Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы
1.1 Құстардың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазақстанның елді мекендерінде өмір сүретін құстардың негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Елді мекендерде кездесетін құс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Тәжірибелік бөлім
2.1 Елді мекенде өмір сүретін тазқараның тіршілігін зерттеу ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Кіріспе
Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді.
Қазақстан аумағында орналасқан аудандарда жүргізілген 140 жылдық орнитологиялық тексерулер кезеңінде құстардың 300 түрі анықталды. Экспедициялық жұмыс кездесулері уақытында 131 түрі кездесіп, оның ішінде 10-ы ҚР Қызыл кітабына енгізілді. Алуан түрдің көпшілігі Қаржантауда (103 түр), Талас Алатауы (98), Өгем жотасы (92) және Машат –Даубабин тауында (66), Қазығұрт (63), Майданталда (48) белгіленді. Сондай-ақ, соңғы жағдайда бас жағы ғана зерттелгенін ескерген жөн.
Батыс Тянь-Шаньға тиесілі 117 индикаторлы құс түрлерінен 30-ы кездеспеді. Соңғыларынан құмай (Gypshimalayensis) сақалды құр (Perdixdauurica) мұнда ешқашан кездеспеген. Экспедициялық жұмыстар құстардың көшіп-қонуының көктемгі кезеңінің соңы мен күзгі кезеңінің басында жүргізілгендіктен, ұшуда құстардың бірнеше түрі кездеспеді. Оларға жатады: дала (Circusmacrourus) және батпақты ителгі (С. aeruginosus), қызғыш (Vanellusvanellus), тауқұдырет (Gallinagogallinago), көл шағаласы (Larusridibundus), өзен бізтұмсық шағаласы (Sternahirundo), дала жадырағы (Anthusrichardii), сары қаратамақ (Motacillaflava), қаратамақты жылқышы (Prunellaatrogularis), үнділік (Acrocephalusagricola), бырылдақ торғай (A. arundinaceus) және қамыс айқабағы (A. scirpaceus), қызылбауыр қызылқұйрық (Phoenicuruserythrogaster) және алабұлбұл (Lusciniasvecica).
Қазіргі уақытта елді-мекендерде ұя салатын қызықұйрық тағанақ та сиреп кетті (Корелов, 1956; Ковшарь, 1966). Сонымен бірге, мұнда 50 жылдан астам уақыт кездеспеген Талас Алатауының бөктерінде қырғауын пайда болды (Ковшарь, 1966).
Зерттеу мақсаты: Елді мекендерде өмір сүретін құстардың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
2. Елді мекендерде өмір сүретін құстардың тіршілік әрекеттерін зерттеу.
3. Елді мекендерде кездесетін құс түрлері.
Зерттеу обьектісі: елді мекен
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Беркінбай Омарқан «Қазақстан құстары» Алматы, Атамұра 2007 (57-73)
2. Валерий Михайлов « Марқакөл» Алматы, Қайнар баспасы 1999 (15-29)
3. Ә.Жұмаділов, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев « Қазақстан қорықтары» Алматы Кітап 2004 (72-83)
4. Е.Гуриков « Іле Алатауы » Алматы Мектеп баспасы 1997 (21-27)
5. М.К.Жұмалиев, Б.Е.Есжанов – « Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі» Алматы Қайнар баспасы 2000 (57-68)
6. Ж.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қыдырбаев – « Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау» Алматы - кітап 2004
7. К.М.Жиенбаев – « Алматы хайуанаттар паркі » Алматы Қайнар баспасы 1995 (55-62)
8. А.А.Иванщенко – « Қазақстан қорықтары » Алматы кітап 2004
9. http://www.google..com/imgres/imgurl=http://cdn8.wn.com/ph
10.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://upload.wikimedia.org
11. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://egemen.kz
12. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://balalaralemi.kz
13. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://cdn4.wn.com
14.http://www.google.com/imgres/imgurl=http://article.wn.com/view/2011/03/08
15. К. Олжабекова Б. Е. Есжанова. Омыртқасыздар зоологиясы І том Алматы ‹‹Қазақ Университеті›› Алматы 2007ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы
0.1 Құстардың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
0.2 Қазақстанның елді мекендерінде өмір сүретін құстардың негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.3 Елді мекендерде кездесетін құс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Тәжірибелік бөлім
2.1 Елді мекенде өмір сүретін тазқараның тіршілігін зерттеу ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22


Кіріспе
Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді.
