Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызды тиімді басқаруды жетілдіру жолдары



Мазмұны

Кіріспе 3

1 Мемлекеттік бюджет пен қарызды басқарудың теориялық негіздері

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі 5
1.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы, қағидалар мен қалыптасуы 13
1.3 Мемлекеттік қарыздардың қалыптасуы және оны басқарудың объективті қажеттілігі 24

2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды талдау
2.1 Қазақстан Республикасы бюджет құрылымының кірістері мен шығыстарын талдау 32
2.2 Алматы қаласы Әуезов ауданының экономикалық.қаржылық жағдайын талдау барысы 40
2.3 Қазақстан Республикасының сыртқы қарыздарын басқару 47

3 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Нәтижеге бағытталған бюджет . бюджет жүйесін басқару тиімділігін арттыру ретінде 57
3.2 Мемлекеттік қарызды басқару жолдары 65

Қорытынды 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 71
Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Бюджет экономикада маңызды рөлді атқарады, ол арқылы таза ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге, жалпы ұлттық өнімнің құрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.
Мемлекеттік бюджет – еліміздің қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырады.
Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының құрылуымен байланысты қаржы қатынастарын, бюджет тапшылығын жабуға жұмсалған мемлекеттік кредитті, жинақталған мемлекеттік борыштың (ішкі жəне сыртқы) сомасын көрсетеді; арнайы бюджеттен тыс қорлар қоғамдық тұтынуды нысаналы қаржыландырудың қосымша нысаны ретінде болады.
Олар экономиканың әлеуметтік-мәдени шараларын қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарының қызметін жүзеге асыруға, жергілікті бюджеттерді қаржылық қамтамасыз етуге, мемлекеттік борышты өтеуге, оның материалдық және қаржы резервтерін қалыптастыруға және басқаларға бағытталады.
Осы аталғандар мемлекеттік бюджет мәселесінің ел экономикасында қашанда өзекті мәселенің бірі болатындығына дәлел. Еліміз тәуелсіздігін алған сәттен мемлекеттің бюджеті жөнінде туындаған сан алуан сұрақтар оның өзектілігін күшейтіп, ғалымдардың ерекше көңіл қоя зерттеген объектісіне айналды. Бюджеттің табыс көздерін қалыптастыру үшін еліміз тәуелсіздіктің алғашқы 5 жылдығында сыртқы қарыздарға да жүгінгені мәлім. Осы басты екі мәселеге өз еңбектерін арнаған ғалымдарды атау жөн, олардың қатарында Искаков Ұ.М., Ж. Елубаева, Қарақұсова, Адамбекова А.А. И.Шалабаев, К.Б.Бабагулов, В.Нагай бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік бюджет пен қарызды тиімді басқару мәселелерін талдау болып табылады. Осыған сәйкес келесідей міндеттер қойылады:
 мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлін негіздеу;
 бюджеттің шығындары мен табыстарының құрылымын талдау;
 республика аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру мақсатында берілетін жалпы сипаттағы ресми трансферттерді талдау, оларды сипаттау;
 бюджет деңгейлері арасындағы қатынастар механизмін қарастыру;
 мемлекеттік қарыз мәселелерін зерттеп, оларды басқаружы жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың пәні – мемлекеттік бюджет пен оның қарызын басқаруды жүзеге асыру барысындағы қалыптасатын қатынастар.
Дипломдық жұмысының объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 С.М.Омирбаев, С.Ж.Интыкбаева, А.А.Адамбекова. Государственный бюджет. Учебник. Алматы, 2011.
2 С.М. Өмірбаев. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Астана: «Сарыарқа» ЖҚ, 2007.-488с.
3 Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен //www.minplan.kz
4 Бюджетный Кодекс РК. От 24.04.2004г.
5 Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики. Москва, Юристъ, 1999 г.
6 Закон РК "Об объемах официальных трансфертов общего характера между республиканским и областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на 2005-2007 годы" // Казахстанская правда, 16.11.2004г.
7 Жуйриков К.К. Бюджет: составление, утверждение, исполнение. Алматы, 2003г.
8 Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: А: Экономика, 2006 ж. – 6 б.
9 www.nationalbank.kz
10 www.minfin.kz
11 «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы № 96-IV Заңы.
12 «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5 Заңы
13 «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы
14 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы – Казахстанская правда, 2008
15 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы// Қазақстан Республикасының ПҮКЖ, 2007 ж., № 10, 115-бап; 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 54 «Казахстанская правда» (25299).
16 Қазақстан Республикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы Заңы.
17 Попова В.Г. Государственный кредит и госдолг. Оқу құралы. Ростов-на-Дону, 2008.
18 Мельников В.Д. Қаржы. Оқулық, Алматы, Экономика, 2010.
19 Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру Концепциясы. ҚР Үкіметімен 2003 жылдың 10-шы ақпанында мақұлданды // САПП РК. - 2003. №7.
20 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Қазақстанның әлемнің бәсеке қабілетті 50 елінің қатарына ену Стратегиясы»// Казправда, 02.03.2006ж.
21 Елубаева Ж. Межбюджетные отношения: состояние и направления реформирования (теория и опыт отдельных стран). Алматы. 2002.
22 Қазақстан Республикасының 2012–2016 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық даму болжамы. Аубакиров Ж., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. 2004ж, Алматы. – 450 б.
23 Мысляева И.Н. Государственные и муниципальные финансы:
учебник. –М.:Инфра М,2007.–360с.
24 Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., Саханова А.Н. Планово–финансовые механизмы государственно регулирование экономики. – Алматы: Экономика, 1998. – 208 с.
25 Қазақстан Республикасының Президенті, Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»,2012.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет.
Кіріспе
3
1 Мемлекеттік бюджет пен қарызды басқарудың теориялық негіздері
1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
5
1.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы, қағидалар
мен қалыптасуы 13
1.3 Мемлекеттік қарыздардың қалыптасуы және оны басқарудың
объективті қажеттілігі 24
2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды талдау
2.1 Қазақстан Республикасы бюджет құрылымының кірістері мен
шығыстарын талдау 32
2.2 Алматы қаласы Әуезов ауданының экономикалық-қаржылық
жағдайын талдау барысы 40
2.3 Қазақстан Республикасының сыртқы қарыздарын басқару 47
3 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру
жолдары
3.1 Нәтижеге бағытталған бюджет – бюджет жүйесін басқару
тиімділігін арттыру ретінде 57
3.2 Мемлекеттік қарызды басқару жолдары 65
Қорытынды 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 71

