Қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржы жүйесін дамытудын негізгі бағыттары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Мемлекеттің қаржы жүйесі ретіндегі мемлекеттік бюджеттің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Мемлекеттік қаржы жүйесінің мәні, маңызы және қызметі ... ... ... ... ...5
1.2 Шетелдік қаржы жүйесі және олардың тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі қаржы жүйесінің маңызы...11

II Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі бүкіләлемдік қаржы дағдарыс жағдайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасу ерекшелігі ... ..18
2.2 Әлемдегі қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту жолдарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Дағдарыстан кейiн кәсiпорындардың қаржы жүйесін қалпына келтiру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

III Қазақстан Республикасының қаржы жүйесімен тиімді күресу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

3.1 Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру жолдары ... ... ...31
3.2Қазақстан Республикасының қаржы саясатын жүргізудегі басты мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қорытыңды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Қосымша
Кіріспе

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы;
ә)елдің қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада , тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, сның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесінің екі негізгі буын – мемлекеттік бюджетпен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретің элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде – бірі әзірше өмір сүре алмайтығымен сипатталады:қаржы, бір жағынан, өңдірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді. Қаржылырда функционалдық қосалқы жүйе ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының қаржылық бақылыудың заннамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері.
Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсатым – бүкіләлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы қаржы жүйесін дамыту бағыттарын қарастыру.
Курстық жұмыс негізінен 3 бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы жеке тармақшалармен кеңейтіледі.
Бірінші бөлімде Мемлекеттің қаржы жүйесі ретіндегі мемлекеттік бюджеттің теориялық негізі, яғни Мемлекеттік қаржы жүйесінің мәні, маңызы және қызметі, құрылымы зерттеледі. Сонымен қатар нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі қаржы жүйесінің маңызы да анықталады.
Ал екінші бөлімде әлемдегі қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту жолдарын талдау туралы аталып өтілінеді.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінде кездесетін негізгі мәселелерді айқындап, оларды тиімді шешудің жолдары іздестіріледі.
Курстық жұмысты жазу барысында қолданылған мәліметтер Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», М.С. Саниев «Ақша, Несие, Банктер», Ілиясов қ.қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» оқулықтарынан алынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2009-2011 жылдарға арналған экономикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы
2.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы 2011.
3.Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2012.
4.Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, «Санат», 2010.
5.М.С. Саниев. Ақша, Несие, Банктер, Алматы-2011ж
6.“Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеті Жарғы”, 2012ж
7. Г.С.Сейтқасымов. Ақша, Несие, Банктер. Алматы 2010 ж
8. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2011.
9. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банктер. Алматы – 2001
10.Мақыш С.Б. Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер.Хабаршы – N 1-2009, 19 б.
11. Найманбаева С. Валюталық құқықтың жүйесі. Заң және заман, N 9- 2010
12. Қаржы министрі Болат Жәмішовтің «Айқын» газетіне берген сұхбаты//«Айқын» 06.05.2011
13. «ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д. Ақышев ақша реформасына қатысты ел арасында айтылып жүрген әңгімеге орай білдірген пікір» //ҚазАқпарат//
14. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. «Елорда». 2012 ж.
15. www.govervment.kz
16.«Қаржы-Қаражат» журналы «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің мәселелері» А.Орманбаев , Б.Есенгелдин 2011 ж. №8
17. «Қаржы-Қаражат» журналы «Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» Исаева А. 2012ж. №6
18. «Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның қаржылық жүйесінің мықтылығы және оның факторлары» Искакова З. 2010 ж. №5
19. «Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуының қаржылық аспектілері » Нурумов А. 2010ж. №2
20.«Семей таңы» газеті «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Президенттің халыққа жолдауынан үзінді 2010ж. №8
21.Қазақстан Республикасының және оның аймақтарының статистикалық көрсеткіштері. 2010ж. №12 ,2011 ж. №12,2012 ж. №12

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
5B050900 Қаржы мамандығының 2 курс студенті Картпағанбетова
Данагүлдің Қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржы жүйесін дамытудын негізгі
бағыттары тақырыбына арналған курстық жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ

Біртұтас қаржы жүйесі - бір-бірімен өзара байланысты қаржы
қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, сның ішінде бұрынғы КСРО-
ның қаржы жүйесінің екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған
кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің
бірде-бірі әзірше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір
жағынан, өңдірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар
жүйесінің элементі болып келеді. Қаржыларда функционалдық қосалқы жүйе
ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы
жоспарларының қаржылық бақылаудың заннамалық қамтамасыз етілуінің және
басқа қосалқы жүйелері. Қаржы жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның
басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының,
фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-
ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.Сондықтан да курстық жұмыстың бірінші
тарауында қаржы жүйесінің мәні, қызметі, оның қоғамда алатын орны мен рөлі
қарастырылады. Ал екінші тарауында Қазақстан Республикасының қаржы
дағдарысы жағдайындағы қаржы жүйесіне терең талдау жүргізілді. Осы
теориялық мәселелерді талдай отырып, үшінші тарауда қаржы жүйесінде
кездесетін мәселелерді анықтап, оларды тиімді шешу жолдары қарастырылады.

Бұл курстық жұмыс қойылған талаптарға сәйкес келеді және
деп бағалауға толық мүмкіндік бар.

Рецензент:
Есеп және қаржы

кафедрасының доценті

э.ғ.к., Бұхарбаев Ш.М.

