Фольклорлық практика есебі



Мазмұны:
1 КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
2 Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
3 Тарихи жырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.9
4 Халық өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.12
5 Мал.мүліктеріне байланысты аңыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.14
6 Ертегілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.16
7 Батырлар жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.18
8 Айтыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
9 Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21
10 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Біздің бүгінгі тақырып кең көлемдегі, халық жадында терең сақталатын, әдебиет кеңістігінде ұзақ өмір сүретін мұра. Фольклор ағылшын сөзі «халықтың ауызша шығарған шығармасы» деген ұғымды білдіреді. «Ауыз әдебиеті» терминімен қатар қолданылады. Ал, ауыз әдебиеті (фольклор) халық арасында ауызша туындаған, ауызша тараған және ауызша сақталған шығармала жиыны.
Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері:
Шығарманың авторы ауыздан ауызға көшу барысында біртіндеп ұмытылады;
Бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады;
Синтаксистік, лексикалық, қайталаулар жиі кездеседі.
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух,
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің
Қазастан Республикасы Білім министрлігі ұсынған “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері жайла деректер берілген.
Академик М.К.Қозыбаев бүгінгі ұрпақты ерлікке баулудың ұлтжандылыққа тәрбиелеудің
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр “Найзаның
Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов,
Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі - Отан
Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік
Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген.
Халықтың бай мұрасын, соның ішінде қазақ фольклорын оқушыларды
Ерлік дегеніміз не? Ерлік адамның ерік-жігер қасиеттерінің ішіндегі
Ал ерлікке тәрбиелеу – жас ұрпақтың, қоғамның міндеті.
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі
Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи мәдени жетістіктерінің
Халық педагогикасының озық үлгілері бала бітімін жетілдіру, ана
Қорыта айтқанда, патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға
Асылында, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар –
Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып
Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдың, әлеуметтік һәм мәдени
Ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан
Бағамдасақ, патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті
Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері әм
Патриотизмнің маңызды бөліктерінің бірі: онымен етене байланысып жатқан
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан
Өркениетті елдер көшіне ілесуді асқақ мұрат тұтқан әрбір
Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің
Білімді, ойлы-пайымды, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың
Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру,
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі
Қоғамға, халқына тигізер пайдасы бар, өмірге деген дұрыс
Қазіргі халқымыздың рухани оянуы, рухани тәуелсіздік жолындағы іс-әрекеті
Бұл зерттеу жұмысының жазылу барысында қазақ фольклоры жанрларындағы
Ежелден тәрбие құралы міндетін өтеп келе жатқан халықтық
Халқымыз адамгершілік, сыпайылық, үлкенге құрет, кішіге қамқорлық сияқты
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның
Ұлан байтақ жерін қорғап, елдігін сақтаудың басты шарттарының бірі болып табылады.
Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс- тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. « Қазақ фольклористикасының тарихы».,- Алматы., 1988 ж, 302 бет. (96-98 бет)
2. Әділғазы Рахымжанов., «Айтыстар»,- Алматы.,2002 ж, 258 бет. (65-67 бет)
3. Тұрлыбек Сыдықов .,«Батырлар жыры»,-Алматы., 2000ж, 365 бет. (156-180бет)
4. Едіге Тұрсынов., «Ертегілер»,- Алматы., 1996 ж, 300 бет.(200-205бет)
5. Қ.Рахметова., «Қазақ мақал –мәтелдері», -Алматы 2007 ж,240 бет.(100-109бет)
6. М.Қазбеков., «Қазақтың би шешендері».-Қызылорда 1999 ж,156 бет(56-68 бет)
7. Әуезов М., « Әдебиет тарихы» ,- Қызылорда, 1927 ж, (25-27бет)
8. Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Алматы 1972ж., 400 бет (258-290 бет)
9. Жұмалиев Қ., «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», -Алматы., 1958
10. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 656 бет (500-506 бет)
11. Сейфоллаұлы С., «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»,- Қызылорда, 1931 ж. (65-69 бет)
12. Ысмайылов Е., «Ақындар»,- Алматы., 1956 ж, 205 бет (56-90 бет)
13. Қазақстан тарихы: Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
А қосымшасы Форма ФП 042-13-1.20.10-2008-2
Оқу (фольклорлық) іс-тәжірибе есебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ
MEMJIEKETTIK УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра____________________________
(атауы)
Мамандық ____________________________
(атауы)

