Қазақстан және жаһандану



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Жаһандану ұғымы және ұлттық құндылық
1.1 « Жаһандану» туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 Қазақстан және жаһандану
2.1 Қазақстан жаһандану дәуірінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Жаһандану үдерісі және қазақ ұлты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

3 Жаһанданған Қазақстанның айшықтары
3.1 Жаһандану мәселесі және Еуропаға жол бағдарламасы ... ... ... .26
3.2 Жаһандану және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т.б. еске алудың өзі жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын алдық деп тұжырым жасай алмаймыз. Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр. Алғашқысы – бір өрістіліктің (однополярность) белгіленуі, екіншісі – әлемдік экономиканың жаһандануы, үшіншісі – ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі, төртіншісі – өркениеттік сәйкестілікті іздестіру, бесіншісі – әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі. Яғни, біздер мұнда әлемнің бес басты түрткісі – күш-қуатттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Ресейдің танымал ғаламы А.Уткиннің пікірі бойынша, осы түрткілердің әсерінен « әлемдік тәртіп қайта түзеледі, жаңа геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем бейнесі қалыптасатын болады».
«Әлемде жаңа тәртіптің орнауы» нәтижесінде ұлттық ұдайы өнідруші тетіктерінің шоғырлануы мен олардың бір кеңістікке жұмылдырылуы негізінде қазіргі әлемдік шаруашылық құрылыстың бүкіл сипаты түбірімен өзгеріске ұшырап, маңызды алғышарттар пайда болады. Негізінде, әлемдік өндірісті қайта ұйымдастыруға деген көлемді қозғалыстар шаруашылық өкілеттіліктерді қайта бөліске салуда, басымдықтарды қайта қарауға, әлемдік шаруашылық байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің кәдуілгі көріністерін өзгертуге қабілетті прерогативтерді құрастыруға алып келуі мүмкін. Басқаша айтқанда, жаһандану барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіретін әлемдік байланыстардың жаңа түрі пайда болады. Жаһандану осындай әрекеттері арқылы «халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық өрісті, өзіндік бір аймақаралық ақпараттық алмасу инфрақұрылымын құруды қарастырады. Жаһандану әлемдік қауымдастыққа жаңа қасиет береді, ал осы үдерістің пайымына бару біздер үшін әлем туралы ұғымның алмасу кезеңінде дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді». Қазақстандағы жаһандану турасында қазіргі кезде көп зерттеліп, айтылып та жатыр. Осы курстық жұмысымда, Қазақстандағы жаөандану үрдісіне тоқталмақпын.
Курстық жұмысының мақсаты: Жаһандану мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының
1. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Экономика»баспасы,1998 жыл.
2. Құланбай Ә. «Интеграция – дамудың қозғаушы күші», «Егемен Қазақстан» газеті, 2006 жыл-16 тамыз.
3. Джолдасбекова Г. «Қазақстанның әлемдік сауда жүйесіне интеграциялану жағдайлары» - ҚазЭУ хабаршысы, 2006ж.-№5.
4. Р.Е. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2002ж.
5. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 1-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.
6. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 2-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.
7. Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіші. /№4, 2006 – 48 бет.
8. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – А.:2000.
9. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатнастар. /А.:2002 – 287 бет.
10. Аубакирова Ж.Я. Экономические основы интеграции в условиях глобализации. – А.: 2004.
11. Алшанов Р. Қазақстан - өңір көшбасшысы /әңгіме М.Төлепберген//Егемен Қазақстан 8 сәуір, 2005.
12. Аубакиров Я.А., Тулегенова М.С., Сидеренко Е.Н., «О проблемах и перспективах национальной экономики в условиях глобального развития» //Аль-Пари №4, 2005.
13. Ахметғалиев Б. Евразиялық үлгідегі жемісті интеграция және осы процесті Дамытудағы Қазақстанның рөлі.//Егемен Қазақстан 18 сәуір, 2004.
14. Әубакіров Я.Ә. Экономикалық теория. – А.:1998.
15. Интеграционная и институтциональные тенденции в экономике РК. //Қаржы-қаражат №5, 2005.
16. «Жаңа заманға бастайтын ғаламдану» //Егемен Қазақстан 22 сәуір, 2005.
17. Интеграция Казахстана в мировую экономику: проблеми и перспективы. Отв. Ред. М.Б. Кенжегузин. – Алматы.: Институт экономики МОиНРК,1999.
18. Киреев А. Международная экономика. В 2-х частиях. – М.: Международные отношения, 2000.
19. Проблемы интеграции государств Центральной Азии в условиях глобализации. //Аль-Пари № 4-5, 2002.
20. Проблемы политической интеграции Содружества Независимых Государств. // Саясат №5, 2005.
21. Эканомикалық теория. Әубакіров Я.Ә., Нәрібаев К., Есқалиев М.
22. Экономическая интеграция стран Центральной Азии в современных условиях. // Саясат №12, 2004.
23. Экономические аспекты глобализации. //Аль-Пари 1(41) 2005.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан және жаһандану

