Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін тұрақсыздығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
1.ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Зейін түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4. Зейіннің адам өмірінде алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5. Зейіннің физиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Баланың зейінін дамытудың бір топ тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
А) Психологиялық сабақ арқылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Ә) Жаттығулар арқылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Б) Ойындар арқылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
В) Ертеңгілік сергіту сәттері арқылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3. Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні, зейіннің өзгеруі. ... ... ... ... . ..27
3.ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... .30
3.2. Зейінді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
А) «Бурдон кестесі» әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Ә) «Мюнстерберг» әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Б) «Ландольт сақиналары» әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа алуда. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту тәсілдері мен зерттеу әдістері
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі балаларды басқару
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісінде кешенді жүйемен арттыру жолдарын қарастыру
Зерттеудің міндеттері:
- Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.
- Балаларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу.
- Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және балаларға көрнекілік құралдарды пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу.
- Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.
- Мектепке дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.
- Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.
1. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. «Педагогика». Астана. «Фолинат» 2010ж.
2. Қ.Жарықбаев Жантану негіздері Алматы. 2002 ж.
3. Алмұратова Ә. Оқулардың грамматика ұғымдарын меңгеру психологиясы. Алматы Мектеп баспасы 1983 ж.
4. Жарықбаев Қ. Әбдірахманова Ә. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы. Мектеп 1976 ж.
5. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау Алматы. К.М.Б 1959 ж.
6. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психологиялық лекция жинағы Алматы 1982 ж.
7. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. Алматы. Қазақстан 1980 ж.
8. Мұқанов М.М. Жан дүниенің сыры Алматы. КМБ 1959 ж.
9. Мұқанов М.М. Қабілетілік әне оны тәрбиелеу Алматы. КМБ 1987ж.
10. Мухина В.С. Балалар психологиясы аударма Алматы. Мектеп баспасы 1987 ж.
11. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979 ж.
12. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 ж.
13. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
14. Общая психология/Под ред. А.В. Петровского. 2–изд.–Москва, 1977 ж.
15. М.М. Мұқанов. Оқушылардың зейінін тәрбиелеу. Алматы: ҚМБ, 1960 ж.
16. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
17. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
18. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
19. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
20. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
21. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
22. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
23. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
24. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
25. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардыңзейін тұрақсыздығы

Орындаған:
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2014
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Зейін түрлеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..6
2. Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Зейін ұғымын зерттеуші
ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4. Зейіннің адам өмірінде алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5. Зейіннің физиологиялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.17

2-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектепке дейінгі балалардың зейіндерінің дамуы және оны тәрбиелеудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..21
2.2. Баланың зейінін дамытудың бір топ
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .22
А) Психологиялық сабақ
арқылы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22
Ә) Жаттығулар
арқылы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...24
Б) Ойындар
арқылы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .25
В) Ертеңгілік сергіту сәттері
арқылы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3. Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні, зейіннің өзгеруі.
... ... ... ... . ..27

3-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1. Зейінді зерттеу әдістемелеріне үлес қосушы
ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ..30
3.2. Зейінді зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..31
А) Бурдон кестесі
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..31
Ә) Мюнстерберг
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 32
Б) Ландольт сақиналары
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..36

