Аударма теориясы қалыптасуы мен дамуы.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 БӨЛІМ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ПӘНІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ... ...5
1.1. Аударма теориясының негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 БӨЛІМ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... .10
2.1. Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2. Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырылымдауы ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Аударма . тілдік және мәдениетаралық қарым.қатынас құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: аударма теориясының негізгі ұғымдарына сипаттама беру. Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптерін талдау. Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихына шолу жасау.
Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды–есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты.
Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды.
Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. Санк–Петербург, 2004 – 72 б.
2. Алпысбаев Қ. Қ., Қазыбек Г.Қ. «Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі» Алматы, 2001- 48 б.
3. Бархударов Л.С. «Язык и перевод» М, 1975-95 б.
4. Виноградов В.С. «Введение в переводоведение» М, 2001- 57 б.
5. Дмитриева Л.Ф., Кунсевич С.Е. «Английский язык курс перевода» Москва, 2005 – 86 б.
6. Казакова Т.А. Практикум по художественному . – Санк – Петербург, 2003 – 22 б.
7. Комиссаров А.В., Коралова В.Н. «Практикум по переводу с английского языка на русский» Москва, 1990 – 24 б.
8. Латышев Л.К. Проворотов В.И. Структура и содержание подготовки переводчиков в языковом вузе.-Курск, 1999 - 101 б.
9. Попович А. Проблемы художественного перевода- М., 1980 – 72 б.
10. Рецкер Я.И. ''Теория перевода и переводческая практика'' М. 1974 – 112 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ПӘНІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ... ...5
1.1. Аударма теориясының негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 БӨЛІМ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... .10
2.1. Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .10
2.2. Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырылымдауы ... ... ... ... ... .. ...15
2.3. Аударма - тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: аударма теориясының негізгі ұғымдарына сипаттама беру. Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптерін талдау. Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихына шолу жасау.
Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды - есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты.
Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды.
Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.

1 БӨЛІМ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ПӘНІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
1.1. Аударма теориясының негізгі ұғымдары

Аударма дегеніміз - кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі, көп қырлы құбылысы. Аударма жүргізу шеңберінде психологиялық, әдебиеттік, этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да жақтары, сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді. Қазіргі заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды. Аударма теориясы термині Лингвистикалық аударма мағынасында колданылады.
Аударма теориясы жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы, және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді.
Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлім.
Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.
Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктерін ашады. Жалпы аударма теориясы теориялық негізде түсіндіріледі және жеке.арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктерін анықтайды.
Аударма теориясы өз алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды:
1) Аударманың жалпа лингвистикалық негізін ашып суреттеу, яғни аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен заңдылықтары жатқанын көрсету, аударма процесінің мүмкіндігінің шегін анықтау;
2) Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау, оның басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету;
3) Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау;
4) Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым - қатынастық тең құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу;
5) Әртүрлі тілдерді біріктіру үшін жеке және арнайы аударма теориясын құрудың ерекшеліктерін және жалпы принциптерін жасау,
6) Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың жалпы принциптерін жасау;
7) Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық факторлардың әсерін ашу;
8) Аударма нормасы ұғымын анықтау және аударма сапасын бағалау принциптерін жасау;
Аударма лингвистикасы теориялық бөлімдерден басқа бірнеше іс жүзінде қолданылатын аспектілеріатап айтқанды аудармаға үйрету методикасымен байланысты әртүрлі анықтамалар мен сөздіктерді, құрап, қолданумен аударманы редакциялаудың методикасы мен бағалау, сонымен бірге аудармашы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етуді шешетін әртүрлі практикалық сұрақтармен байланысты аспектілерден тұрады.
