Жазбаша аударманың ережелері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жазбаша аударма тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Сөйлемдерді талдау және ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері ... ...7
1.3. Сөз таптарының орын басуы, сөйлем мүшелерінің алмасуы ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ БӨЛІМ. ЖАЗБАША АУДАРМА ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары ... ... ... ... 18
2.4. Модальді етістіктер және олардың баламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір – бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қостілді» адамдар – тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу – сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылады. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржіма халықтың мәдени – қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Жазбаша аударманың басқа аудармалар секілді аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар.
Курстық жұмысты жазу нәтижесінде келесі дағды мен іскерлік жүйесі қалыптасты:
1. түпнұсқа мәтіндеріне талдама жасап, түрлі аударманы қолдану.
2. түпнұсқа мәтінінің түрлену құралдары ретінде лексикалық, грам-матикалық және стилистикалық өзгертулер жүйесін тиімді пайдалана білу.
3. әртүрлі күрделі деңгейлердегі мәтіннің аударма тәжірибесінде талдау.
Сонымен қатар, осы тақырыпты меңгеру барысында қазіргі заман жағдайында аударма ісінің ерекшеліктерін, жазбаша аударма түрлерінің бөліну ерекшеліктерін, жазбаша аударма саласындағы аудармаға қойылатын талаптармен т.б. ақпаратпен таныстым.
Курстық жұмыстың мақсаты тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, практикалық және аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Алайда негізгі мақсаты –аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Жазбаша аударма тәжірибесін зерттеу;
-Сөйлемдерді талдау, ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлерін анықтау;
-Сөз таптарының орын басуы мен сөйлем мүшелерінің алмасуын талдау;
-Ағылшын есімшесінің аударылу жолдарын қарастыру;
-Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдарын зерттеу;
-Модальді етістіктер және олардың баламалары мен модальді сөздер тіркестерін қарастыру;
-Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар, халықаралық сөздер, неологизмдердің мен реалиялардың аудармасы, фразеологиялық бірліктердің аудармасын талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, және, қорытынды бөлімдер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Алдашева А. «Аударматану: лингвистикалық және лингво-мәдени мәселелері. Алматы 1999, 112б.
2 Белецкий А.А. «Исследование ономастикона//Лексикология и теория языкознания. Киев, 1972, 78б.
3 Екінші кітап «Жанталас» романы Алматы «Жазушы» 1986ж.
4 Керімбаев Е.А. «Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах. Алматы, 1995, 25б.
5 Рецкер Я.И. «Теория перевода и переводческая практика» М,1974, 21б.
6 Үшінші кітап «Қаһар» романы Алматы «Жазушы» 1986ж.
7 Book three “Khan Keneh” The Ysenberlin Foundation Almaty 2000
8 Book two “Dispair” The Yеsenberlin Foundation Almaty 2000
9 Book one “The Charmed Sword” The Yеsenberlin Foundation Almaty 2000
10 I.Yesenberlin “The Nomads” translated by Oleg Chorakaev.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім. жазбаша Аударманың ережелері
1.1. Жазбаша аударма тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Сөйлемдерді талдау және ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері ... ...7
1.3. Сөз таптарының орын басуы, сөйлем мүшелерінің алмасуы ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ бөлім. Жазбаша аударма жолдары мен тәсілдері
2.1. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары ... ... ... ... 18
2.4. Модальді етістіктер және олардың баламалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір - бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын қостілді адамдар - тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу - сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылады. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржіма халықтың мәдени - қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Жазбаша аударманың басқа аудармалар секілді аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар.
Курстық жұмысты жазу нәтижесінде келесі дағды мен іскерлік жүйесі қалыптасты:
1. түпнұсқа мәтіндеріне талдама жасап, түрлі аударманы қолдану.
2. түпнұсқа мәтінінің түрлену құралдары ретінде лексикалық, грам-матикалық және стилистикалық өзгертулер жүйесін тиімді пайдалана білу.
3. әртүрлі күрделі деңгейлердегі мәтіннің аударма тәжірибесінде талдау.
Сонымен қатар, осы тақырыпты меңгеру барысында қазіргі заман жағдайында аударма ісінің ерекшеліктерін, жазбаша аударма түрлерінің бөліну ерекшеліктерін, жазбаша аударма саласындағы аудармаға қойылатын талаптармен т.б. ақпаратпен таныстым.
