Табыстар мен шығындардың есебі



Жоспар:
І.Кіріспе
Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.
2. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.
3. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
4. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.
5. Кезең шығындарының есебі.
ІІІ.Қорытынды
Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.
Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының дебетіне жазылады.
7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Табыстар мен шығындардың есебі
Жоспар:
І.Кіріспе
Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.
2. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.
3. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
4. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.
5. Кезең шығындарының есебі.
ІІІ.Қорытынды
Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.

Табыстар - бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар - бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар - бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану - кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 Қорытынды пайда (залал) шотының дебетіне жазылады.
7010 Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.
Сатылатын өнімдердің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, бұл шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметі ретінде кіріске алынады.
Өнімдерді сатуға жұмсалатын шығындардың баптары бойынша талдау есебін өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде немесе машинограммада кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Өнімдерді өткізуге қатысы бар қызметкерлерге жалақы есептелгенде: Дебет шот 7110 Кредит шот 3350.
Жарнамаға, қойманың күтілуіне, комиссиялық және басқа да шығындарды төлеуге шот-фактура қабылданғанда: Дебет шот 7110 Кредит шот 3310, шотқа енгізілген қосылған құн салығы сомасына: Дебет шот 1420 Кредит шот 3310.
Өткізу процесінде пайдаланылған материалдық емес активтер және негізгі құралдар бойынша амортизация есептелді: Дебет шот 7110 Кредит шот 2741, 2421.
Есепті кезең соңында есепке алынған шығындар табыс (зиян) шотына көшіріледі: Дебет шот 5610 Кредит шот 7110.
Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы ақпаратты жинақтау үшін келесі шоттар арналған: 6020 Сатылған тауарлардың қайтарылуы, 6030 Баға және сату шегерімдері.
6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі. Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:
-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып алушыларға жасалады.
-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.
-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және делдалдарға жасалады.
-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста болатын, өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады. Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату , тасымалдау, сақтау, күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Табыстар мен шығындар есебі
Кәсіпорынның табысы мен шығысын талдау
Шығындар мен табыстар есептерінің аудиті
Табыстар мен шығыстар есебі
Инвестициялық қызметтен табыс
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Кондитер кәсіпорынында табысты болуды және қалыптасуды талдау
Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік шоттары
Пәндер