«Газ тарату механизімнің құрлысы»



МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.5 бет.
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 бет.
2.1 Газ тарату механизімі (қозғалтқыш) бет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.11
2.2 Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.13 бет.
2.3 Газ тарату механизмінің бөлшектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.16 бет.
2.4 Газ тарату ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу ... ... ... 17.18 бет.
2.5 Газ тарату фазасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19 бет.
3.Эконмика (технологиялық карталар, сызбалар есептер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.26 бет.
4.Еңбекті қорғау және техника қауіпсідігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27 бет.
5.Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28 бет.
6.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Қозғалтқыш
Автомобильдерде поршеньді төрт тактілі бензинді (карбюраторлы) жөне дизельді іштен жану қозғалтқыштарын қолданады.
Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбат компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандартты енгізулермен түсіндіріледі. Бүл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды.
Поршеньді қозғалтқыштардың өлшемдері болып анықталатындар: цилиндр диаметрі (Б, мм); поршень жүрісі (8, мм); цилиндрлер саны (і); цилиндрлердің жұмыс көлемі (литражбен "V, ц, л немесе см3); сығымдау дәрежесі (Е); қозғалтқыштың тиімді қуаты (Ые, кВт); қозғалтқыштың айналдырушы моменті (Мкр, Нм); қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі (тг, айн./мин); жанармайдың үлестік шығыны (д, г/м кВт) және қозғалтқыштың үлестік салмағы (О, кг/кВт).
Литражы бойынша қозғалтқыш аса кіші литражды (1,2 л дейін), кіші литражды (1,2-2 л), орта литражды (2-4 л) жөне үлкен литражды (4 л жоғары) болып жіктеледі. Сонымен қатар жүк автомобильдерінде және автобустарда қозғалтқыштың аса үлкен литражды түрі пайдаланылады (10 л жоғары).
Қозғалтқыштардың жіктелуі
Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық жұмысқа айналдыратын машина қозғалтқыш деп аталады. Бұған байланысты қозғалтқыштар: жылулық, электрлік, желдік, сулық немесе гидравликалық, т.б. болып бөлінеді.
Қазіргі кезде ең көп тараған жылу, электр және буданды қозғалтқыштары. Жаңа жеңіл және ауыр жүк автомобильдерінде жылу жөне электр қозғалтқыштары қолданылады.
Жылу қозғалтқыштары үлкен үш топқа бөлінеді:
бу қозғалтқыштары;
іштен жану қозғалтқыштары;
буданды қозғалтқыштар.
Отын бу қозғалтқыштарынан тыс бу қазанының пешіне жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Бу труба арқылы машинаның цилиндріне немесе турбина дөңгелегінің қалағына беріледі, сөйтіп ол механикалық жұмыс істейді.
Іштен жану қозғалтқышында жану процесі және одан алынған жылуды механикалық жұмысқа айналдыру процесі қозғалтқыштың цилиндрінде өтеді. Отын жанғанда пайда болатын жылудан газдар кеңейе түсіп, поршень мен бұлғақ арқылы қозғалтқыштың иінді білігіне берілетін күш туғызып, механикалың жұмыс атқарады.
Буданды қозғалтқыштар дегеніміз - бір автомобильде екі (одан да көп) түрлі қозғалтқыштарды пайдалану. Мысалы, іштен жанатын және аккумулятормен істейтін электр қозғалтқыштар, іштен жанатын және күн сәулесімен істейтін қозғалтқыштар және т.б.
Дүние жүзінде автомобильде ең көп пайдаланатын іштен жану қозғалтқыштары 99% -дан астам автомобильде. Іштен жану қозғалтқыштары отын жылуының 25-38 пайызын механикалық жұмысқа айналдыратын болса, қозғалысты құрылыстардың бу машиналары отын жылуының тек 8-13 пайызын ғана пайдаланады.
Іштен жану қозғалтқыштары былай жіктеледі:
қызметіне қарай: стационарлық, кемелік, тракторлың, автомобильдік, т.б.;
іштен жанатын, электрлі, күн сәулесінен және буданды (іштен жанатын және электрлі, іштен жанатын және күн сәулесінен, электрлі және күн сәулесінен істейтін) қозғалтқыштар;
қозғалтқыштарды басқару жүйесіне қарай:
компьютерлі;
механикалық;
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Автомобильдің құрлысы және пайдалануы авторы: П.Ж.Жүнісбеков
2. Автомобильдерді жөндеу және текникалық қызмет авторлар: П.Ж. Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов, Г.А. Мамедалиева, М.С. Дүйсенбаев
3. Автомеханиктерге арналған материалтану негіздері авторлары: С.Скрынник, Т.Рахманов
4. Автомобильдер мен қозгғалтқыштар теориясы автор: Б.А. Алиев
Бутусов А.М., Образцов О.П., Жадаев В.Ф. и др. Автомобиль ГАЗ-66: Устройство, техн. обслуживание и ремонт. — М.: Транспорт, 1988.