ІС-ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
___________________________________ ___
(іс-тәжірибе түрі)
___________________________________ ___________________________
(іс-тәжірибеден өтетін орны)
Студент____________ _______________ _________________________
(тобы, курсы) (қолы, мерзімі)
(Аты-жөні)

Кәсіпорыннан тағайындалған
жетекші _______________
_________________________
(қолы, мерзімі)
(Аты-жөні)

Университеттен тағайындалған
жетекші _______________
_________________________
(қолы, мерзімі)
(Аты-жөні)

Комиссия мүшелері _______________ _________________________
(қолы, мерзімі)
(Аты-жөні)

_________________
_______________________
(қолы, мерзімі)
(Аты-жөні)

_______________
_________________________
(қолы, мерзімі)
(Аты-жөні)

Бағасы___________________

Семей
2013

Мазмұны:
1
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
2 Қазақ фольклорының тарихы және оның
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5-6
3 Тарихи
жырлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..7-9
4 Халық
өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10-12
5 Мал-мүліктеріне байланысты
аңыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-14
6
Ертегілер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-16
7 Батырлар
жыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17-18
8
Айтыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
9 Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық
поэзиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-21
10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 23
Кіріспе
Біздің бүгінгі тақырып кең көлемдегі, халық жадында терең сақталатын,
әдебиет кеңістігінде ұзақ өмір сүретін мұра. Фольклор ағылшын сөзі
халықтың ауызша шығарған шығармасы деген ұғымды білдіреді. Ауыз
әдебиеті терминімен қатар қолданылады. Ал, ауыз әдебиеті (фольклор) халық
арасында ауызша туындаған, ауызша тараған және ауызша сақталған шығармала
жиыны.
Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері:
Шығарманың авторы ауыздан ауызға көшу барысында біртіндеп ұмытылады;
Бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады;
Синтаксистік, лексикалық, қайталаулар жиі кездеседі.
Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух,
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің
Қазастан Республикасы Білім министрлігі ұсынған “Тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында” қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері жайла деректер
берілген.
Академик М.К.Қозыбаев бүгінгі ұрпақты ерлікке баулудың ұлтжандылыққа
тәрбиелеудің
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр “Найзаның
Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов,
Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі - Отан
Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік
Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген.
Халықтың бай мұрасын, соның ішінде қазақ фольклорын оқушыларды
Ерлік дегеніміз не? Ерлік адамның ерік-жігер қасиеттерінің ішіндегі
Ал ерлікке тәрбиелеу – жас ұрпақтың, қоғамның міндеті.
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі
Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи мәдени жетістіктерінің
Халық педагогикасының озық үлгілері бала бітімін жетілдіру, ана
Қорыта айтқанда, патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға
Асылында, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар –
Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып
Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдың, әлеуметтік һәм мәдени
Ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан
Бағамдасақ, патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті
Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері әм
Патриотизмнің маңызды бөліктерінің бірі: онымен етене байланысып жатқан
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан
Өркениетті елдер көшіне ілесуді асқақ мұрат тұтқан әрбір
Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің
Білімді, ойлы-пайымды, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді
адамзаттың
Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру,
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі
Қоғамға, халқына тигізер пайдасы бар, өмірге деген дұрыс
Қазіргі халқымыздың рухани оянуы, рухани тәуелсіздік жолындағы іс-әрекеті
Бұл зерттеу жұмысының жазылу барысында қазақ фольклоры жанрларындағы
Ежелден тәрбие құралы міндетін өтеп келе жатқан халықтық
Халқымыз адамгершілік, сыпайылық, үлкенге құрет, кішіге қамқорлық сияқты
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның
Ұлан байтақ жерін қорғап, елдігін сақтаудың басты шарттарының бірі болып
табылады.
Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың
тұрмыс- тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін,
дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғасырда фольклорды
жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл.
тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше
экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге
дейін жалғасып келеді.сұраныстары. Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін
жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор
үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 -
20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары,
діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді. “Ер Тарғын, “Қыз Жібек”,
“Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр-
дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз
әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға
ұшыраса да, көпшілікке жол тапты. [13]Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-
әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б.
тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе,
“Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”,
“Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша)
басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса
ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты)
шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев,
М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық
көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ
ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері
(опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып
саналады. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа
сипаттармен дамып келеді.

Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі

Қазақ фольклорының тарихы деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы
уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше
себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп
өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем
әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор
тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану
ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол
әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды
пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың
көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі
түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге
жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай
дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп
жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы
немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту
мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да,
қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп
зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік
әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр
болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960
жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына
арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы
феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп
қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және
фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан,
езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді.
Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын. Қазақ ғалымдары да
қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы
жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады,
бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш
кітап зиянды деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал,
шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді,
өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп
жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға
сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси
ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын
жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен,
тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне
арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне
деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ
шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал,
шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік,
арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері:
әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері:
қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау. Осыдан әрі қарайғы бөлімдер:
ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік
сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған
бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем
жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде
болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында
нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ Қазақ совет фольклоры деген жеке
бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен
әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен,
осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең,
жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп
өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық
әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық
әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары.

ҚОРЫТЫНДЫ Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық
тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған
шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық,
советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл
әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған.
Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары
шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп
ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса,
Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған.
Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу
түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп,
фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені
ескерілмеген. Ал, совет фольклоры деген ұғымға келсек, ол көпке шейін
ғылымда мойындалып келді.

Тарихи жырлар

Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи
жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір
тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі. Түркі халықтарына
ортақ, ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр,
аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі
өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Сәкен Сейфуллиннің сөзімен айтқанда:
"Қоспа ертектерін, жапсырма "кереметтерін" былай алып тастағанда, қазақтың
ескі ел әдебиетіндегі бұл Едіге батыр әңгімесінен Алтын Орда іріп-шіри
бастаған кездегі заманның оқиғаларына меңзейтін бірсыпыра жайттар
көрінеді". Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази
жайындағы жырлар, "Шора батыр", "Ер Сайын" тарихта болған ноғайлы елі
тұлғаларына арналған жырлар.
Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — "Елім-ай"
өлеңі. Белгілі фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың сөзімен айтқанда: "Бір
замандағы ел басына душар болған қайғылы оқиғаның елесіндей бұл шығарма тек
көркем мұра ғана емес, саяси құжаттың орнына да жүргендей". Бұл мұңлы өлең
— 1723 жылы жоңғарлар шапқыншылығынан қойдай қырылып, бөкендей ауған
қазақтың "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманының тарихи шығармасы.
Зерттеушілер бұл өлең ұзақ жырдың тек ел аузында сақталып қалған үзіндісі
деп есептейді. Осы жырдың тобықты Топыш ақын айтқан екен деген нұсқасы 86
жолдан тұрады. Жырда қазақ елінің кіндік жері ретінде Қаратаудың аталуы
тегін емес, өйткені XV ғасырдан бері "қазақ" деген атпен құралған халықтың
әкімшілік, мәдени, діни орталығы Қаратау, Түркістан болғаны белгілі.
XVII ғасырдың соңында, яғни "Ақтабан шұбырындыдан" бұрын жоңғарлар қазақ
жеріне бірнеше жорық жасаған. Ол шабуылдарға тойтарыс берген қазақ қолдарын
басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет сияқты ел билері мен
хандарының ерлігі баяндалатын жырлар әлі Қазақ әдебиеті қолжазбалары
қорында зерттеушілерін күтіп жатыр.
XVIII ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, "Қабанбай батыр",
"Бөгенбай", "Шақшақұлы ер Жәнібек", "Олжабай батыр", "Сырым батыр",
"Арқалық батыр", т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда, қазақ
батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады. Бұл
жырларда жыр арналған батырлардан басқа батырлар туралы да деректер
кездеседі.
XIX ғасырдың тарихи оқиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде
Кенесары—Наурызбай бастаған халықтық қозғалысқа арналғандары — "Қиса
Наурызбай төре", "Кенесары — Наурызбай дастаны", "Кенесары поэмасы", "Қиса
Наурызбай төрені" Жүсіпбек Шайхисламұлы, "Кенесары—Наурызбай" дастанын Хан
Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай
жырау шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне
авторлары белгісіз жоқтау, мақтау өлеңдері де аз емес.
XIX ғасырдың тарихи өлеңдеріне "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Жанқожа",
"Досан батыр", "Еңлік—Кебек", "Қалқаман— Мамыр", "Өтеген батыр", "Сұраншы
батыр" жырларын жатқызуға болады.
Ығылман Шөрековтің "Исатай—Махамбет" атты шығармасында Жәңгір хан мен
Исатай, Махамбеттің арасындағы күрес, 1836—1838 жылдардағы Кіші жүздегі
халық қозғалысының тарихы баяндалса, "Жанқожа батыр" жырында қазақтардың
Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына қарсы күресі, "Бекет батыр", "Досан
батыр" жырларында Маңғыстау өңіріндегі осы аттас батырлардың тарихи
ерліктері жырланған. Бұл жырларда тарихи шындық эпостық өсірелеумен
астасып, араласып отырады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы
Есет Көтібаровтың, Жанқожа Нұрмағанбетовтің, Досан Тәжиевтің көтерілістері
жаншылып, отарлық саясат әбден күшейген кезде Шортанбай Қанайұлы, Мұрат
Мөңкеұлы, Нарманбет, Әбубәкір Кердері, т.б. өлеңдері тым мұңды, тым күйрек
сарындағы шығармалар еді. Шортанбай бастаған бұл ақындарды кезінде "Зар
заман ақындары" деп кінәладық та, шындығында, бұлар заманға қатты наразы,
қазақтың, елдің, жердің, діннің болашағын ойлап күйзелген ақындар еді.
Мысалы, Мұрат ақын:
Еділді тартып алғаны —

