Гепатоз ауруы



Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Гепатоздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Бауыр циррозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Бауыр амилоидозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Proanamnеsis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Anamnesis vitae ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Anamnesis morbi ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.4 Status praesens universalis ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5 Status prаesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.7 Decursus morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.8 Epicrisis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3 Техника қауіпсіздігі.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы сол «Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау, рентгенологиясы пәні» бойынша мал организімінде ең көп кездесетін, малдың өнімділігін түсіретін, кейін барып малдарды өсіп өндіруге жарамсыз ететін аурулардың бірі – сиырдың гепатоз ауруы болып табылады. Гепатит бұл гиперемиямен, жасушаның инфильтратциясымен, дистрофиясымен,некрозымен,гепатоцидтердің және құрылымды элементтердің еруімен өтетің,бауыр әлсіздігі күрт байқалатын бауырдың дифузды қабынуы,гепатиттің қоздырғыштары қоздыратын малға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, бірінші кезекте малдың бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды.Гепатитің эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Ү ғасырда, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазірде тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді.
Гепатоздар - бауырда қабынудың белгісінсіз, зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын аурудардын жиынтығы.Аурудың себептеріне байланысты майлардың, амилоидтардың алмасуларының бұзылуларын анықтауға болады[1, 2,4,6,7,9].
Майдың алмасуынын бұзылуынан болатын гепатоз жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түріне қарағанда созылмалы түрі жиірек аныкталады.Гепатоциттерде үшглицериннің шоғырлануы салдарынан бауырдың негізгі қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.Ауру көбінесе жоғарғы өнімді, тойындыруға қойған малдарда, шошкаларда, мех аңдарында, иттерде зоопарктегі малдарда жиі тіркеледі.
Құрамында май қышқылы көп, бұзылған сүрлеммен азықтандырғанда; өсімдіктердің, минералды заттардың уларымен уланғанда; организм қалыптан тыс майланғанда; кетоз, қант диабеті, індетті, құрт ауруларында; ас қорыту, зәр шығару жуйелерінің созылмалы ауруларында кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с.-х. животных. Под. ред. А.М.Смирнова, П.Я.Конопелько и др. Ленинград, Колос, 1981 г.
2. Полный справочник внутренних болезней, под. ред. Ю. Ю. Елисеева. М., 2003 г.
3. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей. Т.К. Ливинова. Москва: Аквариум, 2003 г.
4. Внутренние незаразные болезни с- х. животных. Учебник. М.: Колос, 1985 г. Под. ред. И.Г.Шарабрина.
5. Внутренние незаразные болезни с- х. животных. Учебник. М.: Агропромиздат, 1991 г. Под. ред. В.М.Данилевского
6. Физиотерапия и физиопрофилактика болезней животных. Учебник. М.: Колос, 1983 г. Под. ред. А.Д. Белова
7. Внутренние незаразные болезни КРС. Учебник. М.: Колос, 1984. Ионов П.С., Тарасов И.И.
8. Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии. Учебное пособие. М.: Агропромиздат, 1985г. Кондрахин И.П., Курилов Н.В.
9. Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии. Учебное пособие. М.: Колос, 1979 г. Под.ред. П.С.Ионова
10. Лекарственные средства в ветеринарии. Д.К.Червяков, П.Д. Евдокимов
11. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург, 2005 г.
12. Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары. Оқулық. Құрастырып редакциясын қараған М.А. Молдагулов. - Алматы, 1993.
13. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных
Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
14. К.Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей-2005
М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев, Н.А.Заманбеков «Жануарлар ішкі
аурулары) 1-кітап, Алматы -2009
15. Т.Несіпбаев «Жануарлар физиологиясы» , «Қайнар» баспаханасы,
Алматы 1995 (бет 329-341)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдардың гепатозы атты курстық жұмысым 40 беттен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, эпикризис, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Гепатоздар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2 Бауыр циррозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Бауыр амилоидозы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Proanamnеsis ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Anamnesis vitae ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Anamnesis morbi ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Status praesens universalis ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.5 Status prаesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Decursus morbi et therapia ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.8 Epicrisis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3 Техника қауіпсіздігі.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Анықтамалар

Гепатоздар - бауырда қабынудың белгісінсіз, зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын аурудардын жиынтығы.Аурудың себептеріне байланысты майлардың, амилоидтардың алмасуларының бұзылуларын анықтауға болады.
Бауыр циррозы - Cirrhosis hepatis. Бауыр паренхимасының, оңдағы зат алмасуының бұзылуы салдарынан өліеттеніп, оның орнына дәнекер тіннің өсуімен сипатталатын ауру. Ауру малдардың барлық түрлерінде де кезедеседі.
Бауыр амилоидозы - Amyloidosis hepatis.
Белок пен қанттан тұратын қоспа - амилоидтың бауыр мен басқа да ағзалардың тіндерінде шоғырлануымен сипатталатын бауырдың созылмалы ауруы.

