Абай шығармаларының тәрбиелік мәні



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І «Қазақтың бас ақыны» . Абай Құнанбаевтың өмір жолы
1.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы
1.2 Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
ІІ Абай Құнанбайұлының тәлім . тәрбие мәселесіндегі шығармалары
2.1 Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарасы
2.2 Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі педагогикалық сарын

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Сондықтан да мен бұл тақырыпты өзекті болғаны үшін алып отырмын. Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға,қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы,ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім - тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» деген сөзінің мәніне түсінеміз. Күллі адам қауымында өткен, ақыл - парасат алыптарының ішінде, ой кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Әли ибн - Сина, Ғұламаһи Дуани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тікелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен - Декарт, Локк, Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л.Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға - педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. . Кунанбаев А. Избранное. – Художественная литература. 1981.
2. Абай. Слова назидания. – Алма – Ата: Жалын, 1982.
3. Кунанбаев А. Полное собрание сочинений. В 2-х т. – Алма – Ата: Галым, 1977.
4. Ауэзов М. О. Кунанбаев А. Статьи исследования. - Алма – Ата: Галым, 1967.
5. Мырзахметов М. Ауэзов М. и проблемы абаеведения - Алма – Ата: Галым, 1982.
6. Жарикбаев К. Б. Казахские просветители о воспитании молодежи. - Алма – Ата: Знание, 1985.
7. Умиралиев К. Использование назидательных слов Абая в учебно – воспитательном процессе, - Алма – Ата, 1968.
8. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948
9. Абай Құнанбайүлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 18-6.
10. .ӘуезовМ.Уақыт және әдебиет. Алматы,1962, 371-бет.
11. Абай Құйанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 17-6.
12. Абайдың революцияға дейінгі басылған өлеңдері жайлы. «Жұлдыз»,
13. Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959, 6, 187-6.
14. Жұмалиев.К.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
позиясының тілі. Алматы, 1960.
15. 8.Әуезов М. Абай Құнанбаев.-Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2 том. 1961.
16. Исаев.С. Қазақ әдеби тілі тарихы.-А.1996.
17. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.-Астана,2000.
18. Келімбетов.Н. Қазақ әдебиет бастаулары.-А.2001.
19. Кенжебев.Б. Әдебиет белестері.-А1998.
20. Абайдың қара сөздері.-Алматы,1998.
21. Мақмұтов.А.Абай поэзиясының тілі.-Абай журналы.N4,2005.
22. Тынышпаев М. История казахского народа. - Алматы, 3993.
23. Жарикбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. -Алма-Ата, 1968.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Бұл зерттеу жұмысы Абай шығармаларының тәлім – тәрбиелік мәнін ашу
үшін бағытталған. Мен кіріспе бөлімінде осы зерттеу жұмысымның мақсатын
айқындап жаздым. Негізгі бөлімнің Абай шығармаларындағы адамгершілік
сарыны бөлімінде оның шығармаларындағы адамгершілік айтылған өлеңдерін
зерттеп отырдым. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде Абай
шығармаларындағы әлеуметтік жағдайда қалафй сынағандығы жайлы баян еттім.
Екінші бөлімде жеке – жеке Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріне
талдау жасап, педагогикалық сарынын талдап , педагогикалық ойларының мәнін
анықтадым.

Мазмұны

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
І Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаевтың өмір жолы
1. Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы
2. Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
ІІ Абай Құнанбайұлының тәлім – тәрбие мәселесіндегі шығармалары
2.1 Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарасы
2.2 Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі педагогикалық сарын

