«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.9
І. тарау ХХ ғасырдың басындағы «Қазақ» газетінің шығуы, қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.19
1.1 «Қазақ» газетінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10.19
1.2 «Қазақ» газетінің негізгі мақсат, міндеттері ... ... ... ... ... ... ... . 20.26
1.3 «Қазақ» газетінің негізгі авторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27.33
ІІ.тарау «Қазақ» газеті мәліметтері . бірінші дүние жүзі соғыс
қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34.39
2.1 «Қазақ» газетінде көтерілген негізгі мәселелер ... ... ... ... ... ... 34.39
2.2 «Қазақ» газетінің мәдени дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40.47
2.3 1917.1918 жылдардағы «Қазақ» газеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48.54
2.4 Мектептерде Алаш партиясының негізгі басылымы «Қазақ» газетін
оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55.57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58.61
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62.66
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сан ғасырлардың қойнауына көз жіберіп, қай халықтың болмасын жүрек лүпілін, ұлттық болмысы мен өркениетті әлемдегі даму деңгейін алдыңа жайып салатын ол сол ұлттың ұлттық баспасөзі.
Бұл турасында, халқының қамын жеп өткен Ахмет Байтұрсынов: «Газет - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деп мағыналы анықтама берген. Яғни, осы арқылы баспасөздің қажеттілігін, маңызын, мүмкіндігін түсініп, осы қанатты сөз арқылы-жеткізуге тырысқан. Осы кезеңде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы кең байтақ қазақ даласында ұлттық сана-сезіммен, мәдениетпен, ой-пікірімен, арманымен, сөзімен сусындаған қазақ баспасөздері «Түркістан уәлаяты», «Қазақ», «Алаш», «Жас азамат» және басқа да басылымдар болды. Осы басылымдардың шығуына халқымыздың саяси - қоғамдық ойы мен мәдени - рухани деңгейін белгілі дәрежеде жоғары көтеруге бар күш жігерлерін қосқан қазақ зиялылары: Д. Сұлтанғазин, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Сералин, Ж. Аймауытов өз үлестерін қосты.
Бірақ, қоғамдық – саяси жүйедегі тәртіпке байланысты, сoл кезеңдегі шынайы фактілер барынша бұрмаланып отырылғандығы да анық.
Қазақ баспасөзінің тууы, қалыптасуы, дамуы, оның басты ағартушылық – демократтық идеялары мен бағдарлары, осы бағытта жүгізілген жұмыстар – тарих, филология, педагогика ғылымдарында толық зерттеліп бір түйінге келтірілмеген.
Осы басылымдардың ішінен – «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газеттері мен ''Айқап'' журналы ғана қазақ ғалымдарының еңбектерінде азды-көпті зерттеледі деп айтуымызға болады. Оның өзінде ''Айқаптың'' шығыс мәдениеті мен тарихы туралы жазғандары ескерілмей, зерттеулер сыңар жақты жүргізіледі.
Басқа газет – журналдар көбіне атаусыз қалып қойды немесе теріс баға берілді. Оларды оқуға пайдалануға тыйым салынып архивтерде, кітапханалардың арнайы қорында сақталып келгенен еді.
Қай уақыта болса да адамның, елдің азаматтың қоғамнан, саясаттан, мәдениеттен, экономикадан тыс тұра алмайтының ескерсек, баспасөз - ұлтың рухани өрлеуін, тәуелсіз елдің төл идеялогиясын қалыпттастыратын, халықтың сана-сезімін мәні бар функция екенін көреміз. Ал ұлттық баспасөзіміздің қалыптасып дамуына қазақ газеті және қазақ қоғамындағы қоғамдық ой сананың әсіресе ұлттық интелегенция өкілдерінің ықпалы зор болғандығын ұмытпауымыз керек.
Жұмысының тақырыбының қазіргі кездегі маңызы өте зор. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихымызға қайтып оралуы еліміз үшін оның тарихы үшін ертеңгі болашағымызды бағдарлау үшін керемет ұлы оқиға екендігін көрсеу. Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің бір ұшығын Қазақ газетіне арнап сіңірген еңбегін бағалай білу бүгінгі таңның ең өзекті мәселесі. Және де А. Байтұрсынов тікелей басшылық еткен бұл газет 85 жыл бойы халқымызға белгісіз болып келген. Бүгінгі таңда ақтаңдақтар бетінің ашылуына байланысты Қазақ газеті де өз дәуірінде халық газеті екенін аша білуіміз қажет. А. Байтұрсынов Әлихан Бөкейханов және басқа жазушылардың бұғанға дейін қалың орманға беймәлім болып келген шығармалары тұңғыш жарық көрді.
Деректеме және әдебиеттер тізімі:
а) Деректеме:
1. А.Байтурсынов Тағы да народньй сот хақында. -"Казак",-1913
- А.: Жалын,1991.-4б4б. // Ак. жол.
2. А.Б. [Байтурсынов Ахмет] Казакша оқу жайынан. «Казак»,-1913.-№14//Ак жол.-А.:Жалын,190І.-464й.
3. А.Б.[Байтүрсыпов Ахмет] Орысшса окушылар.-"Қазақ'.-19іЗ.-№26// Ак жол.-А.:Жалыл, 1991.-4645.
4. А.Б.[Байтүрсымов Ахліет] Окыі\ жайынан.- "Казак",-І9ІЗ.-№29//Ах жол. - А.:Жальш,1991.-464б.
5. А Б.[Байтұрсынов Ахмет] Казақ жерін. а.ту турасгьшдағы низам.-"Қазақ",-1913.-№29//Ақ жол. А.:Жалын,199І.-464б.
6. А.Б.[Байтурсынов Ахмет] Орьшбор 13 октяорь.-"Қазақ",І913.-№36//Ақ жол.-А.:Жальш, 1991.-4646.
7. А.Б.[Байтурсынов Ахмет] Қазақ һәм Дума.-"Қазақ",-1914 №57 // Ақ жол.-А.:Жалын,1991.-464б.
8. А.Б.[Байтүрсынов Ахмет] Закоп жобасының баяндамасы.-"Қазақ",-1914.-К7а80//Ақ жол.-А.:Жалын,1991.-464б.
9. А.Б.[Байтурсынов Ахмет] Бастауыш мсктеп.- Хазақ,1914.-№61//Ак жол. А.:Жальш,1991.-464б.
10. Аргын [Дулатов Міржакып] Шакірт.-'Хазак",-1913.-Кв30 Дулатов М. Шығармалары.-А.: Жазушы,І991.-384б.
11. Арғын (Дулатов Міржакып) Уиіінші шонь законы һәм к.азак.-"Қазак",-1914.-№51//М.Дулатов. Шыгармалары.-А.:Жазушы, 1991. -3846.
12. Арғын [Лулатов Міржақып] Чума съезінен. -'Қазақ",-1914.-№55// М.Дулатов. Шығармалары.-А.:Жазушы,1991.-384б.
13. Арғын [Дулатов Міржакып] Айкап туралы.-"Казак",-1914.-№ 56/Дулатов Б.Шығармалары.-А.:Жазушы,199І.-334б.
14. Байтурсынов Ахмет. Ак жол. -А.:Жалын,1991.-464о.
15. Байтүрсынов. Ахмет. Шыгармалары, /Кураст.О.Шэріпов. С.Дэуітов/-А.:Жазушы,1989.-320б.
16. Бөкейханов Ө. Шығармалар.-А.:Қазакстан,1994. .5X46.
17. Ғали хан [Бөкейханов Әлихан] Мүсылман сиезі.-"Қазақ",1914.-№88//Ә. Бөкейханов. Шығармалар. А.: 1994.-3846.
18. Ғали хан [Бөкейханов Әліссан] Кәкітай 1915,-№105 //Ә.Бөкейханов. Шығармалар.-А.: 1994.-3846.
19. Дулатов М.Шығар.малары //Курист.М.Эбсеметоз. Г.Дулатова.-А.:Жазушы,1991.384б.
20. Кыр баласы [Бөкейханов ӘлихапІ Дума һәм қазак.-"Қазақ,-1913.-№23 //ІДығармалар.-А.Қазакстан,1994. 3X46.
21. Кыр баласы [Бөкейханов Әлихам] Ашық хат. "Қазак.".-1913.-№21 //Шығармалар.-А.:Қазақстан,1994.-384б.
22. Қыр баласы [Бөкейханов Әлихан] Ліиык, хат.-"Қазақ",-19ІЗ.-№24 //Ә.Бөкейханов. Шығармалар.-Л.: 1994.-3846.
23. Қыр баласы [Бөкейханов Әлихаи] Тпғм би һәм билік. "Қазақ",-1914.-№50 //Ә.Бөкейхаиов. Шығармалар.-А.: Қазақстан, 1994.-3846.

