3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы



Мазмұны

I.Кіріспе бөлім

1.1 3.сынып «әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы... 3.6

II.Негізгі бөлім

2.1 3.сынып «әдебиеттік оқу » құралына енген материалдар мен оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ...
4.15

2.2 Оқулықтағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту туралы... 16.21

2.3 «Әдебиеттік оқу» сабағының күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... . 22.25

III.Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
1.1 3-сынып «әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы

Еліміз көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Қазіргі ақпарат заманында ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударған жөн.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстан білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснаманың базасы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр жөне оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған» делініп, заманауи білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздеріне салмақты сын тағылды. Бұл ретте, бастауыш білім беру сатысына баса назар аударып, қазіргі заман қажеттіліктері тұрғысынан ондағы кемшіліктердің орнын толтыруға тырысқан жөн.
Бастауыш сынып оқушыларын білім мазмұны мен қажеттілігі қызықтырады. Білімге ұмтылушы жас нені білем деп емес, не істей аламын деп, сол түрғыда ізденеді. Бұл - құзыреттілікті (компетенцияны) оқу нәтижесі ретінде қарастыратын жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе болып саналады. Мұндай міндет білім мазмұнының жаңаруымен, оқыту үрдісіне жаңа парадигманың енуімен, білім мазмұнын қоғам талабымен ұштастырумен, оқытудың жаңа технологияларының қолданылуымен, т.б. тенденциялар негізінде атқарылады.
Бұл - жаңа мазмұн мен оны оқыту жүйесінің арасындағы кереғарлықтың айқын көрінісі. Мұны шешу үшін бастауыш мектептің білім мазмұнын толықтыра түсіп, саралап, оны меңгертудің жаңа жүйесіне қатысты оқу-әдістемелік базаны жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында адам, оның өмірі, қүқығы мен бостандығын ең жоғарғы құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясы басшылыққа алынып отыр. Бұл – білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайын адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы - білім берудің барлың мазмұнын терең ойластыруға ықпал етеді. «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға мүмкіндік, шыгармашылық, арман, қиял сезімдеріне еркіндік бере алмай келеді. Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгірмеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуга дағдыланған.
Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан – 2030»
2. П.К.Жаманкул, З.Муфтибекова, Н.Н. Орынбаева «Әдебиеттік оқу әдістемелік құрал»
3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі . Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
4. Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
5. «Бастауыш мектеп» журналы 2005 ж. №8
6. «Бастауыш мектеп» журналы, 2003 ж. №6
7. «Бастауыш мектеп» журналы, 1999 ж. №8-9
8. «Бастауыш мектеп» журналы, 2000 ж. №10
9. «Бастауыш мектеп» журналы, 2001 ж. №4
10. «Бастауыш мектеп» журналы, 2001 ж. №7
11. Педагогика, Савин.
12. Қоянбаев, Педагогика
13. Педагогика И.Ф. Харламов.
14. М. Жұмабаев «Педагогика»

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.Кіріспе бөлім

1.1 3-сынып әдебиеттік оқу құралының құрылымы мен құрылысы... 3-6

II.Негізгі бөлім

2.1 3-сынып әдебиеттік оқу құралына енген материалдар мен
оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері 4-15
... ... ... ... ...

2.2 Оқулықтағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту туралы... 16-21

2.3 Әдебиеттік оқу сабағының күнтізбелік 22-25
жоспары ... ... ... ... ... ... .

III.Қорытынды бөлім 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

Әдебиеттер тізімі 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

I.КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1 3-сынып әдебиеттік оқу құралының құрылымы мен құрылысы

