Ауыр жүк тартушы жылқы тұымдары



Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Советтік және орыстың ауыр жүк тартатын жылқылары ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Владимир және Першерон ауыр жүк тартатын жылқылары ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Шайр ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Ауыр жүк тартатын жылқыларды жаратып сынау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Ауыр жүк тартатын жылқыларды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3 Экономикалық тиімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
4 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе

Мал шаруашылығының ірі саласы –жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы, сондай-ақ, дәнді дақылдар, егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды. Дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымы мен тұқымдық тобы өсіріледі. Олар бір-бірінен шығу тегі,өнімдік бағыты, дене құрылысы мен тірілей салмағы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді.
Курстық жобаның өзектілігі: жүк жылқысы – жүк тасымалдау үшін арнайы өсірілетін жылқы тұқымы. Ұзақ уақыт күту, сұрыптау, іріктеу арқылы шығарылған. Жүк тасуға және ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Жүк жылқысының ТМД аумағында кеңестік, першерон, владимир, арден, орыс, ал өзге шет елдерде шайр, бретон, т.б. тұқымдары өсіріледі. Арден жылқысы Бельгияда шығарылған. Басы үлкен, мойны қысқа, тұрқы ұзын, кеуделі келеді. Арден жылқысын будандастыру арқылы ауыр салмақты орыс жүк жылқысы шығарылды (1952). Орыс жүк жылқысының өлшемдері: шоқтығына дейінгі биіктігі 147 – 150 см, тұрқы 157 – 162 см, кеуде орамы 184 – 200 см, жіліншік орамы 21 – 22 см, салмағы 700 кг. Жүк жылқысының ең көп тарағаны барбансон жылқысы. Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 160 – 167 см, тұрқы 157 – 176 см, кеуде орамы 215 – 220 см, жіліншік орамы 26 – 28 см, салмағы 900 – 1200 кг, күтімді көп қажет ететін жылқы. Қазақстанда кеңестік жүк жылқысының айғыры қазақ жылқысын асылдандыруға қолданылады. Алынған будандар қазақ жылқысынан ірі, орташа салмағы 560 – 590 кг.Ауыр жүк тартатын жылқыларға қысқаша тоқталатын болсақ, орыс жылқысы жүрдек, жұмысқа төзімді, желісті, мықты келеді, азықты онша талғамайды. Ал советтік жылқы тұқымының айғырлары үйірге салуға, қолдан ұрықтандыруға ойдағыдай пайдаланылады. Ал першерон жылқы тұқымы тез жетіледі, басқа ауыр жүк тартатын жылқыдан гөрі ыстыққа төзімді. Владимир жылқысы желісті, жүрдек, жуас, жұмысқа төзімді келеді. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарын шығарудағы ғалымдардың негізгі алдына қойған мақсаты ірі, жүрдек, жұмысқа төзімді, мықты жылқы алу [1].
Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауында айтады: «Мен ел халқына өзімнің жаңа жолдауымды осы көкейкесті тақырыпқа арнаймын. Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз». Жолдаудың оныншы бағыты ауыл шаруашылығын дамытуға арналған. Ол жолдауда былай айтылған: «Жалпы ауыл шаруашылығына байланысты кәсіпорындар санын, жалпы зауыттарды көбейту керек».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Шәуенов С.Қ. Зоотехния негіздері. – Астана. 2007. – 291-301б.
2 Әкімбеков Б.Р. Жылқы шаруашылығы. – Қостанай. 2007. – 301-307б.
3 Төреханов А.Ә, Жазылбеков Н.Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру. –Алматы. 2006. – 235-240б.
4 Мүслімов Б.М, А.Р. Әкімбеков. Мал азықтандыру. – Алматы. 2006. – 99-102б.
5 Қасымов Қ.Р Азық дайындау технологиясы. - Астана. 2007. – 161-170б.
6 Кинеев М.А Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми – өндірістігі –Алматы. 2005. – 420-429б.
7 Құлақбаев Қ.С. Жылқы өсіру технологиясы. - Алматы Қайнар. 2007. -321б.
8. Медеубеков Қ.С, Сарбасов Т.И. Жылқы шаруашылығы өнімдерін өндіру. –Қостанай. 2006. – 223-235б.
9. Бақытжанов Б.А. Жылқығы рацион жасау. – Астана. 2005. – 321-328б.
10. Көпжасаров Н.А. Мал шаруашылығының сөздігі. – Қостанай. 2006. – 125-130б.
11. Жасұзақов П.Е. Ауыл шаруашылығының сөздігі. – Алматы. 2004. – 422-430б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жоба Жылқы шаруашылығы, жылқы сүтін және етін өндіру
технологиясы пәні бойынша Ауыр жүк тартушы жылқы тұымдары тақырыбы
бойынша жазылған курстық жоба 4 кестеден, 2 суреттен, 25 беттен тұрады.
Курстық жобада кіріспе бөлімі, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу,
экономикалық тиімділік, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01.-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601-95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері орынға
қойылатын жалпы талаптар.