ӘДЕБИЕТТЕР:
24. Азапты айдаудағы арман. //Егемен Қазақстан. 1997. 7мамыр.
25. Актамбеков К. Пути становлекмя и рпзвития Казахской педагогической печати 1870-1941-х годов. Авторсф. дис. каңд. пед. наук: 07.00.02 /-Алма-Ата:1992.-22с.
26. Ақшолаков Т. Елім деп ерте оянып //Егемен Қазақстан.-1996.-9шілде.
27. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Алматы, 1996.
28. Әбдіманов Ө. "Қазақ" газеті.-А.: Қазақстан,1993.-168б.
29. Әбдіқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971.
30. Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бегінде жарияланған көркем шығармалар./Құраст. Ү.Суханбердина/-А,: Жазушы, 1970.-255б.
31. Әлмұқанова Р. "Казак," газеті жайында. //Қазақстан комунисі. 1991.-№1.-64-69б.
32. Болғамыш Д. Газет неге "Қазақ" аталады. //Қазақ өдебиеті. - 1993.-5 наурыз.
33. Бейсембиев К. Идейно-палитические течения в Казахстане конца XIX начала XX века.- Алма-Ата.: АІІ КазССР, 1961.-379с.
34. Бейсембиев К. Очерки истории обществеішо-политической и философской мысли Казахстана (дореюЗлюционннй период), -А.:Казахстан, 1976.-427С.
35. Бекхожин X. Қазақ баспасөзі тарихь очеркі (1860-1958)-А.:Мектеп, 1981-239б.
36. Бес арыс /Құраст. Д.Әшімханов.-А.:Жальш, 1992.-5446.
37. Боранғалиулы Т. "Халық көзі, қүлагы һом тілі".//Егемен Қазакстан.- /1997. - 4 ақпан.
38. Боранғалиүлы Т. Қазақ баспасөзінің кемсңгері. //Егемен Қазакстан.-1993.-21 кантар.
39. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. А.:Атамүра - 1994.-2406.
40. Дәуітұлы С. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған. //Алматы ақшамы. 1993, 2 ақпан.
41. Жармүхамедүлы М. Ахмет Ишан әулеті //Ана тілі.-1992.-№20. 21 мамыр.
42. Кәкімұлы Т. «Айқап» пен «Қазақ» арасы //Алматы, ақшамы. 1999.№22-96б.
43. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сыныныц тарихы.-А.: Сапат, 1994. 4486.
44. Кәкішев С. Ахаң туралы оқиқат.- А., 1992.-1992.-1126.
45. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. А.1981.
46. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. Алматы, 1958ж.
47. Қазақстан тарихы. Очерктер /ред. Алдажүманов Қ.С., Қозыбаев М.К,-А: Дәуір, 1994.-4456.
48. Қазақ әдебиеті тарихының әзекті мәселелері /Құраст.Т.Кожакеев. -А.:Қазақ университеті, 1993.-1446.
49. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. III том -А.: Ғылым, 1982.-5606.
50. Қазақ совет энцітклопедиясы. -А. 1975.-6406.
51. Қамбар Атабаев. «Қазақстан тарихының деректанулық негіздері». – Алматы, 2002ж.
52. Мамажанов М.А. Асыл мүра. — А.:Қазақстан.1993.-1286.
53. Мамынова Б. "Қазақ" газсті және әдеби тіл. //Ана тілі. -1992.-28 кантар.
54. Нұрпеисов К. Алаш һәм Алашорда. -А.: 1995.-256б.
55. Нұсқабайұлы Ж. Аллаберген Л. Көне басылымдар. Құнды деректер. Аяулы есімдер. Алматы, 1997. 256б.
56. Өшірбайүлы Қ. Кайта тіріпген "Қазак,"//Егемен Қазақстан.-1992.-10 ақпан.
57. Сәкенбаев А. Кітап, тәуелсіздік пен демократия тұғыры. Алматы, 1999ж.
58. Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу-А.: 1960.-4836.
59. Сыздықова Р. Ахмет Байтүрсыпов. -А.: Білім, 1990.-526.
60. Сақов Қ.Ө. «Қазақ» газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы. Ғ.к.дисс. автореф. Алматы, 1998.
61. Фетисов М.И. Зарождение казахской публицистки. -Алма-Ата.:Каз.Гос.издат.,1961.-439с.
62. У. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ.Сахов «Қазақ» газеті. Жинақ. Алматы, 1998. – 560б.
63. У. Субханбердина Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Алматы, 1963ж.
64. У. Субханбердина «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» Алматы, 1999.
65. Оразай Ф. «Қазақ» қайта шыға ма? //Қазақ әдебиеті. 1993. 29 қаңтар.
66. Ілиясова К.М. Қазақ съездері: қаралған мәселелері, шешімдері және олардың орындалуы (1917-1919жж.).т.ғ.к. дисс. Алматы,1999.
66. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992. 76б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Университеті Гуманитарлық факультет
Тарих кафедрасы
Тарих, құқық және экономика негіздері
(шифр және мамандығы)

Диплом (бітіру) жұмысы

Тақырыбы: Қазақ газеті және оның қоғамдық саяси қызметі

Диплом жазушы: __________
(қолы) (аты-жөні)

Жетекші: __________ _
(қолы) (аты-жөні)

Рецензент: ___________
(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жұмыс
қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі: __________
(қолы) (аты-жөні)

Семей – 20 .

Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 3-9
І- тарау ХХ ғасырдың басындағы Қазақ газетінің шығуы,
қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 10-19
1.1 Қазақ газетінің тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-19
1.2 Қазақ газетінің негізгі мақсат, міндеттері
... ... ... ... ... ... ... . 20-26
1.3 Қазақ газетінің негізгі авторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-33
ІІ-тарау Қазақ газеті мәліметтері – бірінші дүние жүзі соғыс
қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34-39
2.1 Қазақ газетінде көтерілген негізгі мәселелер
... ... ... ... ... ... 34-39
2.2 Қазақ газетінің мәдени дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40-47
2.3 1917-1918 жылдардағы Қазақ газеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48-54
2.4 Мектептерде Алаш партиясының негізгі басылымы Қазақ газетін
оқыту әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 55-57
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 58-61
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 62-66

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сан ғасырлардың қойнауына көз жіберіп, қай
халықтың болмасын жүрек лүпілін, ұлттық болмысы мен өркениетті әлемдегі
даму деңгейін алдыңа жайып салатын ол сол ұлттың ұлттық баспасөзі.
Бұл турасында, халқының қамын жеп өткен Ахмет Байтұрсынов: Газет -
халықтың көзі, құлағы, һәм тілі деп мағыналы анықтама берген. Яғни, осы
арқылы баспасөздің қажеттілігін, маңызын, мүмкіндігін түсініп, осы қанатты
сөз арқылы-жеткізуге тырысқан. Осы кезеңде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басындағы кең байтақ қазақ даласында ұлттық сана-сезіммен,
мәдениетпен, ой-пікірімен, арманымен, сөзімен сусындаған қазақ баспасөздері
Түркістан уәлаяты, Қазақ, Алаш, Жас азамат және басқа да
басылымдар болды. Осы басылымдардың шығуына халқымыздың саяси - қоғамдық
ойы мен мәдени - рухани деңгейін белгілі дәрежеде жоғары көтеруге бар күш
жігерлерін қосқан қазақ зиялылары: Д. Сұлтанғазин, Ә. Бөкейханов, М.
Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Сералин, Ж. Аймауытов өз үлестерін қосты.
Бірақ, қоғамдық – саяси жүйедегі тәртіпке байланысты, сoл кезеңдегі
шынайы фактілер барынша бұрмаланып отырылғандығы да анық.
Қазақ баспасөзінің тууы, қалыптасуы, дамуы, оның басты ағартушылық –
демократтық идеялары мен бағдарлары, осы бағытта жүгізілген жұмыстар –
тарих, филология, педагогика ғылымдарында толық зерттеліп бір түйінге
келтірілмеген.
Осы басылымдардың ішінен – Түркістан уәлаяты, Дала уәлаяты
газеттері мен ''Айқап'' журналы ғана қазақ ғалымдарының еңбектерінде азды-
көпті зерттеледі деп айтуымызға болады. Оның өзінде ''Айқаптың'' шығыс
мәдениеті мен тарихы туралы жазғандары ескерілмей, зерттеулер сыңар жақты
жүргізіледі.
Басқа газет – журналдар көбіне атаусыз қалып қойды немесе теріс баға
берілді. Оларды оқуға пайдалануға тыйым салынып архивтерде, кітапханалардың
арнайы қорында сақталып келгенен еді.