Кіріспе

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және
нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды
білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен
буындарының жиынтығы;
ә)елдің қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық
бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы
жүйесінің реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының
жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен
несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері
құрайды.Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада , тек мемлекеттің қаржы
мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, сның ішінде бұрынғы КСРО-
ның қаржы жүйесінің екі негізгі буын – мемлекеттік бюджетпен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған
кіретің элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің
бірде – бірі әзірше өмір сүре алмайтығымен сипатталады:қаржы, бір жағынан,
өңдірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар
жүйесінің элементі болып келеді. Қаржылырда функционалдық қосалқы жүйе
ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы
жоспарларының қаржылық бақылыудың заннамалық қамтамасыз етілуінің және
басқа қосалқы жүйелері.
Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсатым – бүкіләлемдік қаржы
дағдарысы жағдайындағы қаржы жүйесін дамыту бағыттарын қарастыру.
Курстық жұмыс негізінен 3 бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы жеке
тармақшалармен кеңейтіледі.
Бірінші бөлімде Мемлекеттің қаржы жүйесі ретіндегі мемлекеттік
бюджеттің теориялық негізі, яғни Мемлекеттік қаржы жүйесінің мәні, маңызы
және қызметі, құрылымы зерттеледі. Сонымен қатар нарықтық 
экономиканы реттеу жүйесіндегі қаржы жүйесінің маңызы да анықталады.
Ал екінші бөлімде әлемдегі қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан
Республикасының экономикасын дамыту жолдарын талдау туралы аталып
өтілінеді.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінде
кездесетін негізгі мәселелерді айқындап, оларды тиімді шешудің жолдары
іздестіріледі.
Курстық жұмысты жазу барысында қолданылған мәліметтер Сейтқасымов
Ғ.С.  Ақша, несие, банктер, М.С. Саниев Ақша, Несие, Банктер, Ілиясов
қ.қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулықтарынан алынды.

1 Мемлекеттің қаржы жүйесі ретіндегі мемлекеттік бюджеттің теориялық
негізі

1.1 Мемлекеттік қаржы жүйесінің мәні, маңызы және қызметі

Заңгерлерге қаржы терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден,
қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан
іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет.
Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан
бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.
Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын
өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және
тағы басқалар.
Қаржы категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.
Кең мағынада қаржы түсінігі ақша түсінігіне синоним ретінде
көрінеді. Мысалы, біреу, менде қаржы жағы нашарлау десе, бәрінің түсінуі
бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл
түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады.
Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары,
мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары
тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.
Бірақ қаржылық құқық деген категорияның болуы. Қаржылар деген
түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.
Осының күшімен бір жақты мағнада қаржылар түсінігі барлық
мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық
қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға
негізделген:
1) ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және заңдылы тұлғалар;
2) көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те,
мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес
жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және
мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.
Жеке меншік қаржысы категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен,
ал мемлекеттік қаржылар мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады.
Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп
(материалдық мағынада) тұтас қоғамдық өнімді бөлуде ақша құралдарының
қорында жинақталған мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.
Поль Мари Годме (Франция) жорамалдауы бойынша, қаржы құқығының
саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға
келсек бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын
сәйкес жүргізіледі. Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: ...ешқашан
мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі
айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші
болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы
нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы
мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен
анықталады.
Оның пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының
айырмашылығы келесідей:
1)мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің
табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты
мәжбүрлеп орындау жөң.Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай
басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар
өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;
2)мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік
еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде
басқарылады;
3)жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар,
керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;
4)мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін
жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.
Жеке меншік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:
1. ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);
2. сақтандыру ұйымдарының қаржылары;
3. Банкілер қаржылары;
4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес
зейнетқорлар қорлары).
Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:
1) Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс
істеуін қамтамасыз ету;
2) Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін
ақшалай құралдарды табу;
3) Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық
рычак жолымен ықпал жасау.
Бұдан, мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.
Қаржы жүйесі - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.
Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:
4) Бюджеттік система;
5) Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты
қорлар;
6) Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;
7) Мүлікті және жеке сақтандыру;
8) Несие (мемлекеттік және банктік).
Қахақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік
принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта
белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері
(мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.
Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы
қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық
органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің
(мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында
болады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды
қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін
республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін,
төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын
қаржыландыру).
Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және
мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-
аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.
Қаржы қызметінің тәсілдері:
1.Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу
(салықтар);
2.Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі
қарыз);
3.Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу
қызметі);
4.Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);
5.Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық
құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);
6.Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық
құралдарды мемлекет табысына айналдыру;
7.Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).
Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған
қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек
қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда
болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін
негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына
мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура,
не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық
болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке
ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік)
қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде
пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге
кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай
қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни Шартты
– демек қаржылық-құқықтық емесе деген принцип қолданылады. Барлық
мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне
байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс.
Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің
саласымен сай келеді және керісінше.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде қаржылық қатынастардың екі
тобы пайда болады: материалдық және ұйымдастырушылдық.
Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларды бөлу немесе
қалыптасу процесстерін білдіре отырып, ақшалық құралдардың қозғалысын
орталандырады. Материалды қаржылық қатынастар келесілермен сипатталады:
1. ақшалық болады;
2. тауарлық түрде құнның қарама-қарсы қозғалысымен қобыспаған біржақты
құнның ақшалық түрдегі қозғалысын орталандырады;
3. таратулық сипат алады;
4. экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады;
5. мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болады;
6. тек құқықтық түрде болады.

