Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы



МАЗМҰНЫ

I ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Сәулет өнеріне жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сәулет өнерінің негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Ежелгі сәулет өнерінің қазіргі мәдениет саласында алар орны ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егемендi елiмiздiң ертеңi – жастардың жан-жақты дамыған, тәлiм-тәрбиелiк iс-әрекет және бiлiм тереңдiгiмен өлшенедi. Жан-жақты, қабiлеттi ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қазiргi таңдағы ғылымының өзектi зерттеу жұмыстарының бiрi –халқымыздың ежелден келе жатырған мұраларын дәріптеп, жас ұрпақтың санасына жеткізу.
Халқымыздың ғасырлар бойы өмiр сынынан өтiп келген ұрпақ тәрбиесi, жинақталған тағлымы, тәлiм-тәрбиелiк үлгiлерi және табиғат әсемдiгiн сезiну,мәдениет пен өнердi бағалау, мәдени мiнез-құлықтарының қалыптасуы рухани құндылықтар арқылы берiлетiнi дәлелдендi. Бұл мәселенiң дұрыс жолға қойылмауы нәтижесiнде жастардың тәрбиелiк мәнi төмен жат елдiк туындыларға елiктеушiлiк, рухани кедейленушiлiкке әкелiп соғады.
Сондықтан балаларды балабақша қабырғасынан бастап, рухани сарайын ашу, халқымыздың ежелгі сәулет өнерімен таныстырып,енгiзудi оқу-тәрбие үрдiсiнiң тiрегiне айналдыру, яғни қазiргi заманғы талапқа сай мәселе болып табылады.
Қазақ жеріндегі сәулет өнеріне туған елдің сан алуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Қазақстан құрылысында М.А.Антонов, А.Л. Бенуа, К.А. Борисоглебский, Н.Н. Ботвинкин, И.И. Козелл-Поклевский, С.К. Янчевский сынды жобалаушылар маңызды роль ойнады. Олар Шыментте, Қызылордада, Түркістанда, Таразда, Меркіде және т.б типологиясы бойынша әртүрлі көптеген нысандарды (қоғамдық, тұрғын үй, әкімшілік , мәдени-ағартушылық, суландырушылық , аурухана) орындады [2; 3; 4; 5; 6; 7;].
Ғылым мен техниканың дамуына сонымен бірге адамның материалдық сұраныстарының өзгеріп тұруына байланысты сәулет өнері материалдық мәдениеттің бір түрі болып саналады. Осыған қарамастан сәулет өнерін біз нағыз бейнелеу өнер түрі деп қарастырамыз, өйткені сәулет өнерінің көркемдік образдарында, қоғамдық өмірдің құрылымы оның рухани мәдениетінің дамуы және эстетикалық идеалдары бейнеленеді.
. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері адамды қызықтыратыны, таңдандыратыны рас. Мұндай қызығушылықтарды байқап тақырыбымызды «Қазақстанның ежелгі сәулет өнерінің ерекшеліктері»-деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу объектiсi: Қазақстанның ежелгі сәулет өнері
Зерттеу пәнi: Қазақстандағы ежелгі сәулет өнері
Зерттеу мақсаты: Ежелгі сәулет өнерінің қазіргі мәдениет саласында алар орнын анықтау.
Зерттеудiң болжамы: Халқымыздың мәдениетін,дәстүрін,тілін,дінін тереңнен алып қарағанда ғана келешек ұрпаққа дәріптер мұраларымыз тарих
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ сәулет өнерінің қос дүлдүлі / Уәлихан Ш. Ы// Қазақ әдебиеті.-2009,-16-22 қазан (№44). -8 б.
2. Шаяхметова А. Жәнібеков және сәулет өнері / Шаяхметова А.// Қазақ тарихы.-20.-№6. -17-18
3. Хаирхан. Социалистическое расселение Азии.-Революция и культура, 1930, №2, 46 бет
4. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59
5. Хаирхан. Социалистическое расселение Азии.-Революция и культура, 1930, №1.
