Әбіш Кекілбаевтің «Үркер» шығармасы, тарихи көркемдігі және эстетикалық сипаты



Жоспар:
І Кіріспе
1.1Әбіш Кекілбаевтің шығармашылық ғұмырбаяны
1.2Ә.Кекілбаевтің танымал туындылары
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әбіш Кекілбаев . көсем сөз иесі, көркем суреткер
2.2 «Үркер» романы . тарихи сипаттағы шығарма
2.3 Романнның көркемділігі мен құндылығы
2.4 «Үркердің» құрылымы мен кейіпкерлер жүйесі
2.5 «Үркер» романының эстетикалық сипаты мен тәрбиелік мәні
2.6 «Үркер» . қазақ романының биік белесі
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйт¬кені, Кекілбаевтың өзі бір әлем. Шүкір, қазір сол ғажайып әлемді зерттеп, оның ерек¬шеліктеріне шұқшия үңіліп, Кекіл¬баевтың шығармашылық өнері туралы жазылған мақалалар да бірнеше томға жетерлік. Әбіштің шығармашылық еңбегі туралы пікір білдіріп, еңбек жазғы¬сы келген әрбір адам бұрынғы айтылған сөз, жазылған дүниелерді қайталағысы келмей, тың жол тапқысы келетіні де табиғилық. Оған қоса Кекілбаевтың өзінің әлем, қазақ тарихының көрнекті адам¬дары, замандастары, осы заманның, біздің қоғамның құбылыстары, бағыт-бағдары туралы толып жатқан ой толғаулары да, публицистикалық шығармалары да елге белгілі. Кекілбаевтай шешендікпен сөйлеп, Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу – тек сол Әбіштің үлесіне тиген жеке тұлғалық ерекше қасиет.
Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – ро¬ман, көсілсе көсемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Туындылары¬ның көрінісі көркемдігімен, кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиға¬сы тарихи деректілігімен қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады. Әбіш Кекіл¬баев¬тың әдеби шығармалары, әдебиет туралы өте зерделі сын мақалалары сол кездегі “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас Алаш”), “Қазақ әдебиеті” газеттерінде, “Жұл¬дыз” журналында жарық көре қалса, жібермей оқып, қаламгердің сондай білімгерлігіне, білгіштігіне тәнті болып, таң қалып жүретіндер жетерлік .
“Күй”, “Шыңырау”, “Ханша дария хикаясы” деген Әбіштің сол кездегі шығармалары оқушыларының дүниетанымына жаңа бір рухани серпіліс берген-ді. Тақауда ғана жарыққа шыққан Әбіштің 25 жасында жазған “Күй” повесі бойынша түсірілген “Кек” фильмін бүгінгі көрермендер де түсініп, жылы қабылдады.
Әбіштің қоғамдағы феномені – оның толассыз ізденгіштігі мен зерттеу-шілігі, сол қазынасын жиылған жүк құса¬тып тең-тең етіп қоймай, түйдек-түйде¬гімен оқушысына, еліне, жұртына тас¬қындатып төгіп жатуында. Сондықтан да әдебиет сүйер қауым Әбіш Кекілбаев не жазды екен деп күтіп жүреді, шыққан дүниесін іздеп тауып, оқып жүреді. Әбіш Кекілбаев оқушы¬сын жерітпеген, ренжітпеген, көңілін қалдырмаған, қаламы демікпеген, шабыты сарқылмаған жазушы, қоғамның сергек сарапшысы. Асқар Сүлейменов өзінің бір мақаласында былай деп жазыпты: “Кекілбаев дарыны мейлінше ғибратты дарын. Оның кеңістігінің өзінен ұғымтал көкірекпен жіті көз адуын өнердің мінезін көреді”.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Ә.Кекілбаев «Үркер» Алматы 1981ж
2.Ә.Кекілбаев «Елең-алаң» Алматы 1984 ж
3. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, Алматы 2002ж, ІV-том
4.Кекілбай Ә. «Заманмен сұхбат», Алматы «Жазушы» 1995ж
5.Кекілбай Ә. «12 томдық шығармалар жинағы», Алматы 1989ж,
ІV-том
6.«Қазақ әдебиетінің тарихы» 10-томдық, Алматы 2005ж, ІХ-том
7.К екілбай Ә. «Азаттықтың ақ таңы», Алматы «Қазақстан» 1998ж
8.Дүйсенбаева Ж. «Кекілбай прозасы халық аңыздар және көркемдік шешім»,
9.Джуанышбеков Н. «А.Кекильбаев: очерк жизни и творчества», Алматы 2004г
10. Кекілбай Ә. «Махаббат мұнарасы», Алматы «Раритет» 2005ж
11.Кекілбай Ә. «Ханш – Дрия хикаясы», Алматы «Атамұра» 2003ж
12.Кекілбай Ә. «Шандоз», Алматы «Арыс» 2004ж
13. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. «Жазушы» Алматы, 2001. 295-300 б.
14. Затонский Д. Искуство романа и ХХ век. «Художественный литературы». М., 2002. 295-300 б.
15. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика) «Ер –Дәулет» басп. Алматы, 1996. 38-42 б.
16. Ізденіс 2001ж, №4-5 ( 52-54б )
17.Егемен Қазақстан 2002ж, 6 сәуір ( 4б )
18.Егемен Қазақстан 2007ж, 11 шілде ( 5б )
19.Қазақ әдебиеті 2000ж, 24 наурыз
20.Егемен Қазақстан 1997ж, 14 наурыз
21.Қазақ әдебиеті 1999ж, 3 желтоқсан
22.Жас алаш 1999ж, 4 желтоқсан
23.С.Қирабаев «Талантқа құрмет» Алматы, Жазушы 1988 ж
24.Бердібаев Р «Биік парыз» Алматы, Жазушы 1980 ж
25.Р.Нұрғали «Телағыс» Алматы. Жазушы 1986 ж
26.Б.Майтанов «Қазақ прозасындағы замандас бейнесі» Алматы, Жазушы 1977 ж
27.Тоқбергенов Т «Үш тоғыс» Алматы, Жазушы 1997 ж
28.Елеукенов Ш «Замандас парасаты» Әдеби сын Алматы, Жазушы 1977ж
29.Дәдебаев Ж «Шымырлап бойға жайылған» Алматы, Жазушы 1988 ж
30. Дәдебаев Ж «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы, Жазушы 2002 ж
31. «Дәстүр және жаңашылдық» Алматы, Ғылым 1980ж
32. Қазақтың жүз романы . Құрастырған: Р.Нұрғали Астана Фолиант 2004ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтің Үркер шығармасы, тарихи көркемдігі және
эстетикалық сипаты

Орындаған:

Тексерген:

Семей 2014 ж

Жоспар:
І Кіріспе
1.1Әбіш Кекілбаевтің шығармашылық ғұмырбаяны
1.2Ә.Кекілбаевтің танымал туындылары
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Әбіш Кекілбаев – көсем сөз иесі, көркем суреткер
2.2 Үркер романы – тарихи сипаттағы шығарма
2.3 Романнның көркемділігі мен құндылығы
2.4 Үркердің құрылымы мен кейіпкерлер жүйесі
2.5 Үркер романының эстетикалық сипаты мен тәрбиелік мәні
2.6 Үркер - қазақ романының биік белесі
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз
айту кімге болса да оңайға түсе қоймас. Өйткені, Кекілбаевтың өзі бір әлем.
Шүкір, қазір сол ғажайып әлемді зерттеп, оның ерекшеліктеріне шұқшия
үңіліп, Кекілбаевтың шығармашылық өнері туралы жазылған мақалалар да
бірнеше томға жетерлік. Әбіштің шығармашылық еңбегі туралы пікір білдіріп,
еңбек жазғысы келген әрбір адам бұрынғы айтылған сөз, жазылған дүниелерді
қайталағысы келмей, тың жол тапқысы келетіні де табиғилық. Оған қоса
Кекілбаевтың өзінің әлем, қазақ тарихының көрнекті адамдары, замандастары,
осы заманның, біздің қоғамның құбылыстары, бағыт-бағдары туралы толып
жатқан ой толғаулары да, публицистикалық шығармалары да елге белгілі.
Кекілбаевтай шешендікпен сөйлеп, Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу – тек сол
Әбіштің үлесіне тиген жеке тұлғалық ерекше қасиет.
Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы
ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – роман, көсілсе көсемсөз туады.
Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Туындыларының көрінісі көркемдігімен,
кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиғасы тарихи деректілігімен
қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады. Әбіш
Кекілбаевтың әдеби шығармалары, әдебиет туралы өте зерделі сын мақалалары
сол кездегі “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас Алаш”), “Қазақ әдебиеті”
газеттерінде, “Жұлдыз” журналында жарық көре қалса, жібермей оқып,
қаламгердің сондай білімгерлігіне, білгіштігіне тәнті болып, таң қалып
жүретіндер жетерлік .
“Күй”, “Шыңырау”, “Ханша дария хикаясы” деген Әбіштің сол кездегі
шығармалары оқушыларының дүниетанымына жаңа бір рухани серпіліс берген-ді.
Тақауда ғана жарыққа шыққан Әбіштің 25 жасында жазған “Күй” повесі бойынша
түсірілген “Кек” фильмін бүгінгі көрермендер де түсініп, жылы қабылдады.
Әбіштің қоғамдағы феномені – оның толассыз ізденгіштігі мен
зерттеушілігі, сол қазынасын жиылған жүк құсатып тең-тең етіп қоймай,
түйдек-түйдегімен оқушысына, еліне, жұртына тасқындатып төгіп жатуында.
Сондықтан да әдебиет сүйер қауым Әбіш Кекілбаев не жазды екен деп күтіп
жүреді, шыққан дүниесін іздеп тауып, оқып жүреді. Әбіш Кекілбаев оқушысын
жерітпеген, ренжітпеген, көңілін қалдырмаған, қаламы демікпеген, шабыты
сарқылмаған жазушы, қоғамның сергек сарапшысы. Асқар Сүлейменов өзінің бір
мақаласында былай деп жазыпты: “Кекілбаев дарыны мейлінше ғибратты дарын.