1.2 Шетелдік қаржы жүйесі және олардың тәжірибесі

Американдық федерациясында бюджеттік құрылым АҚШ Конституциясымен
қабылданды. Бұл құжат бойынша штаттар федеративті одаққа басқа
өкілдіктермен қоса мемлекеттік шығындарды шығаруға құқықты тапсырды. ХХ
ғасырда АҚШ-тың бюджетік құрылымы және федеративті бюджет көптеген
өзгерістерге ұшырады. Негізінен, мемлекеттік бюджеттің мөлшері өсті,
сонымен бірге мемлекеттің жалпы ішкі өнім, табыстар мен шығыстардың
құрылымы, қаржылардың қатынасы да өзгерістерге ұшырады.
Басқа дамыған мемлекеттердегідей АҚШ-тың бюджеті де үш негізгі
функцияларды орындайды:h4
– мемлекеттік құралдарды ұстау (басқару аппараты, әскер, соттар
және тағы басқалар);
– әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік топтардағы
тұрғындар мен территориялар арасындағы табыстарды қайта бөлу;
– экономикалық өсуге жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдаудағы
шарттарды қалыптастыру үшін бюджетті құрал ретінде қолдану.
АҚШ-тың бюджеттік құрылымы федеративті болып саналады және үш деңгейден
тұрады:
1. федеративті бюджет;
2.таттардың бюджеттері – федерация мүшелері;
3.әкімшілік, шаруашылық-кәсіпкерлік, мәдени және басқа бөлімшелердің 12,7
мың бюджеттері.
АҚШ-тағы федеральды бюджет – бұл негізгі бағыттар және бағдарламаларға
сай түсімдердің көздері бойынша барлық мемлекеттік табыстар мен
шығыстардың сметасы. Бюджеттік табыстар негізін салықтық және салықтық емес
түсімдер құралады, сондағы біріншісі үлкен бөлігін құрайды.
Федеральды бюджеттің табыстар мен шығыстар құрылымы негізінен
мемлекеттің бюджеттік-қаржылық саясатына байланысты жыл сайын өзгеріп
отырады. АҚШ-тың феральды бюджеттің құрылымына саяси оқиғалар күшті әсер
етеді. Сондықтан мемлекеттің қаржылық стратегиясын президенттің әкімшілігі
анықтайды.
Әлеуметтік бағдарламалар маңызды екі функцияны орындайды:
1.адамның капиталына инвестициялардың түсуін қамтамасыз етеді;
2.қоғамдағы әлеуметік тұрақтылыққа кепілдік ретінде болады.
2002 жылғы бюджетте аса маңызды мән болып АҚШ-та білім жүйесін
жетілдіру саналды. Бұл бюджет бойынша қаржы-қаражатты үш еседей бөлу, яғни
5 жылға 5 млрд доллар бөлінді. Президент әскери бюджетті 4,8%-ке ұлғайтуды
ұсынды. АҚШ-тың 2004 жылға бюджеті 2 трлн 230 млрд долларды құрады және
американдық экономиканы ынталандыру бойынша жоспарларды қамтиды.
Федеральды үкіметтің бюджеттік жылы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың
30 қыркүйегінде аяқталады, көптеген штаттарда – 1 шілдеден келесі жылдың 30
маусымына дейін. Штаттардың жартысынан көбі бюджетті екі жылға
тәжірибелейді.
АҚШ-тағы штаттардың және жергілікті органдардың бюджеттері едәуір
дербес немесе тәуелсіз деп айтуға болады. Оларды әкімшілік бірліктердің
басқару органдары құрастырады, қабылдайды және орындайды. Федеральды өкімет
штаттардың бюджеттерін бақыламайды. Штаттардың өкіметі қаржы және бюджет
бойынша федерация алдында жауап бермейді. Шығыстардың сметасын бюджеттік
және қаржылық бюролар құрастырады, ал табыстар сметасын – салықтық әне
басқа органдар. Бюджеттің проекті жергілікті заңнамалық органдарға
тапсырылады.
Штаттардың ең ірі шығыстары: ағарту (35% бюджеттің шығыстық бөлігі),
әлеуметтік қамтамасыз ету (13%), денсаулық сақтау (9%), қоршаған ортаны
қорғау, үй құрылысы.
Жергілікті бюджеттер мемлекеттік игіліктерді қаржыландыру мақсатында
жұмсалады: тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу, мемлекеттік ұйымдар
мен кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақыны төлеу.
Жергілікті өкімет органдарының бюджеттері бөлектенген және әрбір
мемлекеттік басқару бөлімшесі өзінің бюджеті өзі құрастырады, қарастырады
және орындайды.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде маңызды орынды дербес қаржылық мекемелер
ретінде қалыптасқан арнайы қорлар атқарады. Олар мақсатты мағынасы бар
аұшалай ресурстардың жиынтығын көрсетеді. Табыстары салықтық және салықтық
