.
ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б.з.б. ХІІІ-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте
уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе,
кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен
оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі ұшырасқан. Федоров тайпаларының
қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды
Орталық Қазақстанға Батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырған.
Сонымен, алакөл және федоров тайпалары бір уақытта өмір сүрді, және
де, олар қалдырған ескерткіштері де бұған сәйкес келеді. Тайпалардың
араласуы нәтижесінде аралас түрдегі ескерткіштер қалыптасады: Жетісуда -
жетісулық тип, батыста - қожамберді.
Андронов мәдениеті біртұтас емес еді деуге болады: онда бұрын өмір
сүрген тайпалар мәдениетін сипаттайтын көптеген нұсқалар бар. Сондықтан
қазір бір-біріне жақын үнді-иран тайпаларын біріктірген андронов мәдени
қауымдастығы жайлы сөз өрбіткен жөн.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті өткен кезеңмен генетикалық байланысты сақтай
отырып, андронның кеш қола (б.ғ.д. ХІІІ-ХІ ғғ.) кезеңіндегі өтпелі
кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңнің ескеркіштері өтпелі адронов кезеңінің
кейбір ерекшелітеріне ие, соның өзінде ол жерден жаңа формалардың пайда
болғаны анық байқалады, олар өтпелі кезеңінің алдындағылар. Беғазы-Дәндібай
ескерткіштерінің ерекшеліктерін тас архитектурасы құрайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы қола дәуірінің
археологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:
- қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
- қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
- андронов мәдениетін зерттеу;
- Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім (3), қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрамы анықталады.
Негізгі бөлім үш бөлімшеден құралады.
Қорытындыда жасалған зерттеудің түйіні жазылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында пайдаланған
деректердің тізімі беріледі.

1 Қола ғасыры – археологиялық дәуір ретінде

1.1 Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері

Қазақстандағы қола дәуірі ірі-ірі үш кезеңге бөлінеді: алдыңғы кезең
(б.з.б ХVІІІ-ХVІ ғасырлар), ортаңғы кезең (б.з.б ХV-ХІІ ғасырлар), соңғы
кезең (б.з.б XII ғасыр-VІІ ғасырдың басы). Андронов мәдениеті қола
дәуірінің алдыңғы және ортаңғы кезеңіне, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті соңғы
кезеңіне тұстас келеді.
Орталық Қазақстанның қола дәуірін зерттеу ісіне өткен ғасырдың 40-70
ж. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, А.Оразбаев, М.Қадырбаев сияқты ғалымдар андронов
және беғазы-дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын тауып зерттеп,
қазу жұмыстарын жүргізіп кене дәуір тарихына өз үлестерін қосты.
Қазақстанның батыс белігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген
О.А.Кривцова-Гракова, Солтүстік Қазақстанды О.М.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды
С.С.Черников, кейіннен оған А.Г.Максимова қосылған, Солтүстік Қазақстан мен
Батыс Қазақстанды В.С.Сорокин, Жетісуды А.Н.Бернштам, К.А.Ақышев зерттеп,
қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер тапқан.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстандағы ежелгі ескерткіштерді зерттеу
мақсатында Материалдық мәдениет тарихы Академиясынан және жергілікті ғылыми
өлкетанулық мекемелерден бірнеше ірі-ірі экспедициялар ұйымдастырылды.
1926-1928 жылдардағы М.П.Грязнов пен Б.Н.Граковтың Батыс Қазақстан мен
оңтүстік Орал өңіріне жүргізген зерттеу жұмыстары Қазақстандағы қола дәуірі
мен далалық андронов мәдениетіне қатысты мәселелерді зерттеудің бастамасы
болды [1, 8 б.]. Зерттеу жұмысының нәтижесінде М.П.Грязнов, I Киргельд пен
Киргельд II қабірлерінен, Оралсай және Құнанбайсай обаларынан алынған
мәліметтер негізінде андронов мәдениетінің екі жергілікті нұсқасын бөле
отырып, андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге тән деп орныққан пікірді
өзгертті.
Қазақстандағы қола дәуірін зерттеуге өлкетанушы Л.Ф.Семенов та өз
үлесін қосты. Ол 1927 жылдан бастап Орталық Қазақстандағы археологиялық
ескерткіштерді тіркеуден өткізумен айналысты. Соғысқа дейін ол осы
аудандардағы белгілі ескерткіштердін барлығын тіркеуден өткізіп, кейіннен
ертедегі қола дәуірін зерттеумен айналысты. Бірақ Орталық Қазақстандағы
алғашқы ірі археологиялық зерттеу жұмысын, Материалдық мәдениет тарихы
Академиясының 1933 жылы ұйымдастырған Нұра экспедициясы жүргізді.
Экспедицияның құрамында белгілі археологтар, А.И.Артамонов, М.П.Грязнов,
Н.Арзютов, И.В.Синицын, М.Н.Комарова, А.Н.Рогачев және экспедицияның
жетекшісі П.С.Рыков болды. Экспедиция Нұра, Шерубай-Нұра, Жақсы және Жаман-
Сарысу өзендерінің аңғарларына кең барлау жұмыстарын жүргізген. Андрон
ескерткіштеріне қатысты 32 оба қазылып, 43 қабір зерттелді. Алғашында
ескерткіштерді топтастыру әрекеті жасатды. Обалардың 9 типін бөліп алды,
бірақ олар хронологиалық жағынан, әлеуметтік-этникалық жағынан бөлінбеген.