Оның кеңістігінің өзінен ұғымтал көкірекпен жіті көз адуын өнердің мінезін
көреді”.
Оның “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” тарихи романдары тек тарихи
шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық
рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік
қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те ең алдымен
қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы
кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең
шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін
ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, дауысы
орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол
өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді
ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
Жазушы Әбіш Кекілбаевтың көркем шығармаларының қай-қайсысы болсын
оқушысын бей-жай қалдырған емес. Қоғамның елеулі оқиғасы, құбылысы болып,
еніп жатты.
Өткен ХХ ғасырдың 60-70-жылдары қазақ әдебиетінің қайта өркендеу дәуірі
болды десек қателесе қоймаспыз. Кезінде, көзі тірісінде “Алыптар тобы”
атанып, елдің, қоғамның рухани көсемдеріндей болған Мұхтар Әуезов, Ғабит
Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды әйгілі суреткерлердің ізін
баса, өкшелес келген Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов,
Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетін дамудың жаңа
кезеңіне көтерумен бірге қоғам қайраткерлері ретінде танылды. Әдеби
шығармалар үздіксіз сұранысқа ие болып, қоғамның қозғаушы ірі күшіне
айналды. Әдебиеттің, әдебиет қайраткерлерінің қоғамда мәртебесі артты,
беделі өсіп, тұрақтанды. Адамдар олардың зиялы сөз, саналы ойына құлақ
асты. Зейін қойды.
Осы тұста келіп қосылған жас толқынның екпіні де, сарыны да, әуезі мен
үні де ерекше қуатты еді. Олардың өрнегі, қаламгерлігі, қоғам ісіне
араласқан қайраткерлігі де жаңа серпінге толы болды. Шоғыр жұлдыздар
қатарындағы Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Шерхан Мұртаза, Әбіш
Кекілбаев, Сайын Мұратбековтің әрқайсысы бір ой мен сөздің сәнін түзеген
жасаулы керуендей әсер қалдыратын. Оларға ілесе саясат сахнасына Фариза
Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин көтерілді.
Әбіш Кекілбай танымал туындыны дүниеге әкелді. Ол оның тарихи сипаттағы
Үркер шығармасы. Енді сол шығарманың тарихи тағлымына тоқталсақ.

Үркер - қазақ жазушысы Әбіш Кекілбайұлының кіші жүз руларының Ресей
Империясына қосылған кездегі жағдайды сипаттайтын көлемді тарихи романы.
Бұл тарихи жағдайға арнап Әбіш Кекілбайұлы Үркер (1981) және Елең-алаң
(1984) атты екі романнан тұрады.
Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуы патша өкіметінің отаршылдық,
қалың бұқараға жат саясатьша қарамастан, қазақ халқының өміріндегі аса бір
елеулі саяси құбылыс болғаны, оның қазақтың елдік тұтастығын сақтап, ұлттық
дамуына прогресс жолын ашқаны бүгін бүкіл қоғам мойындаған шындыққа айналып
отыр. Содан бергі 250 жылдан астам уақыт ішіндегі тарих сабағы қазір біздің
көзімізді осыған жеткізді. Россияға қосылған кезеңде Қазақстанда халық
бұқарасын Мешеулікке, қараңғылық пен надандыққа душар еткен патриархтық-
феодалдық қатынастар үстем еді. Әр түрлі жаулаушылар феодалдық бытыраңқылық
пен өзара қырқысты Қазақстанға тонаушылық шапқыншылықтар жасау үшін
пайдаланды... Қазақстанның Россияға қосылуы өлкенің шаруашылық және
қоғамдық-саяси өмірін жандандыруға ықпал етіп, патриархтық-феодалдық
негіздердің бұзылуын, табиғат байлықтарының  игерілуін, өнеркәсіп
ошақтарының жасалуын, егіншіліктін, өркендеуін шапшаңдатты. Демократияшыл
орыс мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің таралуы қазақ халқының рухани
өміріне игілікті әсер етті.
Халық тарихында өшпес із қалдырған осы бір маңызды оқиғаны зерттеу
және көркем бейнелеу ісімен қазақ ғалымдары мен жазушылары көп жылдардан
бері шұғылданып келеді. Қоғамдық өзгерістер мен халықтық ой-пікірдің әр
жағдайдағы даму күйіне байланысты бұл мәселеге түрліше көзқарас туды, талас
пікірлер де болмай қалған жоқ. Бүгін олардың бәрі — біздің өткен жолымыз.
