Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және активтік
операциялары
1.1 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық
маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 бөлім. Қазіргі кездегі ҚР банк секторының активтері бойынша жағдайы
2.1 ҚР банк секторының активтерінің құрылымына талдау ... ... ... ... ... .. 17
2.2 ҚР коммерциялық банктерінің активтері бойынша рэнкингі ... ... ... 21

3 бөлім. «Казкоммерцбанк» АҚ.ның активтертерінің құрылымы мен сапасын
талдау
3.1 «Казкоммерцбанк» АҚ.ның даму тарихы және экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ.ның активтерінің құрылымы мен
сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
3.3 «Казкоммерцбанк» АҚ.ның активтерді басқару барысындағы тәуекелдері
және оларды басқару жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
Кіріспе

Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Банк активтерінің сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша активтерді басқару банктің активтерінің сапасының басты көрсеткішін сипаттайды.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.
Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан да несиелік қоржынды басқару бұл өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде біз коммерциялық банктердің активтерінің ұғымына, түрлеріне, жіктелуіне мән бердік. Сонымен қатар осы активтерді ұлғайтуға, табыстылығына өзінің ықпалды әсерін тигізетін активті операцияларға да тоқталдық. Олардың түрлері және ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі жөнінде толығырақ айтып өттік.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде ҚР коммерциялық банктерінің жиынтық активтеріне шолу жасадық. ҚР банк секторының экономикадағы үлесі жайлы және банк активтерінің негізгі бөлігі несие портфелі туралы,
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы
2. Банк ісі: лекциялар курсы / Н. Н. Хамитов. - Алматы : Экономика, 2006.
3. М.С.Саниев. Ақша,несие, банктер. Оқу құралы – Алматы экономика және статистика институты, 2001.- 270 бет.
4. Банковское дело: учебник / ред. О. И. Лаврушина. - 3-е изд., перераб. и доп. - 2005 : КНОРУС, 2005.
5. Банки и банковское дело [Текст] : учеб. пособ. / ред. И. Т. Балабанова. - СПб. : Питер, 2005.
6. Коммерциялық банктер операциялары [Текст] : оқу құралы / С. Б. Мақыш. - 2-е басылым. - А. : ИздатМаркет, 2004.
7. Қазақстанның банк жүйесі [Текст] : оқу құралы / Ж. Бекболатұлы. - өңделіп толықтырылған 2-е басылым. - Алматы : Экономика, 2009
8. Қазақстан Республикасында банктік жүйенің дамуы [Текст] : оқу құралы / А. К. Нурпеисова, С. Н. Сабитова, А. О. Чоентаева. - Алматы : ТОО "Издательство LEM", 2011..
9. Ақша, несие, банк [Текст] : ЖОО студ. арналған оқу құралы / М. Т. Жоламанова. - Алматы : Еуразиялық нарық институты, 2012. - 128с.
10. Ассоциация банков Республики Казахстан (АБРК), журнала "Банки
Казахстана", №1-10 2014.
11. www.nationalbank.kz
12. www.afn.kz
13. www.kase.kz
14. www.kkb.kz
15. www.rfcaratings.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Банк активтерінің сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша активтерді басқару банктің активтерінің сапасының басты көрсеткішін сипаттайды.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.
Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан да несиелік қоржынды басқару бұл өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде біз коммерциялық банктердің активтерінің ұғымына, түрлеріне, жіктелуіне мән бердік. Сонымен қатар осы активтерді ұлғайтуға, табыстылығына өзінің ықпалды әсерін тигізетін активті операцияларға да тоқталдық. Олардың түрлері және ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі жөнінде толығырақ айтып өттік.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде ҚР коммерциялық банктерінің жиынтық активтеріне шолу жасадық. ҚР банк секторының экономикадағы үлесі жайлы және банк активтерінің негізгі бөлігі несие портфелі туралы, банктың несие портфелін құру үшін қажеттті пассивтік операциялар негізінде тартылған банк міндеттемелерінің үлесі жайлы және меншікті капитал көлемі мен активтердің табыстылығына тоқталып, өсу динамикасына көз салдық.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-ның коммерциялық банкі,нақтырақ Казкоммерцбанк АҚ ағымдағы активтерінің құрылымына,олардың түсінігі мен үлестік орындарына тоқталдық. Осы аталған банк ҚР-ның жетекші әрі үздік банк қатарын бастап тұрғанын атап өттік. Сол себепті үшінші бөлімде осы банктің қызметімен таныстық.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы коммерциялық банктердің активтері құрылымының экономикадағы рөлі, коммерциялық банктерді нарықтық экономиканың бір буыны ретінде қарастыру. ҚР коммерциялық банктерінің активтеріне шолу жасай отырып, оларға баға беру және банк секторының ағымдағы жағдайын терең түсініп ұғыну болып табылады.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және активтік
операциялары
1.1 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... 5
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық
маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 бөлім. Қазіргі кездегі ҚР банк секторының активтері бойынша жағдайы
2.1 ҚР банк секторының активтерінің құрылымына талдау ... ... ... ... ... 17
2.2 ҚР коммерциялық банктерінің активтері бойынша рэнкингі ... ... . 21