Орындаған:
Тексерген:

Орал- 2015 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Жаһандану ұғымы және ұлттық құндылық
1.1 Жаһандану туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .12

2 Қазақстан және жаһандану
2.1 Қазақстан жаһандану
дәуірінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Жаһандану үдерісі және қазақ
ұлты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

3 Жаһанданған Қазақстанның айшықтары
3.1 Жаһандану мәселесі және Еуропаға жол бағдарламасы ... ... ... .26
3.2 Жаһандану және Еуразиялық экономикалық
қоғамдастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...36

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...37

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз
экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас
адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез
қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан
түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік
екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер
бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т.б. еске алудың өзі
жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған
жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын
алдық деп тұжырым жасай алмаймыз. Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік
қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр. Алғашқысы – бір
өрістіліктің (однополярность) белгіленуі, екіншісі – әлемдік экономиканың
жаһандануы, үшіншісі – ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі, төртіншісі –
өркениеттік сәйкестілікті іздестіру, бесіншісі – әлемдік қауымдастықтың
басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі. Яғни, біздер мұнда
әлемнің бес басты түрткісі – күш-қуатттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен
әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Ресейдің танымал ғаламы
А.Уткиннің пікірі бойынша, осы түрткілердің әсерінен әлемдік тәртіп қайта
түзеледі, жаңа геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем бейнесі
қалыптасатын болады.
Әлемде жаңа тәртіптің орнауы нәтижесінде ұлттық ұдайы өнідруші
тетіктерінің шоғырлануы мен олардың бір кеңістікке жұмылдырылуы негізінде
қазіргі әлемдік шаруашылық құрылыстың бүкіл сипаты түбірімен өзгеріске
ұшырап, маңызды алғышарттар пайда болады. Негізінде, әлемдік өндірісті
қайта ұйымдастыруға деген көлемді қозғалыстар шаруашылық өкілеттіліктерді
қайта бөліске салуда, басымдықтарды қайта қарауға, әлемдік шаруашылық
байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің кәдуілгі көріністерін өзгертуге
қабілетті прерогативтерді құрастыруға алып келуі мүмкін. Басқаша айтқанда,
жаһандану барысында әлемдік кеңістікті бір аймаққа біріктіретін әлемдік
байланыстардың жаңа түрі пайда болады. Жаһандану осындай әрекеттері арқылы
халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық өрісті, өзіндік бір
аймақаралық ақпараттық алмасу инфрақұрылымын құруды қарастырады. Жаһандану
әлемдік қауымдастыққа жаңа қасиет береді, ал осы үдерістің пайымына бару
біздер үшін әлем туралы ұғымның алмасу кезеңінде дұрыс бағдар алуға
мүмкіндік береді. Қазақстандағы жаһандану турасында қазіргі кезде көп
зерттеліп, айтылып та жатыр. Осы курстық жұмысымда, Қазақстандағы жаөандану
үрдісіне тоқталмақпын.
Курстық жұмысының мақсаты: Жаһандану мәселелерін теориялық тұрғыдан
қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану
жағдайындағы қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Курстық жұмысының негізгі міндеттері:
-жаһандану мәні мен даму алғышартын қарастыру;
-жаһандану сатысындағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-жаһандану жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау;
Курстық жұмысының объектісі: Қазақстан және жаһандану
Курстық жұмысының теориялық негізі: Зерттеудің теориялық және
әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдар-экономистер мен
мамандардың жаһандану туралы еңбектер алынды. Салыстыру және
жинақтау,ғылыми талдау және синтез,мәліметтерді экономика-статистикалық
өңдеу әдістерінің негізінде,зерттеу жүйелі-құрылымдық талдау принципіне
сәйкес құрылды.
Курстық жұмыстың ақпараттық базасы: Қазақстан Республикасының
статистика агенттігінің мәліметтері,халықаралық, республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциялардың мәліметтері, отандық және шетелдік
ғалымдардың оқу құралдары мен диссертациялары қолданылды.
Жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Жаһандану ұғымы және ұлттық құндылық