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Бюджет экономикада маңызды рөлді атқарады,
ол арқылы таза ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге, жалпы ұлттық
өнімнің құрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.
Мемлекеттік бюджет – еліміздің қаржы жүйесінің басты буыны болып
табылады. Ол елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық
меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және
ішінара халықтың табысы жұмылдырады.
Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының
құрылуымен байланысты қаржы қатынастарын, бюджет тапшылығын жабуға
жұмсалған мемлекеттік кредитті, жинақталған мемлекеттік борыштың (ішкі жəне
сыртқы) сомасын көрсетеді; арнайы бюджеттен тыс қорлар қоғамдық тұтынуды
нысаналы қаржыландырудың қосымша нысаны ретінде болады.
Олар экономиканың әлеуметтік-мәдени шараларын қаржыландыруға, елдің
қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарының қызметін
жүзеге асыруға, жергілікті бюджеттерді қаржылық қамтамасыз етуге,
мемлекеттік борышты өтеуге, оның материалдық және қаржы резервтерін
қалыптастыруға және басқаларға бағытталады.
Осы аталғандар мемлекеттік бюджет мәселесінің ел экономикасында қашанда
өзекті мәселенің бірі болатындығына дәлел. Еліміз тәуелсіздігін алған
сәттен мемлекеттің бюджеті жөнінде туындаған сан алуан сұрақтар оның
өзектілігін күшейтіп, ғалымдардың ерекше көңіл қоя зерттеген объектісіне
айналды. Бюджеттің табыс көздерін қалыптастыру үшін еліміз тәуелсіздіктің
алғашқы 5 жылдығында сыртқы қарыздарға да жүгінгені мәлім. Осы басты екі
мәселеге өз еңбектерін арнаған ғалымдарды атау жөн, олардың қатарында
Искаков Ұ.М., Ж. Елубаева, Қарақұсова, Адамбекова А.А. И.Шалабаев,
К.Б.Бабагулов, В.Нагай бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік бюджет пен қарызды тиімді
басқару мәселелерін талдау болып табылады. Осыған сәйкес келесідей
міндеттер қойылады:
– мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлін негіздеу;
– бюджеттің шығындары мен табыстарының құрылымын талдау;
– республика аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін
теңестіру мақсатында берілетін жалпы сипаттағы ресми
трансферттерді талдау, оларды сипаттау;
– бюджет деңгейлері арасындағы қатынастар механизмін қарастыру;
– мемлекеттік қарыз мәселелерін зерттеп, оларды басқаружы
жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың пәні – мемлекеттік бюджет пен оның қарызын басқаруды
жүзеге асыру барысындағы қалыптасатын қатынастар.
Дипломдық жұмысының объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджет жүйесі.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі мен ақпараттық
базасы танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған мемлекеттік
бюджет пен мемлекеттік қарызды басқару проблемаларына қатысты теориялық
және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық
жұмыстарға, аналитикалық материалдарға, статистикалық мәліметтерге,
Үкіметтің ресми бағдарламалық құжаттарына, Қаржы министрлігінің деректеріне
сүйенеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде мемлекеттік бюджет пен оның
борышын басқару маңыздылығы мен қажеттілігі туралы зерттеу барысында қол
жеткізілген тәжірибеге керекті ұсыныстар жасалғаның айтуға болады.Жұмыстың
ғылыми жаңалығы келесі нәтижелер болып табылады:
мемлекеттің бюджетті басқару оның заңдылықтарымен бірге байланыста
зерттелінді;
мемлекеттің қарызын тиімді басқару жолдары мен қағидалары нақтыланды;
мемлекеттік бюджет мәселесін қарастыра келе,нәтижеге бағытталған бюджеттін
қажеттілігі негізделді;
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды қарастыруда,ол толықтай
талданды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 10 сурет пен 7 кесте бар.
Бірінші тарауда мемлекеттік бюджет пен оның маңызы, экономикалық рөлі,
инвестиция мен оның сипаттамасы, оны мемлекеттік реттеу қажеттілігі,
құрылымы мен қағидалары, бюджеттің қалыптасу көздері, мемлекеттік қарыз
мәселесі жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылған.
Диплом жұмысының екінші тарау республикамыздың мемлекеттік бюджет
жүйесінің басқару барысы, кірістер мен шығындар құрылымы, олардың
арақатынасы мен мемлекеттік қарызды басқару барысы зерттеліп көрсетілген.
Үшінші тарау нәтижеге бағытталған бюджет жүйесі, оның стратегиялық
маңыздылығы, бюджетті басқару проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныс-
қағидаларға арналған.
Қорытынды бөлімде дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелер
мен барынша маңызды тұжырымдар жинақталып, қорытындыланды.