6. Хаирхан. Социалистическое расселение Азии.-Революция и культура, 1930, №1, 63 бет.
7. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
8. Белоусов В.Я., Рыс Ц.Г., Калмыков В.П.О социолистическом расселении в Киргизской АССР: сб, научн. Тр, / Киргизская комплексия экспедиция 1932-1933 жж. АНССР баспасы, 1935.
9. Бунин А. Жилище для оседающих кочевников –Архитектура ССР,1933, №5, 22-23 бет
10. Селиванов Н., Сергеев В., Петров Н. Здание университета для Алма-Аты, -Архитектура СССР, 1934, №8, 20-21 бет
11. Бабиевский К.В. На неверном пути. – Архитектурная газета, 1937, 28 0сентября, №67, с2
12. Колотов С.М. О национальной архитектуре.- Изв. Средне-Азиат, индустр. Ин-та. Сер. Архит .,1935, №1,с 8.
13. Канцедикас А. Искусство и ремесло. ( К вопросу о природе народного искусства). –М,;: Изобразительное искусство, 1977, с, 25.
14. Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре.- Алма Ата : Изд-во АН Каз ССР,1957.
15. Басенов Т.К. Архитектура Казахской ССР. –В кн.; Архитектура республик Средней Азий; Сб. Ст. Под ред . Яралово Ю.С№- М,Госуд, изд-во архит.и градостроительства,1951 с 85.
16. Васильев К. Павильон Казахской ССР.-Казахская правда, 1940, 17 мая.
17. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. - Алматы: Атамұра, 2010.-70
18. Белоусов В.Я., Рыс Ц.Г., Калмыков В.П.О социолистическом расселении в Каз АССР: сб, научн. Тр, / Казахская комплексия экспедиция 1932-1933 жж. АНССР баспасы, 1935.
19. Киіз үй-көшпенділердің негізгі баспанасы / Исабаев Т.// Қазақ тарихы.-2007.-№2.-наурыз 107-109 б
20. Уәлихан Ш. Ы Қазақ сәулет өнерінің қос дүлдүлі / Уәлихан Ш. Ы// Қазақ әдебиеті.-2009,-16-22 қазан (№44). -8 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егемендi елiмiздiң ертеңi - жастардың жан-жақты дамыған, тәлiм-тәрбиелiк iс-әрекет және бiлiм тереңдiгiмен өлшенедi. Жан-жақты, қабiлеттi ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қазiргi таңдағы ғылымының өзектi зерттеу жұмыстарының бiрi - халқымыздың ежелден келе жатырған мұраларын дәріптеп, жас ұрпақтың санасына жеткізу.
Халқымыздың ғасырлар бойы өмiр сынынан өтiп келген ұрпақ тәрбиесi, жинақталған тағлымы, тәлiм-тәрбиелiк үлгiлерi және табиғат әсемдiгiн сезiну,мәдениет пен өнердi бағалау, мәдени мiнез-құлықтарының қалыптасуы рухани құндылықтар арқылы берiлетiнi дәлелдендi. Бұл мәселенiң дұрыс жолға қойылмауы нәтижесiнде жастардың тәрбиелiк мәнi төмен жат елдiк туындыларға елiктеушiлiк, рухани кедейленушiлiкке әкелiп соғады.
Сондықтан балаларды балабақша қабырғасынан бастап, рухани сарайын ашу, халқымыздың ежелгі сәулет өнерімен таныстырып,енгiзудi оқу-тәрбие үрдiсiнiң тiрегiне айналдыру, яғни қазiргi заманғы талапқа сай мәселе болып табылады.