№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БЕКІТЕМІН
Директор____________З. Талбидин
____________________20___ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ф-ӨОБ-0320

Тақырыбы Газ тарату механизімнің құрлысы

Түсіндірме хат ___________________________________ _______ бет

Графикалық бөлім ___________________________________ ____ парақ

Дипломдық жұмысты орындаушы __________ Кембай Ғалымжан.

(қолтаңбасы) (аты-жөні)

Жетекшісі _________ Ақмолдаев С.
(қолтаңбасы)
(аты-жөні)

ӨОБ басшысы _________ Моминов А.
(қолтаңбасы)
(аты-жөні)

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

Шардара
АЛҒЫ СӨЗ.

Бұл дипломдық жұмыста газ тарату механизімінің негізгі бөлшектері
мен механизмдерінің түрлері, құрылысы, жұмыс принциптері, кездесетін
ақаулардың түрлері және олардың келіп шығу себептері мен жөндеу
материалдары туралы түсінік беріледі.
Дипломдық жұмыста тақырып бойынша таңдалған механизмдердің
сызбалары мен барлық бөлшек- детальдардың атаулары толық көрсетілген.
Көрсетілген мәліметтер қазіргі машиналарда қолданып жүрген, ғылым мен
техниканың жетістіктеріне сүйене отырып жасалған механизмдер мен
қондырғылар болып табылады.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5 бет.
2. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 бет.
2.1 Газ тарату механизімі (қозғалтқыш)
бет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 6-11
2.2 Газ тарату механизмінің (ГТМ)
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 12- 13
бет.
2.3 Газ тарату механизмінің
бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..14-16 бет.
2.4 Газ тарату ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен
реттеу ... ... ... 17-18 бет.
2.5 Газ тарату
фазасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .19 бет.
3.Эконмика (технологиялық карталар, сызбалар есептер)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-26 бет.
4.Еңбекті қорғау және техника
қауіпсідігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
7 бет.
5.Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28 бет.
6.Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29 бет.