1 Мемлекеттік бюджетті және қарызды басқарудың теориялық негіздері

1. Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Нарықтық қатынастар бюджетті басқару жөніндегі мәселеге жаңаша
көзқарастың қажет екендігін айқындайды. Бюджет нарықтық қатынастардың
құрамдас бөлігі және сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырудың
құралы болып табылады.
Бюджет (ағылшынның budget – ақша сөмкесі деген мағынада) – мемлекеттің,
мекеменің, ұйымның кірістері мен шығыстарының жазбасы. Бюджет –мемлекет,
аумақ, кәсіпорын немесе отбасы болсын, кез келген экономикалық субьектіде
болатын қаржы ресурстарының жиынтығы. Сонымен бірге, бюджет экономикалық
субьектінің белгілі бір кезең аралығындағы, көбінесе бір жылдағы кірістері
мен шығыстарының арақатынасы, олардың осы уақыттағы түсуі мен жұмсалуын
бейнелейтін ақша құралдарының балансы болса, ақша сөмкесінің ішіндегі ақша
құралдарының барлығын немесе тапшылығын, оның толтырылу мен босатылу
қарқынын, ақшаның келу мен жұмсалу бағыттарын, кірістер мен шығыстар
арақатынасын анықтайды.
Бюджет түсінігінің анықтамасы Бюджеттік жүйе туралы Қазақстан
Республикасының заңында келесідей:
Бюджет – бұл салықтар, жиналымдар, басқа да міндетті төлемдерден,
капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін табыс, салықтық емес және
заңда көрсетілген басқа да түсімдер есебінен құралатын және мемлекеттің өз
қызметтерін орындауын қамтамасыз етуге арналған, заңмен бекітілген,
жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қоры.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты екендігі белгілі қағида. Осы қаржы жүйесін тиімді басқару және
жоспарлау мәселесі кез-келген мемлекет үшін өзекті әрі күрделі мәселелер
қатарына жатқызылады [1,б.96].
Институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің
жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-
бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы. Жалпы алғанда қаржы
жүйесінің басты буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Елдің бюджет қорын әзірлеу мен пайдалану жөніндегі бюджеттік
қатынастардың жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымын құрайды. Экономикалық мәні
жағынан мемлекеттік бюджет – мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға
арналған бюджет қорын әзірлеу мен пайдалануға байланысты ұлттық табысты
қайта бөлу жөніндегі мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын
ақша қатынастары. Бюджеттің көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын
экономикалық және әлеуметтік дамуға шоғырландыра алады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
объективті сипатта болады. Оның экономикалық мазмұны мен мәні мемлекеттің
мәні мен оның атқаратын функцияларына байланысты. Объективті бөлу
қатынастарының экономикалық нысаны бола отырып, қоғамдық айрықша арналымды
орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.
Оны бөлудің дербес саласы ретінде болуы қоғамдық өндірістің дамуымен тиісті
орталықтандырылған ресурстар қажеттілігімен обьективті түрде анықталады.
Ақша құралдарын орталықтандыру жалпы экономиканың қызметін қамтамасыз
ету үшін бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымын
ұйымдастыру үшін қажет. Құндық бөлудің арнайы бюджеттік саласының болуы
мемлекеттің табиғатымен және қызметімен анықталады. Мемлекет басыңқы
салаларды, бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізуді,
қорғаныстық нышандағы міндеттерді шешуді, мемлекеттік басқарудың жалпы
шығындарын жабуды қаржыландыру үшін орталықтандырылған қаржыны талап етеді.
Осылайша, мемлекеттік бюджеттің болуы адамдардың субъективті еркінің
нәтижесі емес, кеңейтілген ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің
табиғаты және қызметтерімен анықталған обьективті қажеттілік [2,б.110].
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категорияларына тән қызметтерді атқарады – бөлушілік және бақылаушылық. Осы
тұрғыда Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі бюджеттің орны мен рөлін сызба
түрінде беруге болады (сурет 1).