Қай уақыта болса да адамның, елдің азаматтың қоғамнан, саясаттан,
мәдениеттен, экономикадан тыс тұра алмайтының ескерсек, баспасөз - ұлтың
рухани өрлеуін, тәуелсіз елдің төл идеялогиясын қалыпттастыратын, халықтың
сана-сезімін мәні бар функция екенін көреміз. Ал ұлттық баспасөзіміздің
қалыптасып дамуына қазақ газеті және қазақ қоғамындағы қоғамдық ой сананың
әсіресе ұлттық интелегенция өкілдерінің ықпалы зор болғандығын ұмытпауымыз
керек.
Жұмысының тақырыбының қазіргі кездегі маңызы өте зор. Алаш қозғалысы
қайраткерлерінің тарихымызға қайтып оралуы еліміз үшін оның тарихы үшін
ертеңгі болашағымызды бағдарлау үшін керемет ұлы оқиға екендігін көрсеу.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің бір ұшығын Қазақ газетіне арнап сіңірген
еңбегін бағалай білу бүгінгі таңның ең өзекті мәселесі. Және де А.
Байтұрсынов тікелей басшылық еткен бұл газет 85 жыл бойы халқымызға
белгісіз болып келген. Бүгінгі таңда ақтаңдақтар бетінің ашылуына
байланысты Қазақ газеті де өз дәуірінде халық газеті екенін аша білуіміз
қажет. А. Байтұрсынов Әлихан Бөкейханов және басқа жазушылардың бұғанға
дейін қалың орманға беймәлім болып келген шығармалары тұңғыш жарық көрді.
Елім, жұртым деп еңіреген есіл ерлердің аты аталып, тарихи еңбектері
ескеріліп, қилы замандарда кешкен қиын тағдылары сарапқа салынып, өзіндік
бағасын алуда. Осы бағытта жоғалтқанымызды тауып, барымызды түгендеп жатқан
өзекті істердің бірі - қазақ баспасөзі оның ішінде Қазақ газетінің ғылыми
тұрғыда зерттелуі.
Осы Қазақ газеті тақырыбын зерттеу барысында, сол кезеңдегі қоғамдағы
жағдай, ұлттық интелегенция туралы әртүрлі мағынадағы мәліметер алуға
болады.
Қазақ баспасөзі тарихына көз жіберіп, егемендік алған еліміздің
болашағы жолындағы ізгілікі істерімізде пайдаланып қолдану, келешекке үлгі
ету қажет.
Бұл тақырыпты зерттеудегі негізгі мақсатым: Сол кезеңдегі Қазақ
газетінің ұстанған бағыты және оның ұлттық санаға қандай әсер болғандығымен
танысу болатын.
Осы мақсатқа жетуде, мынандай міндеттер қойдым:
• осы уақытттағы қоғамдық саяси жағдай туралы қарастыру;
• есімі арамызға қайта оралған арыстарымыздың өмір жолы, атқарған
қызметтерімен танысу;
• олардың осы баспасөз қызметіне араласуына әсер еткен факторлар;
• қазіргі кездегі тарихтың жазылуында осы тақырыптың алатын орнын
анықтау.
Бүгінгі ұрпақ атын енді естіп, мәні мен маңызына тамсанып тұрған
уақытта, өз заманының энциклопедиялық басылымына айнаған бүгінгі қалың
оқырман қызыға оқуға қолы жетпес қасиетті Қазақы зерттеу құндылығы арта
түсті.
Қаншама жылдар қара күйе жағылған газеттің ақ-қарасын айырып, тарихи -
әлеуметтік орнын айқындауда.
Сондықтан оның бай материалын саралау, жүйелеу, зерттеу уақыттың
талабынан туындап отыр.
Дерек көзі: Тақырыптың деректемелік негізі Ә. Бөкейхановтың, А.
Байтұрсыновың және өзге Алаш қайраткерлерінің 1913-1918 жылдары Қазақ
газетінде жарияланған еңбектері болып табылады. Бұл еңбектерінде Алаш
азаматары сол кездегі қоғам шындығын сипаттап, Қазақ газеті арқылы қазаққа
жеткізе білген. Ә. Бөкейханов 1913 жылғы ақпаннан бастап Орынбордан шыға
бастаған қазақтың негізін қалап, бағыт-бағдарын анықтаушылардың бірі
болып қоймай, сондай-ақ газеттің ыстық суығын көрген ең белсенді
авторлардың бірі болған ұлы күрескердің сол кездегі баспасөздегі жарық
көрген, ағартушылық демократтық, оқу - ғылымға шақыратын, қоғамдық жағдайды
таныстыратын Рухани мәдениет қарауынан, Мұсылман съезі, Неміс
мәдениеті, Ашық хат мақалары бар.
А. Байтұрсынов газет беттерінде қазақ жұртына өнер білім шұғылысына
саяси және рухани жетілуге үндеген көсем сөздерін жариялаған.
А. Байтұрсынов мақалаларының кейбірі: Қазақ һәм Дума, Көшпелі һәм
отырықшы норма, Оқыту жайынан.
Қазақ һәм Дума деген мақаласында Қазақтың көбі Думаның атын білсе
де, жайын жақсы білмейді. Білмеген соң ойлайды: Тілеген тілегі Думаға
жетсе, тілегі бола қалады деп. Бүгінгі Дума осындай күннен алыс,-деген ой
айтқан, Думаның дәрменсіздік мәнін ашқан.
Зерттелу деңгейі: Қазақ газетін зерттеуге кеңес заманында тиісті
мүмкіндік болмағаны белгілі.
1919 жылы тамызда РСФСР-ң Ұлт істері жөніндегі халық комиссараты
органында А. Байтұрсыновтың мақаласы жарияланды. Осы шағын көлемді
еңбегінде А. Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және Қазан революцияларын қазақ
халқының қала қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен
оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсеткен.
Сәкен Сейфуллиннің Манап Шамиль деген бүркеншік атпен Қазақ
интеллигенциясы туралы атты 1920 жылдан кейін, қазақ зиялыларының арасында
ұлттық теңдік пен азаттық идеялары таратыла бастағанын айта келіп, жас
қазақ интеллигенциясының дем беруші басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов
және М. Дулатов ұйымдастырған Қазақ газетінің төңірегіне халықтың зиялы
өкілдерін топтастырып ұлттық саяси ұйым құру жолдарын іздестіреді
делінген.
1920 жылдардың соңынаң бастап бір кезде Қазақ газетіне жетекшілік
екен, оның шығуына қатысқан қайраткерлер қызметтерінен қуылып, Қазақстаннан
аласталып, олардың басым көпшілігіне Совет өкіметіне жау пиғылдағы және
қарсы контреволюциялық әрекеттер ұйымдастырушылар деген саяси айып тағыла
бастады.
1930 жылы 4-сәуірдегі үкіммен 35 адамға әртүрлі жаза кесілді. А.
Байтұрсынов әуелде өлім жазасына бұйрылып, кейін ол үкім 10 жылдық
мерзімге концлагерьге отырумен алмастырылды.
1930 жылдардағы қудалаулардан кейін Қазақ газеті туралы ой
білдіріліп, зерттеу еңбектер жазу мүмкіндігі толық жазылды. 60 жылдай уақыт
бойы біздің ғылыми және саяси келмейтін жаппай қарайлайтын, оны
шығарушыларды буржуазияшыл ұлтшылдар, халық жаулары деп жамандайтын
пікірлер жазылып, әртүрлі мінбелерден жалған сөздер айтылып келді.
1980 жылдың соңына қарай Қазақ газеті кертартпа ұлтшыл буржуазиялық
басылым ретінде сипатталып келді. Мұның сыңаржақтылығы қазір белгілі болып
отыр.
Тақырыптың зерттелу кезеңдері:
- Бірінші кезең 1920 жылдар бұл кезде Қазақ газетінің ұлттық
демократиялық саяси қозғалысты атқарған кейбір прогессивті қызметі
мойындалады. Бұрынғы Алаш қайраткерлеріде 1920 жылдары Қазақ газетінің
елді алға бастырудағы қызметін мүмкіндігінше насихаттап, зерттеу еңбектері
үшін маңызды ойларын алға тартты. Сонымен бірге Қазақ газетіне
пролетарлық коммунистік идеологияға қарсы деп саяси айыптаулар айтылған.
- Екінші кезең 1930-1950 жылдардың арасы тотолитарлық жүйенің қысым
идеологиясының шарықтау шегіне жетуіне, саяси қуғын-сүргін ұйымдастыруына
байланысты Қазақ газетінің ол халыққа сіңірген еңбегі туралы мүлде
айтылмады.
Тақырыпты зерттеу мүмкіндігі бұл жылдары болған жоқ.
- Үшінші кезең 1950 жылдарының - жартысы – 1980 жылдарының ортасы
ғылымның дамуына байланысты қазақ баласының тарихы бірнеше зерттеушілер
тарапынан қарастырылды.
