Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу



І.КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4 бет
IІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері
ІІ.1. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5.16 бет
ІІ.2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.22 бет
ІІ.3.Бастауыш сынын оқушылары: Жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері...22.26 бет
ІІ.4.Адам дамуына ықпал ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.30 бет
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31.32 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..33 бет
Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан – 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Бұл жөнінде ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз Әл – Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы – қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір – бірімен тату – тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір – біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі – зайыптылық және ата – ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті – баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы – негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. Қазақстан мұғалімі, 1992. 18-қаңтар.
2. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. "Егемен Қазақстан", 1996. 7-тамыз.
3. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 1993. 9-сәуір.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарының мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. "Егемен Қазақстан", 1995.
5. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. "Егемен Қазақстан", 1994. 20-тамыз.
6. Қазақтың тәлімдік ой-пікір онтологиясы. І-том. Қ. Жарықбаев және т.б.- А., 1994.
7. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Б.Айтмамбетова және т.б.- А., 1993.
8. Қоянбаев Ж.Б. Семья және балалар мен жетекшілер тәрбиесі.- А., 1990.
9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика.- А., 1998.
10. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, - А., 1993, ақпан.
11. Атемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі.- А., 2002. -118 б.
12. I. Сманов., А.Оңғарбай. Отабасы мен мектептің ынтымақтастығы. Оқу құралы. ІІІымкент. 2005. 60 б.
13. Құнанбаев А. Қара сөздері.- А., 1993. - 91 б.
14. Айтмамбетова Б., Бозжанова К. және т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.- А., 1985.
15. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі.- А., Дарын, 2004.
16. Әбенбасв С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.- А., Дарын, 2004.
17. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. ІІІымкент. 1994.
18. Афанасьева Т.М. Семья. (жоғарғы класс оқушыларына арналған оқулық).- А., 1985.
19. Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы. А., 1986.
20. Рувинский Л.И. Тәрбие гуманизациясы. (мамандыққа кіріспе кітабынан)- А., 1991.
21. Өтешева Х.А. Оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. А., 1994. 135 б.
22. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика.- А., 1994. 135 б.
23. Төлеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. -А., 1991.
24. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. - А., 1982.
25. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. -М., 1991.
26. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. - А., 1995.
27. Нұрғалиева Г, Артықбаева Е, Ахметова Г, Тілеуова С. Кәсіптік білім негіздері. -А., 2002ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу

ЖОСПАР

І.КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4 бет
IІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері
ІІ.1. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5-16 бет
ІІ.2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-22 бет
ІІ.3.Бастауыш сынын оқушылары: Жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері...22-26 бет
ІІ.4.Адам дамуына ықпал ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 26-30 бет
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-32 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .33 бет

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында Елбасымыздың Болашақ, Дарын бағдарламаларында, Қазақстан - 2030 атты Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Бұл жөнінде ежелден - ақ ұлы ойшылдарымыз Әл - Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы - қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір - бірімен тату - тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті - баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы - негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата - анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке леген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айдаладағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю.П, И.В Гребенников, А.И. Лихачев, Ю.П Петров, А.О Пинт және т.б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымда, ал Қазақстанда Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев және т.б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.
Көрнекті педагогтар К.Д Ушинский, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Л.С Рубинштейн, Л.В. Зоньков, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, А.Г.Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Оқу-тәрбие процесінде баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесі Ш.А. Амонашвили, К.К. Платонов, В.С. Библер, Б.М. Теплов, А.Н. Лук, Б.Т. Ананьев, В.А. Крутецкий, В.И. Кириенко, Н.С. Лейтес, А.В. Петровский, В.Т. Пушкин, Д.Б. Богословский, В.Ш. Андреев, Г.А. Давыдова және т.б еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә. Құдайқұлов, Е.Ө. Жұматаева, А.Б. Мырзабаев, Л.Т. Дирксен, К.К. Жұмадилова, және т.б.
Көптеген психологтар М. Мұханов, Қ.Жарықбаев, А.В. Петровский және т.б ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының І - ІҮ сыныптарын және 6-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер - оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл кезең Көзі ашылмаған балалықтай даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.

ІІ. Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері.

ІІ.1. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері.
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш.Амонашвили, В.Давыдов, Л.Заньков, В.Репкин, Д.Эльконин және т.б.)
