Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр.түс атауларының семантикасы ... ... . 6
І.1 Түр.түс атауларының зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

І.2 Түр.түстің символикалық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр.түс атауларының семантикасы ... .. 31

ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр.түс атауларының мағыналық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
31
ІІ.2 Түр.түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр.түс атауларымен келген жер.су атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.
Б.Тілеубердиев қазақ жалқы есімдерінің номинативтік қызметіндегі линговмәдениеттанымдық аспектілерді, жалқы есімдердің семиотикалық қырларын қарастырып, ономастикалық концептіні «кеңістік», «адам», «жан-жануарлар», «өсімдіктер» сынды әмбебап концептілер құрылымында қарастырып, олардың концептуалдану ерекшеліктерін айқындап берді. Сондай-ақ зерттеуші өз жұмысында алғаш рет ғаламның ұлттық ономастикалық бейнесін мифонимиялық, антропонимиялық, топонимиялық тұрғыдан сипаттап, белгілеп, бедерлеп берді деуге болады.
Жер-су атаулары тілші ғалымдар тарапынан біршама зерттелген мәселе болғанымен, оның әлі де қарастырылуға тиісті қырлары жеткілікті. Ғ.Қоңқашпаев, Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахманов, Ә.Нұрмағанбетов, О.Сұлтанияев, Е.Керімбаев, Г.Мәдиева, т.б. арнаулы зерттеу жұмыстарында ономастиканың топонимика, антропонимика сияқты салалары этимологиялық, құрылымдық, семантикалық тұрғыдан жан-жақты талданды. Алайда жалқы есімдердің топонимика саласының құрамындағы түр-түс атауларының семантикасын қарастыру әлі арнайы түрде қолға алына қоймаған тың да маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ тіліндегі топонимдер құрамындағы түр-түс атауларын зерттеудің өзектілігі оның семантикасының арнайы қарастырылуында. Бұған дейін бұл мәселе ғалымдар еңбектерінде тек аталып өткендігі болмаса, арнайы зерттеу нысаны болған емес.
Зерттеу нысаны ретінде географиялық атаулар құрамындағы түр-түс атаулары: ақ, қара, көк, сары, қоңыр, қызыл түр-түстерінің семантикасын зерттеу алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысында жер-су атауларының құрамындағы түр-түстерінің семантикасын ашып көрсету мақсат етіп қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- тіл біліміндегі түр-түс атауларының зерттелу жайына шолу жасау;
- тіліміздегі түр-түс атауларының символикалық табиғатын ашып көрсету;
- ақ, қара, көк, сары, қоңыр, қызыл түстерінің тілдегі мағыналық көрінісін айқындау;
- қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігіне тоқталу;
- түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипатын айқындау;
- географиялық атаулар құрамындағы түр-түстің символдық мәнін қарастыру;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша түр-түс атауларымен келген жер-су атауларына тілдік талдау жасау;
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Ә. Қазақстан этнотопонимиясы. Алматы, 1979.
2. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002.
3. Қайдаров Ә., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. –Алматы: Ана тілі, 1992.
4. Амангелді А.А. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық сипаты. Ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. Алматы, 2008.
5. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы. Ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. Алматы, 2005.
6. Жампейісова Ж. «Ақ», «қара» концептілерінің кумулятивтік қызметі // Қазақ тілі мен әдебиеті, №7, 2006, 70-75-б.
7. Лауланбекова Р.Т. Түр-түс компонентті күрделі аталыдардың танымдық сипаты. Ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. Алматы, 2010.
8. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994.
9. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: Фил.ғыл.докт.. дисс. автореф. –Алматы, 1997.
10. Қашқари М. Түрік сөздігі. Алматы, 1998.
11. Бекбосынова А.Х. С.Мәуленов өлеңдеріндегі теңеу. Ф.ғ.к. ... дисс.авторефераты. Астана, 2010.
12. Касенов Е.С. І.Жансүгіров поэзиясының қатысымдық және танымдық табиғаты. Ф.ғ.к. ... дисс.афторефераты. Алматы, 2010.
13. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Мектеп, 1980.
14. Көктәнді Х. Аспан мен даланың арасындағы 4 ұмытылған тарих. М.: Қасиет, 2001.
15. Куйчубаев Е. Основные типы топонимов Семиречья. Автореф. дис. ... канд. филол. наук. АлмаөАта, 1967.
16. Бекенова Г.Ш. Қазақстанның солтүстік өңірі гидронимдері (семантикалық типология) Филол.ғыл.канд.дисс. ... авторефераты. Алматы, 2002.
17. Тасполатов Б.Т. Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты. Алматы, 2010.
18. Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері. Ф.ғ.д. ... дисс.авторефераты. Алматы, 2010.
19. Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. Астана, 2005.
20. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы, 1985.
21. Әлімбек Г. Сөз мағынасы және ақпарат. Алматы: Атлас баспасы, 2001.
22. Еспаева К. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы топонимдердің қолданылу аясы. Кітапта: Қазақ ономастикасының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1986.
23. Бияров Б.Н., Мергенчина М.К. Фольклоротопонимдердің морфологиялық-құрылымдық жүйесі // Вестник КАСУ, №2, 2007.
24. Молчанова О.Т. Проприальная номианция в свете когнитивизма // Вопросы ономастики. Екатеринбург. 2006, № 3, с. 7., с. 15.
25. Рысқалиқызы Ұ. Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларыны сөздігі. Орал: Полиграф сервис, 2001.
26. Әлімханова Ф.М. Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі. А., 2009.
27. Жаңарған Жетісу атаулары. Құраст. А.Кендірбекұлы, Ж.Әбдірахманов, Р.Нүсіпбекова.
28. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы, 1985.
29. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. А.: «ІС- Сервис», 2006.
30. Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 2004.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011700 мамандығы – Қазақ тілі мен әдебиеті

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ... ... .6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ... .. 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық
ерекшелігі 31
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің
психолингвистикалық сипаты 34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген
жер-су атаулары 38
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Қорытынды 49
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары
қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының
негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б.
Мадиеваның Имя собственное в контексте познания (2005), Б. М.
Тілеубердиевтің Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері
(2006), Қ.Ж. Айдарбекованың Қазақ терминологиялық аталымының
ономасиологиялық аспектісі (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл
жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының
бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-
теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-
жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі
ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық
аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік
бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете
қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.
Б.Тілеубердиев қазақ жалқы есімдерінің номинативтік қызметіндегі
линговмәдениеттанымдық аспектілерді, жалқы есімдердің семиотикалық
қырларын қарастырып, ономастикалық концептіні кеңістік, адам, жан-
жануарлар, өсімдіктер сынды әмбебап концептілер құрылымында қарастырып,
олардың концептуалдану ерекшеліктерін айқындап берді. Сондай-ақ зерттеуші
өз жұмысында алғаш рет ғаламның ұлттық ономастикалық бейнесін мифонимиялық,
антропонимиялық, топонимиялық тұрғыдан сипаттап, белгілеп, бедерлеп берді
деуге болады.
Жер-су атаулары тілші ғалымдар тарапынан біршама зерттелген мәселе
болғанымен, оның әлі де қарастырылуға тиісті қырлары жеткілікті.
