Қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ.ДӘСТҮРІН СУРЕТТЕП АУДАРУ АРҚЫЛЫ БАЯНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақтың салт.дәстүрін аударудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Фразеологизм терминінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі баламалары ... ..8
1.3 Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ БӨЛІМ. АУДАРЫЛАТЫН ТЕКСТЕРДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Қазақтың салт.дәстүрін аударудағы прагматиканың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Аударма прагматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОСЫМША
Курстық жұмыстың өзектілгі: әр тілдің өзіне лайық идиома сөздері болу үшін, сол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғұрып, тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі белгілі нәрсе. Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады.
Кез келген халықтың фразеологиялық қоры аса құнды лингвистикалық мұра болып табылады. Мұнда сол халықтың дүниетанымы, ұлттық мәдениеті, менталитеті, болмысы, салт-дәстүрі, наным-сенімі, қиялы, әдет-ғұрпы мен тарихы жатыр. Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түптамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін білуге, тілінің тарихымен кеңінен танысуға болады. Тілдегі фразеологизмдер өзінің суреттеме, бейнелік, әсерлік, экспрессивті-эмоциялық, көркемдік қасиетімен басқа тілдік бірліктерден ерекшеленеді. Осындай көркем, бояуы қанық, алуан түрлі тұрақты тіркестер халық тарихын, ұлттық болмысын, мәдени құндылығын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жеткізіп келеді. Сонымен бірге оларда сол халықтың тарихы, әртүрлі әдебиетi, тұрмыс- салты, ұлттық тағамдарының аты, киiмдерi т.б мен байланысты уақиғалар мен факторларды сиппаттау жиi кездеседi.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау, ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақтың салт-дәстүрін аударудағы маңызына түсініктеме беру. Қазақтың салт-дәстүрін аударудағы прагматиканың рөлін мазмұндау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Абдыгаппарова С.К. Язык и культура. – Алматы, 2002. – 21 б.
2. Антрушина Г.Б. Лексикология английского языка. – Москва. 2001. – 52 б.
3. Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974. – 93 б.
4. Голуб И.Б. Стилистика современного русского язықа. – Москва. 1986. – 21 б.
5. Кожина М.Н. Стилистика русского язықа. – Москва.1983. – 43 б.
6. Одинцов В.В. Стилистика текста. Москва. 2006. – 32 б.
7. Galperin I.R. Stylistics. – Moscow, 1977. – 14 б.
8. Kucharenko V.A. A Book of Practice in stylistics. – Moscow, 1986. – 87 б.
9. Peter Watcyn-Jones. Idioms. – Penguin English, 2006. – 36 б.
10. Seredina K.G. Idiom in speech. Leningrad, 1977. – 41 б.
11. Soshalskaya E.G, Prokhorova V.I. Stylistic analysis. – Moscow, 1976. – 22 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН СУРЕТТЕП АУДАРУ АРҚЫЛЫ БАЯНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақтың салт-дәстүрін аударудағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Фразеологизм терминінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі баламалары ... ..8
1.3 Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ БӨЛІМ. АУДАРЫЛАТЫН ТЕКСТЕРДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Қазақтың салт-дәстүрін аударудағы прагматиканың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
2.2 Аударма прагматикалық тұрғыдан өңдеудің принциптері мен тәсілдері ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілгі: әр тілдің өзіне лайық идиома сөздері болу үшін, сол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғұрып, тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі белгілі нәрсе. Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады.