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...37

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінге дейін мектеп балаларындағы зейін
психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды
зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар
зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен
қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін
таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Педагогикалық психология
ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті
түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы
тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің
теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен
қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету
маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-
әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа алуда. Сол
себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының
өзекті тақырыптарының бірі.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың зейінін дамыту
тәсілдері мен зерттеу әдістері
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі балаларды басқару
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейін қасиеттерін
дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды басшылыққа ала
отырып, мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісінде кешенді жүйемен
арттыру жолдарын қарастыру
Зерттеудің міндеттері:
- Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық,
психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің,
қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми
тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.
- Балаларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын
ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу.
- Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін,
көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және балаларға көрнекілік құралдарды
пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды
зерттеу.
- Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді
ұйымдастыру жолдарын сараптау.
- Мектепке дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру және дамыту барысында
туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.
- Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге
бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп
мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.
Зерттеудің теориялық маңызы: Зейін психологиясы бүкіл әлемдік
зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып, психологияның
жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін
дамытуға мүмкіндік жасалды. Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы алғаш
рет зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес
өңделді. Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық
сипаттары толықтырылып өңделген мазмұн кең ауқымды бүтіндік жүйе ретінде
ұсынылды. Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен
міндеттерінің мазмұны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық
принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Зейін қасиеттерінің арту деңгейін
анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Іс-
әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы
мектепке дейінгі баланың жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі зейін туралы ғылыми деректерді кешенді
жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі
ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері, француз
психологы Б. Бурдонның әдістемесі, Ландольт сақиналары, Мюнстерберг
әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістері педагогикалық тәжірибені
сараптауда іске асырылды.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары
(заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға
міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Зерттеу кезеңдері:
Анықтау: зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, психология-
педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудiң теориялық және
әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.
Қалыптастыру: зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және
этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар
ұйымдастырылып, жүргізілді.
Қортындылау: тәжірибелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп,
ғылыми жүйеге келтірілді. Негізгі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар
құрастырылып, ғылыми - әдістемелік қорытындылар жасалынды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Зейін түрлеріне сипаттама
Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған
және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап
алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне
көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар:
а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа
жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның
бойаулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды тағы басқа. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады.
Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық
дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т. б.) белгілі жүйеге
келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы
әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні
маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық
кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз
зейіннің бұлағы. Өйткені, қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен,
қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу –
ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ
ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен
шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс
өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (оринтировочный) рефлексінің
жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар менадамдардың сыртқы
ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген
тітіргендіргіш арқылыпайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмегі
жағдайлар себеп болады:
А) күшті тітіргендіргіштер ( көзді аштырмайтын жарық, жарық, қанық
бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен
құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің
өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
Ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейінінің тууына
жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік, күшін жұмсау
арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп,
объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына
дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Ырықты зейіні мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін
іс-әрекетке тікелей кірісу қажет
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатын нәрселерден бойды
аулататқан жөн.
Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен
берілген дұрыс.
Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтау. Мәселен, көңілді
алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл түрсілдерде де)
әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты
және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылды.
Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,
ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен
заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп,
қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.
Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда баланың өз зейінін өзі басқаруынан
көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып балаларына және ересек адамдарға тән.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз
байланысты.Адамның іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп,бір-
біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде бала зейінін сабаққа
бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік
саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай,
зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді.Зейінді меңгеру мен оның кейбір
ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене
әрекетін меңгеріп,реттеуге бағытталған.Бұны перцептивті зейін деп те
атайды.Ішкі зейін-сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге
бағытталуы.Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән.Ол жануарларда болмайды.
Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды.Сыртқы және ішкі
зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әр ішкі
құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын.Ішкі зейіннің объектілері:
сезімдер,елестер,ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары,ернінің
жыбырлыуы,жеке сөздері айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл-
қозғалыстарыарқылы байқалары. Ішкі зейіндер-сана мен өзіндік сананың дамуы
үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын,олардың нәтижесін
болжай алмайды.Ойлай білу,ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен
байланысты.Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан
дамуы мүмкін емес.Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен
бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейін аударып,талдау жасау
саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері. Ұжымдық зейін - бір сыныптағы
барлық баланың зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай
әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады.Бұл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы
бірқалыпты ұстау мүмкін емес.Бірен-саран баланың зейіні басқа нәрсеге
ауысып кетуі де мүмкін.Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде  зейіні
ауытқитындар да кездеседі.Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-
тәрбиешілердің іс-тәжірибелері ерекше роль атқарады.
Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық
зейін сыныпта, лобораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде
қажет. Бұл- зейінді ұйымдастырудың бала үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі.
Өйткені,топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу
үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығаруларына жете көңіл аударып, оны
әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін
шоғырландырады. Бұл-зейінің кісі өзі оқығанда,есеп шығарғанда қолдануға
тиісті аса қажетті түрі.

1.2 Зейіннің қасиеттеріне шолу жасау

Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: а)көлемі, ә)бөлінуі,
б)шоғырлануы, в)тұрақтылығы, г)ауысуы.