Лингвистикалық аударма теориясы ең бірінші кезекте аударма процесіне қатысатын тілдер қызметінің ережелерімен құрлысының ерекшеліктері негізінде жатқан аударма процесінің объективті заңдылықтарын анықтап, сипаттаумен айналысатын сипаттамалы теориялық пән болып табылады. Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды тәсілі болып, аударманың салғастырмалы талдауы қызмет етеді, яғни аударма мәтінінің формасы мен мазмұнын оригиналдық формасы мен мазмұнын салғастырып талдау. Аударма процесі кезінде әртүрлі тілдегі екі мәтіннің арасында белгілі бір қатынас орнайды.Осындай текстерді салғастыра отырып, аударманың ішкі механизмін ашуға, эквивалеттілік бірліктерді анықтауға, оригиналдағы бірліктерді аударма мәтініндегі эквиваленттермен ауыстыру кезінде болатын мазмұны мен формалардың өзгеруін анықтауға болады.
Салғастырмалы талдау жасау аударма кезінде әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерге байланысты кездесетін кейбір қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығын, оригиналдық қандай элементтері, аудармаға берілмей қалатындығын анықтауға мүмкіндік береді.

1.2. Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптері

Аудама процесі немесе аударма деп тар мағынада бұл термин аудармашының аударма тексін жасаудағы әрекетін атайды. Аударма процесі кем дегенде екі этапты: аудармашының оригиналдық мазмұнын анықтауы және аударма вариантын таңдауы. Осы этаптардың нәтижесінде оригинал тексінен аударма тексіне өту орындалады. Бұл жағдайда аудармашы жиі өз жүрегінен әрекет етеді, кейде варианттарын таңдауда нені басшылыққа алғанын да білмейді. Бірақ, бұлай жасау үнемі еркін,өз білгенін істеу деген емес. Ол көп жағдайда бастапқы тіл мен аударма тілі хабарларын құру тәсілдерінін сәйкестігімен анықталады. Аударма теориясы оригинал тексінен аударма тексіне қалай өтеді, (қандай) аудармашы әрекетінін негізінде қандай заңдылықтар жатқанын тырысады.
Аударма процесі кезінде аудармашы бастапқы тіл мен аударма тіл бірліктерін, яғни оригинал бөлігі мен оған сәйкес аударма тексті бөлігін бір тілден екінші тілге ауыстыра отырып үнемі салғастырып отырады. Аудармашының бүкіл сөйлеу әрекеті бастапқы тілді және аударма тілін қолдану әрекеті деп бөлуге болады. Аудармашы бастапқы тілді қолдана отырып оригинал текстін түсінуді орындайды, ал аударма тілінің көмегімен ол аударма тестін жасайды. Сөйтіп, аудармашы әрекетінде сөйлеу әрекеті жағынан әртүрлі аударма процесінің өзара байланысты 2 этапты көруге болады.
Бірінші этапқа аудармашының оригиналдан хабарды алу әрекеті жатады, екінші этапқа аударма текстін жасаудағы аудармашының аударма тіліндегі бүкіл тиісті тәсілдерді таңдау процесі жатады. Оригиналдан хабарды алу этапын әдетте "мағынаны анықтау" деп атайды. Бұл этапта аудармашы аударылатын оригиналдың бөлігінен сонымен бірге лингвистикалық және ситуациялық контекстен тұратын және сол хабардың негізінде келесі этапқа қажет мазмұн туралы тиісті қорытынды жасайтын хабар алуы тиіс. Аударылатын текстің мазмұны қабылдаушыдан сол мазмұнды түсіну үшін ойлау әрекетін қажет ететін күрделі комплекс болып табылады. Бұл жұмысты аудармашы да істеуге тиісті, өйткені ол аудармалық әрекеттің 1-ші этабында өзі де оригинал текстін қабылдаушы болып саналады.
