Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Коммерциялық банктің несиелеу процесінің теориялық негізі ... ... ... .5
1.1 Несие жүйесінің қалыптасуы және оның дамуының қазіргі кезеңдегі үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Коммерциялық банктің несиелік саясаты және оның принциптері ... ... ... ...9
1.3 Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру және оның қызмет ету ерекшеліктерін талдау («Альянс банк» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау ... 18
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті банктермен несиелендіру үрдісін талдау ... .23
2.3 Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде коммерциялық банктің несиелік саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

3 Қазіргі кезеңдегі шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қосымшалар
Кіріспе
Шағын және орта кәсіпкерлік – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.
Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.
Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді.
Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Кусртық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
 шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
 бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
 кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
 шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге зерттеулер жүргізу;
 бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Кусртық жұмысының теориялық және әдістемелік негізі – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994.
2. Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы 31 желтосанындағы №4189 «1999– 2000 ж.ж. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы
3. 1997 жылғы 19 маусымдағы №131 – 1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет.
5. О.Сәбденов. А.Тоқсанова. Шағын кәсіпкерлікті басқару. Алматы: Білім баспасы. 2009.
6. Ж.Г. Жұмағалиева. К.Ш.Дүйсенбаев. Э.Т.Төлегенов. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы: «Экономика» баспасы. 2010.
7. А.Қ. Мейірбеков. Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: «Экономика» баспасы. 2009.
8. Қаржы. Қ.Қ. Ілиясов. С. Құлпыбаев. Алматы: 2009.
9. С. Құлпыбаев. Ш. Баязитова. А. Баязитова. Қаржы теориясы. Алматы: 2010.
10. Ермеков Т., Кененбаева Ш. «Экономикалық білім негіздері» Алматы – «Жазушы» - 2010.
11. Шеденов Ө.К., Сағындықов Е. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – «А - Полиграфия» - 2006.
12. Сабденов О. Малый и средний бизнес – гарантия стабилизации экономики: - ВКН: Экономическая политика переходного периода на рубеже 21-го века – Алматы: Казахстан, 2009.
13. Мақыш С. Б. “Коммерциялық банктердің операциялары” Алматы: Қазақ университеті, 2004.
14. Хамитов Н.Н. Қазіргі кезеңдегі кредиттік іс: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2009. – 320 бет.
15. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық – Алматы: Экономика, 2008. – 296 бет.
16. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә.,Тұсаева Ә.Қ.,Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 462 бет.
17. Ілияс А.Ә. Ақша – кредит саясаты: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008 – 106 бет.
18. Ғ.Сейітқасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов. Қазақстанның банк жүйесі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 186 бет.
19. Г.С.Сейткасымов, К.М.Маулетов, А.А.Мусина. Банковское дело: Курс лекций. Астана:Изд.Каз УЭФиМТ, 2008-243 стр.
20. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Финансовые рынки и посредники: Учебник. – Алматы: Экономика, 2005. – 298 с.
21. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 бет.
22. Лаппаев Н.Ж. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері // ҚазЭУ хабаршысы № 2 /2012.
23. Шалабай Г.Э. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару //Транзитная экономика № 1/2012.
24. Бактыбаева С.Б. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/ 2012.
25. www.damu.kz
26. www.afn.kz. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым
27. www.nationalbank.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Шағын және орта кәсіпкерлік - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.
Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.
Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді.
Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Кусртық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
oo шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
oo бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
oo кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
oo шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге зерттеулер жүргізу;
oo бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Кусртық жұмысының теориялық және әдістемелік негізі - шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.

