Алтын Адам. Есік қорғаны



Жетісудағы сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан. Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі 6 метр . үйіндінің астынан археологтар екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне (оңтүстік шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан ол бүлінген, шеткі молаға ешкім тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы 2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі - 1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар, солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Есік қорғанының Алтын адамы

Жетісудағы сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші Есік қорғаны болып
табылады. Қорғандағы жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-
тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан.
Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі 6 метр . үйіндінің астынан
археологтар екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне (оңтүстік
шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан ол бүлінген,
шеткі молаға ешкім тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген
бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы 2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр,
биіктігі - 1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар,
солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған.

"Есік" қорғанындағы бейіт, сірә, былайша тұрғызылса керек: алдымен негізі
батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрыш түрінде мүрде шұқыры қазылған.
Шұқыр түбіне бөренеден қиып жерлеу камерасын жасаған. Оның конструкциясы
барынша қарапайым: біркелкі ұзындықтағы бес қатар бөренелерді камера
қабырғаларын құрайтындай етіп көлденең орналастырған. Бөренелер
бұрыштарында өзара байланыстырылмаған, ал линиялары тиіп тұр, камераның
көлденең және ұзына бойғы қабырғаларының бөренелі дөңбек ұштары
бұрыштарында біріне-бірі кигізілген, бұл үйіндіден сақтаған. Тастың үсті
бөренелермен көлденең жабылған. Бір-біріне тығыз қиюластырған жақсы
өңделген он тақтайдан жасалған еденде көмілген адамның түрлі заттары жатты.
.

Сірә, өлген адамға арналған еденнің учаскесіне ұсақ алтын белгілермен
кестеленген маталық төсеніш жайылған. Оған бар рәсімдерімен жарқыраған
парадтық киімімен, толық қару-жарағымен марқұм болған адам арқасынан, басын
батысқа қаратып жатқызылған.

Оң жақ беліне ағаш қынапты темір қылыш байланған. . Иықтан асынған былғары
белбеудің қайыстарын алтын құрсаулар мен жолбарыс басының кедір-бұдырлы
бейнесі әшекейлеген.. Сол жағындағы белдігінде темір ақинақ ілінген, оның
ағаш қыны желіп келе жатқан бұлан мен жылқы түрінде орындалған екі алтын
табақша тігілген терімен қапталған. . Оның әшекейлерінің арасында екі
цилиндрлік қаңылтыр белгі ерекшеленеді. Олар - бүктелген қасқырдың бедерлі
бейнесі бар айқаспалы белдіктерге арналған оқ сауыт. .

Сол қолының шынтағында алтын ұшты символикалық жебе, одан жоғары - сабы кең
алтын лентамен оралған қамшы, одан да жоғары-қола айнасы мен қызыл бояуы
бар сәндік жібек дорба жатыр.

Бөлме еденіне өлгендер азығымен ыдыстар қойылған. Рәсімдік ыдыстар
құрамына жазуы бар күміс шыны және бір шетте тұрған алтын жалатқан қола
табақ кіреді. . Онда жыртқыш құстардың тұмсығы мен тұяғы түрінде орындалған
бірнеше алтын табақшалар жатты.

Ыдыстарды орналастыруда белгілі тәртіп сақталған. Саз және ағаш ыдыстар
бөлек тұр. Оңтүстік қабырғада ағаш ыдыстар орналастырылған, оның сыртында -
екі қатарда - екі табақ, алдыңғы қатарда - табақшалар мен ожау, . Басқа
қабырғада бір қатарға бір-біріне тығыз етіп саз құмғандар тізілген, олардың
алдында табақшалар, солардың арасында сондай-ақ бірге - екі күміс кесе мен
қасық бар. . Қола кесе жерленген адамның басында, сыртта тұр. Камераның
шығыс қабырғасындағы еден учаскесі заттардан бос. Бесшатыр
қорғандарындағыдай сияқты камераға ену шығыс жақтан болғанға ұқсайды. .