Белгілер мен қысқартулар

г – грамм
кг — килограмм
л – литр
мл – миллилитр
мм – миллиметр
т.б. - тағыбасқа
т.с.с. — тағысолсияқты
№ - нөмір
% - пайыз
а.ө - азықтықөлшем
см - сантиметр
млн.- миллион
Қ - қою
С - сирек
А - азоспермия
АҚШ - Америка Құрама Штаты

Анықтамалар

Карантиндік орын – мұндай қораға шаруашылыққа басқа жақтан келген малды
күтіп ұстайды.
Структура – тұқым құрылымы.
Генотип – организмнің өзара әсер ететін барлық тұқым қуалау
қасиеттерінің (гендерінің) жиынтығы.
Инбредтік депрессия – кемтарлық және өшу белгілері.
Популяция – бұл өзіне тән ұқсас басқадай топтардан айрықша белгі
Менералдық азық – малға берілетін азықтың бір топтамасы.
Ақуыз-аминқышқылдарының қосындысы.
Науа –жылқыға су беретін ыдыс.
Энзим-ферменттердің екінші атауы.
Рацион-тәулігіне бір басқа есептелінген азықтардың мөлшері

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1 Советтік және орыстың ауыр жүк тартатын
жылқылары ... ... ... ... ... ... .. ... ...9
1.2 Владимир және Першерон ауыр жүк тартатын
жылқылары ... ... ... ... ... ... .. 11
1.3 Шайр ауыр жүк тартатын жылқы
тұқымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...14

2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Ауыр жүк тартатын жылқыларды жаратып
сынау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.2 Ауыр жүк тартатын жылқыларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3 Экономикалық
тиімділік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21
4 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25

