Қонақжайлылық мекемесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы



Жоспар:
І.Кіріспе
Қонақжайлылық сферасындағы қызметкерлер құрамын басқару
ІІ.Негізгі бөлім
1. Мейрамхана мен мейманханалардағы ұйымдастыру құрылымының түрлері
2. Қызметкерлер құрамын басқару формалары
3. Қызметкерлер құрамын басқарудың әдістері мен стильдері
ІІІ.Қорытынды
Басқарудың ұйымдастырылған құрылымы ретінде өзара қатаң бағыныштылықта орналасқан және басқарушылық және бағынушылық жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз ететін басқару буындарының жиынтығын түсіну қажет.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы құрамнан, арақатынастардан, ұйымның жеке қосалқы жүйелерінің арақатынасынан және орналасуынан тұрады. Мұндай құрылымды жасау ең алдымен ұйымның бөлек бөлімшелері арасында құқықтар мен жауапкершіліктерді үлестіруге бағытталған.
Қонақжайлылықты басқару құрылымында келесі элементтер бөлініп қарастырылады: буындар (бөлімшелер), басқарудың деңгейлері (сатылары) және байланыстары - көлденең және тік.
Басқару бөлімдеріне тиісті функцияларды немесе оның бөлігін атқаратын басқарушылық басқарманың буындары қарайды. Басқару құрылымының негізіне бөлімшенің анықталған функцияларын атқару мен басқару жатады. Бөлімшелердің арасындағы байланыс көлденең мінездемеге сәйкес келеді. Басқару тетігі көлденең болып табылады және бір-біріне
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Аширов Д.А. Урпавление персоналом. Учебное пособие. М.: проспект ТК Велби, 2005, 432 с.
2. Базаров Т.Ю., Еремин Б.Л., Аксенова Е.А., и др. Урпавление персоналом. – М: ЮНИТИ, 2000, 190 с.
3. Басанов М.И. Кадровое делопроизводство. Учебное пособие – Ростов Н/Д. Финикс, 2002, 215 с.
4. Белецкий и др. Урпавление персоналом. – М: Интерпрессвис, 2002, 210 с.
5.Бишеф А. самоменеджмент. Эффектно и рационально. – М:Омега – Л. 2006, 128 с.
6. Бухалков М.И. Урпавление персоналом. Учебник. М.: Инфра-м. 2005, 368 с.
7. Быгин В.Б., Малинин С.В., Шубенкова Е.В. Организация и нормирование труда. Учебник. 2003
8. Васильченко Ю., Тараченко З. Самоучитель по тайм-менеджменту. СПБ. Пример, 2007, 256 с.
9. Волгин Н.А., Одечов Ю.Г., Экономика труда. Учебник. М: 2006, 736 с.
10. Гаврилов С.В. Организация труда персонала. Учебное пособие. – М.: МЭСИ. 2004, 150 с.
\

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қонақжайлылық мекемесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Жоспар:
І.Кіріспе
Қонақжайлылық сферасындағы қызметкерлер құрамын басқару
ІІ.Негізгі бөлім
1. Мейрамхана мен мейманханалардағы ұйымдастыру құрылымының түрлері
2. Қызметкерлер құрамын басқару формалары
3. Қызметкерлер құрамын басқарудың әдістері мен стильдері
ІІІ.Қорытынды