Белгілер мен қысқартулар

м2 - шаршы метр
м3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - температура
мг м3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
УЖЖ - ультра жоғарғы жиілік
АЖТ - аса жоғарғы жиілікті электромагниттік тербеліс

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы сол Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау, рентгенологиясы пәні бойынша мал организімінде ең көп кездесетін, малдың өнімділігін түсіретін, кейін барып малдарды өсіп өндіруге жарамсыз ететін аурулардың бірі - сиырдың гепатоз ауруы болып табылады. Гепатит бұл гиперемиямен, жасушаның инфильтратциясымен, дистрофиясымен,некрозымен,гепатоцид тердің және құрылымды элементтердің еруімен өтетің,бауыр әлсіздігі күрт байқалатын бауырдың дифузды қабынуы,гепатиттің қоздырғыштары қоздыратын малға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, бірінші кезекте малдың бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды.Гепатитің эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Ү ғасырда, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Гепатит деген ұғым қазірде тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді.
Гепатоздар - бауырда қабынудың белгісінсіз, зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын аурудардын жиынтығы.Аурудың себептеріне байланысты майлардың, амилоидтардың алмасуларының бұзылуларын анықтауға болады[1, 2,4,6,7,9].
Майдың алмасуынын бұзылуынан болатын гепатоз жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түріне қарағанда созылмалы түрі жиірек аныкталады.Гепатоциттерде үшглицери ннің шоғырлануы салдарынан бауырдың негізгі қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.Ауру көбінесе жоғарғы өнімді, тойындыруға қойған малдарда, шошкаларда, мех аңдарында, иттерде зоопарктегі малдарда жиі тіркеледі.
Құрамында май қышқылы көп, бұзылған сүрлеммен азықтандырғанда; өсімдіктердің, минералды заттардың уларымен уланғанда; организм қалыптан тыс майланғанда; кетоз, қант диабеті, індетті, құрт ауруларында; ас қорыту, зәр шығару жуйелерінің созылмалы ауруларында кездеседі.

1.0 Негізгі бөлім.
1.1 Гепатоз
Гепатоздар - бауырда қабынудың белгісінсіз, зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын аурудардын жиынтығы.Аурудың себептеріне байланысты майлардың, амилоидтардың алмасуларының бұзылуларын анықтауға болады.
Майдың алмасуынын бұзылуынан болатын гепатоз жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түріне қарағанда созылмалы түрі жиірек аныкталады.Гепатоциттерде үшглицери ннің шоғырлануы салдарынан бауырдың негізгі қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.Ауру көбінесе жоғарғы өнімді, тойындыруға қойған малдарда, шошкаларда, мех аңдарында, иттерде зоопарктегі малдарда жиі тіркеледі.[1,2,4,5.7]
Себептері. Құрамында май қышқылы көп, бұзылған сүрлеммен азықтандырғанда; өсімдіктердің, минералды заттардың уларымсн уланғанда; организм қалыптан тыс майланғанда; кетоз, қант диабеті, індетті, құрт ауруларында; ас қорыту, зәр шығару жуйелерінің созылмалы ауруларында кездеседі [1, 2,4,6,7,9].
Дамуы. Аурудын дамуына әсер ететін жагдайлар:
1. май қышкылдарының және оларды түзетін
қосылыстардың бауырда қалыптан тыс шоғырлануы,
немесе сырттан азық арқылы келуі;
2. үшглицериннің гепатоциттерде көп түзіліп, уақытында
бауырдан шығарылмауы.
Бұл екі жағдай бір-бірімен тығыз байланысты және аурудың басқа да себептерінің салдарынан асқынуы да мүмкін.
Бауырда май қышқылдарының түзілуі әлсірегенде үшглицериннің түзілуі үдей түседі. Ол бауырда липопротеидтердің тузілуін нашарлатады. Ал липопротеид болса үшглицеринді бауыр торшаларынан басқа жаққа тасымалдайтын бірден-бір қосылыс. Онымен қоса бауырда шоғырланғаи улы заттар белок- апопротеиннің түзілуіне кедергі жасайды. Ол белок липоиротеидтің құрамына кіреді. Міне,осыдан барып үшглицерин тасымалданбайды, ол бауырда жинақталады.
Бауыр торшаларыны сұйығындағы (протоплазмасындағы) белоктар мен майлардың байланысы үзіледі -- декомпозиция. Бүл өзгеріс зат алмасуының бузылуын одан ары асқындыра түседі. Тіндердегі белоктар ыдырап аутоантитеддер түзіледі. Одар цитотоксин ретінде бауырдағы антигенге әсерін тигізеді.Дистрофия процесінің дамуы, бауыр торшаларының өлі еттенуі (некроз), өзін-өзі ерітуі (аутолиз) бауырд өттің түзілуіне, оны бөліп шығаруға кедергі жасайды. Осының салдарынан ас қорыту, зат алмасу процестері одан ары асқына түседі. Толық тотығып үлгермеген метаболитгер шоғырланып организмді уландырады; орталық жүйке жүйесінің, жүректің қызметтері бұзылады.
Өлекседегі өзгерістер. Бауырдың көлемі үлкейген, қыртыс-тыртысы жазылмаған; сарғыш, май түстес; болбыр, кескен жердсгі сүреті кемескі. Гистологиялық әдіспен зертегенде бауыр бөліктерінің құрылысы бұзылған; бауыр торшаларының ерігені, немесе өлі еттенгені байқалады.Басқа паренхиматозды ағзаларда да зат алмасуының бұзылуынан болатын белгілер анықталады[1, 2,3,6,8,9].