Ғ.Қоңқашпаев, Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақов, Ә.Әбдірахманов, Ә.Нұрмағанбетов,
О.Сұлтанияев, Е.Керімбаев, Г.Мәдиева, т.б. арнаулы зерттеу жұмыстарында
ономастиканың топонимика, антропонимика сияқты салалары этимологиялық,
құрылымдық, семантикалық тұрғыдан жан-жақты талданды. Алайда жалқы
есімдердің топонимика саласының құрамындағы түр-түс атауларының
семантикасын қарастыру әлі арнайы түрде қолға алына қоймаған тың да маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ тіліндегі топонимдер құрамындағы түр-түс атауларын зерттеудің
өзектілігі оның семантикасының арнайы қарастырылуында. Бұған дейін бұл
мәселе ғалымдар еңбектерінде тек аталып өткендігі болмаса, арнайы зерттеу
нысаны болған емес.
Зерттеу нысаны ретінде географиялық атаулар құрамындағы түр-түс
атаулары: ақ, қара, көк, сары, қоңыр, қызыл түр-түстерінің семантикасын
зерттеу алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысында жер-су
атауларының құрамындағы түр-түстерінің семантикасын ашып көрсету мақсат
етіп қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу
көзделді:
- тіл біліміндегі түр-түс атауларының зерттелу жайына шолу жасау;
- тіліміздегі түр-түс атауларының символикалық табиғатын ашып
көрсету;
- ақ, қара, көк, сары, қоңыр, қызыл түстерінің тілдегі мағыналық
көрінісін айқындау;
- қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігіне
тоқталу;
- түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық
сипатын айқындау;
- географиялық атаулар құрамындағы түр-түстің символдық мәнін
қарастыру;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша түр-түс атауларымен келген жер-су
атауларына тілдік талдау жасау;
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұымысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне
байланысты сипаттама жасау, талдау мен жинақтау, жүйелеу, түйіндеу, жіктеу
әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ СЕМАНТИКАСЫ
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы

Түр-түс ғылымының дүниеге келіп, жан-жақты зерттелу нысанына
айналғанына екі ғасырға жуық уақыт болды. Алғашқыда түс табиғаты олардың
практикалық қажеттілігіне орай көбірек зерттелінді.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тілдік материалдары түр-түс
атауларының негізгі доминант (атауыш) мағынасынан басқа да семантикалық
ерекшеліктері мен олардың халық дүниетанымына, тіршілігіне қатысты әр түрлі
символдық мән-мағыналары да өз алдына зерттеу нысаны бола алатынын
көрсетеді. Алайда, түркологияда, қазақ тіл білімінде түр-түс проблемасын
жан-жақты, түркі тілдерінің фактілері негізінде тұлғалық-мағыналық
ерекшеліктерін аша отырып зерттеген еңбектер көп емес. Түр-түс атауларының
семантикалық ерекшеліктеріне алғаш рет көңіл бөліп зерттеген академик
А.Н.Кононов болды. Ғалымның осы мәселеге қатысты Семантика
цветообозначений в тюркских языках, Способы и термины определения стран
цвета у тюркских народов, О семантике слов ақ и қара в тюркской
географической терминологии атты ғылыми зерттеулері жарық көрді [1].
Қазақ тілінде түр-түс атауларының арнайы зерттелуіне Ә.Қайдаров,
З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков авторлығымен жарық көрген еңбектер алға
тартылады. Соңғы уақыттарда да түр-түс сыңары фразеологизмдерді әр қырынан
қарастырған ғылыми жұмыстар аз емес: Ж.Қалымова, Ұ.Серікбаева,
М.Нұржігітова, Ф.Ахметжанова, Ш.Жарқынбекова т.б.
Қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын бұрынғы зерттеулерден мүлдем
басқа тұрғыда қарастырып, олардың табиғатына тән ерекшеліктерді халқымыздың
тыныс-тіршілігімен, салт-санасымен, эстетикалық талғамымен байланыстыра
зерттеп, түр-түстер табиғатын басқа қырынан танытқан ғалым – академик
Ә.Т.Қайдар. Ғалым өз зерттеулерінде табиғаттағы түр-түстерге, олардың жер-
су атаулары құрамындағы мағыналық ерекшеліктеріне шолу жасай отырып, төрт
түлік мал түстеріне байланысты атаулардың семантикалық және этнографиялық
сөз орамдарына ұйытқы болуын жан-жақты баяндайды [2, 108]. Жылқының түр-
түсін білдіретін күрделі атаулар академик Ә.Қайдаровтың жіктеуі бойынша екі
топқа бөлініп қарастырылды: 1) негізгі екі түр-түс атауының тіркесуімен
жасалған атаулар; 2) негізгі түр-түс атауларының біреуі не екеуі қатысып
басқа сөздермен тіркесуімен жасалған атаулар. Екінші топ компонент санына
байланысты: 1) екі компонентті; 2) үш және көп компонентті атаулар деп
топтастырылды [3].
Екі компонентті атаулар екі түстің қосындысын білдіреді. Соңғы
компоненті сол түстің доминанты болып есептеледі. Мәселен, жылтыр қара,
сүліктей қара, тобылғы торы, кер торы, қара торы деген түс атауларының
доминанты – қара және торы. Ғалым екі компонентті атаулардың соңғы сөзі түр-
түстің өзін білдірмесе, онда негізгі мағынаға екеуі де ортақ болады дейді.
Мысалы, қара төбел, ақ бақай, көк мойын тіркестеріндегі қара, ақ, көк
түстер жылқының түсін түгел емес, белгілі бір бөлшегін ғана (төбелін,
бақайын) анықтап тұр. Шығармада жылқының мұндай түстері аз емес. Көп ішінен
қара қасқа жүйрік мінген қара сұр жігіт суырылып алға шыға берді.
Екі компоненті де негізгі түсті білдіретін атаулар: қара кер; қара
көк; құла жирен; қара торы; боз шұбар. Екі компонентінің біреуі ғана түр-
түсті білдіретін атаулар құрамына енетін компоненттің не алдыңғысы
(анықтауышы), не артқысы (анықталушысы) негізгі түстің қосалқы мән-
мағынасын білдіру үшін қолданылады. Олар: қасқа, төбел, танау, бақай, бас,
сауыр, табан, мойын, тұяқ, бел, тайпақ, ысқаяқ, жалпақ, сұлу, кербез,
шаңқан, сүлік, шал, ор сияқты жылқының мүшелерін, ерекше белгілерін, я
мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, көркін т.б. сипатын білдіретін сөздер. Мысалы:
мақпал қара, қан жирен, маңғаз торы, меңді жирен, әсем қоңыр, көк шолақ.
Бұлар қалыптасқан тілдік бірлік ретінде саналады, соңынан бие, дөнен,
бесті, байтал т.б. жылқы атауларының тұруын талап етпейді. Мұндай тіркестер
трилогияда да даяр қалпында жылқы атауларының тіркесуінсіз қолданылады.
Жылқының түр-түсін білдіретін екі компонентті атаулар негізінде үш
және көп компонентті атаулар жасалады. Академик Ә.Қайдаров айтқандай, бұл
тәсіл түр-түске үстеме мағына артудан гөрі, оны дәлірек айтып, анықтай
түсуді мақсат етеді: ақ бақай торы, жалпақ бел жирен [4, 15].
Ғалымның айтуынша, автор (І.Есенберлин) шығармада жылқының түр-түсіне
қатысты күрделі атауларды “көркем сөздің бейнелеу, суреттеу, әсірелеу
талаптарына сай” қолданады. Сонымен қатар жылқының түр-түсіне қатысты шебер
жасалған күрделі атаулар бірегей жазушының талғам-танымын паш етеді.
