Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.

1.1 Отбасындағы тұлғааралық қарым.қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
1.2 Отбасылық қарым .қатынастың жеткіншек тұлғасының
дамуына психологиялық әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
31
1.3 Ата.ана мен бала арасындағы қарым.қатынас стилдерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
41
ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
42
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы ... ... ... ... ... ... ...
45
2.4. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

60
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ

Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы –бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы жүйе - деп берген анықтамасы А.Г Харчевтің отбасы ұғымына жалпылама болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Возрастная и педагогическая психология /под ред. А.В. Петровского), М., 2009
2. Титаренко В.Я. Семья и формирование личности, М., 1987, 351с.
3. Семья и формирование личности //Под ред. А.А. Бодалева, М., 1989.
4. Буренкова Е.В. Изучение взаимосвязи стиля семейного воспитание личностных особенностей ребенка и стратегии поведения значимости взрослого .:Дис. канд. психол. наук.- Пенза, 2000 - 237с.
5. Спицин "Хроника семейного общение " М. 1987.
6. Кулик Л.А., Берестов Н.И. "Семейное воспитание ". М: 1990.
7. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии /под ред. И.И.Ильясова, В.Я. Ляудис . М.,2000.
8. Золотнякова А.С. «Проблемы психологии общения», Ростов-на-Дону 2006г.
9. Кулагина И.Ю. «Возрастная психология», М., 2006 г.
10. Мұқанов М.М. «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», М., 2006 ж.
11. Кон И.С. Открытие "Я". - М., 2008.
12. Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. - М., 2000.
13. Немов Р.С. «Психология», ІІ том, М., 2003 г.
14. Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии М., Наука, 2001. – 278 с.
15. И.А. Зимняя Педагогикалық психология. Алматы, 2005 436 б
16. Смирнова Е.О. Проблема общения ребенка и взрослого работах Л.С Выготского и М.И Лисиной. // Вопросы психологии., - 1996 -№ 6
17. Лисина М.И. Развитие познавательной активности детей в ходе общения со взрослыми и сверстниками // Вопрсы психологии – 1982 - №4 - С.35
18. Галигузова Л.Н., Смирнова Б.О. Общение со взрослыми как условие осознания детьми своих собственных действий //Проблемы возрастной психологии. - 1989 - С.21-22 .
19. Годовикова Д.Б. Влияние общение со взрослыми на общение со сверстниками //Иследование по проблемам возрастной педагогической психологии - М., 1980. - С 78-79.
20. Мухина В.С. Возрастная и дифференциальная психология.- М., 2000.
21. Шерьязданова Х.Т Учите детей общению - Алма-Ата, 1992.-234с.
22. Карандашев Ю.Н." Как дети понимают взрослых " М, 1985.
23. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и о психологическом общении. М, Просвещение. 1987 - с 189-413.
24. Реан А.А., Коломинскиий Я.Л. Социальная педогогическая психология.- Спб ., 1999 - 428 с.
25. Кон И.С. "Ребенок и общество " М, 1989.
26. Бодалев А.А. Психология общение "Избранные психологические труды" М., 1896-16с.
27. Буева Л.П Человек деятельности и общение .М. " Мысль" 2007-216 с.
28. Варга .А.Я. Структура и типы родительских отношения.
29. Буренкова Е.В. Изучение взаимосвязи стиля семейного воспитание личностных особенностей ребенка и стратегиии поведения значимости взрослого .:Дис. канд. псих. Наук.-Пенза, 2000.-237с.
30. Мухина В.С. Возрастная и дифференциальная психология .-М., 2000.-388.
31. Ковалев. Психология личности .М: Просвещение 1970-391с.
32. Ананьев Б.Г. Педагогические приложения современной психологии // Хрестоматия по возр. и пед. психологии. /Под. Ред. И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис. М., 1981.
33. Годовикова Д.Б.Влияние общение со взрослыми на общение со сверстниками \\ Иследование по проблемам возрастной педагогической психологии.-М., 1980.-С 78-79.
34. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.М., 1972 - 574с.
35. Выготскии Л.С. Избранные психологические труды - М., 1999 - 367с.
36. Ломов Б.Ф. Проблема общение в психологии - М., 1981 - С.3-34.
37. Андреева Г.М. Социальная психология. - М.: Изд-во МГУ, 1980 - 429с.
38. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общение.- М., 1986.-143с.
39. Ломов Б.Ф. "Проблемы общение в психологии ". М., 1981-218с.
40. Хрещева Н.Ю. Социально–психологические проблемы общение Ленинград. 1986 – с .43.
41. Шестопалов Р.А. Общение возможность и действительность.- Фрунзе. 1985. - С.3.
42. Мудрик А.В. Современнный старшеклассник: Проблемы самоопределения. – М., 1977. - 186 с.
43. Кон И.С. Психология юнешского возраста – М.: Просвещение, 1979. – 176 с.
44. Анастази А. Психологическое тестирование / под ред. К.М. Гуревича. В.И. Лубовского. М. 2002.
45. Измайлов Ч.А., Михолевская М.Б. Измерение в психологии 1983г.
46. Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. Санкт-Петербург 1996г.
47. Готтсданкер Роберт. Основы психологического эксперимента.- М.: Изд-во МГУ, 2000.
48. Мельников В.М., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности. - М., 2005.
49. Общая психодиагностика / Под ред. А. Бодалева, В. Столина - М., 1987.
50. Психологическая диагностика: проблемы и исследования / Под ред. К.М. Гуревича - М., 2001.
51. Түңлікбаева Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды-статистикалық әдістер.- Алматы, 1999.
52. Суходольский Г.В. Основы математической статистики для психологов.- Л.: Изд-во ЛГУ, 2002.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Техникалық және гуманитарлық факультеті