1.1 Жаһандану туралы түсінік
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. 
Global — әлемдік, дүниежүзілік,жалпы) — жаңа жалпы
әлемдік саяси, экономикалық,мәдени  және ақпараттық тұтастық құрылуының
үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық
экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20
ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер
Дракер,Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық
индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”,
“ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-
дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін
жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-
тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте
(ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер
орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ)
тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса
маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография,
көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық 
проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық
төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.
Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу
логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық
өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей
қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды
қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану
әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді
қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және
қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени
өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-
қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың
төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, 
діндердің,мәдениеттер мен идеология лардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі.
Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге
(христиандық, ислам,иудаизм, индуиз м, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.
Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық”
Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени
дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі
күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа
нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени
дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық , шығыстық, мұсылмандық
және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың
өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер
жұмсауын талап етеді;
2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың
жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет
көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және
экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың,
фирмалардың,корпорациялардың ірілен уімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта
экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік
ағындары құрылымының өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен
қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың
жаhандық желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын
жаhандық желіге аударылуы;
3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.
Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша
жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде
болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға
бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ
ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар
барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі
мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп
есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік
Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі
заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.
Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерд і дамыту және ғарыштық кеңістікті
ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және
тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі
жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық
жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық
позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің
негізінде бизнесті,өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың
жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен
бөлігін компьютрлендіру мен роботта у жүреді;
5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының
санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ
экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен
басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел
үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет
біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас
бөліктерін — өндірісті, ғылымды,қаржыларды, тұ тынуды біріктіруде. Олардың
қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың
әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға
ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың
шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға
байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік
құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды
өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де,
Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам
басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен
салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының
20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке
ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз
етілген. Постиндустриалдық, индустр иалдық және дамушы елдердің арасындағы
алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр.
Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған
елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус”
адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
ЖаҺандану баламалары
Жаһандану процесінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нүсқасы.
Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың
ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын
үлгілерге қатысты - либералдық (кейде "неолибералдық" ұғымы қолданылады)
немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі.
Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану
жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия
кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап-
арбау қаупінің артуы жәнедемократиялық институттардың кірпияздығын, оның
ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі.
Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік
институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам
өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану
баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар
үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы
ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан
барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге
мүмкіндік береді.
ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-
қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму
деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы
елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы
елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен
салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі.
Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік -
экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап
етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған
постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы
елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және
технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған
елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік
бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу
міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан
қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі.
Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық
мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық
ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның
саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси -
бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын
және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт
пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол
жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт
мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір
сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және
ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі
ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық
идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік
жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады.
Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда.
Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық
қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің
көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің
инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.
Жаһандық демократия
Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін
демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу
арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа,
әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация
өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен
қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны,
әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс
жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай
көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін
қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп
орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны
дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі
бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне
ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-
бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал
әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген
аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің
жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік,
әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және
әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар
билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс. Ғаламдық әділетсіздік
мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп,
демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының
жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі
өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ
саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша
анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану
тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ
құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік
қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын
атауда қолданылатын ұғым. Э.Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық
интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық
жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп
барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық
бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге
асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он
жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың "бүкіләлемдік азаматтық қалып"
жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И.
Валлерстайн, X. Булл, Дж. Розенаужәне т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан
еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады.
Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны,
бейбітшілікті, адам қүқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін
қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады.
Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған
жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге
біріктіретін жаңа саяси және мәдени қүрылымдар құру мүмкіндіктері бар.
Жаһандық ақпараттық кеңістік
Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық
ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып
табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік
технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында
ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің қүрылуы аса маңызды кезең
болды. Интернет желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып,
біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі. Интернетті қолданушылар өте кең
көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз
сайттарын, радио, теледидар, электр онды пошта, электрондық
коммерция,телеконференциялар, хабар ландырулар тақтасын, жаңалықтар
топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.
Жаһандық теңсіздік
Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт шеңберіндегі жеке
адамдардың арасындағы теңсіздік. Әлеуметтік жүйелердің арасындағы
теңсіздікті өлшеу Gini коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым
қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр
елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке
алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі
қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар
арасындағы алшақтыққа да таралуда. Сонымен қатар жаһандық теңсіздік
ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық
әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда
монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда,
келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі,
кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша,
байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік
пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе
үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ;
немесе бай және кедей елдер деп бөлу. Мүндай ғаламдық теңсіздікті:
✓ Tрансүлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі
ретінде үлттық бытыраңқылық;

✓ Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың
либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы;

✓ Xалық санының артуы;

✓ Oтарлау және оның теңсіздік мүрасы;

✓ Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу;

✓ Үкіметтік шешімдер;

✓ Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру;

✓ Әділетті бөлістің болмауы;

✓ Сауатсыздық;

✓ Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.

Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі
алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен,
демократиямен, "жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен, гендерлік
сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен
көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен,
қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.
Жаһандануға қарсы қозғалыс
Жаһандану саясатына трансүлттық корпорациялар және жетекші державалар
бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі,
үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация
түжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси
дүшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың
неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға
әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық
мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді.
Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитали зм идеологиясының тығыз
байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары
-П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэк он, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ла руш, Т
.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм
мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл
атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық
қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, түтынушылар қүқын қорғау
қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамдық үйымдарды
біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс
жасайды, олар өз қызметін Интернет арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде:
• "Destroy IMF" - Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін
халықаралық үйым;

• "Friends of the Earth" - желілік экологиялық қауымдастық;

• "Transnational" - Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп,
олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы
халықаралық үйым;

• "Peoples Global Action" - Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде
сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;

• "Inpeg" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық
акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың
үйымдастырушы комитеті.