Авторлар тек қана бір шағын ауданда әр түрлі ескерткіштерге тоқталу үлкен
қызығушылық тудыратындығын атап көрсетеді. Бұл экспедицияның жүргізген
жұмысының нәтижелерінің бірі - беғазы-дәндібай ескерткішінің ашылып, 11
қорғанның зерттелуі болды. Бұл ескерткіш оба конструкциясының
күрделілігімен ерекшеленеді [1, 9 б.].
Қазақстандағы қола дәуірін, әсіресе андронов мәдениетін кезеңдеу мен
хронологиясына байланысты зерттеушілер арасында әр түрлі болжамдар бар.
Андронов мәдениетінің ескерткіштерін кезеңдеуге бөліп, тоғыстыруды
бастаған С.А.Теплоухов [2, 114 б.] болды. Әсіресе М.П.Грязновтың сіңірген
еңбегі зор. Ол 1930 жылдары Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі
суреттемесін жасап және қола дәуірінің мәдениетін үш кезеңге: алдыңғы,
ортаңғы, соңғы деп бөлді. Автордың ойынша, алдыңғы қола дәуірі, Минусинск
далаларынан бастап Қазақстанның далалық аймақтарын, Батыс және Шығыс
Сібірді қамтыған. Ал қола құралдары екінші кезеңде пайда болған. Үшінші
кезеңде, қатпарлы пышақтар және біздер пайда болған [3, 158-162 б.].
1931-1939 жылдары Алексеевск кешенін қазу нәтижесінде алынған
материалдар далалық андронов мәдениетінің екі даму кезеңін белгілеуге
мүмкіндік берді. О А.Кривцова-Гракованың көрсетуінше алдыңғы кезеңде
оңқалар және қыш құмыралар, соңғы кезеңде бүйірі шығыңқы ыдыстар мен
жапсырмалы белдіктер кең тараған [4, 160-161 б.]. Қола дәуіріндегі
тайпалардың тұрмыстық және рухани мәдениетін, экономика мәселелерін шешуде
бұл ескерткіштерді зерттеудің маңызы зор.
1948 жылы К.В.Сальников андронов мәдениетінің үш сатылы кезеңдеуін
ұсынды. Ол мынандай үш кезеңге бөлген: федоров (б.э.д. 2 мыңыншы жыл),
алакөл (б.э.д.11-9 ғ.ғ), замараев (б.э.д, 8-7 ғ.ғ). Кейінен жаңа мәліметтер
бойынша бұл хронологияға мынандай түзетулер енгізген: 1 кезең, федоров-
б.э.д 18-16 ғ.ғ; 2 кезең, алакөл - б.э.д. 15-12 ғ.ғ; 3 кезең, замараев -
б.э.д. 12-8 ғғ.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан экспедициясы қысқа
уақыт ішінде Бетпақ-даланың, солтүстік-батысынан бірнеше ірі обалар:
Айшырақ, Дарат, Атасу, Жанайдар, Айбас-Дарасы, Атасу І, 2, Бұғылы 1, 2, 3
қоныстарын ашып, зерттеген. Қола дәуірінің бір топ ескерткіші Нұра өзенінің
маңайынан анықталған. Экспедиция жүргізген археологиялық зерттеулер
Б.Н.Граков және М.И.Грязновтың, қазақ даласы ежелгі мәдениеттің бай және
өзіндік бейнесін береді, ал қола дәуірінің тұрақтарын және қабірлерін
қазу, әр пункттың мәліметтері Қазақстанның өткенін қалпына келтіруге ғана
мүмкіндік бермей, сонымен қатар басқа облыстардың ежелгі мәдениеттеріне
басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді деген болжамдарын растап
берді [5, 215 б.].
Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштеріне К.В.Сальниковтың
үлгісі бойынша кезеңдеу жасалып, федоров, алакөл және дәндібай кезеңі деп
бөлінді. Соңғысы қарастырылып отырған территорияға байланысты өзгеше болып
келеді.
Бір уақытта барлау жұмыстары республикамыздың өзге аудандарында да
жүргізілген. Олар 15 облыстың 10 облысын қамтыған. Он экспедиция және
отрядтар жүздеген жаңа ескерткіштерді ашып 600-ден астам қорғандар мен
дуалдарды қазған. Ескерткіштерді кезеңдеуде, хронологиясын анықтауда,
андронов мәдениеті тайпаларының этникалық мәселелерін анықтауда Ақтөбе
облысындағы Тасты-Бұтақ конысының маңызы зор. В.С.Сорокин кешенді радио-
углеродты анализ жасау негізінде ескерткіштерді алакөл кезеңіне жатқызды.
Қоныстар мен оба топографиясынан шыға отырып, шаруашылық және баспана
құрылысы жөнінде В.С.Сорокин: олардың болуы қола дәуірінің екінші
жартысына сәйкес келетін ксеротермиялық кезеңнің бас кезіне қатысты деген
ой айтады [6, 51-60 б.]