Кез келген халықтың фразеологиялық қоры аса құнды лингвистикалық мұра болып табылады. Мұнда сол халықтың дүниетанымы, ұлттық мәдениеті, менталитеті, болмысы, салт-дәстүрі, наным-сенімі, қиялы, әдет-ғұрпы мен тарихы жатыр. Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түптамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін білуге, тілінің тарихымен кеңінен танысуға болады. Тілдегі фразеологизмдер өзінің суреттеме, бейнелік, әсерлік, экспрессивті-эмоциялық, көркемдік қасиетімен басқа тілдік бірліктерден ерекшеленеді. Осындай көркем, бояуы қанық, алуан түрлі тұрақты тіркестер халық тарихын, ұлттық болмысын, мәдени құндылығын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жеткізіп келеді. Сонымен бірге оларда сол халықтың тарихы, әртүрлі әдебиетi, тұрмыс- салты, ұлттық тағамдарының аты, киiмдерi т.б мен байланысты уақиғалар мен факторларды сиппаттау жиi кездеседi.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау, ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақтың салт-дәстүрін аударудағы маңызына түсініктеме беру. Қазақтың салт-дәстүрін аударудағы прагматиканың рөлін мазмұндау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН СУРЕТТЕП АУДАРУ АРҚЫЛЫ БАЯНДАУ
1.1 Ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақтың салт-дәстүрін аударудағы маңызы

Қазіргі заман талабына сай, қай салада болмасын, аудармашы мамандығының атқарар рөлі өте зор. Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудара білу тек көркем аударма саласындағы аудармашыға ғана қажет деп ойлау қате түсінік болар еді. Өйткені, идиома тек көркем шығармаларда ғана емес, сонымен қатар, ауызекі тілде де кеңінен қолданылады. Демек, кез-келген салада кездеседі деп айтуға болады. Дегенмен де, шет тіліндегі идиоманың мағынасын түсіну сол тілді үйренушіге оңай емес. Идиоманың мағынасын түсіндіріп беру аудармашының өзіне де қиын соғып жатады. Идиоманың мағынасын берілген сөздерге қарап емес, сол сөздердің қалай қолданылып тұрғанына мән бере отырып, түсіндіру керек. Идиома арқылы белгілі бір елдің мәдениетін оқып-білуге болады.
Тұрақты сөз тіркестерінің ішінде идиомалар ерекше орын алады. Бұл ретте академик Кеңесбаев І. былай дейді: Идиомалар әрбір тілдің өзіне тән категориясы болуымен қатар, бұл категория - басқа сөз тіркестеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда, бірнеше сөздің тобы идиома болу үшін көп замандар болу керек, өйткені, идиоманың шеңберіне енген сөздер дерексізденіп (абстрактанып) өзінің тікелей мағынасынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік шарт керек. Әр тілдің өзіне лайық идиома сөздері болу үшін, сол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғұрып, тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі белгілі нәрсе.
Идиомалар жеке сөздердің орнына қолданыла береді. Өйткені, идиомалар жеке сөздермен синонимдес болып келеді. Мысалы, қас пен көздің арасында - тез деген мағынаны береді. ... Идиомадағы сөздердің морфологиялық тиянақтылығынан гөрі синтаксистік тиянақтылығы басым. Идиоманың ішіндегі сөздердің орны тиянақты болғанмен, оның ішіндегі кейбір жеке сөздердің тұлғасын өзгертіп бір жалғаудың орнына екінші жалғауды қоюға болады, - дейді академик Кеңесбаев І.
Идиомаға тағы да бір анықтама бере кететін болсақ, идиома - бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер. Құрамындағы сөздердің мағыналарында метафоралық, парадигмалық ерекшеліктер болатын мәтелге бейім келетін тіркестер.
Идиомалардың дамуының негізгі екі түрі бар:
1. Белгілі бір халықтың ұлттық ерекшелігіне орай жасалып, қалыптасады. Бұл әр тілдің өзіне тән ішкі даму процесімен байланысты болады.
2. Халықаралық қарым-қатынастың дамуы әсерінен идиомалар бір тілден екінші бір тілге ауызекі сөйлесу арқылы немесе жазбаша түрде ауысып отырады.
Идиомаларды бір тілден екінші бір тілге аударған кезде әр халықтың тілдік ерекшелігіне мән беру керек. Сонымен қатар, белгілі бір идиоманың қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын білу қажет және де мағынасын түсінбей жатып, аударма жасауға болмайды.