Қазақ жеріндегі сәулет өнеріне туған елдің сан алуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Қазақстан құрылысында М.А.Антонов, А.Л. Бенуа, К.А. Борисоглебский, Н.Н. Ботвинкин, И.И. Козелл-Поклевский, С.К. Янчевский сынды жобалаушылар маңызды роль ойнады. Олар Шыментте, Қызылордада, Түркістанда, Таразда, Меркіде және т.б типологиясы бойынша әртүрлі көптеген нысандарды (қоғамдық, тұрғын үй, әкімшілік , мәдени-ағартушылық, суландырушылық , аурухана) орындады 2; 3; 4; 5; 6; 7;.
Ғылым мен техниканың дамуына сонымен бірге адамның материалдық сұраныстарының өзгеріп тұруына байланысты сәулет өнері материалдық мәдениеттің бір түрі болып саналады. Осыған қарамастан сәулет өнерін біз нағыз бейнелеу өнер түрі деп қарастырамыз, өйткені сәулет өнерінің көркемдік образдарында, қоғамдық өмірдің құрылымы оның рухани мәдениетінің дамуы және эстетикалық идеалдары бейнеленеді.
. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері адамды қызықтыратыны, таңдандыратыны рас. Мұндай қызығушылықтарды байқап тақырыбымызды Қазақстанның ежелгі сәулет өнерінің ерекшеліктері-деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу объектiсi: Қазақстанның ежелгі сәулет өнері
Зерттеу пәнi: Қазақстандағы ежелгі сәулет өнері
Зерттеу мақсаты: Ежелгі сәулет өнерінің қазіргі мәдениет саласында алар орнын анықтау.
Зерттеудiң болжамы: Халқымыздың мәдениетін,дәстүрін,тілін,дінін тереңнен алып қарағанда ғана келешек ұрпаққа дәріптер мұраларымыз тарих бетіне қалқып шықпақ. Сондай мәдениетіміздің бір өрнегі сәулет өнері. Қазақ сәулет өнерін зерделей келе жастарға мол үлгі, мұра қалдыруымызға болады.
Зерттеудiң мiндеттерi:
1. Жұмыстың теориялық негізі ретінде қазақстанның ежелгі сәулет өнерінің ерекшеліктерін негіздеу
2. "Сәулет", "Сәулет өнері ", "Архитектура " ұғымдарын теориялық тұрғыда қарастыру.
3. Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің мүмкіндіктерін анықтау
Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау, зерделеу;
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қорытындыдан тұрады.

I ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ
1.1 Сәулет өнеріне жалпы түсінік

Қазақстан сәулет өнерінің ерекшеліктері мен сан алуандығына тамсана отырып, еліміздің бай мұрасының одан әрі құпияларын ашу басты міндет болып табылып отыр. Халқымыздың бағзы заманнан келе жатырған сәулет өнерінің зерттелуіне үңілмек болдық. Осы орайда оның ғылыми әдебиеттер мен кітаптарға көз салып оның негізгі ұғымдарынан зерделеуді жөн көрдік.
Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды 2.
Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады.
Дольмен - қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.
Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді.
Кесене - діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Сәулет өнерінің ежелгі елдерде дамығандығын айтар болсақ,онда оны Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келгендігін,Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылғандығын, Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат екендігін атап айтып кетуіміз қажет. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды 2.
Қазақ елінің тарихына үңілер болсақ, тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін патша обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп.
Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан (сақ пирамидаларынан) бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. Алтын адам табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 - 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 - 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 - 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады 4.
Сәулетті өнер ретінде қабылдау көбіне мүмкін емес сияқты көрінеді. Біріншіден, оның мүсін мен суреттерден айырмашылығы өте көп: ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, біз сәулет ғимараттарында өмір сүреміз,оқимыз және жұмыс жасаймыз, барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз. Сәулет-бұл адам қызметінің ерекше түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік бірге өрілген 3.
Сондықтан да сәулет тікелей ештеңені бейнелемегенін және суреттемегімен бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде мейлінше әсерлі,біздің сезімімізге әсер етуге мейілінше қабілетті өне болып табылады.