ДИПЛОМ Ж Ұ М Ы С Ы

Тақырыбы:
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері

Орындаған
4-курс студенті __________________________________

Ғылыми жетекші
п.ғ.к __________________________________

Рецензент __________________________________

Норма бақылаушы _______________________________

Қорғауға жіберілді:
Техникалық және гуманитарлық
факультетінің деканы ________________________________

Қорғауға жіберілді 2015ж
Хаттама № 2015ж

Алматы 2015

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне
теориялық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Отбасылық қарым -қатынастың жеткіншек тұлғасының
дамуына психологиялық 31
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.3 Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас стилдерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
... ... ... ... ... ... .
ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ 41
БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері 42
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы 45
... ... ... ... ... ... ...
2.4. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық 57
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер
саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени
экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат
алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін
тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала
уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық
отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың
көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз
немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері
балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін
қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірибеде сынап байқап көреді.
Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И
Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың
үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас
нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып
дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі
болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында
сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе
не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-
жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-
тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В.
Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М.
Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын
қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген
зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе
жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев
(1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу,
шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың
отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды,
сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде
А.Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – отбасы –бұл жұбайлар
арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі,
оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады,
ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның
қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады. Отбасы
денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы жүйе -
деп берген анықтамасы А.Г Харчевтің отбасы ұғымына жалпылама болып
табылады.
Практикалық маңыздылығы. Қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында
ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-
біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету
жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды
шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы
мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын Отбасындағы
тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері деп анықтадық.
Тақырыбы: Отбасындағы ата ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктері
Мақсаты – Отбасындағы ата ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Болжамы - Отбасындағы тәрбиелеу стилдері мен жеткіншектердің қарым-
қатынас ерекшеліктері арасында тығыз байланыс бар.
Зерттеу міндеттері:
1. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы ғылыми-
теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу
әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін айқындау
экспериментін жүргізу.
4. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшіліктеріне жүргізілген
зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістемелері:
1. Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтау әдістемесі (А.Н. Варга, В.В.
Столин).
2. Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
3. Дж Мореноның социометриялық сауалнамасының модификациялық нұсқасы

Зерттеу мерзімі: 20 наурыз – 25 сәуір 2010жыл

I ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 ОтбасыЛЫқ қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу

Отбасылық қарым- қатынастың маңызы. Өмір есігін ашысымен кез-келген адам
қандай да бір қоғамға келіп түседі. Ол сол қоғамда өсіп, өркендеп,
қалыптасып әрі сонда өледі. Адамның дамуына көптеген факторлер оның ішінде
биологиялық және әлеуметтік факторлер әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы
ең маңызды фактор ол - отбасы. Отбасыда қанша адам бар екеніне, отбасыдағы
адамдардың қарым-қатынасына байланысты т.с.с. отбасылар әртүрлі болады.
Отбасыда адам өзінің әлемге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Отбасыдағы
қарым-қатынас адамның болашақ өмірін қалай жасайтынын, қай жолмен жүретінін
айқындайды.
Әрбір баланың өмірінде ата ананың орны ерекше. Олар балаға жүріс
тұрыстың жаңа үлгісін береді. Солардың көмегімен ол өзін қоршаған әлемді
таниды. Ол барлық іс әрекетінде соларға еліктейді. Бұл тенденция баланык
ата анасымен арасындағы жағымды эмоционалды байланыстардың арқасында күшейе
түседі. Бала әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Балаға үйреткісі
келетін барлық адами қасиеттерді өз әрекеттерімен тырысатын болады. Бұндай
тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым
қатынас кезінде өзін өзі қадағалау отбасыға үлкен мән беру баланы қолайды
жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай отбасыда бала жан жақты
болады.
Отбасы ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Отбасыда
әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Отбасы
кішкентай әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді.
Олардың әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен отбасы
өміріне әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа
мүшелерінің рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік
қағидаларымен мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.
Отбасы тұлғаның дамуында үлкен маңызы зор. Оған туысқан, жақын
адамдардан тұратын кішкентай топтың өміріне араласа алмайтын бала яғни
отбасысы жоқ бала көп нәрсені жоғалтады, әсіресе бұл отбасыдан тыс балалар
үйінде немесе сол сияқты жерлерде тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларда
қатты байқалады. Бұл балаларда тұлғалық даму отбасыда тәрбиеленіп жатқан
балаларға қарағанда өзгеше болады. Бұл балалардың ақыл-есімен әлеуметтік
дамуы кешігіп жатады, ал эмоциялық дамуы тежеліп қалады. Ересек адаммен де
дәл осындай жағдай болады. Жекелеген қатынастардың аз болуы жалғыздықтың
болмысы болып келеді. Ал бұл көптеген теріс құбылыстардың көзіне айналып
тұлғаның күйреуіне әкеліп соғады [1].
Көптеген адамдардың жүріс тұрыстарына басқа адамдардың қатынасы әсер
ететіні бегілі. Көптеген адамдар басқа адамдардың көзінше өздерін жеке
қалған кездегіден өзгеше ұстайды. Егер адам достық қатынасты сезетін болса,
ол адамда осындай әрекеттерге деген стимул пайда болады. Ал ол өз алдына
қоршаған адамдардың қолауын тауып оған жақсы жағынан көрінуге көмектеседі.
Егер адам қастық қатынасты сезетін болса, ол адамда қасарысушылық пайда
болады. Ол бар күшін салып қасарысатын болады. Жақсы тәрбие көрген адам
бұндай қастықты саналы күрес арқылы жеңеді.
Достық қарым-қатынас орнаған кішкентай топтарда, коллективтің тұлғағаға
үлкен ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе рухани құндылықтардың қалыптасуында,
жүріс-тұрыс үлгілерінің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуынан
көрінеді. Отбасы кіші топ ретінде өзінің ерекшелігінің арқасында өзінің
мүгешелерінің эмоциональді қажеттіліктеріне жағдай жасайды. Ол адамның
қоғамға қажет екенін сезінуне, сол арқылы басқа адамадарға көмек көрсеткісі
келетін сезімдердің оянуына көмектеседі.
Ата-ананың ролі жан-жақты. Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына
ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі
және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету отбасылық өмірдің қандай
да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың
тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек
ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты
емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келімге келулеріне
байланысты.
Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына тартқылайтын
болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі шығады.
Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның үстіне
бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса, ондай
бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол өзін
қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп балалық үрей туады. Бала қорқақ болып,
тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бала үшін отбасы мүшелерінің ара-
қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым-қатынасы қандай
екенін сезіну ерекше маңызды [2].
Ата-ананың балаға деген эмоциональді қарым-қатынасының сипатын ата-
аналық позиция деп атауға болады. Бұл фактордың басымдықтан бастап толық
бей-жайлыққа дейін бірнеше вариациялары бар. Оларды балаға үнемі телу де,
балаға мүлдем қармай қою да балаға зиян. Бала саған өз тарапынан жылылық
көрсеткісі келген ата-анаға баламен қатынасты дұрыстап алу өте маңызды.
Баланы тым еркелетіп те, тым өзіңнен алыстатып та қажеті жоқ. Баламен
арадағы қарым-қатынас еркін болу керек. Бала шынымен нені қалайды соны
түсінуге тырысу қажет. Және сол қажеттіліктерді беруге ұмтылу керек. Балаға
тек бұйрық беріп, немесе тек оның айтқандарын істей бермеу қажет. Белгілі
бір деңгейде оған еркіндік яки тәуелсіздік беріп, дұрыс емес жақтарын
көрсетіп отыру қажет. Баламен ортадағы қатынастың бұзылғанын шамадаг тыс
агрессивті болудан немесе баланың мінез-құлқын толық түзеуге күш салудан
байқауға болады.
Өте ерте жастан бастап баланың даму прцессінің дұрыс болуы бірінші
орында ата-ананың мейіріміне байланысты. Кішгкентай бала ата-анасынан
ойлауды, сөйлеуді, түсінуді, өзінің реакцияларын қадағалауды үйренеді. Ата-
анасының тұлғалық үлгілерінің арқасында ол басқа отбасымүшелерімен қалай
араласк керек екенін үйренеді. Қалай жақсы көру керек, кімнен аулақ болу
керек, кіммен санасу керек, кімге өзінің симпатиясын я болмаса антипатиясын
көрсету керек, қай кезде өз реакцияларын ұстап қалулары керек деген сияқты
қатынастарды бала бірінші орында ата-анасынан үйренеді.
Отбасы баланы қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани
құндылықтарды, моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі
өмір сүріп жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы отбасыдан үйренеді. Ата-
ананың келісіліп жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге
сай өзінің сезімі мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада
құндылықтар әлемі қалыптасады. Бұнлай жан-жақты дамудың барысында ата-ана
өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда
кейбір ата-ана өздерінің балаларының жүріс-тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті
бұзылуына себеп болып жатады [3].
Тұлғалық үлгі ата-ана болған отбасыда тәрбиеленген бала келесі
әлеуметтік рольдерге дайындық алады: әйелдер немесе еркектер, әйелі неме
күйеуі, ана немесе әке. Онымен қоймай әлеуметтік қысым өте күшті.
Балаларды әдетте оның жынысына қарай мақтайды, ал ұрсіанда қарсы жынысқа
зиян тигізгенде даттап, ұрсады. Дұрыс жыныстық тәрбие, өзінің жынысына тән
сезімнің қалыптасуы тұлғаның ары қарай дамуының бірдін бір негізі болады.
Дұрыс мақтау, қолпаштаулар көрсету арқылы адамды тұлға ретінде тез
қалыптасуына себеп болуға болады. Егер балаға жазалау керек болатын болса
онда оның намысына тиіп кетпейтіндей әділ жазалау қажет. Бала ата-анасы
жазадап жатқан кезде не үшін жазалап жатқанын өзі түсінуі қажет. Егер
баланы тым қатты жазалап қойса балада қорқыныш немесе ашу сияқты сезімдер
