Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі



Жоспар:
І.Кіріспе
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кассадағы ақшалардың есебі
2. Ағымдағы банктік шоттағы ақшалардың есебі
3. Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі
ІІІ.Қорытынды
Ақшалай қаржылардың түгендеуі.
Қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес активтер- бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар.
Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.
Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы активтерге келесілер жатады:
- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;
- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең шығындары;
- ақшалай қаржылар;
- ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;
- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық қарыздар.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және
олардың эквиваленттерінің есебі
Жоспар:
І.Кіріспе
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кассадағы ақшалардың есебі
2. Ағымдағы банктік шоттағы ақшалардың есебі
3. Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі
ІІІ.Қорытынды
Ақшалай қаржылардың түгендеуі.

Қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес активтер- бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар.
Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.
Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы активтерге келесілер жатады:
- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;
- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең шығындары;
- ақшалай қаржылар;
- ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;
- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық қарыздар.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
oo ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
oo кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
oo есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаржылар - кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.
Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.
Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа мерзімді, жоғары өтімді салулар, олар ақшалай қаржылардың анықталған сомасына және бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт ұйымдар мен кәсіпорындардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома ұйымның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатынад бөлек көрсетілуі керек.
Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 Ақшалай қаржылар бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:
1010 - Кассадағы ақшалай қаржылар;
1020 - Жолдағы ақшалай қаржылар;
1030 - Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар;
1040 - Карт- шоттардағы ақшалай қаржылар;
1050 - Жинақ шоттардағы ақшалай қаржылар;
1060 - Басқа да ақшалай қаржылар.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номері, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: Сенімхат бойынша деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немес түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: Тізімдеме бойынша ақша таратқан деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол Кіріс және Шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: Кіріс және Шығыс ордерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, Кіріс және Шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.
Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күні, айы мен жылын көрсете отырып Алынды немесе Төленді деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ф. №КО-4) жүргізеді, ол номерленуге, төленуге және оған сұрау салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 - Кассадағы ақша шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.
Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 Кассадағы ақшалай қаржылар активті шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. Кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме - касса шоттарының дебеті бойынша.

Кассадағы ақшалар есебі бойынша шаоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
Өнімдерді (қызметті, жұмысты) сатудан табыс алынды
1010
6010
Басқадай активтерді сатудан табыс алынды
1010
6210
Ағымдағы банктік шоттан ақша кассаға алынды
1010
1030
Алдағы кезең табыстары алынды
1010
3520,4420
Есеп беруге тиісті тұлғадан алынды
1010
1250
Аванстар алынды
1010
3510,4410
Кассадан банктік шотқа ақша тапсырылды
1030
1010
Басқадай кредиторлық қарыздар төленді
3390
1010
Іс-сапар шығындарына, шаруашылық шығындарына ақша берілді
1250
1010
Кассадан еңбек ақы берілді
3350
1010
Кассадан теңгемен жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленді
3310,4110
1010
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттық қатынастарды көрсетеді. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдағы, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - шаруашылық операцияларының әсерінен өзара байланысқа ұшырайтын шоттар.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, брокерлер, жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оңашаланған белгілеулері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
Қаржылық құралдардың есебі жайлы
Қаржылық есеп берудің ұсынылуы
Қаржылық қорытынды есебі
Ақша қаражаттары
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі
Өндірісті автоматтандырылған жобалау және техникалық дайындау жүйелері
Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік капиталының есебі
Пәндер