Курстық жұмыстың мақсаты тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, практикалық және аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Алайда негізгі мақсаты - аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Жазбаша аударма тәжірибесін зерттеу;
-Сөйлемдерді талдау, ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлерін анықтау;
-Сөз таптарының орын басуы мен сөйлем мүшелерінің алмасуын талдау;
-Ағылшын есімшесінің аударылу жолдарын қарастыру;
-Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдарын зерттеу;
-Модальді етістіктер және олардың баламалары мен модальді сөздер тіркестерін қарастыру;
-Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар, халықаралық сөздер, неологизмдердің мен реалиялардың аудармасы, фразеологиялық бірліктердің аудармасын талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, және, қорытынды бөлімдер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І БӨЛІМ. ЖАЗБАША Аударманың ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жазбаша аударма тәжірибесі

Аударма дегеніміз - белгілі бір халықтың немесе мәтіннің түпнұсқа тілінен аударма тіліне ауысуы. Осы анықтама бойынша дәлме-дәл аударма көбінесе мүмкін емес болады. Өйткені, екі тіл тек өздерінің тек грамматикалық жағынан емес, сонымен қатар мәдени ерекшеліктері және сөздердің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Ал осының барлығы аударма әдісіне және оның нәтижесіне әсер етеді. Мысалы іскерлік хатты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда Dear Sir деген бастаманы Құрметті Сэр немесе Құрметті Мырза деп аудару дұрыс болмайды. Мұны біз Қадірлі директор немесе Қадірлі басшы болып аударылады. Сол сияқты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударғанда Аса құрметті Шредер мырза сөз тіркесін Deerly respected Mr. Shroeder деп аударған дұрыс болмайды. Өйткені мұндай сөз тіркестерді аударғанда ағылшын тілінің қалыптасқан дәстүрі бар, яғни ол Dear Sir немесе Dear Mr. Shroeder деп аударылады. Осы мысалдар аударманың коммуникативті іс-әрекетін дәледейді, яғни аудармашы жұмыс жасап отырған екі тілдің мәдениетінен хабардар болуы қажет. Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша түрлерімен жұмыс жасай алуы тиіс. Ол үшін аудармашы осы екі аударма түрлерінің негізін және айырмашылықтарын білуі қажет. Ауызша аударманың ең басты талабы - шапшаңдылық және дәлділік. Аудармашы аударманы неғұрлым тез берсе, соғұрлым оның нәтижесі жемісті болады.
Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет. Ал жазбаша аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбір аудармашы ойланып, мәтінді бірнеше рет оқып шығып аударманың әдісін әбден анықтап барып аударуы мүмкін, себебі жазбаша мәтіндер әр түрлі стильде болады. Сонымен қатар жазбаша аударма тәжірибесі пәні аударманың грамматикалық және лексикалық аспектілерін қарастырады. Қорыта келгенде аударма деп қазіргі тіл білімінің тіларлық іс-әрекеттің лингвистикалық аспектісін оқып үйренуде ең маңызды құралын айтамыз жәнеде аударма деген әр түрлі тілде сөйлейтін екі адамның арасындағы сұхбатты, яғни коммуникацияны жүзеге асыратын құрал.
Аударманың жалпы теориясы аударманың сапасының бағасы ретінде пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы қатарында теориялық және нормативті бөлімдері бар. Аудармашы алдымен өз іс-әрекеттерінің мақсатын айқындап осы мақсатқа жету жолдарын іздеу керек. Бұл үшін аудармашы аударманың негізі теориямен, соның ішінде аудармашы өзі жұмыс жасап отырған саланы жетік білуі тиіс. Сондықтан нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану және аударма процесінің нәтижесінде әсер ететін прагматикалық факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен беріледі. Сондықтан түпнұсқа мәтіндері мен аударманың жанрлық-стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін прагматикалық факторларымен беріледі. Бұл аспектілер аудармашының стратегиясын анықтайды. Аударма нормасы бес түрлі нормативті талаптар нәтижесінде қалыптасады.