емес түсімдер, сонымен қатар федеральды бюджеттің қаражаттары есебінен
қалыптасады. Арнайы қорларға жатқызылады:
- әлеуметтік сақтандыру қорлары – қартайғанда, денсаулығын жоғалтқан
жағдайда және басқалар;
- шаруашылық өмірді реттеуге бағытталған экономикалық қорлар;
- ғылыми-зерттеушілік қорлар;
- әскери-саяси қорлар – президенттің қарамағындағы резервтер.
Салықтық төлемдердің жүйесін көбінесе бюджеттің табыстық бөлігі
анықтайды. Сондықтан АҚШ-тың салықтық жүйесі өзінің құрылымы жағынан
бюджеттік жүйеге ұқсас және федеральды бюджеттің, штаттар мен жергілікті
органдардың бюджеттердің табыстарының басты көзі болып есептеледі.
Федеральды үкімет барлық салықтық түсімдердің 70% алады, штататрдың
үкіметі - 20%, жергілікті өкімет - 10%. [17. 4-б]
Қазіргі федеральды салықтар құрылымына сегіз бағыттар (түрлер) кіреді:
1.жеке табыс салығы (2001 жылы федеральды бюджеттің табыстық бөлігінің
48%);
2.әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық аударымдар (34%);
3.корпоративті табыс салығы (10%);
4.акциздік жиналымдар (4%);
5.мұрагерлікке және сыйға салынатын салық;
6.кеден баждары;
7.тұтыну тауарларының көтермелік сатудан салығы;
8.жылжитын және жылжымайтын мүлікке салық.
Соңғы үш салық түрлерінің сомасы 2001 жылғы федеральды бюджеттің 4%
құрайды.
Тура салықтар американдық салық жүйесінде маңызды орынға ие, яғни олар:
өзіндік табысқа салық (жеке табыс салығы), әлеуметтік қамтамасыз ету
қорларына мақсатты аударымдар, корпоративті табыс салығы.
АҚШ-та жеке табысқа салық салудың келесі қасиеттері танылады:
- салық салудың прогресивті мәні;
- салықтық аударымдардың дискреттығы - әрбір үлкен ставка тек қана
анықталған соманың нақты бөлігіне пайдаланылады;
- салық салу ставкасының заңдылық тәртібіндегі үздіксіз өзгерістер;
- салық салудың әмбебаптығы – табыстың теңдік сомасында әдетте бірдей
салықтық ставкалар болады;
- мақсатты жеңілдіктер мөлшерінің көптігі;
- әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық жиналымдардың
ерекшеленуі;
- салық салуға түспейтін жеке табыстардың белгіленген минималды деңгейі.
Федеральды салық салу жүйесіндегі өзінің көлемі жағынан екінші орындағы
- әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына жарналар – бірнеше компоненттерден
тұрады. Оған кіретіндер: әлеуметтік сақтандыру үшін салық; медициналық
қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін салық; жұмыссыздыққа жеке салық
ретінде федеральды жәрдемақы қорындағы төлемдер.
Жергілікті салықтар үш негізгі топтарға бөлінеді.
Бірінші топ – жергілікті ооргандардың тура және жанама салықтары. Тура
салықтарға: мүліктік және кәсіптік салықтар, мұрагерлікке және сыйға
салынатын салықтар жатады, жанама салықтарға – сату үшін, жанармайға,
темекі және ішімдік заттарына салынатын салықтар.
Жергілікті салықтардың екінші тобы жалпы мемлекеттік салықтарға
қосымшалар ретінде қарастырылады. Бұндай салықтарға жеке табыс және
корпоративті табыс салықтары жатады.
Жергілікті салықтардың үшінші тобы – көлік құралдарына, иттерді
ұстауға, қонақүйлерге, коммуналды жиналымдарға және басқаларға салынатын
салықтар. Көлікке салынатын салық ставкасы көлік түріне байланысты болады.
Негізінен, бұл салық түрінің мемлекеттік және жергілікті бюджеттер үшін аса
үлкен маңызы жоқ.
Жергілікті салықтар:
- мүліктік;
- сатудан және айналымнан жалпы салық;
- жеке табыс салығы;
- сатуға жалпы салық;
- корпоративті;
- мұрагерлікке және сыйға салынатын салық.
АҚШ-тың салықтарының құрылымы берілген. (ҚОСЫМША А)
АҚШ-тың салықтық қызметі келесі түрде қалыптасқан. Салықтық жүйенің
басты институционалды бірлігі федеральды ұйым – ішкі табыстар қызметтілігі
болып табылады, оның ішінде орталық аппарат, 7 аймақтық және 62 аудандық
салықтық басқармалар біріктірілген. Әрбір штатта өзінің салықтық қызметі
бар. Ол әдетте табыстар департаменті деп аталады. Үш штатта салықтық
қызметтің басшысын сайлау арқылы таңдайды, ал кейбір штаттарда салықтық
қызметті комиссия басқарады.