Еліміз көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы ұрпақ тәрбиесіне
тікелей тәуелді. Қазіргі ақпарат заманында ұрпақ тәрбиесіне баса назар
аударған жөн.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында: Қазақстан білім беру жүйесі оның
әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін
ескірген әдіснаманың базасы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр жөне оқитындарды қоғам өміріне
құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға
бағдарланбаған делініп, заманауи білім беру жүйесінің әдіснамалық
негіздеріне салмақты сын тағылды. Бұл ретте, бастауыш білім беру сатысына
баса назар аударып, қазіргі заман қажеттіліктері тұрғысынан ондағы
кемшіліктердің орнын толтыруға тырысқан жөн.
Бастауыш сынып оқушыларын білім мазмұны мен қажеттілігі қызықтырады.
Білімге ұмтылушы жас нені білем деп емес, не істей аламын деп, сол түрғыда
ізденеді. Бұл - құзыреттілікті (компетенцияны) оқу нәтижесі ретінде
қарастыратын жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе болып саналады. Мұндай міндет
білім мазмұнының жаңаруымен, оқыту үрдісіне жаңа парадигманың енуімен,
білім мазмұнын қоғам талабымен ұштастырумен, оқытудың жаңа
технологияларының қолданылуымен, т.б. тенденциялар негізінде атқарылады.
Бұл - жаңа мазмұн мен оны оқыту жүйесінің арасындағы кереғарлықтың
айқын көрінісі. Мұны шешу үшін бастауыш мектептің білім мазмұнын толықтыра
түсіп, саралап, оны меңгертудің жаңа жүйесіне қатысты оқу-әдістемелік
базаны жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану
барысында адам, оның өмірі, қүқығы мен бостандығын ең жоғарғы құндылық
ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан
Республикасы Конституциясы басшылыққа алынып отыр. Бұл – білім беруді
жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің ізгілік парадигмасын іске
асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын
анықтайды. Ол білгір адам парадигмасын ауыстыратын өмірге дайын адам,
іскер адам парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы -
білім берудің барлың мазмұнын терең ойластыруға ықпал етеді. Мұғалім дайын
ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың миына құйғанмен, ойлау мен
сөйлеу негіздеріне жақындауға мүмкіндік, шыгармашылық, арман, қиял
сезімдеріне еркіндік бере алмай келеді. Көптеген жағдайда бала өзінің ой
еңбегін әлі ойлап та үлгірмеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде,
жаттап алуга дағдыланған. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау мен
бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды.
Бұл - баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын
үлкен кемістік болып табылады. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар
қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек (В.А.Сухомлинский).

Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ете отырып, оның мақсаты
білімді өмірге қолдана, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау
және сезіну қабілеті бар, адамгершілігі мол адам дайындау болуға тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеу процесі тілдік процесс болып табылады. Өйткені
адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұнын игеру үшін ңажетті рухани және
практикальқ іс-әрекет тілдік әрекет түрінде жүзеге асады.

Ең алдымен, бастауыш сынып оқушыларын ана тілі арқылы адамгершілік іс-
әрекетке баулудың, яғни оларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор.
Сонымен, бастауыш сатыда баланы оқыту мен тәрбиелеуге байланысты тілдің
рөлі мынадай:
1) ана тіліне тәрбиелеу (қарым-қатынас құралы, оның шындығы, халықтың
салт-дәстүрі мен тарихын сақтаушы, ұлттың атрибуты, мемлекеттің мәртебесі,
ұлттың абыройы мен ар-ожданы, ұлттың мақтанышы, ұлттың мәдениеті, ұлттың
ескерткіші, ұлттың рухани байлығы, ұлттың басқа рухани байлығын сақтаушы
және т.б.);
2) ана тіліне тәрбиелеу принциптері (тәрбиелеудің мақсаты мен
міндеттерін ана тілінде қою, тәрбиелеу процесін ана тілінде мотивтендіру,
тәрбие мазмұнын ана тілінде тұжырымдау және пайдалану, тәрбиеленгендікті
ана тілінде тексеру және бағалау; ана тілінде тәрбиелеу принципінің ұлттың
мақсатқа бағытталушылық принципімен, тәрбиенің халық өмірімен байланысы
принципімен, сана мен мінез-қүлыктың бірлігі принципімен, еңбекке тәрбиелеу
принципімен, ұжымда тәрбиелеу принципімен, педагогикалық жетекшілікті
оқушылардың бастамашылдығымен және дербестігімен біріктіру принципімен,
бала тұлғасына сыйластықты оған қойылатын ақылға қонымды талапқа үйлестіру
принципімен, адамның оңды қасиеттеріне сүйену принципімен, оқушылардың жас
және дара ерекшеліктерін есепке алу принциптерімен, педагогикалың
ықпалдардың сабақтастығы мен жүйелілігі принципімен, мектеп, отбасы және
қоғам талаптарының бірлігі принципімен байланысы);
3) тәрбиелеудің тілдік формалары немесе құралдары түріндегі әдістері
(оқушылардың көзқарастары мен сенімін қалыптастырудың әдісі немесе тәсілі
ретіндегі әңгімелесу, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, этика
саласындағы қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырудағы сұрақтар;
мүғалім сөзінен оның ерік-жігерін, мәдениетін, тұлғасын сезіну, ойлап
сөйлеу, айтатын сөзді жоспарлау, сыпайы сөйлеу, сөз бен істің бірлігі,
теріс мінез-құлыққа ескерту жасау, оқушының немесе ұжымның мінез-құлқы мен
іс-әрекетіне оң баға беру, қоғамдың мінез-құлық нормаларына қайшы келетін
әрекеттер мен қылықтарды айыптау және т.б.).
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі арқылы оқыту мен тәрбиелеуге
байланысты тілдік процесс ауызша тілмен (халқымыздың ауыз әдебиеті мен
фольклорының эпикалың тұлғалары образының көркем туындыларда кестеленуімен;
қазақта батырлық, ерлік, дәстүрді дәріптеген туындылармен ңазақ
патриотизмін, отаншылдығын қалыптастырудың көзі ретіндегі сөзбен, халық
билігін нығайтуды, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін
насихаттайтын, Отанды сүюді, тектілікті бойға дарытуды дәріптейтін өлең-
толғаулармен батырлық рухын көтеретін, жігерлендіретін, отансүйгіштікке
бағытталған жырлармен; табиғатына жұртты табындырған, бүтіндей бір елді,
әулетті іс-әрекетке бастай білген, халықтың рухани күш-жігеріне айналған,
қолына қару ұстаған әрбір азаматтың бойында Отан-Анаға, атамекенге деген
шексіз сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын құралға айналған өлеңмен)
жазбаша тілмен (қазақ зиялыларының қазақ тілінің отансүйгіштікке
тәрбиелеумен байланысты еңбектерімен шығармалары тілінің қадір-қасиетін
жете сезіндіретін, патриотизмге баулитын әңгіме, повестер, романнан
үзінділермен; Отан алдындағы борыш пен міндетті орындау-да кездескен
қиындыктарды батыл жеңуге құлшындыратын әдебиеттермен және т.б.)
байланысты.