1 Коммерциялық банктің несиелеу процесінің теориялық негізі
1.1 Несие жүйесінің қалыптасуы және оның дамуының қазіргі кезеңдегі үрдісі
Қазіргі кезендегі экономикалық теорияда кредит жүйесі деген ұғымның анықтамасының функционалдық және мекемелік тәсілдемесі жеке бөлінеді. Функционалдық тәсілдемеге сәйкес кредиет жүйесіне кредит карым-қатынастарының жиынтығы ғана емес, сонымен бірге кредиттеу нысандары мен әдістері де кіреді.
Мекемелік тәсілдеме бойынша кредит жүйесі - бұл кредиттеудің негізгі қағидаларына сәйкес ақшалай қаражатты жинақтайтын және пайдаланатын кредиттік пиституттардың жиындығы.
Кредит жүйесінде үш элемент, яғни Ұлттық банк, коммерциялық банктер, арнайы мамандандырылған кредиттік-қаржы институттары (зейнетақы қорлары, сақтандыру қорлары, өзара қорлар, инвесициялық банктер, ипотекалық банктер) жұмыс істейді.
Жалпы кредит жүйесі кредиттік процесті және оның мәні мен функциясын іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Кредит қарым-қатынасы кредит жүиесінің барлық элементтері қаланатын іргестас болып табылады, сондай-ақ кредитор борышқорға ақылы, мерзімді және қайтару шартымен берген уақытша бос ақшалай қаражаттың айналысының байланысты болды.
Бұл жағдайда құн кредит қарым-қатынасының объектісі болып табылатын қаражаттың ақылылық пен қайтарымдылыққа негізделген қозғалысының білдіреді.
Несиені беретін кредитор кредит қарым-қатынасының бір субъектісінесиені уақытша пайдалануға беретін заңды немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Кредитор несие беру үшін оның өзі жинаған меншікті қаражаты, басқа субъектілерден алынған ресурсы болуы тиіс.
Банк несиені меншікті ресурсы, таратылған қаражат есебінен де, сондай-ақ құнды қағаз нарығына қатысу арқылы жұмылдырылған қаражат есебінен де мүмкін. Кредит қарым-қатынасының субъектісіне кредитті қайтару негізіде алатын қарыз алушы да жатады.
Банк жүйесінде кредитор да, қарыз алушы да шоғырлалған. Банктермен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер, халық та, мемлекет те қарыз алады. Бұл ретте банк ақшаны өзі емес басқалар үшін қарызға алады, сондықтан ол ұжымдық қарыз алушы да жатады.
Банк жүйесінде кредитор да, қарыз алушы да шоғырланған. Банктермен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер, халық та, мемлекет те қарыз алады. Бұл ретте банк ақшаны өзі емес басқалар үшін қарыз алады, сондықтан ол ұжымдық қарыз алушы ретінде болады.
Сөйтіп кредит жүйесін қалыптастыратын арнайы мамандандырылған мекемелер де кіреді. Бұл жерде кредит жүйесін ақшалай қаражатты жинақтайтын және кредиттеудің негізгі қағидаларына сәйкес беретән кредиттік инститтуттардың жиынтығы ретінде анықтайтын мекемелік тәсқлдеме қолданылады. Алайда несие жүйесінің негізгі буынын экономиканы кредиттеуді жүзеге асыратын банктер құрайды.
Коммерциялық банктердің функциялары кредиттеуді жүзеге асыратын арнайы банктік емес институттардың операцияларымен толықтырылады. Бұл орайда кредит жүйесінің құрамдас бөлігі-кредиттік ұйымдардың түрлері мен нысандарының, сондай-ақ олардың жұмыс істеу ережелерінің жиынтығын білдіретін банк жүйесі жөнінде сөз қозғаған орынды.
Банк жүйесінің элементтеріне банктер, жекелеген банк операцияларын орындайтын қаржы институттары, сондай-ақ кейбір басқа да институттар жатады.
Банк инфрақұрылымына банктің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін әр түрлі кәсіпорындар, агенттіктер мен қызметтер: ақпараттық, әдістемелік, ғылыми, кадрмен қамту, сондай-ақ байланыс, коммуникация және т.б. құралдар кіреді.
Сөйтіп, функционалдық тәсілдеме кредит жүйесінің мәнін ашуға көмектеседі, ол кредит қарым-қатынасының жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге кредит жүйесі кредиттеу жүйесі деген ұғымды алмастыра алмайды.
Кредиттеу жүйесі - бұл несиені тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін элементтердің жиынтығы, оған кредиттеу қағидалары, объектілері, әдістері, сондай-ақ кредитті жоспарлау, несие беру және қайтару механизмі, сондай-ақ банк бақылауы кіреді. Кредиттеу жүйесінде ең маңыздысы кредит субъектілері, кредитті қамтамасыз ету, крдиттеу объектілері болып табылады.