Ғалым Аитова Нурлыхан Нуруллаевна Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының
когнитивтік семантикасы атты зерттеу жұмысында түр-түс табиғатын кешенді
зерттеудің нәтижесінде түр-түсте жалпыланған білімнің когнитивтік сипатын
түсіндіруге ұмтылады. Сол арқылы олардың онтологиялық негізін анықтайды,
олардың қалыптасу негізінде жатқан сана архетиптерін айқындайды, түр-түстің
концептуальды мазмұнын түсіндіреді, яғни қазақ тіліндегі түр-түстің әмбебап
және индивидуальды, этникалық танымдық моделін түзеді. Аталған жұмыста
ғалым қара, ақ түстерінің семантикасын да сөз етеді [5].
Ізденуші Жанна Жампейісова өзінің Ақ, қара концептілерінің
кумулятивтік қызметі атты мақаласында ақ, қара лексикалық бірліктерінің
кумулятивтік қызметіне тоқталады. Олардың халық танымындағы, салт-
дәстүріндегі, ырым-жоралғыларындағы мағыналық өрісі туралы кеңінен сөз
етеді [6].
Лауланбекова Роза Тәліпбайқызы Түр-түс компонентті күрделі
аталымдардың танымдық сипаты атты зерттеу жұмысында қазақ тіліндегі түр-
түс ұғымдарымен жасалған күрделі аталымдардың шығу төркінін, қалыптасу
жолдарын айқындау арқылы халық дүниетанымындағы тілдік таңбалардың мәнін
анықтап, түсіндіріп береді. Түр-түс негізді күрделі атауларда аталым
үдерісінің қалай жасалатынын, қалай қалыптасатынын қазақ халқының мифтік
түсінігіндегі түстік белгілердің қызметі арқылы дәлелдейді. Қара және ақ
компоненттерімен келген күрделі атаулардың тілдік құбылыс ретіндегі
зерттелуіне тоқталып, олардың аталым қажеттілігін өтеудегі маңызын қазақ
халқының болмысымен сәйкес ашып көрсетіп береді [7].
Қазақ тілінің табиғатына тән бір ерекшелік: көптеген түр-түс
атауларының шығу төркіні бүгінде белгісіз. Олардың кейбіреуін этимологиялық
жолмен анықтауға болса да, кейбіреулерінің құпия сырын ашу мүмкін емес.
Мәселен, ақ, боз, сұр, көк, кер, ала тәрізді бір буынды түр-түс атауларын
талдап, анықтап жатудың қажеті де жоқ сияқты көрінеді. Өйткені бұлар одан
әрі жіктеуге, морфемаларға бөлшектеуге келмейді. Бұл атауларды көне түркі
заманынан бері келе жатқан байырғы ілкі түбірлер санатына жатқызуға болады.
Көптеген түркі тілдерінде кездесетін бұл сөздердің түстік мағынасы да көне
болса керек. Мысалы: ақ сөзі түркі тілдерінде ақахаға:қ формасында
қолданылып, бір-біріне жақын үш топ мағынаны аңғартады: 1) ақ деген
негізгі түстік мағына (белый); оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы,
жұмыртқаның ағы, т.б.мағыналар туған; 2) ақ сөзінің ауыс мағыналары:
кіршіксіз таза, кінәсіз, ақжүрек, адал; 3) керемет, тамаша, ғажайып. Ақ
сөзінің этимологиясы жөнінде, оның заттық не түстік негізі жайында ХХ
ғасырдың өзінде-ақ түркологтар арасында әртүрлі пікірлер қалыптасты.
Э.В.Севортян аға және әке деген туыстық атаулардағы екі сөздің де
негізі ақ – оқ (қартаю) етістігінен өрбіген дегенді айтады. Жалпы сүт
тағамдарын білдіретін ақ атауы (қымыз, сүт, шұбат, құрт т.б.) ақ етістігі
негізінен өрбігенін аңғаруға болады. Оған дәлел ақ – ағу, жоғары-төмен
жылжу, құйылу мәніндегі етістік. Сүттің төмен сауылып, сорғалап құйылатыны
белгілі. Әрі өзі де ақ, басқа реңкі жоқ, өзгермейтін ақ түсті ақ атау да
көңілге қонымды. Көне түркі тілінде үрүң атаудың тілден ығыстырылып
шығуына да ақ сөзінің конверсиялануы әсер еткен. Көне мұраларда кездесетін
таң ағару тіркесіндегі ақ жоғары көтерілу, таң көтерілу мағынасын
беретін ақ – етістігінің әр түрлі сапада жеткендігін ғалым Б.Сағындықұлы
дәлелдейді [8, 137].
Тарихшы ғалым Х.Көктәнді ақ сөзінің ежелгі нұсқасы ретінде су
сөзіне де үлкен мән береді: Су – ақ деген сөз. Судың ақ деген мағынаны
білдіретінін көптеген деректер айғақтайды. Жапондарда да су дыбысталуы ақ
мағынасын білдіреді екен. Ақ сунбу – ақ-ақ биік болып аударылады.
Сырдария өзенінің Авеста кітабындағы атауы – Ардвисур. Бұл өзеннің ежелгі
аты – таза ақ құндар өзені деген мағына берген. Су сөзінің ақ мәнін
білдіретіндігіне тағы бір мысал: Сурманақ – жалайыр тайпасының Шыңғыс хан
заманындағы бір тармағы, екінші тармағы – Шуманақ. Жалайырлар үлкен екі
тармаққа бөлінген. Алғашқы тұлғалық атауы Су-ман, кейін Суман (мәні ақ
деген мағынада), түсініксіз болған соң, алғашқы мағынасын калькалық
тәсілмен көшіре аударып ақ сөзін қосқан, содан кейін Сурманақ болып шыққан.
Шуманақ тармағы атауы да осындай тарихқа ие. Тұнғыс-манчьжур тілінде су
сөзі чуу дыбысталуында сақталып, өте мағынасын берген. Қазақ тіліндегі
су қараңғы соқыр тұрақты тіркесі көзі аппақ болып ағарып кеткен адам
деген ұғымды білдіреді. Екінші бір мысал: Алтын Орданың Жошы заманындағы
атауы – Сыр Орда. Көптеген тарихшылар, соның ішінде Рашид-ад-дин, Вассаф,
А.Б.Греков, А. Якубовский сынды ғалымдар Алтын Орданы Сыр Орда деп атаған
немесе Су Орда – Алтын Орда деген атауға еге деп жазған, – деген
деректер келтіреді [7, 9]. Су – ақ. Осыған қарағанда Шыңғыс заманында су
атауы әлі де ақ деген мағыналық мазмұнын жоймаған. Бұл күндегі тілімізде
кеңінен қолданылатын сүттен ақ, судан таза деген тұрақты тіркесіндегі
мағынасы да аппақ, мөлдір түске қатысты айтылып, кінәсіз деген мағынаны
білдіреді.
Енді бірқатар ғалымдар Қ.Ғабитханұлы, Т.Жанұзақов ақ сөзінің шығу
төркінін ай космонимімен сабақтастырып, оның фонетикалық өзгерісінің
схемасы ајаsајаај болуы мүмкін деп болжайды. Мұның дәлелі ретінде түркі
тілдерінде үнемі қолданылатын ай йузлүк тіркесінің мағынасына тоқталады.