12-Сурет. Гепатоз анықталған бауыр
Клиникалық белгілері. Ауру малдың халі нашар, сыртқы ортаға реакция жоқ, улану мен сары аурудың белгілері байқалады. Дене қызуы басында аздап көтерілгенімен, артынан төмендейді. Тамыр соғысы, дем алысы жиілей түседі.Бауырдың көлемі ұлғайған, консистенциясы жұмсақ, ауырсынғандық тек анда-санда байқалады. Организмде шоғырланған аммиактың, аминдердің, фенолдардың, т.б заттардың әсерінен жүйке жүйесінің реттеушілік қабілеті нашарлаған.[5]
Бұл ауру сиырларда туардың алдында, немесс туғаннан кейін 2-4 күннің ішінде жиі байқалады. Онда асқазан мен ішектердің қабынуының, паренхиматозды сары аурудың белгілері анықталады. Көз склерасы, тері, кілегей қабықтары сары түсті; қанда билирубинге тікелей реакция; зәрдің тығыздығы жоғары, олигурия; онда билирубин, белок анықталады.
Ауырған торайлардың 90 -- на дейін өлімге ұшырайды. Қанда глюкоза азайған (2,22 ммольл); жүзім қышкылы (193 мкмольл), сүт қышқылы (1,44 ммольл), билирубин (10,3 мкмольл), холестериндер (3,9 моль л] көбейген. АСТ, АЛТ, ЛДГ ферменттерініц белсенділігі жоғары.
Барысы. Аурудың созылмалы түрі циррозға айналып кетуі мүмкін. Сары аурудың белгісі бола тұрып, зәрде уробилиноген болмаса, онда аурудың болжамы жақсы емес. Ал егер несепте уробилиноген пайда бола бастаса, онда аурудың барысыда түзеле бастады деген сөз.
Ауруды анықтау үшін анамнезге, аурудың клиникалық белгілерінің жылдам дамуына, қан мен зөрді лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне жүгінеді.
Емі. Диета тагайындайды. Малдың рационына көміртегі азықтарды көбірек қосады. Алдыңғы қарыншақтарды, асқазанды, ішектерді жуып тазалайды. Немесе іш өткізетін дәрі береді, терең клизма қояды. Венаға глюкоза ерітіндісіне аскорбин қышқылын қосып құяды. Тернің астына инсулин ретинол; еттің ішіне токоферол жібереді. Организмде майдың алмасуын дұрыстайтын препараттар қолданылады: метионин, май қышқылдары т.б.Өттің түзілуін және оның бөлінуін реттейтін дәрілер қолданылады.Негізгі ауруларды емдейді.[1,2.3]
Сақтандыру шаралары.мал азығының құнарлылығы мен құрамын ауық ауық анықтап отыру қажет.Сары аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда инсулин глюкоза әдісін қолану арқылы аурудың алдын алу қажет.
1.2. Бауыр циррозы
Бауыр циррозы - Cirrhosis hepatis. Бауыр паренхимасының, оңдағы зат алмасуының бұзылуы салдарынан өліеттеніп, оның орнына дәнекер тіннің өсуімен сипатталатын ауру. Ауру малдардың барлық түрлерінде де кезедеседі. Себептері. Ауруды бауырдың созылмалы ауруларын әсіресе гепатит пен гепатоздың, соңғы сатысы деп қараған жөн. Олай болса сол ауруларға тән аурулардың себептерін циррозға да келтіруге болады. Микроэлементердің, олардың ішінде пиридоксин, селеннің жеткіліксіздіктері аурудың пайда болуына көп әсер ететіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Шіріген азықтың, өсімдіктердің құрамындағы улардың пестициттердің, нитрат пен нитриттердің ұзақ уақыт организмге әсер етуі аурудың негізгі себептерінің қатарына жатады. Бауыр құрттарымен жарақаттанғанда да ауру пайда болады. Шошқаларды бұзылған асхана тамақтарының қалдықтарымен азықтандырғанда байқалады.
Аурудың қосалқы түрі басқа аурулар, әсіресе ас қорыту жүйесінің аурулары асқынғанда сол аурулардың клиникалық белгісі ретінде дамиды.
Дамуы. Улы заттар бауырға әр түрлі жолдармен келеді. Аурудың дамуы қандай жолмен келуіне тікелей байланысты. Бірінші жолы бауырдың көк тамыры арқылы келуі. Бұл жағдайда процесс венаның шеткі тармақтарында дамиды дәнекер тіннің өсуі сол жақтан басталып, бауырды қыса түседі де, атрофиялық цирроз дамиды. Ондағы қан тамырының қысылып, бауырдың қоректенуі нашарлайды, өт жолдары қысылып, ас қорыту процесі бұзылады. Бауыр қатты жарақаттанғанда көк тамыр жүйесінде қанның қысымы артып құрсақ қуысында сұйықтың жиналғаны (асцит) байқалады. Мұндай жағдайда сары аурудың белгілерінің болмауы да мүмкін, ал бола қалған жағдайда ол механикалық түрі болады. [4,5,6,7,8]