● аударма баламасының нормалық мөлшері
● аударманың жанрлы(стилистикалық нормалары
● аударма тілі нормалары
● аударманың прагматиалық нормалары
● аударманың конвециалды нормалары
Аударманың баламасының нормалары құбылмалы параметр емес. Жанрлы стилистикалық нормаларды мәтін түрінің стилистиалық ерекшеліктеріне аударманың сәйкес келу талабы ретінде анықтауға болады. Бұл нормалар балама деңгейін талап етеді. Аударма мәтіні аударма тіліндегі тілдік шығармалар. Ол үшін норма ережелерін білу қажет. Аударманың прагматикалық нормаларын және құндылықтарын қамтамасыз ететін талап ретінда анықтауға болады. Аударма актінің прагматикалық шарттары аударма нормаларын сақтаудан толығымен бас тартуға әкеп соқтырады. Жалпы айтқанда түпнұсқа мазмұнын түсінік айтумен, мән жазбалармен ауыстырады. Аударманың конвенциалды нормалары қазіргі жағдайда аударманың түпнұсқаға жақындығы талабы ретінде қарастыруға болады. Оның шеберлік іс әрекет ретінде түпнұсқаның орын басу және аударманы жүзеге асыру барысында түрлі міндеттерді орындау. Аударма процесінің нәтижесі түсініктерінде мына терминдерді қолданылады.
Адекватты аудармаға баламаны аудару, дәлме-дәл аударма және еркін аударма жатады.
Адекватты аударма - аударма сапасы бағасын жүзеге асыратын жақсы аударма. Ол аударма актісінің прагматикалық міндеттерін қамтамасыз етеді.
Баламалық аударма - басқа тіл түпнұсқасының баламасы деңгейлерінің бірігуінің мазмұнының айтылуы болып табылады.
Дәлме-дәл аударма - түпнұсқа мәтінінің заттық логикалық бөлігі ғана айтылады. Онда жанрлы стилистикалық нормалардың артта қалуы әбден мүмкін. Сөзбе-сөз аудармада түпнұсқаның формальді элементтері беріледі, осының нәтижесінде нормалар бұзылады.
Еркін аударма кезінде түпнұсқа мазмұны жойылады.

1.2 Сөйлемдерді талдау және ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері

Cөйлем талдаудың танымал жолы сөйлем мүшелері арқылы жүзеге асады. Ал сөйлем мүшелерін зерттейтін ғылым синтаксис деп аталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 сөйлем мүшелері бар. Оның 2-еуі тұрлаулы, 3-еуі тұрлаусыз мүшелер. Егер сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, ол сөйлем грамматикалық негізде құрылған деп аталады.
Main parts- тұрлаулы мүшелер
Бастауыш- кім? не? Subject- who? What? Баяндауыш- не істеді? Predicate- what to do?
Secondary parts- тұрлаусыз мүшелер
Толықтауыш- септік сұрақтары Object- what? Анықтауыш- қандай? Attribute- what kind of? Пысықтауыш- қалай, қайда? Adverbial modifier- adverbial modifier of place- where? Adverbial modifier of time- when? Adverbial modifier of reason- why? Мысалы: He bought a book- Ол кітапты сатып алды
1 2 3 1 3 2
A customer came in. We work at the bank. We handled payment instructions. They sent us some bills. Richard is junior accountant. We had to sign the contract last week.
Ырықсыз етісте жасалатын құрылымдар
Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылым үлкен жүйелілікті көрсетеді. Жанама толықтауыш пассивтік құрылымның сақтаушысы бола алады. Ол септік жалғауларының жойылуының және бірнеше есімдіктер мен жалпы зат есім топтарының арасында формальді айырмашылықтың болмауының қорытындысы болып табылады. Мысалы: Mr. Winkle stooping forward with his body half doubled up, was being assisted over the ice by Mr. Weller. Бұл мысалда to assist баяндауышы жанама толықтауыш болып тұр. Уинкл мырза Уиллер мырзаның көмегімен жартылай еңкейіп, мұз үстімен жүріп өтті. Аудармада пассивтік құрылымның сақталуы үшін лексикалық трансформацияларға көз жүгірту керек: In fact, being with here tonight was really an adventure, and somehow quite a wonderful adventure. But being an English adventure it was liable to be rained upon and at this very moment down the rain came. Шынымен де бүгінгі кеште олармен қауышу тамаша оқиға болды. Мұның барлығы Англияда орын алған алғандықтан әдеттегідей жаңбыр болу керек еді және жаңбыр сол мезетте құйып кетті. Бұл жағдайда пассивтік форма белсенді түрде аударылып тұр. Кейбір ағылшын етістіктері ауыспалы немесе тура түрде қолданылады. Мысалы, to flight етістігінің аудармасын пассивтік формада беру өте қиын. Original samples of Paris clothing have been flown to London to illustrate lectures to the fashion industry. - Ағылшын сән үлгілерінің өкілдеріне дәріс барысында көрсетілу үшін Париж әтірлерінің үлгілері Лондонға ұшақпен жеткізілді. Бұл мысал конверсия жолымен аударылған.