Көркем әдебиет пен өнер баланың сезімі мен ақылына, оның мінез-құлқына
қолайлы әсерін тигізеді. Балалармен бірлесіп талқылайтын туындыларды және
кейіпкерлердің, оқиғалардың адамгершілік мәні бейнеленген мәселелерді
іріктеп алу -мүғалім жүмысындағы маңызды міндеттердің бірі. Әдеби
кейіпкерлердің мінез-қүльқ мотивтерін ашатын мәтіндерді балаларға талдап
беру мұғалімге материалды қорытындылауға, балалардың өз қылықтарын
кейіпкердің қылығымен салыстыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің
жетекшілігімен олар адамдардың арасындағы күрделі өзара қарым-қатынас,
олардың сан алуан мінездері, әртүрлі адамдардың әр себептер бойынша рухани
толқуларының ерекшеліктері жөнінде ойлануы тиіс.

Әдебиеттік оқу пәні арқылы мұғалім мына мәселелерді шешеді:
а) оқу пәні ретіндегі ана тіліне қызығушылықты арттырады;
ә) онсыз қоғамдық процестің дамуын түсіну мүмкін емес, шындықты танудың
ерекше формасы ретіндегі оқушылардың сөз өнерінің табиғаты жөніндегі
түсініктерін кеңейтеді;
б) тұлғаның шығармашылық қабілетіне ана тілі тигізетін ықпалды, оның
дамытушылық рөлін көрсетеді;
в) сөз өнерінің тәрбиелік мәнін, оның адам түлғасын қалыптастырудағы
рөлін, адамның рухани, адамгершілік дүниесіне оның тигізетін ықпалын ашады;

г) ана тілінің теориясы мен тарихынан хабардар болуды, оның байлығын
және мүмкіндіктерін белгілі бір білімдерді игермей меңгеру мүмкін еместігін
көрсетеді;
д) ана тілі оқудың таяудағы және алыстағы перспективаларын белгілейді,
нақты міндеттер қояды;
е) қолайлы эмоциялың жағдай туғызады, ана тіліне қоғамдық, тұлғалық
қатынас арқылы толқытады.
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың мақсаты - қазіргі өзгермелі қоғам
жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын,
дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап,
құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты
эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен
қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға
қалыптастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: 3 сынып Әдебиеттік оқу құралын талдау,
құрылымы мен құрылысын қарастырып, әрқайсысына жеке тоқталу болып табылады.
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың басты міндеттері:
˗ оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық
танымын кеңейту, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
˗ өмірдегі кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде қазақ
әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз
өмірлеріне қолдануға үйрету;
˗ ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба
жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру немесе
ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын,
жазылған мәтінді, ақпаратты, түсіне алуын және өз ойын жазбаша
жеткізе алу қабілетін дамыту.
Қазақ әдебиеті оқу пәні мынадай ұстанымдар арқылы жүзеге асады:
˗ коммуникативтілік – қазақ тілінің коммуникациясының ауызша және
жазба түрлерін қолдана білу;
˗ оқушының жеке тұлғасына, оның шынайы қажеттіліктері мен
мүддесіне, әлеуметтік-мәдени, жеке даму бағдарламасына, яғни
тұлғалық-бағдарлық бағыттылығы;
˗ оқытудың әрекеттік негізі ұстанымы – жеке, топтық және ұжымдық
оқыту формаларын басым пайдалану;
˗ когнитивтік (саналы) үйрету ұстанымы - вербалдық және пәндік
маңызынан тұратын оқушы әлемінің картинасын қалыптастыру, қойылған
міндетті өз бетімен шешу және қарым-қатынас барысында сәйкес
құралды таңдап алу процесін саналы түрде басқара білу;
˗ лингвомәдени ұстаным – оқушынының өзара байланысты коммуникативтік
және әлеуметтік-мәдени дамуы, Қазақстан халықтары және әлемдік
қауымдастық мәдениетімен қауыштыру;
˗ өзін-өзі ұйымдастыра білу және өзін көрсете білу ұстанымы
оқушылардың өзіндік белсенділігінің пайда болуына, әлеуметтік
мәдени өзара әрекеттестікке және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығын
көтеру.
Зерттеу көзі: 3-сынып Әдебиеттік оқу құралы.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 3-сынып әдебиеттік оқу құралына енген материалдар мен оқулықтағы
көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері

Оқулықтың құрылымы мен мазмұны Әдебиеттік оқу пәнінің мемлекеттік
стандартына сәйкес дайындалған Әдебиеттік оқу бағдарламалары
(2-4 сынып) құрылымына сәйкес жүйеленген. Оқу материалдары тақырыбы мен
мазмұны жағынан көркем және ғылыми-танымдық мәтіндер атты екі бөлімнен
таратылады. Көркем мәтіндер ауыз әдебиеті үлгілері мен жазба балалар
әдебиеті үлгілерін қамтиды. Оқулықтағы материалдар қүрылымы жағынан
маусымдық-тақырыптық, танымдың-эстетикалық ұстанымдарға, мазмұны жағынан
адамгершілік, имандылық, ізгілік тәрбиесі ұстанымдарына негізделе
орналастырылды. Осыған орай оқулық материалдары 9 тарау бойынша жүйеленді.
Олар:
1. Білім - өмір шырағы
2. Маужырап барқыт қоңыр күз
3. Туған елім, туған жерім
4. Өткен өмірден
5. Қыс бейнесі
6. Жақсы - ай мен күндей, әлемге бірдей
7. Табиғат - менің өз үйім
8. Сарқылмас қазына
9. Жаздыгүні шілде болғанда
Әдебиеттік оку пәні аптасына 4 сағаттан, жылына 136 сағат болып
белгіленген. Соған орай пән бойынша сабақтың күнтізбелік үлгісі жасалды
және сабақ тақырыптарының көлемі мен мазмұнына сай сағаттары көрсетілді.
Күнтізбеде сондай-ақ, қайталау сабағы, мазмұндама мен шығарма жазу
сабақтарына да сағаттар бағдарламаға сай бөлініп берілді.
Оқу мәтіндері 3-сынып оқушысының жасына сай таңдалып алынды. Оқулықтағы
шығармалар балалар өдебиетінің негізгі жанр түрлерін және публицистикалық
шығармалар үлгілерін қамтиды. Көркем шығармалар мазмұны оқушы қабылдауына
сай танымдық, әдеби білім негіздері мен әдеби, шығармашылық біліктілік пен
іскерлік қабілеттер қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ оқулықта қазақ
халқының перзенті, ұлт болашағы - оқушыларды ұлттың тәрбие негізінде
адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат ететін шығармалар
топтастырылды. Бұл шығармаларды оқушылар тарау мазмұнында жүйеленіп
берілген балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары арқылы оқи алады.
Оқулықтағы әдістемелік жұмыстар оқушыны дамыту принциптеріне негізделген
оқыту технологиялары мен интерактивті әдістер негізінде жүзеге асырылады.
Соған сәйкес оқулыққа дара түлға қалыптастыратын оқытудың шығармашылық
әдістері, дидактикалық материалдар, сюжетті-иллюстрациялың суреттер,
сөздіктер, жұмбақ-жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер пайдаланылды.
Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесінің реформалануымен байланысты
бастауыш сыныптардағы барлық пәндерді игертудің құралы болып саналатын ана
тілін оқыту үрдісінде оқушының тілдік дағдыларын қалыптастырудың барлық
мүмкіндіктері айқындалу үстінде.
Мұндай біліктілікті меңгерту үшін бастауыш сынып оқушысының әдеби
сауатын ашуга басымдылық беріліп, тілдің танымдық, көркемдік сапаларын тану
мен еркін сөйлеу әрекетін игерту, оқушыны өз өрекетінің субьектісі деп
санайтын білім беру. Соған орай мектептің бастауыш сатысында баланың оқу
дағдысын талапқа сай қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге төселдіру, өз ойын ана
тілінде емін-еркін жеткізуге баулу мен сөйлеу шеберлігін арттыру -
Әдебиеттік оқу пәніне тән оқу әрекеттері десек, оны үйрету теория түрінде
емес, жүйелі үйымдастырылатын дамытушылық сипаттағы тапсырмаларды орындау
арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан сөйлеуді әрекет ретінде қарастырудан тіл дамыту жүмысын
коммуникативтік түрғыдан үйымдастыру қажеттігі келіп шығады.
Қазақ даласында тіл дамыту мәселесіне алғаш көңіл қойып, негізін салған
ғалым - Ыбырай Алтынсарин. Ол өз еңбектерінде оқушылардың шығармашылығын
арнайы сөз қылмаса да, Мен әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат
аттарын үйретемін; содан кейін зат есімді олардың сынымен қосып: ақ адам
деген сөйлемдерді құрып үйретемін деген түжырымы аңғартады. Бұған сүйене
отырып бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа үйретуде, ең алдымен,
сөйлемдер құрғызып үйретуден бастау маңызды. Оқушыға сөйлемді дүрыс құруға
үйрету үшін сөздерді дұрыс таңдап, әрі дұрыс тіркестіруге, яғни мағыналық
және грамматикалық жағынан дүрыс байланыстыруға дағдыландыру қажет.