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны —

Жағаға қолды салғаны, —

десе, Шортанбай:
Елді алды, елді алды,

Есілді алды, жерді алды,

Енді алмаған не қалды? —

дейді.
Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған "Өтеген батыр",
"Сұраншы батыр" жырлары Жетісу жерінен шыққан XVIII ғасырда Жоңғар
шапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен
батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен көрген
Омар Шипиннің, Кенен Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт Есенбаевтың,
Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары тарихи деректердің бір бөлігін құрайды.
Сонымен, көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер —
мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында
еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-
бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші-
фольклоршыларымыз қарастырған. Бірақ Ә.Марғұланнан басқа маман тарихшылар
бұл телегей-теңіз деректерге қажетті мән бере алмай келеді. Бұл
мәселелердің болашақ зерттеушісі сендер деп білеміз, жас буын!
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы

Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — әлеуметтік-тұрмыс эпосы,
оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел
қорғау мақсаты емес, жеке бастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға
шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар архаикалық,
қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың
пікірінше, лиро-эпостық мұра көне эпостан жазбаша романға өтер жолдағы
аралық саты, аралық деңгей.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде "Қозы
Көрпеш — Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман—Шолпан" секілді санаулы жырлар
ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ
халқына кең тараған, түп-төркіні шығыс елдерінен келсе де қазаққа төл
туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып
жүр. Олар: "Жусіп—Зылиха", "Ләйлі—Мәжнүн", "Құсрау—Шырын", "Сейфілмәлік",
"Таһир — Зухра", "Бозжігіт", т.б. Лиро-эпостық жырлардан, әсіресе тіні
қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт- санасы
туралы ұшан-теңіз мәлімет алуға болады. Әлі де болса тарихшы-этнографтар
халқымыздың өмір салтының, әдет-ғұрыптарының осы бір деректерін толық
пайдалана алмай келеді.