пайда болуы мүмкін. Балаға қол жұмсалатын болса онда балада кез келген
ұнамсыз нәрсені күшпен жеңуге болады екен деген теріс пікір қалыптасуы
мүмкін.
Баланың жүріс-тұрысы көбіне үйдегі көрген тәрбиесіне байланысты болады.
Осылайша, ересектер тарапынан көретілегн теріс яки дұрыс қатынас балада
өзін өзі бағалауы қалыптасады. Өзін өзі бағалауы төмен балалар өздеріне
көңілі толмай жүреді. Бұл ата-ана көп ұрсып баласының алдына тым жоғары
мақсаттар қоятын отбасыларда болатын жағдай. Онымен қоймай ата-анасының бір-
бірімен тіл табыспай жүргендерін көрген бала, оған өзін кінәлайды.
Нәтижесінде өзін өзі бағалауы төмендеп кетеді. Бұндай бала өзін ата-
анасының қалауына мүлдем сәйкес келмейтін сияқты сезінеді. Бірақ тым
тәкәппарлық деген де проблема бар. Әдетте тәкаппар балалар не бүлдірсе де
бәрән аузына тосып, мүлдем жазаламайтын отбасылардан шығады. Өзін дұрыс
бағалай алмайтын бала кейін өзіне де маңайындағыларға да қиындық тудырып
жатады. Сондықтан да ата-ана өз балаларының бойында қалыпты бағалаудың
қалыптасуына тырысу керек. Бұд жерде жазадау мен мақтауда сақтық танытқан
жөн болады. Баланың көзінше таң өалып тым мақтауға болмайды, және тым қатал
жазаны да қолдануға да болмайды.
Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді.
Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін өзі бағалауы тым жоғары балалар тек
жеңісті ғана көздейді. Ал егер жеңіліп қалса ол оларға үлкен психикалық
соққы болады. Ал талабы төмен оған өоса өзін өзі бағалауы да төмен балалар
болашақта да осы шақта да ешнәрсене ұмтылмайды. Олар алдарына жоғары
мақсаттар қоймайды. әрдайым өздерінің мүмкіндіктеріне күмәнданып жүреді.
Жеңілісті оңай қабылдайды, бірақ сөйте тұра өмірде көп жетістіктерге қол
жеткізеді.
Әрбір отбасыда тәрбиенің қандай да бір түрі қалыптасады. Көбінеки
отбасыларда әлі толық жетілмеген тәрбие жүйесі қалыптасқан. Тәрбиенің
мақсатын түсіну , тәрбиенің түрлерін түсіну, баланы тәрбиелегенде не нәрсе
болады не нәрсе болмайтынын білу керек. Ол үшін отбасыдағы тәрбиені төрт
тактиға бөлуге болады . Сонымен бірге отбасылық қарым-қатынасқа жауап
беретін төрт типке бөлеміз: диктат яғни артықшылық, қамқорлық, араласпау,
серіктесіп бірігіп істеу.
Балалардың беделі мен ынтасын үнемі түсіре беруі отбасыда диктатты бар
екенінің белгісі. Әрине ата-ана тәрбиелеу мақсатында өзінің баласына
әртүрлә талаптар қоюы керек. Алайда ол талаптардың ішіндегі асыра
сілтеушілікке бала екіжүзділікпен, өтірік айтумен, дөрекілік көрсетумен,
тіпті кейде ащық түрде жек көретіні көрсетумен қайтаруы әбден мүмкін. Бірақ
қарсыласу әлсіз сипатта болса онда ол баланың бойындағы өз өзіне деген
сенім, ынталылықтың жойылуы, дербестік сияқты барлық жақсы қасиеттердің де
жойылып кету қаупі төнеді. Бұл жағдай тұлғаның сәтсіз қалыптасуының
кепілдігі болады [4].
Отбасыдағы қамқорлық дегеніміз ата-ананың баланың барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, баланы қандай да бір болмасын
қиындықтардан қорғап бала үшін жанын беруге даяр қарым-қатынас жүйесін
айтады. Тұлғаның белсенді түрде қалыптасуы туралы мәселе екінші орынға
кетеді. Ата-ана балаларының үйдің сыртындағы шындыққа дайындық процесін
гектен тыс қамқорлығымен жауып тастайды. Бұндай шектен тыс қамқорлық, тығыз
эмоциональді қатынаста шектен тыс баланы қадағалау гиперқамқорлық деп
аталады. Ол баланың енжар, тұйық, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын болып
өсуне жағдай жасайды. Бұған қарама-қарсы гипо қамқорлық деген ұғым бар. Ол
дегеніміз атаөананың бала тәрбиесіне қалай болса солай қарап, өз бетімен
жіберуі. Бала ойна келгенді істеп жүре беруге мүмкіндік алады. Нәтижесінде
өскен кездерінде ондай балалар ешкімді силауды білмейтін, өздері силауға
татымайтын өзімшіл, міншіл онымен өоймай, өзінің тілегін орындауды талап
еткіш болып шығады.
Балалардың ата-анасыз, ата-ана балаларсыз дербес өмір сүуге болады деген
отбасыда тұлғааралық қатынас жүйесі аралспау тактикасынан пайда болуы
мүмкін. Бұл жерже екі әлем болуы мүмкін деп қарастырылады. Яғни бала және
ересек әлемі. Екеуі бір бірінің шекарасынан аспау керек. Ара қатынастың бұл
типінің негізінде ата-ананың тәрбиеші ретінде енжар болуы жатыр. Бірлесіп,
ақылдасып істеу деп отбасыда тұлға аралық қарым-қатынаста ортақ мақсат пен
міндеттер қойып оны ұйымдастыруды айтады. Дәл осындай жағдайда ғана баланың
өзімшілдігін жеңуге болады. Ара қатынастың ең жоғары типімен тәрбиелеп
жатқан отбасы өте жоғары деңгейде дамыған топ болады.
Көптеген ата-ана балаларының өтпелі кезеңін қорқынышпен күтеді. Кейбір
балаларда бұл кез мүлдем білінбей өтіп кетеді, ал біреулерде кәдімгідей
қиындықтар туады. Жақында ғана тіл алып тып-тыныш жүрген бала аяқ астынан
ашуланшақ, маңайындағылармен қақтығысқа түсе беретін болып кетеді. Бұл ата-
ана мен мұғалімдерде ойланбай теріс әрекет жасап қоюына түрткі болады. Олар
балаға дегенімізді істетеміз деп қатты қателеседі. Егер күшпен көндірмек
болсаңыз жағдай мүлдем ушығып кетеді. Бала бұндай жағдайда ересектерден
қашып кеткісі келеді. Өтпелі кезеңде бала ата-анадан оның таусылмас
қамқорлығынан құтылғысы келеді. Ата-ананың махаббаты мен қамқорлығына
мұқтаж болса да дербес болғылары келеді. Бұл қиын кезең өткеннен кеін қарым-
қатынас ары қарай қалай дамитыны дұрыс тәрбиеге байланысты. Ата-ана
баласының ересекпін деген сезімін қабылдауы керек [4].
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге
пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар
қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал
оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен
және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның
әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел – отбасының
екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ
жалғастырады.Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне
қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны
қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның
негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-
мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас
ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға
және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-
тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де
үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ Ұлың
өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол,-
дейді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір
қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың
жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар
өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап
олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан
басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасы – ежелден қалыптасып ғана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның
әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.Отбасы ерлі-
зайыптылардың арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды
негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай
қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады. Отбасында
пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-
мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың
ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын
функциясын және т.б зерттеу.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың,
құқықтанудың, этнографияның, психолгияның, педогогиканың, демографияның
зерттеу обьектісі болып саналады.Олардың әрқайсысы өз пәндерінің
ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете
зерттеп қарастырады.Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны
некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы
әлеуметтік институт ретінде қарастырады, некенің тұрақты немесе
тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл
аударады.Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік тпотың
белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі
мен дамуы заңдалықтарын зерттейтін әлеуметтанудың саласы [5].
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның
мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады.Отбасы
құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі
сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді
және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен
міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл
оның қызметініңотбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі
келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен
зайыбы арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара
қарым-қатынас құрылымының бұзылуы негізінде ілгері басады, яғни маңызды
міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының
қанағаттануыны кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани
қажеттілікпен қанағаттандыру,Осы себеп, отбасындағы қарым-қатынас
құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен отбаасымен орындалуына
кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасы- адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасымен байланысты
емес, ол- ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын,
тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын
логикалық түсіндірілуі. Кулик Л.А., (1998) пікірінше отбасы феноменінде
құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп
қарастырады. Отбасы- неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ,
олар өзара көмек көрсету, жаупакершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта
байланысады (Эйдемиллер Э.Г, В.В Юстицский, 1990). Отбасы балаға ықпал
етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институты ретінде
маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына
бой бермейді деп көрсетті өз зерттеу жұмысында [6,21].
Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында
жеткіншектердің құндылықты-мағыналық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын
нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда
болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік
құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен әрекет пен
эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға
негізделеді. Л.А.Кулик берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама
болып табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында
байланыстырушы звено болып табылады. Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ
топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға Г.М.
Свердлова және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ
жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін
айтады.
А.С. Золотнякова өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын
қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени
репродукциялық, отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық-тұрмыстық,
халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады
[7].
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға
қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б. П Парыгин, А. Г. Харчев. Ол әйел
адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу
сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С.
Голод, З. Янкова т.б зерттеді. З.И. Файнбург отбасындағы эмоциялық
жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының
тұрақтылық жағдайы турлы Ю.Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның
бөлу себептерін және А.М Уматинов және т.б. зерттеді. 70-шы жылдардың
аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-
перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е Алешина, қалалық
отбасыларда некелік рөлдерді бөліп беруді, З.И. Янкова және т.б.
қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы
түрде түсіну талпыныстары жасалды, зерттегендер мысалға А.А Бодалев, Н.Н.
Обозов және т.б [8,9].
Соның қарым-қатынасындағы негізгі объект бала. Бала қай жас ерекшелік
кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет
етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік
кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін
қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген
ғалымдар Фельдштейн, Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың
ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон, Дубровина зерттеді, ал жас
ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Г.П. Гаврилова, Т.В.
Драгунова, ал танымдық эмоциялық- еріктік және мінез-құлықтың
ерекшеліктерін Кучинский, жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен
қызметі туралы В.В Баруалкина, тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы
Е.Г. Дозорцева сияқты ғалымдар зерттеді [9].
Отбасына тарихи көзқарастың басы швейцар ғалымы И. Бахофеннің Ана
құқығы (1861ж) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының
бастапқы сатыларына жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық
еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның
дамуында басты рөл әйелге тиесілі болды. Кейінірек еркектердің басымдығы
бекіді. И. Бахофен өз еңбектерінде мистицизмді бағалады. Оның ойынша,
тарихтағы негізгі қозғаушы күш – дін. Бұған қарамай И. Бахофеннің еңбегі –
ежелгі гректерде, сондай-ақ Азия халықтарында моногомияға дейін топтасқан
неке болғанын негіздеп беруінде. Топтасқан отбасы басым болған және баланың
әкесі кім екенін анықтау мүмкін болмаған сол алғашқы кезеңнің көріністерін
И.Бахофен діни жезөкшеліктен көрді. Тайпа көсемі, шіркеу қызметшісі немесе
басқа билік өкілі қалыңдықпен алғашқы неке түнін өткізуге құқылы болды.
Бүкіл әлемде, әсіресе Англияда, шотланд ғалымы Дж. Мак-Леннонның
еңбектері зор резонанс тудырды. Ол некенің үш түрін анықтады:
➢ Көп әйел алу (полигиния);
➢ Көп күйеу болу (полиандрия);
➢ Моногамия;
Оның ойынша, ежелгі адамдар жаңа туған қыздарды өлтіріп отырған,
соның салдарынан тайпада еркектер басым болып, әйелдердің бірнеше
күйеулері болған, яғни көп күйеу болу осылайша туындаған. Осыған байланысты
әкелікті анықтау мүмкін болмаған соң, ананың құқығы қалыптасты. Кейбір
тайпаларда экзогамды неке тән болса (еркек өзіне басқа әйелді басқа
тайпадан іздейді), ал басқа тайпада – зндогамды тайпа тән болды (еркек
өзіне әйелді тек өз тайпасынан алды).
Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог,
тарихшы Г. Мэн қоғамның дамуында матриархаттың болғанын жоққа шығарды.
Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л. Морган отбасының дамуына
қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам қоғамдық топтың неке –
отбасы қатынастарын зерттеді. Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық
институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч. Дарвин ілімінің тікелей
әсерімен отбасының даму теориясын сомдады. Л. Морганның іліміне сәйкес
отбасы мынадай кезеңдерден өткен:
Л. Морган топтасқан неке туралы айтса да, оның шын мәнінде болғаны
туралы ол білмеді, тек некенің кейінгі түрлерін саралай отырып, теория
жағын айқындады. Отбасына деген нақты пікірді Ф. Энгельс негіздеп берді. Ол
бірінші болып мәдениеттіңе, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын
ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары
сатыларға бөлді. Ол өзінің Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің
туындауы атты еңбегінде отбасыа оның тарихи даму барысында талдау жасайды.
Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни ата-аналар мен балалары
арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды.
Онан кейін оны пуналуалды отбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы
жыеыстық қатынасқа жол бермеді. Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда
болды, онда еркек пен әйелден бір-біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап
етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланады. Өркениеттің табалдырығын аттарда
туындаған отбасының соңғы түрі моногамия болып табылады [9].
Жеткіншектердің зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен
концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның
қалыптасуы жайлы Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде
қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін
зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамуындағы
өзіндік сана сезімді зерттеген концепциялары Э. Берннің трансактілік
талдауы.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің
теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д. Левитов, Л.И. Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар
зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады.
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, С.Б.
Елубаева қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық
сәкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері
зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің
өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толықын жеткіншектердің өзіндік
бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компонеттері мәнді түрде
азаятыны анықталады, өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі өзін
білу және ұйымдасқандық сияқты сапалар бірінші орныға шықты [10].
Т.К. Күнсламова өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық
мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компонеттері өзіндік
бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған.
Педагогикалық-психологияда көп қолданылатын психокоррекциялық жұмыстарға
негізделген топтық оқыту әдісі, яғни психологиялық педагогикалық тренингтер
арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік
бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу
жұмысында белгілі ғалым Э Берннің трансактілік талдау концепциясы арқылы
жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық
мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Қ.А. Айдарбеков ( Развитие диалогической структуры самосознания у
подростков во внутрисемейных взаимодействия) зерттеу жұмысында жеткіншек
жастағы тұлғалық жекелік-варияциялық даму механизмдерін анықтауға
бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым
байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық
талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы
тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының ісдестіру мен үлгісін
жасау болып табылады, ал жеткіншектердің жаңа әлеуметтік қатынастарының
жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерді осы
тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді
жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға
алынып отыратын бағыт болып табылады.
Т.М. Шалғынбаев мінез-құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік
қасиеттері мен кісі аралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру атты
жұмысында мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму
ерекшеліктерін және олардың кісі аралық қатынастар жүйесінде көріністерін
кешенді түрде психологиялық зерттеулер, сондай-ақ психологиялық көмек
көрсету мазмұнын жасау болып табылады.
Зерттеу барысында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік
қасиеттерінің даму ерекшеліктері анықталған.
М. Кузембаева Тұлғалық алаңдаушылықтың көріну механизмдері өзгеруіне
әртүрлі фактордың әсері атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Зерттеу объектісі адамның тұлғалық алаңдаушылық деңгейінде көрінетін
эмоциялық күй. Зерттеу пәні ретінде тұлғалық алаңдаудың эмоциялық күйі
ретіндегі көріну ерекшелігі жасөспірім шақтан жиырма сегіз жасқа дейін оның
көріну механизмдерінің өзгеруі алынады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы, тұңғыш
рет тұлғалық алаңдаушылықтың жағымды сипаттамасы зерттелінді. Бұл жұмыста
тұлғалық алаңдаушылық бағдарлаушы іс -әрекеттің эмоциялық құраушы екендігі
көрсетілді.
С.М. Өмірбекованың жасөспірімдік және ерте балауса жас кезіндегі өзін-
өзі бағалаудың ерекшеліктері атты жұмысының мақсаты мектептегі оқыту
жағдайындағы әртүрлі факторлардың жасөпірімдік және ерте жастық кездегі
өзіндік бағалауға әсер ету ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында өзін-
өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық бөліктерінің ерекшеліктері
айқындалады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадан тұрады: өзін-өзі бағалаудың
құрылымдық құрауыштарын, оның жасөспірім кезден ерте жастық кезге дейінгі
оқушыларда қызмет етуі зерттелінді, жасөспірімдер мен ерте жастық
шақтағылардың қала мен ауылдағы әлеуметтік даму жағдайына байланысты өзін-
өзі бағалауының танымдық және эмоциялық бөліктерін зерттеу, қала мен
ауылдық оқушылардың осы жас аралықтарындағы өзін-өзі бағалауының даму
ерекшеліктеріне жыныстық факторлардың әсерін анықтаудан тұрады. Зерттеуде
келесі тұжырымдар дәлелденді: қала мен ауылдың жас өспірімдер мен баланың
жас кездегілердің өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтар өзін-өзі
бағалаудың эмоциялық, сондай-ақ танымдық бөліктерінде көрінеді деп
көрсетті.
Қарым-қатынас стилі шет елдерде және ТМД елдерінде жоғары дәрежеде
талданған, соның ішінде әлеуметтік психологияда. Ұстаздың оқушылармен қарым-
қатынас стилін дамытуда айтарлықтай зерттеу жұмысын жүргізген Ю.П. Ахзаров,
А.А Бодалев, Н.Г Михайлов, А.В Петровский, және т.б. Олардың тұжырымары
бойынша оқушыларға тек қана білім мен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
жеткіліксіз, сонымен қатар тікелей және жанама түрде қарым-қатынас жасау
қажет екендігі белгілі. Ұстаздың бастауыш сынып оқушыларымен қарым-
қатынасын оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды
зерттеулер бар. Кейінгі жылдарда мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының
қарым-қатынасы және оны қалыптастыру механизмін қазақстан ғалымдары да
зерттей бастады. Олар: Қ.Ж Қарақұлов, Елеусізова С.М., С.И Қалиева, В.К.
Шабельников және т.б.
Солардың ішінде Г.К. Шолпанқұлова гумандық қарым-қатынас адам
бойындағы адамгершілік, түсінік, сезім және мінез-құлықтың тұтастығымен,
бірлігімен анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты бастауыш
сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту үрдісіндегі қарым-қатынас стилінің
тәрбиелік негізін дәлелдеді.
А.И. Шужебаева отбасы тәрбиесі жағдайына балалардың қарым-қатынас
қиындықтарындағы психологиялық-педагогикалық зерттеу атты жұмысында:
балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі қарым-қатынас
проблемасы. Тұлғааралық қарым-қатынас сферасындағы сәкессіздіктер
психологиялық-педагогикалық бағытта болады, ондай балалар тобын
проблемалары бар деп анықтауға болады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп
жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау,
психологиялық-педагогикалық ғылымда қажетті деңгейде.
Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен
өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-
ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі қиындықтарды
жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының
дербес бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен тәсілдері
анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы балалардың
қарым-қатынастары зерттелген.
Э. Берн теориясының мәнін, қарым-қатынасындағы эго күйлерді белсендіру
ерекшеліктерін, оның ішінде қарым-қатынас үшін Ересек позициясының
жағымды болатынын түсінді. Жеткіншектердің өзіне және айналасындағыларға
жағымды, позитивті қатынасты орната білу, эго күйді белсендіру конфликтілі
адекватты шешуге, агрессияны азайтуға нақты көмек беретіні анықталды.
Қ.А. Айдареков отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде
жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы атты
зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының
ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын
факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы
кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық
құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы
жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңа құрамының талдауы жастағы
тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды
механизмдерінің деңгейіне жеткізілген. Ішкі отбасының құндылықтары өсіп
келе жатқан буынға берілуіне, дамуына және сақтандыруға бағытталған және
отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы комуникативтікпен
эмоционалды қарымөқатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін,
отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік
санасының диалогиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орныды таным үрдісі алады.
Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша
ғылыми пікірталасты ұйымдастырушы және оның бастамшысы А.А Бодалев олған
еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970, 1973 жылдары Ленинград қаласында
Адамдар арасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының
әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары және қарым-
қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В. Драгунова
жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді.
Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В. Давыдов
өз пікірін ұсынды: жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы
тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі [15].
Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л.
Коломинский және А. Березовин мынадай пікірін ұсынады: баланың шағын ортасы
негізгі екі әлеуметтік-психологялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады
алғашқысында бұл ересек бала қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі-бір
кезеңде бұл жүйеге бала-бала қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе
орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға
түрткі алады, ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (2007)
Жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу
жүргізді. Оның анықтауынша, жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары
адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В. Петровский сонымен қатар
мынаны ескертеді, жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әрі бейім келетін
құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей,
тұлғааралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді (2007).
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-
әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы
арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды: жеткіншектердегі
қлыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субъективті позициямен байланысты
болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-
құлыққа әсер етсе де, субъективті көзқарасқа келгенде қақтығыс екінші
орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көзқарасы арқылы сындырмауы деген
пікірде бар.
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен
сипатталады, қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады.
Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыспен қақтығыстық жағдайлардан шыға
білмеуі арасына қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Т. Шалғынбаев.
Дезадаптациялық мінез-құлқы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері
мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық
жұмыста қолдану атты зерттеу жұмысында. Баланың әлеуметтік дамуы ата-
аналармен құрылатын дамушы жағдайымен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар
сенімді кезекпен қалыптаспайды.
Бұдан біз бала мен ата-ананың арасындағы өте тығыз байланысты
көруге болады. Бұл қатынасты Хоментаус экологиялық қатынас деп
атайды. Көп жағдайда отбасыдағы балалар екі жыныс өкілдері
болғанда олардың арасында онша қайшылық болмайды.
Ер баланың өзінің оны күштілігі, тәуелсіздігі ашушаңдығы үшін
мадақтайды, ал қыз баладан болса, нәзіктік, сезімталдықты талап
етеді. Бұндай отбасыдағы қайшылықтың себебі көбіне ата-ананың
қандайда бір жынысқа басымдылықпен қарауымен болып келеді. Мәселен:
ер балаға ұрпақты жалғастырушы жеке тұлға, дене күш иесі деп қарайды.
Осының салдарынан қыз балада жетіспеушілік сезімі пайда болады.
Кейде ол ата-ананың көңілінен шығу үшін ер адамның мінез қырларын
қабылдауы мүмкін. Сонда қарап отырсаң ата-ананың балада мұндағы орны
ерекше екеніне көз жеткізуге болады. Жоғарыда біз тұңғыш бала мен
екінші бала қатынастар сипатын қарастырдық және де бір отбасыдағы
балалар еліктеп әр түрлі мінезді болады деген сұраққа жауап бердік.
Көп әсер ететін фактор олардың даму жағдайларының әртүрлілігінде
болып отыр.
А. С. Выготский бұл жөнінде “әлеуметтік даму жағдайы” деген ұғым
арқылы түсіндірген. Баланың әлеуметтік ортамен өзара әрекеті оның
дамуының негізін анықтайды. Ол баланың әлеуметтік даму жағдайын
талдағанда оның екі бірлігін бөледі, іс әрекет және бастан кешіру
[16].
Екінші баланың даму жағдайының жақсы болуы ата-ананың түсінікпен
қарағанына байланысты. Ал отбасыдағы кіші және ортаңғы баланың даму
жағдайына шолу жасасақ олардың даму жағдайлары мүлдем басқа. Кіші
бала ұзақ уақыт бойы ата-анасымен кіші бала ұстанымда болады. Ол
белгілі бір әрекет орындағанда әрқашан үлкендер қадағалап көмек
береді. Нәтижесінде ол көп жағдайларда өмірге дайын болмайды. Бұл
жерде де кенже баланың қалыптастырудағы ерекшеліктерді байқаймыз.Ал
ортаншы бала көбіне әділетсіздікті сезінеді және өзін көптеген
жағдайларда өкпелі сезінеді. Оның белгілі бір шешім қабылдауда
үлкендердің көмегін күтеді. Ал жалғыз бала туылғаннан бастап өте
ерекше жағдайда өседі. Психологтар бұған сенімсіздікпен күмәндана
қарайды.
С. Холл бойынша отбасыдағы жалғыз бала ерке бала болып өседі.
Жалғыз бала дамуындағы ерекшелік ол ұзақ уақыт бойы үлкендермен өте
жақын қарын-қатынаста болады. Бұл бала үшін оңай емес. Бала көп
жағдайда өзінің әлсіздігін пайымдауы мүмкін.
Нәтижесінде өзіне деген сенімін жоғалтады. Жалғыз бала ата-
анасының көз алдында өседі. Егер оның қолынан бір нәрсе келмей
жатса оған тез арада көмек береді. Ал егер үлкен отбасыда бала
түймені қадай алмаса он рет немесе бірнеше рет қайталу барысында
үйренеді. Отбасыдағы жалғыз баланың бір ерекшелігі олар өзімен жасты
балалармен жақын араласа алмайды. Және де өзінде қайталанбас құнды
деп санайды [9].
Олар өзімен құрдас балалармен қалай сөйлесу керектігін біле
бермейді. Отбасысының суретін салғанда туысқан апа інілерін салып
қояды. Бала ата-аналарының өзіне деген қатынасын сезінеді. Көп
балалар көмек беріп, серік болып өседі. Бірінің білмегенін бірі
айтып, қол ұшын беріп, қолынан келгенін аямайды, өзінен үлкеннен
үлгі -өнеге алып, соған ұқсауға тырысып бағады. Ал үлкендері кішіге
ізет көрсетіп оларды жетелейді. Өзін бауырлары үшін жауапты
сезінеді. Осындай даму жағдайында белгілі бір мінез қырлары өмірге деген
көзқарасы қалыптасады.