Жаһандану үлгілері
Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі
әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың
ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері
ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі,
жаһанданудың жемісін өздері көретін трансүлттық корпораңиялардың және
дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен
кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк
мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және
темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6%
түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың
неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін
күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың
пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға
бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның
институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін
кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын
жеңуге жұмылдыру керек.

1.2 Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың маңызы
Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше
маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен
әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең
көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу
мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI
ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін
мәселесін өршіте түсті деп көрсетті. Сондықтан да жаһанданудың бірқатар
үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді.
Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру,
мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған
жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған,
былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың
табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның
нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны
қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз
бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады.
Сонымен, қазіргі әлемді демократияландыру социумның негізгі элементттерін
иерархиялық тұрғыдан ауыстыра отырып, ішкі және сыртқы саясатта негізгі
ережелерге бағынуды талап етеді. Осы иерархияда алғашқы орынға адам
тұлғасы, екінші орынға – қоғам көтеріледі, үшінші орынды мемлекет иемденіп,
жеке адам мен қоғамның мүдделерін қорғайтын қалқанға айналады. Әлемдік
істерде елеулі орынға ие болғысы келетін кез келген ел бүгінгі күнде осы
иерархияны қатаң сақтауға мәжбүр. Сыртқы ортаны демократияландыру ешкімге
де адам құқықтарын аяқасты етуге, оның нормаларын бұрмалауға мүмкіндік
бермейді. Әлемнің ешбір мемлекеті өз ішінде бір саясатты қолданып, оның
аумағынан тыс жерде келесі саясатты қолдана алмайды. Мәселені келесі
жағынан алғанда, егер сыртқы жағдай ескерілмейтін болса, ұлттық даму
стратегиясын қалыптастыру мен дамыту бойынша қандай шаралар қолданылмасын,
бәрібір олар бүкіләлемдік жаһандық үдерістер легіне және қаржы, өндірістік,
әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. салалардағы үдерістер әсеріне
ұшырайды. Жаһандану, сонымен, ішкі және сыртқы саяси шекаралар пердесін
сыпырып алып тастайды.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтар әлемдік экономикалық кеңістікті
қалыптастыруға алып келетін экономикаландырудың қатаң қыспағына ұшырайды,
ұлттық оқшаулануға негізделген ұлттық даму ерекшеліктеріне қауіп төндіреді,
сондықтан осы қалыпnасып келе жатқан кеңістікке интеграциялану – ұлттық
мүдделерді қорғаудың тиімді тәсілі болып келеді. Интеграциядан бас тарту –
бұл толыққанды дамудан бас тарту деген сөз. Әлемдік экономикалық
кеңістіктің бір бөлігіне айналмай, ешбір қоғам бәсекеге қабілетті бола
алмайды. Бұл фактор ұлттық дамуды қамтамасыз етуде геосаяси және
геостратегиялық тетіктерге қарағанда, геоэкономикалық тетіктердің басым
екендігін көрсетеді, өйткені атап айтқанда, осы геоэкономика әлемдік
дамудың негізгі парадигмасына айналады. Алайда, мұндай интеграция бірқатар
жағдайларда ұлттық ерекшеліктерді жоюға, экономикаландыру барысында оның
сіңісіп жоқ болуына әкелуі де мүмкін.
Бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік ретінде қалыптасатын ақпараттандыру
ғаламдық желілік қоғам орната отырып, адамдарға бүкіл рухани иігіліктер мен
материалдық байлықтарға жол ашады, интеллектуалды ресурсын молайтады, соның