Ғұлама ғалым А. Байтүрсынұлы жазбаша жазу үғымына сәйкес сөздің
жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге үйрету мақсатын өз жүмыстарына
тірек еткен. Ғалымның оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрету ңегізінде
тіл дамыту мақсатын көздегенін әдістемелік еңбектерінен, оқу ққралында
үсынған жаттығу үлгілерінен де байқауға болады. Айталық, Қайсысын қайда
қою (берілген бірнеше сөйлемдерді дұрыс орналастыра отырып, сөйлеу, яғни
мәтін құру жүмысы), Қолайына қарай қос сөйлеммен қою, Ермек-еңбек,
Қисындау (өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар құрастыру жұмыстары),
Сұраққа жауап, Жауап жазу, Құрастыру сияқты тапсырмалар түрінің бәрі
де оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрететін жұмыстар мазмұнын құрайды.

Ғалым Тіл жүмсар атты әдістемелік еңбегінде: Бала білімді тәжірибе
арқылы өздігінен алу керек. Мүғалімнің қызметі - оның білімінің,
шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын
қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін
кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты шағындап беру мен бетін
белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек деген пікіріне бүгін де
мойынсұнуға тура келеді.
Оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйретуде әдіскер ғалым
Т. Шонановтың Тіл дамыту атты кітабының мазмұнын оқушыларды жазбаша
шығармашылыққа үйрету мақсатын көздейтін Мәтін, Мәтінге жоспар құрғызу,
Дайын жоспар бойынша мәтін құру, Берілген суретке қарап әңгіме жазу,
т.б тақырыптарды қамтиды. Мұндай жұмыс түрлері де қазіргі уақытта кеңінен
пайдаланылып, шығармашыл мұғалімдердің ойына қозғау салып жүргенін айту
керек.Көрнекті әдіскер ғалым Ғ. Бегалиев шығарма, мазмұндама жұмыстарының
түрлерін жан-жақты талдап, бұл жұмыстардың негізгі мақсаты - ойындағысын
жазуша тиянақты етіп білдіру екенін дөлелдейді. Қазақ ғалымдарының өз
зерттеу жұмыстарында қолданған қисынын келтіріп жазу (А. Байтұрсынұлы),
салалы сөз сөйлеу (С. Жиенбаев), ойын-дағысын жазуша тиянақты түрде
жеткізу (Ғ. Бегалиев) тіл дамытудың негіздері
болып табылады. Бастауыш сынып оңушыларына
меңгертуге болатын тағы бір мәселе - мәтіннің тиянақтылығы, ягни аяқталған
ойды білдіретіндігі. Оны тақырыптың ішкі мазмұнын ашу деп қана түсінуге
болмайды. Мәтіннің аяқталған ойды білдіруі оның құрылымдық бөлімдерінің
түгел қамтылуымен де, білдіргісі келген негізгі ойдың толық тиянакты
жеткізілуімен де түсіндіріледі.
Оқушыларға меңгертуге қажетті екінші мәселе - мәтіннің құрылымдық
біртұтастығы. Оқушыларға мәтіннің құрылысы туралы түсінік қалыптастыру
үшін, ең алдымен, мәтін бірнеше сөйлемнен құралатындығы жайында белгілі
дәрежеде білім берілуі тиіс. Оның себебі, лингвистердің айтуынша,
коммуникативтік қарым-қатынастың тілдегі ең кіші бірлігі сөйлем болып
табылады және сөйлеу әрекетінің қайсысы болсын, сөйлем құрау арқылы, яғни
кез келген ойды сөйлеммен білдіру арқылы іске асады.
Алайда бастауыш сынып оқушылары алуан түрлі синтаксистік құрылымдарды
дүрыс құрастыруға тек тәжірибе жүзінде ғана жаттығады. Дегенмен
грамматика сабақтарында карастырылатын тілдік мәселелер оқушыны мәтін
түзуге үйрету үшін жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан, ең алдымен,
бастауыш сынып окушыларын мәтін түзуге дағдыландыру барысында айтылатын
ойдың жігін сөйлемдерден дүрыс ажыратып, әрбір ойды (күрделі ойдың бір
тармағын) жеке, даралап жеткізуге үйрету және сөйлемдерді орналастырудың
ретін, оның заңдылығын білдіру қажет. Бүл жөнінде белгілі ғалым С.
Рахметова: Балаларды өз ойларын, білімдерін белгілі бір жүйемен
мазмұндауға, пікірлерін негіздей білуге дағдыландырудың маңызы зор, -дей
келіп, мұндағы назар аударатын маңызды нәрсе - бір пікір алдыңғы пікірден
туындап, ал оған жалғас келесі пікір ойды онан әрі кеңейте түсіп, жаңа
фактілер білдіруге тиіс екенін атап көрсетеді.
Жалпы орта мектептің бастауыш сатысында білім беру технологияларының
бірнеше түрлері қолданылады. Жаңа технологиялардың бірқатарын Әдебиеттік
оқу пәні бойынша да қазақстандық шығармашыл мұғалімдер тиімді пайдаланып
келеді.
Дамыта оқытудың бір әдісі - деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп
оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы емес, окушыларға қойылатын талаптардың
әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары:
а) деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,
білім алуына жағдай жасайды;