1. КІРІСПЕ
Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің
жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі
кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді)
кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері
кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару
процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып
жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі
екі топтан тұрады.Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек
тобы. Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі
бірнеше түрге бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты,
жоғарғы және жандық газ тарату механизмдер болып бөлінеді.Жандық газ
таратыу механизмі кезінде клапандар цилиндрдің жанына жасалған ұяда тұрады,
ал клапандары жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы
ұяда тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың
жетегі де әртүрлі болады. Жандық орналасқан газ тарату механизмдерде жетек
механизмі иінді біліктің шестернясымен үнемі тістесіп тұратын шестернясы
бар жұдырықша білікшеден итергіштен және реттегіш болттан құралады. Ал
клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде осыларға қосымша
штанга куйенте арнаулы оське бекітіледі.
Автомобиль двигательдерінде көбінде газ тарату механизмі газ тарату
фазасын тұрақты ұстап отырады .
Газ таратудағы фазаның диаграммасы – бұл клапандардың ашылу немесе
жабылу моменттерінің (фаза) иінді білік бұрылу бұрышымен сипатталған және
дөнгелек диаграмма түрінде берілген.Газ таратудағы диаграммада көрсетілген
аралықтарды, двигательдің жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғұрлым
иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлым ол үлкен. Сору және
шығару клапандарының бір мезгілде ашылу уақыты кейбір двигательдерде 16° -
тан 60° - қа дейін толқып тұрады. Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір
двигательге эксперимент түрінде анықтайды.Қабылданған газ тарату
диаграммасы ( аз ғана ауытқуы) двигательдің үнемділігін және қуатын
азайтады.
Механикалық газ тарату механизмді двигательдерде (ГТМ) газ тарату
фазасы басқарылмайды немесе шапшаң реттелмейді.
Кейінгі кездерде газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын
электронды жүйемен реттеу қолданып жүр.
Көптеген өндірушілер двигательдерде гидромеханикалық,
электромеханикалық немесе басқа жолмен басқарылатын жүйесі бар және оның
үстіне олар электрондық хабар бергіш жүйесімен жабдықталған қондырғылардың
көмегімен басқарылып жұмыс істейтін газ тарату механизмін орнатқандықтан,
газ тарату диаграммасын өзгертуге мүмкіндік туады.
Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз,
өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу
клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте
ашылады.Соның салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық
қолданылып, жұмысқа айналмаған газдар шығып кетеді.
Қазіргі заманғы кейбір двигательдерде цилиндрлерінің жақсы толуын
қамтамасыз ету үшін, иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату
фазасындағы клапандардың ашылу – жабылу кезеңдерін шапшаң реттеледі.
Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан
жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын
қоспамен жақсы толады.
Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін
шығару клапаны ТӨН жақынырақ ашылуы және ЖӨН кейін аз кешігіп жабылуы
керек.Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару тактісі жүргенде,
поршеньнің ЖӨН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.
Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам
басты.Ол двигательге электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін,
екі жоғарғы тарату бөлігінің бастапқы бұрыштық жағдайын бұрылыспен
өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты.Кейінірек тура осы принцип
Daimeer – Benz және Nissan фирмаларында қолданылады.
Двигательдің төмен айналысында бұраушы момент 25 – 35℅, ал номиналды
айналыста 5℅ көбейеді.Клапанды ашып – жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе –
электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге
асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы двигатель клапандарын электро –
магнитті басқару жүйесі жасалып және автомобильдерде қолданып жүр.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Газ тарату механизімі
1.1. Қозғалтқыш
Автомобильдерде поршеньді төрт тактілі бензинді (карбюраторлы) жөне
дизельді іштен жану қозғалтқыштарын қолданады.
Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді және дизельді қозғалтқыштарда
отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбат
компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың,
мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандартты
енгізулермен түсіндіріледі. Бүл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы
айтуға болмайды.