Белгілі бір қатынаста аудармашының оригиналды түсінуі- ерекше түсіну болып табылады. Себебі ол сол тексті аудару ниетінде емес жай қабылдаушының түсінуінен өзгеше. Аударма ниетіндегі түсінудің 2 ерекшелігі бар. Аударылатын бөліктің мазмұны туралы соңғы қорытындының міндеттілігі және аударма тілінің структурасының шарттылығы. "Қарапайым" қабылдаушы тексті шамалап түсінседе қанағаттанады.Керісінше аудармашы аудармада қандай мазмұнды беру керек екенін нақты анықтауға тиіс болады. Мысалы, мына ойды білдіруді түсіну үшін: If it is important to get clear which are the structural and institutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resourses ағылшын қабылдаушысына institutional сөзінің мағынасын анықтаудың қажеті жоқ. Өйткені ол institute сөзінен шыққан және (жалы түсінуге) берілген тексте жалпы түсіну үшін оның қай мағынада (қоғам, мекеме) қоғамдық институт па қолданылып тұрғанын анықтап жатудың қажеті жоқ. Бұл жерде Англияның бүкіл салтының, заңының мекемелер мен қоғамдық институттардың оның экономикасының тиімділігіне әсер ететіндігі айтылатындығын жобалап түсінуге болады. Ал бірақ аудармашыға мұндай жалпы түсіну жеткіліксіз. Себебі ол сөздің мазмұнының жалпы мағынасын емес, оның осы текстегі нақты мағынасын беруі тиіс. Сондықтан оған нақты мүмкін мағынаны таңдауы керек.
"Соңғысы" болып аудармашының оригиналдың синтактикалық структурасы туралы қорытындысы туралы болу керек. Егер бұл структура екі жақты мағыналы болатын болса, аудармашыға оригиналдың мазмұнын анықтауда қай мағынаны алуы тиіс екенін шешуге тура кледі: The level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice. Сырт қарағанда, бұл сөйлемнің структурасы on предлогының мағынасына қарай әртүрлі аударылады. Егер оны to depend етістігін басқарушы байланыс көрсеткіші ретінде қарасақ, онда сөйлемнің бірінші бөлімінде былай болады: болашақ қамтамасыз ету деңгейі фермерлердің қабылдаған шешімдеріне байланысты. Ал егер екінші предлог (on) to take a decision on the best of information онда мынадай ойды білдіреді: болашақ қамтамасыз ету фермерлердің бірнеше алдыңғы жылдарға дұрыс хабар мен ақылдың негізінде үнемі бола бермейтін қабылдаған шешімдеріне байланысты. Аударма процесінің 2 этапы, яғни, аударма текстін жасауға тілдік құралдарды (тәсілдерді) таңдау. Ал аудармашының аударма тіліндегі тілдік әрекетін білдіреді.

2 БӨЛІМ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1. Аударма ғылымының қалыптасу мен даму тарихы

Аударманың қоғамдық мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Аударманың көп ғасырлық тарихында аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге, аударма сапасын бағалау критерийлерін жасау, аударма процесінің барысына және нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға бірнеше рет талпыныстар жасалынды. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі аударма варианттарын таңдау қиыншылықтарымен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды.
Сөйтіп, аударманың бірінші тетретиктері аудармашылардың өздері болды. Олар өздерінің жеке тәжірибелерін таратуға тырысты.
Мәселен, тіпті көне дәуірдің аудармашылары аударманың оригиналға жақындық деңгейі туралы мәселені кеңінен талқылаған. Көне аудармаларда оригиналды сөзбе-сөз көшіріп аудару орын алды. Ол кейде аударманы түсінуге қиындық келтірді. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының еркін аударма жасауға құқығын теориялық жағынан негіздеуге тырысты.
Кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының нормативті теориясын жасауға тырысты. Онда жақсы аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды. Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509 - 1546) аудармашы аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады. Олар:
1) аударылатын мәтіннің мазмұнын және автордың айтайын деген ойын толықтай түсіну;
2) аударылатын екі тілді жетік білу;
3) сөзбе-сөз аударудан бас тарту;
4) аударма сөйлеудің жалпы қолданылатын формасын қолдану;
5) сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру;
1790 жылы ағылшын аудармашысы Тайтлер А. өзінің Аударма принциптері деген жұмысында аудармаға төмендегідей талаптарды ұсынды:
1) аударма оригиналдың идеясын толық беруі тиіс;
2) аударманы берудің стилі мен манерасы оригиналдағыдай болуы керек;
3)аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс.
Мұндай талаптар қазір де мәнін жоғалтқан жоқ.
