Кетоз, остиодистрофия



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.1. Белоктардың алмасуы және оның реттелу ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Көмірсулардың алмасуы және оның реттелуі ... ... ... ... ... .9
2.3.Майлардың алмасуы және оның реттелуі ... ... ... ... ... ... ...12
2.4. Зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулар ... ... ... ..15
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Тірі организм өзнің күрделі химиялық құрамының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкінідігімен ерекшеленеді. Осының арқасында оның тітіркенгіштік, қозғышытық қасиеттері мен қсу, даму, көбею сияқты қызметтері атқарылады.
Организмнің әрбір торшасының молекулярлық құрамы үздіксіз жаңарып отырады. Олардың кейбіреуі толық бұзылады да, жаңа молекулалармен алмасады, ал кейбіреулері жартылай өзгерістерге ұшырайды. Осындай өзгерістер үстінде кейбір заттар өзінің биологиялық құнын толық жояды да, тез алмастырылып отырады. Сол себепті кез келген организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау үшін сыртқы ортадан құрлыс материалдарын қабылдап отыруға мәжбүр болады. Тіпті организм сүйеніші болып табылатын сүйектің өзі құрамын үздіксіз жаңартып отырады. Тірі организмдегі осындай химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.
Жеке клеткалар мен бүкіл организмдегі зат алмасу организмге сыртқы ортадан азық құрамында келген қоректік заттарды өзгерістерімен, олардың цитоплазма құрамына енуімен байланысты. Демек, зат алмасу тіршілік процесінің химиялық қозғалысы.
Тірі материяның химиялық жүйесіне тән қасиеттің бірі-пластикалық және энергия алмасуының тұтастығы. Клеткалардың құрамындағы химиялық заттар бір жағынан құрамының тұрақтылығымен ерекшеленсе, екінші жағынан ферменттердің әсерімен ыдырап, энергия көзіне айнала береді. Бұл қасиеттер каллоидтар түрінде кездесетін ірі молекулалы қосылыстарға тән. Демек, зат пен энергияның алмасуы бір тұтас прцестің екі беті.
IY. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ығылманұлы О. «Малдың жұқпалы патологиялық анатомиясы», Алматы,1997 ж
1. 2. Б.В.Уша, И.М. Беляков, Р.П.Пушкарев «Клиническая диагностика внутренние незаразных болезни животных» 2004 г.
2. 3. Васильев, Воронин, Дугин «Практикум по клинической диагностике болезни животных» 2004 г.
3. 4. Смирнов, Постников «Клиническая диагностика внутренние болезни сельскохозяйственных животных» 1981 г.
4. 5. Қожанов.К.Н «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей 2005
5. 6. Несіпбаев Т. « Жануарлар физиологиясы » А.: Қайнар, 1995 ж
6. 7. Қайырханов Қ.К. « Жануарлар биохимиясы », А.: « Ана тілі» , 1993 ж
7. 8. Беляков И. М. «Практикум по клинической диагностике с рентгенологий»
8. 9.Беляков И. М. «Диагностика внутренниых незаразных болезей сельскохозяйственных животных» М.: Колос, 1975 г.
9. 10. Уша Б. В, Кельдштейн В.А., «Клиническое исследования животных» - М.: Агропромиздат, 1986 г
10. 11. Назаров Ю. М «Малдың жұқпалы емес аурулары» Алматы, 1993 ж.
11. 12. Кодаов К.Н. «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары», Семей,2005ж.
12. 13. Қожанов К.Н. «Қосымша оқу құралы»
13. 14. Ахметов. Ж. Б. «Патологиялық анатомия», Алматы, 1993 ж
14. 15. Жанұзақов А. «Мал фельдшерлігінің анықтамалығы», Алматы «Қайнар», 1976г
15. 16. Скрябин К.И. «Ветеринарная энциклопедия», Москва,
16. «Советская энциклопедия», 1968 г.
17. 17. Сайдулдин Т. «Ветеринарлық індеттану» Алматы, 1999 ж I бөлім

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық
Университеті

Жұқпалы емес аурулар кафедрасы

Курстық жұмыс
Зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулардың диагностикасы

Орындаған: ВМ-35 топ студенті
Хангужина Г.А Тексерген: в.ғ.д, доцент Закирова Ф.Б.