Поршеньді қозғалтқыштардың өлшемдері болып анықталатындар: цилиндр
диаметрі (Б, мм); поршень жүрісі (8, мм); цилиндрлер саны (і);
цилиндрлердің жұмыс көлемі (литражбен "V, ц, л немесе см3); сығымдау
дәрежесі (Е); қозғалтқыштың тиімді қуаты (Ые, кВт); қозғалтқыштың
айналдырушы моменті (Мкр, Нм); қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі
(тг, айн.мин); жанармайдың үлестік шығыны (д, гм кВт) және қозғалтқыштың
үлестік салмағы (О, кгкВт).
Литражы бойынша қозғалтқыш аса кіші литражды (1,2 л дейін), кіші
литражды (1,2-2 л), орта литражды (2-4 л) жөне үлкен литражды (4 л жоғары)
болып жіктеледі. Сонымен қатар жүк автомобильдерінде және автобустарда
қозғалтқыштың аса үлкен литражды түрі пайдаланылады (10 л жоғары).
Қозғалтқыштардың жіктелуі
Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық жұмысқа айналдыратын машина
қозғалтқыш деп аталады. Бұған байланысты қозғалтқыштар: жылулық, электрлік,
желдік, сулық немесе гидравликалық, т.б. болып бөлінеді.
Қазіргі кезде ең көп тараған жылу, электр және буданды қозғалтқыштары.
Жаңа жеңіл және ауыр жүк автомобильдерінде жылу жөне электр қозғалтқыштары
қолданылады.
Жылу қозғалтқыштары үлкен үш топқа бөлінеді:
бу қозғалтқыштары;
іштен жану қозғалтқыштары;
буданды қозғалтқыштар.
Отын бу қозғалтқыштарынан тыс бу қазанының пешіне жағылады. Қазандағы су
қайнап, буға айналады. Бу труба арқылы машинаның цилиндріне немесе турбина
дөңгелегінің қалағына беріледі, сөйтіп ол механикалық жұмыс істейді.
Іштен жану қозғалтқышында жану процесі және одан алынған жылуды
механикалық жұмысқа айналдыру процесі қозғалтқыштың цилиндрінде өтеді. Отын
жанғанда пайда болатын жылудан газдар кеңейе түсіп, поршень мен бұлғақ
арқылы қозғалтқыштың иінді білігіне берілетін күш туғызып, механикалың
жұмыс атқарады.
Буданды қозғалтқыштар дегеніміз - бір автомобильде екі (одан да көп)
түрлі қозғалтқыштарды пайдалану. Мысалы, іштен жанатын және аккумулятормен
істейтін электр қозғалтқыштар, іштен жанатын және күн сәулесімен істейтін
қозғалтқыштар және т.б.
Дүние жүзінде автомобильде ең көп пайдаланатын іштен жану қозғалтқыштары
99% -дан астам автомобильде. Іштен жану қозғалтқыштары отын жылуының 25-38
пайызын механикалық жұмысқа айналдыратын болса, қозғалысты құрылыстардың бу
машиналары отын жылуының тек 8-13 пайызын ғана пайдаланады.
Іштен жану қозғалтқыштары былай жіктеледі:
қызметіне қарай: стационарлық, кемелік, тракторлың, автомобильдік, т.б.;
іштен жанатын, электрлі, күн сәулесінен және буданды (іштен жанатын және
электрлі, іштен жанатын және күн сәулесінен, электрлі және күн сәулесінен
істейтін) қозғалтқыштар;
қозғалтқыштарды басқару жүйесіне қарай:
компьютерлі;
механикалық;
вакуумды.
Қолданылатын отынға қарай: мұнай өнімді (бензинді, дизельді) және газ
тәріздес отын (сұйылтылған және сығылған газдар) қозғалтқыштар;
қоспа құраудың әдісіне қарай: қоспаны сыртта қүрайтын қозғалтқыштар
(бензиндік және газбен істейтін); бүрку жүйелі (орталық, таралымды,
тікелей); карбюраторлы (Еуропа стандартына сай келмейді).
6) қоспаны іште құрайтын қозғалтқыштар - дизельдер: орталық сорғы; сорғы-
форсункалы.
Жанармай қоспасыньң тұтануы әдісіне қарай: жұмыстьң қоспасы электр
ұшқынынан оталатын газды немесе бензинді қозғалтқыштар;
жұмыстық қоспасы сығылудан оталатын дизельдер;жұмыстық процестің
орындалуы жөнінен - төрт жөне екі тактілі қозғалтқыштар;
10) цилиндрлерінің саны бойынша - бір, екі, және көпцилиндрлі болып
бөлінеді;
11) цилиндрлерінің орналасуы бойынша — горизонталь,қиғаш, тік,
жүлдызша V және тәріздес қозғалтқыштар.
Қозғалтқыштың белгілі жұмысқа арналуы оның құрылысына да едәуір дәрежеде
әсер етеді. Авиациялық және қозғалысты құрылғыларда қозғалтқыштың салмағы
есепте көрнекті орын алатын болса, стационарлық қозғалтқыштардың салмағына
көңіл аз бөлінеді.
Бұрын автомобильдерде карбюраторлы қозғалтқыштар қолданылатын, ал соңғы
кездерде бензин отынмен карбюраторсыз жұмыс істейтін қозғалтқыштар және
дизельдер пайдаланылады. Іштен жану қозғалтқышындағы жұмыстық процесті
жүзеге асыру үшін бірнеше дайындық
операциялары өтеді:
цилиндрді жанғыш қоспамен немесе ауамен толтыру;
жанғыш қоспаны немесе ауаны сығу;
от алу және жұмыстық жүріс;
жұмыстық жүріс аяқталған соң пайдаланылған газды цилиндрден шығарып
жіберу.
Бүл операциялардық барлығы да поршеньнің жоғары және төмеи қозғалуының
көмегімен және тиісті клапандармен жабылыи тұратын кіргізу және шығару
тесіктерін ашу арқылы орындалады. Бүкіл процестің аяқталып шығуы поршеньнің
жүрісіне байланысты болатынына қарай, қозғалтқыштар төрт тактілі
және екі тактілі деп бөлінеді.
Төрт тактілі процесс цилиндрдің ішін жанармай қоспасымен немесе ауамен
толтыру, сығу, от алу, ұлғаю (жұмыстық жүріс), шығару секілді поршеньнің
төрт жүрісінде немесе иінді білік екі айналғанда орындалады. Екі тактілі
қозғалтқыштың бүкіл процесі поршень екі жүргенде немесе иінді білік бір
айналғанда орындалады.