Соңғы жылдар ішінде жалпы қазақ тарихына байланысты жақа көзқарас туып
қалыптасты. Қөптеген тарихи деректер қайта қаралып, толықтырылып, оларды
нағыз ғылымдық әдіспен, шыншылдықпен бағалауымызға жол ашылды. Бұған біздің
ұлттық сана-сезіміміздін. өсуі де дүниеге, әлеуметтік шындық пен оның
өзгерісті жолына маркстік-лениндік ілім үйреткен кеңшілік көзімен қарауға
үйрене бастағанымыз да себеп болып отырғаны даусыз. Халық тарихына
байланысты жаңаша ойлану —қазір советтік ұлттардың бәрінің басында болып
отырған жай. Осы негізде олар елдің елдік салты мен халықтық игі
дәстүрлері, оның тарихтың прогрестік жолына бет бұруы, сол істің басында
тұрған халық өкілдері мен ұлттық сана-сезімінің оянуы сияқты мәселелерді
терең қарастыруға мүмкіндік алып отыр. Осы мәселеге арналған қазіргі қазақ
әдебиетінің тәуір туындылары да бұл шындықты растайды.
Орыс-қазақ халықтарының тарихи байланысының түп негіздері мен олардың
ынтымақтасуы жолының заңдылығын көркем бейнелеуге арналған туындылар ішінде
Әбіш Кекілбаевтың Үркер романы көрнекті орын алады.
Әбіш романының тарихилық сипаты (историзм) күшті. Ол халықтар тарихының
даму бағытында әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай
дәуірде болса да үмітті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа,
материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді.  Көрші
елдердің жан-жақты қыспағына тусіп, көшпелі өмір кешкен қазақтың да ендігі
Жерде томаға-түйық, оқшау өмір сүруі мүмкін емес еді. Дүние жүзілік
әлеуметтік тіршіліктің ірі козғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып,
халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу, бағыну шындықтары қазақ
халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның
іздеп тапқаны — орыс халқы. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы
Үркерде үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелейді. Үркер — маңдай
алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе
жұлдыздар шоғыры. Орысқа қосылу арқылы қазақ тапқан жол да романда осылай
ұғылады. Ұзақ көшпелі өмірден қажыған, қашқылықты-пысқылықты тіршілік көп
кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Оның төбесінде үркер
жанып тұр. Үркердің қарсы алдынан туғаны қазақ қашанда жақсылыққа жорыған,
халық бойын билеген үміт оты осыған жетектейді.
Адам табиғаты зорлықты, күштеуді сүймесе қашан да еркін болса, ол
жалғыздыққа да, оңашалануға да сондай жат. Тіршілік үшін күрес оны
айналасымен қарым-қатынасқа, тіл табысуға үйретті. Адамдар ынты-мақтастығы,
туыстығы осылай туған. Оның негізінде куштеу, бағыну, бағындыру саясаты
емес, түсінісу, мүдделестік, тағдырластық жатады. Осы жолмен әуелде
тайпалық топтар арасында, кейін тұтас халықтар, елдер арасында байланыс
ұлғайған. Қазақстанның Россияға еркімен- қосылуын да екі халықтың осындай
тағдырластығы, мүдделестігі туғызды. Әбіш романы қазақтар іздеп тапқан
жолдың негізі осындай тарихи қажеттіктей туғаны туралы ойлатады. Оның екі
халыққа да, олардың экономикалық, рухани дамуына да пандалы екеніне
сендіреді. Романнық негізгі пафосын айқындайтын да осы идея.
Қазақ халқының Россияға қосылуының прогресті жолын, оның қазақ елін
көшпелі, рулық тартыстардан, көршілердің феодалдық көз алартуынан
құтқаратынын ұғынған да осындай іс басындағы, ел билігіндегі азаматтар
болғанын   тарихи   деректерге   сүйене отырып, Үркер романы бізге кек
суреттеп жеткізеді. Ол тек тәуекелге бел  буған,  даңққұмар  билеушілердің
ғана емес, жоғарыда келтірілгендей ақылдылық, ойлылық, төзімділік сияқты
мінездерге бай характердің ғана қолынан келмек. Әбіш   бізге   осындай  
кесек   характер ашып берді. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір
құбылыстары — бәрі  де оның  негізгі  қаһарманы  Әбілқайырдың
көзқарасымен    байланысты   дамиды,    соның ой-елегінен өте
көрсетіледі.   Осы   тұрғыдан   Әбілқайыр есімі романиың екінші аты болуға
да лайық. Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді. Ең алдымен, ол — хан
тұқымы, сұлтан. Осы тұқымға тән билікқұмарлық, эгоистік сезімдерден де ол 
құр  емес.   Әбіш  оның сұлтандық психологиясына да   үңіле  біледі.  
Оның  көз алдына көкпен таласқан   күмбез   бен   алдында  жыртылып-
айырылып тұрған қалың казақ елестеуі де осы сезімнің көріністері. Бұл —
заңды да, хан тұқымыньщ бәрінің басында  болатын жай. Тұқым қуалаған
хандыкда ертелі-кеш ие болатынын білетін   олардың   психологиясында соған
тезірек жетуге құмарлық, өзімшілдік сезім басым болды. Олар қазіргі іс
басындағы бауырларына қызғанышпен қарады, реті  келсе,  сол орынға   
тезірек жетуді қарастырды. Әкесін, туысын өлтіріп, хан болғандар бұл
тұқымдарда аз емес-ті.
