Лизинг инвестицияны қаржыландыру тәсілі ретінде



Бөлім 1 Лизинг инвестицияны қаржыландыру тәсілі ретінде
1.1 Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
1.2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері
Бөлім 2 Қазақстандағы лизингтік нарығының даму жағдайы және лизингтік қызметті талдау
2.1 Қазақстандағы лизинг нарығының даму жағдайы
2.2 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін
талдау.
2.3 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару мәселелері
Кіріспе
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолдарын республикамыздың 2006-2015 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық стратегия -сында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес Одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал- жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал- жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгерту сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру -дың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Айманова Л., Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы //Аль-Пари 2006 г. № 4
2. Абраимов Р. Развитие финансового лизинга в РК: реальность и перспективы //Аль-Пари 2006 г. № 4-5
3. Алтынғазин. « Лизингтік жүйенің артықшылығы » Жас қазақ – 2005 , 22.04-28.04
4. Аль- пари №4 – 2004 , 32-34 бет. « Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуы »
5. Аль-пари №4 – 2004 , 35-42 бет. « Лизингтік қатынастарды басқару мәселелері »
6. Банки казахстана – 2004 , №6 , 44-46 бет. « Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері».
7. Газман В. Д. «Лизинг: теория, практика, коментарии» 1997 г.
8. « Жас Ғалым » сериясы – 2005 №1 12-23 бет.
9. Комаров В. Реальная помощь реальному сектору //Развитие лизинговых отношений //Риск 1999 г. № 2-3
10. Каренов Р. « Лизингтік қызметтер » Егемен Қазақстан – 2004 ,
24 сәуір,2б.
11. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңы. //Егемен Қазақстан 12/VII-2000
12. Менсен Т., Цыганов А. Страхование лизинговых сделок в сфере малого бизнеса //Финансы 2005 г. № 13
13. Сагадиев К. Лизинг в Казахстане: проблемы и перспективы развития. Азия-ЭЖ //1998 г. № 13
14. Сайденов А. «Операция лизинг» //газета «Казахстанская правда» № 209-210 от 28.09.2006 г.
15. С.Б.Мақыш « Коммерциялық банктер операциялары» кітабы.
Алматы, 2009 жылы
16. Туменбаев С. « Лизинг және еліміздегі лизингтік қатынастардың пайда болуы » Заң газеті – 2002 , 8 мамыр
17. Тлеужанов Е., Киреева К. Лизинг – форма инвестиционного финансирования //Аль-Пари 2005 г. №4
18. http://WWW.kazstat.asdc.kz
19. http://WWW.nationalbank.kz
20. http://WWW.adilet.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолдарын республикамыздың 2006-2015 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық стратегия -сында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес Одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал- жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал- жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгерту сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру -дың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары, бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20- дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Менің курстық жұмысымның басты мақсаты- лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің, лизингтік компаниялардың инвестициялық қызметте лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
лизингтік операциялар ұғымын нақтылау;
лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бөлім 1 Лизинг инвестицияны қаржыландыру тәсілі ретінде
1.1 Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны

Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда жалға беру деген мағынаны білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы- жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда- сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизинг - бүгінгі күні үлкен көлемді капитал салымдарын кез-келген өндірістің материалдық- техникалық базасын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі қаржы құралдарының бірі болып табылады.
Қазақстанда лизингтік келісім формасының қолдануы 90-шы жылдар-дың басында басталды. Үкімет халық шаруашылығын басқарудың жаңа әдістерін енгізе бастады, соның ішінде Жалға беру және лизинг-1995 бағдарламасы жасалғанымен, өкінішке орай, іске асырылмады. Дегенмен, Крамдс-лизинг, Казтехлизинг, Туранлизинг лизингтік компаниялар құрылып, ауылшаруашылық техникаларын лизинг берумен айналысатын компаниялар табысқа жетті. Әйтсе де, лизингтік компанияларының көбісі нақты қаржылық қолдауы болмағандықтан, төлемдерді төлей алмай жабылып қалды.
Отандық лизингтік нарыққа тоқталатын болсақ, оның қазіргі заман тарихы 2000 жылдың 5 шілдесінде № 78-ІІ-ші қаржы лизингі туралы заңның қабылдауымен басталады. Онда лизингтік келісім- шарттардың негізгі параметрлері мен қаржы лизингі процессінде пайда болатын қатынастарды реттеу шаралары көрсетілген. Сонымен бірге Заң ҚР- ның аумағындағы лизингтің түрлері мен формаларын белгілеп, сублизингке заттың берілу шарттарын нығайтты, лизинг алушы міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы лизинг затының талап ету процедурасын көрсетті. Заңнан тысқары, елдегі лизинг ҚР-ның Азаматтық Кодексінің екінші параграфтағы 29- шы тарауымен, Салық Кодексінің 78- ші бабымен және Кеден Кодексінің 192 және 193-ші баптармен реттеледі. Қазақстандағы лизингтік қызмет үшін лицензия берілмейді және лизинг нарығын және лизинг компанияларын реттейтін біртұтас орган жоқ.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Кесте-1 Лизинг және банктік несиенің салыстырмалы сипаттамасы
Салыстыру үшін көрсеткіш
Лизинг
Несие
Мәмілені ұзақ мерзімге жасау
Қаржыландыру мерзімі24 айдан 60 айға дейін
Әдеттегідей, ең аз мерзімге
Мәміле бойынша шығындар
Банктік несие бойынша пайыздар
Банктік несие бойынша пайыздар. Қамтамасыз етуге шығындар - кепіл, банктік кепілдік. Несиені тартумен және қызметумен байланысты шығындар.
Амортизация
3-тен көп емес арнайы коэффициенттің қолданылуы болуы мүмкін
Амортизацияның ортақ реті
Табыс салығы
(банктік пайыздарды қоса) лизингтік төлемдер толық көлемде өзіндік құнға табыс салығы бойынша салық салынатын базасын азайту жатады
Қарыз бойынша негізгі алашақтық төлемдер өзіндік құнға тікелей жатпайды және компанияның құралдарынан төленеді.
ҚҚС
Лизингтік төлемдерге арналған ҚҚС төлемдер графигімен сәйкес шегерімдерді қабылдаймыз
Затты қабылдағанда жабдықтаушы есептеп шығаратын ҚҚС шегерімдерін қабылдаймыз. Банктік пайыздарға ҚҚС салынбайды.
Мүлік салығы
Төлеу міндетін лизинг берушіге тапсыруға болады. Лизинг затын аяқтау мерзімінде төменгі сатып алу құнымен есепке орнатуға болады.
Кәсіпорын төлейді
Көлік салығы
Төлеу міндетін лизинг берушіге тапсыруға болады
Кәсіпорын төлейді
Рәсімдеу күрделілігі
Орташа
Максималды
Кепілдіктің бар болуы
Жабдық құнының 25-30% аванстық төлеу жеткілікті, кепілдің керегі жоқ.
Алу үшін несие беруші банктің төлем шотының тарихы мен кепіл қажет.
Банктердің қосымша талаптары (есеп ашу, аударым)
Әдеттегідей болмайды.
Әдеттегідей көрсетеді
Несие тартымдылығын сақтау
Меншікті және қарыз капиталының ұтымды байланысы
Кері әсер.

Кесте- 1 Лизинг және банктік несиенің салыстырмалы сипаттамасы (жалғасы)