Ай атауын ақ сын есімімен байланысты қарауының негізі бар. Сөздердің
тілдегі қолданысы мен оның беретін мағынасына қарасақ, расында да ай
атауы о баста заттың сын-сипатын білдіретін сөз болғанға ұқсайды. Қазақ
тіліндегі айдын, айқын сөздері ай түбір сөзінің негізінде жасалған.
Демек, ай сөзі о баста ақ деген түстік мағынаны білдіретін сөз болған,
осы сөзден кейін келе қазіргі тіліміздегі сын есім ақ туындаған. Түркі
тілдерінде й-қ-ғ дыбыстарының сәйкестігі бұрыннан бар құбылыс екендігін
ескерсек, бұл өзгерісті айағақ түрінде көрсетуге болады. Сонымен ақ түс
атауының шығу төркінін дәл басып айтудың қиындығы ақ сөзінің көнелігіне
байланысты болып отыр.
Қазақ және басқа түркі тілдеріндегі қызыл мен жасыл сөздерінің түбірі
қыз бен жас деген пікір көптен бері айтылып келеді. Сондағы ғалымдардың
дәлелі: бұлардың екеуі де – ыл - іл моделі негізінде бүгінде жеке-дара
қолданылмаса да, бөліп алып қарауға болатындығы. Ал белгілі топономист
Е.Қойшыбаев қызыл сөзін тіліміздегі қысыл (тар, қысылу) етістігімен
байланыстырады. Ғалымның мұндағы сүйенетін дерегі – Жоңғар және Іле
Алатауларындағы шатқал аты – Қызылауыз (узкие ворота мағынасында). Бірақ
та көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жоғарыдағыдай, қызыл сөзінің
түбірі – қыз: бірде етістік (краснеть, пламенеть), бірде сын есім
мағынасында (красный, багровый) екіұдай қолданылған екен. Сын есім
мағынасында қолданылғандығын дәлелдеу үшін қызар етістігін алып, боз -
бозар, көк - көгер, ақ - ағар моделі бойынша талдаса да жеткілікті. Бұл
жердегі түбір тек зат есім немесе сын есім ғана болуы керек. Сонда қазіргі
қазақ тіліндегі қызыл сөзінің құрамындағы о бастағы дербестігін жойған
қыз түбірінің төркіні айқындалмақшы. Ол тек қызыл түстің ғана емес, тіпті
алабұртып, қызу қанды, сұлу реңді мағынасындағы қыз сөзінің шығуына да
негіз болса керек. М.Қашқаридің Диуани лұғат ат түрік сөздігінде бұл қыз
түбірінің тағы бір мағынасы беріледі: Бұ ат қыз алдым – Бұл атты қымбат
алдым. Сонда қыз түбірінің мағынасы: 1) қызыл; 2) қымбат, соған тағы да -ыл
жұрнағы қосылып, тарихи тұрғыдан қатыстық сын туғызса, біздің тілімізде
сапа сыны болып қалыптасқан. Жасыл түс атауының да түбірін жас деп тануға
болады. Мұнда да о бастан заттық не сындық, мағына болған. Жас сөзінің
бастапқы мағынасы жаңа шыққан көк, өсімдік деуге болады. Кейінйін бұл мән
жаңа өсіп келе жатқан балаға, одан кейін кісінің өмір сүру жыл санына
ауысқан. Тілші-ғалым А.Жеңісқызы жас сөзінің төркінін уақыт өлшемі жыл
сөзімен қатар бағдарлайды. Деректерге сүйене отырып, мынадай қорытындыға
келуге болады: жыл мен жас сөзінің семантикалық қатарына ылғал, жаңа
туылған, жас шөп, көз жасын жатқызуға болады. Осы мағыналардың тууына
көк өнімдерінің дымқыл, ылғал болуымен, әсіресе, таңертеңгі шық түскен
кездегі күйімен байланысты көз жасы деген мәнге ие болған тәрізді.
Сын атауының шығу тарихы жайында белгілі ғалым С.Аманжолов: Кейбір
сын есімдердің әлі күнге шейін әрі зат есімдік, әрі сын есімдік мәні бар
мысалы:) көк әрі нәрсенің түсі, әрі аспан мәнінде; қара әрі мал
мәнінде: қызыл әрі нәрсе түсі, әрі қоғамдық топтың символы т.б. Кейбір
түркі тілдеріндегі материалдарды салыстыра тексерсек, бір тілде зат есім
болып жүрген сөз екінші тілде сын есім орнына қолданылады екен. Мысалы,
қызыл - азербайжан тілінде зат есім, алтын деген сөз, бізде ол сын есім
мәнінде, ал азербайжан тіліндегі қырмызы - жібектен істелген товардың
аты, зат есім (2, 337( деген пікірді білдіреді. Бұл тұста сындық түстердің
аталымжасаудағы қызметі сол кездің өзінде мәні зор екенін байқауға болады.
Сонымен, түстердің дүниетанымдық қызметін көрсетуде Ж.А.Манкееваның
сөзімен қорытындыласақ, олар өмір сүруді қамтамасыз ететін мәдениетке
жататын дүниелердің мәдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүруі үшін қажет
мұқтаждықтарын ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге олардан жоғары
тұратын социогендік, символдық және эстетикалық қажеттіліктерін де өтейді
[9, 53].

І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты

Ғалам бейнесінің мағыналық-мазмұндық бірлігі – семиотикалық құбылыс.
Мұнда шоғырланған ғалам бейнесінің тілдік суреті аса күрделі.
Табиғаттағы түр-түстердің барлығы әрқашанда бір заттың, құбылыстың
түрін, түсін, өң-реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді.
Сонымен қатар, түр-түс атаулары мүлдем түр-түске қатысы жоқ, не одан
бүгінде тым алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мән-мағыналарды, жөн-
жосықтарды білдіретін де қасиеттерге ие. Солардың бірі – түстердің тілдік
таңбалық қасиеті. Тіл біліміндегі символика о баста көне гректердің
символ (symbolon - белгілі бір қоғам мүшелері мен әлеуметтік топтар үшін
ғана түсінікті шартты белгілер) сөзінен шығып, бүгінде әр түрлі идеяны,
түсінікті, ұғымды, ойды, сезімді, іс-әрекетті білдіретін шартты белгілердің
жиынтығы деген мағына береді. Символдардың пайда болуына қандай да
халықтың болмасын тұрған ортасы, өмір сүру салты, дәстүрі, мәдениеті, жалпы
алғанда дүниетанымы әсер етеді [7, 12].
Символдардың негізгі қасиеті, өзге таңбалардан ерекшелігі – оның
идеалды нысандық мағынасында, яғни физикалық әлемде жоқ объект мәнін
құрайтын семантикалық айырмашылығында. Символдың осы қасиеті арқасында адам
қажеттіліктеріне жарамды, құнды түсініктер алады. Демек, халық өзін
қоршаған әр дүниеге ой көзімен, ұлттық түйсікпен қарап, көңіліне түйіп,
модельдендіруге бейім келген. Ал ол тілдің эволюциялық жолмен дамып
өрбіген, соның негізінде туындаған символдарда көрініс табады. Символ
тілдік жүйеде белгілі бір когнитивтік құрылым ретінде ғаламның тілдік
бейнесін танытады.
Символдардың негізгі бар қасиеті, өзге таңбалардан ерекшелігі – оның
идеалды нысандық мағынасында, яғни физикалық әлемде жоқ объект мәнін
құрайтын семантикалық айырмашылығында. Символдың осы қасиеті арқасында адам
қажеттіліктеріне жарамды және құнды түсініктер көріне алады. Көк, сары,
қызыл, жасыл хроматты түстері негізгі алғашқы түстер, қаракөк, күлгін,
қоңыр, қызғылт сары қосымша түстер деп, ал ақ, қара, сұр – ахроматты
нейтрал түстер деп есептеледі.