а)Зейіннің көлемі-адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің
саны.Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 110 секунд ішінде 10-12 нәрседен
тұратын сандар,әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі.Осы уақыт
ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді
саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің
ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық
нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам
зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 нәрсеге тең. Егер әріптестерден
мағаналы сөз құрастырсақ,онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді.Бірақ
бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да,сынаушы кісі сөз
әріптерінің орны аусқанын,дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке
қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.Нәрселерді
топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным процестерінің
дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал
ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқан көрінеді.
ә)Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір
мезгілде өлең жаттап,әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып
көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз.Мұндайда бір әрекет екінші
әрекетке кедергі болады.Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге
ауады.Себебі, оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптималдық қозу
ошағының жалғыздыға. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін
бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.Мысалы,жас ұстаз өз зейінін
бірнеше обиектіге бөле алмағандықтан,сыныптағы балаларды жекелеп көре
алмайды. Сабақ айтып тұрып қате жіберуі де, балалар жауабындағы қателерді
байқамай қалуы да мүмкін.Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған
материалға ғана ауады.Өзі алдында отырған кейбір балалардың тәртіп бұзып
отырғанын байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле
түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді,
зейіннің оған бөлінуі де ширап,сыныпты толық меңгеретін болды. Әрбір
нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның маңызды
сапасына айналады.
б)Зейіннің шоғырлануы-адам санасының белгілі бір объектіге айрықша
бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы,оның көлемімен, бөлінумен дн тығыз
байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану
соғұрлым күшті болады.Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді
күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған
бала зейінін тек есептеуге,таңбаларға ғана аудармаса,онда есепті дұрыс
шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі-қозудың оптималдық
ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция
тудыратын тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда
болады.
в)Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы
шоғырлануын айтады.Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне,
әдеттерге т.б жағдайларға байланысты.Зейіннің алаңдауы-тұрақты зейінге
қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.Зейіннің толқуын
қосарланған кескін суреттерден байқауға болады.Егер квадрат салынған
суретке бірнеше минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына
шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы аз ғана
мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көрінеді. Бұл
тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.
Физиологиялық тұлғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығы мидағы жүйке
клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке
клеткаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін
байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы  жүйке қызметінің
жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
Сурет. Зейіннің ауытқуы

г)Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейлеп көшуін
айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы-оның саналы түрде
болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді,ал
зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.Іс-әрекет үстінде
адам алдына жаңа міндеттер қойып,зейінін бір объектіден басқа объектіге не
сол объектінің бір қырына екінші қырына ауысып отырады. Зейінің бұл
қасиетінің физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағының тежеліп,жаңадан
жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қозғалғыштығына-қозу мен
тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке процестерінің баяулыға
зейіннің ауысуын қиындатады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта
математикадан бақылыу жұмысын орындаған баланың келесі сабақты бірден
бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі дн бақылау
жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын саптым
бадеген ойлау тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру
әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің
қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.
Зейіннің қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет
кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.

1.3 Зейін ұғымын зерттеуші ғалымдар

Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлері таңдауы
белсенді ми қызметтің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан
болады.
Зейін механизімінің іске қосылуында бағдарлы рефлекстің рөлі өте
күшті. Бұл құбылыстың негізі – адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта
өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Бұл рефлексті
И.И. Павлов немене? рефлексі деп атады.
Зейіннің таңдамалығы ағзада болып тұратын күрделі процесспен байланысты.
Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда 2 топ ағза
тетіктері іске қосылады: перифериялық (шекті) және орталық.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч. Шеррингтон ғылыми
дәлелдеп, кейін И. П. Павлов кең қолданған жүйке процесінің индукция заңы
үлкен маңызға ие.
Сонымен зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан нерв
процесінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А.
Утомскийдің доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
А. А. Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың қозудың
оптималдық алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. Оптимальдық
қозуы бар осы алап –ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің
физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: Бас сүйегінің
сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының
оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған
саналы адамның ми сыңарында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша
тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарының барлық
жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып
жүрген болар еді.

