Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5

1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу . педагогикалық проблема ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.11
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.22
1.3 Бастауыш мектепте оқытылатын кейбір қазақ ертегілері жөнінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.25
1.4 Бастауыш сыныпта қазақ халық ертегілерін оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25.27

2 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған педогокикалық эксперимент.
2.1 Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.34
2.2 Қалыптастырушы эксперимент дайындау, жүргізу, талдау ... ... ... 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49.50

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51.60
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Бүгінгі жас жеткіншек болашақ тізгінін ұстайтын ел мен жер қамын ойлайтын ертеңгі азамат. Сондықтан қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеп, тиянақты білім беру.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, «Адамгершілік» сөзі: ар-ұждан тазалығы, адамшылық.
Ізгілік қарапайымдылық, мейрімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілдік, имандылық, т.б қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік, рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек.
Бұл мәселелер Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ ойшылдарының, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А.С Макаренко сияқты көрнекті педогогтардың еңбектерінде кең талданған.
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу – қазақ халқы ертегілерінің басты арқауы. Ертегілерде халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, еңбексүйгіштігі, Өз Отанына, халқына, туып өскен жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрізді адам бойындағы ең жақсы қасиеттер бейнеленеді. Ертегілер қазақ фольклорының бай мұрасы ретінде оқушыларға жан жақты білім мен тәрбие беруде маңызды роль атқарады.
«Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары ( қазақ халық ертегілері бойынша)» тақырыбын таңдап алуымызға:
• «Ана тілі» сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі;
• Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үрдісінде ертегінің жанрлық сипатын ескермеуі;
• Ертегінің тәрбиелік мүмкіндіктерін сабақта жүйелі пайдаланудағы олқылықтары кездесіп жүргені себеп болды.
Бала – балғын тал, ересек адам – бағбан. Сондықтан баланы жастайынан адамгершілікке тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суарсақ, сонда ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады.
Қорыта айтқанда, қазақ халық ертегілері негізінде жеке тұлғаның дамуын адамгершілік тәрбие арқылы жүзеге асыру - өзекті де, күрделі мәселе болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерлінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып,
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақ тіліндегі түсіндірме сөздігі. 5-том. Алматы, 1980ж.
2. Қазақстан Республикасының «Білім тулалы» Заңы. Астана, 2000 ж
3. Гусейнов Л.А, Апресян Р.П Этика.М., 2000 ж
4. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.А., 1973ж
5. Баласұғын Ж., Құтты білік /көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев :.,1986 ж
6. Жарықбаев Қ., Қалиев.С Қазақтың тәлімдік ой пікір антологиясы. А., 1994 ж
7. Жарықбаев Қ., Қалиев.С Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995 ж
8. Муратбаева Г.А Казахские народные сказки как сердство нравственное воспитания учащихся русскоязыяном школе. А., 2001 ж
9. Жарықбаев Қ., Қалиев.С., Смайлова М. Тәлім-тәрбие тарихы. А., 1992 ж
10. Ұзақбаева С., Бахтиярова Г., халық ойындарын бастауыш сыныптарда пайдалану. Әдістемелік нұсқау. А., 1997 ж
11. Ғылыми –танымдық журнал хабаршысы «Дүние» №1 1997 ж
12. Кенжебаев Б. Қазақ халқы әдебиеті тарихы. А., 1973ж
13. Қасқабасов С., Қазақ халық прозасы. А., 1984 ж
14. Шарипова Ж. Қазақстан Республикасы білім және Ғылым Министрлігі. Ұлттық Ғылым академиясының хабарлыры.А., №2 2002ж
15. Байтұрсынов А. Шығармалар, А., 1990ж Ертегілер І том А., 1988 ж
16. Аумауытов Ж. «Псикология»
17. Пропп В.Я Фольклор и действительность. М., 1976 г
18. Костохин Е.А Типы и формы животного эпоса. М 1987 г.
19. Абай. Қара сөз. А., 1993 ж
20. Әуезов М., Ысмайлов. Қазақ ертегілері А., 1957 ж
21. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1974ж
22. Померанцева Э.Ю Руская устная проза. М., 1985 г
23. Шарипова Ж. Қазақ тілі мее әдебиеті журналы.
24. Қаңтарбай С.Е Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық –педогоикалық диогностикасы.
25. Тәжібаев С. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдыстыру технологиясы Алматы, 2003 (117б)
26. Васильева М.С Горбушина Л. А. Никитина Е.И, Оморолова М.И Пособие для Учителя
27. Курдюмова Т.Ф уроки литературы в 4 классе. М., 1974г. «Чтение в первом классе», «Чтение в втором классе», М., «Провещение» 1973г «Чтение в третьем классе», М., ., «Провещение» 1974г
28. Никитина Е.И, Фольклор в эститическом и нравственном воспитании школников Минск., 1969г
29. Қ Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» А., 1974г
30. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиеттік оқу кітабына методикалық нұсқау. «мектеп» баспасы А., 1969ж
31. Мырзагалиев Қ «Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту» «мектеп» баспасы А., 1973ж
32. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы А., 1976ж
33. Силыбаева О.Қ. Қазақ мектебінің ұлттық тәрбие жүйесі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика, №5, 2006.
34. Құсайынов А.К. Қазақ тілі термендерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология.-Алматы, Мектеп, 2002.
35. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика және педагогикалық технологиялар. – Ақтөбе, 2001.-118б.
36. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (І-ІV сыныптар) Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1997
37. Жәнібекова С. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту. //Бастауыш мектеп, 1999 №7
38. Мұханов М.М.Жас ж-е педагогикалық психология.Алматы, 1986 жыл.
39. Жайлауова А., Сексенбаева Д. Дидактикалық ойындар және
оларды пайдалану // Бастауыш мектеп. – 2004. - №6.
40. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы
және балабақша. – 2002. - №1

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5

1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық
негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикалық
проблема
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-11
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ
халық ертегілерінің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12-
22
1.3 Бастауыш мектепте оқытылатын кейбір қазақ ертегілері
жөнінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-25
1.4 Бастауыш сыныпта қазақ халық ертегілерін оқытудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 25-27

2 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған
педогокикалық эксперимент.
2.1 Анықтауыш эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу,
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 29-34
2.2 Қалыптастырушы эксперимент дайындау, жүргізу, талдау ... ... ... 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...48

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 49-50

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 51-60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Бүгінгі жас жеткіншек болашақ тізгінін ұстайтын
ел мен жер қамын ойлайтын ертеңгі азамат. Сондықтан қоғам алдында тұрған ең
жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қалатын қоғам мүшелерін,
яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеп, тиянақты білім беру.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, Адамгершілік сөзі: ар-
ұждан тазалығы, адамшылық.