1.3 Сөз таптарының орын басуы, сөйлем мүшелерінің алмасуы

Сөз таптарының орын басуы әдетте ағылшын және орыс тілдерінде сөз қолданулары және сәйкестік нормаларына байланысты болды. Кейде сөз таптарының орын басуы орыс тілінде сәйкес мағынасы бар сөз табының жоқ болуынан да пайда болады. Мысалы: The actions of Congress and North Carolina and Tennessee statesmen aided by gifts of wise conservationists, have set his land aside as Great Smoky National park - Тенесси және Солтүстік каралина штаттарының мемлекеттік қызметкерлерімен конгрестік және табиғатты сүйіп, оны сақталуының барлық маңыздылығын түсінетін адамдардың зор еңбектерінің арқасында Смоки - Хилл өзенінің жағасындағы бұл алқап ұлттық саябаққа айналды. Салыстырмалы түрде қарағанда conservationists - сөзі орыс тіліне лексикалық сәйкестікке ие болмағандықтан ондағы айтылып тұрған мағынан толық ашып көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар артық сөз қосу және есімшені қосу сияқты грамматикалық өзгертулерді орындауға тура келді. Көбіне біз зат есімді етістік қылып, сын есімді үстеу қылып немесе үстеуді сын есім қылып және сын есімді зат есім қылып аударуға мәжбүр боламыз. Мысалы: The Tomes yesterday warned editorially...- кеше өзінің кезекті мақаласында Таимс газеті ескертті... Аударма editorially үстеуі сын есімді зат есім болып тұр.
Келесі мысалда зат есім етістік болып аударылады. Мысалы: You give food and drink and I'll tell you how to sail the ship - Сіз мені тамақтандырып, шөлімді қандырасыз, ал мен есесіне кемені қалай жүргізетінін көрсетіп берем.Баяндауышты аудару кезінде де өте көп рет грамматикалық өзгертулерге тап боламыз, өйткені ол үнемі сөз таптарын талап етеді. Баяндауыштардың түрлері және қолданылу жолдары екі тілде көп бірдей бола бермейді: етістікті баяндауыш көбіне атаулы баяндауыш болып аударылады. Мысалы: There was universal relief at the safe return of the three U.S. astronauts from their epic voyage to the moon - Үш Американдық ғарышкерлер өздерінің айға шеккен тарихи сапарынан аман есен оралғанда барлығы рахаттана жеңіл күрсінді. Ағылшын тіліндегі атаулы баяндауыш етістікті баяндауыш болып аударылып тұр. Мысал: Abstentions on, and even votes against the coming anti - union Bill are certain in the commons - Жалпылама палатысында шыққалы жатқан сети проф одақ заңына байланысты сайлау басталған кезде адамдардың көбі еш күмәнсіз бас тартып тіпті қарсы дауыстар береді. Бұл сөйлемді аударған бірнеше грамматикалық өзгертулерге жүгіндік: Abstentions on, және votes against бастауыштары етістіктен жасалған баяндауыштар болып өзгереді - бас тартып қарсы дауыстар береді; are certain атаулы етістігі еш күмәнсіз үстеулі болып өзгеріп және ағылшынның жай сөйлемі қазақ тіліне сабақтас құрмалас сөйлемі ретінде аударылады.