1.4 Зейіннің адам өмірінде алатын орны

Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық,ойдың айқындығы,
сезім көрнеуі және ерік күшінің әсерімен ойдағыдай орындап шығуы үшін жан
дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым болады.
Зейінділік күй-адамның мүдделі ісі мен қажетті нәрсенің қызығуы күшеюіне
байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін күйінің тағы бір
қыры-зейінсіздік немесе зейіннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік.
Ауыр жұмыстан шаршау,терең ойға бату, қызықсіз істі орындау сияқты себептер
кісі зейінін шашыратып,оны алаңдауға ұшыратады. Соның салдарынан
зейінсіздік туады.
Адамды мінез сипатына қарай зейінді,зейінсіз, алаңғасар деп
қарастырамыз.Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрілері
қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі күшті,алдына қойған мақсаты
айқын,соған жетуіге талпынушы кісіге ырықты және үйреншікті зейін тән. Бұл
жағдайда зейіннің ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы сияты кемшілікткр
байқала қоймайды.
Зейінсіздік - бір нәрсеге ден қоя алмай,үстірт пікір айту,өзге адамның
жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік білім саясыздығы,мейірімсіздік
сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты
туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге
нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың нәрселерге деген
талғампаздығын көрсетеді. Ой талғымның дәлдігі,қолға алған істі аяғыны
дейін бітіру,адамның жан дүниесінің босаңдығы, табансыздық көрсету,ұшқалақ
мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын білдіретін қасиет-
ерекшеліктер. Зейіннің саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент
ерекшеліктерімен байланысты еккендігі адам пихикасысының кез келген
ерекшелігінен анық аңғарылып тұрады.
Осы ерекшеліктері мен сипаттарына орай зейін адамның психологиялық
құрылымында айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт бағдарында
айқын көрініс береді. Біз сізбен түйіндегенде, зейін-адамның саналы
әрекетінің, жалпы психикалық дүниесінің есігі деуге болады.    
Адам өміріндегі зейін ретикулярлы формациялы іс-әрекетпен байланысты
мидың жалпы белсенділігімен сипатталады. Ми әрекеті зейінді әр-түрлі
деңгейде қамтамасыз ететін 5 деңгей немесе кезеңге бөлінеді.
 
Кесте. Зейін мен мидың сергектік деңгейлері
ЭЭГ-сипаттары Мидың сергектік Зейін көрсеткіштері
деңгейлері
Ретсіз жоғары Аса сергектік Зейін аудару
амплитудалы белсенділік
Бета-ритм, 13-18 Гц Белсенді, сақ сергектік Белсенді зейін
Альфа-ритм, 8-12 Гц Тынышты сергектік Диффузды зейін
(сенсорлы тыныштық)
Тета-ритм, 4-8 Гц Ұйқыды күй Зейіннің жекелеген
аймақтары ғана болуы
мүмкін
Дельта-ритм, 0,5-4 Гц Терең ұйқы Зейін жоқ