1.3 Нарықтық  экономиканы реттеу жүйесіндегі қаржы жүйесінің маңызы

Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмнің бәсекенің негізінде
балансылынған өсуді,яғни сұраным мен ұсынымның тепе-тендігі қамтамасыз етуі
мүмкін деп есептеді.Олар – өздерінің зерттеулеріне микроталдауды басшылыққа
алады, яғни экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу себебін
қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды.Шын мәнінде ,қоғамдық
өндіріс нарық арқылы байланысқа шаруашылық бірліктердіңжиынтығы болып
табылады.Бұл экономистер мемлекеттің рөлі еркін бәсеке қолайлы жағдайды
жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды.Олар экономикалық
бостандықты,мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда
болатын табиғи ,әмбебабты заңның әрекетімен түсіндіреді.Мұндай
неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық
нарық төмендету жолымен ұсынымды(өндірісті) көтермелеу,мемлекетсіздендіру
және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары
көзделген.Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік
бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды.Бір жағынан әлеуметтік
мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып олар екінші жағынан
әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен  төлем түрінде  болуы дұрыс емес
деп есептейді.Қорыта айтқанда бұл мектептің жақтастарының пікірінше
өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі және
кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.        
 Соңғы  кезде негізгі екі бағыттың 
өз ішіндегі бой көрсетіп кележатқан   жіктелу олардың жақындасуына себеп
болып отыр.Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915ж)
неоклассикалық синтез теориясы барынша ақыл дәлел бола алады.Оның пікірінше
неоклассикалық синтез макроэкономикамен дәстурлі микроэкономиканың
арасындағы алшақтығы жояды.Реттелмелі экономика теориясының жақтастары
сияқты Самуэльсон да еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти
алмайды, тек ғана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты,жұмыссыздықты
болдырмайды деп есептейді.Сонымен бірге белгілі бір ақылға сиымды шекте
бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді .Нәтижесінде жеке
кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан
аралас экономика пайда болады. Толық жұмыспен қамту жағдайында шекті
пайдалылық , шекті еңбек өнімділігі теориялық турінде  көрінетін,сөйтіп
Самуэльсон үшін құн және табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын
классикалық принцип толықтай заңды күш алады.        
 Жалпы  неоклассикалық синтезі жаңа  теория деп есептеуге болмайды,
ол экономиканы реттеулегі мемлекетің жетекші рөлі жағдайындағы жоғарыды
көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон  өзінің неоклассикалық синтезінеғы лыми
техникалық революцияға ,экономиканы  реттеуге мемлекеттің,ірі крпорация лар
мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шартсияқты
нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисіДжон Кеннет Гэлбрейттің(1908ж)
негізгі жағдай ларында қосады.Бұндай ұсыныстардың мақсаты-
мемлекеттікбақылаудыкешейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсендету үшін
әлеуметтік маневр жасау әдістерін кеңінен қолдану.        
 Экономика өміріне  мемлекеттің қатысу себептері, формалары 
мен тәсілдері актуалды мәселелер  қатарына жатады және дәстүрлі түрде 
ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік
реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты
ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет
экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет
елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де
керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да
жүргізеді. П.Самуэльсон барлық елдердің дерлік үкіметі өздерінің қолын
экономиканың пульсінде ұстап тұрғылары келеді деп атап көрсетеді.
Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі мемлекет нарықтық механизмдегі
іркілістерге көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі заманғы капитализм
нарықтық қызметі мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара байланысты болатын
және бірін бірі толықтыратын жүйе болып табылады. Жақсы үкімет - бұл байлық
емес, өмірге керекті жағдай дегенмен келіспеуге болмайды. Тиімді
мемлекетсіз тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Экономикада
болып жатқан өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық сұрақтарына
оралуда ғана емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан да
оны өзекті етуге мәжбүрлейді. Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны
мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек қана жалпы ішкі өнім қатынасында
мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар
экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған үкіметтің реттеуші
шараларының мәнінің де өсуі куәландырады. Шаруашылық тәжірибе арқылы
компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудың уақытты кезеңдерін кеңейтуге
деген қажеттілігі елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің ролін жаңаша
түсінуді қажет етті. Срндықтан кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің
қызметтеріне деген сұранысты туындатады, өйткені ол ең алдымен мемлекеттік
биліктің тиімсізділігіне немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел мен
анықсыздықты жеңуге мүдделі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тапсырмалары
мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың
ішінде ерекше орынды қаржылық жахандану, инновациялық дамудың ерекшелігі,
сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Сол себепті мемлекетте
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті
сапа мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс елдері көп көңіл
бөлуде. Мемлекеттің экономикалық ролі туралы сұрақты мемлекеттік реттеуді
ұлғайту-азайту терминінде шешуге бел буу мемлекеттік институттарының
сапасы туарлы маңызды сұрақты екінші жоспарға қоюға әкеледі. Тиімді
экономиканы құруға бағытталған бюджеттік саясат мемлекеттің ықпалын
қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі мүмкін. 
Шаруашылық жағдайын реттеу саясатын инновациялық процестер мен
глобализациялауды есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің бюджет саясатында
алғы орынды алады. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру
мәселесіне ерекше көңіл бөлуе отырып, оны шешу үшін экономикадағы
мемлекеттің жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі туындайды. Тәжірибе жүзінде
мемлекет өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі мүмкін және бір мезгілде
оны басқа сфераларда азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде мемлекеттің реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін
сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені мемлекеттің экономикадағы
ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған
сапалы қызметі туралы сөз болады. Бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеу
нақты шешімдерді қабылдау кезінде кемшіліктерге жол бермеу арқылы жүзеге
асыру керек екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Осы мәселе экономика
ғылымындағы ең күрделі сұрақтардың қатарына жатады және көп жағдайларда
оның шеңберінен шығып та кетеді. Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері
нақты тарихи жағдайларға байланысты өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық
жүйедегі негізін қалаушы қызметтері өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі
заманғы экономиканың дамуы мүмкін болмайтын, нарықтық жүйенің керекті
конструктивті элементтері болып саналады. Дж. Тобин экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігін төмендегіше негіздеді: Көрінбейтін қол теоремасы
жеке және қоғамдық мүдделер қайшылықтарға тірелетін экстерналийлер мен
қоғамдық игіліктердің бар болуын есепке ала отырып жетілдірілуі керек.
Осыдан ұжымдық мүддеге негізделген мемлекеттік қызметтің қажеттілігі
туады...
Смиттің жүйесі эгоистік энергияны конструктивті бағытқа бағыттайтын
институттар болған жағдайда ғана жұмыс істей алады . Экономикалық
тиімділікті көтеру мен инновациялық белсенділікті ынталандырудағы бәсекелес
нарықтардың артықшылығы жалпы мойындалған және мемлекет өзінің дамуында, ең
жоғарғы нәтижеге қол жеткізу, экономикалық өсуді қамтамасыз етуді
қанағаттандыру үшін оларға сүйенеді. Сонымен қатар олардың жеңісті қызмет
етулері үшін дұрыс инфрақұрылымдар мен институттар қажет. Нарықтарға тиімді
қызмет етуге мүмкіндік беретін жағдайды жасау мемлекеттің құзырындағы іс
әрекет. Осы жағдайлардың ішінде ең алдымен меншіктің анық құқықтарын айту
керек, ал ол дәйекті жасалынған заң процедуралары негізінде қызмет ететін
сот билігінің болуын қарастырады. Тәжірибе көрсеткендей нарық экономикалық
субъектілердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Қазіргі
заманғы нарықтық экономикада мемлекетке артылған базалық қызметтер ең
алдымен экономикалық процестерге нарықтың жетіспеушілігін түзету
мақсатында араласумен байланысты. Осындай қызметтердің қатарына қоғамдық
игіліктер өндірісі, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, сыртқы
әсерлерді реттеу және анық ақпараттарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету
жатады. Сондықтан мемлекеттік бюджет жүйесінің қызметінің нәтижесі ең
алдымен мемлекеттің нарықтық жетіспеушілігін қаншалықты тиімді
түзететіндігінен көрінеді.  Классикалық қоғамдық игіліктер мен жеке
игіліктердің арасында көптеген игліктер бар, оларды толығымен қоғамдық
емес және толығымен жеке емес деп сипаттауға болады. Осындай игіліктер
аралас деген атауға ие және мемлекет арқылы да, жеке сектор арқылы да
өндірілуі мүмкін, мысалы, жол құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау,
фундаментальды ғылыми зерттеулер.  Қоғамдық игіліктерді ұсыну мемлекеттің
экономикаға қаржы және бюджет саясаттарын жүргізу арқылы араласуының
объективті алғы шарты болып табылады. Қоғамда болып жатқан экономикалық
және әлеуметтік процестерге мемлекеттің араласуы өте үлкен көлемде
сезіледі. Осы әсер ету шеңберіндегі негізгі мәселе осы жағдай үшін дұрыс
болып саналатын нарық пен мемлекеттің рольдерінің қатынасын табу болып
есептелінеді. П.Самуэльсон сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер экономикалық
субъектілер өзінің қызметімен байланысты шығындарды басқаларға таңғанда
немесе олармен пайда арқылы қамтамасыз етілетін жағдайда пайда болады деп
атап көрсетеді . 
Басқа экономикалық субъектілерге әсер ету нәтижесі бойынша экстерналииді оң
және теріс деп бөлуге болады: сыртқа әсерлер, егер де олар сыртқы субъект
үшін өнімділік пен пайдалылықты ұлғайтса оң деп есептелінеді және керісінше
теріс сыртқы әсерлер оны төмендетеді. Сыртқы әсерлердің болуы сонымен қатар
теріс сыртқы әсерлерді төменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді ең жоғарғы
дәрежеге жеткізетін, экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің
негізі болып саналады. Көптеген жағдайларда теріс сыртқы әсерлер қоғам үшін
қауіпті қорқыныш тударатын экология мәселелерімен байланыстырылады.
Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты ретіндегі ұлттық экономиканың
бәсекелестік қабілетін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу қажеттілігі мен қоршаған
ортаны қорғау тапсырмалары арасында қайшылықтар бар.
Экономикалық глобализациялаудың күшеюі жағдайында оның толығымен