Түр-түстің бір тобы негізгі номинативтік мағынасына жақын, о бастағы
семантикалық байланысын әлі де үзе қоймаған, логикалық қатыстығын түгел
жоймаған сыбайлас мағыналар болып келсе, енді бірі – бүгінгі таңда
қатыстығы алыс, тіпті мүлдем байқалмайтын, алшақ жатқан мағыналар:
1. Негізгі лексикалық, сын есімге тән мағына: Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды деген мақалдағы ақ серке тіркесіндегі ақ сөзі
өзінің тура түстік мағынасында тұр.
2. Ауыс мағына: мұның өзі де іштей неше түрге жіктеледі, сүттен ақ,
судан таза дегендегі ақ атауы - өзіне тән көптеген ауыс мағыналардың тек
бір қырын ғана – күнәдан таза, айыбы жоқ, таза адам дегенді аңғартып тұр.

3. Туынды мағына: Кедейдің аузы аққа тигенде, мұрны қанапты
дегендегі ақ атауы сүт, сүт тағамдары деген мағынада жұмсалып тұр.
Бұл мағынаның туынды болуы, сүт тағамдарының басқа қасиеттеріне емес,
түріне, түсіне байланысты жасалуында.
4. Символдық мағына. Түр-түстердің негізгі лексикалық мағынасы белгілі
бір зат пен құбылысқа тән бояу реңкті анықтау нәтижесінде, ауыс мағынасы
олардың арасындағы логикалық байланыс пен ұқсастықтан, туынды мағынасы
мотивтік сәйкестік негізінде пайда болса, символдық мағынаның қалыптасуы
бұлардан сәл өзгешелеу. Символдық мән-мағына әдетте, нақтылы заттармен
бірге олардың сыртқы бояу реңкіне байланысты және қоғамдық өмір салты,
дәстүр, ұлттық таным, әдет-ғұрыпқа қатысты қалыптасуы шарт. Демек,
символдық мән-мағынаға ие болған заттар мен құбылыстар тілдік тұрғымен
қатар этнолингвистикалық таным тұрғысынан да қаралады. Осыған орай тілдегі
түр-түске байланысты символдық мағыналар жалпылық қасиеттерімен қатар
жекелігімен, ұлттылығымен ерекшеленеді. Символдық мағына – түстің тілдегі
табиғи түсінен тыс мағына. Мұнда көрстетіліп тұрған түс мағынасы сақтала
отырып, белгілі бір ел, қоғам қабылдаған ұғымды да түсіндіреді, ол – сол
түс беріп тұрған таңбалық мағынаның қызметі. Сонымен бояу түсіне әдейі
мағына бергенде ғана ол тілдік таңбаға, белгіге айналады. Тілдік белгіге
құбылыс бейнесі мазмұнынан шығатын идеялық мазмұн тән. Белгі түріндегі
түсте тек қана таңбаланған бейнелер түсіндірілмейді. Бейне бұл жағдайда
барынша кең түрдегі белгілі бір ойды жеткізеді. Белгілік таңба (түс
таңбасы) өзінің сыртқы тұлғасында белгіленетін бейнесінің мазмұнын
қорытады. Сондықтан да ұғымға таңбаланған, түс мағынасындағы сөз – нақты
тілдік бірлік, ал оның нысаны абстрактілі болып келеді.
Кез келген ұлт мәдениетіндегі түр-түс әлемі өзіндік ерекшелікке,
өзіндік белгілік таңбалық мәнге ие. Яғни, мәдениеттегі түр-түс арқылы
халық өзіндік эстетикалық көзқарасын, эмоциялық қалпын, адамгершілік
түсініктерін білдірген. Қоршаған орта, аспан әлемін тіпті кез-келген
материалдық мәдениетке байланысты заттар, киім-кешек, құрал-жабдық, болмаса
рухани мәдениетке қатысты салт-дәстүрді түр-түссіз қабылдау мүмкін емес.
Онсыз оның болмыс-бітімі толыққанды болмайды. Сондықтан түр-түс – ұлт
мәдениетін танытатын бірден-бір жол. Ол өз тамырын терең жайып, ата-
бабамыздың мифтік түсінігімен де астасып жатады. Адам баласы өзін қоршаған
табиғатты, өзін-өзі, қоғамдағы заттар мен құбылыстарды жан-жақты да терең
танып білудің көптеген тілдік қайнар көздері мен тәсілдеріне түр-түс әлемі
де жатады. Адам баласы әртүрлі түр-түсті бір-бірімен салыстыра отырып
ажыратады. Олардың бір тобы адамға жылы көрінсе, енді біреулері суық болып
көрінеді. Осыған байланысты түстерді жылы және суық түстер деп бөлу
қалыптасқан. Бұған себеп: ыстық оттың жалыны қызғылт, қызыл екені, суық
мұздың түсі көкшіл, жасыл, қаракөк екені түсінікті. Бірақ табиғаттағы түр-
түстердің барлығы әр уақытта да бір заттың, құбылыстың түр-түсін, өң-
реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар түр-түс
атауларының мүлдем түр-түске қатысы жоқ немесе одан мағынасы тым алыс ұғым-
түсініктерді білдіре алатыны белгілі. Басқа халықтардағыдай қазақ халқы
үшін де әлем екі түске – ақ пен қараға бөлінген. Оның бірі ақ түс – күллі
игі жақсы қасиеттер иесі болса, қара түс – жамандық біткеннің белгісіне ие.
Бұл түсінік халық санасына терең ұялап, оның тілі мен ойлау жүйесінен орын
алған. Сондықтан ақ түс күні бүгінге дейін жақсы бастама атаулының бәрінен
де табылады. Өйткені ол сұлулық әлемінің, адамгершілік қасиеттерінің
біртұтас жиынтығын құрайды. Қазақ халқының ежелгі дүниетанымында дүниені
төрт бұрышты деп түсініп, әр тұсқа өзіндік таңбалық түс бергені белгілі.
Сонда қара түс солтүстікті белгілейді. Зерттеулерге сүйенсек, Авестада
солтүстік жақтағы қасиетті тауды Хукариа деп атайтындығы айтылады.
Хукариа атауының иран тіліндегі бастапқы айтылу нұсқасының Хух Хара
болғандығын ескерсек, мұндағы хара о баста дей-түркінің (арғықазақ)
қара формасынан шыққандығын айтуға болады. Яғни Хух Хара сөзі бүгінгі
түркі тіліне Харатау - Қаратау деп аударылады. Бұл жердегі қара сөзі
түсті емес, түпкі, бастапқы деген мағынаға ие болып тұр. Түркі тілдерінің
бірі өзбек тілінде қара сөзі темір деген мағынада қолданылады. Мұндай
ұғым буряттардың дүниетанымдық негіздегі фольклорында да болғандығы
байқалады. Қара сөзі жер асты, төменгі әлем ұғымын білдірсе, ақ сөзі
оған қарама-қарсы жоғарғы әлем, құдайлар мекені, аспанның символы болған.