Қазақстан аумағында орналасқан аудандарда жүргізілген 140 жылдық орнитологиялық тексерулер кезеңінде құстардың 300 түрі анықталды. Экспедициялық жұмыс кездесулері уақытында 131 түрі кездесіп, оның ішінде 10-ы ҚР Қызыл кітабына енгізілді. Алуан түрдің көпшілігі Қаржантауда (103 түр), Талас Алатауы (98), Өгем жотасы (92) және Машат - Даубабин тауында (66), Қазығұрт (63), Майданталда (48) белгіленді. Сондай-ақ, соңғы жағдайда бас жағы ғана зерттелгенін ескерген жөн.
Батыс Тянь-Шаньға тиесілі 117 индикаторлы құс түрлерінен 30-ы кездеспеді. Соңғыларынан құмай (Gypshimalayensis) сақалды құр (Perdixdauurica) мұнда ешқашан кездеспеген. Экспедициялық жұмыстар құстардың көшіп-қонуының көктемгі кезеңінің соңы мен күзгі кезеңінің басында жүргізілгендіктен, ұшуда құстардың бірнеше түрі кездеспеді. Оларға жатады: дала (Circusmacrourus) және батпақты ителгі (С. aeruginosus), қызғыш (Vanellusvanellus), тауқұдырет (Gallinagogallinago), көл шағаласы (Larusridibundus), өзен бізтұмсық шағаласы (Sternahirundo), дала жадырағы (Anthusrichardii), сары қаратамақ (Motacillaflava), қаратамақты жылқышы (Prunellaatrogularis), үнділік (Acrocephalusagricola), бырылдақ торғай (A. arundinaceus) және қамыс айқабағы (A. scirpaceus), қызылбауыр қызылқұйрық (Phoenicuruserythrogaster) және алабұлбұл (Lusciniasvecica).
Қазіргі уақытта елді-мекендерде ұя салатын қызықұйрық тағанақ та сиреп кетті (Корелов, 1956; Ковшарь, 1966). Сонымен бірге, мұнда 50 жылдан астам уақыт кездеспеген Талас Алатауының бөктерінде қырғауын пайда болды (Ковшарь, 1966).
Зерттеу мақсаты: Елді мекендерде өмір сүретін құстардың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу.
2. Елді мекендерде өмір сүретін құстардың тіршілік әрекеттерін зерттеу.
3. Елді мекендерде кездесетін құс түрлері.
Зерттеу обьектісі: елді мекен
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру

І Елді мекендерде өмір сүретін құстардың биологиясы
1.1 Құстардың биологиялық ерекшеліктері
Құстар (лат. Aves)[1] - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы - олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік.
Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі - олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 - 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 - 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 - 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның "Қызыл кітабына" 56 түрі енгізілген.
Қанаттары кең, қалықтап үшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ жатады. Бұлдырықтар, бозторғайлар да шөлейтті, ашық далалы алқаптарда кездеседі. Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер (көбею, жылыстау, т.б.) байқалады. Құстарды жыл құстары, көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар (отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы ауданында) Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы бар.
Жыл құстары Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарлы құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, тыраулаптырналар оралады. Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т.б.) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.
Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады. Құстарға қыста қолдан қорек беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар! Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген. Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен таралған. Ақ дегелек (жыл құсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған. Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі - қоқиқаз (қызылқаз деп те атайды). Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді. Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде кездеседі. Қорғалжын қорығын қоқиқаздар мекені деп атайды. Ол дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады. Қараша қаз, қу тір жық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей үйректер де Қызыл кітапқа тіркелген. Бүлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептеледі. Оның қоразы -- саһар, балапаны -- көгілдір деп аталады.

3.2 Қазақстанның елді мекендерінде өмір сүретін құстардың негізгі ерекшеліктері
Қазақстан аумағында орналасқан аудандарда жүргізілген 140 жылдық орнитологиялық тексерулер кезеңінде құстардың 300 түрі анықталды. Экспедициялық жұмыс кездесулері уақытында 131 түрі кездесіп, оның ішінде 10-ы ҚР Қызыл кітабына енгізілді. Алуан түрдің көпшілігі Қаржантауда (103 түр), Талас Алатауы (98), Өгем жотасы (92) және Машат - Даубабин тауында (66), Қазығұрт (63), Майданталда (48) белгіленді. Сондай-ақ, соңғы жағдайда бас жағы ғана зерттелгенін ескерген жөн.
