Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері



Мазмұны

Кіріспе
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру. экономика дамуының негізі ретінде
1.2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетіктері
1.3. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Инвестициялық ахуалдың қазіргі жәйі
2.2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудағы проблемалар
2.3. Инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жетілдіру жолдары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын қалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұрған әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыратын инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан, қазіргі кезенде инвестициялық үдерісті қай жағынан болмасын зерттеу өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс.
Қазақстандағы инвестициялық үдерістің дамуы алғашқы кезеңде дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын шетел инвестициялармен тікелей байланысты болды. Халықаралық капитал қозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүниежүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықта шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік пен қарыз капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Ал, еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуда, экономикамыздың дамуын тұрақтандырып, әлеуметтік саласын өркендетуге инвестициялардың, соның ішінде елдің қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыру үдерісінің маңызы аса зор.
Әрине, бұндай жағымды үдерісті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы жылдары мұндай мүмкіндіктер жиі көзге түсуде. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті инвесторлар үшін қолайлы ивестициялық ахуалды қалыптастыру маңызды мәселе болып қала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз қажет. Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра түсіру қажет.
Диплом жұмысының деректік негізі ретінде Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы», «Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы» және «Инвестициялық қорлар туралы» заңы, сонымен бірге С.Б.Мақыштың «Инвестициялық қаржыландыру және несиелеу» атты оқу құралы және ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің өткен жылдардағы статистика деректері алынып отыр.
Инвестиция саласында нормативтік-құқықтық, салық және әкімшілік өзгерістері мен жеңілдіктері енгізілген ҚР «Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы» заң жобасы 2014 жылы қабылданған заң жобасы. Бұл заң жобасы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ұсынылып, қабылданған.
Серік Биханұлы Мақыш экономика ғылымының докторы, профессор, Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «қаржы» және «банк ісі» мамандықтары бойынша бойынша дәріс беретін ұстаз. С.Б.Мақыштың оқу құралдары ҚР Білім және ғылым министрлігімен мақұлданған және жоғары оқу орындарына негізгі оқу құрал ретінде ұсынылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» заңы;
2. С.Б.Мақыш «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» оқу құралы;
3. Б.А.Райзберг, Л.Ш.Лозовский, Е.Б.Стародубцева «Современный экономический словарь», 3 басылым, Мәскеу;
4. Б.А. Колтынюк «Инвестиционные проекты», Санкт Питербург, 1999ж
5. В.Беренс, П.М. Хавранек «Руководство по оценке эффективности инвестиций», Мәскеу, 2000 ж.
6. ҚР «Шетел инвестициялары туралы» заңы 27.12.1994
7. П.И.Вахрин «Инвестиции», оқу құралы, Мәскеу 2003 ж.
8. И.В.Липсис «Инвестиционный проект; методы подгатовки», Мәскеу, 1998 ж.
9. Б.И.Ефимов «Инвестиционный комплекс технического процесса», Мәскеу, 1996 ж.
10. К.К.Ильясов, В.Д.Мельников «Финансы», 2 басылым, Алматы, Қаржы-қаражат, 1997 ж.
11. В.П.Жданов «Организация и финансирование инвестций», Калининград, 2000 ж.
12. Р.М.Кэмпбелл, Л,Стэнли «Брю Экономикс», Мәскеу, 1992 ж.
13. «Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация», 2003 ж.
14. Сараев А. «Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері», Ақиқат, 2000 ж.
15. Доронина А.Г. «Регулирование иностранных инвестиций», Мәскеу, 2000 ж.
16. Мороз С. «Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы», Қазақстан жоғары мектебі, 2003 ж.
17. Куртов Р. Бәсекеге қабілетті елдердің базалық тұжырымдамалары, «Модернизация высшего образования как залог конкурентоспособности экономики Республики Казахстан» // Материалы Международной научно-практической конференции, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру- экономика дамуының негізі ретінде
1.2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетіктері
1.3. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Инвестициялық ахуалдың қазіргі жәйі
2.2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудағы проблемалар
2.3. Инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жетілдіру жолдары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын қалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұрған әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыратын инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан, қазіргі кезенде инвестициялық үдерісті қай жағынан болмасын зерттеу өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс.
Қазақстандағы инвестициялық үдерістің дамуы алғашқы кезеңде дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын шетел инвестициялармен тікелей байланысты болды. Халықаралық капитал қозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүниежүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықта шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік пен қарыз капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Ал, еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуда, экономикамыздың дамуын тұрақтандырып, әлеуметтік саласын өркендетуге инвестициялардың, соның ішінде елдің қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыру үдерісінің маңызы аса зор.
Әрине, бұндай жағымды үдерісті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы жылдары мұндай мүмкіндіктер жиі көзге түсуде. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті инвесторлар үшін қолайлы ивестициялық ахуалды қалыптастыру маңызды мәселе болып қала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз қажет. Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра түсіру қажет.