ә) деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл
аударып, олармен саралай жүмыс істеуге мүмкіндік береді;

б) деңгейлеп оқыту мүғалімнің жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондыктан
да деңгейлеп оқытуда оқушының жеке тұлға ерекшелігіне, психикалық даму
ерекшелігіне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімі мен іс-
әрекет тәсіліне назар аудару керек;

в) деңгейлеп-саралап оқытуда білімді игерудің негізгі төрт деңгейі
(міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады.

Деңгейлеп-саралап оқыту 3-сыныптың Әдебиеттік оку оқулығында берілген
білім мазмұнын оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, мағынаны тану,
шығармашылық іс-әрекетін үйымдастыруды көздей отырып, тапсырмалар төрт
деңгейге болініп беріліп отыр.
Дамыта оқытудың негізгі бағыттарының бірі - жобалап оқыту технологиясы.
Жобалап оқыту технологиясының негізгі идеясы:
а) бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;
ә) балада пайда болған қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу,
соған сүйену;
б) іс-әрекет тек оку пәнінің саласында ғана құрылмайды;
в) шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін
мәліметтердің де маңыздылырына байланысты болады.
Ескеретін бір жай - бастауыш саты оқушысын шамадан тыс ақпараттандыру
оның пәнге деген сүйіспеншілігін жоюы мүмкін, сондықтан да мүғалімдер
керісінше пән мазмұнына тікелей қатысты, баланың талап-тілегін
қанағаттандыратын, рухани дамуына ықпал ететін материалдарды саралап ала
білуі тиіс.
Дамыта оқытудың бір түрі - модульдік оқыту технологиясы. Модуль -
адамның өзін-өзі дамытуының тәсілі, мөлшері. Модульдік оқыту білім
мазмұнын, білімді игеру карқынын, өздігінен жүмыс істей алу мүмкіндігін,
оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы оку әрекетінің дербестігін
қамтамасыз етеді.
Модульдік оқыту технологиясының негізгі идеялары:
а) модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген, оқушының белсенді
іс-әрекеті жүйелі болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі;
ә) тапсырмалар оқушыларды оқу мақсатына бағыттап, оның жаңа білімді
қабылдауына жағдай жасайды;
б) модульдік оқыту мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жекелеуге
мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда білімнің маңызды міндеттерінің бірі - шығармашылық
қабілеттер мен шығармашылық іс-әрекет сапаларының дамуына жағдай туғызу.
Бүл мүғалімнен әдебиеттік оку сабағында проблемалық ситуацияны,
технологияны, техникалық құралдарды, әдіс-тәсілдерді таңдай білу, талдау-
жинақтау қабілеті, жүйелі ойлауы, өз шешімін сауатты негіздеумен
байланыстыруды талап етеді.
Бүгінгі таңда шығармашылық қабілет, көркем шығармашылық, жазбаша
шығармашылық, т.б. ұғымдар пайда болып, мектеп тәжірибесінде кеңінен өріс
алуда.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық кабілетін дамыту мәселесі
ғалым Б.А. Тұрғынбаеваның, оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту
мәселесі ғалым Қ.Ә. Жаманбаеваның, т.б. ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылды.
Көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды
түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде шығармашылық ұғымы жаңалық, жаңа
дүние жасау, жаңалық ашу ұғымдарына жақын қолданылып жүр.
Әдіскер-ғалым М.Р. Львов шығармашылыққа оқушылардың жазған олеңі мен
прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай-ақ жеке күнделіктері мен
хаттарды, т.б. жатқызады.
Демек, шығармашылық - өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде
оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның
ойлау мүмкіндігінің жемісі және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны
білдіреді.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері:
1. Ертегі, әңгіме (шығарма),мысал қүрастыру;
2. Өлең қүрастыру;
3. Жаңылтпаш шығару;
4. Жұмбақ құрастыру;
5. Диафильм жасау, т.б.
Бұл жұмыстарды орындату барысында мәтін бойынша оқушыларға мынадай
талаптар қойылады:
1. Мәтіннің тақырыптық-мазмұндық бірлігі;
2. Мәтіннің құрылымдық біртұтастығы;
3. Мәтіннің логикалық жүйелілігі;
4. Мәтіннің стильдік сауаттылығы;
5. Мәтіннің тілге бай коркемдігі, т.б.
Осы айтылғандардың негізінде шығармашылыққа бағытталган жұмыстардың
мақсатын былайша жіктеуге болады:
1. Мотивацияльқ мақсат;
2. Білімдік мақсат;
3. Құзырлылық мақсат;
4. Тәрбиелік мақсат.
Мотивация лық мақсат - оқушыны шығармашылық әрекетке бағыттап,
бағдарлап оқытуды, оның шығармашылық көңіл күйін оятып, ішкі мүмкіндіктерін
ашуды, өз күші мен шама-шарқынша өз туындысын ойлап шығаруға ынталандыруды
көздейді.
Білімділік мақсат - мәтін туралы, мәтіннің түрлері, құрамы, құрылысы,
жүйелілігі, т.б. белгілері және оны құрастыру заңдылықтары туралы
білімдерінің болуын талап етеді.
Құзырлылық мақсат - алған білімін іс жүзінде қолдана білу, яғни өзінің
не туралы, қалай жазатынын алдын ала бағдарлай білу, оның жоспарын құрып,
жоспарланған ойын қағазға түсіре білу, жазғанын тексеріп, жетілдіре алу
сияқты біліктіліктерін қалыптастыруды міндет етеді.
Тәрбиелік мақсат - оқушыны жазбаша шығармашылыққа баули отырып,
халықтың рухани және мәдени қазынасына жақындастыру болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу жұмыстарын мәтін түрлерін
оқытуда іске асыруға болады. Бастауыш сынып оқушылары мәтін түрлерін, яғни
әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерін, әрбір мәтіннің мақсатын,
құрылымын меңгере отырып, таныс заттарды сипаттау, болған оқиға туралы
әңгіме, дайын үлгі бойынша пайымдау мәтінін түзуге машықтанады. Сонымен
бірге салыстыра сипаттауды, ұқсас белгілері мен айырма белгілері бойынша
салыстыруды, берілген үлгі бойынша пайымдау мәтінін түзуді, бұл мәтіннің
тілдік ерешеліктерін анықтауды үйренеді, сондай-ақ адамға салыстырмалы
мінездеме беруді, ұқсас және айырма белгілері бойынша сипаттауды,
портреттік және пейзаждық сипаттауды меңгереді, әртүрлі стильмен жазылған
мәтіндердің стилін анықтайды және соны басшылыққа ала отырып, ғылыми
стильде ереже арқылы пайымдау мәтінін, көркем стильде сипаттау мәтінін
түзіп үйренеді, бұған қоса оқушылар бүрыннан білетіндеріне сүйене отырып,
көркем және ғылыми тілде әр түрлі мәтіндер құрастыруға дағдыланады.

Ұлт ұрпағын өз ана тілінде дұрыс сөйлеп, жазуға үйрету мәселесі қиын да
күрделі екені баршаға мәлім. Бүл әдебиеттік оқу сабақтарында оқушыларды
жазбаша шығармашылыққа баулу барысындағы әдістемелік жұмыстар жүйесінде
іске асырылады. Мәтінмен (үлгімен) жүргізілетін жүмыстың мақсаты — сабактың
тақырыбы мен мақсатына орай мәтінді талдау бары-сында қажетті білім-
түсінікті игерту. Мәтінмен жүмыс:
а) дайын мәтінді талдау;
ә) оқушылардың өздері қүраған мәтіндерін талдау;