Дарынды сәулетші жасаған ғимаратта , әрбір құрылыста өзіндік бет-бейне бар,оған ерекше көңіл күй берілген .
Сәулет негізі үш түрге бөлінеді:
Көлемді қрылыстар сәулеті
Ландшафты сәулет
Қала құрылысы
Көлемді құрылыстар сәулетіне-тұрғызылған үйлер,қоғамдық орындар (мектеп,театр,стадион, дүкен т.б) жатады.
Ландшафты сәулет-демалыс орындарының құрылыс тарымен байланысты. Бұған скверлер ,сонымен қатар сәнді орындықтар,фонтандары бар саябақтар жатады 7.
Қала құрылысы сәулетіне жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады. Міне, сәулет өнерінің мән-маңызын айта келіп, оның ерекшеліктерін келесі бөлімде тоқталамыз.

1.2 Сәулет өнерінің негізгі ерекшеліктері

Сәулет өнерінің туындыларын тамашалағанда оның ерекшеліктеріне мән бермей қоймаймыз. Оның пішінінің бейнелеу ерекшелігі,кеңістікте еркін қозғалу , қолайлылық қажеттілігі мен белгілі бір атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Ғылым мен техниканың дамуына сонымен бірге адамның материалдық сұраныстарының өзгеріп тұруына байланысты сәулет өнері материалдық мәдениеттің бір түрі болып саналады. Осыған қарамастан сәулет өнерін біз нағыз бейнелеу өнер түрі деп қарастырамыз, өйткені сәулет өнерінің көркемдік образдарында, қоғамдық өмірдің құрылымы оның рухани мәдениетінің дамуы және эстетикалық идеалдары бейнеленеді 7.
Сәулет өнеріндегі түпкі ой,мақсаттылық, ішкі көрініс пен кеңістікті ұйымдастыру және сәулеттік салмақтардың топталуы мен жеке және тұтас пропорцияларының ара-қатынастары арқылы ашылады. Ішкі көрініс пен ғимарат көлемінің өзара байланысы сәулет өнерінің көркемдік тілінің ерекшелігін білдіреді. Ғимараттың сыртқы көрінісінің көркемделуінің де маңызы зор. Өнердің басқа түрлеріне қарағанда сәулет өнері өзіндік көркемдік және монументалды пішіндерімен бұқара халықтың санасына әрдайым әсер етіп отырады. Ол әрқашанда қоршаған ортамен тікелей байланыста болып , жергілікті табиғаттың ерекшелігін ашып, соған сәйкестенуге қызмет етеді. Әр қаланың адамдар тәрізді өзінің қайталанбас бет-пішіні, мінез-құлқы, өмірі, тарихы бар. Олар қазіргі заман өмірі мен өткен шақ тарихын баяндайды. Адамның қоғамдық қажеттілігінің әр алуандылығы сәулет өнерінің тұрғын үй, қоғамдық-азаматтық, өнеркәсіптік салаларын туныдатады.
Сәулет өнері өзінің көркемдік гүлдену кезеңдерінде басқа да өнер түрлерімен бірге тығыз байланыста дамып отырады. Мүсін, кескіндеме, қолданбалы - сәндік, дизайн өнерлері ғимарат жобасының идеяларын нақты образдармен жүзеге асырады. Бұл жерде сәулет өнері мен бейнелеу өнерлерінің синтезі бірін бірі толықтырып, байыта түседі 8.
Ұлттық сәулет өнері мектебінің қалыптасуы-кезеңдері мен мектебінің қалыптасуы-кезеңдері мен ерекшліктері. XX ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің маңызды ерекшелігі кәсіптік өнердің әр алуан түрлерінде ұлттық мектептің қалыптасу үрдісімен байланысты болды. Бүкіл кеңес құрылысының контекстінде айтулы деңгейге қол жеткізіп,көш басындағы орындардың бірін иеленген сәулет өнері солардың ііндегі басым джағдайды ұзақ уақыт бойы сақтап қалды.