Алайда, Әбілқайыр жаратылысы бұлардан өзгешелеу. Ол ішін тырнаған
эгоистік сезімдерін баса біледі, бірден көзге түсіп, билікке де ұмтылмайды.
Хан тұқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән данғойлықтан, кеудесоқ
мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сынайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты
қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сөз  тыңдауға, адам тануға
ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау
сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, міез құлқын қалыптастыруы,
толысуы ерекше қызықты. Романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен
астасып, жарқын бейнеленеді. Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды
тең ұстап дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек
інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар  атын тартып  мінгенде де, ол 
інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: Төренің
бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен— депті.
Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны
аңғарылады.
Халық даналығы мен ерлігінің бейнесіндей Мәтіні де Әбілқайыр танып, сыйлай
біледі. Оның ақылы, сөзі әрқашан өрелі жастың ойына ой қосқанын, көкірек-
көзін ашқанын көреміз.
Не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал-
екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманын, тап ақыл сұрамайды, абырой
сұрайды. Бұ заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел
дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын
күдіре желке көктөбет сияқты... Күні өткен күңіреншек кәріден гөрі
тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген жалыны қайтпаған
жастарға үйір болған дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау
деген сөз бе екен! Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан
басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына ереміз бе деп үміттенетін
азаматынан бар дәметері сол-ақ қой!
Бір әңгімеде Мәті аузынан айтылатын осы сөздер де Әбілқайыр жадында
қатты сақталғаны, оның бүкіл ел билеушілік, азаматтық жолының заңды
қағидасына айналғаны сұлтанның бүкіл романда суреттелетін іс-әрекетінен
анық танылады. Ол бедел үшін күресті. Әлі батырлығымен атағы шықпаған
бозбала жігіттің Іле бойында қалмақтармен ұрыста ерлік көрсетуге ұмтылуы
осыдан сияқты. Ол бұл жолы жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсті.
Батырлықтың ар жағында даңқ-құмарлық та жоқ емес еді. Оны Есет дәл
байқапты. Сабазың қалың ел түгел таңқалып жатқанда кірпігін де қаққан жоқ.
Сазарып тұрып алды. Сұмдығына найза бойламас қу болмаса қайтсын—дейді ол
Әбілқайыр ерлігіне таң қалған жұртқа. Дегенмен бұл жолы ол қалың қазақ
ілтипатына бөленіп қайтты. Аруағыңнан айналайын, қазақтан да Қалдаман
туған екен ғой— десті қалың тобыр. Ынтымағы аз, көшпелі, жауынгер елді
бағындыратын, оны иліктіретін жалғыз жол — ел алдында осылай ерлік көрсету
еді. Әбілқайырға ол абырой, бедел әкелді. Ендігі жерде қалмаққа баратын
жорық жайы сөз болса, қол бастаушы деп оның атын ел атайтын болды.
Осылай бір көрініп алған беделді Әбілкайыр одан әрі бекітудің жолы ел
жақсыларымен, аты белгілі, елге беделді батырлармен одақ болу, жақ болу деп
түсінеді. Есетті, Бекенбайды, Жәнібекті, тағы баска батырларды маңында
ұстау саясаты оны билікке ғана жеткізіп қойған жоқ, хан тағын да берік
ұстауына, кейін Россиямен одақтасуына жол ашты.
Жазушы Әбілқайыр өмірінің барлық кезеңін тізіп, оның жеке басының
тіршілігін күйттеп жатпайды. Оның Кіші жүз ханы тағында отырып, Россияға
қосылу жайындағы ұсыныспен патшаға өкілдік жіберумен арадағы келіссөз
жағдайларын ғана шығармаға тақырып етіп алады. Сонымен байланысты романның
төрт тарауында Петербургтен хабар күтіп жүрген ханның күпті, ойлы күйін
(Тығырық), патша елшілігінің келуін (Елшілік), онымен қиын жағдайда
жүргізілген келіссөз жайын (Арбасу) және келіссөздердің ұзақ тартысып
барып сәтті аяқталуын (Айқас) суреттейді. Сырт қарағанда, бір сәттік
мәселелерді ашуға арналғанмен, бұл тараулардың бәрінде қазақ өмірінің кең
тынысты тіршілігі, Россияға қосылуды жақтаған және оған қарсы топтардың
күшті тартысы, ру басшыларының алауыздық әрекеттері, соған қарамастан
біртіндеп халық ішіне сіңе бастаған орыс-қазақ қарым-қатынасының фактілері
шынайы көрініс табады. Роман мазмұнында  халық тағдыры   жайында   ойлану  
күшті.