Лизингтің экономикалық табиғаты қарама- қайшы, бір жағынан, лизинг (корпорациялар) кәсіпорындардың негізгі капиталына қайтарымды негізде құралдардың салуы болады. Белгіленген уақытқа ( бір жылдан артық) лизинг беруші жылжитын және жылжымайтын мүлікті бере отырып, уақыты келгенде мүлікті кері алады, яғни жеделдік пен қайтарымдылық принциптері жүзеге асырылады. Ол өз қызметі үшін ақы алады, және осымен ақылық принципі жүзеге асырылады. Демек, лизинг мазмұны бойынша несие мәмілесінің белгілерін алады. Басқа жағынан, лизинг беруші және лизинг алушының капиталы ақшалай емес, тауарлық формада болғандықтан, лизинг нақты инвестицияларға тән.
Кез келген лизингтік мәмілелердің негізі қаржы болып табылады, дұрысырақ несие операциясы. Лизинг беруші лизинг алушыға қаржылық қызмет көрсетеді, себебі мүлікті толық құнға өз меншігіне ала отырып, лизинг алушының уақытылы төлемдері есебінен белгілі бір уақыттан мүліктің өз құнын өтейді. Сондықтан, лизинг берушімен және мүлікті қолданушы арасындағы қаржылық қатынастарға сүйене отырып, лизингті жылжитын және жылжымайтын мүлікті несиеге алу формасы ретінде қарастыруға болады.
Егер лизинг мүлкін уақытша иелік етуге және пайдалануға қайтарым-дылық, жеделдік және ақылық негізде сипаттаса, онда кәсіпорындардың капиталына тауарлық қарыз сияқты мінездеуге болады. Экономикалық интерпретацияда лизинг- бұл лизинг беруші лизинг алушыға мүлікті несиеге беру.
Лизингтік қатынастардың тікелей субъектілері мыналар болып табылады:
1. Лизинг беруші- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң , лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта көрсетілген болса. Егер лизинг беруші лизингтік шартта көрсетілген мүлікті лизинг алушыға уақытында тапсырылмаған жағдайда жалгер келісім шартты бұзуды және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
2. Лизинг алушы- заңды немесе жеке тұлға лизингтік келісім шартқа сәйкес бекітілген мерзімге нақты төлем негізінде лизинг затын уақытша иелік етуге және пайдалануға міндетті тұлға.
3. Сатушы (жабдықтаушы)- сатып алу-сату келісім шартына сәйкес лизинг алушысы соңғысына лизинг затын белгіленген мерзімде сататын заңды немесе жеке тұлға. Сатушы- жабдықтаушы лизинг берушіге немесе лизинг алушыға лизинг затын сатып алу- сату келісім шарттарына сүйене отырып тапсыруға міндетті.
Лизингтік мәміленің жанама қатысушылары мыналар бола алады:
-лизинг берушінің несиегері және мәміленің кепілдері болатын коммерциялық және инвестициялық банктер;
-лизингтік мәміледе пайда болатын әр түрлі тәуекелді сақтандыратын сақтандыру компаниялары: лизинг берушінің мүлкін сақтандыру, несие мекемелерінің лизинг берушіге берілетін қарыздың төоенбей қалу тәуекелдерін сақтандыру;
-брокерлік және басқа да делдалдық компаниялар;
-субмердігерлер- жабдықтың техникалық қызмет көрсетуі бойынша монтаждық, баптау жұмыстары (инвестициялық жобаны лизингтік негізде іске асыру кезінде).
Лизинг субъектілерінің қайсысы болса да Қазақстан Республикасының резидент және резидент еместері бола алады, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің субъектісі Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес өзі қызмет орындайтын шетелдік инвестор бола алады.

3.1 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім-шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.
Қазақстанның Республикасының қолданыстағы Қаржы лизингі туралы заңымен лизингтің келесі негізгі формалары және түрлері реттеледі.
Лизинг нысандары:
1. Қатысушылар құрамына байланысты:
тура лизинг- келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
жанама лизинг- келісім шарт үшін үш немесе одан да көп жақтар арасында;
1. Мүлік нысанына байланысты:
жылжитын мүлік лизингі- (жабдықтар, техника, автомобильдер,
кемелер, ұшақтар, т.б., соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар;
жылжымайтын мүлік лизингі- (жалға беруші ғимараттарды,
құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша сатады немесе сатып алады);
қолданыста болған лизинг мүлігі;
1. Мүліктің өтелімділігі бойынша:
толығымен өтелінетін лизинг- келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
жартылай өтелінетін лизинг- бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің
жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді;
1. Амортизация деңгейіне байланысты:
толық амортизация деңгейі;
толық емес амортизациялық деңгейі;
қызмет көрсету мөлшері бойынша;
1. Қызмет көрсету мөлшері бойнша:
таза- мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы
өзіне алады;
толық- мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг
алушы өзіне алады;
жартылай- мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың
жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.
1. Нарық секторына байланысты:
ішкі- келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
халықаралық- келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әр түрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда;
Халықаралық лизинг:
импорттық- егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал
жабдықтаушы басқа елде болса;
экспорттық- егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса;
транзиттік- егер барлық қатысушылар әр түрлі мемлекеттерде орналасса;
1. Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
аралас төлемді лизинг;
1. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:
нақты- жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады;
жалған- мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда
алу мақсатында негізсіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
1. Қаржыландыру әдісіне байланысты:
мерзімдік лизинг- бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
жаңғыртымалы лизинг- лизинг келісім шарты бірінші келісім шарт
аяқталған соң қайта жалғастырылады.
Лизингтің түрлері:
1. Қаржылық лизинг.
Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім шарт.
Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:
үшінші тұлғаның қатысуымен;
келісім шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім шартты бұзу
мүмкіндігінің болмауы;
лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің
жоқтығымен;
қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.
Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар, мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.
1. Жедел лизинг.
Ағымды аренда туралы келісім шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2-5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объектіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.
Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар.
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральді тозған жабдықтан келісім шартты уақытынан аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әр түрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланыста шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизиннгке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады. Лизинг бойынша жасалатын мәмілелер жасалу тәртібі:
1) Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;
2) Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;
3) Лабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
4) Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;
5) Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6) Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
7) Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:
ЛТ=АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС
Мұндағы:
ЛТ - лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА - ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ - лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;
КТ - лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызмет үшін қосымша төлем;
ҚҚС - лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
БҚ * На
АА
100
Мұндағы:
БҚ - мүліктің баланстық құны;
На - амортизациялау нормасы (%);
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

