Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1. Нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы өнімнің өзіндік құны және оның мәні
1.1 Өнімнің өзіндік құны . өндірістік.шаруашылық қызметтің маңызды көрсеткіші ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
1.2 Өндіріс шығындарын есептеу әдісі және өнімнің өзіндік өзіндік құнын экономикалық элементтер мен калькуляция статьялары бойынша топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

18

2. «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС.нің өндіріс шығындарына талдау жасау арқылы шығындар бюджетін құру және өнімді сатуды жоспарлау
2.1 Кәсіпорынның өнімді өндіру шығындарының классификациясы ... ... ...
28
2.2«Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС.нің 2007 . 2009 жж аралығындағы техникалық.экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама және қаржы.шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

36
2.3«Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС.нің өнімнің өзіндік құны мен өнімнің сатылу көлемін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
48

3. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері және өнімді сату көлемін арттыру жолдары
3.1 Өндірістік шығындарды жоспарлау және оларды минимизациялау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

58

3.2 Өнімді сату көлемін арттыруға техникалық.экономикалық факторлардың әсері және өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері ... ...

60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
72

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
75
Кіріспе

Ұлттық экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және шаруашылық айналымға аймақтық минералды шикізат ресурстарға енгізуде аумақтар мен халық шаруашылығы салаларының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау маңызды орын алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық түрлеріне жұмсалатын шығындар деңгейін алдағы уақытта төмендету, оның ішінде өнімнің өзіндік құнын төмендету қажеттілігі туындайды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткішті есептеу – берілген көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын бағалауға, оның динамикасын, кәсіпорынның рентабелділігін және әртүрлі өнім түрлерін анықтауға, өндіріс ішінде шаруашылық есеп жүргізуге, өзіндік құнының төмендеу себептерін, өнімге бағаны анықтауға, елде ұлттық пайданың бөлінуін, жаңа техника және техниканың экономикалық тиімділігін есептеуге, жаңа өнім түрін өндіру шешімінің туындауына қажет.
Осы дипломдық жұмыстың ең маңызды мақсаты болып өндірістік шығындарды талдау және өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және осы талдаулар нәтижесінің өнімді сату жоспарына әсерін қарастыру болып табылады. Өйткені, өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық жақтарын бейнелейді. Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын талдау өндіріс рентабельдігілігін арттыру және кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру мақсатында өндіріс қорларын ашу, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалануды тұрақты бақылаудың маңызды құрамы болып табылады.
Өзіндік құнды төмендету халық шаруашылығының капиталсыйымды және еңбексыйымды салаларында өзекті мәселелер ретінде орын алады. Олар материалдар, отын, электр энергиясы шығындарын, еңбек шығындарын төмендеуін, негізгі қорлар тиімділігінің артуын, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруді бейнелейді. Баға еркіндігі мен жоғарғы қарқынды инфляция нәтижесінде соңғы жылдардағы мұнай өндірісінің ұдайы өсу қарқыны орын алып отыр.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі талапқа сай өндірістің өзіндік құнын есептеу және талдау әдістемесін өңдеу қажет. Бұл әдістеме нарықтық экономика жағдайындағы аппаратының өзгеру себептері мен деңгейлері бойынша талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Өзіндік құнның қалыптасуы мен оны болашаққа болжамдық бағалануын бақылауды күшейту, технологиялық шығындар, қызмет көрсетумен және өндірістік процестерді басқарумен байланысты шығындар, нормативтерін қатаң сақтау маңызды қажеттілікке ие болып отыр. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі салалардың нарықтық шаруашылық жүргізу әдістеріне көшуі жағдайындағы өндірістің өзіндік құнын төмендету жолдары мен резервтерін іздеу,
Қолданылған әдебиеттер

1. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденция и размышления», Алматы:Казахстан, 2006 жыл –84 бет.
2. Ашимбаев Т.А. «Экономический потенциал и эффективность, его использования», Алматы: «Наука», 2000 жыл –360 бет.
3. Белобородова В.А. Чечета А.П. «Калькуляция себестоимости продукции промышленности» – учебное пособие, Москва: Финансы и статистика, 2001 жыл- 20 бет.
4. Белькин В.Б. Холодная Г.Н.« Основы организации и экономики промышленного производства, Москва: Высшая школа,2003 жыл.
5. Бренц А.Д. Брюгемен А.Ф. «Планирование на предприятий», Москва: Недра 2000 жыл- 189 бет.
6. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности.
7. Ержанов М.С., Ержанова С.М. «Учетная политика на казахстанском предприятии» (практический аспект), Алматы, изд.дом «Бико». 2007г.
8. Ермолович Л.П., Ермолович В.В. «Анализ эффективности промышленных объединений и предприятий» (справочное пособие) – Минск: Высшая школа, 2008 –496с.
9. Канторович Л. Анализ и оценка доходности на основе двойственных оценок. М., 2006 – 278с.
10. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятий – М.: Центр экономики и маркетинга. 2007 – 192с.
11. Козлова Е.П., Парашютин Н.В., Бабченко Т.Н. Бухгалтерский учет в промышленности. Учебное пособие – М.: Финансы и статистика, 2002г. 464с.
12. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет. Учебное пособие. – М.: Инфра - М, 2006 – 560с.
13. Ламыкин И.А. Основы бухгалтерского учета. Учебник – М.: изд-во МГУ, 2001 – 272с.
14. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г. Анализ финансово- экономической деятельности предприятия: Учеб.пособие для вузов / Под ред. проф. Н.П. Любушина. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2000. – 417с.
15. Макальская М.А., Денисов А.Ю. Самоучитель по бухгалтерскому учету: Учебное пособие, издание 8-е, дополненное и переработанное. М.: ИКЦ. ДИС, 2007 – 432с.
16. Палий В.Ф. «Новое в бухгалтерском учете финансовых результатов», 2007г.
17. Патров В.В., Ковалев В.В. Как читать баланс – М.: Финансы и статистика, 2003-256с.
18. Родостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета – Алматы: Центр аудит – Казахстан, 2000 – 496с.
19. Родостовец В.К., Родостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях. 2-ое доп. и перераб. Алматы. Центраудит – Казахстан 2001 –771с.
20. Ришар Ж. Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятия. Перевод с французского. Под ред. Л.П.Белых – М.: Аудит,Ю ЮНИТИ, 2000.
21. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 2-е изд., и доп. – Мн: ИП «Экоперспектива» 2002 – 498с.
22. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие. В 2-х частях. Ч1/Под общей редакцией чл.-корр. НАН РК, д.э.н. проф. Н.К.Мамырова. – Алматы: Экономика, 2000 - 336с.
23. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 2-е изд., перераб и доп. – Мн: ИП «Экоперспектива», 2001-498с.
24. Чедвик Л. Основы бухгалтерского учета (Пер.с анг. Под ред. В.А.Микрюкова) М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2007-252с.
25. «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС 2007-2009 жж қаржы-шаруашылық есептемелері
26. «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС 2007-2009 жж қаржы-шаруашылық есептемелеріне түсіндірме жазбалар
27. В.К. Родостовец «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2000ж
28. В.А. Луговой «Учет затрат на производство и реализацию продукции (работ, услуг)» М., 2004г.
29. Аксененко К.Ф. «Себестоимость в системе управления отраслью» М., 2004 г.
30. Шишкин А.К. «Учет, анализ, аудит на предприятии» М., 2006г.
31. Фридман П. «Контроль затрат и финансовых результатов анализа качества продукции» М., 2004г.
32. Данилевский Ю.А., Шапигузов С.М., Ремизов Н.А., Старовойтова Е.В. Аудит: учебное пособие. – М.:ИД ФБК-ПРЕСС, 2000.
33. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. - изд. 5-е, перераб. и доп. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2000.
34. Жила В.Г. Ревизия и аудит: учебное пособие – К.: МАУП, 2000 г.
35. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: учебник. – 2-е изд., доп. и перераб. – М.: ИНФРА-М, 2000.
36. Подольский В.И., Поляк Г.Б., Савин А.А. и др; под ред. проф. Подольского В.И. Аудит: учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
37. Подольский В.И., Поляк Г.Б., Савин А.А. Сотникова Л.В.; под ред. проф. Подольского В.И. Аудит: учебник для вузов .– М.: Аудит, ЮНИТИ, 2000г.
38. Нитецкий В.В., Кудрявцев Н.Н. Аудит предприятия. Методология аудиторской проверки хозяйственно-финансовой деятельности предприятия: учебное пособие. – М.: Дело, 2001г.
39. Шишкин А.К., Микробков В.А. Учет затрат и аудит на предприятии. – М.: «Юнити», 2001 г.
40. Скобара В.В. Аудит: методология и организация. – М.: Инфра-М, 1998г.
41. Ковалева О.В., Константинов Ю.П. Аудит: учебное пособие. – М.: «Издательство ПРИОР», 2000 г.
42. Смирнов С.А., Косорукова И.В. Аудит: учебно-практическое пособие. – М.: МЭСИ, 2000г.
43. Райзберг Б.А., Лозовский Л.Ш., Стародубцева Е.Б. Современный экономический словарь. – М.: ИНФРА-М, 2006г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Диплом тақырыбы
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 5
1. Нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы өнімнің өзіндік құны және
оның мәні
1.1 Өнімнің өзіндік құны - өндірістік-шаруашылық қызметтің маңызды
көрсеткіші 8
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Өндіріс шығындарын есептеу әдісі және өнімнің өзіндік өзіндік құнын
экономикалық элементтер мен калькуляция статьялары бойынша
топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