Басқарудың ұйымдастырылған құрылымы ретінде өзара қатаң бағыныштылықта орналасқан және басқарушылық және бағынушылық жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз ететін басқару буындарының жиынтығын түсіну қажет.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы құрамнан, арақатынастардан, ұйымның жеке қосалқы жүйелерінің арақатынасынан және орналасуынан тұрады. Мұндай құрылымды жасау ең алдымен ұйымның бөлек бөлімшелері арасында құқықтар мен жауапкершіліктерді үлестіруге бағытталған.
Қонақжайлылықты басқару құрылымында келесі элементтер бөлініп қарастырылады: буындар (бөлімшелер), басқарудың деңгейлері (сатылары) және байланыстары - көлденең және тік.
Басқару бөлімдеріне тиісті функцияларды немесе оның бөлігін атқаратын басқарушылық басқарманың буындары қарайды. Басқару құрылымының негізіне бөлімшенің анықталған функцияларын атқару мен басқару жатады. Бөлімшелердің арасындағы байланыс көлденең мінездемеге сәйкес келеді. Басқару тетігі көлденең болып табылады және бір-біріне бағынады: басқарудың жоғарғы сатылы менеджері нақты іске асатын жұмыстарға өз бетімен шешім қабылдап, төменгі сатыдағы бөлімшеге жеткізеді.
Қонақ үй индустриясында ұйымдастыру құрылымының төмендегідей түрлері кеңінен қолданылады:
♦ сызықтық;
♦ функционалды;
♦ сызықтық-функционалды.
Басқарудың сызықтық ұйымдастыру құрылымы. Мейрамхана мен мейманханалардағы сызықтық байланыс ақпарат пен басқару шешімдерінің қозғалысын бейнелейді. Бұл ұйымдастырудың қарапайым түріне жатады және әр құрылымдық бөлімшелерде басқарудың барлық түрін атқаруға өкілдігі бар басшы тұрады (2.1-сурет).
Мекеме басшысы

сызықтық
жетекші Б

сызықтық
жетекші А

атқарушылар

атқарушылар

2.1 сурет - Басқарудың сызықтық ұйымдастыру құрылымы
2.1-суретте көрсетілгендей сызықтық басқаруда әр буын (бөлімше) және әр бағынушыларға бір басқарушыдан және бөлімшелер бойынша осылай жалғасып, әр басқарушы ортақ олардың үстінен қарайтын басқарушыға қарайды. Мұндай жағдайда басқарылушы буын басқарылып отырған қызметтің нәтижелеріне жауап береді. Сызықтық басқаруда басқару шешімі жоғарыдан төмен қарай құрылып, нақты ұйымдастырудың иерархиясын құрайды. Біріңғай бастама қағидасы негізге алынып, әр бөлімнің қызметкерлері тек бір басқарушыдан бұйрық алады. Басқару құрылымындағы жоғарғы басшы кез келген буынға немесе бөлімшеге оның басқарушысының қатысуынсыз бұйрық беруіне құқығы жоқ болып табылады.
Сызықтық басқару құрлымы логикалық жағынан жинақы, формальді анықталған, сонымен қатар, майысқақ болып келеді. Әр басқарушы өз қызметінде кез келген мәселелерді шешуде толық басқаруға ие болады. Сызықтық ұйымдастырудың басқару құрылымының басымдық және кемшілік тұстары да бар.
Сызықтық ұйымдастыру басқару құрылымының басымдылықтары:
1) бұйрықтың нақтылығы және біржақтылығы;
2) атқарушылардың келісімді іс-әрекеті;
3) басқарудың қарапайымдылығы (бір арналы байланыс);
4) нақтыланған жауапкершілік;
5) шешім қабылдаудағы оралымдылық;
6) басқарушының басқаратын бөлімінің жұмыс нәтижесіне жеке жауапкершілігі.
Сызықтық ұйымдастыру құрылымының кемшіліктері:
1) басқарылып отырған бөлімшенің эффективті жұмыс нәтижесін ыңғайлау, жан-жақты қамту және оған қойылатын талаптың жоғарылығы;
2) жобалауда және шешім дайындауда бөлімшенің қатыспауы;
3) жоғарғы және ауысымды құрылымдарда информацияның көптігі, бағынушылармен қарым-қатынастардың жиілігі;
4) жоғарғы басқарудағы билікке жоғарғы назар.
Ұйымдастырудың функционалды басқару құрылымы. Функционалды басқару бөлімше құрамдарымен, сызықтық басқаруда қажетті шешім қабылдауда түрлі жұмыстардың маманданған түрін орындаумен жүзеге асады (2.2-сурет). Мұнда жеке функцияны орындау мамандарға жүктелумен түсіндіріледі. Ұйымдастыруда ереже бойынша бір профильдегі мамандар бір бөлімшеге жұмылдырылады. Мысалы, маркетинг бөлімі, қабылдау және орналастыру бөлімі, жоспарлау бөлімі және т.б. Осындай үлгімен ұйымдастырудың ортақ тапсырмасы орта деңгейден функционалды критерийге байланысты болады.

Бас менеджер
Жүйелі басқарушы А:
Жоспарлау жүйесі жоспарлау бөлімі
Жүйелі басқарушы Б:
Басқару жүйесі ұйымдастыру бөлімі

және т.б.