НР * НС
НТ
100

Мұндағы:
НР - лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС - несие үшін сыйақы мөлшері.
Несие ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:
Қб - Қа
НР
2

Мұндағы:
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:
НР * Кс
КТ
100
Мұндағы:
Кс - комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

ҚТ Ші + Шқ + Шж + Шб

Мұндағы:
Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб - басқа да шығыстар.
Лизингтік операцияның негізгі элементтері:
oo келісім-шарт объектісі;
oo келісім-шарт субъектісі;
oo лизингтік келісім-шарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
oo Лизингтік төлемдер;
oo Лизинг бойынша көрсететін қызметтер.
Лизинг объектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез-келген түрі лизингтік келісім-шарттың объектісі бола алады.
Лизинг субъектілеріне келісім-шарт объектісіне тікелей қатысы бар тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама қатысушыларға бөлеміз.
Лизингтің келісім-шарттың тікелей қатысушыларына мыналар жатады:
- лизинг формасы және компаниясы (лизинг беруші немесе жалға беруші);
- өндірістік (өнеркәсіптік), сауда, көлік кәсіпорындары мен халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілер);
Лизингтік келісім-шарттың жанама қатысушыларына мыналар жатады:
- келісім-шарттың кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг берушілерді несиелейтін және инвестициялық банктер;
- сақтандыру компаниялары;
- брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.
Лизингтік келісім-шарттың мерзімі. Лизингтік келісім-шарттың әрекет ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады.
Лизингтік төлемдер. Лизингтік операцияның жобасында ең күрделі сәтке лизинг берушінің тиесілі лизингтік төлемдердің (жалдаудың ақысын) сомасын анықтау жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді лизингтің төлемінің сомасы тауар нарығының конъюктурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді лизингте лизингілік төлемдердің есеп айырысу негізіне әдістемелік тұрғыдан негізделген есеп айырысу жатады.
Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер. Лизинг әр түрлі қызмет көрсетулермен сипатталынады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады.
Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым несиелдерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизингтің көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Ол бұлай: лизингтік келісім-шарт жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлануынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескерген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік контракт. Лизинг - бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмлелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т. б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:
1. Объектісі.
2. Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншікті құқы.
5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
9. Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. Құрал-жабдықты қайтару.
15. Салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т. б.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
21. Тараптардың қолдары.
22. Тараптардың орналасқан жері.
23. Қосымша (материалдардың және т. б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25. Банктердің кепілдемесі.
Сонымен, лизинг біздің елімізде маңызды рөл атқаратын орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың тәсілі болып табылады. Лизингтің көмегімен елімізде экономика барынша тұрақтанып, отандық және шетел нарықтарында ұзақ мерзімді қаржылық ресурстарды тарту қабілеті өсіп дамуда.
Лизинг- бүгінгі күні үлкен масштабты капитал салымдарын кез- келген өндірістің материалдық- техникалық базасын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі қаржы құралдарының бірі болып табылады.