б) мәтіннің жеке элементтерін (тақырыбына, негізгі ойына, жоспарына,
т.с.с. байланысты) талдау жұмыстары арқылы іске асырылады.
Дайын мәтінді талдау жүмысының маңызды бір бөлігі -мәтінге тілдік
талдау жасау. Тілдік талдау жазушының белгілі бір сөздер мен сөз
тіркестерін немесе сөйлемдерді қолдану мақсатын, олардың қолдану орны мен
тәртібін түсіндіру, киын сөздермен сөздік жұмысын жүргізу, сөздік қорын
байыту, мәтіннің түрлеріне қатысты, стиліне қатысты тілдік құралдарды,
тілдік ерекшеліктерді байқатып, ажыратқызу мақсатын көздейді.
Оқушылардың өздері жазған мәтіндеріне талдау жасау жүмысы оларды
шығарманың тақырыбын ашуда, құрылымын бұзбай, жүйелілігін сақтауда, сөз
тіркестері мен сөйлемдерін сауатты құрып, дүрыс байланыстыруда жіберген
қателерін ашып корсете отырып, алдағы уақытта кате жібермеуге үйрету,
сақтандыру үшін жүргізіледі. Тақырыбы, жанры жағынан бірдей шығармаларды
салыстыра отырып талдау оқушылардың өз қателерін өздері табуларына, өз
шығармасын өз күшімен жөндеп, жетілдіруіне көмектеседі.
Мәтіннің жеке элементтерін талдау жүмысына шығарманың тақырыбын түсіну,
жазатын ойының жоспарын жасау, ойын қалай бастап, қалай аяқтайтынын
жобалау, негізгі ойын анықтау сияқты жұмыстар жатады. Мысалы, мәтіннің
әрбір бөлімін жеке талдай отырып, оқушылар ол бөлімде жалпы не туралы
айтылатыны, қандай тілдік құралдар қолданылатыны жайлы, әрбір бөлімнің
ерекшеліктері мен ңызметі туралы түсініп, өз шығармасын түзуге қажетті
бағыт-бағдар алады.
Жазбаша шығармашылыкқа негізделген тіл дамыту жұмысы оқушының мәтін
туралы, оның негізгі қасиеттері, түрлері, құрастыру заңдылықтары мен тілдік
ерекшеліктері туралы меңгерген білім-түсініктеріне және мәтінді қүрылымдық,
стильдік, логикалық жағынан дүрыс құрастыра білу біліктілігіне сүйенеді.

Бастауыш сатыдағы жазбаша шығармашылыққа негізделген жұмыстарға
өздігінен ертегі, өлең, жұмбақ, диафильм құрастыруға баулу, үйрету, жатады.
Жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту жүмысы, оқушыны өз ойын
тұтас мәтін түрінде жеткізе білуге дағдыландыру:
˗ оқушының ойы мен тілін, қиялын дамытады;

˗ жазбаша шығармашылыққа қызығушылығын, ынтасын арттырады;

˗ қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өздігінен ізденуге, өмірді өзінше
танып білуге құштарлығын күшейтеді;

˗ ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге өзіндік көзкарасын қалыптастырады;

˗ әдемілікке, әсемдікті сезе білуге, мәдениеттілікке тәрбиелейді;

˗ халықтың рухани және мәдени асыл қазыналарына жақындатып, баланың
рухани дүниесін байытады;

˗ тапқырлықңа, алғырлыққа, бақылағыштықка, тиянақтылыққа баулиды;

˗ өз-өзіне сенімін қалыптастырып, өз ойын, өз пікірін толық, тиянақты,
жүйелі жеткізе білуге, өз бағасын бере білуге бейімдейді;

˗ сөз таңдау, сөз қолдану, көркем, бейнелегіш құралдарды, тілдік амал-
тәсілдерді дұрыс пайдалану шеберліктерін жетілдіреді.
Профессор М.Ә. Құдайқүлов шығармашылық процесті жан-жақты талдай
отырып: Педагогикалық шығармашылық қабілетті дамыту үшін, ең алдымен,
мұғалімнің ойында интуиция мен мотивацияның пайда болуы шарт, онан соң
шабыттану мен жаңаша идеяны ойлап табудың негізінде тапқырлық танытып, оған
сәйкес жоспар құрап, оны табандылықпен іске асыра білуі қажет, - деп
есептейді.

Ғалым С. Рахметова шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық
жүмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші
жақпен баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға
ұқсас өз жандарынан әңгіме қүрастыру, оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем
өзгертіп әңгімелеу, мәтін бойынша қорытынды әңгіме құрастыру, т.с.с.)
барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары деп
керсетеді.
Әдіскер ғалым Қ. Әбдібекқызының бастауыш саты оқушыларының шығармашылық
кабілеттері жөніндегі төмендегі ой-түжырымы мен пікірі оқулық, әдістемелік
құралдар түзуші авторлардан бастап, мұғалімдерге дейін есте ұстайтын
тұжырым деуге болады:
- төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанмен,
олардың қиялы түрақтап, бір образды, сюжетті ұстап түра алмайды, алдын ала
ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әлдебір
тапсырма, міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. Ал мұғалімнің міндеті
-баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу.
- төменгі сыныпта бала өте белсенділік көрсеткенімен, оны тек ойын
ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде
берілу керек және олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Бастауыш мектептің дамуында М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары мен ғылыми ізденістерінің алатын орны
Абайдың қай тап ақыны екендігі
Балалардың сөздік қорын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына әдеби оқу сабақтарында рухани - адамгершілік тәрбие беру
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Бастауышты бітірген оқушы
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Пәндер