Екінші жолы улы заттардың бауыр артериясы арқылы келуі. Бұл жағдайда улы заттар бауыр бөліктерінің аралығында шоғырланады. Дәнекер тіннің өсуі сол жерден басталады да, бауырды ішкі жағынан керіп, көлемін ұлғайтады - гипертрофиялық цирроз дамиды. Мұнда сары аурудың механикалық және паренхиматоздық түрлері байқалады. Ары қарай дамуы жоғарыдағыдай болады. Үшінші жолы өт жолдары арқылы келуі. Бұл жағдайда өт жолдарының қабырғалары қалыңдап, оның тасымалдануы нашарлайды. Сары аурудың механикалық түрі байқалады. Аурудың билиарлы түрі дамиды.
Жалпы алғанда дәнекер тіннің өсуі салдарынан гипатоциттердің қызметі бұзылады, қан мен өт жолдары қысылады, зат алмасу процесі нашарлайды, ол барып бауырдың кызметінің жеткіліксіздігін тудырады. Ac қорыту, негізгі заттардың алмасулары бұзылып, бауырдың қорғау қабілеті нашарлайды. Организмде асцит, өздігінен улану пайда болады.
Өлекседегі өзгерістер. Аурудың гипертрофиялық түрінде бауыр 2-3 есеге дейін ұлғайған, тығыз немесе қатты болып келеді, сырты жылтыр. Көкбауырда ұлғайған, тіндер сарғайған.
Атрофиялық түрінде, керісінше, бауырдың көлемі кішірейген, өте қатты. Ондай бауырды пышақпен әрең кеседі. Бауырдың сырты тегіс емес, бұдырланған. Түсі әр түрлі: ал қызыл, ақшыл сары, шыңқай сары немесе жасынданған. Көкбауырдың аздап болса да көлемінің ұлғайғаны байқалады.
Микроскоппен тексергенде бауыр бөліктерінің аралықтарында дәнекер тіннің өскендігі анықталады.
Клииикалық белгілері. Аурудың клиникалық белгілері жәй дамиды. Ол ауру малдың тәбетінің нашарлауынан басталады. [5,6,7,8]
Ішінің өтуі мен нәжістің қатып қалуы кезектесіп отырады. Асқазан мен ішектердің қабынуларының белгілері анықталады. Жылқыларда шаншу құбылысы, ірі қара малының мес қарынның кебуі, жиырылмауы байқалады. Ауру малдың жалпы күйі нашарлап, сыртқы ортаның әсеріне реакция бермейді. Көзі, кілегей кабықтары, кейде терісі де қанталайды. Асцитте іш жақтың сыртқы пішіні өзгереді.
Гипертрофиялық циррозда бауырдың көлемі ұлғайған, атрофиялық түрінде кішірейген. Көкбауырдың көлемі ұлғайған. Оны жылқыларда тік ішек арқылы тексеруге болады.
Лаборториялық зерттеулер:
:: қанда гемоглобин, эритроциттер мен лейкоциттен бос билирубин көп;
:: қанның сары суында альбуминдер азайған, керісінше глобулиндер көбейген;
:: трансаминді ферменттердің, сілтілік фосфатазаның белсенділіктері жоғары;
:: зәрде уробилин, кей кезде билирубин анықталады;
:: нәжісте стеркобилин болмайды, ол түссіз.
Барысы. Ауру созылмалы - айлап, жылдап созылады. Малдың қаны азаяды, арықтайды. [6,7,8,9]
Анықтау. Ауруды бастапқы кезінде анықтау қиынға түседі. Ауру мал туралы мағлұмат, клиникалық белігілері лабораториялық зерттеулердің нәтижелері, лапароскопия биопсия әдістерімен зерттеу ауруды анықтауға жақсы көмектеседі.
Болжамы. Ауру мал жазылмайды. Уақытында шығынға шығарған жөн.
Емі. Ауру малды дәрілермен емдеудің нәтижесі жоқ. Ауруды жеңілдетіп, малдың өмірін ұзарту үшін аурудың себептерін дұрыс анықтап, оны жою; мал азығының құнарлылығына, құрамына көңіл бөлу; аурудың белгілеріне қарсы қам жасау; құрсақ қуысына сұйық жиналғанда пункция жасап шығару сияқты емдеу әдістерін қолдануға болады.
Сақтандыру шаралары:
:: малдың азығын реттеу;
:: малдарды уланудан сақтандыру;
:: негізгі ауруларды болдырмауға, бола қалған жағдайда тезірек жоюға тырысу;
:: малдарды уақытында серуендетіп отыру сияқты мәселелерді дұрыстап шешкен жөн [1, 2,4,7,9].