Кредит жүйесі деген ұғым кредиттің экономикалық санат ретіндегі мәнін анықтайды және кредиттеу жүйесі ұғымына қатысты нысанына, кредитордың немесе қарыз алушының түріне қарамастан макроденгейде қарастыру қажет.
Сөйтіп, кредит жүйесіне кредитор мен қарыз алушының арасында несие капиталының қозғалысына қатысты қалыптасатын қарым-қатынас жиынтығы ықпал етеді, демек, кредит - бұл экономикалық санат, оның нысандары, кредит қаарым-қатынасын реттейтін институттар.
Сондай-ақ жалпы кредит жүйесіне әр түрлі ақша-кредит институттары: банктер банк мәртебесі жоқ, алайда банктік және басқа операциялардың шектелген шеңберін орындайтын кредиттік институттар кіреді.
Ақша-кредит институттары өзінің инфрақұрылымымен бірлесе отырып банк жүйесін немесе ақша-кредит мекемелерінің жүйесін құрайды. Кредиттеу жүйесі ақша-кредит институтының кредит қарым-қатынасын реттеуі тиіс, сондай-ақ ол ақшалай қаражатты алумен және оны қайтарумен байланысты.
Кредиттеу жүйесі кредит жүйесімен, кредитпен, оның мәнімен, функцияларымен, сондай-ақ банктермен біріктірілген.
Кредиттеуде кредиттің қайтарымдылығы қарастырлып беріледі. Кредиттің ерекшелігі-қарыз алушы уақытша пайдалануға берілген ақшалай қаражатты қайтару.
Сондықтан кредиттеудің мақсаты берілген несиені қайтару қозғалысын қамтамасыз ету. Әрине, ақшалай қаражатты қайтаруда банк пайдасының ең маңызды көзі болып табылатын межеленген кірісті алу қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты бір жағынан, кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету банктің кіріс алуына ықпал етеді.
Жалпы кредиттеу жүйесінің құрылымын мына элеметтерге бөлуге болады: базалық: кредиттеу қағидалары, кредиттеу процесінің субъектілері, кредиттелетін объектілер, кредит саясаты, кредиттік жоспарлау; технологиялық: кредиттің түрі, кредиттеу әдістері, несие шотының нысандары, кредиттеу лимиті, кредиттік құжаттама; ұйымдастырушылық элементке мына екі шағын блок кіреді: басқарушы шағын блок, яғни кредитті басқару, кредитті тәуекелін басқару, кредит қоржының басқару; ұйымдастырушылық шағын блок, яғни алдын ала кредиттеу сатысы, кредит беру және ресімдеу сатысы, кейінгі бақылау сатысы.
Кредиттеу жүйесінің элементтері біртұтас және бірін-бірі толықтыруы тиіс, ал мұның өзі кридиттік мәміленің сенімділігін күшеитеді. Банктердің барлығында кредит саясаты мен кредитті жоспарлау тиісті дегендей жүзеге асырылмайтының, іс жүзінде кредиттік стратегия кейде терең негізделмей құралатыны расталды. Кредит тәуекелін басқаруы банк жүйесінің нашар буыныболып табылды және айтарлықтай жақсартуды қажетсінеді.
Кредиттеудің дамуының казіргі заманғы үрдістерін үш қырынан, атап айтқанда: дамып келе жаткан экономикаға қатысты, кредиттеудің әрбәр элементі өзінің айрыөша бағыты бойынша дамитын біртұтас процесс ретінде, сондай-ақ макро және микроэкономикалық көрсеткштермен тығыз байланысты процесс ретінде қарастырған дұрыс.
Нарыққа көшуге орай шаруашылық жүргізуші суъектілердің арасындағы қарым-қатынастар коммерциялық негізгі құрылып, банк жоғары пайда алуды мақсат етеді.
Практика көрсеткендей, соңғы жылдары банктер негізінен өзінің кредит салмағының құрлымын өзгертпегенін, яғни кредиттердің едәуір бөлігі экономиканың нақты секторына берілгенін айғақтайды. Кредиттер өнеркәсіптің ең басымды болып саналатын салаларына бағытталды.
Сөйте тұра қаржыландырудың жалпы жүйесінде кредиттеудің рөлі әлі де жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Бакнтердің экономикаға кредит салымының ұлғаюы, сонымен бірге кредит мекемелерінің орта және ұзақ мерзімді ресурсының тапшылығымен шектеліп отыр.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер әлі де қаржы жағдайының қиын қыспағында қалып отыр. Қарыз алушылар бұрынғыдай кредиторлық берешекті қысқа мерзімді қарыздың негізгі көзі ретінде қарастырады.
Соңғы жылдары кредитті мерзімділігіне қатысты айтарлықтай ілгерілеу байқалады: банктерге мерзімі өтіп кеткен төлемдердің біркелкі емес, кешіктіріп болса да төлеу, қарыз алушылардың банктерге төлемеуінің қысқару үрідісі байқалады; бан несеилері бойынша мерзім өтіп кеткен төлем үлесінің қысқарту кредит салымының құрлымдағы оң өзгерістерді білдірсе де несилерді төлемеу проблемасы шешімін тапты деуге әлі ерте.