Орал 2011
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.1. Белоктардың алмасуы және оның реттелу ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Көмірсулардың алмасуы және оның реттелуі ... ... ... ... ... .9
2.3.Майлардың алмасуы және оның реттелуі ... ... ... ... ... ... ... 12
2.4. Зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулар ... ... ... ..15
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Тірі организм өзнің күрделі химиялық құрамының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкінідігімен ерекшеленеді. Осының арқасында оның тітіркенгіштік, қозғышытық қасиеттері мен қсу, даму, көбею сияқты қызметтері атқарылады.
Организмнің әрбір торшасының молекулярлық құрамы үздіксіз жаңарып отырады. Олардың кейбіреуі толық бұзылады да, жаңа молекулалармен алмасады, ал кейбіреулері жартылай өзгерістерге ұшырайды. Осындай өзгерістер үстінде кейбір заттар өзінің биологиялық құнын толық жояды да, тез алмастырылып отырады. Сол себепті кез келген организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау үшін сыртқы ортадан құрлыс материалдарын қабылдап отыруға мәжбүр болады. Тіпті организм сүйеніші болып табылатын сүйектің өзі құрамын үздіксіз жаңартып отырады. Тірі организмдегі осындай химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.
Жеке клеткалар мен бүкіл организмдегі зат алмасу организмге сыртқы ортадан азық құрамында келген қоректік заттарды өзгерістерімен, олардың цитоплазма құрамына енуімен байланысты. Демек, зат алмасу тіршілік процесінің химиялық қозғалысы.
Тірі материяның химиялық жүйесіне тән қасиеттің бірі-пластикалық және энергия алмасуының тұтастығы. Клеткалардың құрамындағы химиялық заттар бір жағынан құрамының тұрақтылығымен ерекшеленсе, екінші жағынан ферменттердің әсерімен ыдырап, энергия көзіне айнала береді. Бұл қасиеттер каллоидтар түрінде кездесетін ірі молекулалы қосылыстарға тән. Демек, зат пен энергияның алмасуы бір тұтас прцестің екі беті.

І. Әдебиетке шолу
Т. Несіпбаевтың айтуы бойынша зат алмасу бір-бірімен тығыз байланысты екі прцестің жиынтығы. Олар ассимиляция немесе аноболизм және диссимиляция немесе катоболизм. Аноболизм нәтижесінде қарапайым заттардан клеткалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіледі, клеткалардың құрылымы күрделіленді. Бұл процесте химиялық бос энергиялар пайдаланылады(эндоэргиялық құбылыс).
Катоболизм нәтижесінде клеткалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды (экзоэргиялық құбылыс). Бұл энергияны организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, өсіп өну үшін жұмсайды және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электр, жылу энергияларына) айналдырады. Анаболизм әр текті, әр түрлі межелерден басталып, белгілі бір өнім түзумен аяқталады. Катоболизм, керісінше белгілі бір қосылыстардан(белок, углеводтар, майлар) басталып, әр түрлі өнімдер түзумен аяқталады. Зат алмасу процесі үш кезңнен өтеді. Оның алғашқы кезеңі сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өңдеудент өтіп, қорытылуынан басталады. Сол себепті ас қорыту процесін зат алмасудың бастапқы кезеңі деп атайды.
Оргнизмде қалыпты жағдайда өтетін зат алмасу процесін жалпы зат алмасу деп атайды. Ол көптеген сыртқы және ішкі себепкер шарттарға байланысты өзгеріп отырады.
К.Н. Қожановтың мәліметтері бойынша қазірде малдарда зат алмасудың бұзылуынан болатын 30-дан астам аурулар белгілі. Бұл ауруларды анықтауыдың төмендегідей ерекшеліктері бар.
1. Қоректік заттардың (белок,икөмірсутегі, май, витамин, минералды заттар және т.б.) организмге түскеннен бастап ақырғы болатын қалдыққа дейінгі алмасу процесін жете білу керек;
2. Зат алмасу процесінде организмге зиянды заттардың қалай түзілетінін және олардың ары қарай қалай ыдырайтынын білу керек;
3. Әрбір заттың алмасуы жеке дара жүрейтіні, олардың бір бірімен тығыз байланыста болатынын естен шығармаған жөн;
4. Заттардың алмасуынат көптеген ферменттердің әсер ететінін, олардың нейроэндокринді жүйемен реттелетінін ескеру керек;
5. Заттардың алмасуының қалыпты деңгейде болып, организмде гемостадың сақталуы малдардың күтіміне, рационына, дұрыс пайдаланылуына байланысты екенін ұмытпау керек;
6. Бірнеше топты малдың ауыратынына, оларды топтап емдеу әдісіне көңіл бөлу керек;
7. Организмде зат алмасуының бұзылуының алғашқы сатысында анықтау үшін барлық зерттеу әдістерін (әсіресе лабораториялық) жан жақты қолдана білу керек;