Ізгілік қарапайымдылық, мейрімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілдік,
имандылық, т.б қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса олардың орнын
ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпаққа
ғылыми білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік, рухани жағынан нағыз
адам етіп қалыптастыру керек.
Бұл мәселелер Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев,
М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ ойшылдарының, К. Д. Ушинский, В.
А. Сухомлинский, А.С Макаренко сияқты көрнекті педогогтардың еңбектерінде
кең талданған.
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу – қазақ халқы
ертегілерінің басты арқауы. Ертегілерде халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара
қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, еңбексүйгіштігі, Өз Отанына,
халқына, туып өскен жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрізді адам
бойындағы ең жақсы қасиеттер бейнеленеді. Ертегілер қазақ фольклорының бай
мұрасы ретінде оқушыларға жан жақты білім мен тәрбие беруде маңызды роль
атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары (
қазақ халық ертегілері бойынша) тақырыбын таңдап алуымызға:
• Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту жолдары
көрсетілген әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі;
• Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үрдісінде ертегінің жанрлық
сипатын ескермеуі;
• Ертегінің тәрбиелік мүмкіндіктерін сабақта жүйелі пайдаланудағы
олқылықтары кездесіп жүргені себеп болды.
Бала – балғын тал, ересек адам – бағбан. Сондықтан баланы жастайынан
адамгершілікке тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суарсақ, сонда
ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады.
Қорыта айтқанда, қазақ халық ертегілері негізінде жеке тұлғаның дамуын
адамгершілік тәрбие арқылы жүзеге асыру - өзекті де, күрделі мәселе болып
табылады.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде
қазақ халық ертегілерлінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, ертегілерді
оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін айқындап, оны тәжірибеде дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің
жолдары (қазақ халық ертегілері бойынша).
Зерттеу болжамы:
Біз бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелей аламыз, егер
- Оқулуқтағы көз сүріндірер кемшіліктерді жойсақ;
- -Ана тілі оқулығындағы кейбір ертегілердің тәрбиелік мәні басым
нұсқасы берілсе;
- Ертегінің жанрлық сипатын ескерсек;
- Ертегінің тәрбиелік мүмкіндіктерін тиімді әдістер арқылы пайдалана
білсек.
Зерттеу міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориясын
негіздеу, әдебиеттерге талдау жасау.
2.Қазақ халық ертегілерінің оқыту арқылы қазіргі ғылымдағы
жаңалықтардың оқу үрдісінде көрініс табуын, ертегінің жанрлық сипаты
мен тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану деңгейін анықтау.
3.Оқушылардың адамгершілік тәрбие жөнінде түсінігін анықтау.
4.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ халық
ертегілерінің рөлі мен оны оқытудағы әдіс тәсілдерге әдістемелік
ұсыныстар беру, тиімділігін тәжірибеде анықтау.
Зерттеу әдістері:
- Философиялық, педогоикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге,
1,2,3,4 сыныптың Ана тілі оқулығына талдау жасау.
- Бақылау, әңгімелесу, оқушыларға, мұғалімдерге сауалнама жүргізу,
педогогикалық тәжірибелік эксперимент жүргізу.
Зеттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының
№ 17 орта мектебінің 3 А (24 оқушы) 3 Ә (26 оқушы) сыныбында жүргізілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
Зерттеу жұсымызда бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеудегі қазақ халық ертегілерінің ролі мен оны оқытудың тиімді әдіс
–тәсілдері талданды. Нәтижесінде бастауыш мектеп мұғалімдеріне бұл жұмыс
көмекші құрал бола алатындағы анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындылардан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен объектісі, зерттеу
пәні, болжамы, міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу базасы, зерттеу
жұмысының практикалық маңызы, құрылымы қамтылған.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тоериялық
негіздері ( қазақ халық ертегілері бойынша) атты бірінші тарауда
оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді педогогикалық проблема ретінде
қарастырдық. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеудегі қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктері, бастауыш сыныпта
қазақ халық ертегілерін оқытудың тиімді жолдарына тоқталдық.
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге ( қазақ халық
ертегілері бойынша) бағытталған педогогикалық эксперимент атты екінші
тарауда эксперимент жұмысының мазмұны, нәтижелері тиімділігі
көрсетіледі.Қорытынды бөлімінде теориялық және педогогикалық зерттеулердің
нәтижелере негізделген тұжырымдар беріледі.

1КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІДЕРІ
(ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІСІ БОЙЫНША)
1.1 Кіші мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикалық
проблеме ретінде

Үшінші мыңжылдық табалдырығын аттаған сәтте, қоғамның аса маңызды
функцияларының бірі білім беру мен тәрбиесінің алға қойған мақсаттары да
жаңара түсуде. Бүгінгі күннің тәрбиесінің алдыңғы міндеті – бұл жан –
жақты, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру. Жан – жақты мәдениетті
мәдениетті тұлғаны қалыптастыру ең алдымен әрбір адамның туған этносының
рухани адамгершілік мәдениетін, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру
мәселесімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында жеке тұлғаның
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы
үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту міндеті көзделген[1,15].
Демек, жастарды терең білімді, жан-жақты мәдениетті және жалпы
азаматтық құндылықтарды саналы түрде бағалайтын, сол тұрғыда өз болмысын
таныта алатын тұлға ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр.
Қазақ халқы ертеден – ақ адамдар арасындағы сыйластық қарым-
қатынастарға ерекше көңіл бөлген. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен
халықтың асыл қазыналарының ішкі астарына зер салсақ, ата-бабамыз ұстанған
тәлім – тәрбиенің биік шоқтығына тап боламыз. Шыр етіп дүние есігін ашқан
сәбиден бастап, адамның қартайып о дүниеге аттанғанға дейінгі кезеңі
аралығында адам өмірі сол қоғамның заңдары мен ережелеріне тығыз байланысты
болады. Қай қоғамда да, қай заманға да тәрбиелі, білімді, адам қажет. Ұлы
бабамыз Әл-Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс,
тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекке, оның барлық
өміріне апат әкеледі,- деп тәрбиенің қызметін жоғары бағалайды, Ал тәрбие
мектебі этика мен мораль қағидаларына жүгінеді.