2. Маңғыстауқұрылысинвест ЖШС-нің өндіріс шығындарына талдау жасау
арқылы шығындар бюджетін құру және өнімді сатуды жоспарлау
2.1 Кәсіпорынның өнімді өндіру шығындарының
классификациясы ... ... ... 28
2.2Маңғыстауқұрылысинвест ЖШС-нің 2007 - 2009 жж аралығындағы
техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама және
қаржы-шаруашылық қызметін 36
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2.3Маңғыстауқұрылысинвест ЖШС-нің өнімнің өзіндік құны мен өнімнің
сатылу көлемін 48
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

3. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері және өнімді сату көлемін
арттыру жолдары
3.1 Өндірістік шығындарды жоспарлау және оларды минимизациялау
шаралары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 58

3.2 Өнімді сату көлемін арттыруға техникалық-экономикалық факторлардың
әсері және өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері ... ... 60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
72

Қолданылған әдебиеттер 75
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..

Кіріспе

Ұлттық экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және шаруашылық
айналымға аймақтық минералды шикізат ресурстарға енгізуде аумақтар мен
халық шаруашылығы салаларының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін
талдау маңызды орын алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық
қызметінің барлық түрлеріне жұмсалатын шығындар деңгейін алдағы уақытта
төмендету, оның ішінде өнімнің өзіндік құнын төмендету қажеттілігі
туындайды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында өндіріс шығындары кәсіпорынның
өндірістік шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл
көрсеткішті есептеу – берілген көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын
бағалауға, оның динамикасын, кәсіпорынның рентабелділігін және әртүрлі өнім
түрлерін анықтауға, өндіріс ішінде шаруашылық есеп жүргізуге, өзіндік
құнының төмендеу себептерін, өнімге бағаны анықтауға, елде ұлттық пайданың
бөлінуін, жаңа техника және техниканың экономикалық тиімділігін есептеуге,
жаңа өнім түрін өндіру шешімінің туындауына қажет.
Осы дипломдық жұмыстың ең маңызды мақсаты болып өндірістік шығындарды
талдау және өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және осы
талдаулар нәтижесінің өнімді сату жоспарына әсерін қарастыру болып
табылады. Өйткені, өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорынның
өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық жақтарын бейнелейді.
Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын талдау өндіріс
рентабельдігілігін арттыру және кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру
мақсатында өндіріс қорларын ашу, материалдық, еңбек және қаржылық
ресурстарды пайдалануды тұрақты бақылаудың маңызды құрамы болып табылады.
Өзіндік құнды төмендету халық шаруашылығының капиталсыйымды және
еңбексыйымды салаларында өзекті мәселелер ретінде орын алады. Олар
материалдар, отын, электр энергиясы шығындарын, еңбек шығындарын
төмендеуін, негізгі қорлар тиімділігінің артуын, өндірісті ұйымдастыруды
жетілдіруді бейнелейді. Баға еркіндігі мен жоғарғы қарқынды инфляция
нәтижесінде соңғы жылдардағы мұнай өндірісінің ұдайы өсу қарқыны орын алып
отыр.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі талапқа сай өндірістің
өзіндік құнын есептеу және талдау әдістемесін өңдеу қажет. Бұл әдістеме
нарықтық экономика жағдайындағы аппаратының өзгеру себептері мен деңгейлері
бойынша талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Өзіндік құнның қалыптасуы мен оны
болашаққа болжамдық бағалануын бақылауды күшейту, технологиялық шығындар,
қызмет көрсетумен және өндірістік процестерді басқарумен байланысты
шығындар, нормативтерін қатаң сақтау маңызды қажеттілікке ие болып отыр.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі салалардың нарықтық шаруашылық
жүргізу әдістеріне көшуі жағдайындағы өндірістің өзіндік құнын төмендету
жолдары мен резервтерін іздеу, шығындарды есептеу, талдау және басқару
әдістерін жақсарту, сондай-ақ бұл сұрақтардың теоретикалық және әдістемелік
толық зерттелмеуінің маңыздылығымен сипатталады.
Осы айтылғандардан өндірістік міндеттерді талдау маңыздылығы туындайды
және дипломдық жұмыс ретінде таңдаған тақырыбымның актуалдылығы
дәлелденеді, бұл тақырыптық-тәжірибелік мәні де зор.
Дипломдық жұмыста, келесі мақсаттар мен міндеттерді қойылған:
- теориялық, әдістемелік материалдар мен ғылыми әдебиеттерді
қарастыру, өнімнің өзіндік құнының ролі мен мәнін көрсету, таңдаған тақырып
бойынша талдау және жоспарлау әдістемесін мазмұндау;
- зерттеу объектісінің техникалық-экономикалық, ұйымдық-өндірістік
сипаттамасын беру;
- өнімнің өзіндік құнының динамикасы мен құрылымын талдау,
"Маңғыстауқұрылысинвест" ЖШС -де өндірілетін өнімнің және көрсетілетін
қызметтің өзіндік құнының өзгеруіне әсер еткен факторларды анықтау;
- өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығындарды кеміту жолдары мен
резервтерін ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс "Маңғыстауқұрылысинвест" ЖШС – нің нақты есептік,
статистикалық және жоспарлық мәліметтер негізінде орындалған және бұл жұмыс
кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады, ал соңында қолданылған
әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Бірінші бөлім: Нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы өнімнің өзіндік
құны және оның мәнідеп аталады және ол өзіндік құнды өндірістік-шаруашылық
қызметінің бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастыруға, өзіндік
құнға енетін шығындардың құрамы мен жіктелуін анықтауға негізделген. Бұл
бөлімде, сондай-ақ, шығындарды есептеу және өзіндік құн калькуляциясы
әдістемесі көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі болып
Маңғыстауқұрылысинвест Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табылады, бұл
кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға, яғни
меншік құқығында оқшауланған мүлігі бар және өзінің міндеттемелері бойынша
осы мүлікпен жауап беретін, шаруашылық субъект болып табылады, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді ала, жүзеге асыра
алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. ЖШС өзінің заңды құқықтары
мен міндеттерін, оны белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткізген
сәттен бастап алады және де өз атынан келісімшарттар жасайды.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорын жағдайын талдаудың маңызы
өте зор. Бұл кәсіпорын тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік
иелері жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа бәсекелестердің
алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық
жауапкершілікте болуымен байланысты.
Маңғыстауқұрылысинвест жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі
өндіріс шығындарына талдау жасау арқылы шығындар бюджетін құру және өнімді
сатуды жоспарлау деп аталатын екінші бөлім "Маңғыстауқұрылысинвест" ЖШС -
нің, яғни зерттеу объектісінің өндірістік-экономикалық сипаттамасынан
басталады. Бұл бөлімде өнімнің өзіндік құнын талдаудың мәні, талдау
көздері мен міндеттері көрсетіледі, шығындар динамикасы мен құрылымына
зерттеу жүргізіледі, өндірістік шығындар деңгейінің өзгерісіне әсер еткен
факторлар сипатталады.
Соңғы үшінші бөлім өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері және
өнімді сату көлемін арттыру жолдары деп аталады және өнімнің өзіндік құнын
талдауды калькуляция статьялары, техникалық-экономикалық факторлар бойынша
одан әрі бөлшектеуге негізделген. Мұнда мұнай өндірісіне жұмсалатын жиынтық
шығындар жағдайына баса назар аударылады. Себебі, бұл көрсеткіш өзіндік
құнды төмендету резервтерін түсіндірудің басты инструменті болып табылады.
Бұл бөлімнің соңында резервтер көлемі есептеледі және зерттеу тақырыбы
бойынша ұсыныстар жасалады.
Зерттеу процесінде өнімнің өзіндік құнының төмендеуі негізгі қорларды
тиімді қолдануды жоғарлату мен байланысты екені анықталды. Нарықтық
экономика жағдайындағы өзіндік құнды бағаламау сапалы көрсеткіштердің
нашарлауынан өндіріс тиімділігінің төмендеуінен болады.
Қазіргі кезде қаржылық дағдарыс қанатын кең жайып келе жатырған
бүгінгі экономикада нарықтық қатынас субъектілері негізгі және айналым
қорларын тиімді пайдалану нәтижесінде өндірістік оң нәтижелерге жетуге
ұмтылып, өз қаражаттарын тиімді пайдалануға және үнемдеуге тырысу қажет.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кең көлемді әдеби көздер, осы
мәселемен Кеңестік кезеңде, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу
кезеңінде айналысқан экономист-ғалымдардың әдебиеттері кеңінен қолданылды.
Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын талдаудың және жоспарлаудың сәйкес
жалпы ғылыми әдістері пайдаланылды.

1. Нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы өнімнің өзіндік құны және оның
мәні

1.1 Өнімнің өзіндік құны - өндірістік-шаруашылық қызметтің маңызды
көрсеткіші ретінде

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындағы өндіріс және оның өнімдерін
өткізудегі шығындардың ақшалай түрі. Оған барлық еңбек шығындары (шикізат,
отын, энергия, амортизация және т.б.) және түрлі еңбек шығыны (еңбек ақы
және әлеуметтік сақтандыруға аударымдар) кіреді. Түрлі еңбектің басқа
бөлігін, өндірісті кеңейту мақсаттары және жалпымемлекеттік қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, қоғамның таза табысын
құрайды. Ол өзіндік құнға жатпайды, пайда мен салық айналымы түрінде
кіреді.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында өнімнің өзіндік құны
кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып
табылады. Бұл көрсеткішті есептеу – берілген көрсеткіш бойынша жоспардың
орындалуын бағалауға, оның динамикасын, кәсіпорынның рентабелділігін және
әр түрлі өнім түрлерін анықтауға, өндіріс ішінде шаруашылық есеп жүргізуге,
өзіндік құнының төмендеу себептерін, өнімге бағаны анықтауға, елде ұлттық
пайданың бөлінуін, жаңа техника және техниканың экономикалық тиімділігін
есептеуге, жаңа өнім түрін өндіру шешімінің туындауына қажет. [1]
Өнімнің жеке және салалық өзіндік құнын ажыратып көрсетуге болады.
Кәсіпорынның өз өндірісі мен өнімді өткізу шығындары жеке өзіндік
құнды құрайды.
Салалық өзіндік құн салалар бойынша орташа шығынмен анықталады. Бұл
негізінен көтерме баға қоюда қолданылады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде шығындардың пайда болу орнына қарай
цехтық, фабрика-зауыттық және толық өзіндік құн деп бөлінеді.
Цехтық өзіндік құнда цехта шығарылатын өнімді дайындау шығындары
қарастырылады. өнімнің (қызмет) өзіндік құны учаске, ауысым және бригада
үшін анықталады.
Фабрика-зауыттық өзіндік құн – кәсіпорындарды басқару бойынша
шығындарға кіретін жалпы зауыттық шығындар және цехтық-өндірістік шығындар
сомасы (зауыт басқару қызметшілерінің еңбек ақылары, жалпы зауыттық
ғимараттарды ағымды жөндеуі және амортизациясы).
Мақсаттарға байланысты өзіндік құнның келесі түрлері қолданылады:
жалпы, тауарлы немесе өнімнің өткізілген өзіндік құны, салыстырмалы өнімнің
өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.с.с. Сондай-ақ жоспарлы,
есепті және есеп айырысу өзіндік құны ажыратылады.
Жоспарлы өзіндік құн шығындардың максималды мүмкін шамасын айқындайды
және кәсіпорынға қажет өндірісті ұйымдастыру және техника деңгейінің
шығындарын қамтиды. Ол негізгі капитал, еңбек шығындарының және
энергетикалық, материалдық ресурс шығындарының актив бөлігін қолдануда
жоспарлы прогрессивті норма бойынша есептеледі.
Есепті өзіндік құн жоспарлы шығындарды нақты шығындармен салыстыру
негізінде өзіндік құнның төмендеуі бойынша жоспарлы міндеттердің орындалу
деµгейінен анықталады. Есеп айырысу өзіндік құны - ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктерін нығайту жобалары негізіндегі техникалық-экономикалық
есептерде қолданылады.
Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын жоспарда және есепте сипаттау үшін
келесі көрсеткіштер қолданылады:
- салыстырмалы өнімнің өзіндік құнының өзгеруі;
- тауар өнімінің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Салыстырмалы тауар өнімінің өзіндік құнының өзгеруі - бұл базистік
жылдағы өнімнің өз құнына жатқызылған пайызбен көрсетілген үнем немесе
қымбаттау.
Тауар өнімінің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар барлық тауар өнімінің
өзіндік құнын тауар өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Өндірісте есептеу тәсілі бойынша өнімнің жоспарлы (сметалы)
нормативтік және нақты өзіндік құндарын бөліп көрсетеді.
Жоспарлы (сметалы) өзіндік құн кәсіпорындағы өнім өндірісінің ұйымдық-
техникалық деңгейіне қажет шығындарды қамтиды. Ол белгіленген баға мен
ресурстарды тарифтік пайдаланудың жоспарлы нормасы бойынша есептеледі.
Нормативтік өзіндік құн ресурстарды пайдаланудың ағымдағы нормасы
негізінде есептелген өндіріс және өткізу шығындарын айқындайды. Ол нақты
өнімнің нормативті калькуляциясында көрінеді.
Нақты өзіндік құн есептік кезеңдегі нақты өнім түрін дайындау және
өткізу шығындарын анықтайды. Ол нақты өнім өндірісіне кеткен ресурстардың
шығындарын сипаттайды. Шығарылатын өнімнің өзіндік құнына кәсіпорынның
барлық шығындары кірмейді. Мысалы: өнеркәсіптік емес шаруашылық шығындары
(кәсіпорынның балансындағы балабақшалар, емханалар, жатакханалар,
мектептер, клубтар және т.с.с.) кірмейді.
Өзіндік құн бағаның құралуының нәтижелі базасы ретінде болады және
пайда, рентабелділік деңгейі, жалпымемлекеттік ақша қоры – бюджеттің
құрылуына әсер етеді.
Өнімнің өзіндік құн деңгейі кәсіпорынның техникалық және ұйымдық
жетістіктерінде, жұмыстың кемшіліктерінде, еңбек және қаржы ресурстары мен
табиғи байлықты пайдаланғанда, шаруашылықтандыру әдістерінде, жұмысшының
творчестволық ынтасын дамытуда, ауылшаруашылық қызметтің теріс және оң
жақтарында көрінеді.
Өзіндік құн техникалық және шаруашылық шешімдердің экономикалық
тиімділігінің шектік көрсеткіші болып табылады - өндірістің
автоматизациясы, механизациясы, экономикалық аудандар және салалар бойынша
капитал салымдарын бөлу,өндірісті бірлестіру және мамандандыру.
Өзіндік құн – көтерме бағаның негізгі базасы. Бағаның екінші бөлігі -
таза табыс. Бағаның негізгі базасы өзіндік құн болғандықтан өндіріс нақты
шығынын көрсетуге тиіс.
Өзіндік құнның төмендеуі - пайда мен рентабельділіктің көбеюімен,
өсімге бағаның төмендеуі, еңбекақының көбеюі, өндірістің көбеюі, материалды
– еңбек ресурстарын жинақтаудың басты көзі.
Пайда мөлшерін анықтау өнімді өткізу, баға және өзіндік құнды
жоспарлаумен байланысты.
Өзіндік құнды жоспарлау оның құралу факторлары мен жағдайына әсер
етеді, ішкі шаруашылық есептің негізі және экономикада прогрессивті,
ұйымдастыру ролін атқарады. [5]
Өндірістің өзіндік құнының қалыптасуы кәсіпорындағы ішкі салалық
байланысында тізбекті түрде жүреді. Шикізат шығынын азайту өндірісінің
өзіндік құнын төмендетудің басты мәселесі болып табылады. Кәсіпорындағы
өнімнің өзіндік құнын басқару - өнім өндірісіндегі шығынның және жеке
өнімнің өзіндік құнының қалыптасуының, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі
бойынша орындалған тапсырмаға бақылау жүргізудің жоспарлы процесі. Өнімнің
өзіндік құнын басқару жүйесінің негізгі элементтері болып шығынды болжау,
жоспарлау, нормалау, калкульяциялау, өзіндік заңды бақылау және талдау
табылады.
Өнімнің өзіндік құны – маңызды сапалы көрсеткіштердің бірі. Оның