3 бөлім. Казкоммерцбанк АҚ-ның активтертерінің құрылымы мен сапасын талдау
3.1 Казкоммерцбанк АҚ-ның даму тарихы және экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
3.2 Казкоммерцбанк АҚ-ның активтерінің құрылымы мен
сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
3.3 Казкоммерцбанк АҚ-ның активтерді басқару барысындағы тәуекелдері және оларды басқару жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38

Кіріспе

Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Банк активтерінің сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша активтерді басқару банктің активтерінің сапасының басты көрсеткішін сипаттайды.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.
Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан да несиелік қоржынды басқару бұл өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде біз коммерциялық банктердің активтерінің ұғымына, түрлеріне, жіктелуіне мән бердік. Сонымен қатар осы активтерді ұлғайтуға, табыстылығына өзінің ықпалды әсерін тигізетін активті операцияларға да тоқталдық. Олардың түрлері және ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі жөнінде толығырақ айтып өттік.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде ҚР коммерциялық банктерінің жиынтық активтеріне шолу жасадық. ҚР банк секторының экономикадағы үлесі жайлы және банк активтерінің негізгі бөлігі несие портфелі туралы, банктың несие портфелін құру үшін қажеттті пассивтік операциялар негізінде тартылған банк міндеттемелерінің үлесі жайлы және меншікті капитал көлемі мен активтердің табыстылығына тоқталып, өсу динамикасына көз салдық.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-ның коммерциялық банкі,нақтырақ Казкоммерцбанк АҚ ағымдағы активтерінің құрылымына,олардың түсінігі мен үлестік орындарына тоқталдық. Осы аталған банк ҚР-ның жетекші әрі үздік банк қатарын бастап тұрғанын атап өттік. Сол себепті үшінші бөлімде осы банктің қызметімен таныстық.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы коммерциялық банктердің активтері құрылымының экономикадағы рөлі, коммерциялық банктерді нарықтық экономиканың бір буыны ретінде қарастыру. ҚР коммерциялық банктерінің активтеріне шолу жасай отырып, оларға баға беру және банк секторының ағымдағы жағдайын терең түсініп ұғыну болып табылады.

1бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және активтік
операциялары
0.1 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты

Банк активтері - бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Банк активтері қордаланған қаржыны қолдану бағытын көрсетеді және келесідей қасиеттерге ие:
* банктің барлық активтері оның пассивтерімен анықталып және оған тәуелді болады;
* табысты және табыссыз болып бөлінеді;
* барлық активтер , негізгі құралдардан басқа, қаржылық ресурстармен айқындалады;
* банктің шаруашылық субъектілері және тұрғындармен, Ұлттық банк және басқа да банктермен, халықаралық қаржы институттары және мемлекетпен өзара қарым-қатынасын білдіреді;
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. берілген несиелер;
3. бағалы қағаздарға жасалынған инвестициялар;
4. банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қам- тамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын та- лаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. жоғары өтімді активтер;
2. өтімді активтер;
3. ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді актив- терге мыналар жатады:
* қолма-қол ақшалар;
* мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
* құйма қымбат бағалы металдар;
* Ұлттық Банктегі Standard & Роогs және басқа рейтингтік агенттіктердің А төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
* Stаndагd & Рооrs және басқа рейтингтік агенттіктердің А төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасының банктерге берген овернайт займдары.
Банктің бұл қаражаттары банк айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады. Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл хат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, үкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1 топ. Алғашқы резервтер - бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
* Касса;
* Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
* Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімді- лігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты - алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі - банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.
4-топ. Бұған инвестициялық портфелъ жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.
Активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді. Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.
Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді(5 санатты күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады.
Банкаралық несие басқа банктердегі депозит сияқты жіктеледі.
Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі өзінше ерекше. Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, депозиттен, соның ішінде корреспонденттік шоттан қаражатты аудару уақытында жүзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.
Сонымен қатар, егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, онда банк құжат негізінде оның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте орналасытырылған депозит не корреспонденттік шот бір категорияға төмендеп жіктеледі.
Бағалы қағаздарды жіктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бағалы кағаздарды жіктеу банктің инвестициялық портфеліндегі баланста қайта бағалауға жатпайтын қарыздық бағалы қағаздар түрлері бойынша жүзеге асырылады.
Занды тұлғалардың акцияларына жұмсалынған инвестициялар жіктелуге жатпайды. А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының А категориясының ресми тізіміне енген бағалы қағаздар бойынша төлемдер кешіктірілмеген жағдайларда олар стандартты болып саналады.
А тобындағы рейтингінен төмен рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің қаржылық жағдайына құжат негізінде банк мониторинг жүргізеді.
Бағалы қағаз эмитентінің қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай бағалы бағаздар бір категорияға төмендеп жіктеледі.
Дебиторлық қарыздарды жіктеуге әкімшілік және шаруашылық қызметке байланысты өтеу мерзімі үш айдан жоғары дебиторлық қарыздардан басқалары жатады. Қайтару мерзімі алдын ала белгіленбеген, бірақ банк балансында алты айдан жоғары мерзімде есепте тұрған дебиторлық қарыздар бойынша бір категорияға төмендейді.
Егер бір дебитордың дебиторлық қарызы банктің меншікті капиталының 5 пайызынан жоғары болса, онда дебиторлық қарыздың пайда болған күнінен бастап банк дебитордың қаржылық жағдайына тиісті құжаттар бойынша мониторинг жүргізеді. Дебитордың қаржылық жағдайына жүргізілетін мониторинг болмаған жағдайда ондай активті жіктеу бір категорияға төмендейді.
Банктің шарты міндеттемелерінің жіктелуі клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және келісімшартқа сәйкес клиент үшін банкке төлем тәуекелін тудыратын міндеттемелер бойынша жүзеге асады.
Шартты міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банкпен оның клиенті арасындағы келісімшарт жасалған күннен басталады.
Шартты міндеттеме бойынша сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілмеген және шартты міндеттеме ашылған клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ондай шартты міндеттеме стандартты болып саналады.
Клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болмаған және сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда ондай шартты міндеттемелер жіктеледі.
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100% -ға дейін құрылады.
Провизиялар- активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар -- бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар,
Арнайы провизиялар - бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.
Активтер мен шартты міндеттемелер айына екі рет жіктеледі.
1. Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы күнінен 7 күн бұрын жасалатын
жіктелім оның мақсаты:
* айдың соңына таман Банк бойынша жалпы алғанда активтер мен шартгы міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау;
* айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу;
* қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау.
2. Ақырғы жіктелім. Айдың соңғы күнінде банктің балансында провизия мөлшерінің өзгерісі көрсетіледі.