Кіріспе

Мал шаруашылығының ірі саласы –жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ
даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой
шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл
шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және
шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы, сондай-ақ, дәнді
дақылдар, егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін
орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны
тебіндетуге жарайды. Дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымы мен тұқымдық
тобы өсіріледі. Олар бір-бірінен шығу тегі,өнімдік бағыты, дене құрылысы
мен тірілей салмағы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді.
Курстық жобаның өзектілігі: жүк жылқысы – жүк тасымалдау үшін арнайы
өсірілетін жылқы тұқымы. Ұзақ уақыт күту, сұрыптау, іріктеу арқылы
шығарылған. Жүк тасуға және ауыл шаруашылығында  пайдаланылады. Жүк
жылқысының ТМД аумағында кеңестік, першерон, владимир, арден, орыс, ал өзге
шет елдерде шайр, бретон, т.б. тұқымдары өсіріледі. Арден жылқысы Бельгияда
шығарылған. Басы үлкен, мойны қысқа, тұрқы ұзын, кеуделі келеді. Арден
жылқысын будандастыру арқылы ауыр салмақты орыс жүк жылқысы шығарылды
(1952). Орыс жүк жылқысының өлшемдері: шоқтығына дейінгі биіктігі 147 – 150
см, тұрқы 157 – 162 см, кеуде орамы 184 – 200 см, жіліншік орамы 21 – 22
см, салмағы 700 кг. Жүк жылқысының ең көп тарағаны барбансон жылқысы.
Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 160 – 167 см, тұрқы 157 – 176 см,
кеуде орамы 215 – 220 см, жіліншік орамы 26 – 28 см, салмағы 900 – 1200 кг,
күтімді көп қажет ететін жылқы. Қазақстанда  кеңестік жүк жылқысының айғыры
қазақ жылқысын асылдандыруға қолданылады. Алынған будандар қазақ жылқысынан
ірі, орташа салмағы 560 – 590 кг.Ауыр жүк тартатын жылқыларға қысқаша
тоқталатын болсақ, орыс жылқысы жүрдек, жұмысқа төзімді, желісті, мықты
келеді, азықты онша талғамайды. Ал советтік жылқы тұқымының айғырлары
үйірге салуға, қолдан ұрықтандыруға ойдағыдай пайдаланылады. Ал першерон
жылқы тұқымы тез жетіледі, басқа ауыр жүк тартатын жылқыдан гөрі ыстыққа
төзімді. Владимир жылқысы желісті, жүрдек, жуас, жұмысқа төзімді келеді.
Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарын шығарудағы ғалымдардың негізгі алдына
қойған мақсаты ірі, жүрдек, жұмысқа төзімді, мықты жылқы алу [1].
Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауында
айтады: Мен ел халқына өзімнің жаңа жолдауымды осы көкейкесті тақырыпқа
арнаймын. Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз.
Жолдаудың оныншы бағыты ауыл шаруашылығын дамытуға арналған. Ол жолдауда
былай айтылған: Жалпы ауыл шаруашылығына байланысты кәсіпорындар санын,
жалпы зауыттарды көбейту керек.