1-сурет. Төрт тактілі қозгалтқыштың жұмыс істеу сызбасы: а—жанғыш
қоспаны сору; б —жанғыш қоспаны сығу; в—от алу және жұжыстың жүріс;
г—пайдаланылган газды шығару
Автомобильдік қозғалтқыштар көбінесе төрт тактілі процесс бойынша
жұмыс істейді, өйткені, екі тактілі қозғалтқыштармен салыстырғанда төрт
тактілік қозғалтқыштардың тиімділігі артық болады.
Автомобиль қозғалтқыштарының қоректендіру жүйелерінің ерекшеліктері
бойынша карбюраторлы (бензинді, газды), инжекторлы (бензинді, газды) жөне
дизельді болып бөлінеді.
Төрт тактілі бензинді қозғалтқыштар Төрт тактілі бензинді
қозғалтқыштардың жұмыс сызбасы 1-суретте айқын көрсетілген. Тактілер
қозғалтқыштың әр цилиндрінде төменгі кезекпен өтеді:
Енгізу;
Сығылу;
Жұмыстық жүріс;
Газды шығару.
Бірінші такті - жұмыстық қоспаны сорып енгізу (1, а-сурет) цилиндрдің
(1) ішіндегі қысым тыстағы қысымнан кем болуы нәтижесінде орындалады. Бұл
кезде поршень (2) жоғарғы күйден (жоғарғы шектік нүктеден - ЖІПН) төменгі
күйге дейін қозғалады (төменгі шектік нүктеге — ТШН).
Алынатын сыртқы ауа мен қозғалтқыш цилиндрінің (1) ішіндегі қысымының
айырмасы, шамамен алғанда0,1атмосферадай, ауаны сору түтіктің (3) ішімен,
ашық тұрған клапаны (4) арқылы қозғалтқыш цилиндрінің ішіне өтуге мәжбүр
етеді. Жолшыбай ауа карбюраторда немесе инжектордан уақ тозаңдалған және
буға айналған отынмен қанығады. Сору аяқталған соң поршень ТПІН-де
түрғанда, кіргізу кла-паны жабылады және екінші такт - жұмыстық қоспаны
сығу басталады (1, б-сурет). Бензинді қозғалтқыштарда шам (свеча), ал
дизель қозғалтқыштарында оның орнына форсунка қойылады.
Поршень енгізілген жұмыстық қоспаны ЖПІН-ге дейін сығады. Сығылу
процесінің соңында шамдардың (свечалардың) (5) электродтарының арасында
пайда бо-латын электр үшқынынан сығылған жүмыстық қоспа түтанады (1.в-
сурет). Қоспа заряды жанған кезде көп жылу пайда болып, ол сығу
камерасындағы газдарды қыздырады, мүның әсерінен газдардың қысымы бірден
өседі. Газдардың қысымының әсерінен поршень төмен қарай жүреді, осылай
үшінші такт - жүмыстық жүріс тактісі орындалады.
Жұмыстық жүріс аяқталған соң, цилиндрдің ішкі қуысын пайдаланылған
газдардан тазарту үшін төртінші такт - пайдаланылған газдарды шығарып
жіберу тактісі орындалады (2.1, г-сурет). Шығару клапаны (6) ашылады,
пайдаланылған газдар әуелі цилиндрдің ішіндегі қысымы сыртқы ауаның
қысымынан артық болуының әсерінен және поршеньнің жоғары қарай қозғалуының
әсерінен шығару түтігі (7) арқылы атмосфераға айдап шығарылады.
Шығару клапаны (6) тек шығару тактісінің кезінде ғана ашылады, қалған
кезде бүл клапан жабық түрады. Сору кла-паны (4) тек сору тактісінің
кезінде ашылады. Сөйтіп, сығу жөне жұмыстық жүріс кезінде екі клапан да
жабық тұрады.
Клапандардың ашылып-жабылуы газ тарату механизмі арқылы орындалады.
Поршеньнің ЖШН-нен ТШН-ге дейін жүріп өтетін жолының ұзындығы поршеньнің
жүрісі 8 деп аталады.
Бір ғана үлғаю тактісін немесе жұмыстық жүріс деп аталатын тактіні алу
үшін төрт тактілі қозғалтқыштарда үш дайындық тактісі өтуі керек: сору,
яғни цилиндрге жаңа жанғыш қоспа ендіру, жану мезгіліне өте қолайлы жағдай
алу үшін, демек қысымның арта түсуі үшін, оны (сығу және жұмыстық жүрістен
кейін цилиндрді тазалау үшін пайдаланылған газдарды шығару керек. Бұл кезде
иінді білік екі айналады. Мұндай поршеньнің әрбір төрт жүргенінде немесе
төрт такт түгел өткенде бір жұмыстық жүріс орындалатын қозғалтқыш төрт
тактілі деп аталады.