Этика термині көне грек тіліндегі этос деген сөзден шыққан. Ол
алғашқыда өмір сүру орны (адамдар қонысы, жануарлар үңгірі) деген
мағанаға ие болған. Кейінірек табиғатты қандай да бір тұрақты құбылысты,
мінез –құлықты, әдет – ғұрыпты басымырақ көрсетті. Грек тіліндегі этос
сөзіне үйлес латын тілінде сән, әдеп, мінез т.б. мағаналарын
білдіретін сөз болған. Ежелгі Рим философы Цецирон ол сөзден (моралдық) сын
есім жасалған. Сөйтіп, мораль деген сөз пайда болды. Адамгершілік
терминін алсақ ол мораль сөзінің үйлесімі болып табылды және ол
сөздіктерде ХVIII ғасырдың аяғында ғана жасала бастады.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және жазу – сызу
өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір
түрі – ертегілер. Ертегілер көбіннесе, қара сөз ретінде
айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі
деп қараймыз.
Халық ауызының басқа түрлері сияқты, ертегілер де адам
баласының еңбек – кәсіп ету, тұрмыс- тіршілік құру тәжірибесіне
байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік
білмеген, оларды неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі
адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінң ауыр еңбектерін жеңілдету
жайын қарастырған. Бұл жайындағы ұғым – түсініктерін, нанымы мен
сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі -әңгімелердің алғашқы
үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі ертегі деп аталуының
өзі- ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда
туғандығын аңғартады.)
Бірте келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-
қатынастардың алға басу, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің,
сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде
ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы
үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап жаңа ертегілер туа бастаған
және онда адам баласының арман- мүддесі, ой-санасы, болашақта күтетін
үміті суреттеледі. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының
тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орны алады, қоғамдық мәні бар
мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп
суреттеу, образдар арқылы бейнеленген.
Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан
кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз
оның ең алғаш үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай
болғандығы жайын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы
айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз
әдебиетінің басқа түрлері сықылды, ертегілерде ауызша шығарылып,
ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге
бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған
ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы
үлгілердің, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген. Осыған
байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік.
Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын
бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде
ағайындас- аралас, көршілердің, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек,
түркімен, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге
сіңсіп кеткен, өзіміздің төл-тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл
алуан түрлі ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ
халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған экономикалық,
ағайын –достық қарым- қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ
халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұны алып, мәнерлеп әңгімелеген,
өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ
халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз [14,129].
Қазақ ертегілерінің ел арасында жиналып, хатқа түсуі,
баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге
болады. Бұл ретте Ш. Уәлиханов, Ә.Диваевтың басқа бірнеше адамдардың
айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Олар Б.Дауылбаев, С.Сейфулин,
О.Әлімжанов, Ж.Айманов, Б.Досымбеков, М.Ибрагимов т.б[15,83].
Осы аталған адамдар Орынборда, Омбыда, Қазанда, Астрахань мен
Ташкентте шығатын газет – журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі
жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не
қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілер қазақ
тілінде шығаратын болса (сөзі қазақша, әрі орысша), онда қысқаша
мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен
ғасырдың жетпісінші жылдары басталып, Дала уалияты газетінде, Торғай
обылыстық ведомосында, Ақмола облыстық ведомосында, Орынбор
газетінде, Орынбор губерналық ведомосында, Астрахань газетінде т.б.
үзілмей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде
ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын
газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін
жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер – Б.Дауылбаев,
М.Досымбековтар. Бұлар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес
газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп шығарған. Мысалы,
академик М.Әуезов қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік
ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдеби
тарихынан алатын орнын анықтады. Кейіннен ол қазақ ертегілерін
зерттеу ісіне қайта оралды да, Ертегілер атты ғылыми еңбегін
жазды. Онда қазақ ертегілерін жан-жақты алып тексерді, мазмұнына
қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерекшеліктерін анықтайды.
Ертегілерді бас кейіпкердің күші мен мүмкіндіктері, оның
негізінде адамға және оның ақыл-ісіне деген сенім дәріптеледі.
Барлық қиындықтарды жеңіуге дайындық жасалынады. Ертегілер баланың
шығармашылық елестеуі мен қиялын оятады.
Ертегілер қайрымдылық, рисаздық, адам сүйгіштік, жақынға
аяушылық білдіруімен дәріптеледі. Ең маңыздысы, адал, сапалы еңбек
дәріптеледі [16,44]. Ертегі-халықтың қарасөз ғибратының бірі. Халық
әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегі де адам баласының еңбек
кәсібімен, тұрмы-тіршілік құру тәжірибесімен байланысты туындаған.
Ертегі -ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер-
бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын,
әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек,
ертегілерді аттап өтуге болмайды, өйткені ертегі-өткеннің елесі.
Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен шолып, мол қмтылған ауыз әдебиетінің
ең көлемді, бай түрі ертегілер болып саналады. Қазақ фольклорындағы
ертегілерінің сан алуан түрлері бар.
Ертегілердің қай түрі болса да заман елегінен өтіп,
халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге
ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив образдар да аз емес. Төменгі
тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі
болатынын кезінде М.Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ
ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен тұйықтап, оны 1968 жылғы
реформадан да кейін туғызу ертегі генезисімен кежелету деп санады.
Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол
жеткілікті[17,98].
Ертегі- өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған
көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келгне
өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы,
шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер өрнектері қамтылған.
Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып
келген неше алуан қияметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық,
қастандық әректтері әшкере етіледі, күлкі мазаққа айналдырылады.
Халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты
баяндайды. Адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді, өмір
күресіне бастайды.
Ертегілер ішінде балалардың сүйіп тыңдайтыны, олардың жас
ерекшелігіне тән мұралар сондай көп. Ертегілер ғасрлар бойы
балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер етіп,
көңілді шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Ертегілердің бай фантастика
балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қиянатын танытады,
сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына
жәрдемдеседі.
Ертегілердің ерекшеліктері сонда – балалардың сүйіп оқитыны,
барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-
ұрпаққа айтылып, әбден екшелеп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері
жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған
жерден-ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың
ойын бірден қызықтырып, жетектеп жетеді [18,74].
Ертегілердің балалардың қызықтыратын тағы бір ерекшелігі –
ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген түрлері –типтері
фольклорда еңбекші халық ауыз-әдебиетінде жасалған.
Ертегі-халықтың қарасөз ғибратының бірі. Халық әдебиетінің
басқа түрлері секілді ертегі де адам баласының еңбек кәсібімен,
тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесімен байланысты туындаған.
Ертегі -ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер-
бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын,
әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек,
ертегілерді аттап өтуге болмайды, өйткені ертегі-өткеннің елесі.
Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен шолып, мол қамтылған ауыз әдебиетінің
ең көлемді, бай түрі ертегілер болып саналады. Қазақ фольклорындағы
ертегілерінің сан алуан түрлері бар.
Ертегілердің қай түрі болса да заман елегінен өтіп,
халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге
ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив образдар да аз емес. Төменгі
тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі
болатынын кезінде М.Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ
ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен тұйықтап, оны 1968 жылғы
реформадан да кейін туғызу ертегі генезисімен кежелету деп санады.
Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол
жеткілікті[17,98].
Ертегі- өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған
көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келгне
өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы,
шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер өрнектері қамтылған.
Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қияметі
айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әректтері әшкере
етіледі, күлкі мазаққа айналдырылады. Халық ертегілерінің негізгі
өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты баяндайды. Адам арманының жарқын
болашағына жөн сілтейді, өмір күресіне бастайды.
Ертегілер ішінде балалардың сүйіп тыңдайтыны, олардың жас
ерекшелігіне тән мұралар сондай көп. Ертегілер ғасырлар бойы
балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер етіп,
көңілді шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Ертегілердің бай фантастика
балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қиянатын танытады,
сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына
жәрдемдеседі.
Ертегілердің ерекшеліктері сонда – балалардың сүйіп оқитыны,
барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-
ұрпаққа айтылып, әбден екшелеп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері
жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған
жерден-ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың
ойын бірден қызықтырып, жетектеп жетеді [18,74].
Ертегілердің балалардың қызықтыратын тағы бір ерекшелігі –
ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген түрлері –типтері
фольклорда еңбекші халық ауыз-әдебиетінде жасалған.
Ертегіде халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі,
ой-арманы, дүние танымы мен көзқарасы т.б. көрініп отырады.
Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайысысы болса дахалық
өзінше қортынды жасап, әділ бағасын беріп отырады, нені
ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мысалы, қазақ
халқының тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерді алайық. Бұл
тақырыптағы ертегілерде ұшан-теңіз мәселелер көтеріледі.
Ауыз әдебиетінің басқа да эпостық түрлері секілді, ертегілердің
де өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегілерді
алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы,
аяқталуы болады.
Ертегі ауызша айтылатын көркем әңгіме болғандықтан, оған әрбір
ертекші айрықша мән береді, әңгімесін мәнерлеп айту, тыңдаушыны
қызықтыра түсу жағын ойлайды, кейде ертекші әңгімесін:
Ерте-ерте ерте екен, Құйрық жүні ұзын екен,
Ешкі жүні бөрте екен, Мұзға жығылған екен,
Қырғауылы қызыл екен, Сирағы сынған екен,-деп,
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен...-
деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай әңгіме оқиғасына кіріседі.
Ал кейде ертекшілер айтатын әңгімесіне бірден кіріседі, ертегіге
қатысатын басты кейіпкерлермен бірден таныстырады (Баяғыда бір кедей
болыпты, оың үш баласы болыпты...т.б.) Ертегілерде айтылатын
оқиғаларды осы негізде баяндау – ертегінің құрылысына тән басты
ерекшелігі болып табылады [19,53].
Шындығында,ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің
қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған.
Ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға
байланысты.
Ертекші өнер адамы болғандықтан, репертуарына аса
жауапкершілікпен қараған. Ол жөнінде С.Мұқанов Халық ертекшілерді
үлкен өнер адамы санаған-десе, М.Әуезов Ертек айта білушілерді
ұзақ мазмұнды эпикалық жыр орындаушы ақындармен, жыршы, жыраулармен
пара-пар бағалаған,-дейді. Ал көрнекті фольклорист ғалым М.Ғабдулин:
Ертекшілер ауыз әдебиеті үлгілерін шебер орындаушылар ғана емес, тың
сюжетті ертегілерді туғызушы шығармашылық адамы дегенді айтады.
Ертегі, аңыз әңгімелердің басты кейіпкері халық арасынан шыққан сөз
тапқыш ақылды даналар немесе он саусағы өнерлі адамдар. Олар
жауыздықпен, күресіп жеңіп шығушы, әділдікті жақтаушы алып батырлар
болып келеді[20,84].
Ертегі-халықтың қарасөз ғибратының бірі. Халық әдебиетінің басқа
түрлері секілді ертегі де адам баласының еңбек кәсібімен, тұрмы-
тіршілік құру тәжірибесімен байланысты туындаған.
Ертегі -ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер-
бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын,
әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек,
ертегілерді аттап өтуге болмайды, өйткені ертегі-өткеннің елесі.
Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен шолып, мол қмтылған ауыз әдебиетінің
ең көлемді, бай түрі ертегілер болып саналады. Қазақ фольклорындағы
ертегілерінің сан алуан түрлері бар.
Ертегілердің қай түрі болса да заман елегінен өтіп,
халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге
ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив образдар да аз емес. Төменгі
тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі
болатынын кезінде М.Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ
ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен тұйықтап, оны 1968 жылғы
реформадан да кейін туғызу ертегі генезисімен кежелету деп санады.
Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол
жеткілікті[17,98].
Ертегі- өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған
көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келгне
өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы,
шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер өрнектері қамтылған.
Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып
келген неше алуан қияметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық,
қастандық әректтері әшкере етіледі, күлкі мазаққа айналдырылады.
Халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл-парасатты
баяндайды. Адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді, өмір
күресіне бастайды.
Ертегілер ішінде балалардың сүйіп тыңдайтыны, олардың жас
ерекшелігіне тән мұралар сондай көп. Ертегілер ғасрлар бойы
балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер етіп,
көңілді шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Ертегілердің бай фантастика
балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қиянатын танытады,
сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына
жәрдемдеседі.
Ертегілердің ерекшеліктері сонда – балалардың сүйіп оқитыны,
барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-
ұрпаққа айтылып, әбден екшелеп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері
жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған
жерден-ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың
ойын бірден қызықтырып, жетектеп жетеді [18,74].
Ертегілердің балалардың қызықтыратын тағы бір ерекшелігі –
ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген түрлері –типтері
фольклорда еңбекші халық ауыз-әдебиетінде жасалған.
Ертегіде халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі,
ой-арманы, дүние танымы мен көзқарасы т.б. көрініп отырады.
Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайысысы болса даналық
өзінше қортынды жасап, әділ бағасын беріп отырады, нені
ұнататындығын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мысалы, қазақ
халқының тұрмыс-салтына
байланысты туған ертегілерді алайық. Бұл тақырыптағы ертегілерде
ұшан-теңіз мәселелер көтеріледі.
Этос түсінігін мінез деп алып Аристотель Этикалық деген сын есім
жасады. Оны өжеттік, рақымдылық, жомарттық, т.б сияқты адам мінездеріне
қатысты қасиеттерді топтау үшін қолданды. Осындай этикалық қасиеттерді
зерттейтін ғылымды Аристотель этика деп атады[2,48]
Мораль - этиканың зерттеу объектісі. Этикаға нормативті этика мен
мораль теориясы кіреді. Нормативі этика игілік, жақсылық, жамандық,
әділеттік мәселерін зерттейді, жеке адам мінез- құлықтарының кодексін
жасайды. Мораль теориясы моральдың мәнін, нормаларын, тарихии сипатын
анықтайтын заңдылытарын зерттейді.