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы).
Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептсн оқушы тұлгасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Біріншіден зерттеу эксперименттік-эстетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сотпен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.
Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В.Ренакин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А.Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г.Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (В.Репкина) және т.б.
1995-1996 жылдары В.Репкиннің басшылығымен мектептерде арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру бастауыш мектептегі оқу жылының аяғында Эльконин-Давыдовтың жүйесі бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің негізгі көрсеткіштерін белгілеп, олар тұжырымдаманы және мектеп-зертхана жағдайындағы жүйесін әзірлеу кезіндегі көрсеткіштерімен, сонымен қатар қазіргі мектепте іске асырылатын өзге оқыту жүйелерін сипаттайтын деректермен салыстыруды көздеген, нәтижесі мынадай болды. Тексерілген сыныптардың 80 пайызында мұғалімдер дамыта оқыту жүйесі жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз еткен. Оқу қызметінің қалыптасуы, оқушылардың интеллектуальды дамуы, сондай-ақ оқу ұжым мен жеке тұлғаның даму көрсеткіштері мектеп-зертхана жағдайында тіркелген көрсеткіштермен бірдей болған. Бұл дамыта оқыту жүйесі жобасының пайдалылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, зерттеу осы жүйені игеруге байланысты кейбір мәселені айқындап берді. Мұғалімдердің, көбі 80 пайызға дейін) жүйе жобасының негізін құрайтын педагогикалық қызмет жүзеге асыру барысында, әсіресе, ұйымдастыру-коммуникациялық деңгейінде кездесетін елеулі қиындықтарға ұшырасқан.
Алынған нәтижелерге теориялық талдау, А. Дусавицкийдің Жеке тұлғаны оқу барысында дамыту еңбегінде жасалған. Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субьективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік (танымдық, өнегелік) көзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Алайда, бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістерін түбегейлі өзгерту жағдайында мүмкін болады.
Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.
Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жеке
тұлғаның тұрақты кұрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.
В.Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады - дейді ғалым. Бастауыш мектепте оқу қызметінің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізінде дамиды. Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі - оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.
Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету, достыққа, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:
Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті ету, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;
Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;
Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;
Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;
Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;
Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;
Буды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т.б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.
Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.
Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.
Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.
Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының
заттарына (киімге, оқу құрал-жабдық тарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегімен жасалынғанның бәріне ұқыптылық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.
Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты, ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.
Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар ақша айырбастау сияқты ұғымдарға үйрету қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытты үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың салмағын айыра білугс үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.
Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеуде мынадай міндеттерді басшылыққа алу қажет.
Әсемдікті сезіне білу, түстерді заттардың сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.
Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің әсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіп тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ, табиғаттағы, адамдық қызмет жөне өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушылығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіштерімен және басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлттық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.) маңызы зор.
Бастауыш сынып оқушыларын дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді.
Тазалықты, күнделікті еңбекте және әскерде қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларына адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.
Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыру ісі, оқытудың әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді. Бұл мәселе жөнінде (мәселе жеке бастың үлгісі туралы болып отыр) қазіргі кезде жиі айтылып жүрген педагогикалық авантюризмнің ғылыми негізсіздігін, оның тіпті педагогиканы жетік білмейтін тәрбие ісінде мамандығы шамалы адамдардың өзінше ойлап тапқан жаңалығы деп қарауымыз керек, себебі идеялсыз жеке бастың қалыптасуы мүмкін емес. Оқушы үшін шынайы ұстаз-педагог идеял болуы керек.
Сендіру - жеке тұлғаның санасын қалыптастыратын тәрбиенің ең маңызды әдісі. Әсіресе бұл әдісті талдауда Н.К.Крупская ерекше еңбек етті. Еңбекті ұйымдастыруда, әр түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік жұмыстарға деген балалардың сана-сезімін олардың әлеуметтік көзқарасынан бөліп алып қарауға болмайды. Осы негізде Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолындағы даму ісімен, қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырды. Н.К.Крупская балалармсн тек құрғақ сөйлесу керек емес, олардың істеп отырған ісіне сенімін арттыру керек дейді.
Бастауыш сынып оқушылары эстетикалық және физиологиялық жағынан, адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп қалыптастырудың маңызын аша көрсетіп, олардыц мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге деген сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде оқу ісінде, жекелеме және ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен пікір таластарда кеңінен колданады. Бұл істердің бәрінде сендіру әдістерінің нәтижелі болуы оның мазмұнына және эмоционалдық сезімге құрылуына байланысгы болмақ.
Жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы үшін тәрбие ісіндс зор рөл атқарады.
Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш жағдай - үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен өнеге керек деген екен.
Бастауыш сынып окушысы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылықпен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзіне қайталайды. Оқушылар басқаның аса жоғары мұратты іс-әрекетін байқап, бакылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгерішілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп қараймыз.
Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарай бастайтын болды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.
Жаттықтыру әдісі жеке басты іс-әрекетке, тәртіптілікке қалыптастыруда аса маңызды роль атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі. Әсіресе мәдениетті, жақсы мінез-құлықты оқушының бойына дарытып, әдет. дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайталап үйрету үлкен роль атқарады. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады. Ол Мінез-құлқымыз саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі сапалылыққа ғана сүйену керек деген ұғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналылықтан әдет дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана шынайы мәдениетті азамат тәрбиелейміз. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет дағдыларды мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек дейді.
Сонымен, жаттықтыру әдісі дегеніміз оқушының бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты әлденеше рет қайталау арқылы жаттықтырып сіңіру, оны қалыпты мінез-құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру.
Осы әдіс арқылы оқушының бойына мәдениетті мінез-құлық дағдыларын сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысында да, әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруда да еңбекке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуда, сондай-ақ сөйлеген сөз, жүріс-тұрыс, әңгіме, баяндама т.б. іс-тәжірибеде қолданып жаттықтыру, іске асыру арқылы жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, баланың оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әркеттерінің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады. Жаттықтыру тәрбиенің жалпы әдісі ретінде баланы саяси, қоғамдық, адамгершілік, дене және эстетикалық жағынан дамыту міндеттерін шешуде қолданылады. Әсіресе, бұл әдісті баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдану қажет. Ол баланы үстел басында отыруға, жүріп-тұруға, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден бастап, принципшілдікке, адалдыққа, отан сүйгіштікке, ерлікке, саналы тәртіпке үйрету сияқты жоғары моральдық қасиеттерді олардың бойына сіңіруге дейін қолданылатын әдіс.
Жаттықтыру дене тәрбиесінің көркемдік эстетикалық қабілетті дамытудың негізгі әдісі болып саналады.
Баланың бойында әдет-дағдыны немесе іс-әрекетті мінез-құлық дағдысы етіп қалыптастыруда жаттықтырудың педагогикалық негізі жөнінде К.Д.Ушинский де көптеген пікірлер айтқан болатын. Ол жаттықтырудың іс-әрекет, қимыл үстіндс адам психологиясынан алатын орнын айқындай келе жаттықтыруды іске асырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:
а) балалардың алдына белгілі бір іс-әрекет жасауға ынталылық туғызатындай міндет қою;
ә) сол іс-әрекетті шешуге қажетті білімді алдын-ала меңгерту;
б) оқушыға іс-әрекет кезінде іске асырылатын әрекетті алдын-ала қайталап жасатып үйрету;
в) кейін ол іс-әрекетті әлденеше қайталатып жаттықтыру, қалыпты дағдыға айналдыру;
г) оқушылардан жаттығуды жетілдіре түсуді талап ету;
е) іс-әрекет үстіндегі адамның мінез-құлқының үнемі бағытталуда болатынын ескерту.
Оқушылардың мінез-құлқын бақылау, оған талап қою әдісі.Бала ойынға
алданып, теледидардан қызық кино, концерт көріп, спорт жарыстарына
қатысып, үй тапсырмасын орындамауы мүмкін. Сондықтан баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе оны еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз баланың іс-әрекетін белгілі бір бағытқа бейімдеу. Талап қою -баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы -мұғалімнің сұрауы, орынды нұсқау беруі. Оның ерекшелігі баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының ара қатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қоюды, мінез-құлқын белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Сондай-ақ, ол белгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындаудың құралы күнделікті баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, баланың тәрбиеші алдында есеп беруі немесе сыныптас жолдастары алдында есеп беруі арқылы іске асырылады. Бақылау баланың іс-әрекетін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.