Сурет 1 – Қазақстанның қаржылық жүйесі

Бұл қызметтердің әрекеті бюджеттік қатынастардың ерекшелігімен
анықталады. Сонымен бірге, мемлекеттік қаржының негізгі буыны ретінде
бөлушілік қызмет шеңберінде мемлекеттік бюджет қосалқы қызметтерді
атқарады, орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу және тұрақтандыру. Кез-
келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаны жүзеге асыру
экономикаға, әлеуметтік ортаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор
қаржы жұмсауды талап етеді. Бұл тұрғыда бюджет – мемлекеттің өз міндеттерін
жүзеге асыруға арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар
мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен құрылатын
орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Экономика дамуының қазіргі
кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық
өндірістің қажетті қарқыны мен пропорциясын қамтамасыз етуге, оның салалық
және аумақтық құрылымын жетілдіруге қол жеткізуге, экономика салаларының
бірінші кезектегі даму бағдарламаларына қажетті көлемдегі қаржыны
қалыптастыруға, ірі әлеуметтік бетбұрыстарды жүргізуге мүмкіндік береді
[3,б.45].
Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің айрықша саласы ретінде келесі
белгілермен анықталады:
жиынтық қоғамдық өнімнің құнының бір бөлігін мемлекеттен оқшаулаумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты;
құнды құру мен өнімді тұтыну үдерісін жүзеге асыратын материалдық
өндірістің қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
қаржыдан ерекшелендіретіні,құнды ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтары,
экономика секторлары, қоғамдық қызметтің салалары арасында қайта бөлуге
арналған.
тауарлық нысандағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен байланыссыз құндық бөлудің
кезеңін анықтайды және одан тәуелсіз жүзеге асырылады, ал материалдық пен
өндірістік емес салаларда қаржылық қатынастар тауар- ақшалық саламен тығыз
байланысады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттік шығындар, мемлекеттік займдар және тағы да басқалары өзінің
шоғырланған көрінісін табатындықтан, мемлекеттік бюджетті мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде де сипаттауға болады.
Меншік нысандарының көптүрлілігі шаруашылықтың болжамдық- жоспарлық
жүргізілуін қарастырады, ол бюджеттік қатынастардың қызмет етуінің осындай
нысанын анықтайды.
Бюджеттік байланыстардың тұрақты белгісі, мемлекеттің ақша құралдарының
орталықтандырылған қорының қозғалысының жоспарлы нысаны бюджеттік
байланыстардың тиісті қаржылық құжатта – елдің негізгі қаржылық жоспарында
бейнеленуіне алып келеді. Онда мыналар көрсетіледі:
бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлуші үдерістер;
негізгі қаржылық жоспардың кірістері мен шығыстарының ерекше баптары;
мемлекеттің ақша құралдарының орталықтандырылған қорының қалыптасу көздері
мен пайдаланылу бағыттары.