төмендеуі ұлттық шаруашылық маңызды, себебі кәсіпорында пайданың құрылуына,
өнеркәсіптік өнімнің барысының төмендеуіне ықпалын тигізеді. Сондай-ақ
өнімнің өзіндік тыңының төмендеуі ұлттық табыстың көбеюін, ұдайы өндірістің
қаржының жоғарылатып, жұмысшылардың материалды жағдайларының деңгейін
қамтамасыз етеді.
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуінің бағыттарын және жолдарын өнім
өндіруге жұмсалатын шығындар негізінде анықтайды. өзіндік құнды талдау
процесінде бұл көрсеткіштермен жоспардың қалай құрылғанын, өткен жылға
қарағанда өзіндік құн қаншаға кемігенін, өзіндік құнның төмендеу себептерін
және факторларын, оның соңғы нәтижелерге сандық әсерін анықтау қажет.
Талдаудың негізгі міндеті - өнімнің өзіндік құнының төмендеуінің
қорларын және оларды пайдалану жолдарын жасау.
Өзіндік құнды талдау процесінде алғашқы кезекте мына материалдар
қолданылады:
1) Кәсіпорынның әлеуметтік және экономикалық даму жоспары, оның негізгі
бөлімдері - өнімнің өзіндік құнының жоспары, Кәсіпорынның өндірістік
бағдарламасы, өндірістің тиімділігін көтеру жоспары.
2) Кәсіпорынның жылдық есептері - 1С формасы, өндірістік бірлестік,
кәсіпорынның өзіндік құн жоспарын орындау жөнінде есеп қосымшасымен,
шығындардың құрылуы және бөлінуі көрінетін өнеркәсіптік өнімнің жеке
түрлерінің рентабельділігі туралы анықтама керек.
3) Ағымды есептік – 1С формасы, сонымен бірге өзіндік құнның есептік
калькуляциясы.
4) Кәсіпорын бөлімдерінің есептері және алғашқы аналитикалық есептің
мәліметтері.
өзіндік құнның талдауы келесі негізгі бағыттарда жүреді:
- өзіндік құнның қорытынды көрсеткіштерінің динамикасын және оның
өзгеру факторларын талдау.
- өнім бірлігінің өзіндік құны немесе тауар өнімін 1 теңгеге
шаққандағы өзіндік құнын талдау.
- шығындар құрылымын және оның динамикасын талдау.
- өзіндік құнды төмендету қорларын айқындау.
- өнімнің өзіндік құнын факторлы талдау.
өзіндік құнның талдауы өткенді шолатын, жедел алдын алу болжауы
түрлерінде болуы мүмкін. [2]
өткенді мерзімді шолатын талдау шығындар динамикасының ақпараттарын
жинау және оның өзгеру факторлары мақсатында жүргізіледі. өткенді шолатын
талдау нәтижелері өнімнің жоспарлы өзіндік құнын анықтауда, баға саясатын
құруда, өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған басқарушылық
шешімдерді жасағанда қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнының жедел талдауы өндірістік емес шығындары және
жоғалтуларды уақытында анықтау үшін 1, 5, 10 күндік есеп мәліметтері
бойынша немесе күн сайын жүргізіледі. Жедел талдау нәтижелері ресурстармен
иілгіш маневр жасау үшін қолданылады.
Бұйымдардың нақты түрлерінің өзіндік құнын алдын ала талдау бұйымның
өмірлік циклінің алғашқы сатысында - ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-
конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезеңінде жүргізіледі.
Болашақты (болжамды) талдау нарықтағы ресурстар өзгерісін болжауға
байланысты бұйымдардың жеке және толықтай өзіндік құнының төмендеуі немесе
жоғарылауын бақылауға негізделген. Келешекте жалпы шығындардың өзгерісін
анықтау үшін талдаудың шығындар-көлем-пайда қатынасты әдісі қолданылады.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар
арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын
тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің
шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді.
Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін
нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация,
салықтар және т.б.
Шығындар деп тауарды жеткізудегі және жоспарлы түрде өнімдердің
ақшалай нысанындағы және қоғамдық еңбектің шығынын айтады. Олар
қызметкерлерге еңбекақы шығынын, тасымалдау, сақтау, безендіру, сорттау
және тауарды сатуға дайындауды айтады және де сату шығындарын, сауда
ұйымдастыру, есеп жүргізуге және сауда қаржы қызметінің жоспары орындалуын
қадағалауға кеткен шығындарды қосады.
Тауар айналымының қоғамдық шығындардың жалпы сомасына тұтынушы рыногын
табуға, сатып алуға және тұтынушылардың қалауы бойынша үйлеріне жеткізу
сияқты қызметтерде кіреді. Тұтыну шығындары барлық шығындардың шамамен
айналыс сферасының барлық шығындарын және сауданың ағымдағы шығындарының
бір жарым есесін құрайды.
Бірақ, сауда шығындарының барлығын шығындар айналысына жатқызуға
болмайды. Мүлік шығындары мен жоғалтулар немқұрайлы қарағанның салдарынан,
дебиторлық қарыздардың бар болуы, уақытында төленбеген төлемдермен үстеме
ақылардың, шаруашылық келісім шарттардың орындалмауы және басқаруда
шығындар айналым шығындарына жатпайды.
Бұл аталған шығындарды кінәлі қызметкерлерден өндіру қажет, немесе
шаруашылық қызметтің нәтижесі ретінде шығындау керек.
Сауда шығындары барлық шығындар айналымының 40%-дан жоғары бөлігін
құрайды, соның ішінде 65%-ы жеке сауда тармақтарының үлесіне келеді.
Шығындар өнімді өткізудің әртүрлі қатынасы тұрақты болып табылмайды.
Көтерме сауда және жеке сауда шығындарының үлесі төмендейді, ал халықтың
тамақтану үлесі артады және жеміс-жидек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің
көтерме сауда, сақтау, жеткізетін мекемелердің үлесі өседі.
Таза шығындар айналымы- бұл тауарларды сату, сатып алу процесіндегі
құн формасының өзгерісімен байланысты шығындар (есеп жүргізу, ақша және
несиелік есептер жүргізу, жарнама ұымдастыру және т.б.).
Қосымша шығындар айналымының таза шығындар айналымынан айырмашылығы
олар тауар құнында өлшенбейді, өндірістің материалдық саласында құрылған
таза түсім есебінен жүргізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар құрамы және оларды жіктеу.
Өзіндік құнды төмендету қорларын айқындау, оны жоспарлау, есептеу және
талдау өндірістік шығындар құрамын және оның жіктелуін талап етеді.
Шығын классификациясының келесі белгілері кең қолданылады:
1. ұдайы өндіріс процесіне байланысты шығындар өндірістік және өндірістік
емес болып бөлінеді. Өндірістік шығындарға өнім өндіруге кеткен, ал
өндірістік емес шығындарға өнім өткізуге кеткен шығындар жатады.
2. Шығындардың экономикалық мазмұнына қарай шығындар негізгі және қосымша
болып бөлінеді. Негізгі шығындарға техникалық процеспен байланысты
шығындар (шикізат, негізгі материалдар, технологиялық отын және энергия,
негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары және т.б.). қосымшаға
басқарма мен өндіріске қызмет ету бойынша жұмсалған шығындар жатады.
3. Өзіндік құнға қосу негізінде шығындар тікелей және жанама болып
бөлінеді:
Тікелей шығындар - өнім өндіруге байланысты шығындар, сол себепті
өзіндік құнға енеді.