орындаушылар
орындаушылар
орындаушылар

2.2 - сурет. Ұйымды басқарудың жүйелі құрылымы

2.2 - суретте көрсетілгендей басқарудың барлық функциясын орындауға тиіс менеджердің орнына, анықталған бағытқа жауап беретін және өз аумағында жоғары компетенцияға ие мамандар штаты пайда болады. Мұндай функционалды мамандандырылған басқарушы аппарат қонақ үй шаруашылығының нәтижелілігін арттырады.
Сызықтық ұйымдастыру сияқты функционалды басқарушылық құрылым артықшылықтар мен кемшіліктерге ие:
Функционалды құрылымның артықшылықтары:
1) нақты функциялардың орындалуында жауапты мамандардың жоғарғы біліктілігі;
2) сызықты менеджерлердің кейбір арнайы сұрақтарды талқылауда босатылуы;
3) стандартизация, формализация және программалы процестердің бар болуы;
4) басқарушылық қызметті атқарудағы параллельдік және қайталанушылықтың болмауы;
5) кең профильді мамандардың азаюы.
Функционалды құрылымдағы кемшіліктер:
1) тек өз бөліміндегі мақсаттар мен тапсырмаларға ғана назар аудару;
2) әр-түрлі функциялардағы қызметкерлермен өзара байланыстың қиыншылығы;
3) аса қарқынды орталықтандыру үрдісінің пайда болуы;
4) шешім қабылдауда процедураның ұзаққа созылуы;
5) қатып қалған ұйымдастыру формасын қиыншылықпен өзгерту.
Сызықтық-функционалды (штабты) қонақ үй басқару құрылымы. Мұндай басқару құрылымында билікті нақты коллективті басқаратын сызықтық басқарушы қолына алады. Шешімі табылуы тиіс мәселелерді, сұрақтарды, бағдарламаларды, жоспарларды қарастырғанда оған функционалды бөлімшелерден ( бөлімшелерді басқару, бюро т.б ) тұратын арнайы аппарат көмектеседі (2.3-сурет).
Сызықтық-функционалды басқаруда бөлімшелердің құрылымы бас сызықтық басқарушының қол астында болады. Олар өз шешімдерін бас басқарушы немесе тікелей талапқа сай атқарушы-қызметкерлер басшысы арқылы іске асырады.

Заңдық қызмет
Негізгі менеджер
Әлеуметтік зерттеу секторы
Техникалық директор
Орналастыру бойынша директор
Тамақтандыру бойынша директор

- бөлімшелер

2.3 - сурет. Ұйымды басқарудың сызықтық - жүйелік құрылымы

Сонымен, сызықтық - жүйелік құрылым өзіне сызықтық жетекшілері бар арнайы бөлімшелерді қосады.
Сызықтық-жүйелі құрылымның артықшылықтары:
1) жұмысшылардың мамандануымен байланысты шешімдер мен жоспарлардың жақсы дайындығы;
2) бас сызықтық менеджердің мәселелерді жете талдауынан босатылуы;
3) кеңесшілер мен эксперттерді тарту мүмкіндігі.
Сызықтық - жүйелік құрылымның кемшіліктері:
1) өндірістік бөлімдер арасында көлденең деңгейдегі өзара байланыстың және өзара бірігіп жұмыс істеудің болмауы;
2) анық жауапкершіліктің болмауы, өйткені шешімді дайындаушы оның жүзеге асырылуына қатыспайды;
3) тігінен шамадан тыс дамыған байланыстар жүйесі, яғни шамадан тыс орталықтандыруға деген тенденция.
Қаралған ұйымдастырушылық құрылымдар негізгі болып табылады және нақты басқару обьектісіне сәйкес жетеленуі мүмкін.
Қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы оның тағайындалуымен, нөмірлік қорының болуымен, қонақтардың ерекшелігімен және басқа да факторлар ретімен анықталады.
Қонақ үйдің барлық жетекшілері басқарушылық функцияны орындағанымен, біз олар еңбек қызметінің бір түрімен айналысады деп түсінбеуіміз керек. Жеке жетекшілер басқа жетекшілердің жұмысын координациялауға уақыт бөледі, ал олар болса, өз кезегінде, төмен деңгейдегі менеджерлердің жұмысын координациялайды, осылайша басқарушылық емес қызметкерлер құрамын - өнімді өндіретін және қызмет көрсететін адамдарды координациялайтын жетекшіге дейін болады. Қосымша В көрсетілген пирамиданың формасы басқарудың кезектегі әр деңгейі, төменгіден бастап, келесіге қарағанда аз адам бар екенін көрсетеді.

