Ас қорыту мүшелерінің аурулары



Ас қорыту жүйесінің аурулары
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, Гастриттер, асқазан және 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар жатады.
Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.
Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).
Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн. Диагностикасы:
1) Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері).
2) Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар).
3) Клиникалық белгілері.
4) Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ас қорыту жүйесінің аурулары
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, Гастриттер, асқазан және 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар жатады.
Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.
Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).
Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады -- енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн. Диагностикасы: 1) Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері). 2) Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар). 3) Клиникалық белгілері. 4) Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы.
Емі; 1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту). 2. Ішектегі тазалау (тазалау клизмасы)
3. Төсек режимі (1-3 күнге)
4.Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)
5.Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия).
6. №1 диетаға ауыстырады. Қалыпта тамақтануға көшіру 1-2 аптаға созылуы тиіс.
7. бактерияларғақарсы ем тағайындалады;
8. ферменттер,
9. С мен В (В1В2В3) тобыныңвитаминдері;
10. ас тұзыныңизотоникалық, глюкозаның 5 ертіндісі,
11. керекжағдайда плазма қолданылады.
Алдын алу-тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық); қосалқы созылмалы инфекция ошақтарынан дер кезінде тазатрып-сауықтыру; гельминттерден арылту; асқазан-ішек жұмысын қалыпқа келтіру шаралары; дәрі-дәрмектер қабылдауға ұқыпты қарау; балалардың соматикалық ауруларын дер кезінде анықтап әрі мұқият емдеу.
Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.
Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.
Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен білінеді.
Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді. Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды. Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;
1. Алиментарлық жағдай. Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор. Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.
2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,
3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.
4. Инфекциялық әсерлер. Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50% , ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.
Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.
1. Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.
2. Диспепсиялық синдром; сасық" кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.
Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.

Диагнозы.
1. Анамнездің мәні аса зор;
2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді.
3. Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді.
Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс.
1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды.
7-10 күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.
2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 а" диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 б", кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы).
Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі.
Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Ас қорыту жүйесінің потологиясы
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Диспепсиялық бұзылулар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Төл ауруларынының алдын алу қағидалары
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді
Әлеуметтік медицинада және денсаулық сақтау саласында статистикалық әдісінің ең күрделі екенің анықтау
Модульдік оқыту технологиясы туралы
Пәндер