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін
айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан өсек, өтірік, мақтаншақтық,
еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің
өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға
қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған талап, еңбек, ғылым, қанағат,
рахымы да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір
нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз.
Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады.
Сондықтан да мен бұл тақырыпты өзекті болғаны үшін алып отырмын. Сан
ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау,
жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең
үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен
айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға,қазақ халқының
маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы,ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара
қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың
ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек
ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол
өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп
берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді
танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым
түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын
ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір
елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын
тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,
өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Абайдың педагогикалық
еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім -
тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың
ұрпағына өсиет етіп қалдырған ...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...
деген сөзінің мәніне түсінеміз. Күллі адам қауымында өткен, ақыл - парасат
алыптарының ішінде, ой кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған
сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне
арнамағандары аз. Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да,
Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз -
Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Әли ибн - Сина,
Ғұламаһи Дуани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне
бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тікелер жері,
тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен - Декарт, Локк,
Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л.Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін
толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға -
педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен.
Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жанның қос қанаты-ойшылдық пен ұстаздық
бірін-бірі толықтырып, ғажайып үлкен үндестіктерге жететінін аңғарамыз.
Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып
отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын
пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр.
Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала
ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу
ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық
пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ. Міне
қазіргі заманда осындай рухани байлық пен ішкі дүниенің үндестігі барлық
азаматтарға керек. Оны адам бойында қалыптастыру үшін мектеп үрдісіне
адамгершілік пен жақсылыққа шақырған адамдардың шығармаларын көптеп оқу
керек. Ал, ол ойлар Абай Құнанбайұлының шығармаларында ерекше кездеседі.
Сондықтан да бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды
педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану
Зерттеудің міндеттері: •
1. Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және
шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің
әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;
2. Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;
3. Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда
пайдалану атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің нысаны: барлық білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп, талдап педагогикалық
пәндерді оқытуда пайдалану
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев
шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың
жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және
нәтижесін қорыту.
Зерттеудің болжамы: Егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, педагогикалық пәндерді
оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда келешек маманның кәсіби дайындығының
тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізер еді. Оқушылардың ой –
өрісін дамытып жеке тұлға болып қалыптасуына өзіндік септігін тигізетіні
анық.
Зерттеудің құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріпеден, негізгі бөлімнен және
қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.