тшн
жшн
.2-сурет. Төрт тактілі қозгалткыштың газ қысымының өзгеру диаграммасы

Төрт тактілі қозғалтқыштың барлық дайындық тактілерінің үшеуінде де:
соруға, сығуға және газдарды шығарып жіберуге жұмыс босқа жұмсалады, тек
жұмыстық жүріс кезінде ғана газ пайдалы жұмыс істейді. Қозғалтқыштың
жұмысының мүндай біркелкі болмауы, жұмыстық жүріс кезінде алынатын
механикалың энергияны жинақтап немесе аккумуляторлап, кейін оны
кедергілерді жеңуге және дайындық тактілеріне жұмсауға ерекше жабдықтың
болуын талап етеді. Қозғалтқыштың ішіндегі механикалың энергияны
аккумуляторлаушы махоішк болады. Маховик қозғалтқыштың иінді білігіне
қосылған ауыр металл дөңгелек болып келеді.
2-суретте барлық төрт такт кезінде қозғалтқыш цилиндріндегі газдардың
қысымының өзгеру диаграммасы Гифілген. Горизонталь сызықта поршень әр түрлі
жағдайда тұрғанда цилиндрдің ішіндегі газ көлемі көрсетіледі, тік сызықта
газдардың атмосфера есебімен қысымы көрсетіледі. Мұндай диаграмма
индикаторлың диаграмма деп аталады. Индикаторлық диаграмма қозғалтқышты
сынап көргенде арнаулы жабдықтың ңөмегімен алынады.
Жанармай қоспасын сору 0,08-0,09 МПа (0,8-0,9 атм) атмосфералың ңысым
кезінде жүреді. Жаңа жанармай қоспасы қалдық газдармен араласудан және
цилиндрдің қызып тұрған қабырғалары мен поршеньнің түбіне тиюден 100-120°С-
қа дейін қызады.
Сығу кезінде қозғалтқыш түріне байланысты (бензинді, дизельді) қоспаның
температурасы 300-350°С-қа дейін жөне одан да жоғары көтеріледі, қысым
артады. Сығу тактісі қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициентін арттыру үшін
керек, өйткені, сығудың артуынан газдардың қызуы мен от алу алдындағы
температурасы артады. Қысымның артуы жылудың механикалық жұмысқа көбірек
айналуына көмектеседі.
Сығу кезінде жанғыш қоспаның көлемі неше рет кішірейетінін көрсететін
шама сығылу дәрежесі деп аталады. Олай болса, сығылу дәрежесінің бүкіл
цилиндрдің сығу камерасының көлеміне қатысы болады.
Мұнда: сығу камерасының көлемі, поршеньнің ЖШН жоғарғы цилиндрдің көлемі
(2.1-сурет)
Уж . — поршеньнің ЖШН-нен ТШН-ге дейің қозғалғанда өткен жолының көлемі,
яғни цилиндрдің жұмыстық бөлегінің көлемі деп аталатын көлем.
Жанғыш қоспа оталған кезде сығу камерасындағы температура кенет 1800-
2800 градусқа дейін көтеріледі. Мысалы, бензинді қозғалтқыштарда газдардың
сығу камерасының қабырғаларына және поршеньге түсетін ңысым да тиісінше 2-
2,5 МПа-ға (20-25 атм) дейін артады. Газдардың қысым күшінің ықпалымен
поршень жұмыстың жүрісті орындап, төмен қарай жүреді. Поршень ЖШН-нен
алыстаған сайын, келемінің арта түсуіне байланысты, ТШН-ге жақың қап
келгенде цилиндрдің ішіндегі қысым 0,3-0,4 МПа-ға (3-4 атм) тең болады. Бұл
кезде температура 800-17000С-қа дейін төмендейді.
Жұмыстық жүрістің соңында шығару клапаны ашылады. Газдардың қысымы,
шамамен алғанда, 0,115 МПа-ға (1,15 атм) дейін төмендейді, осы кезде шығару
тактісі өтеді. Шығарылатыи газдардың температурасы клапанның астынан шыққан
кезде 600-700°С-қа тең болады.
Екі тактілі карбюраторлы қозғалтқыш