- Төртінші кезең 1980 жылдар соңы 1990 жылдар, әсіресе тәуелсіздік
жарияланған 1991 жылдан бастап Қазақ газетінің ел тарихындағы қызметін
толық ашып көрсеуге мүмкіндіктер туды.
Шетел әдебиетінде (М. Б. Олкот, Колгейт универсеінің профессоры, АҚШ)
керісінше қазақтардың ХХ ғасыр басындағы саяси қозғалысы оның дамуына үлес
қосқан Қазақ газетінің қызметі аталуда болды.
М.Б.Олко еңбегінде Қазақ газетін шығарып тұрған қазақ зиялылары осы
қоғамдардың бәріне жөн сілтеп, тікелей демеуші де болды. Қазақтың
редакциялық бағыты көзі ашық қазақтардың ой - пікірін білдіруге шақырды,
қалың көпшілік газет беттеріндегі уәждерге қосылды, тіпті қосылмағандарының
өздеріне де газет жауап берерліктей мәселелер көтеріп отырды - деп
көрсеткен.
Х. Бекхожиннің еңбегінде қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы
және даму кезеңдері аталған 35.
Ал Қ. Бейсенбиевтің еңбегінде сол кездегі саяси идеялық ағымдарға
оқтала отырып, баспасөз әлеуметттік, аграрлық - экономикалық, дін,
мәдениет, ағартушылық мәселелеріне тоқталған 34.
Кеңес дәуірінде жарық көрген әдебиетте саяси, идеологиялық себептерге
байланысты Қазақ газетіне әділ баға беріп, онда жарияланған мақалаларға
шынайы талдау жасауға мүмкіндік болмады.
М. И. Фетисовтың, Х. Бекхожиннің еңбектерінде қазақ баспасөзі туралы
сөз болады. Сәйкеспейтін жат идеялар, фактологиялық тұрғыдан жеткілікті
талданбай, сыңаржақ даттау пікірлер жасалған.
Б. Кенжебаев еңбегінде қазақ баспасөзінің дамуы әр кезеңде де тарихи
оқиғаларға байланысты зерттеліп баспасөз материалдарына талдау жасай
отырып, баспасөздің белгілі кезеңінде атқарған қызметін ашып көрсетуге
тырысқан.
Т. Кәкішев те қазақ баспасөзінің шығу, даму, қалыптасу кезеңдеріне жан-
жақты тоқталып өткен.
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін тақырыпты шын мәнінде зерттеуге
мүмкіндік туып отыр.
Қазақ газеті туралы Ө. Әбдімановтың еңбегі жарық көрді. Онда
Қазақ газетінің өмірге келуі атқарған қызметі газет бетінде жарияланған
материалдар арқылы сипатталады.
Сонымен бірге қазіргі баспасөз оның ішінде Ана тілі, Егемен
Қазақстан, Қазақ әдебиеті сияқты газеттерде бірқатар зерттеу материалдар
жарияланған. Олар М. Жармұхамедұлының, Қ. Өмірбайұлының, Т. Боранғалиұлының
мақалалары жарық көрді. Бұл басылымдарда жарияланған мақалаларда қазақ
баспасөзінің қалыптасауы, дамуы оның ұлттық баспасөз дәрежесіне көтерілуі
маңызы бар ойлар айтылған.
1998 жылы Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы Қазақ газетінің
жинағын басып шығарды. Алаш азаматарының рухына бағышталған жинақ Қазақ
газетін ұйымдастырушы һәм тұңғыш редакторы А. Байтұрсыновтың туғанына 125
жыл толу қарсаңында жарыққа шығарылды. Сол себепті Қазақ газетінің шығу
тарихы да, ел көтерген мәселелер туралы деректер мен әдебиеттер белгілі
бір дәрежеде жүйеге келтірілді.
Қазақ газетінің шығуы, газеттің көптеген өзекті мәселелері туралы
деректер мен әдебиеттер белгілі бір дәрежеде жүйеге келтірілді.
Қазақ газетінің шыға бастауы туралы Санкт-Петербург қаласындағы
орталық мемлекеттік мұрағат қорында ішкі істер министрлігінің рұқсат қағазы
сақталған. Сол құжатта: согласна циркулярному распоряжению 9 декабря 1905
года 14508 уведомляю главное управление, что мною одновременно с этим
разрешаю киргизу 8 аула Кызылжингиской волости Тургайской области Мустафа
Ахметовичу Уразаеву под ответственным в полном объеме редакторством киргиза
5 аула Тусулской волости Тургайского уезда Ахмета Байтурсынова в
г.Оренбурге еженедельную газету на киргизском языке, под названием Казах
(Киргиз).
Баспасөз - өз заманының тарихи дерегі болғандықтан ондағы қоғамдық
жағдайлар арқылы, басқа да құжаттардың көмегімен талдау жасауға болады.
Ғасырдың аяғы мен ғасырдың басындағы Қазақстан даласында үлкен өзгерістер
жүріп жатқан еді. Бұл жылдар әртүрлі қайшылықтарға толы болды. Қазақ
даласында Ресей империясының отарлау саясатының күшеюі, капиталистік
өндірістің қалыптасуы сияқты құбылыстар сол ірі өзгерістердің басты
белгілерінің қатарында болатын.
Сонымен қатар, Ресейдің өз ішіндегі жағдайлар: 1905 жылғы орыс
революциясы, Ресей әкімшілігінің іштей іруі айқындалған болатын. Ұлттық
интеллигенция қоғамдық саяси, экономикалық өзгерістерге білек түре кірісті.
Қазақ қоғамының сана сезімі мен парасаты бүкіл ресейлік дамудың деңгейіне
көрінуіне олар ерекше қызмет етті.
Ғасырдың аяғы мен ғасырдың басындағы қазақ қоғамында азаматтық деген
ұғым жаңа сипат алған. Жаңа сапаға ие бола басаған кезі. Оған себеп болған
қоғамдық сұраныс қазақ елінің зорлықшыл отарлау саясаты нәтижесінде шұрайлы
атамекенінен ысырылуы еді. Ал осы азаматтық ұранын биік көтерген жас ұлттық
интеллигенция болатын. Бұған дейін жер дамуымен ел намысында қайрат
көрсетіп, көсемдік танытып келген батыр, би ақсақалдары болатын.
Әрбір тарихи кезеңнің қайталанбас өз ерекшеліктері, бітім болмысы
болады.
Қазақ жерлеріне ашықтан–ашық переселендерін қаптатып, ал жергілікті
елді қамау объектісіне айналдырған қуатты империяға қарсы тұру үшін айшалы
жаумен аңдыса алатын, халықың сезімімен бірге ұлттық санасында қозғау сала
алатын саяси терең әлеуметтік күш керек болды. Ондай күш метраполиялық
басқару аппаратты өмірге әкелген, сан жағынан көп емес ұлттық интеллегенция
еді.
Қазан төңкерісі қарсаңында жоғары білімді қазақ азаматтарының саны екі
жүздің үтсінде, ал арнаулы орта білімділерінің саны мыңнан асып жығылатын.
Олардың арасына Сұлтан тұқымынан шыққан заң қызметкерлерінен бастап, қара
жаяу шаруа ошағынан дәрігер мен мұғалімдер де бар болатын. Бес-алты
миллион халық үшін бұл келірілген санның көп емес екендігі түсінікті. Бірақ
ұлттық интеллигенцияның өз елінің өмірінде алатын орны мен салмағы ең
алдымен оның саны мен өлшенбесе керек 14.463..
Батыс пен Шығыс бірдей қозғалысқа келген тарихи кезеңде саяси қызметін
бастаған қазақ қығандарына өз елінің болашағы үшін тер төгіп, абыройлы
қызмет ету үшін санының аздығы кедергі бола алған жоқ. Жаңа қалыптасып келе
жатқан қазақ интеллигенциясының белгілі бір бөлігі зорлықшыл биліктің қол
шоқтары болды, халықты тонауда патша шенеуліктерінен асып түсіп жатты. Олар
үкімет жарлықтарын халыққа жеткізуші солардың орындалуын барлаушы,
мемлекеттік ресми идеологияны қоғам санасына сіңіруші, қажет болса, тыңшы
да міндетті атқарды.
Бірақ бағымызға қарай, ұлттық интеллигенцияның қоғамдық бітім болмысын
анықтаған бұл топ емес еді. Қазақ оқығандарының ең белсенді, өндірімді
еңбек еткен бөлігі патшалық билікке қарсы оппозицияда болды. А. Байтұрсынов
сөзімен айтқанда, жетім қалған халқының, жесір қалған жерінің жоғын
жоқтады. 1905 жылы жазылып олардың манифесіндей болған Қарқаралы
петициясынан бастап 1917 жылы өмірге келген Алаш партиясы мен Алаш үкіметі
аралығына дейін – олар жүріп өткен азапты ізденіс пен күреске толы жолы
еді. Қазақ оқығандарының алғашқы буынының бұл кезеңдегі ұстанған бағыты
қазақ қоғамының сол тарихи кезеңдегі даму деңгейінен туындап жатты.
Сондықтан да оларға пролетарлық қозғалыстың негізінде қалыптасып, даму
алған коммунистік идеологиялық кері, бостандық теңдік туысқандық ұрандарын
әлемге жария еткен, бұл ұрандардың шектеулі болсада буржуазиялық ңұсқасын
өмірге әкелген буржуазиялық демократия анағұрлым жақын, түсінікті көрінді.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ ұлттық қозғалысының бастаушы болған
ұлттық интелигенцияның большевиктер партиясымен келісе алмаушылыққа алып
келген негізгі себеп осы еді.
Ғасырдың басында орталық тәуелдікке қарсы көтерілген елдердегі ұлт-
азаттық күрес бастаушыларынан комунистік идеологины бүтіндей
қабылдамағандығын көреміз және бұл толық табиғи қозғалыс болатын . Өйткені
ұлт - азаттық күрестің алдында тұрған бірінші кезекті міндет таптық
еркіндік емес, ұлттық саяси еркіндікке жету, яғни метраполиядан – тәуелсіз
ұлттық мемлекет құру керек болатын.
Ғасырдың басында ағым қазақ қоғамым үшін өмірлік мәні бар мәселе,
әрине жер еді. Патшалық әкімшілік заңдық негізде де, түрлі құйтырқы әдістер
арқылы қазақтардың ең құнарлы жерлерін ішкі Ресейден көшіп келген
қоныстанушыларға алып беріп отырды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамының
дәстүрлі мал шаруашылығы бұрын болмаған дағдарысқа ұшырады. Оның этнос
ретінде өмір сүруіне қауіп төнді 13.312..
Мемлекеттік Дума мінбесін пайдаланып, Орталық өкімет орындарына
әртүрлі шағындар ұйымдастырылып, орыс тіліндегі басылымдар арқылы мәселеге
орыс демократиялық қауымының назарын аударып, табанды күрес жүргізді.
Ғасыр басындағы орыс басылымдарында, Шығыс елдерінде кең тараған
Тәржіман, Уақыт сияқты татар, сондай- ақ Айқап, Қазақ сияқты
қазақша газет–журналдарды ұлттық интелегенциия өкілдерінің жазған сансыз
көп мақалаларындағы ортақ ең өзекті тақырып осы жер мәселесі болды.
Кез–келген отарлау саясаты жергілікті халықты шоқындыру, оны өзіне
рухани тәуелді ету сияқты қосымша шараларсыз баянды болмайтындығы белгілі.
Мұндай саясаттың түпкі мақсаты отарлаушы халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан
салт-дәстүр, дін, рухани мәдениет туралы сол халықтың өзінің санасында
теріс пікір туғызу, ол жасаған рухани қазынаның екендігіне шек келтіру
патшалық биліктің бұл саяси – экономикалық және мәдени экспансиясының тек
ұлт-азаттық күрес пен ғана жауап беру мүмкін еді. Ол халықты ондай күреске
малып шығу алдымен оның ұлттық санасын оятып, оған шын мәніндегі өз ауыр
жағдайын түсінуге көмектесу керек болды 18.222..
Сонықтан да ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция қоғамдық саяси
жұмыспен бірге ағартушылық қызметті тең алып жүрді. Олардың күшімен жарық
көрген Қазақ газеті екі миллион тираждан астам кітап өз оқырмандарына ең
алдымен қазақ шындығын терең түсініп, қорытуға, сол арқылы ұлттық сананы
қалыптастыруға қызмет етуге тиісті болды. Қазан төңкерісі қарсаңында қазақ
қоғамдық санасы азапты дамудың азды-көпті жолымен жүріп өтсе, ол ең
алдымен ұлттық демократиялық интеллигенцияның еңбегі болатын.
Әрине, бұл арада ғасыр басындағы ұлттық интеллигенцияның өз елі
алдында сіңірген еңбегін толық тізіп шығу мүмкін емес. Ол туған халқының ең
ауыр тарихи кезеңінде, яғни ортағасырлық ұйқыдан ояну прогреске бет бұру
әлемнің басқа халықтарымен бірге өзінің табиғи құқығы - азаттық пен
теңдікке қол созған кезеңінде өмірге келіп, осы биік мақсаттарға бар жан-
тәнімен қызмет етті және сол жолда азаттықтың озық үлгісін танытты.
Бұл кез-келген елдің көңілінде мақтаныш сезімін туғызатын ерлік
болатын.
Аталған газет жөнінде мына мағлұматтарды келтірелік. Қазақ -
қоғамдық саяси және әдеби газет. 1913 жылдың ақпан айынан 1918 жылдың
қыркүйегіне дейін аптасына бір рет, 1915 жылы жұмасына екі рет Орынбор
қаласында үзбей шығып тұрды. Алғашқы жылдары 3 мың дана, кейін тіпті 8 мың
данаға дейін көбейтіліп, газеттің таралу аймағы да кең болған.
Газет материалдарына жүгінсек, әрісі Түркиядан берісі Санкт-
Петербург, Мәскеу, Уфа, Ташкент қалаларынан, сонымен қатар қазақ даласының
барлық облыстарына тұрақты жаздырып алушылар болған. Сол кездің өзінде
Қазақ газеті жер - жерде тілшілерін ұстанған.
Қазақ газетінің негізгі тақырыбы - қазақ зиялыларының саяси
көзқарастарын білдіру.
Онда езгідегі халықтың ой-санасын оятып, саяси көзқарасын
қалыптастыратын мақалалар жиі жарық көргендіктен, патшалық әкімшілік бұл
газетті тұрақты түрде бақылауға ұстаған. Қазақтың басты мақсаты қазақ
халқының ұлттық болмысын, ерекшеліктерін сақтау болды. Тіпті, газеттің
қазақ деп аталуының өзі орыстардың қырғыздар деген қате атауына ішкі
қарсылықтан дүниеге келген 28.166..
Әуелі – газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі деген А.Байтұрсынов
анықтамасы Қазақтың бірінші санында жазылды. Ал газеттің неге Қазақ деп
аталғанын: Аталы жұртымыздың, ауданды ұлымыздың аруақты аты деп,
газетіміздің есімін Қазақ қойдық. Ұл үшін деген ұлғаюына күшін қосып,
көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін
десеңдер, азаматтар тура жолдың бірі осы! Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан
келгенше істеп кетелік деп жазыпты.
Қазақ төңкеріске дейін шыққан ұлттық басылымдарда ең көп жазылғаны
Қазақ газетінің бірінші бетінің оң жақ шекесінде қазақ ауылының ұлттық
бет ажары - киіз үйдің суреті салынып, оның етегіне Қазақ деп араб
графикасымен жазылған. Материалдардың орналасуына келсек, негізінен өр
бағанға орналасқан. Қоғамдық - саяси мәселелер бас мақалаларда, ал
әлеуметтік – экономикалық жағдайлар бірнеше нөмірлерге жарияланып тұрған.
Ішкі хабарлар, Сыртқы хабарлар, Басқармадан, Өлең-жыр бөлімдері
болған. 1915-1916 жылдары Соғыс, Газеталардан деген айдарлар қосылған.
Газет өз тұсында өте көп тараған басылым болды. Газет алғашқы жылдың өзінде-
ақ 3 мыңнан астам тиражбен тарады.
1. Торғай – 694, 2. Семей-612, 3. Ақмола-586, 4. Сырдария-327, 5. Орал-
301, 6. Жетісу-157, 7. Ішкі ордалық - 136, 8. Ферғана – 30, 9. Самарқан
–8, 10. Закаспий-5, өзге жерлерден: 1. Орынбор –37, 2. Уфа-14, 3. Қазан –
13, 4. Қытай қазағы - 10, 5. Петербург-9, 6. Түркия-5, 7. Мәскеу – 3, 8.
Томск – 3, Қазақ - 3007 дана болған.
Мұның басты себебі қазақ тарихының қилы - қилы кезеңдерінде замана
ағымын, саясат аңғарын айнытпай тануында. Танып қана қоймай, ұлтына азаттық
жолын сілемін тауып, сүрлеуін нұсқады. Бостандық пен азаттық таңын аңсаған
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сынды қыран ойлы қазақ зиялыларының
күш жігері, қайраты мен табандылығының арқасында дүниеге келген 25.22..
“Қазақ” ұзақ жылдары бойы тапшыл саясаттың тозағына қарылған. Ақ-
қараны айыртпас солақай саясат дегеніне жетіп, “халық журналының” газетін
85 жыл бойы ел көзінен тысқары ұстаған.
Ұлттық баспасөз органдары қатарында “Қазақ” газетінің алатын орны
ерекше. Өйткені ол басқа басылыммен салыстырғанда ұзақ мерзім шығып, 265
саны жарық көоді. “Қазақты” дүниеге келтірген және оның тұрақты
авторларының қатарында Алаш қозғалысының бүкіл халық таныған жетекшілері
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы
азаматы мен оларды сенімді серіктері “Қазақ ” газеінің жалпыұлттық басылым
дәрежесіне көтерді.
Қалған ұлттық баспасөз органдары мұндай дәрежеге жете алған жоқ, олар
қысқа мерзімде жарық көрді, халыққа кеңінен таралып үлгермей жатып жабылып
қалды. Мысалы, 1918 жылы Қызылжарда шығып тұрған “Жас азаматтың” жиырмадан
астам саны “Абай” журналының (1918, 12саны) ғана оқушылар қолына тиген.
“Қазақ” өз тұсындағы ең мол тиражды газет болған. Әрине, үнемі бір
қалыпта сақталып, ұдайы өсіп отырмаған. Қазақ та барлық басылымдарға тән
құбылыс өрлеу, бәсеңдеу кезеңдерін басынан өткізген.
Қазақ жұршылығының көңілін тауып “шыққалы бері қазаққа не керегін, ол
керегіне қолы жетуі үшін не керегін” жазып тұрған “Қазақ” осылай дүниеге
келген. Оның алдына жетілдіре түсу мақсатары тұрды.
Алғашқы кезеңде газет жолына екі ауырлық кесе көлденеңдеп тұрды.
Алдымен, қаржы мәселесі, сонан соң патша әкімшілігінің “қырағы көзі”-
цензуразы. Әсіресе, соңғысының ауыр соққандығын “Жер аудару”деген
мақаладағы 9 нөмірінен бастап кешегі өзгеріске шейін “тергеу, тексеру,
тінту, абақты, штрафтан “Қазақтың” көзі ашылған жоқ” деген сөздер
дәлелдейді 34.413..
Қаржы мәселесі “Қазаққа” ел – жұрт көмегін аямаған. Газеттің қаржы
жағынан қиындықтан шығуының жолында “Азамат серіктігін” ашуы өте ұтымды
болған.
“Қазақ” газеті серіктікті ұйымдастырудағы мақсатын түсіндіру үшін 1917
жылдың желтоқсанында жазылған “Алаш азамттарына” аты үндеу хатта
А.Байтұрсынов: “Баспасөздің әуелі керектігін түсініп, білу қажет, екінші
білгеннен кейін баспасөзден жұрттың пайдалану жағын ойлап, іс қылу керек.
Басқа жұрттарға қарасақ, олар мұндай істерді екі түрлі жолмен жүргізіп
жатыр”, - деп келе өздерінің екінші жолды таңдағанын айтады. Бұған себеп
“әуелгі жолмен іс жүргізуге бұл міндетін көтерерлік қазақтан байлар
шықпады. Байлар жомарттық қылмады деп қарап отыруға бола ма? Екінші жолмен
іс жүргіуді ойлап отырмыз. Қазақта кесек сана шығарарлық байлар аз
болғанымен, өз санасымен, адамгершілігімен көмектесе серіктікке аз емес:
“Қазақ” газетін мұнан былай Алаш азаматтарының серіктесіп қосылған пұлымен
жүргізбекшіміз”, - деп жазды.
“Азамат серіктіктігінің” басты мақсаты “Қазақ” газетінің аяғын нық
бастырып, жүргізіп жібермек. Онан басқаларын кезінде шамамызға қарай
көрмекпіз. Серіктікке кіретін азаматтарға лайықтағанымыз бір басына жүз
сом” - деп жалғастырады одан әрі А.Байтұрсынов бастаған абыройлы істі
қазақтың алдыңғы қатарлы азаматтары көтеріп кетіп “Азамат серіктігіне”
кірді. Олар “Қазақ” берген тізім бойынша: М.Дулатов, А.Байтұрсынов,
Бадрисафа Байтұрсынова, А.Богитаев, Ғ. Бөкейханов т.б. 39.133.
“Қазақ” шығарған басылымның ұзаққа бармасына үйренген жергілікті патша
шенеуніктері Қазақ ұзамай жабылады деген үмітте болды. 750 сомдық қорымен
іске кіріскен газеттің ұзаққа бармасына сенген әкімшіліктің сенімі орынды
да еді. Бірақ газет тиражы күрт түсіп кеткен жылдарды да бастан өткеріп
отырған. Мұндай қиындықтар тұсында жазылған “Ауқатты алаш азаматтарына”
деген мақалада: “Газет биыл мың алты жүзге түсіп қалды... Он облыс қазақ
ұлты үшін шыққан бір журнал, бір газет еді, журнал алдырушы аздығынан
тоқталады, енді жалғыз газет қалды, - деп реніш -өкініш білдірген.
Ал 1915 жылғы 4 қаңтардағы санындағы жарияланған “Құрметті
оқушыларымыз” атты мақалада жаңа жылдан бастап аптасына екі рет шығаруға
кірісеміз дей келе А.Байтұрсынов газет шығарудың қиындығына тоқтала кетеді:
“Қазақша газет шығару қиын жұмыстың біреуі”. Қиын екендігін “Қазақ” газеті
шыққаннан кейін біліп отырмыз. Заман тар, жер жолсыз, қалып тәртіпсіз, іс
құралсыз, халық аңсыз. Заман тарлығынан газет ісіне қандай ауыртпалық
барлығын оқушыларымыз айтпасақ та білер дейміз” - деген.
Бір жағынан қаржы- қаражат қысып, оның қыспағынан бүкіл ел болып,
көптеп - көмектесуінің арқасында құтылса, жандармериялық цензура алдында
бұл күш әлсіз болған. Ол күндерде “Қазақты” қай күні жауып тастайды,
өзімізді қай күні айдап жібереді деген қауіп зор еді “Қазақ”
төңірегіндегілерге.
Бұл тураы “Ахмет Байтұрсынов” деген мақаласында М.Дулатов толық
мәліметтер келтірген: “Редакцияда жиі – жиі тінту болып тұратын,
А.Байтұрсыновты губернаторға не жандарм бастығына жиі жауапқа шақыратын
31.61..
1914 жылы “Қазақ” газетінің 80 нөміріндегі МВД жасап ұсынған қазақ
өлкесін билеу Ережелері А.Байтұрсынов сынағаны үшін Орынбор губернеторы
Сухамалинов оған редактор ретінде 1500 сом айып салды, ал ондай сома
төленбеген жағдайда А.Байтұрсыновты 3-ай абақтыға жабумен алмасыру жөнінде
бұйрық берді. 1500 сом төлеу газетті жабумен бірдей болғандықтан
А.Байтұрсынұлы денсаулығының нашарлығына қарамастан ... кесімді мерзімге
отыруға келісім берді. Қазанның 20-да А.Байтұрсыновты түрмеге жапты.
М.Дулатов әртүрлі достарына хабар жіберді. Кешікпей редакция адресіне
телеграфпен аударылған ақшалар жауып кетті, осының арқасында А.Байтұрсынов
айыпты толық төлеген соң, 4-5 күн отырмастан босатылды. “Қазақ”газеті
бұдан кейін де талай рет әртүрлі сомаға, тіптен , кейде 3000 сомаға
жетерлік айыпқа тартылды.
“Қазақ”тарихы – еркіндік шежіресі. “Қазақ”газетінің соңына түсушілер
қазақ арасында да кездесіп отырған.
“Қазақ” 1913 жылдың ақпанының 1918 жылдың күзіне дейін шығып тұрды.
Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық
көріп тұрған басылым жоқ. Оның осы 5 жылға созылған аз ғұмыры тарихи
оқиғалардың бар шежіресі мен оның қазақ ұлының энциклопедиялық басылымына
көтерген.
Патшалық Россия тұсында бірнеше рет тоқтатылып, бірақ жабылмаған.
“Қазақ” газетінің толық жабу туралы бірінші нұсқауды Совет үкіметі берді.
Омбы Атқару Комитетінің 1918 жылы жылы 4 наурызда Орынбор Советіне берген
телеграммасында: “В виду от того, что киргизский орган парии Алаш против
Советской власти, организуя Алаш – Орду, просим немедленно закрыть газету”
деген сипатта нұсқау жолдаған.
Бұл үкім жедел түрде жүзеге асырылды. Сөйтіп, “Қазақ” өзінің 265
санынан кейін тоқтатылды. Бұл аймақтарындағы “өзгеше” ойлаушылардың
болашақта түбіне жетер тұңғыш соққысы болды 48.110..
Осылайша советтік қудалаудың алғашқы кезеңінде болашақ “халықтар
көсемі” басқарған Ұлттар Комиссиараты 1918 жылы ондаған конрреврлюциялық
деп табылған ұлттық ұйымдарды, қоғамдық және баспасөз органдарын жапты.

1.2. “Қазақ” газетінің негізгі мақсат - міндеттері.
“Қазақ” газетінің материалдары тарихшы ғалымдар үшін мынадай екі
тұрғыдан құнды. Біріншіден, газет материалдары ХХ ғасырдың алғашқы 20
жылдығындағы қазақ қоғамындағы болып өткен түрлі қоғамдық, процестерді
зерттеп тану үшін аса бағалы деректер болып табылады. Екіншіден, ғасыр
басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасып, даму арнасында өмірге келген
бұл басылым ең алдымен бостандық үшін күрес идеологиясының
қалыптасуына қызмет етті. Демек, отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке
қарсы ұлттық интеллигенция жүргізген азапты күрестің негізгі идеялық
бағыттары мен кезеңдерін “Қазақ” материалдарынсыз түсіну, әрине мүмкін
емес.
Жер бетіндегі тіршілік иесі еркіндік үшін жаратылған. Өсімдік екеш
өсімдік те қалағанынша өркен жайып, өз қуаты жеткенше күнге қарай бой
созуға ұмтылады. Жан-жануарлар атаулының да, аңсары сол. Ал адам ше? Шыр
етіп дүние есігін ашқаннан бастап, құндақтауға көнбей еркіндікке талпынған
тірі пенде қашан жер қойнына кіргенше өз мүддесі жолында тырмысып, тырбанып
өтпей ме?
Шыққан тегі мен өскен тарихының, әдеп-ғұрпы мен мінез-құлқының ,
табиғи ортасы мен шаруашылығының, ең соңында, тілі мен дүниетанымының
ортақтығы бір ұлт етіп ұйытқан кез-келген халықты, әлгі жеке адам сияқты
ғұмыр бойы азат ел болуды, жұмыр жер бетінен адамзат тарихынан өзіне
лайықты орнын алуды армандап өтеді.
Үш жыл бойы бодандық бұғауында тұншыққан қазақ халқының қайтадан
дербес мемлекетін орнатып, айналасы төрт – бес жылдың ішінде төрткүл
дүниеге танылуына жеткізген қандай ұлы күш еді – деп таң қалатындар болса,
сол ұлы күш осы – ғасырлар бойы халқымыз көкірегінен өшпеген азаттық рухы
44.98..
Ұлы Абай айтқандай: “Өз еркіміз өз қолымыздан кетіп ”, жат жұрттың
қабағына жалтақтаған үш ғасыр бойғы өзгеге тәуелділік халқымыздың бірнеше
буын ұрпағының бойындағы елдік, отаншылдық, ұлтжандылық рухын езіп–жаншып,
дүниетанымымыз бен ділімізді әртүрлі қитұрқы идеологиялық қисындар
қалыбына салуға тырысып баққаны рас. Бірақ, халық көкірегіндегі тәуелсіз
елдігін қайта орнатсақ деген үміт ұшқыны қоздап жанып, ауық–ауық лап етіп
белгі беріп қалатын. Әсіресе, ХХ ғасырдың басында қаулап өсіп жетілген
ұлттық интеллигенция шоғыры өз халқының болашақ даму бағдарын
айқындауға бел шеше кірісті. Жан-жақты білімдарлық пен парасаттылықты,
саяси күрестің тәсілдері мен қалыптасқан жағдайды шынайы бағалай білуді
жетік меңгерген қазақ зиялыларының бұл тобы бұрынғы ұлт–азаттық
көтерілістердің жалаң қылышпен зеңбіректің аузына қарсы шабатын ақкөз
басшыларынан мүлде өзгеше–тұғын. Олар туған халқының көзін ашып, көмескі
тартқан рухын оятып, біліммен қаруландырып, бірте - бірте тәуелсіз ел
болуға жеткізудің қиын да болса, ең сенімді жолын саналылықпен таңдап
алды. Ал халық рухын оятудың басты құралы – ел арасына ресми түрде кең
тарай алатын, бірақ ұлттық идеяны насихаттау басты мұраты болып табылатын
газет ұйымдастыру еді. Міне 1913 – 1918 жылдар аралығында шыққан газет
осы мақсаттарды шебер орындап шыққан болатын. 50.555.
Қазақ газетінің бар мүмкіншілігін ағартушылық мақсатта кең
пайдалана отырып, қазақ демократиялық интелигенциясы сонымен бірге ұлт-
азаттық қозғалыс идеологиясының негізін жасады. Анығырақ айтқанда, ол
идеологиялық принциптер отаршыл әкімшіліктің өктем саясатына қарсы
демократиялық интелегенцияның күнделікті әрекеті нәтижесінде өмірге келіп,
біріндеп өмір талқысынан өтіп, қоғамдық қозғалыстың бағыт-бағдарын
айқындаушы негізге айналды. 1913-1918 жылдар аралығында Қазақ газеті
іске асырған бұл қызымет негізінен мынандай екі бағытта жүрді. Біріншіден,
бұл мезгілде ұлттық демократиялық интелигенцияның алдында тұрған ең басты
міндет барлық езгіге қарсы ұлттық бостандық үшін күрестің бағыт-бағдарын
және күрес әдістерін айқындау болды. Екіншіден, саяси бостандыққа жету
феодалдық тәртіптер мен қатынастарға, күні өткен салт-дәстүрге, қоғамдық
мерездерге қарсы бітіспес күреспен бір мезгілде жүруге тиіс еді. Соған
байланысты ұлттық интелегенция өз еркінен тыс феодалдық мешеулікпен күрес
принциптерін анықтауды да қолға алды.
Өкімет орындарының түсінігі бойынша, Қазақ ең алдымен
самодержавиелік биліктің ішкі және сыртқы саясатын, дала өміріне қатысты
қаулы-қараларын қазақ еліне жеткізіп, оларға билік тұрғысынан түсінік
беруге тиіс. Газеттің мұндай міндетін А.Байтұрсыновтың 1914 жылы 8 қарашада
газетті жетісіне екі рет шығарып тұруға рұқсат сұрап, өз қолымен
губернаторға жазған арызына қосымша тіркелген газет бағдарламасынан да
байқау қиын емес. Он бес тармақтан тұратын бағдарламаның алғашқы үш тармағы
бойынша, газет халық арасында насихаттауға өз мойынына мынандай
міндеттерді алады:
1. Қазақтарға қатысты өкімет нұсқаулары мен заңдары.
2. Мемлекеттік Дума мен Мемлекеттік Совет жұмысы.
3. Ішкі және сыртқы хабарлар.
Ресми орындар Қазақтың саяси бағытын өте мұқият бақылап отырған.
Газет редакторы мен шығарушылары өкімет тарапынан күдік туғызбау
үшін, алғашқы жылдары мойнына алған міндеттерге сай материалдар беріп,
түрлі бүркеме айлаларға да барды. Бұл жергілікті биліктің сеніміне кіру,
сол арқылы газетті жабылып қалудан сақтау әрекеті болатын. Жоғарыда
аталған генерал Бабич 1914 жылы наурыз айында Түркістан аудандық жандарм
бөліміне жолдаған аса құпия хатында “... доношу, что в Оренбурге с пятого
января 1913 года действительно издается еженедельная киргизкая газета
подназванием “Қазақ” (Киргиз), которая является единственным краевым
органом, освещающим различные стороны общирного киргизкого края,
распространяя среди населения полезные сведение из разных областей
наук, искусства и техники и знакомит вообще с культурой. Со времени своего
существования газета эта не укланялась от принятой ею программы и
особенно резких статей в ней замечено не было”,-десе, сол жылғы қарашада
Торғай губернаторына жолдаған қатынасында: “Қазақ” – газета прогрессивная
с некоторой тенденциозной окраской” деп бағалайды. Міне, бұл келтірілген
фактілер “Қазақты” шығаруға келісім берген үкімет орындарының оған өз
мүддесіне сай міндеттер жүктегендігін, ал газет шығарушылар оны мойындауға
мәжбүр болғандығын көрсетсе керек.
Дегенмен, “Қазақ” алғашқы сандарынан бастап-ақ сырт көзге мен мұндалап
тұрған айқындамасы бар, көздеген мақсаты оқырмандарына түсінікті газет
болатын 52.120..
Ол туралы А.Байтұрсынов өкімет орындары атына берген арызына тіркеген
газет жоспарында да, газеттің алғашқы сандарының бірінде оның мақсат-
мүддесін білдіруге арналған мақаласында да айтқан жоқ-тын. Бірақ “Қазақ”
алғашқы санына бастап, өзекті саяси мәселелерге арналған мақалалары арқылы
да, тіптен кішкене жарнамалар арқылы да сол түпкі мақсатқа қызмет етуге
бар күшін салды. Ол мақсат - ортағасырлық мешеу феодалдық тәртіптер
құрсауында жатқан қазақ қоғамын ояту, оны қараңғылық пен ұлт-азаттық
езгіге қарсы күрес жолына алып шығу еді.
“Қазақ” газетінің шығарушылар алқасы атынан берілген 1913 жылғы
газеттің №1 санындағы құлақтандыруда: “Газетіміздің көп мақсатының бірі –
басқадан алып, өзімізден барын жиып, қазақ тілінің бетін жөндеп, жолын
ашпақ, сондықтан қазақтың мақалдары, тақпақ сөздері, басылған өлеңдер,
қиссалар бәрі де қабыл алынады, басылмай қалған сөздер қатарылмайды”
делінген.
Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің
ең түйінді мәселелеріне, қазақ шаруашылығы жағдайына, жер мәселесіне, басқа
елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен
мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған құнды
мақалалар жарияланды 54.125..
Қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлейхан
Бөкейхановтар: “газеттің ең әуелі белгілі ұстанған жолы, жұртына арналған
мақсаты, оған бастайтын бағыты, жөні боларға, газет әдебиет табына жататын
болғандықтан, жазылған сөздер мағына жағынан толымды, көңіл жағынан
қонымды, түзу жағынан тәртіпті, сын алдында сымдай болуға тиіс” - деп
газеттің өз жолы, белгілі мақсаты мен бағдары болумен қатар, газет сөзінің
әсерлі болуына оның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлді.
Газеттің өзінің ұстанған жолымен жүріп, ұлт мақсаты үшін қызмет
еткендігінің дәлілі оның тарихы болса, газет сөзінің оқырмандарға әсерлі
де түсінікті болғандығының, көңілдеріне қонғандығының дәлелі Мұхтар
Әуезовтың: “Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп,
өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таның салқын
желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған “Қазақ” газеті болатын деп жазуы
оны үстіне газет авторларының: “...газетте өз атымыздан басылған сөздің
бәріне де иеміз” – деп айтуы, газет сөзінің сенімділігін аттыра түседі.
Келтірілген мысалдар “Қазақ” газетін шығарушылардың өз ісіне асқан
жауапкершілікпен қарағандықтарын көрсетеді. Бұл фактор газет
материалдарының шынайылық дәрежесінің жоғары болуына әсер ететін негізге
факторлардың бірі.
Газеттің авторлары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және Әлихан
Бөкейхановтың “Қазақ” газетінде жарияланған мақалаларының деректік
ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, алдымен олардың өздері шығарып отырған
газетке үлкен үміт артып, оған аса үлкен жауапкершілікпен қарағандығын
айтуымыз керек. “Қазақ” газетінің бетіндегі алғашқы сөздерін “заманына
қарай адамы” деген сөз бар – деп бастаған Ахмет Байтұрсынов, сол заман
талабына сай амал жасауға көмектесетін нәрсенің бірі газет екендігін айта
келе:
“Әуелі газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі” – деп, газеттің халық
өмірінде алар орнын жоғары бағалай келе, сол газет арқылы: “Дүниенің
төріне тырысқандар төрден орын алып жатыр. Тырыспағандар есікте қалып
жатыр. Есікте қалмай, төрге тырысалық. Басқалар төрге бара жатқанына қарап,
бізде солардың істегенін істейік – деп, қазағын өзге ғасырлардан орны
бөлек ХХ ғасырға лайық іс қылуға, яғни газет шығаруға шақырады.
Өз жұмыстарын газеттің маңызын айқындаудан бастаған оның шығарушылары
газет жұмысын ел мүддесіне сай ұйымдастырып, оны ел керегіне жаратуға барын
салды. Өздерінің мақсаты: “...ананы-мынаны жазып, қағаздың төрт бетін
шұбарлап, тасқа басып шығару емес, елді жақсылыққа бастап, жаманшылықтан
сақтайтын газет шығару екендігін айтты. Олардың ойынша: “газет адасса,
көпті адастырады, жаңылысса көпті жаңылыстырады. Сондықтан қызметін дұрыс
атқарамын деген газет жұртты бастар жерінде жан-жағына қарап, аяғын
байқап баспақ, ақыл айтар жерінде ар жақ-бер жағын ойлап аңдап сөйлемек”.
50.569.
Осылайша, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған сол кездегі
қазақ зиялыларының бәрін бір мақсатқа жұмылдырып, солардың үнін қалың
жұртшылыққа жеткізіп тұрған “Қазақ” газетінің бес жыл бойы 265 нөмір
жарық көріпті. Қазіргі өлшеммен қарасақ тым аз. Бірақ, сол замандағы
қалыптасқан ахуал тұрғысынан бағаласақ, отаршылық езгідегі елде
отаршылдардың көз алдында жария түрде тәуелсіздік идеясын насихаттайтын
газетті бес жыл шығарып тұру ерлік болатын.
“Қазақ” газеті осынау аз ғұмырының ішінде барша қазақ зиялыларын
ортақ мақсат жолында топтастыра алды, тынымсыз соғылған қоңырау сынды
халықтың қалғи бастаған рухын оятып, мыңдаған зерделі жасты тәуелсіздік
туының астына жинай білді. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ірі қоғамдық ұйым
“Ұлттық-демократиялық” Алаш партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да,
осы газет заман аударылып төңкеріле бастаған тұста Қазақ елін аласапыраннан
аман-есен алып шығып, автономиялық мемлекет мәртебесіне жеткізуді мұрат
тұтқан Алашорда үкіметінің үні болған да осы газет. Амал не, сөз жүзінде
езілген ұлттар құқығын мойындауды жария еткенімен іс жүзінде мүлде басқа
принципті басшылыққа алған Кеңес өкіметінің қаһарына қарсы тұру мүмкін
болмай қалды...
Алайда, “Қазақ” газеті өзіне жүктелген міндетті орындап мақсатына
жетіп үлгерген еді. Оның тәуелсіз ел болуға шақырған үні ұрпақтан ұрпаққа
жаңғырып жетіп, үзілмейтін ұлы сарынға ұласқан “Қазақ” – газеті, - деп
жазды. М.Әуезов 1913 жылы “Шолпан” журналында – “Ел дертінің себебін ұғып,
емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жинап, патша саясатына
қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де, іске қарай аяқ басамыз
деп, талап қыла бастаған уақытқа келді. Бұл тұтынған жолында “Қазақ” газеті
өз міндетін дөп атқарды”.

1.3. “Қазақ” газетінің негізгі авторлары.
ХХ ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында ой-пікірдің өрлеуіне
мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну
дәуіріне жол ашқан кезең. Осы аса ұлттық сананың ең өнімді саласы -
әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші – баспасөздің күрт алға басуы белең
алды. Бұл кезеде Абайды жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау шегіне
көтерілсе, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, тәрізді алыптар әдебиет
айдынында шығып көркемдік сипаты саны дүниелері арқылы әдебиетімізді жазба
түрін жаңа белесерге көтерді. “Қазақ оқығандарының арасында жаңа белестерге
1905 жылдан бастап-ақ ревалюциялық идея, ұлттық теңдік пен азаматтыққа
үндеу етек алды. Жаңа оянып келе жатқан қазақ интелегенциясының ол кездегі
тең берушілері Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов болды”.
Расында, олар ұлттық - азаттық жолындағы күрестің, халықтық қозғалысың
басы тұлғалары болды. Сонымен бірге алғашқы орыс революциясыының саяси
әлеуметтік мәнін терең түсініп, қазақ халқын езгіден құқаруға, сөйтіп
егемен ел болуды, өнер-білім жолына түсуді арман етті. Алашорда үкіметін
құрып, оның төңірегіне ұстары мен ізгі ниетті адамдарды топтастырғанда да
қазақ халқының мүддесін көздеп, ұлттық мәселелерді алдыңғы кезекке қойды.
Осынау зиялылар арасында ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап
адасырмас даңғылға алып шығуға ұмыған жаңа тұлғалар жоғары қоғамдық өмір
көріне бастады. Сол көшбастаушылардың ең танымалысы –Ахмет Байұрсынов.
А.Байтұсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан
революциясына дейін де, одан кейін де аянбай адал қызме еткен ірі
қайраткер, үлкен талант иесі, тариха орны айрықша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі
«Қазақ» газетінің шығу тарихы
Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала
Қоғамдағы газеттің рөлі
Қазақ публицистикасы мен «серке» газетінің тарихы
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Қазақ газетінің зерттелуі
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті
Көлбай Тоғысовтың қызметі
Пәндер