1.6 Бауыр амилоидозы

Бауыр амилоидозы - Amyloidosis hepatis.
Белок пен қанттан тұратын қоспа - амилоидтың бауыр мен басқа да ағзалардың тіндерінде шоғырлануымен сипатталатын бауырдыц созылмалы ауруы.
Амилоид - глобулиндер мен полисахаридтердің қоспасы, йод пен әсер еткенде боялады. Бауыр амилиодозы бүйректердің, көкбауырдың, ішектердің және басқа да ағзалардың амидоздарымен қабаттаса жүреді. Ауру жылқыларда жиі, ірі қара малда сирек кездеседі.
Себептері. Сүйектердің, терінің, әсіресе ірінді ауруларында; ішкі ағзалардың ауруларында; жара мен ісіктерде; мал өте арықтағанда пайда болатын ауру. [7,8,9]
Дамуы. Организмге ұзақ уақыт микрорганизмдердің улары әсер еткенде белоктың алмасуы бұзылады, одан амилоид қоспасы түзіледі. Олар барып бауырдың, бүйректердің, көкбауырдың, ішектердің қан тамырлырының қабырғаларына жинақталады. Бауырдың шет жағынан басталып, артынан барлық, бөліктеріне тарайды. Бауырдың бөліктерінің іші амилодқа толады да, ондағы капиллярларды қысады. Қан айналысы бұзылып, ағзаның қоректенуі нашарлайды. Гепатоциттердің қызметі бұзылады да, жалпы бауырдың қызметінің жеткіліксіздігін туғызады. Қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігі нашарлайды.
Өлекседегі өзгерістер. Ірі кара малының бауыры 23 кг-ға дейін ұлғайған мысалдар бар (қалыпты жағдайда - 3,5- 4 кг). Бауырдың түсі қоңыр, балшық түстес, суреті белгісіз. Көкбауырдың да көлемі ұлғайған, консистенциясы тығыз. Бүйректерде, ішектерде, буындарда, сүйектерде де амилоидоз.
Клиникалық белгілері. Ауру малдың кілегей қабықтары бозарған, аздап қана сарғайғаны білінеді. Бауыр мен көкбауырдың шекаралары ұлғайған. Буырдың беті біркелкі, жылтыр. Паренхиматозды сары аурудың белгілері бар. Ac қорту процесі қатты бұзылады. Eгep амилоидты бауыр жарылса, онда кан азаюдың белгілері білінеді. Зәрде белок.
Барысы. Ауру созылмалы түрде жиі кездеседі. Кейде айлап, жылдап созылады. [6,7,8,9]
Ауруды анықтау үшін ауру мал туралы жиналған деректерге, клиникалық белгілеріне, биопсия арқылы тексерудің нәтижелеріне көңіл аударады.
Емі. Ауруды тудыратын негізгі ауруларды емдейді. Бауырдағы метаболизмді қалпына келтіретін барлық әдістерді қолданады.
Аурудан сақтандыру үшін мал ағзаларында ірінді қабыну процестерін болдырмауға тырысу керек.

2 Өзіндік зерттеу

Курстық жұмысты орындау барысында, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ветеринариялық медицина кафедрасының ветеринарлық клиникасында өзіндік зерттеулер жүргіздім. Онда біз созылмалы гепатитпен ауырған құнажынды емдедік. Жетекшім - в.ғ.к, аға оқытушы Нуралиев С.

2.1 Proanamnesis
1. Амбулаторлық журналындағы тіркеу нөмірі - 76
2. Емдік мекеме мекен-жайы: Шымкент қаласы,
3. Емдік мекеме аты: М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Агроөнеркәсіп факультетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының клиникасы
4. Иесі - Нұрланов Әжіке
5. Иесінің мекен жайы: Шымкент қаласы, Самал-2, Көкжиек көшесі 49.
6. Мал түрі - сиыр
7. Жынысы - ұрғашы
8. Тұқымы - Әулие-ата
9. Түсі - қара ала
10. Жасы - 4 жасар
11.Салмағы - 370 кг
12. Дәрігерге көріну күні: 2.02.2013ж.
14. Сауығу күні: 24.02.2013ж.
15. Алдын ала қойылған диагноз: гепатит

2.2 Anamnesis vitae

Қара мал күз, қыс айларында ветеринариялық клиникада 16 кг жоңышқа шөбімен, 12 кг күрделі жеммен, 4 кг шротпен бағып күтілді. Малдың ақырына тұз кесегі, бор ұнтақтары салынды. Майлы шроттарды 6 ай күнделікті беріліп тұрды.