жойылуы мүмкін емес. Сонда да осы жағдайдың күшін бюджет-салық
механизмдерін белсенді қолдану арқылы азайтуға болады. Қоршаған ортаны
ластаумен байланысты теріс экстерналиилерді ең төменгі дәрежеге жеткізу
Қазақстан үшін қазіргі таңда өзекті мәселе, өйткені оның экономикасының
бәсекелестік артықшылығы металдар өндірісімен, мұнай өңдеумен, химия
өнеркәсібімен байланысты, олар экология үшін өте қауіпті болып саналады
және қоршаған ортаны қорғауға маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ та
қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке секторлардың да табиғатты қорғау
шараларына жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз және олар мәселенің
көлеміне сай келмейді. Сыртқы әсерлерді интернализациялау бюджет саясатының
құралдарын икемді пайдалануды қарастырады, оның ішінде: 
• экологиялық жобаларға мультипликациялық әсер беретін және қазақстандық
экономиканың бәсекелестік позициясын нығайтуға әсер етуге қабілетті тікелей
мемлекеттік инвестициялар; 
• экологиялық жобаларды және осы сферада алғы технологияларды жасауды
қаржыландырудың қайнар көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін табиғат рентасының
деңгейін көтеру.Білім беру үнемі оң сыртқы әсер әкелетін қызмет ретінде
қарастырылатындықтан, мемлекет әлеуметтік пайданы үнемі ең жоғарғы деңгейге
жеткізуге және білім берудің мүмкіндіктерін нарықтың жеке оқу орындарына
беретін жеңілдіктерімен немесе тікелей мемлекеттік оқу орындарын құрумен
қатар кеңейтуге ұмтылады. 
Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын аржыландырудың мәні ор болып
табылады. Денсаулық сақтауды дамыту оң экстерналииді екі бағытта құрады.
Біріншіден, денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау жасау адам факторын
экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, денсаулық сақтау өнеркәсіптің көптеген секторлары мен қызмет
сфераларымен байланысты күрделі жоғарғы технологиялық кешен бола тұрып,
көптеген жоғарғы технологиялық салалар үшін оң экстерналииді құруға
қабілетті. Мемлекет өндіретін сыртқы әсерлерді талдаумен байланысты
мәселелердің күрделілігі сыртқы әсерлер мен қоғамдық игіліктер түсінігінің
өзара тығыз байланыста болуымен түсіндіріледі. 
Қоғамдық игліктерге деген қажеттіліктерді нақты анықтау мүмкін емес.
Мемлекет арқылы қоғамдық игіліктерді өндіру оң, сонымен қатар теріс
экстерналиилерге де әкелуі мүмкін. Нақты экономикалық жағдайларда барлық
теріс әсерлерді интернализациялайтын идеалды нарық және тек қана оң сыртқы
әсерлерді өндіретін мемлекеттік саясат та болмайды. Экономиканы мемлекеттік
қаржылық реттеудің тапсырмасы әрбір жағдайға нарықтық күштер мен
мемлекеттік әсер етудің адекватты жағдайын таба отырып, теріс сыртқы
әсерлерді ең төменгі деңгейге және ең әсерлерді ең жоғарғы деңгейге жеткізу
болып табылады. Бәрімізге белгілі жағдай нарықтық экономикада мемлекеттік
реттеу тікелей әрі жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Әсер етудің тікелей
тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық реттеушілер, жанама тәсілдерге - қаржылық
тәсілдер жатады. Тікелей тәсілдерді мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізу
үшін институциональды фундамент ролін атқарады. 
Мемлекет алдында нарықтық кемшіліктерін реттейтін және осылайша
экономикалық дамуға ықпал ететін бюджеттік саясатты жүргізу тапсырмасы
тұрады. Сонымен қатар мемлекеттің әсер етуі қалаған нәтижеге жетуге
әкелмейді, ол мемлекеттің өзінің кемшіліктері әсерінен болуы мүмкін, ал
ол ең алдымен ақпараттарды біркелкі бөлмеумен, саяси процестің
жетілмеуінен, бюрократияның әсерімен және уақытша лагпен байланысты болуы
мүмкін. Сондықтан бюджеттік саясатты жүргізу оның тиімділігінің мониторингі
мен мүмкін негативті жағдайларды жою жөнінде шараларды мерзімінде жүргізуді
қарастырады.  Экономикасы дамыған елдерде 20 ғасырдың екінші жартысында
жүргізілген экономикалық саясат мемлекет ролінің күшеюін объективті де және
субъективті де факторлармен шарттаған. Бір жағынан, экономикаға мемлекеттік
әсердің күшеюі мемлекеттің бұрын оның көңіл аудару сферасынан тыс қалған
жаңа мәселелерді шешуді өзіне алуымен түсіндіріледі. Экспортты мемлекеттік
қолдаудың институттарын құру және дамыту, жоғарғы білімді еңбек ресурстарын
қалыптастыру, экономикалық субъектілер үшін ақпараттың қол жеткізу
мүмкіндігі мен анықтығын қамтамасыз ету - мемлекет қызметінің осы
аспектілері экономикалық субъектілер үшін күнен күнге маңызды болуда.
Келесі жағынан, көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың ұлғаюы
бюрократия үшін тегін бюджеттік қаражаттарды алу мүмкіндігімен
байланысты, ал ол ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесінің өсуіне және
экономикалық өсуге маңызды кедергі келтіретін салық ауыртпашылығының
ұлғаюына әкеледі. Экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуы көптеген
жағдайларда өзін өзі реттеудің нарықтық механизмінің әлсіреуімен және
шектен тыс бюрократиямен байланысты негативті әсерлерге әкелді, бірақ та
экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі күман келтірмейді. Мемлекетті
нығайту және мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін көтеру мәселелері
Қазақстан үшін де өте өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық институттарды
қалыптастыру қажеттілігімен, әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен, жеке
кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерін
жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды
пайдалануды қамтамсыз етумен байланысты. 
Қазақстан экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан әлемдік
экономикаға интеграцияланады, одан мемлекет тек қана табыс қана алып
қоймайды, сонымен қатар осымен байланысты қиыншылықтарды да сезінеді.