Диплом жұмысының деректік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары туралы, Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы және Инвестициялық қорлар туралы заңы, сонымен бірге С.Б.Мақыштың Инвестициялық қаржыландыру және несиелеу атты оқу құралы және ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің өткен жылдардағы статистика деректері алынып отыр.
Инвестиция саласында нормативтік-құқықтық, салық және әкімшілік өзгерістері мен жеңілдіктері енгізілген ҚР Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы заң жобасы 2014 жылы қабылданған заң жобасы. Бұл заң жобасы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ұсынылып, қабылданған.
Серік Биханұлы Мақыш экономика ғылымының докторы, профессор, Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қаржы және банк ісі мамандықтары бойынша бойынша дәріс беретін ұстаз. С.Б.Мақыштың оқу құралдары ҚР Білім және ғылым министрлігімен мақұлданған және жоғары оқу орындарына негізгі оқу құрал ретінде ұсынылған.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы және оған әсер етуші шетелдік тәжірибе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстанның инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселесі тәуелсіздік алған жылдардан бастап зерттеліп, жетілдіріліп, дамып келе жатыр. Мәселен жыл сайын Қазақстанда Шетел инвесторларының кеңесі, әлемнің түрлі дамыған мемлекеттерінде ҚР инвестициялық ахуалы туралы конференциялары өтіп тұрады. Мысалы аталмыш экономикалық маңызы зор конференция өткен жылдары Лондон, Мәскеу және т.б. қалаларында ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шараларға қарап еліміздің инвестициялық ахуалы айтарлықтай зерттеліп келетіні анық. Дегенімен әлі де дамытылып, жетілдірілуі тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мәселелесін зерттеп, зерделеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер атқарылуы тиіс:
* Инвестициялық ахуалды қалыптастыру мәселесін қарастыру;
* Қазақстанда инвестициялық ахуалдың қалыптасуын зерттеу;
* Инвестициялық ахуалды қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру;
* Қазақстандағы инвестициялық заңнамаларын зерделеу;
* Қазақстанның инвестициялық ахуалын талдау;
* Шетелдік тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалының қалыптасу тетіктерін зерттеу;
* Қазақстанның инвестициялық ахуалын жетілдірудегі проблемаларын және оны шешу жолдарын қарастыру;
Зерттеудің методологиялық негізі. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру ұғымын, классификациясын, Қазақстандағы шетелдік тәжірибесінің мәнін, сондай-ақ қалыптасу тетіктерін зерттеп, елдің қазіргі инвестициялық ахуалын статистикалық көрсеткіштер негізінде салыстырмалы және аналитикалық әдіс-тәсілдер негізінде талдау. Сонымен бірге инвестициялық ахуалды қалыптастырудың жетілдіру жолдарын қарастырып, ұсыну.
Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен және қосымшалардан тұрады.
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру- экономика дамуының негізі ретінде
"Инвестиция" сөзі латынша "іnvectіre" қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. "Инвестиция" сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, 1991 жылға дейін оның орнына "капитал жұмсалымы" деген сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арысында қандай айырмашылық болуы мүмкін, соған мəн берейік.
Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында "капитал жұмсалымы" деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық əдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған əртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.
Б.А. Райзберг, Л.Ш. Лозовский жəне Е.Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде: "Инвестиция - пайда табу мақсатында өэ елінде немесе шет елде əр түрлі саланың кəсіпорындарына, кəсіпкерлік жобаларға, экономикалық-əлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді " - делінген. [3,140-145 б.]
Лапусты М.Г. жəне П.С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен дайындалған сөздікте: "Инвестиция - табыс алу жəне əлеумкттік теңділікке қол жеткізу мақсатында кəсіпкерлік объектісіне жəне басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар жəне өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, жəне интелектуалдық құндылықтар" - деп түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: "Таза инвестициялау" немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам "инвестициялау" деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi "Экономикстiң" авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- "өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту", яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы. [12, 35-36 б.]
Б.А. Колтынюктің еңбегінде: "Инвестициялау - бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы жəне экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау - бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау" - деп сипаттама береді. [4, 10-15 б.]
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.
Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.
Инвестиция туралы заңға сəйкес "шет ел инвестициясы - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру жəне Қазақстан Республикасының "Лизинг туралы" заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады.
Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады: [6, 8-9 б.]
* халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңадан құрылатын жəне жаңартылатын негізгі қорлар мен айналым құралдары;
* мақсатты ақшалай салымдар;
* ғылыми-техникалық өнімдер;
* интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар;
* мүліктік құқықтар.