Аристотельдің ілімін әрі қарай Әл-Фараби Жақсы мінез-құлық пен ақыл
күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады,
қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның
әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігіне деген мағанада айтамыз. Егер
осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекетімізден
абзалдық пен жетілгендік табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі,
игілікті және қайырымды адам боламыз: Біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал
мінез – құлықымыз мақтаулы болады ... -деп адамның өсіп жетілуіндегі жақсы
мінез – құлық пен ақыл-ой парасатына елеулі орын береді[3,28].
Оның философиялық ойлары өз мағанасын жоғалтпай, кейінірек басқа
ғұлама- ғалымдарымыздың еңбектерінен көрініс тапты. Мәселен, Әл-Фараби
ілімдерімен Жүсіп Баласағұнның моральдық этикалық қағидалары сабақтасып
жатыр. Оның Құтты білік деп аталатын дастанында көрсетілген тәлімдік
маңызы зор мәселе – адамның мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны туралы
жәйттер. Автор адамды моральдық жағанан жетілдіруде ақыл-ойға ерекше мән
береді. Ол ақылдылықты адамның адам болуының, адамгершілік жағынан
жетілуінің бірден бір өлшемі деп ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе
шешілмейді деп түйіндейді[4,45].
Қазақ даласында тұңғыш рет мектеп ашып, болашаққа оқу білім сәулесін
таратқан халқымыздың ағартушы – педогогы, балалар әдебиетінің атасы – Ы.
Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие
жұмысында пайдалану баршамыздың парызымыз. Оның әңгімелерінің жастарға
тәлім - тәрбие беруде маңызы өте зор. Ол жастарға әдептілікке, сабырлыққа
(Алтын шеттеуік), қанағаттылыққа (Қанағат), мейрімділікке (Шеше мен
бала), ұқыптылыққа (Бір уыс мақта), әдептілікке (Әдептілік),
еңбексүйгіштікке (Өрмекші, құрмысқа, қарлығаш), т.б өнегелі істерге
үгіттейді.
Ғұлама Абай да адамның адамгершілік, имандылық, моральдық эстетикалық
сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарытуда адам
жаман мінездерден айрылып, өзін өзі тәрбиелеу керек деп есептейді.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен,
жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып
қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады, - деп ескертеді[5,78].
Қараңғы қазақ елінің көгіне, өрмелеп шығып күн болуды аңсаған әрі
ақын, әрі ағартушы – педогог С. Торайғыров адамның әділ, адал болуы
тәрбиеге байланысты, өмірдің өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш
саналы тәрбиеде деп түйіндейді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ғұмыр кешіп, тәлім – тәрбие саласында
ойлы пікірлер айтқан зиялылардың бірі – Ғұмар Қарашев. Оның адамгершілік,
ел бірлігі туралы толғаныстары өз алдына бір төбе. Ғ.Қарашевтің пікірінше,
жақсылық екі түрге бөлінеді. Мұның бірі – заттық, екіншісі – моральдық,
имандылық. Заттық жақсылық мұқтаж адамдарға мал беру, ішкізіп-жегізу,
киіндіру... Моральдық жақсылық - әр адамның мұқтаж болған уақытында ғылым
мен ағарту және тәрбиелеуге керек қажетті өтеу... [6,85].
Автор жақсылықтың қай түрін болса да қоғам өмірінен бөлек қарамайды.
С. Көбеевтің 1912 жылы жарық көрген Үлгілі бала атты басылымында
қазақтың бай аңыз әдебиетінен сұыпталып алынған материалдар ерекше назар
аудартады. Бұл жөнінде автор: Хрестоматияны құрастырғанда, негізгі ойлаған
мақсатым, көздеген нысанам- жас ұрпақты өнер – білімге, әдептілікке,
адамгершілікке үйрету еді, - деп жазған.
Философ, шежіреші, өз бетімен ғылыми – білім биігіне жоғары көтерген
ғұлама Ш.Құдайбердиевтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы – адамдық пен
ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан
арылтады, адамгершілік қасиеттерге баулыды. Адалдық пен адамдықты борышым
деп сана, дүниедегі не сұмдықтың бәрі араны ашылған қу нәжіден,
тойымсыздықтан туады деген терң тұжырым жасайды.
Жан-жақты, жарасымды дамыған тұлғаны тәрбиелеу туралы орыс педогогы К.Д
Ушинскийдің пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылықтарын жойған емес. Ол
балаларды басқа адамдарға деген шынайы адамгершіліктік қарым-қатынастыққа
тәрбиелеу үшін, адамгершілік, ізгілік туралы сөздердің биік мәнісін олар
тек түсініп қана қоймай, сезіну керек дейді. К. Д. Ушинскийдің адамгершілік
сана, сезім және мінез-құлықтың байланысы туралы идеялары өзінің әрі қарай
дамуын революционер-демократтар Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың,
В. Я. Стоюниннің педогогикалық еңбектерінен көрінеді[7,23].
Адамгершілік тәрбие идеялары жаңа құрылып жатқан кеңес заманы кезінде
мықтап қолға алынды. Бұл іске педогогтар М.М. Калинин, К.К. Крупская, А.С.
Макаренко, т.б үлес қосты.
А.С. Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне
сүйеніп, оқу – тәжірибе жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін
құрды. Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар, Тәрбие жұмысын ұйымдыстыру
әдістемесі, Ұстаздық дастан тағы да көптеген педогогикалық еңбектерінде
Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін,
балалар ұжымын, оқытушыларға қойылатын біріңғай педогогикалық талаптарды
зерттеп жинақтады және төмендегідей адамгершілік өлшемдерін ұсынды:
− Еңбек;
− Адалдық таныту;
− Іскерлік, ерік, ерлік таныту;
− Мақсаттық [7,48].
60-70-ші жылдары жарыққа шыққан О.С. Багданова, Н.И. Болдырев, Е.В.
Бордарвская, З.И. Васильева, Д.М. Гришин, Т.Е. Конникова, Г.С. Костюк, И.Ф.
Харламов т.б педогогтардың еңбектерінде оқыту процесіндегі адамгершілік
тәрбиесінің проблемаларын шешудің жолдары нақты көрсетілген [7,52]. Г.С
Костюк оқушылардың адамгершілік санасының, сезімі мен мінез-құлықтарының
қалыптасуның шешуші шарты- олардың белсенді танымдық іс-әректі, қобалжу,
қуанту, қиындықты жеңу, жаңаны тануды табысты эмоцияларын сезіну деп
көрсетті.