Бұрын соңды еш нәрсемен қызықтырмаған Қазақстан сәулет өнері, 1960 жылдардың басынан бастап ұлттық сәулеттік тәжірбие саласына байланысты шығармашылық белсенділікті айқындап, мамандардың ерекше зерттеу нысана айналды. Отырықшылықтан көшпенді мәдениеттің басымдығын , яғни, дәстүрлі қазақ құрылымының түрлері мен ерекеліктерін тарихи үрдістің сипаты түсіндіреді. Көшпенділікпен тығыз өзара әрекеттестікте дамыған қаланың құрылыс мәдениеті гүлдену дәуірін (XII ғ) және одан кейінгі құлдырауды басынан өткізіп, XVIII ғасырда әлде қайда кіші көлемде қайта жанданды 4.
Қазіргі мәдени-тарихи негізде, өте қысқа мерзімінің ішінде (жиырма жыл шамасында), кең ауқымда қлтқа арналған жаңа ғимараттар түрінің ,жаңа құрылыс техникасы мен материалдарының ұсынылуымен кәсіби жетілген бүгінгі сәулет өнерінің пайда болуын өзіндік әлеуметтік-мәдени және архитектуралық тәжірбие ретінде қарастыруға болады. Кішігірім қиындықтар ұлттық мектепті дүниеге әкелумен байланысты болды. Қазақстан сәулет өнерінің тарихтағы балаңдығы өзгешелік мәселелеріне ерекше өзектілік берді. Оны,нақты сәулеттік болашақ үлгісіне бағытталуы емес (бұл мұра тек 1970-980 жж. Археологиялық ашылудың арқасында ғана кең танымал болды), бүкіл дәстүрлі мәдени кешеніне әсері анықталды. Аталмыш Қазақстандық кәсіптік мектептің айырықша ерекшелігі оны бұрынғы пішінінің үстемдігінен сақтай отырып, қалыптасу үрдісінің қиындығы мен өзіндік ерекшелігін жасады. Жас ұлттық мектептердің қалыптасуында әлемдік тәжірбие көрсеткендей, дамыған сәулеттік дәстүр, көбінде тарихи пішіндерді көшірмелеу тығырығына әкеліп тіреген кәсіби сәулетшілерді ұсынады 8.
Бүгінгі күні кәсіптік өнерде халықтық көркем дәстүрдің динамикаын талдау қазіргі мәдениет жүйесінде оның рухани-эстетикалық қырын күшейтуге байланысты ерекше маңыздылыққа ие. Этникалық және ұлттық мәдениеттің жетістіктері әлемдік көркемөнер контексіне қосылып , ұлттық өнерге жаңа көріністер әкелді. Аталған үрдісті тыңғылықты зерттеу барысында жергілікті мәдениет ерекеліктерін түзетуші әрі жоққа шығарушы,жаһандануға қарсылық білдіруі ретінде айшықталды.
Оған қоса орталыққа ұмтылған үрдістер сәулет өнерінің қазіргі заман өнерінің палитарасын түрлендіре отырып,ұлттық мектеп белсенділігінің артқандығы секілді қазіргі заман мәдениетінің еуропоцентристік құрылғылрын жеңгенін дәріптейді. Анығырақ айтсақ,бұл әлемдік өркениет жетістігінде қалыптасқан ранг туралы табельден жетілген мәдениет дискриминациясы. Бұл XX ғасырдың ең маңызды жаулап алуларының бірі болып табылады. Өзге ұлттық кәсіби мәдениетпен қатынасқа түскен этникалық машығы балауса ұлттық мектеп қалыптасуының динамикасы мен тарихының талдауы ерекше мәнге ие болады, осындай мәдени сембиоз қызықты құбылыстарды тудырды. Аталған үрдістер әртүрлі мәдениет орталықтарынан жеке бөлшектермен ерекшеленеді, алайда, соған қарамастан ол белгілі заңдылықтардың тізбегін немесе кәсіби мектептер қалыптасуының заңдарын анықтайды 9.