Иегер
Генералды директор
Бөлімшелер директоры
Қызмет директоры (менеджер)
Ауысым менгерушілері, негізгі жинаушылар
Аға даяшылар, метрдотельдер, аға портьелер
Институционалды
деңгей
Жоғары буын басқармасы
Басқару деңгейі
Орта буын басқармасы
Техникалық
деңгей

Төменгі буын басқармасы

2.4 - сурет. Қонақ үйді басқарудың типті пирамидалық құрылымы

Қонақ үй кәсіпорнын басқарудың жоғарғы деңгейі қонақ үй қожайынынан және бас директордан тұрады. Олар, өз кезегінде, стратегиялық сипаттағы жалпы шешімдерді қабылдайды. Мұнда қонақ үй қожайыны ретінде жеке тұлға немесе үлкен бір бірлестік болуы мүмкін.
Қонақ үй кәсіпорнының стратегиялық мақсатының мысалы ретінде оның қожайынымен анықталатын нарықтың анықталған сегментіне көрсетілетін қызметке деген кәсіпорынның ориентациясы болуы мүмкін: топтық туристер немесе жеке туристер, мақсаты сауығу және демалу болып табылатын туристер, немесе конгресстердің және конференциялардың қатысушылары және т.б. Стратегиялық мақсат ретінде қонақ үй қожайынының қонақ үй кешенінің құрамындағы мейрамхана тек өзінің ғана қонақтарына қызмет көрсетеді деп шешім қабылдағанын жатқызуымызға болады. Кәсіпорынның негізгі мақсатынан шығатын және бір мысал ретінде қонақүйге орналастыру бағаларының нақты деңгейінің орнатылуы болып табылады.
Мұндай шешімдер мен мақсаттар кәсіпорынның көлеміне және оның құрылысы үшін мекен-жайдың таңдалуына, сәулеті мен интерьерінің таңдалуына, жиһазының, құралдарының таңдалуына, қызметкерлер құрамының жиналуына өте зор әсер етеді.
Иесі
Генеральды директор
Орналастыру бойыншадиректор
Тамақтандыру бойыншадиректор
Қаржы директоры