2.3 Anamnesei morbi
Құнажынды 180 күн майлы шротпен, мақсары сығындысымен шамадан тыс берілгендіктен, малдың кілегейлі қабықтары сарғайып, жүні бірен-сараң түсіп, қышына бастады. Малдың жем-шөпке тәбеті нашарлай бастады. Малдың қанын, зәрін зертханалық тексергенде, қаны мен зәрінде билирубинді таптық. Малды 150 күн бойы майлы шротпен, мақсары сығындысымен жемдеп беруді жалғастырып, зерттеу жұмыстарын бақыладық. [8,9,10]. Зерттеудің алғашқы барысында құнажынның қанын, зәрін алып, байланыспаған билирубинге тексердік. Зертханалық тексеру нәтижесі бойынша қанында және зәрінде билирубин бары анықталды. Құнажынды клиникалық тексеру кезінде оның зат алмасу, асқорыту, тыныс алу, жүйке жүйесінің бұзылғаны белгілі болды. Бұрын мал ешқандай аурумен ауырмаған. [7,8,9]

2.4 Status praesens universalis

Малды жалпы тексеру:
Қоңдылығы орташа, конституциялық бітімі дұрыс орналасқан, ешқандай патология байқалмайды. Денесін кеңістікте - дұрыс ұстап тұрады.
Пальпация арқылы құнажынның жалпы денесін сипап көрдім. Түктері үрпиген, ұстап зерттегенде мал әлсін - әлсін тынышсызданды, кейіннен үйренді.
Кілегей қабаттарын зерртеу. Зерттегенде көрінетін кілегей қабықтарының (көз , ауыз қуысы) түсі өзгеріп, бозарып, сарғайғанын байқадым.
Денесінде бөгде жарақаттардың бар - жоғын зерттедім. Онда ешқандай патология көрінбеді. Сипағанда бауыр тұсында ауырсыну сезіледі.
Жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеу. Бауырдың зақымдалуына байланысты, бәрімізге белгілі болатындай, ол тез арада қан айналу жүйесіне әсер еткен. Қанның қысымы жоғары, жүректің сол жақ қарыншасы кеңейген , қабырғасы қалыңдаған, тамырлары қатайған
Тыныс алу жүйесін зерттеу. Әдетте өкпенің күйін перкуссия арқылы зерттеп гидроторокс, тағы басқа патологияларды зерттейді. Ондай патологиялар жоқ. Бірақ тыныс алу жиі, ентігу сезілді.
Лимфа жүйесін зерттеу. Лимфа түйіндерінің қалыпты екенін зерттеу. Бездердің көлемі орнында, ешқандай патология көрінбейді. Жақ асты жұп безін зерттеп қарағанда кішкене дөнестілік немесе ісінулер онша байқала қоймайды. Қабыну процестері байқалмайды.
Асқорыту жүйесін зерттеу. Құнажынның жалпы асқорыту жүйесі нашарлаған, берген жем шөпті жемей тұрып алған, көбінше су іше берген. Несеп жүйесін зерттеу. Несеп жүйесінде патология байқалмайды, бірақ зәр түсі сары. [7,8,9,10]