Халық өлеңдері.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани молш байлығының бірі -халық
өлеңдері.Халық өлеңдері ел басынан өткен үлкенді -кішілі оқиғалардың
сәулесідалай ықылым замандар туындысы.
Қазақ халқы қанша ғасыр жасаса,сонша ғасыр ішінде туған өлең мен энде есеп
жоқ.Қазақ өлеңдері бір кезде күнделікті күн көріс ,тіршілік тірегі болған
.Қазір ол тақырып ,мазмұн жағынан да, жанрлық түр, сипаты жағынан да өз
алдына жекелеп жинап ,тексеруге ,зерттеуге тұрарлық күйде.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті,соның ішінде өлең үлгілерінің жиналуы сонау 21
ғасырдағы М.Қашқаридің сөздігінен басталады. Алайда бұл еңбек пен Юсуф
Баласағұнның Қүдатғү білігіндегі өлендер жалғыз қазақ емес ,Орта Азияда
тұратын түркі тілдес өзге халықтарға да ортақ мұра.Сөйтсе де Махмуд Қашқари
сөздігіндегі қыс пен жаздың айтысын ,немесе Аңшылық туралы өлеңдері дэл осы
күйінде таза қазақ өлеңі дей қоймағанымызбен оның тақырып образ жүйесінде
біраз ұқсастықтар бар.Қазақ өлеңдері туралы азды - көпті пікір айту ісі тек
18 ғасырдың 2 нші жартысывнан ғана басталды.
Қазақ өлеңдері туралы айтылған ең алғашқы деректі біз белгілі орыс
саяхатшысы - географ Н.П.Рычковтың 1770 жылы шыққан Күнделік жазбалары мен
П.С.Палластың Путешествие по разным провинциям Российского государства атты
еңбектерінен табамыз.П.С.Паллас 1768 -1774 жылдары Петербург акдемиясының
экспедициясын басқарған .Бүл экспедиция Волга,Каспий,Орал,Башқүрт,Сібір
мацында болып,сол жерлерде тұратын халықтардың тарихын,мэдениетін ,жер
әлпетін,әдет - ғүрпы мен салтын зарттеген .Соның ішінде қазақ халқының
өміріне ,тұрмысына байланысты берілген ауыз эдебиетінің біраз үлгілері
бар.Н.П.Рычков қазақ арасында өлікті қалай жерлеп, қалай жөнелту салтын
сипаттайды.Ара - түра жоқтау өлеңдерінен мысалдар ,узінділер
келтіреді.Қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірін, тұрмысын,жол -жоларғыларын
,ауыз эдебиетін жинап,зерттегендер,негізінен,орыс ғалымдары ,орыстың атақты
саяхатшысы ,этнографтары екені белгілі.Соның ішінде А.Левшиннің Описание
киргиз - казачьих или киргиз -кайсацких орд и степей деген еңбегінің мәні
ерекшк.Бүл кітап кезінде торт жүз дана болып басылған екен,қазір мүны
уникальдық дүние ретінде іздеп таба алмайсыз.Ал,шындығында 19 ғасырдың
бірінші ширегінде омір сүрген қазақ халқының тарихынан,көне замандағы ақын
-жыраулардың өнерінен ,ауыз эдебиетінен берілген ең алғашқы жазба деректер
осы кітапта болатын.
А.И.Левшин бұл еңбегінде қазақ өлеңдерін жанрлық жағынан :батырлық
деп,тұрмыс -салт жырлары деп ,лирикалық өлеңдер деп, үш топқа
бөлген.Әрине,ол тарихшы -географ болғандықтан ,қазақ өлеңдерін эдейі арнап
зерттемеген.Тек әдет -ғұрыпқа ,жөн -жосыққа байланысты жазып алган бірлі
-жарым өлеңдері болмаса,бұл мэселе төңірегінде жүйелі сөз қозгамаган адам.
Әйтсе де А.Левшин қазақ өлеңдерінің суырып салып айтылатын ерекшелігіне
тоқтапып,:эрине ,олардың поезиясы ғылым тапап ететін ешбір ережеге
багынбаган бірақ дүние жүзіндегі көне заман халықтары секілді қазақтардың
да өз батырларының ерліктерін мадақтайтын ,махаббатты жырлайтын ,табиғатты
бейнелейтін позицияның барлығын білгенде ,бірде -бір сауатты оқушы олардың
өлең шығарғыштығына қайран қалмас еді.
Тегінде мүндай пікірді А.Левшин қазақ өлеңдерінің жолма-жол аудармапарына
сүйеніп айтқан.Әрине 1820 жылдары қазақ өлеңдерін орысша аудармасы түгіл
,түпнүсқасының өзінен де бірде -бір өлең үлгісі баспа жузін көрген
емес.Демек,Левшин жариялаған өлеңдердің сол дэуір үшін үлкен мэні
бар.Екіншіден,қазақ өлеңдерін орыс тіліне аудару ісі 19 ғасырдағы
ғалымдардың біразын ойландырып,толғандырған элеуметтік ірі мәселелердің
бірі болғанын көреміз.Мысалы:Орынбор губерниясындағы халық училищелерінің
бүрынғы директорьг.П.Распопов Петербургке жазған бір хатында былай
дейдіюрынбор архивін орналастыру мкомиссиясының председателі В.Ф.Ильин
жоғары мәртебелі сізге Қазақ қайғысы деген өлеңнін жолма -жол
аудармасынтапсырған еді.Мен өз тарапымнан сол өлеңнін мазмүнын орысшадлап
,мүмкімдігімше түпнүсқаға жақындатуға тырыстым.Аудармашылық тәжірбиемді
Сіздің оқыған ,білімді назарыңызға ұсынып отырып,осы өленді өзім баспага
дайындап жатқанмын деп жазган.
Қорытынды:Қазақ фольклористикасының енді бір саласы-халық өлеңдері.Қазақ
өлеңдері бір кезде кунделікті кункөріс,тіршілік тірегі болған аң аулау мал
багу секілді кәсіпті ғана арқау етсе,кейін сол көшпелі ел өміріне,тұрмысына
байланысты талай өлең түрлері пайда болған.Қазір ол тақырып,мазмүн жагынан
да,жанрлық түр,сипаты жағынан да өз алдына жекелеп
жинап,тексеруге,зерттеуге түрарлық күйде зерттелген.Және де әр галым өзінше
баға беріп,зерттеген