Қазақстан мәдениеті ерекшелігінің контекстіндегі қазіргі заман мәдениеті дамуының құралы мен мақсаты ретінде көрінген дәстүрдің дүниетанымдық потенциалын игеру солардың бірі болып табылады. Жалпы мәдени құрылғылардың кәсіби өнердің дамуына әсерінің сипаты мен позитивті нәтижелері әсіресе өздерін жеке алынған ұлттық мектеп материалында айқын көрсетеді. Қазақстан сәулет өнері мектебінің қалыптасу үрдісіндегі мәдениеттанушылық машық пен ерекшелік осы жоспарда даусыз өзектілікке ие болып,тар ұлттық қызығушылық шеңберінен шығатын зерттеуге арналған маңызды жобаларды ұсынады.
Өз кезегінде тек дұрыс анықталған қазақстандық сәулет өнері мектебінің қалыптасу үрдісі ғана оның бүгінгі жағдайда дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік бере алады. 1990-2000 жж. Кең көлемде баяндалған материал сыншылар мен мамандар тарапынан сәулет өнерін қабылдауда кейбір тоқырауларға алып келді. Бұрынғы сөзсіз таңқалыстар керағар бағалаумен орын ауыстырды. Осы тұста көп уақыт бойы тепологиясы бойынша әртүрлі сирек ұшырасатын нысандарды салудың шығармашылық міндеттерін жүзееге асырумен байланысты жауап алу әрекетінен бас тарту мәселесі көтеріледі 12.
Сондай-ақ теоритиктер мен практиктерде кешегі өткен кәсіби құшатрлықтармен,болып жатқанды тереңірек зерттеудің қажеттілігін дәлелдейтін бүгінгі күннің шығармашылығы арасында қайшылықтар байқаллады. Бұл мүлде кеңестік дәуірдің мұраға қатынасы бойынша тарихи-мәдени нигилизмнің орнына келген ұрандық көтеріңкі сарыннан босаған,жаңа әдістердің негізінде мүмкін болады. Өткен кезеңдердің сәулет өнерін қарастыру - заманның құбылыстарды түсінудің үлкен қажеттілігіне айналған ұлттық мектептің даму динамикасын талдаудың мәдениеттанушылық сыны тұрғысынан,сондай- ақ тарихи аспектіде зерттеуді де қажет етеді. Кәсіби және халық мәдениеті қатынасының контекстінде осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған республикамыздың ұлттық сәулет өнері мектебінің қалыптасу тарихына арналған жоғарыда айтылған ой аталған жұмыстың тақырыбын таңдап, оның практикалық мәнділігі мен өзектілігін анықтайды. Қазақстанның бүгінгі сәулет өнерін қарастыратын әдебиеттер оны бүкіл кеңес сәулет өнеріне ортақ үрдісінің,көптеген ғимараттардың типологиясы мен қала құрылысындағы жетістіктері мен үлгі жоспарының контекстінде қарастырды. Ұлттық мектептік ерекшелігі мен динамикасы Алматы құрылысында өзіне толық көрсетті,ол қала құрылысы бойынша материалдардың басымдығын анықтады 14.
Қазақстан сәулет өнері дамуының әрбір кезеңінде ұлттық мектеп күткендей-ақ өзіндік мәселелерін шешу басым тұрды. Өзіңнің уақытыңның құрылғыларымен ерекшеленген осы бағыттағы жұмыстың теориялық және практикалық нәтижелері Қазақстан Республикасының кәсіби мектебі қалыптасуының күрделі үрдесін бақылауға мүмкіндік береді.

II ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
2.1 Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің мүмкіндіктері

Қазақ архитектурасы, Қазақ сәулет өнері - ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстетикалық талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңт. Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді 17.
Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді 17.
Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді.
Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған обл-ндағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған.
Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді:
1) күмбезді мазарлық;
2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там);
3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды-күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. 15 - 18 ғ-лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда обл-ның Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңт. Қазақстан обл-ның Созақ ауд-ндағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қырлы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан арқылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. Іші еңселі, 2-қабаты күмбезбен көмкерілген, босаға табалдырығы аласа. Мұндай құрылыстардың шығуы көшпелі баспананың (күйменің) тууына себеп болды. Дөңес жерлерге салынған бұдан ертеректегі мұнаралы құрылыстардың - Қызылорда обл-ндағы Ақсақ қыз, Сараман-Қосы, Бегім ана (10 - 12 ғ-лар) секілді бірсыпыра ескерткіштер пішіндерінің композициясы мен құрылымы ежелгі қорған құрылыстарынан алынғаны дәлелденді. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарының құрылыс ерекшелігінде қола дәуіріндегі Дың ескерткіштері белгілері айқын көрінеді (8 - 10 ғ-лар). Космол. үлгілер діни құрылыстар архитектурасының ертедегі түрлерінің бірі және әр түрлі этн. бірлестіктердің орт-тары болды. Оңт. облыстардағы күмбезді мазарларды салу ісіндегі құралымдық тәсілдер мен пішіндер композициясы Орта Азия архитектурасы ықпалымен дамыды. Оқша ата мазарын (15 - 16 ғ-лар) салған сәулетшілер тік бұрышты қабырғалардан бұрыштардағы аркалар арқылы бірте-бірте күмбездерге көшу тәсілін қолданды. Жүніс ата мазарын салу үстінде өңделген кірпіштен жасалған күрделі сталактиттер жүйесі пайдаланылды.Орт. білікті күмбезді мазарлар (Айқожа ишан күмбезі, 17 ғ., Қызылорда) кеңінен тарады. Оңт. және шығыс аймақтарда 4 шағын күмбезі бар мазарлар өріс алды. Орт. және Бат. Қазақстанда бұрышты күмбездердің орнына ұшы сүйір шағын мұнаралар немесе үшбұрышты құймалар (төрт құлақ) орнатылды. Күмбездердің пішіндерінде қабат жасау дәстүрі сақталған. Бат. Қазақстан мазарларында мұқият қаланған және беті өңделген қабырғаларға керісінше, өңделмеген әктастардан күмбез тұрғызу әдісі тарады. Бұл архит. дәстүр ертедегі темір дәуіріндегі мемориалдық және діни ескерткіштерден басталған үш қабатты қорған және неғұрлым кейінгі дәуірдегі мұнаралы құрылыстардың пішіндерімен сабақтас. Сатылы қорғандар түрлерінің дәстүрлері қабір үстіндегі құрылыстар архитектурасында Қазақстанның барлық жерінде үштас, бестас, сыпа, сандықша түрінде сақталып қалды. 20 ғ-дың қарсаңында тастан немесе шикі кірпіштен 3 - 5 - 7 қабатты, биікт. 8 м-ге дейін жететін шағын сатылы-үшбұрышты қабір үсті ескерткіштері жасалды (Шығ. Қазақстан) 15 - 18 ғасырлардағы кешендер Үстіртте, Маңғыстауда, Орал маңында салынған мазарлар Еуразияның көптеген көшпелі халықтарында кең тараған баспана - күймені еске түсіреді. Іргетасы жоқ бұл мазарлардың босағасы берік бекітіледі, олардың ойықтары перделерді немесе шымылдықтарды еске түсіреді. Күмбездерінің ұшы оймышты сүмбі орнатылған цилиндр немесе шар тәрізді болып келеді. Барабандарға күмбездер орнату жиі кездесті. Ішкі безендіруі де баспана-күймемен сабақтастықты байқатады. Бірақ кейбір бөлшектерден сағаналы қорған астындағы құрылыстар (күмбездердің пішіні, тұрмыс заттарының, қару-жарақтың бейнесін салу, жоғ. ойық, т.б.) дәстүрлерінің ықпалы көрінеді.