Бұл мемлекеттің экономикалық жүйесінің өзгеруіне одан әрі қатысу
қажеттілігін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу
механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы глобальды экономика талаптарына сай
тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін туындатады. 

2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі бүкіләлемдік қаржы дағдарысы
жағдайында

2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасу ерекшелігі

Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы
латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен
шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан
экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде
(ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және
өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен
айшықталады.“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға
жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы
жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi
бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған
нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын
ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қаржы ғылыми ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық өмiрде сан алуан нысандарда
пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және мiндеттi түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүредi.Бүгiнде қаржы терминiн
күнделiктi қолданысқа енгiзген авторды атау қиын. Бұл терминiң авторлығын
1577 жылы “Республика туралы алты кiтап” деген жұмысын бастырып шығарған
француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.Қаржы туралы жұмыстың (“Афин
республикасының кiрiстерi туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430 –
365 жж.) болды. Аристотельдiң (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы
көзқарасы оның “ Афиннiң мемлекеттiк құрылысы ” атты жұмысында
баяндалған.Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның
экономикалық құрылсымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.Түрлi қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының
айырмашылығы мына себептерге байланысты:
• әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның өзiне меншiктi таптық құрылымы сай
келедi. Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына қайта
бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке алады;
• кезкелген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың
мүдделерiн қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;
• өндiрiстiң жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың жаңа жүйесiн тудырады.
Мәселен, құл иеленушi және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистiк шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады;
• егер мемлекет басқару органы ретiнде қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың
ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет ететiн болса, онда
бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi.
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр
түрлi қатысушылар қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл
қозғалыс ақшалай соманы қолма – қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп
айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады.
Алайда, кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы операциясына жата
бермейдi, өйткенi ақша түрлi құндық экономикалық категориялардың – бағаның,
еңбекке ақы төлеудiң, қаржының кредиттiң көмегiмен болатын қоғамдық өнiмнiң
барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тiкелей қаржы
операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары;
негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты
(пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық арналымының
қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне салық төлемдерiн
аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшiн
кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.Қаржы – ақша қатынастарының
ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек
айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы
экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына
байланысты.
Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға
жiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып
табылады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау
дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның
аумақтық бөлiмшелерiнiң, сондай – ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып
кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерiн ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша
нысанында өлшеу, өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын анықтау,
ақшалай түсiмдi есепке алу сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кiрмейдi. Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi
мемлекет бөлше сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық – құқықтық әдiспен реттеп отырады.
Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың
құқықтары мен мiндеттерiндегi тепе – теңдiк) бұл әдiске тән өзгеше нышан
болып табылады Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк
қаржылық емес өзгешелiгi болады.Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да,
функциялары жағынан да айырмашылығы бар.Ақша – бұл ең алдымен
ассоциацияландырылған өндiрушiлердiң еңбек шығындары өлшенетiн жалпыға
ортақ балама, ал қаржы – жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табысты бөлудiң және
қайта бөлудiң экономикалық тетiгi, ақша қроларын жасау мен пайдалануға
бақылау жасаудың құралы. Ол өндiруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды
және объективтi сипатта болады. Қаржы өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр
сферасын бiлдiредi және базистiк категорияға жатажы.
Қаржыны экономикалық категорилардың қатарынан бөлiп алу үшiн
қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнiн – зат болмысының барлық әр алуан
нысандарының бiрлiгiн бiлдiретiн оның iшкi мазмұнын зерттеуге көшу қажет.

2.2 Әлемдегі қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының
экономикасын дамыту жолдарын талдау

Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық
және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған
адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда.
Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де
оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны байқалған болатын. 2008
жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және
тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен
қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық
өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды.
Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы
салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының
барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін
Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.Төрт-бес жыл бұрын
біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз
ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде
кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе
жайлы еш кідірместен айтып бере алады. Адамды илейтін де, билейтін де
қоғам,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық
санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық
дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және
сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.АҚШ
федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша,
қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын
оқиға, сондықтан да осы курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда өте
актуалды.Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы,
яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық
бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция
және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға
берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік
бағдарламасы.Әлемдік өлшем бойынша, егер 20% халықтың табыс мөлшері
күнкөріс минимумынан аз, ал орташа зейнетақы азық-түлікке әлемдік баға
болған жағдайда 150 американдық доллардан кем болса, бұл дегенің ауқымды
экономикалық дағдарыс белгісі болып табылады.
Дамыған елдерде ҰЖӨ кері өсім темпы, акция курсы төмен, төлем
балансының тапшылығы сынды белгілер байқалса, экономикалық дағдарысқа тап
болды деген сөз. Тарихқа үңілетін болсақ, бірнеше мысал да келтіре аламыз.
1929 жылы өзара байланысты, бірнеше басты экономикаларды қамтыған
классикалық-капиталисттік қалыптағы қайта өндіру дағдарысын айта аламыз.
Ал бүгінгі күнгідей, бүкіл әлем елдерін қамтыған жаһандық дағдарыс есебінде
, Ресей Федерециясының ФСФР бас кеңесшісі, Экономиканың жоғарғы мектеп
мемлекеттік университетінің қаржы нарығын сараптау зертханасының төрағасы
Юрий Даниловтың Максим Легуенкоға берген сұбатында 1997-1998 жж азиялық
дағдарысты келтіреді. Оның айтуынша: Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында
дамыған экономикалар қарқындап өсе келе, олардың әлемдік экономикадағы
үлесі өсті, бірақ көбі дағдарысқа тап болып отырды. Нәтижесінде, 1998 ж
экономикалық дамуының қарқынын сақтап қалған бірнеше мемлекет ғана қалды.
Бұдан көретініміз, дағдарыстар жаһандануда және азияттық дағдарыстан кейін
болатын дағдарыс масштабы одан бірнеше есе күшті болмақ... Жақындағы дағдарыс
және одан кейін болатын толқындардың барлығы — жай ғана одан асқан
түбегейлі өзгерістердің белгілері, яғни әлемдік экономиканың жоғарғы
қарқынды өсім кезеңінің аяқталғандығының белгілері болып табылады. Бұдан
аңғаратынымыз, қазіргі жаһандану заманында тек өркениеттер үндестігі ғана
емес, субаймақтық дағдарыстар үндестігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Несие жүйесі туралы түсінік
Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс
Қазақстан экономикасындағы фискалдық саясат
Персоналды басқару методологиясы
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Пәндер