арқасында тұрақты дамуға негіз болатын барлық ресурстарға жол ашылады.
Басқа жағынан қарастыратын болсақ, ақпараттық технологиялар шексіз игілік
көзі болып табылмайды: олар мемлекетаралық қарсы күрес аясында ақпараттық
құралдармен өте жақсы қаруланған мемлекеттер тарапынан ішкі және сыртқы
саясатқа қатты әсер ететін жаңа тиімді тетіктерге айналады, соның
салдарынан ұлттық құндылықтарға қауіп төнетін болады. Сонымен қатар
жаһандық ақпараттық ағындар ұлттық ерекшеліктерді жоюға әкеледі.
Мәдени стандарттау ақпараттық ашықтықтың белгілі бір дәрежедегі салдары
бола отырып, бір кездері тұйық болып келген мәдени ерекшеліктер арасында
дүмпу тудырады. Өте күшті заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен
жаһандану түрлі мәдениеттер арасындағы бұрын мызғымас болып саналып келген
қағидаларды бұзып жарады. Бұл иірімде қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі
әлемге бейімделуге қабілетті мәдениеттер ғана аман қалады. Мұның жарқын
үлгісі – жапон мәдениеті. Қарама-қайшы мысал ретінде мәдени біріздендіру
қыспағына төтеп бере алмаған испан, мексикан, түрік, аргентин және т.б.
мәдениеттерді атауға болады. Жаппай мәдени жаһандану бұл жағдайларда ұлттық
ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты, мұнда тек мәдени
фольклор ғана аман қалып қойды: испан корридасы, түрік исламы, мексиканың
асханасы, аргентинаның тангосы. Барлық осы жағдайларда жаһандану ұлттық
ерекшеліктердің мәдени өзектерін талқандай алды, осы елдердің азаматтарын
әлем азаматы атандырды. Олардың кебін киюге әрең тыныс ала отырып шығыс
және Орталық Еуропа елдері (Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария,
Румыния), Балтық елдері дайын тұр. Кезекте – Ұлыбритания, Франция,
Германия. Олар әлі де болса қарсыласып бағуда, өйткені олардың тарихи
мәдениеті өте тереңнен нәр алады. Бұл мәселеде шағылмайтын жаңғақ кейпін
танытып тұрғандар – сан ғасырлар бойы мәдени тарихи дәстүрлерге ие болған
Қытай, Үндістан мен Ресей. Алайда, оларға сүйсіне қараудың қажеті жоқ, егер
олар құлаштап дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуді бастамаса,
жаһандану оларды да жайпап салады. Осы күнге дейін осы үш мәдениет қана
өздерінің жоғары бейімделгіштік қасиетін танытып келді. Осы үш мәдениет
қана басқа мәдени стандарттарды тықпалауға ұмтылған өзге мәдениеттермен
ілініскен кезде өздерінің ұлттық, соңынан барып саяси бейісмделу
қасиеттерін тиімді жүзеге асыра білді.Егер атап көрсететін болсақ: Үндістан
британ мәдениетін өзіне бейімдеп алды; Ресей либералдық және коммунистік
батыс жобаларын өз бойына сіңістіре білді; Қытай советтік үлгідегі
коммунизмді өз ыңғайына келтірді, ал қазір керек десеңіз, ол батыстың
экономикалық либерализмі мен американың мәдени жаһандануын да өз ырқына
бағындырып келеді.Бұл дегеніміз, осы үш мемлекет жаһандану ықпалына
ұшырамайды дегеyut кепілдік бермейді. Ұлттық құндылықтарды сақтап қалу
шайқасы әлі де болса алда күтіп тұр. Бұл үшін олар жаһандануға қарсы
тұрарлық аса қуатты әрі сенімді ұлттық жобалар ұсынуы тиіс.
Ұлттық құндылықтарды әмбебаптандыру. Бұқаралық ақпараттық технологиялар
көмегімен ( алғашқы кезекте телевидения мен Интернет) ол батыстың даму
моделін, соған сәйкес ретте батыстың құндылықтарын көрнекі ретте көрсетіп
келеді: жеке бостандық, адам құқығы, демократиялық механизм, нарықтық
экономика, құқықтық мемлекет, азаматық қоғам және т.б. Қалай болғанда да,
осы құндылықтарға арқа сүйеген елдер көш бойы озып шығып, арқа сүйемеген
елдер кейін қалып қойды. Алайда, бұл дегеніміз, ұжымшылдық, мемлекеттік
патернализм, авторитарлық (кейде тоталитарлық) басқару тетіктері,
экономикалық өмірдегі мемлекеттік дирижизм және т.б. жаһандану дәуірінде
түкке аспай қалады дегенді білдірмейді.
Жапон Өнеркәсіптік университетінің профессоры К.С.Итоның пайымдауынша,
әлемдік жүйе жеке ерекшеліктерден әмбебап құндылықтарға қарай жол тартып
барады. Америкалықтар шектен тыс индивидуалистер болғандықтан, — олар үшін
жаһанданудың салдарлары орны толмас өкінішке әкеліп соқтырады.Сонымен,
ұлттық құндылықтар үшін, ұлттық ерекшеліктер үшін жаһанданудың салдарлары
қарама-қайшы пайымдаулардан тұрады. Ол дамудың бұрын-соңды көз көріп, құлақ
естіп көрмеген мүмкіндіктеріне ие. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
сатысында тұрған Қазақстан үшін осы айтылған жағдайлардың барлығы да
маңызды болып келеді.