Андронов мәдениетін кезеңдегендердің бірі М.Н.Комарова. Ол өзінің
жобасын басқа зерттеушілер секілді оба материалдарына сүйеніп жасады. Оның
есептеуінше обалар хронологиялық жағынан да, этникалық жағынан да бір қоныс
тобына жатады. М.Н.Комарованың пайымдауынша андронов мәдениеті
ескерткіштерінің хронологиясы молаларды зерттеу барысында нақты
анықталды. М.Н.Комарова Алексеев қонысының керамикалық кешенімен Садчиков
қонысының керамикалық молаларын салыстыра отырып, олардың қоныстануын екі
жақты қалпына келтірді. Сонымен қатар, ол ескерткіштерді хронологиялық
жағынан беғазы-алакел және қарасуық деп екі топқа бөлді.
1955 жылы Е.А.Агеева және А.Г.Максимова Павлодар облысында қола
дәуірінің үш кезеңінің ескерткіштерін ашып, зерттеді. А.Г.Максимова үш
кезеңдік дәуірлеуді жасаған болатын. Неғұрлым кең ұсынылған ескерткіштер
қарасуық уақытына сәйкес келген [8, 91-116 б.].
1960 жылы С.С.Черников Шығыс Қазақстанда зерттеу жүргізу негізінде
және А.Г.Максимованың мәліметтеріне сүйене отырып жаңа кезеңдеу жасады.
Шығыс Қазақстан қола дәуірін ол төрт кезеңге бөлді: усть-бекен (б.з.д
18-16 ғ.ғ), қанай (б.з.д -14 ғ.ғ), малокрасноярский (б.з.д 14-9 ғ.ғ),
трушниковский (б.з.д 9-7 ғ.ғ).
Жиырма жыл ішінде қола дәуірі ескерткіштерін кең масштабты зерттеу
ертедегі белгісіз материалдарды жинауға, көптеген мәселелерді жаңа қырынан
қарастыруға, дәуірлеу мәселесінен бастап андронов мәдениетінің шығуы және
оның жергілікті нұсқалары, трансформация мәселелерін шешуге жол ашты.
80 жылдардың басындағы В.С.Стоколостың алакөл мен федоров ыдыстары бір
ескерткіштен табылған деген хабарламасы К.В.Сальников ұсынған кезеңдеуді
қайта қарастыруға түрткі болды. В.С.Стоколос өзінің еңбегінде әр кезең бір-
бірімен ешқандай байланысы жоқ мәдениет сияқты,оның өзіндік мәдениеті,
белгілі бір территориясы бар деген ой айтады. В.С.Стоколос басқа
зерттеушілердің пікіріне қосылмай, алакөл мәдениеті Қазақстан
территориясының көп бөлігіне тараған деген өз пікірін алдыға тартады [10, 5
б.].
Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін кезеңдерге бөлген А.М.Оразбаев
болды. Оның жобасының негізіңде К.В.Сальниковтың классификациясы алынды,
айырмашылығы ол замараев кезеңін өзіндік мәдениет ретінде бөлді. Қола
дәуірінің алғашқы екі кезеңін: федоров және алакөл деп көрсетгі [12, 220-
259 б.]. Бұл жерде А.М.Оразбаевтың К.В.Сальниковтың пікірін біршама
қолдағаны байқалады.
Солтүстік Қазақстаннан табылған материалдарға мұқият талдау жасау
Г.Б.Здановичтың жаңа кезеңдеуді ұсынуына мүмкіндік берген. Ол қола дәуірін
мынандай екі кезеңге бөлген: дамыған және кейінгі, дамығанның өзін петров,
алакөл, амангелді-бескөл деп үш кезеңге бөліп көрсеткен. Автордың ойынша
соңғы кезеңде федоров тайпалары алакөл қоныстанушыларына еніп, белсенді
қарым-қатынас жасаған. Кейінгі қоланы Г.Б.Зданович екі кезеңге бөлген:
замараев (б.з.д 11-10 ғ.ғ) және ильинский (б.з.д 9-7 ғ.ғ).
К.Ф.Смирнов және Е.Е.Кузьмин Новакумак обасының қорған материалдары
негізінде алдыңғы алакөлдік новакумак кешенін бөліп көрсетіп, оның қатарына
Петровка және Новоникольск қоныстарьш қосты. Дегенмен де бірқатар авторлар
новокумактік тип, новокумактік хронологиялық горизонт термиңдерінің
ғылыми айналыста жоқтығы жөнінде талас тудырды. Бірақ зерттеушілер,
андроновтық этномәдени қоғамның этникалық және әлеуметтік тарихы, шығу тегі
мәселелерін оқып үйренуде бағалы еңбек деп мойындаған.
Андровов қоғамының кезеңдеу мәселесін Н.А.Аванесова қайта қарастырып,
метал өнімдерін зерттеу негізінде мынандай кезеңдеуді ұсынды: алдыңғы
алакөлдік кезең, андронов мәдениеті, замараев-беғазы мәдениеті. Андронов
мәдениетінің өзін үшке бөлді: алакөл, қожамберді және федоров. Автордың
тұжырымдауынша біріншіден, алакөл ескерткіштері федоров ескерткіштерінен
бұрын болған; екіншіден, алакөл ескерткіштерінде полтавкин және абашев
тайпаларының керамикалық дәстүр элементтерімен сипатталатын хронологиялық
горизонт байқалады; үшіншіден, қожамберді типіндегі керамиканы ала-көлден
федоров кезеңіне өткен деп есептеу керек [1, 19 б.].
