Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері



Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
«Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі»
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы
2.3. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары»
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.
Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді:
 әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
 әуе шабуылының зардаптарын жою;
 бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
 зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
 қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
 ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.

Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.
Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.

2. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996.
3. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.

4. Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2004.

5. В.Ситникова. Основы безопастности жизнедеятельности. М., 1997.

Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
2.2. Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы
2.3. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері
Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.
Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) - деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ - не төмендегідей міндеттер жүктелді:
# әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
# әуе шабуылының зардаптарын жою;
# бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
# зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
# қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
# ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.

Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.
Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
* әр қоғамдағы ең басты және бағалысы - адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту - негізгі мақсат. Адамды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
* халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
* халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
* төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
* зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
* апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
* зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
* төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
* өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
* адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
* территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:
* республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;
* облыстық, қалалық, аудандық штабтар;
* министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;
* АҚ штабтары немесе қызметкерлері;
* азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.
Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:
# азаматтық қорғаныс әскерлері;
# ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;
# арнайы жасақшылар.
Басқару органдары:
# Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;
# республикалық азаматтық қорғаныс штабы;
# төтенше жағдай жөніндегі комиссия;
# облыс әкімі;
# қала әкімі;
# аудан әкімі;
# әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет).
Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.
Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.
Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.
Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары - тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау - маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея - 3 есе азайтады; жабық траншея - 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй - 10-15 есе; Жер астындағы үй - 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі - 400 есе; Көп қабатты үй подвалы - 100-400 есе; арнай салынхан баспахана - 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы - түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиоактивті ластану - жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
# қауіпті зона;
# күшті ластанған зонасы;
# аздау ластанған зонасы.

Ластау мөлшеріне байланысты:
# жарылыс түрінен (бомбаның);
# оның күшінен (неше мегатонна);
# жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
# эпицентрден қашықтығынан;
# жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.

Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.
Азаматтық қорғаныстың қорғану құрылымы
Қорғану құрылымы (убежище)
Радиацияға қарсы панахана (укрытие)
Қорғаныс қасиеттер бойынша
Топтарға
Тұрғызу шарты ьойынша
Арнайы салынған
Икемден-дірілген
Салынуы бойынша
Алдын ала тұр-ғызылған
Тез арада тұрғызылған
Қорғаныс қасиеттер бойынша
Тұрғызу уақытысы бойынша
Сиымдылы-ғы бойынша
Орналасуына байланысты
Қызыметіне байланысты байланысты
Топтарға
Алдын ала тұрғызылған
Теэ тұргызылатын
Кіші (150-600)
сыйымдылы
Орта (600-2000)
сыйымдылы
Үлкен сиымдылы (600 көп ад.)

Қосымша салынған
Жеке тұрғызылған
Жалпы
Арнайы



4-Сурет. Көпшілікті қорғау құралдарының топталуы

Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.
Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.
Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.
Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі
Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Қорғаныс ғимараттары
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары
Өрт туралы түсінік
Пәндер