2 Қазақстан және жаһандану

2.1 Қазақстан жаһандану дәуірінде
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және
коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас
экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың,
адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы шекараларсыз әлем
тұжырымдамасының негізіне айналды.
Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?
Бірінші кезекте, бұл тараулардың елдер мен экономика секторлары
арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі
үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Жаһандану жолындағы екінші қадам
капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы соңғы 20-жылдарда дамушы елдерге
тікелей шетелдік иневестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Үшіншіден,
адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері
жүріп жатыр, Батыс елдерінде, әсіресе Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға
мигранттар ағыны күшейді. Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі
халықаралық валюта рыногтарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы
болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш ревоюцияны: реттеудің алынып
тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.
Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы
жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады. Интернеттің,
электрондық поштаның, халықаралық телефон қызметтерінің, ұяля телефон мен
электрондық конференциялардың қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола
түсті.
Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет-таяудағы 10 жылда елімізді
әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя
отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың
жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.
Бұл үрдістер қандай екен?
Әлемдік деңгейдегі өте маңызды технологиялар шоғырына ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар, қасиеттері алдын-ала белгіленген жаңа
материалдардың алынуы, биотехнологиялар, энергия үнемдеу, энергияның
баламалы көздерін жасау жатқызылады.
Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады.
Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру
ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте
мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады.
Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасының жеке тұлғаны дамыту
тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық
интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік
басымдық категориясына өтуде.
Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде
маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және
гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер
жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер
ерекше рөл атқарады. Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты
білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын
элиталық университеттер қажет. Осы тәжірибені ескере отырып, Астанада
халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім қабылданды. Уақыт
өте келе Алматыда да жаңа унивесритет құру жоспары бар. Елдің осындай
деңгейге көтерілуге қабілетті қазіргі бар аса университеттердің әлеуетін
зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық
технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс.
Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио
институттарының әлемдегі үздік институттарға айналуына мүмкіндік берді.
Барлық жоғары оқу орындарында математикалық бағыттағы қолданбалы
кафедраларда дәріс беру деңгейін сапалық тұрғыда өзгерту керек.
Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инженерлер,
экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс.
Әлемдік практика көрсеткеніндей, кадрлардың математикалық әзірлігінің
жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз етеді.