Тобылдың далалық бөліктеріне В.В.Евдокимова мынандай кезеңдеу жасады:
1) алакөл мәдениеті: а) петровск кезеңі (б.з.д 16-15 ғ.ғ); б) алакөл кезеңі
(15-ІЗ ғ.ғ); 2) алексеев мәдениеті: а) алексеев кезеңі (15-10 ғ.ғ); б)
загарин кезеңі (б.з.д 10-ІЗ ғ.ғ). Автордың ойынша дамыған қола дәуірінің
ескерткіштерінің барлығы бір мәдени-хронологиялық топ-алакөлге қатысты
болуы мүмкін [1, 20 б.].
Зерттеушілердің арасында пікірсайыс тудырып отырған андронов
мәдениетіне қатысты бірқатар мәліметтерге Ә.Х.Марғұлан өзіндік талдау
жүргізіп өткен. Ә.Х.Марғұлан, Бетпақдаламен шекаралас аудандардағы орта
қола ескерткіштерінің көбісі, Орталық Қазақстан тайпаларының қола мәдениеті
дамуының ең жоғарғы кезеңі аймақтың оңтүстік аудандарын қамтығанын
дәлелдеді. Осы арада, Атасу өзені мен Орталық Қазақстанның оңтүстік
бөлігінде орналасқан андронов ескерткіштері атасулық деген атау алған.
Біздің мәліметтер дәлелдеп отырғандай, соңғы қола дәуірі ерте скифтік
мәдениеттің басталуымен тығыз байланысты - деп көрсетті [12, 24 б.].
Ә.Х.Марғұлан, М.П.Грязновтың, С.С.Черниковтың, В.М.Массонның және
А.А.Формозовтың, Қазақстандағы қоланың шығу тегі энеолит негізінде жатар
және ертеден бері оңтүстік пен солтүстік, батыс пен шығыс арасында тайпа
аралық ұштастық болған деген ойларын әділ бағалайды. Ол зерттеушілердің
қола мәдениеті ежелгі рудниктар мен металлургтардың қалдықтары сақталған
солтүстік далаларынан бастау алады деген ойларына толықтай қосылды.
Ә.Х.Марғұлан, Орталық Қазақстанның кейіші қола дәуірінің көкейкесті
мәселелері М.П.Грязновтың жұмысында дәйекті түсіндірілгендігін айтып өткен.
Бірақ кейбір ғалымдар кейінгі қола дәуірінін ескерткіштерін андронов
мәдениетіне жатқызады. Мәселен, С.С.Черников, андронов мәдениеті тікелей
ерте көшпенділер мәдениетіне өтіп, ешқаңдай аралық кезеңсіз, көшпенді мал
шаруашылығы жағдайына ауғандығын дәлелдеуге тырысты. Ол: Андроновская
культура, когда-то яркая, самобытная и сильная, изживает себя, переходя в
культуру ранних кочевников деп жазды.
Орталық Қазақстандағы алуан түрлі ескерткіштер қола дәуірін кезеңдеуді
нақтылауға мүмкіндік береді. Ә.Х.Марғұланның ойынша, Ортау 1, Ақсу-Аюлы 2,
Бесоба, Қарашоқы, Беласар 2 және т.б, керамикалық сипаты жағынан, қола
бұйымдары, әсіресе қабір құрлысының типі, дөңгелек қоршаулы қорғандардың
алакөл уақытына қатысы жоқ. Олар - кейінті андроновтан беғазы-дәндібай
уақытына өту кезеңінін өнімі. С.С.Черников оларды сарыкөл қорғанының
олжалары дәлелі ретінде алакөл кезеңіне жатқызады. Ә.Х.Марғұлан бұған қарсы
бұл қорғаннан табылған ыдыстарды федоров уақытына қатысты деген пікір
білдірген. Бұл бірен-саран дерек Ортау, Байбала, Ақсу-Аюлы, Бесоба
кешендерін хронологиялық жағынан топтастырудың шешуші дәлелі емес.
Қорғаннан табылған ыдыстар, оның уақытына сәйкес келмейді, анағұрлым ерте
кезеңге жатады. Ол аңдронов жәшіктерінен алынған болуы мүмкін, ыдыстар үйде
сақталып, сол жерден жерлеу кезінде қорғанға түсірілген.
Кейінгі андронов ескерткіштері көп орі алуан түрлі. Олар дөңгелек,
сопақ, үшбұрышты немесе төрт-бұрышты қоршаулармен біріктіріліп және жиі-жиі
ай қастырылып құрастырылған. Көп жағдайда үйіндісіз, қабырғалары гранит
плиталардан құрастырылған қоршаулар кездеседі. Ә.Х.Марғұлан мұндай
қоршауларды Орталық Қазақстанның андронов тайпаларының патриархальды-отбасы
қауымының кабірлері деп есептейді.