1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастырайық:
* Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi - банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
* Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеңеюiн қамтамасыз етедi.
* Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
* Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
* Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
* Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айырылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi: банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
* Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу; есеп-несиелiк және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп айырысу - делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады. Қазiргi кезде коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әр алуан операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзетіндiгіне байланысты .
Банк қызметiн - банк пен клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады.
Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық операциялардан алады. Коммерциялық банктер желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрімен айналысады. Бұл операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы" заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1. клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
2. қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
3. инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
4. заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргiзу;
6. банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
7. коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
8. клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару) орындау.
9. лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа операциялар.
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
:: Несиелік операциялар;
:: Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
:: Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
:: Кассалық операциялар
:: Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие - банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.
Несие түрi - бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi - коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты - пайыз түрiнде табыс алу.
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
:: Тұтыну несиесi - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
:: Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
:: Овердрафт несиесi - клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
:: Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
:: Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;
:: Банкаралық несие - банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
:: Ломбардтық несие - тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
:: Лизингтiк несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие;
:: Сенiм несиесi - банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
:: Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады. Несиелiк саясат - банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жүйесiн жасау шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
:: Мемлекеттік бағалы қағаздар;
:: Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) Акциялар;
2) Облигациялар;
3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) Ипотекалық куәліктер;
5) Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг - бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг - бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.
Қаржы лизинг - уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесе өзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
:: Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;
:: Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
:: Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
:: Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.
Лизинг операцияларының кемшiлiктерiне келесілер жатады:
:: Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
:: Ұйымдастырудың күрделiлiгi;
:: Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын ұмытпау қажет.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi - факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болуын сипаттайды. Факторинг - клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
"Фактор" сөзi ағылшын тiлiнен "factor", аударғанда "маклер, делдал" деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл - делдалдық операция. Факторинг - жабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Келiсiмшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) - өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi) фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.
3. Кәсiпорын (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы фирма.
Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс. Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
:: Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
:: Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
:: Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп
танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
:: Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi
бойынша;
Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара ұқсас болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды.
Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның экспортерға импортердiң төлеуге тиiстi төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмiлесiде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы
ұйым.
Форфейтинг механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:
1. Қаржы мәмiлесiнде - орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәмiле бойынша - шетелдiк сатып алушыға несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.

2 бөлім. Қазіргі кездегі ҚР банк секторының активтері бойынша жағдайы
2.2 ҚР банк секторының активтерінің құрылымына талдау

ҚР банк секторының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк ішіндегі банктер
Банк активтік операцияларын сақтандыру
Коммерциялық банк активтерінің құрылымы
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
ҚР коммерциялық банктердің активтік операциялардың мәні және негіздері
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Банк секторының қаржылық
Банктік тәуекелдің деңгейі
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Активтік операциялар
Пәндер