 
Сонымен, зейіннің дамуы ырықты зейіннің қалыптасуымен сипатталады және
ойын уақытының өсуінен көрінеді. Рубинштейн бойынша 6 айдан 1 жасқа дейінгі
баланың ойын ойнау уақыты 14,5 мин, ал 3-4 жаста – 50 мин, 5-6 жаста 96
мин. Сонымен қатар зейін аударылуы да кемиді; 3 жаста 10 мин ойын кезінде
3,7-ге дейін, ал 5-6 жаста 1,1-ге дейін. Мектеп жасы кезеңінде балалардың
үргемеушілік себептері көбінесе, ырықсыз зейінінің тұрақсыздығынан болады.
Мектеп жасында зейіннің барлық қырларының қарқынды дамуы байқалады, тек 10-
13 жас аралығында біраз тежелуді көруге болады. Ересектерде зейіннің
тұрақтылығы мен шоғырлануы аса өзгеріске ұшырамайды. Зейін көлемі,
аударылуы, таңдамалылығы 18-ден  33 жасқа дейін өседі, 34 жастан зейін
қызметінің тұрақталуы байқалады, ал кейінгі жылдары, 38, 41, 44 жаста, кему
мен өсу алмаса жалғасады.
Зейін – жаттықтыруға болатын процесстердің бірі. Жүйелі әрі арнайы
жаттығулар арқылы зейіннің кез-келген қасиетінің сапасын елеулі жетілдіруге
болады. Ырықсыз зейінді дамыту ерік қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз
байланысты.
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де
болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-
әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын
көрсетеді.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам
іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз -
сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз
етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру
қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде
зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына
да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке
жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми
қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп
аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның
өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп,
екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының
нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов
ашқан шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты.
Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін
жаңа тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді.
Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын
физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген
тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты
шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың
оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына
байланысты.
Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не
олардың ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік
индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие
істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың   оптималдық   ошағының  
жасалу   заңдарына   сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане,
қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға
әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады [5, 91 б].
Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің
заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл
принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп,
өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу
ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте
түседі.
Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа
тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен
берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де
байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп,
сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс
принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік
маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында
реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйенің
тарихының жоқтығы.
Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты
қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан
көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың
назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы
лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда
дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде
қарастырды.
Соның нәтижесінде доминанта жүйесін қарастырушы фактор ретінде
А.А.Ухтомскийге көптеген күрделі сұрақтарды: мидың интеграциясын және
тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы
адамзатты тұтастай - психология және социология деңгейінде шешуге
көмектесті. Осы айтылғандар А. А. Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің
зерттеулері мен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын
дәлелдейді.
А. А. Ухтомский       доминантаның       психологиясы       мен
физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз
әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан
сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын,
сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар
арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны
жаңа мүмкіндіктермен толықтырады [5, 92 б].
Қазіргі кезеңде А. А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И. П.
Павловтың шартты рефлексін теориялық-экспериментальдық жоспармен жақындатып
зерттеуші А. С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар
аудара: дәл жетекші мотивация (өз бетінше емес соңгы пайдалы нәтиже) деді,
ал П. К. Анохиннің пікірі бойынша, доминанттық принцип іс-әрекетті
анықтайды.
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы
қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді
қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты
сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш
пен шаттыққа кеңелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір
сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді
бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін -
сезім "немесе эмоция" деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың
сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің
істейтін әрекетіміз - "еңбек, оқу, ойын", оның жетістігі мен кемшіліктері
де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып
жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім"
дейміз, оны дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім", -
деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал
сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға
қатынасын көрсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген
жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан
ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір
затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала,
жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр
бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты.
Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ,
есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да
болсын бір сезім туғызады.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік
сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-
біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр
түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың
нэтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне
селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің
шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым,
өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен
тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады
[6, 65 б].
Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың
есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан
көрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі.
Сабаққа үлгерімі және тэртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім
пайда болады, ол оқуын одан эрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды:
құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай
туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі
мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да
пайдаланады.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды
өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет
үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер
туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын
ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі
өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-
қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға
психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары
адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.

5. Зейіннің физиологиялық негізі
3-нің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара
индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу
процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады.
Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған
ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.
Зейіннің физиологиялық негізін Уктаиский түсіндірді. Уктаиский зейіннің
физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді.
Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы
дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни
мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп
атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып
алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді.
Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады.
Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны
адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның
сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам
іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз -
сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз
етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру
қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде
зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына
да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке
жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми
қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп
аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның
өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп,
екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының
нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов
ашқан шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты.
Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін
жаңа тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді.Зейіннің
физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық
құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіргендіргіштер бір
мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында
күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының
қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты.
Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не
олардың ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік
индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие
істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың   оптималдық   ошағының  
жасалу   заңдарына   сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане,
қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға
әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады [5, 91 б].
Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің
заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл
принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп,
өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу
ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте
түседі.
Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа
тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен
берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де
байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп,
сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Дамуында психикалық тежелуі бар балаларға психологиялық кеңес
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға дифференциациялық тұрғынан келу
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
4-5жастағы балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Ақыл ойы дамуында кемістігі бар балалардың қарым – қатынасындағы психологиялық ерекшеліктер
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Пәндер