70-90 жылдарда ғалым-педогогтардың зерттеулерінде адамгершілік тәрбие
теориясы мынадай бағыттарда қарастырылды: адамгершілік тәрбие процесі
оқушылардың адамгершілік қатынастарын педогоикалық басқару ретінде (О.С.
Богданова, О.Р. Кунц); адамгершілік тәрбие процесі оқушы тұлғасының
моральдық санасы мен мінез-құлқының дамуы ретінде (В.И Петров, Ф.Гулмазов,
Е.В. Бондаревская); оқушы тұлғасында адамгершілік сенімдерді қалаптастыру
(А.В. Иващенко, С.В. Мягченков); адамгершілік тәрбиені оқушылардың өзара
қатынастарын дамыту арқылы жүзеге асыру (Н.И. Болдыров, Л.Ю Гордин, Б.И
Ким, Ю.П. Сокольников); адамгершілік тәрбиесінің әдістері мен форма мазмұны
негізінде тұлға қалыптастыру (В.М.Коротов, И.Ф. Харламов) [7,53].
Адамгершілік қасиеттерді бала бойына жастайынан дарыту, ізгілікке,
адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу халықтық тәлім-тәрбиенің басты
принципі екенін негізге ала отырып, Қазақстанда да көптеген ғалымдар
адамгершілік тәрбиесі жөніндәі зерттеулер жүргізді. Мәселен, адамгершілік
тәрбиесінің әдістері мен формасы, аспектілері, сынып жетекшілерінің
қызметі, оқыту процесіндегі адамгершілік тәрбиенің мәселелерімен
А.Меңжанова, Т.Сағитаев, Р.М. Қоянбаев; оқушы тұлғасына адамгершілік
қасиеттерді қалаптастыру; патриоттық, ұжымшылдық ұйымшылдық қасиеттер
туралы Ж.Т. Елемесова, М.Д. Көпжасарова; мұғалімнің тұлғасын адамгершілік
тәрбиенің факторы ретінде қарастырған А.З. Жакупов, А.А. Калюжный сынды
ғалымдарымызды атауымызға болады [7,53]. Олардың еңбектерінен оқушылардың
адамгершілік тәрбиесінің әртүрлі проблемалары өз шешулерін тапты.
Жас ұрпақты адамгершлікке, имандылыққа,әдептілікке тәрбиелеуде мақал-
мәтелер,салт-дәстүр,нақыл сөздер,әдеби мұралар ұлттық сана сезімнің қайнар
бұлағы болып табылады. Ы.Алтынсарин еңбектерінде адамгершілік,имандылық
тәрбиелеріне арналған әңгімелер мен өлен шумақтары жетерлік. Осы
айтылғандарды ескеріп, Ы,Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілік, имандылық
т.б тәлім тәрбие мәселелерін қарастырдық.
Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ
этнопедогогикасының ғылым ретінде қалыптасуы осы мәселе төңірегінде алғаш
төл туындылар жазған демократ ағартушылар Ш,Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаевтардың есімімен байланысты. Олай болса халқымыздың дана перзенті
Ы.Алтынсаринның әрбір шығармасы адамгершілікке толы.
Адамгершілікке тәрбиелеу оңай шаруа емес, адамға тән жақсы
қасиеттермен принциптерді жәй баяндап қана қою, беталды көсемсіп, ақыл айту
бұл істе жеткіліксіз, әйтпесе моральдық нормалар таза сыртқы талаптарға
айналадыда жеке тұлғаның еркіндігі шектеледі. Адамгершілік тәрбиелікке-
жағымды әдеттермен мінез-құлық нормаларының тұрақтылығы, қарым-қатынас
мәдениеті еркінің күштілігі, өзін-өзі бақылауы, мінез-құлқын тежей білуі
жатады. Адамгершілік тәрбиесі нәтижсінде оқушылардың бойында өзін-өзі
адагершілікке тәрбиелеуі мен өзін-өзі адамгершілік тұрғыда жетілдіру
қалыптасса тиімді дейміз.
Адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі болып- оқушының адамгершілік
тәрбиелілігі есептеледі. Оны оқушының адамгершілік сезімінің тереңдігі,
эмоцияналдық қобалжуға қабілеттілігі,ұятының,арының мазалауы және т.б
құрайды. Ол адамгершілік сапасының жетілуімен : моральдық білімділігімен,
талдау қабілетімен, өмірдегі құбылыстар туралы адамгершілік идеаль ұстанымы
тұрғысынан пайымдауы мен, оларға өзіндік бағасын берумен сипатталады.
Жеке тұлғаның қалыптасып, дамуында тәрбиенің ролі ерекше екенін жоғарыда
сөз еткен болатынбыз. Адам ұрпағымен ғана мың жасайды, деп тұжырымдаған
халық ұл-қызына жан-жақты, терең, жүйелі білім беруді, тәрбиені басты
мақсат тұтқан. Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол. Қызың өссе қызы
жақсымен ауылдас бол деу арқылы адамдардың адамгершілік қасиеттері мен
жақсы мінез –құлықтарының бала тәрбиесіне тигізер ықпалын көрсетуге
талпынған. Халықтық педогогикада адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда
ақыл –кеңес беру, бата, үлгі-өнеге көрсету, түсіндіру тәрізді әдістерді,
аталар өсиеті, салт-дәстүр, халықтық мейрамдар, діни ілімдер, ұлттық
ойындар, фольклорлық шығармалар сияқты құралдарды қолданып келеміз.
Халықтық педогогика материалдарының оқу-тәрбие процесіндегі маңызы мен
мүмкіндіктерін Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, [8,53] С. Ұзақбаева, Г. Бахтиярова,
[9,74] т.б ғалымдарымыздың еңбектерінен көруімізге болады[3,74] Халықтық
тәрбиедегі ар, намыс, ұят ұғымдарына тоқталатын болсақ, ол жалпы халыққа,
ұятқа және жеке адамға тән рухани күш. Қазақ халқы ежелден-ақ ар-намысын ту
қылып биік ұстаған өжет те өр халық.
Жақсы мен жаманды ұғынуға Хадистерде Ар-ұяттың толық болғаны жақсы,
Ар-ұят үнемі жақсылыққа бастайды, Ар-ұят дегеніміз – иман, Бір-біріне
қайырымды, мейір ишаратты болып, қол ұшын беріңдер, сонда ғана
іштеріңіздегі арам пиғылдан тазарасыңдар, Адамдармен ізгілікті байланыс
жасаңдар, Намысыңды қорға, деп келетін ереже тәрізді жолдар бар[10,12].
Намыстың бастау адамнаң туған елін, жерін, халқын, Отанын сүюден басталады.