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Белок алмасуы және оның реттелуі.
Белок-организм үшін ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Ол әрбір клетка мен оның цитоплазмасының негізін құрайды. Сол себепті өмір тетігі болып саналады, белоксыз тіршілік тоқтайды. Белоктар органикалық заттардың ерекше тобын құрайды. Олар углеводтар мен майлардан түзе алмайды, өйткені оның құрамында азот болады. Белоктар болса, аралық алмасу барысында углеводтар мен майларға айналады.
Организмде белок екі бағытта пайдаланылады: клеткалар мен оның құрамына енеті заттарды түзу үшін құрылыс материалы және қуат көзі ретінде.
Белоктар дене массасының негізін ғана құрап қоймайды, сонымен қатар олар маңызды физиологиялық қызметтер атқарады. Атқаратын қызметтеріне қарай белоктар төмендегіше топтастырылады.
1. Клеткалардағы әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізетін биокатализаторлар-ферменттер.
2. Клетка ішіндегі белгілі процестерді реттеуге қатысатын белоктар-гармондар.
3. Қорғаушы белоктар.
4. Сапасы жағынан қоректік белоктар.
5. Уытты белоктар-токсиндер.
6. Зат тасымалдаушы белоктар.
7. Бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз ететін белоктар.
8. ДНҚ-ның қызметін реттейтін белоктар.
Белоктарға өзіндік ерекшелік қасие тән. Әр түлік малдың, жеке малдың немесе бір организмнің жеке органдары мен тканьдерінің белоктары өздерінің қасиеттерімен ерекшеленеді. Осыған байланысты белоктарға түрлік, индивидтік, органдық, тканьдік ерекшеліктер тән. Міне осы себепті бір түліек малдың қанын екінші түлік малына құюға болмайды, немесе бір организмнен басқа организмге органдарды аударып отырғызу сәтсіздікпен аяқталады.
Белоктардың органдық, тканьдік ерекшеліктері олардың құрамына кіретін, белоктардың сипатына байланысты. Мысалы, ет клеткаларының құрамына басқа клеткада кездеспейтін актин және миозин белоктары, дәнекер тканьінде –коллаген белогы, қан құрамында –альбумин, глобулин, фибриноген, сүтте –казеин белогы, т.б. кездеседі.
Организмдегі белок өзгерістері. Белок организмде статикалық жағдайда болады: олар үздіксіз ыдырап және түзіліп отырады (10 схема).
Тканьдер блогы
Түзілу ыдырау
Амин қышқылдарының туындылары
сіңу
Азық бөлігі
Амин қышқылдары
Амин қышқылдары

Белок алмасуының ақырғы өнімдері
10-схема. Белоктардың ыдырауы мен түзілуі арасындағы байланыс.
Таңбаланған атом әдісімен 6-7 ай ішінде денедегі белоктың жартысын артық мөлшері алмасып отыратыны анықталды.
Организмге түскен күрделі белоктар ас қорыту ағзаларының ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен қарапайым пептидтерге ыдырап, қанға сіңеді. Өанға өткен амин қышқылдары түрлі мақстта пайдаланылады. Олардан дене ткаьдерінің және түрлі өнімдер (сүт, жұмыртқа, жүн) белогы түзіледі.
Белок алмасуының реттелуі. Белок алмасуын реттейтін орталық мидың гипоталамус аймағында орналасқан. Дегенмен, оған мидың басқа бөліктерінің де әсері бар. Сопақша миды зақымдаған кезде белоктың алмасуы бұзылады. Жалған азықтандыру кезінде белок алмасуының күшеюі оған ми қыртысы әсерт етеді деген сөз.
Белоктың алмасу қарқынын қалқанша без гармоны күшейтеді. Аталған бездердің жұмысы нашарласа, белок алмасуының қарқыны төмендейді. Тироксин бауырдағы дизаминдеу процесін күшейткді, ал өсу гармоны бұлшық белоктың синтезделуін жақсартып, клеткадағы РНҚ мөлшерін арттырады.
Белоктың алмасу қарқынына бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінің гаомондары да әсер етеді. Минералокортикоидтар бауыр мен бүйректегі дезаминдеу процесін күшейтіп, зәрмен азоттың бөлінуін арттырады. Глюкокортикоидтар белоктар мен амин қышқылдарының ыдырауын шапшаңдатып, организмнен азоттың бөлінуін арттырады.