1.Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаевтың өмір жолы. Абай (Ибраһим)
Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ
әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,
аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс
және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды
көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік,
қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар
әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар
стилінде жазылған Қара сөздері - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық
тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай 10 тамыз 1845 ж.
қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны
Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан
басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың
әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген
әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі
момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол
Айпара балаларына:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза
шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды.
Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса
Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың
әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді,
інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі
алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ,
Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында
үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау,
анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең
пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай
аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга
шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі
ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл
Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы
тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым
зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді
дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп
көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек)
тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами,
Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр
басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская
школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі
жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы
аяқталады.
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге
шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ
болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған
жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай
бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен
әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық,
кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің
жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде
жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы,
адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген
тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да,
1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы
билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық
көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына
айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып
жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган
арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген
жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл
сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В.
Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып
тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады”
деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып
келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А.
А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік
көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс
мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы
деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс
тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын
ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен,
Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең
тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын
тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы
мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын
келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты
ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының
туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы
қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы
тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика
комитетінің толық мүшесі болып сайланды.
1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға
дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып
заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық
реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен,
атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады.
Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-
ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде
Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына
қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі
өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін
қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған
комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл
қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да,
патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына
да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел
мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын
осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп
кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер
Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке
сөз байласады.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан
қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық
дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен
баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай
батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді.
Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да
қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай
Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның
сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына
жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен
Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей
болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып
мазар тұр.
1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл
шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне
қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын ,
өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп
береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған...”)
бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек
қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған
ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара
сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3
әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай,
Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже
деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
1.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы. Абай
өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты,
күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке,
отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады. осы тектес ойшылдардың
бірі-қазақ халқының ұлы данышпаны Абай (Ибрагим) Құнанбай баласы екені
анық. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушысы,
сонымен бірге ұлы ойшыл. Абай ақын - маңдай алды екені, таңдаулы туындылары
дүние жүзі поэзиясының озық деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық.
Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау,
жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін
емес.Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман - тілектерін оқу-білім
қаншалықты терең ұғып - түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік
қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. Ақын үлкен шығармашылық тұлға
болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса
зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың
түйісіп келуі шарт. Абайдың негізгі педагогикалық мұраларының негізгі
идеяларының бірі-адамдардың өзара қарым - қатынасы, әсіресе, жастарды
еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі,
санасы, мәдениеті, адамдарды өзара қарым-қатынасы, ұлттың ерекшелігі, бір-
біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, салт-дәстүрінің дамуы-сол халықтың
еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін
даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ аңартушылары сияқты-
байлықтың, молшылықтың көзі-деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Абай - өз
дәуірінің әр алуан жағын суреттеген реалист ақын.
Ол дәуірінің жаман жағын да, жақсы жағын да өз шығармаларында айқын
суреттеп, өз дәуіріне тән, сол жағдайға лайық, әлеуметтік, таптық ірі,
келелі мәселелермен қатар, кейбір елеусіз нәрселерге дейін көре білді.
Сөйтіп ол өз заманының айқын айнасы болды.
Абай өмірге құлашын кең жайып, әлеумет тұрмысының әр саласына үңіле
қарап, көп мәселелерді өлеңнің тақырыбы, айтайын деген ой-пікірінің өзегі
етті. Толып жатқан тақырыпты жыр қылды. Мәселенің қайсысын алсақ та,
Абайдың бүгілгенді жазып, бүркенгеннің бетін ашқандығын көреміз.
Ақын, ең алдымен, өз дәуіріндегі және өзінен бұрынғы мәдениетсіздікті,
жалқаулықты, ру тартысын, пәлеқорлық сықылды оңбағандықтарды көрді. Қазақ
халқының дамуы үшін, оның басқа елдердің қатарына жетуі үшін бұл
әрекеттердің бәрі де тұсау болатын, бөгет болатын қылықтар деп ұғып,
бұларға барынша қарсы шықты. Оларға қаламы арқылы күрес ашты. Оларды қатты
шенеп, мысқылға айналдырды. Ол әділетсіздік, мәдениетсіздік атаулының
бәрімен де жалғыз жауласты.
Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім шидем-шекпен.
Жейде, дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.., -
деп, өткен өмірдің мәдениетсіздігін мысқыл-келекеге айналдырды.
Бұл қалыпта қала беруге енді болмайды, мәдениетке қарай аяқ басу керек
деген қорытынды шығарды. Абай:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алтыбақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған мінейді!.. -
деп, ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор
мінездерді әшкереледі.
Бір-ақ ырғып шығам деп,
Бір-ақ секіріп түсем деп,
Мертігеді, жатады,
Ұрлықпен мал табам деп,
Ерегессе ауыл шабам деп,
Сөйтіп құдай атады.
Күншілдік, шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік өсек, кербездік,
жалқаулық сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі болған. Әсіресе ұлыққа
арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асады. Сондықтан Абай:
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады
Ел қыдырып ас ішіп,
Еркек арын сатады.
Бала-шаға, ұрғашы,
Үйде жүдеп қатады.
Еңбегі жоқ еркесіп,
Бір шолақпен серкесіп,
Пысық деген ат шықты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты.
-деп, елді үйітіп жеген, бүлдіргіш пысықтарды, алауыздықты
еңбексіздерді, жалақорларды жеріне жеткізе сынады. Мұның өзі кезінде өткір
сықақ (сатира) еді.
Абайдың басқа өлеңдерін былай қойғанда, осы өлеңінің өзі-ақ
жалқаулықты, қорқақтықты, мәдениетке ұмтылмаушылықты, алауыздықты, өтірік-
өсекке жаны құмар пәлеқорлықты жексұрын етіп көрсетеді. Мұндай ел
бұзарлардан аулақ болу керек деп, ол ызалы сөз, өткір тілін соларға қарсы
жұмсайды.
Бұл сықылды жағымсыз-жұғымсыз әрекеттер сол кезде бар ма еді? Шындық
па еді? Әрине бар еді. Ел мүддесі емес, өз мүддесін ойлаған талай қу, талай
сұмдар қазақ арасында ол кезде аз болған жоқ.
Ру араздығын қоздырып, не біреуді-біреуге айдап салып, арасына сөз
айтып, пайда тауып, араздықты өзінің қос қалтасындай пайдаланған ұлықтар,
домалақ арызбен біреудің тағдырын саудаға салатын пәлеқорлар Абай кезінде
тіпті көбейеді.
Абай солардың бәріне қарсы болды. Ел бірлігін аңсады. Бір жерден сөз,
бір жеңнен қол шығарып, елдің түгел мәдениетке жұмылуын тіледі, өтірік-
өсек, пәлеқорлықтан аулақ болуды, мәдениетті елдердің қатарына жетуді,
ауызбірлігі күшті азат ел болуды арман етті.
Ақын өзінің әлеумет өміріне арналған Сегіз аяқ атты өлеңінде жоғарғы
әңгімелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына
ерекше тоқталып, аталық сөздер айтады.
Сегіз аяқ - Абайдың өз кезіне көзқарасының қорытындысы тәрізді өлең.
Ақын бір жерінде:
Басынди ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл, кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды,
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң, айтпа сөз!
1.2 Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні. Өз заманының
суретші ақыны Абай сол кездегі теңсіздік мәселесін тек қана шолып өтіп,
оған қалай болса, солай қарап қоймайды. Кедейлердің ауыр халі ақынның
қабырғасын қайыстырады. Ол кедейді өзі аяп қана қоймайды, өзіндей болып
басқалардың да аяуын талап етеді. Езілушілердің тұрмысын жеңілдетуге жол
іздейді. Жұртқа адамгершілікті ұсынады. Абай шығармасындағы адамгершілік
арманының негізі де осы қазақ ішіндегі теңсіздікті көре білуінде жатыр.
Қазақ ауылындағы теңсіздікті шын көрсете білген өлеңі - Күз, Қараша,
желтоқсан мен сол бір-екі ай деген өлеңі. Абай бұл өлеңінде тек барды
айтқан ұлы суретші ғана болып қоймай, сол өмірдегі ауыр тұрмыс, теңсіздікті
көре де, ұға да біледі, одан қорытынды да шығарады. Бұл екі өлеңінде екі
тұрмысты - байдың тұрмысы мен кедейдің тұрмысын бір-біріне қарама-қарсы
қойды. Октябрь, ноябрь айларының қара суығындағы кедейлердің ауыр тұрмысын:
Кедейдің өзі жүрер малын бағып,
Отыруға отын жоқ, үзбей жағып.
Тоңған үйін жылытып, иін илеп,