директоры

Брондау қызмет. директоры

Қызмет көрсету қызметінің
менеджері

Нөмірлік қордың эксплуатациялыққызм. менеджері

Қабылдау және есептесу бөлімінің менеджері

өндіріс менгерушісі

Техникалық директор
Коммециялық директор
Метрдотель

Бас-аспазшы
Банкет қызметінің менеджері
Аға даяшы
Бас есепші

Шаруашылық қызметінің менеджері

ЭВМ бойынша бақылаушы

Еңбекақы бөлім.менгерушісі

Аға мастер
Ағамастер

Жөндеу жұмысы бойынша меңгеруші

Конгрес қызметінің менед
Жаранма қызметінің менеджері
Ірі қонақ үй кәсіпорындарының басқарушылық құрылымы бас директорге бағынатын 5-6 бөлім директорларының қызметі болуы мүмкін (2.5-сурет). Бұл тамақтандыру жүйесінің директоры, орналастыру бойынша директор, қаржылық, техникалық, коммерциялық директорлар. Олар басқарудың орта деңгейі болып табылады және жоғарыдағы жетекшілікпен жасалған кәсіпорынның жұмыс істеу саясатының жүзеге асуын қамтамасыз етеді, бұйрықтардың бөлімшелерге және бөлімдерге жеткізілуін және орындалуын қадағалайды. Бөлімдердің директорларының міндеттемелері көп және шешім қабылдау еркі бар. Олар сонымен бірге қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сұрақтарды шешеді.
2.5 сурет - Ірі қонақ үй кешенінің үлгілік ұйымдастыру құрылымы
Олар сонымен бірге қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сұрақтарды шешеді.
Тамақтандыру бойынша директор мейрамхананы басқарады. Оған тікелей бағынатын қызметкерлерге кәсіпорынның меңгерушісі, бас-аспазшы, метродотель, банкет қызметкерінің менеджері, аға - даяршы кіреді.
Қаржы директорына бағынатындар: бас бухгалтер, шаруашылық менеджері. ЭВМ бақылаушысы, айлық-жалақы бөлімінің меңгерушісі.
Техникалық директор инженерлік-эксплуатациялық бөлімді басқарады. Түрлі кәсіпорындарда техникалық директордың қызметі әр түрлі болып аталады: бас инженер, эксплуатация бойынша директор, ғимараттың бас технигі. Оған бас шебер, жиһаз жөндеу, жабдықтар, жылу жүйесі, тоңазытқышты орнату және т.б. шеберханасының меңгерушісі бағынады.
Барлық басқару деңгейлерінің жетекшілері, сонымен қатар орындаушылық функцияларын да атқарады. Атқарушылық функциялардың үлес салмағы басшылық деңгейінің жоғарылауымен төмендейді. Есептеулер мынаны көрсетіп отыр: жоғарғы деңгейде олардың үлесі 10% көлемінде, ал орта деңгейде - 50% және төменгі деңгейде - 70% жуық менеджерлердің уақытын алып отыр.

Жоғарғы менеджмент
Стратегиялық
Шешім
Орта менеджмент
Оперативті шешім
Үлестіру
Төменгі менеджмент
Орындалатын
Жұмыс

2.6 сурет - Қызмет түрлері және басқару деңгейі бойынша менеджерлердің уақытты жұмсау жіктемесі.

Жалпы уақыттың мұндай үлестірілуі үш деңгейдің де менеджерлері екі түрлі тапсырмаларды иеленуімен түсіндіріледі: менеджмент бойынша тапсырмалар және мамандығы бойынша тапсырмалар (2.6 - сурет). Бұл кез келген басқару деңгейінің жетекшісі уақыттың анықталған бір пайызын басқарушылық шешімдерді қабылдауға және анықталған бір пайызын мамандығы бойынша шешімдерді қабылдауға кетіретінін көрсетеді. Басқару деңгейінің көтерілуімен мамандық бойынша тапсырмалардың үлес салмағы төмендейді, ал менеджмент бойынша өседі.

Жұмыс уақыты

Менеджмент
бойынша тапсырма

Мамандық бойынша
тапсырмалар

Жоғары тұратын менеджмент деңгейі

Орта менеджмент деңгейі

Төменгі менеджмент деңгейі

2.7 сурет - Менеджмент пен мамандардың жұмыс уақытын пайдалануы

Халықаралық тәжірибедегі кең тараған қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару формаларына келесілер кіреді:
♦ келісім шартпен басқару;
♦ франчайзинг келісімі арқылы басқару;
♦ жалға алу.
Келісім шартпен басқару
1970 жылдардың басынан кең тараған қонақ үй кәсіпорындарындағы негізгі басқару формаларының бірі, ол келісім шартпен басқару.
Келісім шартпен басқару дегеніміз, ол кәсіпорындар типтеріне сәйкес басқаруға мамандандырылған кәсіпорын (қонақ үй) иесі мен менеджер немесе компания арасында келісілген жазбаша келісім.
Осы уақытқа дейін қонақ үй менеджменті саласындағы мамандар қонақжайлылық индустриясындағы басқару келісім шарты қай жерде және қай уақытта бекітілгені туралы бір ойға келмеген. Біреулерінің пайымдауынша, басқарудың бірінші келісім шартына ХХ - шы ғасырдың басында Цезарь Риц Груп компаниясы қол қойған. Басқалардың айтуы бойынша, бірінші басқару компаниясы Трэдуэй Хотэл компаниясы болды, ол АҚШ колледжінен басқаруға алынған орта қонақ үйде өз жұмысын бастаған. Үшіншілердің айтуы бойынша, бірінші басқару компаниясы Уэстин Хотэлз компаниясы, ол өз қызметін 30-шы жылдардан бастады.
90-шы жылдардың басында қонақ үйлерді басқару бойынша ірі компаниялар Ричфил хоутел менеджмент, Дал-бтри хоутел, Интерстейт хоутелз корп болған.
Басқару келісімінің мазмұнына жеті негізгі кезеңдер кіреді:
1. Компания басқарушысына (оператор) кәсіпорынды басқаруға құқық беру. Сөйтіп, компания иесі басқару процесіне араласуға құқықтан айырылады.
2. Түрлі операциядан кеткен шығынды, сонымен қатар, өзінің құқықты иелігінен шыққан барлық қаржы және оперативті тәуекелді компания иесіне жүктеу.
3. Операторды қандай да бір іс әрекетінің жауапкершілігінен босату немесе қорғау, ал арам ниетпен немесе дөрекі абайсыздықтан жасалған іс әрекеттері жауапқа тартылады.
4. Қонақ үй кәсіпорнын басқару мерзімі, әдетте бес, он және жиырма жылға келісім бекітіледі.
5. Таза табыстың немесе жалпы табыстың мөлшерінен басқарушылық ақы анықталады. Әдетте ол жалпы табыстан немесе таза табыстан 2 - 4,5 % құрайды. Кейбір келісім шарттар бірінші жылы 2%, екінші жылы - 2,5%, үшінші жылы - 3,5% - ды қарастырады.
6. Келісімді жаңарту жағдайы. Көбінесе осындай жағдайларда шешім қабылдау құқығы басқарушы компанияға беріледі.
7. Келісімді тоқтату шарты. Компания басқарушысына немесе иесіне артықшылық беретін келісімді тоқтатудың кемінде төрт нұсқасы бар:
♦ егер де екі жақтың бірі келісім шартты бұзу туралы ескертуді заңмен бекітілген уақытта орындамаса;
♦ егер де екі жақтың бірі банкрот болып жарияланса немесе өз мүліктерін кредиторларға қарыздарының орнына берсе;
♦ егерде екі жақтың бірі кәсіпорынның іс-әрекет құқығының лицензиясынан айырылса немесе тоқтату себебі болса;
♦ келісім шарт екі жақтың келісімімен тоқтатылса.
Басқару компаниясы кәсіпорын мүлкіне ешқандай құқығы жоқ. Бірақ кейбір кезде, компания басқарушысы компанияның жартылай мүлкіне ие бола алады, ол жағдай келісім шартқа байланысты. Мұндай жағдай трансұлттық (ТНК) компанияларға тән.
Келісім шартпен басқарудың әлсіз және күшті жақтары бар.
Кәсіпорын иесінің келісім шартпен басқарудағы артықшылығы мынада:
1. Келісім шарт жүйесіндегі компания басқарушысы немесе менеджер әдетте мүлік үлесіне ие болмайды;
2. Компания басқарушысы немесе менеджердің ерігін таңдау;
3. Басқарушыға тәуелді болмай, кәсіпорын инвестициясын жүзеге асыру мүмкіндігі;
4. Максималды табыстан басқарушыға ақыны шегеру.
Кәсіпорын иесінің келісім шартпен басқарудағы кемшілігі мынада:
1. Бақылаудың тез орындалушылығының жоқтығы;
2. Максималды тәуекел және басқарушының ақысын төлеу қажеттілігі.
3. Басқару процесіне араласуға құқығының жоқтығы;
4. Келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың қиыншылық туғызуы.
Компания басқарушысына (менеджер) келісім шарт жүйесінің артықшылығы:
1. Әсер ету саласының кеңейуі;
2. Минималды шығыннан кірістің көбейуі;
3. Компания иесіне толығымен ақы төлеу мәжбүрлігінің жоқтығы.