Жанама шығындар – тікелей шығындардан өзгешелігі кәсіпорын немесе
цехтың бүкіл қызметіне байланысты шығындар. Бұған өндіріске қызмет ету және
басқару шығындары жатады. Мысалы: цехтық шығындар, жалпызауыттық шығындар.
Біртектес шығындар элементті (жәй) және кешенді болып бөлінеді.
Элементті - алғашқы, сапалы біртектес шығындар. Оларға шикізат,
негізгі материалдар, еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыруға аударулар және
т.б.
Кешенді - өндірістік процестермен немесе өндірісті басқарумен
байланысты әртүрлі элементті шығындардан тұрады. Кәсіпорын жұмысына қарай
шығындар кәсіпорыннан тәуелді (материалды және еңбек ресурстары
шығындарының нормасы) және кәсіпорынмен тәуелді емес шығындар (амортизация
нормасы, бағалар, тарифтік мөлшерлеме) өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өнім шығарумен байланысты шығындар, оған қоса басқару шығындары - жаңа
өнім түрлерін игерту шығындары, өнім сапасын жақсарту, өндірістік процесте
жүретін өндірісті ұйымдастыру, техника және технологияны жетілдірумен
байланысты шығындар (капитал салымдары есебінен жүзеге асатын шығындардан
басқа) қауіпсіздік техникасы, еңбек жағдайы, жұмысшылардың тәжірибесін
көтеру шығындары.
Өтім бойынша шығындар – шығын элементтері, материалды шығындар (шикізат
және материалдар, жартылай дайын өнімдер және сатып алынған толықтырушы
бұйымдар, энергия және т.б.), еңбек ақы шығындары, әлеуметтік
қажеттіліктерге аударулар, негізгі қордың амортизациясы, өзге шығындар
(материалды емес активтердің тозуы, аренда төлемі, міндетті сақтандыру
төлемдері, банк несиелері бойынша пайыздар, өнімнің өзіндік құнына кіретін
салықтар, бюджеттен тыс қорларға аударулар және т.б.). Шығындарды қосымша
және таза ажырату өндірістің материалдық сферасының шегін нақты анықтауға
мүмкіндік береді, қоғамдық өнім көлемін және ұлттық табысты дұрыс
есептеуге, өнімді өткізуде болып жатырған процесстерді түпкілікті анықтауға
және оларды бір мақсатқа бағыттап басқаруға, қаржыландыруларды үнемді
пайдалануды анықтауға көмектеседі.
Қосымша шығындар мен таза шығындар айырмашылығының ара қатынасы
тұрақты болмайды. Олардың өзгерісі тұтастай экономиканың даму процесінде
объективті өзгерістермен байланысты болады.
Шығындардың түпкі мәнін ашу үшін және оларды басқару мүмкіндігін
қамтамасыз ету үшін, шығындар классификациясы жүйесі жасалған. Бұл оларды
алдын-ала қандай да болмасын топқа немесе бір белгілері бойынша топтастыру
болып табылады.
Классификация шығындар айналымын үздіксіз бақылауға және түрлері
бойынша шығындар айналымына талдау жүргізуге, олардың динамикасын
бақылауға, өзгерістерді анықтауға, оларды басқаруға мүмкіндік береді.
Шығындар айналымы бірізділігі классификациясы кәсіпорынның ішкі
қызметіндегі шығындарды салыстыруға ғана емес, басқа да бөлімшелерді, сауда
нүктелерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұны пайдалана отырып, сауда
нүктелерімен, бөлімшелерді салыстыру нәтижесінде сапалы басқаруға болады.
Жетілген елдердің басқару есебінде төмендегідей шығындар
классификациясы пайдаланылады:
• экономикалық шығындар элементтері бойынша;
• өзіндік құн тармағы бойынша (шығындар калькуляциясы бойынша);
• техникалық процестер қатынасы;
• құрамы бойынша (бір элементті, комплексті);
• тауардың өзіндік құнын шығару жолы- тікелей және жанама;
• сауда процесіндегі ролі-өндірістік, өндірістік емес;
• мақсатты шығындану (өндіру, өндіруге жатпайтындар- бұл екеуі де
қоғамдық қажетті шығындар болып табылады);
• жоспар бойынша қамтылғандар- жоспарланған, жоспарланбаған;
• тауар айналымы көлеміне қатысты- айнымалы, тұрақты, уақыт өте келе
пайда болатын, ағымдағы, бір реттік, он күндік сменалық, күнделікті;
• калькуляция енгізуіне байланысты- калькуляциялық емес, калькуляциялық,
қосымша;
• уақыт түріне байланысты-нақты, жоспарлы;
шығындар төмендегідей топтарға бөлінуі мүмкін:
• капиталға кеткен шығындар;
• үшінші фирмалардың қызметіне кеткен шығындар;
• салыққа кеткен шығындар;
• тиісті аударымдар;
• электроэнергия, коммуналдық қызметтер, байланыс шығындары;
• жанама салықтар, мемлкеттің әлеуметтік мақсаттағы шешімдеріне
байланысты әр түрлі қорларға аударымдар;
• теміржол, су, әуе, автомобиль және арба тасымалы шығындары;
• еңбек ақы төлеу;
• аренда және ғимараттар мен құрылыстарға және мүліктерді ұстауға
кететін шығындар;
• негізгі қорлар амортизациясы;
• санитарлық киім-кешектердің тозуы, асхана ыдыс-аяқтарымен
құрылғылардың тозуы.
• сақтау, қораптар, сұрыптау және тауардың сыртқы орамына кететін
шығындар;
• сауда жарнамасы шығындары;
• несиелер мен заемдарды пайдаланғаны үшін пайыздар;
• тауарды тасудағы, сақтаудағы және сатудағы шығындар;
• әлеуметтік көмектерге аударымдар;
• басқа да шығындар;
Шет елдер тәжірибелерінде, соның ішінде АҚШ-та классификацияның екі
түрі пайдаланады: функционалдық және нақты.
Функционалдық классификация құрылу принципі бойынша барлық шығындар
кәсіпорын шешімі бойынша нақты мақсаттарға бағытталады.
Нақты классификация негізіне мақсатқа байланыссыз жұмсалған шығындар
жатады.
Шет елдермен отандық шығындар классификациясы жүйесін салыстырғанда
жалпы ұқсастық пен айырмашылықтар бар. Жалпы шығындарды экономикалық
элеметтері бойынша топтастыру, калькуляция тармақтары бойынша, сауда
технология процесіне байланыстылар жатады. Ерекшеліктер болып шет елдерде
қабылданған классификациялар жеңілдетілген және сала қызметтеріне қарамай
барлық шығындарды біртекті классификациялау жатады.
Сала бойынша шаруашылық қызметтерді классификациялау оларды есепке алу
және жоспарлау шығындарын қарастырады.
• бөлшек сауда;
• көтерме сауда:
• жалпы тамақтану;
• ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдау, ұзақ уақыт сақтау және
көтерме
сату;
• ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау шығындары;
• сатып алу құнына пайызбен; тұтыну кооперациялары- дайындалған
өнім көлеміне пайызбен;
Тауар бойынша классификациялау тауарлардың шығын сыйымдылығының
біркелкі болмауынан, әртүрлі шығындардан дәрежесіне байланысты болады.
Тауар бойынша классификациялау негізінде шығындар сомасы жатыр, олар тауар
айналымының бірлігіне келеді.
Кәсіпорынның өзіндік құны өнімді өндіруде жұмсалған табиғи ресурстар,
шикізат, материал, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары, сонымен
қатар өнімді өндіруге және оны өткізуге жұмсалған басқа да шығындардан
тұрады.
а) Өнім өндірісіне байланысты өндірісті ұйымдастыру, өндірістік
процестерді және шығарылатын өнімнің сапасының шығындары.
б) Өндірісті дайындау және игеруге жұмсалған шығындар.
-Сериялық және жаппай өндіріске арналмаған өнімнің жаңа түрлерінің