2.2. Көмірсу алмасуы және оның реттелуі
Көмірсулардың биологиялық маңызы. Көмірсулар-құрамында көміртегі, сутегі және оттегі бар органикалық қосылыс тобы. Олар моно-, до-, полисахаридтер болып бөлінеді. Маль денесінің құрғақ затының 2% көмірсулардың үлесіне тиеді.
Көмірсулар организмде жеңіл ыдырап, өз деполарынан шапшаң босанады да, оңай тотығады. Сол себепті организмге қосымша қуат керек болған жағдайда, ең алдымен көмірсулар пайдаланылады.
Көмірсулар организмде негізінен қуат көзі ретінде пайдаланылады немесе энергия қорына айналады, сонымен қатар олар түрлі күрделі қосылыстардың құрамына кіреді.
Олар бұлшық еттердегі биохимиялық процестер мен энергия алмасуында маңызды рөл атқарады. Сол себепті қан құрамында глюкоза мөлшері азайса дене температурасы төмендеп, организм әлсірейді, орталық нерв жүйесі мен бұлшық ет қызметі бұзылып, жүрек жұмысы нашарлайды, дене дірілдеп, мал қатты терлейді. Қант деңгейі күрт төмендесе, тіршілік тоқтап қалады.
Күйіс малындағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері. Алдыңғы қарын микроорганизмдері әрекетімен азық құрамындағы көмірсулар анаэробтық гликолизге ұшырап, пирувт және лактат арқылы ұшпалы май қышқылдарына –сірке, пропион және майлы қышқылға айналады. Демек, күйіс малында көмірсулардың негізгі ыдырау өнімдері ретінде глюкоза емес ҰМҚ түзіледі де, қанға глюкоза аз ғана мөлшерде сіңіп, малдың глюкозаға деген мұқтаждығы эндогендік синтез арқылы қамтамасыз етіледі.
Күйіс малы қанында глюкоза деңгейі төмен және ол азықтандыруға байланысты өспейді. Бірақ көмрсулар мен майлар алмасуының бұзылуына байланысты гипер немесе гипогликемия түрлері байқалады. Мұндай ауытқулар мысалы ретінде азықта көмірсу жетіспеуінің, немесе белоктар мен майлардың шамадан тыс көбеюінің салдарынан байқалатын сүтті сиырлардағы кетоз ауруын айтуға болады.
Күйіс малы төлдерінің қанында мес қарын қызметі дамып, қалыптасқанға дейін глюкоза деңгейі айтарлықтай жоғары болады. Оларда азықтық гипергликемияда байқалады. Төл өсе келе қандағы қант днңгейі төмендей бастайды. Күйіс малы тканьдерінде басқа малмен салыстырғанда глюкоза нашар тотығады да, энергияның негізгі көзі ретінде ацетат жартылады. Бірақ олардың, әсіресе сауын сиырлардың глюкозаға деген мұқтаждығы өте жоғары, және де сүтті сиырлардың пропионат пен амин қышқылдарға деген мұқтаждығы қте жоғары деңгейде қалыптасады. Күйіс малының глюкозаға мұқтаждығы және оны қамтамасыз ету жолдары шамамен мына төмендегі көрсеткішпен беінеленді.
Глюкоза шығыны, г
Тәулігіне 13 кг сүт шығатын сауын сиыр
Массасы 50кг суалған қой
Жалпы тәуліктік мұқтаждық (г)
1140
100
Қамтамасыз ету жолдары: глюкоза есебінен
220
20
Гликоген мен глицерин есебінен
230
20
Амин қышқылдары есебінен
240
20
Пропион қышқылы есебінен
250
40

Күйіс малында глюконеогенз қарқыны қандағы инсулин мен глюкагонгормондарының ара қатынасына байланысты өзгереді. Өз ретінде бұл гормондардың түзілуі қан құрамындағы ҰМҚ мен амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты өзгереді. Инсулин мен өсу гормоны бұл өнімдердің бауырдан басқа тканьдерде пайдалануын күшейтсе, глюкагон глюконеогенез процесін жандандырады және бұл прцесте лизин қышқылынан басқа барлық амин қышқылдарын қамтиды.

