ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы



Жоспары:
1. Орыс философиясының мәдени.әлеуметтік контексті мен идеялық
алғы.шарттары.
2. Славянофиндер философиясы.
3. П.Я.Данилевскийдің мәдени.тарихи типтер тұғырнамасы.
4. Орыс философтарының (Н.О.Лосскнй, С.Л.Франк, Н.Бердяев) діни
философиялық ізденістері.
5. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселдемесі.
Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған.
Орыс мәдениеті өзі үшін ыңғайлы жағдайды, сонымен қатар, бұзылуды да зорлық ықпалды да басынан кешірген. Соған қарамастан өзіндік реңі, келбеті бар мәдениетті жасай алған, оны не батыстық, не шығыстық типке бірден жатқызу қиын.
Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.
Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.
Бесіншіден, орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды.
Орыс философиясының дамуында мынадай ерекше тарихи кезеңдер болған.
1 кезең – Ресей философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуы – XI-XVII ғасырлар.
2 кезең – орыстың қайта өркендеу философиясы – XVIII-XIX ғасырлардың басы.
3 кезең – XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы философия
4 кезең – кеңес дәуіріндегі орыс философиясы
Орыс философиясы батыста қалыптасқан эмпиризм, рационализм, идеализм сияқты философиялық ағымдар ықпалынан тыс өзіндік жолмен ерекше сипатта дамыған. Сондықтан оның мағыналық жүйесінде батыс адамына түсініксіз кейбір мәселелер де кездесіп отырады.
Орыс философиясына мынадай ерекшеліктер тән:
- діни ықпалдың, әсіресе православие ықпалының молдығы;
- философиялық ойлар мен ізденістердің көркем шығармашылық, әдеби сын, публицистика, өнер түрінде берілуі;
- біртұтастық, яғни орыс ойшылдарының бәрлігі дерлік жеке проблемамен емес, өзекті мәселелердің кешенді жүйесімен айналысқан;
- мораль және адамгершілік мәселелерінің үлкен маңызы;
- нақты;
- көп адамдарға таныстығы.
Орыс философиясының пәнінің негізін қалаған мәселелер:
- адам мәселелері;
- ғарыштық (ғарышты біртұтас бірыңғай организм ретінде қабылдау);
- Шығыс пен Батыс арасындағы Ресейдің өзіндік тарихи даму жолын таңдау мәселесі;
- билік мәселесі;
- мемлекет мәселесі;
- әлеуметтік әділеттілік мәселесі;
- идеалды қоғам мәселесі;
- болашақ мәселесі.
Орыс философиясының алғашқы дәуірі IX – XIII ғасырларды қамтиды. Оның негізгі мәселелері:
- моральдық және адамгершілік ұстанымдар;
- христиандық дінді түсіндіру, оны пұтқа табынушылықпен, байланыстыру;
- мемлекет, құқық, табиғат мәселелері.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Жоспары:
1. Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық
алғы-шарттары.
2. Славянофиндер философиясы.
3. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы.
4. Орыс философтарының (Н.О.Лосскнй, С.Л.Франк, Н.Бердяев) діни
философиялық ізденістері.
5. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселдемесі.

Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған.
Орыс мәдениеті өзі үшін ыңғайлы жағдайды, сонымен қатар, бұзылуды да зорлық ықпалды да басынан кешірген. Соған қарамастан өзіндік реңі, келбеті бар мәдениетті жасай алған, оны не батыстық, не шығыстық типке бірден жатқызу қиын.
Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым, бірақ оларды біріктіретін, бір - біріне етене жақын ететін негіз де болған.
Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды.
Бесіншіден, орыс қоғамына әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі. Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала - рухани сала болды.
Орыс философиясының дамуында мынадай ерекше тарихи кезеңдер болған.
1 кезең - Ресей философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуы - XI-XVII ғасырлар.
2 кезең - орыстың қайта өркендеу философиясы - XVIII-XIX ғасырлардың басы.
3 кезең - XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы философия
4 кезең - кеңес дәуіріндегі орыс философиясы
Орыс философиясы батыста қалыптасқан эмпиризм, рационализм, идеализм сияқты философиялық ағымдар ықпалынан тыс өзіндік жолмен ерекше сипатта дамыған. Сондықтан оның мағыналық жүйесінде батыс адамына түсініксіз кейбір мәселелер де кездесіп отырады.