Ә.Х.Марғұлан Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана
еңбегінде кейінгі андронов кезеңіне тән, күйеуі мен әйелі жерленген екі
бөлмелі тас қоршау жөнінде біраз мәлімет береді. Әйелі мен күйеуі, біреуі -
оң жақ қырынан, екіншісі, сол жақ қырынан бір-біріне. қаратып жатқызылған.
Ә.Х.Марғұланның берген мәліметіне сүйене отырып, бұл дәстүрді, андронның
классикалық кезеңіне тән тұрақты жерлеу рәсімі деп есептеуімізге болады.
Ә.Х.Марғұланның пайымдауынша, бұл патриархальды-отбасы қауымының рулық
қабірі емес, ол патриархальды-отбасы қоғамының көрнекті мүшелерінің табыты.
Ә.Х.Марғұланның монографиялық еңбегінде алакөл кезеңінің
хронологиясы көп күмән тудыратындығын баса көрсете отырып, қола дәуірінің
алуан түрлі ескерткіштерін зерттеу негізінде мынандай кезеңдерге бөлді:
1) энеолит (3 мыңжылдықтың 2-ші жартысы);
2) ерте андрон (б.з.д.17-15 ғ.ғ) Орталық Қазақстанда нұра кезеңі;
3) кейінгі андрон (б.з.д.14-13 ғ.ғ) Орталық Қазақстанда атасу кезеңі;
4) андроннан кейінгі қолаға өту кезеңі (б.з.д.12-11 ғ.ғ);
5) беғазы-дәндібай кезеңі (б.з.д.10-8 ғ.ғ).
Яғни, Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында
бірінен соң бірі келетін Нұра және Атасу кезеңінен өткен.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған алуан түрлі
материалдар, андронов мәдениетінің теориялық және практикалық маңызын
анықтауға көп көмегін тигізген. Қоныстар мен обалардан қолға түсірілген
материалдардың жүйелілігі қола дәуірінің ескерткіштерінің кезеңі мен
хронологиясына жаңаша қарастыруға мүмкіндік берді [13, 150-153 б.].

1.2 Қоланы алудың тәсілдері

Қазақстанның кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен
б. з.-дан үш мың жыл бұрын өндіріле бастағанын анықтайды. Қола дәуірінде
кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Жезқазған
өңірінде 100 мың т. мыс қорытылған. Ал Успен кенінде 200 мың т. кен
өндірілген.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касетерит)
төсілін тапқан, сонда ол жыныста жез бен қалайы қосындысы күрт көбейген.
Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты қайлалап, тас
соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға отпен
өндіру төсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе
забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су
құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар
жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған.
Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған
рудалы қатпарды балғамен ұрып, опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар
(жасанды үңгімелер) қазған кезде оған агаш тіреулерді пайдаланған. Шахта
қасындағы су басына өндірілген руданы өкеліл, жуып, бос қоқыстардан
тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып
балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай
ауылының қасынан табылды [14, 82-83 б.].
Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка,
Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Металл балқытумен бірге
андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын
фольгамен оралған қоладан олар самай сырғаларын, алқалар, білезіктер
жасаған. Жетісудегы Қапал қыстағы жанындағы қорымнан табылған, ішкі жағына
екі ат бейнесі салынған самайға тағылатын салпыншақ зергерлік өнердің
ғажайып үлгісі болып табылады.
Егер Үндістанның, Иран мен Ауғанстанның, Орта Азияның ежелгі
егіншілері ішінде қола дәуірінде ыдыс-аякты өзге қолөнершілер арасынан
суырылып шыққан кәсіпқой құмырашылар істейтін болса, Казақстанның далалары
мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер
саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде
таспен қоршалған шұңқырға атаулатып от жағып сонда күйдірген. Б. з. дейінгі
ХVІІ-ХVІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір калыпқа салынып істелген, қалыптың
өзі түбі тегіс бәнкі тәрізді, сырты ат қылынан немесе жуан жүн жіптен
тоқылған матамен қапталады екен. Ыдыс-аяқтар әртүрлі сызықтармен, не
тарақша етіліп түсірілген геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Кейбір
құмыралар сыртына қолдан жапсырып бедерлі нақыстар салынған. Ыдыс-аяқтың
өрнектері тек әсемдік үшін ғана емес, оның ыдыс ішіндегі нәрсені тіл мен
көзден,жадылықтан сақтайтын басқа да сиқырлы мәні болған, бұған қоса ол
ыдыстың бос тұрмай, берекелі құтты болуына меңзейтін де мағынасы болғанға
ұқсайды.
Орта қола кезеңінде (б. з. дейінгі ХV-ХІІІ ғғ.) ыдыс-аяқтар біркелкі
стандартқа көшіп, жетіле түседі: бұрынғыдан жұқа, әсем келеді. Олар қалып
көмегімен немесе дөңгеленте қолдан жапсыру төсілімен әзірленген; бұл тәсіл
бойынша әуелі ыдыстың түбі дайындалады да, сосын оған дөңгелектеп бүйірін,
дөңгелек-иінін, сосын жоғары жағын орнатады. Ал енді бүйірі дөңгеленіп
келіп мойынға айналар жерде ойық пайда болады, бұл — орта қола кезіндегі
андронов мәдениетінің танымал бір белгісі. Бұлардың ою-өрнегі бұрынғыша
сызылған немесе штамппен түсірілген (іші штрихтелген үшбұрыштар,
меандрлар). Бұрынғы құмыралардан бір өзгешелігі — ою-өрнектер үш жолақ,
танап етіліп жүргізіледі. Зерттеушілер құмыраларды жасаудағы тағы бір
тәсілді атап өтеді: мұнда әуелі құмыраның өзі жасалады екен дағы сосын оған
оның теп-тегіс түбі жапсырылатын болған [14, 82-83 б.].