Ақ түсінің о дүниелік символы қазақ халқының мифтік түсінігінде төрт түлік
, соның ішінде жылқы малының ақ түстісімен байланысты болған. Ақ түс ежелгі
түркі-монғол халықтарының архаикалық мифтік түсінігінде күн сәулесіне,
күнге теңелген. Күн сәулесінің жылдам таралуына сол кезде желдей жүйрік
жылқы ғана теңесе алған. Астарында қазақ халқының ғарыштық дүниетанымының
ұлттық белгілері жатқан табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың түр-түстік
символикасына қазақтар үлкен мән берген, халықтың ұғымында ақ, қара түс
атауларымен бірге, ала түсінің де қасиеті ерекше. Ала – орта дүниенің, жер
бетінің таңбасы ретінде көптеген ұлттық әдет-ғұрыптарда маңызды орын алады:
Өлікті жөнелткенде абыз ала жіптің бір шетін мәйіттің денесіне денесіне
байлап, бір ұшын өзі ұстап: Ала жіп, ала жіп, бұл кісінің бар күнәсын ала
біт!, – деп айтады. Қазақ танымында алалық, түстілік, алапестікке
байланысты әңгімелер тектен-текке айтылмаған, бұлар таза мифтік түсініктің
қарабайырлануы (профанация) нәтижесінде ежелгі мән мен идеяның ұмытылып
кетіп, есте сақталып қалған сөз тіркесі мен әңгіме фрагменттері кейінгі
жағдайда басқаша түсіндіріліп жүр. Тілші-ғалым Б.Ақбердиева осы сөздің
негізгі символдық белгісі ретінде күнге тәуелді етеді. Яғни, алалық – күн
белгісі, атрибуты. Қазақ дүниетанымында мұндай күнтекті белгі ретінде қал,
қалша, пес, шұбар сияқты сөздер қолданылады. Алалық пен алапестікті кейін
тек ауру-сырқат болар деп түсінген. Шындығында пес сөзі де дақ, қал дегенді
білдіреді. Оны белгілі сырқатқа телу – кейінгі қазақ тілінің дәстүрі,
ертедегі қазақтар ежелде күн бетіндегі дақты қалға, меңге ұқсатқан. Ала
сөзіне қатысты көптеген атауларда уақыт мағынасы сезіліп тұрады. Ала
түсінің уақытқа қатыстылығы жөнінде мифолог С.Қондыбай ала сөзін ертегі-
аңыздардағы ат-жылқылардың түсіне қатыстыра отырып, ала аттың күн мен
уақыттың символы екендігін айтады. Ол қазақ жылқыны түстеуге келгенде
алдына жан салмайтындығын ескерте отырып, ала түс ұғымына шұбар, тарғыл,
сарыала, бурыл, қызылкүрең сияқты бірнеше түс араласқан қосындыны ала түс
деп орташалап алып, мифтік тұрғыдан қарастырады. Қазақтың эпостық жырлары
мен өткен ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларында ала сөзі ат, оның
ішінде азбан ұғымында жиі кездеседі. Ала, алаша ат – мықты, күшті, жүйрік
аттың символы, алалық түске байланысты емес, медиаторлық қасиетке берілген
атау. Сонда ала, алаша атты мифтік триадалық символдың тіліміздегі
лексикология-фразеология жүйесіндегі көрінісінің бірі деп тануға болады.
Сондай-ақ, тілімізде осы сөзбен кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінде
алаш, аласапыран, алай-түлей, алапат т.б. жер жүзі, жер беті, тіршілік,
өмір сүру, күресу, мифтік таныммен айтқанда орта дүниеліктің белгісі бар
екендігін айта кету керек. Себебі жер бетінің белгісі ала түспен
белгіленеді.

Кесте 1– Төрткүл дүниенің түр-түстік сипаты

Түр-түс Ғаламның Сипаттамасы
мифтік моделі
Ақ түс Жоғары дүние Тәңірілердің мекені, мәңгілік өмір не тазалық
пен пәктіктің белгісі
Ала түс Ортаңғы әлем, Жоғары, төмен дүние арасындағы медиатор;
жер беті бойында ақ пен қараның, жоғары мен төменнің
сипаты мен қасиеті бар; тұрақты сипаты жоқ, ақ
та емес, қара да емес.
Қара түсТөменгі әлем,Төменгі дүние, зұлымдық ордасы; өлім, о дүние
су, жер асты,
қараңғылық.

Кез келген халық тілінде түс атауы белгілі бір танымға, жаратылысқа
орай таңбалық ұғымды білдіреді. Бұл – түс атауларының әуелдегі қабылданған
мазмұнымен, пайда болған кездегі шарттылығымен тығыз байланысты. Осыған
қатысты ақ, ала, боз сөздерінің алғашқы таңбалық белгісін, ұғымын
ғалымдардың зерттеулеріне, пікірлеріне сүйеніп тануға болады. Қазақтар ізгі
ниет, жақсы тілек, пәк сезім, адал көңіл тәріздес жан дүние құбылыстарына
ақ көңіл, ақ тілеу, ақ пейіл, ақ жарқын деп ат қойып, бұларды ақ түсінің
көмегімен ардақтап, аялап келген. Қазақ тілінде тазалық, пәктік,
күнәсіздік, мөлдірлік, шынайылық, жақсылық, мейірімділік секілді дерексіз
ұғымдар ақ түспен ассоцацияланып, қазақтың көңіл көзіне ақ түспен көрік
береді. Ақ атауы қай тіркесте, контексте болмасын жақсылықтың, өмірдің
нышанын аңғартып тұрады: ақ бата – бұл тіркестегі ақ түр-түстік мағынаны
білдірмей, бата сөзімен тіркесе келіп, жақсы тілек, ізгі ниет, адал көңіл
деген мағынаны білдіреді. Қазақтар әлдене жөніндегі келісімге келіп, бітім
жасағанда, уағдаласқанда ақ ниеттің белгісі ретінде ақ қой сойып, бата
қылған. Неке қию кезінде ақ кездеменің бір шаршысы қалыңдықтың басына
жабылады. Сондықтан халық адам бақытының бір қазынасы – ақ жаулық дейді
де, отау құру, шаңырақ көтеруге қатысты ақ босаға, ақ некені ардақ тұтады.
Келін түсіргендегі ортаға ақ бұл тастау ырымы түтін басынан молшылық,
жақсылық үзілмесін дегенді білдіреді. Ақтың бұл сынды мағынасымен
сұлулық, келбеттілік, әдемілік ұғымдары астасып жатады. Оған
тіліміздегі ақ құба, ақ тамақ, ақ маңдай, ақ білек т.б. тұрақты сөз
тіркестері дәлел. Ақ түсінің таза деген мағынасымен сабақтас ауыспалы
басқа нәрсе араласпаған мағынасының тектілікті, яғни хан, бек, төре
тұқымына тәндікті аңғартатын да мәні бар ( ақ сүйек, ақ орда, ақ үй т.б.).
Ақ сөзімен келген үй атаулары үйдің түсін ғана емес, ауқатты, дәрежелі,
билік иесі отырған үй, тайпа, ру басылары тұратын үй, ата мен әженің
отырған үйісияқты ұғымдарды қамтиды. Деректерді саралай келгенде, ақ
сөзінен пәктік, құрметтілік, мейірімділік, қасиеттілік, берекелілік,
молшылық, киелілік, тілектестік мағыналарын түсінуге болады.