Сөйлем мүшелерінің алмасуы
1 ереже: Қазақ тіліндегі әр сөйлемді ағылшынға аударудың алдында ондағы тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, олардың орналасу тәртібін анықтау. Мысалы: Қазіргі кезде колледж және басқа курстар көптеген жастарға, қабілетті студенттерге жақсы іскерлік инвитициясы болып табылады - баяндауыш тобы, көптеген жастарға қабілетті студенттерге - толықтауыш тобы, қазіргі кезде пысықтауыш көптеген қабілетті басқа жақсы іскерлік - анықтауыш тобы. Сөз тәртібі:
пысықтауыш+бастауыш+толықтауыш+баян дауыш. Ағылшын тіліне аударсақ: At present a college or other twining programs are good business investments for many bright, young students. Word order: adverb + subject +predicate + object.
2 ереже: Егер қазақ тілінде жай сөйлемінде бастауыш жасырын келген жағдайда бірақ ол алдыңғы сөйлемде айтылып кетсе, оны ағылшынға аударар кезде ағылшын тілінде қазақ тілінің мағынасына сәйкес бастауышты алуымыз қажет. Мысалы: Филипп Ройл 1936 жылдың 26 қыркүйекте Бирмингемде дүниеге келді. Елуінші жылдарда әскерде болып сонда қызмет жасап, орыс тілін сол жақта үйренді. - Philip Roil was born on the 26 th of September 1936. In the fifties he served his obligatory two years in army. It was there that he started to study Russian.
3 ереже: егер қазақ тілінің құрмалас сөйлемінде баяндауыш бастауыштың алдында тұрса аударма кезінде бастауыш баяндауыштың алдына шығып кетеді. Мысалы 1998 жылы Ақтөбе облысынан әкеткен мұнайдың көлемі - 2,57 млн т - In 1998, 2.57 million tons of oil were exported from Aktobe oblast.
4 ереже: Қазақ тілінде сөйлемде жанама толықтауыш келсе, ағылшын тілінде ол жанама бастауышқа айналады. Мысалы құрылыс алаңында орын алған апат нәтижесінде сегіз адам қаза тапты. - industrial accidents at this construction site have killed eight people.
5 ереже: Қазақ тіліндегі мекен негіз, себеп-салдар пысықтауышы ағалшын тілінде толықтауыш болып кей жағдайда бастауыштың қызметін атақарады. Мысалы: Соңғы жылдары біздің обылысымызда кіші мекендер қарқынды дамуда. - Last years saw a rapid developmend of small business in our blast.
Күрделі толықтауыш - Complex Object, күрделі бастауыш - Complex Subject айналымдары
Күрделі толықтауыш аударма барысында кеңінен қолданылады. Ол да бір тілден екінші тілге аудару кезінде қолданылатын грамматикалық өзгертудің түрі болып табылады. Күрделі толықтауыш инфинитивті және есімше құрылымдарын аудару тәсілі ретінде қолданылады. Егер инфинитив сөзі іс әрекетін білдіретін етістіктерден кейін тұрса, онда ол күрделі толықтауыштың бір бөлігі ретінде қазақ немесе орыс тілінің құрмалас сөйлемінің қосымша түрінде аударылады, яғни құрамында күрделі толықтауышы бар ағылшын тілінің жай сөйлемі қазақ немесе орыс тіліне аударғанда сабақтас құрмалас сөйлемге айналады. Мысалы: I saw him pass the paper to the secretary - Менің көргенім ол хатшыға құжаттарды бергені. We expect the government to provide assistance to the needy population - Біздің үміттеніп отырғанымыз, үкіметтің балалары көп отбасыларға көмек беретіні. To be - инфинитиві аударма кезінде түсіп қалады, өйткені орыс тілінде көмекші етістік жоқ. Мұндай кезде орыс тіліндегі сөйлемде жай сөйлем болады. Мысалы: We expect the government to provide assistance to the needy population - Біз бұл шешімді ең жақсы деп санадық. Есімше инфинитив сияқты күрделі толықтауыштың құрамына ене алады. Мұндай грамматикалық құрамында есімше баяндауыш болып аударалыды. Мысалы: The people watched the firemen climbing the tallest tower in the city - Халық өртке қарсы қызмет адамдарының қаладағы ең ұзын мұнараның басына шығып бара жатқандарын байқап тұрды. Салыстыру үшін инфинивті айналымы бар сөйлемді аудрайық: The people watched the firemen climbing the tallest tower in the city - Халық өртке қарсы қызмет адамдарының қаладағы ең ұзын мұнараның басына шығып бара жатқандарына қарады. Complex Object - тің аударылатын қиын кезі. Complex Subject - айнымалы инфинитив атау септігімен бірге қолданғанда пайдаланады. Бұл айналым қолданған кезде инфинитив күрделі баяндауыштың бөлігі болып, активті және пассивті формадағы етістіктерден кейін тұрады. Мысалы: They are known to have won - Олардың жеңіске жеткендері мәлім. Their team seems to have won - Олардың тобы жеңіске жеткен секілді. Инфинитивтің формасына қарай аударма кезінде баяндауыш аяқталған және аяқталмаған іс әрекет білдіре отырып осы өткен және келер шақтарда тұра алады. Мысалы: He seemed to be sleeping - Ол ұйықтап жатқан сияқты болды, He is said to have made a good report - Ол жақсы баяндама жасады деген сыбыс бар, They are known to have been working on this issue for a year - Олардың бұл жұмыс төңірегінде жұмыс жасап жүргендеріне бір жыл болғандығы баршаға мәлім.