Сондықтан  онда оқиғадан  гөрі  ой салмағы  басым  көрінеді. Бүкіл
қазақ хандығы болмаса да, бір тайпа елдің билігін қолына алған Әбілқайырдың
ендігі ойы — ел тыныштығын күзету, оны мазалап отырған қалмақтарға қарсы
қайрат көрсету еді. Бұл мақсатын ол орындауға тырысып бақты. Үш арыстың
басын қосқан талай ірі шайқастарды басқарды. Жоңғар мен қалмақты жеңген
соғыстардың бәрінің де тізгіні Әбілқайыр қолында болды. Ол Сығанақта, Еділ
бойында, Аңырақайда өз басының ерліктеріне қоса әскер басы есебінде де
айлалы, амалды ұрыстар жүргізді. Қаратаудағы жиында ол бүкіл қазақтын, бас
сардары болып сайланды. Бірақ ішкі-сыртқы жауласушылық бұл жеңістермен
бітпеді. Қайта үдей түсті. Қөшпелі елдің сыртқы жаулары бір жағынан
қыспаққа алса, оған қосылған феодалдық-патриархалдық өмірдің қайшылықтары
мен ел ішіндегі рушылдық алауыздықтар қазақ хандығынын, халықаралық
жағдайын әлсіретіп жіберді. Қазақ қоғамның қабырғасы сөгіле бастады.
Хандыққа таласқан билеуші әулеттердің династиялық бақталастығы да жағдайды
қиындата түсті. Осыларды көріп-бағып отырған ойлы Әбілқайырдың Россияға қол
артқаннан басқа амалы да жоқ еді. Оның үстіне орыспен одақ болу идеясы көп
жылдардан бері ел аузында жүрген, бірақ іске аспаған Европаны кезген елес
сияқты бір істі. Сібір билеушілері мен қазақтар арасындағы әңгіменің біраз
сыры Әбілқайырға таныс болатын. Әбілқайыр оны жаңа жағдайда жаңаша ойлап,
күн тәртібіне қойды. Бүгін осы бір қатерлі, бірақ тәуекелге сүйенген хан
ісінде қаншама көрегендік, ерлік жатқанын, оның алды-артын пайымдай білген
ойлы адамның ғана қолынан келетінін кім де болса көріп отыр. Мұның өзі
қазақтардың сол кездің өзінде мал соңында ғана жүрген жабайы емес, өз
тағдырын өзі ойлаған, халықтар қарым-қатынастарынан хабары бар, саяси ойдан
жырақ қалмаған жұрт екенін дәлелдей түседі. Әбілқайыр ісі арқылы жазушы
осыны паш етеді. Сонымен бірге әрбір ел билеушіге тән ханның өзіндік ішкі
есебі болғаны, Россияға арқа сүйеп, оның бүкіл қазақ тағдырын қолына алуға
ұмтылғаны, өзінің бәсекелестерін солай ұтуды көздегені, оның жеке басының
толғаныстары романда кең сурет табады. Қайшылықты ортада қайшылықты емір
кешкен хан Әбілқайыр қанша дегенмен өзінің бә-секелестерінің бәрінен де
жоғары тұр.
Мәті келіні Патшайым хан көзіне елестеген нышанды дәл жорыпты. Соны
түсіндіре отырып, Мәті қазіргі ел басшыларының ашуға мініп, айбат шегіп,
ештеңе бітіре алмайтынын, онын, жолбарыс боп, қасқыр боп өткізген күні
біткенін, енді қырық бұлтаққа салар түлкінің кебін киер кез болғанын айтқан
еді. Заманына қарай амалы деген-ді. Тәукенің ел билігіндегі әрекеті бұған
жігерсіздік боп көрінетін еді, сөйтсе ол да таусылмайтын түлкінің бұлтағы
екен ғой. Соның арқасында қанша қоқан-лоқы көрсе де, ел аттандамай, атқа
мінбей, отыз сегіз жыл бейбіт заман кешіпті. Ал, ендігі жағдай бұл жолды
көтермейді. Тыныш болудың, ел тұтастығының басқа жолын іздеу керек. Ол —
Россияға қосылу жолы, соған арқа сүйеу жолы. Ендігі ханның түлкі боп
бұлтақтар айласы да, қулығы да осы бағытқа арналмақ, осы мақсатқа
жұмсалмақ. Әбілқайыр характері осы жолдағы күрес үстінде ашыла түседі.
Бұдан арғы оқиғалар елшінің келуімен байланысты дамиды. Бұл оқиғалардың
жуан ортасында да Әбілқайыр. Оның тағдыры, әрекеті роман композициясының
қозғаушы күші тәрізді. Дала тағыларымен толық келі-сімге келмей тұрып,
тәуекелге сальш, елшілік келсе, біртіндеп келісімге мойын ұсынар деген
үмітпен бастаған істі ол әрі қарай алпыс екі айлалы түлкініңн амалына салып
жылжытады. Бүкіл тіршілігін сөз, дау қуып, билікке, таласқа жұүмсаған ру
басшылары, бақталас, бәсеке талас сұүлтандар мен елшіліктің ханның
арасындағы тартыс тым ауыр жағдайда өрістейді. Осы тартыстардан бүкіл дала
қайшылығы, ыдырап бара жатқан хандық құрылыстың сыры айқын аңғарылады.