2.3. Майлар алмасуы және оның реттелуі.
Липидтердің биологиялық маңызы. Липидтер деп май мен май тектес заттардан құралған органикалық қосылыстар тобын айтады. Мал массасының орта есеппен 10-20% липидтерден құралған.
Денедегі май протоплазмалық және қордағы болып екіге бөлінеді. Протоплазма майынан клетка мембранасының, митохондридің, микросомның құрамына енетін майлар жатады. Оның құрамы мен мөлшері едәуір тұрақты, көп ауытқымайды. Май ми клеткалары, жыныс бездері және шәует құрамында айтарлықтай көп болады.
Қорадағы майға тері шелінің, шарбы майлары, бүйрек, жүрек сияқты ағзалардың айналасына жиналған майлар жатады. Май клеткалары –адипоциттер , альверларлық ұлпалар мен ет талшықтары арасында да орналасады. Адипоциттер құрамындағы майлар тканьдерде энергия жинақтаудың ерекше түрі.
Майдың биологиялық құндылығы –оның энергия көзі болуында. Организмде 1 г белок,немесе көмірсулар тотыққанда 16,7 кДж энергия бөлінсе, 1г май 38,9 кДж энергия бөлінеді. Сонымен қатар майлар организмнің өсу факторы болып табылатын линол қышқылының көзі,жылу изоляторы, кейбір биологиялық белсенді заттардың негізі. Олар майда еритін А,Д,Е витаминдерінің ішектен сорылуына мүмкіндік туғызады, қой шайырының, құстардың тері майының құрамына кіреді.
Күйіс малында майлар алмасуының ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесінің құрлыс және қызмет ерекшеліктері майлардың алмасуына айтарлықтай әсер етеді. Мес қарында липолиз және липогенез процестері қатар жүріп, май қышықылдары түрленеді, глицерин мен галактоза ыдырап, май қышқылдары сорылады. Осының салдарынан ішекке липидтер күрделі өңдеуден өтіп барып түседі. Орта тізбекті май қышқылдары қарыннан бірден қанға сіңеді. Ірі молекулалы май қышқылы , моно және диглицеридтер көбіне ішекте сіңеді де, хиломикрондар мен липопротеидтер түрінде лимфаға, соңынан қанға өтеді. Күйіс малының ішегінде негізінен олардың денесінің липидтік құрамына сәйкес келетін қаныққан май қышқылдары сорылады.
Күйіс малы үшін қарында микробтық ферментация кезінде түзілетін ұшпалы май қышқылдарының –сірке, пропион және майлы қышқылдарының маңызы зор. Сірке қышқылы липолиз бен липогенез процестерін теңестіріп тұратын маңызды фактор. Ол май қоймалары мен желінде түзілетін май қышықылдарының, тканьдерде тотығатын субстраттардың бастапқы көзі болып табылады. Майлы қышқылы да бауыр мен мес қарын қабырғасында кетонда заттарға айналған соң, май қышқылдарын түзу үшін және энергия көзі ретінде жаратылады. Сауын сиыр желіні артерия қанындағы ацетат пен бета –сибутираттың жалпы мөлшерінің жартысына жуығын, ал глюкозаның үштен бірін сіңіреді.
Күйіс малының қанындағы липидтердің 34 бөлігі фосполипидтер мен холестериннен, ал қалған бөлігі –үшглицеридтерден, эфирленбеген май қышқылдарынан, ҰМҚ тұрады. Азықтандырғаннан кейін қан құрамында ҰМҚ мен кетонды заттардың концентрациясы көбейіп, эфирленбеген май қышқылдарының мөлшері азаяды.
Күйіс малында май алмасуында бауыр мен май тканьдерінің қызметі басқа жануарлармен салыстырғанда анық жіктелген. Олардың май ұлпалары май қышқылдарын пайдалануға және түзуге, ал бауыры-глюконеогенез прцесіне жақсы маманданған. Басқаша айтқанда, организмді қуатпен қамтамасыз ететін екі процесті өткізуге, екі түрлі орган машықтанған, сондықтан олардың арасында көмір тегінің көзі үшін бәсеке болмайды.
Сонымен қатар сірке қышқылы, эфирленбеген май қышқылдары, глюкоза, амин қышқылдары үшін май тканьдері мен желіннің арасында бәсекелестік байқалады (сиыр тәулігіне 1-1,5 кг сүт майын бөледі) осыған байланысты бұл органдарға қажетті липидтер көзі инсулинт мен глюкагонның арақатынасы мен үйлесіп отырады. Атап өтер жайт, күйіс малында басқа түлікпен салыстырғанда майлар алмасуының гармондық реттеу тетігі нашарыоақ дамыған. Күйіс малында алмастырылмайтын май қышқылдарына тапшылық байқалмайды.