2.5 Status praesens localis
Сиырдың жалпы жағдайы төмен. Бауырдың қызметі бұзылған. Бауыр патологиясында аурудың өршуі бірнеше синдроммен өтеді.
Ауру жіті түрде. Уақытында себептерін жойып, дұрыстап емдегенде ауру малдың жазылып кетуі де мүмкін. Кейде созылмалы циррозға айналады.
Аурудың созылмалы түрі циррозға айналып кетуі мүмкін. Сары аурудың белгісі бола тұрып, зәрде уробилиноген болмаса, онда аурудың болжамы жақсы емес. Ал eгep несепте уробилиноген пайда бола бастаса, онда аурудың барысы түзеле бастады деген сөз.
Көбінесе негізгі аурулардың белгілерін анықтайды. Жалпы малдың жағдайы төмен, тәбеті жоқ. Паренхиматозды сары аурудың белгілері анықталады: Кілегей қабықтары сарғайған, кей жерінің жүні түскен, қышыма байқалады, қанда билирубиннің бос түрі көбейген, тікелей реакция береді.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі ас қорыту процесінің бұзылуымен, майдың нашар ыдырауымен, қанның аққыштығымен, жалпы уланумен, малдың арықтауымен сипатталады.
Көк бауырдың көлемі ұлғаяды. Зәрі сары түсті, онда бауырдан өткен билирубин, уробилиноген анықталады. Өт қышқылдары оның көпіршігін сарғайтады, көлемі аз, тығыз.
Бауырдың цирроз, гепатит ауруларынан ажырата білу керек.
Цирроз созылмалы ауру. Ауырсынғандық, дене қызуының көтерлгендігі байқалмайды. Бауырдың консистенциясы тығыз, көлемі әртүрлі, сары аурудың негізгі клиникалық белгілері көмескі түрде болады.
Гепатозда дене қызуы көтерілмейді және аурудың себептеріне көңіл бөлу керек.
Қанның еруінен болатын сары аурумен сипатталатын ауруллрда эритроциттер азаяды, қанның түрлі-түсті көрсеткіші жоғарылайды, билирубинге кері реакция береді. Несепте билурубин анықталмайды.
Бауыр торшаларының сұйығындағы (протоплазмасындағы) белоктар мен майлардың байланысы түзіледі. Бұл өзгеріс зат алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі. Тіндердегі белоктар ыдырап аутоантителдер түзіледі. Олар цитотоксин ретінде бауырдағы антигенге әсерін тигізеді. [8,9,10]
Дистрофия процесінің дамуы, бауыр торшаларының өлі еттенуі (некроз), өзін-өзі ерітуі (аутолиз) бауырда өттің түзілуіне, оны беліп шығаруға кедергі жасайды. Осының цитотоксин ас қорыту, зат алмасу процестері одан ары асқына тседі. Толық тотығып үлгермеген метаболиттер шоғырланып организмді уландырады; орталық жүйке жүйесінің, жүректің қызметтері бұзылады.
Зерттеу жоспары мен оның негізделуі
1. Лабораториялық зерттеу:
- Қанды тексергенде билирубин мен уробелин көбейген, лейкоцитоз, оның ішінде нейрофилдердің көлемі көбейген.
- Зәрді тексергенде көп мөлшерде билирубин, мочевина, креатит мен креатинин анықталды. Одан басқа зәрде белок құрамы көбейген, лейкоциттер мен эритроциттер анықталған.
2. Функционалды инструментальды әдістер:
- Рентгеноскопия, УЗИ мен бауыр потолгияларының анықтағанда бауыры үлкейген, бауыр ұлпалары үлкейіп қабынған.

2.6 Diagnosis

Малды майлы шротпен, мақсары сығындысымен ұзақ азықтандыруы себепті, кейін зертханалық және клиникалық тексеру нәтижелері бойынша оған сиырдың гепатозы деп диагноз қойдық.

2.7 Diagnosis morbi et therapia

Күні
Дене қызуы
Тыныс алуы
Тамыр соғысы
Diagnosis morbi
Diagnosis therapia
02.2013
41,5 ºС
26
75
Жалпы құнажынның жағдайы нашар, азыққа тәбеті жоқ. Паренхиматозды сары аурудың белгілері анықталады. Кілегей қабықтары сарғайған, кей жерінің жүні түскен, қышыма байқалады, қанда билирубиннің бос түрі көбейген, тікелей реакция береді.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі ас қорыту процесінің бұзылуымен, майдың нашар ыдырауымен, қанның ақыштығымен, жалпы уланумен, малдың арықтауымен сипатталады.
Көк бауырдың көлемі ұлғайған. Зәрі сары түсті, онда бауырдан өткен билирубин, уробилиноген анықталады.

1. 5 мл эссенциале форте Н+2 мл қанмен араластырып тамырға;
2. 20 мл ихтиол + 1 литр сумен ауызға;
3. 30мл. сүт қышқылы + 1 литр сумен ауызға;
4. 200 мл 30co глюкоза ерітіндісін тамырға;
5. 15 мл аскорбин қышқылы тамырға;
6. 6 мл В1 витамині тамырға күнара;
7. 6 мл В6 витамині тамырға;
8. 4 мл В12 витамині тамырға күнара;
9. 200 мл физраствор тамырға;
10. 200 мл хлорлы кальций тамырға;
11. 2 мл кардиамин тері астына;
12. 3 мл фурасемид тері астына;
13. 200 мл полигюкон
тамырға
14. 200мл хлорлы кальций тамырға
15. Майлы концентратты рационнан шығару;
16. Сүрлем, силос және жоңышқа шөбі рацион бойынша беру
17. Моцион жасау 30 минут күнде
18. 1,5 гр. зинацеф -10мл 0,5% новокаин ертіндісін тамырға
3.02.2013
40,5 ºС
26
73
Құнажынның жағдайы нашар, тәбеті жоқ. Паренхиматозды сары аурудың белгілері анықталады. Кілегей қабықтары сарғайған, кей жерінің жүні түскен, қышыма байқалады, қанда билирубиннің бос түрі көбейген, тікелей реакция береді.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі ас қорыту процесінің бұзылуымен, майдың нашар ыдырауымен, қанның ақыштығымен, жалпы уланумен, малдың арықтауымен сипатталады.
Көк бауырдың көлемі ұлғайған. Зәрі сары түсті, онда бауырдан өткен билирубин, уробилиноген анықталады.

