Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:
І. тарау. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ. тарау. Дене тәрбиесінің әдіс. тәсілдері және баланы қалыптастырудағы ролі
2.1.Әр түрлі топтардағы дене тәрбиесінің әдіс. тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2.Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс – бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық , ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
1. Болашақ мамандардың кәсіптік дене тәрбиесі. //Оқу-құралы. –Алматы, 2008. – 336 б.
2. Педагогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы. //Оқу құралы. - Алматы, 2008. (Авторлық бірлестікте: Бабаев С, Бабаева Қ.) -124 б.
3. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту. //Оқу- құрал. – Түркістан, 2005. – 70 б.
4. Ауылдық мектептердегі оқушылардың іс-әрекет қабілеттілігін жетілідіру әдістемесі. //Оқу-әдістемелік құрал. – Нүкіс, Қарақалпақстан, 2001. - 42 б.
5. Жеңіл атлетика. //Оқу-әдістемелік құрал. – Нүкіс, Қарақалпақстан. 2002. - 31 б.
6. Спорттағы қазіргі заманғы педагогикалық зерттеу әдістері. //Оқу-әдістемелік құрал. – Кентау, 2007. – 55 б.
7. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. //Оқу-әдістемелік құрал. - Түркістан, 2008. -85 б.
8. Начальная школа, № 1, 2008
9. Дошкольное воспитание, № 3, 2007
10. М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж.
11. Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту» —Алматы 1999 ж.
12. Школа на пути к свободе —М. 2002.
13. Особенности физического развития и двигательной дееспособности учащихся. //Вестник. № 3. – Каракалпакстан, 2001. - С. 114-115.
14. Мектеп оқушыларының дене құрылысының түрлерін үйрету мәселелері. //Қарақалпақстан мұғалімі. № 1,2. - Нүкіс, 2001. – Б. 57-60.
15. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33-34.
16. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
17. Дене тәрбиесі ұғымының мәні. //Қазақстан мектебі. № 2. – Алматы, 2006. –Б. 14-15.
18. Бастауыш сыныптардағы балалардың дене тәрбиесі. Мектепке дейінгі және бастауыш білім: Қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері. //Халықаралық ғылыми практикалық конференция. Қыздар пед. инст. ІІ том. – Алматы, 2007. –Б. 252-256.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс
Пәні: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Тақырыбы:
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:

І- тарау. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Дене тәрбиесінің маңызы мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Дене шынықтырудың міндеттері мен дене
жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ- тарау. Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері және баланы қалыптастырудағы
ролі
2.1.Әр түрлі топтардағы дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2.Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .30

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты
жұмыс – бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық , ақыл-
парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен,
дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге
келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-
сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге
асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі
тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі
айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты
жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен
дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау
болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев,
Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және
т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова,
Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына,
күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-
қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс
қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын
орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір
сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере
отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда
талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету
сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар
орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеу пәні: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер
Зерттеудің мақсаты: дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін анықтау;
Зерттеудің міндеттері:
✓ Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі пәнінің қолдану аясын
анықтау;
✓ Мектепке дейінгі жастағы балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыруда дене тәрбиесі і пәнінің ерекшелігін айқындау;
✓ Дене тәрбиесі әдіс- тәсілдерінің мүмкіндіктерін анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте дене
тәрбиесінің әдіс- тәсілдері теориялық тұрғыдан тұтастық принципін
басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Дене тәрбиесі әдіс- тәсілдерін
анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі дене тәрбиесі туралы ғылыми деректерді
кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты
негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика ғалымдарының еңбектері мен жалпыға міндетті
білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;
І. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі әдістемесі

1.1.Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалар
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру,
кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл
ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене
шынықты- руға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лық-
гигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен
әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану
үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне
ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін
қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді.
Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға
қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету
жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына
тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене
шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі;
дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі
бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып,
баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін
қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға
арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл
шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру
қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене
шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін
қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу
балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге
көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен
айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен
салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру
жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл
сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына
байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас
ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық
тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол
денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі –
дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге,
яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне
жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,
эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің
елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын
педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының
барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған
ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың
жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді,
психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы
және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік
заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен
сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады.
Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің
мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын
талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік
қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің
жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір
бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және
оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып
біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір
қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып
табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға
сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі
проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан
саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау
процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан
информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс
ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және
алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып
табылады.