2.4. Зат алмасуының бұзылуынан пайда болатын аурулар.
Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымырақ клиникалық өзгерістеріне зер қоя отырып 4 топқа жіктеуге болады:
1. Организмдегі негізгі заттардың (көмірсутегі, май, белок) алмасуларының бұзылуының басымырақ болуы (майлану, алиментарлы дистрофия, кетоз, миоглобинурия, гипогликемия):
2. Минералды заттардың алмасуның бұзылуының басымырақ болуы (сүйек дистрофиясы, гипомагнемия):
3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын аурулар. Бұл аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі (гипокобальтоз, гипокупорз, еттің ағарып ауруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздігі, бордың, селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы):
4. Гиповитаминоздар (ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианокобаламиннің және т.б. витамндердің жеткіліксіздігі)
Ішкі бездердің ауруларының ішінде зерттелгендері қантты және қанттсыз диабеттер, туғаннан кейінгі гипокальцемия, қалқанша бездің ұлғаюы.
Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын аурулардың жартысына жуығы ішкі жұқпалы емес аурулардың салдарынан болады. Кез келген зат алмасуының бұзылуы жеке ауру бола бермейді, көбінесе қосалқы ауру ретінде кездеседі. Барлық жағдайларда аурудың белгілері жақсы біліне бермейді және аурудың басталуы мен оның клиникалық белгілерінің білінуіне дейінгі аралығы ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ та ауру малдардың өнімділігі төмендейді, тұқымдануы нашарлайды, әлсіз жетілмеген төл алынады, организмнің резистенттік қабілеті нашарлайды.
Себептері. Рационда организмге қажетті заттардың толық болмауы, нерв жүйесінің реттеушілік қызметінің бұзылуы, ішкі бездердің секреттерінің дұрыс бөлінбеуі, сиырлардың сүтті ең көп беретін кезінде организмде энергияның жетіспеушілігі, бірыңғай жеммен азықтандыру, сиырлардың кенеттен майлануы, құрамында амин қышқылы көп тұрып қалуы, ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі.

Ауыл шаруашылық жануарларының кетоз ауруы (ketosis) ас қорыту жүйесі және зат алмасу жүйесімен сипатталатын, гипогликемияның пайда болуымен, гиперкетономия, кетонурия, бауырдың дистрофиялық өзгерісі, бүйрек үсті безі мен гипофиздің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Кетоз-қанда ацетон қосындалырының шектен тыс көп болуы, олардың мал денесінен несеп, сүт, іштен шыққан ауа арқылы тым көп мөлшерде сыртқа шығарылып отыруы. Алғашқы кетоз көбінесе 5-8жастағы мол өнімді сиырлардың ауруы, ол бұзылғаннан кейңнгі алғашқы апталарда, кейде жайылымға, серуенге шығармай қолда баққан жағдайда бұзаулау қарсаңында біліне бастайды. Екінші қайтара кетоздар жеке дара ауру саналмайды, олар жатыр кілегей қабықтары қабынғанда, желінсау кезінде, алдыңғы қарындар сазы кемігенде, ретикулоперитонитте, жем шөптен уланғанда, т.б жағдайларда байқалып отырады.
Аурудың себептері: Жем шөпте протеин мен май шамадан тыс көп болған кезде рационда тез сіңетін углеводтардың жетіспеуі, май қышқылы бар сүрлем жегізу, сонымен қатар малға мүлдем немесе үнемі бой жаздырып отырмау аурудың нгізгі себептері болып табылады. Сүтті сиырларда кетоз полиэтиологиялық табиғи ауру. Аурудың басты себебі ретінде рационда глюкозаның жетіспеуі, клетчаткалар, крахмал немесе концентрацияланған азықтың көлемінің аз болуымен саналады. Бұдан өзге этиологиялық фактор ретінде кетозды толық құнды азықтанбау және азықтың бір түрін ғана беріп отыру, рациондағы азық көлеміні аздығы, қышқылдың жеткіліксіздігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кетоз ауруы
Кетоз ауруының емі
Кетоз
Сүтті сиырлардың кетозы
Диагностика кетоз
Кетоз ауруының негізгі себептері
Ағзадағы зат алмасуының бұзылуы мен организмде көмірсулардың жеткіліксіздігі
Сиыр кетозы
Сауын сиырлардың кетозы
Ірі қара мал кетоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері
Пәндер