1. 5 мл эссенциале форте Н+2 мл қанмен араластырып тамырға;
2. 20 мл ихтиол + 1 литр сумен ауызға;
3. 30мл. сүт қышқылы + 1 литр сумен ауызға;
4. 200 мл 30co глюкоза ерітіндісін тамырға;
5. 15 мл аскорбин қышқылы тамырға;
6. 6 мл В1 витамині тамырға күнара;
7. 6 мл В6 витамині тамырға;
8. 4 мл В12 витамині тамырға күнара;
9. 200 мл физраствор тамырға;
10. 200 мл хлорлы кальций тамырға;
11. 2 мл кардиамин тері астына;
12. 3 мл фурасемид тері астына;
13. 200 мл полигюкон
тамырға
14. 200мл хлорлы кальций тамырға
15. Майлы концентратты рационнан шығару;
16. Сүрлем, силос және жоңышқа шөбі рацион бойынша беру
17. Моцион жасау 30 минут күнде
18. 1,5 гр. зинацеф -10мл 0,5% новокаин ертіндісін тамырға
4.02.2013
40,5 ºС
24
73
Құнажынның жағдайы нашар, тәбеті жоқ. Паренхиматозды сары аурудың белгілері анықталады. Кілегей қабықтары сарғайған, кей жерінің жүні түскен, қышыма байқалады, қанда билирубиннің бос түрі көбейген, тікелей реакция береді.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі ас қорыту процесінің бұзылуымен, майдың нашар ыдырауымен, қанның ақыштығымен, жалпы уланумен, малдың арықтауымен сипатталады.
Көк бауырдың көлемі ұлғайған. Зәрі сары түсті, онда бауырдан өткен билирубин, уробилиноген анықталады.
1. 5 мл эссенциале форте Н+2 мл қанмен араластырып тамырға;
2. 20 мл ихтиол + 1 литр сумен ауызға;
3. 30мл. сүт қышқылы + 1 литр сумен ауызға;
4. 200 мл 30co глюкоза ерітіндісін тамырға;
5. 15 мл аскорбин қышқылы тамырға;
6. 6 мл В1 витамині тамырға күнара;
7. 6 мл В6 витамині тамырға;
8. 4 мл В12 витамині тамырға күнара;
9. 200 мл физраствор тамырға;
10. 200 мл хлорлы кальций тамырға;
11. 2 мл кардиамин тері астына;
12. 3 мл фурасемид тері астына;
13. 200 мл полигюкон
тамырға
14. 200мл хлорлы кальций тамырға
15. Майлы концентратты рационнан шығару;
16. Сүрлем, силос және жоңышқа шөбі рацион бойынша беру
17. Моцион жасау 30 минут күнде
18. 1,5 гр. зинацеф -10мл 0,5% новокаин ертіндісін тамырға
6.02.2013
39,1 ºС
22
71
Құнажынның жағдайы нашар, тәбеті жоқ. Паренхиматозды сары аурудың белгілері анықталады. Кілегей қабықтары сарғайған, кей жерінің жүні түскен, қышыма байқалады.
Көк бауырдың көлемі ұлғайған. Зәрі сары түсті, онда бауырдан өткен билирубин, уробилиноген анықталады.

1. 5 мл эссенциале форте Н+2 мл қанмен араластырып тамырға;
2. 20 мл ихтиол + 1 литр сумен ауызға;
3. 30мл. сүт қышқылы + 1 литр сумен ауызға;
4. 200 мл 30co глюкоза ерітіндісін тамырға;
5. 15 мл аскорбин қышқылы тамырға;
6. 6 мл В1 витамині тамырға күнара;
7. 6 мл В6 витамині тамырға;
8. 4 мл В12 витамині тамырға күнара;
9. 200 мл физраствор тамырға;
10. 200 мл хлорлы кальций тамырға;
11. 2 мл кардиамин тері астына;
12. 3 мл фурасемид тері астына;
13. 200 мл полигюкон
тамырға
14. 200мл хлорлы кальций тамырға
15. Майлы концентратты рационнан шығару;
16. Сүрлем, силос және жоңышқа шөбі рацион бойынша беру
17. Моцион жасау 30 минут күнде
18. 1,5 гр. зинацеф -10мл 0,5% новокаин ертіндісін тамырға
7.02.2013
39 ºС
22
70
Құнажынның азыққа тәбеті нашар. Кілегей қабықтары сарғайған, кей жерінің жүні түскен, қышыма байқалады.
Зәрі сары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шұбар алатікеннің Silybum marianum жалпы сипаттамасы және биобиологиялық белсенділігі
Бауыр аурулары
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Ішкі жұқпалы емес аурулар
Витаминдер сипаты
Майлы гепатоз
Өнімдердің пестицидтермен ластануы
Ірі қара мал кетоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері
Малдың клиникалық зерттеу, мәліметімен танысу
Ішектің қабынуы аурулары
Пәндер