Орыс философиясына мынадай ерекшеліктер тән:
oo діни ықпалдың, әсіресе православие ықпалының молдығы;
oo философиялық ойлар мен ізденістердің көркем шығармашылық, әдеби сын, публицистика, өнер түрінде берілуі;
oo біртұтастық, яғни орыс ойшылдарының бәрлігі дерлік жеке проблемамен емес, өзекті мәселелердің кешенді жүйесімен айналысқан;
oo мораль және адамгершілік мәселелерінің үлкен маңызы;
oo нақты;
oo көп адамдарға таныстығы.
Орыс философиясының пәнінің негізін қалаған мәселелер:
oo адам мәселелері;
oo ғарыштық (ғарышты біртұтас бірыңғай организм ретінде қабылдау);
oo Шығыс пен Батыс арасындағы Ресейдің өзіндік тарихи даму жолын таңдау мәселесі;
oo билік мәселесі;
oo мемлекет мәселесі;
oo әлеуметтік әділеттілік мәселесі;
oo идеалды қоғам мәселесі;
oo болашақ мәселесі.
Орыс философиясының алғашқы дәуірі IX - XIII ғасырларды қамтиды. Оның негізгі мәселелері:
oo моральдық және адамгершілік ұстанымдар;
oo христиандық дінді түсіндіру, оны пұтқа табынушылықпен, байланыстыру;
oo мемлекет, құқық, табиғат мәселелері.
Бұл дәуірде философияны дамытқан көрнекті өкілдер - Иларион, В.Мономах, Климент Смолятич, Филипп Пустынник.
Иларион Ізгілік пен Заң туралы сөз деген еңбегінде христиандық сенім, оның Ресейдің тарихындағы маңызын жан - жақты қарастыра отырып, қасиетті дүние құдыретінің сәулесін асқақтату және орыс жерінің қоғамдық - әлемдік процеске қосылғандығының тарихи - құдайлық идеясын дамытады.
Владимир Мономах ізгілік пен зұлымдық, ерлік, адалдық, тұрақтылық сияқты моральдық сұрақтарды талдап, кейінгі ұрпаққа өмір сүру кодексін ұсынады.
XIII - XVII ғасырларды орыс философиясында орыс руханилығын сақтау, қорғау, мемлекет құрылымы, таным мәселелері зерттелді. Бұл дәуірде Сергий Радонежский (XIV ғ.), Философий (XVI ғ.), Максимилиан Грек (1475 - 1556), Андрей Курбский (1528-1583), Нил Сорский, Юрий Крижанич (XVII) сияқты ойшылдар өмір сүрді. Осы уақытта Мосвка - үшінші Рим идеясы және шіркеуді жетілдіру, дін мен адамгершілік ұстанымдардың өзара қарым - қатынасы мәселелері зерттелген.
XVIII ғасырда орыс философиясы екі негізгі бағытта дамыған:
- Петр реформаларының дәуіріндегі философтар;
- XVIII ғасырдың ортасындағы және екінші жартысындағы философия.
Бірінші бағыттағы Феофан Прокопович, В.Н.Гатищев, А.Д.Кантемир дамытты. Олардың философиясы әлеуметтік - саяси сипатта өрбіді, өйткені аталған ойшылдар монархия құрылысының сұрақтары, император билігі, құқығы, соғыс пен бейбітшілік сияқты әлеуметтік - саяси мәселелерге көңіл бөлді.
Материалистік философияны М.В. Ломоносов, А.Н.Радищев дамытты.
М.В.Ломоносов Ресейдегі материалистік дәстүрдің негізін қалады. Ол заттардың атомистикалық, корпускулярдық құрылымы туралы гипотеза ұсынды. Өзінің шығармаларында этикаға, мораль, адамгершілік мәселелеріне көп назар аударды.
А.Н.Радищев болмысты материалистік тұрғыдан негіздеумен қатар әлеуметтік - саяси сұрақтарды қамтыды. Халық билігі үшін күресіп, қарапайым адамның саяси, құқықтық азаттығын түсіндіретін, ақтайтын озық идеялар ұсынды.