1. Киелілік, молшылық, берекелілік, мағыналары. Ақ түс, әсіресе, түйе
малымен байланысты көп айтылады. Мәселен, ақ түйе, ақ атан, ақ інген, ақ
бота, ақ бура т.б. түйелердің түрлері, түгі бірыңғай ақшыл түске байланысты
айтылады. Жалпы ақ түйенің өзі табиғатта сирек кездеседі екен. Қазақ
дәстүрінде ақ түсті ару ана, ақ інген, ақ бура төрт түлік малдың басы,
киелі, қасиетті жануар болып саналған. Ақ боз аттың культі сияқты ақ түйені
де саркальды күшке теңеген. Мысалы: Шырағым, ақ бура Көкшетаудың иесі еді,
киесі ұрып жүрмесе нетсін (І.Есенб.). Қазақта ақ түйеге қатысты ақ түйенің
қарны жарылғанда деген сөз – ақ атанның құрбандықққа шалынып, ауыл-
аймақтың белгілі бір қуанышқа кенеліп, көл-көсір дәм-тұзға елдің қарық
болуына байланысты пайда болған тіркес. Бұл – ақ түсті түйенің сирек
кездесіп, оның қадірлі болуының тағы бір дәлелі. Бұл тіркес туралы алғаш
түсінік берген – Ш.Уәлиханов [7, 17].
2. Тілектестік, тілеулестік мағыналары. Қазақтарда құдандалы болғанда,
қыздың әкесі құдаларына батасын оқытып, ақ төс сары қасқаны сойған. Қазақта
ақ қойдың қаны - ақ бата оқығаны деген сөз осыдан қалған сияқты. Ақ түсті
тоқтыны таңдаудың мағынасы ақ тілеу мен өсіп-өнудің нышанына сенуден
туындаған. Бұрынғы кезде атақты адамдардың асына арнап, ақ түсті жылқы
сойғанын А.И.Левшин еңбегінде келтірген. Ақ түсті атты арнап асқа союдың –
қайтыс болған адамның атақ-дәрежесін көрсету. Бірақ, осы әдеттің неліктен
жылқы түсінің ақ боз, қой басының ақ сары немесе ақ төс сары қасқалы түсіне
қатысты болғанын дәл айтып беру оңай емес. Әйтеуір күні бүгінге дейін дінге
сенушілер істің жақсылықпен бітіп, қуанышпен аяқталуын тілегенде, Алласына
жалбарынып ақ сары бас, ақ сары бас! – деп, құрбан шалатынын ескеріп
жатады.
3. Қасиеттілік, құрметтілік, мейірімділік мағыналары. Ақ түске
байланысты тілдегі символизмдердің түрлері, мотивтері, қолданыс аясы әр
алуан. Солардың бір көрінісі, адам денесінде болатын ақ түсті қалға,
қасқа, шашқа да қатысты. Адам бойында сирек кездесетін құбылыстарды
халқымыз жақсылықтың, игіліктің, қасиеттіліктің нышаны деп танып келеді.
Денесіндегі ақ қалы бар адамды құрметтеу салтымен Аққал деп ат қойып,
жария қылатын; түшкірген балаға үлкендер Ақ қас, мұңсыз бол! деп тілегін
айтып, көңілін қош қылады. Ал енді маңдайынан қасқайып бір тұтам ақ шыққан
адамның жай емес, бір қасиеті бар деп түсінген. Демек, халық ұғымында ақ
қал, ақ шаш, ақ қас адамдар, малда – боз қасқа, ақ түйе, ақ сары бас
қой – бәрі де ақ түске байланысты нышан, ерекше белгі. Қазақ халқында ақ –
пәктік пен ақтықтың нышаны, қуаныш пен жақсылықтың белгісі, махаббат, үміт,
қайырымдылық деген ізгі сезімдердің символы. Қазақ халқы ақты қастерлеп,
жуындысын аяқ астына төкпеген. Сондықтан да қазақтар үшін ең ауыр қарғыс:
Ақ ұрсын, хақтың киесі ұрсын деген сөз болған. Кейде ақты жерге төгетін
де ырымдар бар. Мысалы: қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Қазақ халқы
дүние тұтқасы, барлық тіршіліктің бесігі, адамзат өмірін өрбітуші ананы ақ
ана дейді. Ақ түсінің қасиетті, қастерлі мағынасы ақ жауып, арулап көму
тұрақты тіркесінен де көрініс табады.
4. Бейбітшілік мағынасы. Бірқатар символдық ұғымдар осы ақ түсімен
байланысты әр түрлі нәрселерге: киім, мата т.б. бұйымдарға қатысты
сөздермен тіркес құрап белгілі бір заттың атауын ғана емес, сонымен қатар
олардың қоғамдық-әлеуметтік деңгейге көтерілген, салт-дәстүрге айналған
символдық атауларын таңбалайды. Мысалы: ақ жайма, ақ киіз, ақ сандық, ақ
сүт т.б. ұғымдары – қазақ тіршілігіндегі қасиет тұтынылатын материалдық
құндылықтар. Мұндай құндылықтар ақ сөзінің белгілік мағыналары арқылы
көрінеді. Оны сөздік арқылы саралағанда, ақ сөзіне қатысты тура, ауыспалы,
тіркестік, тұтастық (яғни басқа сөз табымен тіркесу нәтижесіндегі тұрақты
тіркестік мәндер) мағыналары ажыратылған.
Сөздіктегі ақ сөзінің таңбалық мағынасын былайша бөлуге болады: 1.
Тура түстік мағынасы – адамға танылған заттың түсі (Қардың, сүттің, бордың
түсі, Адамның, малдың, құстың т.б. жануарлардың түсі). 2. Заттық таңбалық
мағынасы – өсімдік аты; Әк; Кеңес үкіметіне қарсы күрескен дұшпан тобы;
Дойбының, шахматтың фигуралары. 3. Дерексіз сындық мағынасы – Адал,
кінәсыз, жазықсыз.
Бұдан өзге ақ сөзінің басқа сөз табымен тіркесуінен пайда болған
мағынасын екіге жіктеуге болады: 1.Зат есіммен тіркескендегі мағынасы –
ауыспалы, фразалық. Ақ жауын, ақ жаңбыр. Ашылмай ұзақ жауатын жаңбыр.
Ақжүрек. а) Кіршіксіз, таза, пәк, адал. ә) Сөйл. Белсенді, асыра, сілтеуші.
Ақ табан болды. Шаршап – шалдықты, табанынан таусылды. 2. Етістікпен
тіркескендегі мағынасы – ауыспалы, фразалық: Ақсүтін ақтады – ананың
еңбегін өтеді. Ақсүтін кешті – Ризалығын берді. Ақсүтін көкке сауды –
қарғады, теріс батасын берді. Бұл мағыналар тілдік талдау негізінде
көрінетін мағыналар болып табылады. Ақ көңіл, ақ жүрек, ақ жан, ақ ниет
сияқты ұғымдар мазмұны тілімізде адам мінезіне сай өріс алса, ақ бесік, ақ
отау, ақ босаға, ақ бөпе, ақ бала тазалықтың, пәктіктің белгісіндей болып,
ақ жаулық, ақ сақал, ақ бас үлкендік пен көрегендікке жеткен сый-
құрметтің символы, ақ тілек, ақ бата, ақ жол адамның адамға деген
шынайылық көңілі, ақ қу, ақ сұлу, ақ жібек сұлулықтың символы іспеттес
ұғымдарды таразылайды. Зерттеу жұмысының ерекшелігі де сонда қазақ халқының
дүниетанымында, рухани мәдениетінде қалыптасқан ұғым-түсініктерге сүйене
отырып, қазақ тіліндегі ақ сөзінің қолданысына қарай бірнеше тілдік
таңбалық топтарға бөлінді :

Кесте 2 - Ақ түсінің мағыналық топтары

Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т.б.)


