Буындарды модельдеу



I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Буындардағы қозғалыстарды моделдеу ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 4

б) Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

в) Буындардың қосымша құрамалары ... .. ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 10

III ҚОРЫТЫНДЫ

г) Буындардағы қозғалыстардың орын алатын маңызы ... ... ... ..12

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология artrologia деп атайды.Сүйектердің алғашқы бітісіп-қосылу пішіні (қарапайым суда тіршілік ететін омыртқалыларда),олардың дәнекер немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады.Алайда сүйектердің мұндай бітісу тәсілі қозғалыс көлемін шектейді.
Қозғалыстың сүйекті рычагтар арқылы пайда болуы сүйектер арасындағы тіндер таралып-жойылуымен саңылаулар мен қуыстар пайда бола бастайды да,соның нәтижесінде сүйектердің жаңа түрі-үзілмелі, буындасу пайдаболады.Жануарлар үшін, әсіресе құрлықта тіршілік етуге қажетті,сүйекті рычагтарға қажетті кең ауқымды қимылдар жасауға мүмкіндік беретін буындар түзіледі.
Сөйтіп, филогенез үрдісінде сүйектердің қосылуының 2 түрі дамиды: қозғалыс ауқымы шектеулі тұтас, үздіксіз (үзіліссіз) қосылу ж/е кейінгші- үзілмелі(үздікті), кең ауқымды қозғалыстар зжасауға мүмкіндіктер беретін қосылу. Жануарлардың қоршаған ортаға буындағы қозғалыстары арқылы бейімделуінің осы филогенездік үрдісін бейнелей отырып, адам эмбриогенезінде де сүйектердің қосылып-жалғасуы осы кезеңді қайталайды.
• Аубакиров А.Б «Атлас»

• А.Рақышев «Адам анатомиясы» I том -Алматы,2004

• Атлас.Адам анатомиясы I том,«Сарыарқа»баспасы-Астана,2011

• Ж.К. Ермаханы. «Тәнтану» -Алматы,»Білім»,2004

• WWW.GOOGLE.KZ.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті АҚ.
Оперативті хирургия және адам анатомиясы кафедрасы.

Тақырып: Буындардағы қозғалыстарды моделдеу.

Орындаған: Ілес Н.И.

Қабылдаған:Умирзакова Э.А.

Астана 2015ж.

ЖОСПАР
I КІРІСПЕ ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Буындардағы қозғалыстарды моделдеу ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 4

б) Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

в) Буындардың қосымша құрамалары ... .. ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 10

III ҚОРЫТЫНДЫ

г) Буындардағы қозғалыстардың орын алатын маңызы ... ... ... ..12

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... .13

КІРІСПЕ.

Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы
ілімді артрология artrologia деп атайды.Сүйектердің алғашқы бітісіп-қосылу
пішіні (қарапайым суда тіршілік ететін омыртқалыларда),олардың дәнекер
немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады.Алайда сүйектердің мұндай
бітісу тәсілі қозғалыс көлемін шектейді.
Қозғалыстың сүйекті рычагтар арқылы пайда болуы сүйектер
арасындағы тіндер таралып-жойылуымен саңылаулар мен қуыстар пайда бола
бастайды да,соның нәтижесінде сүйектердің жаңа түрі-үзілмелі, буындасу
пайдаболады.Жануарлар үшін, әсіресе құрлықта тіршілік етуге қажетті,сүйекті
рычагтарға қажетті кең ауқымды қимылдар жасауға мүмкіндік беретін буындар
түзіледі.
Сөйтіп, филогенез үрдісінде сүйектердің қосылуының 2
түрі дамиды: қозғалыс ауқымы шектеулі тұтас, үздіксіз (үзіліссіз)
қосылу же кейінгші- үзілмелі(үздікті), кең ауқымды қозғалыстар зжасауға
мүмкіндіктер беретін қосылу. Жануарлардың қоршаған ортаға буындағы
қозғалыстары арқылы бейімделуінің осы филогенездік үрдісін бейнелей
отырып, адам эмбриогенезінде де сүйектердің қосылып-жалғасуы осы кезеңді
қайталайды.