өндірісін дайындау және меңгеру;
-Жаңа кәсіпорындар, өндірістер, цехтар және агрегаттарды игеру;
-Жаңа кәсіпорындар, өндірістер, цехтар және агрегаттардың іске
дайындығын тексеру үшін барлық машиналар мен механизмдерге кешенді сынақ
жүргізу.
в) Өндірісті ұйымдастыру және технологияның жетілуі, өнім сапасының
жақсаруы, оның сенімділігінің жоғарылауымен байланысты капиталды емес
сипаттағы шығындар.
г) Ойлап табушылық және тәжірибелі-сынақ жұмыстарын жүргізуге, ойлап
табушылық ұсыныстары бойынша үлгілер дайындауға, көрме, конкурс және т.б.
ойлап табу шараларын ұйымдастыруға жұмсалған шығындар.
д) Өндірістік процеске қызмет көрсету бойынша өндірісті шикізаттар,
материалдар, отын, энергия, құрал-жабдықтар, еңбек заттары және т.б.
құралдармен қамтамасыз ету.
Негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілеттілік жағдайында ұстау
(техникалық тексеруге шығындар және ағымды орта, күрделі жөндеу жүргізуге
шығындар).
Құрылғылардың модернизациясы, негізгі қор объектілерін қайта құру
өндірісті дамыту және жетілдіруге бөлінген құралдардан жүргізіледі және
оларды жүргізу шығындары өнімнің (қызмет, жұмыс) өзіндік құнына кірмейді.
Кәсіпорын территориясында медбөлімше ашу үшін кәсіпорындардың
медициналық ұйымдастыруға бөлген инвентарь және ғимараттар шығыны,
санитарлы-гигениалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, өндірісте тәртіп
пен тазалықты сақтау, өрт қауіпсіздігі және қарауыл күзеттерімен қамтамасыз
ету шығындары.
е) Жұмысшыларға қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарына тегін берілген ғимараттарды күту шығындары (тамақ
дайындауға отын, электроэнергия, сумен жабдықтау, жылу жүйесі, жарық,
ғимаратқа жөндеу жүргізу шығындары, амортизациялық аударулар).
ж) Қауіпсіздік техникасы және жақсы еңбек жағдайын қамтамасыз ету,
қамал салу, сигнализация, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ететін өзге де
құрылғылар, дезинфекциялық камера, монша және кір жуатын орын құру, жұмыс
орындарын арнаулы құрылғылармен қамсыздандыру, арнаулы киімдер,
аяқкиімдермен қамтамасыз ету, арнаулы тамақпен газдалған су беру, киімдерге
шкафтар, демалатын бөлмелер, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша
лекциялар, еңбек қорғау бойынша анықтамалар болуы тиіс.
Өндірістік процеске жұмысшылардың қатысуына байланыссыз (әлеуметтік
қажеттіліктерге бөлінген құралдар есебінен жүргізіледі) демалыс ұйымдастыру
және қорғау бойынша.
з) Табиғатты қорғау қорларын күту және пайдаланумен байланысты тазалық
құрылғылары, сүзгіш және т.б. табиғатты қорғау обьектілері, экологиялық
қауіпті қалдықтарды кемуге кеткен шығындар, өзге ұйымдарға экологиялық
қауіпті шығындарды жоюға, ағыс суын тазартуға және т.б. табиғатты қорғау
қызметтеріне төлем.
и) Өндірісті басқарумен байланысты кәсіпорынның басқарма аппаратының
қызметкерлерін және материалды-техникалық, транспорттық қамсыздандыру,
қызметтік жеңіл автотранспорттық шығындары және жеке жеңіл автомобильдерді
қызметке пайдаланғаны үшін компенсация.
Өндірістік қызметпен байланысты іссапарлар, басқарманы техникалық
құралдармен, есептеу орталықтарымен, байланыспен, сигнализация құралдарымен
қамтамасыз ету.
Кәсіпорын жұмысшыларына банк арқылы еңбекақы төлеуіне себепті банк
қызметіне төлем, ақпараттық, кеңес беру және аудиторлық қызметтерге төлем.
Кәсіпорын қызметімен байланысты өкілдік шығындар басқа
кәсіпорындардың басқарушыларын, шетелдіктерді арнайы қабылдауға жұмсалатын
шығындар.
Кәсіпорын штатында есепте жоқ аудармашылар қызметіне төлем, мәдени
шараларға қатысу және іскерлік келіссөз уақытында қызмет көрсету.
Өкілдік шығындар өнімінің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына заң шығарушы
белгілеген норма және норматив шегінде қосылады. Егер норма және норматив
болмаған жағдайда өкілдік шығындар кәсіпорынның пайдасынан іске асады.
к) Заң шығару комитеті қарастырған жұмыс күшін жинаумен байланысты
орта кәсіптік-техникалық училище түлектері мен жоғары немесе орта арнаулы
оқу орнын бітірген жас мамандарға төлем шығындары, жұмыс орындарына жол
ақысы, сондай-ақ жұмыс басталғанға дейін оларға демалыс беру шығындары.
л) Мамандарды даярлау және қайта даярлауға кәсіпорын мамандарының
тәжірибесін көтеру және қайта даярлау жүйесінде жұмысшының өндірісті үзіп
оқуына негізгі жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақы төлеу.
Негізгі жұмысын жасай жүріп оқушыларды оқыту және жүмысшының
тәжірибесін көтеру негізінде тәжірибелі жұмысшықа еңбек ақы төлеу.
Кешкі кәсіптік-техникалық училищеде, сырттай және кешкі мектептерде,
сырттай аспирантурада, кешкі және сырттай жоғары және орта арнаулы оқу
орындарында жақсы үлгерімде оқитындарға еңбек ақы төлеу, жол ақыларын
төлеу.
Мамандарды даярлау және қайта даярлау, тәжірибесін көтеру шығындары,
оған қоса стипендия, оқу орындарымен келісімшарт негізінде оқыту төлемі.
м) Жұмысшыларды жұмыс орындарына және кейін тасымалдау, оған қоса
транспорттық кәсіпорындармен келісімшартқа сәйкес қалалық жолаушы
транспорттарының арнаулы маршруттарына қосымша шығындар.
н) Құрылыс объектілеріне жұмысшыларды жеткізу ұйымдары және құрылыс
кәсіпорындарына шығындар.
о) Вахталық әдісті жұмысқа байланысты қосымша шығындар, жұмысшыларды
жұмыс орнына жеткізу және кері тасымалдау шығындары. Вахталық поселке салу
шығындары капиталды құрылысқа бөлінген құралдардан құралады.
п) Өндірісте жасамаған уақытта, кезекті және қосымша демалысқа төлем,
алынбаған демалыс компенсациясы, жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына
төлем, жас балалары бар аналардың жұмыс үзілісіндегі төлемі.
р) Салықтар, жиындар және міндетті аударулар.
с) ҚР үкіметінің шешімі бойынша еңбекақыға творчествалық қалам ақы
қосылу.
т) Банк несиелерінің пайызына төлем және жабдықтаушылардың несиеге
материалды ресурстарды беру пайызының төлемдері.
у) Сауда-комиссиондық операциялары келісімшарттарына сәйкес банк
қызметіне төлем.
ф) Өнімді сақтау, орау, тиеу және тасымалдаумен байланысты делдал
(брокер, маклер, дилер) ұйымдарымен транспорттық-экспедициялық қызметтерге
төлем, жарнамаға шығындар.
х) Өнімнің (қызмет, жұмыс) өзіндік құнына қосылатын негізгі өндірістік
қорлардың ұдайы өндірісі.
ц) Материалды емес активтердің тозуы өнімнің (қызмет, жұмыс) өзіндік
құнына кәсіпорын белгілеген нормалар бойынша ай сайын қосылады.
ч) Брокерлік, дилерлік орындарын жалға алу бойынша.
ш) Лизинг келісімімен құралдарды төлеу (амортизациялық аударулар).
щ) Арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларға аударулар.
э) Басқа да өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. [12]