Батыс Тянь-Шаньға тиесілі 117 индикаторлы құс түрлерінен 30-ы кездеспеді. Соңғыларынан құмай (Gypshimalayensis) сақалды құр (Perdixdauurica) мұнда ешқашан кездеспеген. Экспедициялық жұмыстар құстардың көшіп-қонуының көктемгі кезеңінің соңы мен күзгі кезеңінің басында жүргізілгендіктен, ұшуда құстардың бірнеше түрі кездеспеді. Оларға жатады: дала (Circusmacrourus) және батпақты ителгі (С. aeruginosus), қызғыш (Vanellusvanellus), тауқұдырет (Gallinagogallinago), көл шағаласы (Larusridibundus), өзен бізтұмсық шағаласы (Sternahirundo), дала жадырағы (Anthusrichardii), сары қаратамақ (Motacillaflava), қаратамақты жылқышы (Prunellaatrogularis), үнділік (Acrocephalusagricola), бырылдақ торғай (A. arundinaceus) және қамыс айқабағы (A. scirpaceus), қызылбауыр қызылқұйрық (Phoenicuruserythrogaster) және алабұлбұл (Lusciniasvecica). Басқа түрлері, дала күйкентайы (Falconaumanni), қырғауыл (Phasianuscolchicus), шәуілдек (Crexcrex), қоңыр (Columbaeversmanni) және құзды көгершін (С. rupestris), үй байғызы (Athenenoctua), балықшы (Alcedoatthis), жағалық (Ripariariparid) және тау қарлығашы (Ptyonoprognerupestris), үнділік бозторғай (Alaudagulgula), қар (Montifringillanivalis) және құлакер құнақ (Rhodospizaobsoleta), мұнда жыл сайын мекен етпейді немесе бұл орынды толық зерттеуге мүмкіндік болмады. Қаршығарең сандуғаш (Sylvianisoria), осы аймақтың қалыпты ұялаушы түрі, өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап (Ковшарь, Чаликова, 1992). ұшуында кездеседі. Сонымен қатар, экожүйеде кездесу фактісі бойынша индикаторлық түрлерге бөлуді дұрыс емес деп санаймыз. Құстар қозғалысы өте жылдам болғандықтан олар әрбір жерде болуы мүмкін. Сыныптарды талдауда оларға тән емес биотоптарда кездестірілмеген индикаторлық түр санынан кейбірі жойылып кетті. Аққанат тоқылдақты (Dendrocoposleucopterus) қарағашты орман алабында, ал тауларда - қамыс талдарының арасында көрген, жыршы шымшық (Acanthiscannabina) пен үнді шымшығын (Passerindicus) - аршалы сирек орманда, сары басты қаратамақты (Motacillacitreold) - альпілік және субальпілік белдеу шабындықтарында көрген. Сонымен, индикаторлық түрлердің жекелеген жоталары бойынша кездестірілгендер саны (87 ішінен) мынадай түрде бөлінді: Талас Алатауы - 77 түр, Өгем - 68, Каржантау - 67, Машат-Даубаба - 58, Қазығұрт - 39 және Майдантал - 38. Жекелеген тау жүйесінде олардың әрбіреуінің саны орташа 68% асты. Сондай-ақ, әрбір жота орналасқан жері бойынша, теңіз деңгейінен биіктігі, антропоген ландшафты, геологиялық құрылымы, климаттық жағдайы және басқа факторлармен бір-бірінен ерекшеленеді. Осының барлығы әрбір жекелеген учаскелердің орнитофаунасын құруда өз сипатын тапты. Сонымен, биік тау жоталармен тау бөктеріндегі алқаптардан оқшауланған Майданталда тау бөктерінің құстары, керісінше Машат, Даубаба мен Қазығұртта биік тау құстары кездеспеді. Белгілі болғандай, жалпы барлық қатысушылар үшін тек 11 түр бар - ергежейлі бүркіт (Hieraaetuspennatus), кәдімгі күйкентай, кеклік, сасық көкек, сұр сандуғаш, жасыл сарықас, сұр шыбыншы, қара барылдақ торғай, кәдімгі құралай, сарғалдақ сұлыкеш. Қазғұрттан басқа барлық жоталарда бөдене, үлкен түркептер, кәдімгі сушылқара, қызғылпа сайрақ және көкқұс кездесті, кей жерде осы түрлерге арналған әдеттегі ұя салатын орындары жоқ. Сондай-ақ, кездескен құстардың бірі - жарты ғасыр бұрын бір қалыпсыз Өгем бойынша таралған көк сайрақ (Monticolasolitarius) (Корелов, 1956) кездесті, Талас Алатауына (Шульгин, 1965; Шевченко, 1948; Ковшарь, 1966) тән. Осындай мысалдарды бұдан әрі кездестіруге болады. Негізінен жоталардың орнитофаунасы бір бірінен ерекшеленеді. Бір түрдің таралу саны мен сипаты да әртүрлі. Сондықтан, барлық жоталардығы биокешенді кешенді күзету ғана өңірдің барлық био алуандығын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейінгі зерттеушілермен жинақталған мәліметтерді талдай отыра, кейбір құс түрлері санының