Шет ел инвестициясы төмендегідей жолдармен жүзеге асады:
* заңды жəне жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын кəсіпорындарға үлес қосу;
* шет ел инвесторларына толық тиеслі кəсіпорындар, сондай-ақ шет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру;
* кəсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кəсіпорындарға қатысу үлесін, пай, акциялар, облигациялар жəне өзге де бағалы қағаздарды сатып алу;
* жерді жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатып алу;
* займдар мен несиелер беру;
* мүліктер мен мүліктік құқықтар беру".
Өндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар.
Интелектуалдық инвестициялар, интелектуалдық жəне рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.
Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
Инвестицияның төмендегідей типтері болады:
1) Портфельдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына жəне басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары. Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады жəне өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік иневстицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар жəне фирмалар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында портфельдік иневстициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тəуекелге ұшырамайтынан көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғары болса, соншалықты олардың тəуекелі де жоғары болып келеді.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
2) Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар - материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды қайта құру жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кəсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кəсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
3) Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар - кəсіпорынға, жобаларға жəне қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке жəне басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
Сонымен бірге инвестициялар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.
Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары).
Екінші компонент - инвестицияны товар - материалдық қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар - материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.
Тікілей инвестицияның өзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі - бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы - қаражаттан қаржыландыру.
Сыртқы - бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады. [7, 29-33 б.]
Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар. Басқаша айтқанда, құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банктердің инвестициялық қоржынында жетекші рөлге ие болып отырған меншік инвестициялар мен қайталама өтімді резервтер.
Ұсталыным сипаты бойынша:
oo Бірінші инвестициялар немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.
oo Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.
oo Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.
oo Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал - жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру.
oo Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау.
Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:
oo Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу.
oo Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
oo Буртто инвестиция: ол нетто - инвестициямен реинвестициядан тұрады.
oo Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.
Венчурлық капитал инвестициясы бір - бірімен байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар. [8, 44 б.]
Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік. [9, 49 б.]
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанама түрде де салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция - шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорларының жеткіліксіздігінен оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар - бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар - ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Қоржынды инвестициялардың қозғалысына жекелеген елдерде төленетін пайыздық мөлшерлеме нормасындағы айырмашылық мәнді әсерін тигізеді.
Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
І. Макродеңгейде атқаратын қызметтері:
:: ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
:: ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету; :: отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бəсекелестік қабілетін арттыру;
:: экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз ету;
:: əлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мəдениет, білім саласын дамыту;
:: жұмыссыздық мəселесін шешу;
:: инфляция қарқынын тежеу;
:: қоршаған ортаны қорғау;
:: əскери-өнеркəсіп кешенін конверсиялау;
:: мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
ІІ. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:
:: өндірісті кеңейту жəне дамыту;
:: негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық жəне заттай тозуын болдырмау;
:: өндіріс дейңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
:: нақты кəсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру жəне бəсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
:: табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
:: бағалы қағаздар сатып алу жəне басқа кəсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.0
Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық қызметтің жандануына мынадай құралдар көмегімен ықпал етеді:
несие саясаты;
қаржы саясаты;
салық саясаты;
амортизациялық саясат;
ғылыми-техникалық саясат.
Мұндағы амортизациялық саясат мемлекеттің ғылыми-техникалық жəне инвестициялық саясатымен тығыз байланысты. Мемлекет амортицизациялық аударымдарды есептеу жəне пайдалану тəртібіні белгілей отырып, бірінші кезекті негізгі өндірістік қорлардың жаңару жылдамдығын, ұдайы өндірістің қарқыны мен сипатын реттейді.
Амортизациялық саясатты жасау барысында мемлекет мынадай принциптерді ұстанады:
1) инфляция жағдайында негізгі қорларды қайта бағалау дер кезінде жəне дұрыс жүзеге асырылуы тиіс;
2) негізгі қорлардың қызмет ету сипатына қарай амортизациялық аударымдар нормасы əр түрлі жəне олар моральдық жəне заттай тозуды есеп алуға тиіс;
3) амортицзациялау нормасы қарапайым өндіріс үшін жеткілікті болып қана қоймай, сондай-ақ ұдайы өндірсті ұлғайтуға жағдай жасауы керек;
4) амортизацияны жеделдетуді жүзеге асырушы барлық кəсіпорындарға мүкіндік берілуге тиіс;
5) амортизациялық саясат негізгі қорлардың жаңаруына жəне +-ТП-тің жеделдетілуіне қолдау көрсетуге тиіс;
6) амортизациялық саясаты ұрыс жүргізетін коммерциялық кəсіпорындарға көбірек құқық берілуі керек.
ҚР-да амортизациялық аударымдарды есептеу ҚР салық кодексінің 110 бабында көрсетіліп берілген.