Сөзбе-сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды. Орыс аудармашылары Вяземский П.А. және әсіресе Фет А.А. сөзбе-сөз аударуды жақтады, бірақ белгілі әдебиетшілер және аудармашылар Карамзин Н.М., Жуковский В.А. аудармада аудармашылар оригиналды сақтай отырып, еркін өз бетінше шығарма жасау құқығын жақтады. Әсіресе олар өлеңдерді аударуда еркіндікті талап етті. Жуковскийдің мынадай қанатты сөзі кеңінен белгілі: Прозада аудармашы - құл, ал өлеңде қарсылас. Аударманың осы бір-біріне қарсы екі концепсиясы XX ғ.-да боды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйенген жоқ. Олар аударманың жеке, немесе жеңіл аспектілерін қозғап отырды.
Ағылшын зерттеушісі Сэвори Т. әртүрлі авторлар ұсынған аударманың негізгі талаптарын қосып төмендегідей талаптар ұсынды:
1) аударма оригиналдың сөзін беруі керек;
2) аударма оригиналдың ойын беруі тиіс;
3) аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс;
4) аударма аударма сияқты оқылуы тиіс;
5) аударма оригиналдың стилін беруі керек;
6) аударма аудармашының стилін беруі керек;
7) аудармада алып тастау,қосу болу керек;
8) өлеңдерді проза түрінде аудару;
9) өлеңдер аудармада өлең түрінде берілуі тиіс.
Мұндай аударма әректінің ғылыми теориясының керектігін негіздеуге талпыныстарға аудармашылардың өздері қарсы болды.
Себебі аудармашылар бағынуға тиіс қандай да бір аударманың нормасы мен ережелері аудармашылардың шығармашылық еркіндігіне шек қоятын еді. Олар аударма теориясы мен ғылымын аударма өнеріне қарама-қарсы деп қабылдады. Олар талантты аудармашылар аударма теориясы туралы ұғымы болмаса да, аударма шедеврлерін жасағанын және жасап жатқанын көрсетті. Олар аударма деген - өнер, ешқандай аударма туралы ғылым мүмкін емес деп санады.
Бірақ, аударма өнері аудармашының психологиясына байланысты. Оның аударма процесін меңгеру қабілетіне, аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық факторларды ескеріп, тілдік құралдарды дұрыс таңдап, толыққанды аударма мәтінін жасай алу қабілетіне байланысты. Кейбір аудармашылар әртүрлі деңгейде мұндай қабілетке ие, бірақ ол итуитивті түрде шығармашылық актің нәтижесінде болады.
Аударма әрекетінің шығармашылық сипаты, аудармашылық әрекеті ғылыми анализ бен теориялық сипаттаудың объектісі бола алмайды дегенді білдірмейді.
Аударманың ғылыми теориясының негізі XXғ-дың ортасына ьаман аударма проблемасына тілтанушылар көңіл аудара бастағанда жасала бастады. Оған дейін аударманың лингвистика ғылымының қатысы жоқ деп саналды.
20-ғ-дың ортасына қарай тілтанушыларға аудармашылық әрекетке өз көзқарастарын түбірімен өзгертуге тура келеді. Себебі ол кезеңде бірінші орынға саяси, коммерциялық, ғылымии-техникалық, іскерлік материалды аудару қойылады. Оларға афтордың жеке стилінің маңызы болмады. Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары аударма процесіне қатысатын 2 тілдің тілдік жүйелер құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты екендігін айта бастады. Тілдік жүйе тілдік бірліктермен тілтанушылар айналысатын болғандықтан, және сонымен бірге аударма дәлдігіне талаптардың өсуі, тілдік бірліктердің аудармада бірліктері бар екендігін көрсетіп, аударманың лингвистикаға қатысы бар екенін түсіне бастады.
Аударманы лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттігі жаппай аудармашылар даярлауда міндетінен туындады. 20-ғ-дың ортасында аудармамен тек қана талантты аудармашылар ғана айналысып қойған жоқ, басқа да аудармашылар қажет болды.