кемуін зерттей келе, олардың көпшілігі қазіргі уақытта еліміздің Қызыл кітабына енгізілді. Сонымен біз бұл жерде кездестіре алмаған құстар: лашын (Falcoperegrinus), ителгі (F. cherrug) және қара кезқұйрық (Milvusmigrans) кезінде ауданның бүкіл таулы бөлігін мекен еткен (Корелов, 1956; Долгушин, 1962; Ковшарь, 1966). Құзғын (Neophronpercnopterus), ақбас құмай (Gypsfulvus), қара күшіген (Aegypiusmonachus), жыланжегіш (Circaetusgallicus) және сұр ірі жапалақ (Strixaluco) саны мейлінше азайды. Мұның негізгі себебі адамдардың ұялаған жерінде құстарды мазалауы, сондай-ақ жем-азық қорының азаюы деп ойлаймыз. Біз Өгем алабында қоңыр кептерді де кездестірмедік (Корелов, 1956). Алқаптарды жаппай жыртуға, жайлау шөптерін шабуға байланысты боз торғай саны кеміді. Кезінде Қаржантауда көптеп мекен еткен дала (Melanocoryphacalandra), екі таңбалы (М. bimaculata) және сүйрек тұмсықты (Calandrtllaacutirostris) боз торғайдың (Корелов, 1956) санаулысы ғана кездесті. Қазіргі уақытта елді-мекендерде ұя салатын қызықұйрық тағанақ та сиреп кетті (Корелов, 1956; Ковшарь, 1966). Сонымен бірге, мұнда 50 жылдан астам уақыт кездеспеген Талас Алатауының бөктерінде қырғауын пайда болды (Ковшарь, 1966). Бұрын ұя салған жерде кездеспеген кәдімгі тілеміш (Buteorufinus), құйын (Columbapalumbus), көкқұс, сары шымшық саны артты.
Адам өмірі мен оны қоршаған табиғат ежелден бір бірімен байланысты. Ғасырлар бойы құстардың адамдармен өзара байланысы қалыптасып, олармен бірге жаңа аумақтарға бейімделді. Мұндай жағдай бізде де орын алды, адамдар тұрақты тұрып жатқан таулы жерлерге сақиналы (Streptopeliadecaocto) және кіші түркептер (S. senegalensis), кәдімгі қараторғай (Sturnusvulgaris), дала шымшығы (Passermontanus), ұзын құйрықты және кіші тағанақ, сасықкөкек, , қызыл тұмсық (Hirundorusticd) және секпілтөс қарлығаш(daurica), қараторғай көтерілді. Егер төрт түр елді-мекендерден әрі аспайтын болса, қалғандары (олардың саны тым көп емес) - жоғарыға сәтті көтеріліп басқа биотоптарға бейімделуде. Сонымен қатар, қолдан еккен ағаштар санынан орман алқабының ұлғаю, сондай-ақ олардың жасы бұл жерлерде мысық торғай, сауысқан (Picapica), жұмақ (Terpsiphoneparadisi) және сұр шыбыншы, бұқар мысықторғайы, оңтүстік бұлбұлы, қара барылдақ торғай, маубас жапалақтың (Otusscops), аққанатты тоқылдақ пен құйынның (Columbapalumbus) көбеюіне әкеледі. Егін шаруашылығы бар тау бөктеріндегі аудандардың айналасындағы алқаптарда, сайларда, каньондарда, тастар мен басқа да адам баспайтын жерлерде бірнеше құстар мекен етеді. Жем-азықтың молшылығынан бұл жерлерде құстар саны басқа биотоптарға қарағанда едәуір көп (Қазығұрт, Машат, Даубаба). Адамның шаруашылық жүргізуінің нәтижесінде биотоптардың өзгеруі салдарынан құстар түрінің құрамы өзгереді, мұндай оқиға Жабағлы ауылы маңында ағаш түптерін кесу салдарынан орын алды. (Чаликова, 2001). Осындай жағдайлар ерекше қорғауға алынған құстар үшін қауіпті, себебі бұл олардың осы аудандардан жойылып кетуіне әкеледі. Сондықтан, құстардың алуан түрлілігін сақтаудың басты шарты табиғи мекен ету ортасының өзгеруіне жол бермеу болып табылады.


1.3 Елді мекендерде кездесетін құс түрлері
Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9 -- 23 см, салм. 10 -- 60 г.
Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3 -- 7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.
Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей деген жолдар бар, табиғатпен тумысынан етене туған Қазақ халқы, осынау сайын даланың сары құсын өзіне жақын серік етпесіне кім кепіл...
Бозторғай тынышрықты төтенше сүйетін құс, ұясына озгелер жолп кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс қазақстан облысының табиғат жағдайына қысқаша сипаттама
Қарғаның тіршілігін бақылау
Сары торғай өте әдемі құс
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Жарқанат
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Пәндер