Сурет 2 – Бюджеттің функциялары

Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлық қызметінің өнімі болып
табылады, онда қоғамның барлық мүшелерінің мүддесін көрсететін мемлекеттің
еркі анықталған. Елдің негізгі қаржылық жоспарының көрсеткіштері республика
парламентінің жыл сайынғы қабылдайтын Республикалық бюджет туралы Заңына
сәйкес орындалуы тиіс.
Бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол
экономикаға бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осыдан көрінеді.
Экономиканы реттеу ақша құралдарының орталықтандырылған қорының сандық
өлшемдерін белгілеу, оны құрау және пайдалану нысандарын, әдістерін ретке
келтіру, бюджеттің қалыптасу мен орындау үдерісінде қаржы ресурстарын қайта
бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік бюджет түсінігінің көптүрлілігі оның келесі
құрамдас бөліктерде түсіндірілуіне алып келеді:
– салыстырмалы түрде жеке дербес экономикалық категория ретінде;
– мемлекеттің ақша құралдарының орталықтандырылған қоры ретінде;
– экономикаға әсер ету құралы ретінде ( бюджеттік тетік арқылы);
– мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде;
– қоғамның барлық мүшелері және бюджеттік қатынастың барлық қатысушылары
орындауға міндетті заң ретінде.
Қоғамның ұдайы өндірісіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен,
мемлекеттік бюджеттің көмегімен ( шығыс бөлігі) ұлттық табыстың шамамен
30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы ұлттық өнімнің 10% бөлініп, қайта
бөлінетіндігімен анықталады. Ол ұлттық шаруашылықтың түрлі салалары
арасында, өндіріс секторлары, экономикалық аудандар мен ел аумақтарының
арасында ақша құралдарын бөледі.
Мемлекеттік бюджет экономикаға жалпы әсер етеді, себебі ол бүкіл ұлттық
шаруашылықтың бюджеті. Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында
үлкен рөл атқарып, оның өсуінің ынталандырушысы ретінде болады.
Дегенмен, осы бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар
оның әр түрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіреді. Мәселен,
классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне
келесідей анықтама береді:
Бюджет жүйесі кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-
экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл
жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық
және басқа да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады.
Мемлекеттің бюджет жүйесінің құрылымы, оның мемлекеттік құрылымына
тәуелді. Унитарлы құрылымдағы мемлекеттерде бюджет жүйесі екі деңгейлі
болып келеді – мемлекеттік және жергілікті (аймақтық) бюджеттер,
федеративті мемлекеттік құрылымы бар елдерде (Ресей, АҚШ, Германия, т.б.)
аралық буындар – штаттар, жерлер және оларға сәйкес әкімшілік
құрылымдарының бюджеті [4,б.87].
Бюджет жүйесіне мынадай да анықтама беруге болады: Экономикалық
қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген
арақатынасы бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы.
Заң тұрғысында бюджет жүйесі – берілген мемлекет аумағында қызмет
ететін, әр түрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырылады.
Отандық оқымыстылардың көзқарастары да осындай. Мәселен, Бюджет жүйесі
бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық
және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және
басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді.
Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды.
Бюджет жүйесі – оның түрлерін басқарудың түрлі әдістері мен тәсілдерін
қолдану негізінде бюджеттердің әзірленуін, талқылануын, бекітілуін, жүзеге
асырылуын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа
да басқару органдары болып табылады.
Сонымен қатар, қаржылық ойдың тұрақты дамуымен байланысты өзгертулер
мен толықтыруларды енгізуді ескере отырып, В.Д. Мельников өз еңбектерінде
Бюджет жүйесі – бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке
дербес бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады.
Шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық
мәнін ашатын теориялық зерттеулер негізінде келесідей тұжырым жасауға
болады: кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекет
құрылымына сәйкес негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің
барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады.

Сурет 3 – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшелерге
немесе деңгейлерге бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, оның негізі – елдің
мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: біріншісі,
басқарудың екі буынды жүйесімен (орталық және жергілікті буын)
қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық,
федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет.
Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген,
билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады.
Біздің елімізде бюджет жүйесінің сызбасы мынадай (сурет 3).
Елдің унитарлы немесе федеративті басқару формасына, мемлекеттік
құрылымына байланысты бюджет құрылымы мен оның негізі, элементтері де
өзгешелеу болатынына келесі сурет дәлел болады (сурет 4).

Сурет 4 – Бюджет құрылысы: негіздері, түрлері мен элементтері

Біздің мемлекетіміздегі Конституциялық құрылымның негіздеріне және 2005
жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің
6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ұйымдастырушылық
түрде республикалық және жергілікті деңгейлерге бөлінеді. Мемлекеттік
бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем
операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық
мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Жергілікті бюджет облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеті немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болуы мүмкін.
Аймақтық (облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) бюджет –
арнайы заңмен бекітілген салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптасатын және облыстық деңгейдің, республикалық маңызы бар қала,
астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға бағынысты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес
әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған
орталықтандырылған ақша қоры [5,б.89].
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің
өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің
орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Кез келген бюджет жүйесі мынадай басты мақсаттарға жетуге бағытталады:
– экономикалық тиімділік;
– әлеуметтік әділеттілік;
– саяси тұрақтылық;
– заң басшылығы және мемлекет бірлігінің нығаюы.
Бюджет мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қажетті қаржыларды
шоғырландырып қана қоймай, тұрақтылықты сақтау үшін аймақтар арасында
табыстарды қайта бөлуде де қызмет етеді. Сонымен қатар, елдегі және шет
елдегі экономикалық коньюнктураға ықпал ету; ағымдық әлеуметтік
бағдарламаларды орындау мен алдағы әлеуметтік міндеттерді шешу; қоғамдық
өндіріс пен бюджетаралық қатынастардың салааралық құрылымын реттеу;
жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту және т.б. қызметтерді де атқарады.
Қорыта келе, бюджетті жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік
арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер
мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы
тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі
бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр
түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістердің дәйекті бөлісін қамтамасыз
ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті
органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау,
талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету,
бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен
шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