Ақ
Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т.б.)
Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т.б.)
Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т.б.)
Қуаныштың белгісі (ақ күн, ақ сарбас т..б)
Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т.б.)

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде боз түсінің бірнеше мағынасы
берілген,оларды тілдік талдау арқылы былайша бөлуге болады: 1. Тура түстік
мағынасы. Ақшыл қылаң түс. 2. Заттық мағынасы. боз торғай, боз қарағай, боз
қараған т.б. 3. Ауыспалы мағынасы. бозбала, боз өкпе, боз ауыз т.б. Боз
сөзіне қатысты жастық, құрметтілік, қасиеттілік мағыналары анықталды.
1. Жастық, құрметтілік мағыналары. Тілімізде боз дала, боз қараған,
боз үй, боз ат, бозбала сөздерінің негізгі мағыналарында құрметтің белгісі
көбінесе төмендегіше болып келеді. Боз дала бозаң даланың бір мезгілімен
орайлас келген кезі мен түсіне байланысты болуымен қатар, көпті басынан
кешірген небір заманның куәсі болған деген мағыналық түйін жатыр. Боз
ұғымының жас ерекшелікке қатысты тек ер жігіттерге ғана айтылатын жеке
дара мағынасы бар: Сұлу киінген әдемі бозбала Тәкежан ат үстінде, қолында
қаршығасы бар (М.Ә.) Сондай-ақ тілдік қолданыста боз сөзі тіпті жас
баланы айқындар мағынасы кездеседі: Сен әлі бозауыз баласың, ешнәрсені
білмейсің (Ә.К.). Боз түсінің құрметтік мағынада қолданылуы оның заттық
белгісімен байланысты болып келетіндігінде жатыр. Боз отау, боз жорға, боз
ат атаулары көбіне құндылық қасиеттің жас мөлшерін ерекшелей түсіп,
құрметтеудің ерекше танымдық белгісін негіздейді. Ақ боз үй – қазақ
қауымында өзіне сай салтанаты бар, өзіне тән жол-жоралғысы бар, сонысына
қарай жүретін сый-құрметі бар үй ретінде қадір тұтылған. Ақ боз үй, ақ боз
ат деп жұпталып тілде қолданылуы – осы құрамдарда ғана кездесетінінде қазақ
түсінігіндегі мінер аты мен тігер үйін бағалауы жатыр.
2. Қасиеттілік мағынасы. Ақ боз ұғымында жалаң түр-түстік қана емес,
бағалау, қасиет тұту мағынасының көтерер тілдік белгісі – оның құрметке
ұласуымен көрініс тауып, қазақ ұғымында қасиетті деген символиканы
құрайды.
Қазақ танымында ерекше белгі таңбалық жүк артылған түр-түс атауының
бірі – ала түсі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ала сөзімен келген
күрделі бірнеше сөз берілген: алааяқ, алабүлік, ала жаулы, алажібін
аттамады (алмады) т.б. Бұл түстің де өзінің қолданысына қарай, тіркескен,
біріккен сөздің қатысына қарай мағынадан гөрі белгілік ұғымын көбірек
тануға болады. Ала сөзінің қолданысына қарай бір ғана тәрбиелілік,
тілектестік мағынасы бар. Ал белгі, нышандық ұғымы кеңіректеу: өмір,
тіршілік, қарама-қайшылық, күрес, шым-шытырық сияқты дерексіз ұғымды,
нышанды білдіреді. Ала түсінің қазақ тілінде көптеген ауыс, символдық
мағынада қолданылуының себебі, ала түс жалпы ақ түс тобындағы (ақ, боз,
сары, құла, құба, қылаң, сарғылт т.б.) реңктер мен қара түс тобындағы
(қара, қоңыр, торы, кер, баран, күрең т.б.) реңктерінің араласуы арқылы
пайда болуына байланысты неше алуан түр-түс гаммасын жасауында екен [3,
72]. Ал түр-түстің ала-құла әр тектес болып келуі олардың мағыналық жағынан
да шеңберінің кеңеюіне, неше түрлі ауыс мағынада қолданылуына негіз
болмақшы. Ала атауымен келетін тіркестің көбі ала сөзінің неше алуан
(метафоралық, метонимиялық, символикалық) ауыс мағынасының негізінде дамып,
көп жағдайда түр-түстік мағынадан алшақтап кететіндігі байқалады. Ала сөзі
қазақтың салт-дәстүріндегі кейбір этнографиялық мәні бар сөздерді анықтап,
тәрбиелік, тілектестік мағыналарын білдіреді. Ала сөзінің тұсау кесу
ырымында қолданылуы ерекше назар аудартады. Тұсау кесу – баланың өмір
жолының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырым. Сөйтіп тұсау кесу
ырымындағы негізгі атрибут – алажіп. Тұсау кесу ырымындағы алажіпке
байланысты қазақ тілінде біреудің ала жібін аттамау, жыланнан қорыққан
алажіпті аттамас деген сөздерден аңғаратынымыз қазақ баласын тұсауы
кесілген күннен бастап-ақ жақсылыққа тәрбиелеуінде жатыр.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қара сөзінің мағынасына қатысты
берілген сөздерден түстік, белгісіздік, қайғы-уайым, қатыгездік, киелілік,
қасиеттілік, қарапайымдылық мағыналарын тануға болады. Бұл мағыналар қара
сөзінің ұғымдық нышандық, яғни таңбалық белгісін де білдіріп тұр. Қара
сөзінің тура мағынасы – ақтың қарама-қарсы түрі. Бұл оның негізгі
мағынасы. Бірақ бұл номинативтік мағына одан кейін пайда болған
коннотативтік мағынаның қалыптасуының барлығына бірдей ұйытқы бола алмайды.
Мысалы: түркі топонимикалық жүйесінде жиі кездесетін gara su тіркесінің
мағынасы сумен емес, жермен байланысты. Ал барлық орта ғасырлық түркі
ескерткіштерінде кездесетін gara budun термині халықтың түсіне байланысты
емес, оның қоғамдық-әлеуметтік орнымен байланысты, яғни қарапайым төменгі
сатыдағы халық. Қара сөзінің ауыспалы коннотативтік мағынасы оның
номинативтік мағынасына қарағанда әлдеқайда көп: қара, қара тұту, қара
жамылу, қара ту, қара тігу, қараны жығу, қаралы көш, қара қазан, қара
шаңырақ, қара шымылдық, қара жаулық, қара ниет, қара жүрек т.б.
Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, белгілі этнограф Ө.Жәнібековтің
көрсетуінше, қазақ халқында ертеректе ел жақсысы қаза тапқанда шаңырақтан
қара ала шашақты қара жалау көтеріп, жақындары қара жамылып аза тұтатын,
оның мінген атын бір жылға дейін тұлдап, ер-тұрманына қара жабу жауып, көші-
қон кезінде жетелеп ертіп жүрген. Қазақтар адам өлгенде найзаға қаралы ту
тағып, шаңырақтан шығарып қоятын болған, адам жерленгеннен кейін найзаны
сындыру ырымы жасалған. Құрбанғали Халидтің Тауарих хамса атты кітабында
айқанындай, қазақтар өлікті қойып болған соң қара тұрғызады. Қара
дегені – найза ұшына белгі байлау, мәйіт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Бұхар жырау ауданы топонимі
Түр түс атаулары
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Пәндер