Аудармашылар дайындау үшін көптеген елдерде аудармалық мектептер, факультеттер мен институттар құрыла бастады. Олардың міндеттері жоғары білікті аудармашылар дайындау болды. Әдетте аудармашыларды дайындау шет тілдері оқытылатын жоғарғы оқу орындарында жүргізілді. Шет тілдернен сабақ беретін оқытушыларға оқу бағдарламасын, оқулықтар жасауларына тура келді.Ал ол жұмыстарды атқару үшін, аударма процесінің мәнін ашу керек болды және аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін лингвистикалық, экстралингвистикалық факторларды анықтай алу керек болды. Тілтанушы мамандарға жоғары білікті аудармашылар даярлайтын тиімді курстар құру үшін тиісті деңгейде ғылыми база жасау керек болды. Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеуді кеңес тілтанушылары бастады.
1950 жылы Рецкер Я.И. өзінің Ана тіліне аударудағы заңды сәйкестік деген мақаласын жазды. Онда ол аудармашының аударма вариантын таңдауы тіпті де еркін емес екенін,оның заңды,яғни аударма процесіне қатысатын екі тілдің бірліктерінің сәйкестігімен анықталатынын сендіре айтты. Рецкер Я.И. бұл тәсілдерді заңды сәйкестілік деп атады,және 3 түрлі сәйкестік болатынын анықтады: эквиваленттер, аналогтар және адекватты ауыстырулар. Сөйтіп, сәйкестік ұғымы зерттеу практикасына нақты енді.
Аударма процесінің тілдік заңдылықтарын анықтау үшін аудармаларды олардың түпнұсқаларымен салыстыру тәсілі ерекше маңызды болды. Соңғы онжылдықтарда аудармалық сәйкестілік мәселесімен көптеген авторлар айналысты. Бархударов А.С. Тіл және аударма деген еңбек жазды. 1953ж. Федоровтың А.В. Аударма теориясына кіріспе атты еңбегі жарық көрді. Онда алғаш рет аударманың лингвистикалық теориясын жасаудың қажеттігі мен мүмкіндігі айтылды. Аударманың лингвистикалық аспектілеріне арналған еңбектер шетелдерде де көптеп шыға бастады. Лингвоаудармалық зерттеулер 20-ғ-дың 70-жылдарында жемісті дамыды. Аударманың лингвистикалық теориясын жасауда үлкен үлесті кеңес ғалымдары қосты. Олардың еңбектеріне тән нәрсе - аудармалық зерттеулердің лингвистикалық негізін нақты анықтауға тырысу және аударманы тілдік ғылымдардың объектісі ретінде қарастыру болды. Зерттеулер нақты жасалған аудармалардың негізінде жүргізілді. Ондай аудармаларды оригиналдарымен олай салыстыру тіларалық қатынасты тілдік жүйелердің ерекше заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тұста Ванников Ю.В. Аудармалық пәндердің бірегей комплексі деген еңбегін атап өтуге болады. Бұл еңбекте аударма теориясының негізгі бөлімдерін топтастырудың жалпы принциптері жасалған және аударманың жалпы, жеке, арнайы теориялары деген ұғымдардың анықтамаларын ұсынды.
1973 жылы Комисаров В.Н. Аударма жайлы сөз және 1980 жылы Аударма лингвистикасы деген еңбектері шықты. Бұл жұмыстарда аудармаға лингвистикалық анализ жасау принциптрін жасауға, аудармалық эквивалент, аударма процесін және аударма модельдерін суреттеу тәсілдеріне көңіл бөлінді, бірінші рет аударма прагматикасы, аударма нормасы ұғымдары енгізілді.
Лингвоаудармалық мәселе Швейцердің А.Д. Аударма және лингвистика деген еңбегінде қарастырылды. Швейцер А.Д. аударма процесінде грамматикалық трансформациялардың лексикосемантикалық қайта жасаудың болатынын анықтады.
1974 жылы Рецкердің Я.И. Аударма теориясы және аудармалық практика деген еңбегі шықты. Ол еңбегінде автор аудармалық заңды сәйкестілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Көркем əдебиет саласындағы аударма мəселесі
Шетелдік аударматану
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Арабша - қазақша құқық терминдері
Қаржы - экономикалық мәтіндердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер