Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру



Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5
1.1 Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру 5
1.2 Бағдарлама кодының терезесі 10
1.3 Интернет дүкен бағдарламалаудың негіздері 10
III ӨНДІРІСТІК БӨЛІМ 13
3.1 Аналитикалық шолу және есептің қойылымы 13
3.2 АЖ қолданушысының ақпараттық қажеттілігін зерттеу 13
3.3 Атрибуттар түйінін айқындау. Бастапқы кілттерді белгілеу. 14
3.4 Аналитикалық көрсетілім 14
3.5 Er. диаграммасын құру 14
3.6 Ақпаратпен қамтамасыз ету 15
3.7 Функционалдық тағайындалуы 15
3.8 Программалық жабдықтау 16
3.9 Ақпараттық жүйеде клиент бөлімін өңдеу. МҚ мен клиенттік программасының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру 16
3.10 Деректер қорын тестілеу 17
3.11 Қосымша құру 17
3.12 Жобалаудың негізгі қадамдары 18
3.13 Мәліметтер қорының жалпы түсінігі және МҚБЖ. 18
3.14 Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдары. 19
3.15 “Кеңсе тауарлары дүкені” бағдарламасының баяндалуы 25
3.16 Delphi программалау жүйесі 31
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 38
Қосымша 39
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдына қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Айтылмыш Дипломдық жұмыстың басты тақырыбы кеңсе тауарларыдер сататын дүкен. Осы Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі уақытта барлық қалаларда, кенттерде, ауылдарда кеңсе тауарлары дүкендері бар, өйткені кеңсе тауарлары адамға қажет нәрселердің бірі болып келеді. Дүкеннің қызметкерлерінің жұмысын, тауардың жеткізілуімен сатылуының есебін жүргізуін жеңілдету үшін автоматтандырылған жүйе құрылады. Автоматтандыру, технологиялық қолдану әдісі, экономика –математикалық әдіс және басқару жүйесі. Беру және қолдану энергиясын, материалдар немесе көп көлемдегі өңделген ақпараттар.
Автоматикалық басқару ХIХ ғасырдың соңында кең қолданыла бастады. Негізгі қолдану әдісі есептеу техникасы және ақпараттық жүйе барысында жүзеге асады. Автоматтандырудың өзі екі бөлімнен тұрады: ақпараттық және есептеу.
Подсистема техникалық есептеуі комплекстік компьютерлік әдісін ұсынады. Оған бағдарламалық есептеу және локальдық желіге арналған арнайы техника, дүние жүзілік желілерге қосылу, регистрация бөлімі, жиналу және көрсету ақпараттары.
Подсистема ақпараттық жүйесіне сырттай ақпараттармен қамтамасыз ету кіреді. Автоматтандырумен қамтамасыздану көптеген әдіспен яғни есептеу техникасымен, сол белгілі бір ақпаратты шығарып, өңдеу және сонымен қоса экранға шығару. Мұның жұмыс істеу қабілеті жоғары сапалы жүйемен жұмыс істейді. Бүгінгі кезде кеңсе тауарлары дүкендерінде де қолданылуда. Бұл программа арқылы біз уақытымызды үнемдеп, жылдам, тез арада тауарлардың түрлерін, түстерін, өлшемін, сапасын біліп сол программа бойынша таңдай аламыз. Ол бір ғана компьютермен бақыланады. Және де бұл өте қолайлы да, әрі тиімді. Осы тақырып бойынша әртүрлі автоматтандырылған жүйелер бар, соның бірі 1C: Тауарлардың есебі, жеткізушілер, бухгалтерлік есепті және де басқа да операцияларда қолдану өте ыңғайлы. Осы Дипломдық жұмыста кеңсе тауарларыдер сататын дүкеннің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жобаланып, әзірленеді және оның мақсаты тауарлардың есебін жүргізіп, қызметкерлердің жұмысын жеңілдету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ақпараттық жүйенің пайда болуының мақсаты дүкеннің қызметінің автоматтандырылуы, тауардың сатылуы болып табылады, дербес жағдайда автоматтандырылу жеткізушінің есебінің және олармен жеткізілетін тауарлардың, клиенттің тапсырысының рәсімделуі, тауарлардың қалдығының шұғыл бақылауындағы бас дүкеннің қоймасы, ақпараттың нығаюы туралы жеткізілім және сату, қажетті есеп беруді құрастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Уэйт М., Прата С., Мартин Д. Язык СИ. Москва: "Мир", 1998 .
2. Фаронов В.В. Москва, изд.” Нолидж ”: “ Работа в среде Delphi ”,2000.
3. Архангельский А.Я. “ Программирование на Delphi - 7 ”-Москва: Бином, 2004./324-328 беттер/.
4. Иванова Т.С, Ничушкина Т.Н, Пугачев Е.К. “ Объектно – ориентирование программирование ”- Москва: изд.МГТУ
Им.Н.Э.Баумана, 2003.
5. Фаронов В.В. “Delphi - 6” Учебный курс – СПБ. Питер,2002.
6. Гофман В.Э, Хоманенко А.Д. “ Delphi - 6 ”-СПБ:БХВ.2001. /95-103 беттер.
7. Емельянова Н.З., Партыка Т.А., Попов И. Основы построения автоматизированных информационных систем: учебное пособие для студ. СПО. - М: Форум; Инфра-М, 2005.- 416 беттер.
8. Карпова Т. Базы данных. Модели, разработка, реализация: учеб. пособие. - СПб: Питер, 2002.- 304 беттер.
9. Алгоритмические языки и программирование. Система программирования DELPHI: учеб. пособ. для вузов / разраб. Т.А.Лабзиной. - М: Совр. Гум. Ун-т, 2002.
10. Гайдамакин Н.А. Автоматизированные информационные системы, банки и базы данных. Вводный курс: учебное пособие. - М: Гелиос АРВ, 2002.- 368 беттер.
11. Основы автоматизированных информационных систем: Автоматизированные информационные системы (АИС): учеб. пособ. для вузов / разраб. В.Н.Кузубовым. - М: Совр. Гум. Ун-т, 2000.
12. Наум В.М. Маркетинг сбыта. http://www.marketing.spb.ru/read/m11/5.htm
13. Cайт: http://www.planinvestora.info/
14. Cайт: http://www.kelis.ru/businessplan.asp
15. Сайт: http://hiprog.com/

Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І ЖАЛПЫ БӨЛІМ 5
1.1 Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру 5
1.2 Бағдарлама кодының терезесі 10
1.3 Интернет дүкен бағдарламалаудың негіздері 10
III ӨНДІРІСТІК БӨЛІМ 13
3.1 Аналитикалық шолу және есептің қойылымы 13
3.2 АЖ қолданушысының ақпараттық қажеттілігін зерттеу 13
3.3 Атрибуттар түйінін айқындау. Бастапқы кілттерді белгілеу. 14
3.4 Аналитикалық көрсетілім 14
3.5 Er- диаграммасын құру 14
3.6 Ақпаратпен қамтамасыз ету 15
3.7 Функционалдық тағайындалуы 15
3.8 Программалық жабдықтау 16
3.9 Ақпараттық жүйеде клиент бөлімін өңдеу. МҚ мен клиенттік программасының
өзара әрекеттесуін ұйымдастыру 16
3.10 Деректер қорын тестілеу 17
3.11 Қосымша құру 17
3.12 Жобалаудың негізгі қадамдары 18
3.13 Мәліметтер қорының жалпы түсінігі және МҚБЖ. 18
3.14 Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдары. 19
3.15 “Кеңсе тауарлары дүкені” бағдарламасының баяндалуы 25
3.16 Delphi программалау жүйесі 31
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 38
Қосымша 39

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және
ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі
ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа
технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол
ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің
елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады,
оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды
автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдына қойылған тапсырманы
шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Айтылмыш Дипломдық жұмыстың басты тақырыбы кеңсе тауарларыдер сататын
дүкен. Осы Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі уақытта барлық қалаларда,
кенттерде, ауылдарда кеңсе тауарлары дүкендері бар, өйткені кеңсе тауарлары
адамға қажет нәрселердің бірі болып келеді. Дүкеннің қызметкерлерінің
жұмысын, тауардың жеткізілуімен сатылуының есебін жүргізуін жеңілдету үшін
автоматтандырылған жүйе құрылады. Автоматтандыру, технологиялық қолдану
әдісі, экономика –математикалық әдіс және басқару жүйесі. Беру және қолдану
энергиясын, материалдар немесе көп көлемдегі өңделген ақпараттар.
Автоматикалық басқару ХIХ ғасырдың соңында кең қолданыла бастады.
Негізгі қолдану әдісі есептеу техникасы және ақпараттық жүйе барысында
жүзеге асады. Автоматтандырудың өзі екі бөлімнен тұрады: ақпараттық және
есептеу.
Подсистема техникалық есептеуі комплекстік компьютерлік әдісін
ұсынады. Оған бағдарламалық есептеу және локальдық желіге арналған арнайы
техника, дүние жүзілік желілерге қосылу, регистрация бөлімі, жиналу және
көрсету ақпараттары. 
Подсистема ақпараттық жүйесіне сырттай ақпараттармен қамтамасыз ету
кіреді. Автоматтандырумен қамтамасыздану көптеген әдіспен яғни есептеу
техникасымен, сол белгілі бір ақпаратты шығарып, өңдеу және сонымен қоса
экранға шығару. Мұның жұмыс істеу қабілеті жоғары сапалы жүйемен жұмыс
істейді. Бүгінгі кезде кеңсе тауарлары дүкендерінде де қолданылуда. Бұл
программа арқылы біз уақытымызды үнемдеп, жылдам, тез арада тауарлардың
түрлерін, түстерін, өлшемін, сапасын біліп сол программа бойынша таңдай
аламыз. Ол бір ғана компьютермен бақыланады. Және де бұл өте қолайлы да,
әрі тиімді. Осы тақырып бойынша әртүрлі автоматтандырылған жүйелер бар,
соның бірі 1C: Тауарлардың есебі, жеткізушілер, бухгалтерлік есепті және де
басқа да операцияларда қолдану өте ыңғайлы. Осы Дипломдық жұмыста кеңсе
тауарларыдер сататын дүкеннің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
жобаланып, әзірленеді және оның мақсаты тауарлардың есебін жүргізіп,
қызметкерлердің жұмысын жеңілдету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ақпараттық жүйенің пайда болуының мақсаты
дүкеннің қызметінің автоматтандырылуы, тауардың сатылуы болып табылады,
дербес жағдайда автоматтандырылу жеткізушінің есебінің және олармен
жеткізілетін тауарлардың, клиенттің тапсырысының рәсімделуі, тауарлардың
қалдығының шұғыл бақылауындағы бас дүкеннің қоймасы, ақпараттың нығаюы
туралы жеткізілім және сату, қажетті есеп беруді құрастыру.
Ақпараттық жүйеде келесі міндетті қызметтер атқарылады:
1.Кеңсе тауарларыдер дүкенінің жұмысын қарастыру;
2.Кеңсе тауарларыдер дүкенінің мәліметтер қорының кестесін құру;
3.Кеңсе тауарларыдер дүкенінің мәліметтер қорының бағдарламасын
аяқтау;
Зерттеу пәні: Айтылмыш Дипломдық жұмыста ақпараттық жүйенің құрылысы
дүкеннің қызметін автоматтандыру үшін қолданылады. Кішігірім дүкендер мен
кәсіпорындардың қызметін болжайтын, әр түрлі тауарларды сатуға арналған
зерттеме. Дүкеннің жұмысының өзгешелігі жеткізілетін тауардың есебі және
тауардың сатылуының есебі, тауардың қоймадағы қалдығының есебі болып
табылады. Сол себептен есептің осындай түрі автоматтандыруды сұрайды.
Зерттелетін жүйенің өзгешеліктерінің есебі негізгі талап болып келеді.

І ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1 Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру

Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын
орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей
Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 → Delphi 6
командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.

1.1-сурет. Delphi 6 программасының ашылуы.

Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi
үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының
негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар,
аспаптар панелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-
шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада
барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект
инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің
қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен
байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (1.2-сурет).

1.2-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.

Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске
қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол
алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр,
аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.3-сурет).

1.3-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы
басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға
компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан
арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға –
программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша
бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi
(қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн
белгi.

1.4-сурет. Форма оқиғалары

Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты
түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.
pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар)
енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық
код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында
ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында
көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
❖ форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
❖ код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны
шерту.
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы
(үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура
атауларынан тұрады (1.5-сурет) т.б.

1.5-сурет. Код терезесi (Unit1)

Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту
үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны – код
терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын
процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура
дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн
анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код
терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ
тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және
олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды
опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты
пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада
орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
Объектілер репозитариясын ашу
Бұрыннан құрылған файл ашу
Файлды дискіге сақтау
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау
Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу
Жобаға жаңа файлды қосу
Жобадағы файлды жою
VIEW тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді
таңдау.
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті
форманы таңдау
Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан
кері өту
Жаңа форманы құру
DEBUG тобы
Программаны компиляциялау және орындау
Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте
орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын
тәртіпте орындайды
CUSTOME тобы
Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу
DESKTOPS тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің
оң жағында орналасып,қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден
тұрады.
Компонент деп белгілі –бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез
келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті
атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды
парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы
құрылады.

1.2 Бағдарлама кодының терезесі

Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесі бағдарламаның мәтінін
құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша
құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің
ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тілі
қолданылады.
Delphi ортасы іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows
ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан)
тұрады:
unit Unit1;
interface
интерфейстік бөлігі
uses
стандартты модульдер
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics,
Controls, Forms,
Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
Implementation
орындалатын бөлігі
{$R *.dfm}
end.
Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде
қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi
ортасы unit Unit1; және Implementation қатарларының аралығын өзгертіп
отырады, ал бағдарламаушыларының жұмыс аумағы - {$R *.dfm} және end
қатарлар аралығы.

1.3 Интернет дүкен бағдарламалаудың негіздері

Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттігіне
негізделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows терезесін)
көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі,
ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады.
Мысалы: (1.6-сурет)

(1.6)-сурет. Delphi формасына шақырылған терезе.

Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз
байланысты Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа
элемент орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп
болады, керісінше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған
кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің
жойылуына алып келеді.
Бос форма. Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама
кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни
минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады
және ол жұмысқа даяр болып тұрады. FileNew Application опцияларын таңдап
бағдарламаны іске қосуға болады.
Форма қасиеттерін өзгерту. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір
тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де
жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен
байланысқан модульдер болуы мүмкін.
Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS,
DFM және DCU файлдарын құрады. PAS- файлында бағдарлама кодының
терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн
анықтамасы, ал DCU-файлында алдынғы екі файл мәтінінің машина
тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының
нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді,
нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE-файлы құрылады.

III ӨНДІРІСТІК БӨЛІМ

3.1 Аналитикалық шолу және есептің қойылымы

Дипломдық жұмыстың негізгі есебі –“компьютерлер дукені” туралы
мәліметтер базасын құру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - база мәліметтерінің қасиеттерін,
олардың негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және оларды басқару жүйелерін
анықтау.
Дипломдық жұмыста интернет дүкен жайлы және оның жұмыс принципі туралы
мәліметтер қарастырылған.
Delphi-де ДҚ кестелерінің форматы болмайды, бірақ көптеген ДҚБЖ-мен
қатынас жасайды, жергілікті -dBase Paradox, өнеркәсіптік - SyBase
InterBase ДҚ-мен жұмыс істеуге арналған Delphi құралдарына жатады :
Аспаптық құралдaр (арнайы бағдарламалар және пакеттер) Компоненттер.
Барлық жұмыс екі басты этаптан тұрады: мәліметтер қорының құрылымының
өңделуі және программамен қамтамасыздандырудың тапсырмасы. Барлық
тапсырмалардан біз тек ең негізгі және қызықтысын қарастырамыз. Олар
клиенттер туралы мәліметтер. Себебі мәліметтер - бұл басқа да тапсырмаларды
шешетін деректер қоры болып табылады.
Жобаның негізгі бөлімдері мыналардан тұрады:
• Клиенттер туралы жалпы мәліметтер;
• Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар;
• Типтік сұраныстарды деректер қорында сақтау;
• Формалардың-штат кестесі,клиент туралы жалпы мәліметтер және тағы
басқалар;
• Жеке мәліметтерді туристік жұмыстарда қолдану барысын мәліметтер
қорында сақтау мүмкіндігі;
• Берілген мәліметтерге жаңа өзгеріс модулдерін енгізу мүмкіндігі.

3.2 АЖ қолданушысының ақпараттық қажеттілігін зерттеу

Дипломдық жобаның басты тапсырмасы, ол келесідей мүмкіндіктерге ие
болатын ақпараттық жүйені құру болып табылады:
1. Жеткізуші, сатушы, тауар және сатылым жазбаларын өзгерту, өшіру,
сонымен қатар жазбаларға мәліметтер енгізу. Қолданушының әсерлі
жұмысы үшін, кестедегі бар жазбаларды таңдау арқылы оларды өшіру,
өзгерту және мәліметтер енгізу;
2. Жеткізуші, сатушы, тауар және сатылым кестелерінің мәліметтерінің
көрсетілімі;
3. Сатылған тауарлардың мәліметтерінің көрсетілімі және шығарылымы;
4. Әрбір жазбадағы, яғни жеткізуші, сатушы, тауар және сатылым
жазбаларында қажетті мәліметтерді іздеу;
5. Ағымдағы дүкеннің жүйесінде бола отырып қажетті жүйеге ауысу;
6. Жүйеге кірудің әр түрлі рұқсат деңгейлерінің мүмкіндігі:
администратор (тек мәліметті көруді жүзеге асырады) және қолданушы
Байсылбаева К(берілген жүйедегі барлық мүмкін операцияларды жүзеге
асырады);
7. Кестелердегі ақпаратты нақты қазіргі уақыт режимінде көру
мүмкіндігі;

3.3 Атрибуттар түйінін айқындау. Бастапқы кілттерді белгілеу.

Әрбір түйіндегі атрибуттарды қарастырайық:
• Жеткізуші (жеткізуші коды, тауар коды, мекен-жайы, телефоны, бағасы,
саны);
• Сатушы (сатушы коды, аты-жөні, бөлімшесі, телефоны);
• Тауар (тауар коды, тауар аты, моделі, өндіруші фирма);
• Сатылым (сатылым коды, жеткізуші коды, сатушы коды , тауар аты,
сатылым саны, сатылым бағасы, сатылым күні);

3.4 Аналитикалық көрсетілім

Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс
істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.
Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын
техникалық жабдықтар жиынтығы.
Жедел ақпарат қазіргі уақыттағы объектілер күйін көрсетеді,
яғни өңделмеген ақпарат, ол келесіге жауапты болуы тиіс:
-ақпараттардың толықтығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;
-құжаттар жүйесінің даму мүмкіндігі;
-құжаттардың ақпаратпен сыйымдылығын қамтамасыз ету;
-ақпараттың қайталанбауы;
Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан
қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы.

3.5 Er- диаграммасын құру

Нәтижесінде ER-диаграммасын аламыз (1-сурет):

1-сурет, ER-Win программасы арқылы алынған ER-диаграмма

3.6 Ақпаратпен қамтамасыз ету

Бұл программа Delphi тілінде жазылған. Программаны орындау үшін MS
Dos операциялық жүйесі, Microsoft Windows ХР графикалық операциялық
жүйесі және Delphi программалық пакеті қажет. Delphi 7.0 ортасында ДҚ мен
қосымшалар арасында байланыс орнату үшін ДҚ псевдонимін меншіктеуге
мүмкіндік беретін BDE Administrator программасы бар.

3.7 Функционалдық тағайындалуы

Бұл жобаның мақсаты біз секілді бастаушы программистер үшін Delphi
программасында еркін жұмыс істеп, мәліметтер базасымен толық танысуға
мүмкіндік ала аламыз.Сонымен қатар бұл Delphi программасының өндіріс
орындарында жұмыс істеу тәжірибесін жеңілдету кезінде таптырмас жоба болып
табылады.
Delphi 7.0 ортасы
Delphi 7.0 ортасы - ДҚБЖ ( деректер қорын басқару жүйесі) болып
табылмайды, бірақ ДҚБЖ мүмкіндіктерін қамтиды. Delphi 7.0 ұсынатын құралдар
локальді және клиент- серверлік ДҚ құруға, сонымен қатар кез келген ДҚ –
мен жұмыс істеуге арналған қосымша құруға мүмкіндік береді. Delphi 7.0-дің
ДҚБЖ болмауының бір себебі – оның жеке кестелер форматы жоқ және басқа ДҚБЖ
– ның кестелер форматын қолдануы. Мысалы, Oracle, dBase, Paradox (біздің
жағдайда) немесе InterBase. Алайда ДҚ – ның қосымшасын құруда Delphi 7.0
мүмкіндіктері басқа ДҚБЖ – дан кем емес.

3.8 Программалық жабдықтау

Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс
істетуді жабдықтайтын, АЖ-ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуін
ұғуға болады, ол матeматикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның
нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Жалпы прогрпммалық жадықтау - бұл
жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу
есебінде жиі кездесетінесептеу кезеңінің және-немесе шешімін
ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық
жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.
Программалық жабдықтау
келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
✓ Программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын
сенімділік, әрбір ақпаратты максималды қорғау, жүйенің
құрылымынан шығуға минималды мүмкіндігі;
✓ Қолайлылығы, яғни программалық жабдықтау компьютерлік
программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға емептелген;
✓ Жеңіл меңгерілуі, жұмыс жасауға қолайлы, интерфейс;
✓ Жүйелермен қосылушылық;

Программалық жабдықтаудың сипаттамасы
Түрі Сипаттамасы
Жалпы Операциялық жүйе-Windows XP 2000,MS
Office 97-2007
Арнайы Delphi7

Ақпаратпен жабдықтаудың сипаттамасы
Элементтері Сипаттамасы
Ақпараттық технология Барлық ақпараттар мәліметтер
базасында сақталады
МБ түрі Реляционды
Жіктеу жүйесі Жіктеудің фасеттік жүйесі
Кодтау жүйесі Идентификационды әдіс,кодтаудың
реттік жүйесі
Қорғау Істен шыққан жағдайларда мәліметтерді
қалпына келтіру жүйесі

3.9 Ақпараттық жүйеде клиент бөлімін өңдеу. МҚ мен клиенттік программасының
өзара әрекеттесуін ұйымдастыру

Қосымша Borland Delphi 7.0. ортасында құрастырылған. МҚ мен өзара
әрекеттесу келесі стандартты жүйенің жиынтығына кіретін компонеттер арқылы
жүзеге асады:
1) DataSource;
2) Table;
3) Сombobox;
4) DBGrid;
5) DBNavigator;
6) Query;
7) Timer және т.б.
Delphi-де ДҚ жұмысы жұмыс істеу үшін Table Query, StoredProc және
DesisionQuery компоненттері қолданылады .
StoredProc –ДҚ жойылған әрекеттестік ұйымы;
DesisionQuery – шешімдерді қабылдайтын жүйелерінің құруға арналған.
ДҚ мүмкіншіліктері TDataSet сыныбын қамсыздандырады, ол
редакциялауы және мәліметтер жиынын ауыстыру. ТTable және ТQuery
компоненттері TBDE TDataSet класында туындайды. ДҚ-ы кестесінің орналасқан
жерін көрсету үшін DataBaseName қасиеті қолданылады.
Мәліметтер жиынын жазбалар санымен басқаруды таңдаудың қосымша түрімен:
сүзгілеу немесе SQL сұранысы арқылы іске асырылады.
Жалпы қарапайым қосымша жасау мына кезеңдерден тұрады:
- ДҚ кестелерін құру ;
- Қосымша форма құру .
- DataBaseDesktop бағдарламасын қолданып, ДҚ кестелері құру.
- Жаңа кесте құру процесі, NewTable командасымен басталады, интерактивтік
тәртіпте және келесі пункттерден құралған :
- кесте үлгісін таңдау ;
- кесте құрылымын беру ;
- кілттік алаңдары көрсету ;
- индексті анықтау ;
- алаңның мәнін анықтау ;
- парольді анықтау ;
- кестелер аралық сілтемелік бүтіндікті сұрау ( байланыстың ).

3.10 Деректер қорын тестілеу

Delphi -ді Windows арқылы іске қосу командасы:
Іске қосу → Программалар → Delphi Құрылған Мәліметтер Базасының
дұрыстығын тексергенде F9 пернесі қолданамыз.

3.11 Қосымша құру

Компьютерлер дүкені ДҚ тауарларды көруді қажет ететін
қолданушыларға арналғандықтан, ДҚ – мен жұмыс істеуге бағытталған ыңғайлы
және түсінікті қолданушы интерфейсін құруды қажет етеді.
Қолданушы интерфейсін жобалау.
Негізгі форма менюінде 6 пункт бар:
➢ Негізгі;
➢ Қосымша;
➢ Каталог;
➢ Байланыс;
➢ SQL - cұраныстар;
➢ Есеп беру;
➢ Шығу;

3.12 Жобалаудың негізгі қадамдары

1. Мәліметтер базасының ақпараттық талаптарын анықтау.
2. Объектілердің мән-мағынасы және олардың сипаттамаларын (мысалы,
“деталь” мән-мағынасы үшін сипаттамалар: “аты”, “түсі”,
“салмағы” және т.б.) құру, сонымен бірге олардың тізімін құру.
3. Мән-мағынаға сәйкес кестелер (Paradox, dBase, FoxPro, Access,
Clipper, InterBase, Sybase, Informix, Oracle және т.б.) құру.
4. Әрбір объектіні сипаттайтын атрибутты анықтау.
5. Tолықтылығын қолдайтын және орнататын ережелерді жасау.
6. Объектілер арасында байланыс орнату.
7. Мәліметтердің сенімділігін жоспарлау және қажеттілікке қарай
ақпараттың құпиялылығын сақтау.

3.13 Мәліметтер қорының жалпы түсінігі және МҚБЖ.

Автоматтандыру–техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны,
материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне
адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық
тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:
1)технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік
процестер;
2)Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік
құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3)Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4)Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау
сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу,
бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы мәліметтер қоры-адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу,
сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды,
мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін
басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б.
жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты-еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру,
жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан
адамды босату.
Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де
басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны
автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып
орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық
мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің
дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды,
өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез
кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай
құралған деректер жиынтығын құрайды.
Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер
қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға
арналған программалық жабдық болып табылады.
Delphi жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ
толық МББЖ ( мәліметтер басқару жүйесі ) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып
отырған Delphi құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және
оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей
алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.

Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдары.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты- деректер базасын құру және онымен
жұмыс істеу. Олардың қарым-қатынасын құрып,оларға қойылған талаптарды
жүзеге асыру. Қатынастар құру барысында “Реляциялық алгебра”- операциясын
қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:
1) Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті
болуы тиіс.
2) Жолдың реттілігі маңызды емес.
3) Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.
4) Қайталанатын жолдары болмауы тиіс.
Сонымен қатар біз SQL-тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL-
тілі тек “Реляциялық алгебра” оперциясында ғана істейді. Осы жұмысты іске
асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын таңдадық.
Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік
органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде
қызмет еткенмен, біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі
Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр.
Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Дүкен жұмысын талдаудың автоматтандырылған жүйесі бізге сол дүкеннің
жүргізетін операцияларын, оның тауарларының аты, бағасы және т.б.
мәліметтерді білуге көмектеседі.
Дипломдық жобаны жазудағы басты мақсатым дүкенде сатылатын тауарлар
жайлы толық мәліметті анықтауға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.
Программаны орындау барысы.
Осы Дипломдық жұмыста мен әр түрлі тауарлар жөнінде мәліметтер қорын
жасадым.
Мен өз Дипломдық жұмысымды осы кестеден бастадым.

Атрибут аты Өріс типі Өріс көлемі Өріс қасиеттері
Дүкен ID Счетчик Длинное целое Ключевое
Тауар аты Текстовый 50
Бағасы Числовой Денежное
Сатылған о
күні
Жалпы саны Текстовый 50
Қолданушы ID
Сатылды

Қойма кестесі
Атрибут аты Өріс типі Өріс мөлшері Қасиеттері
Тауар ID Счетчик Длинное целое Ключевое
Тауар аты Числовой Длинное целое
Қолданушы ID Датавремя
Бағасы Текстовой 50
Күні Числовой
Саны
Сатылымға

Қолданушы кестесі
Атрибут аты Өріс типі Өріс мөлшері Қасиеттері
Қолданушы ID Счетчик Длинное целое Ключевое
Қолданушы аты Числовой Длинное целое
Мекен жайы Числовой
Телефон Датавремя
Құпия сөз Числовой

1.Microsoft Access 2007 программасының Создание - Таблица
командасын таңдаған кезде мынадай менюді көреміз:

Жаңа кесте құруды бастағаннан соң, кесте атын және оның ішіне қажетті
атрибуттарды толтырдым. Ол атрибуттар жоғарыда салынған кестеде
көрсетілген.

Сурет-1- кестені құру

Жоғарыдағы берілген сурет-1-де программаны іске қосудың жалпы кестесі
көрсетілген. Яғни ең алдымен Microsoft Access 2007 ортасында кестелер
құрамыз. Менің жобам жалпы үш кестеден тұрады. Олар: дүкен, қойма және
қолданушы кестесі. Содан кейін келесі кестені толтырамыз. Ол үшін берілген
есептің шарты бойынша керекті мәліметті толтырамыз.

Сурет-2. Дүкен кестесін толтыру

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді.
Әр өріске ең алдымен ат (Field Name) беріледі. Өріс идентификаторы. Ол
255 символдан тұрады. Осыдан кейін біз типін анықтаймыз.
Validity Checks - бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын
тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 1.2 – кестеде көрсетілген және
өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

1.2-кесте
Required Field Бұл идентикаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену
керек.
Minimum мәннің минимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген
тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген
тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір
жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы,
телефон номерінің шаблоны ( ##-##-## ).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық
терезені шақырады.

Кесте қасиетін беру
“+”-Autoincerement, 1 мөлшерге өсіп отыратын ұзын бүтін сан. Тек оқуға
арналған. Өшірілген кезде қалған өрістердің мәні өзгермейді.
“A”-Alpa, жолдық өріс.
“S”-Short, қысқа сандар тізбегі.
“D”-Date, Мезгілді көрсетеді.
“L”-Logical, логикалық өріс.
“I”-Long integer, ұзын сандар тізбегі.
Енді төмендегі терезеге назар аударсақ, одан біз кестедегі өріске
берілген қасиеттерді көре аламыз:

Сурет-3. Қойма кестесі

Сурет-4 . Қолданушы кестесі

Table Lookup- көру терезесі
Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп
отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Бұл терезеде драйверлер мен
пвседонимдерді қолдана аламыз. Table Lookup таңдап алғанда терезеде
Define-анықтау кнопкасы ғана көрініп тұрады.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысында керекті екінші
индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define- анықтау батырмасын басу керек. Бұл
батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның сол жақ
терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ
терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін
сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің
арасында сілтеме байланыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық киімдер дүкенінің жұмысын автоматтандыру үшін бағдарлама құру
Деректер қорының реляциялық кестесі
Шымкент қаласы самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасы, жобасын құру
Электронды оқыту құралының құрылымы
“Компьютерлік дүкен” мәліметтер базасы
Компьтерлік қызмет көрсету орталығы
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құру
Пәндер