Демек, намыс, ар, ұят сияқты халықтық асыл қазынаны жоғалтпай, өсіп келе
жатқан мектеп оқушысының санасына сіңіре беруіміз керек.
Сонымен, жоғарыда аталған еңбектерге сүйене отырып және өз
зерттеуімізде адамгершілік тәрбиені педогогикалыық процесс ретінде
қарастырып, кіші мектеп жасында қалыптасуы тиісті адамгершілік –гуманистік
қасиеттерді былайша топтадық;
− Гуманистік қасиеттер: қайырымдылық, кішіпейілділік,
қарапайымдылық, рақымдылық, ізеттілік, имандылық, мейрімділік;
− Ұжымдық қасиеттер: ұжымшылдық сезім, өзара сыйластық,
ынтымақтастық, достық, жолдастық, жауапкершілік;
− Патриоттық және ұлтжандылық қасиеттер: отанға, өз халқына деген
сүйіспеншілік, өзге ұлт өкілдеріне сыйластық, ерлік, батырлық,
өжеттік, ержүректілік.
− Еңбексүйгіштік қасиеттер: еңбексүйгіштік, еңбек тапсырмаларына
адал ниетті қатынас, өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен
қарау, қанағаттылық.
− Тұлғаның жүріс - тұрысына рухани тұрғыдан реттеу ерекшелігінің
қасиеті: адалдық ұқыптылық, шыншылдық, парасаттылық, шын
берілгендік;
− Тұлғаның құндылықтарын жіктеу ерекшеліктеріне байланысты
қасиеттер: әділеттілік, өзін-өзі объективті бағалау;
Зерттеп отырған проблемамыз бастауыш сынып оқушылырын адамгершілікке
тәрбиелеудің жолдары (ертегі жанры бойынша) болғандықтан, біз кейбір ғылыми
зерттеу жұмыстарды осы аспектіде талдауға тырыстық.
Халық мұрасы танымдық, тәрбиелік мәні шексіз де шетсіз терең дүние. Осы
тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңдері
үшін мәнді, азаматтық тұлғаның рухани қуатының қайнар көзі іспеттес. Бала
тәрбиесіндегі халық ертегілері жас ұрпақты шынайы адамгершілік қасиеттерге,
яғни,
− Қайырымдылыққа
− Кішіпейілдікке
− Ізеттікке
− Мейрімділікке
− Имандылыққа
− Парасаттылыққа
− Рақымдылыққа
− Жолдастыққа
− Адалдыққа
− Қанағаттылыққа
− Шыншылдыққа
− Әділеттілікке
− Патриоттыққа
− Ұлтжандылыққа
− Ұқыптылыққа
− Жауапкершілікке
− Ынтымақтастыққа
− Өзара сыйластыққа
− Еңбексүйгіштікке т.б[11,38].
Тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Халықтың өзімен бірге жасасып, өмір
сынынан екшеленіп өткен, ата-бабадан мирас болған халық ертегілері арқылы
болашақ ұрпақтың төл келбетін қалыптастыра аламыз. Демек, ертегі – тәрбие
көзі, тәрбие құралы.

2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде
қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктері

Фолькролдың қара сөзбен айтылатын ерекше мол түрі – ертегі. Ол халықтың
ауызша айтатын көркем әңгімесі.
Қазақ ертегісінің есте жоқ ерте замандардан бастап, беріге шейін талай
талай ұзақ – ұзақ дәуірлердің кезеңдерінде туған, өсіп, көбейіп келген мол
дүние екенін білеміз.
Алайда, ел арасында ауызша айтылып, ауызша тараған халық ертегілерінің
ғылым жолымен жиналып, зерттеуі ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. Бұған себеп
болған жағдайлардың бірі – Қазақстанның Ресей мемлектіне қосылуы еді, -
деп көрсетіледі Б. Кенжебаев Қазақ әдебиеті тарихы атты
зерттеуінде[12,54].
Қазақ ертегілерін жинап, жариялауда көрнекті еңбек еткен ғалымдарымыз:
В.В Радлов, Г.Н. Потанин, Н.Н. Пантусов, А.А.Диваев, А.Е. Алекторов және
т.б болды. Олар қазақ елінің көп жерін аралап поэзия, қара сөз түріндегі
фольклорын жасып алып, Торғай облыстық ведомосында, Ақмола облыстық
ведомосында, Орынбор газетінде, Киргизская степная газета, Дала
уалаяты газетінде бастырып отырды. Академик В.Радлов : қазақтың басқа
бауырластарынан ерекшелігі – сөз орамында шебер және тамаша шешен, - деп
қазақ халқының сөз өнеріне сүйсінеді. Ол ертегіні ертекшеден ауызба-ауыз
жазып отырған, бірақ ертекшінің аты-жөнін, өмірбаянын ескермеді[12,28].
Ертектеріді жинап алуға асыру керек, өйткені халық тұрмысындағы жаңа
жағдаяттарға байланысты олар жылдам ұмытылып барады, -деп халық қазынасын
қамқорлыққа алған Г.Н.Потанин қазақ ертегілерінің, аңыздарын, аңыз-әңгіме,
әпсана – хикаяттарының кейбір үлгілерін жинап жарыққа шығарды. Бірақ
ертегінің орыс тіліне аударылыуы, жеке ертекшінің өзіндік стилін жойып
жіберді.
Н.Н. Пантусовтың 1899-1909 жылдар арасында жарық көрген Қазақ – қырғыз
тілін үйренушілерге көмекші материалдар және Қазақ халқы әдебиетінің
үлгілері атты жинағына қазақ халқының кейбір ертегілері (Сказка о Каре
Маргене, Сказка о Святом ишаке, Сказка о прореке Сулеймене, Сказка о
глубях). Копал уезінде жазып алынған халықтың ырымдары мен нанымдары (77
түрі), алғыс, бата сөздері (42 түрі), қарғыс сөздері (42 түрі), әндері
енгізілген[13,49].
А.А Диваев жинаған фольклор жанрларының ішінен ертегінің алатын орны
зор. Ол жазып алыпған шығарманың қаншалықты ел арасында белгілі екенін
анықтап және оның бірнеше нұсқасы болуы мүмкіндігін де естен шығармады.
Широко применяемый Диваевым способ комментирование, который и по сей
день не утратил своей ценности, можно назвать справочно-этнографическим.