1.2.Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал
етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті
қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің
қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар
жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки,
велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді
қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам
қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене
қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене
шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану,
үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін
тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына,
денсаулығын сақтауға көмектеседі. Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп
дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы
сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Балабақшада дене тәрбиесін мұғалім,
сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды
үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту,
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке
үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін балабақшада және балабақшадан тыс оқу орындарында
спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
•  балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
•  баланың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір
балабақшадардің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру
жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына
дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш
әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу
мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және
емдік гимнастика.Ойын балаларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - балаларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және
қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - балалардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар:
күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.Табиғат факторларын балалардың
денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің
маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру
ісіне жұмылдыру. Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және
ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны
тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы
жөніндегі білімді хабарлау.
Тәртіп
Балаларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының
бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына
дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі
-таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының
ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана
қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді.
Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете
отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат
алмасуға көмектеседі, балалардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын
қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту
жаттығулары балаларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік
пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.

1.3. Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық
буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген
педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру,
дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру,
оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік)
дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене
шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру
дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін
тигізеді, денсау лығын нығайтады.
Мектепке дейінгі балалардың дене жаттығулары - дене шынықтырудың
негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның
дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс
алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының
қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың
тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне
уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары
күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын
(кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі
ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға
көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе
қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның
ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет
болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта
240 рет).
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында
спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті
жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті
дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың
тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға
себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см
жетеді.
Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде,
еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда
жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру,
алысқа нақты лақтыра білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді
балалық шақтан қалыптастыру дене шыныңтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің
бірі болып табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және
қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена)
құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының
жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің
маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін,
ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан
дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда
спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін
шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін,
адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара
көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп
ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар,
мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат,
жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің
сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар
арқылы іске асады.
Күш-қуат - ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширықтыру
арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі
қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда болуына
себепші жаттығуларға – көрмеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару
не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т.б. жатады. Дененің сапалық
қасиеті - күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген
доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар) көтеру,
қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы
жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен
өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т.б.), созылмалы заттар,
резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және
итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.
Жылдамдық - бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау
қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына
(қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың
жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты
болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл
реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу
ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу
үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін
тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және
қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері
бар ойындар, т.б. қолданылады.
Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған
қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік
қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен
амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу,
сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады.
Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып
жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен
жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру және т.б. жаттығулар
жатады.
Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі
қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау
үшін қолданылады.
Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға
қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып
бөлінеді.
Жалпы шыдамдылық - ол адамның бүлшық еттері топтарының жұмыс жасап
тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жүмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті
(мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу).
Арнаулы шыдамдылық - ол адамның (спортшының) өр түрлі жағдайда жөне
жүмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін
денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру
қабілеті. Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде
жүгіру жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық
(мысалы, ңысқа қашыңтықңа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз - күш- қуат
шыдамдылық ңасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-түру жаттығуы, затты
көтеру, т.б.).
Шыдамдылық қасиетін дамытудың қүралы - үдемелі салмақ түсірудегі уақыт
сәйкестігі бар өр түрлі жатты- ғулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру,
жүгіру шаң- ғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секі- ру, қимыл-
қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.
Икемділік - ол адамның қажетті тербеліс шегінде қи- мыл жасау қабілеті,
бүлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен
сипатталады.
Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткі- шінің бірі болып
табылады.
Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа
қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік
қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен
тербелісі кең аумақты жаттыгуларды орындау болып табылады. Бүл жаттығулар
қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір
орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық
қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға,
артқа, жан- жаққа түру.
Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Дене тәрбиесінің әдістері
Дене тәрбиесінің әдістемелік принциптері
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Гигиеналық дене шынықтыру
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Пәндер