Мемлекеттің инвестициялық саясатынан басқа салалық, аймақтық жəне жекелеген шарушылық субъектілерінің инвестициялық саясаттары болады. Бұл саясаттардың бəрі бір бірімен тығыз байланысты, бірақ барлығын анықтаушы мемлекеттік инвестициялық саясат болып табылады
Аймақтық инвестициялық саясат - кез келген бір аймақтың тұрғындарымен жекелеген инвесторлардың мүдделеріне сай инвестициялық ресурстарды жұмылдырып, оларды тиімді пайдалану бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін аймақ деңгейінде жүргізілетін шаралар жиынтығы. Аймақтық инвестициялық саясат төмендегідей факторларға тəуелді болып келеді:
- сол аймақта жүргізілетін экономикалық жəне əлеуметтік саясатқа;
- сол аймақтың иелігінде бар өндіріс қуатының шамасына;
- жағрафиялық орналасу жағдайына;
- табиғи-ахуал жағдайына;
- шет елдік инвестицияларды тартудағы аймақтың тартымдылығына.
Салалық инвестициялық саясат - ағымдағы жəне алдағы уақыттардағы ел экономикасының дамуын жəне ҒТП-ті жеделдетуді, дайын өнімді экспортқа шығаруды, елдің экономикалық жəне қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін шарушылық салаларын таңдап алып, оларға инвестициялық қолдау көрсету шараларын сипаттайды. ҚР-да экономиканың жекелеген саларында қатысты инвестиция тартуға мемлекет тарапынан өзіндік қолдау көрсетіледі.
ҚР Президентінің жарғысына11 сəйкес тікелей отандық жəне шет елдік инвестицияларды тарту үшін біршама маңызды экономика секторларының тізімі анықталған. Оларға мыналар жатады:
- өндірістік инфрақұрылым;
- өңдеу өнеркəсібі;
- Акмола (қазіргі Астана) қаласының объектілері;
- Тұрғын үй, əлеуметтік сала жəне туризм объектілері;
- Ауыл шаруашылығы.
Жекелеген шаруашылық субъектілерінің (кəсіпорындардың) ивнестициялық саясаты - ағымдағы жəне алдағы уақыттары кəспорын жұмысында қарыжылық тұрақтылыққа қол жекткізу мақсатында инвестицияға меншікті, заемдық жəне басқа да қаражаттарды жұмсау тиімділігн қамтамасыз етуге бағытталатын шаралар жинытығы.
Қазіргі уақытта, екі негізгі ұйым даму деңгейі төмен елдерге, соның ішінде Қазақстанға да қаржылық қаражаттар салады. Олар - Халықаралық Валюта Қоры және Халықаралық Даму Банкі.Бірақ, бұл халықаралық ұйымдар приоритетті салаларын қаржыландырады, мысалы, аталмыш салака ауыл шаруашылығы жатады. Қазақстан қазір іс - жүзінде барлық салаларды қаржыландыруды қажет етеді.
Бүгіндері кәсіпорынды концессия көмегімен шетел иелігіне беру жолымен Қазақстан өндірістік процесті қалпына келтіру әдісін дамытуда. Ережеге сәйкес,бұл кәсіпорындар металлургиялық, тау - кен өндірісі,және тау - кен өңдеуші салаларға жатады.
Қандай елдің болса да экономикасына капитал келтіру сол елдегі қалыптасқан инвестициялық ахуалға байланысты.
Инвестициялық ахуал дегеніміз күрделі қаржы келтіруге және он тиімді пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдық, әлеуметтік, тұрмыстық және т.б. факторлардың жиынтығы болып табылады.
Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін қажет:
а) шаруашылық және инвестициялық қызметтің құқықтық базасының тұрақтылығын, тікелей инвестицияны қолдау және ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің ашықтығын қамтамассыз ету;
б) Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларын өңдеу және қабылдау:
oo экономиканың приоритетті секторлары мен өндіріс түрлерінің тізімін кеңейту және нақтылау туралы;
oo тікелей инвестициялар үшін жеңілдіктер мен преференциялар беру тізімі, көлемі және шарттары туралы.
в) салалық инвестициялық информациялық проспектілерді дайындауды қолдау, потенциалды отандық және шетел инвесторларын тарту үшін инвестициялық ақпараттық бюллетень құру, олардың дипломатиялық жолдары бойынша таралуын қамтамассыз ету;
г) өзгеріп жатқан жағдайға байланысты "Шетел инвестициялары туралы", "Банктер туралы", "Лицензиялау туралы", "Сақтандыру туралы" заңдарға қажет өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
д) шетел капиталын қолдану мен оның көлемдері туралы ақпараттың баршаға ашықтығын қамтамассыз ету;
е) жоғары технология аймақтарын құруға кірісу.
Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін отандық және шетелдік инвестициялық белсенділіктің күшеюі үшін ұсынылады:
oo шетел фирмаларымен бірлескен жобаларға көмек беру және оның шығарылуы мен оның жүзеге асуына септігін тигізу;
oo инвестицияларды өңдеу өнеркәсібінің приоритетті салаларына тарту бойынша жұмысты халықаралық қаржылық ұйымдармен сауда-экономикалық ынтымақтастық жобалары мен бағдарламалары және дамыған елдердің үкіметтерінің мақсаты қарыздары шегінде жалғастыру;
oo негізгі капиталға инвестициялауға бағытталған пайда бөлігін салық салудан босату.
Инвестициялық климатты жақсартудың негізгі шаралары ретінде шетел инвесторлары келісімдерді орындау, заңдарды орындауды бақылау, бюрократиялық препондарды жою, салық салу ауыртпалығын жеңілдету міндеттемесін қабылдауды ұсынды. Ал инвестициялаудың оң факторы ретінде республикадағы саяси тұрақтылық, ірі нарықтық потенциял, минералды және табиғи ресурстардың байлығы, жақсы оқытылған және білімді жұмыс күшінің арзандығын атап өтсе болады. Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы жоқ, шетелдік капиталға тән және майда кәсіпкерліктің дамуы маңызды (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық тахника шығару, ауыл шаруашылық техника, ағаш өңдеу, минералдық тыңайтқыштар және өсімдікті қорғау құралдары)
Соңғы кездері шетел кәсіпорындар 100% шетелдік капиталмен темекі, маргарин, кондитер бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың республика көлемінде көбеюі кездейсоқтық емес. Шетелдік инвесторлар қазақстандағы шағын бизнеске қолдау көрсетеді, ішінде ЕБРР, бүкіләлемдік банк, ПРООН, Ситибанк сияқтылар жеке кәсіпкерлерді қаржыландырады. Инвестицияларды таңдау мен тартуда тек қана халықаралық қаржылық ұйымдарға ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы белгіленген өзгертулерді қолдауды жүзеге асыра алатын өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына бағыттау қажет.
Инвестициялық ахуалды жақсарту инвестицияларды шетел - дiктердiң ғана емес, отандық инвесторлардың да экономиканың нақты секторына салуын тиiмдi ететiн, шетелдiк капиталдың құйылуына да, сондай-ақ iшкi капиталдың шетелге кетуiн болдырмауына да жәрдемiн тигiзетiндей iскер ортаны қалыптастыруды талап етедi. Бұл үшiн нормативтiк құқықтық базаны, салық және кеден режидерiн, жұмыс күшi рыногын, жер және жылжымайтын мүлiк рыногын, көлiк және коммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын, банк және қаржы қызмет көрсетулер рыногын одан әрi дамыту қажет.

4.2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетіктері

Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетіктері жайлы сөз қозғамас бұрын, бірінші тетік дегеніміз не? деген сауалға жауап берелік. Тетік термині өзінің шығу тегі техникалық болғандықтан да, оны техникалық категория ретінде қарастырады.
Экономикалық түсінікте тетік - бұл белгілі бір қызметті жандандыруға жəне бір нəрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында тетік термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мəні экономикалық, оның ішінде инвестицяилық саясаттың міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің əрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді. Жасалынған жəне қабылданған инвестициялық саясаты инвестициялық механизмнің көмегінсіз іске асырылмайды. [10, 72 б.]
Инвестициялық тетік - елдің экономикалық жəне əлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін инвестиция түрлерін, инвестицияны қаржыландыру жəне несиелеу көздері мен əдістерін, инвестициялық нарықтың қызмет етуіне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық тəуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
В.П. Жданов өзінің оқу құралында инвестициялық тетікке былай түсінік береді: "инвестициялық тетік дегеніміз жұмыс жасап отырған өндірісті ұлғайту немесе жаңадан құрылатын өндірісті алдын-ала қаржыландыру мақсатында ұдайы өндіріске макро жəне микродеңгейлерде ықпал ететін құралдар мен тетіктердің, инвестицияны қаржыландыру көздерінің, əдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді". [11, 16-36 б.]
Кез келген экономикалық тетік өзара байланысқан, яғни оның бір элементтінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ инвестициялық механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, өзіне тəн ішкі құрылымық элементтері бар.
Инвестициялық тетіктің құрылымы мынадай элементтерден тұрады: (С.Б.Мақыш инвестицияны қаржыландыру және несиелеу)
- мотивациялық буын;
- инветициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру;
- құқықтық жəне əдістемелік жағынан қамсыздандыру;
- ұйымдық қамсыздандыру.
Мотивациялық буын - нақты инвестициялық механизмнің сыртқы экономикалық жəне əлеуметтік ортамен, тиісті экономикалық жəне шарушылық мехнизмдермен өзара əрекет етуін қамтамасыз етеді. Мотивациялық буынға потенциалды инвесторлардың өздерінің қаражаттарын салатын объектілерді анықтау барысында басшылыққа алатын барлық қызмет түрлерінің мотивтерін пысықтау жəне зерттеу шараларын қамтиды.
Инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру - нақты бір жобаның алдына қойған мақсатына жету мақсатына қажетті ресурстармен жабдықтау, сондай-ақ оларды алатын көздердін талдау жəне түрлерін зерттеуді көздейді.
Инвестицияны қаржылындыру көздері мен тəсілдерінің көп түрлі болғанымен де, оларды ұйымдастыру формалары қарай мынадай топқа бөлуге болады:

* Өзін-өзі қаржыландыру (инвестициялау мақсатында өзінің ішкі қаржыландыру көздерін пайдалану);
* сырттай борыштық қаржыландыру (несиелер жəне займдар);
* тікелей ( нақты) инвестициялау;
* жанама (қаржылай) инвестициялау;

Құқықтық жəне əдістемелік жағынан қамсыздандыру қандай да бір елдің аумағында қабылданған заңдарға жəне басқа да нормативтік актілер негізінде инвестициялық қызметті реттеу шараларын, сондай-ақ экономикалық даму бағытындағы жəне нақты бір салалардағы инвестициялық жəне инновациялық қызметті жоспарлау жəне жүргізуге байланысты əдістемелік нұсқаулықтарға негізделеді.
Жалпы, бұл жерде инвестициялық механизмнің инвестициялық қызметке байланысты заңдармен, мемлекеттің, аймақтың жəне кəсіпорындардың дербес инвестициялық саясаттарымен жəне экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталатын айтылады.
Инвестицялық қызметті ұйымдық қамсыздандыру инвестициялаудың алдына қоятын мақсаттарына жетуіне бақылау жасайтын жəне оның дамуына ықпал ететін қажетті ұйымастырушылық құрылымның болуын қамтиды. Жоспарлау жəне басқару əртүрлі жобалар бойынша инвестициялық механизмнің жүзеге асуында ерекше орын ала отырып, инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға байланысты шараларды іске асыруды жəне бағалауды, қаржылық жағдайына талдау жасауды, ақша ағынын қалыптастыруды, инвестициялық ресурстармен есеп айырысу жүргізуді қамтамасыз етеді.
Инвестицияны қаржыландыру жəне несиелеу əдістеріне мыналар жатады:
1) бюджеттік əдіс; 2) қарыздық əдіс; 3) өзін-өзі қаржыландыру əдісі; 4) тікелей инвестициялар есебінен қаржыландыру əдісі.
Мемлекетте қолайлы инвестициялық ахуал жасау тетіктері әртүрлі шаралардың кешенін қамтиды:
* Мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
* Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
* Экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
* Инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
* Нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
* Банктік жүйенің тұрақтылығы;
* Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.
Жалпы алғанда инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетігі ұйымдастырушылық-экономикалық және құқықтық тетіктерден тұрады. Ал инвестициялық ахуалды қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық және құқықтық тетіктері бұл экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық әдіс-тәсілдер мен ұстанымдардың реттелмелі жүйесі, сондай-ақ елдің инвестициялық ахуалын қалыптастыруға әсер ететін және мемлекет тарапымен регламенттелген қарым-қатынастар мен байланыстардың жиынтығы болып табылады.
Бұл тектік елдің немесе аймақтың инвестициялық ахуалының қалыптасуының тұтқасы болып табылады. Аталмыш тектік төменгілерден құралады:
1. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың ұстанымдары, бағыттары мен басымдылықтарының жиынтығы;
2. Инвестициялық ахуалды қалыптастыруға әсер етуші экономикалық әдіс-тәсілдер мен нысандар;
3. Инвестициялық қызметке қатысушы тараптардың мемлекетпен регламенттелген қарым-қатынастары мен байланыстарының жиынтығы;
Қаржы және экономика жөніндегі әкімшілік мекеменің басшылығы
Инвестиция және экономика департаменті
Инвестиция бойынша комиссия
Өкілдер
Инвестиция бойынша үйлестіру кеңесі
Аймақтық билік
инвесторлар
Инвестиция инфрақұрылымы
Инвестицияны тарту агенттігі
Реципиенттермен жұмыс бөлімі
Инвесторлармен жұмыс бөлімі
Инвестиция мәселесіне қатысты ақпараттармен қамтамасыз ету бөлімі
реципиенттер
Қаржы және экономика жөніндегі әкімшілік мекеменің басшылығы
Инвестиция және экономика департаменті
Инвестиция бойынша комиссия
Өкілдер
Инвестиция бойынша үйлестіру кеңесі
Аймақтық билік
инвесторлар
Инвестиция инфрақұрылымы
Инвестицияны тарту агенттігі
Реципиенттермен жұмыс бөлімі
Инвесторлармен жұмыс бөлімі
Инвестиция мәселесіне қатысты ақпараттармен қамтамасыз ету бөлімі
реципиенттер

Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетігі инвестициялық тәуекелді төмендетіп, инвестициялық әлеуетті жоғарлатуға бағытталады. Аталмыш тетік келесі ұстанымдар негізінде жүзеге асады:
* Тікелей инвестицияға бағытталу;
* Инвестициялық тәуекелдің бірінші кезекте төмендетілуі;
* Салыстырмалы артықшылықтарды қолдану;
* Тетік элементтерінің негізгі жиынтығының бейімділігі мен әмбебаптығы;
* Инвестициялық ахуал мен инвестициялық белсенділіктің ара-қатынасы;
* Инвестиция саласының елдің халық шаруашылық кешенімен аймақтық интеграциясы;
Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетіктері келесі негізгі алты бағыт бойынша инвестициялық белсенділікке ықпал етеді:
1. Инвестициялық ресурс ұсыныстарын қалыптастыру; бұл бағытта инвесторларды қолдау жүйесі қарастырылады: инвесторларды ақпараттық қамсыздандыру, ел нарығында қызмет етуде серіктесу, инвестициялық жобаларды дайындау және ұйымдастыру;
2. Инвестиция реципиентері тарапымен сапалы сұраныс қалыптастыру; бұл бағытта реципиенттерді қолдау жүйесі назарға алынады: кеңес беру және әкімшілік ынталандыру;
3. Инвесторлар мен реципиенттер ара-қатынасын айтарлықтай жеңілдететін тиімді инвестициялық инфрақұрылымды қалыптастыру; бұл бағытта инвестициялық инфрақұрылымды дамыту жүйесі қарастырылады: транспорттық, телекоммуникациялық жүйенің, мейманхана және туризм бизнесінің, қаржы инфрақұрылымының дамуы кіреді. Сондай-ақ лизинг, франчайзинг, селенг және инвестиция саласындағы ақпараттық-кеңестік қызметтерді дамыту жатады.
4. Инвестициялаудың нормативті-құқықтық негізін жетілдіру; бұл ретте инвестициялық қызметке қатысушы тараптар үшін ең қолайлы орта дайындалады, инвесторларды қолдау мемлекеттік бағдарламалары жасалынады, инвестицияларды тартудың приоритетті бағыттары анықталады, инвестициялық жобалар тізімі даярланады.
Инвестициялық ахуалдың нормативтік-құқықтық негізі инвестиция саласына қатысты барлық заңдар жиынтығы мен олардың ілеспе нормативтік-құқықтық актілері негізінде жасалуы тиіс. Бұларға инвесициялық қызметті мемлекеттік қолдау заңы, мемлекеттік-құқықтық кепілдік заңы, салық жеңілдіктері туралы заң, инвестициялық салық несиесі туралы заң, экономикалық дамытуды ынталандыру туралы заңы, өкілетті банктер заңы және т.б. жатады.
5. Инвестициялау жолында әкімшілік кедергілерді азайту; яғни қайталама жер нарығының жетілмеуін, салық ауыртпалығын, валюта бағамын реттеу мен кедендік тәртіпті жеңілдету жатады.
6. Инвестициялық тәуекелдікті төмендету - инвестиция саясатын және стратегиясын құру, жетілдіру; инвестициялық тәуекелділікті төмендету жөніндегі кешенді бағдарламалар, инвестицияларды сақтандыру және ақпараттық ашықтық.
Әр бағытта инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің топтарына біріктірілген арнайы әдіс-тәсілдер, амалдар мен ықпал ету формалары болады.
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігі тікелей және жанама түрде ықпал ету формасына қарай үш түрде бөлініп, қарастырылады: әкімшілік, қаржылық және ақпараттық.
Жоғарыда аталып өткен инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері мен түрлері тек кешенді түрде қолданылған жағдайда ғана оңтайлы да тиімді нәтижесін береді.
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің тиімділігі инвестициялық қызмет мониторингісі жүйесі арқылы анықталады. Инвестициялық қызмет мониторингісінің жүйесі инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің негізгі элементтерімен бір мезгілде қалыптасу керек.
Бұл мониторинг келесі блоктардан құрылуы тиіс: инвесторларды қолдау мониторингі; реципиенттерді қолдау мониторингі; инвестициялық инфрақұрылымның даму мониторингі; инвестициялық тәуекелдік динамикасының мониторингі; инвестиция заңнамасының мониторингі; инвестициялық белсенділік мониторингі; әкімшілік кедергілер мониторингі; инвестиция жағдайының мониторингі;
Әр бағыттағы мониторингтің мақсаттары бір. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің тиімділігін бағалау үшін аймақтағы инвестициялық қызметтің кез-келген саласы жөнінде нақты ақпаратқа қол жеткізу жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Кез-келген инвестициялық мониторниг келесі көрсеткіштерге негізделуі тиіс: нақтылық, объективтілік, сәйкестік және тиімділік. Дегенімен инвестициялық мониторингтің ең басты көрсеткіші бұл аймақтағы инвестициялық белсенділік көрсеткіші болып табылады. Аталмыш көрсеткіш негізінде негізгі капиталдағы инвестиция көлемі, материалды емес активтердегі инвестиция көлемі, отандық инвестиция (жекемемлекеттік) көлемі және шетел инвестициясының көлемімен сипатталады.