Ал, идиоманың ағылшын тіліндегі анықтамасын берер болсақ: Figurative phrases, constructions, and expressions holding a different meaning from the lateral one are widely used in any language are known as idioms. An idiom is a group of words that has a completely different meaning from the meaning of each word on its own.
Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады. Мысалы, dark horse - үндемегеннен үйдей бәле шығады, white elephant - қымбат, бірақ, аса қажет емес нәрсе, bulls in china shops - ебедейсіз адам, green-eyed monsters - өте қызғаншақ адам, to let the cat out of the bag - біреудің құпиясын басқаларға жайып салу, to bark up the wrong tree - қателесу.
Ағылшын тілінде басқа тілдердегідей идиомалардың көп түрі қолданылады. Олардың арасында құрамы алғашқы мағыналарын жоғалтып, мүлдем басқа мағынаға ие болғандары да кездеседі. Мысалы, ағылшынның storm және teacup сөздерін біріктіріп, бір идиома шығару мүмкін емес сияқты, екеуінің мағынасы тіптен екі бөлек. Ал, енді екеуін біріктіріп, "a storm in a teacup"дейтін болсақ,елеусіз көңіл бөлуге тұрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару, босқа қынжылу деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, бұл сөз тіркесінің өзіндік қалыптасу тарихы да бар. Мұны алғаш рет француз философы Монтескье (1755-1889) қолданған.
Ағылшын тіліндегі тіркестердің көбінің қолданыста жүрген идиомалар екені сөзсіз, әр салаға байланысты өзіне тән көптеген идиомалар қолданылады және осы идиомаларды аудару барысында біз тағы да аударма түрлеріне жүгінеміз. Мысалы, бизнес саласына байланысты:сreeping takeover.
Кейде, фразеологиялық сөз тіркестер толығымен еркін тіркестер арқылы жасалады. Сондықтан, аудармашының сол идиоманың мағынасын ажырату үшін контекстегі мағынасына назар аудара отырып, адекватты аударма түріне жүгінуі керек. Ағылшын тіліндегі to go-бару етістігі менsong-ән зат есімдерінің аудармасын білгенмен де, to go for a song идиомасының не мағына беретінін дөп басып айту оңай емес. Бұл идиома бір нәрсенің өте арзан бағаға сатылғандығын білдіреді. Мысалы, Asno one else at the auction seemed interested in the painting, it went for a song. (қазақша баламасы су тегін) Аукционда сурет өнеріне қызығушылар табылмағандықтан, сурет су тегін сатылып кетті. деп айтуға болады.
Жалпы аударма кезінде мына жәйттерге мән беру керек:
идиоманы аударған кезде оның жалпы мағынасын беру, safe and sound - аман- есен;
идиоманың мәндес баламасын беру арқылы аударма жасау, a quick temper - қызуқанды;
идиоманы бір тілден екінші тілге сөзбе - сөз аудару немесе сипаттамасын беру,
a big shot - маңызды адам;
Сонымен қатар, ағылшын тілінде көне грек мифологиясынан енген сөз образдары да көп кездеседі. Осындай сөз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып, қалыптасқанын жақсылап біліп алмайынша, оларды бірден аудара салуға болмайды.