3-сурет. Екі тактілі қозгалтқыштың жұмыс істеу сызбасы

Төрт тактілі қозғалтқыштың кемшілігі болып саналатын поршеньнің дайындың
ретіндегі жүрісінің көп болу екі тактілі қозғалтқышта болмайды, мұнда
жұмыстық жүріс поршень төрт жүргенде емес, екі жүргенде ғана орындалады.
Екі тактілі қозғалтқыштың жұмыс сызбасы
3-суретте көрсетілген. Мұның жоғарыда суреттеліп өткен төрт тактілі
қозғалтқыштан айырмасы клапандық механизмі болмайды, оның орнына тесіктері
- цилиндрдің өзінің қабырғаларында терезелері болады және айдағыш сорғының
рөлін атқаратын тығыз жабылатын картерде де терезесі болады.
Цилиндрдің қабырғаларында (3-сурет) үш терезе болады: сору (1), үрлеу
(2) және шығару (3) терезелері. Сору терезесі арқылы (3, а-суретте) жанғыш
қоспа карбюратордан (4) сору трубамен (5) картердің (6) қуысына сорылады.
Сору поршені (8) жоғары қарай жүрген кезде тығыз жабық тұрған картердің
ішінде сирелу пайда болуы салдарынан туады. Сору терезесінің үстінде
тұратын шығару терезесі (3) арқылы, (2.3, в-суретте) жұмыстық жүрістің
ақырында пайдаланылған газдар сыртқы ауаға айдап шығарылады.
Үрлеу терезесі (2) шығару терезесінен біраз төмен тұрады (3, а-сурет)
және картер қуысынан поршень ТШН-де тұрғанда қозғалтқыш цилиндрімен тікелей
қатыстырып тұрады.
Екі тактілі қозғалтқыштың жұмысы былай өтеді. Поршень (8) жоғары қарай
қозғалған кезде цилиндрдің (7) жоғарғы жағында сығылып тұрған жанғыш қоспа
шамның

2.2 Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы
ГТМ (4-сурет), ол цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді қозғалтқышта)
немесе жанғыш қоспя (бензинді қозғалтқышта) жеткізу және цилиндрдегі
пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Клапандар енгізу және шығару
тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару
түтіктерімеп жалғастырады.
Газ тарату механизмінің екі түрі бар: жоғары және бүйірге орналасқан
клапандар. Оқулықтағы автомобилі. қозғалтқыштарында газ тарату механизмінің
клапаны жоғары орналасқан.
Газ тарату механизмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш
біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен
шестернялар кіреді.
Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті (2) айналдырады.
Қатарлы (а) және V тәрізді (б) таратқыш біліктің жұдырықшасы (2) итерішті
жылжыта отырып, оны қарнақпен (5) қоса көтереді, ал осы кезде оның екінші
шеті төмен жылжып немесе клапанды (1) күйенте (3) арңылы басады да, клапан
(1) серіппені сығып спгізу немесе шығару тесіктерін ашады (4-сурет).
Таратқыш біліктің жұдырықшасы итергішпен шыққан кезде қарнақ (штанга)
пен итергіш түседі, ал клапан серіппе псерінен ершікке отырып, канал
тесігін нығыздап жабады.
Иінді білік бензин қозғалтқыштарында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс
жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үргіреді, немесе поршень
1 секундта 70-150 рвт төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың
ашылып-жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд ғана. Немесе осы аз уақыт
ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан
кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы қажет.
Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті пүктеге (ЖІПН) жетпей
ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады .
Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып, шекті нүктеден өткеннен кейін
жабылады.
Клапандардың ашылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯЛАРЫ
«Автомобильдердің рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер»
Құю цехы
Газ тарату механизмінің мақсаты
Оқушылардың ауылшаруашылық машиналарын жөндеу мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың әдіс –тәсілдер жүйесі
АО "КазАвтоТранс" кәсіпорынында тәжірибеден өту
Механизмді құрылымдық талдау
Ылғал - материал байланысының формалары
Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль трансмиссиясы
Халықаралық стратегиялық альянс
Пәндер