Буындардағы қозғалыстарды моделдеу

Алғашқы кезде қаңқаның бастамалары өзара мезенхима
қабатшаларымен үздіксіз байланысқан. Мезенхима дәнекер тінге
айналып, одан сүйектерді байланыстыратын аппараттар түзіледі.
Егер сүйектер арасындағы дәнекер тіндік бөліктері тұтас
үздіксіз байланысса-синартрз пайда болады. Егер олардың ішінде
дәнекер тіннің таралу жолымен қуыс пайда болса, онда
сүйектердің қосылуының жаңа түрі-қуысты немесе үзілдмелі түрі-диартроз
пайда болады.
Сөйтіп, дамуы, құрылысы және қызметі бойыша сүйектердің бір-
бірімен қосылуларын 2 үлкен топқа бөлуге болады:
1. Үздіксіз (үзіліссіз) қосылыстар-синартроздар (BNA)-дамуы ертелеу,
қызметі жағынан қозғалмайды немесе аз қозғалады.

2. Үздікті (үзілмелі) қозғылыстар, буындар-диартроздар (BNA)-кештеу
дамиды және қызметі жағынан қозғалмалы.

Осы пішіндердің арасында ауыспалы-үздіксізден үздіктіге
немесе керісінше пішіні болады. Ол нағыз буын құрылысы жоқ
кішкене саңылаудың болуымен сипатталады, осыдан келіп мұндай
пішінді жартылай буын –симфиз, symphiysis (BNA) деп атайды.

Буындардың буындық беттері, сыртқы пішініне және буында
болатын қозғалыстың көлеміне қарай: шар тәрізіді буындарға,
articulatio spheroidea, жалпақ буындарға, articulationes planae, элипс
тәрізді буындарға, articulatio ellepsoideae, ершік тәрізді буындарға,
articulatio sellaris, цилиндр тәрізді буындарға, articulationes
trohoideae, айдаршықты буындарға, articulationes bicondylares,
бөлінеді.
Буында болатын қозғалыстардың бағыты: фронтальді білік
бойында иіледі, flexio, және жазылады, extensio. Сагитальді білік
бойынша: әкеледі, adductio, және әкетеді abductio. Pronatio,ішке
қарай бұрылады немесе supinatio, сыртқа қарай бұрылады.
Буындарда болатын қозғалыстардың көлемі мен бағыты
буын бетінің сыртқы пішініне тікелей байланысты. Сол себепті
буындардың анатомия-физиологиялық жіктеулері ажыратылады:

1. бір біліктің бойында қозғалатын бір білікті буындарға;
2. екі біліктің бойында қозғалатын немесе екі білікті
буындарға;
3. үш біліктің бойында қозағалатын немесе үш білікті
буындарға бөлінеді.
1 .Цилиндр тәрізді буындардың , articulatio trochoidea, буын
беттері дөңес, цилиндрдің кесіндісі ретінде қарастырылады.
Буындасатын қарсы жағындағы сүйектің буын беттері ойыстау
және бір-біріне өзара сәйкестеу болып келеді.
2. Буын беттері шығыр тәрізді буындар, ginglymus. Бұл
буындар цилиндр тәрізді буындардың туындысы болып саналады.
Цилиндр тәрізді буындардың айырмашылығы: шығыр тәрізді буынның
буын басының беттерінде сүйектік көтеріңкі орналасса, буын
бетінің ойыс жағында, бағыттаушы сала болады.
Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындарға: қол басы мен аяқ
басының бақайшықтары мен башпай аралық буындары жатады.
3. Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындардың туындысына
бұранда тәрізді буындар жатады. Мұндай буындардың шығыр тәрізді
буындардан айырмашылығы, буын беттерінде орналасқан сүектік
көтеріңк і бағыттаушы саланың өту жолы мен бұрыш құрап,диогналь
бағытта орналасады.
Буын беттері элипс тәрізді буындар, articulatio
ellepsoidea. Мұндай буындардың буын басы мен буын ойысының
сыртқы пішіні злипс тәрізді болып келген. Элипс тәрізді
буындарда қозғалыстар фронтальді және сагитальді біліктердің
бойында қозғалады.
2. Ершік тәрізді буын, articulatio selaris. Бұл буындардың
буын беттері ершік тәрізді бір-бірімен беттесіп орналасқан.
Буында болатын қозғалыстың көлемі элипс тәрізді буындарсияқты
көлденең біліктің бойында:иіледі,flexio, немесе жазылады,extensio. Қол
ұшының бас бармағының бақайшығы мен трапеция тәрізді буынын
мысалға келтіруге болады.
3. Буын беттері айдаршық тәрізді буындардың, articulationes
bicodylaris, буын беттері айдаршық тәрізді дөңестеу және
сопақшалау болып келгендіктен, айдаршық тәрізді буын деп
аталады.Бұл буын шығыр тәрізді буын мен элис тәрізді буындардың туындысы
болып саналады.Айдаршық тәрізді буындардың шығыр тәрізді буындардан
айырмашылғы ,буын беттері,көлемді болып келеді,ал элипс тәрізді буындардан
айырмашылығы екі жақтық айдаршық тәрізді буын беттерінен тұрады.Айдаршық
тәрізді буындарға:тізе буыны мен шүйде сүйегі мен ауыз омыртқа аралық буыны
мысал бола алады.Айдаршық тәрізді буындарда қозғалыстар 2 біліктің
бойында:иіледі,flexio,жазылады,exte nsio және айналма бағытта,circumductio,
мүмкін.

Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы.
Буындарды мынадай принциптер бойынша жіктеуге болады:1)буындық
беттердің саны бойынша;2)буындық беттердің пішіні бойынша;3)қызметі
бойынша.
Буындық беттердің саны бойынша былай ажыратылады.
1.Тек 2 буындық беті бар қарапайым буын(art.simplex)мысалы,
саусақаралық буындар.
2.Екіден көп буындасқан беті бар күрделі буын (art.composita),
мысалы,шынтақ буыны. Күрделі буын бірнеше қарапайым буыдасудан
тұрады,оларда қозғалыс жеке-жеке жүре алады.Күрделі буында бірнеше
буындасудың болуы олардың баламдарының ортақтығын қамтамасыз етеді.

3.Буынды екі камераға (екі камералы буын)бөлетін буын ішіндегі
шеміршегі бар кешенді буын(art.complexa).Егенрбуынішіндег і шеміршек диск
пішінді болса(мысалы,шықшыт буында),камераға толық бөлінеді немесе егер
шеміршек жарты ай тәрізді болса (мысалы,тізе буынында),камераға толық
бөлінбейді.
4.Бірлесе қызмет атқаратын,бірақ бір-бірінен бөлек орналасқан буын-
үйлесімді буын деп аталады.Мәселен,екі шықшыт буындары,проксималды же
дисталды кәрі –шынтақ жілік буындары же т.б. осындай буындарға жатады.
Буынның қызметі айнала қозғалыс жасалатын біліктер санымен
анықталады.Айнала қозғалыс жасалатын біліктер мөлшері берілген буында оның
буындасқан беттерінің пішініне байланысты.Мәселен,буынның цилиндр пішіні
тек бір айналу білігі бойынша қозғалыс жасауға мүмкіндік береді.
Бір білікті буындар.1)Цилиндр тәрізді буын.art.trochoidae.Осы
вертикалді,буындасқан сүйектердің ұзын білігіне параллель білікті айнала
қозғалуды-айналуды,-қамтамасыз етеді,мұндай буын аиналғыш буын деп аталады.