Бөлім 2 Қазақстандағы лизингтік нарығының даму жағдайы және лизингтік қызметті талдау
2.1 Қазақстандағы лизинг нарығының даму жағдайы

2000 жылы заңнамалық базаны қайта қарастырғаннан кейін, мемлекеттік және жеке меншік лизингтік компанияларын құру ауқымы өсіп келеді. Мемлекеттік экономиканың тез өсуімен, негізге капиталға инвестиция ағынын көбейту қажеттігі бірінші алғышарт болып табылады. Біріккен лизинг портфелі мен жасалған мәміленің көлемі қатарласа өсіп келеді. Соңғы 10 жылда Қазақстанның лизингтік компаниялардың портфелі 1,4 млрд. долларға өсті.
Лизингтік компаниялардың негізгі клиенттері болып табылатын орта және шағын бизнестің өсу жылдамдығы, отандық лизинг нарығының дамуының екінші алғышарты. Сонымен қатар, өзінің қайта өңдеу қуаттылығын дамытып, экспортқа деген тәуелділікті азайта отырып, мемлекет лизинг портфелінің өсуінде маңызды рөл атқарады.
Дамудың үшінші алғышарты өткен ғасырдың ортасынан басталады және негізгі қордың көп бөлігін тозуымен мінезделеді.
ҚР- ның Статистикалық Агенттігінің мәліметтеріне сай, 2010 жылы мемлекетімізде 46 лизингтік компаниялар тіркелген. Алайда, Қазақстанда лизинг қызметін көрсететін тек 20 мекеме ғана жұмыс істейді. Басты мәселелерінің бірі лизинг секторының ақпараттық қамсыздандыру деңгейінің төмендігі болып табылады.
Нарықтың үш ірі қатысушылары Қазақстанның Даму Банкі АҚ-ы (БРК-Лизинг АҚ-ның еншілес кәсіпорны), ҚазАгроФинансАҚ-ы және Астана-Финанс холдингінің еншілес Астана Финанс Лизинг компания-сы мемлекеттік холдингтер болады. Соңғысына тікелей немесе жанама түрде мемлекет қатысады.
Осы үштікке нарықтың 64 %- ы тиесілі. Отандық лизинг нарығы жоғары шоғырланумен мінезделеді. Эксперт РА Қазақстан жүргізген сараптамасының бағасы бойынша, осы сараптамаға қатысқан 6 лизингтік компаниялардың үлесі 74 %-ға тең. Мысалға, Ресейде 2010 жылдың 1 жартысында 10 ірі лизингтік компаниялар жасаған мәмілелер 56,8 %-ды құрайды, ал Украинада 2009 жылы ондаған ірі лизинг берушілер жаңа мәмілелердің 58,1 %- н жасаған.
Соңғы он жылда лизингтің қарыз портфелі орташа шамамен жылына 60- ға өседі. Ағымдағы портфельдің көлемі қазіргі кезде 1400 млн. долларға өсіп, ЖІӨ- нің шамамен 1,5 %-ын құрайды.
Қазақстанның лизинг нарығы жеткілікті түрде баланстанбаған және жеткілікті дамымаған. Алайда, лизинг нарығы даму үстінде. Мемлекеттің негізгі қорларын жаңарту сомасы- 10,5 трлн. Теңгеге тең, ол ағымдағы лизинг нарығының көлемінен ондаған есе асып кетеді.


Кесте-2 Біріккен лизингтік портфельге қарағанда, жаңа бизнестің көлемі жоғары жылдамдықпен өсуде

Жыл
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
Жаңа бизнестің көлемі, млн.долл.
6
15,8
28,2
93,4
176,3
189,7
401,6
486,2
612,4
446,2
Лизингтік компаниялар
дың біріккен мәмілелері, млн. долл.
19
36,4
67,6
189,6
234,1
349,1
659,7
1043
1263,8
1460,1

Жоғарыда көрсетілген кестесінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция және оны қаржыландыру
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметіне қарыз қаражатын тарту
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің есебі және талдауы
Лизинг туралы
Лизингтік шарттың объектілер шеңбері
Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім шарт
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Инвестициялық жобаның қаржыландыру қайнар көздері
Инвестиция және инвестициялық жоба түсініктері мен олардың теориялық аспектілері
Пәндер