ІІ бӨЛІМ. Жазбаша аударма жолдары мен тәсілдері
2.1Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар

Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансфор-мацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір - бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық - стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.
Халықаралық сөздер дегеніміз - бірнеше тілдерде бірдей дыбысталатын, яғни дыбыстық, мағыналық және грамматикалық құрылымға ие сөздер. Көбіне мұндай сөздер қоғамдық саяси немее ғылыми мағыналарда айтылады. Мысалы: capitalism, astronomy, constitution, system, diameter. Олардың қатарында қоғамдық сөздерді де көре аламыз: occupant, delicate, elegant, scandal.
Халықаралық сөздердің көбісі латын немесе француз тілдерінен енгізілген, өйткені орта ғасырлар кезінде латын тілі халықаралық болып, әдебиет, дипломатия және ғылым түрі болып саналған. Мысалы Томас Мордың Утопия шығармасы латын тілінде жазылды. Ал француз тілінен енгізілген халықаралық сөздер кішкене кейінірек зерттелген. Ағылшын және орысқазақ тілдерінде халықаралық сөздерінің логикалық мағына жағынан сай келмейді. Осындай сөздердің сәйкес келуі немесе келмеуі globe және planеt сөздерін мысалға ала отырып көруге болады, яғни мағынасы жағынан planеt және планета сөздері бірдей болса, globe сөзі глобус деген мағынамен қатар жер шары, держава, әйнекті абажур дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды. Мысалы: detail сөзі подробность, деталь, вникание в подробности, детализация деген мағыналарға ие. Сондықтан бұл сөз арнайы әскери термин ретінде отряд ретінде немесе солдат сөздерін білдіру арқылы қолданылады. Detail зат есімі көмегімен to detail етістігін тудыруға болады. Agony сөзі ағылшын тілінде жанның қысылуы деген мағынаға ие болса, орыс тілінде агония сөзі өлім алдындағы қысылу деген мағынаны береді. Сондықтан ағылшын тіліндегі аgony сөзі сөйлеу құрылымы ретінде де қолданылады. Мысалы: agony column деген іздестіріп жатқан туысқандар жөніндегі газет мақаласы деп аударылады. Жоғарыда айтылып кеткендей ағылшын және орысқазақ тілдерінде халықаралық сөздер әртүрлі стилистикалық мағыналарға ие.
Қабылдау, сезіну және ойлау іс - әрекетін білдіретін кейбір етістіктер.
Аударманың лексикалық трансформацияларын қарастыру барысында тағы бір басты назар аударатын жайт ағылшын тілінде қабылдау, сезіну және ойлау іс - әрекетін білдіретін танымал етістіктердің аударылу ерекшеліктері болып табылады. Жас аудармашылар ағылшын тіліндегі to see, to believe, to understand және to feel етістіктері бір мағыналы емес екендіктерін ұмытпау қажет, яғни оларды үнемі көру, сезу, сену, түсіну, деп аудара берген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенографиялық жазба мәтіндерін анықтап оқу тәсілдері, конференциялар мен кеңестердің стенографиясын жазу жолдары
Аударма түрлері
Ауызша және жазбазша аударма түрлері
Аудармашынің сенімділігі
Ауызша аударманың түсінігі
Аударма теориясы
Аударма жасаудың техникасы
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Аударма өнері және көркемдік түсініктері
Пәндер