Баланы бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекет түріне ауыстырудың психологиялық-педагогикалық негізі басқаша. Кейбір бала үнемі бір іспен шұғылданғанды жақсы көреді. Мысалы, детективтік әдебиетті көп оқу, денсаулыққа зиянды ойындарға әуес болуы немесе үзілісте балалық мінездерді көбірек күйттеу т.б. Бала жақсы көретін іске тиым салу үнемі тәрбиелік нәтиже бере бермейді. Ондай жағдайда баланы еңбектің екінші түрімен айналыстыруға тура келеді. Бала өзі үйренген істен екінші іс түріне ауыспайды. Алғашқыда мұғалімге риза болмай, қарсылық білдіруі де мүмкін. Ондайда балаға екінші іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі істеуге оқушының ынтасын біртіндеп туғызу керек.
Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі -ынталандыру.
А.С. Макаренко Жазалау - адам мінезінің берік болуына мүмкіндік туғызады, баланы өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, оның еркі мен адамгершілік орнын қалыптастыратын тәрбиелеуге ықпал етеді -деді.
Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың қарама-қарсы жазалау баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы жағымсыз жағдайларды көріп, оның қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндігіне тәрбиешінің көзқарас, пікірін білдіруі.
Мадақтау мен жазалау әдісінің психологиялық негізі баланың ішкі жан дүниесінің күйініш, яки сүйініш сезімімен байланысты. Бұл сезім баланы өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, өзіне-өзінің баға беруіне итермелеп отырады. Сонымен бірге теріс іс-әрекеттен бойын тежеуге үйретеді. Олай болса, жазалау, я мадақтау әдісі оқушыларда адамгершілік сана-сезімнің оянуына, дамуына ықпал етеді, өзіне-өзі талап қоя білуге үйретеді. Мадақтаудың әдісі: мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, жолдастарының алдында алғыс жариялауы, мектеп дирекциясының бұйрығымен алғыс жариялау, т.б. сыйлықтар беру, мақтау грамотасымен, алтын, күміс медалімен марапаттау. Одан басқа мектептің Құрмет кітабына жазу, Құрмет тақтасына фотосуретін қою т.б.
Мадақтау әдісін баланың жас ерекшеліктеріне қарай лайықты қолдану керек. Төменгі сыныпта мадақтау жиірек қолданылады. Мысалы, бала партада түзу отырғанда, қолын дұрыс көтергенде, сабақ үстінде тыныш отырғанда, т.б. Ал жоғары сыныптарда баланың іс-әрекетінің күрделі түрлері мадақталады. Мысалы, бала үнемі үй тапсырмасын орындап келеді. Көрнекі құрал жасайды, еңбекке белсене қатысады т.б. Әрине мадақтауды жиі қолдануға болмайды. Ол оқушыны дандайсытуы мүмкін. Мадақтау әдісін жеке оқушыға да, бүкіл сынып ұжымына да қолдануға болады.
Жалпы адамның жағымды жағын көре білудің, жақсы істерді үлгі етудің тәлімдік мәні зор. Осы мақсатпен - кейде мектептің қабырға газетінде Біздің мектептегі іс-әрекеттер деген айдармен мақала ұйымдастыру орынды (немесе Олардың ісі - басқаларға үлгі т.б.)
Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз, барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді. Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.
Бала тәрбие үрдісінің объектісі ретінде сырттан үлкендердің, қоғам-ұйымдардың және түрлі сананың, табиғат пен әлеуметтік ортаның сын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді.
Бала обьективті тәрбие үрдісінің мүшесі ретінде әлеуметтік жүйеге еніп, белгілі тәуелділікке түседі. Соның барысында, балалардың дағдылары қалыптасып, іс-әрекеті, санасы, дүние туралы түсінігі қаланып, тұлғаның психикалық қасиеті мен ойлауы дамиды. Сөйтіп, бала қоғам өмір мен өндіріске қатынасатын мүшеге айналады.
Бала-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде табиғи күш пен қабілеттері негізінде алғашқы қажеттіліктер мен түрткілерге және қызығуына байланысты дамиды. Оның қабілеті мен қажеттіліктерінің қалыптасу мүмкіндігі мол, өйткені ол әлеуметтік орта және тәрбиемен тығыз байланысты, баланың жеке басының қалыптасуы тек ішкі заңдылықтармен шектелмейді, сол сияқты әлеуметтік жағдайдың ықпалынан да оның түрлі қыры, мысалы, дарыны, қызығуының дамуы немесе дамымауы мүмкін. Бала-тәрбие субьектісі ретінде біртіндеп қалыптасып, азаматтық тұлға, ол өз түрткісі мен іс-қылығының әсері арқылы қоғамдық сананы, түсінікті, идеяларды саналы түрде таңдап, оны бойы сіңіреді. Біріншіден даралық қасиетті, қажеттілікті, өмірлік үстанымды түрлі ықпалды, сапалы қарым-қатынасты, өзара әрекеттесуді талдауды үйренеді.