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің ұйымдастырушылық құрылымы бейімделген болуы керек. Өйткені ұсынылған механизм негізгі мәселелер мен қиындықтарды шешуге бағытталған және әр елдің менеджмент ұстанымдарына бейімделген.

Мақсат пен міндеттер
Ұстанымдар
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің негізді блоктары
Әкімшілік блок
Ақпараттық блок
Қаржылық блок
Инвестиция нарығын дамыту
Инвестициялық белсенділікті арттыру
Инвестиция тәуекелдігін төмендету
Инвестициялық қызметтің мониторинг жүйесі
Инвесторларды тарту және қолдау жүйесі
Инвестициялық инфрақұрылымды дамыту жүйесі
Инвестиция реципиенттерін қолдау жүйесі
Инвестиция тәуекелдігін төмендету жүйсі
Әкімшілік кедергілерді жою жүйесі
Инвестициялаудың нормативтік-құқықтың негізінжетілдіру
Инвестициялық ахуал
Мақсат пен міндеттер
Ұстанымдар
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру тетігінің негізді блоктары
Әкімшілік блок
Ақпараттық блок
Қаржылық блок
Инвестиция нарығын дамыту
Инвестициялық белсенділікті арттыру
Инвестиция тәуекелдігін төмендету
Инвестициялық қызметтің мониторинг жүйесі
Инвесторларды тарту және қолдау жүйесі
Инвестициялық инфрақұрылымды дамыту жүйесі
Инвестиция реципиенттерін қолдау жүйесі
Инвестиция тәуекелдігін төмендету жүйсі
Әкімшілік кедергілерді жою жүйесі
Инвестициялаудың нормативтік-құқықтың негізінжетілдіру
Инвестициялық ахуал

Жоғарыда баяндалып өткендей, инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетігі ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық және әкімшілік тетіктерден құралады. Ал инвестициялық ахуалды қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық және құқықтық тетіктері бұл экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, әкімшілік әдіс-тәсілдер мен ұстанымдардың реттелмелі жүйесі, сондай-ақ елдің инвестициялық ахуалын қалыптастыруға әсер ететін және мемлекет тарапымен регламенттелген қарым-қатынастар мен байланыстардың жиынтығы болып табылады.

6.2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі

Инвестордың бір кәсіпорынға инвестиция салу шешімін алып қарастыралық. Бұл жағдайда инвестор табысты және тұрақты кәспкерлік қызметінің барлық шарттарын ескеріп, бағалайды. Бұл шарттар бірінші кезекте инвестициялық ахуалды айқындайтын әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылықтың, дамыған заңнамалық негіздің, тиімді және тұрақты салық тәртібінің көрсеткіші болып табылады. Яғни елдің инвестициялық тартымдылығы мемлекеттің нормативті-заңнамалық негізіне толықтай тәуелді. Көптеген алпауыт мемлекеттер потенциалды инвесторларды қолайлы шарттармен иландыратын шетел инвестициялары туралы ұлттық заңдарын либерализациялау, заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу немесе жаңа заң қабылдау арқылы шетел инвестицияларының ағымын ынталандырады. Бұл салада мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыру және қолайлы инвестияциялық ахуалды жақсартудың негізгі іс-шараларына келесілер жатады:
1. Инвестициялауға қажетті рұқсат қағаздарын алу тәртібін жеңілдету. Ал кейбір жағдайда бұл тәртіптен босату (мысалы, инвестиция көлемі белгіленген мөлшермен бара-бар келуі; ортақ кәсіпорын құрғанда немесе кәсіпорынға не жобаға қайталама капитал салғанда, яғни қайта инвестиция).
2. Салық демалысын ұсыну немесе белгіленген мерзімін ұзарту, сондай-ақ кейбір салық түрлерінен толықтай немесе ішінара босату;
3. Меншік құқығы саласында жеңілдік беру; мысалы, жүз пайызшетел капиталымен кәсіпорын ашу;
4. Жергілікті кадр даярлау және кәсіпорын дамуы мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу шығындарын салық салу базасынан шегеру мүмкіндігін алу;
5. Шетел қызметкерлерін іске жұмылдыру мерзімін арттыру;
6. Жеделдетілген амортизация мүмкіндігін қолдану;
7. Жергілікті жұмыс күші мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қаржылық жоспарлау, болжау
Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Инвестиция туралы ақпарат
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар
Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні
Пәндер