Кейінгі қола кезеңінің ыдыс-аяқтарының бір ерекшелігі — олар өте
бүйірлі және жалпы нобайы дөңгелектеу болып келеді. Сырттарында жарасымды
жапсырылған дөңестеу меруерті, томпақтау әшекей-бедерлері болады.
Андроновшылардың құмыра, көзелерін көркемдеп көрсететің ою-өрнектері
жүздеген жылдар бойы сақталған, олардың кейбір элементтерін қазақтың
колданбалы өнерінен осы күнге дейін көруге болады.

1.3 Дәуірдің ерекшеліктері

Далалық жайылымдары, өзен аңғарлары, шүйгін жайылмасы мен кентастарға
бай Орталық Қазақстан андронов қауымдастығына кірген тайпалардың негізгі
және ірі аудандарының бірі болды. Бұл өңірдің батыстағы шекарасы Жезқазған-
Ұлытау, Арғанаты, Терісаққан өзенінің жоғарғы ағысынан өтті, шығыста ол
Ертістің сол жақ жағалауына дейін жетті, оңтүстікте - Бетпақдаланың
солтүстік жиектеріне шейін созылды. Нұра, Шерубай-Нұра, Атасу, Сарысу
өзендерінің алаптары, Бұғылы, Беғазы, Қызыларай, Кент тауаралық алқаптары,
Ұлытау, Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау тауларының беткейлері неғұрлым
жақсы игерілген аудандар болды. Бұл жерлерден көптеген қоныстар, қорымдар,
ежелгі кен орындары, ғүрыптық орындар мен жартас суреттері - петроглифтер
табылған. Қазіргі уақытта бұл аумақтан табылған 30-дан астам қоныстар мен
150-ден астам қорымдар белгілі.
Андронов мәдениетіне бейіт құрылыстарын салуда көрнектілік пен
күрделілік, тасты өңдеуге байланысты дамыған құрылыс техникасы тән.
Ерте кезең, немесе нұра кезеңіндегі жерлеу ғұрпына өлікті өртеу
(кремация) тән. Өлікті молаға қою ғұрпы да кездеседі. Молалар - шағын,
үйілген топырақтардан тұрады, тас тақталардан тұратын дөңгелек немесе тік
бұрышты қоршаулармен қоршалған. Қоршау ішінде қабір орналасты, ол тік
бұрышты шұңқыр, немесе шеті тас тақталармен қаланган шұңқыр (циста), не
болмаса тас жәшік еді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін шұңқыр тас
тақталармен жабылды. Бұғылы-1, Ақсу-Аюлы қорымдарында осындай бірнеше
ондаған қоршаулар бар. Қыштан жасалған ыдыстар ою-өрнектермен әшекейленген.
Ою-өрнекте үш бұрыштар мен меандр, қатарлас басу үйлескен. Ыдыстардың тек
жоғарғы бөліктері ғана әшекейленген. Дөңгелек қола айна, қола моншақ
табылған. Молалардан және олардың жанынан үй жануарларының сүйектері
табылған-ды.
Келесі атасу кезеңінде, игерілген аумақ үлкейе түсті, соның ішінде
далалық және жартылай шөлейтті аудандар игерілді. Тау-кен ісінің де көлемі
ұлғайғандығына көптеген кен орындары куә бола алады.
Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие, Елшібек, Беласап қорымдары
жақсы зерттелген. Атасу өзені бойынан молалар мен қоныстардың үлкен тобы
табылған. Қоршау ішінде, бұрынғыддй шұңқырлар, жәшіктер мен цисталар болды.
Өлікті қырынан қойып жерлеу ғұрпы басым бола бастайды.
Қоныстар өзіндік жоспарымен ерекшеленеді: баспаналар (олар 10-нан 80-
ге дейін болады) ортада ішкі алаң қалдырылып айналдырыла салынды, ал ортасы
мал қамауға арналды. Баспаналар негізін қазылған шұңқыр құрады, олардың
қабырғасы тақтатастармен шегенделді. Жан-жақты зерттелген Атасу қонысының
ауданы 1500 шаршы м болды және ол 35 жертөлелер мен шаруашылық
құрылыстарынан тұрды. Кейбір баспаналар ұзынша жолдармен жалғасты.
Қоныстарда мыс қорытқан баспана-шеберханалар болды. Қорыту пештері мен
олардың жанынан мыс кесектері, күл-қалдық, құю қалыптарының сынықтары,
кентасты уатуға арналған құралдар аршып алынған.
Осы уақыттарда ғүрыптық құрылыстар (құрбан шалатын орындар) пайда
бола бастайды. Олар биіктеу жерлерде, қоныстардан тысқары орналасты және
дөңгелек немесе сопақ бітімді, жалпағынан қойылған шомбал тастардан тұрды.