Тәрбиелілік ұжымда және қоғамдық ұйымдарда немесе бірлестіктері әр оқушы қоғамдық өмірдің түрлі қырын, мәселен, экономикалық жағын игереді. Бала еңбек ету барысында адамдардың қоғамдық меншікке болатынын түсінеді. Еңбек ұжымы арқылы адам қоғамдық қатынастардың
белсенді мүшесіне айналады. Оқушылар нарықтық мәселелер жайлы, мысалы, жалға беру және алуан экономикалық мәселелердің түр-қырларымен танысады. Нарықтық қатынастың тәжірибелік жағын түсіндіріп баланың ұжымдық тәрбиесі мен еңбекке шығармашылық қатынасын нығайтады. Бастауыш сынып оқушыларына (7-10 жасар) Балдырған сатысындағы Бизнес бағыты арқылы нарықтық қатынастардың алғашқы түсініктерін өздерінің өндірген заттары арқылы тәжірибе жүзінде іске асыруға болады. Кішігірім бизнес жасауға, нарықтың мәнін түсінуі өздері өндірген заттар туралы, өзін-өзі қаржыландыру (қолөнер, мектеп жасындағы тәжірибе учаскесі) жайлы түрлі мәселелік жағдайлар тудырып, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға жаттықтыру белгіленеді.
Балалар ұжымын ерікті оқушылар қоғамы арқылы мектептен өзін-өзі басқару жұмысына қатыстырып, бейбітшілік үшін күресуге, мектептегі сайлау жұмыстарына, мерекелер мен фестиваль жұмыстарын ұйымдастыруға қатыстыру арқылы ел жандылыққа баулып, азаматтық тәрбие беруге бодады.
Бастауыш сыныпта ұлттық ерлік дәстүрлерді насихаттап, оқушыларды Отан алдындағы борышын орындауға, Отанын қорғауға, денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыруға, табиғатпен үйлесімділікке келуге, әскери бөлімдермен және шекарашылармен байланыс орнатып окушылардың азаматтық тәрбиесін Ерлік бағыты бойынша жетілдіру көзделеді. Балдырған сатысының оқушыларымен түрлі жарыстар ұйымдастырып, олардың тәндік саулығын нығайтуға да болады.
Оқушылар ұйымының әлеуметтік қыры. Ұжымдағы балалардың бойында әлеуметтік әділеттілікті сақтау, келісімге келу, азаматтық, ізгі жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даярлығы тәрізді сипат қаланады. Мектеп ұжымының әр мүшесі өзін әлеуметтік өмірді жетілдіруге тиістімін деп сезінуі қажет. Ұжым мүшелері әрқайсысының отбасы туралы, оның мұқтаждары мен қатынастары, істері жайлы біліп, біріне моралдік көмек көрсетеді. Оқушылар бірлестіктерінде балалардың дарындылығы мен қабілеттері дамиды. Оқушылар ұжым арқылы әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, ұжым мен жеке тұлға арасындағы байланыстың мәнін түсінеді. Балдырған сатысындағы Іздер бағытында қоғамдық әлеуметтік өзгеріс, нарықтық қатынас, ғылыми техникалық жетістіктің алғашқы элементтерін игеру (мультимедия компьютерлік ойындардың бағдарламасын жасап, шығармашылық ізденіске түсу), өмірлік құндылыктарды игеру, жеке бастың қасиеттерін дамытуды көздейді.
Оқушылар ұйымында балалардың мораль мен адамгершіліктің қоғамдық құбылыс ретіндегі түсініктері жетіледі. Ұжымдық еңбекті ұйымдастыру барысындағы бір-біріне тәуелділікті, достық қатынасты, қоғамдық моральге бой ұсынуды, бір-бірінің, өзінің, ұжымның және қоғам алдындағы жауапкершілігін саналы түсінеді.