Шекпен тоқыр қатыны бүрсең қағып... -
деп суреттейді. Азынаған қара суықта кемпір-шалы болса, ол оның үстіне
қиындықты жамай түседі деп жаны ашиды. Теңсіздік, азап шегу тек қана
үлкендердің емес, кедейдің балаларының да басында барлығын ақын дұрыс
көрсете алды:

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы... - дейді.
Абайдың шын мәнінде реалистігі, өзі сол үстемдік етуші таптың жуан
ортасынан шыға тұрса да, олардың жалпы қара халыққа жасап отырған зорлық-
зомбылығын, аяусыз қанауын көре біліп және оны тайынбай әшкерелеу, типтік
жағдайға тән типтік образдар жасауымен қатар, жай суретшілер аңғара
бермейтін, әлеумет өмірінің көлеңке жақтарындағы кейбір құбылысты да көре
біліп, олардан әлеуметтік мәні бар үлкен қорытынды шығаруында. Жоғарғы
үзінді келтірген өлеңнің екінші бір жерінде:

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр, артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ,
Адастырған екеуін құдайым-ай! - деп, байлардың кедейді күнбе-күн езіп
отырғандығын, олардың араларындағы экономикалық теңсіздікті және бұл
екеуінің өмір бойы аңдысумен келе жатқан, бір-біріне тілектері қайшы екі
тап екендігін ашық айтты. Кедейдің ауыр халін көріп, ақынның оларға жаны
ашиды. Кедейдің сол ауыр халін қалай жеңілдетудің өзінше жолын іздеді.
Сонда оның тапқан жолы - әділдік болды. Байлардың кедейге деген
мейірімсіздігін ашық суреттеп, оларды дұрыстыққа, әділдікке үндеді. Соған
орай кедейдің де байларға дұрыс қызмет етуі керек деп білді. Бірақ ақынның
бұл пікірі - тап қайшылықтарының қандай жолдармен шешілетіндігін ұға
алмаушылықтан туған қате пікір болатын. Бұл тап қайшылықтары тек қана
таптық күреспен шешілетіндігін түсіну дәрежесіне көтеріле алмағандығын
көрсететін жайттың бірі деуге болады.
Қандай өмір құбылысына баға берсек те, біз ешқашан да мезгіл мен
жағдайды ұмытпаймыз. Сондықтан Абайдың өмір сүрген мезгілі мен жағдайын
еске алсақ, оған революциялық көзқараста неге болмадың деп кінә тағу -
орынсыз. Тарихқа көз салсақ, езушілерде әділдікке үндеп, олардың санасын
оятып, адамгершілігін арттыру арқылы әлеуметтік теңсіздікті жоймақ болған
француздың ұлы ағартушыларының іс-әрекеттері оқушылар жұртшылығына мәлім.