XIX ғасырда декабристер, анархистер, революциялық демократтар, теологиялық, атеистік, ғарыштық қозғалыстар кеңінен өріс алды.
Декабристердің философиялық көзқарастары П.Пестель, Н.Муравьев, И.Якушкин, М.Лунин, И.Киреевский шығармашылығында көрініс тапты.
Декабристер философиясы әлеуметтік саяси мәселелерге көңіл бөлді. Оның өзекті идеялары мыналар:
- табиғи құқық приоритеті;
- Ресей үшін құқықтық құрылымның қажеттілігі;
- крепостнойлық құқықтың жойылуы, жердің оның шын иесіне берілуі;
- адамның жеке бостандығы.
П.Я Чаадаев (1974-1856) тарих философиясын дамытты. Оны адам және қоғам философиясы қызықтырды.
Чаадаевтың пікірінше, адам - материалдық және рухани субстанцияның бірлігі. Адам өзін тек ұжымда ғана адам ретінде сезіне алады. Туғанынан өмірінің соңына дейін ұжымда өмір сүретін болғандықтан, адам онда тұлға ретінде өсіп жетіледі. Ұжымдық өмір - адамның басқа тіршілік иелерінен ең негізгі айырмашылығы. Чаадаев менмен жекешіл эгоизмнің барлық түріне қарсы шықты.
Ойшылдың пікірінше, тарихи процесс құдайдың көріп келдігіне сүйенеді. Құдай еркінің шынайы көрінісі - христиандық дін.
Христиандық дін - тарихтың өзегі, қозғаушы күші.
Философиялық хаттар деген еңбегінде П.Я.Чаадаев Ресейдің тағдыры туралы сөз қозғайды. Оның пікірінше, Ресей әлемдік тарихи процестен қол үзіп, сыртта қалды. Бұл, әрине, жақсы үрдіс емес. Батыс мәдениетінің құндылықтарына көңіл аудара отырып, сонымен қатар, өзіндік тарихи дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтау арқылы Ресей бүкіл адамзаттық өркениеттен мәртебелі орын алуы тиіс.
Географиялық фактор халық пен мемлекеттің тағдыры мен тарихына әсер етеді. Ойшыл Ресейдегі орталық биліктің диктатын, крепостнойлық құқықтың болуын, патша өкіметінің шектен тыс деспоттық сипатын ұшы - қиыры жоқ үлкен территориясының ықпалымен түсіндіруге болады деп ойлады.
Ресейдің тарихи жолын таңдауы мәселесімен батысшылдар мен славяншылдар айналысты.
Батысшылдар өкілі - А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, В.Г.Белинский. Олардың пікірінше, басқа өркениеттен тыс Ресейдің өзіндік жолы жоқ. Ресей әлемдік өркениеттің даму қарқынына ілесе алмай артта қалған.
Ресей үшін батыс құндылықтарын игеріп, қалыпты өркениетті елге айналуы өте маңызды.
Батысшылдар сол уақыттағы батыс философиясындағы материализм, эмпиризм дәстүрлерін меңгеріп, оны орыс философиясына енгізуге тырысты. 1848 жылы Европа елдеріндегі революцияның ықпалымен батысшылдар екі топқа бөлініп кетеді: орта либералдар - Л.В.Анненков, В.Л.Боткин, Г.Н.Грановский, К.Д.Кавелин және революциялық демократтар - В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.П.Огарев.
Батысшылдардың қарсыластары славяншылдар болды. Олардың қатарына А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н:Островский, К.С. және И.С.Аксаковтар жатады.
Славяншылдардың пікірінше, Ресейдің тарихи болмысының негізін православие мен қауымдық өмір салты құрайды. Орыс халқы өзінің ділі жағынан батыс адамдарына мүлдем ұқсамайды. Орыстар әулиелікті, соборлылықты, діншілдік, ұжымшылдықты құрметтейді, оларға батыстық эгоизм мен бәсекешілдік мүлдем жат.
XIX ғасырдың ортасында Ресейде ортодоксалді - монархиялық діни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Ертедегі грек тарихшылары
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Теориялық дінтану
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары
Пәндер