2)Шығыршық тәрізді буын, ginglymus (мысалы,саусақтардың буынаралық
буындасуы).Мұндай мұндай шығыршық тәрізді буындық беті-көлденең жатқан
цилиндр,оның ұзын білігі көлденең,фронтальді жазықтықта,буындасатын
сүйектердің ұзын білігіне перпендикуляр жатады.

3)Екі білікті буындар:1.Элипстәрізді буын, art.ellepsoidae(мысалы,кәрі
жілік-білезік буыны).Буындасқан беттер элипстің кесінділері тәрізді:олардың
бірі дөңес,екі бағыттағы қисықтығы бірдей емес сопақша пішінді,екіншісі
соған сәйкес ойыс.Олар біріне-бірі перпендикулярлы екі горизонталь білікті
айнала қозғалуды қамтамасыз етед:фронталды білікті айнала-бүгужәне
жазу,сагиталды білікті айнала -әкелу және әкету.

2.Айдаршықты буын, art.bicondylaris (мысалы,тізе буыны).Дөңгелек өсінді
түріндегі дөңес буын басы бар,пішіні элипске жақындайды,ол
айдаршық,condylus,дап аталады.Айдаршықты буындарда әруақытта екі айдаршық
болады,олар біршама сагиталды орналасқан ,және олар бір қапшықта
(мәселен,ортан жіліктің тізе буынына қатысатын екі айдаршық) немесе ауыз
омыртқа-шүйде буынындағы сияқты түрлі буын қапшықтарында орналасады.

3.Ертоқым тәрізді буын,art.sellaris (мысалы,бас бармақтың білезік-
алақан сүйек буыны).Бұл буын бірінің үстіне бірі отырған екі ертоқым
тәрізді буындасқан беттерден құралған,олардың біреуі екіншісінің ұзына
бойымен және көлденең қозғалады.

Көпбілікті буындар.1.Шартәрізді буындар,art.spheroidae (мысалы,иық
буыны)Буындық беттерінің бірі дөңес,шар тәрізді пішінді буын басын,ал
басқасы тиісінше ойыс буын тілігін түзеді. Теориялық тұрғыдан қозғалыс шар
тәрізді радиустарына сәйкес келетін көптеген біліктер айналасында жасалуы
мүмкін,бірақ іс жүзінде олардың ішінен әдетте бір-біріне перпендикулярл
және буын басының ортасында қиылысатын үш негізгі білкті
ажыратады:1(көлденең(фронталды)білі к,2)алдыңғы артқы
(сагиталды)білік,3)вертимкалды білік,оның айналасында ішке қарай
айналу,сыртқа қарай айналу қозғалыстары жүреді.
Жалпақжазықбуындардың,art.plana(мыс алы,art.intervertebrales)буындық
беттері негізінен жалпақ келеді. Оларды радиусы өте үлкен шардың беті деп
қарастыруға болады,сондықтан оларда қозғалыс барлық үш біліктің айналасында
жасалады,бірақ буындық беттері аудандарының айырмасы өте аз болғандықтан
,қозғалыстар көлемі шамалы болады.Көп білікті буындарда байламдар буынның
барлық жағынан орналасады.
Қатаң буындар-амфиартроздар .Осы атпен буындық беттері буындасу
пішіндері әр түрлі,бірақ басқа белгілрі бойынша ұқмас буындар тобы бөлдіп
көрсетіледі.