Жоғарыда келтірілген ғалым педагог-психологтардың талдауларын басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық психологиялық негізін келесі сызба арқылы көрсетуімізге болады:

№1 сызба
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық негізі

Педагогикалық жақтары
1. Сана-сезімін жетілдіруге
2. Адамзаттық өркениетті сіңіру
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге
қатыстыру
4. Оқыту әдістерінің жүйесі
5. Тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, ынталандыру, жағымды үлгі өнеге көрсету, мадақтау
6. Адамгершілік сезімін дамыту
Педагогикалық жақтары
7. Сана-сезімін жетілдіруге
8. Адамзаттық өркениетті сіңіру
9. Өзін-өзі тәрбиелеуге
қатыстыру
10. Оқыту әдістерінің жүйесі
11. Тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, ынталандыру, жағымды үлгі өнеге көрсету, мадақтау
12. Адамгершілік сезімін дамыту
Психологиялық жақтары
1. Оқушы тұлғасының дамуы
2. Қарапайым дағдылар, ептіліктердің қалыптасуы
3. Оқу-танымдық мотивтерінің
4. Моральдық қасиеттері
5. Тұлғалық әлеуеті
6. Танымдық өнегелік
7. Табиғи күш пен қабілеттерінің дамуы
Психологиялық жақтары
8. Оқушы тұлғасының дамуы
9. Қарапайым дағдылар, ептіліктердің қалыптасуы
10. Оқу-танымдық мотивтерінің
11. Моральдық қасиеттері
12. Тұлғалық әлеуеті
13. Танымдық өнегелік
14. Табиғи күш пен қабілеттерінің дамуы

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесінің ролі ерекше мәнге ие. Осыған орай, біз келесі тақырыпта жанұя тәрбиесінің факторы туралы мәселелерді қарастырамыз.

ІІ.2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Бүгінгі таңда қоғамдағы Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру қажет-деп көрсетеді. Осыған байланысты біз бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерінің мәнін ашу үшін жеке тұлға деген ұғымға түсініктеме анықтама беруге болады.
Жеке тұлға ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады.
Жеке тұлға ретінде жеке адам немесе организмнің барлық психологиялық ерекшеліктері қарастырылады .
Жеке тұлға-бір жағынан интеграциялық ұйым. Оның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда.
Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі. Психалогиада жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар. Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді.
Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді.
Жеке тұлға теориясы-адам бойында қалыптасқан ойлар мен гипотезалар жиынтығы. Жеке тұлға теориясын зерттеу көптеген жаңа ойларға қол жеткізеді. Бізге қызығушылық туғызатын бастапқы: адам табиғаты. Біздің мақсатымыз-адам бойындағы қалыптасқан қасиеттерді зерттеу.
Жеке тұлға теориясы-негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп, қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді.
Жеке тұлға теориясы-адамның күнделікті тыныс-тіршілігін түсіндіре алады. Жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы-олардың болашағына, көзқарасының дамуына, алдын-ала болжам жасайды.
Психология ғылымында жеке тұлға туралы мынадай теорияларды айтуға болады.
1. Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (4865-1939ж) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге келтірілген.
2. Жеке тұлғаның Эго теориясы (Э. Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.
3. Джулиана Роттердің әлеуметтік ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Д.Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіріледі. Бұл теория-әлеуметтік үйрену, адамның мінез құлқын, тұрмыс қызметін әлеуметтік ортада қабылдауға негізделген. Ол көбінесе адам сұранысына байланысты, ортамен қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасады.
4. Альберт Бандураның әлеуметтік когнитивтік теориясы. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Оның дәлелденуіне адамдар концепциясы, яғни мінезі мен қоршаған ортаға өзара бейімделеді. Бұл ретте жеке тұлға дәрменсіз обьект емес, ортаны бақылайтын сананы әрі күш қуаты бар адам ретінде танылады және ол ойланған жетесіне жетіп, оны іске асырады. Бұл теория бойынша мінез құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен сыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.
Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967) Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның негізін айқындайды. Бұл теория кейде жеке тұлғаның теориясы деп аталады. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.
Раймонд Кеттелдің жеке тұлға қасиетінің құрылыс теориясы. Бұл теория эмпирикалық әдістің зерттеулерін нақты пайдалануға негізделген. Кеттел факторлық талдаудың көмегімен жеке тұлғаның игі қасиеттерін ашу мақсатында мінездің ғылыми моделін конструкциялаған. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті, Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
Пәндер