Әбілқайыр отандастарының бұл мінезін елшіні күту дайындығы кезінде-ақ
байқаған еді. Ру басшылары елшіні күтуге арнаған жігіттерін уақытында
жібермей кейін уәделі саннан екі есе кем жіберіп, келгендерінін өзі
қарауылға жиналмай ханның жүйкесіне тигенді. Оның үстіне елшілікті біз
келмей, жалғыз бастама деп шарт қойып, өздері келмей ханды елшіге
жібермей, қонақты зарықтырып тағы шаршатты. Осындай қиыншылықпен басталған
келіссөз жағдайлары Әбілқайыр образын психологиялық тұрғыдан тереңдете
түсуге жол ашқан. Оның төзімділігі, ақыл-айласы екі жақты жауластырмай,
келістіруге, жарастыруға жұмсалады.
Елші мырза, біздің жұртымыздың арда екенін естуіңіз бар шығар... Арда
малдың асау келетінін білесіз ғой. Асауды күшпен емес, айламен алады. Күш
көрсетсеңіз, күшігенді де иліктіре алмайсыз, ал айламен арыстанды да
ноқталауға болад... Біздің халқымыз қазір арыстан сияқты. Әлсізге тап
келсе, мерт қылады. Әлдіге тап келсе, өзі мерт болады. ...Әрі ойладым, бері
ойладым, екі мықтының әупірімімен арпалысып мерт болғанша, сабырлысымен
арбалысып тірі жүргенді жөн көрдім... Менде бұдан басқа амал бар ма? Жұрт
бұл қылығымды не деп ойласа, о деп ойласын, ал өзім тек бір басымның ғана
емес, бүкіл елдің мүддесін ойлағанда тапқан жалғыз амалым деп білем...
Әбілқайырдың Тевкелевке оңаша кеп айтқан осы сырында хан ұстанған саясаттың
шындығы жатыр. Ол елшіге ел азаматтарының ықылас-ілтипатты жоғары
санайтынын, бірден ант сұрамай, сый-сыяпат ұсынып, ауыздарын алуға тырысу
керектігін айтады. Шынында да Әбілқайыр — Тевкелев келіссөзін мақсатқа
жеткізген де осы амал, айла. Ру басшыларының әр түрлі қиқар мінездері мен
ұр да жық ожарлығына ол төзімділікпен қарайды. Бала мінезді жұрттың әуелде
дұрыс-бұрысты ұға алмай, дүрлігіп барып жөнге келуін күтеді. Оларға ақырып
емес, алдаумен іс жүргізеді. Бұл шаруаға тағы да елдің беделді батырларын
жұмсайды. Сөйтіп елді антқа жұмылдырады. Бұл — Әбілқайырдың ел мүддесі мен
өз мақсатын тұтастыра білген дипломатиялық көрегендігі.
Әбілқайырдың Россияға қол артуы, оған бағынуға ант беруі жалпы қазақ
мүддесіне де, оның мұсылмандық салтына да, халықтық дәстүріне де қайшы емес
екенін, оған қарсы болушылардың ойы тек түсінбестік пен бәсекелестіктен
туғанын көрсетуге жазушы ерекше көңіл бөледі. Бұл қарапайым халықтардьщ
мүдделестігінен, тіл табысуынан да танылады. Зердебай қызы Торғынның
Костюковпен байланысын ханның орыстарға жағыну үшін үйымдастырған ісі
деушілердің жеңілісі де Әбілқайырдың үстемдігін танытады.
Романда игі істің басында тұрған Әбілқайыр ханмен бірге бірталай
батырлардың жарқын образдары жасалады. Олардың ішінде Бөкенбай, Есет,
Жәнібек батырлар ерекше көзге түседі. Ел қорғау, кек қайтару жорықтарында
ерлігімен көзге түскен бұл батырлар нағыз халық қамқорлары ретінде
суреттеледі. Ел тағдырын Әбілқайырмен бірге ойлап, оның идеясының іске
асуына тілек те, білек те қоса біледі. Әсіресе, Бекенбай  ру басшыларының
орынсыз талас,    қыспақтарына ұшыраған хан мен елшіге шын сүйеу бола
біледі. Өзі Россияға қосылуға ризалығын білдіріп, басқаларды да өз
беделінің күшімен антқа шақырады. Қиын-қыстау күндерде елші қасында болады.