1.2 ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ -қатынастың ЖЕТКІНШЕК ТҰЛҒАСЫНЫҢ ДАМУЫНА
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ

Хронологиялық тұрғыдан жеткіншек жас 10-12- жастан 14-15 жасқа дейін
анықталады. Бұл жеткіншек жастың негізгі ерекшелігі жан-жақты дамудың
жылдам, тез сапалы өзгеруі. Яғни, анатомо-физиологиялық жағынан қайта
өзгерулер кезінде, психологиялық дағдарыс (кризис) жүріп жатады. Бұл жас
әртүрлі қайғырулармен (переживания), қиындықтармен және ауыр
дағдарыстармен бай. Бұл кезеңде жүріс-тұрыстың тұрақты формалары, мінез-
құлықтың қырлары, эмоционалды әсер етудің тәсілдері қалыптасады.
Жеткіншек жастың тағы бір ерекшелігі, білімін одан әрі өсіруге деген
талпынысы, әлеуметтік позицияны қабылдау, сонымен қатар өзінің Менінің
қалыптасуы болып келеді. Жеткіншек жасты, жиі дамудың диспропорция кезеңі
деп атайды. Жеткіншек жас кезеңінде өзіне деген көңіл аудару өседі, өзінің
физикалық ерекшелігіне де, қоршаған орта пікірлеріне қайшыласу
(обостряться) реакциясы да пайда болады, және өзіндік абыройлық сезімі
жоғарылайды сонымен қатар тез ренжігіш те болып келеді. Жеткіншектің
психофизиологиялық дамуындағы ең маңызды жағдай, ол жыныстық жетілу болып
келеді.
Психофизиологиялық деңгейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаңыз қанша жаста
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Отбасыішілік қарым-қатынастың баланың психологиясына ықпалы
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Отбасылық тәрбие стилдері
АТА-АНА МЕН БАЛА ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСЫНДА ТРАНЗАКТТІК АНАЛИЗДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Қарым-қатынас мәдениеті
Пәндер