Идиомаларға анализ жасап, аударма жұмыстарын оңайлату үшін грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлу және классификация жасау арқылы қарастырған өте ыңғайлы. Мысалы:
1. Ағылшын тіліндегі идиомаларды мынадай сөз таптарына бөлу арқылы қарастыруға болады:
idioms using adjectives: absent-minded - ұмытшақадам;
idioms using nouns:the apple of someone's eyes- біреудің көзініңқарашығындай болу (жақсы көретін адамға айтылады);
idioms using verbs: to keep a straight face - бет аузын жиырып алу (күлген кезде);
idioms using prepositions: on the dot - дәл уақытында;
2. Мынадай классификация жасау арқылы жіктеуге болады:
- Parts of the body idioms: have a sweet tooth - тәттіқұмар;
- Colour idioms: a white lie - ешкімге зияны жоқ өтірік;
- Animal idioms: an early bird - таңертең ерте тұратын адам;
- Idioms to do with health and illness: to be fighting fit - денсаулығы мықты болу;
- Idioms to do with money: to be broke - ақшасы болмау;
- Idioms to do with emotions: to be scared to death - қатты қорқу;
- Idioms to do with food: it is not my cup of tea - мен ұнататын нәрсе емес;
- Idioms to do with countries and places: to take coals to Newcastle - онсыз да өздері шығаратын нәрсені ол жаққа апарудың қажеті жоқ;
Idioms to do with crime: launder money - заңсыз жолмен келген ақшаға банктен есеп- шот ашу;
- Idioms to do with movement and travel: thumb a lift - жолда кез келген машинаны тоқтатып, тегін жүру;
- Idioms as responses: it serves him right - өзіне де солкерек;
- Idioms in jokes: fell head over heels in love - ғашық болу;

1.2 Фразеологизм терминінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі
баламалары

Кез келген халықтың фразеологиялық қоры аса құнды лингвистикалық мұра болып табылады. Мұнда сол халықтың дүниетанымы, ұлттық мәдениеті, менталитеті, болмысы, салт-дәстүрі, наным-сенімі, қиялы, әдет-ғұрпы мен тарихы жатыр. Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түптамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін білуге, тілінің тарихымен кеңінен танысуға болады.
Тіл білімінің жаңа бағытының негізін салатын фразеология термині жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40-жылдары дүниеге келді. Фразеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі идеяны дамытушы Ш. Балли болса, оның Ресей топырағындағы фразеология ғылымының дамуы мен жаңа, жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуі академик Виноградов В.В. есімімен тығыз байланысты болып келеді.
Лингвистикалық сөздіктерде: фразеология (гр. phrasis - cөйлеу оралымдары, logos - ғылым) - құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде бөлшектенбей, даяр қалпын сақтай отырып қолданылытын, мағына тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы. Ал фразеология саласының негізгі зерттеу нысаны фразеологизмдер болып табылады. Фразеологизм дегеніміз - екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін тұрақты сөз тіркестері.
Тілдегі фразеологизмдер әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін көрсетіп отырады. Болғанбаев Ә. пікірінше, фразеологизмдер - жансызға жан бітіретін бейнелеу құралы. Фразеологизмдер - кез келген тілдің, ұлттың айшықты да мәнерлі, бай саласының бірі, халық өмірінің айнасы, ұлттық-мәдени өмірі мен ұлттық болмысының басты көрінісі. Тілдегі фразеологизмдер өзінің суреттеме, бейнелік, әсерлік, экспрессивті-эмоциялық, көркемдік қасиетімен басқа тілдік бірліктерден ерекшеленеді. Осындай көркем, бояуы қанық, алуан түрлі тұрақты тіркестер халық тарихын, ұлттық болмысын, мәдени құндылығын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жеткізіп келеді.
Фразеологияның зерттейтін пәні - кез келген халықтың сөздік қорында кездесетін сол халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын ажарлайтын фразеологизмдер. Фразеологизмдерге қатысты тіл білімінде қалыптасқан терминдер көп: фразеологиялық единица, идиома, тұрақты тіркес, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірліктер, фразема, фраземика, фразеотіркес және т.б.
Тіл білімі сөздігінде бұл терминнің ғылыми атауын фразеологизмдер деп, аталған терминге былайша анықтама берген: фразеологизмдер (грек. phrasis - сөйлеу, logos - сөз; ағыл. phraseological unit, locution phrase, formula) - кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалынған, құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып жұмсалатын біртұтас, мағына жағынан идиоматикалық единица. Копыленко М.М. фразеологияның негізгі зерттеу нысаны ретінде фразеотіркес (фразеосочетание) терминін ұсынған, яғни фразеология объектісі болып табылатын лексемалар тіркесі тұжырымдамасының негізін қалаған.