Как правило, Диваев комментирурет имена, явления быта, т.е все, что может
быть не понято читателем, незнакомым с жизнью казахского народа, - деп
ғылымдарымыз оның осы дәстүрін жоғары бағалайды. Мәселен, Қыдыр, бақ және
ақыл ертегісін қазақ, орыс тілдерінде жариялап жеңге-невеста, жене брата
невесты. По обычаю жеңгелік (невестки) отводят невесту у юрту жениха, за
что получают подарки, - деп анықтама беріп, қазақ халқының салт –
дәстүрлімен таныстырып өтеді. Диваев қазақ ертегілерін жүйелеп, мынадай
түрге бөледі:
А) ақыл-алғырлық
ә) әйелдер жайында
б) шындық пен әділдік
в) сараңдық пен жомарттық
г) байлық пен жарлылық жөнінде.
Зерттеушінің бұл жіктеуі ертегінің мұзмұнын толық аша алмады, яғни қиял-
ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайындағы ертегілер ескерілмеді. Басқаша
айтқанда, негізінен тұрмыс-салт ертегілері тақырыптарының өзін толық қамти
алмағандығында [12,35].
Қазақ ертегілерін жинау, баспаға шығару барысында Кеңес үкіметі тұсында
бірсыпыра жұмыстар істелінді. Егер Қазан төңкерісіне дейін бұл істі жеке
адамдар ғана жүргізсе, кеңес үкіметі тұсында қазақ аузы әдебиеті зерттейтін
ғылым (фольклористика) қалаптасты. Бұл ғылымның қалыптасуына және жалпы
қазақ ауыз әдебиетін зерттеуде айрықша еңбек еткендер: М.Әуезов, С.
Сейфуллин, С. Мұқанов, Е. Исмайлов, Қ. Жұмағалиев, Әл. Марғұлан т.б
әдебиетші ғалымдарды атауға болады. Сондай-ақ оның басты саласы – ертегілер
де жеткілікті орын алады. Сонымен қатар, ауыз әдебиетін жасаушы ақындарға
ерекше қамқорлық жасалды. Жамбыл, Нұрпейіс, Иса, Нұрлыбек, Нартай,
Шашаубай, Омар, Саяділ, Доскей, Нұрхан т.б халық ақындары Кеңес үкіметі
тұсында жоғары наградаларға ие болды.
Ертегілерді зерттеуде академик М. Әуезовтың еңбегін айрықша атауға
болады. Қазіргі ертегіні зерттеуші оқымыстылардың бір алуаны ертенінің
өзімен қатар, әсіресе сол ертегіні айтуға үлкен көңіл бөледі ... .
Бұл айтқан сөздер жеке ертекшінің орны, ролі аса зор екендігін
көрсетеді. Әуезовтың осы бір құнды пікірі Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин, С.
Қасқабасов, Е. Тұрсынов сынды ғалымдарымыздың ғылыми зерттеулерімен үндесіп
жатыр.
Ертегі – оқушылардың қызыға оқитын, құлақ түре тыңдайтын жанрларының
бірі. Ол адам жолын ұштап, бірде жеті қабат жер асты тұрғындары: Таусоғар,
Саққұлақ, Көлтаусар, Қырағы, алып құс Самұрықпен кездесітірсе, бірде алты
айшылық жерді алты күн аттар қанатты тұлпармен табыстарады. Сондай-ақ, түп
тамыры өте ерте замандағы аңшылық өмірде жатқан хайуанаттар жайында
әңгіме етсе, енді бірде балаға өнеге көрсетер адаммен жолықтырып, бақыт
көзі – адал еңбек, адами қасиеттер, адамгершілік, ақыл-ой жемісі екенін
танытады. Және Еңбексіз өмір – сөнген көмір, Ұрлық түбі қорлық, Әлін
білмеген әлек, Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Жақсы - жаныңа жолдас,
жаман – малыңа жолдас, Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде,
Қасықтап жинаған абыройымды шөміштеп төкпе, Әдеті бала – арлы бала,
әдепсіз бала – сорлы бала, - екенін ұғындырады.
Ахмет Байтұрсынов ертегінің маңызы туралы былай дейді: Халықтың
ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек
нәрсе. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор
керегі бар нәрсе. Баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. Бұрынғылардың
сана, саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе [14,58].
Осы тұжырымдамаға Жүсіпбек Аймауыттың Ертегі, әуезелерін пернелі, кестелі
сөздерін тастап, баланың өз сөзімен қайта айтуға болмайды, - деген пікірі
үндесіп жатыр.
Шындығында ертегіден тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болатын мақал –
мәтелді Кім ойласа досқа қас, басына тиер тас (Арам түлкі жайында),
Бірліксіз іс, бос жұмсалған күш (Үш дос немесе Аққу, Шаян, Шортан), ...
өткір, ұшқыр ой түйінін топшалаған поэтикалық қасиетті күшті жұмбақты: 60
ақ бас, 70 қара бас атаным бар, соны берсін, бірі кілітті, бірі кілтсіз
сандығым бар, соның кіліттісін берсін, есіктің алдында екі бәйтерек бар,
бірін жықсын, бірін жықпасын (Шал мен келін), жыршылар арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа жеткен батырлар жырының нышанын:
Баласы айтты:
Жылыма, әкем, сен, - деді,
Оң батаңды бер!-деді
Дүлділіңді сайлашы
Семсеріңді қайрашы!
Бұл ауыр жолға барайын,
Жауға ойран салайын.
Бір келгенін бір қырайын,
Екі келгенін екі қырайын,
Біріне бірін қосайын?! – деді.
Әкесі айтты балаға:
Сенің алар жауың жоқ,
Бойың сенің өскен жоқ,
Бұғанаң сенің қатқан жоқ,
Балақта жүнің жеткен жоқ.
Бала тілін алмады, батасын сұрады, әкесі оң батасын берді:
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын, алла әкбар!
(Желкілдек)
Айтыс өнерін де кездестіреміз:
Тоқты:
Қасқыр-ау аузың құрсын ырбаңдаған,
Жол таппай қараңғыда тұрған жаман.
Ер болсаң тайлақ пенен тайды жеші,
Тоқтының несін жейсің тырбаңдаған?
Қасқыр:
Тоқташақ не десең де құтылмайсың,
Ішінде шым қораның қутындайсың.
Әуелі сені жеймін, сосын тайды,
Бәрібір кезегіңнен құтылмайсың.
(Қасқыр менен тоқты айтысы)
Сондай – ақ тұрмыс салт жырлары-жоқтауды да,
Неше күндер жол бастым,
Көзімнен жасты ағызып,
Емшегімнің сүтін тамызып,
Өлгенде көрген ботаммды,
Емізбедім жарғызып!
Боташымнан айрылып,
Ішім оттай күйеді,
Жүйем босап сағынып,
Тұла бойым иеді ...

(Бозінген)

Төрт түлік туралы өлең де,
Қой балас қоңырым,
Ұя бұзбас момыным,
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың?
(Бес
ешкі) [15,74]
Міне, осындан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық - психологиялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Пәндер