Кәсіпорын басқарушысына (менеджер) келісім шартпен басқарудың кемшілігі мынада:
1. Басқару ақысы сомасының кірісін шектеу;
2. Компания иесінің қаржы жағдайына бағынышты болу;
3. Келісім шарттың (келісім шарттың қайта басталуы) бітуіне байланысты жұмысты жоғалту, қызметтің тоқтатылуы.
Франчайзинг келісімі арқылы басқару
Қонақ үй кәсіпорындарының басқару формалары басқа түрлерден де тұрады, ол франчайзинг келісім шарты арқылы басқару. Франчайзинг термині француз тілінен тараған franchise - артықшылық, жеңілдік деген мағына береді және қазіргі замаңғы түсінік бойынша ірі және кіші жеке кәсіпорындар арасындағы келісім шарт жүйесі, яғни кәсіпорындар өз қызметтерін және тауар түрлерін ірі фирманың атымен және сауда маркасымен өндіруге құқық алады.
Қазіргі замаңғы құқық теориясымен қатар, франчайзинг терминімен франшизинг, франшиза келісім шарты және франчайз терминдері қолданылады.
Франчайзинг анықтамасын халықаралық франчайзинг ұйымдарының ассоциациясы береді. Ол кәсіпорындар қызметімен айналысуға заң тәртібі арқылы қорғау құқығын ұсынатын франчайзерлер (франшиза берушілер), және де осы ұйымның қызметін, оқытылуын жүзеге асыруына және франчайзидің (франшиза алушылар) басқарғанына ақы алуға көмек көрсетеді.
Бұл термин француздардан тараса да, франчайзинг келісім шарттың ерекше түрі ретінде АҚШ-та пайда болған. Бұл жүйе 1907 жылы қонақ үй индустриясында қолдана бастады, Ritz Development Company Нью-Йорктік фирмасынан сатып алынып, Ritfe-Carlton деп аталуға құқық алды.
Хуард Джонсон 1927 жылы франчайзинг келісім шартына отырып, өз отельдерін басқаруды бастады. Ол өз ісін тез арада кеңейтуге мүмкіндік берді - бірінші Шығыс жағалауында, кейіннен - Орта батыс және 60-шы жылдардан бастап - Калифорнияда. Қазіргі уақытта бұл торапқа 900 кәсіпорындар кіреді.
60-шы жылдары франчайзинг - қонақ үйлер мен мотельдердің даму және өсу стратегиясына айналды. 90-шы жылдары бұл тенденция сақталып қалды. Қонақ үй индустриясында франчайзингпен айналысатын ірі компаниялардың бірі болып Парсиппанидағы (Нью-Джерси штаты) (3413 отельдер) Hospitality Franchise System саналады. Одан кейін Choice Hotels International (Блэк стоундік топтағы - 2487 отельдер - Нью-Йорк). Бұл тізімде үшінші орынды иеленген - HolidayInnWorldwide. Мейрамхана бизнесінде - McDonald's, Burger King, Kentucky Fried Chicken, Pizza Hut және T.G.I. Friday's.
Әр франчайзинг келісім шартында франчайзер франчайзиға өз фирмалық таңбасы арқылы өздерінің жұмыс технологиясы мен әдістерін, резервтеу жүйесін, өңдірілген маркетинг процедурасын, жеңілдік жүйесін және тағы да басқаларды колдануға құқық береді. Әдетте шарт болып табылатын, ол - франчайзер стратегиясына қатысу. Франчайзер өз нарық торабына жаңа мүшелерді тартуға қызығушылық тудырады. Осы мақсатпен ол қызығушылық танытқан адамдарға арнайы құжат дайындайды, оның ішіндегі ең қажетті құжат - шарттар туралы мәлімдеме. Бұл құжат франчайзерлерге хабарламаны ұсынады, франчайзилер кім болатыны, оның жасаған бизнесінің ерекшелігі қандай екені туралы мәліметті қамтиды. Сонымен қатар, шарттар туралы мәлімдемеде франчайзер-кәсіпорынды басқару құрамының мамандандырылуы туралы, оның қаржы тұрақтылығы туралы, франчайзинг туралы сұрақтар қамтылады: келісім шартқа тұрған кезде қарым-қатынастың мағынасы неде болатынын көрсетеді, қандай нақтылы сұрақтарға франчайзерлер франчайзилерге көмек көрсетеді; қандай қосымша құралдар алу керек екені туралы міндеті және т.б.
Франчайзер мен франчайзидің құқықтық ара-қатынасы келісім шартқа қол коюмен бекітіледі. Келісім шарт франчайзингпен қамтитын кәсіпорындар саны, нарықтық және географиялық ортадағы кәсіпорынның жұмысына қатысты болуы мүмкін және қызмет мерзімі мен бір қатар сәттерді қамтуы мүмкін. Қонақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйді басқарудың қызметтік құрылымы
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Қонақжайлылық индустриясы және осы салада маркетингтің бүгінгі даму деңгейі
ҚР мотельдердің даму ерекшеліктері
Қонақ үйді басқарудың ұйымдық құрылымы
Фронт офис қызметкерлерінің фукнциялары
Туристік қызметті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
Пәндер