Қазу барысында олардан көмір мен күл қабаттары, еңбек құралдары, қыш
ыдыстар шыққан [14, 73-81 б.].
Қоныстар мен молалардан қоладан жасалған құралдар, қару-жарақтар,
әшекей бұйымдары көптеп табылған.
Зерттеушілердің топшылауынша, Орталық Қазақстандағы қоланың кейінгі
кезеңі дәндібай-беғазы аталатын жаңа мәдениеттін қалыптасуымен
сипатталынады. Оған андроновтық дәстүрлердін сақталуы мен жаңа
элементтердің - қабір үстіндегі ерекше түрдегі құрылыстардың, саз
ыдыстардың жаңаша тұрпаттарының шығуы тән еді. Сонымен қатар, бұрынғы аяқ-
қолын жинап қырынан жатқызып жерлеу ғұрпымен бірге ұзынынан арқасымен қою
да ұшырасады.

2 Андронов мәдениеті

2.1 Андроновшылардың негізгі тіршілік және шаруашылық көзі

Андронов мәдениеті Ачинск қаласы маныңдағы Андроново селосының түбінде
1913 жылы табылды. Қола дәуірінде Сібірдің, Орал бойының, Қазақстан мен
Орта Азияның кең байтақ далаларын шыққан тегі жағынан туыстас, тарихи
тағдырлары сабақтас, арттарына өзіндік жарқын мәдениет қалдырған тайпалар
мекендеген. Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың
бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-
ақ қазба жұмыстары жүргізілген аудандарда уақыт шеңберін анықтау [15, 72
б.].
Андроновтықтар кетпенмен жер өңдеп, өсірілген астықты қола орақпен
орып алған. Олардың тұрақтарынан тастан жасалған дән үккіштер жиі табылады.
Орта ғасырлардың жартастағы бейнелеріне петроглифтерге қарағанда олар өгіз
жеккен соқаларды да пайдаланған.
Андроновтықтардың негізгі тіршілік көзі әрқашанда мал шаруашылығы
болды. Андроновтықтардың қабіріне қойылған қыш құмыраларға қарағанда
тұрғындардың негізгі тамағы сүт өнімдері болған. Қоныстардағы ас үй
қалдықтарының арасында өгіздердің, жылқы мен қойдың сүйектері өте көп.
Палеозоологтардың есептеулері бойынша андроновтықтардың ет тағамдарының
үштен екісі сиыр, тек оныншы бөлігі ғана қой еті болғаны анықталды. Ал
жылқы еті ет тағамдарының үштен біріне тең. Андроновтықтардың тұрақтарында
малды, бәрінен де бұрын мал төлін ұстауға арналған қысқы орындар жасалған,
кейде үйге іргелес қосымша қоралар салынған.
Андроновтықтар мал ішінде, әсіресе, жылқы табындарын жоғары бағалаған.
Сүйек қалдықтары бойынша жүргізілген зерттеулер жылқының үш тұқымы
өсірілгенін дәлелдейді моңғол жылқысы түріндегі өте төзімді, басы үлкен,
тәпелтек (шоқтығына дейінгі биіктігі 128-136 см) жылқы, биік жылқы (136-
152см), биіктігі 152-160 см, аяқтары жіңішке, басы кішкентай, мойны иілген
және сауыры жинақы асыл тұқымды жылқы. Арбаға жегуге бейімделген бұл асыл
тұқымды аттар иелерінің мақтанышы болған.
Далалық және шөл далалық жайылымдарды игерудің неғұрлым тиімді тәсілі
көшпелі мал шаруашылығында ауысуда отырықшы мал шаруашылығы аралық саты
қызметін атқарды. Мұндай тұрмыстық өзгерістерге өтуге мал құрамы аса
маңызды алғышарт болды. Олардың арасында тебіндетіп жаюға (қар астындағы
шөпті теуіп жайылатын) және алыс қашықтықтарға айдауға ыңғайлы жылқы мен
қой көбірек ұсталды. Осыған сәйкес сиыр табындары азайтылып жылқы үлесі
ұлғая түсті.
Андронов мәдениеті өмір сүрген соңғы кезде б. з. б. 12-9 ғасырларда
Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағында жылқының бағымдағы үлесі 14- тең
36 пайызға дейін ұлғайды.
Басқа да жаңалықтар өмірге келді - шаруашылық қозғалысының өсуіне
сәйкес қос өркешті түйелердің саны да өсті. Олардың сүйектері
андроновтықтардың ең ертедегі тұрақтарынан табылды.
Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан ағатын дала өзеншелері мен
өзектері жағаларында орналасқан. Олармен іргелес өзендер жайылмаларында
тұрғындайды.
Қазақстанда қола дәуіріндегі андроновшылардың негізгі кәсібі
бақташылық, мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік болды. Мал
шаруашылығының дамуы қоғамның азық-түлікпен және тұтыну бұйымдармен көбірек
қамтамасыз етілуіне, артық азық-түліктердің пайда болуына, айырбастың одан
әрі өсіп, ұлғаюына, түптеп келгенде, байлықтың қорлана басталуына жеткізді.
Олардың егін мен бау-бақшалары болған.
Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқарған.
Малдың көбі ірі қара мал болды, оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланды.
Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қысқа ет дайындауға
арналды, ал төлдің бір бөлігі өсімге қондырылды. Үй маңында мал бағудан
бірте-бірте жайлауда мал бағу шықты. Малды жайлауда баққанда бақташылар
малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды.
Малдың құрамында ұсақ малдың, қой мен ешкінің, және жылқының саны
көбейді. Жануарлар ішінде сүті мен етін, киімге - жүні мен терісін,
ісірмелікке - сүйек-мүйізін, отынға - тезегін берген. Андроновшылардың
негізгі тамағы - сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не
сарысу сүзетін ұсақ тесікті ыдыстардан байқауға болады. Ет өте қымбат
болған оны мейрамдарда ғана жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың
негізгі малы - қой, сиыр, жылқы болған. Тамақ қажеттілігіне тек екі-үш
жастағы жас малды жұмсаған, ал асыл текті малдарды тұқым үшін қалдырған.
Шаруашылықтың мұндай жүйесі мал санын кемітіп ұстауға, оның өнімділігін
арттыруға жағдай жасаған.
Андроновтар қос өркеш-бактриан түйелерін өсірген. Олардың сүйектер мен
тұяқтары қоныстар мен қорымдардан табылған. Түйе бейнелері жартастарға
салынған, тіпті Үшқақты қонысынан түйенің қыш мүсіні қолға түскен.
Андроновшыларда тоқыма кәсібінің болғаның қара дүрсін тоқым станогының
ұршықбастарының, сүйектен, тастан, балшықтан жасалған шүйке орағыштардың
және қарапайым тоқыма станогының арқауын тартатын сүйек жұлдыздардың
табылуы дәлелдейді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен
тоқылды. Андроновшылар жабайы зығырдан және қалақайдан иірілген жіптер де
қолданды. Қорымдардан табылған олжа-заттарға қарағанда олар тарамыспен
тіккен өкшесіз былғары аяқ киім киген. Киімдерін жүн матадан тігіп, оларын
сүйек түймелермен іліктеген. Әйелдер көбіне ұзын женді, етегі жер сызған
жүн көйлек киіп жүрген. Жең қайырмалары, әдіптері қатар қадалған қола
таналар тізбегімен әсемделген. Белдемше алдыңғы жағынан ақ жылтыр
моншақтармен әсемделіп, кеудесіне дөңгелек қаптырма қадалатын болған.
Ерте және орта қола кезінде яғни б.з.д I мыңжылдықтың басы
андроновшылар отырықшы болған. Аралас шаруашылықпен айналысып, егін өсіріп,
мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай
түрінен жайылма тез ысырылған. Мал шаруашылығының өнімділігін бір денгейде
сақтап, оның санының артуы үшін мал ұстаудың жаңа түрлері қажет болды.
Андроновшыларда бұл өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі) еді,
мұнда әйелдер мен балалар ауылда қалып, егіншілікпен айналысады да, ал
еркектер мен жасөспірімдер малмен бірге күллі көктем жаз бойы алыстағы
жайылымдарға кетіп, үйлеріне күз соңына таман оралып отырған.
Маусымдық жайылымдардың қашықтығы әртүрлі болған. Жетісу мен Шығыс
Қазақстанда олар 50 ден 80 шақырымға дейін болса, Батыс Қазақстанда жазғы
жайлау жолы құба дала мен сусыз шөлді басып, жүздеген шақырымға жеткен.
Сонымен үй іргесіндегі тепсеңнен жайлауға көшу, отарлы мал шаруашылығы,
сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бұл әрине дала мен шел жайылымдарды
тиімді пайдалануға жәрдемін тигізді.

2.2 Андроновшылардың үй кәсіптері және әдет ғұрпы

Андроновшының отбасылары үй тіршілігіне қажетті іс-әрекеттердің бәрін
де жасай білген: жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім кешек пен аяқ киімдерді
түрлі- түсті жіптермен әрлеп, апликациямен және жылтырақ бисермен
безендіріп тігу - бәрін де игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен
иірген. Осыған өзге жүндер де түбіт те жараған. Тіпті кенеп те жабайы зығыр
да, қалақай да пайдаланылған.
Ол кезде тоқыма станогы да, ұршық та белгілі болған. Қорымдардан
табылған олжа заттарға қарағанда андроновшылар тарамыспен тіккен, өкшесіз
былғары аяқ киімдер киген. Еркектері де әйелдері де басына жүннен тоқылған
немесе теріден тіккен құлақшын киген. Киімдерін жүн матадан тігіп, оларды
сүйек түймелермен ілгектеген.
Әйелдері көбінесе ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлектер киіп
жүрген. Жең қайырмалары, әдіптері қатар қола таналар тізбегімен әсемделген.
Белдемше алдыңғы жағынан ақ жылтыр моншақтар қатарымен сәнделген. Киімнің
жағасы мойынды айналдыра уақ шыны моншақттармен әсемделіп кеудесіне
дөнгелек қаптырма қадалатын болған. Маталарды алқызыл және көк түске
бояған.
Әйелдер құлақтарына қола сырға, қапталған алтынмен дөңгелек сырғалар
тағып, мойындарына қоладан жасалған өңіржиектер, кейде оған алтын моншақтар
тізіп салатын болған. Қолдарына білезіктер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
Пәндер