Буындардың қосымша құрамалары.
Буындардың қосымша құрамаларына:буын байламдары,ligamentum
articulare,буын дискілері,disci articulares,буын менискілері,menisci
articulares,буын еріндері,labium articulares,сесама сүйектері,ossa sesamoi-
dea,май қатпарлары,plica adiposum т.б жатады.
1.Буын қапшығының байламдары,құрамы өте тығыз же мықты болып келген
ірі талшықты дәнекер ткандардан тұрады.Негізгі қызметі:Буын қапшы ғының
беріктігін сақтаумен қатар ,буында болатын қозғалыстың бағытын реттеу.
Сыртқы буын байламдарының қызметі :буын қапшығының жыртылуынан немесе
зақымдануынан сақтау болса, ішкі буын байламдарының негізгі қызметі:буын
беттерінің аралық үйлесімділігі мен сәйкестігін сақтау.

2.Буын дискілері ,терең қабаты көпшілік жағдайда гиалин шеміршегінен,
кейбір кезде ірі талшықты шеміршектік тканнан тұрады. Буын дискілері
,буынның алшақ орналасқан буын беттерін бір-біріне жақындасчтырып,
үйлесімдендіреді.
Дискілердің айналасы буын қапшығы мен бірігіп,буын қуыстығын өзара
жоғарғы және төменгі қабатқа бөледі.Қызметі:біріншіден буынның буын
беттерін бір-біріне жақындастырып, үйлесімді жағдайға келтірсе ,екіншіден
буында,болатын өзіне тән қозғалыстың көлемін арттырады. Мұндай, буынаралық
дискілер төс-бұғана буынында ,самай-төменгі жақ т.б. буындарда кездеседі.

3.Буын менискілерінің буын дискілерінен айврмашылығы:біріншіден дискіле
тәрізді біркелкі табақша тәрізді болып орналаспаған,екіншіден жоғарғы беті
ойыстау же жарты ай тәрізді болып келгенүшіншіден менискінің сыртқы бөлігі
қалыңдау же биіктеу болып келсе, орталық бөлігі үздікті орналасқан.

4 .Буын еріндері буын ойысы буын басының бетіне сәйкес келмеген жағдайда
буын ойысын үйлесімді жағдайға келтіріп тереңдету үшін,ғбуын ойысының
жиектерінде орналасқан тығыз ірі талшықты дәнекер ткан.Буын
еріндері:иық,жамбас буындарында кездеседі.

5.Сонымен қатар буындардың буын беттері өзара сәйкес келмеген жағдай
да,буындар май қатпарлары же сесама сүйектерімен толықтырылады. Май
қатпарлары буын бетін үйлесімді жағдайға келтірсе ,сесама сүйегі
қозғалысты жеңілдету қызметін атқөарады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Буындардағы қозғалыстардың орын алатын маңызы.
Сүйекаралық байламдар ,буындар ,шеміршектік және сүйектік ткандар байланысы
мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы , құрылысы мен қызметі өте
күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі:адам қаңқасының дара
орналасқан сүйектерін бір-бірімен жалғастыру ,байламдар мен буындар арқылы
сүйектердің азды-көпті қозғалысын қамтамасыз ету.Сонымен қатар ,сүйекаралық
байланыстардың ішкі құрылымы олардың иілгіштігі ,созылмалылығы және
буындарда болатын қозғалыстың көлемі, оның атқаратын қызметіне тікелей
байланысты.
Буынды құраушы сүйектердің буын беттері әр уақытта сәйкестік жағңдайда
орналасуы қажет. Буынды құраушы сүйектердің буын беттері сәйкестік жағдайда
орналаспаса ,онда буынның қалыпты жағдайдағы қозғалысын қамтамасыз ету үшін
,қосыша буын құрамалдарымен толықтырылады.

ӘДЕБИЕТТЕР.

• Аубакиров А.Б ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматты басқару теориясы
Сауат ашу және жазу әдістемелік құрал
Жазуды оқытудың тарихы
Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын дамыту
Автоматты басқару жүйелері. Құрылымдық сұлбаның сипаттамасы
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
Сөздерден сөйлем құрау
Буындағы қозғалысты модельдеу
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ САУАТ АШУ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы
Пәндер