1.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы, қағидалары мен
қалыптасуы

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық
қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі
орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін
негіз құрайды.
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-
құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады.
Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды
пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық,
өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік
жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет
жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары [6,б.12].
Елімізде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрылымы мынадай
бөлiмдерден тұрады:
кiрiстер:
– салықтық түсiмдер;
– салықтық емес түсiмдер;
– негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
– трансферттер түсiмдерi;
шығындар;
операциялық сальдо;
таза бюджеттiк кредит беру:
– бюджеттiк кредиттер;
– бюджеттiк кредиттердi өтеу;
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
– қаржы активтерiн сатып алу;
– мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
бюджет тапшылығы (профицитi);
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
– қарыздар түсiмi;
– қарыздарды өтеу;
– бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет
кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік,
толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік,
дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің
дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және
нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.

Сурет 5 – Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін құру принциптері

Жетілдірілген бюджеттік жүйеге қол жеткізу үшін жалпы елдің қарқынды
дамуын қамтамасыз ете алатын белгілі қағидалар негізіне ие болуы қажет.
Осылайша, бюджеттік жүйе келесі қағидаларға негізделеді:
– тұтастық қағидасы – Қазақстан Республикасының біртұтас бюджеттік
заңдылықтарын пайдалануын қамсыздандыру, сонымен бірге Қазақстан
Республикасының аумағында бюджеттік үдерістерді жүзеге асырудың біртұтас
процедураларын, біртұтас бюджеттік сыныптаманы пайдалану;
– толықтық қағидасы – бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорында Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған барлық түсімдер
мен шығыстардың бейнеленуі, бюджеттік құралдарды пайдаланумен өзара
талаптарды есепке алуды, бюджеттік құралдар бойынша талап құқығын
шегеруді болдырмау ;
– нақтылық қағидасы – бюджеттің бекітілген көрсеткіштерінің
(нақтыландырылған, түзетілген) ортамерзімді фискальдық саясаттың және
Қазақстан Республикасы мен өңірлерінің ортамерзімді әлеуметтік-
экономикалық даму жоспарларының бекітілген көрсеткіштері мен бағыттарына
сай болуы ;
– транспаренттілік қағидасы – Қазақстан Республикасының бюджеттік
заңдылықтар облысындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (
нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың орындалуы жөніндегі
есептерді, мемлекеттің фискальдық саясатына қатысты басқа да,
мемлекеттік немесе заңмен күзетілетін басқа да құпия мәліметтерден
басқа, ақпараттарды жариялау, бюджеттік үдерістің ашықтығы, мемлекеттік
қаржылық бақылаудың жүргізілуі;
– кезектілік қағидасы – мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік
қатынастар саласындағы бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы ;
– нәтижелілік пен тиімділік қағидасы – бюджеттік бағдарламалардың
төлқұжаттарында қарастырылған белгілі нәтижелерге қол жеткізу
қажеттілігінен туындай отырып, осы нәтижелерге жету үшін қажетті
бюджеттік құралдардың оңтайлы көлемін пайдаланып, бюджеттерді өңдеу және
орындау немесе бюджет құралдарының бекітілген көлемін пайдалана отырып
жақсы нәтиежелерді қамтамасыз ету;
– басыңқылық қағидасы – республика немесе өңірдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының басыңқы бағыттарына сәйкес бюджеттік үдерісті
жүзеге асыру ;
– жауапкершілік қағидасы – бюджеттік үдерістің қатысушыларын Қазақстан
Республикасының бюджеттік заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке
тарту;
– бюджеттердің дербестілік қағидасы – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында
түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Кодекске сәйкес оларды жұмсау
бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің
бюджеттік үдерісті Кодекске сәйкес дербес жүзеге асыру құқығы.
Бюджетті басқарудағы маңыздысы, бюджеттік шығыстарды оның кірістеріне
теңестіру жолымен бюджеттік реттеу үдерісі, бюджеттік деңгейлер бойынша
шығыстар мен кірістердің құрылымдық тепе-теңдігін қамсыздандыру, құрылымдық
тепе-теңдік болмаған жағдайда төмен тұрған бюджеттерді жоғары тұрған
бюджеттер есебінен теңестіру болып табылады [7,б.55].
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр
түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты
орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және
әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасы болып табылады.
Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер
арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді,
әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты
түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз
етеді. Соны-мен бірге мемлекеттік материалды және каржылық резервтер,
жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау
қарастырылады.