Осы саладағы оң өзгерістерге қарамастап, экономиканың нақты секторының қаржы проблемаларына байланысыты несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен төлемдердің өалыптасқан үлесі тұрақсыз болып қалуда. Шаруашылық жүргізуші залалды субъектілердің үлес төмендегенмен әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.
Коммерциялық банктер қызметінің ең маңызды бағыты шағын бизнес саласын кредиттеуді кеңету болып табылады. Аталмыш нарық соңғы жылдары тұрақты даму жолында, сонымен бірге қызмет көрсету, сауда және шағын өндіріс саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ дәл қазір бос ақшалай қаражатты қажетсінетін жаңа кәсіпорындар пайда болады. Алайда банктер бұл жағдайда да кредитті қайтару мен қамтамасыз ету проблемасымен жиі кездеседі.
Істің мән-жайы жөнінде айтатын болсақ, қайтадан ашылған және тіпті жұмыс істейтін кейбір өндірістердің жеткілікті мүлік мен капиталының болмауынан олар алатын несиені лайықты қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты коммерциялық банктер экономиканың осы саласындағы жағдайды тереңірек зерттеп, шағын бизнестің төлем қабілеттілігін тексергеннен кейін ғана кредит беру жөнінде шешім қабылдауы тиіс.
Қазақстанда қазір коммерциялық банктер қолданатын кредит құралдарының құрамы жеткіліксіз салаланған, сонымен бірге дамыған елдерде кеңінен қолданылатын қаржы құралдары мен ломбартық кредиттеу, лизинг, факторинг, облигациялық кредиттеу, синдикатталған кредиттеу сияқты кредиттеу әдістері нашар пайдалаылады.
Кредиттің жекелеген түрлерінің арасында айтарлықтай ауытқу байқалады, сонымен бірге кредит желісі шектеріндегі кредит кеңнен дамыған, сол себептен банктер клиенттермен ұзақ мерзімді байланыс орнатуға тырысады.
Соңғы уақытта кредиттер құрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алды, яғни тауарлық-материалдық құндылықтың кепілдігіне берілетін бұрынғы кредиттің орнына контокоррент, овердрафт бойынша, кредит желісі шектеріндегі, вексель қолданылған жаңа несие пайдаболады.
Іс жүзінде тұрғын үй ипотекалық несиесі, синдикатталған кредит, лизинг және т.б. жиі қолданылатын болды. Ондай-ақ кредит қаржыны бірте-бірте жаңартылуда, яғни жаңа несиелер пайда болып, кредиттеу шегарасы кеңеюде, ең бастысы кредиттеудің нарықтық экономикаға үйлесімді жаңа жүйесінің пайда болу процесі қалыптасып, осы процеске қатысушылар арасында тараптардың мүдделері ескерлетін жаңа, ілгерішіл қарым-қатынастар құрылуда.
Кредиттеу кредит тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа нысандары пайда болуда. Сонымен бірге банк тәжірибесінде бұрын болмаған кридит комитеті, кредитті талдау, кредит тәртіптемесі, кредит құралдары, кредиттік мониторинг, кредит тарихы, кредиттеу мәдениеті деген жаңа ұғымдар пайда болды.
Кредиттеудің жаңа үрдісіне кредиттік процестің жеке қырларын білдіретін үрдістерді де жатқызуға болады, ал олар кредиттеу жүйесі дамуының сандық та, сапалық та аспекутілерін білдіруі мүмкін.
Осыған байланысты сандық және сапалық үрдістердің айырмашылықтарын білу қажет. Кредиттеу жүйесі дамуының сандық аспектісіне кредитсалымының абсолюттік мөлшерінің ұлғаюын; кредиттің үлесінің өсуін, ал сарпалық аспектісңне кредиттің кәіпорынның айналым қаражатын өалыптастыру көзі ретіндегі үлесінің азаюын; кредиттің ЖІӨ-дегі үлесінің өсуін нақты секторға қызмет көрсететін несиенің пайдалалнылу мерзімінің ұзаруын; күмәнді және сенімісіз несие үлесінің қысқаруын; кредит салымын несие бойынша ықтимал ысыраптың орынын толтыру үшін құрылатын резервтің мөлшерін арттыруды жатқызуға болады.
Оң үрдісретінде кредит айналымдылығының жеделдеуін; кредиттің әрбір теңгесіне шаққандағы кірістің өсуін; кредит салымы құылымының жақсаруын; кредиттің елдің экономикалық дамуының басымдықтарына үйлесімді жаңа түрлері мен нысандарынығ дауын; мерзімі ұзартылатын несиелер мөлшері мен үлесінің қысқаруын; ркедит операцияларының өзіндік құнының төмендегенін; кредиттің бағасы мен оның клиенттердің бұдан да да кең ауқымы үшін қол жеткізу шеңберінің кеңеюін; кредит операцияларының инфрақұрылымын (оның ішінде ақпараттық, әдістемелік, каджрмен қамтамасыз ету және т.б.) қалыптасрыруды; реттеу, оның ішінде ркедиторлар мен қарыз алушылардың құқығқтарын қорғайтын заңнама базасының жақсаруын атап өтуге болады.