Қазақстан халықтарының көшіп-қону дәстүрінің біраз өзгеруіне байланысты, күймелер бірте-бірте жойылып, оның орнына бұрын халық арасына онша тарамаған, орын ауыстыруға, қайта құруға неғұрлым қолайлы жиналмалы, алмалы-салмалы киіз үй қолданылды (қ. Киіз үй). Дәулетті адамдардың киіз үйлері тікпе немесе жапсырма әшекейлермен өрнектелген ақ киізбен (ақ түс бұрын шарапатты болып есептелді; ру, ауыл, тайпа басының белгісі болды) жабылды. Киіз үй өрнегінің құрылымы, сондай-ақ, оның барлық композициясы белгілі бір жүйеге негізделді (шеңберлі шаңырақ - күн, уықтар - күн сәулесінің тарам-тарам шапағы, аспалы желбаулар немесе бақандар - "өмір ағашы"). Киіз үйдің ортасына ошақ орнатылды. Оның есікке қарама-қарсы түпкі бөлігі - төр (құрметті) деп аталып, есіктің оң жағы әйелдердің орны (мұнда үй жиһаздары - жүк аяқ, абдыра, т.б. қойылды) деп есептелді 18.
Есік (сықырлауық) әшекей, нақыш салынған тақтайлардан жасалды, ал киіз есік ши тоқымасының үстіне жабылды. Верный (қазіргі Алматы қ.) қ-ның әкімш.-қоғамдық орт. 19 ғ-дың 80-жылдарының орта шенінде қазіргі 28 гвардияшы-панфиловшылар бағы маңына (бұрынғы қала бағы) салынды. Бақтың айналасында ірі ғимараттар: губернатор үйі, офицерлер үйі, қоғамдық жиналыс ғимараты (қазіргі Қазақконцерттің әкімш. ғимараты), гимназия және архиерей үйлері орналасты. Олардың кейбіреулері (губернатор үйі, 1887 ж. Жер сілкінісі кезінде қираған) орыстың классик. архитектурасы стилімен салынды. Сілкініс қаланың тастан тұрғызылған көптеген құрылыстарын қиратты. Одан бергі кезде шағын үйлер күйдірілген кірпіштен қаланған аласа тұғыр қабатының үстіне ағаштан тұрғызылды. Қаланың ірі ғимараттары ағаштан қиюластырылды. 1911 жылғы күшті жер сілкінісінен қирамай қалған үйлердің бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақстанда қалалар санының өсуіне байланысты жұмысшы поселкелері мен сауда-қолөнер орт. да көбейді. Табиғат байлықтарын пайдалану негізінде Қарағандыда, Успенскіде, Жезқазғанда, Риддерде, Зыряновта, Шахта қ. маңында, Доссор, Мақат және басқа мұнай кәсіпшіліктерінде кенттер пайда болды.
19 ғасырлардағы кешендер ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.1927 - 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш.-тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қ-нда жеке әкімш. ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды. 30-жылдардың басында Алматы қ-нда құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір т. ж-н салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты-орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды. Қала орт. жаңа құрылыстар ауданына (қазіргі Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығына) ауысты. 1926 - 34 ж. Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксіб т. ж. басқармасы үйі салынғаннан кейін республиканың басты әкімш. алаңы ұйымдастырылды. Кесене - діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған7.
Сәулет өнері - Х - ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан. .
XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері - Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адамдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет Иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Мәдениет морфологиясы туралы
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Көркемдік білім туралы түсінік
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті
Пәндер