1.2 Өндіріс шығындарын есептеу әдісі және өнімнің өзіндік өзіндік құнын
экономикалық элементтер мен калькуляция статьялары бойынша топтастыру

Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - өнімнің өзіндік
құны.
Өнімнің өзіндік құны өндірісте шығындар сметасы кәсіпорынның
шығындарының жалпы сомасын есептеу үшін құрастырылады. Өндірістегі
шығындардың жоспарлы сметасының негізгі бөлігін тауарлы өнімдерді
шығындармен байланысты шығындар құрайды. өндірістегі шығындар сметасына
сонымен бірге жаңа өнім түрлерінің меңгерілуі бойынша барлық шығындар
енгізіледі. өндірістегі шығындар сметасы ішкі зауыттық айналымсыз
құрастырылады, яғни кәсіпорынның ішінде пайдаланатын өндірістің өз
өнімдері. Бұл ережені қолданбайтын текстильді, тері-аяқкиім, қант, ет,
темекі өнеркәсібінің бірлестіктері. Оларда өндірістің өзінің жартылай дайын
өнімдері цехтан цехқа өзіндік құн бойынша емес, белгіленген есепті баға
бойынша беріледі. [28]
Өндірісте шығындар сметасы әр түрлі әдістермен жасалуы мүмкін. Оның
қолданылуы мақсаттарға, міндеттерге, жоспарлау түрлеріне, сонымен бірге
өндірісте ерекшеліктеріне сүйенеді. Кәсіпорынның перспективті жоспарын
құрғанда өндірістегі шығындардың іріленген әдіс есебінің сметасы
қолданылады. Ол өте қарапайым және жоспар құруға қажет экономикалық
есептерді қамтиды.
Есептік жыл шығындарының сметасында жалпы өнімнің 1 теңгесіне
шаққандағы шығын коэффициентін анықтайды. Осы коэффициенттер және жылдық
жоспардың негізгі көрсеткіштері (өндіріс көлемінің, еңбек өнімділігінің,
орташа еңбек ақының өсуі, материалды ресурстардың шығын нормасының
төмендеуі) негізінде жоспарлы кезеңдегі жалпы өнімнің 1 теңгесіне
шаққандағы шығын коэффициенті анықталады. Осы коэффициенттер және
өндірістің жоспарлы көлемінің мәліметтері бойынша өндірістегі шығындар
сметасы жасалады.
Шығын сметасын жасаудың нақты әдісі кәсіпорынның жылдық жоспар
жұмысын нақтылауда қолданылады. Оған сметалы әдіс, цехтық смета әдісі және
калькуляциялық әдіс кіреді.
Сметалы әдістің маңызы – кәсіпорын бойынша сметаның құрылуы цехтар
бойынша алдын ала сметаны жасамай ақ жүргізіледі. Сметаға нәтижелі
мәліметтер техөнеркәсіптік қаржылық жоспардың сәйкес бөлімдерінен алынады.
Негізгі қордың амортизациясы және өзгеде ақшалай шығындар сомасын есептеуге
арнайы есептеулер жасалады.
Цехтық смета әдісі - өндірістегі шығындар сметасын толық
дәлелділікпен жасауға мүмкіндік береді. Сметаны құруда өндірістің негізгі
және көмекші цехтары бойынша ұқсас сметаны пайдаланады.
Калькуляциялық әдісте өндіріс шығындарының сметасы өнімнің
шығарылуының бекітілген көлемі және алдын ала есептелген жоспарлы
калькуляциясы негізінде жасалады.
Өнім бірлігінің (қызмет) өзіндік құнының өндіріс көлеміне енгізілген
сомасы тауар өнімінің өндірістік және толық өзіндік құнын береді.
Өндірістік шығындардың сомасы аяқталмаған өндіріс және құралдардың
өзіндік құнының өзгеруінен тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнын түзету
арқылы болады.
Өндірістегі шығындардың жалпы сомасының есебі өзіндік құн жоспарының
дәлдігін және оның басқа бөлімдермен үйлесімін тексеру үшін негізделген.
Өнімнің өзіндік құнын анық есептеу үшін калькуляциялық бірлік және
дұрыс калькуляция объектісін таңдау қажет. Калькуляцияның объектісіне
бұйымдардың жеке түрлері, топтары, жеке бұйымдар, жартылай дайын өнімдер,
әртүрлі жұмыстар, тапсырмалар жатады. Калькуляция объектісін анықтауда
калькуляция мақсаттары, өнім сипаты, технология ерекшеліктері ескеріледі.
Калькуляциялық бірлік – бұл калькуляция объектісін (дайын өнім және
жұмыс, жартылай дайын өнімдер, жеке детальдар) өлшейтін бірлік. Мысалы:
машина құрастыруда калькуляциялық бірлік болып анықталған конструкция және
маркідегі машина, ал текстильді өнеркәсіпте белгіленген артикульді мата
саналады.
Өнімнің сапасының жоғарылау мәні калькуляциялық бірліктің үлкен
дифференциясын қажет етеді. Бұл тұтыну қасиеттері бар өнім бірлігін анық
есептеу үшін керек.
Өнімнің немесе қызметтің жеке түрлерінің бірлігіне және барлық
өткізілген өнімге өзіндік құнды есептеу калькуляциясы деп аталады.
Калькуляцияның жоспарлы, сметалы, нормативті және есепті немесе нақты
түрлерін бөліп көрсетеді.
Жоспарлы калькуляция жоспарлы кезеңге (жыл, квартал) өнімнің немесе
жұмыстың орташа өзіндік құнын анықтайды. Оны нормасынан шығатын шикізат,
материал, отын, еңбек шығыны құрайды, яғни қызмет шығындары және
құрылғыларды пайдалану. Шығынның бұл нормасы кезеңге орташа болып табылады.
Жоспарлы шығынның әртүрлілігі сметалы калькуляция болып табылады, яғни
тапсырма берушімен есеп айырысу, бір реттік өнім немесе қызметке анықталған
бағалар.
Нормативті калькуляция ай басында шикізат, материал және т.б.
шығындар нормасынан құралады. Шығынның ағымды нормасы ұйымның жұмысының
өндірістік мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Жыл басында шикізат, материал,
отын шығындарының ағымды нормасы инфляция және бағаның өсу жағдайында
жоспарлы калькуляцияға салынған шығынның орташа нормасынан төмен, ал жыл
аяғында керісінше жоғары. Бухгалтерлік есептегі өнім өндірісінің нақты
шығындарынан және өнімнің немесе орындалған жұмыстың нақты өзіндік құнынан
құралады. Нақты өзіндік құнға жоспарланбаған өндірістік емес шығындарда
енеді.
Өнімнің өзіндік құн калькуляциясы әр түрлі әдіспен жүзеге асады.
Калькуляция әдісінде калькуляция бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін
әдістер жүйесін пайдаланады.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы әдісін таңдау өндіріс типінен,
оның күрделілігінен, аяқталмаған өндірістен, өсудің циклдік ұзақтығынан,
өнімнің номенклатурасынан тәуелді. [14]
Өнеркәсіптік кәсіпорында өнімнің нақты өзіндік құн калькуляциясы және
шығындарды есептеудің нормативті, және (жәй) әдістері қолданылады. Өнімнің
өзіндік құн калькуляциясы және шығындарды есептеудің нормативті әдісі
өңдеуші өнеркәсіптік саладағы күрделі және әртүрлі өнім өндіретін жаппай
және сериялық өндірісте қолданылады. Оның мәні келесілерде: нормативті
калькуляциямен қарастырылған ағымды норма бойынша өндірістегі шығындардың
жеке түрлері есептеледі, технико-ұйымдастыру шаралары нәтижесінде
шығындардың ағымды нормасына енгізілген өзгертулер және бұл өзгертулер
өнімнің өзіндік құнына әсерін анықтайды. Нақты өзіндік құн шығындардың
ағымды норма сомаларының қосындысынан тұрады.