1.2 Коммерциялық банктің несиелік саясаты және оның принциптері
Банк жұмысының сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендегінін туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша несиелеу прцесін басқару банктің несиелік қоржынының сапасының басты көрсеткішін сипаттайды.
Активтердің сапасы басқару сапасын көрсеткенімен өзге де факторлардың соның ішінде үкіметтің, Орталық банктің саясатын, макроэкономикалық жағдайды, банктің меншік формасының ықпал ететіндігін естен шығаруға болмайды. Сыртқы факторлардың банктің активтерінің сапасына тигізетін ықпалына қарамай ақ, банктің несиелік қоржынына талдау жасағанда несиені басқаруды бағалауға аса мән беру қажет. Өйткені бәсекелестік қабілетті банкті құру ең бастысы несиелік процесті тиіміді басқаруға негізделеді.
Несиені басқарудың негізгі элементіне жете дамыған несиелік саясат, несиелік қоржынды тиімді басқару, несиеге жасалатын тиімді бақылау сияқты банктің жұмыстары жатады.
Несиелеу процесін басқарудағы ең маңыздысы банктің несиелік саясаты болып табылады.
Несиелік саясатқа екі тұрғыдан, біріншіден, кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Екіншіден, тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды деген тұжырымға келеміз.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиееу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
oo нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
oo несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
oo нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
oo оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
oo несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын обьективтік стандарттар мен критерийлерін;
oo несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
oo сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
oo ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізуі мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабйлетіне қарап өз клиенті таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иеліндегі немесе ерте енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалыға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау, жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатынжасау банк жетекшілерінің несиелік мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға беріледі. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комиттетің шешетін мәселелері мынадай:
oo несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
oo несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
oo несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
oo несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
oo несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
oo несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі)
oo берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
oo банктің несиелік стратегиясын жасайды;
oo несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
oo несиелік комитеттің мәжілісінің анықтамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйреті, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясаттың принциптері несиелік процессті ұйымдастырудың негізін құрайды, яғни оның қызметі неғұрлым тиімді болса, соғұрлым банктің өтімділігі мен табыстылығы жоғары болып келеді.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:
oo несиелік қызметті ұйымдастыру;
oo несиелік портфельді басқару;
oo несиелеуге бақылау жасау;
oo құзыретті бөлу принциптері;
oo несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
oo несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
oo несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
oo несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
1. несиелеу саясаты;
2. несиелеу стандарты;
3. несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта - Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету - біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақытылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелік нұсқаулық - несиелу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
oo банктегі несиелеу прцесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
oo несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
oo несилік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
oo несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