Сурет 6 – Қазақстан Республикасы бюджетінің аналитикалық құрылымы

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін
басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік
жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру
мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі
карай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриалды-
инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің
мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда
көрінді.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
– орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы
қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
– бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық тұрғыдан
қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін айқындау;
– қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік
мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
– салалар, іс-әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы
жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр
түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
– бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлаумен бюджетті болжамдау тығыз байланысты. Бюджетті
болжамдау түсінігі арқылы бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерінің дамуының
ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау үдерісі түсіндіріледі. Бұл
экономиканың болашақ дамуын жоспарлауға негізделеді, себебі натуралды
көрсеткіштердің болашақ өсуінің есебінсіз бюджеттік ресурстарды сапалы
ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджетті болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде
пайда болған үрдістерді, нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларды және
олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырьп, бюджеттің
оңтайлы дамуын жасақтау мен дәйектеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің
мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте
маңызды мәні бар [8,б.22].
Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс
істеуді қарастырады:
– кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің
болжамдық мөлшерін анықтау;
– қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша
реттеуші кірістердің бөлісі;
– каржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандырылуды теңестіру есебінен
жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты шектеу.
Бюджетті жоспарлау мен болжамдау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол
жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және
бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету.
Бюджетті жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгермелеу
және дәйектемелік қағидалар талаптарына сәйкес іске асырылады.
Бюджетті жоспарлаудың бірлестік қағидасы құрамына республикалық және
жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз
етіледі. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бұл қағида республикалық және
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар тізімін
қалыптастыруға, бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу
нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін
тағайындауға негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың
бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген
ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.
Басымдылық қағидасы елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму
жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлаумен
қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгермелеу қағидасы бюджетті
қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджетті теңгермелеудің қажеттілігі басқару деңгейлеріндегі бюджетті атқару
мақсатымен дәлелденеді және ол жоғары тұрған бюджеттен субвенция беру
арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы, не мемлекеттік берешекті
қалыптастыру арқылы болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер
арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік қағида бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не
шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативтік-құқықтық актілер
негізі арқылы бюджетті жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғи-климаттық және
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескеру қажет деп есептейміз, себебі
олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары
болып табылады. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер
пайдаланылады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол
бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланылатын материалды
немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері.
Олар Үкіметпен жасақталады және бекітіледі.
Бюджетті жоспарлау – әр түрлі статистикалық, экономикалық
математикалық, сараптамалық және арнайы әдістерді пайдалану арқылы іске
асырылады. Негізінде бюджет – толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен
шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл
әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі
болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджетті құрудың бюджет-
брутто және бюджет-нетто әдістері де қолданылады. Егер де бюджетте
мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе,
онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде, бюджеттің
көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни
кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға
жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп
атайды [9,б.69].
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы
бюджеттің құрал ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға
сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізінде орта мерзімді бюджеттік
жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттеу әдісі тұрғысынан
бағдарламалық даму стратегиясымен қолда бар бюджет ресурстары базасы және
бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды
жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады,
олар бюджет шығындарында көрсетіледі.
Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы
әдістері пайдаланылады. Олар тігінен (вертикальды) және көлдеңенінен
(горизонтальды) теңестіру әдістеріне бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл
әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық
мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) нақты қаржы
ресурстарымен (жергілікті бюджеттердің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету
мақсаттары шешіледі. Мысалы, тігінен теңестіру әдістерінің көмегімен
шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасын қамтамасыз ету мен
биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде
бекіту мәселесі шешіледі.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару
деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет
жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала
айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті
бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын
білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын
жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін
азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын
ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын
білдіреді.
Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және
басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай
қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың
бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық
қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы
күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31
желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де
Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық
деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті
қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан
Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық
және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет
енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін
негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл
аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы
Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет
туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық
деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел
хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың
арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін
мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті
заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда
пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке
түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-
шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын
білдіреді.
Республикалық бюджеттің қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды
қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың
маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті,
бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға
беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша
пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
– республикалық бюджеттің кірістері;
– алынған бюджеттік алымдар;
– республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.
Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс
салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа
да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын
кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке
басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін
түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен
жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен
кірістердің есебінен толықтырылады.
Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып
табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық
үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін
түсімдер және т.б.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің
республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан
түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі [10,б.54].
Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап
жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау
бойынша әр түрлі басымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай
қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық
саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс
табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін
іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді
(қысқартады).
Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
– әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек
және әлеуметтік қамтамасыз ету);
– қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
– құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
– мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
– өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі;
– агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер
қатынастары;
– елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар);
– өзге де бағыттар.
Республикалық бюджеттен сондай-ақ:
– кадрларды қайта даярлау мен қызметкерлердің біліктілігін
арттыруды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да
мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;
– бюджет кодексінде белгіленген бағыттар бойынша бюджеттік
инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық
ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-
әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар
қаржыландырылады.
Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен
шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып
нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша
нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар
кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.
Мемлекеттік бюджет:
1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды.
Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы
мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни
ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға
мүмкіндік береді.
2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін
құрал қызметін атқарады.
3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады.
Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан
Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл
аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың
бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе
әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі
заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.
Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда
тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер
мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған
байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын
ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,
түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды
жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану)
қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің
ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті
мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен
және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және
саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады.
Оларға мыналар жатады:
– елдің жалпы экономикалық жағдайы;
– тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
– жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен
міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
– жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген
құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен
нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін
кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-
теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық
бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды
ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып
табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет
қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар
бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс
істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет
деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде
және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері
республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес
түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық
түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес
республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді
[11,б.11].
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық
меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын
мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан,
өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық
бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
– аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен
облыстық бюджетке трансферттер;
– республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке
трансферт түсімдері болып табылады.
Қорыта келе, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді
өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде
тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен
түсімдер есептеледі.
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының
функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге
асырылады.Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың
жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық
жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің
орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға
жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз
ететін шығыстарға жатады.