Шн = Шнор + О + И (1)

Бұл жердегі: Шн – нақты шығындар.
Шнор – нормативті шығын.
О – нормадан ауытқу шамасы.
И – норманың өзгеру шамасы.
Нормативті әдісті қолдануда өндірістің және басқарманың қызмет етуі
бойынша шығындардың кварталды сметасы, ай басына негізгі шығын нормасы
негізінде нормативті калькуляцияны жасау талап етіледі. Технологиялық
процестері үзіліссіз ұйымдарда шығын нормасы сирек өзгереді, сондықтан
жоспарлы өзіндік құн нормативтіден көп айырмашылығы жоқ. Бұл ұйымдарда
нормативтінің орнына жоспарлыны қарауға болады.
Жеке шығындарда белгіленген нормадан нақты шығындардың ауытқуын
документтеу немесе инвентарлық әдіспен анықтайды.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және өндірістік шығындар
есебінің нормативтік әдісі 2 функцияны орындайды;
1. Өндірістік шығындарға шығынның ағымды нормасы жолымен оперативті бақылау
жүргізу.
2. Өнімнің өзіндік құнының нақты калькуляциясын есептеу.
Декадалық әдісі жөндеу жұмыстарында және т.б. әртүрлі өндірістерде
қолданылады. Бұл әдісте калькуляция және есеп жүргізу объектісі болып жеке
өндірістік тапсырма табылады. Тапсырма – бұл өнімдер, біртектес өнімнің
ұсақ сериалары немесе жөндеу, монтаждау және экспериментальды жұмыстар.
Ұзақ мерзімді ірі өнімдер дайындағанда тапсырма түгелдей сол өнімге емес,
оның агрегаттарына да беріледі. Бұл әдісте барлық шығындар тапсырма
аяқталғанша аяқталмаған өндіріс болып саналады. Осы әдістің
кемшіліктеріне–шығын деңгейін оперативті бақылаудың жоқтығы және
аяқталмаған өндірістің күрделілігі жатады. [17]
Шектік әдіс шикізатты кешенді пайдалану өндірістерінде, шикізат пен
материалдар өңдеудің бірнеше деңгейінен өтетін жаппай және ірі сериалы
өнеркәсіп саласында қолданылады. Қосалқы өнімнің құны өндірістегі жалпы
шығын сомасынан шегеріледі, ал қалған шығындар негізгі өнімнің өзіндік құны
болады. Шектік (қайта жасау, бөлісу) әдісте нормативті әдістің маңызды
элементін пайдаланады – нақты шығындардың ағымды нормадан ауытқуының жүйелі
көрінісі. Нормативті әдіс элементін пайдалану күн сайын өндіріс шығындарына
бақылау жасайды, нормадан ауытқу себептерін ашады, өнімнің өзіндік құнының
төмендеу қорларын айқындайды.
Процестік (жәй) әдіс аяқталмаған өндірісі жоқ, өнім номенклатурасы
шектелген салаларда қолданылады (өндіруші өнеркәсіпте, электростанцияда).
Бұл әдіске көмір өнеркәсібі, мысалға: 1 тонна көмірдің өзіндік құны
шығындарды көмір көлеміне бөлумен табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорында бұл әдіс аяқталмаған өндірісі жоқ, бір
немесе бірнеше өнім түрін өндіретін жәй көмекші өндірістер қолданылады.
Құрылыс саласының өзіндік құнының калькуляция әдісі өзара байланысты
процестер - әр технологиялық процесс шығындарын анықтауды және ондағы жеке
өнімдердің өзіндік құн калькуляциясын анықтауды қажет етеді. Бұл негізде
құрылыс саласындағы соңғы өнімнің өзіндік құны анықталады.
Құрылыс саласында жәй және күрделі кешенді технологиялық процестер
болады.
Жәй процесте бір немесе бірнеше шикізат, жартылай дайын өнім түрлерінен тек
бірғана негізгі өнім шығады. Бұл процесте барлық шығындар өндірілген өнімге
кіреді. Кешенді процесте өнімінің өзіндік құн есебі келесі түрде
жүргізіледі:
1. Процестегі жалпы шығындар калькуляциясының барлық статьялары бойынша
анықталады.
2. Белгіленген тәртіпте жолай өнімнің өзіндік құны бағаланады.
3. Процестегі жалпы шығындардан жолай өнімнің құнын шегереді.
4. Процестегі негізгі өніміне қатысты қалған шығын массасын олардың
арасында салмақтық әдіспен, яғни тоннажға пропорционалды бөледі.
Сондықтан өндірілген өнімнің өзіндік құны бірдей болады. Бірақ өңдеудің
келесі процессінде немесе әртүрлі процестерде пайда болған компоненттерді
өндірістік араластыру кезінде өнімінің ақырғы өзіндік құны әртүрлі
болады.
Құрылыс саласында өзіндік құн құрылымы өзгеріссіз өалмайды. Техника
және технологиялардың жаңартылуы, өңдеудің географиялық өзгерісі және т.б.
факторлар өнімнің өзіндік құны құрылымына өзгерістер енгізеді.
Жоспарлау үшін калькуляция және шығын есебінің келесі классификациясы
қарастырылады:
- өндірістің түрі бойынша – негізгі және көмекші
- өнім түрі бойынша – жеке өнім, біртектес өнім тобы, тапсырма,
өзгерту, жұмыс, қызмет
- шығын түрі бойынша – калькуляция статьялары және шығын элементтері
- шығынның пайда болу орындары бойынша – учаске, цех, өндіріс,
шаруашылық есеп бригадасы өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнімнің
өзіндік құны калькуляциясының келесі негізгі әдістері қолданылады:
- тікелей есептеу
- нормативті
- есепті-аналитикалық
- параметрлік
Қарапайым және дәл тікелей есептеу әдісі. Бұл әдісте өнім бірлігінің
өзіндік құны шығындардың жалпы сомасын дайын өнім санына бөлгенде пайда
болады. Бұл әдісті біртектес өнім өндіретін кәсіпорындарда қолдану керек,
өйткені бұл әдіс өте шектелген. Сонымен қатар жеке статьядағы шығындар
туралы түсінік бермейді.
Нормативті әдіс жаппай өндіріс өнімінің дәл бірлігіне келетін әр
ресурстың нақты шығындар өзгерісінің есебі бар кәсіпорында қолданылады. Ол
еңбек, материалды және қаржылық ресурстарды пайдалану нормативтері мен
нормасына негізделген. Бұл ресурстарды пайдалану нормативтері мен нормалары
прогрессивті және ғылыми негізде болуы қажет.
Өнімнің өзіндік құны калькуляциясының дәл әдісі - есепті-аналитикалық.
Бұл әдісте өндіріс жағдайының жан-жақты талдауы және ондағы өзгерістер
қарастырылады. Өнімнің өзіндік құнына қандай факторлар қалай әсер етеді,
сол анықталады.
Калькуляцияда біртипті, бірақ сапа жағынан әртүрлі өнімдерге
параметрлік әдіс қолданылады. Ол өнімнің сапасынан тәуелді өндіріс
шығындары өзгерісін есептейді. Сонымен өнімнің өзіндік құны 1кг. құнымен,
машина және құрылғының 1т. салмағымен анықталады. Бұл әдіспен өнімнің
сапасын жақсартатын қосымша шығындарды да анықтауға болады.
Параметрлік калькуляцияның келесі тәсілдері болады:
а) баллдық бағалар, әрбір технико-экономикалық параметр арнайы шкала
бойынша белгіленген балл санымен бағаланады.
ә) ұтымды функциялар, шығындар өзгерісі және бір маңызды параметрдің
ұтымды функциясы болғанда.
б) өзара қатысты байланыстар, шығын өзгерісін жоспарлы-жобалық және
нақты өзара қатысты талдау негізінде бұйымның өзіндік құнының оның
техникалық параметрлерінен тәуелділігі тағайындалады.
в) агрегатты тәсіл, нормативті өзіндік құнның оның жеке конструкционды
бөліктері бойынша сомалану жолымен бұйымның өзіндік құны анықталады.[31]
Қазіргі кезде құрылыс саласының өңделу және пайдалануының техникалық-
экономикалық ерекшелігі - өндірістің өзіндік құн калькуляциясын құрастыру.
Бұл келесі шығын номенклатурасынан тұрады.
I. Энергия шығындары.
II. Цехтардағы жұмысшылардың еңбекақысынан, әлеуметтік сақтандыру
аударуларынан, айдалған су құнынан, негізгі қорлардың
амортизациясынан тұрады.
III. Өндірістік жұмысшының негізгі еңбекақысы. Бұл статьяға қызмет
ететін жұмысшылардың еңбекақылары кіреді. Инженер-технолог және осы қызмет
техниктерінің еңбекақыларыда осы статьяға кіреді. Материалды қолдау қорынан
төленетін сыйақылар өзіндік құнға енгізілмейді.
IV. Технологиялық дайындау шығындары өнімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және пайда,рентабельділікті арттыру әдістері
Ипотекалық банктердің құрылуы
Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Кәсіпорынның қызметіндегі шығындар және оны азайту жолдарын жетілдіру
Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Негізгі қорлардың амортизациясы
Қаржылық ресурстар
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық несиелердің теориялық негізі
Ақша-несиелік реттеу
Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету және пайданы көтеру жолдары
Пәндер