1.3 Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктері
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек.
Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18 ғасыр) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген.
Мұның дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеф Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді.
Ақшалай түсімдердің негізгі көзі ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мен диірмен қызметінен түседі.
Серіктестіктің тұтынуына әсер етуші ақшалай құралдардың факторлары.
oo болжаланбаған ірі көлемді төлеңдер (шаруашылық қызметіне байланысты);
oo инвестицияның мақсатты жұмсалуы;
oo акция құралдарының өзін алудың мүмкіндігі;
oo құралдарға салынған инвестициядан түскен түсімдер;
oo Банктен несие алу мүмкіндігі.
Сонымен серіктестіктің үнемі дамып отыруы халық тұтынатын негізгі тағам саналатын нан өнімдерін өндіруге де мүмкіндігі болады. Сүт өнімдері де қолға алынуда.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес бұл тағыда бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын (Кесте 1). Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
oo кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігімен құқығы болуы қажет;
oo кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындатын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді;
oo кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік экономикалық шарттары қалануы керек;
oo еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.

Кесте 1.
Кәсіпкерлік қызметі белгісіне қарай саласы мен түріне классификациялау

Ұйымдық - кәсіпкерлік нысаны бойынша
Шаруашылық
сипатына қарай
Салалық
қызметі бойынша
1.
2.
3.
4.

5.
Картелдер
Синдикаттар
Конгломераттар
Холдинг - компаниялар

Акционерлік - қоғамдар
Өндірістік
Саудалық
Инвестициялық
Инновациялық

Делдалдық
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Көлік

Қаржы - несиелік
Ескерту: атормен құрастырылған

Шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
oo қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
oo тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасының жоғарлауы;
oo экономиканың құрылымдық қайта құруға ықпалы;
oo жеке құжаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
oo адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
oo еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
oo жерді,шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
oo мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.
Шағын бизнес субъектілерінің бірқатар кемшіліктері бар. Негізгі кемшіліктері:
oo тәуекелдің жоғары болуы;
oo нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;
oo ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;
oo басшылықтың біліктілігінің төменгі деңгейі;
oo қаржы ресурстарын тарудағы қиындықтар;
oo істі басқарудағы жетіспеушіліктер.
Тәжірибе көрсеткендей,шағын кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы басқарушылық білімнің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталудың басты себептері:
oo біліктіліктің төмен болуы;
oo тәжірибенің жоқтығы;
oo коммерцияда,қаржы мәселесі шешудегі тәжіри-бенің аздығы;
oo бизнеске салқын қарауы;
oo кәсіпкер денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет-қылықтары.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек,т.б.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін нарықтық инфрақұрылымы болуы керек: банктар, шикізат, материал, құрал-жабдықтар сатушылар, тауарды тұтынушыларға дейін жеткізетін мекемелер, заң, бухгалтерлік т.б.қызмет көрсеттетін мекемелер, еңбекке орналастыру агенттігі, оқу орындары, жарнама, көлік, сақтандыру, байланыс, ақпарат, т.б.мекемелері.
Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып,жағдай жасауы тиіс:денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау,еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлік жасақтау және оны дамыту үшін кадрлар оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауды тұрақты қадағалау.
Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке провалық заңдар,т.б.
Халық шаруашылығының барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін жұмыс салаларында пайда болады. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі,шағын мөлшерде өндірілуі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономикалы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады, жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар:өндірген тауарын,салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.
Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай-жоспарлау. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік қашуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізіне тауар алушылармен және шикізат,материалдар сататын кәсіпорындармен, өн-діріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары оның ұйымдастыру-құқықтық формаларына байланысты, пайдадан, амортизацияға шығарылған санадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарнамаларынан, пайдадан түскен несиеден тұрады.
Ақша қаражаттарды сақтау үшін және есеп айырысу, кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша алады.
Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібін орындалмаған кәсіпорын сот арқылы банкрот болып жарияланады.
Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдің серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға құқылы.
Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі, түрі дербес шешіледі. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілдік еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді. Еңбек жағдайы, қызметкерлердің әлеуметтік қорғау шараларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне демалыс, қысқартылған жұмыс күні,т.б. жеңілдіктерді қолдана алады. Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне келтірілген зиянды толықтыруға жауапты.


2 Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру және оның қызмет ету ерекшеліктерін талдау (Альянс банк АҚ мысалында)
2.1 Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта бизнес - жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi.
Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.
кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.
Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді.
Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердің сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.
Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып табылады.
Құрамдас бөлігінің бірі - бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.
Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.
Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2012 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.
2012 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2011 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсуге және 19,5%-ды құрауға тиіс. Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық негізі құрылды. 2010-2012 жылдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
Пәндер