Авакова Р. Фразеология теориясы атты еңбегінде қандай да бір тілдің фразеологиялық бірліктерін фразеология деуден гөрі (себебі ғылым саласымен омонимдес болып қалады) морфемика, лексика терминдеріне сәйкестендіріп фраземика деп атаған жөн, - деп фраземика терминін ұсынады. Фраземика термині тіл білімінде синоним ретінде жарыса қолданылып жүрген фразеологиялық оралым, фразеологиялық единица, фразеологиялық бірлік, тұрақты сөз тіркестері атауларының орнына қолданылады. Терминді алғаш рет Ресейдің фразеолог ғалымы Алефиренко Н.Ф. ұсынған.
Тіл біліміне қатысты сөздіктерде фразеологизм ұғымына бара-бар қолданылып жүрген терминдерге төмендегідей анықтамалар берілген. Мысалы: фразеологиялық единица (грек. рhresis - сөйлемше, logia - ілім) - фразеологизмдермен бара-бар. Ал фразеологиялық тіркес немесе идиома - семантикалық жақтан ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының негізгі номинативті мағынасынан мүлдем басқа мағына беретін сөздер тізбегі. Идиома (грек. idioma - ерекше сөйлемше; ағыл. idiom, idiomatic expression) - идиоматизм, идиоматикалық тіркес, фразеологизммен бара-бар, басқа бір тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтін, стилистикалық та, семантикалық та айшықты ерекшеліктері бар тілдік единицалар.
Сонымен фразеология объектісі саналатын фразеологизм терминіне қазақ тілінде балама ретінде бірнеше ұғымдарды қолдануға болады. Алайда ғылыми түрде бекітілген, кеңінен қолданысқа ие, фразеология ғылымының мәнін ашатын фразеологизм термині екені белгілі.
Ағылшын тілінде де фразеологизм терминіне бірнеше балама бар. Мұны ағылшын тіліндегі The New Oxford Thesaurus of English жиілік сөздікте идиома терминімен қатар бір мағынада қолданылатын бірқатар терминдерден байқауға болады. Мысалы, idioms, collocations set phrases, set expressions, phraseological units, fixed phrases, idiomatic expression, turn of phrase, phrase, locution (formal). Ең жиі таралған термин - idioms. Ағылшын және америка тіл білімінде фразеологиялық бірлік (phraseological unit) термині көп қолданылмайды, кең қолданысқа ие - set expressions және idioms. Ағылшын тіліндегі сөздіктерде идиома терминіне төмендегідей анықтамалар берілген. Idiom - is a phrase or expression whose total meaning differs from the meaning of the individual words. Idioms come from language usage generally cannot be translated literally (word by word). Ағылшын тілінің фразеологиялық қорын сипаттауда idioms термині барлық тұрақты тіркестерді толығымен айту үшін қолданылады.
Академик Виноградов В.В. фразеологияға қатысты танымал еңбектерінің жарық көруіне байланысты ағылшын фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың бірқатары аталған орыс ғалымының пікірлерін ағылшын тілі материалдарына қатысты қолдана бастады. Орыс академигі Виноградовтың В.В. фразеологиялық теориясы негізінде фразеологиялық бірлік термині ғылымға енген болатын. Осы терминді ғалымдар тікелей аудару арқылы ағылшын тілінің фразеологиясын сипаттау барысында кеңінен қолданып келеді. Алайда, фразеологиялық бірлік (рhraseological units) термині ағылшын тілінде сөйлеуші халықтардың сөздік қорында, лингвистикалық терминдер сөздігінде көп қолданылмайды, аталған терминді ағылшын тілін, фразеологиялық қорын зерттеуші өзге елдің ғалымдары кеңінен пайдаланады.