1.3 Мемлекеттік қарыздардың қалыптасуы және оны басқарудың объективті
қажеттілігі

Мемлекеттік қарыз (борыш) – бұл алынған және белгілі бір күнге
өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы
өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша
ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды
пайдаланудан туады. Мемлекеттік борыш мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
есебінен өтелінеді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа
сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың капиталдық және ағымдық түрлері
бар.
Сыртқы борыштың методологиялық негізі былайша қалыптасады:
– Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру методологиясы Халықаралық
Валюта Қорының, Дүниежүзілік Банктің және басқа да халықаралық
ұйымдардың Сыртқы борыш статистикасы нұсқаулығында (2001 ж.)
баяндалған методологияға негізделген және БҰҰ-ң ұлттық есепшоттар
жүйесі (1993ж.) мен төлем балансы статистикасының (Төлем балансының
нұсқаулығы, ХВҚ, 1993ж.) негізгі прициптеріне сәйкес келеді.
– Сыртқы борыш статистикасының нұсқаулығындағы анықтама бойынша –
“жалпы сыртқы борыш нақты төленбеген борышты және белгілі бір уақытта
негізгі борышты жәненемесе пайыздарды төлеуді талап ететін резидент
еместер алдындағы осы елдің резиденттерінің ештеңемен
шарттастырылмаған міндеттемелерін білдіреді”.
Сыртқы борыштың Заңдық негізі келесілерде:
– Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы” Заңына сәйкес жалпы сыртқы борышты бағалауды қалыптастыру ҚР
Ұлттық Банкісі жауапты. Сонымен қатар Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген сыртқы борыштың бағалауын Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі қалыптастырады.
– Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу, кәсіпорындардың
резидент еместерге қаржылық талабы және олардың алдындағы
міндеттемелері туралы статистикалық есебі мемлекет кепілдік бермеген
борыш пен жалпы сыртқы борыштың бағалауын қалыптастыруда негізгі дерек
көздері болып табылады.
Жалпы сыртқы борыш статистикасын қалыптастырудың ерекшеліктері
келесілермен сипатталады:
– фирмааралық берешек;
– жалпы сыртқы борыштың басым бөлігін қазақстан резденттерінің резидент
еместердің алдындағы фирмааралық берешегі құрайды. Фирмааралық
берешекке акцияны сатып алуды, акционер емес кәсіпорындардың жарғылық
капиталына жарнаны салу және қайта инвестицияланған пайданы қоспағанда
республикаға келген барлық тікелей инвестициялар кіреді. Мұндай тәсіл
жалпы алғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасы
Нарықтағы әлеуметтану
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
Талап етілетін қарыз алулар
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Мемлекеттік бюджет - экономиканы мемлекеттік басқарудын құралы ретінде
Пәндер