1 Негізгі бөлім

1.1 Советтік және орыстың ауыр жүк тартатын жылқылары

Ауыр жүк тартатын жылқылар тұқымдары 18-19 ғасырларда шығарыла
бастаған.Оған өндірістің және ауыл шаруашылығының дамуы себеп болды.18
ғасырда Англия – шайыр, клейдесдал және суффольск, ал 19 ғасырда Францияда-
першерон,Бельгияда-арден және барбансон ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары
шығарылған.
Ал біздің бұрынғы ТМД елде кеңес үкіметі жылдарында совет, орыс,
владимир, литва ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары өсіріліп шығарылған. Ауыр
жүк тартатын жылқылардың маңызы зор. Олардың айғырларын жеңіл жүк тартатын
жылқылармен будандастырса, одан туған құлындар желісті жылқымен
салыстырғанда сүйекті және салмақты болады. Ауыр жүк тартатын айғырлар мен
жергілікті биелерді будандастырғанда да жақсы нәтиже беріп жүр. Будан
құлындар есейе келе күшті, денелі, ауыл шаруашылығының алуан салалы
жұмыстарына еркін пайдалануға болатын жылқы болып шығады. 19 ғасырда
барбансон жылқысы көп елдерге, соның ішінде Ресейге де таралған. Бельгиядан
әкелінген барбансон жылқысының саны 1000-нан артық болатын. Ал 1930 жылдары
Ресейге барбансон жылқыларының айғырларын әкелу тоқтатылды. Сондықтан
елімізде ауыр жүк тартатын жылқылар шығару керек болды. Міне осыған
байланысты Починков және Мордов жылқы зауыттарында сіңіре будандастыру
арқылы алынған айғырларды пайдаланудан советтік тұқым шығарылды. Ауыр жүк
тартатын советтік жылқы ірі мойны етті, шоқтығы аса биік емес, арқасы кең,
қабырғасы жұмыр, аяғы жуан және түсі жирен, бурыл, болады. Айғырларының
шоқтығына дейінгі биіктігі - 162 см, тұрқының қиғаш ұзындығы - 169 см,
көкірек орамы-210 см, жіліншік орамы - 25см.
Бұл тұқымның айғырлары үйірге салуға, қолдан ұрықтандыруға ойдағыдай
пайдаланылады. Тәжірибеде ауыр жүк тартатын жылқы мен шағылыстырған
жергілікті биелерден бойы биік, ірі құлындар алынып жүр. Ауыл шаруашылық
жұмыстарына пайдаланғанда өзінің төзімді екенін көрсетті. Бұлардың күшін
сынағанда Завозь дейтін бие 851кг тарту күшін көрсетті. Бұл өз салмағына
шаққанда 80% еді. Жұмыс қабілеттілігі: 4,53,0; 11,51,8 мин және 1138,2
метр. Форс айғырының рекорды - 22,5 тонна.
Аталық іздері: Румб, Режим, Жасмин, Ковбой, Флейтис.
Аналық ұялары: Рулетка, Зозали, Вьюга, Кукла.
Биелерінің төлдеткіштері 84 пайыздан астам, ал сүттілігі 3000 - 4000
литр. Рябина атты биеден 348 сауын күн ішінде 6173 кг сүт алынған.
Орыстың ауыр жүк тартатын жылқысы. Бұл жылқының тұқымы Ресейде ертеден
бері өсіріліп келе жатқан арден тұқымының және Белгия мен Францияда
шығарылған кейбір жылқының айғырларын пайдалану арқылы шығарылған. Осы
жылқыны асылдандыру жөнінде жүргізілген жылқы жұмыстардың арқасында барып,
орыстың ауыр жүк тартатын, жұмысқа төзімді жылқы тұқымы шығарылған. Бұлар
көбінесе Украинада, Оралда және Сібірдің кейбір аудандарында өсірілді.
Біздің елдің солтүстік аудандарында жергілікті жылқылар тұқымын
ірілендіруге, оның күшін арттыруға пайдаланылады.
Бұл тұқым онша биік емес.Маңдайы,мойыны жуан,шоқтығы биік емес, арқасы
ұзын, белі кейде қайқылау, сауыры кең, бөлінген, аяқтары қысқа, мықты, жал
- құйрығы қою болады. Негізгі түстері - жирен, бурыл, торы, шабдар, кейде
көк, қара болады.
Айғырларының өлшемдері: шоқтығына дейінгі биіктігі - 150, тұрқының қиғаш
ұзындығы - 158, көкірек орамы - 184, жіліншік орамы-22см, тірідей салмағы
500-600кг.
Орыстың ауыр жүк тартатын жылқысы жүрдек, желісті, жұмысқа төзімді,
мықты келеді. Бұл тұқымдар жұмысқа 18 - 20 жасқа дейін, ал асылдандыру
жұмысына 25 жасқа дейін пайдалануға болады. Биелері төлшіл және сүтті
келеді. Орыстың ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы 5 жылқы зауытында және 7
зауыт бөлімшелерінде өсіріледі. Жұмыс қабілеттілігі: 5, 20, 4 және 15, 21,
9 мин; 1091,6 метр. Аталық іздері: Лазутчик, Коварный, Горностай,
Разрядник, Карауыл, Ларчик, Поденчик, МА кітабының 9 томы шығарылды [2,3].

Кесте 1 - Ауыр жүк тартатын жылқылардын өлшемдері мен жұмысқа
қабілеттілігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан басқарылатын стартерлер
Стартердің жұмыс істеу принципі
Шарттардың жеке түрлері
Ғұн тайпасы
Ақысыз шарттар
«Ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелері»
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Таспалы конвейерді есептеу
Пәндер