Кертартпа билер мен айтыста ол өз ойын, мақсатын дәлелдеп жеткізеді. Бұл
әңгіменің енді саудаға салатын несі қалды? Қазақтың басына түскен қай
ауыртпалықта да тартынып қалған жерім жоқ... Әлі де тартысатын жаумен
тартысуға, айтысатын жаумен айтысуға дайынмын. Бірақ қызыл тілде буын жоқ
екен деп жөнге тоқтамау ата-бабаңның салтында жоқ. Қазақтың қара көшінің
қара бұлттың айтқанымен көшіп, ала қиқудың айтқанымен босып жүре бермей,
ертеңін ойлап, белгілі бір тұрақ табатын кезі болды дегеннің түсінбейтін
несі бар? Алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысудың жөні осы екен деп, төрт
тарабыңмен түгел теке көзденіп отырмай, бір жағымызды желге ұстасақ, бір
жағымызды ыққа ұстайық, бір қолымыз болмаса, бір қолымызды жау жағасынан
бос ұстайық, әйтпесе көк ит боламыз деп жүріп, көп иттің талауында кетпейік
дегеннің түсінбейтін несі бар? Әбілқайырға жау іздегенде ұстатқан ноқтамды
дос іздегенде ұстатпайтын жайым жоқ. Қол астымдағы рулы еліммен ақ патшаның
боданында боламын деп алдымен мына мен айтам...
Бөкенбайдың осы сөзі Әбілқайырға сүйеу болып ханның да елшілікке ант
беруіне жол ашады. Одан соң батырдың өзі де, Есет те, елдін белді жиырма
жеті биі ант береді. Іштей ұнатпағанмен көптің ырқынан аса алмай Батыр
сұлтанның ант беруі де қызық, Әбілқайырмен іштей бәсеке, бақталас сұлтан
ант беруін беріп қалғанмен, Әбілқайырдан жеңілгеніне намыстанып, оның
табысын қызғанып, кейін ат ізін салмай жатып алады. Алыстан орайтын жырынды
қудың жігіттеріне орыс керуенін талатып, оларды өзі құтқарған боп патшаға
жағымды көрінуге тырысуы да Әбілқайыр жолымен емес, орысқа өз жолымен
келуге ұмтылысының белгісі.
Романда суреттелетін елдін басшы адамдары — байлығымен, тектілігімен емес,
ел қорғау күрестерінде батырлығымен, ерлігімен көзге түскен, ақылымен ел
бірлігі идеясына ой қосқан азаматтар. Олардың әрқайсысы-ақ өз руының, өз
ортасының көсемдері. Оларды көсем еткен де батырлық пен алғырлық мінездер,
халық қамқоры бола білген азаматтарға деген ел сүйіспеншілігі. Сондықтан
бұл образдарда халықтық сипаты күшті. Олар, негізінен, халық ортасынан
шыққан адамдар Бекенбайдың, Есеттің, Тайланның, тағы басқалардың
Әбілқайырмен достығында да осындай халықтық мақсат бар. Жазушы аталған
батырларды көркем бейнелеуде олардың бойындағы білек күші мен жүрек
тілегін, ақыл мен ой тапқырлығын көрсетуді нысана етіп ұстайды. Ойлы
азаматтардың сөзінде халық даналығыңың сабағы танылса, даланың кеңдігі мен
тіршілік үшін арпалыс тудырған мінездің күрделілігі де әдемі ашылады.
Роман оқиғаларына естелік күйінде, лирикалық шегіністер арқылы араласатын
Төле, Әйтеке, Қазыбек билер бейнелерінде де әділдік аңсаған халық
ойларының, даналықтың сипаттары жинақталған. Жалпы романда қазақтың
халықтық қасиеттері, ұлттық психологияға тән жақсылық пен жиренішті
кемшіліктер сүйсіне, қазыла айтылады. Олардың көбі аталған халық
өкілдерінің көзқарасымен сұрыпталып беріледі.
Романдағы орыс адамдары ішінде алдымен көзге түсетіні — орыс елшісі
Тевкелев. Оның характерін жасауда жазушы тарихи деректерге молырақ
сүйенеді. Елшілік, келіссез оқиғаларының күрделі, қайшылықты әсерлерін
Тевкелевтің күнделігіне сүйене отырып суреттейді. Бірақ жазушы сол күнделік
мәліметтерінің ырқында қалып қоймай, келіссөз жүргізудің егжей-тегжейі мен
екі жақтың бір-біріне қарсы жасаған айла-әдістерін суреттеу негізінде қазақ
даласындағы рулық тартыстардың сырын, феодалдық қарым-қатынастардың ыдырай
бастағанын ашуға ұмтылады. Дәуір шындығына осы оқиғаға қатысқан адамдардың
көзімен қарауға көңіл бөледі. Тевкелев осы тұрғыдағы қызықты образ болып
шыққан. Тәжірибелі дипломаттың орыс-қазақ халықтарының мүдделестігі туралы
ойлары мен қазақ қоғамының кайшылықты жағдайларын көріп тануы нанымды
берілген. Тілі, діні, нәсілі жағынан бөлек, екеуі екі құрылықта жатқан орыс-
қазақ халықтарының жақындасу себептерін, оның қажеттігін Тевкелев жер
жақындығынан іздейді. Қоян-қолтық араласып жатқан елдерде тарихи
тағдырластық, мүдде жақындығы тумай қоймайды. Ал мүдде жақындығы — адам мен
адамды, халық пен халықты, мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы Әмірші бейнесі
Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ
Тіл - көркем әдебиеттің негізгі құралы. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ СТЕРЕОТИП
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Пәндер