Ал қазақтың ұлтшыл оқымыстыларының қазақ елінде тап жоқ деп, көп
жылдар бойы айтыс ашып, өздерінше дәлелдемек болып, қызыл өңеш болғанын
тағы жақсы білеміз. Демек, ХІХ ғасырда Абайдың қазақта жігі айқындалған екі
тап барлығын және үстемдік етуші байлар табының кедейлерді езіп, қанап
отырғандығын тайға таңба басқандай етіп, шындық қалпында көрсетіп беруінің
өзі - тарихи мәні зор екендігі сөзсіз. Қорыта келгенде, Абай өзінің ұлы
еңбектерінде өз кезіндегі әлеумет өміріндегі теңсіздікті, бай-феодалдардың
еңбекші кедейлерді езіп, қанап отырғандығын, әлеумет өміріндегі алауыздық,
кертартпалық, мәдениетсіздік, еңбек сүймейтін жалқаулықты көре білді.
Қазақтың феодалдық өміріндегі әйелдердің теңсіздіктерін терең суреттеп,
сүйіспеншілікті, бас бостандығын жыр етті, олардың әлеумет өмірінде шынында
үлкен орын алатынын, алу керектігін көрсетті. Сөйтіп, қазақтың ұлы ақыны
әлеумет өміріндегі ең маңызды, үлкен мәселелерді шығармаларының тақырыбы
етіп алды да, оларды терең түсініп, сол кездегі өмір шындығына дәл етіп
көрсете білді. Жоғарғы айтылған көп мәселелер жөнінде өте маңызды, аса
құнды пікірлер айтып, дұрыс сілтеулер берді.

2. Абай Құнанбайұлының тәлім – тәрбие мәселесіндегі шығармалары. Сондықтан
да ұлы Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге-үлгі, тәлім-тәрбие, ғибрат-тағылым
болмақ. Сонысымен де ол – мәңгілік жасап, жасампаз бола бермек. Ұлы Абай
даналығының діңгегі, шығармаларының арқауы – адам тәрбиесі, тұтас бір
халықтың тәлім-тәрбиесі. Өзін-өзі тану сабақтарының да тақырыптары –
адамның өзі, адамгершілік қасиеттері туралы болғандықтан да қызықты,
танымды, тартымды. Адам – өзінің қызығушылықтары, тілектері мен
қажеттіліктеріне сәйкес тұрмысты және өзін-өзі мақсатқа лайық қайта
өзгертуші, белсенді, әрекетшіл жан. Өзінің жаратылысын түсіну, өмірдің мәні
бойынша сұрақтарға жауап іздеу, қоршаған болмыс арасынан өзін бөліп қарау
және әлемнің қайта құрылуын түсіну адамға ғана тән. Әрбір адамды
сипаттайтын тән, жан және рух барлық уақытта үйлесімділікте бола бермейді.
Әрбір саналы адамның мақсаты, қанағаты, бақыты – үйлесімділікке толық қол
жеткізу және оны ұзақ уақыт ұстап тұру негізі. Осы тұрғыдан алғанда,
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ұғымдар жүйесі мен олардың адам
өміріндегі көрінісін Өзін-өзі тану пәнінің базалық мазмұнының құрылымдық
элементтері ретінде белгіленіп, осы негізде өзін тану, өзгелерді тану,
әлемді тану, адамзат тәжірибесін тану мәселелері анықталады. Абай сана-
сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан
түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы
генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр,
алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-
қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін
дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: Мен, егер заң қуаты қолымда
бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер
едім,-деді.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық,
эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай
түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді.
Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық
өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір
сүреді. Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен
татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады,-дейді Абай. Адам
баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу-
жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, адам бойына жан
құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым... ол таланттылық пен
ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол
табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда
болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы
білуге болады деп қарастырады. Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын,
адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын
айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең
жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі
де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге
түңілеміз. Сондықтан да ол:
Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам
Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына
сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда
бой көрсетіп қалады.
Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше
айта кеткен жөн.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай
өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі
жоғары болып келеді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін - деп ақынның өзі айтқандай оның
өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз
халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып,
оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға,
прогреске шақырды.
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:
Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы мен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың – деген сөздері дәлел бола алады.
Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос
даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты.
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз, - дей
келіп, Абай Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес
дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес
асыл іс, көнсеңіз, - деген өсиет айтты.
Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса,
дейді. Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан! деген
сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір
үйге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Абайдың педагогикалық көз қарасы
Абай әлемі: Абайдың қара сөздері. Аудармашылық мектебі. Ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс, тартыстар (М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов еңбектері). Абай мұрасының зерттелу тарихы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы
Абай шығармаларын мектепте оқыту
Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
Пәндер