Фразеологизмдердің негізгі қасиеттеріне тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы, оның бөліп жаруға келмейтіндігі, мағына тұтастығы, идиомалығы мен тұрақтылығы жатады. Фразеологияны тілдік жүйенің құрамдас бөлігі, құрылымдық және мағыналық жағынан ерекше қасиетке ие тілдік бірлік ретінде тану негізгі ғылыми дәйектеме болып табылады. Сондықтан да фразеологиялық бірліктерді жан-жақты талдаудың маңызы артып, зерттеуге деген қызығушылық толастамайды.

1.3 Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны

Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.
Көптілділіктің биологиялық негізі жоқ. Ал барлық адамдар бір биологиялық түрге жатады. Барлық адамдардың милары бірдей орналасқан, тіс, омыртқа сүиектері, тамақ қорытатын ішкі ағза органдары да бірдей. Адамдардың бәрі оттегі дем алады, ол жоқ болса өліп қалады. Адамға тән осы анотомиялық және физиологиялық жағдайларды ескере отырып, адамдардың тек бір ғана тілде сөйлеуі керек қой деп ойлайсың.
Шындығында адамдар тегі жағынан бірнеше топқа бөлінеді, терісінің түсі, көлемі, сүйек құрылысына қарай, қан құрамына тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Осы жағдайды ескере отырып, әлемде тек 5-6 ғана тіл болуы тиісті, бірнеше тіларалық диалектілер ғана өмір сүруге тиісті сияқты.
Ал шындығында жағдай мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда санақ бойынша әлемде 5 мыңға жуық тіл бар. Тілдердің нақты саның дәл атау мүмкіндігі болмай тұр, өйткені өз бетінше дамыған тілдер бар, сол тілдермен қатар жүрген диалектілер бар. Мұндай көптілділік, әрине, мұқият зерттеуді керек ететіні анық.
Аудармашының кездесетін қиындықтары тілдің ерекшелігімен және сол тілдің әр турлі жағдаяттарда кездесетіндігімен тығыз байланысты. Бұл жерде үш түрлі қиындықты атауға болады: тілдік бірліктің семантикалық, яғни мағыналық ерекшелігі, өмір құбылысының сәйкес келмеуі, тілден тысқары өмір шындығын суреттеудегі тілді пайдалану, өмір шындығы мен осы шындықты мәтінде суреттеп берудегі өзгешелік.
Тілдік бірліктер -- бұлар бар обьектіні белгілеп беретін жай жарнамалар емес. Әрбір тілдің өзіне тән тұрақты белгілері бар, өзіне тән өзгеше мән-мағынасы бар. Бұл өзгешеліктер басқа бір тілмен сәйкес келмейді. Сондықтан аударма ісі бір формадан екінші формаға жай ауыса алмайды. Ол үшін аудармашыға қай тілдік бірліктің мәні түпнұсқадағы мазмұнға сәйкес келетінін біліп алу керек. Лингвистикада кездесетін тағы бір екінші кедергі-әрбір тілдің ерекшелігі мен өмір шындығын суреттеуі. Әңгіме жиі еске алатын экзотикалық дәлелдеулер емес, немесе эскимостарда кездесетін қардың түсіне байланысты емес, немесе аргентина бақташылары бағатын әртүрлі түстегі аттар емес, көптеген күнделік жағдайда кездесетін құбылыстар емес. Қазақ тіліндегі қол сөзін ағылшын тіліндегі hand және arm, қазақ тіліндегі саусақ ағылшын тіліндегі finger toe, қазақша ит, күшік ағылшын тіліндегі dog немесе қазақ тіліндегі ат немесе тұлпар сөздері ағылшын тіліндегі horse. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі
Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Тілдік төрт дағды
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Қазақ көркем прозасындағы тарихи тезге түскен шығармалар
Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Халықтың музыкалық шығармашылығы
Пәндер