2.2 Жаһандану үдерісі және қазақ ұлты
Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық
жəне адамзаттық деген ұғым-түсініктердің маңыздылығы арта түсуде. Себебі,
қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш
тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлер мен
экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, қырғиқабақ соғыс, қарулану жарысы
үдерістері жаңа арнаға ұласып, энергетикалық соғыс атын алып, жаңа
тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда. Біздің қоғамда ғылым мен мәдениет
жаһанда болып отырған өзгерістерден, айтыс-тартыстардан тыс, томаға-тұйық
өмір сүру керек деген көзқарастар бар. Өкінішке орай, қазіргі әлемде ондай
томаға-тұйықтық, мамыражай өмірге орын жоқ. Біз қаласақ та, қаламасақ та,
әлем дамудың жаңа сатысына өтіп кетті. Ол мобильді коммуникация заманына
қадам басты. Қазақстан кеңестік жүйеден санасы, ділі, діні әлсіреп шыққан,
отаршылдық саясатқа жүйелі түрде ұшыратылған, мәңгүрттенген мемлекет
болғандықтан, посткеңестік кезеңде жаһандану үдерісі етене енуде. Оған
қазіргі мемлекетіміздің ұстанған ішкі және сыртқы саяси-экономикалық
ұстанымы жол беріп отыр.
Таза гуманистік-философиялық, моральдық тұрғыдан келсек, әлем
азаматы, адамзаттық тұлға деген концепциялар — өте жақсы тұжырымдамалар.
Діни-этикалық тұрғыдан да адамның әр уақытта адам болып қалуы және адам
болуға ұмтылуы — құптарлық іс. Түріміз ұлттық болғанымен, мазмұнымыз
адамзаттық болғаны абзал. Қазақ халқы — болмысынан адамзаттық тұлғаны
қалыптастыруға тырыса-тын, бейбітсүйгіш, адамсүйгіш, жат ұстанымдардан,
нәсілшілдіктен ада халық. Алайда, жаһанданған алпауыт мемлекеттердің
адамзаттық деген моделінің астарында мүлдем басқа дүние жатқаны ақиқат.
Еуропа мен Америка моральдық, гуманитарлық тұрғыдағы жетілген кемел тұлға
концепциясынан гөрі, жаһандық экономика дегенге басты назар аударады. Соңғы
кезеңдері Еуропа мен АҚШ энергетикалық күйзелістерге ұшы-рап отырғандығы,
болашақта да энергетикалық тапшылық тартатыны белгілі. Мұнай өнімдеріне
тәуелділікті жою үшін, бұл елдер түрлі зымиян саясатқа баратыны анық.
Әлемдегі қаншама елдердің отқа оранып, қанға бөгіп отырғаны да сол батыс
елдерінің саясатының жемісі. Мұнайлы деп саналатын мұсылман елдерінде
тоқтаусыз соғыстар мен нахақ қан төгілуінің себебі — мұнай көздерін қолды
ету, баға саясатын қадағалау, пайда көзіне айналдырып, табыс табу. Тіпті
алпауыт Еуропа мен АҚШ-та мұнайлы мемлекеттерді бүЫге-шігесіне дейін
зерттеп, осал тұсын дәл тауып, от үрлеп, кикілжің тудырып, оны үдетіп,
жанжал, соғыс тудырумен арнайы щұғылданатын мекемелер бары да жасырын емес.
Қазіргі таңда орын алып отырған осындай өрескел әрекеттерді көре отырып,
бақайшағына дейін қаруланған бай мемлекеттердің адамзатта тыныштық орнасын
деп ұрандауы, адам адамға дос, туыс, бауыр деген қағидаттарының жел сөз
екендігіне сенбеске амал қалмайтындай.
М.Мырзахметұлының Қазақ қалай орыстандырылды? еңбегі тұңғыш рет 1993
жылы жарық көрген болатын.Кеңестік бұғаудан енді құтылып, Тәуелсіздік алған
жас қазақ елінің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап
беретін бұл еңбек зиялы, ұлтшыл қауым арасында зор құрметке ие болып,
сілкініс тудырды. Зерттеудің негізгі бөлімі Ел қалай орыстандырылды?,
Жер қалай орыстандырылды?, Сана қалай орыстандырылды? деген тарауларға
бөлініп, тарихи құжаттар мен деректер арқылы Ресей империясының, одан
кейінгі оның мұрагері саналған Кеңес өкіметінің түркі халықтарына, оның
ішінде қазақ халқына жүргізген отаршылдық саясаты аяусыз әшкереленеді.
Қазақ елі мен жері кешегі отаршылдық салқынынан, сол саясат қалыптастырған
құлдық санадан әлі де айырыла алған жоқ. Ғалымның 2011 жылы бұл тақырыпқа
қайта келуінің де сыры сонда болса керек. Баяғы жартас – бір жартас
демекші, жеткен жетістіктеріміз болғанымен, ұлттық сана, діл тұрғысында
ілгері дамығандығымыз шамалы.
Ғалым М.Мырзахметұлының шығармашылығының басты ерекшелігі — ғылымға да,
қоғамдық ой-санаға да қатысты пікірлерін білдіргенде, ұлттық мүдде, ұлттық
сана тұрғысынан пайымдайтындығы. Ол үшін ғалымды жазғырып жататындар да
бар. Ғылыми тұжырым ұлттық деңгейден жоғары тұру керек, ғылым әлеуметтік
мәселелер мен саясаттан жоғары болуы абзал деп санайтын нағыз ғалымдардың
әрқашан шоқтығы биік, ауыздары майлы, жылы орынтақта. Ұлт мәселесіне, ел
ертеңіне салқын, самарқау көзқарастардың орға жығып жатқан тұстары жоқ
емес. Шындықты айтайықшы, Қазақ қоғамын кемел қоғам деп айта аламыз ба? Ел
ішінде жан түршігерлік түрлі қылмыстар, азғындық, ата-баба дәстүрінен,
дінінен безу, зорлық-зомбылық, жемқорлық, таныс-тамыршылдық, т.б. тізе
берсең, ұшы-қиыры көрінбейтін түрлі пәлекеттердің салтанат құрып
отырғандығы ақиқат. Бұл да болса, дамыған, адамзатшыл,
адамгершілікшіл, ұстамды, объективті ғылымның, саясаттың жемісі.
Тарихқа көз жіберсек, тек Ресей ғана емес, алпауыт мемлекеттердің бәрі
— даму тарихында басқа қаншама халықтарды қан қақсатқан державалар.
Адамгершілік идея бір басқа да, өмір, саясат — бір басқа. Идеялдағы
адамгершілік, идеядағы адамзаттық бірлік, адамзаттық тұлға, шекарасыз әлем,
әлем азаматы – жақсы адамдардың жақсы ойлары болып қана қалады. Өмірде бәрі
керісінше. Қарамағындағы ұлттар мен республикаларды шырылдатып отырған
Ресей, мұнайлы араб-ислам мемлекеттерін қанға бөктіріп отырған Еуропа мен
АҚШ күні бүгінге дейін соғыс ошақтарын туындатып отыр. Ресей мен Батыстан
әлемге бейбітшілік келетін болса, жер беті жұмаққа айналар еді. Ресей мен
Батыс мемлекеттерінің саясаты мен философиясы байлыққа, пайдаға, билікке,
күшке құрылған. Әлемді, адамзатты бейбітшілікке, татулыққа, мейірімділікке
бастайтын шынайы жол – мұсылман-түркі даналары қалыптастырған, Абай
жетілдірген толық адам жолы.
Алла тағала адамзаттың бәрін бір ұлт қылып, бір тілде сөйлейтін қылып
жаратпағандықтан, қай тілде сөйлейсің, қай ұлттың өкілісің, қай мемлекеттің
азаматысың – сол позицияны ұстап тұру да қазіргі заманда қиынға соғып отыр.
Мүмкін, болып жатқан және болашақта болуы ықтимал табиғаттағы, санадағы
катаклизмдер адамзат санасын мүлдем басқа арнаға бұрар? Ал ол күнге дейін
қазіргі өмір сүріп отырған форма сақталады. Қазақстан мемлекетіне де
алпауыттар тарапынан сыртқы және ішкі іріткілер жасалуы әбден мүмкін.
Идeологиялық экспанцияға әзірге қауқар көрсете алмаудамыз. Болашақ
бұлыңғыр. Адамзаттық тұрғыда дамуымыздың түрі ұлттық болғанымен, мазмұны
адамзаттық болатындығын ескерсек, ғылым мен мәдениетімізде де, саясатымыз
бен экономикамызда да қорытынды шығаратын дүниелеріміз аз емес. Қазақ
қалай орыстандырылды? еңбегінде түрік халықтарының интеграциясына көп
көңіл бөледі. Түрік халықтарының интеграциялануының бірден-бір құралы —
латын әліпбиіне көшу мәселесіне тоқталып, ұлттық санамыздың оянуына кедергі
болып отырған мемлекеттік тіл, аралас мектептер жайын арнайы талдайды.
Жаһанданып жатқан дүниедегі аласапыран арпалыста ең маңыздысы — ұлттық
позиция. Ұлтымызды сақтау арқылы ғана біз бармыз, ұлттығымызды сақтау
арқылы ғана біз адамзаттық асқар ойдың заңғар биігіне көтеріле аламыз.
Ғалымның ұсынар кредосы: Ұлтым бар жерде мен бармын, ұлтым жоқ жерде мен
жоқпын, — деген қағида. Ғалым ойлары діттеген жерлеріне жетіп, саналарды
сілкінтіп, дұрыс шешімдер қабылдануына септігін тигізер деп сенеміз.
Бүгiнгi заманғы әлемде “дау-жанжалдардың негiзгi көзi ендi идеология да,
экономика да болмайды... Адамзатты бөлетiн аса маңызды межелер мен дау-
жанжалдардың төркiндерi ендi мәдениет арқылы белгiленетiн болады”
Жаһанданудың қазiргi заманғы қоғамдарға экономикалық, әлеуметтiк және
мәдени тұрғыда тiкелей жаңа серпiн беретiнi баршаға аян. Экономикалық
саланың ауқымына сыймайтын осы феномен елдердiң өзара қарым-қатынасын
күшейте отырып, сәйкестiк пен мәдени саналуандық проблемасына тiкелей ықпал
етiп, бiзге бұрын белгiсiз болған алапаттар мен соларға шара қолданудың
жаңа тәсiлдерiн табуды талап етедi.
Бiрқалыпты және белгiлi стандартты мәдени үлгiлердi бүкiл әлем бойынша
тарату осы заманғы мәдени жаһанданудың тiкелей салдарына айналып отыр.
Бұған бiрқатар факторлар себеп болды, солардың iшiнде мәдени ықпал жасау
мен қарым-қатынас үшiн шекаралардың ашықтығы, бұқаралық ақпарат
құралдарының, әсiресе ғаламды “виртуалды деревняға” айналдырған
телевизияның теңдессiз әсерi, және ең соңында, адамзат баласының бұрын-
соңды болмаған әлеуметтiк жұмылғыштығының ауқымдарын атап кеткен жөн.
Осының нәтижесiнде мәдениеттердiң ассимиляция мен басқа мәдениетке сiңiп
кету қаупi төндi.
Жаһандану процестерi мiндеттi түрде бiрыңғай (бiртұтас) мәдениет құруды
талап етпесе де, зерттеулер көрсеткендей ол, космополиттi және мәдени
бiркелкiлiктi, бұқаралықты, ұлттық мәдениеттердiң, әсiресе әлемдiк аренада
бекiп үлгермеген, басым емес мәдениеттердiң шекараларын жою үрдiсiн енгiзiп
отыр. Мұндай жағдайда мәдени жаһандану әсiресе бiздiң мәдениетке қауiп-
қатер тудыруы әбден мүмкiн. Бiрақ бұл жаһандануды терiске шығаруды емес,
керiсiнше, оған сын көзбен қарай отырып, “бiраз” өзгертулер мен түзетулер
жасауды меңзейдi. 
Осыған байланысты, жаһандану “хаосын” бақылау тетiгiнiң бiрi ретiнде
мәдениеттердiң ерекшелiгiн әлеуметтiң танып-бiлу, яғни олардың өзiндiк
ерекшелiктерiн, қайталанбас өзгешелiктерiн әйгiлеуi заңды құбылыс және бұл
кездейсоқ процесс те емес. Бұл мәдени өзiндiк оқшаулануды немесе “мәдени
гетто” жасауды бiлдiрмейдi, өйткенi әрбiр ұлттық мәдениетте барлығына ортақ
базалық гуманистiк құндылықтар негiзделген. Оның үстiне, жаһандану мәдени
мұра туралы ғаламдық ауқымда да, сондай-ақ жергiлiктi ұлттық ауқымда да
бiлiм мен ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi. Сондықтан ұлттық
мәдениет жаһандану мұхитының иiрiмiне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымды әсері
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Мәдени жаһанданудың қазақ халқының ұлттық кодына әсері
Жаһандану кезінде мәдениеттің әмбебаптық үлгісі саналатын американдық мәдениетке ұрынбау үшін не істеу керек
Жаһандану туралы мәлімет
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
Пәндер