Мал түліктеріне байланысты аңыздар

Қазақтың көне аңыз- әңгімелерінде мал түліктерінің жебеушісі, пірі бар.
Мысалы, қойдың иесі — Шопан ата, жылқының иесі — Қамбар ата, түйенің иесі —
Ойсыл қара, сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп түсінген. ҚазақОйсыл қкра,
оңдай гөр", "Қамбар ата, қолдай гөр", "Шопан ата байыта гөр"," Зеңгі баба,
жарылқай гөр", — деп, малдың жебеушілерінен көмек сұраған.
XIV ғасырда Әмір Темір қасиетті Әзірет сұлтанның күмбезін жаңадан тұрғызуға
кіріскенде, Қаратау, Сырдария маңы қазақтары жиналып келіп, қирап жатқан
күмбезді қоршап алады. Әмір Темірдің кісілеріне былай дейді: "Сақып қыранға
барып айтыңдар, алдымен Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызсын, ол Әзірет
сұлтаннан (Қожа Ахмет Йасауи) көп заман бұрын өткен данышпан, өзі бақташы,
сиырды табынымен шоңайтып, халыққа байлық сыйлаған кісі". "Темір халық
ұйғарымын қабылдап, Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызған" дейді ескі аңыз.
Зеңгі баба күмбезі Қазығұрт тауының оңтүстігінде, Ташкентке таяу жерде
салынған.
Түйенің алыбы Ойсыл қараның туған өлкесі — Жетісу, Қазығұрт, Қаратау. Оның
бейнесін тас оюшылар осы өлкелерде тасқа ойып түсіріп кеткен.
Шопан ата жатқан жер Маңғыстау түбегінде, кейін оның маңайы әулиелі үлкен
қорымға айналған.
Көне аңыздар бойынша, сақ, ғұн, үйсін жауынгерлері ұзақ жолға шыққанда,
беліне не күміс кісе, не тұлпар аттың тұяғын байлап жүретін болған. Әлкей
Марғұланның дерегі бойынша, бұл дәстүр бергі заманға дейін Кіші жүз
қазақтарында сақталып келген. Тұлпар аттың тұяғы таудағы тасқа да мөрдей
боп түскен. Тұлпар ізі түскен тастар Арғанаты тауынан, Абралы тауынан
табылған. Олар тұлпартас деп аталады. Геродот келтіретін сақ аңызы бойынша,
сақтар жерінде тасқа түскен "тәңірінің табан ізіне" табынған. Осындай тасқа
қашап салынған адам ізі Бетпақдаланың Таңбалы жартасында, Сарысу бойында,
Теректі әулие тасында, Ұлытауда Арғанаты тасында кездеседі. Орта
ғасырлардағы мұсылман деректеріне қарағанда, ондай тасқа басылған адам ізі
қыпшақ және оғыз дәуірінде ерекше қасиеттелген.
Қазақ аңыздары бойынша, дүниені топан су басқанда Нұх пайғамбардың кемесі
Қазығұрт тауының басына келіп тоқтаған. Халық аңызы бойынша: "Қазығұрт
тауының үстінде тоқтаған кеменің ізі — апан бар, оның асты үңгір, төбесіне
ағаш қадаған, Қазығүрт атаның ордасының орны сол жерде болған", — дейді.
Бұл жерді қазақтар осы күнге дейін Қазығұрт бабаның тауы, Қазығұрт ата,
Қазығұрттың жаңғақ қорасы, Қазығұрттың ақ қойлары, шудалы түйелері жайылған
жер", — дейді ҚОРЫТЫНДЫ
Ғұндарға, түріктерге тотем болған жануарлар мен аңдар — бұқа, көк
бөрі, марал, т.б. Тотем түсінігі — халықтың өз тегіміз, туысымыз деп жан-
жануарды қастерлеуі, оларға сиынуы. Рим жазушыларының ғұндардан жазып алған
бір аңызы бойынша, ғұндар Меотис батпағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразия Ұлттық Университетінің асханаларында жоғары сапалы қызмет көрсетудің бағдарламасын ұйымдастыру
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 100 орынды асхана қызметін
Өндірістік практика есебі ЖШС «Райс – Стар» туристік фирмасы
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Қазақ халқының ортағсырлық мәдениеті
Ютем туристік фирмасы
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Пәндер