Жерлеу рәсімінен кейін мүрде қысқа бөренелермен жабылған, шұңқырға топырақ
толтырылған, содан кейін үйіндіні көтерген. Со алыстағы дәуірдің жерлеу
рәсімінің егжей-тегжейін осы заманғы адамның көз алдына келтіруі қиын. Салт
жоралардың аяқталу кезеңінің бір көрінісі ретінде мынандай вариант ұсынуға
болады. Көп адам қатысқан қаралы шеру жерлеу орнына қарай баяу жылжуда.
Алдыңғы еркектер, бәлкім абыздар, қайтыс болған адамның денесі салынған
зембілді көтеріп келеді, одан төгілген алтын жамылғы қозғалыс қимылымен
үндес желбірейді, отыз бір адамнан тұратын тізбек (мүрдеге қойылған
ыдыстардың санына сәйкес) жоралғы ыдыстары мен тамағы бар ыдыстарды әкеле
жатыр, ал одан әрі тоқтаусыз ағынмен туысқандары, жауынгерлер, қарасты
аумақтың барлық тұстарынан жеткен тайпаластары келеді. Жерлеу орны бұрыннан
дайын және осында тұрған дін басылары дене қашан өздеріне берілетін сағатын
күтіп тұр. Және солар өмір таусылған жұмбақ дүниеге аттандырудың құпия-
cалтанатты процесін аяқтайды. Міне, ақырында, қаралы шеру діттеген жеріне
жетеді, бүкіл үлкен тобыр, оның ішінде туған-туысқандары жоғарыда қалады,
мүрдедегі бөлінген орынға жатқызу үшін, алдын-ала зембілден алынған
жапқышты төсеп, шұңқырға тек абыздар денені көтеріп түседі. Олар мүрде
еденіне екі мың үш жүз жылдан астамнан кейін қазу кезінде археологтар
тапқан тәртіппен ыдыстарды орналастырады. Олар мүрдені бөренелермен жабады
және содан кейін мыңдаған тайпаластары жерлеу қорғанының алып төбешігін
тұрғызуға қатысады. Солай болуы керек. Біз ештеңені білмейміз, ата-
бабалардың дінге табыну, жерлеу ғибадатының осы бір күрделі жоралғы
салттарынан, барлық егжей-тегжейін, сірә, ешқашан білмеспіз де. Қорған
"жылнамасы" шалынған құрбандар мен берілген ас туралы біздер үшін ештеңені
сақтамаған. Олар, әрине, болды, бірақ ол қорғаннан тыс басқа жерлерде
өткен.

¤кінішке қарай, сақ тайпаларының жерлеу рәсімін көз алдыңа қайта келтіруде
жазба деректер жеткілікті көмектеспейді. Оның есесіне сақтарда жерлеу
рәсіміндегі өлгендерге табыну толықтығы белгілі Геродот скиф патшасын да,
"барлық басқа скифтерді" - қарапайым адамдарын да жерлеу рәсімдерін егжей-
тегжейлі суреттейді, олардың ата-баба қабірін аса қасиеттейтінін, ал
мүрдеге семсер мен күнге құрбан шалатынын баса көрсетеді. (Геродот). Азия
сақтарының рәсімдері туралы жазбаларда одан да аз. Басқа грек тарихшысы
Ктесийдің (б.д.дейінгі 400 жыл шамасы) хабарлауының арқасында ғана
сақтардың өздерінің әйел патшасы Заринаның табытының үстінен алып қорған
орнатқаны және оған алтын статуя қойғаны белгілі болды. Бұл деректер өте
маңызды, бірақ сақ жерлеу рәсімін қайта елестету үшін жеткіліксіз.
Сондықтан археологиялық деректер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Берел қорғаны
Есік қорғанының Алтын адамы
Шілікті алқабындағы Бәйге төбе қорғанының құрлысы
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Елеке сазының зерттелуі
Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары
Алтын адамның монументалды кескіндемесінің маңызы
Пәндер